SlideShare a Scribd company logo
1 of 14
Ашық оқу іс-әрекеті
Білім беру саласы : Әлеуметтік орта . Қатынас .
Оқу іс - әрекеті : Қоршаған ортамен танысу , Жапсыру .
Тақырыбы : Жабайы жануарлар .
Мақсаты : Жабайы жануарлар туралы түсініктерін кеңейту . Жабайы жануарлардың ( аю
, қоян , түлкі , қасқыр) сипаттық белгілерін байқай білуге үйрету арқылы зейіндерін
дамыту .
Табиғатты сүюге және оған қамқор болуға тәрбиелеу .
Әдіс - тәсілдері : Түсіндіру , көрсету , әңгімелеу , үйрету , ойын , сұрақ - жауап .
Көрнекілігі : Жабайы жануарлардың суреттері , үлестірмелі материалдар , үнтаспа .
Қажетті құрал - жабдықтар : Түрлі - түсті қағаз , ақ парақ , желім , т.б.
Сөздік жұмыс : Орманда тіршілік ететіндер .
Биллингвальды компонент : Жабайы жануарлар - дикие животные , аю - медведь , қоян
- заяц .
Инклюзивті білім беру : Нұрасылға жабайы жануарлардың аттарын дұрыс атауды үйрету
.
Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық -
қозғаушы
Шаттық шеңбері
Балалар , қане шеңберге тұрып , қонақтармен
амандасайық .
Қорбаңдаған аюдың ,
Құлпынайы бар екен .
Теріп - теріп алайық ,
Қалтамызға салайық .
Балалар бүгін біз жабайы жануарлармен
танысамыз .
Балалар шеңберге тұрып
қонақтармен амандасады .
Қимыл - қозғалыспен өлеңді
айтады .
Ұйымдастырушылық -
ізденушілік
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын ,
сендер жауабын тапқан жұмбақтың шешуі
болған аңдардың суретін тақтаға ілеміз .
Жұмбақ .
1 . Қалқиып ұзын құлағы ,
Елеңдеп қорқып тұрады .
2 . Өзі айлакер , өзі қу ,
Жүрген жері айқай шу .
3 . Өзіне болған қорған ,
Орман ішінде бірақ
Етеді қорбаң - қорбаң .
Бұлар - жабайы жануарлар , олар орманда ,
далада , тауда тіршілік етеді және өз
қоректерін өздері тауып жейді .
Аюды сипаттайық , ол қандай ? Оның басы ,
денесі , төрт аяғы , екі құлағы бар . Түсі қоңыр
. Аюдың баласын қонжық деп атайды . Ол
балды жақсы көреді және қыс бойы апанында
ұйықтағанды жақсы көреді .
Бұл не балалар ?
Қоянның ұзын құлақтары , төрт аяғы бар . Ол
шөпті , сәбіз жегенді жақсы көреді екен .
Қоянның баласын көжек дейміз .
Түлкі - сары түсті жабайы аң . Ол орманда
мекендейді . Түлкінің ұзын құйрығы бар . Ол
өте қу , айлакер болады . Түлкінің баласын
жәутік деп атайды .
Бұл - қасқыр . Оның да басы , денесі , төрт
аяғы бар . Қасқырдың түсі сұр , құйрығы ұзын
, тісі өткір . Қасқырдың баласын бөлтірік деп
атайды .
Биллингвальды компонент :
Жабайы жануарлар - дикие животные , аю -
медведь , қоян - заяц .
Балалар осы аңдардың ішінде қай жануар
үлкен ?
Ал ең кішкентайы қайсысы ?
Психологиялық жаттығу .
Балалар қорбаңдаған аюды бейнелейік .
Қоян
Түлкі
Аю
Тыңдап отырады .
Аюдың суретіне қарап оны
сипаттайды .
Қоян
Қоянды суретіне қарап
сипаттайды .
Түлкінің суретіне қарап
сипаттайды .
Қасқырды да сипаттайды .
Балалар бірнеше рет қайталап
айтады .
Аю
Қоян
Қорқақ қоянды бейнелейік .
Тақпақ айту .
Сергіту сәті :
"Қара жорға биі"
Балалар енді жапсыру өнер орталығына барып
аюды жапсырайық . Түрлі түсті қағаздан
қиылған аю пішінін ақ параққа желімдеп
жапсырамыз .
Балалармен жеке жұмыс жүргізу .
"Ішіне - сыртына" ойыны
Балаларға үлестірмелі материалдар таратып
беремін . Балалар аюды ішіне , қоянды
сыртына салу керек .
Аюдың жүрісін салады .
Қоянның жүрісін салады .
Ұзын құлақ , сұр қоян ,
Естіп қалып сыбдырды .
Ойлы - қырлы жерлерден ,
Ытқып - ытқып жүгірді .
Мен көкжал қасқырмын ,
Малшыны састырдым .
Аш болсам ұлимын ,
Ауылды торимын .
Балалар әуенмен билейді ,
қимылдар жасайды .
Балалар аюды жапсырады .
Балалар картошкаларды алып ,
ішіне , сыртына салады .
Рефлексиялық -
түзетушілік
Сұрақ - жауап әдісі арқылы оқу іс - әрекетінде
алған білімдерін қорытындылау .
Балаларды мақтап , мадақтау .
Балалар сұрақтарға жауап
беруге тырысады .
Күтілетін нәтиже
Орындайды : Жабайы жануарлардың белгілерін байқап , оларды сипаттап айтуға
арналған тапсырмаларды .
Түсінеді : Жабайы жануарлар туралы берілген мәліметтерді .
Қолданады : Жабайы жануарлардың жүріс - тұрысын қимылмен келтіре білу дағдыларын
және аюдың бейнесін жапсыра біледі .
Мәңгілік ел .
Қазіргі таңдағы мектепке дейінгі мекемелердің күн санап көбеюін
қоғамымыздағы қуанарлық жаңалық деуге болады . Бұл дегеніміз , ертеңгі
ұрпағымыздың заман талабына сай , өз жас ерекшелігіне байланысты білім
алып , бойына адамгершілік сезімін сіңіріп , Отанға , елге , отбасына ,
қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке ие болады . Мемлекет басшысы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің "Қазақстан - 2050 : Бір мақсат , бір
мүдде , бір болашақ " атты жаңа Жолдауының алтыншы басымдығында
мектепке дейінгі білім беруде біз 3 және 6 жасқа дейінгі балаларды жүз
пайыз қамтыдық . Сондай - ақ , енді біз бір жастан алты жасқа дейінгі
балаларды толықтай қамтамасыз етуге қол жеткізуіміз керек - деді . Сондай -
ақ , жалпы білім беру мектептеріндегі оқытудың деңгейін Назарбаев
зияткерлік мектептеріндегі білім беру деңгейіне жеткізуіміз керек , оларды
оқыту нәтижесі саналы ойлау , өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдауды
игеруі тиіс , - деп атап көрсетті .
Тәрбие мен білімнің бесігі - сәби шақтан , мектепке дейінгі балалардан
басталса , оларды бәсекеге қабілетті , еліміздің тізгінін ұстауға лайықты ,
саналы да білімді етіп тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз . Қазақстан
Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Жуалы ауданы Білім бөлімінің
қаулысымен Жуалы ауданының Нұрлыкент ауылында №5 Михаил
Ломоносов атындағы орта мектеп жанынан 2010 жылы "Айгөлек" шағын
орталығы ашылған болатын . Шағын орталық елу балаға арналған , яғни екі
топ жұмыс істейді . Ұжымда он қызметкер бар , оның төртеуі тәрбиеші ,
біреуі әдіскер және музыка жетекшісі , екі тәрбиеші көмекшісі , бір медбике ,
бір аспазшы және кір жуушы бар .
Бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеуде бізге үлкен жауапкершілік жүктелген . Қай
елдің болмасын іргетасы , жарқын болашағы - ұрпағы екені белгілі . Сол
себепті еліміздің іргетасын мәңгі берік ұстайтын жас ұрпаққа ұлттық тәрбие
беруіміз қажет . Ашылғанына көп уақыт болмасада бірнеше жетістікке
жетті . Атап айтқанда 2011 жылы аудандық "Ең үздік шағын орталық"
байқауына қатысып екінші орынды жеңіп алса , 2012 жылы аудандық "Ең
үздік шағын орталық" байқауынан тағы да екінші орынға ие болды .
Көптеген іс - шаралар мен сайыстар , ертеңгіліктер ұйымдастырылады .
Мысалы , Тәуелсіздік күні , Республика күні , Жеңіс , Конститутция күні , т.
б. күндеріне арнап ашық оқу іс - әрекеттері мен тәрбие сағаттары өткізіледі .
Ондағы мақсат балаларға ұлттық тәрбие , Отанды сүюге , елімізді , жерімізді
қорғауға және Елбасының кемел саясатын қолдауға бағыт - бағдар беру .
Ал енді өзіме келер болсам , мен - анамын , тәрбиеші ұстазбын . Мен өзімді
бала тәрбиелеуде ұстамды , сабырлы болуға тәрбиеледім . Өйткені әр балаға
жеке тұлға ретінде қарау керек . Балалармен балаша ойнап , бала сияқты
ойлану қажет . Тәрбие жұмыстарында , оқу үдерісінде баланың көңіл -
күйіне , жан дүниесін түсінуге әрекет жасау керек . Мен шағын
орталығымыз ашылған күннен бастап осында бүлдіршіндерге тәлім - тәрбие
беріп келемін . Тәрбиеші еңбек жолын тек балаға арнайды , оның жүрегі
мейірімділікке , адамгершілікке толы болады . Тәрбиешінің алдына әр түрлі
балалар келеді . Әр баланың мінезі әр түрлі болады. Ал тәрбиеші өзінің
кәсіби біліктілігінің арқасында әр баланың тілін таба біледі .Мағжан
Жұмабаев өзінің бір сөзінде былай депті : "Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей
қылып шығармай , болашақ заманға лайық қылып шығару керек ".
Сондықтан бала тәрбиесі , оны заман талабына сай етіп тәрбиелеу
баршамызға ортақ іс .
2011 жылы мектепішілік ұлттық дәстүрді дәріптеу мақсатында өткізілген
"Пай - пай , қазақтың келіндері - ай ! " атты байқауға қатысып екінші орынды
және "Өнерлі келін" номинациясын жеңіп алдым .
Сол жылы ата - аналар арасында "Жыл ата - анасы" байқауын
ұйымдастырдым . Бұл сайысты ұйымдастырғандағы мақсатым : Бала
тәрбиесіндегі отбасының рөлін , сондай - ақ тәрбиенің жан - жақты , үздіксіз
әрі бірізді үрдіс екенін ескере отырып , балабақша жұмысын ата - анамен
бірлесіп жоғары деңгейге көтеру. Сайыстың нәтижесінде , бірінші орынға
Ілиясова Задагүл , екінші орынға Шемшиева Салиха , үшінші орынға
Ажибаева Айман ие болды . 2014 жылы "Қарлығаш" топ балаларының
арасында "Жігіт сұлтаны" сайысын ұйымдастырдым , ондағы мақсатым :
дарынды балалардың өнерін көрсету , сахнада өзін қалай ұстауды , еркіндікті
, батылдықты , сенімділікті үйретіп , ары қарай әртүрлі сайыстарға қатысып ,
шыңдалып , бейімделуіне жол ашу . Нәтижесінде , бас жүлдеге Әмет
Жасұлан , бірінші орынға Айтуаров Береке , екінші орынға Баянбай Әлішер ,
үшінші орынға Абдижамил Жасұлан мен Аманкелді Нұрахмет ие болды .
2015 жылы "Алтын күз" атты байқауы көрме түрінде ұйымдастырылды .
Оған ата - аналарымыз өз балаларымен бірге табиғи материалдардан жасаған
бұйымдарыменқатысты . Бірнеше ата - ана мен баласы жүлделерге ие болды.
Біз баршамыз бірге Елбасының ұлттық идеясы - жаңа , гүлденген
Қазақстанды - "Мәңгілік елді" алға бастыруға бағытталған жоспарын жүзеге
асыруға жұмыла атсалысуымыз қажет . "Қазақстан - 2050 " Стратегиясы
елдіктің , бірліктің , еңбектің жемісі болмақ . Сол арқылы жетістіктерге
жетеміз . Ата - бабаларымыздың арманы Мәңгілік Ел құру болған . Сол
арманға біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының
арқасында қол жеткіздік . Бүгінде ол ақиқатқа айналды . Еңселі еліміз ,
тұғырлы тәуелсіздігіміз бар . Әсем қала Астана мен Мәңгілік Ел ұлттық
идеясын жүзеге асыру мүмкіндігін алдық .
Мен қазақ болып туғаныма , Қазақстанда тұрып , қазақ еліне қызмет етіп ,
соның ішінде еліміздің ертеңгі болашағы болған жас ұрпаққа тәрбие беріп
жатқаныма өте бақыттымын . Еліміз жайнай берсін ! Қазақстанымыз мықты ,
мәңгілік ел болсын ! Болашақта Қазақстан мәңгілік ел болу үшін заман
талабына сай ұрпақты тәрбиелеуде өз үлесімді қосамын . Қазақстан гүлдене
берсін , көркейе берсін !
"Менің педагогикалық философиям"
Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің алғашқы баспалдағы балабақша
екені белгілі . Жамбыл облысы , Жуалы ауданы , Нұрлыкент ауылында 2010
жылы ашылған "Айгөлек" шағын орталығында "Қарлығаш" , "Балдырған "
топтары жұмыс істейді . Онда 2 мен 6 жас аралығындағы балалар
тәрбиеленуде . Шағын орталықта барлығы 10 адам , соның ішінде 5 педагог
бар . Олардың барлығы жоғары білімді .
Шағын орталықта "Алғашқы қадам" , "Зерек бала" , "Біз мектепке барамыз"
бағдарламалары бойынша оқу тәрбие жұмыстары жүргізілуде .
Заман талабына сай педагогтар кәсіби шеберліктерін көтеру барысында
әрдайым өз білімдерін шыңдаумен қатар біліктілігін жетілдіру курстарынан
өтіп тұрады .
Қазіргі таңда тәрбиешіге талап өте үлкен болып отыр . Әрбір елдің бірінші
ойлайтыны - өз ұрпағыныңжайы болмақ . Ертеңгі болашағымыздыңтағдыры
жас ұрпақтың бүгінгі тәрбиесіне байланысты екені айтпаса да түсінікті . Жан
- жақты білім алған , парасатты , саналы азаматты тәрбиелеп шығару ,
олардыңжан дүниесін әлемдік өркениетке сай рухани қазыналармен байыту ,
халықтық педагогика дәстүрлерінің озық өнегелерін ой - санасына
орнықтыру - бүкіл ел жұрт , ауыл - аймақ , отбасы , қоғамдық мекемелер
болып бірлесе атқаратын аса жауапты міндет екені де айқын . Тәрбиенің осы
бір сан - салалы , күрделі мәселелеріне күнделікті өміріміздегі қарапайым
дағдылар арқылы бала жүрегіне жол табуға тырысатын алғашқы білім
баспалдағы - балабақшалардағы оқу іс - әрекеті болып табылады . Өйткені
бала да "ұяда нені көрсе , ұшқанда соны ілетін" балапан сияқты ,
айналамыздағы әр нәрсенің қыр - сырын білуге табиғатынан ынтызар болып
жаратылады . Құнарлы жерде өскен мәуелі ағаш тамыры секілді осы жаста
берілген ұлттық тәрбиенің сөлі мен нәрін бойына сіңіріп , қуат алып өскен
баланың өмірге деген бейімділігі де , зерделілігі де анағұрлым жоғары
тұрмақ . Ал , баланы тәрбиелеу мен оқыту - ұзақ жылдарға созылатын ,
инемен құдық қазғандай , бейнеті ауыр еңбек екенін ескерсек , бұл орайда ,
педагог қауымының орны ерекше екеніне дау жоқ .
Бүгінде балабақшада білім беру салалары "Денсаулық" , "Қатынас" ,
"Таным" , "Шығармашылық" , "Әлеуметтік орта " салалары бойынша
көптеген жұмыстар жүргізілуде . Тәрбиешілер балалардың еңбек ету туралы
ұғымдарынтереңдетіп , олардыңшығармашылық ойлау мен қиялын , зейінін
дамытты және балалардың танымдық белсенділігін арттыруда .
Ұжымымыздыңмектепке дейінгі ұйымдар арасындақол жеткізген табыстары
да жоқ емес . Атап айсам : 2011 жылы Жуалы аудандық "Ең үздік шағын
орталық" атты байқауына тәрбиеші Джалгасова Дина және мен Көптілеуова
Кенжетай қатысып екінші орынға ие болдық . 2012 жылы тағы да "Ең үздік
шағын орталық" атты байқаудан екінші орынға ие болды . Мектепішілік
ұлттық дәстүрді дәріптеу мақсатында өткізілген "Пай - пай , қазақтың
келіндері - ай !" атты байқауға қатысып екінші орын және өнерлі келін
номинациясын жеңіп алдым .
Топтар арасында "Жігіт сұлтаны" байқауын ұйымдастырдым , ондағы
мақсатым : дарынды балалардыңөнерін көрсету , сахнада өзін қалай ұстауды,
еркіндікті , батылдықты , сенімділікті үйретіп , ары қарай әртүрлі сайыстарға
қатысып , балалардың шыңдалып , бейімделуіне жол ашу .
Нәтижесінде Бас жүлдеге Әмет Жасұлан , 1 орынға Айтуаров Береке , 2
орынға Баянбай Әлішер , 3 орынға Абдижамил Жасұлан мен Аманкелді
Нұрахмет ие болды .
Балалар мен ата - аналар арасында "Алтын күз" байқауы көрме түрінде
ұйымдастырылды . Оған көптеген ата - аналар өз балаларымен қатысып
белсенділік танытты . Мақсаты : Әр түрлі табиғи материалдарды пайдалана
отырыптуынды жасап шығару . Нәтижесінде , бас жүлдеге Муханова Аруна
мен анасы Зина , 1 орынға Тәжібай Бақдәулет пен анасы Ұлту , 2 орынға
Жасанбай Нұралы мен анасы Толғанай , 3орынға Пазылбек Тәңірберген
анасы Айымжан ие болды .
Сондай - ақ ата - аналар арасында "Жыл ата - анасы" сайысы
ұйымдастырылды . Бұл сайысты ұйымдастырғандағы мақсатым :
Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлін , сондай - ақ тәрбиенің жан - жақты ,
үздіксіз әрі бірізді үрдіс екенін ескере отырып , балабақша жұмысын ата -
анамен бірлесіп жоғары деңгейге көтеру . Сайыстың нәтижесінде , 1 орынға
Ілиясова Задагүл , 2 орынға Шемшиева Салиха , 3 орынға Ажибаева Айман
ие болды . Ата - аналар балалардың тәрбиелеу үрдісіне қатысуға
дайындығын көрсете білді.
Қазақстан Республикасы Конституциясында былай делінген : "балаларға
қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата - ананың құқығы әрі міндеті " .
Отбасы баланың дамуын анықтайтын ең маңызды орта болып саналады .
Балалардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасау отбасылық тәрбиенің
қателігінің алдын алу және жол бермеу , ата - ананың педагогикалық
мәдениетін көтеру . Сол үшін ата - аналармен ай сайын жиналыстар
өткізіледі , сауалнамалар , анкеталар толтырылып , баяндамалар оқылып әр
түрлі кеңестер беріледі .
Біз балабақшаға келген баланың тәрбиесіндегі кемшілік тұстарын
жетістіріп , оны дене және ой еңбегіне үйретуге , күн тәртібін дұрыс
реттеуге , салауатты өмір сүруге баулимыз , адал болуға тәрбиелеп ,
жақсылықты үйретуге , жамандықтан жиренуге үйрету арқылы бойында
жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыруға тырысамыз . Бала тәрбиесі жас шыбық тәрізді , қалай исең ,
солай қарай иіледі . "Адамды адам ғана тәрбиелей алады" - деген қағида
кімге болса да басшы болуы тиіс .
Өз басым бала тәрбиелеуде өзімді ұстамды , сабырлы болуға шақырдым .
Өйткені әр балаға жеке тұлға ретінде қарау керек . Балалармен балаша
ойнап , бала сияқты ойланып , психолог болу қажет . Тәрбие жұмыстарында ,
оқу үдерісінде баланың көңіл - күйіне , жан дүниесін түсінуге әрекет жасау
керек . Тәрбиеші өзін жинақы , тіл байлығы күшті , мәдениетті тұлға ретінде
көрсете білсе , бала да балабақшада жақсы тәлім - тәрбие алады .
Балабақшадағы бала - ойын баласы . Сол үшін тәрбиеші балаға үйрететін
санамақтарды , ойындарды , тақпақтарды , ертегілерді жатқа білуі қажет .
Балаға зейін қойып , оны тыңдасаң , бала саған жақын болады . Балаларды
жақсы , жаман деп бөлуге болмайды . Әр баланың көрінбейтін бір өнері
болады , тек соны біз уақытында көріп , сыртқа көрсете білуіміз керек .
Тәрбиеші деген сөз - алдымен баланы тәрбиелейтін адам , сосын білім
беретін ұстаз . Мен тағы да тәрбиеші деген - баланың екінші ата - анасы ,
досы , көмекшісі , үлі тұтар тұлғасы дер едім .
Қазіргі таңда жаңа технологияны оқу іс - әрекетінде қолдану балалардың
білімдерін жетілдіріп , олардың танымдық дамуын арттырады . Болашақта
алдымызға қойған көптеген мақсаттарымызға жетеміз - деп ойлаймын .
Менің басты міндетім : тәрбиеленушілерге дұрыс бағыт - бағдар беру . Өзін
іс жүзінде көрсете білуге және жасаған жұмысында жетістіктерге жетуін
қамтамасыз ету .
Балабақша әр үйдің еркесі , әпештеген ұлы мен қызы тәрбиеленетін орын .
Мұнда олар таңертең келіп , кешке қайтады . Балалық шақтарын қызықты
өткізіп , қазіргі заман баласын тәрбиелеу біздің міндет .
Тәрбиеші оқу - тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап , жаңа заман
талабына сай , озық дәстүр ұлттық рухында тәрбиелеп сабақты түрлендіру
мақсатында оқытудың түрлі әдіс - тәсілдерін пайдаланса , игі нәтижеге
жетеді . Ел болашағы - білімді ұрпақта . Уақытында алынған мектепке
дейінгі білімнің әр бала үшін де , еліміздің әл - ауқаты үшін де өмірлік
маңызды мәні бар . Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбие мен білім беру
мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты және мемлекеттік
саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады . Бала - келешек , бала - үміт ,
бала - өмірдің жалғасы . Сол себепті балаларды тәрбиелеу - баршаның ісі .

More Related Content

What's hot

учитель года ермекбаева открытое занятие
учитель года ермекбаева открытое занятиеучитель года ермекбаева открытое занятие
учитель года ермекбаева открытое занятиеAsem Sarsembayeva
 
базылова с.о раимбекова д.а
базылова с.о раимбекова д.абазылова с.о раимбекова д.а
базылова с.о раимбекова д.аAsem Sarsembayeva
 
ұлттық ойындар жетписова
ұлттық ойындар жетписоваұлттық ойындар жетписова
ұлттық ойындар жетписоваAsem Sarsembayeva
 
dсабақ семинар жамал
dсабақ семинар жамалdсабақ семинар жамал
dсабақ семинар жамалNurlan Abilhanov
 
темирбаева луиза хажмухаммедовна
темирбаева  луиза  хажмухаммедовнатемирбаева  луиза  хажмухаммедовна
темирбаева луиза хажмухаммедовнаAsem Sarsembayeva
 
асанова чынара сабақf
асанова чынара  сабақfасанова чынара  сабақf
асанова чынара сабақfNurlan Abilhanov
 

What's hot (14)

конф
конфконф
конф
 
учитель года ермекбаева открытое занятие
учитель года ермекбаева открытое занятиеучитель года ермекбаева открытое занятие
учитель года ермекбаева открытое занятие
 
проект менің алғашқы қадамдарым на распечатку
проект менің алғашқы қадамдарым на распечаткупроект менің алғашқы қадамдарым на распечатку
проект менің алғашқы қадамдарым на распечатку
 
базылова с.о раимбекова д.а
базылова с.о раимбекова д.абазылова с.о раимбекова д.а
базылова с.о раимбекова д.а
 
ертегілер еліне саяхат 2
ертегілер еліне саяхат 2ертегілер еліне саяхат 2
ертегілер еліне саяхат 2
 
ұлттық ойындар жетписова
ұлттық ойындар жетписоваұлттық ойындар жетписова
ұлттық ойындар жетписова
 
dсабақ семинар жамал
dсабақ семинар жамалdсабақ семинар жамал
dсабақ семинар жамал
 
(1)f
 (1)f (1)f
(1)f
 
темирбаева луиза хажмухаммедовна
темирбаева  луиза  хажмухаммедовнатемирбаева  луиза  хажмухаммедовна
темирбаева луиза хажмухаммедовна
 
№68 мибб абдильдина м.к. сөйлеуді дамыту.
№68 мибб абдильдина м.к. сөйлеуді дамыту.№68 мибб абдильдина м.к. сөйлеуді дамыту.
№68 мибб абдильдина м.к. сөйлеуді дамыту.
 
үйшік ертегісі
үйшік ертегісіүйшік ертегісі
үйшік ертегісі
 
асанова чынара сабақf
асанова чынара  сабақfасанова чынара  сабақf
асанова чынара сабақf
 
ашық сабақ орманға саяхат
ашық сабақ орманға саяхаташық сабақ орманға саяхат
ашық сабақ орманға саяхат
 
48486
4848648486
48486
 

Similar to 12333

отбасым киелі шаңырағым
отбасым   киелі  шаңырағымотбасым   киелі  шаңырағым
отбасым киелі шаңырағымnurbolat84
 
қорытынды 2013
қорытынды 2013қорытынды 2013
қорытынды 2013vaha777
 
Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыруОқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыруNurlan Abilhanov
 
балгабекова н.ж. мақала
балгабекова н.ж. мақалабалгабекова н.ж. мақала
балгабекова н.ж. мақалаAsem Sarsembayeva
 
презентация Microsoft office power point
презентация Microsoft office power pointпрезентация Microsoft office power point
презентация Microsoft office power pointAsem Sarsembayeva
 
венера халмуратовна
венера халмуратовнавенера халмуратовна
венера халмуратовнаAsem Sarsembayeva
 
Zin zi tanu-lgi-saba
Zin zi tanu-lgi-sabaZin zi tanu-lgi-saba
Zin zi tanu-lgi-sabaSerjan Kasen
 
шапей жайнағаламdgfh
шапей жайнағаламdgfhшапей жайнағаламdgfh
шапей жайнағаламdgfhNurlan Abilhanov
 

Similar to 12333 (20)

жұмыс сабырова с
жұмыс сабырова сжұмыс сабырова с
жұмыс сабырова с
 
отбасым киелі шаңырағым
отбасым   киелі  шаңырағымотбасым   киелі  шаңырағым
отбасым киелі шаңырағым
 
қорытынды 2013
қорытынды 2013қорытынды 2013
қорытынды 2013
 
Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыруОқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
 
балгабекова н.ж. мақала
балгабекова н.ж. мақалабалгабекова н.ж. мақала
балгабекова н.ж. мақала
 
презентация Microsoft office power point
презентация Microsoft office power pointпрезентация Microsoft office power point
презентация Microsoft office power point
 
аюбаева
аюбаевааюбаева
аюбаева
 
жайлау тех карта
жайлау тех картажайлау тех карта
жайлау тех карта
 
Doc2
Doc2Doc2
Doc2
 
7778
77787778
7778
 
техкарта новый
техкарта новыйтехкарта новый
техкарта новый
 
венера халмуратовна
венера халмуратовнавенера халмуратовна
венера халмуратовна
 
702 e o38
702 e o38702 e o38
702 e o38
 
Zin zi tanu-lgi-saba
Zin zi tanu-lgi-sabaZin zi tanu-lgi-saba
Zin zi tanu-lgi-saba
 
qQq
qQqqQq
qQq
 
коркем адебиет
коркем адебиеткоркем адебиет
коркем адебиет
 
документ Microsoft word (3)
документ Microsoft word (3)документ Microsoft word (3)
документ Microsoft word (3)
 
ұлпан
ұлпанұлпан
ұлпан
 
шапей жайнағаламdgfh
шапей жайнағаламdgfhшапей жайнағаламdgfh
шапей жайнағаламdgfh
 
(1)d
 (1)d (1)d
(1)d
 

More from Nurlan Abilhanov

Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...Nurlan Abilhanov
 
микропланирование1
микропланирование1микропланирование1
микропланирование1Nurlan Abilhanov
 
письмо культура одежды
письмо культура одеждыписьмо культура одежды
письмо культура одеждыNurlan Abilhanov
 
жыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктемжыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктемNurlan Abilhanov
 
Едендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеуЕдендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеуNurlan Abilhanov
 
Абишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ БалтабаевнаАбишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ БалтабаевнаNurlan Abilhanov
 
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағNurlan Abilhanov
 
бастауыш құстар
бастауыш құстарбастауыш құстар
бастауыш құстарNurlan Abilhanov
 
Арифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессияАрифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессияNurlan Abilhanov
 
тараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласытараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласыNurlan Abilhanov
 
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.Nurlan Abilhanov
 
787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertert787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertertNurlan Abilhanov
 
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh  84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh Nurlan Abilhanov
 
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)Nurlan Abilhanov
 
“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” Омоним“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” ОмонимNurlan Abilhanov
 
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейдім. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейдіNurlan Abilhanov
 
The first President of Kazakhstan
The first President of KazakhstanThe first President of Kazakhstan
The first President of KazakhstanNurlan Abilhanov
 
«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» Омонимдер«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» ОмонимдерNurlan Abilhanov
 

More from Nurlan Abilhanov (20)

Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
 
микропланирование1
микропланирование1микропланирование1
микропланирование1
 
письмо культура одежды
письмо культура одеждыписьмо культура одежды
письмо культура одежды
 
жыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктемжыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктем
 
Едендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеуЕдендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеу
 
Абишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ БалтабаевнаАбишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ Балтабаевна
 
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
 
биология гул
биология гулбиология гул
биология гул
 
бастауыш құстар
бастауыш құстарбастауыш құстар
бастауыш құстар
 
Арифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессияАрифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессия
 
тараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласытараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласы
 
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
 
787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertert787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertert
 
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh  84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh
 
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
 
“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” Омоним“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” Омоним
 
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейдім. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
 
The first President of Kazakhstan
The first President of KazakhstanThe first President of Kazakhstan
The first President of Kazakhstan
 
«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» Омонимдер«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» Омонимдер
 
8 сынып логика
8 сынып логика8 сынып логика
8 сынып логика
 

12333

  • 1. Ашық оқу іс-әрекеті Білім беру саласы : Әлеуметтік орта . Қатынас . Оқу іс - әрекеті : Қоршаған ортамен танысу , Жапсыру . Тақырыбы : Жабайы жануарлар . Мақсаты : Жабайы жануарлар туралы түсініктерін кеңейту . Жабайы жануарлардың ( аю , қоян , түлкі , қасқыр) сипаттық белгілерін байқай білуге үйрету арқылы зейіндерін дамыту . Табиғатты сүюге және оған қамқор болуға тәрбиелеу . Әдіс - тәсілдері : Түсіндіру , көрсету , әңгімелеу , үйрету , ойын , сұрақ - жауап . Көрнекілігі : Жабайы жануарлардың суреттері , үлестірмелі материалдар , үнтаспа . Қажетті құрал - жабдықтар : Түрлі - түсті қағаз , ақ парақ , желім , т.б. Сөздік жұмыс : Орманда тіршілік ететіндер . Биллингвальды компонент : Жабайы жануарлар - дикие животные , аю - медведь , қоян - заяц . Инклюзивті білім беру : Нұрасылға жабайы жануарлардың аттарын дұрыс атауды үйрету . Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті Мотивациялық - қозғаушы Шаттық шеңбері Балалар , қане шеңберге тұрып , қонақтармен амандасайық . Қорбаңдаған аюдың , Құлпынайы бар екен . Теріп - теріп алайық , Қалтамызға салайық . Балалар бүгін біз жабайы жануарлармен танысамыз . Балалар шеңберге тұрып қонақтармен амандасады . Қимыл - қозғалыспен өлеңді айтады . Ұйымдастырушылық - ізденушілік Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын , сендер жауабын тапқан жұмбақтың шешуі болған аңдардың суретін тақтаға ілеміз . Жұмбақ . 1 . Қалқиып ұзын құлағы ,
  • 2. Елеңдеп қорқып тұрады . 2 . Өзі айлакер , өзі қу , Жүрген жері айқай шу . 3 . Өзіне болған қорған , Орман ішінде бірақ Етеді қорбаң - қорбаң . Бұлар - жабайы жануарлар , олар орманда , далада , тауда тіршілік етеді және өз қоректерін өздері тауып жейді . Аюды сипаттайық , ол қандай ? Оның басы , денесі , төрт аяғы , екі құлағы бар . Түсі қоңыр . Аюдың баласын қонжық деп атайды . Ол балды жақсы көреді және қыс бойы апанында ұйықтағанды жақсы көреді . Бұл не балалар ? Қоянның ұзын құлақтары , төрт аяғы бар . Ол шөпті , сәбіз жегенді жақсы көреді екен . Қоянның баласын көжек дейміз . Түлкі - сары түсті жабайы аң . Ол орманда мекендейді . Түлкінің ұзын құйрығы бар . Ол өте қу , айлакер болады . Түлкінің баласын жәутік деп атайды . Бұл - қасқыр . Оның да басы , денесі , төрт аяғы бар . Қасқырдың түсі сұр , құйрығы ұзын , тісі өткір . Қасқырдың баласын бөлтірік деп атайды . Биллингвальды компонент : Жабайы жануарлар - дикие животные , аю - медведь , қоян - заяц . Балалар осы аңдардың ішінде қай жануар үлкен ? Ал ең кішкентайы қайсысы ? Психологиялық жаттығу . Балалар қорбаңдаған аюды бейнелейік . Қоян Түлкі Аю Тыңдап отырады . Аюдың суретіне қарап оны сипаттайды . Қоян Қоянды суретіне қарап сипаттайды . Түлкінің суретіне қарап сипаттайды . Қасқырды да сипаттайды . Балалар бірнеше рет қайталап айтады . Аю Қоян
  • 3. Қорқақ қоянды бейнелейік . Тақпақ айту . Сергіту сәті : "Қара жорға биі" Балалар енді жапсыру өнер орталығына барып аюды жапсырайық . Түрлі түсті қағаздан қиылған аю пішінін ақ параққа желімдеп жапсырамыз . Балалармен жеке жұмыс жүргізу . "Ішіне - сыртына" ойыны Балаларға үлестірмелі материалдар таратып беремін . Балалар аюды ішіне , қоянды сыртына салу керек . Аюдың жүрісін салады . Қоянның жүрісін салады . Ұзын құлақ , сұр қоян , Естіп қалып сыбдырды . Ойлы - қырлы жерлерден , Ытқып - ытқып жүгірді . Мен көкжал қасқырмын , Малшыны састырдым . Аш болсам ұлимын , Ауылды торимын . Балалар әуенмен билейді , қимылдар жасайды . Балалар аюды жапсырады . Балалар картошкаларды алып , ішіне , сыртына салады . Рефлексиялық - түзетушілік Сұрақ - жауап әдісі арқылы оқу іс - әрекетінде алған білімдерін қорытындылау . Балаларды мақтап , мадақтау . Балалар сұрақтарға жауап беруге тырысады .
  • 4. Күтілетін нәтиже Орындайды : Жабайы жануарлардың белгілерін байқап , оларды сипаттап айтуға арналған тапсырмаларды . Түсінеді : Жабайы жануарлар туралы берілген мәліметтерді . Қолданады : Жабайы жануарлардың жүріс - тұрысын қимылмен келтіре білу дағдыларын және аюдың бейнесін жапсыра біледі .
  • 5. Мәңгілік ел . Қазіргі таңдағы мектепке дейінгі мекемелердің күн санап көбеюін қоғамымыздағы қуанарлық жаңалық деуге болады . Бұл дегеніміз , ертеңгі ұрпағымыздың заман талабына сай , өз жас ерекшелігіне байланысты білім алып , бойына адамгершілік сезімін сіңіріп , Отанға , елге , отбасына , қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке ие болады . Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің "Қазақстан - 2050 : Бір мақсат , бір мүдде , бір болашақ " атты жаңа Жолдауының алтыншы басымдығында мектепке дейінгі білім беруде біз 3 және 6 жасқа дейінгі балаларды жүз пайыз қамтыдық . Сондай - ақ , енді біз бір жастан алты жасқа дейінгі балаларды толықтай қамтамасыз етуге қол жеткізуіміз керек - деді . Сондай - ақ , жалпы білім беру мектептеріндегі оқытудың деңгейін Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі білім беру деңгейіне жеткізуіміз керек , оларды оқыту нәтижесі саналы ойлау , өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдауды игеруі тиіс , - деп атап көрсетті . Тәрбие мен білімнің бесігі - сәби шақтан , мектепке дейінгі балалардан басталса , оларды бәсекеге қабілетті , еліміздің тізгінін ұстауға лайықты , саналы да білімді етіп тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз . Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Жуалы ауданы Білім бөлімінің қаулысымен Жуалы ауданының Нұрлыкент ауылында №5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектеп жанынан 2010 жылы "Айгөлек" шағын орталығы ашылған болатын . Шағын орталық елу балаға арналған , яғни екі топ жұмыс істейді . Ұжымда он қызметкер бар , оның төртеуі тәрбиеші , біреуі әдіскер және музыка жетекшісі , екі тәрбиеші көмекшісі , бір медбике , бір аспазшы және кір жуушы бар . Бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеуде бізге үлкен жауапкершілік жүктелген . Қай елдің болмасын іргетасы , жарқын болашағы - ұрпағы екені белгілі . Сол себепті еліміздің іргетасын мәңгі берік ұстайтын жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруіміз қажет . Ашылғанына көп уақыт болмасада бірнеше жетістікке жетті . Атап айтқанда 2011 жылы аудандық "Ең үздік шағын орталық" байқауына қатысып екінші орынды жеңіп алса , 2012 жылы аудандық "Ең үздік шағын орталық" байқауынан тағы да екінші орынға ие болды . Көптеген іс - шаралар мен сайыстар , ертеңгіліктер ұйымдастырылады . Мысалы , Тәуелсіздік күні , Республика күні , Жеңіс , Конститутция күні , т. б. күндеріне арнап ашық оқу іс - әрекеттері мен тәрбие сағаттары өткізіледі .
  • 6. Ондағы мақсат балаларға ұлттық тәрбие , Отанды сүюге , елімізді , жерімізді қорғауға және Елбасының кемел саясатын қолдауға бағыт - бағдар беру . Ал енді өзіме келер болсам , мен - анамын , тәрбиеші ұстазбын . Мен өзімді бала тәрбиелеуде ұстамды , сабырлы болуға тәрбиеледім . Өйткені әр балаға жеке тұлға ретінде қарау керек . Балалармен балаша ойнап , бала сияқты ойлану қажет . Тәрбие жұмыстарында , оқу үдерісінде баланың көңіл - күйіне , жан дүниесін түсінуге әрекет жасау керек . Мен шағын орталығымыз ашылған күннен бастап осында бүлдіршіндерге тәлім - тәрбие беріп келемін . Тәрбиеші еңбек жолын тек балаға арнайды , оның жүрегі мейірімділікке , адамгершілікке толы болады . Тәрбиешінің алдына әр түрлі балалар келеді . Әр баланың мінезі әр түрлі болады. Ал тәрбиеші өзінің кәсіби біліктілігінің арқасында әр баланың тілін таба біледі .Мағжан Жұмабаев өзінің бір сөзінде былай депті : "Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай , болашақ заманға лайық қылып шығару керек ". Сондықтан бала тәрбиесі , оны заман талабына сай етіп тәрбиелеу баршамызға ортақ іс . 2011 жылы мектепішілік ұлттық дәстүрді дәріптеу мақсатында өткізілген "Пай - пай , қазақтың келіндері - ай ! " атты байқауға қатысып екінші орынды
  • 7. және "Өнерлі келін" номинациясын жеңіп алдым . Сол жылы ата - аналар арасында "Жыл ата - анасы" байқауын ұйымдастырдым . Бұл сайысты ұйымдастырғандағы мақсатым : Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлін , сондай - ақ тәрбиенің жан - жақты , үздіксіз әрі бірізді үрдіс екенін ескере отырып , балабақша жұмысын ата - анамен
  • 8. бірлесіп жоғары деңгейге көтеру. Сайыстың нәтижесінде , бірінші орынға Ілиясова Задагүл , екінші орынға Шемшиева Салиха , үшінші орынға Ажибаева Айман ие болды . 2014 жылы "Қарлығаш" топ балаларының арасында "Жігіт сұлтаны" сайысын ұйымдастырдым , ондағы мақсатым : дарынды балалардың өнерін көрсету , сахнада өзін қалай ұстауды , еркіндікті , батылдықты , сенімділікті үйретіп , ары қарай әртүрлі сайыстарға қатысып , шыңдалып , бейімделуіне жол ашу . Нәтижесінде , бас жүлдеге Әмет Жасұлан , бірінші орынға Айтуаров Береке , екінші орынға Баянбай Әлішер , үшінші орынға Абдижамил Жасұлан мен Аманкелді Нұрахмет ие болды . 2015 жылы "Алтын күз" атты байқауы көрме түрінде ұйымдастырылды . Оған ата - аналарымыз өз балаларымен бірге табиғи материалдардан жасаған
  • 9. бұйымдарыменқатысты . Бірнеше ата - ана мен баласы жүлделерге ие болды. Біз баршамыз бірге Елбасының ұлттық идеясы - жаңа , гүлденген Қазақстанды - "Мәңгілік елді" алға бастыруға бағытталған жоспарын жүзеге асыруға жұмыла атсалысуымыз қажет . "Қазақстан - 2050 " Стратегиясы елдіктің , бірліктің , еңбектің жемісі болмақ . Сол арқылы жетістіктерге жетеміз . Ата - бабаларымыздың арманы Мәңгілік Ел құру болған . Сол арманға біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында қол жеткіздік . Бүгінде ол ақиқатқа айналды . Еңселі еліміз ,
  • 10. тұғырлы тәуелсіздігіміз бар . Әсем қала Астана мен Мәңгілік Ел ұлттық идеясын жүзеге асыру мүмкіндігін алдық . Мен қазақ болып туғаныма , Қазақстанда тұрып , қазақ еліне қызмет етіп , соның ішінде еліміздің ертеңгі болашағы болған жас ұрпаққа тәрбие беріп жатқаныма өте бақыттымын . Еліміз жайнай берсін ! Қазақстанымыз мықты , мәңгілік ел болсын ! Болашақта Қазақстан мәңгілік ел болу үшін заман талабына сай ұрпақты тәрбиелеуде өз үлесімді қосамын . Қазақстан гүлдене берсін , көркейе берсін !
  • 11. "Менің педагогикалық философиям" Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің алғашқы баспалдағы балабақша екені белгілі . Жамбыл облысы , Жуалы ауданы , Нұрлыкент ауылында 2010 жылы ашылған "Айгөлек" шағын орталығында "Қарлығаш" , "Балдырған " топтары жұмыс істейді . Онда 2 мен 6 жас аралығындағы балалар тәрбиеленуде . Шағын орталықта барлығы 10 адам , соның ішінде 5 педагог бар . Олардың барлығы жоғары білімді . Шағын орталықта "Алғашқы қадам" , "Зерек бала" , "Біз мектепке барамыз" бағдарламалары бойынша оқу тәрбие жұмыстары жүргізілуде . Заман талабына сай педагогтар кәсіби шеберліктерін көтеру барысында әрдайым өз білімдерін шыңдаумен қатар біліктілігін жетілдіру курстарынан өтіп тұрады . Қазіргі таңда тәрбиешіге талап өте үлкен болып отыр . Әрбір елдің бірінші ойлайтыны - өз ұрпағыныңжайы болмақ . Ертеңгі болашағымыздыңтағдыры жас ұрпақтың бүгінгі тәрбиесіне байланысты екені айтпаса да түсінікті . Жан - жақты білім алған , парасатты , саналы азаматты тәрбиелеп шығару , олардыңжан дүниесін әлемдік өркениетке сай рухани қазыналармен байыту , халықтық педагогика дәстүрлерінің озық өнегелерін ой - санасына орнықтыру - бүкіл ел жұрт , ауыл - аймақ , отбасы , қоғамдық мекемелер болып бірлесе атқаратын аса жауапты міндет екені де айқын . Тәрбиенің осы бір сан - салалы , күрделі мәселелеріне күнделікті өміріміздегі қарапайым дағдылар арқылы бала жүрегіне жол табуға тырысатын алғашқы білім баспалдағы - балабақшалардағы оқу іс - әрекеті болып табылады . Өйткені бала да "ұяда нені көрсе , ұшқанда соны ілетін" балапан сияқты , айналамыздағы әр нәрсенің қыр - сырын білуге табиғатынан ынтызар болып жаратылады . Құнарлы жерде өскен мәуелі ағаш тамыры секілді осы жаста берілген ұлттық тәрбиенің сөлі мен нәрін бойына сіңіріп , қуат алып өскен баланың өмірге деген бейімділігі де , зерделілігі де анағұрлым жоғары тұрмақ . Ал , баланы тәрбиелеу мен оқыту - ұзақ жылдарға созылатын , инемен құдық қазғандай , бейнеті ауыр еңбек екенін ескерсек , бұл орайда , педагог қауымының орны ерекше екеніне дау жоқ .
  • 12. Бүгінде балабақшада білім беру салалары "Денсаулық" , "Қатынас" , "Таным" , "Шығармашылық" , "Әлеуметтік орта " салалары бойынша көптеген жұмыстар жүргізілуде . Тәрбиешілер балалардың еңбек ету туралы ұғымдарынтереңдетіп , олардыңшығармашылық ойлау мен қиялын , зейінін дамытты және балалардың танымдық белсенділігін арттыруда . Ұжымымыздыңмектепке дейінгі ұйымдар арасындақол жеткізген табыстары да жоқ емес . Атап айсам : 2011 жылы Жуалы аудандық "Ең үздік шағын орталық" атты байқауына тәрбиеші Джалгасова Дина және мен Көптілеуова Кенжетай қатысып екінші орынға ие болдық . 2012 жылы тағы да "Ең үздік шағын орталық" атты байқаудан екінші орынға ие болды . Мектепішілік ұлттық дәстүрді дәріптеу мақсатында өткізілген "Пай - пай , қазақтың келіндері - ай !" атты байқауға қатысып екінші орын және өнерлі келін номинациясын жеңіп алдым . Топтар арасында "Жігіт сұлтаны" байқауын ұйымдастырдым , ондағы мақсатым : дарынды балалардыңөнерін көрсету , сахнада өзін қалай ұстауды, еркіндікті , батылдықты , сенімділікті үйретіп , ары қарай әртүрлі сайыстарға қатысып , балалардың шыңдалып , бейімделуіне жол ашу . Нәтижесінде Бас жүлдеге Әмет Жасұлан , 1 орынға Айтуаров Береке , 2 орынға Баянбай Әлішер , 3 орынға Абдижамил Жасұлан мен Аманкелді Нұрахмет ие болды . Балалар мен ата - аналар арасында "Алтын күз" байқауы көрме түрінде ұйымдастырылды . Оған көптеген ата - аналар өз балаларымен қатысып белсенділік танытты . Мақсаты : Әр түрлі табиғи материалдарды пайдалана отырыптуынды жасап шығару . Нәтижесінде , бас жүлдеге Муханова Аруна мен анасы Зина , 1 орынға Тәжібай Бақдәулет пен анасы Ұлту , 2 орынға Жасанбай Нұралы мен анасы Толғанай , 3орынға Пазылбек Тәңірберген анасы Айымжан ие болды . Сондай - ақ ата - аналар арасында "Жыл ата - анасы" сайысы ұйымдастырылды . Бұл сайысты ұйымдастырғандағы мақсатым : Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлін , сондай - ақ тәрбиенің жан - жақты , үздіксіз әрі бірізді үрдіс екенін ескере отырып , балабақша жұмысын ата - анамен бірлесіп жоғары деңгейге көтеру . Сайыстың нәтижесінде , 1 орынға Ілиясова Задагүл , 2 орынға Шемшиева Салиха , 3 орынға Ажибаева Айман ие болды . Ата - аналар балалардың тәрбиелеу үрдісіне қатысуға дайындығын көрсете білді.
  • 13. Қазақстан Республикасы Конституциясында былай делінген : "балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата - ананың құқығы әрі міндеті " . Отбасы баланың дамуын анықтайтын ең маңызды орта болып саналады . Балалардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасау отбасылық тәрбиенің қателігінің алдын алу және жол бермеу , ата - ананың педагогикалық мәдениетін көтеру . Сол үшін ата - аналармен ай сайын жиналыстар өткізіледі , сауалнамалар , анкеталар толтырылып , баяндамалар оқылып әр түрлі кеңестер беріледі . Біз балабақшаға келген баланың тәрбиесіндегі кемшілік тұстарын жетістіріп , оны дене және ой еңбегіне үйретуге , күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге баулимыз , адал болуға тәрбиелеп , жақсылықты үйретуге , жамандықтан жиренуге үйрету арқылы бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға тырысамыз . Бала тәрбиесі жас шыбық тәрізді , қалай исең , солай қарай иіледі . "Адамды адам ғана тәрбиелей алады" - деген қағида кімге болса да басшы болуы тиіс . Өз басым бала тәрбиелеуде өзімді ұстамды , сабырлы болуға шақырдым . Өйткені әр балаға жеке тұлға ретінде қарау керек . Балалармен балаша ойнап , бала сияқты ойланып , психолог болу қажет . Тәрбие жұмыстарында , оқу үдерісінде баланың көңіл - күйіне , жан дүниесін түсінуге әрекет жасау керек . Тәрбиеші өзін жинақы , тіл байлығы күшті , мәдениетті тұлға ретінде көрсете білсе , бала да балабақшада жақсы тәлім - тәрбие алады . Балабақшадағы бала - ойын баласы . Сол үшін тәрбиеші балаға үйрететін санамақтарды , ойындарды , тақпақтарды , ертегілерді жатқа білуі қажет . Балаға зейін қойып , оны тыңдасаң , бала саған жақын болады . Балаларды жақсы , жаман деп бөлуге болмайды . Әр баланың көрінбейтін бір өнері болады , тек соны біз уақытында көріп , сыртқа көрсете білуіміз керек . Тәрбиеші деген сөз - алдымен баланы тәрбиелейтін адам , сосын білім беретін ұстаз . Мен тағы да тәрбиеші деген - баланың екінші ата - анасы , досы , көмекшісі , үлі тұтар тұлғасы дер едім . Қазіргі таңда жаңа технологияны оқу іс - әрекетінде қолдану балалардың білімдерін жетілдіріп , олардың танымдық дамуын арттырады . Болашақта алдымызға қойған көптеген мақсаттарымызға жетеміз - деп ойлаймын . Менің басты міндетім : тәрбиеленушілерге дұрыс бағыт - бағдар беру . Өзін іс жүзінде көрсете білуге және жасаған жұмысында жетістіктерге жетуін қамтамасыз ету .
  • 14. Балабақша әр үйдің еркесі , әпештеген ұлы мен қызы тәрбиеленетін орын . Мұнда олар таңертең келіп , кешке қайтады . Балалық шақтарын қызықты өткізіп , қазіргі заман баласын тәрбиелеу біздің міндет . Тәрбиеші оқу - тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап , жаңа заман талабына сай , озық дәстүр ұлттық рухында тәрбиелеп сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдіс - тәсілдерін пайдаланса , игі нәтижеге жетеді . Ел болашағы - білімді ұрпақта . Уақытында алынған мектепке дейінгі білімнің әр бала үшін де , еліміздің әл - ауқаты үшін де өмірлік маңызды мәні бар . Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбие мен білім беру мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады . Бала - келешек , бала - үміт , бала - өмірдің жалғасы . Сол себепті балаларды тәрбиелеу - баршаның ісі .