SlideShare a Scribd company logo
1 of 29
ТҮРКІСТАН МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ
№7 МЕЙІРБИКЕ ІСІ ЖӘНЕ ТУЫСТАС ПӘНДЕР
ЦИКЛДІК ӘДІСТЕМЕЛІК КОМИССИЯСЫ
«МЕДБИКЕЛІК ІСІ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІНЕН ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА
АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
Бөлім 2
Дәрілік терапия тәсілдері және әдістері
Тақырып 2.10
Венозды катетерлермен жұмыс істеу ережелері.
Мамандығы : 0302000 - «Медбикелік іс»
Біліктілігі: 0302033 – «Жалпы практикадағы медбике»
Курс: 3
Семестр: V
Түркістан
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ-05.1.7-07.8
29 беттің 2-ші беті
Нұсқа -9
1 Әзірлеген «Медбикелік ісі негіздері» пәнінің оқытушысы: Ходжаева Насиба
Ташбулатқызы
2 № 7 Мейірбике ісі және туыстас пәндер циклдік әдістемелік комиссиясының мәжілісінде
талқыланып бекітуге ұсынылған.
3 Хаттама №_____ ______________ 2017 жыл
4 ЦӘК төрайымы ____________ Бабаханова Г. А.
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ-05.1.7-07.8
29 беттің 3-ші беті
Нұсқа -9
Сабақтың тақырыбы : Венозды катетерлермен жұмыс істеу ережелері.
Сабақтың түрі: тәжірибелік сабақ
Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар :
Ұжымдық, кластери, интерактивті симуляциялық технологиялар.
Белгіленген технологияларды іске асыру әдістері :
- фронтальді сұрау;
- кәсіптік бағдар беру;
- түсіндіру-көрнекілікті;
- стандарттар бойынша тапсырмаларды орындау;
- тест сұрақтарына жауап беру;
- кластер құрастыру;
- бағалау және бақылау;
Сабақтың мақсаты :
Білімділік : Студенттерге көктамыр катетерлері туралы, оларды қою көрсеткіштері; өзін
және пациентті перифериялық катетерлерін қоюға дайындау ережелері туралы түсінік
беру. Перифериялық катетерді қою техникасын, көктамыр катетерлері арқылы дәрілік
заттарды еңгізу және қан алу техникасын үйрету. Көктамыр катетерлеріне күтім
жасауды игеру.
Дамытушылық:
- студенттерде манипуляцияларды ұқыптылықпен, жауапкершілікпен, дәлділікпен
орындауды қалыптастыру;
- пәнішілік, пәнаралық байланыс жасай алу қабілетін дамыту;
Тәрбиелік:
- стандарттар, алгоритмдермен жұмыс істей алу, науқастың өміріне жауапкершілікті
түсіну, өз тәртібін талдай алу сияқты маңызды тұлғалық-кәсіптік қасиеттерді дамыту;
- өз кәсібінің әлеуметтік маңыздылығын түсіну, мамандығына тұрақты қызығушылық
таныту;
- кәсіптік міндеттерді тиімді орындауға қажетті болған ақпарат іздеуді жүзеге асыру;
командада жұмыс істеу, әріптестерімен, басшылықпен тиімді қарым-қатынас жасауды
тәрбиелеу;
Студент білуі керек:
- көктамыр катетерлері туралы түсінікті;
- қою көрсеткіштерін;
- медбикені және пациентті орталық көктамыр және перифериялық катетерлерін қоюға
дайындауды;
- перифериялық катетерді қою техникасын;
- көктамыр катетерлері арқылы дәрілік заттарды еңгізу және қан алу техникасын;
- көктамыр катетерлеріне күтім жасау ережелерін.
Істей алуы қажет:
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ-05.1.7-07.8
29 беттің 4-ші беті
Нұсқа -9
- жұмыс орнын дайындауды;
- қажет құралдарды даярлауды;
- гигиеналық денгейде қолды тазартуды;
- инъекция жасайтын орынды тазартуды;
- пациентті орталық көктамыр және перифериялық катетерлерін қоюға дайындауды;
- перифериялық катетерді қоюды;
- көктамыр катетерлері арқылы дәрілік заттарды еңгізу және қан алуды;
- көктамыр катетерлеріне күтім жасауды;
- қолданылған құралдарды өндеуді.
Пәндер аралық байланыс :
Пәнішілік байланыс :
- Медициналық этика, деонтология;
- асептика және антисептика;
- зарарсыздандыру және залалсыздандыру;
- аурухана ішілік инфекция мәселелері;
- дәрілік заттарды парентеральді енгізу әдістері;
- науқастың функционалдық жағдайын бақылау;
Қамтитын пәндер:
- Қалыпты анатомия- Жүрек қан тамыр жүйесі. Көктамырлар анатомиясы, түрлері.
Перифериялық көктамырлар.
- Қалыпты физиология- Қан айналым физиологиясы.
- Патологиялық анатомия- Жасуша мен тіндердің зақымдануы.
- Латын тілі - Медициналық терминдер.
- Фармакология негіздері - Дәрілерді енгізу жолдары. Инъекцияға арналған дәрілік
формалар.
- Микробиология және вирусология.- Сыртқы ортада кең таралған микроорганизмдер.
Қамтылатын пәндер:
- Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы медбикелік күтім - Лабораториялық
зерттеу әдістері. Қанды лабораториялық зерттеу әдістері.
- Педиатриядағы медбикелік күтім- Науқастарды лабораториялық зерттеу әдістері.
Қанды зерттеу.
- Хирургиядағы медбикелік күтім- Науқастарды зерттеу әдістері. Тромбофлебиттер.
Көктамыр тромбозы.
- Тері –мерез ауруларындағы медбикелік күтім- Қанды лабораториялық зерттеу әдістері.
- Эпидемиология және жұқпалы аурулардағы медбикелік күтім. –Жұқпалы ауруларды
диагностикалау әдістері. Қанды зертханалық зерттеу.
- Неврологиядағы медбикелік күтім - Науқасты зертеу әдістері. Лабораториялық
зертеулер.
- Акушерия және гинекологиядағы медбикелік күтім Гинекологиялық науқастарды
лабораториялық зертеу. Қанды зерттеу.
- Медициналық психология - Психогигиена, психопрофилактика, психотерапия.
Соматогения, психогения, ятрогения туралы түсінік.
Уақыты : 180 мин.
Сабақтың жабдықталуы : плакаттар: Перифериялық көктамыр катетері.
Перифериялық көктамыр катетерін енгізу іс-
әрекеттері.
Көрнекіліктер:
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ-05.1.7-07.8
29 беттің 5-ші беті
Нұсқа -9
Фантомдар :
- науқастарға күтім жасау дағдыларын бекітуге арналған манекендер;
- қол фантомы (көктамырға пункция жасауға арналған);
Сабақты жүргізуге қажет заттар: стерильды қолғаптар- 9 д; инъекцияға арналған шприцтер
сыйымдылығы- 10мл -10; астауша бүйрек тәрізді- 18; стерилді таңу материалдары (уп)- 9;
спирт; пинцет-9; қауіпсіз жоюға арналған контейнерлер; перифериялық көктамыр катетері-
10д; жастықшы (валик); бұрау; пробиркалар, пробиркаларға арналған штатив, зертханалық
материалды тасымалдауға арналған контейнер.
Үлестірме материалдар :
Тесттер, тапсырмалар.
Техникалық оқу құралдары :
Мультимедиалық кешендер : (Интерактивті тақта, телевизор, ДVД ).
Сабақ барысында қолданылатын оқу-әдістемелік құралдар :
Негізгі әдебиет:
1. Муратбекова С.К. «Основы сестринского дела» - Кокшетау, 2012г
2. Секенова Ж.К. және т.б. Организация инфекционного контроля в ЛПУ (Алматы
2005г.).
3. Муратбекова С.К., Аминов М.Г., Ярошинская И.К., Воронова Г.С., Куспанова А.Р.
«Актуальные вопросы внутрибольничных инфекций. Стандарты действий по
профилактике ВБИ» г. Кокшетау 2012 г.
4. Мейірбикелік іс негіздері. С. Қ. Муратбекова – Астана, 2007 г.
5. «Всё по уходу за больным на дому» под редакцией акад. РАМН Ю.П. Никитина,
ГЭОТАР – Медиа, 2009 г
6. Туркина Н.В. «Общий уход за больными» - Москва 2007г
7. Мухина С.А., Тарновская И.И. Теоретические основы сестринского дела:– 2 издание
М., ГЭОТАР – Медиа, 2010 г.
8. Широкова Н.В. және т.б. «Основы сестринского дела»: Алгоритмы манипуляций:
учебное пособие М. ГЭОТАР – Медиа, 2009 г.
9. Нурманова М.Ш. және т.б. Сборник стандартов сестринских технологий по
дисциплине «Основы сестринского дела» г. Алматы «Sunnur» ТОО, 2011 г.
10. Мейірбике ісі негіздері пәне бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының
жинағы Нурманова М.Ш. және т.б., Қарағанды: ЖК «Ақ Нұр баспасы», 2012 ж.
Қосымша әдебиет:
11. Осипова В.Л. «Внутрибольничная инфекция»: учебное пособие М. ГЭОТАР – Медиа,
2012 г.
12. Основы сестринского дела. Ситуационные задачи: практикум. Морозова Г.И. – М.,
2009 г.
WEB сайттар тізімі:
1 www.yandex.ru
2 www.rambler.ru
3 www.mail.ru
4 www.medeponim.ru
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ-05.1.7-07.8
29 беттің 6-ші беті
Нұсқа -9
5 www.med.ru
6 www.doctor.ru
7 www.info-health.kz
8 www.medstudent.ucoz.kz
9 www.medcenter.kz
10 www.svsmedical.kz
11 www.medmedia.kz
Сабақтың хронокартасы
№ Сабақ бөлімдерінің атауы Сабақтың
ұзақтығы
І Ұйымдастыру сәті 2 мин
ІІ Тақырыпқа мотивациялық сипаттама беру 3 мин.
ІІІ Студенттердің теориялық білімін бақылау, үй тапсырмасын тексеру 25-30 мин.
ІV Тәжірибелік дағдылардың орындалу техникасын түсіндіру және
демонстрациялау
25-30 мин.
V Студенттердің өзіндік жұмысына әдістемелік бағдар беру 5 мин.
VІ Студенттердің өзіндік жұмысы 90 мин.
VІІ Сабақты қорытындылау 10 мин.
VІІІ Үйге тапсырма 5 мин
Сабақтың барысы :
1. Ұйымдастыру кезеңі -2-3 мин.
Студенттердің киімдерінің сырт көрінісіне, сабаққа қатысуына, бөлменің тазалығына көңіл
бөлу. Журналды толтыру.
2. Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау -2-3 мин.
Тақырыптың мотивациялық сипаттамасы:
Перифериялық көктамыр катетеризациясы – бұл ұзақ мерзімді көктамырға дәрілерді
құю үшін көктамыр катетерін қою. Әлемде 1 жыл ішінде 500 миллионнан астам
перифериялық көктамыр катетері орнатылады. Өндірісте сапалы катетерлердің көбеюі
нәтижесінде перифериялық көктамыр катетризациясын жүргізу әдісі жиі қолданып келе
жатыр.
Бұл әдістің тиімді екенін медицина қызметкерлерімен қоса пациенттер де мойындап
отыр. Катетеризация пациентті мобильді етеді, қимыл-әрекет кезінде көктамыр
зақымдануларының алдын алуға мүмкіндік береді.
Көктамыр катетеризациясы жиілігінің өсуімен қатар қан ағымында катетер-
ассоциацияланған инфекциялар сияқты асқынулар жиілігі де өсті. Олар нозокомиальді
инфекция ішінде үшінші орынды және бактериемия себептері ішінде бірінші орынды алады.
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ-05.1.7-07.8
29 беттің 7-ші беті
Нұсқа -9
Бұл әдісті жағдайдан жағдайға ғана емес, үнемі қолдану қажет. Сонымен қатар
катетерді мінсіз күтіммен қамтамасыз ету қажет. Мейірбике парентералды егу әдістері
бойынша жақсы теориялық білімді және тәжірибелік дағдыларды игеруі, дәрілердің әсер ету
механизмін жақсы түсінуі, олардың дозасын, енгізу жолдарын, енгізу жылдамдығын,
инъекциялардан кейін болуы мүмкін болған кері әсерлер және асқынуларды білуі қажет.
Асептика ережелерін қатаң сақтау, санитарлы- эпидемиологиялық қызмет нұсқауларын және
бұйрықтарын білу және орындау мейірбикенің кәсіптік біліктілігінің негізгі критерийлері
болып саналады.
Катетеризацияны қауіпсіз орындау мейірбикелердің негізгі қызметтерінің бірі болып
тек қана анатомия, физиология, фармакология білімін қажет етіп қана қоймай, психология,
қарым-қатынас дағдыларын білуді қажет етеді. Сонымен қатар мейірбике мейірбикелік
үрдіске, мейірбикенің науқаспен қарым-қатынас шеберлігіне, қажет жағдайда белгілі бір
манипуляцияларды жұргізу қажеттілігіне науқасты сендіру әдістерін жақсы игеруге көп көңіл
бөлу қажет.
3. Білім деңгейін көрнекілік және оқытудың техникалық құралдарының көмегімен
бакылау 25 - 30 мин
Ауызша сұрақтар:
1. Шеткі көктамыр катетеризациясы туралы түсінік. Катетерді қою көрсетпелері
және кері көрсетпелері.
2. Перифериялық көктамыр катетері құрылысы, түрлері.
3. Катетер және көктамырды таңдаудың негізгі принциптері.
4. Перифериялық көктамыр катетеризациясы үшін қажет болған стандартты жинақ.
5. Перифериялық көктамыр катетерін қою техникасы.
6. Катетерге күнделікті күтім жасау.
7. Инфузиялық терапия тиімділігін бақылау.
8. Перифериялық көктамыр катетері арқылы қан алу.
9. Катетер қойғаннан кейін болатын асқынулар.
1. Шеткі көктамыр катетеризациясы туралы түсінік. Катетерді қою көрсетпелері және
кері көрсетпелері.
Шеткі көктамыр катетеризациясы медицинада жиі қолданылатын инвазивты емдеу
әдістеріне жатады. Бұл емшара перифериялық венозды катетер көмегімен орындалады.
Перифериялық көктамыр катетерін қою кез-келген мерзімді инфузионды терапия жүргізу
үшін, дәрілік заттарды күре тамырға енгізуді қайталау үшін жүргізіледі.
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ-05.1.7-07.8
29 беттің 8-ші беті
Нұсқа -9
Слайд 1
Перифериялық көктамыр катетерін қою көрсетпелері:
- Науқас ауыз арқылы сұйықтықтар қабылдай алмаған жағдайда су балансын қолдау
және коррекциялау үшін;
- Дәрілік ерітінділерді жиі енгізу үшін;
- Қан және оның компоненттерін құю үшін;
- Парентеральді тамақтандыру;
- Ота жасау (наркоз);
- Аймақты анестезия.
Катетер қоюға кері көрсетпелер:
- Көктамырдың ішкі қабырғасын тітіркендіретін дәрілерді құю;
- Көп мөлшерде қан құю;
2. Перифериялық көктамыр катетері құрылысы, түрлері.
Перифериялық венозды катетер келесі бөліктерден түрады:
- катетер (жұмсақ және иілгіш);
- ине - өткізгіш (қатты);
- бітеуіш (қуыс бекітетін қақпақша);
- қорғаныс қақпақшасы;
- кейде қосымша құрылғы - кішкене қанаттар.
Слайд 2
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ-05.1.7-07.8
29 беттің 9-ші беті
Нұсқа -9
1- катетер (ине сыртында орналасады)
2- Люэр коннекторы бітеуішпен
3- Дәрілерді енгізуге арналған порт
4- Катетерді бекітуге арналған қанатшалар
Слайд 3
Ине көмегімен венесекция жүргізіліп бір уақытта катетер енгізіледі. Инфузионды
терапия жүргізілмеген жағдайда бітеуіш көмегімен катетер бекітіледі (контаминацияны
болдырмау үшін), қорғаныс қақпақшасы инені қорғайды және манипуляция алдында алынады.
Катетер оңай енуі үшін оның ұшы конус тәрізді.
Кішкене қанаттар көмегімен катетер теріге нық бекітіледі, сонымен қатар бітеуіштің
артқы қабырғасымен терінің жанасуын болдырмағандықтан бактериалды ластану қауіпін
төмендетеді.
Катетер түрлері :
1. Портталған (порт құрылғысы бар) - дәрілік заттарды қосымша пункция жасамай енгізуге
арналған инъекциялық портымен. Оның көмегімен дәріні инесіз, тамырішілік инфузияны
тоқтатпай енгізуге болады.
3. Портталмаған (портсыз)
Портталған катетер Портталмаған катетер
Слайд 4
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ-05.1.7-07.8
29 беттің 10-ші беті
Нұсқа -9
Слайд 5
Перифериялық көктамыр катетерлерінің өлшемдеріне қарай бір неше түрлері бар, олар
түстеріне қарай анықталады.
түсі өлшемдері
Катетердің
өткізгіштік қасиеті
Қолдану саласы
Қызғылт-сары 14G (2,0 х 45 мм) 270 мл/мин.
Көп мөлшерде сұйықтықтар
немесе қан құю.
Сұр 16G (1,7 х 45 мм) 180 мл/мин.
Көп мөлшерде сұйықтықтарды
немесе қанды тез құю..
Ақ 17G (1,4 х 45 мм) 125 мл/мин.
Көп мөлшерде сұйықтықтар
немесе қан құю..
Жасыл 18G (1,2 х 32-45 мм) 80 мл/мин.
Қан препараттарын
(эритроцитарлы масса)
жоспарлы түрде құятын
пациентер
қызыл 20G (1,0 х 32 мм) 54 мл/мин.
Ұзақ мерзімді көктамырішілік
терапиядағы (туілігіне 2-3
литрден астам) пациенттер..
Көгілдір 22G (0,8 х 25 мм) 31 мл/мин.
Ұзақ мерзімді көктамырішілік
терапиядағы пациенттер,
педиатрия, онкология.
Сары 24G (0,7 х 19 мм) 13 мл/мин.
Онкология, педиатрия,
склерозданған жіңішке
көктамырлар
Күлгін 26G (0,6 х 19 мм) 12 мл/мин.
Онкология, педиатрия,
склерозданған жіңішке
көктамырлар
Слайд 6
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ-05.1.7-07.8
29 беттің 11-ші беті
Нұсқа -9
3. Катетер және көктамырды таңдаудың негізгі принциптері.
Катетер таңдаудың негізгі принципі: қолжетімді перифериялық көктамырлардың ең
ірісіне қажетті енгізу жылдамдығын қамтамасыз ететін өлшемі кішкентай катетер қолдану.
Катетер таңдауда пациент ерекшеліктерін, емдеу жоспарын, инфузия жылдамдығын, катетерді
қолдану мерзімін ескеру қажет. Барынша ұзақ қолдануға және ең кем асқынуларға алып
келетін катетер тиімді болып келеді.
Перифериялық венозды катетермен жұмыс істеген кезде асептиканы қатаң сақтау,
стерильды қолғаппен жұмыс істеу, дәрілік затты әр енгізгеннен соң стерильды бітеуішті
ауыстырып отыру қажет. Ішкі беті зарарланған бітеушті қолдануға болмайды.
Перифериялық катетер қою үшін көктамырды таңдау:
Көктамырдың келесі қасиеттерін ескеру ұсынылады:
1. Бүйір тамырлары жақсы дамыған, жақсы көрінетін көктамырлар:
2. Басым болмаған дене жағының көктамырлары: оңқайларда – сол жақ, солақайларда оң
жақ көктамырлары;
3. Алдымен дисталды (алшақтық) орналасқан көктамырларды қолдану;
4. Ұстағанда жұмсақ және иілгіш көктамырларды қолдану;
5. Оталық араласу жағына қарама қарсы жақтағы көктамырларды пайдалану;
6. Диаметрі үлкен болған көктамырлар.
Перифериялық катетер койылатын анатомиялық орындар:
- алақанның сырт жағындағы көктамырлар;
- білектін ішкі бетінің көктамырлары.
Слайд 7
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ-05.1.7-07.8
29 беттің 12-ші беті
Нұсқа -9
Слайд 8
4. Перифериялық көктамыр катетеризациясы үшін қажет болған стандартты
жинақ
Перифериялық көктамыр катетеризациясы үшін қажет болған стандартты жинақ:
- манипуляциялық үстелше, клеенкалық жастықша
- стерильді астауша
- қолданылған заттарға арналған астауша
- шприц - көлемі 10мл 0,9% Nacl ерітіндісімен
- стерильді мақта шариктері және салфеткалар
- лейкопластырь
- тері антисептигі
- перифериялық венозды катетерлер (бір неше өлшемді)
- бұрау
- стерильді қолғап
- қайшы
- бинт
- утилизацияға арналған контейнер
5. Перифериялық көктамыр катетерін қою техникасы
Қажет заттарды жинап, көктамырды таңдап алған соң, қолды өңдеп, қолғап киіп
канюляцияны бастаймыз. Перифериялық көктамыр катетерін дұрыс қою үшін катетерді
колденең немесе тігінен ұстаймыз
Тігінен ұстау Көлденең ұстау Слайд 9
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ-05.1.7-07.8
29 беттің 13-ші беті
Нұсқа -9
Көбіне көктамырды инемен тесуге үйреніп қалған медбикелер көлденең ұстауды
таңдайды. Ал тігінен ұстау инені канюляға қарай сенімді бекіту үшін (әсіресе терісі доғал
науқастарда ) және иненің канюля ішіне «кетіп қалмауы» үшін қолайлы.
Теріні антисептикпен өңдегеннен соң ине канюлясымен енгізіледі.
Слайд 10
Индикатор камерасында қан көрінген жағдайда инені әрі қарай енгізілу тоқтатылады.
Ине-өткізгішті бір қолмен бекітіп, көктамырға әрі қарай тек катетер енгізіледі, ол біртіндеп
ине-өткізгіштен шешіледі. Катетер қажетті ұзындыққа енгізілген соң ине-өткізгіш алып
тасталады. Содан соң катетер арнайы бітеуішпен жабылады, лейкопластырь немесе арнайы
пластырьмен бекітіледі. Порт немесе арнайы жүйе арқылы (портталмаған катетерлерде)
катетер жуылады.
Слайд 11
6. Катетерге күнделікті күтім жасау
1. Катетерге әр кез қосу – бұл инъекция ену жолы. Жүйені жиі қолмен ұстауға болмайды,
қатаң асептиканы сақтап, тек қана стерильді қолғапта жұмыс істеу қажет.
2. Стерильді бітеуіштерді жиі ауыстырып отыру қажет. Ішкі беті микробтармен ластанған
бітеуіштерді қолдануға болмайды.
3. Антибиотиктерді, глюкоза ерітінділерін, қан препараттарын енгізгеннен соң катетерді аз
мөлшердегі физиологиялық ерітіндімен жуу керек.
4. Катетерді бекіткен таңғышты жиі байқап, қажет жағдайда ауыстырып отыру керек.
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ-05.1.7-07.8
29 беттің 14-ші беті
Нұсқа -9
5. Асқынуларды ерте анықтау мақсатымен пункция орнын үнемі қарау керек. Ісіну, қызару,
жергілікті қызба, катетер өткізгіштігінің бұзылуы, катетерден сұйықтық ағу және дәрілерді
енгізу кезінде ауырсыну сезімі болған жағдайда дәрігерге хабарлау және катетерді алып
тастау қажет.
6. Тромбофлебиттің алдын алу үшін пункция орнынан жоғары тромболитикалық майларды
(мысалы: «гепаринді», «троксевазин») жұқа етіп жағу керек.
7. Әр бір инфузиядан соң катетерді порт арқылы гепаринді ерітіндімен (5 мл натрий
хлоридінің изотониялық ерітіндісі +2500Б гепарин) жуу қажет.
Ол келесі әдіспен жүзеге асырылады:
1. науқас тыныс шығарып тынысын тоқтатып тұруы қажет.
2. катетерді резеңке бітеуішпен жауып, науқасқа тыныс алуға рұқсат беріңіз.
3. бітеуішті спиртпен өңдеп, тері ішілік инемен 5 мл гепаринді ерітінді енгізу.
4. бітеуішті катетерде лейкопластырьмен бекіту.
Бұл әдіс катетерде тромб түзілу қауіпін төмендетеді. Осы ерітіндімен катетерді катетерден
қан көрінген жағдайда да шаю керек.
Катетер айналасындағы теріні күнде қарап 70% спирт және 2% йод ерітіндісі немесе
1% бриллиант көгі ерітіндісімен өңдеу қажет. Таңғыш күнде және ластануына қарай
ауыстырылады.
Қазіргі уақытта арнайы мөлдір таңғыштар (пластырь) қолданылады. Олар катетер
айналасын тығыз жауып сыртқы ластанудан, инфекциядан қорғауды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар терілік тынысты сақтайды, мөлдір таңғыш арқылы теріні бақылау
асқынуларды ерте анықтауға мүмкіндік береді.
7. Инфузиялық терапия тиімділігін бақылау
Инфузиялық терапия тиімділігін бақылау үшін тәулік бойы енгізілген препараттар мөлшері,
оларды енгізу жылдамдығы науқасты бақылау картасына тіркеледі. Катетеризация орнын әр
48-72 сағат сайын ауыстыру ұсынылады.
Егер инені алып тастаған соң, көктамыр «жоғалғаны» анықталса, яғни ерітінділер
инфузиясы кезінде пункция орны ісініп шықса, катетерді тері астынан толығымен шығару
қажет. Содан соң мұқият перифериялық көктамыр катетерін жинап катетерді енгізу ем-
шарасын басынан қайталау қажет.
Инфузиялық терапия жүргізуден алдын науқас терең тыныс алып – тынысын ұстауы
қажет. Резеңке тығынды алып, катетерге 0,5 мл физиологиялық ерітіндісі бар шприцті
жалғастырып, поршенді өзіңізге қарай тартып, қанның шприцке еркін келуіне көз жеткізіңіз.
Катетерге көктамыр ішілік инфузия үшін жүйені (ине, «ине–көбелек», тамшылатып жіберуге
арналған реттеуіші бар жүйе) жалғастырыңыз. Науқасқа дем алуға рұқсат беріп, тамшы
жиілігін реттеңіз. Шприцтегі қанды астаушаға құйыңыз.
Инъекцияға арналған порт арқылы енгізілген дәрінің қозғалу схемасы
Слайд 12
8. Перифериялық көктамыр катетері арқылы қан алу.
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ-05.1.7-07.8
29 беттің 15-ші беті
Нұсқа -9
Перифериялық көктамыр катетері арқылы қан алудан алдын канюляны катетер
көлемімен бірдей көлемді физиологиялық ерітіндімен шаю керек, содан соң алғашқы 5 мл қан
алып тасталады (қанның ластанбағанына және басқа дәрілермен араласпағанына көз жеткізу
үшін). Енгізілген антикоагулянттар, ерітінділердегі заттардың (глюкоза, калий) қанды
сұйылту әсері ескеріледі. Олар қанды зерттегенде қателіктер себебі болуы мүмкін. Егер қанды
биохимиялық және коагулолалық зерттеу қажет болса, алдымен қан биохимиялық зерттеуге
содан соң коагулолалық зерттеуге алынады. Катетерден вакуумды жүйе көмегімен қан
алынатын болса, Люэр адаптері қолданылады. Вакуумды жүйе көмегімен қанды катетерден
алу күре тамырдан алынғандай жүргізіледі.
Слайд 13
9. Катетер қойғаннан кейін болатын асқынулар.
Катетердің шеткі көктамырда ұзақ уақыт болуында келесі асқынулар болуы мүмкін:
- көктамырда тромб түзілуі;
- катетерде тромб түзілуі;
- тромбоэмболия және ауалы эмболия;
- инфекциялық асқынулар (5-40%), мысалы сепсис, іріңдеу;
Перифериялық көктамыр катетерін алып тастау көрсеткіштері:
- катетер қою орнында ісінудің пайда болуы;
- катетер айналасы терісінің қызаруы;
- жергілікті қызба;
- катетер енгізу орнында ауырсыну;
- катетер қойғаннан соң 48-72 сағат өткен соң;
- катетердің тромбымен бітелуі.
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ-05.1.7-07.8
29 беттің 16-ші беті
Нұсқа -9
Слайд 14
Слайд 15
Слайд 16
4. Тәжірибелік дағдыларды орындау техникасын түсіндіру және демонстрациялау
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ-05.1.7-07.8
29 беттің 17-ші беті
Нұсқа -9
(30-35 мин.)
Сабақта меңгеретін дағдылар.
1. Перифериялық көктамыр катетерін қою.
2. Перифериялық көктамыр катетері арқылы дәрі жіберу (құю немесе тамшылатып жіберу)
3. Перифериялық көктамыр катетеріне күтім жасау.
4. Перифериялық көктамыр катетерін алып тастау.
Перифериялық көктамыр катетерін қою техникасы
Дайындаңыз: көктамыр катетеризациясына арналған стандартты жинақты. Онық
құрамына кіреді: стерильді астауша, қолданылған заттарды тастауға арналған астауша, 10 мл
гепаринді ерітіндісі (1:100) бар шприц, стерильді мақта шариктері және салфеткалар,
лейкопластырь немесе жабысқақ пластина, тері антисептигі, бір неше өлшемдегі
перифериялық көктамыр катетерлерін, біріктіретін түтік немесе обтуратор, бұрау, стерильді
қолғаптар, қайшы, бинт, 3% сутегінің асқын тотығы.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып ережеге сай антисептикпен өңдеңіз.
2. Күре тамыр катетеризациясы үшін стандартты жинақты жинаңыз, катетер қорабының
бүтіндігіне, жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз.
3. Жақсы жарықтануды қамтамасыз етіңіз, науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз.
4. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, сенімді қарым -қатынас орнатыңыз. Көктамыр
өлшемін, дәріні енгізу жылдамдығын, көктамырішілік терапия жүргізу кестесін,
дәрінің қоюлығын есепке алған жағдайда катетер өлшемін таңдап алыңыз.
5. Қолжетімді жерге утилизацияға арналған контейнерді қойыңыз.
6. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, антисептикпен өңдеңіз.Қолғапты киіңіз.
7. Катетеризация орындау орнынан 5-10-15 см жоғары бұрауды байлаңыз.
8. Науқасқа жұдырығын ашып – жұмуды сұраңыз, пальпация арқылы көктамырды
таңдап алыңыз.
9. Катетеризация орнын тері антисептигімен 30-60 сек аралығында өңдеңіз, өңделген
аймақтарға жанасуға болмайды. Өңделген соң көктамырды қайта сипап көрмеңіз.
10. Сол қолдың саусақтарымен катетеризация жасайтын көктамырды тесу орнынан төмен
бекітіңіз.
11. Қажет диаметрдегі катетерді алыңыз, көлденең немесе тігінен ұстаңыз, қорғаныс
қақпағын шешіңіз. Егер қорғаныс қақпағында қосымша бітеуіш орналасса, қорғаныс
қақпағын тастамай бос қолыңыздың саусақтары арасында ұстаңыз.
12. Катетер инесінің қиылысы жоғары қарап тұрғанына көз жеткізіңіз. Катетер инесін
15°С бұрышта теріге енгізіңіз, катетерді ине өткізгішпен көктамырға 2-3 мм-ге
енгізіңіз, индикаторда қан пайда болуын қадағалаңыз.
13. Индикатор камерасында қан пайда болған жағдайда инені енгізуді тоқтатыңыз.
14. Ине-өткізгішті бекітіңіз, ал катетер канюлясын толық енгізіңіз, канюляны ине
өткізгіштен жаймен алыңыз.
15. Бұрауды шешіңіз. Катетер инеден күре тамырға өткен соң оған инені енгізбеңіз!
16. Қан кетуді тоқтату үшін катетерден жоғары қантамырды басыңыз және катетерден
инені толығымен шығарып алыңыз. Инені қауіпсіз жоюға арналған контейнерге
тастаңыз.
17. Бітеуішті қорғаныс қақпағынан алыңыз және гепаринді бітеуішті порт арқылы жіберіп
катетерді жабыңыз немесе инфузиялық жүйені қосыңыз.
18. Катетерді қолға таңғыш көмегімен бекітіңіз.
19. Емдік мекеме талаптарына сай көктамыр катетеризациясы емшарасын тіркеңіз.
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ-05.1.7-07.8
29 беттің 18-ші беті
Нұсқа -9
20. Техника қауіпсіздігі және санитарлы эпидемиологиялық тәртіп ережелеріне сай
қалдықтарды жойыңыз.
Слайд № 17
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ-05.1.7-07.8
29 беттің 19-ші беті
Нұсқа -9
Слайд 18
Слайд № 19
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ-05.1.7-07.8
29 беттің 20-ші беті
Нұсқа -9
Перифериялық көктамыр катетері арқылы дәрі жіберу
(құю немесе тамшылатып жіберу)
Дайындаңыз: стерильді қолғап, қолданылған заттарды тастауға арналған астауша,
стерильді мақта шариктері және салфеткалар, лейкопластырь немесе жабысқақ пластина, 0,9%
5,0 мл физиологиялық ерітіндісі бар шприц, тері антисептигі, перифериялық көктамыр
катетеріне арналған стерильді бітеуіштер қорапта, дәріні тамшылатып жіберуге арналған
жүйе, штатив.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқаспен амандасу, жағдайын сұрау. Емшара барысын түсіндіру, келісімін алу.
2. Науқасты ыңғайлы қалыпқа жатуын сұрау (арқасымен жату).
3. Қолды гигиеналық денгейде өңдеу.
4. Катетерді бекітілген таңғыштан босату.
5. Шприцті дайындау (жарамдылық мерзімін және орамының бүтіндігін тексеру). Дәрілік
заттың атын, жарамдылық мерзімін, оқып шприцке сорып алу. Дәрілік затты ампуладан
сорып алу немесе жүйені құрастыру стандартын қараңыз.
6. Қолды гигиеналық деңгейде өңдеу. Қолғапты кию.
7. Катетер бекітілген таңғыштың тазалығын және бүтіндігін көзбен көріп бағалау.
8. Антисептикке малынған стерильді салфеткамен бітеуішті өңдеу және оны шешіп алу.
9. Катетердің өткізгіштігін тексеру. 2,0 мл-0,9% натрий хлорид ерітіндісі бар шприцті
катетерге жалғастырып, поршеньді цилиндрде қан көрінгенге дейін өзіңізге қарай
тартыңыз. Физ. ерітіндіні жіберіңіз. Катетерді жуу үшін алынатын физ ерітіндінің мөлшері
катетердің және оның құрылғыларының көлемінен 2 есе көп болуы керек.
10. Катетердің өткізгіштігі бұзылған жағдайда (бұл кезде ерітінді жіберу кезінде жоғары
қарсылық байқалады) емшараны тоқтатып дәрігерге хабарлау керек.
11. Катетер өткізгіштігі бұзылмаған жағдайда физиологиялық ерітінді енгізгеннен соң дәрілік
зат сорып алынған шприц немесе тамшылатып жіберуге арналған құрастырылған жүйе
жалғастырылады.
12. Дәрілік зат жаймен жіберіледі, тамырға ұсақ «қалдық» ауа тамшыларының кетіп қалмауы
үшін шприцте аз мөлшерде дәрі қалдырылады.
13. Дәрілерді тамшылатып жіберген кезде жүйені катетерге жалғастырғаннан соң енгізілетін
дәрінің жылдамдығын, яғни тамшылардың жиілігін реттеу қажет (дәрігердің тағайындауы
бойынша).
14. Қолғапты шешу. Қолды гигиеналық денгейде жуу.
15. Дәрілерді тамшылатып жіберу барысында науқастың жағдайын бақылау.
16. Инфузия біткен соң қолды гигиеналық денгейде жуу.
17. 0,9% 5,0 мл физиологиялық ерітіндіні шприцке сорып алу.
18. Қолғапты кию. Енгізілген дәрілік ерітінді шприцін немесе тамшылатып жіберу жүйесін
катетерден ажыратып алу.
19. Физ. ерітіндісі бар шприцті жалғастырып ерітіндіні енгізу.
20. Шприцті ажырату. Катетерді стерильді бітеуішпен бекіту.
21. Катетерді стерильды салфеткамен жауып бекіту.
22. Қолданылған заттарды утилизациялау.
23. Қолғапты шешу. Қолды гигиеналық денгейде жуу.
24. Емшараны орындау туралы медициналық құжаттарға тіркеу.
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ-05.1.7-07.8
29 беттің 21-ші беті
Нұсқа -9
Перифериялық көктамыр катетеріне күтім жасау
Дайындаңыз: стерильді қолғап, қолданылған заттарды тастауға арналған астауша,
тромболитикалық май, стерильді мақта шариктері және салфеткалар, лейкопластырь немесе
жабысқақ пластина, 10 мл гепаринді ерітіндісі (1:100) бар шприц, тері антисептигі,
перифериялық көктамыр катетеріне арналған стерильді бітеуіштер қорапта.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Стерильді таңу материалы, стерильді бітеуіш және көлемі 5,0 және 10,0 мл болған 2
шприці бар стерильді астаушаны дайындаңыз.
2. Шприцке 5 мл физиологиялық ерітіндіні сорып алыңыз.
3. 2-ші шприцке 10 мл гепаринді ерітіндіні сорып алыңыз.
4. Науқасты тынышталдырыңыз, қолын жайғастырып, манипуляция барысын
түсіндіріңіз.
5. Стерильді қолғапты киіңіз.
6. Біріктіруші түтіктің астына екі стерильді салфетканы қойып инфузияны
тоқтатыңыз.
7. Перифериялық көктамыр катетерінің біріктіруші түтігінен дәрілерді тамшылатып
жіберуге арналған жүйені ажыратыңыз.
8. 5мл физиологиялық ерітіндісі бар шприцті жалғастырып, ерітіндіні катетерге
жіберіңіз (тромбоздың алдын алу үшін).
9. Шприцті біріктіруші түтіктен ажыратып алыңыз.
10. Катетердің біріктіруші түтігіне 2-ші шприцті жалғастырып 10мл гепаринді
ерітіндіні катетерге жіберіңіз.
11. Шприцті катетердің біріктіруші түтігінен ажыратып алыңыз.
12. Катетерді стерильді бітеуішпен бекітіңіз, қолданылған салфеткаларды және
шприцтерді контейнерге тастаңыз.
13. Бекітілген таңғыш жағдайын бақылау, қажет жағдайда ауыстыру.
14. Болуы мүмкін асқынуларды ерте анықтау мақсатында пункция орнын жиі қарау.
15. Ісіну, қызару, жергілікті қызба препараттарды енгізу кезінде ауырсыну болған
жағдайда дәрігерге хабарлау.
Ескерту: лейкопластырлы таңғышты ауыстырған кезде қайшыны қолдануға тиым салынады.
Өйткені қайшымен катетерді қиып жіберген жағдайда катетер қан айналым жүйесіне кетіп
қалуы мүмкін. Тромбофлебиттің алдын алу үшін пункция орнынан жоғары көктамырға
гепаринді немесе троксевазинді май жағылады.
Катетерді алып тастау іс-әрекеті.
Дайындаңыз: көтамырдан катетерді алып тастау үшін стандартты жинақ: стерильді
қолғап, қолданылған заттарды тастауға арналған астауша, тромболитикалық май, стерильді
мақта шариктері және салфеткалар, лейкопластырь немесе жабысқақ пластина, тері
антисептигі, стерильді пробирка, қайшы және астауша (егер катетер тромбталған болса,
немесе оның зарарланғанына күдік болған жағдайда).
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Қолды гигиеналық деңгейде жуу, антисептикпен өңдеу.
2. Инфузияны тоқтату, қорғаныс бинтті таңғышты шешу (егер бар болса).
3. Қолды антисептикпен өңдеу, құрғату, қолғапты кию.
4. Шеттен орталыққа қарай қайшыны қолданбай бекітуші таңғышты алып тастау.
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ-05.1.7-07.8
29 беттің 22-ші беті
Нұсқа -9
5. Жаймен катетерді күре тамырдан шығарып алу.
6. Катетеризация орнын стерильді дәке тампонымен 2-3 минут басып тұру.
7. Катетеризация орнын тері антисептигімен өңдеу.
8. Катетеризация орнына стерильді басушы таңғыш қойып бинтпен бекіту. Таңғышты 1
тәулік бойы шешуге болмайды.
9. Катетер канюлясының бүтіндігін тексеру. Тромб түзілуі немесе катетердің микробпен
ластануына күдік болған жағдайда канюля ұшын стерильді қайшымен қырқып алып,
стерильді пробиркаға салып зерттеуге бактериологиялық лабораторияға жіберу қажет
(дәрігердің тағайындауы бойынша).
10. Катетерді алып тастау күнін, уақытын, себебін құжатқа тіркеу.
11. Қауіпсіздік техникасы және санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп ережелеріне сай
қалдықтарды жою.
6. Тәжірибелік тапсырмаларды орындаудағы студенттердің өзіндік жұмысы (90 мин)
Тапсырма 1. Перифериялық көктамыр катетерін қою іс-әрекетін алгоритм бойынша
орындау- 15-20 мин
Тапсырма 2. Перифериялық көктамыр катетері арқылы дәрі жіберу (құю немесе
тамшылатып жіберу) іс-әрекетін алгоритм бойынша орындау- 15-20 мин
Тапсырма 3. Перифериялық көктамыр катетеріне күтім жасау іс-әрекетін алгоритм бойынша
орындау.- 15-20 мин
Тапсырма 4. Перифериялық көктамыр катетерін алып тастау іс-әрекетін алгоритм бойынша
орындау.- 15-20 мин
Тапсырма 5. Тест сұрақтарын шешу – (10-15 мин)
І нұсқа
1. Перифериялық көктамыр катетері арқылы зерттеуге қан алу үшін катетер
канюлясын: С
А. 5 мл гепаринмен шаю керек
В. 5 мл ауа жіберу керек
С. 5 мл физиологиялық ерітіндімен шаю керек
Д. шамалы артқа тарту керек
Е. 5 мл новокаинмен шаю керек
2. Дәрілерді күре тамырға енгізу әдісі қолданылады, тек біреуінен басқа жағдайларда : С
А. ішекте сорылмайтын дәрілерді енгізу үшін
В. сілемейлі қабықтарға қатты тітіркендіргіш әсері бар дәрілерді енгізу үшін
С. суда ждәне майда еритін дәрумендерді енгізу үшін
Д. тез ыдырайтын дәрілерді енгізу үшін
Е. шұғыл жағдайларда жылдам әсер ету үшін
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ-05.1.7-07.8
29 беттің 23-ші беті
Нұсқа -9
3. Перифериялық венозды катетер келесі бөліктерден тұрады, тек біреуінен басқалары:В
А. жұмсақ және иілгіш катетер
В. ауа өткізгіш қақпақ
С. ине өткізгіш
Д. бітеуіш
Е. қорғаныс қақпақша
4. Катетер таңдауда есепке алынады барлығы, тек біреуінен басқа: Е
А. пациент ерекшелігі
В. инфузия жылдамдығы
С. таңдап алынған көктамыр диаметрі
Д. перифериялық тамырдың қолжетімдігі
Е. орталық катетер диаметрі
5. Катетер қою үшін келесі қасиеттер ескеріледі, тек біреуінен басқалары: В
А. бүйір тамырлары жақсы дамыған жақсы көрінетін көктамыр
В. жақсы көрінетін орталық көктамыр
С. басым болмаған дене жағының көктамырлары
Д. дистальді орналасқан көктамырлар
Е. жұқсақ, иілгіш көктамырлар
6. Перифериялық көктамыр катетер инесін пункция кезінде тамырға енгізу
тоқтатылады: Е
А. белгілі бір тереңдікке енгізген соң
В. катетерде қан көрінген жағдайда
С. ине-өткізгіш енгізілген соң
Д. бітеуіш қақпағын ашқан соң
Е. катетердің индикатор камерасында қан көрінген жағдайда
7. Перифериялық көктамыр катетері арқылы антибиотиктерді, глюкоза ерітіндісін, қан
препараттарын енгізген соң катетерді : Д
А. 0,8% натрий хлорид ерітіндісімен шаю керек
В. гепаринмен шаю керек
С. дистилденген сумен шаю керек
Д. 0,9% натрий хлорид ерітіндісімен шаю керек
Е. алып тастау керек
8. Төмендегі жағдайларда перифериялық көктамыр катетері алып тасталады, тек
біреуінен басқалары: А
А. қан препараттарын енгізген соң
В. катетер өткізгіштігінің бұзылуларында
С. пункция орнында қызару, ісіну болғанда
Д. катетерден сұйықтық ағу кезінде
Е. дәрілерді енгізу кезінде ауырсыну сезімі болған жағдайда
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ-05.1.7-07.8
29 беттің 24-ші беті
Нұсқа -9
9. Тромбофлебиттің алдын алу үшін перифериялық көктамыр катетерін енгізу орнынан
жоғару жағылады: В
А. вазелин майы
В. гепаринді май, «Троксевазин»
С. бриллиант көгі
Д. фурациллин ерітіндісі
Е. құрамында антибиотигі бар майлар
10. Әр бір инфузиядан соң перифериялық көктамыр катетерін жуу үшін қолданылатын
ерітінді: С
А. новокаин 0,5%-5мл
В. новокаин 0,5% -5мл+ 1,0 г пенициллин
С. 5 мл натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісі + 2500 Б гепарин
Д. 2500 Б гепарин+5% глюкоза ерітіндісі
Е. 5 мл натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісі
ІІ – нұсқа
1. Қолдануға тиімді катетер: Д
А. диаметрі үлкен катетер
В. портталған катетер
С. қысқа уақыт қолдануға болатын катетер
Д. ұзақ уақыт қолдануға болатын және ең кем асқынуларға алып келетін
катетер
Е. ұзақ қолдануға болатын, диаметрі үлкен катетер
2. Перифериялық көктамыр катетерінің бітеуіші ауыстырылады: А
А. әр дәрі құйған соң
В. күніне 2 рет
С. ластануына қарай
Д. катетерді қойғаннан соң
Е. 1 тәуліктен соң
3. Перифериялық көктамыр катетерін таңдау кезінде келесі өлшемдерді ескеру қажет,
тек біреуінен басқасы: Д
А. көктамыр диаметрі
В. ерітіндіні енгізу жылдамдығы
С. катетердің көктамырда болу ұзақтығы
Д. науқастың систолалық қан қысымы көрсеткіші
Е. енгізілетін ерітінді қасиеттері
4. Перифериялық көктамыр катетерін қойған соң айналасындағы тері өңделеді: Д
А. вазелин майымен
В. 70% спирт, фурациллин ерітіндісімен
С. «Троксевазин» майымен
Д. 70% спирт, 2% йод ерітіндісімен
Е. Лассар пастасымен
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ-05.1.7-07.8
29 беттің 25-ші беті
Нұсқа -9
5. Катетеризация орны ауыстырылады: С
А. күніне 2 рет
В. әр 6 сағатта
С. әр 48-72 сағат сайын
Д. аптасына 1 рет
Е. дәрігердің тағайындауымен
6. Перифериялық катетердің көктамырда ұзақ уақыт болуында келесі асқынулар болуы
мүмкін, тек біреуінен басқалары: Е
А. көктамырда тромб түзілуі
В. ауалы эмболия
С. катетерде тромб түзілуі
Д. сепсис, іріңдеу
Е. катетердің қан ағымымен жүрекке баруы
7.Тері астында көрінуіне және пальпациялануына қарай көктамыр типтері: С
А. тиянақталған
В. сырғымалы
С. жақсы контурлы, әлсіз контурлы, контуры жоқ
Д. қалынқабырғалы, жұқақабырғалы
Е. жақсы контурлы, қалын қабырғалы
8. Кейбір көктамырларға пункция жасау орнында жылдам гематома пайда болады.
Көктамыр түрін анықтаңыз: Е
А. «қолпылдайтын» көктамыр
В. қалынқабырғалы
С. жұқақабырғалы
Д. контуры жоқ көктамыр
Е. сыңғыш көктамыр
9. Гемолиз дегеніміз: Д
А. стерильді қан
В. құрамында антикоагулянттары бар қан
С. зерттеуге жарамды қан
Д. қан жасушаларының ыдырауы, зерттеуге қанның жарамсыз болуы
Е. қанның ұю көрсеткіштерінің төмен болуы
10. Көктамыр жазықтықта шамалы ғана қозғалады. Тамыр кеңдігі қашықтығында
жылжыту мүмкін емес. Көктамыр түрін анықтаңыз: А
А. тиянақталған
В. сырғымалы
С. әлсіз контурлы
Д. сыңғыш
Е. қолпылдайтын
ІІІ-нұсқа
1. Көктамыр тері асты май қабатында оңай қозғалады, оны тамыр диаметрі кеңдігінен
үлкен болған қашықтықта жылжытуға болады. Көктамыр түрін анықтаңыз :В
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ-05.1.7-07.8
29 беттің 26-ші беті
Нұсқа -9
А. тиянақталған
В. сырғымалы
С. әлсіз контурлы
Д. сыңғыш
Е. қолпылдайтын
2. Көктамырдың тек алдыңғы қабырғасын ғана көріп, басып байқауға болады.
Көктамыр тері үстінен шығып тұрмайды. Көктамыр түрін анықтаңыз :С
А. тиянақталған
В. сырғымалы
С. әлсіз контурлы
Д. сыңғыш
Е. қолпылдайтын
3. Перифериялық көктамыр катетер инесін пункция кезінде тамырға енгізу
тоқтатылады: Е
А. белгілі бір тереңдікке енгізген соң
В. катетерде қан көрінген жағдайда
С. ине-өткізгіш енгізілген соң
Д. бітеуіш қақпағын ашқан соң
Е. катетердің индикатор камерасында қан көрінген жағдайда
4. Перифериялық көктамыр катетері арқылы антибиотиктерді, глюкоза ерітіндісін, қан
препараттарын енгізген соң катетерді : Д
А. 0,8% натрий хлорид ерітіндісімен шаю керек
В. гепаринмен шаю керек
С. дистилденген сумен шаю керек
Д. 0,9% натрий хлорид ерітіндісімен шаю керек
Е. алып тастау керек
5. Төмендегі жағдайларда перифериялық көктамыр катетері алып тасталады, тек
біреуінен басқалары: А
А. қан препараттарын енгізген соң
В. катетер өткізгіштігінің бұзылуларында
С. пункция орнында қызару, ісіну болғанда
Д. катетерден сұйықтық ағу кезінде
Е. дәрілерді енгізу кезінде ауырсыну сезімі болған жағдайда
6. Тромбофлебиттің алдын алу үшін перифериялық көктамыр катетерін енгізу орнынан
жоғару жағылады: В
А. вазелин майы
В. гепаринді май, «Троксевазин»
С. бриллиант көгі
Д. фурациллин ерітіндісі
Е. құрамында антибиотигі бар майлар
7. Әр бір инфузиядан соң перифериялық көктамыр катетерін жуу үшін қолданылатын
ерітінді: С
А. новокаин 0,5%-5мл
В. новокаин 0,5% -5мл+ 1,0 г пенициллин
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ-05.1.7-07.8
29 беттің 27-ші беті
Нұсқа -9
С. 5 мл натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісі + 2500 Б гепарин
Д. 2500 Б гепарин+5% глюкоза ерітіндісі
Е. 5 мл натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісі
8. Қолдануға тиімді катетер: Д
А. диаметрі үлкен катетер
В. портталған катетер
С. қысқа уақыт қолдануға болатын катетер
Д. ұзақ уақыт қолдануға болатын және ең кем асқынуларға алып келетін
катетер
Е. ұзақ қолдануға болатын, диаметрі үлкен катетер
9. Перифериялық көктамыр катетерінің бітеуіші ауыстырылады: А
А. әр дәрі құйған соң
В. күніне 2 рет
С. ластануына қарай
Д. катетерді қойғаннан соң
Е. 1 тәуліктен соң
10. Перифериялық көктамыр катетерін таңдау кезінде келесі өлшемдерді ескеру қажет,
тек біреуінен басқасы: Д
А. көктамыр диаметрі
В. ерітіндіні енгізу жылдамдығы
С. катетердің көктамырда болу ұзақтығы
Д. науқастың систолалық қан қысымы көрсеткіші
Е. енгізілетін ерітінді қасиеттері
Жауаптар эталоны
І- нұсқа ІІ- нұсқа ІІІ- нұсқа
1. С 1. Д 1. В
2. С 2. А 2. С
3. В 3. Д 3. Е
4. Е 4. Д 4. Д
5. В 5. С 5. А
6. Е 6. Е 6. В
7. Д 7. С 7. С
8. А 8. Е 8. Д
9. В 9. Д 9. А
10. С 10.А 10. Д
Тапсырма 6. Интернет материалдары, жаңалықтармен танысу -5-7 мин
7. Сабақты қортындылау - 10 мин:
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ-05.1.7-07.8
29 беттің 28-ші беті
Нұсқа -9
№
Оқушылардың аты-жөні
Ауызшасұрау
Тапс.1
Тап.2
Тап.3
Тап.4
Тап.5
Тап.6
Студенттердіңбелсендіқатысуы
Клиникалықойлауы
Жалпыбаға
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1. Үйге тапсырма – 5 мин.:
Тақырыбы : Кей дәрілік заттарды (инсулин, гепарин, жүрек гликозидтері) енгізу
ерекшеліктері.
Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар :
1. Инсулин, гепарин, жүрек гликозидтері туралы түсінік.
2. Әсер ету механизмдері.
3. Тағайындау көрсеткіштері және кері көрсеткіштері.
4. Олардың енгізу ерекшеліктері.
5. Инъекция жасау техникасы.
6. Инъекция кезінде болуы мүмкін болған асқынулар.
7. Асқынулардың алдын алу, емдеу шаралары.
Ұсынылған әдебиеттер
Негізгі әдебиет:
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ-05.1.7-07.8
29 беттің 29-ші беті
Нұсқа -9
1. С. Қ. Мұратбекова Мейірбике ісінің негіздері., А., 2010ж.;
2. Мейірбике ісі негіздері пәне бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының
жинағы Нурманова М.Ш. және т.б., Қарағанды: ЖК «Ақ Нұр баспасы», 2012 ж.
3. Мухина С.А., Тарновская И.И. «Мейіркеш ісінің негіздері» пәніне практикалық
басшылық. М.,2008ж;
Қосымша әдебиеттер:
4. Мейірбике ісі негіздері Т.П. Обуховец, О.В. Чернова Феникс. Ростов-на- Дону 2011ж
5. Т.П.Обуховец Мейірбике ісі негіздері Практикум-Ростов-на-Дону. «Феникс»2005

More Related Content

What's hot

№10 Аудиториялық сабаққа дәріс.pptx
№10 Аудиториялық сабаққа дәріс.pptx№10 Аудиториялық сабаққа дәріс.pptx
№10 Аудиториялық сабаққа дәріс.pptxTx3mini
 
Урок 04.11 Прийоми і правила стрільби зі стрілецької зброї
Урок 04.11 Прийоми і правила стрільби зі стрілецької зброїУрок 04.11 Прийоми і правила стрільби зі стрілецької зброї
Урок 04.11 Прийоми і правила стрільби зі стрілецької зброїКовпитська ЗОШ
 
Стрілецька зброя та поводження з нею
Стрілецька зброя та поводження з неюСтрілецька зброя та поводження з нею
Стрілецька зброя та поводження з неюBeregovskiy
 
6 клас. 6-13 уроки Слюсарні операції (теорія)
6 клас. 6-13 уроки Слюсарні операції (теорія)6 клас. 6-13 уроки Слюсарні операції (теорія)
6 клас. 6-13 уроки Слюсарні операції (теорія)Andy Levkovich
 
птп 2014 15 егз
птп 2014 15 егзптп 2014 15 егз
птп 2014 15 егзlitwinnatasha
 
Урок 05.10 Порядок заряджання та розряджання зброї
Урок 05.10 Порядок заряджання та розряджання зброїУрок 05.10 Порядок заряджання та розряджання зброї
Урок 05.10 Порядок заряджання та розряджання зброїКовпитська ЗОШ
 
7 цив пр відпов
7 цив пр відпов7 цив пр відпов
7 цив пр відповolga_ruo
 
Організаційна трансформація НБУ: Основні напрями реформи
Організаційна трансформація НБУ: Основні напрями реформиОрганізаційна трансформація НБУ: Основні напрями реформи
Організаційна трансформація НБУ: Основні напрями реформиtsnua
 
тема 2.1. маркетингова ¦нформац¦я
тема 2.1. маркетингова ¦нформац¦ятема 2.1. маркетингова ¦нформац¦я
тема 2.1. маркетингова ¦нформац¦яAngela Olkhoskay
 
вступний урок
вступний уроквступний урок
вступний урокdo1968nik
 
теорія методика викладання бадмінтону
теорія методика викладання бадмінтонутеорія методика викладання бадмінтону
теорія методика викладання бадмінтонуdarkvadim
 
Абишев Б.Х. — Компьютерная томография при аневризме аорты
Абишев Б.Х. — Компьютерная томография при аневризме аортыАбишев Б.Х. — Компьютерная томография при аневризме аорты
Абишев Б.Х. — Компьютерная томография при аневризме аортыPavel Fedotov
 
заробітна плата
заробітна платазаробітна плата
заробітна платаcit-cit
 
қантты диабет кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру
қантты диабет кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыруқантты диабет кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру
қантты диабет кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыруoquzaman
 

What's hot (20)

№10 Аудиториялық сабаққа дәріс.pptx
№10 Аудиториялық сабаққа дәріс.pptx№10 Аудиториялық сабаққа дәріс.pptx
№10 Аудиториялық сабаққа дәріс.pptx
 
Урок 04.11 Прийоми і правила стрільби зі стрілецької зброї
Урок 04.11 Прийоми і правила стрільби зі стрілецької зброїУрок 04.11 Прийоми і правила стрільби зі стрілецької зброї
Урок 04.11 Прийоми і правила стрільби зі стрілецької зброї
 
Стрілецька зброя та поводження з нею
Стрілецька зброя та поводження з неюСтрілецька зброя та поводження з нею
Стрілецька зброя та поводження з нею
 
артериялық гипертония
артериялық гипертонияартериялық гипертония
артериялық гипертония
 
6 клас. 6-13 уроки Слюсарні операції (теорія)
6 клас. 6-13 уроки Слюсарні операції (теорія)6 клас. 6-13 уроки Слюсарні операції (теорія)
6 клас. 6-13 уроки Слюсарні операції (теорія)
 
Акт перевірки ТВЦ "Україна" ДСНС
Акт перевірки ТВЦ "Україна" ДСНСАкт перевірки ТВЦ "Україна" ДСНС
Акт перевірки ТВЦ "Україна" ДСНС
 
птп 2014 15 егз
птп 2014 15 егзптп 2014 15 егз
птп 2014 15 егз
 
Урок 05.10 Порядок заряджання та розряджання зброї
Урок 05.10 Порядок заряджання та розряджання зброїУрок 05.10 Порядок заряджання та розряджання зброї
Урок 05.10 Порядок заряджання та розряджання зброї
 
клепання
клепанняклепання
клепання
 
7 цив пр відпов
7 цив пр відпов7 цив пр відпов
7 цив пр відпов
 
დავით კლდიაშვილის "დარისპანის გასაჭირი"
დავით კლდიაშვილის "დარისპანის გასაჭირი" დავით კლდიაშვილის "დარისპანის გასაჭირი"
დავით კლდიაშვილის "დარისპანის გასაჭირი"
 
Організаційна трансформація НБУ: Основні напрями реформи
Організаційна трансформація НБУ: Основні напрями реформиОрганізаційна трансформація НБУ: Основні напрями реформи
Організаційна трансформація НБУ: Основні напрями реформи
 
тема 2.1. маркетингова ¦нформац¦я
тема 2.1. маркетингова ¦нформац¦ятема 2.1. маркетингова ¦нформац¦я
тема 2.1. маркетингова ¦нформац¦я
 
вступний урок
вступний уроквступний урок
вступний урок
 
теорія методика викладання бадмінтону
теорія методика викладання бадмінтонутеорія методика викладання бадмінтону
теорія методика викладання бадмінтону
 
Vpx lekcia 3
Vpx lekcia 3Vpx lekcia 3
Vpx lekcia 3
 
Абишев Б.Х. — Компьютерная томография при аневризме аорты
Абишев Б.Х. — Компьютерная томография при аневризме аортыАбишев Б.Х. — Компьютерная томография при аневризме аорты
Абишев Б.Х. — Компьютерная томография при аневризме аорты
 
Управління якістю
Управління якістюУправління якістю
Управління якістю
 
заробітна плата
заробітна платазаробітна плата
заробітна плата
 
қантты диабет кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру
қантты диабет кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыруқантты диабет кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру
қантты диабет кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру
 

Viewers also liked

ашық сабақ жахай с.
ашық сабақ жахай с.ашық сабақ жахай с.
ашық сабақ жахай с.oquzaman
 
ашық сабақ тері ішіне
ашық сабақ тері ішінеашық сабақ тері ішіне
ашық сабақ тері ішінеoquzaman
 
№ 2 презентация 1 президент
№ 2 презентация 1 президент№ 2 презентация 1 президент
№ 2 презентация 1 президентoquzaman
 
ғылыми жоба ақмарал
ғылыми жоба ақмаралғылыми жоба ақмарал
ғылыми жоба ақмаралoquzaman
 
пояснительная записка
пояснительная запискапояснительная записка
пояснительная запискаoquzaman
 
разработка урока меньшаковой
разработка урока меньшаковойразработка урока меньшаковой
разработка урока меньшаковойoquzaman
 
жиа. стенокардия және миокард инфарктысы кезіндегі медбикелік үрдісті ұйымдас...
жиа. стенокардия және миокард инфарктысы кезіндегі медбикелік үрдісті ұйымдас...жиа. стенокардия және миокард инфарктысы кезіндегі медбикелік үрдісті ұйымдас...
жиа. стенокардия және миокард инфарктысы кезіндегі медбикелік үрдісті ұйымдас...oquzaman
 
ахметова н.е открытый урок 2
ахметова н.е открытый урок 2ахметова н.е открытый урок 2
ахметова н.е открытый урок 2oquzaman
 
оңдеу 4готов камила апай
оңдеу 4готов камила апайоңдеу 4готов камила апай
оңдеу 4готов камила апайoquzaman
 
игра для конкурса Ppt
игра для конкурса Pptигра для конкурса Ppt
игра для конкурса Pptoquzaman
 
реабилитация онлаин урок
реабилитация онлаин урокреабилитация онлаин урок
реабилитация онлаин урокoquzaman
 
тарбие сагаты 19,10,2016
тарбие сагаты 19,10,2016тарбие сагаты 19,10,2016
тарбие сагаты 19,10,2016oquzaman
 
план открытого урока зазерская
план открытого урока зазерскаяплан открытого урока зазерская
план открытого урока зазерскаяoquzaman
 
статьяяя
статьяяястатьяяя
статьяяяoquzaman
 
метод пособие меньшакова
метод пособие  меньшаковаметод пособие  меньшакова
метод пособие меньшаковаoquzaman
 
ахметова н.е открытый урок 1
ахметова н.е открытый урок 1ахметова н.е открытый урок 1
ахметова н.е открытый урок 1oquzaman
 
темиргалиева бимаржан к
темиргалиева бимаржан ктемиргалиева бимаржан к
темиргалиева бимаржан кoquzaman
 
оценивание упражнения ласточка
оценивание упражнения  ласточкаоценивание упражнения  ласточка
оценивание упражнения ласточкаoquzaman
 

Viewers also liked (20)

ашық сабақ жахай с.
ашық сабақ жахай с.ашық сабақ жахай с.
ашық сабақ жахай с.
 
ашық сабақ тері ішіне
ашық сабақ тері ішінеашық сабақ тері ішіне
ашық сабақ тері ішіне
 
№ 2 презентация 1 президент
№ 2 презентация 1 президент№ 2 презентация 1 президент
№ 2 презентация 1 президент
 
ғылыми жоба ақмарал
ғылыми жоба ақмаралғылыми жоба ақмарал
ғылыми жоба ақмарал
 
пояснительная записка
пояснительная запискапояснительная записка
пояснительная записка
 
разработка урока меньшаковой
разработка урока меньшаковойразработка урока меньшаковой
разработка урока меньшаковой
 
жиа. стенокардия және миокард инфарктысы кезіндегі медбикелік үрдісті ұйымдас...
жиа. стенокардия және миокард инфарктысы кезіндегі медбикелік үрдісті ұйымдас...жиа. стенокардия және миокард инфарктысы кезіндегі медбикелік үрдісті ұйымдас...
жиа. стенокардия және миокард инфарктысы кезіндегі медбикелік үрдісті ұйымдас...
 
ахметова н.е открытый урок 2
ахметова н.е открытый урок 2ахметова н.е открытый урок 2
ахметова н.е открытый урок 2
 
оңдеу 4готов камила апай
оңдеу 4готов камила апайоңдеу 4готов камила апай
оңдеу 4готов камила апай
 
игра для конкурса Ppt
игра для конкурса Pptигра для конкурса Ppt
игра для конкурса Ppt
 
реабилитация онлаин урок
реабилитация онлаин урокреабилитация онлаин урок
реабилитация онлаин урок
 
тарбие сагаты 19,10,2016
тарбие сагаты 19,10,2016тарбие сагаты 19,10,2016
тарбие сагаты 19,10,2016
 
план открытого урока зазерская
план открытого урока зазерскаяплан открытого урока зазерская
план открытого урока зазерская
 
статьяяя
статьяяястатьяяя
статьяяя
 
метод пособие меньшакова
метод пособие  меньшаковаметод пособие  меньшакова
метод пособие меньшакова
 
ахметова н.е открытый урок 1
ахметова н.е открытый урок 1ахметова н.е открытый урок 1
ахметова н.е открытый урок 1
 
урок квн жижикина л. а.
урок квн жижикина л. а.урок квн жижикина л. а.
урок квн жижикина л. а.
 
темиргалиева бимаржан к
темиргалиева бимаржан ктемиргалиева бимаржан к
темиргалиева бимаржан к
 
план кружка в мире информатики
план кружка в мире информатикиплан кружка в мире информатики
план кружка в мире информатики
 
оценивание упражнения ласточка
оценивание упражнения  ласточкаоценивание упражнения  ласточка
оценивание упражнения ласточка
 

Similar to методическая разработка

Муратова Н_срс хирургия.pptx
Муратова Н_срс хирургия.pptxМуратова Н_срс хирургия.pptx
Муратова Н_срс хирургия.pptxNurisa4
 
силлабус бт основы_живх-объд-13
 силлабус бт основы_живх-объд-13 силлабус бт основы_живх-объд-13
силлабус бт основы_живх-объд-1387759347893
 
Антибиотиктер
АнтибиотиктерАнтибиотиктер
Антибиотиктерpoliklinika4k
 
МСАК ұйымдарында жүетілерге көрсетілетін көмекті ұйымдастыру.Гормативті құжаттар
МСАК ұйымдарында жүетілерге көрсетілетін көмекті ұйымдастыру.Гормативті құжаттарМСАК ұйымдарында жүетілерге көрсетілетін көмекті ұйымдастыру.Гормативті құжаттар
МСАК ұйымдарында жүетілерге көрсетілетін көмекті ұйымдастыру.Гормативті құжаттарnadisuleimen
 
Нанороботы.pptx
Нанороботы.pptxНанороботы.pptx
Нанороботы.pptx03amirzhan
 
шығармашылық жұмыс
шығармашылық жұмысшығармашылық жұмыс
шығармашылық жұмысAsem Sarsembayeva
 

Similar to методическая разработка (16)

экспресс диагностика әдістерін қолдану. ұлтабарды зондтау
экспресс  диагностика әдістерін қолдану. ұлтабарды зондтауэкспресс  диагностика әдістерін қолдану. ұлтабарды зондтау
экспресс диагностика әдістерін қолдану. ұлтабарды зондтау
 
экспресс диагностика әдістерін қолдану. ұлтабарды зондтау
экспресс  диагностика әдістерін қолдану. ұлтабарды зондтауэкспресс  диагностика әдістерін қолдану. ұлтабарды зондтау
экспресс диагностика әдістерін қолдану. ұлтабарды зондтау
 
стома
стомастома
стома
 
кейбір дәрілік заттарды енгізу ерекшеліктері
кейбір дәрілік заттарды енгізу ерекшеліктерікейбір дәрілік заттарды енгізу ерекшеліктері
кейбір дәрілік заттарды енгізу ерекшеліктері
 
бауыр циррозы
бауыр циррозыбауыр циррозы
бауыр циррозы
 
ревматизм
ревматизмревматизм
ревматизм
 
Муратова Н_срс хирургия.pptx
Муратова Н_срс хирургия.pptxМуратова Н_срс хирургия.pptx
Муратова Н_срс хирургия.pptx
 
жіті және созылмалы гломерулонефриттер.бсж.
жіті және созылмалы гломерулонефриттер.бсж.жіті және созылмалы гломерулонефриттер.бсж.
жіті және созылмалы гломерулонефриттер.бсж.
 
575181
575181575181
575181
 
ашық сабақ
ашық сабақашық сабақ
ашық сабақ
 
силлабус бт основы_живх-объд-13
 силлабус бт основы_живх-объд-13 силлабус бт основы_живх-объд-13
силлабус бт основы_живх-объд-13
 
Антибиотиктер
АнтибиотиктерАнтибиотиктер
Антибиотиктер
 
МСАК ұйымдарында жүетілерге көрсетілетін көмекті ұйымдастыру.Гормативті құжаттар
МСАК ұйымдарында жүетілерге көрсетілетін көмекті ұйымдастыру.Гормативті құжаттарМСАК ұйымдарында жүетілерге көрсетілетін көмекті ұйымдастыру.Гормативті құжаттар
МСАК ұйымдарында жүетілерге көрсетілетін көмекті ұйымдастыру.Гормативті құжаттар
 
методическая разработка
методическая разработкаметодическая разработка
методическая разработка
 
Нанороботы.pptx
Нанороботы.pptxНанороботы.pptx
Нанороботы.pptx
 
шығармашылық жұмыс
шығармашылық жұмысшығармашылық жұмыс
шығармашылық жұмыс
 

методическая разработка

  • 1. ТҮРКІСТАН МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ №7 МЕЙІРБИКЕ ІСІ ЖӘНЕ ТУЫСТАС ПӘНДЕР ЦИКЛДІК ӘДІСТЕМЕЛІК КОМИССИЯСЫ «МЕДБИКЕЛІК ІСІ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІНЕН ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ Бөлім 2 Дәрілік терапия тәсілдері және әдістері Тақырып 2.10 Венозды катетерлермен жұмыс істеу ережелері. Мамандығы : 0302000 - «Медбикелік іс» Біліктілігі: 0302033 – «Жалпы практикадағы медбике» Курс: 3 Семестр: V Түркістан
  • 2. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ-05.1.7-07.8 29 беттің 2-ші беті Нұсқа -9 1 Әзірлеген «Медбикелік ісі негіздері» пәнінің оқытушысы: Ходжаева Насиба Ташбулатқызы 2 № 7 Мейірбике ісі және туыстас пәндер циклдік әдістемелік комиссиясының мәжілісінде талқыланып бекітуге ұсынылған. 3 Хаттама №_____ ______________ 2017 жыл 4 ЦӘК төрайымы ____________ Бабаханова Г. А.
  • 3. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ-05.1.7-07.8 29 беттің 3-ші беті Нұсқа -9 Сабақтың тақырыбы : Венозды катетерлермен жұмыс істеу ережелері. Сабақтың түрі: тәжірибелік сабақ Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар : Ұжымдық, кластери, интерактивті симуляциялық технологиялар. Белгіленген технологияларды іске асыру әдістері : - фронтальді сұрау; - кәсіптік бағдар беру; - түсіндіру-көрнекілікті; - стандарттар бойынша тапсырмаларды орындау; - тест сұрақтарына жауап беру; - кластер құрастыру; - бағалау және бақылау; Сабақтың мақсаты : Білімділік : Студенттерге көктамыр катетерлері туралы, оларды қою көрсеткіштері; өзін және пациентті перифериялық катетерлерін қоюға дайындау ережелері туралы түсінік беру. Перифериялық катетерді қою техникасын, көктамыр катетерлері арқылы дәрілік заттарды еңгізу және қан алу техникасын үйрету. Көктамыр катетерлеріне күтім жасауды игеру. Дамытушылық: - студенттерде манипуляцияларды ұқыптылықпен, жауапкершілікпен, дәлділікпен орындауды қалыптастыру; - пәнішілік, пәнаралық байланыс жасай алу қабілетін дамыту; Тәрбиелік: - стандарттар, алгоритмдермен жұмыс істей алу, науқастың өміріне жауапкершілікті түсіну, өз тәртібін талдай алу сияқты маңызды тұлғалық-кәсіптік қасиеттерді дамыту; - өз кәсібінің әлеуметтік маңыздылығын түсіну, мамандығына тұрақты қызығушылық таныту; - кәсіптік міндеттерді тиімді орындауға қажетті болған ақпарат іздеуді жүзеге асыру; командада жұмыс істеу, әріптестерімен, басшылықпен тиімді қарым-қатынас жасауды тәрбиелеу; Студент білуі керек: - көктамыр катетерлері туралы түсінікті; - қою көрсеткіштерін; - медбикені және пациентті орталық көктамыр және перифериялық катетерлерін қоюға дайындауды; - перифериялық катетерді қою техникасын; - көктамыр катетерлері арқылы дәрілік заттарды еңгізу және қан алу техникасын; - көктамыр катетерлеріне күтім жасау ережелерін. Істей алуы қажет:
  • 4. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ-05.1.7-07.8 29 беттің 4-ші беті Нұсқа -9 - жұмыс орнын дайындауды; - қажет құралдарды даярлауды; - гигиеналық денгейде қолды тазартуды; - инъекция жасайтын орынды тазартуды; - пациентті орталық көктамыр және перифериялық катетерлерін қоюға дайындауды; - перифериялық катетерді қоюды; - көктамыр катетерлері арқылы дәрілік заттарды еңгізу және қан алуды; - көктамыр катетерлеріне күтім жасауды; - қолданылған құралдарды өндеуді. Пәндер аралық байланыс : Пәнішілік байланыс : - Медициналық этика, деонтология; - асептика және антисептика; - зарарсыздандыру және залалсыздандыру; - аурухана ішілік инфекция мәселелері; - дәрілік заттарды парентеральді енгізу әдістері; - науқастың функционалдық жағдайын бақылау; Қамтитын пәндер: - Қалыпты анатомия- Жүрек қан тамыр жүйесі. Көктамырлар анатомиясы, түрлері. Перифериялық көктамырлар. - Қалыпты физиология- Қан айналым физиологиясы. - Патологиялық анатомия- Жасуша мен тіндердің зақымдануы. - Латын тілі - Медициналық терминдер. - Фармакология негіздері - Дәрілерді енгізу жолдары. Инъекцияға арналған дәрілік формалар. - Микробиология және вирусология.- Сыртқы ортада кең таралған микроорганизмдер. Қамтылатын пәндер: - Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы медбикелік күтім - Лабораториялық зерттеу әдістері. Қанды лабораториялық зерттеу әдістері. - Педиатриядағы медбикелік күтім- Науқастарды лабораториялық зерттеу әдістері. Қанды зерттеу. - Хирургиядағы медбикелік күтім- Науқастарды зерттеу әдістері. Тромбофлебиттер. Көктамыр тромбозы. - Тері –мерез ауруларындағы медбикелік күтім- Қанды лабораториялық зерттеу әдістері. - Эпидемиология және жұқпалы аурулардағы медбикелік күтім. –Жұқпалы ауруларды диагностикалау әдістері. Қанды зертханалық зерттеу. - Неврологиядағы медбикелік күтім - Науқасты зертеу әдістері. Лабораториялық зертеулер. - Акушерия және гинекологиядағы медбикелік күтім Гинекологиялық науқастарды лабораториялық зертеу. Қанды зерттеу. - Медициналық психология - Психогигиена, психопрофилактика, психотерапия. Соматогения, психогения, ятрогения туралы түсінік. Уақыты : 180 мин. Сабақтың жабдықталуы : плакаттар: Перифериялық көктамыр катетері. Перифериялық көктамыр катетерін енгізу іс- әрекеттері. Көрнекіліктер:
  • 5. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ-05.1.7-07.8 29 беттің 5-ші беті Нұсқа -9 Фантомдар : - науқастарға күтім жасау дағдыларын бекітуге арналған манекендер; - қол фантомы (көктамырға пункция жасауға арналған); Сабақты жүргізуге қажет заттар: стерильды қолғаптар- 9 д; инъекцияға арналған шприцтер сыйымдылығы- 10мл -10; астауша бүйрек тәрізді- 18; стерилді таңу материалдары (уп)- 9; спирт; пинцет-9; қауіпсіз жоюға арналған контейнерлер; перифериялық көктамыр катетері- 10д; жастықшы (валик); бұрау; пробиркалар, пробиркаларға арналған штатив, зертханалық материалды тасымалдауға арналған контейнер. Үлестірме материалдар : Тесттер, тапсырмалар. Техникалық оқу құралдары : Мультимедиалық кешендер : (Интерактивті тақта, телевизор, ДVД ). Сабақ барысында қолданылатын оқу-әдістемелік құралдар : Негізгі әдебиет: 1. Муратбекова С.К. «Основы сестринского дела» - Кокшетау, 2012г 2. Секенова Ж.К. және т.б. Организация инфекционного контроля в ЛПУ (Алматы 2005г.). 3. Муратбекова С.К., Аминов М.Г., Ярошинская И.К., Воронова Г.С., Куспанова А.Р. «Актуальные вопросы внутрибольничных инфекций. Стандарты действий по профилактике ВБИ» г. Кокшетау 2012 г. 4. Мейірбикелік іс негіздері. С. Қ. Муратбекова – Астана, 2007 г. 5. «Всё по уходу за больным на дому» под редакцией акад. РАМН Ю.П. Никитина, ГЭОТАР – Медиа, 2009 г 6. Туркина Н.В. «Общий уход за больными» - Москва 2007г 7. Мухина С.А., Тарновская И.И. Теоретические основы сестринского дела:– 2 издание М., ГЭОТАР – Медиа, 2010 г. 8. Широкова Н.В. және т.б. «Основы сестринского дела»: Алгоритмы манипуляций: учебное пособие М. ГЭОТАР – Медиа, 2009 г. 9. Нурманова М.Ш. және т.б. Сборник стандартов сестринских технологий по дисциплине «Основы сестринского дела» г. Алматы «Sunnur» ТОО, 2011 г. 10. Мейірбике ісі негіздері пәне бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы Нурманова М.Ш. және т.б., Қарағанды: ЖК «Ақ Нұр баспасы», 2012 ж. Қосымша әдебиет: 11. Осипова В.Л. «Внутрибольничная инфекция»: учебное пособие М. ГЭОТАР – Медиа, 2012 г. 12. Основы сестринского дела. Ситуационные задачи: практикум. Морозова Г.И. – М., 2009 г. WEB сайттар тізімі: 1 www.yandex.ru 2 www.rambler.ru 3 www.mail.ru 4 www.medeponim.ru
  • 6. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ-05.1.7-07.8 29 беттің 6-ші беті Нұсқа -9 5 www.med.ru 6 www.doctor.ru 7 www.info-health.kz 8 www.medstudent.ucoz.kz 9 www.medcenter.kz 10 www.svsmedical.kz 11 www.medmedia.kz Сабақтың хронокартасы № Сабақ бөлімдерінің атауы Сабақтың ұзақтығы І Ұйымдастыру сәті 2 мин ІІ Тақырыпқа мотивациялық сипаттама беру 3 мин. ІІІ Студенттердің теориялық білімін бақылау, үй тапсырмасын тексеру 25-30 мин. ІV Тәжірибелік дағдылардың орындалу техникасын түсіндіру және демонстрациялау 25-30 мин. V Студенттердің өзіндік жұмысына әдістемелік бағдар беру 5 мин. VІ Студенттердің өзіндік жұмысы 90 мин. VІІ Сабақты қорытындылау 10 мин. VІІІ Үйге тапсырма 5 мин Сабақтың барысы : 1. Ұйымдастыру кезеңі -2-3 мин. Студенттердің киімдерінің сырт көрінісіне, сабаққа қатысуына, бөлменің тазалығына көңіл бөлу. Журналды толтыру. 2. Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау -2-3 мин. Тақырыптың мотивациялық сипаттамасы: Перифериялық көктамыр катетеризациясы – бұл ұзақ мерзімді көктамырға дәрілерді құю үшін көктамыр катетерін қою. Әлемде 1 жыл ішінде 500 миллионнан астам перифериялық көктамыр катетері орнатылады. Өндірісте сапалы катетерлердің көбеюі нәтижесінде перифериялық көктамыр катетризациясын жүргізу әдісі жиі қолданып келе жатыр. Бұл әдістің тиімді екенін медицина қызметкерлерімен қоса пациенттер де мойындап отыр. Катетеризация пациентті мобильді етеді, қимыл-әрекет кезінде көктамыр зақымдануларының алдын алуға мүмкіндік береді. Көктамыр катетеризациясы жиілігінің өсуімен қатар қан ағымында катетер- ассоциацияланған инфекциялар сияқты асқынулар жиілігі де өсті. Олар нозокомиальді инфекция ішінде үшінші орынды және бактериемия себептері ішінде бірінші орынды алады.
  • 7. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ-05.1.7-07.8 29 беттің 7-ші беті Нұсқа -9 Бұл әдісті жағдайдан жағдайға ғана емес, үнемі қолдану қажет. Сонымен қатар катетерді мінсіз күтіммен қамтамасыз ету қажет. Мейірбике парентералды егу әдістері бойынша жақсы теориялық білімді және тәжірибелік дағдыларды игеруі, дәрілердің әсер ету механизмін жақсы түсінуі, олардың дозасын, енгізу жолдарын, енгізу жылдамдығын, инъекциялардан кейін болуы мүмкін болған кері әсерлер және асқынуларды білуі қажет. Асептика ережелерін қатаң сақтау, санитарлы- эпидемиологиялық қызмет нұсқауларын және бұйрықтарын білу және орындау мейірбикенің кәсіптік біліктілігінің негізгі критерийлері болып саналады. Катетеризацияны қауіпсіз орындау мейірбикелердің негізгі қызметтерінің бірі болып тек қана анатомия, физиология, фармакология білімін қажет етіп қана қоймай, психология, қарым-қатынас дағдыларын білуді қажет етеді. Сонымен қатар мейірбике мейірбикелік үрдіске, мейірбикенің науқаспен қарым-қатынас шеберлігіне, қажет жағдайда белгілі бір манипуляцияларды жұргізу қажеттілігіне науқасты сендіру әдістерін жақсы игеруге көп көңіл бөлу қажет. 3. Білім деңгейін көрнекілік және оқытудың техникалық құралдарының көмегімен бакылау 25 - 30 мин Ауызша сұрақтар: 1. Шеткі көктамыр катетеризациясы туралы түсінік. Катетерді қою көрсетпелері және кері көрсетпелері. 2. Перифериялық көктамыр катетері құрылысы, түрлері. 3. Катетер және көктамырды таңдаудың негізгі принциптері. 4. Перифериялық көктамыр катетеризациясы үшін қажет болған стандартты жинақ. 5. Перифериялық көктамыр катетерін қою техникасы. 6. Катетерге күнделікті күтім жасау. 7. Инфузиялық терапия тиімділігін бақылау. 8. Перифериялық көктамыр катетері арқылы қан алу. 9. Катетер қойғаннан кейін болатын асқынулар. 1. Шеткі көктамыр катетеризациясы туралы түсінік. Катетерді қою көрсетпелері және кері көрсетпелері. Шеткі көктамыр катетеризациясы медицинада жиі қолданылатын инвазивты емдеу әдістеріне жатады. Бұл емшара перифериялық венозды катетер көмегімен орындалады. Перифериялық көктамыр катетерін қою кез-келген мерзімді инфузионды терапия жүргізу үшін, дәрілік заттарды күре тамырға енгізуді қайталау үшін жүргізіледі.
  • 8. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ-05.1.7-07.8 29 беттің 8-ші беті Нұсқа -9 Слайд 1 Перифериялық көктамыр катетерін қою көрсетпелері: - Науқас ауыз арқылы сұйықтықтар қабылдай алмаған жағдайда су балансын қолдау және коррекциялау үшін; - Дәрілік ерітінділерді жиі енгізу үшін; - Қан және оның компоненттерін құю үшін; - Парентеральді тамақтандыру; - Ота жасау (наркоз); - Аймақты анестезия. Катетер қоюға кері көрсетпелер: - Көктамырдың ішкі қабырғасын тітіркендіретін дәрілерді құю; - Көп мөлшерде қан құю; 2. Перифериялық көктамыр катетері құрылысы, түрлері. Перифериялық венозды катетер келесі бөліктерден түрады: - катетер (жұмсақ және иілгіш); - ине - өткізгіш (қатты); - бітеуіш (қуыс бекітетін қақпақша); - қорғаныс қақпақшасы; - кейде қосымша құрылғы - кішкене қанаттар. Слайд 2
  • 9. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ-05.1.7-07.8 29 беттің 9-ші беті Нұсқа -9 1- катетер (ине сыртында орналасады) 2- Люэр коннекторы бітеуішпен 3- Дәрілерді енгізуге арналған порт 4- Катетерді бекітуге арналған қанатшалар Слайд 3 Ине көмегімен венесекция жүргізіліп бір уақытта катетер енгізіледі. Инфузионды терапия жүргізілмеген жағдайда бітеуіш көмегімен катетер бекітіледі (контаминацияны болдырмау үшін), қорғаныс қақпақшасы инені қорғайды және манипуляция алдында алынады. Катетер оңай енуі үшін оның ұшы конус тәрізді. Кішкене қанаттар көмегімен катетер теріге нық бекітіледі, сонымен қатар бітеуіштің артқы қабырғасымен терінің жанасуын болдырмағандықтан бактериалды ластану қауіпін төмендетеді. Катетер түрлері : 1. Портталған (порт құрылғысы бар) - дәрілік заттарды қосымша пункция жасамай енгізуге арналған инъекциялық портымен. Оның көмегімен дәріні инесіз, тамырішілік инфузияны тоқтатпай енгізуге болады. 3. Портталмаған (портсыз) Портталған катетер Портталмаған катетер Слайд 4
  • 10. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ-05.1.7-07.8 29 беттің 10-ші беті Нұсқа -9 Слайд 5 Перифериялық көктамыр катетерлерінің өлшемдеріне қарай бір неше түрлері бар, олар түстеріне қарай анықталады. түсі өлшемдері Катетердің өткізгіштік қасиеті Қолдану саласы Қызғылт-сары 14G (2,0 х 45 мм) 270 мл/мин. Көп мөлшерде сұйықтықтар немесе қан құю. Сұр 16G (1,7 х 45 мм) 180 мл/мин. Көп мөлшерде сұйықтықтарды немесе қанды тез құю.. Ақ 17G (1,4 х 45 мм) 125 мл/мин. Көп мөлшерде сұйықтықтар немесе қан құю.. Жасыл 18G (1,2 х 32-45 мм) 80 мл/мин. Қан препараттарын (эритроцитарлы масса) жоспарлы түрде құятын пациентер қызыл 20G (1,0 х 32 мм) 54 мл/мин. Ұзақ мерзімді көктамырішілік терапиядағы (туілігіне 2-3 литрден астам) пациенттер.. Көгілдір 22G (0,8 х 25 мм) 31 мл/мин. Ұзақ мерзімді көктамырішілік терапиядағы пациенттер, педиатрия, онкология. Сары 24G (0,7 х 19 мм) 13 мл/мин. Онкология, педиатрия, склерозданған жіңішке көктамырлар Күлгін 26G (0,6 х 19 мм) 12 мл/мин. Онкология, педиатрия, склерозданған жіңішке көктамырлар Слайд 6
  • 11. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ-05.1.7-07.8 29 беттің 11-ші беті Нұсқа -9 3. Катетер және көктамырды таңдаудың негізгі принциптері. Катетер таңдаудың негізгі принципі: қолжетімді перифериялық көктамырлардың ең ірісіне қажетті енгізу жылдамдығын қамтамасыз ететін өлшемі кішкентай катетер қолдану. Катетер таңдауда пациент ерекшеліктерін, емдеу жоспарын, инфузия жылдамдығын, катетерді қолдану мерзімін ескеру қажет. Барынша ұзақ қолдануға және ең кем асқынуларға алып келетін катетер тиімді болып келеді. Перифериялық венозды катетермен жұмыс істеген кезде асептиканы қатаң сақтау, стерильды қолғаппен жұмыс істеу, дәрілік затты әр енгізгеннен соң стерильды бітеуішті ауыстырып отыру қажет. Ішкі беті зарарланған бітеушті қолдануға болмайды. Перифериялық катетер қою үшін көктамырды таңдау: Көктамырдың келесі қасиеттерін ескеру ұсынылады: 1. Бүйір тамырлары жақсы дамыған, жақсы көрінетін көктамырлар: 2. Басым болмаған дене жағының көктамырлары: оңқайларда – сол жақ, солақайларда оң жақ көктамырлары; 3. Алдымен дисталды (алшақтық) орналасқан көктамырларды қолдану; 4. Ұстағанда жұмсақ және иілгіш көктамырларды қолдану; 5. Оталық араласу жағына қарама қарсы жақтағы көктамырларды пайдалану; 6. Диаметрі үлкен болған көктамырлар. Перифериялық катетер койылатын анатомиялық орындар: - алақанның сырт жағындағы көктамырлар; - білектін ішкі бетінің көктамырлары. Слайд 7
  • 12. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ-05.1.7-07.8 29 беттің 12-ші беті Нұсқа -9 Слайд 8 4. Перифериялық көктамыр катетеризациясы үшін қажет болған стандартты жинақ Перифериялық көктамыр катетеризациясы үшін қажет болған стандартты жинақ: - манипуляциялық үстелше, клеенкалық жастықша - стерильді астауша - қолданылған заттарға арналған астауша - шприц - көлемі 10мл 0,9% Nacl ерітіндісімен - стерильді мақта шариктері және салфеткалар - лейкопластырь - тері антисептигі - перифериялық венозды катетерлер (бір неше өлшемді) - бұрау - стерильді қолғап - қайшы - бинт - утилизацияға арналған контейнер 5. Перифериялық көктамыр катетерін қою техникасы Қажет заттарды жинап, көктамырды таңдап алған соң, қолды өңдеп, қолғап киіп канюляцияны бастаймыз. Перифериялық көктамыр катетерін дұрыс қою үшін катетерді колденең немесе тігінен ұстаймыз Тігінен ұстау Көлденең ұстау Слайд 9
  • 13. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ-05.1.7-07.8 29 беттің 13-ші беті Нұсқа -9 Көбіне көктамырды инемен тесуге үйреніп қалған медбикелер көлденең ұстауды таңдайды. Ал тігінен ұстау инені канюляға қарай сенімді бекіту үшін (әсіресе терісі доғал науқастарда ) және иненің канюля ішіне «кетіп қалмауы» үшін қолайлы. Теріні антисептикпен өңдегеннен соң ине канюлясымен енгізіледі. Слайд 10 Индикатор камерасында қан көрінген жағдайда инені әрі қарай енгізілу тоқтатылады. Ине-өткізгішті бір қолмен бекітіп, көктамырға әрі қарай тек катетер енгізіледі, ол біртіндеп ине-өткізгіштен шешіледі. Катетер қажетті ұзындыққа енгізілген соң ине-өткізгіш алып тасталады. Содан соң катетер арнайы бітеуішпен жабылады, лейкопластырь немесе арнайы пластырьмен бекітіледі. Порт немесе арнайы жүйе арқылы (портталмаған катетерлерде) катетер жуылады. Слайд 11 6. Катетерге күнделікті күтім жасау 1. Катетерге әр кез қосу – бұл инъекция ену жолы. Жүйені жиі қолмен ұстауға болмайды, қатаң асептиканы сақтап, тек қана стерильді қолғапта жұмыс істеу қажет. 2. Стерильді бітеуіштерді жиі ауыстырып отыру қажет. Ішкі беті микробтармен ластанған бітеуіштерді қолдануға болмайды. 3. Антибиотиктерді, глюкоза ерітінділерін, қан препараттарын енгізгеннен соң катетерді аз мөлшердегі физиологиялық ерітіндімен жуу керек. 4. Катетерді бекіткен таңғышты жиі байқап, қажет жағдайда ауыстырып отыру керек.
  • 14. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ-05.1.7-07.8 29 беттің 14-ші беті Нұсқа -9 5. Асқынуларды ерте анықтау мақсатымен пункция орнын үнемі қарау керек. Ісіну, қызару, жергілікті қызба, катетер өткізгіштігінің бұзылуы, катетерден сұйықтық ағу және дәрілерді енгізу кезінде ауырсыну сезімі болған жағдайда дәрігерге хабарлау және катетерді алып тастау қажет. 6. Тромбофлебиттің алдын алу үшін пункция орнынан жоғары тромболитикалық майларды (мысалы: «гепаринді», «троксевазин») жұқа етіп жағу керек. 7. Әр бір инфузиядан соң катетерді порт арқылы гепаринді ерітіндімен (5 мл натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі +2500Б гепарин) жуу қажет. Ол келесі әдіспен жүзеге асырылады: 1. науқас тыныс шығарып тынысын тоқтатып тұруы қажет. 2. катетерді резеңке бітеуішпен жауып, науқасқа тыныс алуға рұқсат беріңіз. 3. бітеуішті спиртпен өңдеп, тері ішілік инемен 5 мл гепаринді ерітінді енгізу. 4. бітеуішті катетерде лейкопластырьмен бекіту. Бұл әдіс катетерде тромб түзілу қауіпін төмендетеді. Осы ерітіндімен катетерді катетерден қан көрінген жағдайда да шаю керек. Катетер айналасындағы теріні күнде қарап 70% спирт және 2% йод ерітіндісі немесе 1% бриллиант көгі ерітіндісімен өңдеу қажет. Таңғыш күнде және ластануына қарай ауыстырылады. Қазіргі уақытта арнайы мөлдір таңғыштар (пластырь) қолданылады. Олар катетер айналасын тығыз жауып сыртқы ластанудан, инфекциядан қорғауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар терілік тынысты сақтайды, мөлдір таңғыш арқылы теріні бақылау асқынуларды ерте анықтауға мүмкіндік береді. 7. Инфузиялық терапия тиімділігін бақылау Инфузиялық терапия тиімділігін бақылау үшін тәулік бойы енгізілген препараттар мөлшері, оларды енгізу жылдамдығы науқасты бақылау картасына тіркеледі. Катетеризация орнын әр 48-72 сағат сайын ауыстыру ұсынылады. Егер инені алып тастаған соң, көктамыр «жоғалғаны» анықталса, яғни ерітінділер инфузиясы кезінде пункция орны ісініп шықса, катетерді тері астынан толығымен шығару қажет. Содан соң мұқият перифериялық көктамыр катетерін жинап катетерді енгізу ем- шарасын басынан қайталау қажет. Инфузиялық терапия жүргізуден алдын науқас терең тыныс алып – тынысын ұстауы қажет. Резеңке тығынды алып, катетерге 0,5 мл физиологиялық ерітіндісі бар шприцті жалғастырып, поршенді өзіңізге қарай тартып, қанның шприцке еркін келуіне көз жеткізіңіз. Катетерге көктамыр ішілік инфузия үшін жүйені (ине, «ине–көбелек», тамшылатып жіберуге арналған реттеуіші бар жүйе) жалғастырыңыз. Науқасқа дем алуға рұқсат беріп, тамшы жиілігін реттеңіз. Шприцтегі қанды астаушаға құйыңыз. Инъекцияға арналған порт арқылы енгізілген дәрінің қозғалу схемасы Слайд 12 8. Перифериялық көктамыр катетері арқылы қан алу.
  • 15. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ-05.1.7-07.8 29 беттің 15-ші беті Нұсқа -9 Перифериялық көктамыр катетері арқылы қан алудан алдын канюляны катетер көлемімен бірдей көлемді физиологиялық ерітіндімен шаю керек, содан соң алғашқы 5 мл қан алып тасталады (қанның ластанбағанына және басқа дәрілермен араласпағанына көз жеткізу үшін). Енгізілген антикоагулянттар, ерітінділердегі заттардың (глюкоза, калий) қанды сұйылту әсері ескеріледі. Олар қанды зерттегенде қателіктер себебі болуы мүмкін. Егер қанды биохимиялық және коагулолалық зерттеу қажет болса, алдымен қан биохимиялық зерттеуге содан соң коагулолалық зерттеуге алынады. Катетерден вакуумды жүйе көмегімен қан алынатын болса, Люэр адаптері қолданылады. Вакуумды жүйе көмегімен қанды катетерден алу күре тамырдан алынғандай жүргізіледі. Слайд 13 9. Катетер қойғаннан кейін болатын асқынулар. Катетердің шеткі көктамырда ұзақ уақыт болуында келесі асқынулар болуы мүмкін: - көктамырда тромб түзілуі; - катетерде тромб түзілуі; - тромбоэмболия және ауалы эмболия; - инфекциялық асқынулар (5-40%), мысалы сепсис, іріңдеу; Перифериялық көктамыр катетерін алып тастау көрсеткіштері: - катетер қою орнында ісінудің пайда болуы; - катетер айналасы терісінің қызаруы; - жергілікті қызба; - катетер енгізу орнында ауырсыну; - катетер қойғаннан соң 48-72 сағат өткен соң; - катетердің тромбымен бітелуі.
  • 16. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ-05.1.7-07.8 29 беттің 16-ші беті Нұсқа -9 Слайд 14 Слайд 15 Слайд 16 4. Тәжірибелік дағдыларды орындау техникасын түсіндіру және демонстрациялау
  • 17. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ-05.1.7-07.8 29 беттің 17-ші беті Нұсқа -9 (30-35 мин.) Сабақта меңгеретін дағдылар. 1. Перифериялық көктамыр катетерін қою. 2. Перифериялық көктамыр катетері арқылы дәрі жіберу (құю немесе тамшылатып жіберу) 3. Перифериялық көктамыр катетеріне күтім жасау. 4. Перифериялық көктамыр катетерін алып тастау. Перифериялық көктамыр катетерін қою техникасы Дайындаңыз: көктамыр катетеризациясына арналған стандартты жинақты. Онық құрамына кіреді: стерильді астауша, қолданылған заттарды тастауға арналған астауша, 10 мл гепаринді ерітіндісі (1:100) бар шприц, стерильді мақта шариктері және салфеткалар, лейкопластырь немесе жабысқақ пластина, тері антисептигі, бір неше өлшемдегі перифериялық көктамыр катетерлерін, біріктіретін түтік немесе обтуратор, бұрау, стерильді қолғаптар, қайшы, бинт, 3% сутегінің асқын тотығы. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып ережеге сай антисептикпен өңдеңіз. 2. Күре тамыр катетеризациясы үшін стандартты жинақты жинаңыз, катетер қорабының бүтіндігіне, жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз. 3. Жақсы жарықтануды қамтамасыз етіңіз, науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз. 4. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, сенімді қарым -қатынас орнатыңыз. Көктамыр өлшемін, дәріні енгізу жылдамдығын, көктамырішілік терапия жүргізу кестесін, дәрінің қоюлығын есепке алған жағдайда катетер өлшемін таңдап алыңыз. 5. Қолжетімді жерге утилизацияға арналған контейнерді қойыңыз. 6. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, антисептикпен өңдеңіз.Қолғапты киіңіз. 7. Катетеризация орындау орнынан 5-10-15 см жоғары бұрауды байлаңыз. 8. Науқасқа жұдырығын ашып – жұмуды сұраңыз, пальпация арқылы көктамырды таңдап алыңыз. 9. Катетеризация орнын тері антисептигімен 30-60 сек аралығында өңдеңіз, өңделген аймақтарға жанасуға болмайды. Өңделген соң көктамырды қайта сипап көрмеңіз. 10. Сол қолдың саусақтарымен катетеризация жасайтын көктамырды тесу орнынан төмен бекітіңіз. 11. Қажет диаметрдегі катетерді алыңыз, көлденең немесе тігінен ұстаңыз, қорғаныс қақпағын шешіңіз. Егер қорғаныс қақпағында қосымша бітеуіш орналасса, қорғаныс қақпағын тастамай бос қолыңыздың саусақтары арасында ұстаңыз. 12. Катетер инесінің қиылысы жоғары қарап тұрғанына көз жеткізіңіз. Катетер инесін 15°С бұрышта теріге енгізіңіз, катетерді ине өткізгішпен көктамырға 2-3 мм-ге енгізіңіз, индикаторда қан пайда болуын қадағалаңыз. 13. Индикатор камерасында қан пайда болған жағдайда инені енгізуді тоқтатыңыз. 14. Ине-өткізгішті бекітіңіз, ал катетер канюлясын толық енгізіңіз, канюляны ине өткізгіштен жаймен алыңыз. 15. Бұрауды шешіңіз. Катетер инеден күре тамырға өткен соң оған инені енгізбеңіз! 16. Қан кетуді тоқтату үшін катетерден жоғары қантамырды басыңыз және катетерден инені толығымен шығарып алыңыз. Инені қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз. 17. Бітеуішті қорғаныс қақпағынан алыңыз және гепаринді бітеуішті порт арқылы жіберіп катетерді жабыңыз немесе инфузиялық жүйені қосыңыз. 18. Катетерді қолға таңғыш көмегімен бекітіңіз. 19. Емдік мекеме талаптарына сай көктамыр катетеризациясы емшарасын тіркеңіз.
  • 18. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ-05.1.7-07.8 29 беттің 18-ші беті Нұсқа -9 20. Техника қауіпсіздігі және санитарлы эпидемиологиялық тәртіп ережелеріне сай қалдықтарды жойыңыз. Слайд № 17
  • 19. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ-05.1.7-07.8 29 беттің 19-ші беті Нұсқа -9 Слайд 18 Слайд № 19
  • 20. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ-05.1.7-07.8 29 беттің 20-ші беті Нұсқа -9 Перифериялық көктамыр катетері арқылы дәрі жіберу (құю немесе тамшылатып жіберу) Дайындаңыз: стерильді қолғап, қолданылған заттарды тастауға арналған астауша, стерильді мақта шариктері және салфеткалар, лейкопластырь немесе жабысқақ пластина, 0,9% 5,0 мл физиологиялық ерітіндісі бар шприц, тері антисептигі, перифериялық көктамыр катетеріне арналған стерильді бітеуіштер қорапта, дәріні тамшылатып жіберуге арналған жүйе, штатив. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқаспен амандасу, жағдайын сұрау. Емшара барысын түсіндіру, келісімін алу. 2. Науқасты ыңғайлы қалыпқа жатуын сұрау (арқасымен жату). 3. Қолды гигиеналық денгейде өңдеу. 4. Катетерді бекітілген таңғыштан босату. 5. Шприцті дайындау (жарамдылық мерзімін және орамының бүтіндігін тексеру). Дәрілік заттың атын, жарамдылық мерзімін, оқып шприцке сорып алу. Дәрілік затты ампуладан сорып алу немесе жүйені құрастыру стандартын қараңыз. 6. Қолды гигиеналық деңгейде өңдеу. Қолғапты кию. 7. Катетер бекітілген таңғыштың тазалығын және бүтіндігін көзбен көріп бағалау. 8. Антисептикке малынған стерильді салфеткамен бітеуішті өңдеу және оны шешіп алу. 9. Катетердің өткізгіштігін тексеру. 2,0 мл-0,9% натрий хлорид ерітіндісі бар шприцті катетерге жалғастырып, поршеньді цилиндрде қан көрінгенге дейін өзіңізге қарай тартыңыз. Физ. ерітіндіні жіберіңіз. Катетерді жуу үшін алынатын физ ерітіндінің мөлшері катетердің және оның құрылғыларының көлемінен 2 есе көп болуы керек. 10. Катетердің өткізгіштігі бұзылған жағдайда (бұл кезде ерітінді жіберу кезінде жоғары қарсылық байқалады) емшараны тоқтатып дәрігерге хабарлау керек. 11. Катетер өткізгіштігі бұзылмаған жағдайда физиологиялық ерітінді енгізгеннен соң дәрілік зат сорып алынған шприц немесе тамшылатып жіберуге арналған құрастырылған жүйе жалғастырылады. 12. Дәрілік зат жаймен жіберіледі, тамырға ұсақ «қалдық» ауа тамшыларының кетіп қалмауы үшін шприцте аз мөлшерде дәрі қалдырылады. 13. Дәрілерді тамшылатып жіберген кезде жүйені катетерге жалғастырғаннан соң енгізілетін дәрінің жылдамдығын, яғни тамшылардың жиілігін реттеу қажет (дәрігердің тағайындауы бойынша). 14. Қолғапты шешу. Қолды гигиеналық денгейде жуу. 15. Дәрілерді тамшылатып жіберу барысында науқастың жағдайын бақылау. 16. Инфузия біткен соң қолды гигиеналық денгейде жуу. 17. 0,9% 5,0 мл физиологиялық ерітіндіні шприцке сорып алу. 18. Қолғапты кию. Енгізілген дәрілік ерітінді шприцін немесе тамшылатып жіберу жүйесін катетерден ажыратып алу. 19. Физ. ерітіндісі бар шприцті жалғастырып ерітіндіні енгізу. 20. Шприцті ажырату. Катетерді стерильді бітеуішпен бекіту. 21. Катетерді стерильды салфеткамен жауып бекіту. 22. Қолданылған заттарды утилизациялау. 23. Қолғапты шешу. Қолды гигиеналық денгейде жуу. 24. Емшараны орындау туралы медициналық құжаттарға тіркеу.
  • 21. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ-05.1.7-07.8 29 беттің 21-ші беті Нұсқа -9 Перифериялық көктамыр катетеріне күтім жасау Дайындаңыз: стерильді қолғап, қолданылған заттарды тастауға арналған астауша, тромболитикалық май, стерильді мақта шариктері және салфеткалар, лейкопластырь немесе жабысқақ пластина, 10 мл гепаринді ерітіндісі (1:100) бар шприц, тері антисептигі, перифериялық көктамыр катетеріне арналған стерильді бітеуіштер қорапта. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Стерильді таңу материалы, стерильді бітеуіш және көлемі 5,0 және 10,0 мл болған 2 шприці бар стерильді астаушаны дайындаңыз. 2. Шприцке 5 мл физиологиялық ерітіндіні сорып алыңыз. 3. 2-ші шприцке 10 мл гепаринді ерітіндіні сорып алыңыз. 4. Науқасты тынышталдырыңыз, қолын жайғастырып, манипуляция барысын түсіндіріңіз. 5. Стерильді қолғапты киіңіз. 6. Біріктіруші түтіктің астына екі стерильді салфетканы қойып инфузияны тоқтатыңыз. 7. Перифериялық көктамыр катетерінің біріктіруші түтігінен дәрілерді тамшылатып жіберуге арналған жүйені ажыратыңыз. 8. 5мл физиологиялық ерітіндісі бар шприцті жалғастырып, ерітіндіні катетерге жіберіңіз (тромбоздың алдын алу үшін). 9. Шприцті біріктіруші түтіктен ажыратып алыңыз. 10. Катетердің біріктіруші түтігіне 2-ші шприцті жалғастырып 10мл гепаринді ерітіндіні катетерге жіберіңіз. 11. Шприцті катетердің біріктіруші түтігінен ажыратып алыңыз. 12. Катетерді стерильді бітеуішпен бекітіңіз, қолданылған салфеткаларды және шприцтерді контейнерге тастаңыз. 13. Бекітілген таңғыш жағдайын бақылау, қажет жағдайда ауыстыру. 14. Болуы мүмкін асқынуларды ерте анықтау мақсатында пункция орнын жиі қарау. 15. Ісіну, қызару, жергілікті қызба препараттарды енгізу кезінде ауырсыну болған жағдайда дәрігерге хабарлау. Ескерту: лейкопластырлы таңғышты ауыстырған кезде қайшыны қолдануға тиым салынады. Өйткені қайшымен катетерді қиып жіберген жағдайда катетер қан айналым жүйесіне кетіп қалуы мүмкін. Тромбофлебиттің алдын алу үшін пункция орнынан жоғары көктамырға гепаринді немесе троксевазинді май жағылады. Катетерді алып тастау іс-әрекеті. Дайындаңыз: көтамырдан катетерді алып тастау үшін стандартты жинақ: стерильді қолғап, қолданылған заттарды тастауға арналған астауша, тромболитикалық май, стерильді мақта шариктері және салфеткалар, лейкопластырь немесе жабысқақ пластина, тері антисептигі, стерильді пробирка, қайшы және астауша (егер катетер тромбталған болса, немесе оның зарарланғанына күдік болған жағдайда). Іс-әрекет алгоритмі: 1. Қолды гигиеналық деңгейде жуу, антисептикпен өңдеу. 2. Инфузияны тоқтату, қорғаныс бинтті таңғышты шешу (егер бар болса). 3. Қолды антисептикпен өңдеу, құрғату, қолғапты кию. 4. Шеттен орталыққа қарай қайшыны қолданбай бекітуші таңғышты алып тастау.
  • 22. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ-05.1.7-07.8 29 беттің 22-ші беті Нұсқа -9 5. Жаймен катетерді күре тамырдан шығарып алу. 6. Катетеризация орнын стерильді дәке тампонымен 2-3 минут басып тұру. 7. Катетеризация орнын тері антисептигімен өңдеу. 8. Катетеризация орнына стерильді басушы таңғыш қойып бинтпен бекіту. Таңғышты 1 тәулік бойы шешуге болмайды. 9. Катетер канюлясының бүтіндігін тексеру. Тромб түзілуі немесе катетердің микробпен ластануына күдік болған жағдайда канюля ұшын стерильді қайшымен қырқып алып, стерильді пробиркаға салып зерттеуге бактериологиялық лабораторияға жіберу қажет (дәрігердің тағайындауы бойынша). 10. Катетерді алып тастау күнін, уақытын, себебін құжатқа тіркеу. 11. Қауіпсіздік техникасы және санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп ережелеріне сай қалдықтарды жою. 6. Тәжірибелік тапсырмаларды орындаудағы студенттердің өзіндік жұмысы (90 мин) Тапсырма 1. Перифериялық көктамыр катетерін қою іс-әрекетін алгоритм бойынша орындау- 15-20 мин Тапсырма 2. Перифериялық көктамыр катетері арқылы дәрі жіберу (құю немесе тамшылатып жіберу) іс-әрекетін алгоритм бойынша орындау- 15-20 мин Тапсырма 3. Перифериялық көктамыр катетеріне күтім жасау іс-әрекетін алгоритм бойынша орындау.- 15-20 мин Тапсырма 4. Перифериялық көктамыр катетерін алып тастау іс-әрекетін алгоритм бойынша орындау.- 15-20 мин Тапсырма 5. Тест сұрақтарын шешу – (10-15 мин) І нұсқа 1. Перифериялық көктамыр катетері арқылы зерттеуге қан алу үшін катетер канюлясын: С А. 5 мл гепаринмен шаю керек В. 5 мл ауа жіберу керек С. 5 мл физиологиялық ерітіндімен шаю керек Д. шамалы артқа тарту керек Е. 5 мл новокаинмен шаю керек 2. Дәрілерді күре тамырға енгізу әдісі қолданылады, тек біреуінен басқа жағдайларда : С А. ішекте сорылмайтын дәрілерді енгізу үшін В. сілемейлі қабықтарға қатты тітіркендіргіш әсері бар дәрілерді енгізу үшін С. суда ждәне майда еритін дәрумендерді енгізу үшін Д. тез ыдырайтын дәрілерді енгізу үшін Е. шұғыл жағдайларда жылдам әсер ету үшін
  • 23. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ-05.1.7-07.8 29 беттің 23-ші беті Нұсқа -9 3. Перифериялық венозды катетер келесі бөліктерден тұрады, тек біреуінен басқалары:В А. жұмсақ және иілгіш катетер В. ауа өткізгіш қақпақ С. ине өткізгіш Д. бітеуіш Е. қорғаныс қақпақша 4. Катетер таңдауда есепке алынады барлығы, тек біреуінен басқа: Е А. пациент ерекшелігі В. инфузия жылдамдығы С. таңдап алынған көктамыр диаметрі Д. перифериялық тамырдың қолжетімдігі Е. орталық катетер диаметрі 5. Катетер қою үшін келесі қасиеттер ескеріледі, тек біреуінен басқалары: В А. бүйір тамырлары жақсы дамыған жақсы көрінетін көктамыр В. жақсы көрінетін орталық көктамыр С. басым болмаған дене жағының көктамырлары Д. дистальді орналасқан көктамырлар Е. жұқсақ, иілгіш көктамырлар 6. Перифериялық көктамыр катетер инесін пункция кезінде тамырға енгізу тоқтатылады: Е А. белгілі бір тереңдікке енгізген соң В. катетерде қан көрінген жағдайда С. ине-өткізгіш енгізілген соң Д. бітеуіш қақпағын ашқан соң Е. катетердің индикатор камерасында қан көрінген жағдайда 7. Перифериялық көктамыр катетері арқылы антибиотиктерді, глюкоза ерітіндісін, қан препараттарын енгізген соң катетерді : Д А. 0,8% натрий хлорид ерітіндісімен шаю керек В. гепаринмен шаю керек С. дистилденген сумен шаю керек Д. 0,9% натрий хлорид ерітіндісімен шаю керек Е. алып тастау керек 8. Төмендегі жағдайларда перифериялық көктамыр катетері алып тасталады, тек біреуінен басқалары: А А. қан препараттарын енгізген соң В. катетер өткізгіштігінің бұзылуларында С. пункция орнында қызару, ісіну болғанда Д. катетерден сұйықтық ағу кезінде Е. дәрілерді енгізу кезінде ауырсыну сезімі болған жағдайда
  • 24. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ-05.1.7-07.8 29 беттің 24-ші беті Нұсқа -9 9. Тромбофлебиттің алдын алу үшін перифериялық көктамыр катетерін енгізу орнынан жоғару жағылады: В А. вазелин майы В. гепаринді май, «Троксевазин» С. бриллиант көгі Д. фурациллин ерітіндісі Е. құрамында антибиотигі бар майлар 10. Әр бір инфузиядан соң перифериялық көктамыр катетерін жуу үшін қолданылатын ерітінді: С А. новокаин 0,5%-5мл В. новокаин 0,5% -5мл+ 1,0 г пенициллин С. 5 мл натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісі + 2500 Б гепарин Д. 2500 Б гепарин+5% глюкоза ерітіндісі Е. 5 мл натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісі ІІ – нұсқа 1. Қолдануға тиімді катетер: Д А. диаметрі үлкен катетер В. портталған катетер С. қысқа уақыт қолдануға болатын катетер Д. ұзақ уақыт қолдануға болатын және ең кем асқынуларға алып келетін катетер Е. ұзақ қолдануға болатын, диаметрі үлкен катетер 2. Перифериялық көктамыр катетерінің бітеуіші ауыстырылады: А А. әр дәрі құйған соң В. күніне 2 рет С. ластануына қарай Д. катетерді қойғаннан соң Е. 1 тәуліктен соң 3. Перифериялық көктамыр катетерін таңдау кезінде келесі өлшемдерді ескеру қажет, тек біреуінен басқасы: Д А. көктамыр диаметрі В. ерітіндіні енгізу жылдамдығы С. катетердің көктамырда болу ұзақтығы Д. науқастың систолалық қан қысымы көрсеткіші Е. енгізілетін ерітінді қасиеттері 4. Перифериялық көктамыр катетерін қойған соң айналасындағы тері өңделеді: Д А. вазелин майымен В. 70% спирт, фурациллин ерітіндісімен С. «Троксевазин» майымен Д. 70% спирт, 2% йод ерітіндісімен Е. Лассар пастасымен
  • 25. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ-05.1.7-07.8 29 беттің 25-ші беті Нұсқа -9 5. Катетеризация орны ауыстырылады: С А. күніне 2 рет В. әр 6 сағатта С. әр 48-72 сағат сайын Д. аптасына 1 рет Е. дәрігердің тағайындауымен 6. Перифериялық катетердің көктамырда ұзақ уақыт болуында келесі асқынулар болуы мүмкін, тек біреуінен басқалары: Е А. көктамырда тромб түзілуі В. ауалы эмболия С. катетерде тромб түзілуі Д. сепсис, іріңдеу Е. катетердің қан ағымымен жүрекке баруы 7.Тері астында көрінуіне және пальпациялануына қарай көктамыр типтері: С А. тиянақталған В. сырғымалы С. жақсы контурлы, әлсіз контурлы, контуры жоқ Д. қалынқабырғалы, жұқақабырғалы Е. жақсы контурлы, қалын қабырғалы 8. Кейбір көктамырларға пункция жасау орнында жылдам гематома пайда болады. Көктамыр түрін анықтаңыз: Е А. «қолпылдайтын» көктамыр В. қалынқабырғалы С. жұқақабырғалы Д. контуры жоқ көктамыр Е. сыңғыш көктамыр 9. Гемолиз дегеніміз: Д А. стерильді қан В. құрамында антикоагулянттары бар қан С. зерттеуге жарамды қан Д. қан жасушаларының ыдырауы, зерттеуге қанның жарамсыз болуы Е. қанның ұю көрсеткіштерінің төмен болуы 10. Көктамыр жазықтықта шамалы ғана қозғалады. Тамыр кеңдігі қашықтығында жылжыту мүмкін емес. Көктамыр түрін анықтаңыз: А А. тиянақталған В. сырғымалы С. әлсіз контурлы Д. сыңғыш Е. қолпылдайтын ІІІ-нұсқа 1. Көктамыр тері асты май қабатында оңай қозғалады, оны тамыр диаметрі кеңдігінен үлкен болған қашықтықта жылжытуға болады. Көктамыр түрін анықтаңыз :В
  • 26. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ-05.1.7-07.8 29 беттің 26-ші беті Нұсқа -9 А. тиянақталған В. сырғымалы С. әлсіз контурлы Д. сыңғыш Е. қолпылдайтын 2. Көктамырдың тек алдыңғы қабырғасын ғана көріп, басып байқауға болады. Көктамыр тері үстінен шығып тұрмайды. Көктамыр түрін анықтаңыз :С А. тиянақталған В. сырғымалы С. әлсіз контурлы Д. сыңғыш Е. қолпылдайтын 3. Перифериялық көктамыр катетер инесін пункция кезінде тамырға енгізу тоқтатылады: Е А. белгілі бір тереңдікке енгізген соң В. катетерде қан көрінген жағдайда С. ине-өткізгіш енгізілген соң Д. бітеуіш қақпағын ашқан соң Е. катетердің индикатор камерасында қан көрінген жағдайда 4. Перифериялық көктамыр катетері арқылы антибиотиктерді, глюкоза ерітіндісін, қан препараттарын енгізген соң катетерді : Д А. 0,8% натрий хлорид ерітіндісімен шаю керек В. гепаринмен шаю керек С. дистилденген сумен шаю керек Д. 0,9% натрий хлорид ерітіндісімен шаю керек Е. алып тастау керек 5. Төмендегі жағдайларда перифериялық көктамыр катетері алып тасталады, тек біреуінен басқалары: А А. қан препараттарын енгізген соң В. катетер өткізгіштігінің бұзылуларында С. пункция орнында қызару, ісіну болғанда Д. катетерден сұйықтық ағу кезінде Е. дәрілерді енгізу кезінде ауырсыну сезімі болған жағдайда 6. Тромбофлебиттің алдын алу үшін перифериялық көктамыр катетерін енгізу орнынан жоғару жағылады: В А. вазелин майы В. гепаринді май, «Троксевазин» С. бриллиант көгі Д. фурациллин ерітіндісі Е. құрамында антибиотигі бар майлар 7. Әр бір инфузиядан соң перифериялық көктамыр катетерін жуу үшін қолданылатын ерітінді: С А. новокаин 0,5%-5мл В. новокаин 0,5% -5мл+ 1,0 г пенициллин
  • 27. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ-05.1.7-07.8 29 беттің 27-ші беті Нұсқа -9 С. 5 мл натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісі + 2500 Б гепарин Д. 2500 Б гепарин+5% глюкоза ерітіндісі Е. 5 мл натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісі 8. Қолдануға тиімді катетер: Д А. диаметрі үлкен катетер В. портталған катетер С. қысқа уақыт қолдануға болатын катетер Д. ұзақ уақыт қолдануға болатын және ең кем асқынуларға алып келетін катетер Е. ұзақ қолдануға болатын, диаметрі үлкен катетер 9. Перифериялық көктамыр катетерінің бітеуіші ауыстырылады: А А. әр дәрі құйған соң В. күніне 2 рет С. ластануына қарай Д. катетерді қойғаннан соң Е. 1 тәуліктен соң 10. Перифериялық көктамыр катетерін таңдау кезінде келесі өлшемдерді ескеру қажет, тек біреуінен басқасы: Д А. көктамыр диаметрі В. ерітіндіні енгізу жылдамдығы С. катетердің көктамырда болу ұзақтығы Д. науқастың систолалық қан қысымы көрсеткіші Е. енгізілетін ерітінді қасиеттері Жауаптар эталоны І- нұсқа ІІ- нұсқа ІІІ- нұсқа 1. С 1. Д 1. В 2. С 2. А 2. С 3. В 3. Д 3. Е 4. Е 4. Д 4. Д 5. В 5. С 5. А 6. Е 6. Е 6. В 7. Д 7. С 7. С 8. А 8. Е 8. Д 9. В 9. Д 9. А 10. С 10.А 10. Д Тапсырма 6. Интернет материалдары, жаңалықтармен танысу -5-7 мин 7. Сабақты қортындылау - 10 мин:
  • 28. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ-05.1.7-07.8 29 беттің 28-ші беті Нұсқа -9 № Оқушылардың аты-жөні Ауызшасұрау Тапс.1 Тап.2 Тап.3 Тап.4 Тап.5 Тап.6 Студенттердіңбелсендіқатысуы Клиникалықойлауы Жалпыбаға 1 2 3 4 5 6 7 8 9 1. Үйге тапсырма – 5 мин.: Тақырыбы : Кей дәрілік заттарды (инсулин, гепарин, жүрек гликозидтері) енгізу ерекшеліктері. Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар : 1. Инсулин, гепарин, жүрек гликозидтері туралы түсінік. 2. Әсер ету механизмдері. 3. Тағайындау көрсеткіштері және кері көрсеткіштері. 4. Олардың енгізу ерекшеліктері. 5. Инъекция жасау техникасы. 6. Инъекция кезінде болуы мүмкін болған асқынулар. 7. Асқынулардың алдын алу, емдеу шаралары. Ұсынылған әдебиеттер Негізгі әдебиет:
  • 29. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ-05.1.7-07.8 29 беттің 29-ші беті Нұсқа -9 1. С. Қ. Мұратбекова Мейірбике ісінің негіздері., А., 2010ж.; 2. Мейірбике ісі негіздері пәне бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы Нурманова М.Ш. және т.б., Қарағанды: ЖК «Ақ Нұр баспасы», 2012 ж. 3. Мухина С.А., Тарновская И.И. «Мейіркеш ісінің негіздері» пәніне практикалық басшылық. М.,2008ж; Қосымша әдебиеттер: 4. Мейірбике ісі негіздері Т.П. Обуховец, О.В. Чернова Феникс. Ростов-на- Дону 2011ж 5. Т.П.Обуховец Мейірбике ісі негіздері Практикум-Ростов-на-Дону. «Феникс»2005