SlideShare a Scribd company logo
1 of 4
Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлімі: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Төлдер айтысы» (ертегі)
Мақсаты:
1.Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту, тиянақтау, төрт түліктің адамға
пайдасы, олардың төлдері, төрт түліктің бір-бірінен ерекшелігі, ұқсастығы туралы әңгімелеу;
2. Ойлау қабілетін, зейін тұрақтылығын дамыту. Сөздік қорын молайту, байланыстырып
сөйлеу, тіл белсенділігін арттыру;
3. Балаларды үй жануарларын қорғауға, қамқор болуға, мейірімділікке, сүйіспеншілікке
тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап, ән, тақпақтар, жұмбақтар, ойын.
Көрнекіліктер: үй жануарларының, төлдерінің суреттері, жалпы және жеке суреттер, слайд.
Билингвальды компонент: Үй жануарлары – домашные животные. Түйе – верблюд, бота –
верблюжонок, жылқы – лошадь, құлын – жеребенок, сиыр – корова.
Оқу қызметінің
кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Балалар бүгін бізге көп қонақтар келіпті.
Қонақтармен амандасайық.
ҚР әнұраны орындалады.
Шаттық шеңбері:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Балалар бір-біріміздің қолымыздан ұстап
тұрып, шеңбер бойымен бәріміз тілек
айтайық.
Қонақтармен амандасады.
Балалар шеңберге тұрып, шаттық
шеңберін орындайды.
–Аспанымыз ашық болсын!
–Көк туымыз биік болсын!
- Еліміз аман болсын!
– Нанымыз көп болсын!
- Деніміз сау болсын!
- Анамыз аман болсын!
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
–Көктем мезгілінде неше ай бар?
Қәне атап шығайықшы.
– Қазір қандай ай?
– Жарайсыңдар, балалар! Бүгін көркем
әдебиет оқу қызметінде төлдер айтысы
ертегісі, үй жануарлары төрт түлік
төлдері туралы әңгімелейміз.
- Балалар үй жануарлары, төрт түлікті
атайықшы. –Балалар, төрт түлік жылдың
қай мезгілінде төлдей бастайды.
Олардың төлдерін білесіңдерме?
Балалар төрт түліктің пайдасы мол. Төрт
түліктердің еті, сүті, терісі, жүнін, көлік
түрі ретінде де пайдаланады. Сиырдың
сүтін ішеміз. Сүтінен анамыз, әжеміз не
жасайды? Етін жейміз. Қойдың жүнінен,
ешкінің түбітінен киім тоқылады, киіз
басылады, алаша, кілемдер жасалады.
-Көктем мезгілі.
-3 ай бар. Наурыз, сәуір, мамыр.
– Сәуір.
- Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі.
- Көктем мезгілінде төлдейді.
Түйе-бота. Жылқы-құлын.
Сиыр – бұзау. Қой-қозы. Ешкі-
лақ.
-Құрт, айран, қаймақ, май сүзбе,
ірімшік жасайды.
Ешкінің сүтін емге пайдаланады. Жылқы
төрт түліктің ішіндегі ең жүйрігі, оның
сүтінен не жасайды?.Ол денсаулыққа
шипалы сусын. Түйе төрт түліктің төресі.
Шұбаты – сусын, еті – тамақ. Түйе шөлге
өте төзімді. Үй жануарларының қандай
пайдасы бар? Сондықтан адамдар оларға
аса қамқорлықпен қарайды. Қыста жылы
қорада ұстап, жем, шөп, су беріп
асырайды. Көктем мезілінде үй
жануарларын қайда көшіреді.
Сөздік жұмыс.
Сергіту сәті. Аяқпенен топ-топ.
«Төлдер айтысы» ертегісін тыңдайық.
Төлдер: Біздің иеміз қайсымызды жақсы
көреді?
Лақ: - Мә-ә, мә-ә, әрине мені жақсы
көреді. Адам біздің сүтімізді ішіп,
түбітімізді киімге пайдаланады.
Құлын: Лақ, сен орынсыз мақтанба,
бізден қазы қарта, шұжық, қымыз алады,
мініс көлігі де біз.
Бұзау: - Сендер босқа мақтанасыңдар.
Ием мені жақсы көреді. Адамның
тіршілігіне ең пайдалысы мен. Шелек -
шелек сүт, қарын – қарын май, қап – қап
құрт, ірімшік бізден шығады.
Қозы: - Бәрің де босқа мақтанасыңдар.
Ием бәріңнен де мені жақсы көреді.
Сақылдаған сары аязда тоңдырмайтын
жылы пима, тондар менің жүнім мен
терімнен жасалады.
Бота: - Бәріңнен кем біз бе екенбіз?
Малдың ен қадірлісі бізбіз. Адам біздің
шұбатымызды, мамықтай жүнімізді
пайдаланады. Ерте кезде күш көлігі де біз
болғанбыз.
Адам: - Сендер босқа таласпаңдар. Бәрің
де адамға пайдалысыңдар.
Әрқайсыларыңның өз орындарың бар.
-Бұл ертегіде қандай кейіпкерлер
кездеседі?
-Төлдер бір-бірімен не үшін айтысты?
-Лақ не айтты?
-Құлын не айтты?
-Бұзау не деді?
-Қошақан мен бота не деді?
Адам не деп жауап берді?
«Дыбысын тап» дидақтикалық
ойыны.
Балалар, үй жануарлары қалай
дыбыстайды?
Мө-ө-ө. Мә-ә-ә сөздеріне дыбыстық
талдау жасаймыз.
-Қымыз.
-Мінсек көлік, етін тамақ етеміз,
сүтін, айранын ішеміз. Адам
денсаулығына еттің пайдасы өте
зор.
-Жайлауға жайылымға апарады.
Қимыл-қозғалыстармен жасайды.
Мұқият тыңдайды.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Үнтаспадан үй жануарларының
дыбысын тыңдап, атын атап,
суретін көрсетеді. Жылқы -
кісінейді. Сиыр – мөңірейді. Қой,
ешкі маңырайды. Түйе –
боздайды.
Балалар мен сендерге жұмбақ
жасырайын. Сендер шешіп көріңдер.
1.Аласа ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
2.Өзі үлкен жануар,
Үстінде екі тауы бар.
3.Қос мүйізді, төрт сирақты,
Ағызады сүт – бұлақты.
4.Секең-секең етеді,
Секеңдеп кіріп кетеді.
5.Иіліп тұр мойыны,
Қанбайды екен ойыны.
Тостағандай көзі,
Әдемі екен өзі.
6.Көкке шауып құйрығын,
Келеді шауып жүйрігім.
7. Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Адам деуге болмайды.
Сақалы тағы бар.
-Балалар, үй жануарлары және төлдері
туралы қандай тақпақтар білесіңдер.
1.Шөре, шөре,лағым,
Тентек болма шырағым.
Секендемей деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
2. Құлыншағым құндызым.
Құлдырайды шабады.
Жылтындаған жұлдызым.
Құстай қанат қағады.
3.Ботақаны нардың
Жарға неге бардың.
Тілерсегің дірілдеп,
Секіре алмай қалдың.
4. Қошақаны қойдың
Қайда қалып қойдың
Бұлтиып тұр бүйірің
Қай өрістен тойдың.
5.Түйе-малдың үлкені,
Жылқы малдың жүйрігі,
Сиыр малдың сүттісі,
Қой түліктің құттысы.
6.Ерсілігінен бойының,
Түйе шөгіп жатады.
Жерге төсеп мойынын,
Тәтті ұйқыға батады.
7.Лас жерден жерініп.
Таза жерге көсіліп,
Жылқы ұйықтайды керіліп,
Жібек жолы есіліп.
-Жарайсыңдар, балалар!
«Төлдерін тап» дидақтикалық ойыны.
Берілген суреттерді пайдаланып үй
жануарларымен төлдерін біріктіру.
Дыбыстық талдау жасайды.
Дауысты, дауыссыз дыбыстарды
тауып, қызыл, көк түстермен
белгілейді.
-Қой.
-Түйе.
-Сиыр.
-Лақ.
-Бота.
-Құлын.
-Ешкі.
Балалар тақпақтарын айтады.
Суреттегі үй жануарларын
көрсете отырып, олардың
(Үй жануарлары, төлдері, жеке суреттер)
Қой сүйеді баласын: «Қоңырым» - деп,
Ештеңені білмейтін «Момыным» – деп.
Сиыр сүйеді баласын: «Торпағым» деп,
Қараңғыға баспаған «Қорқағым» - деп.
Түйе сүйеді баласын: «Боташым» - деп,
Жәудіріген көзіңнен «Тоташым» - деп.
Ешкі сүйеді баласын: «Лағым» - деп,
Тастан тасқа секірген «Шұнағым» - деп.
Жылқы сүйеді баласын: «Құлыным» деп,
Тұлпар болып жүгірген «Жұрыным» -
деп.
Қазақ халқы ұғымында әр төрт түліктің
пірі, киесі бар деп айтылады. Қазақ
атамыз төрт түліктің пірлеріне сыйынып
отырып, төрт түліктің көп болып өсіп-
өнуін тілейді. Балалар төрт түліктің
пірлерін атайық.
Шығармашылық жұмыс.
«Сүйкімді төлдерді бояу».
Балалар жайлауда төрт қозы жайылып
жүр. Оларға тағы үш қозы қосылды.
Барлығы неше қозы жайылып жүр?
төлдерін тауып магнитпен
тақтаға іледі.
Балалар бірге қайталап айтады.
Түйе атасы – Ойсылқара.
Жылқы атасы – Қамбар ата.
Сиыр атасы – Зеңгі баба.
Қой атасы – Шопан ата.
Ешкі атасы - Сексек ата.
Шығармашылық жұмысты
орындайды.
4+3=7 қозы жайылып жүр.
Рефлексиялық-
түзетушілік
«Қайсысы артық?» дидактикалық
ойыны. Үй жануарларының ішінен
артық жануарды табу.
-Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?
–Бүгінгі сабақта не туралы айттық?
– Төлдер айтысы ертегісі ұнады ма?
«Қошақаным» әнімен бүгінгі ашық оқу
қызметімізді аяқтаймыз.
Жарайсыңдар, балалар! Сабаққа жақсы
қатыстыңдар. Балаларды мадақтау.
Балалар келген қонақтармен қоштасамыз.
Артық жануарды тауып
көрсетеді.
-Иә, ұнады.
Үй жануарлары төрт түлік,
төлдері туралы айттық.
-Иә. Төлдер айтысы ертегісі
туралы айтып береді.
Әнді бірге орындайды.
-Сау болыңыздар!
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Төлдер айтысы ертегісінің мазмұнын біледі.
Игереді: Үй жануарлары төрт түліктің адамға тигізетін пайдасын, жұмбақтарды шешуді
игереді.
Меңгереді: Төрт түлік және олардың төлдерін дыбыстарынан ажыратуды меңгереді.

More Related Content

What's hot

учитель года ермекбаева открытое занятие
учитель года ермекбаева открытое занятиеучитель года ермекбаева открытое занятие
учитель года ермекбаева открытое занятиеAsem Sarsembayeva
 
м.әуезов (көксерек)
м.әуезов (көксерек)м.әуезов (көксерек)
м.әуезов (көксерек)Asem Sarsembayeva
 
битимбаева сымбат сабақ жоспары
битимбаева сымбат сабақ жоспарыбитимбаева сымбат сабақ жоспары
битимбаева сымбат сабақ жоспарыAsem Sarsembayeva
 
малсақ бала 3 сынып бабаханова гульден
малсақ бала 3 сынып бабаханова гульденмалсақ бала 3 сынып бабаханова гульден
малсақ бала 3 сынып бабаханова гульденАйбек Қуандықұлы
 
балгабекова н.ж. мақала
балгабекова н.ж. мақалабалгабекова н.ж. мақала
балгабекова н.ж. мақалаAsem Sarsembayeva
 
17ывывывыц
17ывывывыц17ывывывыц
17ывывывыцnurlan93kz
 
жануаралар2 №32
жануаралар2 №32жануаралар2 №32
жануаралар2 №32oquzaman
 
бектұрғанова фарида сабақ жоспары
бектұрғанова фарида сабақ жоспарыбектұрғанова фарида сабақ жоспары
бектұрғанова фарида сабақ жоспарыAsem Sarsembayeva
 
бастауыш құстар
бастауыш құстарбастауыш құстар
бастауыш құстарNurlan Abilhanov
 

What's hot (20)

толкын
толкынтолкын
толкын
 
учитель года ермекбаева открытое занятие
учитель года ермекбаева открытое занятиеучитель года ермекбаева открытое занятие
учитель года ермекбаева открытое занятие
 
Stepp
SteppStepp
Stepp
 
м.әуезов (көксерек)
м.әуезов (көксерек)м.әуезов (көксерек)
м.әуезов (көксерек)
 
битимбаева сымбат сабақ жоспары
битимбаева сымбат сабақ жоспарыбитимбаева сымбат сабақ жоспары
битимбаева сымбат сабақ жоспары
 
малсақ бала 3 сынып бабаханова гульден
малсақ бала 3 сынып бабаханова гульденмалсақ бала 3 сынып бабаханова гульден
малсақ бала 3 сынып бабаханова гульден
 
сәбитова асылзат сәбитқызы
сәбитова асылзат сәбитқызысәбитова асылзат сәбитқызы
сәбитова асылзат сәбитқызы
 
ертегілер еліне саяхат 2
ертегілер еліне саяхат 2ертегілер еліне саяхат 2
ертегілер еліне саяхат 2
 
ашық сабақ орманға саяхат
ашық сабақ орманға саяхаташық сабақ орманға саяхат
ашық сабақ орманға саяхат
 
балгабекова н.ж. мақала
балгабекова н.ж. мақалабалгабекова н.ж. мақала
балгабекова н.ж. мақала
 
ашык сабак
ашык сабакашык сабак
ашык сабак
 
на сертификат
на сертификатна сертификат
на сертификат
 
17ывывывыц
17ывывывыц17ывывывыц
17ывывывыц
 
жануаралар2 №32
жануаралар2 №32жануаралар2 №32
жануаралар2 №32
 
бектұрғанова фарида сабақ жоспары
бектұрғанова фарида сабақ жоспарыбектұрғанова фарида сабақ жоспары
бектұрғанова фарида сабақ жоспары
 
бастауыш құстар
бастауыш құстарбастауыш құстар
бастауыш құстар
 
аюбаева
аюбаевааюбаева
аюбаева
 
9663sdsddssd
9663sdsddssd9663sdsddssd
9663sdsddssd
 
21
2121
21
 
үйшік ертегісі
үйшік ертегісіүйшік ертегісі
үйшік ертегісі
 

Similar to коркем адебиет

төлдер айтысы слайд
төлдер айтысы слайдтөлдер айтысы слайд
төлдер айтысы слайдBilim All
 
асанова чынара сабақf
асанова чынара  сабақfасанова чынара  сабақf
асанова чынара сабақfNurlan Abilhanov
 
Үйқоянын өсіру
Үйқоянын өсіруҮйқоянын өсіру
Үйқоянын өсіруBilim All
 
ғылыми жоба үй қояндары және оның пайдасы
ғылыми жоба үй қояндары және оның пайдасығылыми жоба үй қояндары және оның пайдасы
ғылыми жоба үй қояндары және оның пайдасыAsem Sarsembayeva
 
Ит - жеті қазынаның бірі
Ит - жеті қазынаның бірі Ит - жеті қазынаның бірі
Ит - жеті қазынаның бірі Bilim All
 
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдарыБастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдарыАйбек Қуандықұлы
 
Үй құстары
Үй құстарыҮй құстары
Үй құстарыBilim All
 

Similar to коркем адебиет (18)

(1)d
 (1)d (1)d
(1)d
 
Үй жануарлары (Төрт түлік)
Үй жануарлары (Төрт түлік)Үй жануарлары (Төрт түлік)
Үй жануарлары (Төрт түлік)
 
Dd
DdDd
Dd
 
төлдер айтысы слайд
төлдер айтысы слайдтөлдер айтысы слайд
төлдер айтысы слайд
 
702 e o38
702 e o38702 e o38
702 e o38
 
галеева кунтай амиргалиевна
галеева кунтай амиргалиевнагалеева кунтай амиргалиевна
галеева кунтай амиргалиевна
 
1369 i__85
1369  i__851369  i__85
1369 i__85
 
асанова чынара сабақf
асанова чынара  сабақfасанова чынара  сабақf
асанова чынара сабақf
 
Төрт түлік туралы жырлар. қой
Төрт түлік туралы жырлар. қойТөрт түлік туралы жырлар. қой
Төрт түлік туралы жырлар. қой
 
№68 мибб абдильдина м.к. сөйлеуді дамыту.
№68 мибб абдильдина м.к. сөйлеуді дамыту.№68 мибб абдильдина м.к. сөйлеуді дамыту.
№68 мибб абдильдина м.к. сөйлеуді дамыту.
 
Үйқоянын өсіру
Үйқоянын өсіруҮйқоянын өсіру
Үйқоянын өсіру
 
Ggggs
GgggsGgggs
Ggggs
 
4141к
4141к4141к
4141к
 
ғылыми жоба үй қояндары және оның пайдасы
ғылыми жоба үй қояндары және оның пайдасығылыми жоба үй қояндары және оның пайдасы
ғылыми жоба үй қояндары және оның пайдасы
 
ррр
рррррр
ррр
 
Ит - жеті қазынаның бірі
Ит - жеті қазынаның бірі Ит - жеті қазынаның бірі
Ит - жеті қазынаның бірі
 
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдарыБастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары
 
Үй құстары
Үй құстарыҮй құстары
Үй құстары
 

More from Asem Sarsembayeva

современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитанияAsem Sarsembayeva
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентацияAsem Sarsembayeva
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығуларAsem Sarsembayeva
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктерAsem Sarsembayeva
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»Asem Sarsembayeva
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человекаAsem Sarsembayeva
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановнаAsem Sarsembayeva
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаеваAsem Sarsembayeva
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевнаAsem Sarsembayeva
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17Asem Sarsembayeva
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдAsem Sarsembayeva
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина мояAsem Sarsembayeva
 

More from Asem Sarsembayeva (20)

урок
урокурок
урок
 
конспект урока
конспект урокаконспект урока
конспект урока
 
современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитания
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентация
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулар
 
тренинг
тренингтренинг
тренинг
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктер
 
чуковский
чуковскийчуковский
чуковский
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человека
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановна
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаева
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевна
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевна
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевна
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17
 
шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.
 
магрупова
магруповамагрупова
магрупова
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайд
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина моя
 

коркем адебиет

  • 1. Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы Білім беру саласы: Коммуникация. Бөлімі: Көркем әдебиет. Тақырыбы: «Төлдер айтысы» (ертегі) Мақсаты: 1.Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту, тиянақтау, төрт түліктің адамға пайдасы, олардың төлдері, төрт түліктің бір-бірінен ерекшелігі, ұқсастығы туралы әңгімелеу; 2. Ойлау қабілетін, зейін тұрақтылығын дамыту. Сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеу, тіл белсенділігін арттыру; 3. Балаларды үй жануарларын қорғауға, қамқор болуға, мейірімділікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап, ән, тақпақтар, жұмбақтар, ойын. Көрнекіліктер: үй жануарларының, төлдерінің суреттері, жалпы және жеке суреттер, слайд. Билингвальды компонент: Үй жануарлары – домашные животные. Түйе – верблюд, бота – верблюжонок, жылқы – лошадь, құлын – жеребенок, сиыр – корова. Оқу қызметінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық- қозғаушылық Балалар бүгін бізге көп қонақтар келіпті. Қонақтармен амандасайық. ҚР әнұраны орындалады. Шаттық шеңбері: Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Баршаңызды құрметтеп, Бас иеміз біз. Балалар бір-біріміздің қолымыздан ұстап тұрып, шеңбер бойымен бәріміз тілек айтайық. Қонақтармен амандасады. Балалар шеңберге тұрып, шаттық шеңберін орындайды. –Аспанымыз ашық болсын! –Көк туымыз биік болсын! - Еліміз аман болсын! – Нанымыз көп болсын! - Деніміз сау болсын! - Анамыз аман болсын! Ұйымдастырушылық- ізденістік -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? –Көктем мезгілінде неше ай бар? Қәне атап шығайықшы. – Қазір қандай ай? – Жарайсыңдар, балалар! Бүгін көркем әдебиет оқу қызметінде төлдер айтысы ертегісі, үй жануарлары төрт түлік төлдері туралы әңгімелейміз. - Балалар үй жануарлары, төрт түлікті атайықшы. –Балалар, төрт түлік жылдың қай мезгілінде төлдей бастайды. Олардың төлдерін білесіңдерме? Балалар төрт түліктің пайдасы мол. Төрт түліктердің еті, сүті, терісі, жүнін, көлік түрі ретінде де пайдаланады. Сиырдың сүтін ішеміз. Сүтінен анамыз, әжеміз не жасайды? Етін жейміз. Қойдың жүнінен, ешкінің түбітінен киім тоқылады, киіз басылады, алаша, кілемдер жасалады. -Көктем мезгілі. -3 ай бар. Наурыз, сәуір, мамыр. – Сәуір. - Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі. - Көктем мезгілінде төлдейді. Түйе-бота. Жылқы-құлын. Сиыр – бұзау. Қой-қозы. Ешкі- лақ. -Құрт, айран, қаймақ, май сүзбе, ірімшік жасайды.
  • 2. Ешкінің сүтін емге пайдаланады. Жылқы төрт түліктің ішіндегі ең жүйрігі, оның сүтінен не жасайды?.Ол денсаулыққа шипалы сусын. Түйе төрт түліктің төресі. Шұбаты – сусын, еті – тамақ. Түйе шөлге өте төзімді. Үй жануарларының қандай пайдасы бар? Сондықтан адамдар оларға аса қамқорлықпен қарайды. Қыста жылы қорада ұстап, жем, шөп, су беріп асырайды. Көктем мезілінде үй жануарларын қайда көшіреді. Сөздік жұмыс. Сергіту сәті. Аяқпенен топ-топ. «Төлдер айтысы» ертегісін тыңдайық. Төлдер: Біздің иеміз қайсымызды жақсы көреді? Лақ: - Мә-ә, мә-ә, әрине мені жақсы көреді. Адам біздің сүтімізді ішіп, түбітімізді киімге пайдаланады. Құлын: Лақ, сен орынсыз мақтанба, бізден қазы қарта, шұжық, қымыз алады, мініс көлігі де біз. Бұзау: - Сендер босқа мақтанасыңдар. Ием мені жақсы көреді. Адамның тіршілігіне ең пайдалысы мен. Шелек - шелек сүт, қарын – қарын май, қап – қап құрт, ірімшік бізден шығады. Қозы: - Бәрің де босқа мақтанасыңдар. Ием бәріңнен де мені жақсы көреді. Сақылдаған сары аязда тоңдырмайтын жылы пима, тондар менің жүнім мен терімнен жасалады. Бота: - Бәріңнен кем біз бе екенбіз? Малдың ен қадірлісі бізбіз. Адам біздің шұбатымызды, мамықтай жүнімізді пайдаланады. Ерте кезде күш көлігі де біз болғанбыз. Адам: - Сендер босқа таласпаңдар. Бәрің де адамға пайдалысыңдар. Әрқайсыларыңның өз орындарың бар. -Бұл ертегіде қандай кейіпкерлер кездеседі? -Төлдер бір-бірімен не үшін айтысты? -Лақ не айтты? -Құлын не айтты? -Бұзау не деді? -Қошақан мен бота не деді? Адам не деп жауап берді? «Дыбысын тап» дидақтикалық ойыны. Балалар, үй жануарлары қалай дыбыстайды? Мө-ө-ө. Мә-ә-ә сөздеріне дыбыстық талдау жасаймыз. -Қымыз. -Мінсек көлік, етін тамақ етеміз, сүтін, айранын ішеміз. Адам денсаулығына еттің пайдасы өте зор. -Жайлауға жайылымға апарады. Қимыл-қозғалыстармен жасайды. Мұқият тыңдайды. Балалар сұрақтарға жауап береді. Үнтаспадан үй жануарларының дыбысын тыңдап, атын атап, суретін көрсетеді. Жылқы - кісінейді. Сиыр – мөңірейді. Қой, ешкі маңырайды. Түйе – боздайды.
  • 3. Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. Сендер шешіп көріңдер. 1.Аласа ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. 2.Өзі үлкен жануар, Үстінде екі тауы бар. 3.Қос мүйізді, төрт сирақты, Ағызады сүт – бұлақты. 4.Секең-секең етеді, Секеңдеп кіріп кетеді. 5.Иіліп тұр мойыны, Қанбайды екен ойыны. Тостағандай көзі, Әдемі екен өзі. 6.Көкке шауып құйрығын, Келеді шауып жүйрігім. 7. Басында екі таяғы бар, Төрт аяғы бар. Адам деуге болмайды. Сақалы тағы бар. -Балалар, үй жануарлары және төлдері туралы қандай тақпақтар білесіңдер. 1.Шөре, шөре,лағым, Тентек болма шырағым. Секендемей деміңді ал, Селтеңдемей құлағың. 2. Құлыншағым құндызым. Құлдырайды шабады. Жылтындаған жұлдызым. Құстай қанат қағады. 3.Ботақаны нардың Жарға неге бардың. Тілерсегің дірілдеп, Секіре алмай қалдың. 4. Қошақаны қойдың Қайда қалып қойдың Бұлтиып тұр бүйірің Қай өрістен тойдың. 5.Түйе-малдың үлкені, Жылқы малдың жүйрігі, Сиыр малдың сүттісі, Қой түліктің құттысы. 6.Ерсілігінен бойының, Түйе шөгіп жатады. Жерге төсеп мойынын, Тәтті ұйқыға батады. 7.Лас жерден жерініп. Таза жерге көсіліп, Жылқы ұйықтайды керіліп, Жібек жолы есіліп. -Жарайсыңдар, балалар! «Төлдерін тап» дидақтикалық ойыны. Берілген суреттерді пайдаланып үй жануарларымен төлдерін біріктіру. Дыбыстық талдау жасайды. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды тауып, қызыл, көк түстермен белгілейді. -Қой. -Түйе. -Сиыр. -Лақ. -Бота. -Құлын. -Ешкі. Балалар тақпақтарын айтады. Суреттегі үй жануарларын көрсете отырып, олардың
  • 4. (Үй жануарлары, төлдері, жеке суреттер) Қой сүйеді баласын: «Қоңырым» - деп, Ештеңені білмейтін «Момыным» – деп. Сиыр сүйеді баласын: «Торпағым» деп, Қараңғыға баспаған «Қорқағым» - деп. Түйе сүйеді баласын: «Боташым» - деп, Жәудіріген көзіңнен «Тоташым» - деп. Ешкі сүйеді баласын: «Лағым» - деп, Тастан тасқа секірген «Шұнағым» - деп. Жылқы сүйеді баласын: «Құлыным» деп, Тұлпар болып жүгірген «Жұрыным» - деп. Қазақ халқы ұғымында әр төрт түліктің пірі, киесі бар деп айтылады. Қазақ атамыз төрт түліктің пірлеріне сыйынып отырып, төрт түліктің көп болып өсіп- өнуін тілейді. Балалар төрт түліктің пірлерін атайық. Шығармашылық жұмыс. «Сүйкімді төлдерді бояу». Балалар жайлауда төрт қозы жайылып жүр. Оларға тағы үш қозы қосылды. Барлығы неше қозы жайылып жүр? төлдерін тауып магнитпен тақтаға іледі. Балалар бірге қайталап айтады. Түйе атасы – Ойсылқара. Жылқы атасы – Қамбар ата. Сиыр атасы – Зеңгі баба. Қой атасы – Шопан ата. Ешкі атасы - Сексек ата. Шығармашылық жұмысты орындайды. 4+3=7 қозы жайылып жүр. Рефлексиялық- түзетушілік «Қайсысы артық?» дидактикалық ойыны. Үй жануарларының ішінен артық жануарды табу. -Балалар, сендерге сабақ ұнады ма? –Бүгінгі сабақта не туралы айттық? – Төлдер айтысы ертегісі ұнады ма? «Қошақаным» әнімен бүгінгі ашық оқу қызметімізді аяқтаймыз. Жарайсыңдар, балалар! Сабаққа жақсы қатыстыңдар. Балаларды мадақтау. Балалар келген қонақтармен қоштасамыз. Артық жануарды тауып көрсетеді. -Иә, ұнады. Үй жануарлары төрт түлік, төлдері туралы айттық. -Иә. Төлдер айтысы ертегісі туралы айтып береді. Әнді бірге орындайды. -Сау болыңыздар! Күтілетін нәтиже: Біледі: Төлдер айтысы ертегісінің мазмұнын біледі. Игереді: Үй жануарлары төрт түліктің адамға тигізетін пайдасын, жұмбақтарды шешуді игереді. Меңгереді: Төрт түлік және олардың төлдерін дыбыстарынан ажыратуды меңгереді.