SlideShare a Scribd company logo
1 of 13
«Ертегілер еліндегі Жаңа Жыл кеші » атты мерекелік
ертеңгілігі
Ерте-ерте ертеде Ертегілер сарайында Жаңа жылдық мерекеге
мультфильм кейіпкерлері қызу дайындалып жатқан еді. Ертегілер сарайы
қиыншылыққа тап болды. Жауыз Мыстан кемпір өзінің шақырусыз
қалғандығын біліп, сарайды сиқырлап, кейіпкерлерді қатырып тастады.
(Мультфильм кейіпкерлері шығып, өз орындарына тұрып, қатып
қалады)
Видео: Ертегі сарайын сиқырданқұтқаруғаорманнан Перизаттар келді.
4 Перизат билеп шығады:
Тамирис
Келдік біздер сарайға,
Ертегі елін құтқаруға.
Ертегі елі сан қилы
Қызық-қызықсыр бар мұнда.
Настя:
Жаңа жылдыңкешінде
Достар келіп 6ip шешімге
Достаспақшы ниетпен
Жиналыпты келісімге.
Хормен: Тамирис, Настя,
Айлин, Мейірім
Соныменен, балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
Шын бағасынберіңдер.
(Перизаттарқимыл-қозғалыспенсиқырлы таяқшаларымен кейіпкерлерді
жібітеді, мультфильм кейіпкерлері қозғалып, таң қалған қимыл әрекет
жасайды)
Музыка ойналып, сарайға жағымды көңіл-күй сыйлап, Флешмоб биін
билейді.
Балалар 2 жаққа бөлініп отырады. Шыршаныңекі жағынан жүргізушілер
шығады.
1- Жүргізуші:
Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін
Мына отырған барша жан бәрімізге.
Жаңа жыл қайсарлықпен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп
Біз жаңа жылға қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.
2- жүргізуші:
Жаңалықтың жаршысындайтаң атты,
Жаңа жыл кеші елді өзіне қаратты.
Ерекше бір дайындықпен күтеміз,
Киіп маска, даярлап әр салатты.
Тілек тілеп бәріміз жарысамыз,
Сыйлық сыйлап үйді-үйге барысамыз.
Қандай жақсы жаңа жыл шаттық сыйлар,
Бақыт тілеп, мәз бола қар құшамыз.
Хормен: Жаңа Жыл құтты болсын!
Жүргізуші: «ЕртегілереліндегіЖаңаЖыл кеші » атты мерекелік
ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз. (Шыршаныңшамы жағулы болады)
Біздің шыршамыздың шамдары жанып тұр. Аяз Атамыз бен Ақшақарымыз
жолда келе жатыр.
Маймыл ентігіп жүгіріп кіріп келеді: - Балалар, балалар. Сендер
білесіңдерме, жолда Аяз ата мен Ақшақар қиыншылыққа тап болыпты. Олар
бір-бірлерінен адасып қалыпты.
Мүтәләп:
Шанасына мінеді
Мәз-мейрам бопкүледі.
Жарысамыз бәріміз,
Жарасыптұр сәніміз.
Ішік,пима,қолғап бар,
Арада жоқ тоңғақтар,
Баста қолғап малақай,
Біз тоңбаймыз алақай!
(Соңынан Еріншек (Лентяево) қуып келеді)
Еріншек:- ООО, маймыл сен осындасыңба?Мен сені ұстап алайын, мен сені
жібермеймін.
Маймыл:- Балалар, мен Аяз Атаны іздеп, тауып келейін. (Маймылқашып
кетеді)
Еріншек: - Мынау не жарқылдаған? Көзім ауырып кетті ғой.
Өшіремін.(Шырша сөніп қалады).
-Мен қысты ұнатпаймын, Жаңа Жылды да ұнатпаймын.
Жүргізуші: Сен неге Жаңа Жыл мерекесін ұнатпайсың? Біз Аяз атаны күтіп
отырмыз. Аяз атадан сыйлықалғың келеді ме? Ендеше сен бізбен бірге жаңа
жыл мерекесінде көңіл көтер.
Еріншек: Аяз Ата маған сыйлықбереді ме? Мен онда Аяз Атаға өлеңімді
айтайын.
Асанали:
Әлде қарлы боранда
Тау басынантүсті ме?
Аяз ата оралды,
Ақ тон киіп үстіне.
Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Қызылала шапаны
Сағындым аяз атаны
(Фиксики мультфильмініңәуенімен Симка мен Нолик қолдарында құралдары
бар, көмекке келеді.)
Симка мен Нолик:
Шырша шамын жөндейміз
Қырсықтыққа көнбейміз.
Шырша шамын жағуға
Көмекке біз келгенбіз.
Айымгүл
Ақ сақалы желбіреп,
Аяз атам елжіреп.
Алды жылдыңсәлемін,
Алды сыйынәлемнің,
Безендіріп шыршаны,
Жыл қуантып баршаны,
Той-маскарад басталды
Кел, жаңа жыл, біздерге,
Кел, жаңа жыл, жаңа жыл!
Гүлназ
Шеберін – ай аяздың
Әйнектерді қағаз ғып
Әшекейлеп қойыпты
Бірнеше ою ойыпты
Суреттерді әр үйге
Әйнектерге әрине
Түндесалып береді
Көзіқалай көреді?
Ән: «Қаңтар»
Түлкі:- Мұнда не болып жатыр, бәрің жиналып қалыпсыңдар ғой, өздерің
мәзсіңдер. Мен мына аязда қарным ашып, тамақ іздеп жүрмін.
Жүргізуші: - Түлкіжан, біз Жаңа жыл кешінде Аяз Атаны, тауықты күтіп
отырмыз.
Түлкі:-Ха-ха-ха. Мен Аяз Атаны адастырыпкеттім. Жаңа Жыл болмайды.
Бекерге босқакүтпеңдер. Үйлеріңе кетіңдер. Одандамен Тауықты тауып,
жеп алайын.
(Түлкі кетіп қалады)
Балалардың өлең шумақтары:
Мейірім
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Балдырғандар ойнайды.
Білсеңіздер айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Айым
Жылдыңәсем бұлшағы
Шыр айналдық шыршаны.
Шоқ жұлдыздайкөктегі
Шыныны қағып тұр шамы.
Жасыл шырша жанында
Айнала ойнап ән саламыз
Өзіміздің бақшада
Жаңа жылды қарсы аламыз.
Мақсат
Қар жауғанда
Топбала
Соқтықкеліп
Аққала.
Мұрны сәбіз үп – үшкір,
Көзікөмір қап – қара.
Көне шелек - басында,
Сыпырғышы қолында,
Мұз айдынды аршуға
Келгендей - ақ ол мұнда.
Бірақ та тұр жабығып,
Түйіп алып қабағын.
Таба алмадық жабылып,
Күлдірудің амалын.
Расул
Қазақстан еліне
Жаңа жыл міне келіп тұр
Мына отырғанқауымға
Иіліп сәлем беріп тұр
Жаңа жылда бәріңе
Жаңа бақыт әкеп тұр.
Аружан
Ару жаңа, жыл жаңа,
Ән де жаңа,жыр жаңа.
Айналады бала да,
Жасыл шырша басында.
Тақпақ айтып қуанар,
Келді ару жап-жаңа,
Аппақ біздің далада,
Жаңа жыл ғой,жаңа жыл!
Ойын:Аяз Атаданхат келіпті (ата-аналармен)
(Музыкамен Мыстанкемпір шығады)
Мыстан кемпір: (Қарғаш)-ААА, тағы да мені шақырмадыңдарма. Сендердің
шақырмайтындарыңды біліп, мен Ақшақарды сиқырлы алмаммен ұйықтатып
кеттім. Аяз Ата да жоқ, Ақшақар да жоқ. Жаңа Жылды қалай тойлатар
екенсіңдер. Ха-ха-ха. Мына менің сиқырлы айнам арқылы Ақшақардың
ұйықтап жатқанын көрсетейін.
Видео:Ақшақар мен құртақандардыңбиі
Мыстан:Менің алмам сиқырлы болмағаны ма? ( Басын ұстап, қапаланып
шыршаны айналып кетеді, Буратинокөңілді музыкамен жүгіріп кіреді )
Буратино: Мен сиқырлы кілтіммен қамауда жатқан Ханшайымдарды
босатыпалып келдім.
(Құртақандар мен Ақшақар кіреді және Ханшайымдар (Алуа-Ақшақар,
Әсет-Скромник, Әмірхан-Чихун, Аружан-Русалка, Айым-Золушка, Аяжан-
Рапунцель, Көркем- Эльза)
Құртақандар:Мен- Скромникпін, ал мен Чихунмын.
Құртақандар:- Біздер Ақшақарды сіздерге аман-есен жеткіздік. Қандай
тамаша, Жаңа Жыл құтты болсын.
Скромник:Асет
Уақыт мол бөлеміз,
Қыс қызығынкөреміз.
Сары аязда шыңдалып,
Шымыр болар денеміз.
Жылда осылай келеміз,
Көпқуаныш береді,
Шашу шашып біздерге,
Ақ күмісін төгеді.
Чихун: Амирхан
Ақ қырауға малынған,
Сақалы да мұрты да,
Аяз ата сағынған,
Сәлем бердіжұртына!
Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсін,
Ортақ ойы арманы,
Жақсы дәстүр көбейсін!
Ақшақар: Алуа
Қараңдаршы, далаға,
Дала аппақ ақша қар.
Тал мен үйлер ойнайды,
Жамылыпты ақ шатыр.
Бізбен бірге ойнайды,
Жаңа жылды тойлайды,
Барлық бала бақытты,
Болса екен деп ойлайды.
Балалардыңөлең шумақтары:
Көркем
Мұздан моншақ тағынып,
Күміс қырау жамылып.
Ортада тұр Ақшақар,
Көптен күткен сағынған.
Кел, билейін сенімен,
Дедім тартып жеңінен,
Еріп кетпе Ақшақар,
Адамдардыңдемімен.
Анастасия
Ару айдай бір қыз бар,
Аты оныңАқшақар.
Аяз ата қасында,
Солқыз сұлу қашанда!
Көздерібар ботадай,
Тістері аппақ маржандай
Би билейді әндете,
Балаларды жүгірте
Айлин:
Келді міне, жаңа жыл,
Қуантайық қарсы алып.
Асыр салып ойнайық,
Шырша айналып,ән салып.
Жаңа жылды қарсы алып,
Барлық бала ән салып.
Ақшақар жүр би билеп,
Қол соғады барша жұрт.
Айдос
Кел, Жаңа жыл,төрле-төрле жеріме,
Жаңа табыс тілейік ісімізге!
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін
Үміт артып барша жанның бәріне!
Тамирис
Болсын қызық салтанат
Болсын қызық мереке
Жаңа жылмен жадырап
Келсін бақыт береке
Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз біз жылда бір,
Жарқын-жарқынән салып,
Жалғасады жырға -жыр.
Жандаулет
Жүзімізге күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
Ән: «Ақшақар»
Қыс мезгілінде ақ ұлпа қарлар жерге жапалақтап жауады.
Би: «Ұлпа қарлар»
Тауықты алып Маймыл кіріп келеді. Соңынан Түлкі ентігіп жүгіріп кіреді.
Түлкі:- Тауық менікі, мен тауықты жеймін.
(МаймылданТауықты тартып алмақшы болады, осы кезде музыка залына
Маша мен Қызыл телпек келеді)
Маша: Аяз Атаны құтқардық, Аяз Ата келе жатыр.
Маша: Аделя
Ау, жарандар, ал қарандар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Айнала қоршап шыршаны,
Шашылар шашу-жыр әні.
Мынау әсем шыршаға,
Қош келдіңіз баршаңыз.
Қызыл телпек:Камила
Келді міне жаңа жыл, аппақ болып
Ән салып, жұмбақболып, тақпақ болып
Ауламыздың тұсынақоныпжатыр
Аяз болып, мұз болып, қатқақ болып.
(Музыка әуеніне сай Аяз Ата, соңынан құтқарушылары кіріп келеді.
Черепашки Ниндзя,Бэтман, Железный человек, Өрмекші- адам кейіпкерлерін
киген балалар кіріп келеді).
Барлығы : Біз жаңа заман құтқарушыларымыз. Аяз Атаны адасыпжүрген
жерінін құтқарыпәкелдік.
Аяз Ата(Гюзаль):
0Амансың ба, ұлдарым?
Амансың ба, қыздарым?
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай жарқын жырларың.
Асулармен алысқан,
Асау жылмен жарысқан
Аталарың сендерге,
Шаршап келді алыстан.
Өздеріңе оралдым,
Керемет бір ән тыңдап,
Келіп тұр- ау тыңдағым.
Міне, мен де алыс жолдан сендердің жүздеріңді бір көріп қайтайын деп
келдім.
Жүргізуші: Қош келдіңіз Аяз ата! Амансың ба! Келгендерің қандай
жақсы болды.Балалар сіздерді асыға күтіп отыр еді, Аяз ата сіздердің
келгендеріңізге өте қуаныштымыз.
(Уақыт тура 12 болған кездегі дыбыс естіледі)
Аяз Ата: Балалар шырша шамдарың сөніп тұр ғой.Балалар, сендер маған
қосылып:1-2-3, шам жарқырай түс!-деп 3 рет қайталаңдар, сонда
шыршаның шамы жанады.(Балалар қайталайды)
Шам-шырақтан жағып шырша шамдарын,
Қарсы алайық Жаңа Жылдың таңдарын!
Маймыл:
Мен маймылмын, мешінмін
Жыл бойы мен секірдім.
Жаңа Жылды досыма,
Әтешке мен беремін.
Менің соңғы минуттарым да болып қалды. Сендермен қоштасып жолымды
Әтешке беремін.
Тауық:
Мен тауықпын, тауықпын
Жаңа жыл болып келдім.
Сый ғып тартып жылымды
Молшылық, бақыт тілеймін.
Ән: «Джингл бэлс»
Жұмбақтар:( Ата-аналарға арналған)
*Суды қолмен қалай тасуға болады?(мұз қылып)
*Қатты жылдамдықпенкеле жатқан жүк машинасын 1 қолмен кім тоқтата
алады? (жол полициясы)
*Бір үйде 50 батыр,
Үй сыртынасүйкенсе,
Өліп жатыр(сіріңке)
*Патша кімнің алдында тәжән шешеді? (шаштараз)
*Жеген сайын жылататын не? (таяқ)
*Еліміздегі ең ұзынағаш қайда?(ұзынағашта)
Өлеңдер5 бала:
Эльдар:
Аяз беттен өбеді,
Ай барады жылыстап,
Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап.
Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір,
Мансұр
Ақ сақалды таяқты
Қалың қырау қабақты
Аяз ата аямай
Бізге сыйлықтаратты
Ойыншығы, шекері
Орасанкөп сияқты.
Аяжан
Құтты болсыната-ана ,
Жаңа жылың бүгінгі.
Бауырыңдабалаларың
Ұзақ болсынөмірің
Көптен бері жаңа жылды,
Сағына мен күтемін,
Шырша тойға анашымның
Маған киім тіккенін.
Дулат:
Ей, Жаңа жыл,! Жаңа бақыт
ырысым!
Жақсылықтыңжаршысы да
нұрысың!
Адамдардыңасқақтаған арманы
Армысыңба, амансыңба Жаңа
жыл!
Адия:
Тауық жылы келгенде, сый ғып
тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын,
Қош келдің, Жаңа жылым қазағыма
Қош келдің, жаңа жыр арамызға!
Аяз ата: - Балалар, мен сендергесыйлық алып келдім. (Таяғынжерге тақ
еткізеді, сол кезде шам сөніп, жұмыртқаны шығарады )
Жүргізуші: - Бұл жұмыртқа ғой. Аяз Ата біз сізден басқа сыйлықтар күтіп
едік.
Аяз Ата: - Бұл жай жұмыртқа емес. Алтын жұмыртқа.
Тосын сый(ішінен Балапан шығады)
Би: Ұлдар « Туған күніңмен!балапан»
Ән: «Жаңа Жыл»
Аяз Ата: Балалар сендер менен сыйлық алғыларың келеді ме?
Балалар: Әрине
Аяз Ата: Мен сендерге жай жұмыртқа емес, алтын жұмыртқаекендігін
айттым. Ал Балапаным маған сыйлықтарды алып кел.
(Балапан жұмыртқаішінен сыйлықалып келеді )
Аяз Ата мен Ақшақар сыйлықтарды таратады.
Жүргізуші:
Барлық жандар бір тілекке қосқанүн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл
Құтты болсынЖаңа Бақыт достарым!...
Жүргізуші:
Біз тілейміз жаңа жылдың шаттығын
Біз тілейміз Ақшақардың пәктігін.
Ардақтаймыз ақ армандай ойларды,
Аялаймыз ару құстыңақ таңын.
Аяз ата:
Алыс- алыс ауылдар,
Өздеріңдей қауымдар күтіп отыр біздерді.
Балалар, мен біраз дем алдым. Арқа – басым кеңіп, ашу- аязым кеміп барады.
Бүйте берсем мен Аяз емес, тамыз болып кетемін. Сендергекөп рахмет.
Сендермен қоштасатын сәт туды. Қош сау болыңыздар, балалар.
Жүргізушілерхормен:
Өтсін солай жаңа өмірдің күндері
Шарпымасын жүректердің мұң лебі,
Жарқылдасынжаңа жылдыңоттары
Таусылмасынжаңа жылдыңдүрмегі,- деп «ЕртегілереліндегіЖаңаЖыл
кеші » атты мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
№7 «Айша» балабақшасы МКҚК
«Ертегілер еліндегі Жаңа
Жыл кеші »
(Жаңа жылдық сценарий)
№10 «Симба» тобы
Көкшетау қаласы-2017 жыл
бахытжан м

More Related Content

What's hot (6)

Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tomKilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
 
799fgg
799fgg799fgg
799fgg
 
армысың, ару наурыз!
армысың, ару наурыз!армысың, ару наурыз!
армысың, ару наурыз!
 
202ваыаывав
202ваыаывав202ваыаывав
202ваыаывав
 
шурабаева болған қабдолқызы
шурабаева болған қабдолқызышурабаева болған қабдолқызы
шурабаева болған қабдолқызы
 
121вцвцвцвц
121вцвцвцвц121вцвцвцвц
121вцвцвцвц
 

More from Вспомогательный образовательный сайт

More from Вспомогательный образовательный сайт (20)

метод.в орлеу1
метод.в орлеу1метод.в орлеу1
метод.в орлеу1
 
открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 

бахытжан м

  • 1. «Ертегілер еліндегі Жаңа Жыл кеші » атты мерекелік ертеңгілігі Ерте-ерте ертеде Ертегілер сарайында Жаңа жылдық мерекеге мультфильм кейіпкерлері қызу дайындалып жатқан еді. Ертегілер сарайы қиыншылыққа тап болды. Жауыз Мыстан кемпір өзінің шақырусыз қалғандығын біліп, сарайды сиқырлап, кейіпкерлерді қатырып тастады. (Мультфильм кейіпкерлері шығып, өз орындарына тұрып, қатып қалады) Видео: Ертегі сарайын сиқырданқұтқаруғаорманнан Перизаттар келді. 4 Перизат билеп шығады: Тамирис Келдік біздер сарайға, Ертегі елін құтқаруға. Ертегі елі сан қилы Қызық-қызықсыр бар мұнда. Настя: Жаңа жылдыңкешінде Достар келіп 6ip шешімге Достаспақшы ниетпен Жиналыпты келісімге. Хормен: Тамирис, Настя, Айлин, Мейірім Соныменен, балалар Жаңа жылға арналған Ертегіні көріңдер Шын бағасынберіңдер. (Перизаттарқимыл-қозғалыспенсиқырлы таяқшаларымен кейіпкерлерді жібітеді, мультфильм кейіпкерлері қозғалып, таң қалған қимыл әрекет жасайды) Музыка ойналып, сарайға жағымды көңіл-күй сыйлап, Флешмоб биін билейді. Балалар 2 жаққа бөлініп отырады. Шыршаныңекі жағынан жүргізушілер шығады. 1- Жүргізуші: Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге, Жаңа табыс тілейік ісімізге. Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін Мына отырған барша жан бәрімізге. Жаңа жыл қайсарлықпен жүректілік,
  • 2. Баратын болашаққа білек түріп Біз жаңа жылға қол соғамыз, Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып. 2- жүргізуші: Жаңалықтың жаршысындайтаң атты, Жаңа жыл кеші елді өзіне қаратты. Ерекше бір дайындықпен күтеміз, Киіп маска, даярлап әр салатты. Тілек тілеп бәріміз жарысамыз, Сыйлық сыйлап үйді-үйге барысамыз. Қандай жақсы жаңа жыл шаттық сыйлар, Бақыт тілеп, мәз бола қар құшамыз. Хормен: Жаңа Жыл құтты болсын! Жүргізуші: «ЕртегілереліндегіЖаңаЖыл кеші » атты мерекелік ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз. (Шыршаныңшамы жағулы болады) Біздің шыршамыздың шамдары жанып тұр. Аяз Атамыз бен Ақшақарымыз жолда келе жатыр. Маймыл ентігіп жүгіріп кіріп келеді: - Балалар, балалар. Сендер білесіңдерме, жолда Аяз ата мен Ақшақар қиыншылыққа тап болыпты. Олар бір-бірлерінен адасып қалыпты. Мүтәләп: Шанасына мінеді Мәз-мейрам бопкүледі. Жарысамыз бәріміз, Жарасыптұр сәніміз. Ішік,пима,қолғап бар, Арада жоқ тоңғақтар, Баста қолғап малақай, Біз тоңбаймыз алақай! (Соңынан Еріншек (Лентяево) қуып келеді) Еріншек:- ООО, маймыл сен осындасыңба?Мен сені ұстап алайын, мен сені жібермеймін. Маймыл:- Балалар, мен Аяз Атаны іздеп, тауып келейін. (Маймылқашып кетеді) Еріншек: - Мынау не жарқылдаған? Көзім ауырып кетті ғой. Өшіремін.(Шырша сөніп қалады). -Мен қысты ұнатпаймын, Жаңа Жылды да ұнатпаймын. Жүргізуші: Сен неге Жаңа Жыл мерекесін ұнатпайсың? Біз Аяз атаны күтіп отырмыз. Аяз атадан сыйлықалғың келеді ме? Ендеше сен бізбен бірге жаңа жыл мерекесінде көңіл көтер. Еріншек: Аяз Ата маған сыйлықбереді ме? Мен онда Аяз Атаға өлеңімді айтайын. Асанали:
  • 3. Әлде қарлы боранда Тау басынантүсті ме? Аяз ата оралды, Ақ тон киіп үстіне. Сақалы аппақ күмістей Тістері аппақ күріштей Қызылала шапаны Сағындым аяз атаны (Фиксики мультфильмініңәуенімен Симка мен Нолик қолдарында құралдары бар, көмекке келеді.) Симка мен Нолик: Шырша шамын жөндейміз Қырсықтыққа көнбейміз. Шырша шамын жағуға Көмекке біз келгенбіз. Айымгүл Ақ сақалы желбіреп, Аяз атам елжіреп. Алды жылдыңсәлемін, Алды сыйынәлемнің, Безендіріп шыршаны, Жыл қуантып баршаны, Той-маскарад басталды Кел, жаңа жыл, біздерге, Кел, жаңа жыл, жаңа жыл! Гүлназ Шеберін – ай аяздың Әйнектерді қағаз ғып Әшекейлеп қойыпты Бірнеше ою ойыпты Суреттерді әр үйге Әйнектерге әрине Түндесалып береді Көзіқалай көреді? Ән: «Қаңтар» Түлкі:- Мұнда не болып жатыр, бәрің жиналып қалыпсыңдар ғой, өздерің мәзсіңдер. Мен мына аязда қарным ашып, тамақ іздеп жүрмін. Жүргізуші: - Түлкіжан, біз Жаңа жыл кешінде Аяз Атаны, тауықты күтіп отырмыз. Түлкі:-Ха-ха-ха. Мен Аяз Атаны адастырыпкеттім. Жаңа Жыл болмайды. Бекерге босқакүтпеңдер. Үйлеріңе кетіңдер. Одандамен Тауықты тауып, жеп алайын. (Түлкі кетіп қалады) Балалардың өлең шумақтары: Мейірім Аяз қысып, өрнек сызып, Терезені торлайды. Қарға омбығып, Бет домбығып, Балдырғандар ойнайды. Білсеңіздер айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? Айым Жылдыңәсем бұлшағы Шыр айналдық шыршаны. Шоқ жұлдыздайкөктегі Шыныны қағып тұр шамы. Жасыл шырша жанында Айнала ойнап ән саламыз Өзіміздің бақшада Жаңа жылды қарсы аламыз. Мақсат
  • 4. Қар жауғанда Топбала Соқтықкеліп Аққала. Мұрны сәбіз үп – үшкір, Көзікөмір қап – қара. Көне шелек - басында, Сыпырғышы қолында, Мұз айдынды аршуға Келгендей - ақ ол мұнда. Бірақ та тұр жабығып, Түйіп алып қабағын. Таба алмадық жабылып, Күлдірудің амалын. Расул Қазақстан еліне Жаңа жыл міне келіп тұр Мына отырғанқауымға Иіліп сәлем беріп тұр Жаңа жылда бәріңе Жаңа бақыт әкеп тұр. Аружан Ару жаңа, жыл жаңа, Ән де жаңа,жыр жаңа. Айналады бала да, Жасыл шырша басында. Тақпақ айтып қуанар, Келді ару жап-жаңа, Аппақ біздің далада, Жаңа жыл ғой,жаңа жыл! Ойын:Аяз Атаданхат келіпті (ата-аналармен) (Музыкамен Мыстанкемпір шығады) Мыстан кемпір: (Қарғаш)-ААА, тағы да мені шақырмадыңдарма. Сендердің шақырмайтындарыңды біліп, мен Ақшақарды сиқырлы алмаммен ұйықтатып кеттім. Аяз Ата да жоқ, Ақшақар да жоқ. Жаңа Жылды қалай тойлатар екенсіңдер. Ха-ха-ха. Мына менің сиқырлы айнам арқылы Ақшақардың ұйықтап жатқанын көрсетейін. Видео:Ақшақар мен құртақандардыңбиі Мыстан:Менің алмам сиқырлы болмағаны ма? ( Басын ұстап, қапаланып шыршаны айналып кетеді, Буратинокөңілді музыкамен жүгіріп кіреді ) Буратино: Мен сиқырлы кілтіммен қамауда жатқан Ханшайымдарды босатыпалып келдім. (Құртақандар мен Ақшақар кіреді және Ханшайымдар (Алуа-Ақшақар, Әсет-Скромник, Әмірхан-Чихун, Аружан-Русалка, Айым-Золушка, Аяжан- Рапунцель, Көркем- Эльза) Құртақандар:Мен- Скромникпін, ал мен Чихунмын. Құртақандар:- Біздер Ақшақарды сіздерге аман-есен жеткіздік. Қандай тамаша, Жаңа Жыл құтты болсын. Скромник:Асет
  • 5. Уақыт мол бөлеміз, Қыс қызығынкөреміз. Сары аязда шыңдалып, Шымыр болар денеміз. Жылда осылай келеміз, Көпқуаныш береді, Шашу шашып біздерге, Ақ күмісін төгеді. Чихун: Амирхан Ақ қырауға малынған, Сақалы да мұрты да, Аяз ата сағынған, Сәлем бердіжұртына! Жаңа жылда алдағы Көңіл өсіп кеңейсін, Ортақ ойы арманы, Жақсы дәстүр көбейсін! Ақшақар: Алуа Қараңдаршы, далаға, Дала аппақ ақша қар. Тал мен үйлер ойнайды, Жамылыпты ақ шатыр. Бізбен бірге ойнайды, Жаңа жылды тойлайды, Барлық бала бақытты, Болса екен деп ойлайды. Балалардыңөлең шумақтары: Көркем Мұздан моншақ тағынып, Күміс қырау жамылып. Ортада тұр Ақшақар, Көптен күткен сағынған. Кел, билейін сенімен, Дедім тартып жеңінен, Еріп кетпе Ақшақар, Адамдардыңдемімен. Анастасия Ару айдай бір қыз бар, Аты оныңАқшақар. Аяз ата қасында, Солқыз сұлу қашанда! Көздерібар ботадай, Тістері аппақ маржандай Би билейді әндете, Балаларды жүгірте Айлин: Келді міне, жаңа жыл, Қуантайық қарсы алып. Асыр салып ойнайық, Шырша айналып,ән салып. Жаңа жылды қарсы алып, Барлық бала ән салып. Ақшақар жүр би билеп, Қол соғады барша жұрт. Айдос Кел, Жаңа жыл,төрле-төрле жеріме, Жаңа табыс тілейік ісімізге! Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін Үміт артып барша жанның бәріне! Тамирис Болсын қызық салтанат
  • 6. Болсын қызық мереке Жаңа жылмен жадырап Келсін бақыт береке Жаңа жылды қарсы алып, Жасаймыз біз жылда бір, Жарқын-жарқынән салып, Жалғасады жырға -жыр. Жандаулет Жүзімізге күлкі ойнап, Қанаттанды жанымыз Жаңа жылды біз тойлап, Шаттанамыз бәріміз. Әдемілеп біз ілген Ойыншықтар тізілген Қандай әсем шыршамыз Ән шырқайық баршамыз Ән: «Ақшақар» Қыс мезгілінде ақ ұлпа қарлар жерге жапалақтап жауады. Би: «Ұлпа қарлар» Тауықты алып Маймыл кіріп келеді. Соңынан Түлкі ентігіп жүгіріп кіреді. Түлкі:- Тауық менікі, мен тауықты жеймін. (МаймылданТауықты тартып алмақшы болады, осы кезде музыка залына Маша мен Қызыл телпек келеді) Маша: Аяз Атаны құтқардық, Аяз Ата келе жатыр. Маша: Аделя Ау, жарандар, ал қарандар Жауып тұр қар себелеп. Көкке толды, жерге қонды Сансыз аппақ көбелек. Айнала қоршап шыршаны, Шашылар шашу-жыр әні. Мынау әсем шыршаға, Қош келдіңіз баршаңыз. Қызыл телпек:Камила Келді міне жаңа жыл, аппақ болып Ән салып, жұмбақболып, тақпақ болып Ауламыздың тұсынақоныпжатыр Аяз болып, мұз болып, қатқақ болып. (Музыка әуеніне сай Аяз Ата, соңынан құтқарушылары кіріп келеді. Черепашки Ниндзя,Бэтман, Железный человек, Өрмекші- адам кейіпкерлерін киген балалар кіріп келеді). Барлығы : Біз жаңа заман құтқарушыларымыз. Аяз Атаны адасыпжүрген жерінін құтқарыпәкелдік. Аяз Ата(Гюзаль): 0Амансың ба, ұлдарым? Амансың ба, қыздарым?
  • 7. Қандай жарқын жүздерің, Қандай жарқын жырларың. Асулармен алысқан, Асау жылмен жарысқан Аталарың сендерге, Шаршап келді алыстан. Өздеріңе оралдым, Керемет бір ән тыңдап, Келіп тұр- ау тыңдағым. Міне, мен де алыс жолдан сендердің жүздеріңді бір көріп қайтайын деп келдім. Жүргізуші: Қош келдіңіз Аяз ата! Амансың ба! Келгендерің қандай жақсы болды.Балалар сіздерді асыға күтіп отыр еді, Аяз ата сіздердің келгендеріңізге өте қуаныштымыз. (Уақыт тура 12 болған кездегі дыбыс естіледі) Аяз Ата: Балалар шырша шамдарың сөніп тұр ғой.Балалар, сендер маған қосылып:1-2-3, шам жарқырай түс!-деп 3 рет қайталаңдар, сонда шыршаның шамы жанады.(Балалар қайталайды) Шам-шырақтан жағып шырша шамдарын, Қарсы алайық Жаңа Жылдың таңдарын! Маймыл: Мен маймылмын, мешінмін Жыл бойы мен секірдім. Жаңа Жылды досыма, Әтешке мен беремін. Менің соңғы минуттарым да болып қалды. Сендермен қоштасып жолымды Әтешке беремін. Тауық: Мен тауықпын, тауықпын Жаңа жыл болып келдім.
  • 8. Сый ғып тартып жылымды Молшылық, бақыт тілеймін. Ән: «Джингл бэлс» Жұмбақтар:( Ата-аналарға арналған) *Суды қолмен қалай тасуға болады?(мұз қылып) *Қатты жылдамдықпенкеле жатқан жүк машинасын 1 қолмен кім тоқтата алады? (жол полициясы) *Бір үйде 50 батыр, Үй сыртынасүйкенсе, Өліп жатыр(сіріңке) *Патша кімнің алдында тәжән шешеді? (шаштараз) *Жеген сайын жылататын не? (таяқ) *Еліміздегі ең ұзынағаш қайда?(ұзынағашта) Өлеңдер5 бала: Эльдар: Аяз беттен өбеді, Ай барады жылыстап, Аспан жерге төгеді Ақ күмісін уыстап. Өлең де әзір, ән әзір, Ойын да әзір, бәрі әзір, Мансұр Ақ сақалды таяқты Қалың қырау қабақты Аяз ата аямай Бізге сыйлықтаратты Ойыншығы, шекері Орасанкөп сияқты. Аяжан Құтты болсыната-ана , Жаңа жылың бүгінгі. Бауырыңдабалаларың Ұзақ болсынөмірің Көптен бері жаңа жылды, Сағына мен күтемін, Шырша тойға анашымның Маған киім тіккенін. Дулат: Ей, Жаңа жыл,! Жаңа бақыт ырысым! Жақсылықтыңжаршысы да нұрысың! Адамдардыңасқақтаған арманы Армысыңба, амансыңба Жаңа жыл! Адия: Тауық жылы келгенде, сый ғып тартып, Ақтарайық әнменен көңіл сырын, Қош келдің, Жаңа жылым қазағыма Қош келдің, жаңа жыр арамызға!
  • 9. Аяз ата: - Балалар, мен сендергесыйлық алып келдім. (Таяғынжерге тақ еткізеді, сол кезде шам сөніп, жұмыртқаны шығарады ) Жүргізуші: - Бұл жұмыртқа ғой. Аяз Ата біз сізден басқа сыйлықтар күтіп едік. Аяз Ата: - Бұл жай жұмыртқа емес. Алтын жұмыртқа. Тосын сый(ішінен Балапан шығады) Би: Ұлдар « Туған күніңмен!балапан» Ән: «Жаңа Жыл» Аяз Ата: Балалар сендер менен сыйлық алғыларың келеді ме? Балалар: Әрине Аяз Ата: Мен сендерге жай жұмыртқа емес, алтын жұмыртқаекендігін айттым. Ал Балапаным маған сыйлықтарды алып кел. (Балапан жұмыртқаішінен сыйлықалып келеді ) Аяз Ата мен Ақшақар сыйлықтарды таратады. Жүргізуші: Барлық жандар бір тілекке қосқанүн Бақытты боп бастады жыл дастанын Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл Құтты болсынЖаңа Бақыт достарым!... Жүргізуші: Біз тілейміз жаңа жылдың шаттығын Біз тілейміз Ақшақардың пәктігін. Ардақтаймыз ақ армандай ойларды, Аялаймыз ару құстыңақ таңын. Аяз ата: Алыс- алыс ауылдар, Өздеріңдей қауымдар күтіп отыр біздерді. Балалар, мен біраз дем алдым. Арқа – басым кеңіп, ашу- аязым кеміп барады. Бүйте берсем мен Аяз емес, тамыз болып кетемін. Сендергекөп рахмет. Сендермен қоштасатын сәт туды. Қош сау болыңыздар, балалар. Жүргізушілерхормен: Өтсін солай жаңа өмірдің күндері Шарпымасын жүректердің мұң лебі, Жарқылдасынжаңа жылдыңоттары
  • 10. Таусылмасынжаңа жылдыңдүрмегі,- деп «ЕртегілереліндегіЖаңаЖыл кеші » атты мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
  • 11.
  • 12. №7 «Айша» балабақшасы МКҚК «Ертегілер еліндегі Жаңа Жыл кеші » (Жаңа жылдық сценарий) №10 «Симба» тобы Көкшетау қаласы-2017 жыл