1. Сәбитова Асылзат Сәбитқызы
Атырау қаласы, КМҚК №55 балабақшасының
II-ші санатты ағылшын тілі маманы
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Ағылшын тілі
Тақырыбы: Animals (domestic and wild animals)
Мақсаты: 1.Білімділігі: Балаларды үй жануарлары мен жабайы жануарларын ажырата
білуге дағдыландыру.
2.Дамытушылығы: How many? сұрағына жауап бере білуге үйрету және әрбір сөздің дұрыс
айтылуын қадағалап, диалогты сөйлеу түрін дамыту.
3.Тәрбиелілігі: Балаларды жануарларға сүйіспеншілікпен қарауға, қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, слайд көрсету
Қажетті құрал-жабдықтар,
көрнекіліктер: жабайы және үй жануарларының макеті, жануарлар маскасы, орман және
жайлау макеттері, доп
Билингвизм компоненттері: At the zoo – в зоопарке – хайуанаттар бағында, оn the farm – в
ферме – фермада, domestic animals – домашние животные – үй жануарлары, wild animals –
дикие животные – жабайы жануарлар, еtс.
Мотивациялық-қозғаушылық
Teacher: - Good morning, children!
Children: - Good morning, Assylzat Sabitkyzy!
Шаттық шеңбері
Good morning, good morning
Good morning to you
Good morning, good morning
We are glad to see you!
Hello, hello, hello
How are you?
I am fine, I am fine
I hope that you a too (Балалар педагогпен бірге шаттық шеңберін орындайды)
Teacher: - Thank you sit, down!
- What season is it now?
Children: - It is а spring
Teacher:- How many months are there in the spring?
Children: - Three months. They are March, April, May
Teacher: - What day is it today?
Children: - Today is Friday
- Well done!
Ұйымдастыру-ізденушілік
Teacher: - Now, let`s begin our lesson. Today our new theme «Animals». Балалар, «аnimals» сөзі
ағылшын тілінде «жануарлар» деген мағынаны білдіреді. Repeat after me «аnimals»
Children: - «аnimals»
Teacher: - Балалар, жануарларды біз қандай топтарға бөлеміз?
Children: - Үй және жабайы жануарлар
Teacher: - Дұрыс айтасыңдар. Ендеше, «үй жануарлары» ағылшын тілінде «domestic
animals» болса, жабайы жануарлар «wild animals» болады. Repeat after me «domestic animals»,
«wild animals»
Children: - «domestic animals», «wild animals»
Teacher: - Балалар, үй жануарлары қайда мекендейді? Жабайы жануарлар ше?
Children: - Үй жануарлары фермада, жабайы жануарлар зоопаркте мекендейді
2. Teacher: - Ендеше, үй жануарлары мекендейтін ферма ағылшын тілінде – «оn the farm»,
зоопаркте дегеніміз «at the zoo» болады. Repeat after me «оn the farm», «at the zoo»
Children: - «оn the farm», «at the zoo»
Teacher: - Well done! Look at the blackboard. Балалар, назарларыңды тақтаға аударыңдар. Біз
қазір «Whose voice is it?» ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты: жануарлардың дауысын есту
арқылы қай жануардың дауысы екенін табу. Содан соң ол жануардың үй жануарына немесе
жабайы жануарға жататынын ажыратып, алдарыңда тұрған жайлау макетіне немесе орман
макетіне орналастыру керек. Ойынның шартын түсінген болсақ кәніки бастайық.
Балалар ойынға белсене араласады.
Teacher: - Жарайсыңдар! Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырата алады
екенсіңдер. Енді балалар мына тақтадағы тордың ішінде тұрған жануарларға кезек берейік.
Бұл тордың ішінде әр түрлі жануарлар бар, және әрбір торлар нөмірленген. Мәселен, бірінші
тордың ішінде тұрған жануар түлкі екенін ағылшын тілінде айту үшін «Number 1 is a fox»
деп айтамыз. Әрі қарай келесі тордың ішіндегі жануарлармен ағылшын тілінде
таныстырамыз.
Children: - Number 2 is a bear… Number 3 is a lion…
Teacher: - Жарайсыңдар ақылдыларым. Ендеше сендер ағылшын тілінде санап
білесіңдерғой, кәніки санайықшы.
Балалар тақтаға назар аударып, бейнематериалға қарай отырып, ағылшын тілінде санайды.
Teacher: - Well done! Олай болса мен сендерді «Funny counting» ойынымен таныстырайын.
Бұл ойынның шарты:тақтада көрсетілген жануарлардың нешеу екенін айтып, ол жануарды
ағылшын тілінде атау. Мысалы: One elephant, two cats.
Балалар слайдқа қарай отырып, ойын ойнайды.
Teacher: - Балалар, әрі қарай әдемі сергіту сәтін орындайық.
Сергіту сәті
Clap, clap, clap your hands
Clap your hands together
Stamp, stamp, stamp your feet
Stamp your feet together (Балалар сергіту сәтін орындайды)
Сұрақ-жауап
Teacher: - Енді балалар біз қазір сендермен диалогты сөйлесеміз. Ол үшін менің алдымда
тұрған өздеріңе ұнаған жануарлардың маскасын киіп, менің қойған сұрақтарыма ағылшын
тілінде жауап бересіңдер. Ал бастаймыз. Балалар жануарлардың маскасын киеді, мұғалім
сұрақ қояды.
Teacher: - Who are you? What can you do?
Children: - I am a hare. I can run, I can jump etc.
Teacher: - Балалар мынау үлен піл, ал мынау кішкентай піл. Мынау үлкен шошқа, ал мынау
болса кіші шошқа. Үлкен сөзі ағылшын тілінде – big, ал кіші сөзі – little. Үлкен, кіші сөздерін
қалай меңгергендеріңді білу үшін «Аудармашы» ойынын ойнайық. Мен сендерге мына
допты лақтырып, big cat деп айтамын ал сендер маған кері мағынасын little cat деп айтып
допты кері лақтырасыңдар.
Балалар «Аудармашы» ойынына белсене араласады.
Рефлексивті-түзетушілік
Conclusion
Teacher: - Жарайсыңдар балалар. Бүгінгі оқу іс-әрекетіне сендер белсене араластыңдар. Оқу
іс-әрекетін қорытындылау үшін ғажайып тақтада көрсетілген барлық жануарларды ағылшын
тілінде атап шығайық.
- Well done, thank you! The lesson is over! Good bye, children!
Children: - Good bye, teacher!
Teacher: - See you soon!
Күтілетін нәтижелер:
Нені білу керек: Жануарларды ағылшын тілінде атай білу керек. Сонымен қатар үй
жануарлары мен жабайы жануарларын ажырата білуді;
Нені игереді: Ағылшын тілінің сөздерін дұрыс әрі нақты айтылуын;
Нені біледі: Қойылған сұрақтарға жауап беруді;