SlideShare a Scribd company logo
1 of 33
ТҮРКІСТАН МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ
№ 7 МЕЙІРБИКЕ ІСІ ЖӘНЕ ТУЫСТАС ПӘНДЕР
ЦИКЛДІК ӘДІСТЕМЕЛІК КОМИССИЯСЫ
«МЕДБИКЕЛІК ІСІ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІНЕН ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА
АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
Бөлім 2
Дәрілік терапия тәсілдері және әдістері
Тақырып 2.6
Бұлшықет ішіне егу жасау техникасы
Мамандығы : 0302000 « Медбикелік ісі »
Біліктілігі: 0302011 « Жалпы практикадағы медбике»
Курс: ІІІ
Семестр: V
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ- 05.1.7-07.8
нұсқа 14
32 беттің 2-ші беті
1 Әзірлегендер «Медбикелік ісі негіздері» пәнінің оқытушысы :Бабаханова Гузаль
Абдураимқызы
2 № 7 Мейірбике ісі және туыстас пәндер циклдік әдістемелік комиссиясының мәжілісінде
талқыланып бекітуге ұсынылған.
3 Хаттама №_____ ______________ 2017жыл
4 ЦӘК төрайымы ____________ Бабаханова Г. А.
(қолы)
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ- 05.1.7-07.8
нұсқа 14
32 беттің 3-ші беті
Сабақтың тақырыбы:
Бұлшықет ішіне егу жасау техникасы
Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар :
Ұжымдық, кластери, интерактивті технологиялар.
Белгіленген технологияларды іске асыру әдістері :
- нығыздап сұрау;
- кәсіптік бағдар беру;
- өзіндік жұмыс;
- стандарттар бойынша тапсырмаларды орындау;
- тест сұрақтарына жауап беру;
- кластер құрастыру;
- бағалау және бақылау;
Сабақтың мақсаты :
Білімділік :
Студенттерге бұлшықетке егу жасау көрсеткіштері мен кері көрсеткіштері. Егу өткізуге
жұмыс орнын, құралдарды және науқастың терісін дайындауды, бұлшықетке егу іс-
әрекеттерін көрсетуді.
Дамытушылық :
Студенттердің логикалық, клиникалық ойлау қабілетін дамыту, өз мамандығына деген
қызығушылығын арттыру, оқу, іздену, өзін-өзі дамыту, бағалау қасиеттерін дамыту, өз
мамандығына, жалпы медицинаға болған қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік :
Студенттерді жауапкершілікке, ұқыптылыққа, сабырлыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу,
науқастармен қарым-қатынас жасаған кезде этика және деонтологиялық принциптерді
сақтауға баулу.
Пәнішілік байланыс :
- медициналық этика және деонтология;
- зарарсыздандыру және залалсыздандыру;
- аурухана ішілік инфекция проблемалары;
- науқастың жеке басының тазалығы;
- науқастың функционалдық жағдайын бақылау
- қарапайым физиотерапия
- дәрілік заттарды жаздырып алу, сақтау, тарату, қолдану түрлері;
- дәрілік заттарды парентералды енгізу әдістері;
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ- 05.1.7-07.8
нұсқа 14
32 беттің 4-ші беті
Пәндер аралық байланыс :
Қамтитын пәндер:
- Қалыпты анатомия – тіндер, бұлшықеттер туралы ілім
- Қалыпты физиология - қозғыш тіндер, бұлшықеттердің жиырылуы
- Патологиялық анатомия - жасуша мен тіндердің зақымдануы
- Латын тілі – медициналық терминдер. Рецепт жазу
- Фармакология негіздері – Дәрілерді енгізу жолдары. Инъекцияға арналған дәрілік
формалар
- Микробиология және вирусология - Сыртқы ортада кең таралған патогенді
микроорганизмдер
Қамтылатын пәндер:
-Терапиядағы медбикелік күтім - Дәрілерді енгізу ерекшеліктері (бұлшық етке, күре
тамырға, бронхиальды лаваж)
- Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы медбикелік күтім - Медикаментозды
емдеу әдістері
- Педиатриядағы медбикелік күтім - Науқастарды емдеу әдістері. Вакцинопрофилактика.
Антибиотиктерді енгізу.
-Хирургиядағы медбикелік күтім - Науқастарды емдеу әдістері. Медикаментозды терапия.
Жедел іріңді жұқпалар.
- Акушерия және гинекологиядағы медбикелік күтім - Гинекологиялық науқастарды
емдеу әдістері.
- Медициналық психология - Психогигиена, психопрофилактика, психотерапия.
Соматогения, психогения, ятрогения туралы түсінік.
-Эпидемиология және жұқпалы аурулардағы медбикелік күтім - Жұқпалы ауруларды
емдеу ерекшеліктері. Вакцинопрофилактика
Студент білуі тиіс :
- мақсатын, жасауға болатын және қарсы көрсетілімдерін;
- инъекция жасаудың анатомиялық орындарын;
- бұлшықетке инъекция орындау техникасын;
- -инъекциялардан кейін болатын асқынуларды, оларды алдын алу, емдеу шараларын.
Студент игеруі тиіс :
- инъекцияға жұмыс орнын дайындауды;
- қажет құралдарды дайындауды;
- гигиеналық денгейде қолды тазартуды;
- -қолғапты киіп және шешуді;
- инъекция жасайтын жерді тазартуды;
- бұлшықетке инъекция жасауды;
- -қолданылған заттарды зарарсыздандыруды.
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ- 05.1.7-07.8
нұсқа 14
32 беттің 5-ші беті
Уақыты : 180 мин.
Сабақтың жабдықталуы :
Фантомдар : науқастарға күтім жасау дағдыларын бекітуге арналған манекен-1;
бұлшық етке инъекция жасауға арналған фантом-6;
жамбас фантомы (бұлшық етке инъекция жасау үшін);
плакаттар : №32 – дәрілерді енгізу жолдары;
№ 35 – бұлшықетке егу;
Көрнекі құралдар :
инъекцияға арналған шприцтер сыйымдылығы- 5мл, 10мл -20, эмальды астауша бүйрек
тәрізді- 18, стерилді таңу материалдары (уп)- 6, ампуладағы және флакондағы дәрілер, спирт,
залалсыздандырылған мақта шариктері, 0,5% новокаин ерітіндісі ампулада, егеуіш, пинцет,
қауіпсіз жоюға арналған контейнерлер т.б.
Үлестірме материалдар :
Тесттер, тапсырмалар.
Техникалық оқу құралдары :
Мультимедиалық кешендер : (Интерактивті тақта, телевизор, ДVД ).
Сабақ барысында қолданылатын оқу-әдістемелік құралдар :
Негізгі әдебиет:
1. Муратбекова С.К. «Основы сестринского дела» - Кокшетау, 2012г
2. Секенова Ж.К. және т.б. Организация инфекционного контроля в ЛПУ (Алматы
2005г.).
3. Муратбекова С.К., Аминов М.Г., Ярошинская И.К., Воронова Г.С., Куспанова А.Р.
«Актуальные вопросы внутрибольничных инфекций. Стандарты действий по
профилактике ВБИ» г. Кокшетау 2012 г.
4. Мейірбикелік іс негіздері. С. Қ. Муратбекова – Астана, 2007 г.
5. «Всё по уходу за больным на дому» под редакцией акад. РАМН Ю.П. Никитина,
ГЭОТАР – Медиа, 2009 г
6. Туркина Н.В. «Общий уход за больными» - Москва 2007гМухина С.А
7. Широкова Н.В. және т.б. «Основы сестринского дела»: Алгоритмы манипуляций:
учебное пособие М. ГЭОТАР – Медиа, 2009 г.
8. Нурманова М.Ш. және т.б. Сборник стандартов сестринских технологий по
дисциплине «Основы сестринского дела» г. Алматы «Sunnur» ТОО, 2011 г.
9. Мейірбике ісі негіздері пәне бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының
жинағы Нурманова М.Ш. және т.б., Қарағанды: ЖК «Ақ Нұр баспасы», 2012 ж.
Қосымша әдебиеттер:
1.Осипова В.Л. «Внутрибольничная инфекция»: учебное пособие М. ГЭОТАР – Медиа,
2012 г.
2. Основы сестринского дела. Ситуационные задачи: практикум. Морозова Г.И. – М.,
2009 г.
WEB сайттар тізімі:
1 www.yandex.ru
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ- 05.1.7-07.8
нұсқа 14
32 беттің 6-ші беті
2 www.rambler.ru
3 www.mail.ru
4 www.medeponim.ru
5 www.med.ru
6 www.doctor.ru
7 www.info-health.kz
8 www.medstudent.ucoz.kz
9 www.medcenter.kz
10 www.svsmedical.kz
11 www.medmedia.kz
Сабақтың хронокартасы
№ Сабақ бөлімдерінің атауы Сабақтың
ұзақтығы
І Ұйымдастыру сәті 2 мин
ІІ Тақырыпқа мотивациялық сипаттама беру 3 мин
ІІІ Студенттердің теориялық білімін бақылау 30 мин
ІV Тәжірибелік дағдылардың орындалу техникасын түсіндіру
және демонстрациялау
25 мин
V Студенттердің өзіндік жұмысына әдістемелік бағдар беру 5 мин
VІ Студенттердің өзіндік жұмысы 100 мин
VІІ Сабақты қорытындылау 10 мин
VІІІ Үйге тапсырма 5 мин
Сабақтың барысы :
І Ұйымдастыру кезеңі -2 мин.
Студенттердің киімдерінің сырт көрінісіне, сабаққа қатысуына, бөлменің тазалығына көңіл
бөлу. Журналды толтыру.
ІІ Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау -3 мин.
Тақырыптың мотивациялық сипаттамасы:
Ас қорыту жолдарына түспей, дәрілік заттарды енгізу жолдарын - парентеральдық
деп атайды.
Ағзаға дәрі дәрмекті тері ішіне, тері астына шприцпен жіберу тәсілі асептика ережелерін қатаң
сақтауды талап етеді. Себебі, асептика ережелері бұзылған жағдайда, ағзаға түрлі микроорга-
низмдер еніп, кейде өлім қаупін тудыруы мүмкін.
Егуді жасау үшін шприц пен инені қолданады. Шприцтың сыйымдылығы мен иненің
ұзындығы сәйкес келуі керек. Егуді ауруханада және емханада егу жасайтын бөлмеде
жасайды, ал халі нашар науқастарға төсекте жасайды.
Мейірбике парентералды егу әдістері бойынша жақсы теориялық білімді және
тәжірибелік дағдыларды игеруі, дәрілердің әсер ету механизмін жақсы түсінуі, олардың
дозасын, енгізу жолдарын, енгізу жылдамдығын, инъекциялардан кейін болуы мүмкін болған
кері әсерлер және асқынуларды білуі қажет. Асептика ережелерін қатаң сақтау, санитарлы-
эпидемиологиялық қызмет нұсқауларын және бұйрықтарын білу және орындау мейірбикенің
кәсіптік біліктілігінің негізгі критерийлері болып саналады.
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ- 05.1.7-07.8
нұсқа 14
32 беттің 7-ші беті
Әлемдік медицина тиімді жаңа антибактериалды, дезинфекциялық заттарды табуда
көп жетістіктерге жеткенімен инъекциядан кейінгі асқынулар проблемасы маңызды болып
келеді. Олардың ішінде абсцесс, флегмона, инфильтраттар ерекше орын алады.
Статистикалық мәліметтерге қарай бұл асқынулар 5,1-40%-ға дейін кездеседі. Әр 10 жылда
бұндай асқынулардың 2-2,5 есе өсуі байқалып отыр. Асқынулардың ішінде бұлшықет
инъекциясынан кейінгі асқынулар 94 % құрайды. Эпидемияға қарсы тәртіп және дезинфекция
режимін сақтау – ең алдымен аурухана ішілік инфекцияның алдын алатынын және
медициналық қызметкердің денсаулығын сақтайтынын естен шығармау керек.
Бұлшықетке, тері астына егу жасағанда ірі тамырларға, жүйке сабауына тигізбеу керек.
Сондықтан болашақ маман, дәрілік заттарды тері ішіне, тері астына, бұлшықетке енгізуді
жақсы игере білуі керек.
ІІІ Білім деңгейін көрнекілік және оқытудың техникалық құралдардың
көмегімен нығыздап сұрау - 25 мин
Ауызша сұрау:
1. Дәрілік заттарды парентеральды енгізу туралы түсінік
2. Парентеральдық енгізу жолдарының түрлері
3. Дәрілерді парентеральды жолмен енгізу артықшылықтары
4. Асептика және антисептика туралы түсінік
5. Мейірбикенің жұмыс орнын дайындау
6. Мейірбикенің киіміне қойылатын талаптар
7. Бұлшықетке егуді өткізудің мақсаты, көрсетпелері,кері көрсетпелері, анатомиялық
орындары
8. Бөксе аймағында бұлшықет инъекциясын жасау орнын анықтау.
9.Сан аймағында бұлшықет инъекциясын жасау орнын анықтау.
10.Иық аймағында бұлшықет инъекциясын жасау орнын анықтау.
11.Балаларда және қарттарда инъекцияларды орындау ерекшеліктері
12. Егуден кейінгі болатын асқынулар
1. Дәрілік заттарды парентеральды енгізу туралы түсінік
Ас қорыту жолдарына түспей, дәрілік заттарды енгізу жолдарын - парентеральдық деп
атайды.
Дәрілік заттарды парентеральды енгізу дегеніміз- дәрілік заттарды шприц және иненің
көмегімен ағзаға енгізу. Ағзаға дәрі дәрмекті тері ішіне, тері астына, бұлшықетке, сүйекке,
жұлын каналына, көк тамырға т.б. шприцпен жіберу. Бұл тәсіл асептика ережелерін қатаң
сақтауды талап етеді. Себебі, асептика ережелері бұзылған жағдайда, ағзаға түрлі
микроорганизмдер еніп, кейде өлім қаупін тудыруы мүмкін.
2. Парентеральдық енгізу жолдарының түрлері
1. Ұлпаларға - тері, тері астындағы май қабатына, бұлшық етке, сүйекке.
2. Тамырларға - көктамыр, артерия, лимфа тамырларына.
3. Қуыстарға- іш қуысына, плевра, жүрек, буын қуыстарына.
4. Субарахноидалдық кеңістікке.
Парентеральдық енгізу жолы басқаша «инъекция» деп аталады, латын сөзінен «inectio» -
енгізу деген мағына береді.
3. Дәрілерді парентеральды жолмен енгізу артықшылықтары
1. еккен дәрі тез әсер етеді;
2. дәрінің нақты мөлшерде есептелуі, яғни дәріге ас қорыту ферменттерінің әсері
болмайды;
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ- 05.1.7-07.8
нұсқа 14
32 беттің 8-ші беті
3. бауырдың кедергі ролі жойылады;
4. жедел көмек көрсеткенде өте тиімді.
4. Асептика және антисептика туралы түсінік
Асептика дегеніміз – ағзаға микробтарды түсірмеу үшін алдын-ала жүргізілетін іс шаралар
жиынтығы, ал антисептика – жараға түскен микробтарды жою үшін жүргізілетін іс шаралар
жиынтығы.
5. Мейірбикенің жұмыс орнын дайындауы
1. Емшара бөлмесін жұмысқа кіріспей тұрып бөлмені дымқыл шүберекпен
тазалап сүртіңіз.
2. Жұмыс столын және қосымша столдың үстін зарарсыздандырылған ерітіндіге
батырылған шүберекпен сүртіңіз.
3. Қолыңызды ағынды сумен жуып, құрғатып, биялай киіңіз.
4. Бикстің залалсыздандырылған күнін, орамның бүтіндігін тексеріңіз
5. Қосымиша столға зарарсыздандырылған биксті қойып, заттаңбаға бикстің
ашылған күнін жазып, қол қойыңыз.
6. Қосымша столға залалсыздандырылған, бір рет қолданылатын шприцтер мен
инелер, пинцеттер, дәрілік заттар, қайшылар, ампуланы ашатын кескіштер,
астауша, спиртті қойыңыз.
7. Науқастардың тізімін тексеріп, оларды егуге шақыру ретін реттеңіз.
8. Мейірбике дәрігердің нұсқауы бойынша көк тамырға құйылатын дәрілерді құюды
нашар халдегі науқастардан бастайды.
6. Мейірбикенің киіміне қойылатын талаптар
1. Медициналық халат, қалпақ киіңіз (шашыңызды қалпақ астына жиыстырыңыз)
2. Аяқ киміңіздің өкшесі биік болмасын.
3. Саусақтың тырнағы өспесін, саусақтарыңыздағы әшекей бұйымдарды шешіңіз.
4. Жаққан иіс суыңыз науқасты тітіркендірмейтіндей, орташа болсын.
5. Колыңызда тері жамылғысының бүтіндігі бұзылмасын және тері аурулары
болмасын (егер ондайлар болса, онда медицина қызметкері уақытша, ауруы жазылғанша
медициналық көмек көрсетуден шектеледі)
6. Бет пердені, алжапқышты, көзілдірікті киіңіз.
7. Қолыңызды ағын судың астында екі рет сабындап, жуыңыз.
8. Қолыңызды бір рет қолданылатын салфеткамен құрғатыңыз.
9. Таза медициналық биялай киіңіз.
10. Сырқаттармен айқайламай, сыпайы сөйлесіңіз және оларды ұқыпты тыңдай біліңіз.
7. Бұлшықетке ине егу мақсаты:
Дәрілік затты бұлшықетке егу. Дәрілік заттың емдік әсері 10-30 минут аралығында
пайда болады. Бір рет қолданылатын ерітіндінің мөлшері 10 мл-ден аспауы керек.
Бұлшықетке егудің кері көрсеткіші:
- бұлшықеттің атрофиясы, ине егу орнында тері, тері асты май қабаты жарақаттанса,
дәрілік затқа аллергиялық реакциясы болғанда
Ине егетін анатомиялық орындар :
- жамбастың жоғарғы сыртқы бөлігі,санның ортаңғы сыртқы бөлігі
Бұлшықетке егу жасауға керекті заттар :
5 мл шприц, ұзындығы 6-8см ине, дәрі-дәрмектер, залалсыздандырылған мақта шариктері,
спирт, астауша.
8.Бөксе аймағында бұлшықет инъекциясын жасау орнын анықтау.
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ- 05.1.7-07.8
нұсқа 14
32 беттің 9-ші беті
Бұлшықет инъекциясы орындау үшін бөксенің тек қана жоғары сыртқы бөлігі
пайдаланады. Бұл адам денесінің анатомиялық құрылысымен байланысты болып, дәл осы
аймақ инъекцияны орындау үшін қауіпсіз болып келеді. Инъекция орындағанда науқастың
қалпы:
- ішімен жатады- аяқтың саусақтары ішке қарай бұрылған;
- бір қырымен жатады- жоғарғы аяқ тізеде және санда бүгілген (бөксе бұлшықеттері
босаңсуы үшін);
- инъекция орнын анықтау үшін анатомиялық құрылымдарды: артқы жоғарғы мықын
қылқанын, сан сүйегінің үлкен ұршығын анықтау қажет;
- артқы жоғарғы мықын қылқанынан тізе асты шұңқырына бір перпендикуляр
жүргізіледі, ал екінші горизонталды сызық үлкен ұршықтан омыртқа жотасына қарай
жүргізіледі (отырықшы жүйке перпендикуляр сызық бойымен горизонталды сызықтан
төменірек өтеді);
- инъекция орнын анықтау- ол сыртқы жоғарғы квадрантта мықын сүйегінің сыртқы
қырынан шамамен 5-8 см төменірек орналасады;
Жоғарғы сыртқы квандрант аймағында үлкен, ортаңғы, кіші бөксе бұлшық еттері
орналасқан. Көбіне үлкен бөксе бұлшықетіне тұсу үшін инъекцияны жоғарғы сыртқы
квадранттың төменгі аймағына орындайды. Бұл аймақта тері асты май қабаты жақсы
дамығандықтан, дәрілік зат бұлшықетке жетіп бармайды. Сондықтан көп авторлар дәрілік
затты ортаңғы және кіші бөксе бұлшықеттеріне енгізуді ұсынады.
Слайд № 1
9. Сан аймағында бұлшықет инъекциясын жасау орнын анықтау.
Сан аймағында инъекция санның 4 басты бұлшықетінің латералды басы аймағына
орындалады. Бұл анатомиялық аймақ жиі балаларда қолданылады. Кейбір авторлардың
мәліметтері бойынша бұл аймаққа балаларда 7 айлық мерзімге дейін қолдануға болады. Сан
аймағына инъекция орындағанда сан жүйкесінің зақымдалуы, соңынан бұлшықеттер
атрофиясы дамуының қауіпі болуы мүмкін. Сондықтан ересектерге бөксе бұлшық еттеріне
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ- 05.1.7-07.8
нұсқа 14
32 беттің 10-ші беті
инъекция орындаған жөн. Инъекция орнын анықтау үшін оң қолды сан сүйегінің үлкен
ұршығынан 1-2 см төменірек, ал сол қолды тізе тобығынан 1-2 см жоғары қою қажет, екі
қолдың үлкен саусақтары бір сызықта орналасуы қажет. Инъекция орны болып 1-ші 2-ші
саусақтар арасындағы аймақтың ортасы есептеледі.
Слайд № 2
10.Иық аймағында бұлшықет инъекциясын жасау орнын анықтау.
Бұлшықет инъекциясын дельта тәрізді бұлшықетке орындауға болады. Бұл аймақ
енгізуге ыңғайлы болғанымен, көпшілік науқастарда ол жақсы дамымаған. Әдетте
дельтатәрізді бұлшықетке аз мөлшерде ғана дәрілер енгізіледі (жиі вакциналар т.б.)
Инъекцияны орындаған кезде кәрі жілік немесе шынтақ, жүйкелерінің, немесе иық
артериясының зақымдалу мүмкіндігін ескеру қажет. Инъекция басқа инъекция түрлерімен
салыстырғанда жайсыздық жағдайын тұғызбайды және қан айналым бұзылуларының қауіпі
төмен болып келеді. Дельтатәрізді бұлшықеттің ең тығыз аймағы төмендегідей
анықталады: акромион өсіндісінен иыққа төмен қарай қолтық асты деңгейіне дейін сызық
жүргізіледі. Ине сол сызықпен акромиальды өсіндіден 2,5-3,0см төменірекке енгізіледі. Кәрі
жілік жүйкесі және иық артериясына жақын енгізуге болмайды. Инъекция орнын жақсы
анықтау үшін науқастың қолын санына қоюына болады.
Слайд № 3
11. Балаларда және қарттарда инъекцияларды орындау ерекшеліктері
Балаларға инъекция орындаудың алдында оны емшараға дайындау, тыныштандыру қажет.
Инъекция ауырмайды, бала ещтеңе сезбейді деп балаға өтірік айтуға болмайды. Сонымен
қатар балаға білдіртпей, басқа жаққа қарап тұрған кезде инъекция салуға болмайды. Бұл
жағдайда балада медицина қызметкерлеріне сенім жоғалып, ұзақ жылдарға дейін инъекцияға
болған қорқу сезімі қалыптасуы мүмкін.
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ- 05.1.7-07.8
нұсқа 14
32 беттің 11-ші беті
Балаларда және қатты жүдеген ересектерде, қарттарда бұлшықет инъекциясын жамбас
аймағына орындағанда дәрілік заттың бұлшықетке түскеніне кз жеткізу үшін теріні және
бұлшықетті жиырып алу қажет.
Қарттарда теріде жасына қарай өзгерістер байқалады, яғни теріде коллаген және эластин
мөлшері төмендейді, тері жұқа «қағаз» сияқты болады. Сонымен қатар тері асты май қабаты
жұқарады. Сусыздану, тамақтанудың нашарлауы тері жарақаттарына жиі алып келеді. Ұзақ
уақыт кортикостероидтарды қабылдау эпидермия атрофиясына және оның жарақаттануына
алып келеді. Тыныс алу жүйесінің созылмалы ауруларында да осындай өзгерістер байқалады.
Слайд № 4
12. Егулерден кейін болатын асқынулар. Инфильтрат себептері, белгілері, емдеу, алдын
алу шаралары.
Мейірбике кез-келген инъекция техникасын қатаң турде ұқыпты орындауы керек,
өйткені инъекциядан кейінгі асқынулар жиі медицина қызметкерлері жіберген қателіктерден,
яғни манипуляция жүргізуі кезінде асептика ережелерін сақтамау, науқасты манипуляция
жүргізуге дұрыс дайындамау, манипуляция жүргізу әдістемесін дұрыс орындамау салдарынан
болады. Бұған еңгізілген дәрілік затқа аллергиялық реакцияның дамуы жатпайды.
Инъекциядан кейінгі асқынулар жалпы және жергілікті болып екі топқа бөлінеді.
Жергілікті асқынуларға жатады: инфильтрат, абсцесс, флегмона, иненің сынуы,
липодистрофия, жүйке сабауының зақымдалуы, тромбофлебит, некроз, гематома жатады.
Жалпы асқынуларға жатады: майлы эмболия, ауалы эмболия, дәрілік затты қателесіп жіберу,
сепсис, АҚТҚ, вирусты гепатит, аллергиялық реакциялар. Алдын алу: асқынуға алып келетін
себептерді жою, инъекцияны дұрыс орындау. Емі: қыздырма комресс, жылытқыш қою.
Слайд № 5
IV Тәжірибелік дағдыларды орындау техникасын көрнекі құралдар арқылы көрсетіп
түсіндіру (демонстрациялау) - 30 мин.
Сабақта меңгеретін дағдылар.
1. Қолды гигиеналық деңгейде тазарту
2. Стерильді қолғапты кию мен шешу іс-әрекеті
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ- 05.1.7-07.8
нұсқа 14
32 беттің 12-ші беті
3. Залалсыздандырылған бір рет қолданылатын шприцті жинастыру.
4. Дәрілік затты ампуладан, флаконнан сорып алу.
5. Бұлшықет инъекциясын орындау (фантомда).
ҚОЛДЫ ГИГИЕНАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ТАЗАРТУ
Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Науқастың және
медициналық қызметкердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қолдану көрсетілімдері: инвазивті емшараларды орындар алдында және орындаған
соң, қолғаптарды кию алдында және шешкеннен соң, организмнің биологиялық
сұйықтықтарымен жанасқаннан соң және мүмкін болатын микробтық ластанудан кейін,
иммунитеті төмендеген науқасқа күтім жүргізер алдында.
Дайындаңыз: бір рет қолдануға арналған мөлшерлегіштегі сұйық сабынды, тері
антисептигін, секундік тілі бар сағатты, жылы ағынды суды, қағаз сүлгіні, қауіпсіз жинауға
және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Қолдың саусақтарынан сақинаны, жүзікті, сағатты және тағы да басқа әшекей-
бұйымдарды шешіңіз.
2. Қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз.
3. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып ораңыз.
4. Қағаз салфеткалар көмегімен су шүмегін ашып, судың температурасын (350
-400
С)
реттеңіз. Ол шүмекте орналасқан микроорганизмдермен қолдың жанасуын қорғайды.
5. Жылы судың жайлы орташа ағымы астында қолды білектің 2/3 бөлігіне дейін жігерлі
сабындап, келесі ізбе-ізділікпен жуыңыз:
- алақанды алақанмен;
- сол қолдың сыртқы жақ бетін оң алақанымен және керісінше;
- алақанды алақанмен, бір қолдың саусақтары екінші қолдың саусақтары арасында;
- оң қолдың саусақтарының сыртқы беті сол қолдың алақаны бойынша және
керісінше;
- үлкен саусақтарды айналмалы қозғалыспен үйкелеңіз;
- сол қолмен оң қолдың білезік аймағын және керісінше;
- сол қолдың саусақтарының ұшын бірге жинастырып, он алақанға айналмалы
қозғалыспен және керісінше.
Әрбір іс-қимыл 5 реттен кем емес 10 секунд бойы қайталанады.
6. Қолыңызды ағынды жылы судың астында сабын толық кеткенше шайыңыз.
7. Шүмекті қолыңыздың оң немесе сол шынтағымен жабыңыз.
8. Қолыңызды қағаз сүлгімен құрғатыңыз. Егер де шынтақты шүмек болмаса, онда
кранды қағаз сүлгі көмегімен жабыңыз.
Ескерту:
- қолды гигиеналық деңгейде жууға қажетті жағдай болмағанда, оларды антисептик
көмегімен тазартуға болады;
- 3-5 мл антисептикалық затты құрғақ қолдарға жағып және оны қол терісіне кеуіп кеткенше
ысқылаңыз. Саусақ ұшын, тырнақ айналасындағы теріні, саусақ аралығын тазартуда
айрықша көңіл бөліңіз.
- Науқасты тексергеннен кейін немесе емшара жүргізгеннен кейін қолғапты шешпей
сабындап қолды 2 рет жуу қажет және оларды шешкеннен кейін қайталап жуады. Қолды
тазартқаннан кейін сүртудің қажеті жоқ! Сонымен қатар әсер ету уақытын сақтау маңызды –
қолдар антисептикпен 15 секундтан кем емес уақыт ылғалды болып тұруы керек;
- тері бетін тазартқанда «тазадан ласқа» принципі сақталады;
- жуылған қолды басқа заттарға тигізуге болмайды.
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ- 05.1.7-07.8
нұсқа 14
32 беттің 13-ші беті
Слайд № 6
Слайд № 7
ҚОЛДЫ ТЕРІ АНТИСЕПТИГІМЕН ТАЗАРТУ
Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Науқас пен медициналық
қызметкерлерге жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Қолдану көрсетілімдері: иньекция, катетерлеу алдында, операция жасар алдында,
инвазивті емшараларды орындау алдында және орындағаннан кейін организмнің биологиялық
сұйықтықтарымен жанасқаннан соң және мүмкін болатын микробтық ластанудан кейін.
Қарсы көрсетілімдері: қолда және денеде іріңдердің, теріде сызаттан және жарақа
ттың, тері ауруларының болуы.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Қолыңызға гигиеналық деңгейде тазарту жүргізіңіз (стандартты қара).
2. Қолыңызды қағаз сүлгімен құрғатыңыз.
3. 3-5 мл антисептикалық затты алақаныңызға жағыңыз және оны 30 секунд бойы теріге
келесі ізбе-ізділікпен ысқылаңыз:
- алақанды алақанмен,
- сол қолдың сыртқы жақ бетін оң алақанмен және керісінше,
- алақанды алақанмен, бір қолдың саусақтары екінші қолдың саусақтары арасында,
- оң қолдың саусақтарының сыртқы беті сол қолдың алақаны бойынша және керісінше,
- үлкен саусақтарды айналмалы қозғалыспен,
- сол қолмен оң қолдың білезік аймағын және керісінше;
- сол қолдың саусақтарының ұшын бірге жинастырып, оң алақанға айналмалы қозғалыспен
және керісінше,
- қол терісінде антисептиктің толық кебуін қамтамасыз етіңіз.
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ- 05.1.7-07.8
нұсқа 14
32 беттің 14-ші беті
Ескерту: антисептикті қолданар алдында әдістемелік нұсқауын оқып білу қажет. Қолды
зазарсыздандыру әсерлігі ұсынылған тазарту уақыты ішінде оларды ылғалды жағдайда
ұстау орындауға тиісті шарт болып табылады.
ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛҒАН ҚОЛҒАПТЫ КИЮ
Мақсаты: науқастың және медициналық қызметкердің жұқпалық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету.
- Науқастармен немесе олардың бөліністерімен жанасқанда қолғап кәсіптік
жұқтырудың қауіп-қатерін төмендетеді.
- Қолғап транзиторлы қоздырғыштармен қызметкерлердің қолының ластану
қауіп-қатерін және кейіннен олардың науқастарға таралуын төмендетеді.
- Қолғап медицина қызметкерлерінің қолының резиденттік флорасының бір бөлігі
болып табылатын микробтарды науқастарға жұқтыру қауіп-қатерін төмендетеді.
Қолдану көрсетілімдері: инвазивтік емшараларды орындағанда, кез келген
биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда, науқастың және медицина қызметкерінің терісінің
бүтіндігі бұзылғанда, эндоскопиялық зерттеулерді және манипуляцияларды жасау кезінде,
клинико-диагностикалық, бактериологиялық лабораторияларда науқастардан алынған
материалдармен жұмыс істегенде, инъекциялар жасағанда, науқасты күту кезінде.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған ораудағы қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға
арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, тері антисептикпен қолыңызды өңдеңіз.
2. Залалсыздандырылған қаптамадағы қолғапты алып, бүктеуін жазыңыз.
3. Оң қолға арналған қолғаптың қайырмасын сол қолмен алыңыз. Саусақтарыңыз
қолғаптың кайырмасының ішкі бетіне тимеуі керек.
4. Оң қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз.
5. Оң қолдың саусақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты
киіңіз.
6. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарын сол қолғаптың қайырмасы астына кіргізіңіз,
киілген қолғапта оң қолдың 1-ші саусағы, сол жақ қолғаптың 1-ші саусағы жағына
бағытталған болуы керек.
7. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарымен сол жақ қолғапты тік ұстаңыз.
8. Сол қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз.
9. Сол қолдың саүсақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты
киіңіз.
10. Сол қолғаптың қайырмасын жазыңыз, оны жеңге қарай тартып, сосын оң жаққа 2-ші
және 3-ші саусақтар көмегімен қолғаптын бүгілген шетінің астына қарай тартыңыз.
Ескерту: егер бір қолғаптың бүтіндігі бұзылса, онда екі қолғапты да ауыстыру қажет,
өйткені бір қолғапты екінші қолғапты ластамай шешу мүмкін емес.
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ- 05.1.7-07.8
нұсқа 14
32 беттің 15-ші беті
Бір рет қолданылатын қолғапты кию Слайд №8
БІР РЕТ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ШПРИЦТІ ҚҰРАСТЫРУ
Бір рет қолданылатын шприц құрастырылған түрінде шығарылады, оны пайдалану
төмендегідей даярланады.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған мақта (шариктерін) түйіршектерін, қолғапты, бір рет
қолданылатын шприцті, тері антисептигін, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуып, тері антисептигіне ылғалдатылған мақта
түйіршіктерімен (шариктерімен) тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
2. Қолыңызға ораудағы бір рет қолданылатын шприцті алып, оның жасалған күнін және
саңылаусыздығын тексеріңіз.
3. Сол қолыңызға ораудағы шприцті поршені мен жоғары қаратып алыңыз.
4. Поршень жағынан орауды ашыңыз.
5. Ораудағы шприцті шығарып, иненің канюлясын шприцтің ине астындағы конусына
жалғастырыңыз.
6. Ине астындағы конус кеңістігіне (ине қалпақтың ішінде) ине канюлясын үйкеңкіреп
бекітіңіз.
7. Инеден қорғаныс қалпағын алмай тұрып, поршенді өзіңізге қарай тартып шприцке
ауаны сорып алып, шприцтен ауаны шығарыңыз, иненің өткізгіштігін тексеріңіз.
8. Құрастырылған шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз.
Ескерту: - қолданылған инеге қайтадан қалпағын кигізуге, инені майыстыруға және
сындыруға, ауыстыруға тыйым салынады.
- қолданылған шприцтерді, инелерді, системаларды су өткізбейтін, тесілмейтін бір реттік
медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинаауға және жоюға арналған контейнерге салу қажет.
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ- 05.1.7-07.8
нұсқа 14
32 беттің 16-ші беті
Бір рет қолданылатын шприцтер Слайд № 9
АМПУЛАДАН ДӘРІЛІК ЕРІТІНДІНІ СОРЫП АЛУ
Мақсаты: дәрілік ерітіндіні парентеральды жолмен енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприцті, мақта шариктерін,
қолғапты, дәрілік ерітіндісі бар ампуланы, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті,
лотокті, тері антисептигін, егеуішті, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, егу
кабинетіндегі дәрігердің ем тағайындаған журналы.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні алып, дәрігердің ем тағайындаған парағындағы
жазбамен салыстырыңыз.
2. Дәрілік препараттын атын, оның қоюлығын және дозасын көңіл қойып оқыңыз,
ерітіндінің сақталу мерзімін және сыртқы түрін тексеріңіз.
3. Гигиеналық деңгейде қолыңызға тазартуды жүргізіп, тері антисептигімен өңдеңіз,
қолғапты киіңіз.
4. Бір рет қолданылатын шприцті ораудан құрастырыңыз (стандартты қара).
5. Сол қолға ампуланы алыңыз, оны сәл сілкіңіз, барлық дәрілік ерітінді ампуланың кең
бөлігінде болуы керек.
6. Ампуланың мойнын тері антисептигімен суландырылған мақта шаригімен жоғарыдан
төмен қарай қозғалыспен тазартыңыз. Қолданылған мақта шариктерін қауіпсіз жинауға
және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
7. Ампуланың тар жіңішке бөлігін егеуішпен кесіңіз.
8. Мақта шаригімен ампуланың мойнын орап алып, кесетін жерді сүртіп, ампуланы ашыңыз,
оны өзіңізден жылдам қозғалыспен сындырыңыз. Ампуланың сынығын және пайдаланған
мақта шариктерін кауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
9. Сол қолдың II және III саусақтары арасына ашылған ампуланы алыңыз, оның ашылған
бөлігі алақанның ішінде болуы керек.
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ- 05.1.7-07.8
нұсқа 14
32 беттің 17-ші беті
10. Оң қолға құрастырылған шприцті алыңыз. II саусақпен-иненің канюласын, I, III, IV –
цилиндрді, V – поршенді ұстаңыз.
11. Инені абайлап ампулаға 0,5 мм ұзындыққа оның шетіне тигізбей енгізіңіз, сол қолдың IV
саусағы канюляда, ал I және V саусақтарғы цилиндрде. Оң қолмен поршенді төмен қарай
тартып, шприцке қажет мөлшердегі ерітіндіні сорып алыңыз, кадағалаңыз, ине үнемі
ерітіндіде батырулы болуы керек.
12. Шамамен сұйықтың азаюы бойынша ампуланың түбін жоғары көтеріп дәрілік ерітіндіні
ақырын сорып алыңыз.
13. Ерітіндіні сорып алған соң инені ауыстырып, иньекцияға арналған инені кигізіңіз. Бір рет
қолданылатын шприцпен жұмыс істегенде, ораудағы басқа залалсыздандырылған инені
пайдалаңыз.
14. Сол қолмен шприцті қатаң тіке қалыпта, көз деңгейінде, инесін жоғары қаратып ұстаңыз,
ауасын шығарыңыз. (V саусақ – поршенде, ІІ – иненің канюлясында, I, III, IV саусақтар –
цилиндрде).
15. Оң қолдың үлкен саусағымен поршенді басыңыз, II және III саусақтармен цилиндрдің
жиегін қамтып ұстап, иненің өткізгіштігін тексеріңіз ауаны және 1-2 тамшы дәрілік
ерітіндіні ығыстырып шығарыңыз. Қорғаныш қалпағын инеден алмаймыз.
16. Шприцті дәрілік ерітіндісімен, тері антисептигімен суландырылған мақта шариктерін
ораудың ішкі бетіне салыңыз.
17. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ампула Слайд № 10
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ- 05.1.7-07.8
нұсқа 14
32 беттің 18-ші беті
Слайд № 11
ФЛАКОННАН ДӘРІЛІК ЕРІТІНДІНІ СОРЫП АЛУ
Мақсаты: дәрілік ерітіндіні парентеральды жолмен енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприцті, мақта шариктерін,
қолғапты, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, лотокті, флакондағы дәрілік ерітіндіні,
еріткішті, тері антисептигін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Дәрігер тағайындаған дәрілік затты қолға алып, ем тағайындайтын парақпен
салыстырыңыз.
2. Дәрілік заттың атын, дозасын, көңіл қойып оқыңыз сақталу мерзімін және сыртқы
көрінісін тексеріңіз
3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, тері антисептигімен қолыңызды өңдеңіз.
Қолғапты киіңіз.
4. Орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қара).
5. Зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті алып, флаконның алюминий (күміс тәрізді)
қақпағының ортанғы бөлігін ашыңыз.
6. Тері антисептигіне суландырылған мақта шаригімен флаконның резеңке тығынын
сүртіңіз. Оны кептіріңіз.
7. Оң қолға құрастырылған шприцті алыңыз: II саусақты иненің канюлясында, I, III және IV
саусақтарды – цилиндрде, V саусақты – шприц поршенінде ұстаңыз.
8. Шприцті 900
бұрышта ұстап отыра, флакон тығынының ортасын инемен тесіп, флаконға
инені 0,5-1,0 см енгізіңіз, сол қолмен флаконды ұстаңыз.
9. Флаконның түбін жоғары қаратып көтеріп, сол қолдың II және III саусақтары арасында
ұстай отыра, IV саусақ – канюляда, I және V саусақтарды шприцтің цилиндрінде ұстаңыз.
Оң қолмен дәрілік ерітіндіні қажет мөлшерде сорып алыңыз.
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ- 05.1.7-07.8
нұсқа 14
32 беттің 19-ші беті
10. Шприцті сорып алған дәрілік ерітіндісімен флакон инесінен алып тастаңыз, инъекцияға
арналған инені шприцке кигізіп, оны бекітіңіз.
11. Шприцті сол қолға тік қалыпта көз деңгейінде инесін жоғары қаратып ұстаңыз: V
саусақ – шприц поршенінде, II саусақ - иненің канюлясында, I, III және IV саусақтар –
цилиндрде).
12. Оң қолдың үлкен саусағымен поршенді басыңыз, ІІ және ІІІ саусақтармен цилиндрдің
жиегінен ұстаңыз. Иненің өткізгіштігін тексеріп, ауаны және 1-2 тамшы ерітіндіні
шығарыңыз. Инеден қорғаныш қақпағын алмайды.
13. Дайындалған шприцті және тері антисептигімен суландырған мақта шариктерін
ораудың ішкі бетіне салыңыз.
14. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: антибиотиктерді езу: № 1, 2, 3, 4, 5, 6 пункттерді жоғарыдан қараңыз.
7. Антибиотикті 1 мл 100.000 ЕД есебінен еріткішті шприцке сорып алыңыз.
(антибиотиктерді еріту ережесін қараңыз).
8. Сол қолға құрғақ антибиотикті флаконымен, ал оң қолға шприцті еріткішпен алыңыз.
9. Шприцті 900
бұрышпен ұстай отыра, флакон ортасындағы тығынын тесіңіз. Шприцтегі
ерітіндіні флаконға енгізіңіз.
10. Флаконды инесімен бірге шприцтен алып тастаңыз, инесіне жанастырмай антибиотик
толық ергенше флаконды бірнеше рет сілкіңіз.
11. Қайтадан шприцті инеге жалғастырып, тағайындалған дозада антибиотикті сорып
алыңыз.
12. Шприцті инесімен флаконнан алыңыз, инъекцияға инені ауыстырып, ауаны шығара
отырып, иненің өткізгіштігін тексеріңіз, қорғаныш қақпағын шешпей, инеден 1-2
тамшы ерітінді бөлінуі керек.
13. Дайындалған шприцті және тері антисептигіне суландырған мақта шариктерін ораудың
ішкі бетіне салыңыз.
14. Антибиотиктің флаконын, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға
арналған контейнерге салыңыз.
15. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Флакондар Слайд № 12
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ- 05.1.7-07.8
нұсқа 14
32 беттің 20-ші беті
Флаконнан дәрілік заттарды сорып алу Слайд № 13
БҰЛШЫҚ ЕТКЕ ИНЪЕКЦИЯНЫ ОРЫНДАУ
Мақсаты: емдік - бұлшықет ұлпаларына дәрілік ерітіндіні енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.
Қарсы көрсетілімдері: бұлшықет ұлпаларының атрофиясы, инъекция жасаған жерде терінің
және тері асты майлы клетчаткаларының зақымдануы, дәрілік ерітіндіге аллергиялық
реакциялар.
Енгізілетін жерлері: бөксенің жоғарғы-сыртқы бөлігі, санның алдыңғы қыр беті ортаңғы
бөлігі, иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігі.
Асқынулар: иненің сынуы, жүйке бағанасынын зақымдануы, сепсис май эмболиясы
(тамырдың бітелуі), абсцесс (іріңді ісік), инфильтрат (қатайған тін бөлігі), вирустік гепатит,
АИТВ, аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: көлемі 5-10 мл бір рет қолданылатын шприцті,
ұзындығы 40-60 мм инъекцияға арналған инені, мақта шариктерін қолғаптарды, дәрігер
тағайындаған дәрілік ерітіндіні, тері антисептигін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған
контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
2. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оған енгізілетін дәрілік ерітінді
туралы мәліметті беріңіз.
3. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуға көмектесіңіз:
- бөксеге енгізгенде – ішімен немесе қырымен жатқызыңыз;
- санға енгізгенде – арқасына жатқызып, аздап қана аяғын тізе буыннан бүгіңіз немесе
отырғызыңыз;
- иыққа енгізгенде – жатқызыңыз немесе отырғызыңыз.
4. Инъекция жасайтын жерді киімінен босатыңыз.
5. Инъекция жасайтын жерді анықтаңыз (бөксенін жоғарғы-сыртқы бөлігі).
6. Инъекция жасайтын жерді саусақпен басып тексеріңіз түйін және қатаюы болмау керек.
7. Гигиеналық деңгейде қолды жуып, қолыңызды тері антисептигімен өңдеңіз, қолғапты
киіңіз (стандартты қараңыз).
8. Шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз).
9. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз: шприцті бір рет қолданылатын
ораудын ішіне салыңыз. (стандартты қара).
10. Қолғапты тері антисептигімен тазартыңыз.
11. Тері антисептигіне суландырылған екі мақта шариктерімен инъекция жасайтын жерді
тізбектілікпен тазартыңыз: алдымен үлкен аймақты, сосын тұп-тура инъекция жасайтын
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ- 05.1.7-07.8
нұсқа 14
32 беттің 21-ші беті
жерді. Тері антисептигіне суландырған үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V
саусақ арасына салыңыз.
12. Оң қолға шприцті алыңыз: V саусақты иненін канюласына; II саусақпен шприцтің
поршенінен ұстаңыз; I, III, IV саусақтарды цилиндрге қойыңыз (поршеннің сабы бос
болуы керек).
13. Сол қолдың I және II саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін керіп бекітіңіз.
14. Бөксенің жоғарғы сыртқы бөлігіне инені енгізіңіз (шприцті теріге тік 900
бұрышпен
ұстап), тері үстінен иненің ұзындығын 0,5 см-ден кем қалдырмаңыз.
15. Сол қолды поршенге көшіріп, II және III саусақтармен шприцтің цилиндірінің жиегінен
ұстап, I саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.
16. Тері антисептигіне суландырған мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз.
17. Оң қолмен инені жылдам қимыл-қозғалыспен шығарып алыңыз.
18. Теріден мақтаны алмай тұрып, инъекция жасаған жерге жеңіл уқалауды жасаңыз.
19. Қолданылған шприцтерді, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға
арналған контейнерге салыңыз.
20. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
- санның алдыңғы қыр беті ортаңғы бөлігіне инъекция жасағанда шприцті инъекция
жасағандай ұстап инені 900
бұрышпен енгізеді, сондықтан ересектерге бөксе бұлшық
еттеріне инъекция орындаған жөн. Инъекция орнын анықтау үшін оң қолды сан сүйегінің
үлкен ұршығынан 1-2 см төменірек, ал сол қолды тізе тобығынан 1-2 см жоғары қою қажет,
екі қолдың үлкен саусақтары бір сызықта орналасуы қажет. Инъекция орны болып 1-ші 2-ші
саусақтар арасындағы аймақтың ортасы есептеледіСондықтан ересектерге бөксе бұлшық
еттеріне инъекция орындаған жөн. Инъекция орнын анықтау үшін оң қолды сан сүйегінің
үлкен ұршығынан 1-2 см төменірек, ал сол қолды тізе тобығынан 1-2 см жоғары қою қажет,
екі қолдың үлкен саусақтары бір сызықта орналасуы қажет. Инъекция орны болып 1-ші 2-ші
саусақтар арасындағы аймақтың ортасы есептеледі.
-Бұлшықет инъекциясын дельта тәрізді бұлшықетке орындауға болады. Бұл аймақ енгізуге
ыңғайлы болғанымен, көпшілік науқастарда ол жақсы дамымаған. Әдетте дельтатәрізді
бұлшықетке аз мөлшерде ғана дәрілер енгізіледі (жиі вакциналар т.б.) Инъекцияны
орындаған кезде кәрі жілік немесе шынтақ, жүйкелерінің, немесе иық артериясының
зақымдалу мүмкіндігін ескеру қажет. Инъекция басқа инъекция түрлерімен салыстырғанда
жайсыздық жағдайын туғызбайды және қан айналым бұзылуларының қауіпі төмен болып
келеді. Дельтатәрізді бұлшықеттің ең тығыз аймағы төмендегідей анықталады: акромион
өсіндісінен иыққа төмен қарай қолтық асты деңгейіне дейін сызық жүргізіледі. Ине сол
сызықпен акромиальды өсіндіден 2,5-3,0см төменірекке енгізіледі. Кәрі жілік жүйкесі және
иық артериясына жақын енгізуге болмайды. Инъекция орнын жақсы анықтау үшін
науқастың қолын санына қоюына болады. Иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігіне
бұлшық етке инъекция жасағандай шприцті тері астына инъекция жасағандай ұстап инені
900
бұрышпен енгізеді, сүйек қабын зақымдамау үшін;
- майлы ерітінділерді, суспензияларды, басқа да дәрілік ерітінділерді енгізер алдында қан
тамырларына иненің түспегеніне көзіңізді жеткізіңіз, сәл поршенді өзіңізге қарай тартыңыз,
егер де шприцте қан көрінсе (тамыр жарақаттанған), онда иненің қалпын өзгертіңіз, оны
жоғары және шетке жылжытып тағы да ине қайда екенін тексеріңіз. Ине тамырда еместігіне
көзіңіз жеткеннен кейін, дәрілік затты бұлшық етке енгізіңіз. Егер де шприцте тағы да қан
көрінсе шприцті шығарып алыңыз және инъекцияны қайталаңыз, инені ауыстырып және
басқа жағына енгізіңіз;
- инъекция жасаған жерде инфильтрат пайда болмау үшін жылтқышты қойып, йодтан тор
жасаңыз;
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ- 05.1.7-07.8
нұсқа 14
32 беттің 22-ші беті
- майлы ерітінділерді енгізер алдында, су моншасында t-37-380
С жылытыңыз.
Слай
д № 14
Бұлшықетке егу жасау техникасы Слайд № 15
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ- 05.1.7-07.8
нұсқа 14
32 беттің 23-ші беті
Иық аймағында бұлшықет инъекциясын жасау орнын анықтау. Слайд № 16
Сан аймағында бұлшықет инъекциясын жасау орнын анықтау. Слайд № 17
Стерильді қолғапты шешу ережелері:
1. Оң қол саусақтарымен сол қолғаптың шеттерін сыртынан ұстап қайыру керек;
2. Сол қолдың саусақтарымен оң қолғаптың шеттерін сыртынан ұстап қайыру керек;
3. Сол қолғапты шеттерін оң қолымен ұстап аударып шешу керек;
4. Сол қолмен оң қолғаптың шеттерін ішкі жағынан ұстап аударып шешу керек. Сол қолғап
оң қолғаптың ішінде қалады.
5. Екі қолғап дез. ерітіндіге салынады.
Ескерту: бір рет қолданылатын қолғаптар дезинфекциядан соң утилизацияланады.
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ- 05.1.7-07.8
нұсқа 14
32 беттің 24-ші беті
Стерильді қолғапты шешу Слайд № 18
V Студенттердің өзіндік жұмысына әдістемелік бағдар беру – 5 мин
Студенттерді үш топшаға бөліп, орындау іс әрекеттерінің тапсырмаларын бекіту және
дағдыларды орындауға қажетті заттарды дайындауға нұсқау беру.
VІ Тәжірибелік тапсырмаларды орындаудағы студенттердің өзіндік жұмысы / 90 мин/
Тапсырма № 1 Қолды гигиеналық деңгейде тазарту, стерилді қолғапты кию - 2-3 мин
Тапсырма № 2 Залалсыздандырылған бір рет қолданылатын шприцті жинастыру. - 10 мин
Тапсырма № 3 Дәрілік затты ампуладан, флаконнан сорып алу. 15 мин
Тапсырма № 4 Бұлшықет инъекциясын орындау (иық, сан фантомда көрсету). 30 мин
Тапсырма № 5 Тест сұрақтарына жауап беру –15 мин
І нұсқа
1. Асептика бұл............................................................................
2. Майлы ерітінділерді енгізеді:
А. тері ішіне
В. тері астына
С. көк тамырға
Д. артерия ішіне
Е. бұлшық етке
3. Инфильтраттың негізгі сипаттамасы:
А. науқастың жалпы жағдайы нашар
В. инъекция орнында жалпы ауырсыну, тығыздалу
С. қара көк дақтың пайда болуы
Д. инъекция орнының қызаруы
Е. дене қызуының көтерілуі
4. Ампуладан дәрілерді сорып алуға қажетті затқа жатпайды:
А. залалсыздандырылған шприц пен ине
В. фурациллин
С. пинцет
Д. ампуладағы сұйық дәрі
Е. спирт, мақта шаригі
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ- 05.1.7-07.8
нұсқа 14
32 беттің 25-ші беті
5. Антибиотиктерді енгіземіз:
А. тері ішіне
В. тері астына
С. күре тамырға
Д. бұлшық етке, күре тамырға
Е. тік ішекке
6. Бір рет қолданылатын шприцты жинастыру реті :
А. шприцы бар орамды поршень жағынан ашыңыз
В. иненің конюласын шприцтың конусына кигізіп, бекітіңіз
С. шприцке дәрі сорып алыңыз, инені ауыстырыңыз
Д. шприцы бар орамның мерзімін, бүтіндігін тексеріңіз
Е. шприцтен ауасын шығарып, өткізгіштігін тексеріңіз
7. Бұлшық етке егу жасаған кездегі науқастың дене қалпы:
А. төсекте аяқтарын ішіне бүгіп жатады
В. төсекте етбетінен немесе бір қырынан жатады
С. төсекте шалқасынан жатады
Д. орындықта отырады
Е. барлығы дұрыс
8. Бұлшық етке бір рет егілетін дәрінің мөлшері:
А. 3-5 мл
В. 0,5-1 мл
С. 2-3 мл
Д. 10 мл ден аспау керек
Е. 10-15 мл
9. Дәрілерді парентеральды жолмен жіберудің артықшылығы:
А. қарапайым әдіс
В. ыңғайлы жіберіледі
С. жай енгізіледі
Д. дәл мөлшерде енгізіледі
Е. арнайы көмекшіні қажет етпейді
10. Сәйкестікті анықтаңыз:
Инъекция түрі : тері мен шприц арасындағы бұрыш:
1. тері ішіне а.45°
2. тері астына в. 90°
3. бұлшықетке с. 5°
ІІ – нұсқа
1. Майлы ерітінділерді ......................жылыту керек.
2. Ампуладан дәрілерді сорып алу үшін керекті заттар:
А. система, шприц, флакон
В. ампула, бір рет қолданылатын шприц, 70% спирт, кескіш, мақта шариктері
С. шприц Жане, ампула, мақта спирт
Д. пинцет, Дюфо инесі, мақта шариктері, спирт
Е. мөлшері белгіленген ыдыс, шприц, ине, мүсәтір спирті
3. Қолды гигиеналық деңгейде өңдеу үшін қолданылатын антисептикалық ерітіндіге
жатады :
А. хлоргексидин, йод, сутегінің асқын тотығы
В. этил спирті, бор қышқылы
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ- 05.1.7-07.8
нұсқа 14
32 беттің 26-ші беті
С. септаксин, йод
Д. хлоргексидин, этил спирті, иод
Е. эрисан, септаксин
4. Инъекция кезінде иненің сынуы мүмкін:
А. инъекция орнын дұрыс таңдамағанда
В. жамбас бұлшық еті кенет жиырылғанда
С. майлы ерітіндіні бұлшық етке салғанда
Д. шприцте ауа қалып кеткенде
Е. тамырға инъекция жасағанда
5. Шприц пен инелердің зарарсыздандырылуы, залалсыздандырылуы дұрыс
болмаған жағдайда пайда болады:
А. ішек инфекциялары
В. стерптококк,стафилококк
С. Кох таяқшасы
Д. вирусный гепатит, ЖИТС
Е. сепсистік инфекция
6. 1,0 г пенициллинді 1:1 қатынаста еріту үшін қажет болған еріткіш мөлшері:
А. 2 мл
В. 10 мл
С. 2,5 мл
Д. 5 мл
Е. 1 мл
7. Инфильтраттың негізгі сипаттамасы:
А. науқастың жалпы жағдайы нашар
В. инъекция орнында жалпы ауырсыну, тығыздалу
С. қара көк дақтың пайда болуы
Д. инъекция орнының қызаруы
Е. дене қызуының көтерілуі
8. Бұлшықетке егу жасағанда ине сыртта теріде қалады :
А. сыртта 3 см қалады
В. сыртта 2 см қалады
С. сыртта 1 см қалады
Д. сыртта 4 см қалады
Е. сыртта 5 см қалады
9. 0,5 г Антибиотиктерді 2:1 қатынаста еріту үшін қажет болған еріткіш мөлшері:
А. 2 мл
В. 5 мл
С. 10 мл
Д. 2,5 мл
Е. 6 мл
10. Сәйкестікті анықтаңыз:
Инъекция түрі Енгізілу орны
1. Тері ішіне А. жамбастың жоғары сыртқы квадранты
2. Тері астына В. білектің ішкі ортаңғы бөлігі
3. Бұлшықетке С. иықтың сыртқы ортаңғы бөлігі
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ- 05.1.7-07.8
нұсқа 14
32 беттің 27-ші беті
ІІІ – нұсқа
1. Дәрілерді парентеральды жолмен енгізу бұл...............................................
2. Бұлшықетке егу жасағанда іс- әрекеттердің реттілігін анықтаңыз:
А. егу жасайтын орынды спирттелген екі мақтамен өңдеңіз
В. қолыңызды өңдеп, шприцты алып дайындаңыз
С. инені алып, дәрі жіберген орынды мақтамен басыңыз
Д. шприцты тік ұстап, инені бұлшықетке енгізіңіз
Е. науқасты кушеткіге жатқызыңыз
3. Бұлшық етке егуге қарсы көрсетпелерге жатады, тек біреуінен басқалары:
А. бұлшық еттің атрофиясы
В. ине егу орнында тері жарақаты
С. ине егу орнында тері асты май қабатының жарақаты
Д. дәрілік затқа аллергиялық реакция болғанда
Е. қатты ауырсынудың байқалуы
4. Бұлшықетке егу жасайтын анатомиялық орын :
А. жауырын асты
В. білектің ішкі ортаңғы бөлігі
С. иықтың жоғарғы сыртқы бөлігі
Д. жамбастың жоғарғы сыртқы бөлігі
Е. кіндік айналасына
5. Майлы ерітінділер енгізіледі :
А. тері ішіне
В. бұлшықетке
С. күре тамырға
Д. артерия тамырға
Е. жұлынға
6. Инфильтрат пайда болғанда көрсетілетін көмек:
А. салқын компресс қою керек
В. тек хирургиялық жолмен емдеу керек
С. инъекция орнына жылы компресс
Д. мұзды мұйық қоюға болады
Е. салқын компресс қоюға болады
7. Бұлшық етке егу жасаған кездегі науқастың дене қалпы:
А. төсекте аяқтарын ішіне бүгіп жатады
В. төсекте етбетінен немесе бір қырынан жатады
С. төсекте шалқасынан жатады
Д. орындықта отырады
Е. барлығы дұрыс
8. Егу жасар алдында майлы ерітіндіні жылытады :
А. 25°С- ке дейін
В. 35° С- ке дейін
С. 38° С- ке дейін
Д. 40° С- ке дейін
Е. 42° С- ке дейін
9. Инъекциядан кейінгі абсцесс дегеніміз:
А. жұмсақ ұлпаның іріңді қабынуы
В. инъекция орнының қатаюы
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ- 05.1.7-07.8
нұсқа 14
32 беттің 28-ші беті
С. нервтің зақымдануы
Д. ұлпаның өлі еттенуі
Е. тамырдың қабынуы
10. Сәйкестікті анықтаңыз:
Инъекция түрі : шприц пен инелер:
1. тері ішіне а. 5мл шприц және ұзындығы 60-80мм ине
2. тері астына в. 1-2мл шприц, ұзындығы 15мм ине
3. бұлшықетке с. 1-2мл шприц, ине 20мм
Жауаптар эталоны :
І – нұсқа ІІ – нұсқа ІІІ – нұсқа
1-ағзаға микробтарды түсірмеу үшін 1 - 38С жылыту 1 – тері ішіне,тері астына,б/е дәрі
алдын ала жасалатын шаралар енгізу
2 – Е 2 –В 2 – В, Е, А, Д, С
3 – В 3 – Е 3 – Е
4 – В 4 – В 4 – Д
5 – Д 5 – Д 5 – В
6 – Д, А, В, С, Е 6 – В 6 – С
7 – В 7 – В 7 – В
8 – Д 8 – В 8 – С
9 – Д 9 – Д 9 – А
10 – 1- с 10 – 1 –в 10 – 1 – в
2 – а 2 – с 2 – с
3- в 3- а 3 – а
Тапсырма 6 Ситуациялық есептерді шешу- 20 мин
Ситуациялық есеп № 1.
Науқас Есенов А., 38 жаста, неврологиялық бөлімшеде стационарлық ем қабылдауда. Дәрігер
науқасқа антибиотиктер тағайындаған. Науқастың қозғалыс белсенділігі толығымен
жойылған.
Тапсырма:
1. Науқастың мәселелерін анықтаңыз.
2. Бұл жағдайда қай жерге антибиотик енгізуге болады?
3. Дене биомеханикасы ережелерін сақтаған жағдайда науқасты Симс қалпына
жатқызыңыз.
4. Дәрігердің тағайындау парағынан тағайындалған антибиотикті қажет мөлшерде
бөксе аймағына енгізіңіз.
Ситуациялық есеп № 2.
Науқас Бейсенова Н., гинекология бөлімшесінде емделеді, оң жасбас аймағында ауырсынуға,
оң қырымен жата алмайтынына, отыру кезінде жайсыздыққа шағымданады. Жергілікті қарау
кезінде бөксенің жоғарғы аймағында тығыздалу және ауырсыну анықталады. Науқасқа бір
неше күн антибиотик, дәрумендер және синэстролдың майлы ерітіндісі енгізілген. Науқаспен
әңгімелесу кезінде медбике синэстролды жылытып енгізгенін, ал қалған екі инъекция алдын
ала дайындықсыз жүргізгенін анықтады. Науқас бұл жағдайдан қатты мазасызданатынын
және асқынулардан қорқатынын айтты.
Тапсырма:
1. Науқастың мәселелерін анықтаңыз.
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ- 05.1.7-07.8
нұсқа 14
32 беттің 29-ші беті
2. Науқастың бұл жағдайының себебін анықтаңыз.
3. Майлы ерітіндіні дайындап, бұлшықетке енгізіңіз.
4. Жылытқыш, қыздырма компресті науқасқа дайындаңыз.
Жауаптар эталоны:
Ситуациялық есеп № 1.
1. Науқастың мәселелері: қимыл белсенділігінің жоғалуы, тамақтану бұзылыстары, бөлу
қажеттілігінің бұзылуы, өзіндік күтім жасау тапшылығы.
2. Бұлшықетке инъекция жасауға болатын анатомиялық орындар: бөксенің сыртқы
жоғарғы квадранты, иыққа дельтатәрізді бұлшықетке, санның латералды бұлшықетіне.
Бұл жағдайда бұлшықет инъекциясын санның латералды бұлшықетіне орындауға
болады.
3. Науқасты бір қырымен, содан соң Симс қалпына жатқызу алгоритмі:
НАУҚАСТЫ СИМС ҚАЛПЫНА ЖАТҚЫЗУ
(ішіне және қырына жату қалпы аралығындағы жағдай)
Науқасты жатқызу екі мейірбикемен орындалады.
Мақсаты: төсекте жайлы қалып жасау.
Қолдану көрсетілімдері: төсектегі еңжарлы және еріксіз науқас қалпы, ойылудың алдын алу.
Дайындаңыз: 3 жастықты, валикті, аяққа арналған тіреуді (құмы бар қап), функциональды
немесе жәй кереуетті.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа жатқызу мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
3. Науқастың жағдайын және оның жағынан басқа жаққа ауысуына көмектесу мүмкіндігі
барлығын бағалаңыз.
4. Кереуеттін тежеуін (тормызын) бекітіңіз.
5. Мейірбике тұрған қыр жағындағы порученді түсіріңіз (егер де ол болса).
6. Кереуеттің бас жағына көлденең қалыпты беріңіз.
7. Науқасты арқасымен жатқызып кереуеттің шетіне жылжытыңыз.
8. Қырына және жартылай ішіне жату қалпына науқасты ауыстырыңыз.
9. Науқастың басының астына жастықты салыңыз (мойынның қырына иілуін алдын ала
ескертеді).
10. Шынтақ және иық буынынан 900
бұрышпен бүгілген «жоғарғы» қолы астына жастықты
салыңыз, «төменгі» қолды бүктірмей төсекке салыңыз (науқастың дене биомеханикасын
дұрыс сақтау. Науқастың денесін түзету және иықтың ішіне қарай бұрылуын
болдырмау).
11. «Жоғарғы» бүгілген аяқ астына жастықты салыңыз, «төменгі» сирақ санның төменгі
үшінші бөлігі деңгейінде болуы керек (тізе буындары және тобық аймақтарындағы
ойылудың алдын алу, санның ішке қарай бұрылуын және аяқтың созылуын алдын ала
ескерту).
12. Табанға арналған тіреуді (құмы бар қапты) аяқтың табанына 900
бұрышпен қойыңыз
(яқтың сыртқы бүгілуін дұрыс қамтамасыз ету және олардың салбырауын алдын ала
ескерту).
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ- 05.1.7-07.8
нұсқа 14
32 беттің 30-ші беті
13. Науқастың денесінің түзелуін тексеріңіз.
14. Науқастың ыңғайлы жатуына көзіңізді жеткізіңіз. Ақ жайманы түзетіңіз.
15. Тұтқаларды көтеріңіз.
16. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
4. Тағайындау парағында ампициллин 1,0г мөлшерде тәулігіне 4 рет тағайындалған.
Флакондағы ұнтақ 2:1 қатынаста 5 мл 0,25% немесе 0,5% новокаин ерітіндісімен
ерітіледі, бұлшық етке егіледі. (стандартты қараңыз)
Ситуациялық есеп № 2.
1. Науқастың мәселелері- жайлылықтың бұзылуы (оң жақ жамбас аймағында ауырсыну);
2. Себебі инфильтрат;
3. Майлы ерітінділерді енгізу ерекшеліктері: майлы ерітінділер бұлшықетке 38С-ке дейін
су моншасында жылытылып немесе алақанда ысқылап енгізіледі, инъекциядан соң
орнына жылытқыш немесе қыздырма компресс қойылады.
4. Жылытқыш, қыздырма компрессті науқасқа қою стандарттары:
ЖЫЛЫТҚЫШТЫ ҚОЛДАНУ
Мақсаты: дене учаскелерін жылытып, қанмен толуын күшейту, жергілікті қыздыру әсері.
Қолдану көрсетілімдері: қызбаның І және ІІІ кезеңдерінде, инъекциядан кейінгі болатын
инфильтратта (түйіндерде), жұлынның белдегі түбірінің қабынуы (радикулитте),
ұлтабарды сүңгілегенде, соғып алудың 2 тәулігінде, невритте, невралгияда.
Қарсы көрсетілімдері: іш қуысының жедел қабыну және ауруы процесі, қатерлі ісіктер, қан
кету, соғып алудың бірінші тәулігінде, тері бетінің бүтіндігінің бұзылуында, іріңді жарада.
Асқынулар: күйіп қалу, денеде дақ болу.
Қоятын жерлері: инфильтрат аймағы, бел аймағы, балтыр бұлшық ет аймағы, оң жақ қабырға
асты аймағы.
Дайындаңыз: резеңке жылытқышты (1,5-2л), су (t-60-700
С), сүлгіні (жаялықты),
зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, шүберекті (2 салфетканы жылыткыштың сыртын
зарарсыздандыру үшін), су термометрін.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның емшара жасауға рұқсатын
алыңыз.
2. Жылытқыштың 2/3 көлеміне ыстық суды (t-60-700
С) құйыңыз.
3. Жылытқыштың мойынынан қысып ауасын шығарыңыз (мойынында су пайда болғанша),
тығынын бұрап бекітіңіз.
4. Жылытқышты тығынын төмен қаратып төңкеріп, саңылаусыздығын тексеріңіз.
Жылытқышты сүлгімен құрғатып сүртіңіз.
5. Жылытқышты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз.
6. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.
7. Жылытқышты дененің қажетті учаскесіне қойып, оны салқындағанша ұстаңыз.
8. Жылытқышты алып, оны ашып суын төгіңіз.
9. Науқастың терісін қараңыз (жылытқыш қойылған жерде тек қана жеңіл желпі қызару
болуы керек).
бұлшықетке иньекция жасау
бұлшықетке иньекция жасау
бұлшықетке иньекция жасау

More Related Content

What's hot

презентация пиелонефрит
презентация пиелонефритпрезентация пиелонефрит
презентация пиелонефритAsem Sarsembayeva
 
Қарттарға күтім.pptx
Қарттарға күтім.pptxҚарттарға күтім.pptx
Қарттарға күтім.pptxssuser8719a6
 
Презентація начальника відділу нагляду за радіаційною безпекою та екологією Д...
Презентація начальника відділу нагляду за радіаційною безпекою та екологією Д...Презентація начальника відділу нагляду за радіаційною безпекою та екологією Д...
Презентація начальника відділу нагляду за радіаційною безпекою та екологією Д...НАЕК «Енергоатом»
 
АІЖ.pptx
АІЖ.pptxАІЖ.pptx
АІЖ.pptxTx3mini
 
Медіа та інформаційна грамотність
Медіа  та інформаційна грамотністьМедіа  та інформаційна грамотність
Медіа та інформаційна грамотністьLidia Poperechna
 
Віртуальна виставка ''В країні веселощів, сонця, добра'' до дня народження В...
Віртуальна виставка  ''В країні веселощів, сонця, добра'' до дня народження В...Віртуальна виставка  ''В країні веселощів, сонця, добра'' до дня народження В...
Віртуальна виставка ''В країні веселощів, сонця, добра'' до дня народження В...Анастасия Светличная
 
Презентація Пласту
Презентація ПластуПрезентація Пласту
Презентація ПластуIgor Nakonechnyi
 
Звіт про роботу мовного табору
Звіт про роботу мовного таборуЗвіт про роботу мовного табору
Звіт про роботу мовного таборуАндрей Виноходов
 
Видатні вчені природознавці України і світу
Видатні вчені природознавці України і світуВидатні вчені природознавці України і світу
Видатні вчені природознавці України і світуМикола Корчак
 
Поняття органів виконавчої влади та їх класифікація
Поняття органів виконавчої влади та їх класифікаціяПоняття органів виконавчої влади та їх класифікація
Поняття органів виконавчої влади та їх класифікаціяKyiv National Economic University
 
Зарубіжна література. 8 клас
Зарубіжна література. 8 класЗарубіжна література. 8 клас
Зарубіжна література. 8 класyakusheva
 
სასუნთქი სისტემები I ნაწილი.pdf
სასუნთქი სისტემები I ნაწილი.pdfსასუნთქი სისტემები I ნაწილი.pdf
სასუნთქი სისტემები I ნაწილი.pdfNatiaKakauridze1
 
північний льодовитий океан
північний льодовитий океанпівнічний льодовитий океан
північний льодовитий океанoshnek
 
Трагічна поліфонія Чорнобиля
Трагічна поліфонія ЧорнобиляТрагічна поліфонія Чорнобиля
Трагічна поліфонія ЧорнобиляНБУ для дітей
 
презентація з історії україни
презентація з історії українипрезентація з історії україни
презентація з історії україниYulya Tkachuk
 
Вчені біологи України та їх вклад в науку
Вчені біологи України та їх вклад в наукуВчені біологи України та їх вклад в науку
Вчені біологи України та їх вклад в наукуchetverg2015
 
Великий терор
Великий  терорВеликий  терор
Великий терорvpu24
 

What's hot (20)

презентация пиелонефрит
презентация пиелонефритпрезентация пиелонефрит
презентация пиелонефрит
 
Қарттарға күтім.pptx
Қарттарға күтім.pptxҚарттарға күтім.pptx
Қарттарға күтім.pptx
 
Презентація начальника відділу нагляду за радіаційною безпекою та екологією Д...
Презентація начальника відділу нагляду за радіаційною безпекою та екологією Д...Презентація начальника відділу нагляду за радіаційною безпекою та екологією Д...
Презентація начальника відділу нагляду за радіаційною безпекою та екологією Д...
 
Туристична індустрія
Туристична індустріяТуристична індустрія
Туристична індустрія
 
бауыр циррозы
бауыр циррозыбауыр циррозы
бауыр циррозы
 
АІЖ.pptx
АІЖ.pptxАІЖ.pptx
АІЖ.pptx
 
Медіа та інформаційна грамотність
Медіа  та інформаційна грамотністьМедіа  та інформаційна грамотність
Медіа та інформаційна грамотність
 
Віртуальна виставка ''В країні веселощів, сонця, добра'' до дня народження В...
Віртуальна виставка  ''В країні веселощів, сонця, добра'' до дня народження В...Віртуальна виставка  ''В країні веселощів, сонця, добра'' до дня народження В...
Віртуальна виставка ''В країні веселощів, сонця, добра'' до дня народження В...
 
Презентація Пласту
Презентація ПластуПрезентація Пласту
Презентація Пласту
 
Звіт про роботу мовного табору
Звіт про роботу мовного таборуЗвіт про роботу мовного табору
Звіт про роботу мовного табору
 
Методичні рекомендації (хімія)
Методичні рекомендації (хімія)Методичні рекомендації (хімія)
Методичні рекомендації (хімія)
 
Видатні вчені природознавці України і світу
Видатні вчені природознавці України і світуВидатні вчені природознавці України і світу
Видатні вчені природознавці України і світу
 
Поняття органів виконавчої влади та їх класифікація
Поняття органів виконавчої влади та їх класифікаціяПоняття органів виконавчої влади та їх класифікація
Поняття органів виконавчої влади та їх класифікація
 
Зарубіжна література. 8 клас
Зарубіжна література. 8 класЗарубіжна література. 8 клас
Зарубіжна література. 8 клас
 
სასუნთქი სისტემები I ნაწილი.pdf
სასუნთქი სისტემები I ნაწილი.pdfსასუნთქი სისტემები I ნაწილი.pdf
სასუნთქი სისტემები I ნაწილი.pdf
 
північний льодовитий океан
північний льодовитий океанпівнічний льодовитий океан
північний льодовитий океан
 
Трагічна поліфонія Чорнобиля
Трагічна поліфонія ЧорнобиляТрагічна поліфонія Чорнобиля
Трагічна поліфонія Чорнобиля
 
презентація з історії україни
презентація з історії українипрезентація з історії україни
презентація з історії україни
 
Вчені біологи України та їх вклад в науку
Вчені біологи України та їх вклад в наукуВчені біологи України та їх вклад в науку
Вчені біологи України та їх вклад в науку
 
Великий терор
Великий  терорВеликий  терор
Великий терор
 

Similar to бұлшықетке иньекция жасау

жүй құраст 2016ж ескі өңдеу бойынша
жүй құраст 2016ж ескі өңдеу бойыншажүй құраст 2016ж ескі өңдеу бойынша
жүй құраст 2016ж ескі өңдеу бойыншаoquzaman
 
жиа. стенокардия және миокард инфарктысы кезіндегі медбикелік үрдісті ұйымдас...
жиа. стенокардия және миокард инфарктысы кезіндегі медбикелік үрдісті ұйымдас...жиа. стенокардия және миокард инфарктысы кезіндегі медбикелік үрдісті ұйымдас...
жиа. стенокардия және миокард инфарктысы кезіндегі медбикелік үрдісті ұйымдас...oquzaman
 
реабилитация онлаин урок
реабилитация онлаин урокреабилитация онлаин урок
реабилитация онлаин урокoquzaman
 
оңдеу 4готов камила апай
оңдеу 4готов камила апайоңдеу 4готов камила апай
оңдеу 4готов камила апайoquzaman
 
сүйек бұлшықет жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру
сүйек  бұлшықет жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастырусүйек  бұлшықет жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру
сүйек бұлшықет жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыруoquzaman
 
әдістемелік фармакология негіздері пәнінен
әдістемелік фармакология  негіздері  пәніненәдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен
әдістемелік фармакология негіздері пәніненAsem Sarsembayeva
 
силлабус бт основы_живх-объд-13
 силлабус бт основы_живх-объд-13 силлабус бт основы_живх-объд-13
силлабус бт основы_живх-объд-1387759347893
 
ашық сабақ азамат агай
ашық сабақ азамат агайашық сабақ азамат агай
ашық сабақ азамат агайoquzaman
 
қантты диабет кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру
қантты диабет кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыруқантты диабет кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру
қантты диабет кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыруoquzaman
 

Similar to бұлшықетке иньекция жасау (20)

жүй құраст 2016ж ескі өңдеу бойынша
жүй құраст 2016ж ескі өңдеу бойыншажүй құраст 2016ж ескі өңдеу бойынша
жүй құраст 2016ж ескі өңдеу бойынша
 
жиа. стенокардия және миокард инфарктысы кезіндегі медбикелік үрдісті ұйымдас...
жиа. стенокардия және миокард инфарктысы кезіндегі медбикелік үрдісті ұйымдас...жиа. стенокардия және миокард инфарктысы кезіндегі медбикелік үрдісті ұйымдас...
жиа. стенокардия және миокард инфарктысы кезіндегі медбикелік үрдісті ұйымдас...
 
реабилитация онлаин урок
реабилитация онлаин урокреабилитация онлаин урок
реабилитация онлаин урок
 
ревматизм
ревматизмревматизм
ревматизм
 
экспресс диагностика әдістерін қолдану. ұлтабарды зондтау
экспресс  диагностика әдістерін қолдану. ұлтабарды зондтауэкспресс  диагностика әдістерін қолдану. ұлтабарды зондтау
экспресс диагностика әдістерін қолдану. ұлтабарды зондтау
 
экспресс диагностика әдістерін қолдану. ұлтабарды зондтау
экспресс  диагностика әдістерін қолдану. ұлтабарды зондтауэкспресс  диагностика әдістерін қолдану. ұлтабарды зондтау
экспресс диагностика әдістерін қолдану. ұлтабарды зондтау
 
оңдеу 4готов камила апай
оңдеу 4готов камила апайоңдеу 4готов камила апай
оңдеу 4готов камила апай
 
артериялық гипертония
артериялық гипертонияартериялық гипертония
артериялық гипертония
 
сүйек бұлшықет жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру
сүйек  бұлшықет жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастырусүйек  бұлшықет жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру
сүйек бұлшықет жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру
 
түркістан медицина колледжі
түркістан медицина колледжітүркістан медицина колледжі
түркістан медицина колледжі
 
методическая разработка
методическая разработкаметодическая разработка
методическая разработка
 
әдістемелік фармакология негіздері пәнінен
әдістемелік фармакология  негіздері  пәніненәдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен
әдістемелік фармакология негіздері пәнінен
 
силлабус бт основы_живх-объд-13
 силлабус бт основы_живх-объд-13 силлабус бт основы_живх-объд-13
силлабус бт основы_живх-объд-13
 
Noviepost
NoviepostNoviepost
Noviepost
 
ашық сабақ азамат агай
ашық сабақ азамат агайашық сабақ азамат агай
ашық сабақ азамат агай
 
мамандық әлемі 252
мамандық әлемі 252мамандық әлемі 252
мамандық әлемі 252
 
575181
575181575181
575181
 
ашық сабақ
ашық сабақашық сабақ
ашық сабақ
 
қантты диабет кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру
қантты диабет кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыруқантты диабет кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру
қантты диабет кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру
 
ммыыы
ммыыыммыыы
ммыыы
 

More from Вспомогательный образовательный сайт

More from Вспомогательный образовательный сайт (20)

метод.в орлеу1
метод.в орлеу1метод.в орлеу1
метод.в орлеу1
 
открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 

бұлшықетке иньекция жасау

  • 1. ТҮРКІСТАН МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ № 7 МЕЙІРБИКЕ ІСІ ЖӘНЕ ТУЫСТАС ПӘНДЕР ЦИКЛДІК ӘДІСТЕМЕЛІК КОМИССИЯСЫ «МЕДБИКЕЛІК ІСІ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІНЕН ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ Бөлім 2 Дәрілік терапия тәсілдері және әдістері Тақырып 2.6 Бұлшықет ішіне егу жасау техникасы Мамандығы : 0302000 « Медбикелік ісі » Біліктілігі: 0302011 « Жалпы практикадағы медбике» Курс: ІІІ Семестр: V
  • 2. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ- 05.1.7-07.8 нұсқа 14 32 беттің 2-ші беті 1 Әзірлегендер «Медбикелік ісі негіздері» пәнінің оқытушысы :Бабаханова Гузаль Абдураимқызы 2 № 7 Мейірбике ісі және туыстас пәндер циклдік әдістемелік комиссиясының мәжілісінде талқыланып бекітуге ұсынылған. 3 Хаттама №_____ ______________ 2017жыл 4 ЦӘК төрайымы ____________ Бабаханова Г. А. (қолы)
  • 3. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ- 05.1.7-07.8 нұсқа 14 32 беттің 3-ші беті Сабақтың тақырыбы: Бұлшықет ішіне егу жасау техникасы Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар : Ұжымдық, кластери, интерактивті технологиялар. Белгіленген технологияларды іске асыру әдістері : - нығыздап сұрау; - кәсіптік бағдар беру; - өзіндік жұмыс; - стандарттар бойынша тапсырмаларды орындау; - тест сұрақтарына жауап беру; - кластер құрастыру; - бағалау және бақылау; Сабақтың мақсаты : Білімділік : Студенттерге бұлшықетке егу жасау көрсеткіштері мен кері көрсеткіштері. Егу өткізуге жұмыс орнын, құралдарды және науқастың терісін дайындауды, бұлшықетке егу іс- әрекеттерін көрсетуді. Дамытушылық : Студенттердің логикалық, клиникалық ойлау қабілетін дамыту, өз мамандығына деген қызығушылығын арттыру, оқу, іздену, өзін-өзі дамыту, бағалау қасиеттерін дамыту, өз мамандығына, жалпы медицинаға болған қызығушылығын арттыру. Тәрбиелік : Студенттерді жауапкершілікке, ұқыптылыққа, сабырлыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу, науқастармен қарым-қатынас жасаған кезде этика және деонтологиялық принциптерді сақтауға баулу. Пәнішілік байланыс : - медициналық этика және деонтология; - зарарсыздандыру және залалсыздандыру; - аурухана ішілік инфекция проблемалары; - науқастың жеке басының тазалығы; - науқастың функционалдық жағдайын бақылау - қарапайым физиотерапия - дәрілік заттарды жаздырып алу, сақтау, тарату, қолдану түрлері; - дәрілік заттарды парентералды енгізу әдістері;
  • 4. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ- 05.1.7-07.8 нұсқа 14 32 беттің 4-ші беті Пәндер аралық байланыс : Қамтитын пәндер: - Қалыпты анатомия – тіндер, бұлшықеттер туралы ілім - Қалыпты физиология - қозғыш тіндер, бұлшықеттердің жиырылуы - Патологиялық анатомия - жасуша мен тіндердің зақымдануы - Латын тілі – медициналық терминдер. Рецепт жазу - Фармакология негіздері – Дәрілерді енгізу жолдары. Инъекцияға арналған дәрілік формалар - Микробиология және вирусология - Сыртқы ортада кең таралған патогенді микроорганизмдер Қамтылатын пәндер: -Терапиядағы медбикелік күтім - Дәрілерді енгізу ерекшеліктері (бұлшық етке, күре тамырға, бронхиальды лаваж) - Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы медбикелік күтім - Медикаментозды емдеу әдістері - Педиатриядағы медбикелік күтім - Науқастарды емдеу әдістері. Вакцинопрофилактика. Антибиотиктерді енгізу. -Хирургиядағы медбикелік күтім - Науқастарды емдеу әдістері. Медикаментозды терапия. Жедел іріңді жұқпалар. - Акушерия және гинекологиядағы медбикелік күтім - Гинекологиялық науқастарды емдеу әдістері. - Медициналық психология - Психогигиена, психопрофилактика, психотерапия. Соматогения, психогения, ятрогения туралы түсінік. -Эпидемиология және жұқпалы аурулардағы медбикелік күтім - Жұқпалы ауруларды емдеу ерекшеліктері. Вакцинопрофилактика Студент білуі тиіс : - мақсатын, жасауға болатын және қарсы көрсетілімдерін; - инъекция жасаудың анатомиялық орындарын; - бұлшықетке инъекция орындау техникасын; - -инъекциялардан кейін болатын асқынуларды, оларды алдын алу, емдеу шараларын. Студент игеруі тиіс : - инъекцияға жұмыс орнын дайындауды; - қажет құралдарды дайындауды; - гигиеналық денгейде қолды тазартуды; - -қолғапты киіп және шешуді; - инъекция жасайтын жерді тазартуды; - бұлшықетке инъекция жасауды; - -қолданылған заттарды зарарсыздандыруды.
  • 5. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ- 05.1.7-07.8 нұсқа 14 32 беттің 5-ші беті Уақыты : 180 мин. Сабақтың жабдықталуы : Фантомдар : науқастарға күтім жасау дағдыларын бекітуге арналған манекен-1; бұлшық етке инъекция жасауға арналған фантом-6; жамбас фантомы (бұлшық етке инъекция жасау үшін); плакаттар : №32 – дәрілерді енгізу жолдары; № 35 – бұлшықетке егу; Көрнекі құралдар : инъекцияға арналған шприцтер сыйымдылығы- 5мл, 10мл -20, эмальды астауша бүйрек тәрізді- 18, стерилді таңу материалдары (уп)- 6, ампуладағы және флакондағы дәрілер, спирт, залалсыздандырылған мақта шариктері, 0,5% новокаин ерітіндісі ампулада, егеуіш, пинцет, қауіпсіз жоюға арналған контейнерлер т.б. Үлестірме материалдар : Тесттер, тапсырмалар. Техникалық оқу құралдары : Мультимедиалық кешендер : (Интерактивті тақта, телевизор, ДVД ). Сабақ барысында қолданылатын оқу-әдістемелік құралдар : Негізгі әдебиет: 1. Муратбекова С.К. «Основы сестринского дела» - Кокшетау, 2012г 2. Секенова Ж.К. және т.б. Организация инфекционного контроля в ЛПУ (Алматы 2005г.). 3. Муратбекова С.К., Аминов М.Г., Ярошинская И.К., Воронова Г.С., Куспанова А.Р. «Актуальные вопросы внутрибольничных инфекций. Стандарты действий по профилактике ВБИ» г. Кокшетау 2012 г. 4. Мейірбикелік іс негіздері. С. Қ. Муратбекова – Астана, 2007 г. 5. «Всё по уходу за больным на дому» под редакцией акад. РАМН Ю.П. Никитина, ГЭОТАР – Медиа, 2009 г 6. Туркина Н.В. «Общий уход за больными» - Москва 2007гМухина С.А 7. Широкова Н.В. және т.б. «Основы сестринского дела»: Алгоритмы манипуляций: учебное пособие М. ГЭОТАР – Медиа, 2009 г. 8. Нурманова М.Ш. және т.б. Сборник стандартов сестринских технологий по дисциплине «Основы сестринского дела» г. Алматы «Sunnur» ТОО, 2011 г. 9. Мейірбике ісі негіздері пәне бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы Нурманова М.Ш. және т.б., Қарағанды: ЖК «Ақ Нұр баспасы», 2012 ж. Қосымша әдебиеттер: 1.Осипова В.Л. «Внутрибольничная инфекция»: учебное пособие М. ГЭОТАР – Медиа, 2012 г. 2. Основы сестринского дела. Ситуационные задачи: практикум. Морозова Г.И. – М., 2009 г. WEB сайттар тізімі: 1 www.yandex.ru
  • 6. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ- 05.1.7-07.8 нұсқа 14 32 беттің 6-ші беті 2 www.rambler.ru 3 www.mail.ru 4 www.medeponim.ru 5 www.med.ru 6 www.doctor.ru 7 www.info-health.kz 8 www.medstudent.ucoz.kz 9 www.medcenter.kz 10 www.svsmedical.kz 11 www.medmedia.kz Сабақтың хронокартасы № Сабақ бөлімдерінің атауы Сабақтың ұзақтығы І Ұйымдастыру сәті 2 мин ІІ Тақырыпқа мотивациялық сипаттама беру 3 мин ІІІ Студенттердің теориялық білімін бақылау 30 мин ІV Тәжірибелік дағдылардың орындалу техникасын түсіндіру және демонстрациялау 25 мин V Студенттердің өзіндік жұмысына әдістемелік бағдар беру 5 мин VІ Студенттердің өзіндік жұмысы 100 мин VІІ Сабақты қорытындылау 10 мин VІІІ Үйге тапсырма 5 мин Сабақтың барысы : І Ұйымдастыру кезеңі -2 мин. Студенттердің киімдерінің сырт көрінісіне, сабаққа қатысуына, бөлменің тазалығына көңіл бөлу. Журналды толтыру. ІІ Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау -3 мин. Тақырыптың мотивациялық сипаттамасы: Ас қорыту жолдарына түспей, дәрілік заттарды енгізу жолдарын - парентеральдық деп атайды. Ағзаға дәрі дәрмекті тері ішіне, тері астына шприцпен жіберу тәсілі асептика ережелерін қатаң сақтауды талап етеді. Себебі, асептика ережелері бұзылған жағдайда, ағзаға түрлі микроорга- низмдер еніп, кейде өлім қаупін тудыруы мүмкін. Егуді жасау үшін шприц пен инені қолданады. Шприцтың сыйымдылығы мен иненің ұзындығы сәйкес келуі керек. Егуді ауруханада және емханада егу жасайтын бөлмеде жасайды, ал халі нашар науқастарға төсекте жасайды. Мейірбике парентералды егу әдістері бойынша жақсы теориялық білімді және тәжірибелік дағдыларды игеруі, дәрілердің әсер ету механизмін жақсы түсінуі, олардың дозасын, енгізу жолдарын, енгізу жылдамдығын, инъекциялардан кейін болуы мүмкін болған кері әсерлер және асқынуларды білуі қажет. Асептика ережелерін қатаң сақтау, санитарлы- эпидемиологиялық қызмет нұсқауларын және бұйрықтарын білу және орындау мейірбикенің кәсіптік біліктілігінің негізгі критерийлері болып саналады.
  • 7. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ- 05.1.7-07.8 нұсқа 14 32 беттің 7-ші беті Әлемдік медицина тиімді жаңа антибактериалды, дезинфекциялық заттарды табуда көп жетістіктерге жеткенімен инъекциядан кейінгі асқынулар проблемасы маңызды болып келеді. Олардың ішінде абсцесс, флегмона, инфильтраттар ерекше орын алады. Статистикалық мәліметтерге қарай бұл асқынулар 5,1-40%-ға дейін кездеседі. Әр 10 жылда бұндай асқынулардың 2-2,5 есе өсуі байқалып отыр. Асқынулардың ішінде бұлшықет инъекциясынан кейінгі асқынулар 94 % құрайды. Эпидемияға қарсы тәртіп және дезинфекция режимін сақтау – ең алдымен аурухана ішілік инфекцияның алдын алатынын және медициналық қызметкердің денсаулығын сақтайтынын естен шығармау керек. Бұлшықетке, тері астына егу жасағанда ірі тамырларға, жүйке сабауына тигізбеу керек. Сондықтан болашақ маман, дәрілік заттарды тері ішіне, тері астына, бұлшықетке енгізуді жақсы игере білуі керек. ІІІ Білім деңгейін көрнекілік және оқытудың техникалық құралдардың көмегімен нығыздап сұрау - 25 мин Ауызша сұрау: 1. Дәрілік заттарды парентеральды енгізу туралы түсінік 2. Парентеральдық енгізу жолдарының түрлері 3. Дәрілерді парентеральды жолмен енгізу артықшылықтары 4. Асептика және антисептика туралы түсінік 5. Мейірбикенің жұмыс орнын дайындау 6. Мейірбикенің киіміне қойылатын талаптар 7. Бұлшықетке егуді өткізудің мақсаты, көрсетпелері,кері көрсетпелері, анатомиялық орындары 8. Бөксе аймағында бұлшықет инъекциясын жасау орнын анықтау. 9.Сан аймағында бұлшықет инъекциясын жасау орнын анықтау. 10.Иық аймағында бұлшықет инъекциясын жасау орнын анықтау. 11.Балаларда және қарттарда инъекцияларды орындау ерекшеліктері 12. Егуден кейінгі болатын асқынулар 1. Дәрілік заттарды парентеральды енгізу туралы түсінік Ас қорыту жолдарына түспей, дәрілік заттарды енгізу жолдарын - парентеральдық деп атайды. Дәрілік заттарды парентеральды енгізу дегеніміз- дәрілік заттарды шприц және иненің көмегімен ағзаға енгізу. Ағзаға дәрі дәрмекті тері ішіне, тері астына, бұлшықетке, сүйекке, жұлын каналына, көк тамырға т.б. шприцпен жіберу. Бұл тәсіл асептика ережелерін қатаң сақтауды талап етеді. Себебі, асептика ережелері бұзылған жағдайда, ағзаға түрлі микроорганизмдер еніп, кейде өлім қаупін тудыруы мүмкін. 2. Парентеральдық енгізу жолдарының түрлері 1. Ұлпаларға - тері, тері астындағы май қабатына, бұлшық етке, сүйекке. 2. Тамырларға - көктамыр, артерия, лимфа тамырларына. 3. Қуыстарға- іш қуысына, плевра, жүрек, буын қуыстарына. 4. Субарахноидалдық кеңістікке. Парентеральдық енгізу жолы басқаша «инъекция» деп аталады, латын сөзінен «inectio» - енгізу деген мағына береді. 3. Дәрілерді парентеральды жолмен енгізу артықшылықтары 1. еккен дәрі тез әсер етеді; 2. дәрінің нақты мөлшерде есептелуі, яғни дәріге ас қорыту ферменттерінің әсері болмайды;
  • 8. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ- 05.1.7-07.8 нұсқа 14 32 беттің 8-ші беті 3. бауырдың кедергі ролі жойылады; 4. жедел көмек көрсеткенде өте тиімді. 4. Асептика және антисептика туралы түсінік Асептика дегеніміз – ағзаға микробтарды түсірмеу үшін алдын-ала жүргізілетін іс шаралар жиынтығы, ал антисептика – жараға түскен микробтарды жою үшін жүргізілетін іс шаралар жиынтығы. 5. Мейірбикенің жұмыс орнын дайындауы 1. Емшара бөлмесін жұмысқа кіріспей тұрып бөлмені дымқыл шүберекпен тазалап сүртіңіз. 2. Жұмыс столын және қосымша столдың үстін зарарсыздандырылған ерітіндіге батырылған шүберекпен сүртіңіз. 3. Қолыңызды ағынды сумен жуып, құрғатып, биялай киіңіз. 4. Бикстің залалсыздандырылған күнін, орамның бүтіндігін тексеріңіз 5. Қосымиша столға зарарсыздандырылған биксті қойып, заттаңбаға бикстің ашылған күнін жазып, қол қойыңыз. 6. Қосымша столға залалсыздандырылған, бір рет қолданылатын шприцтер мен инелер, пинцеттер, дәрілік заттар, қайшылар, ампуланы ашатын кескіштер, астауша, спиртті қойыңыз. 7. Науқастардың тізімін тексеріп, оларды егуге шақыру ретін реттеңіз. 8. Мейірбике дәрігердің нұсқауы бойынша көк тамырға құйылатын дәрілерді құюды нашар халдегі науқастардан бастайды. 6. Мейірбикенің киіміне қойылатын талаптар 1. Медициналық халат, қалпақ киіңіз (шашыңызды қалпақ астына жиыстырыңыз) 2. Аяқ киміңіздің өкшесі биік болмасын. 3. Саусақтың тырнағы өспесін, саусақтарыңыздағы әшекей бұйымдарды шешіңіз. 4. Жаққан иіс суыңыз науқасты тітіркендірмейтіндей, орташа болсын. 5. Колыңызда тері жамылғысының бүтіндігі бұзылмасын және тері аурулары болмасын (егер ондайлар болса, онда медицина қызметкері уақытша, ауруы жазылғанша медициналық көмек көрсетуден шектеледі) 6. Бет пердені, алжапқышты, көзілдірікті киіңіз. 7. Қолыңызды ағын судың астында екі рет сабындап, жуыңыз. 8. Қолыңызды бір рет қолданылатын салфеткамен құрғатыңыз. 9. Таза медициналық биялай киіңіз. 10. Сырқаттармен айқайламай, сыпайы сөйлесіңіз және оларды ұқыпты тыңдай біліңіз. 7. Бұлшықетке ине егу мақсаты: Дәрілік затты бұлшықетке егу. Дәрілік заттың емдік әсері 10-30 минут аралығында пайда болады. Бір рет қолданылатын ерітіндінің мөлшері 10 мл-ден аспауы керек. Бұлшықетке егудің кері көрсеткіші: - бұлшықеттің атрофиясы, ине егу орнында тері, тері асты май қабаты жарақаттанса, дәрілік затқа аллергиялық реакциясы болғанда Ине егетін анатомиялық орындар : - жамбастың жоғарғы сыртқы бөлігі,санның ортаңғы сыртқы бөлігі Бұлшықетке егу жасауға керекті заттар : 5 мл шприц, ұзындығы 6-8см ине, дәрі-дәрмектер, залалсыздандырылған мақта шариктері, спирт, астауша. 8.Бөксе аймағында бұлшықет инъекциясын жасау орнын анықтау.
  • 9. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ- 05.1.7-07.8 нұсқа 14 32 беттің 9-ші беті Бұлшықет инъекциясы орындау үшін бөксенің тек қана жоғары сыртқы бөлігі пайдаланады. Бұл адам денесінің анатомиялық құрылысымен байланысты болып, дәл осы аймақ инъекцияны орындау үшін қауіпсіз болып келеді. Инъекция орындағанда науқастың қалпы: - ішімен жатады- аяқтың саусақтары ішке қарай бұрылған; - бір қырымен жатады- жоғарғы аяқ тізеде және санда бүгілген (бөксе бұлшықеттері босаңсуы үшін); - инъекция орнын анықтау үшін анатомиялық құрылымдарды: артқы жоғарғы мықын қылқанын, сан сүйегінің үлкен ұршығын анықтау қажет; - артқы жоғарғы мықын қылқанынан тізе асты шұңқырына бір перпендикуляр жүргізіледі, ал екінші горизонталды сызық үлкен ұршықтан омыртқа жотасына қарай жүргізіледі (отырықшы жүйке перпендикуляр сызық бойымен горизонталды сызықтан төменірек өтеді); - инъекция орнын анықтау- ол сыртқы жоғарғы квадрантта мықын сүйегінің сыртқы қырынан шамамен 5-8 см төменірек орналасады; Жоғарғы сыртқы квандрант аймағында үлкен, ортаңғы, кіші бөксе бұлшық еттері орналасқан. Көбіне үлкен бөксе бұлшықетіне тұсу үшін инъекцияны жоғарғы сыртқы квадранттың төменгі аймағына орындайды. Бұл аймақта тері асты май қабаты жақсы дамығандықтан, дәрілік зат бұлшықетке жетіп бармайды. Сондықтан көп авторлар дәрілік затты ортаңғы және кіші бөксе бұлшықеттеріне енгізуді ұсынады. Слайд № 1 9. Сан аймағында бұлшықет инъекциясын жасау орнын анықтау. Сан аймағында инъекция санның 4 басты бұлшықетінің латералды басы аймағына орындалады. Бұл анатомиялық аймақ жиі балаларда қолданылады. Кейбір авторлардың мәліметтері бойынша бұл аймаққа балаларда 7 айлық мерзімге дейін қолдануға болады. Сан аймағына инъекция орындағанда сан жүйкесінің зақымдалуы, соңынан бұлшықеттер атрофиясы дамуының қауіпі болуы мүмкін. Сондықтан ересектерге бөксе бұлшық еттеріне
  • 10. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ- 05.1.7-07.8 нұсқа 14 32 беттің 10-ші беті инъекция орындаған жөн. Инъекция орнын анықтау үшін оң қолды сан сүйегінің үлкен ұршығынан 1-2 см төменірек, ал сол қолды тізе тобығынан 1-2 см жоғары қою қажет, екі қолдың үлкен саусақтары бір сызықта орналасуы қажет. Инъекция орны болып 1-ші 2-ші саусақтар арасындағы аймақтың ортасы есептеледі. Слайд № 2 10.Иық аймағында бұлшықет инъекциясын жасау орнын анықтау. Бұлшықет инъекциясын дельта тәрізді бұлшықетке орындауға болады. Бұл аймақ енгізуге ыңғайлы болғанымен, көпшілік науқастарда ол жақсы дамымаған. Әдетте дельтатәрізді бұлшықетке аз мөлшерде ғана дәрілер енгізіледі (жиі вакциналар т.б.) Инъекцияны орындаған кезде кәрі жілік немесе шынтақ, жүйкелерінің, немесе иық артериясының зақымдалу мүмкіндігін ескеру қажет. Инъекция басқа инъекция түрлерімен салыстырғанда жайсыздық жағдайын тұғызбайды және қан айналым бұзылуларының қауіпі төмен болып келеді. Дельтатәрізді бұлшықеттің ең тығыз аймағы төмендегідей анықталады: акромион өсіндісінен иыққа төмен қарай қолтық асты деңгейіне дейін сызық жүргізіледі. Ине сол сызықпен акромиальды өсіндіден 2,5-3,0см төменірекке енгізіледі. Кәрі жілік жүйкесі және иық артериясына жақын енгізуге болмайды. Инъекция орнын жақсы анықтау үшін науқастың қолын санына қоюына болады. Слайд № 3 11. Балаларда және қарттарда инъекцияларды орындау ерекшеліктері Балаларға инъекция орындаудың алдында оны емшараға дайындау, тыныштандыру қажет. Инъекция ауырмайды, бала ещтеңе сезбейді деп балаға өтірік айтуға болмайды. Сонымен қатар балаға білдіртпей, басқа жаққа қарап тұрған кезде инъекция салуға болмайды. Бұл жағдайда балада медицина қызметкерлеріне сенім жоғалып, ұзақ жылдарға дейін инъекцияға болған қорқу сезімі қалыптасуы мүмкін.
  • 11. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ- 05.1.7-07.8 нұсқа 14 32 беттің 11-ші беті Балаларда және қатты жүдеген ересектерде, қарттарда бұлшықет инъекциясын жамбас аймағына орындағанда дәрілік заттың бұлшықетке түскеніне кз жеткізу үшін теріні және бұлшықетті жиырып алу қажет. Қарттарда теріде жасына қарай өзгерістер байқалады, яғни теріде коллаген және эластин мөлшері төмендейді, тері жұқа «қағаз» сияқты болады. Сонымен қатар тері асты май қабаты жұқарады. Сусыздану, тамақтанудың нашарлауы тері жарақаттарына жиі алып келеді. Ұзақ уақыт кортикостероидтарды қабылдау эпидермия атрофиясына және оның жарақаттануына алып келеді. Тыныс алу жүйесінің созылмалы ауруларында да осындай өзгерістер байқалады. Слайд № 4 12. Егулерден кейін болатын асқынулар. Инфильтрат себептері, белгілері, емдеу, алдын алу шаралары. Мейірбике кез-келген инъекция техникасын қатаң турде ұқыпты орындауы керек, өйткені инъекциядан кейінгі асқынулар жиі медицина қызметкерлері жіберген қателіктерден, яғни манипуляция жүргізуі кезінде асептика ережелерін сақтамау, науқасты манипуляция жүргізуге дұрыс дайындамау, манипуляция жүргізу әдістемесін дұрыс орындамау салдарынан болады. Бұған еңгізілген дәрілік затқа аллергиялық реакцияның дамуы жатпайды. Инъекциядан кейінгі асқынулар жалпы және жергілікті болып екі топқа бөлінеді. Жергілікті асқынуларға жатады: инфильтрат, абсцесс, флегмона, иненің сынуы, липодистрофия, жүйке сабауының зақымдалуы, тромбофлебит, некроз, гематома жатады. Жалпы асқынуларға жатады: майлы эмболия, ауалы эмболия, дәрілік затты қателесіп жіберу, сепсис, АҚТҚ, вирусты гепатит, аллергиялық реакциялар. Алдын алу: асқынуға алып келетін себептерді жою, инъекцияны дұрыс орындау. Емі: қыздырма комресс, жылытқыш қою. Слайд № 5 IV Тәжірибелік дағдыларды орындау техникасын көрнекі құралдар арқылы көрсетіп түсіндіру (демонстрациялау) - 30 мин. Сабақта меңгеретін дағдылар. 1. Қолды гигиеналық деңгейде тазарту 2. Стерильді қолғапты кию мен шешу іс-әрекеті
  • 12. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ- 05.1.7-07.8 нұсқа 14 32 беттің 12-ші беті 3. Залалсыздандырылған бір рет қолданылатын шприцті жинастыру. 4. Дәрілік затты ампуладан, флаконнан сорып алу. 5. Бұлшықет инъекциясын орындау (фантомда). ҚОЛДЫ ГИГИЕНАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ТАЗАРТУ Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Науқастың және медициналық қызметкердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қолдану көрсетілімдері: инвазивті емшараларды орындар алдында және орындаған соң, қолғаптарды кию алдында және шешкеннен соң, организмнің биологиялық сұйықтықтарымен жанасқаннан соң және мүмкін болатын микробтық ластанудан кейін, иммунитеті төмендеген науқасқа күтім жүргізер алдында. Дайындаңыз: бір рет қолдануға арналған мөлшерлегіштегі сұйық сабынды, тері антисептигін, секундік тілі бар сағатты, жылы ағынды суды, қағаз сүлгіні, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Қолдың саусақтарынан сақинаны, жүзікті, сағатты және тағы да басқа әшекей- бұйымдарды шешіңіз. 2. Қол терісінің бүтіндігін тексеріңіз. 3. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып ораңыз. 4. Қағаз салфеткалар көмегімен су шүмегін ашып, судың температурасын (350 -400 С) реттеңіз. Ол шүмекте орналасқан микроорганизмдермен қолдың жанасуын қорғайды. 5. Жылы судың жайлы орташа ағымы астында қолды білектің 2/3 бөлігіне дейін жігерлі сабындап, келесі ізбе-ізділікпен жуыңыз: - алақанды алақанмен; - сол қолдың сыртқы жақ бетін оң алақанымен және керісінше; - алақанды алақанмен, бір қолдың саусақтары екінші қолдың саусақтары арасында; - оң қолдың саусақтарының сыртқы беті сол қолдың алақаны бойынша және керісінше; - үлкен саусақтарды айналмалы қозғалыспен үйкелеңіз; - сол қолмен оң қолдың білезік аймағын және керісінше; - сол қолдың саусақтарының ұшын бірге жинастырып, он алақанға айналмалы қозғалыспен және керісінше. Әрбір іс-қимыл 5 реттен кем емес 10 секунд бойы қайталанады. 6. Қолыңызды ағынды жылы судың астында сабын толық кеткенше шайыңыз. 7. Шүмекті қолыңыздың оң немесе сол шынтағымен жабыңыз. 8. Қолыңызды қағаз сүлгімен құрғатыңыз. Егер де шынтақты шүмек болмаса, онда кранды қағаз сүлгі көмегімен жабыңыз. Ескерту: - қолды гигиеналық деңгейде жууға қажетті жағдай болмағанда, оларды антисептик көмегімен тазартуға болады; - 3-5 мл антисептикалық затты құрғақ қолдарға жағып және оны қол терісіне кеуіп кеткенше ысқылаңыз. Саусақ ұшын, тырнақ айналасындағы теріні, саусақ аралығын тазартуда айрықша көңіл бөліңіз. - Науқасты тексергеннен кейін немесе емшара жүргізгеннен кейін қолғапты шешпей сабындап қолды 2 рет жуу қажет және оларды шешкеннен кейін қайталап жуады. Қолды тазартқаннан кейін сүртудің қажеті жоқ! Сонымен қатар әсер ету уақытын сақтау маңызды – қолдар антисептикпен 15 секундтан кем емес уақыт ылғалды болып тұруы керек; - тері бетін тазартқанда «тазадан ласқа» принципі сақталады; - жуылған қолды басқа заттарға тигізуге болмайды.
  • 13. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ- 05.1.7-07.8 нұсқа 14 32 беттің 13-ші беті Слайд № 6 Слайд № 7 ҚОЛДЫ ТЕРІ АНТИСЕПТИГІМЕН ТАЗАРТУ Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Науқас пен медициналық қызметкерлерге жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қолдану көрсетілімдері: иньекция, катетерлеу алдында, операция жасар алдында, инвазивті емшараларды орындау алдында және орындағаннан кейін организмнің биологиялық сұйықтықтарымен жанасқаннан соң және мүмкін болатын микробтық ластанудан кейін. Қарсы көрсетілімдері: қолда және денеде іріңдердің, теріде сызаттан және жарақа ттың, тері ауруларының болуы. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Қолыңызға гигиеналық деңгейде тазарту жүргізіңіз (стандартты қара). 2. Қолыңызды қағаз сүлгімен құрғатыңыз. 3. 3-5 мл антисептикалық затты алақаныңызға жағыңыз және оны 30 секунд бойы теріге келесі ізбе-ізділікпен ысқылаңыз: - алақанды алақанмен, - сол қолдың сыртқы жақ бетін оң алақанмен және керісінше, - алақанды алақанмен, бір қолдың саусақтары екінші қолдың саусақтары арасында, - оң қолдың саусақтарының сыртқы беті сол қолдың алақаны бойынша және керісінше, - үлкен саусақтарды айналмалы қозғалыспен, - сол қолмен оң қолдың білезік аймағын және керісінше; - сол қолдың саусақтарының ұшын бірге жинастырып, оң алақанға айналмалы қозғалыспен және керісінше, - қол терісінде антисептиктің толық кебуін қамтамасыз етіңіз.
  • 14. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ- 05.1.7-07.8 нұсқа 14 32 беттің 14-ші беті Ескерту: антисептикті қолданар алдында әдістемелік нұсқауын оқып білу қажет. Қолды зазарсыздандыру әсерлігі ұсынылған тазарту уақыты ішінде оларды ылғалды жағдайда ұстау орындауға тиісті шарт болып табылады. ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛҒАН ҚОЛҒАПТЫ КИЮ Мақсаты: науқастың және медициналық қызметкердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. - Науқастармен немесе олардың бөліністерімен жанасқанда қолғап кәсіптік жұқтырудың қауіп-қатерін төмендетеді. - Қолғап транзиторлы қоздырғыштармен қызметкерлердің қолының ластану қауіп-қатерін және кейіннен олардың науқастарға таралуын төмендетеді. - Қолғап медицина қызметкерлерінің қолының резиденттік флорасының бір бөлігі болып табылатын микробтарды науқастарға жұқтыру қауіп-қатерін төмендетеді. Қолдану көрсетілімдері: инвазивтік емшараларды орындағанда, кез келген биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда, науқастың және медицина қызметкерінің терісінің бүтіндігі бұзылғанда, эндоскопиялық зерттеулерді және манипуляцияларды жасау кезінде, клинико-диагностикалық, бактериологиялық лабораторияларда науқастардан алынған материалдармен жұмыс істегенде, инъекциялар жасағанда, науқасты күту кезінде. Дайындаңыз: залалсыздандырылған ораудағы қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, тері антисептикпен қолыңызды өңдеңіз. 2. Залалсыздандырылған қаптамадағы қолғапты алып, бүктеуін жазыңыз. 3. Оң қолға арналған қолғаптың қайырмасын сол қолмен алыңыз. Саусақтарыңыз қолғаптың кайырмасының ішкі бетіне тимеуі керек. 4. Оң қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз. 5. Оң қолдың саусақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз. 6. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарын сол қолғаптың қайырмасы астына кіргізіңіз, киілген қолғапта оң қолдың 1-ші саусағы, сол жақ қолғаптың 1-ші саусағы жағына бағытталған болуы керек. 7. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарымен сол жақ қолғапты тік ұстаңыз. 8. Сол қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз. 9. Сол қолдың саүсақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз. 10. Сол қолғаптың қайырмасын жазыңыз, оны жеңге қарай тартып, сосын оң жаққа 2-ші және 3-ші саусақтар көмегімен қолғаптын бүгілген шетінің астына қарай тартыңыз. Ескерту: егер бір қолғаптың бүтіндігі бұзылса, онда екі қолғапты да ауыстыру қажет, өйткені бір қолғапты екінші қолғапты ластамай шешу мүмкін емес.
  • 15. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ- 05.1.7-07.8 нұсқа 14 32 беттің 15-ші беті Бір рет қолданылатын қолғапты кию Слайд №8 БІР РЕТ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ШПРИЦТІ ҚҰРАСТЫРУ Бір рет қолданылатын шприц құрастырылған түрінде шығарылады, оны пайдалану төмендегідей даярланады. Дайындаңыз: залалсыздандырылған мақта (шариктерін) түйіршектерін, қолғапты, бір рет қолданылатын шприцті, тері антисептигін, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуып, тері антисептигіне ылғалдатылған мақта түйіршіктерімен (шариктерімен) тазартыңыз. Қолғапты киіңіз. 2. Қолыңызға ораудағы бір рет қолданылатын шприцті алып, оның жасалған күнін және саңылаусыздығын тексеріңіз. 3. Сол қолыңызға ораудағы шприцті поршені мен жоғары қаратып алыңыз. 4. Поршень жағынан орауды ашыңыз. 5. Ораудағы шприцті шығарып, иненің канюлясын шприцтің ине астындағы конусына жалғастырыңыз. 6. Ине астындағы конус кеңістігіне (ине қалпақтың ішінде) ине канюлясын үйкеңкіреп бекітіңіз. 7. Инеден қорғаныс қалпағын алмай тұрып, поршенді өзіңізге қарай тартып шприцке ауаны сорып алып, шприцтен ауаны шығарыңыз, иненің өткізгіштігін тексеріңіз. 8. Құрастырылған шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз. Ескерту: - қолданылған инеге қайтадан қалпағын кигізуге, инені майыстыруға және сындыруға, ауыстыруға тыйым салынады. - қолданылған шприцтерді, инелерді, системаларды су өткізбейтін, тесілмейтін бір реттік медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинаауға және жоюға арналған контейнерге салу қажет.
  • 16. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ- 05.1.7-07.8 нұсқа 14 32 беттің 16-ші беті Бір рет қолданылатын шприцтер Слайд № 9 АМПУЛАДАН ДӘРІЛІК ЕРІТІНДІНІ СОРЫП АЛУ Мақсаты: дәрілік ерітіндіні парентеральды жолмен енгізу. Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы. Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприцті, мақта шариктерін, қолғапты, дәрілік ерітіндісі бар ампуланы, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, лотокті, тері антисептигін, егеуішті, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, егу кабинетіндегі дәрігердің ем тағайындаған журналы. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні алып, дәрігердің ем тағайындаған парағындағы жазбамен салыстырыңыз. 2. Дәрілік препараттын атын, оның қоюлығын және дозасын көңіл қойып оқыңыз, ерітіндінің сақталу мерзімін және сыртқы түрін тексеріңіз. 3. Гигиеналық деңгейде қолыңызға тазартуды жүргізіп, тері антисептигімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз. 4. Бір рет қолданылатын шприцті ораудан құрастырыңыз (стандартты қара). 5. Сол қолға ампуланы алыңыз, оны сәл сілкіңіз, барлық дәрілік ерітінді ампуланың кең бөлігінде болуы керек. 6. Ампуланың мойнын тері антисептигімен суландырылған мақта шаригімен жоғарыдан төмен қарай қозғалыспен тазартыңыз. Қолданылған мақта шариктерін қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. 7. Ампуланың тар жіңішке бөлігін егеуішпен кесіңіз. 8. Мақта шаригімен ампуланың мойнын орап алып, кесетін жерді сүртіп, ампуланы ашыңыз, оны өзіңізден жылдам қозғалыспен сындырыңыз. Ампуланың сынығын және пайдаланған мақта шариктерін кауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. 9. Сол қолдың II және III саусақтары арасына ашылған ампуланы алыңыз, оның ашылған бөлігі алақанның ішінде болуы керек.
  • 17. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ- 05.1.7-07.8 нұсқа 14 32 беттің 17-ші беті 10. Оң қолға құрастырылған шприцті алыңыз. II саусақпен-иненің канюласын, I, III, IV – цилиндрді, V – поршенді ұстаңыз. 11. Инені абайлап ампулаға 0,5 мм ұзындыққа оның шетіне тигізбей енгізіңіз, сол қолдың IV саусағы канюляда, ал I және V саусақтарғы цилиндрде. Оң қолмен поршенді төмен қарай тартып, шприцке қажет мөлшердегі ерітіндіні сорып алыңыз, кадағалаңыз, ине үнемі ерітіндіде батырулы болуы керек. 12. Шамамен сұйықтың азаюы бойынша ампуланың түбін жоғары көтеріп дәрілік ерітіндіні ақырын сорып алыңыз. 13. Ерітіндіні сорып алған соң инені ауыстырып, иньекцияға арналған инені кигізіңіз. Бір рет қолданылатын шприцпен жұмыс істегенде, ораудағы басқа залалсыздандырылған инені пайдалаңыз. 14. Сол қолмен шприцті қатаң тіке қалыпта, көз деңгейінде, инесін жоғары қаратып ұстаңыз, ауасын шығарыңыз. (V саусақ – поршенде, ІІ – иненің канюлясында, I, III, IV саусақтар – цилиндрде). 15. Оң қолдың үлкен саусағымен поршенді басыңыз, II және III саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып ұстап, иненің өткізгіштігін тексеріңіз ауаны және 1-2 тамшы дәрілік ерітіндіні ығыстырып шығарыңыз. Қорғаныш қалпағын инеден алмаймыз. 16. Шприцті дәрілік ерітіндісімен, тері антисептигімен суландырылған мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне салыңыз. 17. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Ампула Слайд № 10
  • 18. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ- 05.1.7-07.8 нұсқа 14 32 беттің 18-ші беті Слайд № 11 ФЛАКОННАН ДӘРІЛІК ЕРІТІНДІНІ СОРЫП АЛУ Мақсаты: дәрілік ерітіндіні парентеральды жолмен енгізу. Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша. Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприцті, мақта шариктерін, қолғапты, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, лотокті, флакондағы дәрілік ерітіндіні, еріткішті, тері антисептигін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Дәрігер тағайындаған дәрілік затты қолға алып, ем тағайындайтын парақпен салыстырыңыз. 2. Дәрілік заттың атын, дозасын, көңіл қойып оқыңыз сақталу мерзімін және сыртқы көрінісін тексеріңіз 3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, тері антисептигімен қолыңызды өңдеңіз. Қолғапты киіңіз. 4. Орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қара). 5. Зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті алып, флаконның алюминий (күміс тәрізді) қақпағының ортанғы бөлігін ашыңыз. 6. Тері антисептигіне суландырылған мақта шаригімен флаконның резеңке тығынын сүртіңіз. Оны кептіріңіз. 7. Оң қолға құрастырылған шприцті алыңыз: II саусақты иненің канюлясында, I, III және IV саусақтарды – цилиндрде, V саусақты – шприц поршенінде ұстаңыз. 8. Шприцті 900 бұрышта ұстап отыра, флакон тығынының ортасын инемен тесіп, флаконға инені 0,5-1,0 см енгізіңіз, сол қолмен флаконды ұстаңыз. 9. Флаконның түбін жоғары қаратып көтеріп, сол қолдың II және III саусақтары арасында ұстай отыра, IV саусақ – канюляда, I және V саусақтарды шприцтің цилиндрінде ұстаңыз. Оң қолмен дәрілік ерітіндіні қажет мөлшерде сорып алыңыз.
  • 19. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ- 05.1.7-07.8 нұсқа 14 32 беттің 19-ші беті 10. Шприцті сорып алған дәрілік ерітіндісімен флакон инесінен алып тастаңыз, инъекцияға арналған инені шприцке кигізіп, оны бекітіңіз. 11. Шприцті сол қолға тік қалыпта көз деңгейінде инесін жоғары қаратып ұстаңыз: V саусақ – шприц поршенінде, II саусақ - иненің канюлясында, I, III және IV саусақтар – цилиндрде). 12. Оң қолдың үлкен саусағымен поршенді басыңыз, ІІ және ІІІ саусақтармен цилиндрдің жиегінен ұстаңыз. Иненің өткізгіштігін тексеріп, ауаны және 1-2 тамшы ерітіндіні шығарыңыз. Инеден қорғаныш қақпағын алмайды. 13. Дайындалған шприцті және тері антисептигімен суландырған мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне салыңыз. 14. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Ескерту: антибиотиктерді езу: № 1, 2, 3, 4, 5, 6 пункттерді жоғарыдан қараңыз. 7. Антибиотикті 1 мл 100.000 ЕД есебінен еріткішті шприцке сорып алыңыз. (антибиотиктерді еріту ережесін қараңыз). 8. Сол қолға құрғақ антибиотикті флаконымен, ал оң қолға шприцті еріткішпен алыңыз. 9. Шприцті 900 бұрышпен ұстай отыра, флакон ортасындағы тығынын тесіңіз. Шприцтегі ерітіндіні флаконға енгізіңіз. 10. Флаконды инесімен бірге шприцтен алып тастаңыз, инесіне жанастырмай антибиотик толық ергенше флаконды бірнеше рет сілкіңіз. 11. Қайтадан шприцті инеге жалғастырып, тағайындалған дозада антибиотикті сорып алыңыз. 12. Шприцті инесімен флаконнан алыңыз, инъекцияға инені ауыстырып, ауаны шығара отырып, иненің өткізгіштігін тексеріңіз, қорғаныш қақпағын шешпей, инеден 1-2 тамшы ерітінді бөлінуі керек. 13. Дайындалған шприцті және тері антисептигіне суландырған мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне салыңыз. 14. Антибиотиктің флаконын, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. 15. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Флакондар Слайд № 12
  • 20. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ- 05.1.7-07.8 нұсқа 14 32 беттің 20-ші беті Флаконнан дәрілік заттарды сорып алу Слайд № 13 БҰЛШЫҚ ЕТКЕ ИНЪЕКЦИЯНЫ ОРЫНДАУ Мақсаты: емдік - бұлшықет ұлпаларына дәрілік ерітіндіні енгізу. Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы. Қарсы көрсетілімдері: бұлшықет ұлпаларының атрофиясы, инъекция жасаған жерде терінің және тері асты майлы клетчаткаларының зақымдануы, дәрілік ерітіндіге аллергиялық реакциялар. Енгізілетін жерлері: бөксенің жоғарғы-сыртқы бөлігі, санның алдыңғы қыр беті ортаңғы бөлігі, иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігі. Асқынулар: иненің сынуы, жүйке бағанасынын зақымдануы, сепсис май эмболиясы (тамырдың бітелуі), абсцесс (іріңді ісік), инфильтрат (қатайған тін бөлігі), вирустік гепатит, АИТВ, аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок. Дайындаңыз: залалсыздандырылған: көлемі 5-10 мл бір рет қолданылатын шприцті, ұзындығы 40-60 мм инъекцияға арналған инені, мақта шариктерін қолғаптарды, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, тері антисептигін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз. 2. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оған енгізілетін дәрілік ерітінді туралы мәліметті беріңіз. 3. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуға көмектесіңіз: - бөксеге енгізгенде – ішімен немесе қырымен жатқызыңыз; - санға енгізгенде – арқасына жатқызып, аздап қана аяғын тізе буыннан бүгіңіз немесе отырғызыңыз; - иыққа енгізгенде – жатқызыңыз немесе отырғызыңыз. 4. Инъекция жасайтын жерді киімінен босатыңыз. 5. Инъекция жасайтын жерді анықтаңыз (бөксенін жоғарғы-сыртқы бөлігі). 6. Инъекция жасайтын жерді саусақпен басып тексеріңіз түйін және қатаюы болмау керек. 7. Гигиеналық деңгейде қолды жуып, қолыңызды тері антисептигімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз (стандартты қараңыз). 8. Шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз). 9. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз: шприцті бір рет қолданылатын ораудын ішіне салыңыз. (стандартты қара). 10. Қолғапты тері антисептигімен тазартыңыз. 11. Тері антисептигіне суландырылған екі мақта шариктерімен инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартыңыз: алдымен үлкен аймақты, сосын тұп-тура инъекция жасайтын
  • 21. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ- 05.1.7-07.8 нұсқа 14 32 беттің 21-ші беті жерді. Тері антисептигіне суландырған үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақ арасына салыңыз. 12. Оң қолға шприцті алыңыз: V саусақты иненін канюласына; II саусақпен шприцтің поршенінен ұстаңыз; I, III, IV саусақтарды цилиндрге қойыңыз (поршеннің сабы бос болуы керек). 13. Сол қолдың I және II саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін керіп бекітіңіз. 14. Бөксенің жоғарғы сыртқы бөлігіне инені енгізіңіз (шприцті теріге тік 900 бұрышпен ұстап), тері үстінен иненің ұзындығын 0,5 см-ден кем қалдырмаңыз. 15. Сол қолды поршенге көшіріп, II және III саусақтармен шприцтің цилиндірінің жиегінен ұстап, I саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз. 16. Тері антисептигіне суландырған мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз. 17. Оң қолмен инені жылдам қимыл-қозғалыспен шығарып алыңыз. 18. Теріден мақтаны алмай тұрып, инъекция жасаған жерге жеңіл уқалауды жасаңыз. 19. Қолданылған шприцтерді, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. 20. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Ескерту: - санның алдыңғы қыр беті ортаңғы бөлігіне инъекция жасағанда шприцті инъекция жасағандай ұстап инені 900 бұрышпен енгізеді, сондықтан ересектерге бөксе бұлшық еттеріне инъекция орындаған жөн. Инъекция орнын анықтау үшін оң қолды сан сүйегінің үлкен ұршығынан 1-2 см төменірек, ал сол қолды тізе тобығынан 1-2 см жоғары қою қажет, екі қолдың үлкен саусақтары бір сызықта орналасуы қажет. Инъекция орны болып 1-ші 2-ші саусақтар арасындағы аймақтың ортасы есептеледіСондықтан ересектерге бөксе бұлшық еттеріне инъекция орындаған жөн. Инъекция орнын анықтау үшін оң қолды сан сүйегінің үлкен ұршығынан 1-2 см төменірек, ал сол қолды тізе тобығынан 1-2 см жоғары қою қажет, екі қолдың үлкен саусақтары бір сызықта орналасуы қажет. Инъекция орны болып 1-ші 2-ші саусақтар арасындағы аймақтың ортасы есептеледі. -Бұлшықет инъекциясын дельта тәрізді бұлшықетке орындауға болады. Бұл аймақ енгізуге ыңғайлы болғанымен, көпшілік науқастарда ол жақсы дамымаған. Әдетте дельтатәрізді бұлшықетке аз мөлшерде ғана дәрілер енгізіледі (жиі вакциналар т.б.) Инъекцияны орындаған кезде кәрі жілік немесе шынтақ, жүйкелерінің, немесе иық артериясының зақымдалу мүмкіндігін ескеру қажет. Инъекция басқа инъекция түрлерімен салыстырғанда жайсыздық жағдайын туғызбайды және қан айналым бұзылуларының қауіпі төмен болып келеді. Дельтатәрізді бұлшықеттің ең тығыз аймағы төмендегідей анықталады: акромион өсіндісінен иыққа төмен қарай қолтық асты деңгейіне дейін сызық жүргізіледі. Ине сол сызықпен акромиальды өсіндіден 2,5-3,0см төменірекке енгізіледі. Кәрі жілік жүйкесі және иық артериясына жақын енгізуге болмайды. Инъекция орнын жақсы анықтау үшін науқастың қолын санына қоюына болады. Иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігіне бұлшық етке инъекция жасағандай шприцті тері астына инъекция жасағандай ұстап инені 900 бұрышпен енгізеді, сүйек қабын зақымдамау үшін; - майлы ерітінділерді, суспензияларды, басқа да дәрілік ерітінділерді енгізер алдында қан тамырларына иненің түспегеніне көзіңізді жеткізіңіз, сәл поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, егер де шприцте қан көрінсе (тамыр жарақаттанған), онда иненің қалпын өзгертіңіз, оны жоғары және шетке жылжытып тағы да ине қайда екенін тексеріңіз. Ине тамырда еместігіне көзіңіз жеткеннен кейін, дәрілік затты бұлшық етке енгізіңіз. Егер де шприцте тағы да қан көрінсе шприцті шығарып алыңыз және инъекцияны қайталаңыз, инені ауыстырып және басқа жағына енгізіңіз; - инъекция жасаған жерде инфильтрат пайда болмау үшін жылтқышты қойып, йодтан тор жасаңыз;
  • 22. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ- 05.1.7-07.8 нұсқа 14 32 беттің 22-ші беті - майлы ерітінділерді енгізер алдында, су моншасында t-37-380 С жылытыңыз. Слай д № 14 Бұлшықетке егу жасау техникасы Слайд № 15
  • 23. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ- 05.1.7-07.8 нұсқа 14 32 беттің 23-ші беті Иық аймағында бұлшықет инъекциясын жасау орнын анықтау. Слайд № 16 Сан аймағында бұлшықет инъекциясын жасау орнын анықтау. Слайд № 17 Стерильді қолғапты шешу ережелері: 1. Оң қол саусақтарымен сол қолғаптың шеттерін сыртынан ұстап қайыру керек; 2. Сол қолдың саусақтарымен оң қолғаптың шеттерін сыртынан ұстап қайыру керек; 3. Сол қолғапты шеттерін оң қолымен ұстап аударып шешу керек; 4. Сол қолмен оң қолғаптың шеттерін ішкі жағынан ұстап аударып шешу керек. Сол қолғап оң қолғаптың ішінде қалады. 5. Екі қолғап дез. ерітіндіге салынады. Ескерту: бір рет қолданылатын қолғаптар дезинфекциядан соң утилизацияланады.
  • 24. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ- 05.1.7-07.8 нұсқа 14 32 беттің 24-ші беті Стерильді қолғапты шешу Слайд № 18 V Студенттердің өзіндік жұмысына әдістемелік бағдар беру – 5 мин Студенттерді үш топшаға бөліп, орындау іс әрекеттерінің тапсырмаларын бекіту және дағдыларды орындауға қажетті заттарды дайындауға нұсқау беру. VІ Тәжірибелік тапсырмаларды орындаудағы студенттердің өзіндік жұмысы / 90 мин/ Тапсырма № 1 Қолды гигиеналық деңгейде тазарту, стерилді қолғапты кию - 2-3 мин Тапсырма № 2 Залалсыздандырылған бір рет қолданылатын шприцті жинастыру. - 10 мин Тапсырма № 3 Дәрілік затты ампуладан, флаконнан сорып алу. 15 мин Тапсырма № 4 Бұлшықет инъекциясын орындау (иық, сан фантомда көрсету). 30 мин Тапсырма № 5 Тест сұрақтарына жауап беру –15 мин І нұсқа 1. Асептика бұл............................................................................ 2. Майлы ерітінділерді енгізеді: А. тері ішіне В. тері астына С. көк тамырға Д. артерия ішіне Е. бұлшық етке 3. Инфильтраттың негізгі сипаттамасы: А. науқастың жалпы жағдайы нашар В. инъекция орнында жалпы ауырсыну, тығыздалу С. қара көк дақтың пайда болуы Д. инъекция орнының қызаруы Е. дене қызуының көтерілуі 4. Ампуладан дәрілерді сорып алуға қажетті затқа жатпайды: А. залалсыздандырылған шприц пен ине В. фурациллин С. пинцет Д. ампуладағы сұйық дәрі Е. спирт, мақта шаригі
  • 25. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ- 05.1.7-07.8 нұсқа 14 32 беттің 25-ші беті 5. Антибиотиктерді енгіземіз: А. тері ішіне В. тері астына С. күре тамырға Д. бұлшық етке, күре тамырға Е. тік ішекке 6. Бір рет қолданылатын шприцты жинастыру реті : А. шприцы бар орамды поршень жағынан ашыңыз В. иненің конюласын шприцтың конусына кигізіп, бекітіңіз С. шприцке дәрі сорып алыңыз, инені ауыстырыңыз Д. шприцы бар орамның мерзімін, бүтіндігін тексеріңіз Е. шприцтен ауасын шығарып, өткізгіштігін тексеріңіз 7. Бұлшық етке егу жасаған кездегі науқастың дене қалпы: А. төсекте аяқтарын ішіне бүгіп жатады В. төсекте етбетінен немесе бір қырынан жатады С. төсекте шалқасынан жатады Д. орындықта отырады Е. барлығы дұрыс 8. Бұлшық етке бір рет егілетін дәрінің мөлшері: А. 3-5 мл В. 0,5-1 мл С. 2-3 мл Д. 10 мл ден аспау керек Е. 10-15 мл 9. Дәрілерді парентеральды жолмен жіберудің артықшылығы: А. қарапайым әдіс В. ыңғайлы жіберіледі С. жай енгізіледі Д. дәл мөлшерде енгізіледі Е. арнайы көмекшіні қажет етпейді 10. Сәйкестікті анықтаңыз: Инъекция түрі : тері мен шприц арасындағы бұрыш: 1. тері ішіне а.45° 2. тері астына в. 90° 3. бұлшықетке с. 5° ІІ – нұсқа 1. Майлы ерітінділерді ......................жылыту керек. 2. Ампуладан дәрілерді сорып алу үшін керекті заттар: А. система, шприц, флакон В. ампула, бір рет қолданылатын шприц, 70% спирт, кескіш, мақта шариктері С. шприц Жане, ампула, мақта спирт Д. пинцет, Дюфо инесі, мақта шариктері, спирт Е. мөлшері белгіленген ыдыс, шприц, ине, мүсәтір спирті 3. Қолды гигиеналық деңгейде өңдеу үшін қолданылатын антисептикалық ерітіндіге жатады : А. хлоргексидин, йод, сутегінің асқын тотығы В. этил спирті, бор қышқылы
  • 26. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ- 05.1.7-07.8 нұсқа 14 32 беттің 26-ші беті С. септаксин, йод Д. хлоргексидин, этил спирті, иод Е. эрисан, септаксин 4. Инъекция кезінде иненің сынуы мүмкін: А. инъекция орнын дұрыс таңдамағанда В. жамбас бұлшық еті кенет жиырылғанда С. майлы ерітіндіні бұлшық етке салғанда Д. шприцте ауа қалып кеткенде Е. тамырға инъекция жасағанда 5. Шприц пен инелердің зарарсыздандырылуы, залалсыздандырылуы дұрыс болмаған жағдайда пайда болады: А. ішек инфекциялары В. стерптококк,стафилококк С. Кох таяқшасы Д. вирусный гепатит, ЖИТС Е. сепсистік инфекция 6. 1,0 г пенициллинді 1:1 қатынаста еріту үшін қажет болған еріткіш мөлшері: А. 2 мл В. 10 мл С. 2,5 мл Д. 5 мл Е. 1 мл 7. Инфильтраттың негізгі сипаттамасы: А. науқастың жалпы жағдайы нашар В. инъекция орнында жалпы ауырсыну, тығыздалу С. қара көк дақтың пайда болуы Д. инъекция орнының қызаруы Е. дене қызуының көтерілуі 8. Бұлшықетке егу жасағанда ине сыртта теріде қалады : А. сыртта 3 см қалады В. сыртта 2 см қалады С. сыртта 1 см қалады Д. сыртта 4 см қалады Е. сыртта 5 см қалады 9. 0,5 г Антибиотиктерді 2:1 қатынаста еріту үшін қажет болған еріткіш мөлшері: А. 2 мл В. 5 мл С. 10 мл Д. 2,5 мл Е. 6 мл 10. Сәйкестікті анықтаңыз: Инъекция түрі Енгізілу орны 1. Тері ішіне А. жамбастың жоғары сыртқы квадранты 2. Тері астына В. білектің ішкі ортаңғы бөлігі 3. Бұлшықетке С. иықтың сыртқы ортаңғы бөлігі
  • 27. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ- 05.1.7-07.8 нұсқа 14 32 беттің 27-ші беті ІІІ – нұсқа 1. Дәрілерді парентеральды жолмен енгізу бұл............................................... 2. Бұлшықетке егу жасағанда іс- әрекеттердің реттілігін анықтаңыз: А. егу жасайтын орынды спирттелген екі мақтамен өңдеңіз В. қолыңызды өңдеп, шприцты алып дайындаңыз С. инені алып, дәрі жіберген орынды мақтамен басыңыз Д. шприцты тік ұстап, инені бұлшықетке енгізіңіз Е. науқасты кушеткіге жатқызыңыз 3. Бұлшық етке егуге қарсы көрсетпелерге жатады, тек біреуінен басқалары: А. бұлшық еттің атрофиясы В. ине егу орнында тері жарақаты С. ине егу орнында тері асты май қабатының жарақаты Д. дәрілік затқа аллергиялық реакция болғанда Е. қатты ауырсынудың байқалуы 4. Бұлшықетке егу жасайтын анатомиялық орын : А. жауырын асты В. білектің ішкі ортаңғы бөлігі С. иықтың жоғарғы сыртқы бөлігі Д. жамбастың жоғарғы сыртқы бөлігі Е. кіндік айналасына 5. Майлы ерітінділер енгізіледі : А. тері ішіне В. бұлшықетке С. күре тамырға Д. артерия тамырға Е. жұлынға 6. Инфильтрат пайда болғанда көрсетілетін көмек: А. салқын компресс қою керек В. тек хирургиялық жолмен емдеу керек С. инъекция орнына жылы компресс Д. мұзды мұйық қоюға болады Е. салқын компресс қоюға болады 7. Бұлшық етке егу жасаған кездегі науқастың дене қалпы: А. төсекте аяқтарын ішіне бүгіп жатады В. төсекте етбетінен немесе бір қырынан жатады С. төсекте шалқасынан жатады Д. орындықта отырады Е. барлығы дұрыс 8. Егу жасар алдында майлы ерітіндіні жылытады : А. 25°С- ке дейін В. 35° С- ке дейін С. 38° С- ке дейін Д. 40° С- ке дейін Е. 42° С- ке дейін 9. Инъекциядан кейінгі абсцесс дегеніміз: А. жұмсақ ұлпаның іріңді қабынуы В. инъекция орнының қатаюы
  • 28. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ- 05.1.7-07.8 нұсқа 14 32 беттің 28-ші беті С. нервтің зақымдануы Д. ұлпаның өлі еттенуі Е. тамырдың қабынуы 10. Сәйкестікті анықтаңыз: Инъекция түрі : шприц пен инелер: 1. тері ішіне а. 5мл шприц және ұзындығы 60-80мм ине 2. тері астына в. 1-2мл шприц, ұзындығы 15мм ине 3. бұлшықетке с. 1-2мл шприц, ине 20мм Жауаптар эталоны : І – нұсқа ІІ – нұсқа ІІІ – нұсқа 1-ағзаға микробтарды түсірмеу үшін 1 - 38С жылыту 1 – тері ішіне,тері астына,б/е дәрі алдын ала жасалатын шаралар енгізу 2 – Е 2 –В 2 – В, Е, А, Д, С 3 – В 3 – Е 3 – Е 4 – В 4 – В 4 – Д 5 – Д 5 – Д 5 – В 6 – Д, А, В, С, Е 6 – В 6 – С 7 – В 7 – В 7 – В 8 – Д 8 – В 8 – С 9 – Д 9 – Д 9 – А 10 – 1- с 10 – 1 –в 10 – 1 – в 2 – а 2 – с 2 – с 3- в 3- а 3 – а Тапсырма 6 Ситуациялық есептерді шешу- 20 мин Ситуациялық есеп № 1. Науқас Есенов А., 38 жаста, неврологиялық бөлімшеде стационарлық ем қабылдауда. Дәрігер науқасқа антибиотиктер тағайындаған. Науқастың қозғалыс белсенділігі толығымен жойылған. Тапсырма: 1. Науқастың мәселелерін анықтаңыз. 2. Бұл жағдайда қай жерге антибиотик енгізуге болады? 3. Дене биомеханикасы ережелерін сақтаған жағдайда науқасты Симс қалпына жатқызыңыз. 4. Дәрігердің тағайындау парағынан тағайындалған антибиотикті қажет мөлшерде бөксе аймағына енгізіңіз. Ситуациялық есеп № 2. Науқас Бейсенова Н., гинекология бөлімшесінде емделеді, оң жасбас аймағында ауырсынуға, оң қырымен жата алмайтынына, отыру кезінде жайсыздыққа шағымданады. Жергілікті қарау кезінде бөксенің жоғарғы аймағында тығыздалу және ауырсыну анықталады. Науқасқа бір неше күн антибиотик, дәрумендер және синэстролдың майлы ерітіндісі енгізілген. Науқаспен әңгімелесу кезінде медбике синэстролды жылытып енгізгенін, ал қалған екі инъекция алдын ала дайындықсыз жүргізгенін анықтады. Науқас бұл жағдайдан қатты мазасызданатынын және асқынулардан қорқатынын айтты. Тапсырма: 1. Науқастың мәселелерін анықтаңыз.
  • 29. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ- 05.1.7-07.8 нұсқа 14 32 беттің 29-ші беті 2. Науқастың бұл жағдайының себебін анықтаңыз. 3. Майлы ерітіндіні дайындап, бұлшықетке енгізіңіз. 4. Жылытқыш, қыздырма компресті науқасқа дайындаңыз. Жауаптар эталоны: Ситуациялық есеп № 1. 1. Науқастың мәселелері: қимыл белсенділігінің жоғалуы, тамақтану бұзылыстары, бөлу қажеттілігінің бұзылуы, өзіндік күтім жасау тапшылығы. 2. Бұлшықетке инъекция жасауға болатын анатомиялық орындар: бөксенің сыртқы жоғарғы квадранты, иыққа дельтатәрізді бұлшықетке, санның латералды бұлшықетіне. Бұл жағдайда бұлшықет инъекциясын санның латералды бұлшықетіне орындауға болады. 3. Науқасты бір қырымен, содан соң Симс қалпына жатқызу алгоритмі: НАУҚАСТЫ СИМС ҚАЛПЫНА ЖАТҚЫЗУ (ішіне және қырына жату қалпы аралығындағы жағдай) Науқасты жатқызу екі мейірбикемен орындалады. Мақсаты: төсекте жайлы қалып жасау. Қолдану көрсетілімдері: төсектегі еңжарлы және еріксіз науқас қалпы, ойылудың алдын алу. Дайындаңыз: 3 жастықты, валикті, аяққа арналған тіреуді (құмы бар қап), функциональды немесе жәй кереуетті. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа жатқызу мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз. 2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз. 3. Науқастың жағдайын және оның жағынан басқа жаққа ауысуына көмектесу мүмкіндігі барлығын бағалаңыз. 4. Кереуеттін тежеуін (тормызын) бекітіңіз. 5. Мейірбике тұрған қыр жағындағы порученді түсіріңіз (егер де ол болса). 6. Кереуеттің бас жағына көлденең қалыпты беріңіз. 7. Науқасты арқасымен жатқызып кереуеттің шетіне жылжытыңыз. 8. Қырына және жартылай ішіне жату қалпына науқасты ауыстырыңыз. 9. Науқастың басының астына жастықты салыңыз (мойынның қырына иілуін алдын ала ескертеді). 10. Шынтақ және иық буынынан 900 бұрышпен бүгілген «жоғарғы» қолы астына жастықты салыңыз, «төменгі» қолды бүктірмей төсекке салыңыз (науқастың дене биомеханикасын дұрыс сақтау. Науқастың денесін түзету және иықтың ішіне қарай бұрылуын болдырмау). 11. «Жоғарғы» бүгілген аяқ астына жастықты салыңыз, «төменгі» сирақ санның төменгі үшінші бөлігі деңгейінде болуы керек (тізе буындары және тобық аймақтарындағы ойылудың алдын алу, санның ішке қарай бұрылуын және аяқтың созылуын алдын ала ескерту). 12. Табанға арналған тіреуді (құмы бар қапты) аяқтың табанына 900 бұрышпен қойыңыз (яқтың сыртқы бүгілуін дұрыс қамтамасыз ету және олардың салбырауын алдын ала ескерту).
  • 30. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ- 05.1.7-07.8 нұсқа 14 32 беттің 30-ші беті 13. Науқастың денесінің түзелуін тексеріңіз. 14. Науқастың ыңғайлы жатуына көзіңізді жеткізіңіз. Ақ жайманы түзетіңіз. 15. Тұтқаларды көтеріңіз. 16. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. 4. Тағайындау парағында ампициллин 1,0г мөлшерде тәулігіне 4 рет тағайындалған. Флакондағы ұнтақ 2:1 қатынаста 5 мл 0,25% немесе 0,5% новокаин ерітіндісімен ерітіледі, бұлшық етке егіледі. (стандартты қараңыз) Ситуациялық есеп № 2. 1. Науқастың мәселелері- жайлылықтың бұзылуы (оң жақ жамбас аймағында ауырсыну); 2. Себебі инфильтрат; 3. Майлы ерітінділерді енгізу ерекшеліктері: майлы ерітінділер бұлшықетке 38С-ке дейін су моншасында жылытылып немесе алақанда ысқылап енгізіледі, инъекциядан соң орнына жылытқыш немесе қыздырма компресс қойылады. 4. Жылытқыш, қыздырма компрессті науқасқа қою стандарттары: ЖЫЛЫТҚЫШТЫ ҚОЛДАНУ Мақсаты: дене учаскелерін жылытып, қанмен толуын күшейту, жергілікті қыздыру әсері. Қолдану көрсетілімдері: қызбаның І және ІІІ кезеңдерінде, инъекциядан кейінгі болатын инфильтратта (түйіндерде), жұлынның белдегі түбірінің қабынуы (радикулитте), ұлтабарды сүңгілегенде, соғып алудың 2 тәулігінде, невритте, невралгияда. Қарсы көрсетілімдері: іш қуысының жедел қабыну және ауруы процесі, қатерлі ісіктер, қан кету, соғып алудың бірінші тәулігінде, тері бетінің бүтіндігінің бұзылуында, іріңді жарада. Асқынулар: күйіп қалу, денеде дақ болу. Қоятын жерлері: инфильтрат аймағы, бел аймағы, балтыр бұлшық ет аймағы, оң жақ қабырға асты аймағы. Дайындаңыз: резеңке жылытқышты (1,5-2л), су (t-60-700 С), сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, шүберекті (2 салфетканы жылыткыштың сыртын зарарсыздандыру үшін), су термометрін. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның емшара жасауға рұқсатын алыңыз. 2. Жылытқыштың 2/3 көлеміне ыстық суды (t-60-700 С) құйыңыз. 3. Жылытқыштың мойынынан қысып ауасын шығарыңыз (мойынында су пайда болғанша), тығынын бұрап бекітіңіз. 4. Жылытқышты тығынын төмен қаратып төңкеріп, саңылаусыздығын тексеріңіз. Жылытқышты сүлгімен құрғатып сүртіңіз. 5. Жылытқышты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз. 6. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. 7. Жылытқышты дененің қажетті учаскесіне қойып, оны салқындағанша ұстаңыз. 8. Жылытқышты алып, оны ашып суын төгіңіз. 9. Науқастың терісін қараңыз (жылытқыш қойылған жерде тек қана жеңіл желпі қызару болуы керек).