SlideShare a Scribd company logo
1 of 6
Идресова Камка Орынбасаровна
Бастауыш сынып мұғалімі
№1ОЖББМ
Орал қаласы
Оқушылардың функционалдық сауаттылықтары арқылы экологиялық
білімдерін дамыту.
Тәуелсіз еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Оқушы білімінің негізі бастауышта
қалыптасады. Бала білімінің дамуына ұстаз бен ата-ананың жауапкершілігі
мол. «Білім көзі-кітапта» демекші, бастауыштағы түрлі пәндер оқушының
ой-өрісін дамытады.
Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының
басты бағыты» атты Жолдауындағы оқушылардың функционалдық
сауаттылығын дамыту мақсатында құрылған бес жылдық Ұлттық жоспардың
дер кезінде көтерілгендігін құптаумен қатар, бұл функционалдық сауаттылық
мәселесінің алаш арыстарының да ой-тұжырымдарынан қағыс
қалмағандығын жұртшылық назарына ұсыну болды. Сондықтан да
функционалдық сауаттылыққа байланысты атқарылар іс-шараларда алаш
арыстарының ұлт болашағы, оның сауатты, білімді, рухани дүниесі бай,
ұлтжанды азамат тәрбиелеудегі педагогикалық көзқарастары үнемі
басшылыққа алуынуы қажет.
Сондықтан бастауыш сынып мұғалімінің басты міндеті-баланы сауатты
оқуға, жазуға, қабілетін ашуға іскерлікпен дамыта оқыту болып табылады.
Дамыта оқыту барысында жеке тұлғаны қалыптастыруда ана тілі,
математика, қазақ тілі, дүниетану пәндері баланың жан-жақта білім алуына
арқау бола алады.
Функционалдық сауаттылық дегеніміз-адамдардың әлеуметтік, мәдени
саяси, экономикалық қызметтерге белсене араласуы, адамның мамандығын
әрдайым жетілдіріп отыруы. Яғни оқушылардың мектепте алған білімдерін
өмірде тиімді қолдана білуге үйрету.Сонымен қатар оқушыға қалай оқу
керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды
жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын, пікір-көзқарастары
жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы
қалыптастыру.
Осы заманғы кез келген оқыту технологиясы оқу процесін ұйымдастыру
кезеңінде технологияның бар мүмкіндіктерін үнемі шығармашылықпен
пайдалану қажеттілігіне көңіл аударуда. Оқыту технологиясын оқыту
процесін ұйымдастыру, басқару және бақылау деп түсіну керек. Алайда, әр
мұғалімнің оң нәтижеге қол жеткізудегі мақсаты – заман талабына сай
білімді, білікті, дүниетанымы кең, шығармашылық қабілеті дамыған жеке
тұлға қалыптастыра алуы қажет.
Бала өмірінің алғашқы жеті жылы-денсаулықтың, ақыл-ой,
адамгершілік, еңбек және эколгиялық дамудың негіздері қаланатын өте
маңызды кезең. Менің шығармашылық ізденіс жұмысымның тақырыбы: «
Экологиямен таныстыру арқылы қоршаған ортаны тануға деген
қызығушылығын дамыту және функционалдық сауаттылығын арттыру».
Баланы өзі өсіп -өнетін ортасын, қоршаған табиғатын бағалай білуге
және оларға дұрыс қарауға үйретудің маңызы зор. Ол үшін оқытудың бүкіл
үрдісіне экологиялық білімдерді енгізген жөн. Табиғатқа деген
сүйіспеншілікті тек оның әсемдігімен масаттану және тынығуға жиі бару деп
түсінбеу керек. Балалардың өздері де ағаштар отырғызуға, бұлақтардың көзін
ашуға, ұя жасауға қатысып, табиғатқа зиян келтіретін тұрмыстық
қалдықтардан құтылудың тәсілдері иуралы сұрақтарға жауаптар іздейді.
Сайф Сарай: -«Ағаштың жемісін жеймін десең, түбіне балта шаппа...»-
деген екен. Балаларды өсімдіктермен таныстыру сабағында, олардың
түрлерімен, пайдасымен танысып, далаға берер әсемдігін көреді, сезінеді.
Оны елестету арқылы парақ бетіне өз қиялдарынан бейнелеп салады. Шоқан
уәлиханов: «Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлер, жанға жайлы бір
нәрсе бар»-деген екен.
Қазіргі таңда оқушылардың дамуына экологиялық біліктілігіміздің, жаңа
технологиялардың маңызы ерекше. Экологиялық тәрбие адамгершілік
тәрбиесімен өте тығыз байланысты. Экологиялық тәрбие балалрдың
сезімдері мен санасына ықпал жасап, көзқарастары мен нанмыдардың
орнығуына жәрдемдесе отырып, оныі дүниетанымын қалыптастыруға елеулі
үлесін қосады. Тіпті балаларға табиғаттағы адамдар еңбегінің маңыздылығын
көріп, бағалауды үйретеміз.
Мен өз мақсатымды орындау үшін әр топқа жобалық жоспар құрдым.
Техниканың жедел дамып, оның табиғатқа тигізетін ісерікүшейе түсіп
отырған жағдайда. Мысалы: қоршаған ортаның ластануы, табиғи
ресрурстардың сарқылуы. Оқушылардың бойына табиғаттағы, оның
байлығын, ол адамдарға тартатын сұлулықты аялау көзқкрксын тудыру
міндетінің маңызы ееркше. Сабақтарда мақсатты серуендер мен саяхаттарда
ойындарды қолдану өте тиімді.
Экологиялық біліктілік арқылы ұжымдық, топтық, жеке қабілеттерді
ашуға болады. Жалпы экология барлық оқыту, тәрбиелеу үрдісімен
байланысты.
Осы сабақтастықтарды тиімді дұрыс пайдалану мектеп жасындағы баланы
жан-жақты дамыта отырып, білімді игеруге қызығушылықтарын тудырады.
Балалар сабақта алған білімдерін іс жүзінде тәжірибелерде өздері жасап,
нәтижесін көреді. Мысалы: өсімдікке ауа қалай енетінін анықтауды қызыға
орындайды.
Егер оқушының бойына экологиялық тәрбие терең меңгерілсе, онда ол
айнала қоршаған ортамен, ұжыммен жеңіл қажетті қатынас жасайды, жаңа
ережелер мен өзгерістерді оңай қабылдайды.
Экология
Саяхаттар
Дамытушы ойындар
Тәжірибе
Зерттеу жұмыстары
Еңбек
Логикалық ойындар
Көркем шығармаларды сахналауда оқушылар өте қызығушылықпен
қатысады. Мысалы: «Аңшы мен бала», «Гүлдер» бойынша сахналауда олар
жағымды жағымсыз кейіпкерлерді тауып, шығарманың мазмұнын талдағанда
табиғаттың қорғаушысы болған балаларға ұқсастығы келетіндері байқалады.
Дүниетану пәні айналадағы дүниені танып білу, қоршаған ортаны түсіну,
адам болмысы оны қоршаған табиғатпен тығыз байланыста үздіксіз
қатынаста болатыны көрсетілген. Оқытудағы басты мәселе-оқушының
шығармашылығын байыту, оны зерттей білуге назар аударту. Пән балаларды
өмірмен, халықтың ұлттық ерекшеліктерімен, халықтың асыл мұраларымен,
әсем табиғат сұлулығымен тығыз байланыстырады. Ел өмірінен есте
қаларлықтай табиғат өзгерістерінен мол мәліметтер береді. Еліміздің
өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы, мәдениеті мен өнер саласында қол
жеткен табыстарынан хабардар етеді, таныстырады.
Дүниетану пәні балалардың табиғат құбылыстары, өзін қоршаған заттардың
өзгерістері, табиғат байлықтары мен жыл мезгілдерінің өзгеруіне
байланысты алған білімдерін толықтырып, оқығаны жайында өз
көзқарастарын білдіруге, өз ойын еркін, түсінікті етіп саналы баяндауға, өз
пікірі мен болжамын тиянақтап айта білуге баулиды.
Алайда, біздің балалар осындай дәрежеде ме? Өкінішке орай, ондай дәрежеде
емес ...
Білімді меңгерту сөйлеу кезеңімен байланыста жүру керек. Еркін сөйлеу
дағдысы да өздігінен келмейді. Ал бастауыш сынып баласының
біршамасының ЖҮЙЕЛІ сөйлеу, өз ойын тура да толық жеткізе алу дағдысы
әлі жақсы жетілмеген, қалыптаспаған. Кейбір баладан мәлімет алу үшін
әңгіме барысында бірталай сұрақ қоясың.
Ана тілі сабағын дүниетану пәнімен байланыстыра өткіземін.
Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңіне келетін болсақ. Алдымен мынандай
сұрақтар қоя отырып, сабақты бастаймын:
Ы.Алтынсарин кім?
Оның қандай өлең, мысал, әңгімелерін білесіңдер?
Табиғатты қалай аялаймыз?
Аялау деген не?
«Өзен» сөзі арқылы тақырыпты ашамын. Су жөніндегі сұрақ оқушының
сөздік қорын молайтады. Өлеңді мәнерлеп оқып, оқулықпен жұмыс
жүргізіледі. Сұрақ-жауап әдісі:
-Судың қандай пайдасы бар?
-Жалпы өсімдіктер мен жануарлардың өсіп тіршілік етуіндегі маңызды
рөлді не атқарады?
-Судың адам өміріндегі пайдасы қандай?
Дәптерге өзен суретін салдырамын. Өлең мәнерлеп тізбектей оқытылады.
Сөздің дұрыс, табиғатты қорғауға деген әдепті көзқкрастың қалыптасып
дамуына септігін тигізеді. Су-тіршілік көзі, қоршаған ортаны және халықтың
денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Ұлы жазушы М.Әуезов «Халықты
халықпен, адамды адаммен теңестіретін –білім» деп айтқандай, елімізді
өркениетке бастайьын жол бастауы-білім.
Тәуелсіз еліміздің шаңырағы биік болып дүние жүзінің алдыңғы қатарлы
елдердің тізіміне қосылуы үшін білім мен ғылымды дамытуда, сапалы білім
мен саналы тәрбие беру әр ұстаздың басты міндеті.
«Оқу мен жазуда сыни тұрғысынан ойлау» жобасын басшылыққа ала
отырып көптеген әдіс-тәсілдерді сабақта қолданып келемін.
Оқушылардың пәнді сүйіп, кызығуына ойын элементтерін қолданудың
маңызы зор. Ойын үстінде баланың сана-сезімі, еркі, өзін-өзі бақылауы,
өзінін іс әрекетімен салыстыру касиеттері жетіледі. Дүниетану сабағында
«Құстар», «Жәндіктер», «Балықтар» тақырыбын өткенде мынадай ойын
түрлерін пайдаланамын.
1. «Адам колымен жасалған заттар». «Табиғат қолымен жасаған заттар». Бұл
ойынды суретті фишкалар арқылы орындатамын.
Көрнекілігі: суретті фишкалар.
Ойын барысы: 2 топқа бөлініп ойналады.
2. «Не ұшады, секіреді, жүгіреді, жүзеді, жор-ғалайды»? ойыны. Бр ойын
аңның, құстың қайда тіршілік ететінін қимыл түрін көрсетеді. Бес басшыға әр
түрлі түстегі үшбұрыш беріледі. Қалған балалар аңның, құстың, балықтың,
жәндіктің суретін алады. Мұғалімнің белгісімен балалар кімнін колында
кандай жануар, егер ол ұшатан болса көгілдір үшбұрыштың касына барады,
суда жүзетіні көк үшбұрыштың, жүгіретіні жасыл, секіретіні қызылға,
жорғалайтыны сары үшбұрыштың қасына барады. Көп ұпай алған топ
жеңіске жетеді.
3. «Болады-болмайды».
4. «Өсімдіктерді топтастыр»: жарық, ылғал, құрғаққа, суықка төзімді,
көлеңкеге, жылуға төзімді өсімдіктердің суретін таратып топтау ерекшелігі
бойынша зейінділікке, кырағылыққа, жылдамдығын арттыруға,
мергенділікке, тапқырлыққа, табиғатпен сырласуға шақырады.
Атақты психолог Л.С.Выготский: «Баладар мен жасөспірімдердің көбінесе
мақсатты дұрыс қоя алмайтын-дығын жиі кездестіреміз. Баланың белгілі бір
істе нәтижеге қол жеткізе алмауы қолынан келмегендік емес, қайта не үшін
жасау керектігінің өмірлік маңызын түсінбегендіктен болады». Бастауыш
сынып оқушыларының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері
де әр түрлі. Дегенмен де әр баланың бір нәрсеге бейімі болады. Бейімділік -
оянып келе жатқан жана қабілеттің алғашқы белгісі. Окушынын
шығармашылық кабілетін дамытуға мектеп кана мақсатты түрде әсер ете
алады.
Сондыктан баланың шығармашылык қабілетін дамыту үшін тиімді тәсілдер
қолдану аркылы арнайы жұмыстар жүргізіп, оқушылардың өздеріне талдату,
салыстыру, жалпылау, тұжырымдар жасатамын.
Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы кабілетті әр түрлі балалардың
ортасынан кабілеті жоғары: баланы іздеп, онымен жұмыс жасауды ойладым.
Оқушылардың шығармашылық деңгейін бакыладым.
Оқушыға өз болмысын тануға көмектесіп, кабілетін ояту, жаңа рухани күш
беру білгімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін,
қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылык қабілеттерін сабақта
және сабактан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға
болады.
Сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың үсыныс-пікірлерін
еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімдерін арттыруға
мүмкіндік туғызып отырдым. Әдіс-тәсілдер арқылы өткізілген сабақ
окушылардын ойлауына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде
жаткан ойын дамытып сөйлетуге үйретеді.
Қорыта келе, бойында жан-жақты қабілеті бар мұғалім оқушылардың
бойына, сенімі және ақылдылығы мен парасаттылық қалыптастыра
отырып, өмірге сыни көзқараспен қарай алатын, ұйымдастырушылығы
жоғары қабілетті тұлға қалыптастырады. Әрбір мұғалімнің өзіне деген
сенімділігі мен қабілетін, күш-жігерін бағалай білуі қажет. Әрқашан
жаңашыл болуға талаптану қажет.
Пайдалан ан дебиеттер:ғ ә
1. « аза стан-2050 стратегиясы: алыптас ан мемлекетті жа а саяси ба ыты». 2012Қ қ қ қ ң ң ғ
ж.
2. «Бастауыш мектепте о ыту» журналы, 2012 ж.қ
3. 1-4 сынып дістемелік о у ралдары.ә қ құ
4. Д ниетану п нін о ыту дістерін жетілдіру ба ытында ы азіргі кездегі ж мыстар.ү ә қ ә ғ ғ қ ұ
(Реферат) №10,11
5. Педагогика м селелері №3 2014 ж.ә

More Related Content

What's hot

221ваываыввввввв
221ваываыввввввв221ваываыввввввв
221ваываывввввввnurlan93kz
 
963укцкуцкуц
963укцкуцкуц963укцкуцкуц
963укцкуцкуцnurlan93kz
 
2086ваывауа
2086ваывауа2086ваывауа
2086ваывауаnurlan93kz
 
Көкөніс Көкөніс
Көкөніс    Көкөніс  Көкөніс    Көкөніс
Көкөніс Көкөніс Nurlan Abilhanov
 
Дара және күрделі сан есімдер
Дара және күрделі сан есімдерДара және күрделі сан есімдер
Дара және күрделі сан есімдерNurlan Abilhanov
 
Әлемдік білім кеңістігіндегі танымал оқыту әдістемелерінің бірі
Әлемдік білім кеңістігіндегі танымал оқыту  әдістемелерінің біріӘлемдік білім кеңістігіндегі танымал оқыту  әдістемелерінің бірі
Әлемдік білім кеңістігіндегі танымал оқыту әдістемелерінің біріNurlan Abilhanov
 
зат есімнің тәуелденуін пысықтау
зат есімнің тәуелденуін пысықтаузат есімнің тәуелденуін пысықтау
зат есімнің тәуелденуін пысықтауNurlan Abilhanov
 
дарынды оқушымен жұмыс
дарынды оқушымен жұмысдарынды оқушымен жұмыс
дарынды оқушымен жұмысnurbolat84
 
дарынды балалармен жұмыс
дарынды балалармен жұмысдарынды балалармен жұмыс
дарынды балалармен жұмысAugambaeva
 
What's hot (20)

яяяччч
яяячччяяяччч
яяяччч
 
221ваываыввввввв
221ваываыввввввв221ваываыввввввв
221ваываыввввввв
 
3223sdsdsdsd
3223sdsdsdsd3223sdsdsdsd
3223sdsdsdsd
 
963укцкуцкуц
963укцкуцкуц963укцкуцкуц
963укцкуцкуц
 
4001ывыв
4001ывыв4001ывыв
4001ывыв
 
322fd
322fd322fd
322fd
 
2086ваывауа
2086ваывауа2086ваывауа
2086ваывауа
 
9663sdsddssd
9663sdsddssd9663sdsddssd
9663sdsddssd
 
Көкөніс Көкөніс
Көкөніс    Көкөніс  Көкөніс    Көкөніс
Көкөніс Көкөніс
 
Дара және күрделі сан есімдер
Дара және күрделі сан есімдерДара және күрделі сан есімдер
Дара және күрделі сан есімдер
 
Әлемдік білім кеңістігіндегі танымал оқыту әдістемелерінің бірі
Әлемдік білім кеңістігіндегі танымал оқыту  әдістемелерінің біріӘлемдік білім кеңістігіндегі танымал оқыту  әдістемелерінің бірі
Әлемдік білім кеңістігіндегі танымал оқыту әдістемелерінің бірі
 
12333
1233312333
12333
 
55
5555
55
 
зат есімнің тәуелденуін пысықтау
зат есімнің тәуелденуін пысықтаузат есімнің тәуелденуін пысықтау
зат есімнің тәуелденуін пысықтау
 
дарынды балалармен жұмыс
дарынды балалармен жұмысдарынды балалармен жұмыс
дарынды балалармен жұмыс
 
жанар асқарова
жанар асқароважанар асқарова
жанар асқарова
 
Өсімдіктердің көбеюі
Өсімдіктердің көбеюіӨсімдіктердің көбеюі
Өсімдіктердің көбеюі
 
дарынды оқушымен жұмыс
дарынды оқушымен жұмысдарынды оқушымен жұмыс
дарынды оқушымен жұмыс
 
дарынды балалармен жұмыс
дарынды балалармен жұмысдарынды балалармен жұмыс
дарынды балалармен жұмыс
 
техкарта новый
техкарта новыйтехкарта новый
техкарта новый
 
Viewers also liked

Présentation filiales AEROW
Présentation filiales AEROWPrésentation filiales AEROW
Présentation filiales AEROWArnaud Métais
 
A recommendation for Natalie Daczkowski
A recommendation for Natalie DaczkowskiA recommendation for Natalie Daczkowski
A recommendation for Natalie DaczkowskiNatalie Daczkowski
 
Planning the digipak
Planning the digipakPlanning the digipak
Planning the digipakNatalieslater
 
AirVerify - Streamlined Authentication for the Business Enterprise of Tomorrow
AirVerify - Streamlined Authentication for the Business Enterprise of TomorrowAirVerify - Streamlined Authentication for the Business Enterprise of Tomorrow
AirVerify - Streamlined Authentication for the Business Enterprise of TomorrowYounis Osama Abdelsalam
 
STARTING WELL & FINISHING EVEN BETTER!!!
STARTING WELL & FINISHING EVEN BETTER!!!STARTING WELL & FINISHING EVEN BETTER!!!
STARTING WELL & FINISHING EVEN BETTER!!!CHarles Ugeh
 
Opioid Maintenance Treatment (OMT) and reductions in mortality, morbidity and...
Opioid Maintenance Treatment (OMT) and reductions in mortality, morbidity and...Opioid Maintenance Treatment (OMT) and reductions in mortality, morbidity and...
Opioid Maintenance Treatment (OMT) and reductions in mortality, morbidity and...IDHDP
 
Laurencekirk Report
Laurencekirk ReportLaurencekirk Report
Laurencekirk ReportAshley Rabot
 
Identifier Ses Atouts Professionnels
Identifier Ses Atouts ProfessionnelsIdentifier Ses Atouts Professionnels
Identifier Ses Atouts ProfessionnelsPascal KUFEL
 
Viewers also liked (11)

Présentation filiales AEROW
Présentation filiales AEROWPrésentation filiales AEROW
Présentation filiales AEROW
 
A recommendation for Natalie Daczkowski
A recommendation for Natalie DaczkowskiA recommendation for Natalie Daczkowski
A recommendation for Natalie Daczkowski
 
Planning the digipak
Planning the digipakPlanning the digipak
Planning the digipak
 
AirVerify - Streamlined Authentication for the Business Enterprise of Tomorrow
AirVerify - Streamlined Authentication for the Business Enterprise of TomorrowAirVerify - Streamlined Authentication for the Business Enterprise of Tomorrow
AirVerify - Streamlined Authentication for the Business Enterprise of Tomorrow
 
STARTING WELL & FINISHING EVEN BETTER!!!
STARTING WELL & FINISHING EVEN BETTER!!!STARTING WELL & FINISHING EVEN BETTER!!!
STARTING WELL & FINISHING EVEN BETTER!!!
 
Opioid Maintenance Treatment (OMT) and reductions in mortality, morbidity and...
Opioid Maintenance Treatment (OMT) and reductions in mortality, morbidity and...Opioid Maintenance Treatment (OMT) and reductions in mortality, morbidity and...
Opioid Maintenance Treatment (OMT) and reductions in mortality, morbidity and...
 
Laurencekirk Report
Laurencekirk ReportLaurencekirk Report
Laurencekirk Report
 
Identifier Ses Atouts Professionnels
Identifier Ses Atouts ProfessionnelsIdentifier Ses Atouts Professionnels
Identifier Ses Atouts Professionnels
 
Gerenciamento do escopo do projeto
Gerenciamento do escopo do projetoGerenciamento do escopo do projeto
Gerenciamento do escopo do projeto
 
Evaluation question 7
Evaluation question 7Evaluation question 7
Evaluation question 7
 
Zeonetix Ecommerce Website
Zeonetix Ecommerce Website Zeonetix Ecommerce Website
Zeonetix Ecommerce Website
 
Similar to Zxwewewwewwewewe

тюлембекова м.ж.
тюлембекова м.ж.тюлембекова м.ж.
тюлембекова м.ж.Asem Sarsembayeva
 
абаканова а.
абаканова а.абаканова а.
абаканова а.oquzaman
 
23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssss23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssssnurlan93kz
 
шапей жайнағаламdgfh
шапей жайнағаламdgfhшапей жайнағаламdgfh
шапей жайнағаламdgfhNurlan Abilhanov
 
коучинг ата ана
коучинг ата анакоучинг ата ана
коучинг ата анаAsem Sarsembayeva
 
баяндама тәрбие жұмысы эми
баяндама тәрбие жұмысы эмибаяндама тәрбие жұмысы эми
баяндама тәрбие жұмысы эмиAsem Sarsembayeva
 
Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыруОқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыруNurlan Abilhanov
 
мен зерттеушимин
мен зерттеушиминмен зерттеушимин
мен зерттеушиминAsem Sarsembayeva
 
Тәрбие үрдісі және оның ерекшеліктері
Тәрбие үрдісі және оның ерекшеліктеріТәрбие үрдісі және оның ерекшеліктері
Тәрбие үрдісі және оның ерекшеліктеріBilim All
 
иманбаева д.с. мақала
иманбаева д.с. мақалаиманбаева д.с. мақала
иманбаева д.с. мақалаAsem Sarsembayeva
 
енбек
енбекенбек
енбекoquzaman
 
методичка умбетова г.
методичка умбетова г. методичка умбетова г.
методичка умбетова г. Asem Sarsembayeva
 
презентация Microsoft office power point
презентация Microsoft office power pointпрезентация Microsoft office power point
презентация Microsoft office power pointAsem Sarsembayeva
 
Similar to Zxwewewwewwewewe (20)

тюлембекова м.ж.
тюлембекова м.ж.тюлембекова м.ж.
тюлембекова м.ж.
 
730 samopoz785
730 samopoz785730 samopoz785
730 samopoz785
 
орынай (2)
орынай (2)орынай (2)
орынай (2)
 
абаканова а.
абаканова а.абаканова а.
абаканова а.
 
23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssss23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssss
 
шапей жайнағаламdgfh
шапей жайнағаламdgfhшапей жайнағаламdgfh
шапей жайнағаламdgfh
 
234953.pptx
234953.pptx234953.pptx
234953.pptx
 
коучинг ата ана
коучинг ата анакоучинг ата ана
коучинг ата ана
 
баяндама тәрбие жұмысы эми
баяндама тәрбие жұмысы эмибаяндама тәрбие жұмысы эми
баяндама тәрбие жұмысы эми
 
Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыруОқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
 
жұмыс ибраева а
жұмыс ибраева ажұмыс ибраева а
жұмыс ибраева а
 
сенсорлық тәрбиенің мәні
сенсорлық  тәрбиенің  мәнісенсорлық  тәрбиенің  мәні
сенсорлық тәрбиенің мәні
 
мен зерттеушимин
мен зерттеушиминмен зерттеушимин
мен зерттеушимин
 
Тәрбие үрдісі және оның ерекшеліктері
Тәрбие үрдісі және оның ерекшеліктеріТәрбие үрдісі және оның ерекшеліктері
Тәрбие үрдісі және оның ерекшеліктері
 
иманбаева д.с. мақала
иманбаева д.с. мақалаиманбаева д.с. мақала
иманбаева д.с. мақала
 
айдана төлепберген (2)
айдана төлепберген (2)айдана төлепберген (2)
айдана төлепберген (2)
 
енбек
енбекенбек
енбек
 
методичка умбетова г.
методичка умбетова г. методичка умбетова г.
методичка умбетова г.
 
презентация Microsoft office power point
презентация Microsoft office power pointпрезентация Microsoft office power point
презентация Microsoft office power point
 
жануарлар сабақ жоспары
жануарлар сабақ жоспарыжануарлар сабақ жоспары
жануарлар сабақ жоспары
 
More from nurlan93kz

2056xcxxxxxxxxxxxxxx
2056xcxxxxxxxxxxxxxx2056xcxxxxxxxxxxxxxx
2056xcxxxxxxxxxxxxxxnurlan93kz
 
2052sdasdsdsdsds
2052sdasdsdsdsds2052sdasdsdsdsds
2052sdasdsdsdsdsnurlan93kz
 
2050ВАФЫВЫВЫВ
2050ВАФЫВЫВЫВ2050ВАФЫВЫВЫВ
2050ВАФЫВЫВЫВnurlan93kz
 
2049sadfadadas
2049sadfadadas2049sadfadadas
2049sadfadadasnurlan93kz
 
2030цуцуцуц
2030цуцуцуц2030цуцуцуц
2030цуцуцуцnurlan93kz
 
2029sdsdsdsdsdsd
2029sdsdsdsdsdsd2029sdsdsdsdsdsd
2029sdsdsdsdsdsdnurlan93kz
 
ЛЛББЬБ ЛБ ЬБЛШГОРНПЕААПР
  ЛЛББЬБ ЛБ   ЬБЛШГОРНПЕААПР  ЛЛББЬБ ЛБ   ЬБЛШГОРНПЕААПР
ЛЛББЬБ ЛБ ЬБЛШГОРНПЕААПРnurlan93kz
 
(2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ
 (2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ (2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ
(2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБnurlan93kz
 
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
2025ььььььььььььььььььььььььььььььоооnurlan93kz
 
2023ывывывы
2023ывывывы2023ывывывы
2023ывывывыnurlan93kz
 
2021цуцуцуццц
2021цуцуцуццц2021цуцуцуццц
2021цуцуцуцццnurlan93kz
 
2019УКУКУ
2019УКУКУ2019УКУКУ
2019УКУКУnurlan93kz
 
2018ЫВЫФВФЫВЫФ
2018ЫВЫФВФЫВЫФ2018ЫВЫФВФЫВЫФ
2018ЫВЫФВФЫВЫФnurlan93kz
 
More from nurlan93kz (20)

2056xcxxxxxxxxxxxxxx
2056xcxxxxxxxxxxxxxx2056xcxxxxxxxxxxxxxx
2056xcxxxxxxxxxxxxxx
 
2055sddsadsd
2055sddsadsd2055sddsadsd
2055sddsadsd
 
2053xczcxc
2053xczcxc2053xczcxc
2053xczcxc
 
2052sdasdsdsdsds
2052sdasdsdsdsds2052sdasdsdsdsds
2052sdasdsdsdsds
 
2051fdfdfd
2051fdfdfd2051fdfdfd
2051fdfdfd
 
2050ВАФЫВЫВЫВ
2050ВАФЫВЫВЫВ2050ВАФЫВЫВЫВ
2050ВАФЫВЫВЫВ
 
2049sadfadadas
2049sadfadadas2049sadfadadas
2049sadfadadas
 
2048dfsfdsf
2048dfsfdsf2048dfsfdsf
2048dfsfdsf
 
2047dsdsdsd
2047dsdsdsd2047dsdsdsd
2047dsdsdsd
 
2046dsfsdfd
2046dsfsdfd2046dsfsdfd
2046dsfsdfd
 
2045erwerer
2045erwerer2045erwerer
2045erwerer
 
2030цуцуцуц
2030цуцуцуц2030цуцуцуц
2030цуцуцуц
 
2029sdsdsdsdsdsd
2029sdsdsdsdsdsd2029sdsdsdsdsdsd
2029sdsdsdsdsdsd
 
ЛЛББЬБ ЛБ ЬБЛШГОРНПЕААПР
  ЛЛББЬБ ЛБ   ЬБЛШГОРНПЕААПР  ЛЛББЬБ ЛБ   ЬБЛШГОРНПЕААПР
ЛЛББЬБ ЛБ ЬБЛШГОРНПЕААПР
 
(2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ
 (2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ (2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ
(2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ
 
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
 
2023ывывывы
2023ывывывы2023ывывывы
2023ывывывы
 
2021цуцуцуццц
2021цуцуцуццц2021цуцуцуццц
2021цуцуцуццц
 
2019УКУКУ
2019УКУКУ2019УКУКУ
2019УКУКУ
 
2018ЫВЫФВФЫВЫФ
2018ЫВЫФВФЫВЫФ2018ЫВЫФВФЫВЫФ
2018ЫВЫФВФЫВЫФ
 
Recently uploaded

№7 Дәріс. Тақырыбы: Серпімділік күштер.pptx
№7 Дәріс. Тақырыбы: Серпімділік күштер.pptx№7 Дәріс. Тақырыбы: Серпімділік күштер.pptx
№7 Дәріс. Тақырыбы: Серпімділік күштер.pptxzhappassova1
 
№9 Дәріс. Тақырыбы: Бүкіл әлемдік тартылыс заңы..pptx
№9 Дәріс. Тақырыбы: Бүкіл әлемдік тартылыс заңы..pptx№9 Дәріс. Тақырыбы: Бүкіл әлемдік тартылыс заңы..pptx
№9 Дәріс. Тақырыбы: Бүкіл әлемдік тартылыс заңы..pptxzhappassova1
 
№10 Дәріс. Тақырыбы: Инерциялық емес санақ жүйелеріндегі қозғалыс (ИЕСЖ)..pptx
№10 Дәріс. Тақырыбы: Инерциялық емес санақ жүйелеріндегі қозғалыс (ИЕСЖ)..pptx№10 Дәріс. Тақырыбы: Инерциялық емес санақ жүйелеріндегі қозғалыс (ИЕСЖ)..pptx
№10 Дәріс. Тақырыбы: Инерциялық емес санақ жүйелеріндегі қозғалыс (ИЕСЖ)..pptxzhappassova1
 
№8 Дәріс. Тақырыбы: Үйкеліс күші қатысатын қозғалыс..pptx
№8 Дәріс. Тақырыбы: Үйкеліс күші қатысатын қозғалыс..pptx№8 Дәріс. Тақырыбы: Үйкеліс күші қатысатын қозғалыс..pptx
№8 Дәріс. Тақырыбы: Үйкеліс күші қатысатын қозғалыс..pptxzhappassova1
 
№1 Дәріс. Тақырыбы: КинематикаҚозғалыс түрлері.ppt
№1 Дәріс. Тақырыбы: КинематикаҚозғалыс түрлері.ppt№1 Дәріс. Тақырыбы: КинематикаҚозғалыс түрлері.ppt
№1 Дәріс. Тақырыбы: КинематикаҚозғалыс түрлері.pptzhappassova1
 
оптикалық аспаптар көз слаид презентация
оптикалық аспаптар көз слаид презентацияоптикалық аспаптар көз слаид презентация
оптикалық аспаптар көз слаид презентацияmph6ngwrdk
 
№3 Дәріс.Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы.ppt
№3 Дәріс.Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы.ppt№3 Дәріс.Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы.ppt
№3 Дәріс.Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы.pptzhappassova1
 
№4 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы (2).pptx
№4 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы (2).pptx№4 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы (2).pptx
№4 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы (2).pptxzhappassova1
 
№5 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктелер жүйесінің динамикасы. Сақталу заңдары...
№5 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктелер жүйесінің динамикасы. Сақталу заңдары...№5 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктелер жүйесінің динамикасы. Сақталу заңдары...
№5 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктелер жүйесінің динамикасы. Сақталу заңдары...zhappassova1
 
№6 Дәріс. Тақырыбы: Қатты дене механикасы.pptx
№6 Дәріс. Тақырыбы: Қатты дене механикасы.pptx№6 Дәріс. Тақырыбы: Қатты дене механикасы.pptx
№6 Дәріс. Тақырыбы: Қатты дене механикасы.pptxzhappassova1
 
№2 Дәріс. тақырыбы: Қатты дене кинематикасы.
№2 Дәріс. тақырыбы: Қатты дене кинематикасы.№2 Дәріс. тақырыбы: Қатты дене кинематикасы.
№2 Дәріс. тақырыбы: Қатты дене кинематикасы.zhappassova1
 
Механика бөлімінің "Кинематика" атты тақырыбына трезентация
Механика бөлімінің "Кинематика" атты тақырыбына трезентацияМеханика бөлімінің "Кинематика" атты тақырыбына трезентация
Механика бөлімінің "Кинематика" атты тақырыбына трезентацияzhappassova1
 
Recently uploaded (12)

№7 Дәріс. Тақырыбы: Серпімділік күштер.pptx
№7 Дәріс. Тақырыбы: Серпімділік күштер.pptx№7 Дәріс. Тақырыбы: Серпімділік күштер.pptx
№7 Дәріс. Тақырыбы: Серпімділік күштер.pptx
 
№9 Дәріс. Тақырыбы: Бүкіл әлемдік тартылыс заңы..pptx
№9 Дәріс. Тақырыбы: Бүкіл әлемдік тартылыс заңы..pptx№9 Дәріс. Тақырыбы: Бүкіл әлемдік тартылыс заңы..pptx
№9 Дәріс. Тақырыбы: Бүкіл әлемдік тартылыс заңы..pptx
 
№10 Дәріс. Тақырыбы: Инерциялық емес санақ жүйелеріндегі қозғалыс (ИЕСЖ)..pptx
№10 Дәріс. Тақырыбы: Инерциялық емес санақ жүйелеріндегі қозғалыс (ИЕСЖ)..pptx№10 Дәріс. Тақырыбы: Инерциялық емес санақ жүйелеріндегі қозғалыс (ИЕСЖ)..pptx
№10 Дәріс. Тақырыбы: Инерциялық емес санақ жүйелеріндегі қозғалыс (ИЕСЖ)..pptx
 
№8 Дәріс. Тақырыбы: Үйкеліс күші қатысатын қозғалыс..pptx
№8 Дәріс. Тақырыбы: Үйкеліс күші қатысатын қозғалыс..pptx№8 Дәріс. Тақырыбы: Үйкеліс күші қатысатын қозғалыс..pptx
№8 Дәріс. Тақырыбы: Үйкеліс күші қатысатын қозғалыс..pptx
 
№1 Дәріс. Тақырыбы: КинематикаҚозғалыс түрлері.ppt
№1 Дәріс. Тақырыбы: КинематикаҚозғалыс түрлері.ppt№1 Дәріс. Тақырыбы: КинематикаҚозғалыс түрлері.ppt
№1 Дәріс. Тақырыбы: КинематикаҚозғалыс түрлері.ppt
 
оптикалық аспаптар көз слаид презентация
оптикалық аспаптар көз слаид презентацияоптикалық аспаптар көз слаид презентация
оптикалық аспаптар көз слаид презентация
 
№3 Дәріс.Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы.ppt
№3 Дәріс.Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы.ppt№3 Дәріс.Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы.ppt
№3 Дәріс.Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы.ppt
 
№4 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы (2).pptx
№4 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы (2).pptx№4 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы (2).pptx
№4 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы (2).pptx
 
№5 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктелер жүйесінің динамикасы. Сақталу заңдары...
№5 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктелер жүйесінің динамикасы. Сақталу заңдары...№5 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктелер жүйесінің динамикасы. Сақталу заңдары...
№5 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктелер жүйесінің динамикасы. Сақталу заңдары...
 
№6 Дәріс. Тақырыбы: Қатты дене механикасы.pptx
№6 Дәріс. Тақырыбы: Қатты дене механикасы.pptx№6 Дәріс. Тақырыбы: Қатты дене механикасы.pptx
№6 Дәріс. Тақырыбы: Қатты дене механикасы.pptx
 
№2 Дәріс. тақырыбы: Қатты дене кинематикасы.
№2 Дәріс. тақырыбы: Қатты дене кинематикасы.№2 Дәріс. тақырыбы: Қатты дене кинематикасы.
№2 Дәріс. тақырыбы: Қатты дене кинематикасы.
 
Механика бөлімінің "Кинематика" атты тақырыбына трезентация
Механика бөлімінің "Кинематика" атты тақырыбына трезентацияМеханика бөлімінің "Кинематика" атты тақырыбына трезентация
Механика бөлімінің "Кинематика" атты тақырыбына трезентация
 
Zxwewewwewwewewe

  • 1. Идресова Камка Орынбасаровна Бастауыш сынып мұғалімі №1ОЖББМ Орал қаласы Оқушылардың функционалдық сауаттылықтары арқылы экологиялық білімдерін дамыту. Тәуелсіз еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Оқушы білімінің негізі бастауышта қалыптасады. Бала білімінің дамуына ұстаз бен ата-ананың жауапкершілігі мол. «Білім көзі-кітапта» демекші, бастауыштағы түрлі пәндер оқушының ой-өрісін дамытады. Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында құрылған бес жылдық Ұлттық жоспардың дер кезінде көтерілгендігін құптаумен қатар, бұл функционалдық сауаттылық мәселесінің алаш арыстарының да ой-тұжырымдарынан қағыс қалмағандығын жұртшылық назарына ұсыну болды. Сондықтан да функционалдық сауаттылыққа байланысты атқарылар іс-шараларда алаш арыстарының ұлт болашағы, оның сауатты, білімді, рухани дүниесі бай, ұлтжанды азамат тәрбиелеудегі педагогикалық көзқарастары үнемі басшылыққа алуынуы қажет. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімінің басты міндеті-баланы сауатты оқуға, жазуға, қабілетін ашуға іскерлікпен дамыта оқыту болып табылады. Дамыта оқыту барысында жеке тұлғаны қалыптастыруда ана тілі, математика, қазақ тілі, дүниетану пәндері баланың жан-жақта білім алуына арқау бола алады. Функционалдық сауаттылық дегеніміз-адамдардың әлеуметтік, мәдени саяси, экономикалық қызметтерге белсене араласуы, адамның мамандығын әрдайым жетілдіріп отыруы. Яғни оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдана білуге үйрету.Сонымен қатар оқушыға қалай оқу керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын, пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру. Осы заманғы кез келген оқыту технологиясы оқу процесін ұйымдастыру кезеңінде технологияның бар мүмкіндіктерін үнемі шығармашылықпен пайдалану қажеттілігіне көңіл аударуда. Оқыту технологиясын оқыту процесін ұйымдастыру, басқару және бақылау деп түсіну керек. Алайда, әр мұғалімнің оң нәтижеге қол жеткізудегі мақсаты – заман талабына сай білімді, білікті, дүниетанымы кең, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыра алуы қажет. Бала өмірінің алғашқы жеті жылы-денсаулықтың, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және эколгиялық дамудың негіздері қаланатын өте маңызды кезең. Менің шығармашылық ізденіс жұмысымның тақырыбы: «
  • 2. Экологиямен таныстыру арқылы қоршаған ортаны тануға деген қызығушылығын дамыту және функционалдық сауаттылығын арттыру». Баланы өзі өсіп -өнетін ортасын, қоршаған табиғатын бағалай білуге және оларға дұрыс қарауға үйретудің маңызы зор. Ол үшін оқытудың бүкіл үрдісіне экологиялық білімдерді енгізген жөн. Табиғатқа деген сүйіспеншілікті тек оның әсемдігімен масаттану және тынығуға жиі бару деп түсінбеу керек. Балалардың өздері де ағаштар отырғызуға, бұлақтардың көзін ашуға, ұя жасауға қатысып, табиғатқа зиян келтіретін тұрмыстық қалдықтардан құтылудың тәсілдері иуралы сұрақтарға жауаптар іздейді. Сайф Сарай: -«Ағаштың жемісін жеймін десең, түбіне балта шаппа...»- деген екен. Балаларды өсімдіктермен таныстыру сабағында, олардың түрлерімен, пайдасымен танысып, далаға берер әсемдігін көреді, сезінеді. Оны елестету арқылы парақ бетіне өз қиялдарынан бейнелеп салады. Шоқан уәлиханов: «Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлер, жанға жайлы бір нәрсе бар»-деген екен. Қазіргі таңда оқушылардың дамуына экологиялық біліктілігіміздің, жаңа технологиялардың маңызы ерекше. Экологиялық тәрбие адамгершілік тәрбиесімен өте тығыз байланысты. Экологиялық тәрбие балалрдың сезімдері мен санасына ықпал жасап, көзқарастары мен нанмыдардың орнығуына жәрдемдесе отырып, оныі дүниетанымын қалыптастыруға елеулі үлесін қосады. Тіпті балаларға табиғаттағы адамдар еңбегінің маңыздылығын көріп, бағалауды үйретеміз. Мен өз мақсатымды орындау үшін әр топқа жобалық жоспар құрдым. Техниканың жедел дамып, оның табиғатқа тигізетін ісерікүшейе түсіп отырған жағдайда. Мысалы: қоршаған ортаның ластануы, табиғи ресрурстардың сарқылуы. Оқушылардың бойына табиғаттағы, оның байлығын, ол адамдарға тартатын сұлулықты аялау көзқкрксын тудыру міндетінің маңызы ееркше. Сабақтарда мақсатты серуендер мен саяхаттарда ойындарды қолдану өте тиімді. Экологиялық біліктілік арқылы ұжымдық, топтық, жеке қабілеттерді ашуға болады. Жалпы экология барлық оқыту, тәрбиелеу үрдісімен байланысты. Осы сабақтастықтарды тиімді дұрыс пайдалану мектеп жасындағы баланы жан-жақты дамыта отырып, білімді игеруге қызығушылықтарын тудырады. Балалар сабақта алған білімдерін іс жүзінде тәжірибелерде өздері жасап, нәтижесін көреді. Мысалы: өсімдікке ауа қалай енетінін анықтауды қызыға орындайды. Егер оқушының бойына экологиялық тәрбие терең меңгерілсе, онда ол айнала қоршаған ортамен, ұжыммен жеңіл қажетті қатынас жасайды, жаңа ережелер мен өзгерістерді оңай қабылдайды. Экология Саяхаттар Дамытушы ойындар Тәжірибе Зерттеу жұмыстары Еңбек Логикалық ойындар
  • 3. Көркем шығармаларды сахналауда оқушылар өте қызығушылықпен қатысады. Мысалы: «Аңшы мен бала», «Гүлдер» бойынша сахналауда олар жағымды жағымсыз кейіпкерлерді тауып, шығарманың мазмұнын талдағанда табиғаттың қорғаушысы болған балаларға ұқсастығы келетіндері байқалады. Дүниетану пәні айналадағы дүниені танып білу, қоршаған ортаны түсіну, адам болмысы оны қоршаған табиғатпен тығыз байланыста үздіксіз қатынаста болатыны көрсетілген. Оқытудағы басты мәселе-оқушының шығармашылығын байыту, оны зерттей білуге назар аударту. Пән балаларды өмірмен, халықтың ұлттық ерекшеліктерімен, халықтың асыл мұраларымен, әсем табиғат сұлулығымен тығыз байланыстырады. Ел өмірінен есте қаларлықтай табиғат өзгерістерінен мол мәліметтер береді. Еліміздің өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы, мәдениеті мен өнер саласында қол жеткен табыстарынан хабардар етеді, таныстырады. Дүниетану пәні балалардың табиғат құбылыстары, өзін қоршаған заттардың өзгерістері, табиғат байлықтары мен жыл мезгілдерінің өзгеруіне байланысты алған білімдерін толықтырып, оқығаны жайында өз көзқарастарын білдіруге, өз ойын еркін, түсінікті етіп саналы баяндауға, өз пікірі мен болжамын тиянақтап айта білуге баулиды. Алайда, біздің балалар осындай дәрежеде ме? Өкінішке орай, ондай дәрежеде емес ... Білімді меңгерту сөйлеу кезеңімен байланыста жүру керек. Еркін сөйлеу дағдысы да өздігінен келмейді. Ал бастауыш сынып баласының біршамасының ЖҮЙЕЛІ сөйлеу, өз ойын тура да толық жеткізе алу дағдысы әлі жақсы жетілмеген, қалыптаспаған. Кейбір баладан мәлімет алу үшін әңгіме барысында бірталай сұрақ қоясың. Ана тілі сабағын дүниетану пәнімен байланыстыра өткіземін. Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңіне келетін болсақ. Алдымен мынандай сұрақтар қоя отырып, сабақты бастаймын: Ы.Алтынсарин кім? Оның қандай өлең, мысал, әңгімелерін білесіңдер? Табиғатты қалай аялаймыз? Аялау деген не? «Өзен» сөзі арқылы тақырыпты ашамын. Су жөніндегі сұрақ оқушының сөздік қорын молайтады. Өлеңді мәнерлеп оқып, оқулықпен жұмыс жүргізіледі. Сұрақ-жауап әдісі: -Судың қандай пайдасы бар? -Жалпы өсімдіктер мен жануарлардың өсіп тіршілік етуіндегі маңызды рөлді не атқарады? -Судың адам өміріндегі пайдасы қандай? Дәптерге өзен суретін салдырамын. Өлең мәнерлеп тізбектей оқытылады. Сөздің дұрыс, табиғатты қорғауға деген әдепті көзқкрастың қалыптасып дамуына септігін тигізеді. Су-тіршілік көзі, қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Ұлы жазушы М.Әуезов «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін –білім» деп айтқандай, елімізді өркениетке бастайьын жол бастауы-білім.
  • 4. Тәуелсіз еліміздің шаңырағы биік болып дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдердің тізіміне қосылуы үшін білім мен ғылымды дамытуда, сапалы білім мен саналы тәрбие беру әр ұстаздың басты міндеті. «Оқу мен жазуда сыни тұрғысынан ойлау» жобасын басшылыққа ала отырып көптеген әдіс-тәсілдерді сабақта қолданып келемін. Оқушылардың пәнді сүйіп, кызығуына ойын элементтерін қолданудың маңызы зор. Ойын үстінде баланың сана-сезімі, еркі, өзін-өзі бақылауы, өзінін іс әрекетімен салыстыру касиеттері жетіледі. Дүниетану сабағында «Құстар», «Жәндіктер», «Балықтар» тақырыбын өткенде мынадай ойын түрлерін пайдаланамын. 1. «Адам колымен жасалған заттар». «Табиғат қолымен жасаған заттар». Бұл ойынды суретті фишкалар арқылы орындатамын. Көрнекілігі: суретті фишкалар. Ойын барысы: 2 топқа бөлініп ойналады. 2. «Не ұшады, секіреді, жүгіреді, жүзеді, жор-ғалайды»? ойыны. Бр ойын аңның, құстың қайда тіршілік ететінін қимыл түрін көрсетеді. Бес басшыға әр түрлі түстегі үшбұрыш беріледі. Қалған балалар аңның, құстың, балықтың, жәндіктің суретін алады. Мұғалімнің белгісімен балалар кімнін колында кандай жануар, егер ол ұшатан болса көгілдір үшбұрыштың касына барады, суда жүзетіні көк үшбұрыштың, жүгіретіні жасыл, секіретіні қызылға, жорғалайтыны сары үшбұрыштың қасына барады. Көп ұпай алған топ жеңіске жетеді. 3. «Болады-болмайды». 4. «Өсімдіктерді топтастыр»: жарық, ылғал, құрғаққа, суықка төзімді, көлеңкеге, жылуға төзімді өсімдіктердің суретін таратып топтау ерекшелігі бойынша зейінділікке, кырағылыққа, жылдамдығын арттыруға, мергенділікке, тапқырлыққа, табиғатпен сырласуға шақырады. Атақты психолог Л.С.Выготский: «Баладар мен жасөспірімдердің көбінесе мақсатты дұрыс қоя алмайтын-дығын жиі кездестіреміз. Баланың белгілі бір істе нәтижеге қол жеткізе алмауы қолынан келмегендік емес, қайта не үшін жасау керектігінің өмірлік маңызын түсінбегендіктен болады». Бастауыш сынып оқушыларының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері де әр түрлі. Дегенмен де әр баланың бір нәрсеге бейімі болады. Бейімділік - оянып келе жатқан жана қабілеттің алғашқы белгісі. Окушынын шығармашылық кабілетін дамытуға мектеп кана мақсатты түрде әсер ете алады. Сондыктан баланың шығармашылык қабілетін дамыту үшін тиімді тәсілдер
  • 5. қолдану аркылы арнайы жұмыстар жүргізіп, оқушылардың өздеріне талдату, салыстыру, жалпылау, тұжырымдар жасатамын. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы кабілетті әр түрлі балалардың ортасынан кабілеті жоғары: баланы іздеп, онымен жұмыс жасауды ойладым. Оқушылардың шығармашылық деңгейін бакыладым. Оқушыға өз болмысын тануға көмектесіп, кабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білгімнің ең маңызды мақсаты болып табылады. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылык қабілеттерін сабақта және сабактан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың үсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімдерін арттыруға мүмкіндік туғызып отырдым. Әдіс-тәсілдер арқылы өткізілген сабақ окушылардын ойлауына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жаткан ойын дамытып сөйлетуге үйретеді. Қорыта келе, бойында жан-жақты қабілеті бар мұғалім оқушылардың бойына, сенімі және ақылдылығы мен парасаттылық қалыптастыра отырып, өмірге сыни көзқараспен қарай алатын, ұйымдастырушылығы жоғары қабілетті тұлға қалыптастырады. Әрбір мұғалімнің өзіне деген сенімділігі мен қабілетін, күш-жігерін бағалай білуі қажет. Әрқашан жаңашыл болуға талаптану қажет. Пайдалан ан дебиеттер:ғ ә 1. « аза стан-2050 стратегиясы: алыптас ан мемлекетті жа а саяси ба ыты». 2012Қ қ қ қ ң ң ғ ж. 2. «Бастауыш мектепте о ыту» журналы, 2012 ж.қ 3. 1-4 сынып дістемелік о у ралдары.ә қ құ 4. Д ниетану п нін о ыту дістерін жетілдіру ба ытында ы азіргі кездегі ж мыстар.ү ә қ ә ғ ғ қ ұ (Реферат) №10,11 5. Педагогика м селелері №3 2014 ж.ә
  • 6. қолдану аркылы арнайы жұмыстар жүргізіп, оқушылардың өздеріне талдату, салыстыру, жалпылау, тұжырымдар жасатамын. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы кабілетті әр түрлі балалардың ортасынан кабілеті жоғары: баланы іздеп, онымен жұмыс жасауды ойладым. Оқушылардың шығармашылық деңгейін бакыладым. Оқушыға өз болмысын тануға көмектесіп, кабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білгімнің ең маңызды мақсаты болып табылады. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылык қабілеттерін сабақта және сабактан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың үсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімдерін арттыруға мүмкіндік туғызып отырдым. Әдіс-тәсілдер арқылы өткізілген сабақ окушылардын ойлауына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жаткан ойын дамытып сөйлетуге үйретеді. Қорыта келе, бойында жан-жақты қабілеті бар мұғалім оқушылардың бойына, сенімі және ақылдылығы мен парасаттылық қалыптастыра отырып, өмірге сыни көзқараспен қарай алатын, ұйымдастырушылығы жоғары қабілетті тұлға қалыптастырады. Әрбір мұғалімнің өзіне деген сенімділігі мен қабілетін, күш-жігерін бағалай білуі қажет. Әрқашан жаңашыл болуға талаптану қажет. Пайдалан ан дебиеттер:ғ ә 1. « аза стан-2050 стратегиясы: алыптас ан мемлекетті жа а саяси ба ыты». 2012Қ қ қ қ ң ң ғ ж. 2. «Бастауыш мектепте о ыту» журналы, 2012 ж.қ 3. 1-4 сынып дістемелік о у ралдары.ә қ құ 4. Д ниетану п нін о ыту дістерін жетілдіру ба ытында ы азіргі кездегі ж мыстар.ү ә қ ә ғ ғ қ ұ (Реферат) №10,11 5. Педагогика м селелері №3 2014 ж.ә