Successfully reported this slideshow.
We use your LinkedIn profile and activity data to personalize ads and to show you more relevant ads. You can change your ad preferences anytime.
№3 «Өрімтал» бөбекжай-балабақшасы
Мектепке дейінгі ересек тобы
балаларының санау,есептеу дағдыларын,
логикалық ойлауын қал...
Кіріспе
Мектепке дейінгі жастағы балаларға әрбір ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбына сәйкес ойын әдіс - тәсіліне
үлк...
№
Ойындар
тақырыбы
Мақсаты Көрнекі құралдар
1
Ойла, сана, есепте 1-10-ға дейін санай білуге, есептеуге үйрету Сандар мен о...
8 Математикалық
әткеншек
Балалардың сандардың реті туралы білімдерін, 10–ға дейін
санауды, заттың саны мен сандық белгіні ...
15 Фотосалон 10-ға дейін санауға,сандар қатарын білуге, сандарды әр түрлі заттармен сала
білуге үйрету. Зейінділікке, байқ...
23 «Сиқырлы жіптер» Сандар туралы білімдерін бекіту, сандарды ажырата білуге
үйрету.
1-10-ға дейінгі сандар таңбасын тануд...
«Ойла, сана, есепте» ойыны
Мақсаты: 1-10-ға дейін санай білуге,
есептеуге үйрету Сандар мен олардың
құрамы туралы білім бе...
«Балықшылар»
Мақсаты: Балалардың санау және
есептеу дағдыларын қалыптастыру.Ойын
элементтерін пайдалана отырып
математикағ...
«Математикалық алаң»
Мақсаты: Балаларды суреттегі заттарды
санап, сәйкес сандармен белгілеуді, шеңбер
ішінде орналасқан пі...
«Математикалық әткеншек»
Мақсаты: Балалардың сандардың реті
туралы білімдерін, 10–ға дейін санауды,
заттың саны мен сандық...
Математикалық калейдоскоп»
Мақсаты: Балалардың сандардың реті
туралы білімдерін, 10–ға дейін санауды
бекіту. Ойын ойнау ар...
«Сандарды жасау»
Мақсаты: Сандар мен олардың құрамы туралы
білімдерін бекіту, сандық таңбаларын ажырата
білуге,ойын ойнау ...
Тақырыбы: «Зейінді бол»
Мақсаты: Айналадағы заттардың
сұлбасынан геометриялық фигураларды таба
білуге,күрделі геометриялық...
«Фотосалон»
Мақсаты: 10-ға дейін санауға,сандар қатарын
білуге, сандарды әр түрлі заттармен сала
білуге үйрету. Зейінділік...
«Нешінші?»
Мақсаты: «Нешінші?» ұғымын қалыптастыру.
Заттарды түсі, өлшемі, пішіні бойынша
топтастыруға, салыстыруға, ажыра...
«Жазылмай қалған сандарды ата»
Мақсаты: Балалардың сандардың реті туралы
білімдерін бекіту. Ойын ойнау арқылы
байқағыштыққ...
«Санға қарай жүгір»
Мақсаты: Сандар туралы білімдерін бекіту, белгі
бойынша қимылдар жасауға үйрету,сандық
белгілерді таны...
«Сиқырлы жіптер»
Мақсаты: Сандар туралы білімдерін бекіту,
сандарды ажырата білуге үйрету. 1-10-ға дейінгі
сандар таңбасын...
«Телефон»
Мақсаты: 1-10-ға дейін ретті санауға үйрету,
Балалардың сандардың реті туралы
білімдерін бекіту,көрші сандарды т...
«Лифт»
Мақсаты: 10-ға дейін тура және кері санауға,
пішіндерді , түстерді танып, атай білуге
үйрету.Жоғары, төмен, ұғымдар...
«Сыйлық шарлар»
Мақсаты: Сандар мен олардың құрамы
туралы білім беру. Ойын ойнау арқылы
шапшандыққа, өз бетімен жұмыс жаса...
2 мәуе презента бағдарла
You’ve finished this document.
Download and read it offline.
Upcoming SlideShare
What to Upload to SlideShare
Next
Upcoming SlideShare
What to Upload to SlideShare
Next
Download to read offline and view in fullscreen.

1

Share

2 мәуе презента бағдарла

Download to read offline

презентация

2 мәуе презента бағдарла

  1. 1. №3 «Өрімтал» бөбекжай-балабақшасы Мектепке дейінгі ересек тобы балаларының санау,есептеу дағдыларын, логикалық ойлауын қалыптастыруға арналған дидактикалық ойындар бағдарламасы Тәрбиеші: Раймқұлова Мәуегүл
  2. 2. Кіріспе Мектепке дейінгі жастағы балаларға әрбір ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбына сәйкес ойын әдіс - тәсіліне үлкен мән беріледі, сонда ғана оқу қызметі балаларға пайдалы, қызықты болады. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру геометриялық пішінмен санауды үйрету, 10 көлеміндегі сан туралы түсініктерін дамыту, шартты өлшеуіштің көмегімен өлшемдерді жүргізу, көзбен қабылдау, шамалау қабілетін жеткізу, кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру, затты тең екі бөлікке бөлу деген мәселелерге назар аударылады.Осы орайда балалардың танымдық қабілетін,логикалық ойлауын дамыту, білім сапасын арттырумен қатар ақыл-ой шығармашылық белсенділіктерін жетілдіру үшін, тиімді әдіс – тәсілі ретінде дидактикалық ойындарды қолданған жөн. Мақсаты: Балалардың математикалық, конструктивтік ойлау дағдыларын, танымдық қызығушылықтарын қызықты дидактикалық ойындар мен логикалық тапсырмаларды қолдану арқылы қалыптастыру, шығармашылық тұрғыдан ойлануға, өз бетінше шешім қабылдауға үйрету Тәрбиеші күнделікті өмірде және оқу қызметінде дидактикалық ойындар мен ойын жаттығулар қолданады. Дидактикалық ойындарды оқу қызметінен тыс уақытта ұйымдастыру, баланың математикалық түсінігін кеңейтеді,тереңдетеді, ойын бекітеді. Дидактикалық ойындар негізінен оқыту барысында жан – жақты бағыт – бағдар беріп отырады, балалардың ой- өрісін дамытуға маңызды рөл атқарады Берілген ойындарды қолдану іс-әрекеттің әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Бұл ойындарды тәрбиеші шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау кезінде іс-әрекеттің мазмұнына сай пайдалануға болады. Сондықтан, бұндай ойындар ойнау балалардың ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті және заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата білуін дамыта түсу үшін өте қажет. Баланың танымдық қызығушылықтары ойын және практикалық іс-әрекетпен байланысты.4-5 жасқа дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастырып,олардың қызығушылықтарын арттыру үшін ұйымдастырылған оқу қызметтерінде және күннің ІІ жартысында қызықты тапсырмалар мен ойындар ұйымдастырып отыру қажет.Ойын ойнай отырып балалардың математикалық түсінігі дамиды,шешім қабылдап қорытынды жасауға үйренеді. Балаларға тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл дидактикалық ойындардың негізгі ерекшеліктері. Балалар ойнау арқылы белгілі бір білім, білік, дағдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді. Әр дидактикалық ойынның танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады. Ойындардың мазмұны бағдарлама тақырыптарына сай теориялық қана емес, тәжірибелік сипатқа ие, балалар жаңа тақырыпты дидактикалық ойындар көмегімен пысықтап, бекітеді..
  3. 3. № Ойындар тақырыбы Мақсаты Көрнекі құралдар 1 Ойла, сана, есепте 1-10-ға дейін санай білуге, есептеуге үйрету Сандар мен олардың құрамы туралы білім беру.Балалардың санау және есептеу дағдыларын қалыптастыру. Балалардың +, -, >, <, =белгілерді қолдану арқылы арифметикалық есептерді түсініп, шығара білуге үйрету. Берілген тапсырманы дұрыс орындай білуге жаттықтыру. Фетр матадан тігілген папка 1-10 ға дейінгі сандар.Артық, кем, қосу,алу белгілері,санағыш. 2 Кім жылдам есептейді? Балалардың логикалық ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамыту, өтілген материалдарды бекіту.10 көлеміндегі заттарды танып, санай білуге, санмен белгілеуге, сандардың ретін, көрші сандарын таба білуге , есептеуге,аталған сан арасындағы санды атай білуге үйрету. Көп функциялды математикалық құрал,қорапша, болттар, пластмасса таяқша, сандар батарейка 4,5 в, лампочка 3 Балықшылар Балалардың санау және есептеу дағдыларын қалыптастыру.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын арттыру. 10 көлеміндегі заттарды танып, санай білуге, есептеуге үйрету. Балық бейнесіндегі сандық карточкалар, сандар бейнеленген шелектер, магнит қармақ. 4 «Поезд» 5 саны көлеміндегі сандарды пысықтау.Цифрды заттың санымен сәйкестендіруге , реттік санауды «қанша?», «нешінші?» деген сұрақтарға жауап беруге үйрету. Фетр матадан тігілген пойыз бейнесі, «Зоопарк» тақырыбындағы бейнелер. Ысқырық. 5 Ертегіні ретімен орналастыр 1. 10–ға дейін санауды бекіту. «Нешінші?» ұғымын қалыптастыру. Балалардың суреттерді салыстыру, оң жақ, сол жақ сияқты түсініктерін дамыту. Ойын арқылы шапшандыққа, тез ойлауға баулу. Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін жетілдіру.Ертегіні әңгімелеуге үйрету. Тақтайша ,сандар («Мақта қыз » ертегісі бойынша) 6 Математикалық алаң Балаларды суреттегі заттарды санап, сәйкес сандармен белгілеуді үйрету.5-ке дейінгі сандарды санау дағдыларын, пішіндерді ажыратуды, кеңістікті бағдарлауды бекіту.Ұсақ қол моторикасын дамыту. Картон қағаздан дөңгелек алаң жасалады. Балаларға дөңгелек алаңда орналасқан пішіндерді санап, соған сәйкес сандарды орналастыру ұсынылады. 7 Жұлдызқұрт 1-10-ға дейін тура және кері санауға, сандар қатарын білуге үйрету. 10–ға дейін санауды бекіту, ұсақ қол моторикасын,ойын ойнау арқылы шапшандыққа, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту. Фетр матадан тігілген сандар бейнеленген жұлдызқұрт
  4. 4. 8 Математикалық әткеншек Балалардың сандардың реті туралы білімдерін, 10–ға дейін санауды, заттың саны мен сандық белгіні сәйкестендіруді бекіту. Ойын ойнау арқылы байқағыштыққа, тез орналастыруға баулу. Ептілікке, байқағыштыққа баулу. Әткенщек бейнесіндегі 50х60 кілемше, 1-10 көлеміндегі сандық белгілер. 9 Сандарды көңілді пішіндерге айналдырыңдар 1-10-ға дейінгі сандар таңбасын тануды, таңбаларын салып безендіруді үйрету.Шығармашылықтарын, қиялын, ұсақ қол моторикасын дамыту. Балаларға түрлі-түсті 1-10-ға дейінгі сандар беріледі.Балалар оларды өз ойларымен , қиялымен түрлі аңдарға, мултьфильм кейіпкерлеріне ұқсатып бейнелейді. 10 Математикалық калейдоскоп Балалардың сандардың реті туралы білімдерін, 10–ға дейін санауды бекіту. Ойын ойнау арқылы байқағыштыққа, тез орналастыруға баулу. Ептілікке, байқағыштыққа баулу. 10 дана суретті сандар. Машина, қуыршақ, піл. 11 Жәндікте неше аяқ бар? Балалардың санау және есептеу дағдыларын қалыптастыру. Жәндіктер туралы түсініктерін жаңарту.Тілдерін, ұсақ қол моторикасын дамыту. Ойыншық жәндіктер, карточкалар. 12 Сандарды жасау Сандар мен олардың құрамы туралы білімдерін бекіту, сандық таңбаларын ажырата білуге,ойын ойнау арқылы шапшандыққа, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын, ұсақ қол моторикасын дамыту. санағыштар, ермексаз, текшелер, мозайкалар, маталар, газеттер,геометриялық пішіндер. 13 «Көкөністер мен жемістер дүкені» Заттарды санына қарай салыстыра білуге, сан мен заттың саны арасындағы сәйкестіктікті табуға үйрету.Заттарды санына қарай топтастыруға жаттықтыру. Балалардың логикалық ойлау, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін, зейінін, қолдың ұсақ қол моторикасын дамыту. қолдан жасалған көкөністер мен жемістердің муляждары, дүкенге арналған сөрелер 14 Зейінді бол Күрделі геометриялық суреттен үшбұрышты, төртбұрышты, шеңберді көрсете білу. Геометриялық пішіндер кескінделген суреттер
  5. 5. 15 Фотосалон 10-ға дейін санауға,сандар қатарын білуге, сандарды әр түрлі заттармен сала білуге үйрету. Зейінділікке, байқағыштыққа, шығармашылыққа баулу. сандар бейнеленген карточкалар; үлестірмелі материалдар: фишкілер жиынтығы (түймелер немесе ұсақ ойыншықтар) 10x15 немесе 15x20 см көлемдегі карточкалар. 16 Заттарды нөмірлеу 1-10-ға дейін ретті санауға үйрету, білімдерін бекіту. Балалардың сандардың реті туралы білімдерін бекіту. Ойын ойнау арқылы байқағыштыққа, тез орналастыруға баулу. Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылығын арттыру, ойыншықтар, 10-ға дейінгі сандар. Ойыншықтар, 10-ға дейінгі сандар. 17 Нешінші? Ойын барысында «нешінші?» деген ұғымды қалыптастыру Заттарды түсі, өлшемі, пішіні бойынша топтастыруға, салыстыруға, ажыратуға үйрету. Балалардың логикалық ойлау, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін, зейінін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Балалардың сөздік қорын дамыту, қызығушылығын арттыру. Топтағы 10 түрлі ойыншықтар. 18 Өз жұбыңды тап Сандар туралы білімдерін бекіту, белгі бойынша қимылдар жасауға үйрету,сандық белгілерді танып, таба білуге жаттықтыру. Балалардың санына қарай екі-екеуден сандар. 19 Жазылмай қалған сандарды ата Балалардың сандардың реті туралы білімдерін бекіту. Ойын ойнау арқылы байқағыштыққа, тез орналастыруға баулу. Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылығын арттыру. 15 дана қорапшадағы сандар. 20 «Автобус» Сандық карточкаларды пайдаланып, затарды саны бойынша топтастыруға, салыстыруға, ажыратуға үйрету. Санның құрамын пысықтау. Математикалық білімдерін, икемділіктері мен дағдыларын бекіту. Балалардың логикалық ойлау, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін, зейінін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Автобус макеті, сандық белгілер, карточкалар, билеттер . 21 «Санға қарай жүгір» Сандар туралы білімдерін бекіту, белгі бойынша қимылдар жасауға үйрету,сандық белгілерді танып, таба білуге жаттықтыру,кеңістікті бағдарлауға,байқағыштыққа баулу. Бөлменің әр жерінде орналасқан сандық карточкалар 22 Санның портретін тап Заттарды санай білуді, цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету. Балалардың зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын, көзбен мөлшерлеуін, тапқырлығын дамыту. фланеграф, сандық баспалдақ, суретті жиынтық, ойыншықтар, сандық карточкалар
  6. 6. 23 «Сиқырлы жіптер» Сандар туралы білімдерін бекіту, сандарды ажырата білуге үйрету. 1-10-ға дейінгі сандар таңбасын тануды, таңбаларын салып безендіруді үйрету.Шығармашылық қиялын, ұсақ қол моторикасын дамыту. Түрлі –түсті қағаздар 15x20 см, жүн жіптер ұзындығы 25— 30 см. 24 Математикалық балық аулау. Балалардың сандар туралы, сандар құрамы туралы түсініктерін бекіту, ептілікке, жарыса білуге үйрету. Дөңгелек пішінді пластик ыдыстан жасалған аквариум, магнитті қармақ, магнитті сандар жиынтығы. 25 «Телефон» 1-10-ға дейін ретті санауға үйрету, Балалардың сандардың реті туралы білімдерін бекіту,көрші сандарды таба білуге жаттықтыру. Ойын ойнау арқылы байқағыштыққа, тез орналастыруға баулу, балалардың зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын, көзбен мөлшерлеуін, тапқырлығын дамыту. Картоннан жасалған телефон аппараты. Дөңгелек пішінде орналасқан цифрлар 26 «Тірі цифрлар» Сандардың сандық қатардағы орнын анықтауға жаттықтыру. Санның алдыңғы және артқы санын анықтауды, Сандарды бірнеше санға арттыруға немесе кеміту арқылы есептер шығаруға үйрету. цифрлар карточкасы, цифрлар эмблемасы. 27 «Лифт» 10-ға дейін тура және кері санауға, пішіндерді , түстерді танып, атай білуге үйрету.Жоғары, төмен, ұғымдарын бекіту,реттік санауды (бірінші, екінші) үйрету. сандық таңбалар,пішіндер, кемпірқосақ суреті. 28 « Санағыш доп» Балаларды 1-10 дейін санай білуге, цифрларын тануға, кеңістікті бағдарлауға үйрету,қимыл –қозғалыстарын жетілдіру, байқағыштығын, көзбен мөлшерлеуін, тапқырлығын дамыту. сандық карточкалар, ойыншық доп. 29 «Сыйлық шарлар» Сандар мен олардың құрамы туралы білім беру. Ойын ойнау арқылы шапшандыққа, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту. Балалардың логикалық ойлауын, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін, зейінін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Қуыршақтар, түрлі-түсті шарлар.
  7. 7. «Ойла, сана, есепте» ойыны Мақсаты: 1-10-ға дейін санай білуге, есептеуге үйрету Сандар мен олардың құрамы туралы білім беру.Балалардың санау және есептеу дағдыларын қалыптастыру.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын арттыру. Берілген тапсырманы дұрыс орындай білуге жаттықтыру. Барысы: Балаларға фетр матадан тігілген папка ұсынылады. 2-ден 4 балаға дейін ойнайды.Тақта ретінде де пайдалануға болады.Балалалар сандарды ретімен орналастырады. 1-10 ға дейінгі сандарды пайдаланып есептер шығарады. Сандардың артық, кем екенін табады.Санағышты пайдалануды үйренеді. Кім жылдам есептейді? Мақсаты: балалардың логикалық ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамыту, өтілген материалдарды бекіту.10 көлеміндегі заттарды танып, санай білуге, санмен белгілеуге, сандардың ретін, көрші сандарын таба білуге , есептеуге,аталған сан арасындағы санды атай білуге үйрету. Барысы: Берілген есепті сандарды қосу немесе азайту арқылы сәйкес санды белгілейді.Жауап дұрыс болса шам жанады . Қажетті құрал-жабдықтар:қорапша, болттар, пластмасса таяқша, сандар .батарейка 4,5 в, лампочка. Барысы:Бұл ойынды тапсырмаларды өзгерте отырып пайдалануға болады. 1 тапсырма:берілген сандардың көршілерін табады. Сәйкес санға таяқшаны тигізу керек, дұрыс болса шам жанады. 2 тапсырма «Шешімін тап» Мақсаты: Сандарды тани білуге үйрету. Берілген тапсырманы дұрыс орындай білуге жаттықтыру.
  8. 8. «Балықшылар» Мақсаты: Балалардың санау және есептеу дағдыларын қалыптастыру.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын арттыру. 10 көлеміндегі заттарды танып, санай білуге, есептеуге үйрету. Көрнекілік: Балық бейнесіндегі сандық карточкалар, сандар бейнеленген шелектер, магнит қармақ. Барысы: Балалар магнит қармақты алып балық аулап алады. Аулаған балығындағы сандарды қосу немесе азайту арқылы есептеп, сәйкес саны бар шелекке салады. Есепті дұрыс шешкен балалар жеңімпаз болады. «Пойыз» Мақсаты: 5 саны көлеміндегі сандарды пысықтау.Цифрды заттың санымен сәйкестендіруге , реттік санауды «қанша?», «нешінші?» деген сұрақтарға жауап беруге үйрету. Көрнекіліктер: Фетр матадан тігілген пойыз бейнесі, «Зоопарк» тақырыбындағы бейнелер. Ысқырық. Барысы: Балалар пойыз вагонын санап шығады.»Қанша вагон бар» Реттік номерлерін анықтайды.Зоопаркке барып, аңдарды алып, номерлеріне қарай отырып,сәйкес вагондарға отырғызады.Қанша аң бар, нешіншіболып орналасқан деген сұрақтарға жауап береді.Дұрыс отырғызса тәрбиеші ысқырықпен белгі беріп, пойыз жолға шығады.
  9. 9. «Математикалық алаң» Мақсаты: Балаларды суреттегі заттарды санап, сәйкес сандармен белгілеуді, шеңбер ішінде орналасқан пішіндерді салыстыруды үйрету.5-ке дейінгі сандарды санау дағдыларын, пішіндерді ажыратуды, кеңістікті бағдарлауды бекіту, ұсақ қол моторикасын дамыту. Көрнекілігі: Картон қағаздан жасалған дөңгелек алаң. Геометриялық пішіндер, сандар. Барысы: Картон қағаздан дөңгелек алаң жасалады. Балаларға дөңгелек алаңда орналасқан пішіндерді санап, соған сәйкес сандарды орналастыру ұсынылады. «Ертегіні ретімен орналастыр» Мақсаты: 1- 10–ға дейін санауды бекіту. «Нешінші?» ұғымын қалыптастыру. Балалардың суреттерді салыстыру, оң жақ, сол жақ сияқты түсініктерін дамыту. Ойын арқылы шапшандыққа, тез ойлауға баулу. Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін жетілдіру.Ертегіні әңгімелеуге үйрету. Көрнекілік: Тақтайша ,сандар («Мақта қыз » ертегісі бойынша) Барысы: Ертегі кейіпкерлерінің аттарын атап , қанша кейіпкер бар екенін, санын анықтайды. Қораптан керекті санды алып , ертегі кейіпкерлерінің қасына қойып, сандармен ретін анықтайды. «Мақта қыз» ертегісі бойынша қыз бен мысық бірінші, сиыр екінші, ағаш үшінші, т.б.Ертегіні сандар ретімен әңгімелейді. Басқа ертегіге де пайдалануға болады.
  10. 10. «Математикалық әткеншек» Мақсаты: Балалардың сандардың реті туралы білімдерін, 10–ға дейін санауды, заттың саны мен сандық белгіні сәйкестендіруді бекіту. Ойын ойнау арқылы байқағыштыққа, тез орналастыруға баулу. Ептілікке, байқағыштыққа баулу. Көрнекіліктер: Әткенщек бейнесіндегі 50х60 кілемше, 1-10 көлеміндегі сандық белгілер. Барысы: Балалар кілемше жанына отырып, әткеншектің отырғыштарындағы нүктелерді санап, соған сәйкес отырғыштарды санмен белгілейді. «Жұлдызқұрт» ойыны Мақсаты: 1-10-ға дейін тура және кері санауға, сандар қатарын білуге үйрету. 10–ға дейін санауды бекіту,ұсақ қол моторикасын,ойын ойнау арқылы шапшандыққа, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту. Көрнекілігі: Жұлдызқұрт бейнесіндегі сандар. Бау жіптер. Барысы: Балаларға жұлдызқұрт бейнесіндегі сандар тізбегі ұсынылады. Балалар сандарды ретімен орналастыру арқылы жұлдызқұртты тізіп шығады. Тізіп болған соң , ретімен тура және кері санайды.
  11. 11. Математикалық калейдоскоп» Мақсаты: Балалардың сандардың реті туралы білімдерін, 10–ға дейін санауды бекіту. Ойын ойнау арқылы байқағыштыққа, тез орналастыруға баулу. Ептілікке, байқағыштыққа баулу. Көрнекілік: 10 дана суретті сандар. Машина, қуыршақ, піл, қонжық. Барысы: Тәрбиеші балаларға қиылған суреттер таратып береді. Суреттер сандар ретімен белгіленеді. Егер сандарды ретімен орналастырса , белгілі суреттер шығады. Ал егер сандар қатарындағы санды дұрыс орналастырмаса , сурет дұрыс шықпайды. «Сандарды көңілді пішіндерге айналдырыңдар» Мақсаты: 1-10-ға дейінгі сандар таңбасын тануды, таңбаларын салып безендіруді үйрету.Шығармашылықтарын, қиялын, ұсақ қол моторикасын дамыту. Көрнекілігі: Түрлі-түсті қағаздар, сандар таңбалары, фломастер, қайшы, мултьфильм кейіпкерлері. Барысы: Балаларға түрлі-түсті 1-10-ға дейінгі сандар беріледі. Балалар сандарды санап, ретімен орналастырып, ішінен ұнаған санды алып, оларды өз ойларымен, қиялымен түрлі аңдарға, мултьфильм кейіпкерлеріне ұқсатып бейнелейді.
  12. 12. «Сандарды жасау» Мақсаты: Сандар мен олардың құрамы туралы білімдерін бекіту, сандық таңбаларын ажырата білуге,ойын ойнау арқылы шапшандыққа, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын, ұсақ қол моторикасын дамыту. Көрнекі құралдар: санағыштар, ермексаз, текшелер, мозайкалар, маталар, газеттер,геометриялық пішіндер. Барысы: Балаларға 1-10-ға дейін тура және кері санатып, сандардың таңбаларын өз қалаулары бойынша ермексаздан мүсіндеп немесе қағаздан, газеттерден, маталардан қиып ,жапсырып , санағыштан, мозайкадан құрастырып жасау тапсырылады. Тез, әрі дұрыс жасаған балалар сыйлық алады. «Жәндікте неше аяқ бар?» Мақсаты: Балалардың санау және есептеу дағдыларын қалыптастыру. Жәндіктер туралы түсініктерін жаңарту. Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын арттыру. Көрнекілік: Ойыншық жәндіктер. Барысы: Тәрбиеші балаларға бірнеше суреттер таратып береді. Бұл суреттерде әртүрлі жәндіктер суреттеледі. Балалардың міндеті осы суреттегі жәндіктердің қанша аяғы бар екенін анықтау. Ол үшін суреттердегі жәндіктердің аяқтарын санап сол суреттің астына кеспе цифрлар арқылы белгілеп отырады да соңынан ең аяғы көп жәндіктің суретін салу ұсынылады.
  13. 13. Тақырыбы: «Зейінді бол» Мақсаты: Айналадағы заттардың сұлбасынан геометриялық фигураларды таба білуге,күрделі геометриялық суреттен үшбұрышты, төртбұрышты, шеңберді көрсете білуге үйрету. Көрнекілік: Геометриялық пішіндер кескінделген суреттер /5–сурет/. Барысы: Тәрбиеші көрсеткіш таяқшамен бірінші /екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы/ суретті нұсқап, балаларға мынадай сұрақ қояды: Суреттен қандай таныс пішінді көресіңдер? Әрбір суретте өзара ұқсас неше пішін бар? Есептеу кезінде аз қателескен қатар ұтып шығады. «Көкөністер мен жемістер дүкені» Мақсаты: Заттарды санына қарай салыстыра білуге, сан мен заттың саны арасындағы сәйкестіктікті табуға үйрету.Заттарды санына қарай топтастыруға жаттықтыру. Балалардың логикалық ойлау, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін, зейінін, қолдың ұсақ қол моторикасын дамыту. Көрнекілігі: қолдан жасалған көкөністер мен жемістердің муляждары, дүкенге арналған сөрелер. Барысы: Балалар көкөністер мен жемістерді санап, ажыратып, санына қарай орналастырады, салыстырады, топтастырады.Сәйкес сандарды тауып, орналастырады.
  14. 14. «Фотосалон» Мақсаты: 10-ға дейін санауға,сандар қатарын білуге, сандарды әр түрлі заттармен сала білуге үйрету. Зейінділікке, байқағыштыққа, шығармашылыққа баулу. Көрнекіліктер: сандар бейнеленген карточкалар; үлестірмелі материалдар: фишкілер жиынтығы (түймелер немесе ұсақ ойыншықтар) 10x15 немесе 15x20 см көлемдегі карточкалар. Барысы: Тәрбиеші балаларға фотограф болуды ,өздеріне фотосалонға келген сандарды суретке түсіріп, суреттерін шығару тапсырылады.Ол үшін алдарыңдағы ұсақ фишкілерден немесе ойыншықтардан сандардың суреттерін салады.Тез әрі әдемі түсірілген сандар бейнесіне сыйлыққа фишкілер беріледі немесе «Қаланың үздік фотогрофы» атағы беріледі. «Заттарды нөмірлеңдер» Мақсаты: 1-10-ға дейін ретті санауға үйрету, білімдерін бекіту. Балалардың сандардың реті туралы білімдерін бекіту. Ойын ойнау арқылы байқағыштыққа, тез орналастыруға баулу. Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылығын арттыру. Көрнекілігі: ойыншықтар, 10-ға дейінгі сандар. Барысы: Балаларға 10 шақты ойыншықтар беріледі. Балалар сандарды тауып ретімен жапсырады. Жоқ сандарды өздері жазып, ойыншықтарға жапсырады. 1 2 43
  15. 15. «Нешінші?» Мақсаты: «Нешінші?» ұғымын қалыптастыру. Заттарды түсі, өлшемі, пішіні бойынша топтастыруға, салыстыруға, ажыратуға үйрету. Балалардың логикалық ойлау, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін, зейінін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Көрнекілік: Топтағы 10 түрлі ойыншықтар. Барысы: Тақтаға 10 түрлі ойыншықтар суреті ілінеді. Ортаға бір бала шығып, қатардан бір ойыншықты алады. Балалар қатардан нешінші затты алғандығын алақандарын шапалақтау арқылы көрсетеді. Ойыншықтың атын атау керек. Ойын барысында «нешінші?» деген ұғымды қалыптастыру. Балалардың сөздік қорын дамыту, қызығушылығын арттыру. «Өз жұбыңды тап» Мақсаты: Сандар туралы білімдерін бекіту, белгі бойынша қимылдар жасауға үйрету,сандық белгілерді танып, таба білуге жаттықтыру. Көрнекіліктер: Балалардың санына қарай екі- екеуден сандар. Барысы: Балаларға 1-ден 10-ға дейінгі сандар екі-екеуден таратылады. Қолдарындағы сандарды айтып шығады.Балаларға «Өз жұптарыңды табыңдар» деп белгі берілгенде өздеріндегі бар санға сәйкес санды тауып, бірігеді.
  16. 16. «Жазылмай қалған сандарды ата» Мақсаты: Балалардың сандардың реті туралы білімдерін бекіту. Ойын ойнау арқылы байқағыштыққа, тез орналастыруға баулу. Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылығын арттыру. Көрнекілік: 15 дана сіріңке қорабындағы сандар. Барысы: Тәрбиеші балаларға текшелер таратып береді. Ол текшелерде сандар жазылады, сандар ретімен толық жазылмайды. Мысалы: 1 3 6 8 9. Балалардың міндеті сол қолдарындағы текшелерден жазылмай қалған санды анықтап атау. Егер сандар ретін анық атап шықса, жұлдыздармен марапатталады. Ал егер сандар қатарындағы жоқ санды таба алмаса, текшедегі бар сандардың құрамын анықтайды. «Автобус» Мақсаты: Сандық карточкаларды пайдаланып, затарды саны бойынша топтастыруға, салыстыруға, ажыратуға үйрету. Санның құрамын пысықтау. Математикалық білімдерін, икемділіктері мен дағдыларын бекіту. Балалардың логикалық ойлау, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін, зейінін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Көрнекіліктер: Автобус макеті, сандық белгілер,карточкалар, билеттер. Барысы: Автобус макеті жасалады. Екі бала бақылаушылар болып, бетіне «10»цифры жазылған үлкен карточканы ұстап тұрады. «Автобусқа» сандық карточкаларында бейнеленген дөңгелектердің қосындысы 10 болатын балалар ғана жұптасып отырады.Ойын басталды дегеннен кейін әрбір бала өз сыңарын іздеп табуға тырысады /5 және 5, 3 және 7,9және 1, 4 және 6 /. Жұптар бірінен соң бірі сапқа тұрады, «автобусқа» кіреді, өздерінің сандық карточкаларын көрсетеді, ал «бақылаушылар» жұптардың дұрыс таңдалуын тексереді.
  17. 17. «Санға қарай жүгір» Мақсаты: Сандар туралы білімдерін бекіту, белгі бойынша қимылдар жасауға үйрету,сандық белгілерді танып, таба білуге жаттықтыру,кеңістікті бағдарлауға,байқағыштыққа баулу. Көрнекілігі: Бөлменің әр жерінде орналасқан сандық карточкалар. Барысы:Бастаушы бір санды айтады. Балалар бөлменің әр жерінде орналасқан сандарды тауып, жүгіріп барып алады.Қателескен балалар ойыннан шыға тұрады.Жеңімпаз анықталғанша ойын жалғаса береді. Санның портретін тап Мақсаты:Заттарды санай білуді, цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету. Балалардың зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын, көзбен мөлшерлеуін, тапқырлығын дамыту. Көрнекілігі: фланеграф, сандық баспалдақ, суретті жиынтық, ойыншықтар, сандық карточкалар. Барысы:Балалардың алдына суретті карточкалар қойылады. Ойынға шыққан бала теріс қарап тұрады. Тәрбиеші балаларға бір санды көрсетеді. Балалалар сол санға сәйкес суреттер салынған карточканы көтереді. Ойынға шыққан бала карточкадағы суреттерді санап, сәйкес санды тауып, көтереді.Балалардан «дұрыс па?» деп сұрайды.Жауабы дұрыс болса фишка алады.
  18. 18. «Сиқырлы жіптер» Мақсаты: Сандар туралы білімдерін бекіту, сандарды ажырата білуге үйрету. 1-10-ға дейінгі сандар таңбасын тануды, таңбаларын салып безендіруді үйрету.Шығармашылық қиялын, ұсақ қол моторикасын дамыту. Көрнекілігі: Түрлі –түсті қағаздар 15x20 см, жүн жіптер ұзындығы 25—30 см. Барысы: Балалар стол жанында отырады.Тәрбиеші әр түрлі жолмен санағышпен, фланелеграфта, суреттермен, ойыншықтар көмегімен 1-10-ға дейінгі сандарды көрсетеді. Балалар қалаған цифрларын түрлі –түсті жіппен бейнелеп, салады.Сандар туралы жұмбақтар жасырып, дұрыс жасалған жұмысқа фишкілер алады. Математикалық балық аулау Мақсаты:Балалардың сандар туралы, сандар құрамы түсініктерін бекіту, ептілікке, жарыса білуге үйрету. Қажетті құрал-жабдықтар: Дөңгелек пішінді пластик ыдыстан жасалған аквариум, магнитті қармақ, магнитті сандар жиынтығы. Барысы:Дөңгелек пішінді пластик ыдыстан аквариум жасап, түбіне бақалшақтар, тастар салып, безендіріп, магнитті қармақ жасап, магниті бар сандарды аулайды. Қандай сан қармаққа түскенін, ол сан қай саннан артық немесе кем екенін табады.
  19. 19. «Телефон» Мақсаты: 1-10-ға дейін ретті санауға үйрету, Балалардың сандардың реті туралы білімдерін бекіту,көрші сандарды таба білуге жаттықтыру. Ойын ойнау арқылы байқағыштыққа, тез орналастыруға баулу, балалардың зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын, көзбен мөлшерлеуін, тапқырлығын дамыту. Көрнекілігі: Картоннан жасалған телефон аппараты. Дөңгелек пішінде орналасқан цифрлар Барысы: Балалардан телефон аппаратының неге қажет екенін, арнайы қызметке арналған телефон номерлерін (01,02, 03 т.б) қалай теретіндерін сұрайды. Балалар әуелі телефондағы ойықшаларға дөңгелек пішіндегі цифрларды ретімен орналастырады. Содан соң арнайы қызметке арналған телефон номерлерін (01,02, 03 т.б ) ,үй номерлерін тереді. Тірі цифрлар Мақсаты: Сандардың сандық қатардағы орнын анықтауға жаттықтыру. Санның алдыңғы және артқы санын анықтауды, Сандарды бірнеше санға арттыру немесе кеміту арқылы есептер шығаруға бекіту. Көрнекілігі: цифрлар карточкасы, цифрлар эмблемасы. Барысы: Барлық балаларға цифрлар таңбасы салынған эмблема ілінеді. Балаларға сандардың өсу ретімен орналасуға тапсырма беріледі. Тәрбиеші фланелеграфтан бір санды көрсетеді, сол санға сәйкес эмбламасы бар бала шығады.Алдындағы және артындағы ,көрші сандарын атайды.Бір санға арттырғанда қандай сан болатыныны, бір санға кеміткенде қандай санға айналатынынын айтады.
  20. 20. «Лифт» Мақсаты: 10-ға дейін тура және кері санауға, пішіндерді , түстерді танып, атай білуге үйрету.Жоғары, төмен, ұғымдарын бекіту,реттік санауды (бірінші, екінші) үйрету. Көрнекілігі: сандық таңбалар,пішіндер, кемпірқосақ суреті. Барысы: Балаларға лифтінің не екенін түсіндіреді. Көп қабатты үйде тұратын тұрғындарға көмек қажет екенін, оларды өз қабаттарына орналастыруды,ол үшін көп қабатты үйді ретімен номерлеу қажеттігін түсіндіреді.Балалар қабаттарды номерлеп, тұрғындарды орналастырады. Лифтіні жоғары ,төмен қозғап, қай қабатқа барғанын , көп қабатты үйде қанша тұрғын тұратынын айтады. « Санағыш доп» Мақсаты: Балаларды 1-10 дейін санай білуге, цифрларын тануға, кеңістікті бағдарлауға үйрету,қимыл –қозғалыстарын жетілдіру, байқағыштығын, көзбен мөлшерлеуін, тапқырлығын дамыту. Көрнекілігі: сандық карточкалар, ойыншық доп. Барысы: ойнаушы балаларға сандық карточкалар беріледі. Ортаға ойнаушы бала шығып, балаларды көздеп допты лақтырады, доп тиген баланы қасына алып келіп, қай сан екенін, көршісі қай сан екенін айтады. Ортаға басқа бала шығып ойынды жалғастырады.
  21. 21. «Сыйлық шарлар» Мақсаты: Сандар мен олардың құрамы туралы білім беру. Ойын ойнау арқылы шапшандыққа, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту. Балалардың логикалық ойлауын, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін, зейінін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Көрнекілік: Қуыршақтар, түрлі-түсті шарлар. Барысы: Қуыршақтың сыйлық шарлары таратылып беріледі. Балалар ол шарларды үрлеп, қандай түсті екенін және қанша шар үрлегендерін айтады. Қызыл шарлары бар басқа балаларға қосып, қанша қызыл шар болғанын айтады. Қандай шар көп, қандай түсті шар аз екенін табады. Үрленетін шарлардың түстері үш түрден аспауы керек. Шарларын ұшырып ойнайды. «Сан және цифрлар» Мақсаты: 1-10-ға дейін тура және кері санауға, сандар қатарын білуге үйрету. 10–ға дейін санауды бекіту.Сан мен заттың сан арасындағы сәйкестікті таба білуге ,сәйкестендіруге жаттықтыру. Көрнекілік: 1-10 дейінгі суретті карточкалар Барысы:Тәрбиеші әр балаға 1-10 ға дейінгі цифрлар жиынтығын береді,Балаларға саны жағынан әртүрлі затттардың суреті бар карточкаларды кезекпен көрсетеді.Балалар тиісті цифр жазылған карточканы көрсетуі тиіс.
  • ssuser51bfa1

    Oct. 17, 2017

презентация

Views

Total views

727

On Slideshare

0

From embeds

0

Number of embeds

87

Actions

Downloads

3

Shares

0

Comments

0

Likes

1

×