SlideShare a Scribd company logo
1 of 11
Сабақтың тақырыбы:"Құраққұрай білу де өнер"
Сабақтың мақсаты:Құрақ туралы оқушылардыңтүсінігін арттыру. Қазақ
қолөнеріндегі құрақтың шығу тарихына тоқталу. Тұтыну заттарынданемесе
бұйымдарында қалай пайдалану керектігін үйрету.
Құрақ түрлерін, тігуді меңгерту.
Білімділік: Мата қиындыларынантүрлі құрақтар тігіп үйрену. Құрақ
қиындыларынәзірлеуді мата түстерін таңдай білуді, дайын үлгіні
пайдаланып қиюды, дұрыс біріктіріп үйрену.
Дамытушылық: Оқушылардыңұлттық бұйымғақызығушылығынарттыру,
эскиздіматаға сыздыру, эскиз бойыншаматаны қию, құрақ қиындыларын
біріктіру, құраққұрауға деген ептілік, икемділігін дамыту.
Тәрбиелік: Халқының өнерін, салт-дәстүрін бағалай білуге,
ұқыптылыққа,төзімділікке, шыдамдылыққа, үнемділікке, төзімділік пен
сабырлылыққа, тазалық пен әсемдікке баулу. Құрақ құрау өнеріарқылы
эстетикалық, ойлау қабілеті терең дамыған, жан дүниесін бай, ой-өрісі кең
тұлға тәрбилеу.
Сабақтың түрі: ізденіс-шығармашылық
Сабақтың формасы: практикалық дағдыны қалыптастыру
Сабақтың көрнекілігі:Қажетті құрал-жабдықтар : интерактивті тақта,
құрал-жабдықтар, ине, жіп, қайшы, дайын үлгі, сызғыштар, мата
қиындылары, құрақтанжасалған бұйымдар түрлері.
Пәнаралық байланыс:Қазақстан тарихы, геометрия, сызу, бейнелеу,
математика, эканомика .
Сабақтың оқытуәдісі: Іздену, түсіндіру, сұрақ-жауап, интерактивті
тақтамен жұмыс, көрнекі арқылы көрсету, сарамандық жұмыс.
І. Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу
ә) Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.
б) Сабаққа дайындығынтексеру, құралдарынтолықтыру.
в) Қауіпсіздік ережелерін сақтау.
г) Бағалау бетшесін таныстыру.
Сабақтың басталуы:
Тренинг жүргізу: «Тәрбиебастауы» тренингтің жүргізілу шарты оқушылар
қол ұстасыптұрыпбір-біріне сәттілік тілей отыра,атынатап, адам
бойындағы қасиеттердіайтады. Мысалы. Әсем ұқыпты бол, ..... .
Тренингті ұстаз бастайды, соңығы оқушы ұстазғасәттілік тілейді.
Сабақтың жүрісі. Дәтерді ашып сабақтың тақырыбынжазу.
Тақтадағы сабақ жоспарымен таныстыру.
ІІ. Үйге берілген тапсырманытексеру.
Мұғалімнің кіріспеәңгімесіненбасталады.
Құрақ құрау бұл аса шеберлікті, шыдамдылықты қажет ететін қолөнер түрі.
Біздің қазақ тілінде құрақ сөзінің екі мағынасы бар. Біріншісі, көлдің
жағасындаөсетін өсімдікті құрақ десе, екіншіден, мата қиындысынан
жасалатын бұйымды құрақдейміз. Біздің бүгін айтқалы отырғанқұрағымыз
көл жағасында өсетін шөп, өсімдік емес, мата қиындысынанқұралып
жасалатын көрпе-көпшік ретінде пайдаланатын құрақ. Құрақ дегеніміз
шығынсыз өнім жасаудың бір түрі. Негізінен құрақтың 200 - ден аса түрі бар.
Халықтың ұлт екенінайыратын3 негізгі арнасыбар:
- тіл өнері
- саз өнері
- қолөнері
Халқымыздыңқолөнері деп халық тұрмысындажиі қолданылатын
өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастырусияқты шығармашылық жиынтығын
айтамыз.
Абай атамыз айтқан бес дұшпанның бірі – ысырапболса, өнердің бұл
саласы солысырапшылыққажол бермейді.
Құрақ көрпешелердің әрбір бөлшегі геометриялықфигуралардан тұрады.
Шаршы, алтыбұрыш, трапеция,тең бүйірлі үшбұрыш, пирамида, ромб,
тіктөртбұрыш, параллелограмм.
Құрақтың атаулары әр түрлі:
а) қазақ тілінде құрақ құрау өнері – құрақ.
б) орыс тілінде құрақ құру өнері «лоскутноешитье» немесе «мозаика».
в) жапон тілінде құрақ құрау өнері «сашико».
г) ағылшын тілінде құрақ құрау өнері «печворг»және «квилт»- деп атайды.
Құраққа қойылатынталап біреу – ол мата бөлшектерінің симметриялы
болуы және түстерінің үйлесімді орналасуы.
Түс шеңберінде түстер екі топқа бөлінеді: жылы және суық. Түс шеңберінде
бір-біріне қарсы тұрғантүстердіқарама-қарсы түстер дейді. Олар қызыл-
жасыл, сары-күлгін, көк-қоңыр т.б.
Құрақтыңтүрлерітөрт топқабөлінеді:
1.Табиғат. 2. Жануарларға. 3. Геометриялық. 4. Аспан әлемі.
Сендергеүйге құрақ құрау өнерітуралы ізденіс жұмысы тапсырылған.
Ендеше, кім нені біліп келгенініне ой бөлісейік.
1.Құрақ-дегеніміз не, құрақтың мағынасын түсіндір?
Слайд №5. Құрақ құрау, ұлттық қол өнерінің бір түрі. Ертеде қазақ
даласында қымбат маталар тапшы болғандықтан, киім-кешек тігушілер
қалған маталардың қиықтарынбір кәдеге жаратуға тырысып, оларданәртүрлі
бұйымдар жасаған. Сөйтіп, құраққұрау өнері дүниеге келген.
Бұл қолөнердің негізі әртүрлі символдарменде байланысты. Мәселен,
үшбұрышқұрағыныңмәні әлемдегі үш дүниені ұштастыру екен, яғни
үшбұрыш– су, жер, ауа – үш ғаламның белгісі. Бұл құрақтыңмағынасы –
ғаламдық тепе-теңдік пен тұтастық. Бал арасыныңұясы негізінде «Алты
табақ» құрағы пайда болған. Мағынасы, тәттілік пен молшылықты білдіреді.
Соныменқатар құрақ өнері арқылы жануар, құс бейнелерін де мата бетіне
салуға болады екен. Баяғы Сақ заманынан бастап, өмір құбылыстарын
қолөнер арқылы көрсетуге машықтанған көшпелілердің қолөнер дәстүрінің
нысандықмәні бар. Сол кездегі «жұп», «су» секілді мағыналы ою-өрнектер
күні бүгінге дейін өз мән-мағынасынжоғалтпады.
2. Слайд № 6,7. «Құрақ көрпе – отбасындағы береке-бірліктің белгісі»-
деп әжем айтты.
Бұрындары қазақтың ісмер қыз-келіншектері мата қиындыларынанкөрпе-
көпшікке көздің жауын алардай құрамыс тыс тігуші еді. Әдетте көрпе-
көпшіктің қырыққұрақ тысындасан алуан сәнді түс керемет үйлесім тауып,
көз қуантады.
Қазір ине ұстап, қазақтың ұлттық киімін тігіп, ою-өрнегін ойып,
жоғалып бара жатқан мәдени мұрасынқайта жаңғыртыпжүргеншеберлер
саусақпен санарлыққана.
«Шеше көрген тон пішер» дегендей әсіресе, қыздарға«Іс тіге білу баға
үшін емес, өмірлеріңізге керек» деп отырады. Киіз басып, ою ойып, құрақ
құрап, алаша тоқығанбұл кісілер бүгінде өмірден озған. Бірақ, өздеріжоқ
болсада, ұрпақтарынақалдырған бұйымдарыкөп. Сірә, «Өнер өлмейді»
деген осы болса керек.
3.Ал құраққа қандайматаларқолданылады?
Слайд №8. Құраққа мынадай маталарды қолдануға болады: Қамқа –
алтындатқан немесе күмістеткен зерделі жіптен тоқылған жібек мата. Қатипа
– жол-жолы бар, жұқа жібек мата. Барқыт, шыт. Торқа – ең қымбат жібек
мата. Батсайы – қалың жібек кездеме. Торғын – қымбат бағалы жібек
матаның бір түрі. Мақпал – тығыз тоқылған, жұмсақ, түкті барқыттың бір
түрі. Қыжым – сапалы жүнен тоқылған түкті мата, плюш. Пай – жібек мата.
Парша – алтын мен күмісті араластыра отырыптығыз тоқылғанжылтырақ
жібек мата және сол матадан тігілген қымбат бағалы киім. Қазине – жібектен
қалыңды – жұқалы етіп тоқитын мата. Шағи – жұқа келген жұмсақ және таза
мата. Ләңке – сырткиімдік матаның бір түрі. Насар – жібек кездеме. Ұштап –
ақ түсті тығыз мата. Шыт – арзанқол жұқа мата. Сәрпөңке – астарлық жібек
мата. Бояқ – кездеменің боялғантүрі. Борлат– қызыл түсті жұқа мата. Тібен
– түрлі-түсті қалың мата.
4. Құрақтың қандай түрлерібар?
Слайд №8.Түрлітүсті мата қиындыларынанқұрақ құрау жұмысы – нәзік
сезімді, түсті аңғарғыш, эстетикалық талғамы еркектерден жоғары тұратын
әйелдердің еншісіндегі іс болған. Ел арасындақұраққа қатысты бірсыпыра
атаулар қолданылады:құрақтың суы – құрақтардыңарасынажүргізілетін бір
түсті жолақтар, құрақтыңкөзі – құрақтардыңортасынабасқа түстен тігілетін
өрнек, яғни басқа құрақ соныңайналасына тігіледі, кекілік қас – ақ және қара
маталардың қиындыларынанкекіліктің қасына ұқсатыптігілген құрақ,
қайшы құрақ – кекілік қас құрағыныңнегізінде тігіліп, көздігінің жанына
қайшы пішініндегі кішкене құрақтың ұластырылғантүрі, таңлай құрақ – адам
таңдайының пішініндегі өте майда құрақтар, жұлдыз құрақ – таңдай пішінді
құрақтан құралып, көздерітең үшбұрышты түстібарқытпен көмкерілген түрі,
тырнақ қатар – тырнаққа ұқсаған үшбұрышты құрақшалардан құралған түрі,
т.б
5.Құрақтың жасалужолы қандай?
Слайд №9. Матаны құрау үшін ең бірінші, қандай құрақ құрайсың, сол
құрақтың сызбасынқағаз бетіне түсіріп аламыз. Екінші, матаның түр-түсінің
үйлесімділігін анықтау үшін оны түс таңдай отырып, бояпаламыз. Осыдан
кейін геометриялықпішінде үлгі қағаз даярлап аламыз да, сол қағазды үлгі
етіп, пайдалану арқылы, матаны қағаз мөлшерімен қиып аламыз. Қиылған
матаны сызбаүлгіге қарап белгіленген өрнек бойынша рет-ретімен, әуелі
ортаңғы бөлік, соданкейін шеткі бөліктерді тігеміз. Міне, осындайжұмыстар
жүргізу арқылы құраққұрау технологиясынмеңгереміз.
6. Құрақ құрау екі мақсатты көздейді.
Слайд № 9. Пішілген қиымды маталарда іске асыру:
2. Құрақ жастық, құрақ көрпеше тігіп, үйдің сәнін кіргізу.
Құрақ бірнеше түрге бөлінеді:
Шатыр құрақ.
Бота көз құрақ.
Тырна құрақ.
Қарсы құрақ.
Саты құрақ.
Ши құрақ
Қайшы құрақ.
Махмат құрақ.
Жұлдыз құрақ.
Оюлы құрақ.
7. Құрақ құрауүшін алдымен не істеуіміз керек?
Құраққұрау үшін ең алдымен, қажетті материалдар таңдап алынып, олар
түрі, түсі, матасына қарай сұрыпталады. Яғни, маталардыңбарқыт,
жібек,сиса, сәтен кесінділері жеке-жеке бөліп алынады.Соданкейін ісмер
әйел не бірыңғай барқыттан, немесе бірыңғай жібектен құрақ құрауға
кіріседі. Бұл істі бастамас бұрынәрбір түстін бір-біріне сәйкес келуіне, бірін-
бірі ашып тұруынаайрықша көніл бөлінеді. Құраққұрау, қалдық қалдырмау.
8. Құрақ тұралы қандай ырым тиымдарбілесіңдер?
Салт дастүр ретінде, құрақ құрап, қыз жасауына міндетті түде қосады, ол
жас отбасыныңжеке отбасы деген мғынаны білдіреді. Қашанда әдемілік пен
сұлулыққа құштар ата-бабамыз ұзатылған қыздыңартынан жасау апарғанда
махаббат нышаны ретінде «Аққу құрақ» көрпесін апарған.
Қонағын төргешығаратын халқымыз құрақ көрпесін төрге төсеген. Ол
– сыйластықтыңбелгісі. Дүниедегіәрбір зат майда бөлшектерден құралады.
Сол секілді әр үйдеқұрақтан жасалған бұйымныңболуы отбасыныңберекесі
мен ынтымағынқұрайды. Тіпті біздің әжелеріміз ерте кезде балалары өліп
тоқтамаған отбасылардыңүйін «тіл-көзден аман болсын» деп ырымдап,
«қырыққұрақ» құрап, баласын соғанораған екен.
Мұғалім сөзі.
“Әр үйде құрақтан жасалған бұйымныңболуы отбасыныңберекесімен
ынтымағынкөрсетеді”- деп, әжелеріміз айтадып. Сол себепті қыз барғанүй
берекелі болсындеп құрақ сыйлайды.
Қазақтың дәстүріндебар осынау қолөнер түрін әлем елдерінің біразы
қолданады екен. Мәселен, құрақ өнерін орыстар «лоскутноешитье»,
жапондықтар «сашика», ал ағылшындар «почворк»дейтін көрінеді.
Жаңа сабақ:
ІІІ. Сарамандықжұмыс.
Бағалау бетшесі
Үй
тапсырмасы
Өзіндік баға Бір-бірін
бағалау
Топ
басшысың
бағасы
Қоытынды
ұстаз бағасы
Құрақ көрпешетігу. Эскизбойынша құрақтыпішу. Құрақтықол
тігісімен біріктіру. Соның ішіндегі біз төртбұрыш, ромб,үшбұрыш пен
жұлдызшақұрағынжасап көрпеше тігу.
1 Кіріспе нұсқа.
1.1 Құрақбөлшегіне астар қию жолдары.
1.2. Астар мен құрақбөлігін біріктіру. Көктеу.
1.3. Құрақкөрпеше ішіне мақта немесе жүн салу.
1.4. Ашық жерлерін біріктіру.
1.5. Буйымды дайындау.
1.6. Шығынынесептеу және бағасынтағу.
1.7. Бұйымды жарнамалап қорғау.
2 Ағымды нұсқа.
Қауіпсіздік ережесі
♦ Инені киімге қыстыруғаболмайды.
♦ Иненің жібін тіспен үзуге болмайды.
♦ Инені жіпсіз тастауға болмайды.
♦ Қайшыны жолдасыңаүшкір ұшымен берме.
♦ Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.
♦Инені ине қадағышқа шаншы.
♦ Қайшыны ашық тастама.
Тпасырма:
Сегіз жапырақ құрағын құрcтырып, көрпеше тігу.
- Жалпы құрақ құрауда аса шеберлік қажет екендігін ескертемін.
- Құраққұрағандамата таңдау және мата түстері туралы ұлттық ұғымдарды
айтамын. Қызылтүс – гүлдің, қызғалдақтың, көктемнің белгісін білдіреді;
Сары түс - күннің белгісін білдіреді; Көктүс – аспанның, судыңбелгісін
білдіреді; Жасыл түс – даланың көгал шөбінің, жердің белгісі.
- Сегіз жапырақ құрағынгеометриялықфигуралар арқылы құрылады. Осы
фигуралар арқылы ең алдымен үлгілер дайындапаламыз.(интерактивті
тақтада 12 слайд арқылы суретін көрсетемін).
- Дайындап алған үлгілерді мата бетіне түсіріп, қырқыпалынады.
- Екі жапырақша бөліктерін бір – бірімен беттестіріп, қол тігіспен тігіледі.
Жапырақшаларды екі – екіден тігіп алу қажет.
- Сегіз жапырақшаларды беттестіріп тіккен соң, жан – жағындағы
бөлшектерін біріктіріп тігеміз. (беттестіріп тігу жолдарынинтерактивті
тақтадан 13 слайд арқылы көрсетемін көрсетемін).
Сегіз жапырақ құрағынқұрау әдісінің нұсқау картасын оқушылармен бірігіп
құраймыз.
Оқушыларға түсінікті болу үшін алдын ала түрлі – түсті қағаздан
дайындалып қойылған құрақүлгілерін таратып беріп, сегіз жапырақ құрағын
құрастыртамын. (әр оқушы түс үйлесімділігін таңдай отырып, құрастырады).
- Әр оқушыға нұсқау картасыныңсызбасынтаратыпберемін.
Сарамандық жұмысының орындалуы: Сұраныс:құрақкөрпеше.
1.Қатты қағаздан үлгілер дайындапалу. ( жеке тапсырма)жеке 8 кәсіпкер.
2.Матаға үлгіні түсіріп алып, қырқу.
3.Екі жапырақты бір-бірімен беттестіріп тігу.( жеке орындау)
Серіктесу және болшектермен мақал –мәтел айтып аумасу.
Өнертуралы қандай мақал –мәтел білесіңдер?
- Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзіалтын
- Өнер сыры – өрнекте.
- Ою ойғанныңойы ұшқыр.
- Ою ойған сызуда сызады.
- Үлгісі көптің өрнегі көп, өрнегі көптің ермегі көп.
- Өнерсізден құт қашады.
- Құрақ – қиялдың жемісі
- «Өнерлі болу – зейнет, өнерсіз болу бейнет.
- «Әке- асқар тау, ана- бауырындағы бұлақ, бала - жағасындағы құрақ».
4. жұптасып орындау, 4 жұп
Сергіту сәті: әр түрлі құрал жабдықтыңқолдануын көрсету.
5.Қалған жапырақтарды бір- бірімен қосыптігу. (топтасу, 2- топ)
6.Жапырақтарды қосып алғаннан кейін жан жағындағы бөліктерін келтіріп
тігу. (2-кі топ бірігіп ұжым болады). Ұжым болғанда басшысы мен есепшісін
сайлап алу.
7. Құрақ тың астарын пішу. Бұйымныңастарлығын шыт матаның бір шетінен
орналастырып, жиектеп сызыпаламыз.
-Сызылған сызықбойыншаматаны қиып алу.
-Қиылған астар мен құрақ бөлшегін оң бетімен беттестіріп, теріс бетінен
шетін 1 см тігіске есептеп сызу.
-Сызылғансызықбойыменкөктеп тігіп шығу.
-Бір шетінен 5-7см тігусіз жер қалдыру.
-5-7 см тігіс жерден бұйымды оңбетіне айналдырып, ішіне тегістеп жүн
немесе мақта салып ашық жерін ішкі тігіспен тігу.
Басшының мақсаты: өндірілген өнімді халыққа жарнмалау.
Есепші: шығынды есептеу бағалау.
Бұл материалдық өндіріске жатады, себебі пайдаланатын өнім.
Шығынды есептедік:
1. Бұйымныңбарлықөлшемі : Ұзындығы- , ені-
2. Есеп шотымыз бойыншабұйымды - теңгеге бағаладық, сбебі
матамыз бүлүр, қымбатемес.
ІV.Ой толғаныс кезеңі. Сабқтықорыту.
Тест
1. Құрақөнері нешетүргебөлінеді?
А.4 Ә.5- Б.2 В.3
2. Құрақ өнеріқазақ халқында қай ғасырда пайдаболды?
А. 19-20- Ә. 15-16- Б.17-18 В. 16-17
3. Жұлдыз құрағықай топқа жатады?
А.Зооморфты Ә.Космогоникалық- Б. Геометриялық В. Тұрмыстық
4. Құрақ үлгілерінсызып бояуда қандай редакторменжұмысістейміз?
А.Word Ә.Power Paint Б.Paint B. Exsel
5. Сегізжапырақ құрағы қай топқа жатады?
А.Өсімдік тектес Ә. Геометриялық Б.Космогоникалық В.Тұрмыстық
6. Жапон халқында құрақ өнеріқалайаталады?
А.Печворк Ә. Patchwork Б.Ласкутная техника В. Сошико
7. Құрақтың сәнді болуы несінебайланысты?
А. Үлгісіне Ә. Көлеміне Б.Тігісіне В. Орындалуына
8. 26 шаршыдан 8 үшбұрыштанқұралғанқұрақтыата?
А. Қызғалдақ Ә.Жұлдызша Б. Аққу В.Иықты
9.Құраққұрауқандайматериалдан жасалады?
А.Былғары Ә. Тері Б. Мата В. Полиэтилен
10.Құрақтытіккен кезде түзу, әдемі шығу үшін тігіскеқаншамм
қалдырамыз?
А. 15-20мм Ә. 20-25мм Б.2-3 мм В. 5-10мм
Дұрысжауаптар:
1- Ә , 2-А, 3-Ә, 4.-Б, 5-А, 6-В, 7-А, 8- А, 9.-Б , 10-в.
Оқушыларға ізгілендіру диаграммасы әдісін дәптерге толтыру.
Құрақ туралы нені білімін? Нені білдім? Нені білгім келеді
Мұғалім қорытусөзі: Қазақта аналар өз қолдарыменқыздарынақұрақ
көрпе жасаған. Біріншіден құрақ құрау қызына қандай да бір үнемшіл бол,
бірді екіге құрайбіл десе, екіншіден әлем ақыл, сана, мейірімнен құралғанын
түйсіндіру. Бүгінгі бойжеткен, ертеңгі ана ендеше халқымыздың салт -
дәстүрінің қаймағын бұзбайкелер келешекке жеткізетін де өздеріңіз. Қорыта
келетін болсақ, біз сіздермен құраққұраудыңтүрлерімен, пішілуін, тігілуін
үйрендіңіздер. Енді өздеріңіз құрақтыңтүр - түрін тіге аласыздар.
ҮІ. Үйге тапсырма. Құрақты аяқтап тігу, қиялдарыңыздағы құрақтүріне
мата, ине - жіп алып келу.
ҮIІ. Оқушылардың білімін бағалау. Оқушылардыңсабаққабелсене
қатысып сұрақтарғажауап беруіне және сарамандықжұмыстарынақарай
білімдерін бағалау.
ҮІІІ. Жұмыс орнын ретке келтіру
4 дана
4 дана
4 дана
4 дана
Сарамандық жұмыс
Тапсырма: (сұраныс) Құрақ көрпеше тігу.
Үлгі бойынша құрақты пішу.
Сызбасы
Бөлшектерді қол тігісімен тепшіп біріктіріп
тігу.
Өнім
1.Екі ромбты (жапырақты) бір-бірімен беттестіріп
қол тігіспен тепшіп тігу.
2. Ромбтардың (жапырақтардың) айрықша ашық
бұрышына біріктіріп шаршыны бір-бірімен
беттестіріп қол тігіспен тепшіп тігу.
Бөлшектерді қол тігісімен тепшіп біріктіп тігу.
4. Жапырақтарды қосып алғаннан кейін жан
жағындағы бөліктерін келтіріп тігу.
Топтасу
3. Ромбтардың (жапырақтардың) айрықша ашық
бұрышына біріктіріп үшбұрышты бір-бірімен беттестіріп
қол тігіспен тепшіп тігу. Жұптасу ( серіктестік)
Сабақты құрыпөткізген
технология пәнінің мұғалімі
Мурзагалиева У.Ж.
2014ж
Экономика:
Бұл материалдық өндіріске жатады, себебі пайдаланатын өнім.
Шығынды есептедік:
3. Бұйымныңбарлықөлшемі : Ұзындығы- , ені-
4. Есеп шотымыз бойыншабұйымды - теңгеге бағаладық, сбебі
матамыз блүр, қымбат емес.
Экономикақоғамдықғылым ретінде 3 сұраққажауап беруі тиіс:
1. Не өндіру керек – қандай тауарлар мен қызметтер өндірілуі тиіс.
2. Қалай өндіру қажет – қандай ресурстар, технологиялар арқылы өндіру
қажет.
3. Кім үшін қажет – дайын тауар қалай бөлінеді, кімге араналады, кім
сатып алады.
Меншік түрлері:
1. Жеке иемдену формасы (жеке меншік).
2. Ұжымдық иемдену (акционерлік қоғам, серіктестік, кооператив)
3. Қоғамдық иемдену (мемлекеттік)
Нарық механизмінің элементері:
1. Баға – тауардың ақшалай көрінісі.
2. Сұраныс – төлем қажеттілігі бар қажеттілік.
3. Ұсыныс – өндірушінің сатуға дайындаған тауарлардың саны.

More Related Content

What's hot (9)

Еңбекке баулу
Еңбекке баулуЕңбекке баулу
Еңбекке баулу
 
Аппликация
АппликацияАппликация
Аппликация
 
самал
самалсамал
самал
 
жанапина асем сабақ жоспары
жанапина асем сабақ жоспарыжанапина асем сабақ жоспары
жанапина асем сабақ жоспары
 
лучшая презентацияб.соқпақбаев менің атым қожа
лучшая презентацияб.соқпақбаев менің атым қожалучшая презентацияб.соқпақбаев менің атым қожа
лучшая презентацияб.соқпақбаев менің атым қожа
 
3223sdsdsdsd
3223sdsdsdsd3223sdsdsdsd
3223sdsdsdsd
 
әріптер сыры
әріптер сырыәріптер сыры
әріптер сыры
 
түркістан 4сынып
түркістан 4сыныптүркістан 4сынып
түркістан 4сынып
 
слайд
слайдслайд
слайд
 

Similar to Zxd

9 сынып пример 400
9 сынып  пример 4009 сынып  пример 400
9 сынып пример 400nurlan93kz
 
Қазақтың ұлттық киімі. Этностиль. Ою-өрнек стилизациясы
Қазақтың ұлттық киімі. Этностиль. Ою-өрнек стилизациясыҚазақтың ұлттық киімі. Этностиль. Ою-өрнек стилизациясы
Қазақтың ұлттық киімі. Этностиль. Ою-өрнек стилизациясыbkorgasbekkosh88
 
113сыввыавыавы
113сыввыавыавы113сыввыавыавы
113сыввыавыавыnurlan93kz
 
phpvseN0A_kiz-j.ppt
phpvseN0A_kiz-j.pptphpvseN0A_kiz-j.ppt
phpvseN0A_kiz-j.pptAselKalieva1
 
7474fggfddddddddddgdgfdgd dgdfgdg
7474fggfddddddddddgdgfdgd dgdfgdg7474fggfddddddddddgdgfdgd dgdfgdg
7474fggfddddddddddgdgfdgd dgdfgdgNurlan Abilhanov
 
Ұлттық киім .pptx
Ұлттық киім .pptxҰлттық киім .pptx
Ұлттық киім .pptxbkorgasbekkosh88
 
Аспаптар жайлы слайд
Аспаптар жайлы слайдАспаптар жайлы слайд
Аспаптар жайлы слайдErjan Beisenhojaev
 
38КУКУКУУУУУУУУУУУУУУ
38КУКУКУУУУУУУУУУУУУУ38КУКУКУУУУУУУУУУУУУУ
38КУКУКУУУУУУУУУУУУУУnurlan93kz
 
Ұлттық өнердегі- математика
Ұлттық өнердегі- математикаҰлттық өнердегі- математика
Ұлттық өнердегі- математикаErjan Beisenhojaev
 

Similar to Zxd (20)

Qqq
QqqQqq
Qqq
 
9 сынып пример 400
9 сынып  пример 4009 сынып  пример 400
9 сынып пример 400
 
Қазақтың ұлттық киімі. Этностиль. Ою-өрнек стилизациясы
Қазақтың ұлттық киімі. Этностиль. Ою-өрнек стилизациясыҚазақтың ұлттық киімі. Этностиль. Ою-өрнек стилизациясы
Қазақтың ұлттық киімі. Этностиль. Ою-өрнек стилизациясы
 
Ою ойғанның ойы ұшқыр
Ою ойғанның ойы ұшқырОю ойғанның ойы ұшқыр
Ою ойғанның ойы ұшқыр
 
113сыввыавыавы
113сыввыавыавы113сыввыавыавы
113сыввыавыавы
 
142r4r4r4
142r4r4r4142r4r4r4
142r4r4r4
 
исина 2
исина 2исина 2
исина 2
 
phpvseN0A_kiz-j.ppt
phpvseN0A_kiz-j.pptphpvseN0A_kiz-j.ppt
phpvseN0A_kiz-j.ppt
 
циркте ашық сабақ (1)
циркте ашық сабақ (1)циркте ашық сабақ (1)
циркте ашық сабақ (1)
 
Киіз үй
Киіз үйКиіз үй
Киіз үй
 
7474fggfddddddddddgdgfdgd dgdfgdg
7474fggfddddddddddgdgfdgd dgdfgdg7474fggfddddddddddgdgfdgd dgdfgdg
7474fggfddddddddddgdgfdgd dgdfgdg
 
Ұлттық киім .pptx
Ұлттық киім .pptxҰлттық киім .pptx
Ұлттық киім .pptx
 
Аспаптар жайлы слайд
Аспаптар жайлы слайдАспаптар жайлы слайд
Аспаптар жайлы слайд
 
наурызв
наурызвнаурызв
наурызв
 
38КУКУКУУУУУУУУУУУУУУ
38КУКУКУУУУУУУУУУУУУУ38КУКУКУУУУУУУУУУУУУУ
38КУКУКУУУУУУУУУУУУУУ
 
Ұлттық өнердегі- математика
Ұлттық өнердегі- математикаҰлттық өнердегі- математика
Ұлттық өнердегі- математика
 
киелі аспап қобыз
киелі аспап   қобызкиелі аспап   қобыз
киелі аспап қобыз
 
ашык сабак аминага жыртык батинка
ашык сабак аминага жыртык батинкаашык сабак аминага жыртык батинка
ашык сабак аминага жыртык батинка
 
искакова а.а ашық сабақтар
искакова а.а ашық сабақтарискакова а.а ашық сабақтар
искакова а.а ашық сабақтар
 
тарбие сагаты
тарбие сагатытарбие сагаты
тарбие сагаты
 

More from Nurlan Abilhanov

Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...Nurlan Abilhanov
 
микропланирование1
микропланирование1микропланирование1
микропланирование1Nurlan Abilhanov
 
письмо культура одежды
письмо культура одеждыписьмо культура одежды
письмо культура одеждыNurlan Abilhanov
 
жыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктемжыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктемNurlan Abilhanov
 
Едендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеуЕдендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеуNurlan Abilhanov
 
Абишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ БалтабаевнаАбишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ БалтабаевнаNurlan Abilhanov
 
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағNurlan Abilhanov
 
бастауыш құстар
бастауыш құстарбастауыш құстар
бастауыш құстарNurlan Abilhanov
 
Арифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессияАрифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессияNurlan Abilhanov
 
тараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласытараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласыNurlan Abilhanov
 
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.Nurlan Abilhanov
 
787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertert787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertertNurlan Abilhanov
 
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh  84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh Nurlan Abilhanov
 
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)Nurlan Abilhanov
 
“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” Омоним“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” ОмонимNurlan Abilhanov
 
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейдім. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейдіNurlan Abilhanov
 
The first President of Kazakhstan
The first President of KazakhstanThe first President of Kazakhstan
The first President of KazakhstanNurlan Abilhanov
 
«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» Омонимдер«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» ОмонимдерNurlan Abilhanov
 

More from Nurlan Abilhanov (20)

Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
 
микропланирование1
микропланирование1микропланирование1
микропланирование1
 
письмо культура одежды
письмо культура одеждыписьмо культура одежды
письмо культура одежды
 
жыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктемжыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктем
 
Едендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеуЕдендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеу
 
Абишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ БалтабаевнаАбишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ Балтабаевна
 
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
 
биология гул
биология гулбиология гул
биология гул
 
бастауыш құстар
бастауыш құстарбастауыш құстар
бастауыш құстар
 
Арифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессияАрифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессия
 
тараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласытараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласы
 
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
 
787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertert787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertert
 
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh  84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh
 
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
 
“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” Омоним“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” Омоним
 
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейдім. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
 
The first President of Kazakhstan
The first President of KazakhstanThe first President of Kazakhstan
The first President of Kazakhstan
 
«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» Омонимдер«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» Омонимдер
 
8 сынып логика
8 сынып логика8 сынып логика
8 сынып логика
 

Recently uploaded

№7 Дәріс. Тақырыбы: Серпімділік күштер.pptx
№7 Дәріс. Тақырыбы: Серпімділік күштер.pptx№7 Дәріс. Тақырыбы: Серпімділік күштер.pptx
№7 Дәріс. Тақырыбы: Серпімділік күштер.pptxzhappassova1
 
№3 Дәріс.Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы.ppt
№3 Дәріс.Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы.ppt№3 Дәріс.Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы.ppt
№3 Дәріс.Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы.pptzhappassova1
 
оптикалық аспаптар көз слаид презентация
оптикалық аспаптар көз слаид презентацияоптикалық аспаптар көз слаид презентация
оптикалық аспаптар көз слаид презентацияmph6ngwrdk
 
№1 Дәріс. Тақырыбы: КинематикаҚозғалыс түрлері.ppt
№1 Дәріс. Тақырыбы: КинематикаҚозғалыс түрлері.ppt№1 Дәріс. Тақырыбы: КинематикаҚозғалыс түрлері.ppt
№1 Дәріс. Тақырыбы: КинематикаҚозғалыс түрлері.pptzhappassova1
 
№8 Дәріс. Тақырыбы: Үйкеліс күші қатысатын қозғалыс..pptx
№8 Дәріс. Тақырыбы: Үйкеліс күші қатысатын қозғалыс..pptx№8 Дәріс. Тақырыбы: Үйкеліс күші қатысатын қозғалыс..pptx
№8 Дәріс. Тақырыбы: Үйкеліс күші қатысатын қозғалыс..pptxzhappassova1
 
№6 Дәріс. Тақырыбы: Қатты дене механикасы.pptx
№6 Дәріс. Тақырыбы: Қатты дене механикасы.pptx№6 Дәріс. Тақырыбы: Қатты дене механикасы.pptx
№6 Дәріс. Тақырыбы: Қатты дене механикасы.pptxzhappassova1
 
№5 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктелер жүйесінің динамикасы. Сақталу заңдары...
№5 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктелер жүйесінің динамикасы. Сақталу заңдары...№5 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктелер жүйесінің динамикасы. Сақталу заңдары...
№5 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктелер жүйесінің динамикасы. Сақталу заңдары...zhappassova1
 
№4 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы (2).pptx
№4 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы (2).pptx№4 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы (2).pptx
№4 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы (2).pptxzhappassova1
 
Механика бөлімінің "Кинематика" атты тақырыбына трезентация
Механика бөлімінің "Кинематика" атты тақырыбына трезентацияМеханика бөлімінің "Кинематика" атты тақырыбына трезентация
Механика бөлімінің "Кинематика" атты тақырыбына трезентацияzhappassova1
 
№10 Дәріс. Тақырыбы: Инерциялық емес санақ жүйелеріндегі қозғалыс (ИЕСЖ)..pptx
№10 Дәріс. Тақырыбы: Инерциялық емес санақ жүйелеріндегі қозғалыс (ИЕСЖ)..pptx№10 Дәріс. Тақырыбы: Инерциялық емес санақ жүйелеріндегі қозғалыс (ИЕСЖ)..pptx
№10 Дәріс. Тақырыбы: Инерциялық емес санақ жүйелеріндегі қозғалыс (ИЕСЖ)..pptxzhappassova1
 
№2 Дәріс. тақырыбы: Қатты дене кинематикасы.
№2 Дәріс. тақырыбы: Қатты дене кинематикасы.№2 Дәріс. тақырыбы: Қатты дене кинематикасы.
№2 Дәріс. тақырыбы: Қатты дене кинематикасы.zhappassova1
 
№9 Дәріс. Тақырыбы: Бүкіл әлемдік тартылыс заңы..pptx
№9 Дәріс. Тақырыбы: Бүкіл әлемдік тартылыс заңы..pptx№9 Дәріс. Тақырыбы: Бүкіл әлемдік тартылыс заңы..pptx
№9 Дәріс. Тақырыбы: Бүкіл әлемдік тартылыс заңы..pptxzhappassova1
 
Халықтық педагогика туралы презентация.pdf
Халықтық педагогика туралы презентация.pdfХалықтық педагогика туралы презентация.pdf
Халықтық педагогика туралы презентация.pdfmukanovadana932
 

Recently uploaded (13)

№7 Дәріс. Тақырыбы: Серпімділік күштер.pptx
№7 Дәріс. Тақырыбы: Серпімділік күштер.pptx№7 Дәріс. Тақырыбы: Серпімділік күштер.pptx
№7 Дәріс. Тақырыбы: Серпімділік күштер.pptx
 
№3 Дәріс.Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы.ppt
№3 Дәріс.Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы.ppt№3 Дәріс.Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы.ppt
№3 Дәріс.Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы.ppt
 
оптикалық аспаптар көз слаид презентация
оптикалық аспаптар көз слаид презентацияоптикалық аспаптар көз слаид презентация
оптикалық аспаптар көз слаид презентация
 
№1 Дәріс. Тақырыбы: КинематикаҚозғалыс түрлері.ppt
№1 Дәріс. Тақырыбы: КинематикаҚозғалыс түрлері.ppt№1 Дәріс. Тақырыбы: КинематикаҚозғалыс түрлері.ppt
№1 Дәріс. Тақырыбы: КинематикаҚозғалыс түрлері.ppt
 
№8 Дәріс. Тақырыбы: Үйкеліс күші қатысатын қозғалыс..pptx
№8 Дәріс. Тақырыбы: Үйкеліс күші қатысатын қозғалыс..pptx№8 Дәріс. Тақырыбы: Үйкеліс күші қатысатын қозғалыс..pptx
№8 Дәріс. Тақырыбы: Үйкеліс күші қатысатын қозғалыс..pptx
 
№6 Дәріс. Тақырыбы: Қатты дене механикасы.pptx
№6 Дәріс. Тақырыбы: Қатты дене механикасы.pptx№6 Дәріс. Тақырыбы: Қатты дене механикасы.pptx
№6 Дәріс. Тақырыбы: Қатты дене механикасы.pptx
 
№5 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктелер жүйесінің динамикасы. Сақталу заңдары...
№5 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктелер жүйесінің динамикасы. Сақталу заңдары...№5 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктелер жүйесінің динамикасы. Сақталу заңдары...
№5 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктелер жүйесінің динамикасы. Сақталу заңдары...
 
№4 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы (2).pptx
№4 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы (2).pptx№4 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы (2).pptx
№4 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы (2).pptx
 
Механика бөлімінің "Кинематика" атты тақырыбына трезентация
Механика бөлімінің "Кинематика" атты тақырыбына трезентацияМеханика бөлімінің "Кинематика" атты тақырыбына трезентация
Механика бөлімінің "Кинематика" атты тақырыбына трезентация
 
№10 Дәріс. Тақырыбы: Инерциялық емес санақ жүйелеріндегі қозғалыс (ИЕСЖ)..pptx
№10 Дәріс. Тақырыбы: Инерциялық емес санақ жүйелеріндегі қозғалыс (ИЕСЖ)..pptx№10 Дәріс. Тақырыбы: Инерциялық емес санақ жүйелеріндегі қозғалыс (ИЕСЖ)..pptx
№10 Дәріс. Тақырыбы: Инерциялық емес санақ жүйелеріндегі қозғалыс (ИЕСЖ)..pptx
 
№2 Дәріс. тақырыбы: Қатты дене кинематикасы.
№2 Дәріс. тақырыбы: Қатты дене кинематикасы.№2 Дәріс. тақырыбы: Қатты дене кинематикасы.
№2 Дәріс. тақырыбы: Қатты дене кинематикасы.
 
№9 Дәріс. Тақырыбы: Бүкіл әлемдік тартылыс заңы..pptx
№9 Дәріс. Тақырыбы: Бүкіл әлемдік тартылыс заңы..pptx№9 Дәріс. Тақырыбы: Бүкіл әлемдік тартылыс заңы..pptx
№9 Дәріс. Тақырыбы: Бүкіл әлемдік тартылыс заңы..pptx
 
Халықтық педагогика туралы презентация.pdf
Халықтық педагогика туралы презентация.pdfХалықтық педагогика туралы презентация.pdf
Халықтық педагогика туралы презентация.pdf
 

Zxd

  • 1. Сабақтың тақырыбы:"Құраққұрай білу де өнер" Сабақтың мақсаты:Құрақ туралы оқушылардыңтүсінігін арттыру. Қазақ қолөнеріндегі құрақтың шығу тарихына тоқталу. Тұтыну заттарынданемесе бұйымдарында қалай пайдалану керектігін үйрету. Құрақ түрлерін, тігуді меңгерту. Білімділік: Мата қиындыларынантүрлі құрақтар тігіп үйрену. Құрақ қиындыларынәзірлеуді мата түстерін таңдай білуді, дайын үлгіні пайдаланып қиюды, дұрыс біріктіріп үйрену. Дамытушылық: Оқушылардыңұлттық бұйымғақызығушылығынарттыру, эскиздіматаға сыздыру, эскиз бойыншаматаны қию, құрақ қиындыларын біріктіру, құраққұрауға деген ептілік, икемділігін дамыту. Тәрбиелік: Халқының өнерін, салт-дәстүрін бағалай білуге, ұқыптылыққа,төзімділікке, шыдамдылыққа, үнемділікке, төзімділік пен сабырлылыққа, тазалық пен әсемдікке баулу. Құрақ құрау өнеріарқылы эстетикалық, ойлау қабілеті терең дамыған, жан дүниесін бай, ой-өрісі кең тұлға тәрбилеу. Сабақтың түрі: ізденіс-шығармашылық Сабақтың формасы: практикалық дағдыны қалыптастыру Сабақтың көрнекілігі:Қажетті құрал-жабдықтар : интерактивті тақта, құрал-жабдықтар, ине, жіп, қайшы, дайын үлгі, сызғыштар, мата қиындылары, құрақтанжасалған бұйымдар түрлері. Пәнаралық байланыс:Қазақстан тарихы, геометрия, сызу, бейнелеу, математика, эканомика . Сабақтың оқытуәдісі: Іздену, түсіндіру, сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс, көрнекі арқылы көрсету, сарамандық жұмыс. І. Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңі. а) Сәлемдесу ә) Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу. б) Сабаққа дайындығынтексеру, құралдарынтолықтыру. в) Қауіпсіздік ережелерін сақтау. г) Бағалау бетшесін таныстыру. Сабақтың басталуы: Тренинг жүргізу: «Тәрбиебастауы» тренингтің жүргізілу шарты оқушылар қол ұстасыптұрыпбір-біріне сәттілік тілей отыра,атынатап, адам бойындағы қасиеттердіайтады. Мысалы. Әсем ұқыпты бол, ..... . Тренингті ұстаз бастайды, соңығы оқушы ұстазғасәттілік тілейді. Сабақтың жүрісі. Дәтерді ашып сабақтың тақырыбынжазу. Тақтадағы сабақ жоспарымен таныстыру. ІІ. Үйге берілген тапсырманытексеру. Мұғалімнің кіріспеәңгімесіненбасталады.
  • 2. Құрақ құрау бұл аса шеберлікті, шыдамдылықты қажет ететін қолөнер түрі. Біздің қазақ тілінде құрақ сөзінің екі мағынасы бар. Біріншісі, көлдің жағасындаөсетін өсімдікті құрақ десе, екіншіден, мата қиындысынан жасалатын бұйымды құрақдейміз. Біздің бүгін айтқалы отырғанқұрағымыз көл жағасында өсетін шөп, өсімдік емес, мата қиындысынанқұралып жасалатын көрпе-көпшік ретінде пайдаланатын құрақ. Құрақ дегеніміз шығынсыз өнім жасаудың бір түрі. Негізінен құрақтың 200 - ден аса түрі бар. Халықтың ұлт екенінайыратын3 негізгі арнасыбар: - тіл өнері - саз өнері - қолөнері Халқымыздыңқолөнері деп халық тұрмысындажиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастырусияқты шығармашылық жиынтығын айтамыз. Абай атамыз айтқан бес дұшпанның бірі – ысырапболса, өнердің бұл саласы солысырапшылыққажол бермейді. Құрақ көрпешелердің әрбір бөлшегі геометриялықфигуралардан тұрады. Шаршы, алтыбұрыш, трапеция,тең бүйірлі үшбұрыш, пирамида, ромб, тіктөртбұрыш, параллелограмм. Құрақтың атаулары әр түрлі: а) қазақ тілінде құрақ құрау өнері – құрақ. б) орыс тілінде құрақ құру өнері «лоскутноешитье» немесе «мозаика». в) жапон тілінде құрақ құрау өнері «сашико». г) ағылшын тілінде құрақ құрау өнері «печворг»және «квилт»- деп атайды. Құраққа қойылатынталап біреу – ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы және түстерінің үйлесімді орналасуы. Түс шеңберінде түстер екі топқа бөлінеді: жылы және суық. Түс шеңберінде бір-біріне қарсы тұрғантүстердіқарама-қарсы түстер дейді. Олар қызыл- жасыл, сары-күлгін, көк-қоңыр т.б. Құрақтыңтүрлерітөрт топқабөлінеді: 1.Табиғат. 2. Жануарларға. 3. Геометриялық. 4. Аспан әлемі. Сендергеүйге құрақ құрау өнерітуралы ізденіс жұмысы тапсырылған. Ендеше, кім нені біліп келгенініне ой бөлісейік. 1.Құрақ-дегеніміз не, құрақтың мағынасын түсіндір? Слайд №5. Құрақ құрау, ұлттық қол өнерінің бір түрі. Ертеде қазақ даласында қымбат маталар тапшы болғандықтан, киім-кешек тігушілер қалған маталардың қиықтарынбір кәдеге жаратуға тырысып, оларданәртүрлі бұйымдар жасаған. Сөйтіп, құраққұрау өнері дүниеге келген.
  • 3. Бұл қолөнердің негізі әртүрлі символдарменде байланысты. Мәселен, үшбұрышқұрағыныңмәні әлемдегі үш дүниені ұштастыру екен, яғни үшбұрыш– су, жер, ауа – үш ғаламның белгісі. Бұл құрақтыңмағынасы – ғаламдық тепе-теңдік пен тұтастық. Бал арасыныңұясы негізінде «Алты табақ» құрағы пайда болған. Мағынасы, тәттілік пен молшылықты білдіреді. Соныменқатар құрақ өнері арқылы жануар, құс бейнелерін де мата бетіне салуға болады екен. Баяғы Сақ заманынан бастап, өмір құбылыстарын қолөнер арқылы көрсетуге машықтанған көшпелілердің қолөнер дәстүрінің нысандықмәні бар. Сол кездегі «жұп», «су» секілді мағыналы ою-өрнектер күні бүгінге дейін өз мән-мағынасынжоғалтпады. 2. Слайд № 6,7. «Құрақ көрпе – отбасындағы береке-бірліктің белгісі»- деп әжем айтты. Бұрындары қазақтың ісмер қыз-келіншектері мата қиындыларынанкөрпе- көпшікке көздің жауын алардай құрамыс тыс тігуші еді. Әдетте көрпе- көпшіктің қырыққұрақ тысындасан алуан сәнді түс керемет үйлесім тауып, көз қуантады. Қазір ине ұстап, қазақтың ұлттық киімін тігіп, ою-өрнегін ойып, жоғалып бара жатқан мәдени мұрасынқайта жаңғыртыпжүргеншеберлер саусақпен санарлыққана. «Шеше көрген тон пішер» дегендей әсіресе, қыздарға«Іс тіге білу баға үшін емес, өмірлеріңізге керек» деп отырады. Киіз басып, ою ойып, құрақ құрап, алаша тоқығанбұл кісілер бүгінде өмірден озған. Бірақ, өздеріжоқ болсада, ұрпақтарынақалдырған бұйымдарыкөп. Сірә, «Өнер өлмейді» деген осы болса керек. 3.Ал құраққа қандайматаларқолданылады? Слайд №8. Құраққа мынадай маталарды қолдануға болады: Қамқа – алтындатқан немесе күмістеткен зерделі жіптен тоқылған жібек мата. Қатипа – жол-жолы бар, жұқа жібек мата. Барқыт, шыт. Торқа – ең қымбат жібек мата. Батсайы – қалың жібек кездеме. Торғын – қымбат бағалы жібек матаның бір түрі. Мақпал – тығыз тоқылған, жұмсақ, түкті барқыттың бір түрі. Қыжым – сапалы жүнен тоқылған түкті мата, плюш. Пай – жібек мата. Парша – алтын мен күмісті араластыра отырыптығыз тоқылғанжылтырақ жібек мата және сол матадан тігілген қымбат бағалы киім. Қазине – жібектен қалыңды – жұқалы етіп тоқитын мата. Шағи – жұқа келген жұмсақ және таза мата. Ләңке – сырткиімдік матаның бір түрі. Насар – жібек кездеме. Ұштап – ақ түсті тығыз мата. Шыт – арзанқол жұқа мата. Сәрпөңке – астарлық жібек мата. Бояқ – кездеменің боялғантүрі. Борлат– қызыл түсті жұқа мата. Тібен – түрлі-түсті қалың мата. 4. Құрақтың қандай түрлерібар? Слайд №8.Түрлітүсті мата қиындыларынанқұрақ құрау жұмысы – нәзік сезімді, түсті аңғарғыш, эстетикалық талғамы еркектерден жоғары тұратын
  • 4. әйелдердің еншісіндегі іс болған. Ел арасындақұраққа қатысты бірсыпыра атаулар қолданылады:құрақтың суы – құрақтардыңарасынажүргізілетін бір түсті жолақтар, құрақтыңкөзі – құрақтардыңортасынабасқа түстен тігілетін өрнек, яғни басқа құрақ соныңайналасына тігіледі, кекілік қас – ақ және қара маталардың қиындыларынанкекіліктің қасына ұқсатыптігілген құрақ, қайшы құрақ – кекілік қас құрағыныңнегізінде тігіліп, көздігінің жанына қайшы пішініндегі кішкене құрақтың ұластырылғантүрі, таңлай құрақ – адам таңдайының пішініндегі өте майда құрақтар, жұлдыз құрақ – таңдай пішінді құрақтан құралып, көздерітең үшбұрышты түстібарқытпен көмкерілген түрі, тырнақ қатар – тырнаққа ұқсаған үшбұрышты құрақшалардан құралған түрі, т.б 5.Құрақтың жасалужолы қандай? Слайд №9. Матаны құрау үшін ең бірінші, қандай құрақ құрайсың, сол құрақтың сызбасынқағаз бетіне түсіріп аламыз. Екінші, матаның түр-түсінің үйлесімділігін анықтау үшін оны түс таңдай отырып, бояпаламыз. Осыдан кейін геометриялықпішінде үлгі қағаз даярлап аламыз да, сол қағазды үлгі етіп, пайдалану арқылы, матаны қағаз мөлшерімен қиып аламыз. Қиылған матаны сызбаүлгіге қарап белгіленген өрнек бойынша рет-ретімен, әуелі ортаңғы бөлік, соданкейін шеткі бөліктерді тігеміз. Міне, осындайжұмыстар жүргізу арқылы құраққұрау технологиясынмеңгереміз. 6. Құрақ құрау екі мақсатты көздейді. Слайд № 9. Пішілген қиымды маталарда іске асыру: 2. Құрақ жастық, құрақ көрпеше тігіп, үйдің сәнін кіргізу. Құрақ бірнеше түрге бөлінеді: Шатыр құрақ. Бота көз құрақ. Тырна құрақ. Қарсы құрақ. Саты құрақ. Ши құрақ Қайшы құрақ. Махмат құрақ. Жұлдыз құрақ. Оюлы құрақ. 7. Құрақ құрауүшін алдымен не істеуіміз керек? Құраққұрау үшін ең алдымен, қажетті материалдар таңдап алынып, олар түрі, түсі, матасына қарай сұрыпталады. Яғни, маталардыңбарқыт, жібек,сиса, сәтен кесінділері жеке-жеке бөліп алынады.Соданкейін ісмер
  • 5. әйел не бірыңғай барқыттан, немесе бірыңғай жібектен құрақ құрауға кіріседі. Бұл істі бастамас бұрынәрбір түстін бір-біріне сәйкес келуіне, бірін- бірі ашып тұруынаайрықша көніл бөлінеді. Құраққұрау, қалдық қалдырмау. 8. Құрақ тұралы қандай ырым тиымдарбілесіңдер? Салт дастүр ретінде, құрақ құрап, қыз жасауына міндетті түде қосады, ол жас отбасыныңжеке отбасы деген мғынаны білдіреді. Қашанда әдемілік пен сұлулыққа құштар ата-бабамыз ұзатылған қыздыңартынан жасау апарғанда махаббат нышаны ретінде «Аққу құрақ» көрпесін апарған. Қонағын төргешығаратын халқымыз құрақ көрпесін төрге төсеген. Ол – сыйластықтыңбелгісі. Дүниедегіәрбір зат майда бөлшектерден құралады. Сол секілді әр үйдеқұрақтан жасалған бұйымныңболуы отбасыныңберекесі мен ынтымағынқұрайды. Тіпті біздің әжелеріміз ерте кезде балалары өліп тоқтамаған отбасылардыңүйін «тіл-көзден аман болсын» деп ырымдап, «қырыққұрақ» құрап, баласын соғанораған екен. Мұғалім сөзі. “Әр үйде құрақтан жасалған бұйымныңболуы отбасыныңберекесімен ынтымағынкөрсетеді”- деп, әжелеріміз айтадып. Сол себепті қыз барғанүй берекелі болсындеп құрақ сыйлайды. Қазақтың дәстүріндебар осынау қолөнер түрін әлем елдерінің біразы қолданады екен. Мәселен, құрақ өнерін орыстар «лоскутноешитье», жапондықтар «сашика», ал ағылшындар «почворк»дейтін көрінеді. Жаңа сабақ: ІІІ. Сарамандықжұмыс. Бағалау бетшесі Үй тапсырмасы Өзіндік баға Бір-бірін бағалау Топ басшысың бағасы Қоытынды ұстаз бағасы Құрақ көрпешетігу. Эскизбойынша құрақтыпішу. Құрақтықол тігісімен біріктіру. Соның ішіндегі біз төртбұрыш, ромб,үшбұрыш пен жұлдызшақұрағынжасап көрпеше тігу. 1 Кіріспе нұсқа. 1.1 Құрақбөлшегіне астар қию жолдары. 1.2. Астар мен құрақбөлігін біріктіру. Көктеу. 1.3. Құрақкөрпеше ішіне мақта немесе жүн салу. 1.4. Ашық жерлерін біріктіру.
  • 6. 1.5. Буйымды дайындау. 1.6. Шығынынесептеу және бағасынтағу. 1.7. Бұйымды жарнамалап қорғау. 2 Ағымды нұсқа. Қауіпсіздік ережесі ♦ Инені киімге қыстыруғаболмайды. ♦ Иненің жібін тіспен үзуге болмайды. ♦ Инені жіпсіз тастауға болмайды. ♦ Қайшыны жолдасыңаүшкір ұшымен берме. ♦ Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды. ♦Инені ине қадағышқа шаншы. ♦ Қайшыны ашық тастама. Тпасырма: Сегіз жапырақ құрағын құрcтырып, көрпеше тігу. - Жалпы құрақ құрауда аса шеберлік қажет екендігін ескертемін. - Құраққұрағандамата таңдау және мата түстері туралы ұлттық ұғымдарды айтамын. Қызылтүс – гүлдің, қызғалдақтың, көктемнің белгісін білдіреді; Сары түс - күннің белгісін білдіреді; Көктүс – аспанның, судыңбелгісін білдіреді; Жасыл түс – даланың көгал шөбінің, жердің белгісі. - Сегіз жапырақ құрағынгеометриялықфигуралар арқылы құрылады. Осы фигуралар арқылы ең алдымен үлгілер дайындапаламыз.(интерактивті тақтада 12 слайд арқылы суретін көрсетемін). - Дайындап алған үлгілерді мата бетіне түсіріп, қырқыпалынады. - Екі жапырақша бөліктерін бір – бірімен беттестіріп, қол тігіспен тігіледі. Жапырақшаларды екі – екіден тігіп алу қажет. - Сегіз жапырақшаларды беттестіріп тіккен соң, жан – жағындағы бөлшектерін біріктіріп тігеміз. (беттестіріп тігу жолдарынинтерактивті тақтадан 13 слайд арқылы көрсетемін көрсетемін). Сегіз жапырақ құрағынқұрау әдісінің нұсқау картасын оқушылармен бірігіп құраймыз. Оқушыларға түсінікті болу үшін алдын ала түрлі – түсті қағаздан дайындалып қойылған құрақүлгілерін таратып беріп, сегіз жапырақ құрағын құрастыртамын. (әр оқушы түс үйлесімділігін таңдай отырып, құрастырады). - Әр оқушыға нұсқау картасыныңсызбасынтаратыпберемін. Сарамандық жұмысының орындалуы: Сұраныс:құрақкөрпеше. 1.Қатты қағаздан үлгілер дайындапалу. ( жеке тапсырма)жеке 8 кәсіпкер. 2.Матаға үлгіні түсіріп алып, қырқу. 3.Екі жапырақты бір-бірімен беттестіріп тігу.( жеке орындау)
  • 7. Серіктесу және болшектермен мақал –мәтел айтып аумасу. Өнертуралы қандай мақал –мәтел білесіңдер? - Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзіалтын - Өнер сыры – өрнекте. - Ою ойғанныңойы ұшқыр. - Ою ойған сызуда сызады. - Үлгісі көптің өрнегі көп, өрнегі көптің ермегі көп. - Өнерсізден құт қашады. - Құрақ – қиялдың жемісі - «Өнерлі болу – зейнет, өнерсіз болу бейнет. - «Әке- асқар тау, ана- бауырындағы бұлақ, бала - жағасындағы құрақ». 4. жұптасып орындау, 4 жұп Сергіту сәті: әр түрлі құрал жабдықтыңқолдануын көрсету. 5.Қалған жапырақтарды бір- бірімен қосыптігу. (топтасу, 2- топ) 6.Жапырақтарды қосып алғаннан кейін жан жағындағы бөліктерін келтіріп тігу. (2-кі топ бірігіп ұжым болады). Ұжым болғанда басшысы мен есепшісін сайлап алу. 7. Құрақ тың астарын пішу. Бұйымныңастарлығын шыт матаның бір шетінен орналастырып, жиектеп сызыпаламыз. -Сызылған сызықбойыншаматаны қиып алу. -Қиылған астар мен құрақ бөлшегін оң бетімен беттестіріп, теріс бетінен шетін 1 см тігіске есептеп сызу. -Сызылғансызықбойыменкөктеп тігіп шығу. -Бір шетінен 5-7см тігусіз жер қалдыру. -5-7 см тігіс жерден бұйымды оңбетіне айналдырып, ішіне тегістеп жүн немесе мақта салып ашық жерін ішкі тігіспен тігу. Басшының мақсаты: өндірілген өнімді халыққа жарнмалау. Есепші: шығынды есептеу бағалау. Бұл материалдық өндіріске жатады, себебі пайдаланатын өнім. Шығынды есептедік: 1. Бұйымныңбарлықөлшемі : Ұзындығы- , ені- 2. Есеп шотымыз бойыншабұйымды - теңгеге бағаладық, сбебі матамыз бүлүр, қымбатемес. ІV.Ой толғаныс кезеңі. Сабқтықорыту. Тест 1. Құрақөнері нешетүргебөлінеді? А.4 Ә.5- Б.2 В.3 2. Құрақ өнеріқазақ халқында қай ғасырда пайдаболды? А. 19-20- Ә. 15-16- Б.17-18 В. 16-17 3. Жұлдыз құрағықай топқа жатады?
  • 8. А.Зооморфты Ә.Космогоникалық- Б. Геометриялық В. Тұрмыстық 4. Құрақ үлгілерінсызып бояуда қандай редакторменжұмысістейміз? А.Word Ә.Power Paint Б.Paint B. Exsel 5. Сегізжапырақ құрағы қай топқа жатады? А.Өсімдік тектес Ә. Геометриялық Б.Космогоникалық В.Тұрмыстық 6. Жапон халқында құрақ өнеріқалайаталады? А.Печворк Ә. Patchwork Б.Ласкутная техника В. Сошико 7. Құрақтың сәнді болуы несінебайланысты? А. Үлгісіне Ә. Көлеміне Б.Тігісіне В. Орындалуына 8. 26 шаршыдан 8 үшбұрыштанқұралғанқұрақтыата? А. Қызғалдақ Ә.Жұлдызша Б. Аққу В.Иықты 9.Құраққұрауқандайматериалдан жасалады? А.Былғары Ә. Тері Б. Мата В. Полиэтилен 10.Құрақтытіккен кезде түзу, әдемі шығу үшін тігіскеқаншамм қалдырамыз? А. 15-20мм Ә. 20-25мм Б.2-3 мм В. 5-10мм Дұрысжауаптар: 1- Ә , 2-А, 3-Ә, 4.-Б, 5-А, 6-В, 7-А, 8- А, 9.-Б , 10-в. Оқушыларға ізгілендіру диаграммасы әдісін дәптерге толтыру. Құрақ туралы нені білімін? Нені білдім? Нені білгім келеді Мұғалім қорытусөзі: Қазақта аналар өз қолдарыменқыздарынақұрақ көрпе жасаған. Біріншіден құрақ құрау қызына қандай да бір үнемшіл бол, бірді екіге құрайбіл десе, екіншіден әлем ақыл, сана, мейірімнен құралғанын түйсіндіру. Бүгінгі бойжеткен, ертеңгі ана ендеше халқымыздың салт - дәстүрінің қаймағын бұзбайкелер келешекке жеткізетін де өздеріңіз. Қорыта келетін болсақ, біз сіздермен құраққұраудыңтүрлерімен, пішілуін, тігілуін үйрендіңіздер. Енді өздеріңіз құрақтыңтүр - түрін тіге аласыздар. ҮІ. Үйге тапсырма. Құрақты аяқтап тігу, қиялдарыңыздағы құрақтүріне мата, ине - жіп алып келу. ҮIІ. Оқушылардың білімін бағалау. Оқушылардыңсабаққабелсене қатысып сұрақтарғажауап беруіне және сарамандықжұмыстарынақарай білімдерін бағалау. ҮІІІ. Жұмыс орнын ретке келтіру
  • 9. 4 дана 4 дана 4 дана 4 дана Сарамандық жұмыс Тапсырма: (сұраныс) Құрақ көрпеше тігу. Үлгі бойынша құрақты пішу. Сызбасы Бөлшектерді қол тігісімен тепшіп біріктіріп тігу. Өнім 1.Екі ромбты (жапырақты) бір-бірімен беттестіріп қол тігіспен тепшіп тігу. 2. Ромбтардың (жапырақтардың) айрықша ашық бұрышына біріктіріп шаршыны бір-бірімен беттестіріп қол тігіспен тепшіп тігу. Бөлшектерді қол тігісімен тепшіп біріктіп тігу. 4. Жапырақтарды қосып алғаннан кейін жан жағындағы бөліктерін келтіріп тігу. Топтасу 3. Ромбтардың (жапырақтардың) айрықша ашық бұрышына біріктіріп үшбұрышты бір-бірімен беттестіріп қол тігіспен тепшіп тігу. Жұптасу ( серіктестік)
  • 10. Сабақты құрыпөткізген технология пәнінің мұғалімі Мурзагалиева У.Ж. 2014ж
  • 11. Экономика: Бұл материалдық өндіріске жатады, себебі пайдаланатын өнім. Шығынды есептедік: 3. Бұйымныңбарлықөлшемі : Ұзындығы- , ені- 4. Есеп шотымыз бойыншабұйымды - теңгеге бағаладық, сбебі матамыз блүр, қымбат емес. Экономикақоғамдықғылым ретінде 3 сұраққажауап беруі тиіс: 1. Не өндіру керек – қандай тауарлар мен қызметтер өндірілуі тиіс. 2. Қалай өндіру қажет – қандай ресурстар, технологиялар арқылы өндіру қажет. 3. Кім үшін қажет – дайын тауар қалай бөлінеді, кімге араналады, кім сатып алады. Меншік түрлері: 1. Жеке иемдену формасы (жеке меншік). 2. Ұжымдық иемдену (акционерлік қоғам, серіктестік, кооператив) 3. Қоғамдық иемдену (мемлекеттік) Нарық механизмінің элементері: 1. Баға – тауардың ақшалай көрінісі. 2. Сұраныс – төлем қажеттілігі бар қажеттілік. 3. Ұсыныс – өндірушінің сатуға дайындаған тауарлардың саны.