SlideShare a Scribd company logo
1 of 5
Тақырыбы: Әдептілік-әдемілік.
Мақсаты:
-Балалардың өмірге қажетті білік - дағдыларын терендете отырып, сыйластық,
үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу .
-Әдептілік қағидаларын меңгерту арқылы имандылыққа, инабаттылыққа,
адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сынып ішін шарлар мен гүлдермен безендіру, тақта,а «Әдептілік -әдемілік»
деген сөз қиып жапсыру, әдептілікке байланысты мақал –мәтелдер, қанатты сөздер ілу,
слайд арқылы суреттер сөзжұмбақ, ребус, суреттер көрсету.
Барысы:
Мысық пен Ит болып киінген екі бала дауласып шығады.
Мысық: -Қой дедім ғой мен саған!
Ит: -Р-р-р саған сол керек! Қандай ұсқынсыз едің! Түріңе қарашы!
Мысық: -Не дедің? Мен бе ұсқынсыз? Өзіңе қарашы. /жылайды/
Мұғалім : -Мына жерде не болып жатыр? Не қылған шу? Кім түсіндіреді?
/екеуі де бір-бірінің сөздерін тыңдамай түсіндіре бастайды/
Мұғалім: -Кәне, дұрыстап кезекпен түсіндіріңдерші?
Мысық: -Мынау бар ғой мені ылғи кемсітіп, мазақтай береді. /жылайды/
Мұғалім: -Бұларың енді дұрыс болмады. Сендерге бұлай дұрыс емес екенің қалай
түсіндірсем екен? /Ойланады/ Иә, таптым! Бүгін біз сыныбымызбен бірге әдептілік еліне
саяхатқа шықпақшымыз. Сендер де бізбен бірге барсаңдар қайтеді.
Мысық пен ит: Иә-иә барамыз!
Мұғалім: -Бірақ бір шартым бар. Сендер әдептілік елінде өздеріңді әдепті ұстайсыңдар.
Ит: Иә-иә, ұстаймыз, бірақ ол қалай?
Мұғалім: -Сендерге барлығын менің оқушыларым үйретеді. Ал, бірінші қонақтармен
амандасып алайық.
Хормен: Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Келіп қалған қонақтарға ,
Сәлем бердік біз.
1-оқушы: Сәлеметсіздер ме?!
2-оқушы: Амансыздар ма!?
3-оқушы: Есенсіздер ме!?
4-оқушы: Ассалаумұғалейкум
5-оқушы: Бала-шағаңыз, мал жаныңыз аман ба?
Мүғалім: -Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Бүгінгі 2 “ә” сыныбының “Әдептілік-
әдемілік” атты ашық сынып сағатымызға қош келіпсіздер.Бүгін біз сыныбымызбен
“Әдептілік еліне” саяхатқа шықпақшымыз. Сондықтан да сіздерді де бізбен бірге
болуларыңызды сұраймыз. Ол үшін сен екеуіңнің көмектерің керек./Ит пен мысыққа
қарайды/
Сендер оқушыларды екі топқа бөлуге көмектесесіңдер. Екі топқа бөліну үшін менің
қолымдағы қобдишадағы асықтарды таңдап алу керек.Қызыл түс- мысықтың тобы, ал көк
түс –иттің тобы болмақ. Ал , бізге әділ бағасын беретін сарапшыларды тағайындап
алайық. /сарапшыларды таңдау/
Мұғалім: -Балалар, сендер қандай гүлдерді білесіңдер?
Оқушылар:-
Мұғалім: Ал , сендер өмірдегі ең әдемі гүл қайсысы екенін білесіңдер ме?
Олай болса, өмірдегі ең әдемі гүл әдептілік гүлі. Қазір мен оны сендерге алып
келдім./гүлді көрсетеді/ қап іттеген-ай , балалар, әдептілік гүлі солып күлте
жапырақшалары түсіп қалыпты.Не істеймі. Сендер бүгін тәртіпсіз болдыңдар ма? Кәне
гүлімізді тірілтейік. Ол үшін сендердің қаншалықты әдепті екендіктерің көмектеседі.
Гүл құрастыру
1- күлте тапсырмасы сөзжұмбақ шешу.
1. Алма ағашында өседі
2. Түйенің жүрісі
3. Білімді, тілалғыш бала.
4. Қоянды қамыс , батырды ..өлтіреді
5. Ақылгөй, данышпан ,ғұлама адам...
6. Өмірдегі жұмсақтың жұмсағы, тәттіңің тәттісі бар адам.
7. Шыдамды, төзімді сөзінің синонимі.
8. Кереге мен шаңырақты бекітетін таяқша
Екі топтың ұпайларын жазып отыру
Мақал мәтел айтып жарысу
Мұғалім:
1. Әдептілік – сәлемдесуден басталады.
2. Мектепте өзінен жасы үлкен кісілер кездессе, оларды таныса да, танымаса да
сәлем беру.
3. Сәлемдесу салты «Сәлеметсіз бе!», «Ассалаумағалейкум» деген сөзден басталады.
Бұл сөз араб тіліндегі «Сізге тыныштық тілеймін» деген жақсы тілекті білдіреді.
3. Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді деген
өнегелі өсиет бар. Сәлем беру имандылық, әдептілік, көргенділік болады. Үлкенге
сәлем беру кіші адамның міндеті. Кіші адам үлкен адамға сәлем бермей кетсе ол
әдепсіздік көргенсіздік болады.
1.Амандасу. /ОҚЫТУ./
2. Көрініс. «Ұшқан ұя.»
2- күлте тапсырмасы ребус шешу.
,,, , , , ,
/кішіпейіл/
Мүғалім: -Кішіпейілділік дегенді сендер қалай түсінесіңдер?
Оқушы:
Адамдарға кешіріммен қарайтын.
Жан жылуы жылылық болып тарайтын,
Кішіпейіл бала болғым келеді,
Айналасын нұрлы күнге балайтын.
3- күлте тапсырмасы «Ғажайып алаңы» ойыны.
Мұғалім: Балалар мына жасырынған сөз Айгүлдің бойындағы жақсы қасиет. Сол сөзді
тауып алу керек. Ол үшін мәтінді оқимын сендер тыңдаңдар.
а
м
а
н
д
а
с
у
л м а
а ң
қ ы л ыд
м ы
а
а
н
с
а
н
а
а
рыб л ы
қы
с ы алй с т ы қ
Мәтін
Баламның амандығын біліп, немеремді иіскеп қайтайын деп үйден шықтым. Мен өтетін
жолда 4-5 жасар шамасындағы қыз тұрды
Қасына келіп:
-Бұл жерде не қылып тұрсың? –дедім.
-Сізді күтіп тұрмын.Үлкен кісінің алдын кесіп кетуге болмайды ғой.
-Ой айналып кетейін көп жаса атың кім?
-Гүлнар
-Кімнің баласысын?
-Апамның
Немереме алып шыққан құрт , ірімшігімді Гүлнарға бердім.
-Үйде кішкентай Сая бар. Соған беремін.Рахмет, ата!-деп жүзіме қуана қарады. Кіп
кішкентай Гүлнардың тәрбиелі, тәртіптілігіне риза болдым.
Сұрағы: Гүлнардың бойында қандай қасиет бар?
Мұғалім: ал, сендер үлкендерді қалай сыйлайсыңдар?
4-күлте тапсырмасы Тренинг Кешірім сұрау.
Кешірім- ізгіліктің белгісі –деп дана халқымыз жай айтпаған.Кешіре білу адамның
өзімен, өзгелермен үйлесімді өмір сүруіне мүмкіндік жасайды. Достар бір-бірін кешіре
білсе, қателігін мойындай алса, достық берік болады.
Ендеше, балалар білместіктен жасаған қателіктеріміз болса, бір-бірімізден кешірім
сұрайық. /сынып дөңгелене тұрып бір –бірінен кешірім сұрайды. Ең бірінші мұғалім
бастап айтады./
5 –күлте тапсырмасы сиқырлы сөздер
2 топқа сиқырлы сөздерді айтып жарыстыру. Әр сиқырлы сөздің қай кезде айтылатынын
түсіндіріп өту.
Ән «Не деу керек?»
Мұғалім: Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге
ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты
үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз
оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын бала - барлық жақсы
қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға
тырысуы керек. Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін мына өлең
жолдарынан тыңдап көрсек.
1-оқушы
Жылай қалсақ жұбанамыз
Ақыл тыңдап тіл аламыз
Біз тәртіпті баламыз
2-оқушы
Таңда ерте тұра аламыз
Беті-қолды жуа аламыз
Біз ұқыпты баламыз
3-оқушы
Ұлкендерді сыйлаймыз біз.
Үй тазалап жинаймыз біз
Біз қолқанат баламыз.
4-оқушы
Домбыра да тарта аламыз
Өлеңді де айта аламыз
Біз өнерпаз баламыз
5 -оқушы
Аспаны ашық еліміздің
Көркі сұлу жеріміздің
Біз бақытты баламыз.
Нұрай
Жабырқауды білмейміз.
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талапты жас ұлан
Үлгі аламыз жақсыдан
Динара
Балбұл жанған гүл шағында
Біз Отанның ұланымыз,
Бақытты елдің құшағында
Білім алу ұранымыз.
Ән «Бала тілегі»
Бахтияр
Туған жерге аунап қунар
Біз ұланбыз, өрімдейміз.
Біз ұланбыз еңбекқұмар
Өнер десе ерінбейміз.
Ән «Еңбекшіл осындай»
Элдана
Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,
Мінезімнен ешбір қылық таппайды.
Ал егер сен жалқау болсаң тілазар.
Ондай қылық жақсылыққа жатпайды.
М Динара
Қарсы алдынан кесіп өтпей көлденең
Қашанда мен үлкендерге жол берем,
Абайсызда қалса біреу сүрініп
Сол заматта сүйеніш боп қол берем.
Мұғалім: -Балалар, барлықтарың мына слайдтағы суреттерге қарап бір кішкене ойға
шомылайық. Бұл слайдтағы суреттердің әдептілікке қандай қатысы бар екенін айта
қоялық.
-Табиғатсыз адамның күні жоқ, ал табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ деп жайдан жай
айтылмаған. Табиғатты аялау, құрметпен қарау, қадірлеу әдептіліктің ажырамас бөлігі.
Сол сияқты біз де табиғатқа әдептілікпен қарауымыз керек. Сонда ғана табиғатымыз
сұлулана түседі.
Мерей
«Құс ұясын бұзбайық» мәнерлеп оқу
Дархан
Сыйластықты іздеген,
Әдеп сақтар ізгі өрен
Сыпайылықбелгісі
Үлкендерге сіз деген,
Бекзат
Үлкенге иман керек,
Кішіге иба керек.
Адамдар бірін-бірі,
Құрметтеп сыйлау керек.
Мұғалім: - Балалар, біз бүгінгі сабағымызда әдептілік, сыпайылық жайлы сөйлестік.
Әдепті, сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін түсіндік.
Сондықтан да әдептілік әсемділікке жатадынын ұмытпайық.
Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды,
өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтуды естен шығармайық. Жақсы мен жаман әдет
қалыптарды ажыратуды, жақын адамдарға қамқорлық, оларға көмек көрсету дағдыларын
бойымызға қалыптастырайық. Ал ендігі кезекте сарапшыларымызға сөз кезегін берейік.
Бүгінгі сабақта қай топ алда екенін естиік.
Ән «Сағындым, әже,сағандым»
-Осымен әдептілікке арналған тәрбие сағатымыз аяқталды,қош сау болыңыздар!
/Соңында тілектер жазылған шарларды лақтыру/

More Related Content

What's hot (10)

ж.к.рахимбекова на конкурс
ж.к.рахимбекова на конкурсж.к.рахимбекова на конкурс
ж.к.рахимбекова на конкурс
 
қозыкүрен1
қозыкүрен1қозыкүрен1
қозыкүрен1
 
Men otanh
Men otanhMen otanh
Men otanh
 
332jhjkhkjhkjhjk
332jhjkhkjhkjhjk332jhjkhkjhkjhjk
332jhjkhkjhkjhjk
 
7878fd
7878fd7878fd
7878fd
 
Ggggs
GgggsGgggs
Ggggs
 
Zin zi tanu-lgi-saba
Zin zi tanu-lgi-sabaZin zi tanu-lgi-saba
Zin zi tanu-lgi-saba
 
1441dfefwefefef
1441dfefwefefef1441dfefwefefef
1441dfefwefefef
 
Туыстық қатынас.ppt2
Туыстық қатынас.ppt2Туыстық қатынас.ppt2
Туыстық қатынас.ppt2
 
алемди тербеткен мейрм 5 сын
алемди тербеткен мейрм 5 сыналемди тербеткен мейрм 5 сын
алемди тербеткен мейрм 5 сын
 

Similar to qQq

6 ынып ашық сабақ
6 ынып ашық сабақ6 ынып ашық сабақ
6 ынып ашық сабақoquzaman
 
Зат есімнің тәуелденуін пысықтау
Зат есімнің тәуелденуін  пысықтауЗат есімнің тәуелденуін  пысықтау
Зат есімнің тәуелденуін пысықтауNurlan Abilhanov
 
ашық сабақ мейірімділік асыл қасиет 3 а
ашық сабақ мейірімділік асыл қасиет 3 аашық сабақ мейірімділік асыл қасиет 3 а
ашық сабақ мейірімділік асыл қасиет 3 аAsem Sarsembayeva
 
нурышева н.к. менин отбасым
нурышева н.к. менин отбасымнурышева н.к. менин отбасым
нурышева н.к. менин отбасымoquzaman
 
венера халмуратовна
венера халмуратовнавенера халмуратовна
венера халмуратовнаAsem Sarsembayeva
 
Адамгершілік-адамдықтың белгісі.pptx
Адамгершілік-адамдықтың белгісі.pptxАдамгершілік-адамдықтың белгісі.pptx
Адамгершілік-адамдықтың белгісі.pptxKalimaBakhiyeva
 
әліппемен қоштасу
әліппемен қоштасуәліппемен қоштасу
әліппемен қоштасуNurlan Abilhanov
 

Similar to qQq (20)

мейірімділік
мейірімділікмейірімділік
мейірімділік
 
отбасы(1)
отбасы(1)отбасы(1)
отбасы(1)
 
7778
77787778
7778
 
Сын есім
Сын есімСын есім
Сын есім
 
6 ынып ашық сабақ
6 ынып ашық сабақ6 ынып ашық сабақ
6 ынып ашық сабақ
 
Зат есімнің тәуелденуін пысықтау
Зат есімнің тәуелденуін  пысықтауЗат есімнің тәуелденуін  пысықтау
Зат есімнің тәуелденуін пысықтау
 
Ddddd
DddddDdddd
Ddddd
 
47 ------ -
47 ------ -47 ------ -
47 ------ -
 
төзім мен табандылық
төзім мен табандылықтөзім мен табандылық
төзім мен табандылық
 
ашық сабақ
ашық сабақашық сабақ
ашық сабақ
 
ашық сабақ мейірімділік асыл қасиет 3 а
ашық сабақ мейірімділік асыл қасиет 3 аашық сабақ мейірімділік асыл қасиет 3 а
ашық сабақ мейірімділік асыл қасиет 3 а
 
tttttttttttt
tttttttttttttttttttttttt
tttttttttttt
 
сабак (1)
сабак (1)сабак (1)
сабак (1)
 
нурышева н.к. менин отбасым
нурышева н.к. менин отбасымнурышева н.к. менин отбасым
нурышева н.к. менин отбасым
 
нурышева н.к. менин отбасым
нурышева н.к. менин отбасымнурышева н.к. менин отбасым
нурышева н.к. менин отбасым
 
Aaa
AaaAaa
Aaa
 
венера халмуратовна
венера халмуратовнавенера халмуратовна
венера халмуратовна
 
12333
1233312333
12333
 
Адамгершілік-адамдықтың белгісі.pptx
Адамгершілік-адамдықтың белгісі.pptxАдамгершілік-адамдықтың белгісі.pptx
Адамгершілік-адамдықтың белгісі.pptx
 
әліппемен қоштасу
әліппемен қоштасуәліппемен қоштасу
әліппемен қоштасу
 

More from Nurlan Abilhanov

Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...Nurlan Abilhanov
 
микропланирование1
микропланирование1микропланирование1
микропланирование1Nurlan Abilhanov
 
письмо культура одежды
письмо культура одеждыписьмо культура одежды
письмо культура одеждыNurlan Abilhanov
 
жыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктемжыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктемNurlan Abilhanov
 
Едендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеуЕдендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеуNurlan Abilhanov
 
Абишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ БалтабаевнаАбишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ БалтабаевнаNurlan Abilhanov
 
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағNurlan Abilhanov
 
бастауыш құстар
бастауыш құстарбастауыш құстар
бастауыш құстарNurlan Abilhanov
 
Арифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессияАрифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессияNurlan Abilhanov
 
тараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласытараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласыNurlan Abilhanov
 
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.Nurlan Abilhanov
 
787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertert787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertertNurlan Abilhanov
 
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh  84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh Nurlan Abilhanov
 
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)Nurlan Abilhanov
 
“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” Омоним“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” ОмонимNurlan Abilhanov
 
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейдім. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейдіNurlan Abilhanov
 
The first President of Kazakhstan
The first President of KazakhstanThe first President of Kazakhstan
The first President of KazakhstanNurlan Abilhanov
 
«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» Омонимдер«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» ОмонимдерNurlan Abilhanov
 

More from Nurlan Abilhanov (20)

Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
 
микропланирование1
микропланирование1микропланирование1
микропланирование1
 
письмо культура одежды
письмо культура одеждыписьмо культура одежды
письмо культура одежды
 
жыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктемжыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктем
 
Едендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеуЕдендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеу
 
Абишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ БалтабаевнаАбишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ Балтабаевна
 
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
 
биология гул
биология гулбиология гул
биология гул
 
бастауыш құстар
бастауыш құстарбастауыш құстар
бастауыш құстар
 
Арифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессияАрифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессия
 
тараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласытараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласы
 
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
 
787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertert787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertert
 
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh  84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh
 
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
 
“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” Омоним“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” Омоним
 
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейдім. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
 
The first President of Kazakhstan
The first President of KazakhstanThe first President of Kazakhstan
The first President of Kazakhstan
 
«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» Омонимдер«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» Омонимдер
 
8 сынып логика
8 сынып логика8 сынып логика
8 сынып логика
 

qQq

  • 1. Тақырыбы: Әдептілік-әдемілік. Мақсаты: -Балалардың өмірге қажетті білік - дағдыларын терендете отырып, сыйластық, үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу . -Әдептілік қағидаларын меңгерту арқылы имандылыққа, инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: сынып ішін шарлар мен гүлдермен безендіру, тақта,а «Әдептілік -әдемілік» деген сөз қиып жапсыру, әдептілікке байланысты мақал –мәтелдер, қанатты сөздер ілу, слайд арқылы суреттер сөзжұмбақ, ребус, суреттер көрсету. Барысы: Мысық пен Ит болып киінген екі бала дауласып шығады. Мысық: -Қой дедім ғой мен саған! Ит: -Р-р-р саған сол керек! Қандай ұсқынсыз едің! Түріңе қарашы! Мысық: -Не дедің? Мен бе ұсқынсыз? Өзіңе қарашы. /жылайды/ Мұғалім : -Мына жерде не болып жатыр? Не қылған шу? Кім түсіндіреді? /екеуі де бір-бірінің сөздерін тыңдамай түсіндіре бастайды/ Мұғалім: -Кәне, дұрыстап кезекпен түсіндіріңдерші? Мысық: -Мынау бар ғой мені ылғи кемсітіп, мазақтай береді. /жылайды/ Мұғалім: -Бұларың енді дұрыс болмады. Сендерге бұлай дұрыс емес екенің қалай түсіндірсем екен? /Ойланады/ Иә, таптым! Бүгін біз сыныбымызбен бірге әдептілік еліне саяхатқа шықпақшымыз. Сендер де бізбен бірге барсаңдар қайтеді. Мысық пен ит: Иә-иә барамыз! Мұғалім: -Бірақ бір шартым бар. Сендер әдептілік елінде өздеріңді әдепті ұстайсыңдар. Ит: Иә-иә, ұстаймыз, бірақ ол қалай? Мұғалім: -Сендерге барлығын менің оқушыларым үйретеді. Ал, бірінші қонақтармен амандасып алайық. Хормен: Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз Келіп қалған қонақтарға , Сәлем бердік біз. 1-оқушы: Сәлеметсіздер ме?! 2-оқушы: Амансыздар ма!? 3-оқушы: Есенсіздер ме!? 4-оқушы: Ассалаумұғалейкум 5-оқушы: Бала-шағаңыз, мал жаныңыз аман ба? Мүғалім: -Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Бүгінгі 2 “ә” сыныбының “Әдептілік- әдемілік” атты ашық сынып сағатымызға қош келіпсіздер.Бүгін біз сыныбымызбен “Әдептілік еліне” саяхатқа шықпақшымыз. Сондықтан да сіздерді де бізбен бірге болуларыңызды сұраймыз. Ол үшін сен екеуіңнің көмектерің керек./Ит пен мысыққа қарайды/ Сендер оқушыларды екі топқа бөлуге көмектесесіңдер. Екі топқа бөліну үшін менің қолымдағы қобдишадағы асықтарды таңдап алу керек.Қызыл түс- мысықтың тобы, ал көк түс –иттің тобы болмақ. Ал , бізге әділ бағасын беретін сарапшыларды тағайындап алайық. /сарапшыларды таңдау/ Мұғалім: -Балалар, сендер қандай гүлдерді білесіңдер? Оқушылар:- Мұғалім: Ал , сендер өмірдегі ең әдемі гүл қайсысы екенін білесіңдер ме? Олай болса, өмірдегі ең әдемі гүл әдептілік гүлі. Қазір мен оны сендерге алып келдім./гүлді көрсетеді/ қап іттеген-ай , балалар, әдептілік гүлі солып күлте жапырақшалары түсіп қалыпты.Не істеймі. Сендер бүгін тәртіпсіз болдыңдар ма? Кәне гүлімізді тірілтейік. Ол үшін сендердің қаншалықты әдепті екендіктерің көмектеседі. Гүл құрастыру
  • 2. 1- күлте тапсырмасы сөзжұмбақ шешу. 1. Алма ағашында өседі 2. Түйенің жүрісі 3. Білімді, тілалғыш бала. 4. Қоянды қамыс , батырды ..өлтіреді 5. Ақылгөй, данышпан ,ғұлама адам... 6. Өмірдегі жұмсақтың жұмсағы, тәттіңің тәттісі бар адам. 7. Шыдамды, төзімді сөзінің синонимі. 8. Кереге мен шаңырақты бекітетін таяқша Екі топтың ұпайларын жазып отыру Мақал мәтел айтып жарысу Мұғалім: 1. Әдептілік – сәлемдесуден басталады. 2. Мектепте өзінен жасы үлкен кісілер кездессе, оларды таныса да, танымаса да сәлем беру. 3. Сәлемдесу салты «Сәлеметсіз бе!», «Ассалаумағалейкум» деген сөзден басталады. Бұл сөз араб тіліндегі «Сізге тыныштық тілеймін» деген жақсы тілекті білдіреді. 3. Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді деген өнегелі өсиет бар. Сәлем беру имандылық, әдептілік, көргенділік болады. Үлкенге сәлем беру кіші адамның міндеті. Кіші адам үлкен адамға сәлем бермей кетсе ол әдепсіздік көргенсіздік болады. 1.Амандасу. /ОҚЫТУ./ 2. Көрініс. «Ұшқан ұя.» 2- күлте тапсырмасы ребус шешу. ,,, , , , , /кішіпейіл/ Мүғалім: -Кішіпейілділік дегенді сендер қалай түсінесіңдер? Оқушы: Адамдарға кешіріммен қарайтын. Жан жылуы жылылық болып тарайтын, Кішіпейіл бала болғым келеді, Айналасын нұрлы күнге балайтын. 3- күлте тапсырмасы «Ғажайып алаңы» ойыны. Мұғалім: Балалар мына жасырынған сөз Айгүлдің бойындағы жақсы қасиет. Сол сөзді тауып алу керек. Ол үшін мәтінді оқимын сендер тыңдаңдар. а м а н д а с у л м а а ң қ ы л ыд м ы а а н с а н а а рыб л ы қы с ы алй с т ы қ
  • 3. Мәтін Баламның амандығын біліп, немеремді иіскеп қайтайын деп үйден шықтым. Мен өтетін жолда 4-5 жасар шамасындағы қыз тұрды Қасына келіп: -Бұл жерде не қылып тұрсың? –дедім. -Сізді күтіп тұрмын.Үлкен кісінің алдын кесіп кетуге болмайды ғой. -Ой айналып кетейін көп жаса атың кім? -Гүлнар -Кімнің баласысын? -Апамның Немереме алып шыққан құрт , ірімшігімді Гүлнарға бердім. -Үйде кішкентай Сая бар. Соған беремін.Рахмет, ата!-деп жүзіме қуана қарады. Кіп кішкентай Гүлнардың тәрбиелі, тәртіптілігіне риза болдым. Сұрағы: Гүлнардың бойында қандай қасиет бар? Мұғалім: ал, сендер үлкендерді қалай сыйлайсыңдар? 4-күлте тапсырмасы Тренинг Кешірім сұрау. Кешірім- ізгіліктің белгісі –деп дана халқымыз жай айтпаған.Кешіре білу адамның өзімен, өзгелермен үйлесімді өмір сүруіне мүмкіндік жасайды. Достар бір-бірін кешіре білсе, қателігін мойындай алса, достық берік болады. Ендеше, балалар білместіктен жасаған қателіктеріміз болса, бір-бірімізден кешірім сұрайық. /сынып дөңгелене тұрып бір –бірінен кешірім сұрайды. Ең бірінші мұғалім бастап айтады./ 5 –күлте тапсырмасы сиқырлы сөздер 2 топқа сиқырлы сөздерді айтып жарыстыру. Әр сиқырлы сөздің қай кезде айтылатынын түсіндіріп өту. Ән «Не деу керек?» Мұғалім: Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін мына өлең жолдарынан тыңдап көрсек. 1-оқушы Жылай қалсақ жұбанамыз Ақыл тыңдап тіл аламыз Біз тәртіпті баламыз 2-оқушы Таңда ерте тұра аламыз Беті-қолды жуа аламыз Біз ұқыпты баламыз 3-оқушы Ұлкендерді сыйлаймыз біз. Үй тазалап жинаймыз біз Біз қолқанат баламыз. 4-оқушы Домбыра да тарта аламыз Өлеңді де айта аламыз Біз өнерпаз баламыз 5 -оқушы Аспаны ашық еліміздің Көркі сұлу жеріміздің
  • 4. Біз бақытты баламыз. Нұрай Жабырқауды білмейміз. Жалқаулықты сүймейміз. Біз талапты жас ұлан Үлгі аламыз жақсыдан Динара Балбұл жанған гүл шағында Біз Отанның ұланымыз, Бақытты елдің құшағында Білім алу ұранымыз. Ән «Бала тілегі» Бахтияр Туған жерге аунап қунар Біз ұланбыз, өрімдейміз. Біз ұланбыз еңбекқұмар Өнер десе ерінбейміз. Ән «Еңбекшіл осындай» Элдана Мені үлкендер әдепті деп мақтайды, Мінезімнен ешбір қылық таппайды. Ал егер сен жалқау болсаң тілазар. Ондай қылық жақсылыққа жатпайды. М Динара Қарсы алдынан кесіп өтпей көлденең Қашанда мен үлкендерге жол берем, Абайсызда қалса біреу сүрініп Сол заматта сүйеніш боп қол берем. Мұғалім: -Балалар, барлықтарың мына слайдтағы суреттерге қарап бір кішкене ойға шомылайық. Бұл слайдтағы суреттердің әдептілікке қандай қатысы бар екенін айта қоялық. -Табиғатсыз адамның күні жоқ, ал табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ деп жайдан жай айтылмаған. Табиғатты аялау, құрметпен қарау, қадірлеу әдептіліктің ажырамас бөлігі. Сол сияқты біз де табиғатқа әдептілікпен қарауымыз керек. Сонда ғана табиғатымыз сұлулана түседі. Мерей «Құс ұясын бұзбайық» мәнерлеп оқу Дархан Сыйластықты іздеген, Әдеп сақтар ізгі өрен Сыпайылықбелгісі Үлкендерге сіз деген, Бекзат Үлкенге иман керек, Кішіге иба керек. Адамдар бірін-бірі, Құрметтеп сыйлау керек.
  • 5. Мұғалім: - Балалар, біз бүгінгі сабағымызда әдептілік, сыпайылық жайлы сөйлестік. Әдепті, сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін түсіндік. Сондықтан да әдептілік әсемділікке жатадынын ұмытпайық. Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтуды естен шығармайық. Жақсы мен жаман әдет қалыптарды ажыратуды, жақын адамдарға қамқорлық, оларға көмек көрсету дағдыларын бойымызға қалыптастырайық. Ал ендігі кезекте сарапшыларымызға сөз кезегін берейік. Бүгінгі сабақта қай топ алда екенін естиік. Ән «Сағындым, әже,сағандым» -Осымен әдептілікке арналған тәрбие сағатымыз аяқталды,қош сау болыңыздар! /Соңында тілектер жазылған шарларды лақтыру/