SlideShare a Scribd company logo
1 of 10
Тәрбие сағатының тақырыбы: Бабадан бізге не
қалған?
Дайындаған: Ақтау қаласы «Қайнар»
колледжінің физика-математика пәнінің
оқытушысы Уразова Жумагул Раджаповна
Мақсаты: Ананың ақ сүтімен, әже
өнегесімен, ата ақылымен даритын өзіндік
ұлттық қасиетімізді, халқымыздың тәлім-тәрбиесін жастардың бойында
қалыптастыру.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, бүктеме, бұрыш, үнтаспа, слайд
І-Жұмагүл апай: Бүгінгі «Бабадан бізге не қалған?» атты тәрбие
сағатымыздың мақсаты ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, кейінгі
ұрпаққа жеткен мұрасымен жақынырақ танысу болмақ. Атамыз қазақ бір
ауыз сөзбен қуантып, бір ауыз сөзбен жауын орнынан
тұрғызбай тастаған шешен, қайсар, кеңпейіл, дархан
халық болғаны бізге тарихтан белгілі.
Ізетіңді ине етіп,
Иманыңды түйме етіп,
Инабатты күйме етіп,
Жүрші балам, жамандықты күйретіп,
- дегендей, ізгі ұрпақ, жастар бабамыздың жақсы
дәстүрін бойларына сіңіріп, жалғастырып,
жамандықтан аулақ, жаны таза, әрқашан да елжанды
ұрпақ болуымыз керек-дей отыра кешімізді қазағымыздың қара домбырасын
серік қылып жүрген, өнерлі баламыз Нұрланның «Әлеумет келдің, ал
қалай...?» әнімен бастаймыз
IІ- жүргізуші(Абылай)
Сәлеметсіздер ме,өнер сүйер асыл халќым,
Мереке құтты болсын ауылдасым.
Тағы да келіп жетті сайысымыз,
Жырлайтын қазағымның дәстүр салтын! - дегендей, бүгінгі
Құқықтану тобының 1-курс студенттері ұйымдастырған «Бабадан бізге не
қалған?» атты шағын ғана мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!!!
Ей, тәкаппар дүние
Маған да бір қарашы.
Танимысың сен бізді?
Біз қазақтың баласы!
(монтаж, өлең оқиды)
1.Азамат: Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім, мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
2. Жұлдыз: Ата-бабам ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
3. Гүлназ: Кең даланың ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
4. Айгерім: Тілім барда, қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы, салтым бар.
Кең даладай, жиналмаған шалғайы,
Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдақ.
5. Нұрлан: Көк байрағым, ар намысым, жігерім,
Ән ұраным-қайрат, күшім, тірегім.
Ел таңбамда- бүкіл елдің тарихы,
Тұрмыс салтым, тағы сонда білемін.
ІІ-жүргіуші: - Достар! Бабамыздан бізге не қалған?
Хормен:
- Шешендік сөз нәрі.
- Салт- дәстүр нәрі.
- Мереке нәрі.
- Ескірмейтін ескі сөз.
- Дастархан Дәмі.
І-жүргіуші:(Махабат) Жанарғаны сананың,
Ұмытады мұны кім?
Ата бабам дәстүрін
Жайып салар келді күн!
ӘН: «Қазақ осы» әнімен Нұрланды шақырамыз.
ІІ-жүргізуші:(Абылайхан)Ендігі кезекті кешіміздің 1-ші бөліміне берейік-
- Шешендік сөз нәрі.
Билер ортада:
Төле би(Әділхан): - Ал, балаларым,
менің ұрпақтарым, Сендерді ата
бабамыздың шешендік сөздерін көп
біледі дейді. Араларыңда дарынды
балар да көп екен. Жарайсыңдар!
Енді мен сендерге сұрақтар қойып
көрейін. Бір, екі, үш, төрт
.
Ақмарал: Мен айтайын, ата рұқсат етсе
Бір дегенім, бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегенім, егесіп өткен ер жаман,
Үш дегенім, үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.
Төрт дегеніміз, төсектен безген жас жаман!
Төле би: Ай, Жарайсың балам! Өркенің өссін!
Қазыбек би (Қайрат): Жарайсыңдар! Ал енді мен сендерге бір сұрақ
қояйын. Не қымбат?
Жұлдыз: Алтын ұяң Отан қымбат,
Құт берекең атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат.
Кіндік кескен жерің қымбат,
Ұят пенен ар қымбат!
Қазыбек би : Жарайсың балам!
Айтеке би (Нұржан): Қазақта күрестің неше түрі бар?
Нұрлан: Қазақта күрестің жеті түрі бар:
1 Қазақша күрес
2 Жатып күрес
3 Тауық күрес
4 Білектесу
5 Сірес күрес
6 Аударыспақ
7 Арқан тарту.
І-жүргіуші:(Махабат) Рахмет достар!
Дарытқан бар асылды өз елінен,
Қыз сұлу көрінеді өнерімен.
Құлпырады тобымыздың Гүлназы
Өткендей сұлулықтың елегінен- деп ортаға әнші қызымыз
Гүлназды «Әгугай» әнімен шақырамыз.
І-Жүргізуші: (Абылай) Туылған соң адам боп
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан – деп келесі кезекте
кешіміздің II-ші бөлімі Салт дәстүр өнері.
Ата салты ардақты
Әрбір сөзі салмақты,
Сол сөздерді ұқпаса
Тістерсің бір күні бармақты - дегендей
Қазақ халқында салт дәстүр өте көп! Қане достар, соның ішіндегі бір
қатарын атап өтіп және оларға шағын анықтама бере кетейік:
(Айсауле)-Сүйінші сұрау шын қуанғандықтың белгісі!
(Гүлназ)-Байғазы балалардың жаңа киімі үшін берілетін сыйы.
(Айгерім)-Тоқымқағар жасау бұл жас жігіт алғаш рет жолға
шыққанда, мал сойылып, ойын сауық, өлең жыр айтылып жасалатын бас
қосу.
(Жұлдыз) -Алыс сапарға , сауда жолына шыққан адамдар туыстарына,
балаларға ірілі ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды.
Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі.
(Қ.Жұлдыз) -Басқа жақтан көшіп келген көршілерге тұрғындар
«ерулік» береді, яғни тұрғындар жаңа көршілерін қонаққа шақырады.
(Нұрлан) Жеті ата...
(Саламат) Бата...
ІІ-жүргізуші:(Абылайхан) Құрметті көрермендер өздеріңіз куә болып
отырғандай хақымыздың салт дәстүрлері өте көп және олардың біраз бөлігін
атап өттік. Ендігі кезекті тобымыздың шағын ғана дайындаған «Тұсау
кесер» атты көрінісіне берейік!
ӘН: Тойбастар әніменНұрланды шақырамыз
«Тұсау кесер» көінісі.
І-Жүргізуші:(Махабат) Қазақ халқы үйге келген қонақты қарап
отырмайды, сынап отырады. Соған орай қонақтарымыздан төмендегі
аңыз әңгімелердің негізінде, халық арасында қандай мақал мәтелдер
қалған деген сұраққа жауап сұраймыз. Қазір мен сіздерге екі аңыз
әңгіменің мәтінін оқып беремін. Сіздердің міндеттеріңіз, осы аңыз
әңгіменің негізінде халық арасында қандай мақал мәтел қалғанын айтып
берулеріңіз керек. Дұыс жауабын тапқан адамды біздің бағалы
сыйлығымыз күтеді. Ал, енді мұқият тыңдаңыздар. (Аңыз әңгімелер
оқылады, соның мағынасын түсіндіріп, пайда болған мақал-мәтелді табу
керек)
Құрметті көрермендер, сіздер ойлана беріңіздер. Ал бұл уақытта басқа да
көрермендеріміз жалықпас үшін келесі кезекті әнге береміз. Алдарыңызда-
Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыла төгілген қос бұрымымен.
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы,
Қыз сұлу көрінеді өнерімен -деп ортаға
«Ақ жайнақ» әнімен Гүлназды шақырамыз
Ал енді сіздерге берілген уақыт осымен тәмамдалды.
III бөлім.
ІІ- жүргізуші(Абылайхан):
Келесі кезекті кешіміздің 3-ші бөлімі. Мереке сәні.
Ұлттық киім өзіме жарасады,
Киінеміз далаша , қалаша да,
Қалпағы мен тымағын кезек киіп,
Қутыңдайды қазақтың қара шалы, -
дегендей, Бабаларымыз да сәнді киіне білген ,
әжелеріміз жаулық, кимешек киген; қыз
балалар сәукеле, әсем сәнді киім киген; ал ұл
балалар тон мен тымақ, бөрік, қалпақ киген.
Алдарыңызда тобымыздың дайындаған,
қазақтың ұлттық киімдерінің сән үлгілері!
Қарсы алыңыздар!
Ән: «Әдемі қыз» домбырада Нұрлан
ІІ- жүргізуші: Енді IV бөлімге келетін болсақ - Ескірмейтін ескі сөз деп
Аталады. Келесі кезекте күнделікті өмірде ата әжелеріміз,
ата -аналарымыз айтып отыратын ырым мен тыйым
сөздеріне тоқтала кетейік:
 Отқа су құйма, түкірме. Себебі, от - өмір,тіршілік көзі саналған.
 Мал сүйегін отқа жақпа, ақты төкпе. Себебі, тірі малдың сүйегі
сырқырап, желіні іседі, малсыз қалып, жоқшылыққа ұшырайды деген
ұғым бар.
 Ќазақ түнде адам, мал санамайды. Себебі, басың кемиді деп ырым
еткен.
 Пышақтың жүзін жалама, пышақты кеземе. Себебі, пышақ ұзарып
кетеді деп түсінген.
 Үйге қарай, үйді айналып жүгірме. Себебі,әдепке жат.
ІІ-Жүргізуші(Абылай) ӘН: Нұрланның орындауында
«Нұрымның насихат сөзі»
І- жүргіуші(Махабат): Міне құрметті қонақтар және достар! Бабамыздан
қалған осындай ескірмейтін ескі сөз нәрлерін әрдайым ойымызға түйіп,
жадымызда сақтай жүрейік.
Келесі кезекті «кім тапқыр» кезегіне беріп, мұнда топ қатысушыларынан
2-уін ортаға шақырып 3 мин ішінде сұрақтарға кім қаншалықты тез жауап
беруін байқаймыз. Әрине байқап отырғандарыңыздай бұл жерде жастардың
ой ұшқырлығы сыналайын деп тұр. Мұнда сендерге төмендегідей сұрақтарды
ұсынамыз:
Салт – дәстүрге, ұлттық ойындарға қатысты сұрақтар:
1.Оны отбасына бір адам қосылғандажасайды. Жаңа келген адамға кәмпит
шашады. Оны өзгелерден бөліп ұстайды. Ел тамақ
жеп болған соң біреу оны өзгелермен
таныстырады. Ол төмен қарап тыңдап, иіледі. Бұл
қандай той, ол кім? (Беташар тойы)
2. Мұны ер жігіттер ойнайды. Ол үшін жүйрік ат,
ептілік және шапшаңдылық керек. Қажет заттың
тек ұшы ғана көрінеді. Оған қолы жеткен жігіт оны
ұнатқан адамына сыйлайды. Бұл қандай ойын, ол
не? (Теңге ілойыны,түйіншек)
3. Ол тойларда беріледі. Көп адам бір затқа таласады. Оған жүйрік ат та
білек күші де керек. Оны жеке – жеке немесе топқа бөлініп те жүргізеді. Бұл
не? (Көкпар)
4. Бұл қазақтар өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Оған балалар да
қатысады. Ол үшін ала жіп, көк шөп, қайшы және жүйрік адам керек. Бұл не?
(Тұсаукесер)
І-Жүргізуші(Махабат) : Тұрмысқа қатысты сұрақтар.
1. Мұны қазақтарда екі түрі болған. Ол негізінен жыл мезгіліне байланысты
бөлінген. Кейде жылжымалы түрде қолданылған. Тұрмыс жағыдайына қарай
бөліктері мемілекеттік рәміздердің бірінде бейнеленген. Ол не? Қайда
пайдаланылады? (Киіз үй, қазақ тұрмысында кең пайдаланылған)
2. Ол үй жиhаздарының бірі. Тұрмыс қажетіне де, сәндік бұйымдар ретінде
де, қолданылған. Ол әртүрлі қызмет атқарады, соған түрліше аталады және үй
ішінің әр жерінен орын алады. Кейде онымен адамды да тасиды, не
жасырады. (Сандық)
3. Ол далада өседі. Одан үй шаруасына қажет бұйым жасалады. Оны түрлі
түсті жүндермен өрнектеуге болады. Ол желдеткіштердің де рөлін атқарады.
Үйдің ішін бөлуге, құрт, ет жаюға пайдаланылған. Ол не, қайда, қашан
қолданылады. (Ши)
4.Оны негізінен үлкен әжелер
киеді. Оны әйелдердің жасына
қарай әр түрлі етіп әрлеуге болады,
ол әйелдеріне ғана тән айбын, көрік
береді. Қазір көп қолданылмайды.
Ол не? (Кимешек)
ІІ Жүргізуші(Абылай): Рахмет достар! Енді кезекті «Халқын сүйген –
салтын сүйер» деген бөлімге берейік.
Әдет ғұрып, салт дәстүрі қазақтың,
Жарасымды, үйлесімді ғажап шың.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан қашпайық!
Көрініс: «Қыз ұзату» : Алақаннан ұшқан –аққу әні Нұрланның
орындауында
VІ бөлім. І-Жүргізуші(Махабат): Келесі кезекте кешіміздің соңғы бөлімі -
-Дастархан дәмі.
Қазақ осы, айтатұғын желге сыр,
О, ағайын, халық емес, ол кесір.
Қазақ осы, аңғал саңғал жабусыз,
Қазақ осы, дастарқаны көл көсір!
«Ас адамның арқауы» дегендей ата бабамызда дастарқан мәзіріне үлкен
мән берген. Тағам түрлерін 3-ке бөлген:
1. Ақ (сүт тағамдары).
2. Қызыл (ет тағамдары).
3. Көк (жеміс).
Үйге кірген кісі асығыс болса да «қуыс үйден құр шықпаған». Тағам
жасау, дәм тарттыру өнер ғана емес, бұл адамгершілік болып саналады.
Қазір сіздердің назарларыңызға қазақтың ұлттық тағамдары тартылып
және оның жасалу технологиялары түсіндіріледі.
Ән: «Толғау» әнімен Нұрланды шақырамыз.
Атам- кітап, мен дәптер,
Ақыл толы сөзіне.
Қызығам да, әлбетте
Көшіремін өзіме.
-Достарым, түсініңдер сөздің парқын,
Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.
Салт- дәстүрін бабамның үйреніңдер,
Бақытқа бөлеңдерші, қазақ халқын, - деп
Бүгінгі тобымыздың дайындаған «Бабадан
бізге не қалған?» атты шағын ғана мерекелік
шарамызды жабық деп жариялай отырып,
осы сәттен пайдаланып Құрметті қонақтар
және ұстаздар, сіздерді амал мерекесімен құттықтап, Жаңа жылдарыңыз
құтты болсын деп, дендеріңізге саулық, өздеріңізге қуат, көңілдеріңізге
қуаныш және өмірлеріңізге шуақ тілейміз!
Ән: «Атамекен» Хор.
Соңы.
Мерекелік кештен көріністер
тарбие сагаты
тарбие сагаты

More Related Content

Similar to тарбие сагаты

отбасым киелі шаңырағым
отбасым   киелі  шаңырағымотбасым   киелі  шаңырағым
отбасым киелі шаңырағымnurbolat84
 
асқар тоқмағамбетов « құлақ пен тымақ»
асқар тоқмағамбетов « құлақ пен тымақ»асқар тоқмағамбетов « құлақ пен тымақ»
асқар тоқмағамбетов « құлақ пен тымақ»Serjan Kasen
 
303ллоршгршг
303ллоршгршг303ллоршгршг
303ллоршгршгnurlan93kz
 
алматы мастер класс
алматы мастер классалматы мастер класс
алматы мастер классAsem Sarsembayeva
 
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.Nurlan Abilhanov
 
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұзЖыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұзАйбек Қуандықұлы
 
асанова чынара сабақf
асанова чынара  сабақfасанова чынара  сабақf
асанова чынара сабақfNurlan Abilhanov
 
999кукеуе
999кукеуе999кукеуе
999кукеуеnurlan93kz
 

Similar to тарбие сагаты (20)

внеклассное мероприятие ұрпақтар үні
внеклассное мероприятие ұрпақтар үнівнеклассное мероприятие ұрпақтар үні
внеклассное мероприятие ұрпақтар үні
 
отбасым киелі шаңырағым
отбасым   киелі  шаңырағымотбасым   киелі  шаңырағым
отбасым киелі шаңырағым
 
1369 i__85
1369  i__851369  i__85
1369 i__85
 
Ұлттық ұғымдар
Ұлттық ұғымдарҰлттық ұғымдар
Ұлттық ұғымдар
 
асқар тоқмағамбетов « құлақ пен тымақ»
асқар тоқмағамбетов « құлақ пен тымақ»асқар тоқмағамбетов « құлақ пен тымақ»
асқар тоқмағамбетов « құлақ пен тымақ»
 
киелі аспап қобыз
киелі аспап   қобызкиелі аспап   қобыз
киелі аспап қобыз
 
303ллоршгршг
303ллоршгршг303ллоршгршг
303ллоршгршг
 
№68 мибб абдильдина м.к. сөйлеуді дамыту.
№68 мибб абдильдина м.к. сөйлеуді дамыту.№68 мибб абдильдина м.к. сөйлеуді дамыту.
№68 мибб абдильдина м.к. сөйлеуді дамыту.
 
sdsdsds
sdsdsdssdsdsds
sdsdsds
 
алматы мастер класс
алматы мастер классалматы мастер класс
алматы мастер класс
 
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
 
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұзЖыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
 
Үй жануарлары (Төрт түлік)
Үй жануарлары (Төрт түлік)Үй жануарлары (Төрт түлік)
Үй жануарлары (Төрт түлік)
 
мақал мәтел
мақал мәтелмақал мәтел
мақал мәтел
 
коркем адебиет
коркем адебиеткоркем адебиет
коркем адебиет
 
7778
77787778
7778
 
көкөністер айтысыD
көкөністер айтысыDкөкөністер айтысыD
көкөністер айтысыD
 
асанова чынара сабақf
асанова чынара  сабақfасанова чынара  сабақf
асанова чынара сабақf
 
999кукеуе
999кукеуе999кукеуе
999кукеуе
 
презентация Microsoft office power point
презентация Microsoft office power pointпрезентация Microsoft office power point
презентация Microsoft office power point
 

More from Asem Sarsembayeva

современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитанияAsem Sarsembayeva
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентацияAsem Sarsembayeva
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығуларAsem Sarsembayeva
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктерAsem Sarsembayeva
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»Asem Sarsembayeva
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человекаAsem Sarsembayeva
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановнаAsem Sarsembayeva
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаеваAsem Sarsembayeva
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевнаAsem Sarsembayeva
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17Asem Sarsembayeva
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдAsem Sarsembayeva
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина мояAsem Sarsembayeva
 

More from Asem Sarsembayeva (20)

урок
урокурок
урок
 
конспект урока
конспект урокаконспект урока
конспект урока
 
современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитания
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентация
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулар
 
тренинг
тренингтренинг
тренинг
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктер
 
чуковский
чуковскийчуковский
чуковский
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человека
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановна
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаева
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевна
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевна
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевна
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17
 
шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.
 
магрупова
магруповамагрупова
магрупова
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайд
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина моя
 

тарбие сагаты

  • 1. Тәрбие сағатының тақырыбы: Бабадан бізге не қалған? Дайындаған: Ақтау қаласы «Қайнар» колледжінің физика-математика пәнінің оқытушысы Уразова Жумагул Раджаповна Мақсаты: Ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен даритын өзіндік ұлттық қасиетімізді, халқымыздың тәлім-тәрбиесін жастардың бойында қалыптастыру. Көрнекілігі: Қанатты сөздер, бүктеме, бұрыш, үнтаспа, слайд І-Жұмагүл апай: Бүгінгі «Бабадан бізге не қалған?» атты тәрбие сағатымыздың мақсаты ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, кейінгі ұрпаққа жеткен мұрасымен жақынырақ танысу болмақ. Атамыз қазақ бір ауыз сөзбен қуантып, бір ауыз сөзбен жауын орнынан тұрғызбай тастаған шешен, қайсар, кеңпейіл, дархан халық болғаны бізге тарихтан белгілі. Ізетіңді ине етіп, Иманыңды түйме етіп, Инабатты күйме етіп, Жүрші балам, жамандықты күйретіп, - дегендей, ізгі ұрпақ, жастар бабамыздың жақсы дәстүрін бойларына сіңіріп, жалғастырып, жамандықтан аулақ, жаны таза, әрқашан да елжанды ұрпақ болуымыз керек-дей отыра кешімізді қазағымыздың қара домбырасын серік қылып жүрген, өнерлі баламыз Нұрланның «Әлеумет келдің, ал қалай...?» әнімен бастаймыз IІ- жүргізуші(Абылай) Сәлеметсіздер ме,өнер сүйер асыл халќым, Мереке құтты болсын ауылдасым. Тағы да келіп жетті сайысымыз, Жырлайтын қазағымның дәстүр салтын! - дегендей, бүгінгі Құқықтану тобының 1-курс студенттері ұйымдастырған «Бабадан бізге не қалған?» атты шағын ғана мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!!! Ей, тәкаппар дүние Маған да бір қарашы. Танимысың сен бізді? Біз қазақтың баласы! (монтаж, өлең оқиды)
  • 2. 1.Азамат: Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін, Қайта тудым, өмірге қайта келдім. Мен мың да бір тірілдім, мәңгі өлмеске, Айта бергім келеді, айта бергім. 2. Жұлдыз: Ата-бабам ардақты, Жамандыққа бармапты. Ардақ тұтып үлкенді, Ата жолын жалғапты. 3. Гүлназ: Кең даланың ежелгі, Қазақ деген халқымыз. Өзге ұлттай біздің де, Бар дәстүр мен салтымыз. 4. Айгерім: Тілім барда, қазағым бар, халқым бар, Дәстүрім бар, ата жолы, салтым бар. Кең даладай, жиналмаған шалғайы, Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдақ. 5. Нұрлан: Көк байрағым, ар намысым, жігерім, Ән ұраным-қайрат, күшім, тірегім. Ел таңбамда- бүкіл елдің тарихы, Тұрмыс салтым, тағы сонда білемін. ІІ-жүргіуші: - Достар! Бабамыздан бізге не қалған? Хормен: - Шешендік сөз нәрі. - Салт- дәстүр нәрі. - Мереке нәрі. - Ескірмейтін ескі сөз. - Дастархан Дәмі. І-жүргіуші:(Махабат) Жанарғаны сананың, Ұмытады мұны кім? Ата бабам дәстүрін Жайып салар келді күн! ӘН: «Қазақ осы» әнімен Нұрланды шақырамыз. ІІ-жүргізуші:(Абылайхан)Ендігі кезекті кешіміздің 1-ші бөліміне берейік- - Шешендік сөз нәрі. Билер ортада:
  • 3. Төле би(Әділхан): - Ал, балаларым, менің ұрпақтарым, Сендерді ата бабамыздың шешендік сөздерін көп біледі дейді. Араларыңда дарынды балар да көп екен. Жарайсыңдар! Енді мен сендерге сұрақтар қойып көрейін. Бір, екі, үш, төрт . Ақмарал: Мен айтайын, ата рұқсат етсе Бір дегенім, бірлігі кеткен ел жаман. Екі дегенім, егесіп өткен ер жаман, Үш дегенім, үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман. Төрт дегеніміз, төсектен безген жас жаман! Төле би: Ай, Жарайсың балам! Өркенің өссін! Қазыбек би (Қайрат): Жарайсыңдар! Ал енді мен сендерге бір сұрақ қояйын. Не қымбат? Жұлдыз: Алтын ұяң Отан қымбат, Құт берекең атаң қымбат, Аймалайтын анаң қымбат, Мейірімді апаң қымбат. Кіндік кескен жерің қымбат, Ұят пенен ар қымбат! Қазыбек би : Жарайсың балам! Айтеке би (Нұржан): Қазақта күрестің неше түрі бар? Нұрлан: Қазақта күрестің жеті түрі бар: 1 Қазақша күрес 2 Жатып күрес 3 Тауық күрес 4 Білектесу 5 Сірес күрес 6 Аударыспақ 7 Арқан тарту. І-жүргіуші:(Махабат) Рахмет достар! Дарытқан бар асылды өз елінен,
  • 4. Қыз сұлу көрінеді өнерімен. Құлпырады тобымыздың Гүлназы Өткендей сұлулықтың елегінен- деп ортаға әнші қызымыз Гүлназды «Әгугай» әнімен шақырамыз. І-Жүргізуші: (Абылай) Туылған соң адам боп Білімсізден жаман жоқ. Ел дәстүрін білмесең, Жұрт айтады надан – деп келесі кезекте кешіміздің II-ші бөлімі Салт дәстүр өнері. Ата салты ардақты Әрбір сөзі салмақты, Сол сөздерді ұқпаса Тістерсің бір күні бармақты - дегендей Қазақ халқында салт дәстүр өте көп! Қане достар, соның ішіндегі бір қатарын атап өтіп және оларға шағын анықтама бере кетейік: (Айсауле)-Сүйінші сұрау шын қуанғандықтың белгісі! (Гүлназ)-Байғазы балалардың жаңа киімі үшін берілетін сыйы. (Айгерім)-Тоқымқағар жасау бұл жас жігіт алғаш рет жолға шыққанда, мал сойылып, ойын сауық, өлең жыр айтылып жасалатын бас қосу. (Жұлдыз) -Алыс сапарға , сауда жолына шыққан адамдар туыстарына, балаларға ірілі ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі. (Қ.Жұлдыз) -Басқа жақтан көшіп келген көршілерге тұрғындар «ерулік» береді, яғни тұрғындар жаңа көршілерін қонаққа шақырады. (Нұрлан) Жеті ата... (Саламат) Бата... ІІ-жүргізуші:(Абылайхан) Құрметті көрермендер өздеріңіз куә болып отырғандай хақымыздың салт дәстүрлері өте көп және олардың біраз бөлігін атап өттік. Ендігі кезекті тобымыздың шағын ғана дайындаған «Тұсау кесер» атты көрінісіне берейік! ӘН: Тойбастар әніменНұрланды шақырамыз «Тұсау кесер» көінісі. І-Жүргізуші:(Махабат) Қазақ халқы үйге келген қонақты қарап отырмайды, сынап отырады. Соған орай қонақтарымыздан төмендегі
  • 5. аңыз әңгімелердің негізінде, халық арасында қандай мақал мәтелдер қалған деген сұраққа жауап сұраймыз. Қазір мен сіздерге екі аңыз әңгіменің мәтінін оқып беремін. Сіздердің міндеттеріңіз, осы аңыз әңгіменің негізінде халық арасында қандай мақал мәтел қалғанын айтып берулеріңіз керек. Дұыс жауабын тапқан адамды біздің бағалы сыйлығымыз күтеді. Ал, енді мұқият тыңдаңыздар. (Аңыз әңгімелер оқылады, соның мағынасын түсіндіріп, пайда болған мақал-мәтелді табу керек) Құрметті көрермендер, сіздер ойлана беріңіздер. Ал бұл уақытта басқа да көрермендеріміз жалықпас үшін келесі кезекті әнге береміз. Алдарыңызда- Қыз сұлу көрінеді қылығымен, Жарыла төгілген қос бұрымымен. Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы, Қыз сұлу көрінеді өнерімен -деп ортаға «Ақ жайнақ» әнімен Гүлназды шақырамыз Ал енді сіздерге берілген уақыт осымен тәмамдалды. III бөлім. ІІ- жүргізуші(Абылайхан): Келесі кезекті кешіміздің 3-ші бөлімі. Мереке сәні. Ұлттық киім өзіме жарасады, Киінеміз далаша , қалаша да, Қалпағы мен тымағын кезек киіп, Қутыңдайды қазақтың қара шалы, - дегендей, Бабаларымыз да сәнді киіне білген , әжелеріміз жаулық, кимешек киген; қыз балалар сәукеле, әсем сәнді киім киген; ал ұл балалар тон мен тымақ, бөрік, қалпақ киген. Алдарыңызда тобымыздың дайындаған, қазақтың ұлттық киімдерінің сән үлгілері! Қарсы алыңыздар! Ән: «Әдемі қыз» домбырада Нұрлан ІІ- жүргізуші: Енді IV бөлімге келетін болсақ - Ескірмейтін ескі сөз деп Аталады. Келесі кезекте күнделікті өмірде ата әжелеріміз, ата -аналарымыз айтып отыратын ырым мен тыйым сөздеріне тоқтала кетейік:  Отқа су құйма, түкірме. Себебі, от - өмір,тіршілік көзі саналған.  Мал сүйегін отқа жақпа, ақты төкпе. Себебі, тірі малдың сүйегі сырқырап, желіні іседі, малсыз қалып, жоқшылыққа ұшырайды деген
  • 6. ұғым бар.  Ќазақ түнде адам, мал санамайды. Себебі, басың кемиді деп ырым еткен.  Пышақтың жүзін жалама, пышақты кеземе. Себебі, пышақ ұзарып кетеді деп түсінген.  Үйге қарай, үйді айналып жүгірме. Себебі,әдепке жат. ІІ-Жүргізуші(Абылай) ӘН: Нұрланның орындауында «Нұрымның насихат сөзі» І- жүргіуші(Махабат): Міне құрметті қонақтар және достар! Бабамыздан қалған осындай ескірмейтін ескі сөз нәрлерін әрдайым ойымызға түйіп, жадымызда сақтай жүрейік. Келесі кезекті «кім тапқыр» кезегіне беріп, мұнда топ қатысушыларынан 2-уін ортаға шақырып 3 мин ішінде сұрақтарға кім қаншалықты тез жауап беруін байқаймыз. Әрине байқап отырғандарыңыздай бұл жерде жастардың ой ұшқырлығы сыналайын деп тұр. Мұнда сендерге төмендегідей сұрақтарды ұсынамыз: Салт – дәстүрге, ұлттық ойындарға қатысты сұрақтар: 1.Оны отбасына бір адам қосылғандажасайды. Жаңа келген адамға кәмпит шашады. Оны өзгелерден бөліп ұстайды. Ел тамақ жеп болған соң біреу оны өзгелермен таныстырады. Ол төмен қарап тыңдап, иіледі. Бұл қандай той, ол кім? (Беташар тойы) 2. Мұны ер жігіттер ойнайды. Ол үшін жүйрік ат, ептілік және шапшаңдылық керек. Қажет заттың тек ұшы ғана көрінеді. Оған қолы жеткен жігіт оны ұнатқан адамына сыйлайды. Бұл қандай ойын, ол не? (Теңге ілойыны,түйіншек) 3. Ол тойларда беріледі. Көп адам бір затқа таласады. Оған жүйрік ат та білек күші де керек. Оны жеке – жеке немесе топқа бөлініп те жүргізеді. Бұл не? (Көкпар) 4. Бұл қазақтар өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Оған балалар да қатысады. Ол үшін ала жіп, көк шөп, қайшы және жүйрік адам керек. Бұл не? (Тұсаукесер) І-Жүргізуші(Махабат) : Тұрмысқа қатысты сұрақтар. 1. Мұны қазақтарда екі түрі болған. Ол негізінен жыл мезгіліне байланысты бөлінген. Кейде жылжымалы түрде қолданылған. Тұрмыс жағыдайына қарай бөліктері мемілекеттік рәміздердің бірінде бейнеленген. Ол не? Қайда пайдаланылады? (Киіз үй, қазақ тұрмысында кең пайдаланылған)
  • 7. 2. Ол үй жиhаздарының бірі. Тұрмыс қажетіне де, сәндік бұйымдар ретінде де, қолданылған. Ол әртүрлі қызмет атқарады, соған түрліше аталады және үй ішінің әр жерінен орын алады. Кейде онымен адамды да тасиды, не жасырады. (Сандық) 3. Ол далада өседі. Одан үй шаруасына қажет бұйым жасалады. Оны түрлі түсті жүндермен өрнектеуге болады. Ол желдеткіштердің де рөлін атқарады. Үйдің ішін бөлуге, құрт, ет жаюға пайдаланылған. Ол не, қайда, қашан қолданылады. (Ши) 4.Оны негізінен үлкен әжелер киеді. Оны әйелдердің жасына қарай әр түрлі етіп әрлеуге болады, ол әйелдеріне ғана тән айбын, көрік береді. Қазір көп қолданылмайды. Ол не? (Кимешек) ІІ Жүргізуші(Абылай): Рахмет достар! Енді кезекті «Халқын сүйген – салтын сүйер» деген бөлімге берейік. Әдет ғұрып, салт дәстүрі қазақтың, Жарасымды, үйлесімді ғажап шың. Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық, Насихаттап, жаңартудан қашпайық! Көрініс: «Қыз ұзату» : Алақаннан ұшқан –аққу әні Нұрланның орындауында VІ бөлім. І-Жүргізуші(Махабат): Келесі кезекте кешіміздің соңғы бөлімі - -Дастархан дәмі. Қазақ осы, айтатұғын желге сыр, О, ағайын, халық емес, ол кесір. Қазақ осы, аңғал саңғал жабусыз, Қазақ осы, дастарқаны көл көсір! «Ас адамның арқауы» дегендей ата бабамызда дастарқан мәзіріне үлкен мән берген. Тағам түрлерін 3-ке бөлген: 1. Ақ (сүт тағамдары). 2. Қызыл (ет тағамдары). 3. Көк (жеміс). Үйге кірген кісі асығыс болса да «қуыс үйден құр шықпаған». Тағам
  • 8. жасау, дәм тарттыру өнер ғана емес, бұл адамгершілік болып саналады. Қазір сіздердің назарларыңызға қазақтың ұлттық тағамдары тартылып және оның жасалу технологиялары түсіндіріледі. Ән: «Толғау» әнімен Нұрланды шақырамыз. Атам- кітап, мен дәптер, Ақыл толы сөзіне. Қызығам да, әлбетте Көшіремін өзіме. -Достарым, түсініңдер сөздің парқын, Әр кезде бола берсін жүздер жарқын. Салт- дәстүрін бабамның үйреніңдер, Бақытқа бөлеңдерші, қазақ халқын, - деп Бүгінгі тобымыздың дайындаған «Бабадан бізге не қалған?» атты шағын ғана мерекелік шарамызды жабық деп жариялай отырып, осы сәттен пайдаланып Құрметті қонақтар және ұстаздар, сіздерді амал мерекесімен құттықтап, Жаңа жылдарыңыз құтты болсын деп, дендеріңізге саулық, өздеріңізге қуат, көңілдеріңізге қуаныш және өмірлеріңізге шуақ тілейміз! Ән: «Атамекен» Хор. Соңы. Мерекелік кештен көріністер