SlideShare a Scribd company logo
1 of 4
Шурабаева Болған Қабдолқызы
Атырау қаласы, КМҚК №55 балабақшасының
тәрбиешісі
Білім беру саласы: Айналамен таныстыру
Бөлімі: Экология
Тақырыбы: «Ормандағы саяхат»
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың жабайы аңдар туралы білімдерін кеңейту. Олардың тіршілік ету
ортасын таныстыру, орман көрінісінен мағлұмат беру.
Дамытушылық: Зейінін, қабылдауын, ойлау, естіп –есте сақтау қиялдарын дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, әдемілікті көре білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу,түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,ой қозғау, ойын ойнату
Көрнекіліктер: слайд, орманның суреті, дидактикалық ойын материалдары, үнтаспа
Іс-әрекет кезеңдері:
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
- Балалар бүгін ерекше күн. Біздің оқу іс-әрекетімізге қатысу үшін қонақтар келіп отыр. Олай
болса, шаттық шеңберіне тұрып, қонақтармен сәлемдесейік.
Шаттық шеңбері
Армысың, Әлем!
Армысың, Жарық аспан!
Армысың, құрметті Қонақтар!
Армысың, менің достарым!
(Балалар, шаттық шеңберін қимыл - қозғалыс арқылы орындайды. Таза көңілмен амандасады,
көңілденеді)
Ұйымдастыру-ізденушілік
Сұрақ-жауап
Тәрбиеші:- Балалар, біз немен дем аламыз?
Балалар: - Біз ауамен дем аламыз
Тәрбиеші:- Біз ауаны қайдан аламыз?
Балалар: - Біз ауаны табиғаттан аламыз
Тәрбиеші:- Табиғатқа не жатады?
Балалар: - Табиғатқа: су,тау, орман, ағаштар,шөптер,гүлдер,құстар,аңдар,жәндіктер т.б
жатады.
Ғажайып сәт:
Есік қағылып ішке аузына хат қыстырып алған торғай ұшып келеді.
Тәрбиеші: - Балалар бізге кім келді?
Балалар: - Торғай
Тәрбиеші: - Балалар торғайдың аузындағы хатты алып қарайықшы, бұл хат жәй хат емес екен
балалар, торғай бізді өзімен бірге орманға серуендеуге шақырып келіпті. Балалар, біз торғаймен
бірге орманға саяхаттауға шығамыз ба?
Балалар: - Иә.
Тәрбиеші: - Ендеше, балалар сол табиғатты көзімізбен көріп,оның қызықтарын тамашалау
үшін торғаймен бірге орманға саяхаттауға барамыз. Саяхатқа әдеттегідей көлікпен емес соқпақ
жол арқылы жаяу барамыз.
Дидактикалық ойын: «Соқпақ жол».
Мақсаты: Балалардың өзіндік ой-қиялын, сезімдерін дамыту.
Ойын мазмұны: Балалар бірінен соң бірі тізбектеліп тұрып,қиялындағы соқпақ жолмен
жүріп,тәрбиешінің тапсырмасы бойынша кездескен кедергілерден өтеді.
Тәрбиеші жол бойы қандай кедергілер болатынын айтып отырады.
Жолмен ақырын жүреміз.
Маңайымыз толған бұта ,ағаштар ,жасыл жапырақ. Құстар ән салады, шөптерді самал жел
шайқайды.Аяқ астынан жолда су пайда болды. Секіріңдер.
Біздің алдымыздан өзен пайда болды, өзеннен өтетін тіреуіші бар көпірге кезіктік .Көпірдің
тіреуішінен ұстап өтеміз.
Соқпақпен байқап жүреміз, алдымыздан батпақты жер кезікті, төбешіктер арқылы секіріп
өтеміз.
Енді алдымыздан жыра шықты, үстінен көпір орнына бөрене қойылған. Қолдарымызды екі
жаққа құстың қос қанаты сияқты жайып, бөренеден құламайтындай тепе-теңдік ұстауымыз
керек.
Соқпақпен ары қарай жүреміз. Жолымыз жабысқақ балшыққа айналды.Табанымыз балшыққа
жабысып,әрең жүріп келеміз.
Жолымызға қалың бұтақты үлкен ағаш құлапты. Ағаштың бұтағына денелеріңді жарақаттап
алмай байқап өтіңдер. (балалар тәрбиешінің айтқан кедергілерінен қимыл-қозғалыс жасау
арқылы өтеді)
Тәрбиеші: - Балалар, қараңдаршы бұл жерде біреудің жылаған дыбысы естілетін секілді. Мына
апанда қандай аң мекендейді?
Балалар: - Бұл аюдың апаны
Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар. Олай болса, аюдан неліктен жылап жатқанын сұраймыз ба?
Балалар: - Иә
Тәрбиеші: - Аю, саған не болды? Сен неге жылайсың?
Аю: - Балаларыма азық іздеу үшін апанымнан шығып кеткен едім. Менің сүйікті балымды
түлкі ұрлап кетіпті. Менің, балаларымның қарны ашып отыр.Сендер маған сүйікті балымды
табуға көмектесесіңдер ме?
Тәрбиеші: - Балалар, аюға сүйікті балын табуға көмектесеміз бе?
Балалар: - Иә, аюға көмектесейік.
(Балалар аюдың сүйікті балын табу үшін жолға шығады)
Осы кезде балалардың алдынан қасқыр шығады.
Қасқыр: - Балалар, сендер мұнда не іздеп жүрсіңдер?
Тәрбиеші: - Аюдың сүйікті балын түлкі ұрлап кетіпті. Сен бізге түлкінің қайда екенін айтасың
ба?
Қасқыр: - Мен сендерге жұмбақ жасырайын. Сол жұмбақтың жауабын шешсеңдер, түлкінің
қайда жүргенін айтамын.
Тәрбиеші: - Балалар, қасқырдың жұмбағын шешеміз бе?
Балалар: - Иә, қасқырдың жұмбағын шешеміз.
Қасқыр: - Олай болса, мұқият тыңдаңдар.
* Санай алмай шаршадым –
Найзасы бар қанша мың.
Батыр емес бірақ та,
Қашып жүрер жыраққа.
* Айбарлы сұсы бар,
Қанжардай тiсi бар.
Тұла бойында
Тасыған күшi бар,
Күжiрейген жалды,
Бiлсең айт бұл аңды?
* Қаймықпайды күштi аңнан,
Қорқады тек тышқаннан.
(Балалар жұмбақтың жауабы: Тиін, арыстан және піл деп жауап береді)
Қасқыр: - Жарайсыңдар, балалар. Өте ақылды екенсіңдер. Түлкіні осы тіке жолмен жүргенде
табасыңдар. (балалар қасқырдың көрсеткен жолымен жүріп, түлкіні іздеуге кіріседі.)
Осы кезде алдарынан қоян шығады.
Тәрбиеші: - Балалар, бұл қандай аң?
Балалар: - Бұл – қоян.
Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар.
Қоян: - Мен қоянмын қоянмын
Күндіз –түні ояумын
Көжегімнің қасында
Мен де өзімше ноянмын
Сендер орманда не іздеп жүрсіңдер?
Балалар: - Біз балалармен бірге аюдың сүйікті балын таба алмай жүрміз. Оны қу түлкі ұрлап
алып кетіпті. Сен бізге түлкіні тауып беруге көмектесесің бе?
Қоян: - Егер сендер менімен бірге әдемі сергіту сәтін орындап берсеңдер, мен сендерге
көмектесемін.
Тәрбиеші: - Балалар, қоянмен бірге сергіту сәтін орындаймыз ба?
Балалар: - Иә.
Сергіту жаттығуы
Орман қандай керемет
Аюлар жүр барбаңдап
Қасқырлар жүр арбаңдап
Жапалақтар жалпылдап
Қояндар жүр орманда
Құлақтарын қалқаңдап
Секіріп-секіріп алайық
Орынымызға тұрайық. (балалар қоянмен бірге сергіту сәтін орындайды)
(Қоян балаларға түлкінің қай бағытта жүргенін көрсетеді, балалар қоянға алғысын айтып, сәбіз
береді)
Тәрбиеші: - Балалар мына ағаштың басында жүрген қандай аң?
Секең-секең етеді
Орман оның мекені
Отырғанда шоқиып
Құманға ұқсап кетеді
Балалар: - Ол тиін, - деп шулайды.
Тиін: - Иә, мен тиінмін,тиінмін,
Қысқа жылы киіндім
Қоймам толы жаңғаққа,
Іші жылы үйімнің. – Балалар, сендер не іздеп жүрсіңдер?
Балалар: - Біз аюдың балын ұрлап кеткен түлкіні іздеп жүрміз. Сен оның қайда екенін білесің
бе?
Тиін: - Ендеше сендер менімен бірге ойын ойнасаңдар, түлкінің қайда екенін айтамын.
Дидактикалық ойын «Қай аң не жейді?»
Шарты: Жабайы жануарлардың немен қоректенетінін айту. (Балалар жануарлардың немен
қоректенетінін ғажайып тақтадан көрсетеді)
Тиін балаларға түлкіге жететін жолды көрсетеді. Балалар алғыс айып, тиінге жаңғақтарын
береді.
Дыбыстық жаттығу
-ян-ян-ян қорқақ қоян
-ю-ю-ю – маймақ аю
-ыр-ыр-ыр- ұлиды қасқыр
-кі-кі-кі-қу түлкі
-пі-пі-пі-тікенек кірпі (балалар тәрбиешімен бірге дыбыстық жаттығуды қайталап жасайды)
Тәрбиеші: - Балалар, мынау қандай аңның ізі?
Балалар: - Түлкінің ізі. Олар түлкінің қасында аюдың балы тұрғанын байқайды.
Асылай: - Түлкі, түлкі, аюдың балын неге ұрлап кетесің? Оның балаларының қарны ашты ғой.
Сен аюдың балын қайтарасың ба?
Түлкі: - Егер сендер менімен бірге әдемі әуен ырғағымен билеп, көңіл көтерсеңдер, мен аюдың
балын қайтаруға дайынмын.
Тәрбиеші: - Балалар, ендеше барлығымыз түлкімен бірге билейік. (әдемі әуен ырғағымен түлкі
балалармен билейді )
Нұржан: - Балалар, біз түлкінің тапсырмасын орындаған сияқтымыз. Бізге түлкі аюдың балын
қайтаратын шығар.
Түлкі: - Жарайсыңдар балалар. Сендер менімен бірге билеп, көңіл-күйімді көтердіңдер. Менде
енді сөзімде тұрып, балды сендерге қайтарайын. (Балалар балды аюға және оның балдарына
қайтарады)
Аю: - Балалар, сендерге көп- көп рахмет. Сендер менің балымды қайтару үшін түрлі
тапсырмалар орындадыңдар. Мен балабақшада осындай ақылды, тапқыр балалардың барына
қуанып тұрмын.
Рефлексивті-түзетушілік
Тәрбиеші: - Балалар біздер қай жаққа серуенге бардық?
- Орманнан не көрдіңдер?
- Кімге көмектестіңдер?
- Сендерге серуен ұнады ма? (Балалар тәрбиешінің сұрағына жауап береді)
Тәрбиеші: - Міне,балалар ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне өте тамаша қатыстыңдар. Аюдың
сүйікті балын табуға көмектестіңдер. Өздеріңнің ұшқыр ойларыңды , тапқырлықтарыңды
қиындықтан қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер. Балалар осымен орманға саяхатымыз
аяқталды , енді өзіміздің тобымызға оралайық.
Тәрбиеші: Қане балалар шеңберге тұрайық. Бір-бірімізге жылы лебіздер айтайық.
- Күніміз шуақты болсын!
- Аспанымыз ашық болсын!
Қол ұстасып тұрайық.
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы.
Сау саламат болайық.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Жабайы аңдар туралы мағлұматтарды;
Нені игереді: Табиғатты қорғап, жабайы жануарларға да қамқор болу керек екенін;
Нені біледі: сұрақтарға дұрыс әрі нақты жауап беруді.

More Related Content

What's hot (11)

111КЕЕ
111КЕЕ111КЕЕ
111КЕЕ
 
темирбаева луиза хажмухаммедовна
темирбаева  луиза  хажмухаммедовнатемирбаева  луиза  хажмухаммедовна
темирбаева луиза хажмухаммедовна
 
Kizikti andardd
Kizikti andarddKizikti andardd
Kizikti andardd
 
Kustargas
KustargasKustargas
Kustargas
 
бахытжан м
бахытжан мбахытжан м
бахытжан м
 
Bizdn oinwq
Bizdn oinwqBizdn oinwq
Bizdn oinwq
 
ж.к.рахимбекова на конкурс
ж.к.рахимбекова на конкурсж.к.рахимбекова на конкурс
ж.к.рахимбекова на конкурс
 
жанапина асем сабақ жоспары
жанапина асем сабақ жоспарыжанапина асем сабақ жоспары
жанапина асем сабақ жоспары
 
сәбитова асылзат сәбитқызы
сәбитова асылзат сәбитқызысәбитова асылзат сәбитқызы
сәбитова асылзат сәбитқызы
 
2112dfsdffdfds
2112dfsdffdfds2112dfsdffdfds
2112dfsdffdfds
 
анарбекова берлібекова
анарбекова берлібековаанарбекова берлібекова
анарбекова берлібекова
 

Viewers also liked

Mauriciopaezcreatividad
MauriciopaezcreatividadMauriciopaezcreatividad
MauriciopaezcreatividadMauricio Páez
 
EL PROFESIONAL DE CIENCIAS DE LA INFORMACION
EL PROFESIONAL DE CIENCIAS DE LA INFORMACIONEL PROFESIONAL DE CIENCIAS DE LA INFORMACION
EL PROFESIONAL DE CIENCIAS DE LA INFORMACIONmltorresv
 
Jorge Leiton_Plan estratégico de ahorro y eficiencia energética
Jorge Leiton_Plan estratégico de ahorro y eficiencia energéticaJorge Leiton_Plan estratégico de ahorro y eficiencia energética
Jorge Leiton_Plan estratégico de ahorro y eficiencia energéticaReporte Energía
 
La economa de los materiales (1)
La economa de los materiales (1)La economa de los materiales (1)
La economa de los materiales (1)naty_mica
 
Liz trabajo sistemas
Liz trabajo sistemasLiz trabajo sistemas
Liz trabajo sistemasliz19tabares
 
المهمة الثالثة
المهمة الثالثةالمهمة الثالثة
المهمة الثالثةBaba Habeby
 
Sitio google
Sitio googleSitio google
Sitio googleMartha Cp
 

Viewers also liked (20)

ашық
ашықашық
ашық
 
документ Microsoft word (2)
документ Microsoft word (2)документ Microsoft word (2)
документ Microsoft word (2)
 
коммуникативно деятельностный подход в обучении ря
коммуникативно деятельностный подход в обучении рякоммуникативно деятельностный подход в обучении ря
коммуникативно деятельностный подход в обучении ря
 
факультативный курс программа 5 класс
факультативный курс программа 5 классфакультативный курс программа 5 класс
факультативный курс программа 5 класс
 
урок прогрессия и профессия
урок прогрессия и профессияурок прогрессия и профессия
урок прогрессия и профессия
 
прогрессия и профессия
прогрессия и профессияпрогрессия и профессия
прогрессия и профессия
 
Mauriciopaezcreatividad
MauriciopaezcreatividadMauriciopaezcreatividad
Mauriciopaezcreatividad
 
EL PROFESIONAL DE CIENCIAS DE LA INFORMACION
EL PROFESIONAL DE CIENCIAS DE LA INFORMACIONEL PROFESIONAL DE CIENCIAS DE LA INFORMACION
EL PROFESIONAL DE CIENCIAS DE LA INFORMACION
 
Sporthocker
SporthockerSporthocker
Sporthocker
 
Jorge Leiton_Plan estratégico de ahorro y eficiencia energética
Jorge Leiton_Plan estratégico de ahorro y eficiencia energéticaJorge Leiton_Plan estratégico de ahorro y eficiencia energética
Jorge Leiton_Plan estratégico de ahorro y eficiencia energética
 
La economa de los materiales (1)
La economa de los materiales (1)La economa de los materiales (1)
La economa de los materiales (1)
 
endulza tu vida!!!!!!!!!
endulza tu vida!!!!!!!!!endulza tu vida!!!!!!!!!
endulza tu vida!!!!!!!!!
 
Liz trabajo sistemas
Liz trabajo sistemasLiz trabajo sistemas
Liz trabajo sistemas
 
Sporthocker
SporthockerSporthocker
Sporthocker
 
Linux
LinuxLinux
Linux
 
Era digital
Era digital Era digital
Era digital
 
Estudio de lms
Estudio de lmsEstudio de lms
Estudio de lms
 
المهمة الثالثة
المهمة الثالثةالمهمة الثالثة
المهمة الثالثة
 
Sitio google
Sitio googleSitio google
Sitio google
 
Sector Carnicos - Capistrano
Sector Carnicos - Capistrano Sector Carnicos - Capistrano
Sector Carnicos - Capistrano
 

Similar to шурабаева болған қабдолқызы

калиакпарова нургуль айгалиевна
калиакпарова нургуль айгалиевнакалиакпарова нургуль айгалиевна
калиакпарова нургуль айгалиевнаAsem Sarsembayeva
 
бекетқызы енлик
бекетқызы енликбекетқызы енлик
бекетқызы енликAsem Sarsembayeva
 
үй құстары ашық сабақ сагыныш
үй құстары ашық сабақ сагынышүй құстары ашық сабақ сагыныш
үй құстары ашық сабақ сагынышAsem Sarsembayeva
 
базылова с.о раимбекова д.а
базылова с.о раимбекова д.абазылова с.о раимбекова д.а
базылова с.о раимбекова д.аAsem Sarsembayeva
 
учитель года ермекбаева открытое занятие
учитель года ермекбаева открытое занятиеучитель года ермекбаева открытое занятие
учитель года ермекбаева открытое занятиеAsem Sarsembayeva
 
учитель года тех карта аширбаева жаратылыстану
учитель года тех карта аширбаева  жаратылыстануучитель года тех карта аширбаева  жаратылыстану
учитель года тех карта аширбаева жаратылыстануAsem Sarsembayeva
 

Similar to шурабаева болған қабдолқызы (20)

калиакпарова нургуль айгалиевна
калиакпарова нургуль айгалиевнакалиакпарова нургуль айгалиевна
калиакпарова нургуль айгалиевна
 
5555555555
55555555555555555555
5555555555
 
жайлау тех карта
жайлау тех картажайлау тех карта
жайлау тех карта
 
1369 i__85
1369  i__851369  i__85
1369 i__85
 
бекетқызы енлик
бекетқызы енликбекетқызы енлик
бекетқызы енлик
 
үй құстары ашық сабақ сагыныш
үй құстары ашық сабақ сагынышүй құстары ашық сабақ сагыныш
үй құстары ашық сабақ сагыныш
 
внеклассное мероприятие ұрпақтар үні
внеклассное мероприятие ұрпақтар үнівнеклассное мероприятие ұрпақтар үні
внеклассное мероприятие ұрпақтар үні
 
ашық сабақ орманға саяхат
ашық сабақ орманға саяхаташық сабақ орманға саяхат
ашық сабақ орманға саяхат
 
базылова с.о раимбекова д.а
базылова с.о раимбекова д.абазылова с.о раимбекова д.а
базылова с.о раимбекова д.а
 
учитель года ермекбаева открытое занятие
учитель года ермекбаева открытое занятиеучитель года ермекбаева открытое занятие
учитель года ермекбаева открытое занятие
 
d Tyutu1)
d  Tyutu1)d  Tyutu1)
d Tyutu1)
 
коркем адебиет
коркем адебиеткоркем адебиет
коркем адебиет
 
на сертификат
на сертификатна сертификат
на сертификат
 
учитель года тех карта аширбаева жаратылыстану
учитель года тех карта аширбаева  жаратылыстануучитель года тех карта аширбаева  жаратылыстану
учитель года тех карта аширбаева жаратылыстану
 
менің отбасым(ашық көрініс)
менің отбасым(ашық көрініс)менің отбасым(ашық көрініс)
менің отбасым(ашық көрініс)
 
qQq
qQqqQq
qQq
 
702 e o38
702 e o38702 e o38
702 e o38
 
12333
1233312333
12333
 
57
5757
57
 
бекбатырова
бекбатыровабекбатырова
бекбатырова
 

More from Вспомогательный образовательный сайт

More from Вспомогательный образовательный сайт (20)

метод.в орлеу1
метод.в орлеу1метод.в орлеу1
метод.в орлеу1
 
открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 

шурабаева болған қабдолқызы

  • 1. Шурабаева Болған Қабдолқызы Атырау қаласы, КМҚК №55 балабақшасының тәрбиешісі Білім беру саласы: Айналамен таныстыру Бөлімі: Экология Тақырыбы: «Ормандағы саяхат» Мақсаты: Білімділік: Балалардың жабайы аңдар туралы білімдерін кеңейту. Олардың тіршілік ету ортасын таныстыру, орман көрінісінен мағлұмат беру. Дамытушылық: Зейінін, қабылдауын, ойлау, естіп –есте сақтау қиялдарын дамыту. Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, әдемілікті көре білуге тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу,түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,ой қозғау, ойын ойнату Көрнекіліктер: слайд, орманның суреті, дидактикалық ойын материалдары, үнтаспа Іс-әрекет кезеңдері: Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық-қозғаушылық - Балалар бүгін ерекше күн. Біздің оқу іс-әрекетімізге қатысу үшін қонақтар келіп отыр. Олай болса, шаттық шеңберіне тұрып, қонақтармен сәлемдесейік. Шаттық шеңбері Армысың, Әлем! Армысың, Жарық аспан! Армысың, құрметті Қонақтар! Армысың, менің достарым! (Балалар, шаттық шеңберін қимыл - қозғалыс арқылы орындайды. Таза көңілмен амандасады, көңілденеді) Ұйымдастыру-ізденушілік Сұрақ-жауап Тәрбиеші:- Балалар, біз немен дем аламыз? Балалар: - Біз ауамен дем аламыз Тәрбиеші:- Біз ауаны қайдан аламыз? Балалар: - Біз ауаны табиғаттан аламыз Тәрбиеші:- Табиғатқа не жатады? Балалар: - Табиғатқа: су,тау, орман, ағаштар,шөптер,гүлдер,құстар,аңдар,жәндіктер т.б жатады. Ғажайып сәт: Есік қағылып ішке аузына хат қыстырып алған торғай ұшып келеді. Тәрбиеші: - Балалар бізге кім келді? Балалар: - Торғай Тәрбиеші: - Балалар торғайдың аузындағы хатты алып қарайықшы, бұл хат жәй хат емес екен балалар, торғай бізді өзімен бірге орманға серуендеуге шақырып келіпті. Балалар, біз торғаймен бірге орманға саяхаттауға шығамыз ба? Балалар: - Иә. Тәрбиеші: - Ендеше, балалар сол табиғатты көзімізбен көріп,оның қызықтарын тамашалау үшін торғаймен бірге орманға саяхаттауға барамыз. Саяхатқа әдеттегідей көлікпен емес соқпақ жол арқылы жаяу барамыз. Дидактикалық ойын: «Соқпақ жол». Мақсаты: Балалардың өзіндік ой-қиялын, сезімдерін дамыту. Ойын мазмұны: Балалар бірінен соң бірі тізбектеліп тұрып,қиялындағы соқпақ жолмен жүріп,тәрбиешінің тапсырмасы бойынша кездескен кедергілерден өтеді. Тәрбиеші жол бойы қандай кедергілер болатынын айтып отырады.
  • 2. Жолмен ақырын жүреміз. Маңайымыз толған бұта ,ағаштар ,жасыл жапырақ. Құстар ән салады, шөптерді самал жел шайқайды.Аяқ астынан жолда су пайда болды. Секіріңдер. Біздің алдымыздан өзен пайда болды, өзеннен өтетін тіреуіші бар көпірге кезіктік .Көпірдің тіреуішінен ұстап өтеміз. Соқпақпен байқап жүреміз, алдымыздан батпақты жер кезікті, төбешіктер арқылы секіріп өтеміз. Енді алдымыздан жыра шықты, үстінен көпір орнына бөрене қойылған. Қолдарымызды екі жаққа құстың қос қанаты сияқты жайып, бөренеден құламайтындай тепе-теңдік ұстауымыз керек. Соқпақпен ары қарай жүреміз. Жолымыз жабысқақ балшыққа айналды.Табанымыз балшыққа жабысып,әрең жүріп келеміз. Жолымызға қалың бұтақты үлкен ағаш құлапты. Ағаштың бұтағына денелеріңді жарақаттап алмай байқап өтіңдер. (балалар тәрбиешінің айтқан кедергілерінен қимыл-қозғалыс жасау арқылы өтеді) Тәрбиеші: - Балалар, қараңдаршы бұл жерде біреудің жылаған дыбысы естілетін секілді. Мына апанда қандай аң мекендейді? Балалар: - Бұл аюдың апаны Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар. Олай болса, аюдан неліктен жылап жатқанын сұраймыз ба? Балалар: - Иә Тәрбиеші: - Аю, саған не болды? Сен неге жылайсың? Аю: - Балаларыма азық іздеу үшін апанымнан шығып кеткен едім. Менің сүйікті балымды түлкі ұрлап кетіпті. Менің, балаларымның қарны ашып отыр.Сендер маған сүйікті балымды табуға көмектесесіңдер ме? Тәрбиеші: - Балалар, аюға сүйікті балын табуға көмектесеміз бе? Балалар: - Иә, аюға көмектесейік. (Балалар аюдың сүйікті балын табу үшін жолға шығады) Осы кезде балалардың алдынан қасқыр шығады. Қасқыр: - Балалар, сендер мұнда не іздеп жүрсіңдер? Тәрбиеші: - Аюдың сүйікті балын түлкі ұрлап кетіпті. Сен бізге түлкінің қайда екенін айтасың ба? Қасқыр: - Мен сендерге жұмбақ жасырайын. Сол жұмбақтың жауабын шешсеңдер, түлкінің қайда жүргенін айтамын. Тәрбиеші: - Балалар, қасқырдың жұмбағын шешеміз бе? Балалар: - Иә, қасқырдың жұмбағын шешеміз. Қасқыр: - Олай болса, мұқият тыңдаңдар. * Санай алмай шаршадым – Найзасы бар қанша мың. Батыр емес бірақ та, Қашып жүрер жыраққа. * Айбарлы сұсы бар, Қанжардай тiсi бар. Тұла бойында Тасыған күшi бар, Күжiрейген жалды, Бiлсең айт бұл аңды? * Қаймықпайды күштi аңнан, Қорқады тек тышқаннан. (Балалар жұмбақтың жауабы: Тиін, арыстан және піл деп жауап береді) Қасқыр: - Жарайсыңдар, балалар. Өте ақылды екенсіңдер. Түлкіні осы тіке жолмен жүргенде табасыңдар. (балалар қасқырдың көрсеткен жолымен жүріп, түлкіні іздеуге кіріседі.) Осы кезде алдарынан қоян шығады. Тәрбиеші: - Балалар, бұл қандай аң? Балалар: - Бұл – қоян.
  • 3. Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар. Қоян: - Мен қоянмын қоянмын Күндіз –түні ояумын Көжегімнің қасында Мен де өзімше ноянмын Сендер орманда не іздеп жүрсіңдер? Балалар: - Біз балалармен бірге аюдың сүйікті балын таба алмай жүрміз. Оны қу түлкі ұрлап алып кетіпті. Сен бізге түлкіні тауып беруге көмектесесің бе? Қоян: - Егер сендер менімен бірге әдемі сергіту сәтін орындап берсеңдер, мен сендерге көмектесемін. Тәрбиеші: - Балалар, қоянмен бірге сергіту сәтін орындаймыз ба? Балалар: - Иә. Сергіту жаттығуы Орман қандай керемет Аюлар жүр барбаңдап Қасқырлар жүр арбаңдап Жапалақтар жалпылдап Қояндар жүр орманда Құлақтарын қалқаңдап Секіріп-секіріп алайық Орынымызға тұрайық. (балалар қоянмен бірге сергіту сәтін орындайды) (Қоян балаларға түлкінің қай бағытта жүргенін көрсетеді, балалар қоянға алғысын айтып, сәбіз береді) Тәрбиеші: - Балалар мына ағаштың басында жүрген қандай аң? Секең-секең етеді Орман оның мекені Отырғанда шоқиып Құманға ұқсап кетеді Балалар: - Ол тиін, - деп шулайды. Тиін: - Иә, мен тиінмін,тиінмін, Қысқа жылы киіндім Қоймам толы жаңғаққа, Іші жылы үйімнің. – Балалар, сендер не іздеп жүрсіңдер? Балалар: - Біз аюдың балын ұрлап кеткен түлкіні іздеп жүрміз. Сен оның қайда екенін білесің бе? Тиін: - Ендеше сендер менімен бірге ойын ойнасаңдар, түлкінің қайда екенін айтамын. Дидактикалық ойын «Қай аң не жейді?» Шарты: Жабайы жануарлардың немен қоректенетінін айту. (Балалар жануарлардың немен қоректенетінін ғажайып тақтадан көрсетеді) Тиін балаларға түлкіге жететін жолды көрсетеді. Балалар алғыс айып, тиінге жаңғақтарын береді. Дыбыстық жаттығу -ян-ян-ян қорқақ қоян -ю-ю-ю – маймақ аю -ыр-ыр-ыр- ұлиды қасқыр -кі-кі-кі-қу түлкі -пі-пі-пі-тікенек кірпі (балалар тәрбиешімен бірге дыбыстық жаттығуды қайталап жасайды) Тәрбиеші: - Балалар, мынау қандай аңның ізі? Балалар: - Түлкінің ізі. Олар түлкінің қасында аюдың балы тұрғанын байқайды. Асылай: - Түлкі, түлкі, аюдың балын неге ұрлап кетесің? Оның балаларының қарны ашты ғой. Сен аюдың балын қайтарасың ба? Түлкі: - Егер сендер менімен бірге әдемі әуен ырғағымен билеп, көңіл көтерсеңдер, мен аюдың балын қайтаруға дайынмын.
  • 4. Тәрбиеші: - Балалар, ендеше барлығымыз түлкімен бірге билейік. (әдемі әуен ырғағымен түлкі балалармен билейді ) Нұржан: - Балалар, біз түлкінің тапсырмасын орындаған сияқтымыз. Бізге түлкі аюдың балын қайтаратын шығар. Түлкі: - Жарайсыңдар балалар. Сендер менімен бірге билеп, көңіл-күйімді көтердіңдер. Менде енді сөзімде тұрып, балды сендерге қайтарайын. (Балалар балды аюға және оның балдарына қайтарады) Аю: - Балалар, сендерге көп- көп рахмет. Сендер менің балымды қайтару үшін түрлі тапсырмалар орындадыңдар. Мен балабақшада осындай ақылды, тапқыр балалардың барына қуанып тұрмын. Рефлексивті-түзетушілік Тәрбиеші: - Балалар біздер қай жаққа серуенге бардық? - Орманнан не көрдіңдер? - Кімге көмектестіңдер? - Сендерге серуен ұнады ма? (Балалар тәрбиешінің сұрағына жауап береді) Тәрбиеші: - Міне,балалар ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне өте тамаша қатыстыңдар. Аюдың сүйікті балын табуға көмектестіңдер. Өздеріңнің ұшқыр ойларыңды , тапқырлықтарыңды қиындықтан қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер. Балалар осымен орманға саяхатымыз аяқталды , енді өзіміздің тобымызға оралайық. Тәрбиеші: Қане балалар шеңберге тұрайық. Бір-бірімізге жылы лебіздер айтайық. - Күніміз шуақты болсын! - Аспанымыз ашық болсын! Қол ұстасып тұрайық. Шеңберді біз құрайық. Көріскенше күн жақсы. Сау саламат болайық. Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: Жабайы аңдар туралы мағлұматтарды; Нені игереді: Табиғатты қорғап, жабайы жануарларға да қамқор болу керек екенін; Нені біледі: сұрақтарға дұрыс әрі нақты жауап беруді.