SlideShare a Scribd company logo
1 of 7
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР: АНЫҚТАУ, ОҚЫТУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ
Қоғамның өркендеуіне, дамуына, онда болып жатқан өзгерістерге
байланысты біздің мемлекетіміздегі білім саласының алдында жүйеленіп,
дайындалып берген білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес,
шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, ойлау
қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл
міндетті шешу жолында алдыңызда отырған оқушылардың барлығын бірдей
деп есептегенмен, ойлауы, дамуы, шығармашылығы жоғары дамыған, өзіндік
жұмыстарды орындауды жақсы көретін, өздерін қызықтырған сұрақтарға
жауап іздейтін, өз құрдастарынан ерекшеленетін, даму деңгейі жоғары
оқушылар кездеседі. Бұл оқушыларды «дарынды» оқушылар деп атап
жүрміз. Оқыту үрдісінде кездесетін қиындықтың бірі - «дарынды оқушы
және оның икемділігін әрі қарай арттыру жолдары» ұстаздар мен
психологтар назарын аударуда. Көптеген жағдайда дарынды оқушылардың
танымдылық қабілетін арттырумен шектелсек, кей уақытта ондай оқушымен
пәнді тереңдетіп оқытумен айналыстық. Дарынды оқушы туралы және оның
қабілеттері туралы білмегендіктен бір жылда екі сыныптың бағдарламасын
оқытып, көшірген жағдайлар да кездескен.
«Дарындылық» деген ұғымның нақты анықтамасы ешқандай әдебиетте
берілмеген, ғылыми еңбектерде дарындылықтың әр түріне тоқаталады:
интеллектуалдық, академиялық, шығармашылық, берілген.
Дарынды оқушымен жұмыс жүргізуді неден бастау қажет?
Бірінші кезең дарынды оқушыны анықтаудан басталады. Бастауыш
сыныпта дарынды оқушыны психологиялық ерекшеліктеріне қарай, сөйлеу,
есте сақтау, қисынды ойлау деңгейлеріне қарай анықтайды. Мектеп
табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннің мектепке дайындығын анықтауға
арналған А.Керн, Я.Йирасек, С.Штербел, Г.Гетпер тестісі тамаша көмекші
бола алады. Бұл тесті арқылы оқушылардың оқуға деген қабілетін,
ойлауының, сөйлеуінің даму деңгейін үш аспектіде зерттеуге болады.
Жоғары деңгей көрсеткішін көрсеткен оқушыларды дарынды және қабілетті
оқушылар қатарына жатқыздық. Себебі, Л.А.Венгердің, Ю.З.Гильбух,
Н.С.Лейтес; Г.В.Бурменскаяның «Дарынды балалар» еңбегінде «Егер оқушы
кез-келген еңбегінде, шығармашылық жұмысында жоғары көрсеткішке
жетіп, өз құрбаларынан ерекшеленсе, ондай оқушыны дарынды деп атауға
болатынын» - айтады. Дарынды оқушыларды анықтауда бастауыш сынып
оқушысының интеллектуалдық, академиялық және шығармашылық даму
деңгейіне баса назар аудару қажет. Бұл кезеңде А.И.Доровскидің
«Дарындылықты анықтау жолдары» еңбегін басшылыққа алуға болады.
Екінші кезеңде дарынды оқушылардың бойындағы ерекшеліктерді
білу қажеттігі туындайды.
Дарынды оқушылардың ерекшелігі:
1. Ойлау ерекшелігі:
- шапшаң ойлау, тез нәтижеге жету, тез ілгерілеуі;
- әдеттен тыс қызығушылық, сауалды көп қою, «Неге», «не үшін»
деген сұрақтарды көп қойып, жауап іздеудегі үлкен талабы;
- көп көлемді білімді меңгеру, ұмытпау, есте сақтау қабілетінің
жоғары болуы.
2. Ішкі сезім ерекшелігі:
- сезім сүшелерінің ерекше қабылдауы (дыбыс, түс);
- интеллектуалдық дамуда ерекше бір ілгерілеу шапшаңдығы
(ойлауы, байқағыштығы өте жоғары, білімге, жаңалыққа құмар, оқу жеңіл, өз
ойын жақсы жеткізе алады, алған білімдерін кез-келген уақытта еске түсіріп,
пайдалана алады, құрдастарынан көп біледі);
- жан дүниесінің тереңдігі;
- кейбір пәндер бойынша өте үздік үлгірім таныту:
3. Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі:
- өз талап – тілектерін орындау, адамгершілік мәселесінде ерте даму;
- жоғары дәрежедегі әділдік сезімі.
4. Академиялық тұрғыдағы дарындылық аясында :
- оқуда - есте ұзақ сақтап, жаңғырта алады;
- математика пәнінде оқушы өлшеу, сызу, математикалық ұғымдар
арасындағы байланыстарды ашуға берілген тапсырмаларды зор
қызығушылықпен орындап, математикалық белгілерді есте сақтап, өздеріне
қажет жағдайда қолдана алады;
- қоршаған дүниені танып-білуде сұрақтар қояды, заттардың пайда
болуы, құбылыстар туралы зерттейді, тәжірибе жасайды, арасындағы қарым-
қатынасты жақсы түсініп, өзіндік жаңалықтар ашады;
- шығармашылық жұмыстарда мәселені өз бетімен шеше алады,
көбінесе өзі тың нәрсе жасайды, көркемдік – қолданбалы еңбекте заттарды
өзі жасап аяқтайды.
«Дарындылық дамуының бастауы – оқушының танымдық қабілеті» -
дейді А.И.Матюшкин, В.С.Юркевич өздерінің теориялық еңбектерінде.
Танымдық қабілетттің дамуы: баяу және белсенді болып екіге бөлінеді.
Баяу формасы – жаңалықты игерудің жай жаттанды түрі мен жай
сабақтармен шектелсе, белсенді формасы – шығармашылық қабілеті
қалыптасатын зерттеу жұмыстары түрінде көрінеді.
Біз психологиялық тестілер, психо-педагогикалық әдебиеттер көмегіне
сүйене отырып, дарынды оқушыны анықтау және даму ерекшеліктеріне
тоқталдық. Кейбір оқушының танымдық қабілеті өте жоғары, басқа
оқушылар алдында өнеге – үлгі болып, көмектесіп жүрсе, кейбір
оқушыларға оқу өте жеңіл болғанымен, өз жолдастарымен тіл табыса
алмайды, оқу жалықтырып жіберетін жағдайлар кездеседі. Біздің алдымызда
тұрған міндет - кейінгі оқушымен жұмыс жүргізіп, жағымсыз қылықтарды
жою, қажеттілігі мен қабілетін қалыптастырып, дамыту, белсенділігін
арттыру.
Мұны жалпыға білім беру жағдайында қалай жүзеге асыруға болады?
Деңгейлеп оқыту және саралап – даралап оқыту арқылы дарынды
оқушының дамуына және шығармашылық белсенділігін арттыруға болады.
Осы мақсатта «12 жылдық бағдарламамен оқытатын 2 – сыныптың қазақ тілі
пәнінен деңгейлік тапсырмалар жинағын құрастырдым. Бұл
тапсырмалардағы ең соңғы шығармашылық тапсырма «дарынды»
оқушыларға арналған.
Оқу бағдарламасын игеруде:
1. Ең басты мәселені шешуде тереңдете отырып оқытуды
қалыптастыру.
2. Ойлаудың өнімді түрін, яғни оқығанын өмірде пайдалан алу
дағдысын дамыта отырып, алған білімі арқылы жаңаны ойлап табуға
бағытталған жұмыс түрлері.
Бұған ағылшын педагогы Д.Хамблиннің ашқан «Өрмекші» сызбасын тіл
сабақтарында пайдалану арқылы қол жеткізуге болады. Мәтін бойынша
негізгі ойдан төмен қарай өрбитін фактілер негізінде орындалады.
Біртінде птапсырманы күрделендіріп жалпылау және бөліп алу қабілетін
дамытуға болады.
Д.Хамблиннің келесі сызбасы «ағаш» деп аталады. Негізгі ойдың, ұсақ
ойлар – бұтақтыр. Осыдан кейін оқушыларға мәтінге сәйкес өз сызбаларын
жасауды ұсынғанда «дарынды» деп анықталған оқушылар шырша және
жапырақ дамуына сәйкес жасады.
3. Үнемі жаңалық арқылы дамытуға, алатын білімге деген құштарлығын
арттыруға бағытталған жұмыс түрлерін қолдану.Мысалы:
а) «Күн күркірегенде» , «Ормандағы демалыс» тақырыптарына әңгіме
құрау, мәтінді аяқтау;
ә) Мұғалімнің әңгімесін аяқта:
Жазда таңертең ерте далада серуендеген жақсы. Ауа кеудеңді ашады.
Күн денеңді аймалап сүйеді. .....
б) Салыстыр: «Өзенде жазда» және «Өзенде таңертең жазда»
- Арасында айырмашылық бар ма?
- Біреуіне шығарма жаз.
в) Тірек сызбаға қарап әңгіме құра:
жауын - шашын өзен найзағай
жасын
егін орман
күркіреу
нан орылды
комбайншылар қорқынышты
г) Берілген сөздерден бір ғана сөйлем құрау: балалар, актер, ертегі,
қойылым.
Ертегі қойылымына келген балалар өздеріне таныс актерді көріп қуанды.
Қонақ, шарбақ, тоңазытқыш:
Рұқсатсыз тоңазытқышты ашқан қонақтарды үй иесі шарбақтан
шығарып жіберді.
4. Өздеріне қажет білім көздерінің жеткілікті болуын және оларды дұрыс
пайдалана алуын қамтамасыз ету.
а)Бұны қалапқа келтіру мақсатында төмендегідей тақырыптарда
шығармалар жазуға ұсындым:
«Қояндар суда өмір сүре ала ма?», «Қасқыр мен мысықтың арасында
қандай ұқсастық және айырмашылық бар?», «Менің айналамдағы орта»,
«Жақсылық, мырзалық деген не?», «Мысық пен күшік», «Аңдар орманда
қалай қыстайды?», «Ормандағы көктем», «Әрқашан күн сөнбесін», «Бұлт пен
Күн туралы ертегі», «Жер бетіндегі жел туралы ертегі», «Ертегі не үшін
керек?», «Ағаштар неліктен өседі?», «Ойыншықтар адамға не үшін керек?»
т.с.с.
ә) Аяқталмаған әңгіме.
«Көп қабатты үйдің тоғызыншы қабатында бір бала тұрды. Ол балконға
шығып, кешкісін әкесі оқып қалдырып кеткен газетті тауып алды да, оны
ұсақтап жыртып, жерге тастай бастады. Ауада ұсақ қағаз қалықтап, біресе
жылдам, біресе ақырын ұшып, гүл өсіретін алаңға, үй қасындағы жолға түсе
бастады. Егер сен осы баланың
Әкесі болсаң:
Досы болсаң:
Аула сыпырушы болсаң:
Аулада қыдырып жүрген бала болсаң:
Гүл алаңында ойнап жүрген мысық болсаң:
не айтар едің?»
«Кешке қарай аспанды ауыр сұр бұлт қаптады да, қар жауды. Төмен
қарай үлкен қар ұлпалараы ақырындап түсе бастады.
Аулада ойнап жүрген балалардың ойы:
Қар жинайтын машина жүргізушінің ойы:
Ормандағы түлкі мен қоянның ойы:
Қарға мен қарға отырған ағаштың ойы:
5.Оқуда жаңалықты ашудағы жетістігін, басқарушылық және өздік
жұмыс істеу қабілетін мадақтап, мақтап отыру.
Математика пәніндегі периметрді, ауданды табуға берілетін
формулаларды алдын ала қорытындылап, өз бетімен шығарды.
Р т = (а+b) · 2 Р ш = а · 4 S ш = a ² Sт = а · b
6. Оқушының басқа адамдармен, қоршаған ортамен байланысы,
мәдениеттілігі.
7. Күрделі ойлау дағдысын шығармашылық және орындау шеберлігін
қалыптастыру бағытында пайдалануға назар аудару.
Дарынды оқушымен жұмыс тек сабақ үстіндегі тапсырмалармен
шектеліп қалмайды. Ол мектептен тыс, мектеп ішіндегі шаралармен
жалғасын тауып, сабақтасып жатады. Бұл жұмыстар оқу процесіндегі игерген
білім, білік дағдыларын әрі қарай тереңдңтң отырып, зерттеу,
шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында қолданады. Оны жеке
оқушымен де, шағын топпен де жүргізуге болады. Біздің гимназиядағы
«Қызықты математика», «Математикалық логика», «Тіл дамыту», «Сөйлеу
мәдениеті» таңдау пәндерінің бастауыш сынып оқушыларның қабілеттерін
ашып, дамытуға қосар үлесі шексіз. Дарынды оқушылар қатысатын
көңілділер, тапқырлар, ойшылдар сайысы, түрлі үйірмелер, олимпиада, білім
сайыстарын жоспарлы түрде өткізіп тұру олардың өздерін тануға, жаңа
білімді игеруге деген құлшынысын қалыптастыратын таптырмас құралдың
бірі болмақ.
Дарынды оқушының шығармашылығын қалыптастыруда белгілі бір
тақырыпта зерттеу жұмысын жүргізу қажеттігі туындайды. Зерттеу
тақырыбын алуда:
1. Оқушыға қызықты болуын, оны қызықтыруын.
2. Шешімі болуын, зерттеушілерге ол тақырыптың пайдасы болуын.
3. Кездейсоқ, таңқалдыратын, күтпеген жағдаяттар кездесетіндей.
4. Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, өзіңіз талдай алатын,
өзіңізді осы тақырып төңірегінде дарындымын есептей алатын орта туралы.
5. Жұмыс тез аяқталатын болуына назар аудару қажет.
Зерттеу тақырыбы бойынша жұмысты жүргізгенде оқушыға мақсатқа
жетуге бағыттайтын барлық мүмкіншілікті, жолды көрсетіп беру,
қалыптасқан, белгілі және белгісіз, зерттеуді қажетсінетін жолдарды
анықтап, талдау, таңдау жасау, әрбір әрекетті бағалау қажет. Олардың
зерттеу тақырыбы қиялдауға ұласып кетсе де, нәтижеге жеткендігі болып
табылатынын естен шығармау керек.
Зерттеу тақырыбын оқушының өзі қорғауын да назардан тыс
қалдырмаған жөн. Ол тақырыпты ата – аналар және өз құрдастары алдында
қорғай алады. Қорғау кезеңінде оқушы ашқан жаңалығын ұсынуға үйренеді,
басқалардың ой-пікірін тыңдап, өзінің көзқарасын дәлелдеуді үйренеді.
«Шығармашылықпен оқыту» аясының маманы Д.Треффингер балаларды
шығармашылыққа баулитын ұстаздарға мынандай ережелер ұстану
керектігін ескертеді:
1. Балаларды міндеттемеңіз; оны өз бетімен әрекет етуге үйретіңіз, оның
немен шұғылданатына нұсқау бермеңіз.
2. Тез шешім қабылдамаңыз; тыңғылықты зерттей отырып, баланың
әлді және әлсіз жақтарын біліңіз, оның базалық біліміне сүйеніп шектеліп
қалуға болмайды.
3. Оқушылардың бастамаларын шектептастап, олар өздері атқаратын
жұмысты өзіңіз орындап қоймаңыз.
4. Қорытынды жасауға асықпаңыз.
5. Оқушыларды пәнаралық байланысты бақылап отыруға
дағдыландырыңыз.
6. Мәселені өздері шеуге, жағдаятты өздері саралауға үйретіңіз.
7. Оқушыға мектепте және үйде туындаған келеңсіз жағдайды шешуде
өздерінің бойында қалыптасқан дағдылар арқылы қол жеткізу.
8. Қалыптасқан білімді қолдана білуге үйретіңіз.
9. Бәріне шығармашылықпен қараңыз.
Балалардың жұмысқа қабілетін бағыттап отыру жеткіліксіз, дарынды
оқушыларға жағдай жасап – болашақ басшыларды, өздерін қорғай білетін,
білімді, тапқыр тұлғаны қалыптастыру үшін оларды анықтап, жұмыс жүргізу
жолдана тоқталдық. Бұндай оқушыларға керемет бір жаңалақты ашып,
әлемді таңғалдыру міндетті емес. Бірақ олардың интеллектуалдық даму
деңгейі өте жоғары, қабілетті, жеке басының дамуында ерекшелігі бар
болғандықтан, біздің міндетіміз – қолымыздан келетін барлық мүмкіндіктер
арқылы олардың кез-келген пайдалы ортадан табылуына көмектесу.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. А.И.Доровский. Дидактические основы одаренности. – М., 2000.
2. Ю.З.Гильбух. Внимние: одаренные дети. – М., 1991.
3. Начальная школа Казахстана. № 2 – 2005.19 – бет.
4. Бастауыш мектеп. №11 – 2004.31 – бет.
Балалардың жұмысқа қабілетін бағыттап отыру жеткіліксіз, дарынды
оқушыларға жағдай жасап – болашақ басшыларды, өздерін қорғай білетін,
білімді, тапқыр тұлғаны қалыптастыру үшін оларды анықтап, жұмыс жүргізу
жолдана тоқталдық. Бұндай оқушыларға керемет бір жаңалақты ашып,
әлемді таңғалдыру міндетті емес. Бірақ олардың интеллектуалдық даму
деңгейі өте жоғары, қабілетті, жеке басының дамуында ерекшелігі бар
болғандықтан, біздің міндетіміз – қолымыздан келетін барлық мүмкіндіктер
арқылы олардың кез-келген пайдалы ортадан табылуына көмектесу.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. А.И.Доровский. Дидактические основы одаренности. – М., 2000.
2. Ю.З.Гильбух. Внимние: одаренные дети. – М., 1991.
3. Начальная школа Казахстана. № 2 – 2005.19 – бет.
4. Бастауыш мектеп. №11 – 2004.31 – бет.

More Related Content

What's hot

Математиканы оқытуда Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясын қолдана отыр...
Математиканы  оқытуда Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясын  қолдана отыр...Математиканы  оқытуда Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясын  қолдана отыр...
Математиканы оқытуда Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясын қолдана отыр...Айбек Қуандықұлы
 
963укцкуцкуц
963укцкуцкуц963укцкуцкуц
963укцкуцкуцnurlan93kz
 
221ваываыввввввв
221ваываыввввввв221ваываыввввввв
221ваываывввввввnurlan93kz
 
поуроч өзін өзі тану
поуроч өзін өзі танупоуроч өзін өзі тану
поуроч өзін өзі тануAsem Sarsembayeva
 
Қазақстан тарихы сабағында жаңа технологиялар мен әртүрлі әдіс тәсілдерді қол...
Қазақстан тарихы сабағында жаңа технологиялар мен әртүрлі әдіс тәсілдерді қол...Қазақстан тарихы сабағында жаңа технологиялар мен әртүрлі әдіс тәсілдерді қол...
Қазақстан тарихы сабағында жаңа технологиялар мен әртүрлі әдіс тәсілдерді қол...Bilim All
 
сын тұрғысынан-ойлауды-дамыту
сын тұрғысынан-ойлауды-дамытусын тұрғысынан-ойлауды-дамыту
сын тұрғысынан-ойлауды-дамытуErjan Beisenhojaev
 
Жаратылыстану кафедрасы
Жаратылыстану кафедрасыЖаратылыстану кафедрасы
Жаратылыстану кафедрасыDossym
 
Көшбасшылық жұмыстарды жүргізудің ерекшелігі
Көшбасшылық  жұмыстарды   жүргізудің  ерекшелігіКөшбасшылық  жұмыстарды   жүргізудің  ерекшелігі
Көшбасшылық жұмыстарды жүргізудің ерекшелігіАйбек Қуандықұлы
 
биология презентация
биология презентациябиология презентация
биология презентацияAsem Sarsembayeva
 
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН А...
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ  ОЙЛАУ  ҚАБІЛЕТІН А...СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ  ОЙЛАУ  ҚАБІЛЕТІН А...
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН А...Айбек Қуандықұлы
 
Көшбасшы болуға ұмтыламыз!
Көшбасшы болуға ұмтыламыз!Көшбасшы болуға ұмтыламыз!
Көшбасшы болуға ұмтыламыз!Arai Khairedenova
 
Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімінің портфолиосы
Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімінің портфолиосыДене тәрбиесі пәнінің мұғалімінің портфолиосы
Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімінің портфолиосыАйбек Қуандықұлы
 
Тәрбиешінің мақсаты, міндеттері, тәрбиенің басым бағыттары
Тәрбиешінің мақсаты, міндеттері, тәрбиенің басым бағыттарыТәрбиешінің мақсаты, міндеттері, тәрбиенің басым бағыттары
Тәрбиешінің мақсаты, міндеттері, тәрбиенің басым бағыттарыАйбек Қуандықұлы
 

What's hot (20)

Математиканы оқытуда Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясын қолдана отыр...
Математиканы  оқытуда Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясын  қолдана отыр...Математиканы  оқытуда Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясын  қолдана отыр...
Математиканы оқытуда Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясын қолдана отыр...
 
963укцкуцкуц
963укцкуцкуц963укцкуцкуц
963укцкуцкуц
 
Ұстаздық еткен жалықпас
Ұстаздық еткен жалықпасҰстаздық еткен жалықпас
Ұстаздық еткен жалықпас
 
14sdasdsdsa
14sdasdsdsa14sdasdsdsa
14sdasdsdsa
 
221ваываыввввввв
221ваываыввввввв221ваываыввввввв
221ваываыввввввв
 
поуроч өзін өзі тану
поуроч өзін өзі танупоуроч өзін өзі тану
поуроч өзін өзі тану
 
Xx
XxXx
Xx
 
Қазақстан тарихы сабағында жаңа технологиялар мен әртүрлі әдіс тәсілдерді қол...
Қазақстан тарихы сабағында жаңа технологиялар мен әртүрлі әдіс тәсілдерді қол...Қазақстан тарихы сабағында жаңа технологиялар мен әртүрлі әдіс тәсілдерді қол...
Қазақстан тарихы сабағында жаңа технологиялар мен әртүрлі әдіс тәсілдерді қол...
 
сын тұрғысынан-ойлауды-дамыту
сын тұрғысынан-ойлауды-дамытусын тұрғысынан-ойлауды-дамыту
сын тұрғысынан-ойлауды-дамыту
 
Мұғалімнің портфолиосы #1
Мұғалімнің портфолиосы #1Мұғалімнің портфолиосы #1
Мұғалімнің портфолиосы #1
 
тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану
тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолданутарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану
тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану
 
Жаратылыстану кафедрасы
Жаратылыстану кафедрасыЖаратылыстану кафедрасы
Жаратылыстану кафедрасы
 
Көшбасшылық жұмыстарды жүргізудің ерекшелігі
Көшбасшылық  жұмыстарды   жүргізудің  ерекшелігіКөшбасшылық  жұмыстарды   жүргізудің  ерекшелігі
Көшбасшылық жұмыстарды жүргізудің ерекшелігі
 
биология презентация
биология презентациябиология презентация
биология презентация
 
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН А...
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ  ОЙЛАУ  ҚАБІЛЕТІН А...СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ  ОЙЛАУ  ҚАБІЛЕТІН А...
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН А...
 
Көшбасшы болуға ұмтыламыз!
Көшбасшы болуға ұмтыламыз!Көшбасшы болуға ұмтыламыз!
Көшбасшы болуға ұмтыламыз!
 
Жаңаша оқу үрдісі
Жаңаша оқу үрдісіЖаңаша оқу үрдісі
Жаңаша оқу үрдісі
 
Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімінің портфолиосы
Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімінің портфолиосыДене тәрбиесі пәнінің мұғалімінің портфолиосы
Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімінің портфолиосы
 
Тәрбиешінің мақсаты, міндеттері, тәрбиенің басым бағыттары
Тәрбиешінің мақсаты, міндеттері, тәрбиенің басым бағыттарыТәрбиешінің мақсаты, міндеттері, тәрбиенің басым бағыттары
Тәрбиешінің мақсаты, міндеттері, тәрбиенің басым бағыттары
 
тукубаева т.т
тукубаева т.ттукубаева т.т
тукубаева т.т
 

Similar to абаканова а.

Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docxДарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docxssuser85477d
 
23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssss23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssssnurlan93kz
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»Asem Sarsembayeva
 
заманауи сабақ үлгісі
заманауи сабақ үлгісізаманауи сабақ үлгісі
заманауи сабақ үлгісіAsem Sarsembayeva
 
Zxwewewwewwewewe
ZxwewewwewweweweZxwewewwewwewewe
Zxwewewwewwewewenurlan93kz
 
шапей жайнағаламdgfh
шапей жайнағаламdgfhшапей жайнағаламdgfh
шапей жайнағаламdgfhNurlan Abilhanov
 
доклад класс (автосохраненный)
доклад   класс (автосохраненный)доклад   класс (автосохраненный)
доклад класс (автосохраненный)oquzaman
 
мен зерттеушимин
мен зерттеушиминмен зерттеушимин
мен зерттеушиминAsem Sarsembayeva
 
абишева и.о портфолиосы
абишева и.о портфолиосыабишева и.о портфолиосы
абишева и.о портфолиосыalmnbtzh
 
Қазақ қыздар гимназиясы – ұлттық тәрбие жүйесінің моделі
Қазақ қыздар гимназиясы – ұлттық тәрбие  жүйесінің моделі Қазақ қыздар гимназиясы – ұлттық тәрбие  жүйесінің моделі
Қазақ қыздар гимназиясы – ұлттық тәрбие жүйесінің моделі Айбек Қуандықұлы
 
коучинг ата ана
коучинг ата анакоучинг ата ана
коучинг ата анаAsem Sarsembayeva
 

Similar to абаканова а. (20)

234953.pptx
234953.pptx234953.pptx
234953.pptx
 
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docxДарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
 
23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssss23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssss
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
 
5п
5п5п
5п
 
заманауи сабақ үлгісі
заманауи сабақ үлгісізаманауи сабақ үлгісі
заманауи сабақ үлгісі
 
сб данияровой 2я
сб данияровой  2ясб данияровой  2я
сб данияровой 2я
 
Zxwewewwewwewewe
ZxwewewwewweweweZxwewewwewwewewe
Zxwewewwewwewewe
 
шапей жайнағаламdgfh
шапей жайнағаламdgfhшапей жайнағаламdgfh
шапей жайнағаламdgfh
 
орынай (2)
орынай (2)орынай (2)
орынай (2)
 
баяндама
баяндамабаяндама
баяндама
 
доклад класс (автосохраненный)
доклад   класс (автосохраненный)доклад   класс (автосохраненный)
доклад класс (автосохраненный)
 
мен зерттеушимин
мен зерттеушиминмен зерттеушимин
мен зерттеушимин
 
абишева и.о портфолиосы
абишева и.о портфолиосыабишева и.о портфолиосы
абишева и.о портфолиосы
 
Қазақ қыздар гимназиясы – ұлттық тәрбие жүйесінің моделі
Қазақ қыздар гимназиясы – ұлттық тәрбие  жүйесінің моделі Қазақ қыздар гимназиясы – ұлттық тәрбие  жүйесінің моделі
Қазақ қыздар гимназиясы – ұлттық тәрбие жүйесінің моделі
 
дана
данадана
дана
 
коучинг ата ана
коучинг ата анакоучинг ата ана
коучинг ата ана
 
жақсылық к.авторлық бағдарлама
жақсылық к.авторлық бағдарламажақсылық к.авторлық бағдарлама
жақсылық к.авторлық бағдарлама
 
Әдіс.pptx
Әдіс.pptxӘдіс.pptx
Әдіс.pptx
 
өзін өзі тану ашық сабақ
өзін өзі тану ашық сабақөзін өзі тану ашық сабақ
өзін өзі тану ашық сабақ
 

абаканова а.

  • 1. ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР: АНЫҚТАУ, ОҚЫТУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ Қоғамның өркендеуіне, дамуына, онда болып жатқан өзгерістерге байланысты біздің мемлекетіміздегі білім саласының алдында жүйеленіп, дайындалып берген білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл міндетті шешу жолында алдыңызда отырған оқушылардың барлығын бірдей деп есептегенмен, ойлауы, дамуы, шығармашылығы жоғары дамыған, өзіндік жұмыстарды орындауды жақсы көретін, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап іздейтін, өз құрдастарынан ерекшеленетін, даму деңгейі жоғары оқушылар кездеседі. Бұл оқушыларды «дарынды» оқушылар деп атап жүрміз. Оқыту үрдісінде кездесетін қиындықтың бірі - «дарынды оқушы және оның икемділігін әрі қарай арттыру жолдары» ұстаздар мен психологтар назарын аударуда. Көптеген жағдайда дарынды оқушылардың танымдылық қабілетін арттырумен шектелсек, кей уақытта ондай оқушымен пәнді тереңдетіп оқытумен айналыстық. Дарынды оқушы туралы және оның қабілеттері туралы білмегендіктен бір жылда екі сыныптың бағдарламасын оқытып, көшірген жағдайлар да кездескен. «Дарындылық» деген ұғымның нақты анықтамасы ешқандай әдебиетте берілмеген, ғылыми еңбектерде дарындылықтың әр түріне тоқаталады: интеллектуалдық, академиялық, шығармашылық, берілген. Дарынды оқушымен жұмыс жүргізуді неден бастау қажет? Бірінші кезең дарынды оқушыны анықтаудан басталады. Бастауыш сыныпта дарынды оқушыны психологиялық ерекшеліктеріне қарай, сөйлеу, есте сақтау, қисынды ойлау деңгейлеріне қарай анықтайды. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннің мектепке дайындығын анықтауға арналған А.Керн, Я.Йирасек, С.Штербел, Г.Гетпер тестісі тамаша көмекші бола алады. Бұл тесті арқылы оқушылардың оқуға деген қабілетін, ойлауының, сөйлеуінің даму деңгейін үш аспектіде зерттеуге болады. Жоғары деңгей көрсеткішін көрсеткен оқушыларды дарынды және қабілетті оқушылар қатарына жатқыздық. Себебі, Л.А.Венгердің, Ю.З.Гильбух, Н.С.Лейтес; Г.В.Бурменскаяның «Дарынды балалар» еңбегінде «Егер оқушы кез-келген еңбегінде, шығармашылық жұмысында жоғары көрсеткішке жетіп, өз құрбаларынан ерекшеленсе, ондай оқушыны дарынды деп атауға болатынын» - айтады. Дарынды оқушыларды анықтауда бастауыш сынып оқушысының интеллектуалдық, академиялық және шығармашылық даму деңгейіне баса назар аудару қажет. Бұл кезеңде А.И.Доровскидің «Дарындылықты анықтау жолдары» еңбегін басшылыққа алуға болады. Екінші кезеңде дарынды оқушылардың бойындағы ерекшеліктерді білу қажеттігі туындайды. Дарынды оқушылардың ерекшелігі: 1. Ойлау ерекшелігі: - шапшаң ойлау, тез нәтижеге жету, тез ілгерілеуі;
  • 2. - әдеттен тыс қызығушылық, сауалды көп қою, «Неге», «не үшін» деген сұрақтарды көп қойып, жауап іздеудегі үлкен талабы; - көп көлемді білімді меңгеру, ұмытпау, есте сақтау қабілетінің жоғары болуы. 2. Ішкі сезім ерекшелігі: - сезім сүшелерінің ерекше қабылдауы (дыбыс, түс); - интеллектуалдық дамуда ерекше бір ілгерілеу шапшаңдығы (ойлауы, байқағыштығы өте жоғары, білімге, жаңалыққа құмар, оқу жеңіл, өз ойын жақсы жеткізе алады, алған білімдерін кез-келген уақытта еске түсіріп, пайдалана алады, құрдастарынан көп біледі); - жан дүниесінің тереңдігі; - кейбір пәндер бойынша өте үздік үлгірім таныту: 3. Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі: - өз талап – тілектерін орындау, адамгершілік мәселесінде ерте даму; - жоғары дәрежедегі әділдік сезімі. 4. Академиялық тұрғыдағы дарындылық аясында : - оқуда - есте ұзақ сақтап, жаңғырта алады; - математика пәнінде оқушы өлшеу, сызу, математикалық ұғымдар арасындағы байланыстарды ашуға берілген тапсырмаларды зор қызығушылықпен орындап, математикалық белгілерді есте сақтап, өздеріне қажет жағдайда қолдана алады; - қоршаған дүниені танып-білуде сұрақтар қояды, заттардың пайда болуы, құбылыстар туралы зерттейді, тәжірибе жасайды, арасындағы қарым- қатынасты жақсы түсініп, өзіндік жаңалықтар ашады; - шығармашылық жұмыстарда мәселені өз бетімен шеше алады, көбінесе өзі тың нәрсе жасайды, көркемдік – қолданбалы еңбекте заттарды өзі жасап аяқтайды. «Дарындылық дамуының бастауы – оқушының танымдық қабілеті» - дейді А.И.Матюшкин, В.С.Юркевич өздерінің теориялық еңбектерінде. Танымдық қабілетттің дамуы: баяу және белсенді болып екіге бөлінеді. Баяу формасы – жаңалықты игерудің жай жаттанды түрі мен жай сабақтармен шектелсе, белсенді формасы – шығармашылық қабілеті қалыптасатын зерттеу жұмыстары түрінде көрінеді. Біз психологиялық тестілер, психо-педагогикалық әдебиеттер көмегіне сүйене отырып, дарынды оқушыны анықтау және даму ерекшеліктеріне тоқталдық. Кейбір оқушының танымдық қабілеті өте жоғары, басқа оқушылар алдында өнеге – үлгі болып, көмектесіп жүрсе, кейбір оқушыларға оқу өте жеңіл болғанымен, өз жолдастарымен тіл табыса алмайды, оқу жалықтырып жіберетін жағдайлар кездеседі. Біздің алдымызда тұрған міндет - кейінгі оқушымен жұмыс жүргізіп, жағымсыз қылықтарды жою, қажеттілігі мен қабілетін қалыптастырып, дамыту, белсенділігін арттыру. Мұны жалпыға білім беру жағдайында қалай жүзеге асыруға болады? Деңгейлеп оқыту және саралап – даралап оқыту арқылы дарынды оқушының дамуына және шығармашылық белсенділігін арттыруға болады.
  • 3. Осы мақсатта «12 жылдық бағдарламамен оқытатын 2 – сыныптың қазақ тілі пәнінен деңгейлік тапсырмалар жинағын құрастырдым. Бұл тапсырмалардағы ең соңғы шығармашылық тапсырма «дарынды» оқушыларға арналған. Оқу бағдарламасын игеруде: 1. Ең басты мәселені шешуде тереңдете отырып оқытуды қалыптастыру. 2. Ойлаудың өнімді түрін, яғни оқығанын өмірде пайдалан алу дағдысын дамыта отырып, алған білімі арқылы жаңаны ойлап табуға бағытталған жұмыс түрлері. Бұған ағылшын педагогы Д.Хамблиннің ашқан «Өрмекші» сызбасын тіл сабақтарында пайдалану арқылы қол жеткізуге болады. Мәтін бойынша негізгі ойдан төмен қарай өрбитін фактілер негізінде орындалады. Біртінде птапсырманы күрделендіріп жалпылау және бөліп алу қабілетін дамытуға болады. Д.Хамблиннің келесі сызбасы «ағаш» деп аталады. Негізгі ойдың, ұсақ ойлар – бұтақтыр. Осыдан кейін оқушыларға мәтінге сәйкес өз сызбаларын жасауды ұсынғанда «дарынды» деп анықталған оқушылар шырша және жапырақ дамуына сәйкес жасады. 3. Үнемі жаңалық арқылы дамытуға, алатын білімге деген құштарлығын арттыруға бағытталған жұмыс түрлерін қолдану.Мысалы: а) «Күн күркірегенде» , «Ормандағы демалыс» тақырыптарына әңгіме құрау, мәтінді аяқтау; ә) Мұғалімнің әңгімесін аяқта: Жазда таңертең ерте далада серуендеген жақсы. Ауа кеудеңді ашады. Күн денеңді аймалап сүйеді. ..... б) Салыстыр: «Өзенде жазда» және «Өзенде таңертең жазда» - Арасында айырмашылық бар ма? - Біреуіне шығарма жаз. в) Тірек сызбаға қарап әңгіме құра: жауын - шашын өзен найзағай жасын егін орман күркіреу нан орылды комбайншылар қорқынышты г) Берілген сөздерден бір ғана сөйлем құрау: балалар, актер, ертегі, қойылым. Ертегі қойылымына келген балалар өздеріне таныс актерді көріп қуанды. Қонақ, шарбақ, тоңазытқыш:
  • 4. Рұқсатсыз тоңазытқышты ашқан қонақтарды үй иесі шарбақтан шығарып жіберді. 4. Өздеріне қажет білім көздерінің жеткілікті болуын және оларды дұрыс пайдалана алуын қамтамасыз ету. а)Бұны қалапқа келтіру мақсатында төмендегідей тақырыптарда шығармалар жазуға ұсындым: «Қояндар суда өмір сүре ала ма?», «Қасқыр мен мысықтың арасында қандай ұқсастық және айырмашылық бар?», «Менің айналамдағы орта», «Жақсылық, мырзалық деген не?», «Мысық пен күшік», «Аңдар орманда қалай қыстайды?», «Ормандағы көктем», «Әрқашан күн сөнбесін», «Бұлт пен Күн туралы ертегі», «Жер бетіндегі жел туралы ертегі», «Ертегі не үшін керек?», «Ағаштар неліктен өседі?», «Ойыншықтар адамға не үшін керек?» т.с.с. ә) Аяқталмаған әңгіме. «Көп қабатты үйдің тоғызыншы қабатында бір бала тұрды. Ол балконға шығып, кешкісін әкесі оқып қалдырып кеткен газетті тауып алды да, оны ұсақтап жыртып, жерге тастай бастады. Ауада ұсақ қағаз қалықтап, біресе жылдам, біресе ақырын ұшып, гүл өсіретін алаңға, үй қасындағы жолға түсе бастады. Егер сен осы баланың Әкесі болсаң: Досы болсаң: Аула сыпырушы болсаң: Аулада қыдырып жүрген бала болсаң: Гүл алаңында ойнап жүрген мысық болсаң: не айтар едің?» «Кешке қарай аспанды ауыр сұр бұлт қаптады да, қар жауды. Төмен қарай үлкен қар ұлпалараы ақырындап түсе бастады. Аулада ойнап жүрген балалардың ойы: Қар жинайтын машина жүргізушінің ойы: Ормандағы түлкі мен қоянның ойы: Қарға мен қарға отырған ағаштың ойы: 5.Оқуда жаңалықты ашудағы жетістігін, басқарушылық және өздік жұмыс істеу қабілетін мадақтап, мақтап отыру. Математика пәніндегі периметрді, ауданды табуға берілетін формулаларды алдын ала қорытындылап, өз бетімен шығарды. Р т = (а+b) · 2 Р ш = а · 4 S ш = a ² Sт = а · b 6. Оқушының басқа адамдармен, қоршаған ортамен байланысы, мәдениеттілігі. 7. Күрделі ойлау дағдысын шығармашылық және орындау шеберлігін қалыптастыру бағытында пайдалануға назар аудару. Дарынды оқушымен жұмыс тек сабақ үстіндегі тапсырмалармен шектеліп қалмайды. Ол мектептен тыс, мектеп ішіндегі шаралармен жалғасын тауып, сабақтасып жатады. Бұл жұмыстар оқу процесіндегі игерген білім, білік дағдыларын әрі қарай тереңдңтң отырып, зерттеу, шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында қолданады. Оны жеке
  • 5. оқушымен де, шағын топпен де жүргізуге болады. Біздің гимназиядағы «Қызықты математика», «Математикалық логика», «Тіл дамыту», «Сөйлеу мәдениеті» таңдау пәндерінің бастауыш сынып оқушыларның қабілеттерін ашып, дамытуға қосар үлесі шексіз. Дарынды оқушылар қатысатын көңілділер, тапқырлар, ойшылдар сайысы, түрлі үйірмелер, олимпиада, білім сайыстарын жоспарлы түрде өткізіп тұру олардың өздерін тануға, жаңа білімді игеруге деген құлшынысын қалыптастыратын таптырмас құралдың бірі болмақ. Дарынды оқушының шығармашылығын қалыптастыруда белгілі бір тақырыпта зерттеу жұмысын жүргізу қажеттігі туындайды. Зерттеу тақырыбын алуда: 1. Оқушыға қызықты болуын, оны қызықтыруын. 2. Шешімі болуын, зерттеушілерге ол тақырыптың пайдасы болуын. 3. Кездейсоқ, таңқалдыратын, күтпеген жағдаяттар кездесетіндей. 4. Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, өзіңіз талдай алатын, өзіңізді осы тақырып төңірегінде дарындымын есептей алатын орта туралы. 5. Жұмыс тез аяқталатын болуына назар аудару қажет. Зерттеу тақырыбы бойынша жұмысты жүргізгенде оқушыға мақсатқа жетуге бағыттайтын барлық мүмкіншілікті, жолды көрсетіп беру, қалыптасқан, белгілі және белгісіз, зерттеуді қажетсінетін жолдарды анықтап, талдау, таңдау жасау, әрбір әрекетті бағалау қажет. Олардың зерттеу тақырыбы қиялдауға ұласып кетсе де, нәтижеге жеткендігі болып табылатынын естен шығармау керек. Зерттеу тақырыбын оқушының өзі қорғауын да назардан тыс қалдырмаған жөн. Ол тақырыпты ата – аналар және өз құрдастары алдында қорғай алады. Қорғау кезеңінде оқушы ашқан жаңалығын ұсынуға үйренеді, басқалардың ой-пікірін тыңдап, өзінің көзқарасын дәлелдеуді үйренеді. «Шығармашылықпен оқыту» аясының маманы Д.Треффингер балаларды шығармашылыққа баулитын ұстаздарға мынандай ережелер ұстану керектігін ескертеді: 1. Балаларды міндеттемеңіз; оны өз бетімен әрекет етуге үйретіңіз, оның немен шұғылданатына нұсқау бермеңіз. 2. Тез шешім қабылдамаңыз; тыңғылықты зерттей отырып, баланың әлді және әлсіз жақтарын біліңіз, оның базалық біліміне сүйеніп шектеліп қалуға болмайды. 3. Оқушылардың бастамаларын шектептастап, олар өздері атқаратын жұмысты өзіңіз орындап қоймаңыз. 4. Қорытынды жасауға асықпаңыз. 5. Оқушыларды пәнаралық байланысты бақылап отыруға дағдыландырыңыз. 6. Мәселені өздері шеуге, жағдаятты өздері саралауға үйретіңіз. 7. Оқушыға мектепте және үйде туындаған келеңсіз жағдайды шешуде өздерінің бойында қалыптасқан дағдылар арқылы қол жеткізу. 8. Қалыптасқан білімді қолдана білуге үйретіңіз. 9. Бәріне шығармашылықпен қараңыз.
  • 6. Балалардың жұмысқа қабілетін бағыттап отыру жеткіліксіз, дарынды оқушыларға жағдай жасап – болашақ басшыларды, өздерін қорғай білетін, білімді, тапқыр тұлғаны қалыптастыру үшін оларды анықтап, жұмыс жүргізу жолдана тоқталдық. Бұндай оқушыларға керемет бір жаңалақты ашып, әлемді таңғалдыру міндетті емес. Бірақ олардың интеллектуалдық даму деңгейі өте жоғары, қабілетті, жеке басының дамуында ерекшелігі бар болғандықтан, біздің міндетіміз – қолымыздан келетін барлық мүмкіндіктер арқылы олардың кез-келген пайдалы ортадан табылуына көмектесу. Пайдаланған әдебиеттер: 1. А.И.Доровский. Дидактические основы одаренности. – М., 2000. 2. Ю.З.Гильбух. Внимние: одаренные дети. – М., 1991. 3. Начальная школа Казахстана. № 2 – 2005.19 – бет. 4. Бастауыш мектеп. №11 – 2004.31 – бет.
  • 7. Балалардың жұмысқа қабілетін бағыттап отыру жеткіліксіз, дарынды оқушыларға жағдай жасап – болашақ басшыларды, өздерін қорғай білетін, білімді, тапқыр тұлғаны қалыптастыру үшін оларды анықтап, жұмыс жүргізу жолдана тоқталдық. Бұндай оқушыларға керемет бір жаңалақты ашып, әлемді таңғалдыру міндетті емес. Бірақ олардың интеллектуалдық даму деңгейі өте жоғары, қабілетті, жеке басының дамуында ерекшелігі бар болғандықтан, біздің міндетіміз – қолымыздан келетін барлық мүмкіндіктер арқылы олардың кез-келген пайдалы ортадан табылуына көмектесу. Пайдаланған әдебиеттер: 1. А.И.Доровский. Дидактические основы одаренности. – М., 2000. 2. Ю.З.Гильбух. Внимние: одаренные дети. – М., 1991. 3. Начальная школа Казахстана. № 2 – 2005.19 – бет. 4. Бастауыш мектеп. №11 – 2004.31 – бет.