SlideShare a Scribd company logo
1 of 32
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ШЖҚ «ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ» КМК
АШЫҚ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУІ
Мамандығы: «Медбикелік іс »
Пән: «Медбикелік іс негіздері »
Такырыбы: «Медбикелік үрдіс. Медбикелік күтімін ұйымдастырумен
орындаудың ғылыми әдісі».
Құрастырған:
А. К. Сейсекенова
Павлодар, 2016 ж/г
Сабақ жоспары
Өткізу күні: 21.11. 2016 ж.
Топ:31
Мамандығы:«Медбикелік іс»
Сабақтың тақырыбы -«Медбикелік үрдіс. Медбикелік күтімін ұйымдастырумен
орындаудың ғылыми әдісі»
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімдік: Оқушыларды медбикелік үрдіс және медбикелік күтімін ұйымдастыру
әдістеріне бейімдеу.
2. Дамытушылық: Медбикелік үрдіс бойынша студенттердің білімдерін дамыту,
талдау, салыстыруды жүргізу, қажетті қорытынды шығарабілу біліктерін дамытуға
мүмкіндік туғызу.
3. Тәрбиелік: Өз пікірін дәлелдей білу, өзарақарым-қатынас жасау мәдениетін
дамытуға, өздік өқу жұмысынақажетті дағдырлардыигеругемүмкіндік туғызу.
Сабақ типi: Білімді, ұсталықтарды және дағдырлардынығайту және жетілдіру сабағы.
Сабақтың өткізуформасы:практикалық.
Өткізу әдіс-тәсілдері:көрнекілік, мәселелік, ауызша.
Пән аралық байланыс Терапия, латын тілі, физиология, анатомия, патологиялық
физиология, ішкі аурулар пропедевтикасы.
Пән ішілік байланыс:«Науқастың жағдайын бағалау», «Тыныс алу қызметі бұзылған
кездегі медбикелік үрдіс», «Жүрекқан тамыр жүйесінің қызметі бұзылғанкездегі
медбикелік үрдіс», «Асқорытужүйесінің қызметі бұзылғанкездегі медбикелік
процесс», «Ішекқызметі бұзылғанкездегі медбикелік үрдіс», «Зәр шығыружүйесінің
бұзылғанкездегі медбикелік үрдіс», «Эндокриндік жүйе қызметібұзылғанкездегі
медбикелік үрдіс».
Құрал-жабдықтар, көрнекі кұралдар
а) техникалық құралдар:компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: тонометр, фонендоскоп, градусник,
медбикелік ауру тарихы, жұмыс дәптері.
Өткізілетін орны: № 29 кабинет
Әдебиет: С.Қ. Муратбекова«Мейірбике ісі негіздері», – Астана, 2007. б 332-342
Момынов Е.Ә., Тойшиева Г.Т., Ешова Г.А.Мейірбике ісінің негіздері, 98-101
Сабақ ұзақтығы 180 мин.
САБАҚТЫҢ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ
Сабақ бөлімдерінің атауы Уақыты –
180 мин.
1 ҰЙЫМДАСТЫРУ –МАҚСАТТЫҚКЕЗЕҢІ 5 мин.
2 ОПЕРАЦИЯ-ТАНЫМДЫҚ КЕЗЕҢІ 25 мин.
2.1 Теориялықбілімнің актуализациясы 20 мин.
2.2 Оқу жұмысыныңмотивациясы 5 мин.
3 ЖАҢА БІЛІМДІ, БІЛІК ПЕН ДАҒДЫЛАРДЫ
МЕҢГЕРУ
40 мин.
3.1 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІКТЕРІНЕН ІСТЕЙТІН
ЖҰМЫС
55 мин.
5 ЖАҢА БІЛІМДІ, БІЛІК ПЕН ДАҒДЫЛАРДЫ БЕКІТУ
КЕЗЕҢІ
40 мин.
6 РЕФЛЕКСИВТІ-БАҒАЛАУ КЕЗЕҢІ 5 мин.
7 САБАҚТЫҢҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІ 10 мин.
7.1 Сабақты қорытындылау 7 мин.
7.2 Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру 3 мин.
САБАҚ БАРЫСЫ
Ұйымдастыру- мақсаттық кезеңі - 5 мин.
Мақсаты: студенттерді откізілетін сабаққа дайындау, тақырыптың атауы мен
мақсаттарың қою
Оқытушының іс-әрекеті Студенттердін іс-әрекеті
Ұйымдастырукезеңі
• Сабақ мақсаттарын қою
• Студенттердің оқу жұмысы бойынша
мотивациясы
• Сабақта оқу жұмыстарынұйымдастыру
Мақсаттық кезеңі
• Эмоциялықкүйдіжасау (қосымша № 1)
• Білімін тексеру үшін студенттерді
психологиялықдайындау
• Тақырыптыңөзектілігіне назар аудару
• Студенттерді қызықтыру
• Оқытушыны ұқыпты тыңдау
• Сабақ бойынша жауап беруге
дайын болу
2. Операция-танымдық кезеңі– 25 мин.
2.1 Теориялық білімнің актуализациясы -20
Мақсатты:Тақырыпбойынша студентттердің білімді меңгеруінің бақылау деңгейін
анықтау.
Оқытушының іс-әрекеті/ Студенттердін іс-әрекеті/
Тақырыпбойынша студенттердің білімді
меңгеруінің бақылау деңгейін өткізу:
«Парентеральдықтамақтануды қолдану.
Жасанды тамақтандырудың әдістері».
(№ 1 қосымша)
Қойылған сұраққа жауып
береді,тапсырманы орындайды, бір
бірінің жауаптарының дұрыстығын
қадағалайды.
2.2. Оқу жұмысының мотивациясы -5 мин.
Мақсатты: студенттерді тақырып бойыншақызығушылығыңояту.
Оқытушының іс-әрекеті/
Деятельность преподавателя
Студенттердін іс-әрекеті/
Действия студентов
Берілген тақырыптың маңыздылығын
белгілеу. Студенттерді тақырыптың
өзектілігімен қызықтыру; толық сабақ
барысындажағымды эмоциялардықұру.
Жұмысқа деген ынтасын,ойлау
қабілеттілігін арттыру.
Қазіргі заманда мейірбикелік үрдіс мейірбикелік білім берудегі өзегі болып
табылады және Қазақстандағы мейірбикелік күтімінің теориялық ғылыми базасын
құрайды.
Мейірбикелік үрдіс – мейірбике мен пациент қарым-қатынасындакүтім көрсету
мақсатында туындайтын мәселелер жағдайын анықтайтын жүйелі жолы болып
табылатын мейірбикелік машықтанудың ғылымиәдісі.
Мейірбикелік үрдістің мақсаты пациент ағзасының негізгі қажеттілігін
қанағаттандырудағы тәуелсіздігін қолдау және қалпына келтіру болып табылады.
3. Жаңа білімді, білік пен дағдырларды меңгеру– 40 мин.
Мақсатты: Оқытушы оқу материалдарың түсіндыру, медбикелік іс бойынша негізгі
модельдерін шешу
Оқытушының іс-әрекеті Студенттердін іс-әрекеті
• Оқу материалын түсіндіру.
• А.Маслоу, В.Хендерсон, Д.Орем
бойынша медбикелік істің негізгі
модельдерін студенттерге еске
түсіруге ұсынады.
(қосымша № 2)
• Студенттер берілген
материалдарды дәптерлеріне
толтыру.
• А.Маслоу, В.Хендерсон, Д.Орем
бойынша үйге берілген негізгі
модельдердітүсіндіреді.
4 Студенттердің өздік жұмысы – 55 мин.
Мақсаты: эксперттік топтардыңжұмысынұйымдастыру.
Оқытушының іс-әрекеті Студенттердін іс-әрекеті
1.Оқытушы топтарды экспертті
топшаларға бөледі.
2.Әр топшаға тапсырма береді.
3.Дұрыс орындауынқадағалайды.
4.Студенттерге жұмыс дәптерлерді
ұсынады.
(қосымша№ 3)
1.эксперттік топтар пациенттерді
қабылдайды, субъективтік және
объективтік зерттеуін өткізеді;
2.Аурудың медбикелік тарихын
толтырады;
3.Науқастың мәселесін анықтайды.
5 Жаңа білімді, білік пен дағдыларды бекіту– 40 мин.
Мақсаты: бекіту мақсатымен жағдайлық тапсырмаларды орындау.
Оқытушының іс-әрекеті Студенттердін іс-әрекеті
1. Студенттерге тақырып бойынша
жағдайлық тапсырмалар ұсынады.
2. Бір студентті эксперт ретінде
таңдайды.
3. Экспертпен бірге топтарды
бағалауды жүргізеді.
(қосымша № 4)
1.Тапсырмалардыңшешімін табады;
2. Жағдайды рөлдергебөлініп көрсетеді;
3. Дұрыс жауабынұсынады.
6 Рефлексивтібағалаукезеңі/рефлексивно-оценочный этап – 5 мин
Мақсаты:оқытушылармен кері байланыс, туындаған қателіктермен қиыншылықтар
талқылынады. Студенттердін тақырыпты меңгеру сапасын , анықтауы , талқылау
бойынша бағалауды өткізу.
Оқытушының іс-әрекеті Студенттердін іс-әрекеті
Оқытушы сұрақтар қояды,
студенттердің тапсырманы
орындау сапасы мен білімдерін
қорытындылайды, жіберілген
қателіктерді түзетеді, тақырып
бойынша жалпы қорытынды
жасайды
Сұрақтарға жауап береді, шешім
қабылдайды, сабақ барысында пайда
болған қиындықтар мен мәселелер
бойынша өз ойын білдіреді және
нақтылайды,
7 Сабақтыңқорытынды кезеңі – 10 мин.
7.1 Сабақты қорытындылау– 7 мин.
Мақсаты; студенттерге сабақта алған бағалары хабарланады. Сабақтың қорытындысы
өткізіледі.
Оқытушының іс әрекет Студенттердін іс әрекеті
Сабақтың қорытындысын
жүргізеді, алынған бағаларды
талқылайды, белсенді
студенттерге жағымды сөз
айтады, топтың дайындығына
жалп баға береді.
Қосымша№ 5
Өздерін мүмкіншіліктер бойынша
бағалайды
7.2 Үй тапсырмасыбойынша мәліметберу – 3 мин.
Оқытушының іс-әрекеті/
Деятельность преподавателя
Студенттердін іс-әрекеті/
Действия студентов
Хаттағы тапсырмаларды тарату
үшін кезекші пошташыны
белгілейді. (қосымша№ 6)
Конверттердіашады;
Әрбір студент өз үй жұмысынқарайды.
Қосымша № 1
Жағымды эмоционалды күй жасау үшін оқытушы студенттерді шенберге
тұруларынсұрайды. Бір бірінің бетіне қарап, бүгінгі күнге саттылық, жаксы қөніл күй
тілейлі. Содансоңстуденттер орындарынауыстырып, өзіннің тілегін басқаларға
тілейді.
Қосымша № 2
Оқытушы студенттерді 4 эксперті топқабөліп,карточкалар
тапсырмалардыбереді. Әр эксперттітопша3 баллдық жүйемен
бағаланады.Бір студентті бағалаужүйесінеэксперт ретіндеқояды.
Бірінші экспертты топқа арналған тапсырмалар:
«Пациенттерді зонд арқылы тамақтандырудың мақсаттарың, көрсеткіштерімен
қарсы көрсеткіштерін айтып берініз».
Екінші экспертты топқа арналған тапсырмалар:
«Пациенттерді гастростомаарқылы тамақтандырудың мақсаттарың,
көрсеткіштерімен қарсы көрсеткіштерін айтып берініз».
Үшінші экспертты топқа арналған тапсырмалар:
«Пациенттерді зонд арқылы тамақтандырудың техникасын көрсетініз».
Төртінші экспертты топқа арналған тапсырмалар:
«Пациенттерді гастростомаарқылы тамақтандырудың техникасын көрсетініз».
Қосымша № 3
Адамның негізгі қажеттіліктері
Адамның өмір сүруікөп факторлармен байланысты: экономикалық, әлеуметтік,
психологиялық, рухтық қажеттерден. Қажеттік деген психологиялық немесе
физиологиялықұғыну түрде бір нәрсенің жетіспеушілігі адамныңтүсінуіне тойтарыс
етеді, өзінің өмір бойы бастан кешуі. Қажеттіктің пайда болуы адамды белсендікке
шақырып, мінезінің себебі түрінде болады.
Айналадағы қоршаған ортамен үйлесімді түрде өмір сүру үшін адамға үнемі
өзінің қажеттігін қамтамасыз ету керек, салауатты өмір сүруін сақтау, әлеуметтік,
мәдениеттік, айналамен үйлесімді өмір сүру, материалдық рухтың байлығын көтеру.
Мейірбикелік үрдісінің әрбір кезеңінің мазмұны
Қазіргі заманда мейірбикелік үрдіс мейірбикелік білім берудегі өзегі болып
табылады және Қазақстандағы мейірбикелік күтімінің теориялық ғылыми базасын
құрайды.
Мейірбикелік үрдіс – мейірбике мен пациент қарым-қатынасында күтім көрсету
мақсатында туындайтын мәселелер жағдайын анықтайтын жүйелі жолы болып
табылатын мейірбикелік машықтанудың ғылымиәдісі.
Мейірбикелік үрдістің мақсаты пациент ағзасының негізгі қажеттілігін
қанағаттандырудағы тәуелсіздігін қолдау және қалпына келтіру болып табылады.
Мейірбикелік үрдістің мақсатына жету келесі мәселелерді шешу арқылы жүзеге
асады:
- Пациент туралы ақпараттар базасынқұру.
- Мейірбикелік күтім көрсетудегіпациенттің қажеттілігін анықтау.
- Мейірбикелік қызмет көрсетудегімаңыздылығынкөрсету.
- Күтім жоспарынқұру, яғнимейірбикелік күтімді тікелей және жанама
көрсетіп отыру.
- Пациентті күту және күтім көрсетудегімақсатқа жетудегі нәтижесін
бағалау.
Мейірбикелікүрдістің кезеңдері, оның өзара байланыстығы,
және әрбір кезеңнің мазмұны
Мейірбикелік үрдістің негізгі бес кезеңі бар:
I кезең - мейірбикелік тексеріс немесе пациенттің қажеттілігін анықтау үшін және
мейірбикелік күтімге керекті ресурстар жағдайларынбағалау.
II кезең - пациенттің мәселелерін анықтау. Бұл кезеңді пациент жағдайын
мейірбикелік диагностикалау деп атауға болады.
III кезең - пациентке қажетті көмектерді жоспарлау.
IV кезең – жоспарды жүзегеасыру
V кезең – мейірбикелік күтімінің қорытынды бағасыншығару.
Мейірбикелік үрдістің құжаттары пациенттің жағдайын бақылау картасында
жүргізіледі.
Мейірбикелік үрдісінің әрбір кезеңінің мазмұны
Мейірбикелік үрдістің I-ші кезеңі - пациенттің жағдайын бағалау. Ол үшін
мейірбике тексеріс әдістерін қолдана отырып керектіақпараттардыжинайды:
1. Субъективтімәліметтер - оныңішінде физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік,
сонымен қатар төлқұжаттық мәліметтер, дәрігер диагнозы, қазіргі уақыттағы
шағымдары.
2. Объективтік мәліметтер - бойы, дене салмағы, жүзінің өзгерісі, сана-сезімі,
жүрісінің өзгерісі, төсектегі жағдайы, тері қабығының жағдайы, дене қызуы, демі,
тамыр соғысы, қан қысымы, табиғиқызмет атқаруы, т.б. мәліметтер.
3. Пациенттің психоәлеуметтік жағдайын бағалау: бақылудағы мінез құлқын
сипаттау, эмоционалдық өрісінің динамикасы, әлеуметтік - экономикалық
мәліметтерді жинау, қауіп-қатер мәнбірлерін, денсаулыққа әсер ететін айналадағы
қоршаған ортаныңмәліметтерін анықтау.
Мейірбикелік үрдістің IІ-ші кезеңі - диагностикалаунемесе пациенттің
Физиологиялыққажеттілігі - демалысы, тағамдық, жыныстық, өз-өзінқорғау.
Сенімділік қажеттілігі - материалды сенімділікке, денсаулыққа, қартаюды
қамтамасыз етуін ыңғайлау.
Әлеуметтік қажеттілігі - қоғамдыққарым - қатынастар.
Өзінің адамгершілігін, өзіне деген құрметті сезіну.
Жекелік даму қажеттілігі, өз-өзін өмірде бағыттап, өз ой-пікірі.
Сондықтан мейірбике пациенттің қамтамасыз етілмеген қажеттілігін анықтап
отыруы керек және мейірбикелік үрдістіқолданып, көмек көрсетуі тиіс.
Мейірбикенің мақсаттары:
1. Жағдайын бағалау, пациенттің психоэмоциалдық жағдайының өзгеру себебін
анықтау.
1. Пациенттің мәселесін табу немесе мейірбикелік тексеріс жүргізу.
2. Керекті көмекті жоспарлау.
Пациенттің жағдайын бағалау
Пациенттің жағдайдынбағалау үшін ақпараттар жинау маңызды. Пациенттер туралы
мәліметтер толық және анық болуы керек. Пациенттің денсаулық жағдайының
хабарлығын әр түрлі әдіспен және әр түрлі қайнар көздері арқылы жинауға болады:
пациенттерден, жанұя мүшелерінен, кезекшілер мүшелерінен, медициналық
құжаттардан, физикалық тексерістен, диагностика тестілерінен т.б. Мейірбикелік
тексеріс пациенттен сұрау арқылы басталады, бұл кезде мейірбике пациенттің
физикалық денсаулығы туралы, психологиялық, әлеуметтік, эмоцияналдық, рухтың,
ойын мәлімдеп алады, пациенттің ерекшелігін, негізін, бет әлпетін, оның пікірін
біледі. Субъективтік, объективтік әдістер қолдана отырып, керекті ақпаратар
алғаннан кейін, мейірбике оны талдайды:
1. Күтім жоспарынқұрмастанбұрынпациент туралы толық мәлімет алу.
2. Адамның қалыпты жағдайын, жағымды жақтарын анықтау.
3. Күтім көрсетудегіадамның қамтамасыз етілмеген қажеттіліктерін анықтау.
4. Пациенттпен нәтижелі қатынас жасау және ынтамақтастыққа шақыру
5. Пациентпен күтім ерекшілігін және күту нәтижесін талқылау
6. Пациенттің қажеттілігін есепке алып, оған ыңғайлы жағдайды қамтамасыз ету
7. Құжаттарды толтыру
8. Жаңа мәселенің пайда болуына жол бермеу
Мәліметтержинауға немесе субъективтік тексерістергекіреді:
- пациенттің толық құжаттық мәліметтері
- дәрігер диагнозы
- қазіргі уақыттағы шағымдары
- ауру тарихы: әлеуметтік жағдайы, өмір баяны, аллергологиялықанамнезі,
гинекологиялықжәне эпидемиологиялықанамнезі.
- ауруын сипаттау, оның қалай, қай жерге әсер ететінін анықтау
Объективтік тексерунемесеауруханаға келген пациенттің
жағдайын бағалау:
- Физиологиялықмәліметтер: бойы, салмағы, ісіктер.
- Бет жүзінің өзгерісі: ауырсынған, домаланған, қайғылы, өзгеріссіз, салмақты,
немқұрайсыз.
- Сана сезімі: есі дұрыс, есін білмейді, анық сана сезімі, ступор, сопор,кома.
- Төсектегіжағдайы: белсенді, енжарлы, ыңғайлы.
- Терісінің және көрінетін шырышты қабаттарының жағдайы: түсі, дымқылдығы, әр
түрлі бөртпелер, қатаюлар, ісіктер, қансыраулар, терінің қызаруы, бозаруы, сарғаюы,
құрғақтығы, терінің түсуі
- Сүйек-бұлшық ет жүйесі: омыртқаның, буындардың қисаюы, бұлшық ет
жұмысыныңбұзылуы
- Дене қызуы: нормабойынша, субфебрильді, фебрильді.
- Дем алу жүйесі: демнің көлемі, оның қасиеттері (ырғақтығы, тереңдігі) дем алу
бөлінеді (сыртқы, терең дем), іштік, аралас дем, тахипное (жиі, ырғақты, сыртқы)
нормабойынша минутына 16-18 рет.
- Қан қысымы:гипотония, нормотония, гипертония
- Тамыр соғысы: минутына соғу көлемі, ырғақтығы, толуы, толықсуы, норма
бойынша минутына 60-80 рет
- Табиғи қызмет атқарулары: зәр шығуы (жиілігі, көлемі, зәрді ұстамау, катетер
арқылы, өз бетінше, зәр жинағыш) ішектің жұмысы (өз бетінше, ретті, дәретін
ұстамау, колостомаарқылы),.
- Сезім мүшелері (есту, көру, сезім түсінігі, иіс сезімі, сөйлеу)
- Ес: сақталынған, бұзылған
- Қорларды қолдану: линзалар, көзілдірік, есту аппараты, алып-салымалы тіс
протездері
- Ұйқы: күндіз ұйықтау қажеттілігі
- Қозғалуғақабілеттілігі: өз бетінше, біреу арқылы және т.б.
- Тамақтану, тағам қабылдау қабілеті, тәбеті, шайнауының бұзылуы, жүрегінің
айнуы, құсу, қорлар.
- Пациенттің психоәлеуметтік жағдайын бағалау
Мейірбике істей білу керек:
- сөйлеу үлгісін суреттеу, мінезін бақылау, эмоциалдық жағдайын, психомоторлық
өзгерістерін, сезімін байқау
- пациенттен әлеуметтік-экономикалық мәліметтерін жинау
- қауіп - қатер факторларын анықтау
- пациенттің қажеттілігін бағалау, қамтамасыз етілмеген қажеттігін анықтау.
Пациенттің жағдайын бақылағанда мейірбикелік іс-әрекеттері:
- пациенттің жағдайындағы барлықөзгерістердібақылау
- уақытымен дәрігерге өзгерістердіхабарлау
- шұғыл жағдайларда пациенттке дәрігерге дейін көмек көрсету.
Пациентті бақылау кезінде мейірбике назар аудару керек:
- сана сезіміне, төсектегі жағдайына
- бет жүзінің өзгерістеріне
- терінің, көрінетін шырышты қабаттарының түсіне
- қан айналу, дем алу мүшелерінің қызыметіне
- зәр шығару жолдарыныңқызыметтеріне, үлкен дәретіне.
Диагностикалаунемесепациенттің мәселелерін анықтау
Пациентің мәселелерін және осы мәселелерді тудыратын факторларын
диагностикалау болып табылады. Пациенттің айқын (қазіргі уақыттағы) және
потенциалдық (кейін болып қалу мүмкін) мәнбірлері мейірбике күту жоспарына
енгізіледі. Бұл мәселелерді мейірбикелік диагнозы деп атайды, сондықтан бұл
мейірбикелік үрдісінің екінші кезеңі болыпсаналады.
Мейірбикелік диагноз дегеніміз - ол мейірбикенің клиникалық пікірі, мұнда анық
немесе потенциалдық мәселелер беріледі, мұндай мәселелерді мейірбике өздігімен
шеше алады.
Мейірбикелік диагноз - бұл пациенттің (қазіргі, потенциалдық) мейірбикелік
тексерістің нәтижесінде анықталған жағдайы, мұндай жағдайларда мейірбикелік
кірісуді талап етеді.
Мейірбикенің қызыметін анықтау мақсатында мейірбикелік диагноздардыңжіктелуі
бойынша 1973 жылы АҚШ-да І-ғылыми конференция өткізілген. 1991жылы
мейірбикелік диагноздардыңжіктелуі бойынша 114 негізгі мәселелер берілген, оның
ішіне гипертермия, стресс, әлеуметтік өзін қорғау, мазасыздықт.б. енгізілген.
Мейірбикелік диагноздыңдәрігерлік диагнозданмынандай айырмашылықтары бар:
- дәрігерлік диагноз бойынша ауру анықталады, ал мейірбикелік диагноз ағзаның
ауруға деген серпілісін білуге бағытталған;
- дәрігерлік диагноз пациент ауырғанша өзгермейді, ал мейірбикелік диагноз әрбір
сағат сайын өзгеріп отыруы мүмкін;
- дәрігерлік диагнозындадәрігер тағайындауы бойыншаем қолданады, мейірбикелік
диагнозындамейірбикелік кірісуі қажет;
- дәрігерлік диагноз ағзадағы патофизиологиялық өзгерістермен байланысты болса,
мейірбикелік диагноз пациенттің өз жағдайыныңөзгеруіне байланысты болады;
- мейірбикелік диагноз бірнеше болуы мүмкін, ал дәрігерлік тек қана біреу болады.
Қазіргі уақытта мейірбикелік диагноздар ағзаның бұзылуына байланысты 14 топқа
бөлінеді:
- қозғалыс (қозғалыс белсенділігінің төмендеуі)
- дем (демнің қиындауы, жөтелу, тұншығу)
- қан айналу (ісіктер, аритмия т.б.)
- ас қорыту (жұтынудыңбұзылуы, құсу, жүрегіайну, дәретінің жүрмеуі)
- зәр жолдарыныңөзгерістері(зәрдің тұрыпқалуы, жиі шығуы)
- гомеостаз (гипертермия, гипотермия, иммунитеттің төмендеуі)
- мінезі (дәрілерді қабылдамау, әлеуметтік қорғаныш, суицид т.б.)
- зеректік, түйсін сезімі (құлағының естімеуі, көзінің көрмеуі, дәм сезуінің бұзылуы)
- назарлық (өз бетінше, еріксіз)
- ес (гипоамнезия, амнезия, гиперамнезия)
- ойлау (ақыл-есінің төмендеуі)
- эмоционалдық, сезімдік өрісінің өзгеруі (қорқыныш, мазасыздық, апатия, эйфория
т.б.)
- гигиеналық қажеттілігінің өзгеруі (гигиеналық білімнің, дағдының аздығы,
медициналық қызымет көрсетуіндегі мәселелер және т.б.)
- организмнің негізгі өмірлік процессінің өзгеруіадам өмірінде анатомо-
физиологиялық, психоәлеуметтік рухани өзгерістерінің пайда болуы.
Мейірбикелік диагностикада негізгі пациентпен әңгіме құру және бақылау болып
табылады. Мейірбике пациенттпен қарым-қатынас жасау арқылы пациенттің
жанұяда немесе жұмыс орнында психологиялық қысымның болу немесе болмауын
анықтап отырады (өз-өзіне қанағаттанбаушылығы, ұялшақтығы және т.б.).
Пациенттің жүріс-тұрысы, мимикасы, дауысы, киімі, мінезі жағдайы туралы көп
мәлімет береді. Пациент өзінің психологиялық ұстамдылығын жоғалтып, уайым,
қорқыныш сезімі, шыдамсыздық, ұятшылдық, депрессия пайда болуы мүмкін,
сондықтан мейірбике пациенттің психологиялық диагнозын білуге тиіс. Мысалы:
тазарту клизмасын жасар алдында пациент қызара бастап ұялады немесе өзін күте
алмағандықтан уайым пайда болады. Мейірбике пациент туралы барлық
мағұлматтарды дәрігерге айтып, кейін өзінің мейірбикелік картасына тіркеп
отырады. Психологиялық әңгіме жүргізгенде пациенттің жекелік қасиеттерін силауға
тырысу керек, оның мәселесін айқын қабылдап көмек көрсету керек. Осы
мәселелерді шешкеннен кейін мейірбике қандай көмек көрсетуін жоспарлауғатиісті.
Мейірбикелік үрдістің үшінші кезеңі -
Мейірбикелік кірісу жоспарын енгізу
Жоспардыңжұмыс істеуіне мынадай қызметтердің жүйелі орындалуын талап етеді:
1. Көзделгеніс- әрекеттерді орындау, және оларды тіркеу, үйлестіру.
2. Жоспарланған, бірақ күтім жасалынбағаны туралы тіркеу.
3. Пациентті және оның отбасы мүшелерін көмек көрсету процессінеқатыстыру
4. Емдеу процессіне мейірбикелік күтім жоспарын іске асыру, үйлестіру және
интеграциялау. Бұл жұмыстарды жоғары деңгелі білімі бар немесе жоғарғы білімді
мейірбикелер орындайды.
Жоспарды енгізуге қойылатын талаптар:
1. Жоспарды үнеміорындау
2. Көзделгеніс- әрекеттерді үйлесімді орындау
3. Пациентті және оның жанұя мүшелерін көмек көрсету процессінеқатыстыру
4. Көрсетілген күтімдіерді тіркеу
5. Егер жағдайы өзгерсе, ондажоспарланғанкүтім орындалмауы мүмкін
6. Алғашқы көмек пациенттік жекелік қасиеттеріне қарай мейірбикелік стандарттар
бойынша көрсетіледі.
7. Мейірбикелік манипуляциялар кәсіби қызымет алгоритмдері (стандарттары)
бойынша жүзегеасырылады.
8. Мейірбике кірісулері үш түрде өтеді.
Мейірбикелік үрдістің бесіншікезеңі –
Мейірбикелік күтімгебаға беру
Қорытындыбаға қоюдың мақсаты мейірбикелік көмектің нәтижесін анықтау.
Мейірбике мағұлматтарды үнемі алып, оны сынап талдайды және сонымен қатар
пациенттің көрсетілген күтімдерге деген көз қарасын ескеріп, жаңадан туындайтын
мәселелерге назар аударып отырады.
Сондықтанбағалаудың негізгі аспектілерін белгілеуге болады:
- Мақсатқа жету, күтім сапасынанықтау
- Пациенттің мейірбикелік кірісуіне деген әсері
- Пациенттің күтім бойынша қажеттілігін ашудағы жаңа мәселелерді белсенді
іздестіру және оларды бағалау
Егер қойылған мақсаттар орындалып мәселелер шешілсе, онда мейірбике өзінің
жоспарында берілген мәселе бойынша мақсатқа жеткендігі туралы белгілейді (күні,
сағаты, минуты және қолы қойылады).
Егер қойылған мақсаттары орындалмаса, онда себебін анықтап, әрі қарай қайта
бағалау жүргізіледі, жаңа жұмыс жоспары құрылады.
Дәрігерлік және медбикелік диагноздың айырмашылығын сипаттау
Дәрігерлік диагноз Медбикелік диагноз
• Ағзадағы нақты аурудың
патологиялықпроцестің негізін
айқындайды
• Түрлімүшелер мен жүйелер
қызметінің бұзылуы мен
олардыңсебебін яғни пато-
физиологиялық, патолого-
анатомиялық өзгерістерін
анықтау
• өзгермейді
• Ағзадағы терең патологиялық
процескеемделушінің сыртқы
жауапты реакциясынсурет-
тейді
• Адамның негізгі қажеттілік-тері
қамтамасыз етудің бұзылуы
қызмет көрсетудің бұзылуының
нәтижесі ретінде, яғни ең
бастысы емделушінің өз
денсаулығы жайлы түсінік
• бірнеше рет өзгереді
Қосымша № 4
Әрбір топқа пациенттің медбикелік ауру тарихың өз бетінше зерттеуге
мүмкіндік беріледі, пациентке «қабылдау» жүргізуге, ауру тарихын толтыруға және
науқастың жағдайын табу. Пациенттің рөлін клиницист оқытушыларға мүмкіндік
беріледі.
Өзін өзібағалауәдісітөмендегікритерий бойынша.
1. Берілген тапсырманы толық орындайалды – 3 ұпай
2. Берілген тапсырманы жартылай орындайалды – 2 ұпай
3. Берілген тапсырманы орындайалмады – 1 ұпай
Қосымша № 5
Әрбір топқаситуациялықесеп беріледі. Студенттер алдынақойылған
тапсырмаментанысып, онықорсетіп, науқастың мәселесін шешіп, жекекүтім
жоспарын ұсыну.
Атқарылғанжұмыстыбағалауүшінтоптан арнайыстудент алынады
(эксперт). Оқытушымен бірге олар сапалық карта көмегімен бағалаужұмысын
жүргізеді.
№ 1 топқа тапсырма
Науқас: Әлсіздіктің жоғарлауына, бастыңайналуына, мас адам сияқты теңселіп
жүретіні мазалайтының айтты. Кей кезде құлап кетуден қорқамын біреудің жетектеп
жүруін сұраймын.Түндежаман ұйықтаймын, тез ұйқығакетемін, бірақ 3-4 сағаттан
кейін ояныптаңға дейін ұйықтай алмаймын. Өзімнің жағдайымды көп ойлаймын.
Науқас күнделікті қысымнан, түндегі ұйқысыздықтанжәне уайымдаудан шаршады.
Тапсырма.
1. Науқаста қандай қажеттіліктер бұзылған?
2. Науқастың проблемаларын құрастыру.
3. Науқасты күту жоспарынқұрастыру.
Ықтимал жауаптар:
Бұзылған қажеттіліктер:
 физикалық қауіпсіздік ;
 ұйқыдажәне демалыста.
Науқастың мәселесі:
 Жарақаттану кезіндегі тәуекел факторлары: бас айналу, әлсіздік, жүргенде
теңселіп жүру.
 Ұйқысыздықсалдарынанжағдайыныңнашарлауы.
Жеке күтім жоспары
Науқас
шағымдары
Мақсаты/ күтілетін
нәтижелер
Медбикелік
арасулар
Ретті Күтімді бағалау
Жарақаттану
кезіндегі
тәуекел
факторлары:
бас айналу,
әлсіздік,
жүргенде
теңселіп жүру.
Науқас қауіпсіздік
ережелерін біледі және
оларды сақтайды.
Науқасқа орын
ауыстыру
ережелерін
сақтауды
түсіндіру (бастың
айналуына
әкелетін жылдам
қозғалыс
жасамау). Жоғары
әлсіздікті
сезінгенде
медицина
қызметкерлерінің
көмегіне жүгіну.
Күнделікті Медициналық
қызметкерлерінің
көмегіне
жүгінеді.
Қауіпсіздік
ережесі
сақталады
мақсатқа қол
жеткізді.
Аурудың
салдарынан
дұрыс
ұйықтамау.
Медицина
қызметкерлерінің
араласуынан кейін
қалыпты демалу.
Дәрігердің
нұсқауы бойынша
ұйықтататын
дәріні беру.
Палатадағы
тыныштықты
сақтау, таза және
ыңғайлы төсек
орын.Жағымды
әсер алу үшін
қасындағы
адамдармен және
медицина
қызметкерлерімен
қарым-қатынас
жасау.
Тамақ
рационынан
қозуды
тудыратын
тағамдарды
шектеу (шәй кофе,
шоколад т.б.)
Күнделікті Күнделікті 6-
8сағат ұйықтау.
Мақсатқа қол
жеткіздік.
№ 2 топқа тапсырма
Пациенттке ота жасау күні белгіленді. Медбике науқасқа өткізілетін шаралар
түралы хабар берді: асқазанды тазалау және екі тазалау клизмасынқою.
Қобалжығаннауқас медбикеге көп сұраққояды.
Гепатит, ШЖҚ мен жүқтырып алуын қауіп тенеді. Неліктен емшараның саны көп және
осындай ауыр дайындалу қажет пе. Айтуы бойынша, ол өзін біледі, енді отаға дейін ұйқысы нашар
болады, қобалжиды.
Тапсырма.
1. Науқаста қандай қажеттіліктер бұзылған?
2. Науқастың қажеттіліктерін құрастыру.
3. Науқасты күту жоспарынқұрастыру.
Ықтимал жауаптар
Бұзылған қажеттіліктер:
 инфекциялық қауыпсіздігі;
 үйқы мен демалу
 жайлы күйі
Науқастың мәселесі:
 отаға дайындалу барысында жұқпа ауруларды жұктыру.
 Отаға дайындалу кезде білімнін аздығы.
 Ұйқысыздық салдарынан жағдайының нашарлауы.
Жеке күтім жоспары
Науқас
шағымдары
Мақсаты/ күтілеті
н нәтижелер
Медбикелік араласулар Реті Күтімді
бағалау
Операция
алдында
инфекция түсу
мүмкіндігін
білмеуі.
Науқастың
денсаулығын
сақтау үшін
профилактикалық
шаралар жүргізу.
Инфекцияның алдын алу
үшін профилактикалық
шараларды жүргізу.
Бір рет қолданылатын
заласыздандырылған
заттармен танысу
(зондтар,клизмаға арналған
құралдар).
Көп рет қолданылатын
медициналыққұралдарды
залалсыздандыруда мұқият
болу.
Операциялықбөлімшеде
қолданылатын
залалсыздандырылған
және заманауи құралдар
туралы түсіндіру (халаттар,
қолғаптар, сүлгілер,
төсеніштер т.б.).
Медицина
қызметкерлеріме
н әңгімелесуден
кейін.
Алдындағ
ы
операцияға
дайындалу
.
Мақсатқа
жеттік.
Отаға
дайындалу
кезде білімнін
аздығы.
Медбикемен
сөйлескеннен
кейін қажетті
ақпаратты алу.
Берілген науқасқа ота
алдындағы кезең мен оның
өткізілу ерекшеліктері
туралы айту. Отаға және
оның өткізілуіне сапалық
дайындық үшін барлық
жоспарлы іс шараларды
орындау қажеттілігіне
бағыттау.
Медбикемен бір
рет
әңгімелесуден
кейін.
Алынған
ақпаратты
дұрыс
түсінуді
көрсетеді.
Мақсатқа
жеттік
Ота алдындағы
ұйқысыздықты
ң туу қаупі
Ұйқы,
организмнің
демалу сезімін
тудыратын
қажеттіліктері.
Палатада ыңғайлы шарттар
құру(шудың болмауы,таза
ауа,жұмсақ және жылы
төсек).Дәрігердің
тағайындауы бойынша
түнгіге ұйқы дәрісін
беру.Психоэмоционалдық
күш түсіруден
арылу(әңгімелесу,дәрігерді
ң тағайындауы бойынша
дәрілер ).
Күнделікті, түнгі
ұйқыдан кейін.
Ұйқының
7-8 сағат
бойы
үздіксіз
болуы
Мақсатқа
жеттік
№ 3 топқа тапсырма.
Бассейіндегі сабақтан кейін екінші күні науқастың көзінде ауырсыну,күйдіру сезімі пайда
болды.оны пайда болған сезімдер уайымдатады , кезекті барудың алдында ол медбикеден
«Бассейінде ауру жұқтыруға бола ма ?» екенін білгісі келді.
Қарау кезінде : қабыну белгілері, сілемейлі қабығы гиперемирленген ,жас ағуы бар. Науқас
окулист консультациясына жіберілген. Дәрігер қарауынан кейін диагноз қойылды : аденовирусты
коньюктивит.
Тапсырма.
1. Науқаста қандай қажеттіліктер бұзылған?
2. Науқастың қажеттіліктерін құрастыру.
3. Науқасты күту жоспарынқұрастыру.
Ықтимал жауаптар:
Бұзылған қажеттіліктер:
 инфекциялық қауыпсіздігі;
 жайлы күйі
Науқастың мәселесі:
 Бассейінге бару кезіндегі көздің сілемейлі қабығының қабынуы.
Жеке күтім жоспары
Науқас
шағымдары
Мақсаты/ күтілетін
нәтижелер
Медбикелік
арасулар
Ретті Күтімді бағалау
 Бассейінге
бару
кезіндегі
көздің
сілемейлі
қабығының
қабынуы.
Медикаменттік терапия
курсынан кейінгі қабыну
белгілерінің жоғалуы.
Ауру барысында
бассейінге
баруды тоқтату.
Дәрігердің
тағайындауы
бойынша
ликвидациялық
қабыну процессі
үшін көз
тамшыларын
қолдану. Қабаққа
жақпа май салу.
Науқасқа
қатысты берілген
емшаралардың
білімі мен
біліктілігін
анықтау.
Орындау сапасын
көтеру
Әрбір
қатынас
сайын.
Қабыну
белгілерінің
жоғалуы :
гиперемиялар,
күйіктер , көздің
ауырсынуы ,жас
ағуы.
Мақсатқа
жеттік.
№ 4 топқа тапсырма.
Ұзақ уақыт төсек режимінен кейін Айгуль Ахметовнаға гигиеналық
ванна тағайындалды. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық.
Науқас қоятын шағымдары:терінің қышуы, аяқпен ауыздан шығатын
жағымсыз иіс. Осы иіс әсерінен палатадағы көршілес науқастар алшақтанады,
сондықтанол жалғыздықты сезінеді. Айгуль Ахметовна ваннаны душқа
ауыстыру бойыншакеңеседі. Себебі ваннаны үйде қабылдауға оған
қолайлырақ, сондай-ақ ауруханадағы инфекцияны жұқтыруданқорқады.
Тапсырма.
1. Науқаста қандай қажеттіліктер бұзылған?
2. Науқастың қажеттіліктерін құрастыру.
3. Науқасты күту жоспарынқұрастыру.
Ықтимал жауаптар:
Бұзылған қажеттіліктер
• дене қауіпсіздік;
• ұйқы және демалу.
Науқастың мәселесі:
• Науқас айналасындағы адамдардыңжағымсыз сезімдер нәтижесіндегі
қарым-қатынас тапшылығы.
• Гигиеналық процедуралар қабылдау кезінде инфекция жұқтыру қауіпі.
Жеке күтім жоспары
Науқас шағымдары Мақсаты/ күтілетін
нәтижелер
Медбикелік
араласулар
Реті Күтімді бағалау
Айналасындағы
адамдардың
жағымсыз сезімдер
нәтижесінде
науқаста қарым-
қатынас тапшылығы
туындаған.
Медбике
науқасқа
көмек
көрсетілгенне
н кейін, жақсы
эмоциялар
тудыратын
айналасындағ
ы адамдармен
қарым-
қатынас.
Күн
сайын
Мақсатқа қол жеткіздік.
Айналасындағылармен
қызықты сұрақтарды
талқылайды
Гигиеналық
емшаралар
қабылдау кезінде
инфекция жұқтыру
қауіпі.
Жағымсыз
иістің
болмауы.
Науқасқа
гигиеналық
емшаралар
(бұлау,себізгі
)
ұйымдастыру
Науқастын өз
өзіне күтім
жасауды
қолдау. Іш
киімді
әрдайым
ауыстыруды
жүзеге асыру.
Науқасқа
тісін күніне 2
рет тазалауды
ұсыну.
Жағымсыз иіс
кетіру
мақсатында
ауыз қуысына
арналған
аэрозоль
қолдану. Тіл
бетін
тазалауды
жүзеге асыру.
Жаңадан
түскен
науқастармен
байланыс
орнатуға
көмектесу
Күн
сайын
Мақсатына қол
жеткіздік.
Гигиеналық душты
қабылдауға келіседі.
Гигиеналық
процедуралар қабылдау
кезіндегі инфекция
жұқтыру қаупі.
Гигиеналық
процедуралар қабылдау
кезіндегі инфекция
жұқтыру қаупін жою.
1. Жуынатын бөлмені
пайдалануға дайындау
кезеңдері туралы әңгіме
жүргізу.
2. Бір рет
пайдаланылатын күту
заттарымен таныстыру.
3. Бұрын пайдаланған
заттардың
дезинфекциясы туралы
айту.
4. Науқасқа өз қалауы
бойынша ваннаның
орнына душты өткізуді
ұсыну.
Топтарды критериалды бағалау
Топты сапалықбағалау Мұмкін
ұпай
1 топ 2 топ 3 топ 4 топ
Науқастың қандай қажеттіліктер
бұзылғанын анықтану.
2
Науқастың мәселелерің анықтану. 3
Науқастың жеке күту жоспарын
жасау.
3
Мейірбикелік күтімінің қорытынды
шығару
1
Уақытша режимдісақтау 1
Қорытындыұпай: 10
№ 6 қосымша
Бағалау парағы
Студенттің
Т.А.Ж
«Парентеральдық
тамақтануды
қолдану.
Жасанды
тамақтандырудың
әдістері»
тақырыптың
баллі.
Жаңа білімді,
білік пен
дағдырларды
меңгеру
Студенттін
жеке
жұмысы
Жаңа
білімді, білік
пен
дағдыларды
бекіту
Қосымша
қосалқы
Қорытынды
Приложение № 7.
Студенттердің бірі кезекші пошташының рөлін ойнайды және үй жұмысын
хат ретінде таратады.
1 Хаттық тапсырма
Құрметті студент!
Ұсынылған материалды қолдана отырып және Муратбекова С.К “Медбикелік іс
негіздері” кітабы бойынша, құрғақ жөтелі бар пациентке медбикелік үрдіс картасын
құрастырыңыз.
2 Хаттық тапсырма
Құрметті студент!
Ұсынылған материалды қолдана отырып және Муратбекова С.К “Медбикелік іс
негіздері” кітабы бойынша, ентігуі бар пациентке медбикелік үрдіс картасын
құрастырыңыз.
3 Хаттық тапсырма
Құрметті студент!
Ұсынылған материалды қолдана отырып және Муратбекова С.К “Медбикелік іс
негіздері” кітабы бойынша, дымқыл жөтелі бар пациентке медбикелік үрдіс картасын
құрастырыңыз.
4 Хаттық тапсырма
Құрметті студент!
Ұсынылған материалды қолдана отырып және Муратбекова С.К “Медбикелік іс
негіздері” кітабы бойынша, демікпесі бар пациентке медбикелік үрдіс картасын
құрастырыңыз.
5 Хаттық тапсырма
Құрметті студент!
Ұсынылған материалды қолдан а отырып және Муратбекова С.К “Медбикелік
іс негіздері” кітабы бойынша, дене қызуының 1 кезені бар пациентке медбикелік үрдіс
картасын құрастырыңыз.
6 Хаттық тапсырма
Құрметті студент!
Ұсынылған материалды қолдана отырып және Муратбекова С.К “Медбикелік іс
негіздері” кітабы бойынша, дене қызуының 2 кезені бар пациентке медбикелік үрдіс
картасын құрастырыңыз.
7 Хаттық тапсырма
Құрметті студент!
Ұсынылған материалды қолдана отырып және Муратбекова С.К “Медбикелік іс
негіздері” кітабы бойынша, дене қызуының 3 кезені бар пациентке медбикелік үрдіс
картасын құрастырыңыз.
8 Хаттық тапсырма
Құрметті студент!
Ұсынылған материалды қолдана отырып және Муратбекова С.К “Медбикелік іс
негіздері” кітабы бойынша, өкпеден қан кетуі бар пациентке медбикелік үрдіс картасын
құрастырыңыз.
9 Хаттық тапсырма
Құрметті студент!
Ұсынылған материалды қолдана отырып және Муратбекова С.К “Медбикелік іс
негіздері” кітабы бойынша, қақырықпен қан шығуы бар пациентке медбикелік үрдіс
картасын құрастырыңыз.
Жұмыс дәптері
«Медбикелік үрдіс. Медбикелік күтімін
ұйымдастыру мен
орындаудың ғылыми әдісі».
Сабақ мақсаты:
1. Білімдік:Медбикелік үрдіс және медбикелік күтімін ұйымдастыру әдістерін білу.
2. Дамытушылық: Медбикелік үрдіс бойыншастуденттердің білімдерін дамыту,
талдау, салыстыруды жүргізу, қажетті қорытынды шығарабілу біліктерін дамытуға
мүмкіндік туғызу.
3. Тәрбиелік: Өз пікірін дәлелдей білу, өзарақарым-қатынас жасау мәдениетін
дамытуға, өздік өқу жұмысынақажетті дағдырлардыигеругемүмкіндік туғызу.
Қажеттілік дегеніміз – адамның денсаулығы мен амандығы үшін маңызды
психологиялықжәне физиологиялықтапшылық.
Адам өмір бойы қоршаған ортаға сәйкес өмір сүруүшін өз мұқтаждықтарын
үнемі қанағаттандыруы қажет.
Американдық психолог А. Маслоу адамдағы 14 негізгі қажеттіліктіқарастырды:
1. Тыныс алу 8. Ұйықтап, демалу
2. Тамақтану 9. Киініп, шешіну
3. Ішу 10. Таза болу
4. Бөліп шығару 11. Қауіпсіз болу
5. Қозғалу 12. Қарым – қатынас жасау
6. Дені сау болу 13. Өмірлік қазынаға ие болу
7. Дене қызуын сақтау 14. Қызметету, ойын ойнау, оқу
Тыныс алу қажеттілігі - оттегіні қажет ету адамның негізгі физиологиялық
қажеттіліктерінің бірі. Тыныс алу мен өмір ажырамайтын түсініктер. Оттегі
жетіспеушілігінде тыныс жиіленеді, беткей болады, ентігу, жөтел пайда болады.
Оттегінің ұлпаларда тұрақты жетіспеушілігі цианозға алып келеді, тері мен шырышты
қабықтар көгереді. Бұл қажеттілікті қолдаумедицина қызметкеріүшін басты ауықымды
(приоритетті) мәселе болуы керек. Адам бұл қажеттілікті қанағаттандыра отырып, өмір
сүругеқажет болған қанның газды құрамынқолдайды.
Тамақтанудың қажеттілігі - денсаулықты сақтау үшін өте маңызды. Рационалды
және адекватты тамақтану көптеген аурулардың қауіпті факторларын жоюға көмек
береді. Мысалы жүректің ишемиялық ауруы жиі жануар майлары мен холестерингебай
тағамдарды тұрақты қабылдағанда дамиды. Тамақтың құрамында ақуыздың көп
мөлшерде болуы жаралардың тез жазылуына көмектеседі. Медқызметкер науқастың
тамақтану қажеттілігін қанағаттандыру үшін рационалды дұрыс тамақтануды үйретіп
ұсыныстар беруі қажет. Күнделікті жеміс-жидектерді, сүт өнімдерін, ботқаларды,
майсыз ет, балық, құс етін қабылдау ұсынылады. Қант, тәтті тағамдар, тұздар,
алкогольді ішімдіктер шектеледі. Тамақтану қажеттілігінің қанағаттанбауы адам
денсаулығыныңбұзылуынаалып келетінін ұмытпау керек.
Ішу қажеттілігі - бұл күнделікті 1,5-2 литр сұйықтықтар: су, шай, кофе, сүт, сорпа,
жеміс-жидектер қабылдау. Мұндай мөлшер зәрмен, нәжіспен, терлеуде, тыныс алуда
жоғалтқан сұйықтықты толтырады. Су балансын сақтау үшін адам бөліну мөлшерінен
көбірек сұйықтыққабылдау қажет. Сұйықтықты аз қабылдау дененің сусыздануына, ал
шамадан тыс яғни 2 литрден артық қабылдау бірнеше жүйе, ағзалардың қызметінің
бұзылуына алып келеді. Мейірбикенің сусыздану немесе ісіктердің пайда болу қаупін
алдын ала анықтауы көптеген асқынуларды болдырмауғамүмкіндік береді.
Бөліп шығару қажеттілігі -тағамның қорытылмаған бөлектері ағзадан зәр, нәжіс
түрінде бөліп шығарылады. Бөліп шығару режимі әрбір адамда жекеше болып келеді.
Басқа қажеттіліктерді қанағаттандыруды қалдыруға мүмкін болғанымен, бөліп
шығаруды ұзақ уақытқа қалдыруға болмайды.
Ұйықтау, дем алу қажеттілігі - ұйқы аз болған жағдайда қандағы қант деңгейі
төмендейді, мидың қоректенуі нашарлап, ойлау процестері бәсеңдейді, зейін
тұрақсызданады, қысқа мерзімді есте сақтау нашарлайды. Американдық ғалымдардың
зерттеуі бойынша жарты түн ұйықтамаған адамда фагоцитоз үшін жауапты болған қан
жасушалары 2 есе төмендейді. Науқас адамға ұйқы өте қажет, өйткені ұйқы науқас
жағдайының жақсаруына алып келеді. Зерттеу барысында ұйқының бірнеше кезеңдері
анықталған.
Демалу- физикалық және психикалық белсенділіктің төмендеу жағдайы. Диванда
жатып қана емес, сонымен қатар арнайы жаттығулар жасап, кітап оқу арқылы да
демалуға болады. Емдеу мекемесінде қатты шу, жарық, басқа адамдардың болуы
демалуға кедергі жасауы мүмкін.
Қозғалу қажеттілігі – адам үшін қимыл- әрекеттердің шектелуі немесе мүлдем
жоғалуы адам үшін көп мәселе тудырады. Мұндай жағдай аяқтардың жарақаттарында,
созылмалы аурулардағы ауырсынумен, бас ми қан айналымы бұзылуы салдарынан
болуы мүмкін. Қимыл - әрекеттердің жоғалуы ойылу дамудың қауіпті факторларына
жатады. Тірек-қимыл жүйесі қызметінің бұзылулары жүрек пен өкпе қызметіне әсер
етеді. Қимыл -әрекеттердің ұзақ мерзімді жоғалуы ас қорыту жүйесіндегі өзгерістерге:
диспепсия, метеоризм, анорексия, іштің өтуіне, іштің қатуына алып келеді. Сонымен
қатар зәр шығару қызметі бұзылып, қуықинфекциясына алып келеді. Науқастың басты
мәселесі адам тұлғасының қалыптасуына елеулі әсер ететін қоршаған ортамен қарым-
қатынас жасай алмайды.
Қауіпсіз болу- көпшілік адамдар үшін қауіпсіз болу сенімділік пен жайлылықты,
ыңғайлылықты білдіреді. Науқастың кереуеті немесе каталка жақсы бекітілгенде,
палата едені құрғақ болғанда, ондабөтензаттар болмағанда, жарық жеткілікті болғанда,
көрунашар болғандакөзілдіріктің болуы науқаста қауіпсіздік сезімін туғызады. Науқас
өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар айналасындағыларға зиянын
тигізбейтініне сенімді болуы керек, стрестіжағдайлардан қашу керек.
Әлеуметтік қажеттіліктер- бұл жанұяға, достарына, олармен қарым-қатынасқа,
қолдауға т.б. қажеттілік. Егер адам өзін қажетсіз, жалғыз, ешкімге керексіз сезінсе,
демек оныңәлеуметтік қажеттіліктері қанағаттанбаған.
Медбикелік үрдістіқолданудың маңызы:
• Медбикенің жауапкершілігі артады;
• Қажеттіліктерді қанағаттандыруға шығармашылық жағынан қарауға мүмкіндік
береді;
• Әр адамға жеке көмек көрсетіледі;
• Күтімді дұрыс жүргізугемүмкінді береді;
• Пациенттер белсенді түрдедем алады.
Медбикелік мәселелердің негізгі саласы
Медбике ауруды емес емделушінің ауруға және өз қалпына жауабын қарастырады.
Бұл жауап:
• физиологиялық
• психологиялықжәне рухани
• әлеуметтік болуы мүмкін
Физиологиялық медбикелікмәселелер
• созылмалы немесе жедел ауру;
• жеткіліксіз немесе артық тамақтану;
• ісіктер немесе сусыздану;
• тұншығу;
• әлсіреу;
• гигиенаның сақталмауы т.б.
Психологиялық жәнерухани медбикелік мәселелер
• қорқу, абыржу, тынышсыздану;
• бос уақыт тапшылығы;
• медқызметкерлергесенбеу;
• дәрілерді қабылдаудан бас тарту;
• отбасындағы жанжал;
• өлімнен қорқу.
Әлеуметтікмедициналықмәселелер
• әлеуметтік оңашалану;
• мүгедектікке шыққанына байланысты қаржы жағын ойлап мазасыздану;
Мейірбике медбикелік ауру тарихына емделушінің жағдайын, ойландыратын
мәселелерді жазады, артықшылықтарынайрықша белгілейді.
Артықшылық дегеніміз - емделушінің қазіргі кездегі басты, бірінші орынғақойған
мәселелері. Мысалы, кеуде торыныңауыруымен, бас ауруымен, ісікпен, демікпемен
азап шегетін жүрек ауруымен ауыратын науқас өзінің ең басты азабы ретінде
демікпені көрсетуі мүмкін. Бұл жағдайда «демікпе» артықшылықты медбикелік
мәселе болыпсаналады.
Медбикелік диагнозды синдром ретінде қойсада болады. Синдром бір себеппен
біріккен белгілердің жиынтығы. Мысалы, қан қысымы жоғары емделуші бас ауруына,
айналуына, құлақ шуылдауына, жүрек айну т.б. белгілерге шағымданады. Медбикелік
диагноз: қан қысымы көтерілусиндромы.
Мейірбикелік урдістің кезеңдері, олардың мазмұны және өз ара байланысы.
I кезеңі - мейірбикелік зерттеу әдісімен жағдайды бағалау.
Ол мынандай сәттерден тұрады:
«науқас жайында, субъективті, объективті деректер туралы қажетті мәліметтерді
жинау;
• науқасты қоршаған психоәлеуметтік жағдайды бағалау;
• денсаулыққа әсер ететін қауіп факторларын, қоршаған орта туралы деректерді
анықтау;
науқастың күтімді қажет етуін анықтау мақсатында жиналған мәліметтерді талқылау.
II кезең - науқастын күтіміндегі мәселелерді анықтау
немесе мейірбикелік диагностикалау.
Оған кіретіндер:
«науқастың нағыз және жасырынмәселелерін және оның күтімдегі қажеттігін
анықтау;
• күтімнің маңызды мақсаттарынталдау, тезірек шешуді талап ететін маңызды
мәселелерді анықтау;
«науқаспен оныңанықталған мәселелері, канағаттандырылмаған қажеттіктері және
алдыға койылған мақсаттар туралы сұхбаттасу. Ш кезең - кажетті көмекті жоспарлау.
Оған жататындар:
• мақсаттарды белгілеу (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді); » науқаспен бірге күтім
нәтижелерін анықтау;
• науқасқа көрсетілетін мейірбикелік іс-әрекет түрлерін анықтау (тәуелді, өзара
тәуелді, тәуелсіз);
• мейірбикелік іс-әрекеттерді жоспарлау, оларды мына төмендегі тәсілдерді қолдану
арқылы жүзеге
асыруұсынылады:
1. Дәрігерге дейінгі көмекті көрсету.
2. Дәрігерлік тағайындауларды орындау.
3. Науқастың негізгі қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында оған ыңғайлы жағдай
жасау.
4. Науқас пен оның жащясына психологиялықдемеу жэне көмек көрсету.
5. Техникалык эрекеттер. ісшаралар жүргізу.
6. Денсаулықты нығайту жэне асқынулардың алдын алу бойыншашараларды жүзеге
асыру.
7. Науқас пен оның жанұясы мүшелеріне кеңес беру, үйрету және сүхбатгасу.
«науқаспен күтім жоспарынталқылау:
«мейірбикелік күтім жүргізетін адамдарды күтім жоспарыментаныстыру.
3-Кезең Мейірбикелік көмекті жоспарлау
Медбике емделушінің күту жоспарынқұрады. Жоспар міндетті түрденақты болу
керек.
Жоспарлау барысындаәр артықшылықты мәселені, күтімнің мақсаты мен жоспарын
тұжырымдайды. Мақсатты екі себептен белгілеу қажет:
• жеке медбикелік қатысудыңбағытын көрсетумен;
• қатысу нәтижесі дәрежесін анықтаумен.
Мақсат қоюдың талаптары:
• мақсаттар орындалатын, қол жетерліктей болу керек.
• әр мақсаттың орындалумерзімін нақты белгілеу қажет.
Жоспар түрлері:
• Қысқа(1 аптадан кем емес) мерзімді- қысқа уақыт ішінде орындалады. әдетте
аурудың жедел түрінде, мысалы уланғанда асқазанды жуу.
• Ұзақ (апталар, айлар) мерзімді- ұзақуақыт бойы орындалады. Олар
асқынулардыңалдын алуға, бейімделуге т.б. бағытталған.
Әр мақсат 3 компоненттен тұрады:
• іс-қимыл;
• белгілері: күні, уақыты, ұзақтығы;
• шарты – кімнің (ненің) көмегімен.
• Күтім жоспарынқұрастырғандамедбикелік істің стандартынбасшылыққа
алады.
Стандарт дегеніміз – берілген медбикелік мәселе бойынша сапалы күтіммен
қамтамасыз ететін шаралар тізімі.
Стандарт медбикеге көмек ретінде жасалады, ол оның«шпаргалкасы» сияқты. Бірақ
стандартта түрлі клиникалық жағдайларды алдын-ала ескеру мүмкін емес. Сондықтан
оны ойланбастан қолдануға болмайды.
Медбике мақсаттарын анықтап, күтім жоспарынқұрғаннанкейін сол іс -
әрекеттерімен емделушіні таныстырып, оныңкелісімін алады және емделушімен бірге
мақсатқа жету жолдарын анықтайды.
Күтім жоспары міндетті түрдемедбикелік тарихта жазылуы керек.
4-Кезең Жоспарлауды жүзеге асыру
Медбикелік іс- әрекет 3 түрлі қатысуды жоспарлайды:
• тәуелді
• тәуелсіз
• өзаратәуелді
Тәуелді – дәрігердің нұсқауымен орындалатынмедбикенің іс-әрекеті, мысалы әр 4
сағат сайын антибиотиктер инъекциясынсалу, таңғышты ауыстыру, асқазанды жуу
т.б.
Тәуелсіз – дәрігердің нұсқауынсыз өз ойыменқабылдаған және өз ықыласыменжүзеге
асырылатыніс-әрекеттер.
Мысалы:
• емделушінің өзін-өзі күтуіне көмек көрсету.
• емделушінің денсаулығы жөнінде кеңес беру;
• емделушінің бос уақытын ұйымдастыру;
• емделушінің күнделікті белсенділігі мен демалысындұрыс ұйымдастыру
жөнінде нұсқау беру т.б.
Өзаратәуелді қатысу– дәрігер немесе денсаулық сақтау жүйесінің басқа маманымен
бірлесіп қызмет ету. Мысалы: физиотерапевт, емдік дене шынықтыру маманы т.б.
5-Кезең Көрсетілген күтімнің нәтижесін бағалау
Медбике қойылған мақсаттарға жетіп, мәселе шешілген болса, бұл мақсаттың
астына қолын қойып, күнін белгілеп растайды, егер мақсат орындалмаса, мейірбике
оның себебін іздестіреді. Кеткен қателікті табу үшін медбикелік процесс қайталанады.
Мейірбикелік процесс – медбикелікістің ғылым ретінде дамып, өсуін қамтамасыз етеді,
медбикелік істі дербес мамандық ретінде қалыптастырады емделушілерге сапалы күтім
ұсынады.

More Related Content

What's hot

Формування національно-патріотичного світогляду вихованців засобами образотво...
Формування національно-патріотичного світогляду вихованців засобами образотво...Формування національно-патріотичного світогляду вихованців засобами образотво...
Формування національно-патріотичного світогляду вихованців засобами образотво...Наталья Качковская
 
Написання префіксів пре , при-, прі-
Написання префіксів пре , при-, прі-Написання префіксів пре , при-, прі-
Написання префіксів пре , при-, прі-Tatyana Dudka
 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...ssuserddef11
 
Пед шеберлік 1-2 такырып.ppt
Пед шеберлік 1-2 такырып.pptПед шеберлік 1-2 такырып.ppt
Пед шеберлік 1-2 такырып.pptMarzhanMarzhan4
 
ғылыми жұмыс
ғылыми жұмысғылыми жұмыс
ғылыми жұмысnurbolat84
 
Academia, ResearchGate… : atouts et enjeux des réseaux sociaux académiques
Academia, ResearchGate… : atouts et enjeux des réseaux sociaux académiquesAcademia, ResearchGate… : atouts et enjeux des réseaux sociaux académiques
Academia, ResearchGate… : atouts et enjeux des réseaux sociaux académiquesURFIST de Paris
 
Profil Pelajar Pancasila-PAUD.pdf
Profil Pelajar Pancasila-PAUD.pdfProfil Pelajar Pancasila-PAUD.pdf
Profil Pelajar Pancasila-PAUD.pdfFajar Baskoro
 

What's hot (10)

Формування національно-патріотичного світогляду вихованців засобами образотво...
Формування національно-патріотичного світогляду вихованців засобами образотво...Формування національно-патріотичного світогляду вихованців засобами образотво...
Формування національно-патріотичного світогляду вихованців засобами образотво...
 
Написання префіксів пре , при-, прі-
Написання префіксів пре , при-, прі-Написання префіксів пре , при-, прі-
Написання префіксів пре , при-, прі-
 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...
 
Пед шеберлік 1-2 такырып.ppt
Пед шеберлік 1-2 такырып.pptПед шеберлік 1-2 такырып.ppt
Пед шеберлік 1-2 такырып.ppt
 
ғылыми жұмыс
ғылыми жұмысғылыми жұмыс
ғылыми жұмыс
 
Academia, ResearchGate… : atouts et enjeux des réseaux sociaux académiques
Academia, ResearchGate… : atouts et enjeux des réseaux sociaux académiquesAcademia, ResearchGate… : atouts et enjeux des réseaux sociaux académiques
Academia, ResearchGate… : atouts et enjeux des réseaux sociaux académiques
 
1-mavzu.pptx
1-mavzu.pptx1-mavzu.pptx
1-mavzu.pptx
 
214853
214853214853
214853
 
Қасқыр мен жеті лақ ертегісі
Қасқыр мен жеті лақ ертегісіҚасқыр мен жеті лақ ертегісі
Қасқыр мен жеті лақ ертегісі
 
Profil Pelajar Pancasila-PAUD.pdf
Profil Pelajar Pancasila-PAUD.pdfProfil Pelajar Pancasila-PAUD.pdf
Profil Pelajar Pancasila-PAUD.pdf
 

Similar to методическая разработка

Су- тіршілік көзі
Су- тіршілік көзіСу- тіршілік көзі
Су- тіршілік көзіNurlan Abilhanov
 
мен зерттеушимин
мен зерттеушиминмен зерттеушимин
мен зерттеушиминAsem Sarsembayeva
 
реабилитация онлаин урок
реабилитация онлаин урокреабилитация онлаин урок
реабилитация онлаин урокoquzaman
 
2 СЕМИНАР каз.pptx
2 СЕМИНАР каз.pptx2 СЕМИНАР каз.pptx
2 СЕМИНАР каз.pptxssuserf85998
 
8 еминар Қадырханова Ж.Ж.pptx
8 еминар Қадырханова Ж.Ж.pptx8 еминар Қадырханова Ж.Ж.pptx
8 еминар Қадырханова Ж.Ж.pptxssuserebf866
 
сөздік
сөздіксөздік
сөздікoquzaman
 
документ Microsoft office word (9)
документ Microsoft office word (9)документ Microsoft office word (9)
документ Microsoft office word (9)oquzaman
 
7. оқу бағдарлама ғылымға кіріспе бастауыш мектеп 1 нұсқа 300114
7. оқу бағдарлама ғылымға кіріспе бастауыш мектеп 1 нұсқа 3001147. оқу бағдарлама ғылымға кіріспе бастауыш мектеп 1 нұсқа 300114
7. оқу бағдарлама ғылымға кіріспе бастауыш мектеп 1 нұсқа 300114NisEdu
 
++ПЕД 300 АЛФАВИТ.pdf
++ПЕД  300  АЛФАВИТ.pdf++ПЕД  300  АЛФАВИТ.pdf
++ПЕД 300 АЛФАВИТ.pdfcfs785s6n9
 
963укцкуцкуц
963укцкуцкуц963укцкуцкуц
963укцкуцкуцnurlan93kz
 
Жаңашыл әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың сын түрғысынан ойлау ...
Жаңашыл әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы  оқушылардың  сын түрғысынан ойлау  ...Жаңашыл әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы  оқушылардың  сын түрғысынан ойлау  ...
Жаңашыл әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың сын түрғысынан ойлау ...Айбек Қуандықұлы
 

Similar to методическая разработка (20)

ашық сабақ
ашық сабақашық сабақ
ашық сабақ
 
Су- тіршілік көзі
Су- тіршілік көзіСу- тіршілік көзі
Су- тіршілік көзі
 
мен зерттеушимин
мен зерттеушиминмен зерттеушимин
мен зерттеушимин
 
бауыр циррозы
бауыр циррозыбауыр циррозы
бауыр циррозы
 
242458
242458242458
242458
 
фыы
фыыфыы
фыы
 
реабилитация онлаин урок
реабилитация онлаин урокреабилитация онлаин урок
реабилитация онлаин урок
 
2 СЕМИНАР каз.pptx
2 СЕМИНАР каз.pptx2 СЕМИНАР каз.pptx
2 СЕМИНАР каз.pptx
 
стома
стомастома
стома
 
лLеsson study м -__ал¦мн¦__ к__с¦би __рлеу жолы¬
лLеsson study  м -__ал¦мн¦__ к__с¦би __рлеу жолы¬лLеsson study  м -__ал¦мн¦__ к__с¦би __рлеу жолы¬
лLеsson study м -__ал¦мн¦__ к__с¦би __рлеу жолы¬
 
8 еминар Қадырханова Ж.Ж.pptx
8 еминар Қадырханова Ж.Ж.pptx8 еминар Қадырханова Ж.Ж.pptx
8 еминар Қадырханова Ж.Ж.pptx
 
сөздік
сөздіксөздік
сөздік
 
документ Microsoft office word (9)
документ Microsoft office word (9)документ Microsoft office word (9)
документ Microsoft office word (9)
 
доклад нарикбаева к
доклад нарикбаева кдоклад нарикбаева к
доклад нарикбаева к
 
7. оқу бағдарлама ғылымға кіріспе бастауыш мектеп 1 нұсқа 300114
7. оқу бағдарлама ғылымға кіріспе бастауыш мектеп 1 нұсқа 3001147. оқу бағдарлама ғылымға кіріспе бастауыш мектеп 1 нұсқа 300114
7. оқу бағдарлама ғылымға кіріспе бастауыш мектеп 1 нұсқа 300114
 
++ПЕД 300 АЛФАВИТ.pdf
++ПЕД  300  АЛФАВИТ.pdf++ПЕД  300  АЛФАВИТ.pdf
++ПЕД 300 АЛФАВИТ.pdf
 
963укцкуцкуц
963укцкуцкуц963укцкуцкуц
963укцкуцкуц
 
Жаңашыл әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың сын түрғысынан ойлау ...
Жаңашыл әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы  оқушылардың  сын түрғысынан ойлау  ...Жаңашыл әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы  оқушылардың  сын түрғысынан ойлау  ...
Жаңашыл әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың сын түрғысынан ойлау ...
 
экспресс диагностика әдістерін қолдану. ұлтабарды зондтау
экспресс  диагностика әдістерін қолдану. ұлтабарды зондтауэкспресс  диагностика әдістерін қолдану. ұлтабарды зондтау
экспресс диагностика әдістерін қолдану. ұлтабарды зондтау
 
экспресс диагностика әдістерін қолдану. ұлтабарды зондтау
экспресс  диагностика әдістерін қолдану. ұлтабарды зондтауэкспресс  диагностика әдістерін қолдану. ұлтабарды зондтау
экспресс диагностика әдістерін қолдану. ұлтабарды зондтау
 

More from Вспомогательный образовательный сайт

More from Вспомогательный образовательный сайт (20)

метод.в орлеу1
метод.в орлеу1метод.в орлеу1
метод.в орлеу1
 
открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 

методическая разработка

  • 1. ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШЖҚ «ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ» КМК АШЫҚ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУІ Мамандығы: «Медбикелік іс » Пән: «Медбикелік іс негіздері » Такырыбы: «Медбикелік үрдіс. Медбикелік күтімін ұйымдастырумен орындаудың ғылыми әдісі». Құрастырған: А. К. Сейсекенова Павлодар, 2016 ж/г
  • 2. Сабақ жоспары Өткізу күні: 21.11. 2016 ж. Топ:31 Мамандығы:«Медбикелік іс» Сабақтың тақырыбы -«Медбикелік үрдіс. Медбикелік күтімін ұйымдастырумен орындаудың ғылыми әдісі» Сабақтың мақсаттары: 1. Білімдік: Оқушыларды медбикелік үрдіс және медбикелік күтімін ұйымдастыру әдістеріне бейімдеу. 2. Дамытушылық: Медбикелік үрдіс бойынша студенттердің білімдерін дамыту, талдау, салыстыруды жүргізу, қажетті қорытынды шығарабілу біліктерін дамытуға мүмкіндік туғызу. 3. Тәрбиелік: Өз пікірін дәлелдей білу, өзарақарым-қатынас жасау мәдениетін дамытуға, өздік өқу жұмысынақажетті дағдырлардыигеругемүмкіндік туғызу. Сабақ типi: Білімді, ұсталықтарды және дағдырлардынығайту және жетілдіру сабағы. Сабақтың өткізуформасы:практикалық. Өткізу әдіс-тәсілдері:көрнекілік, мәселелік, ауызша. Пән аралық байланыс Терапия, латын тілі, физиология, анатомия, патологиялық физиология, ішкі аурулар пропедевтикасы. Пән ішілік байланыс:«Науқастың жағдайын бағалау», «Тыныс алу қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс», «Жүрекқан тамыр жүйесінің қызметі бұзылғанкездегі медбикелік үрдіс», «Асқорытужүйесінің қызметі бұзылғанкездегі медбикелік процесс», «Ішекқызметі бұзылғанкездегі медбикелік үрдіс», «Зәр шығыружүйесінің бұзылғанкездегі медбикелік үрдіс», «Эндокриндік жүйе қызметібұзылғанкездегі медбикелік үрдіс». Құрал-жабдықтар, көрнекі кұралдар а) техникалық құралдар:компьютер, мультимедиялық құрылғы. ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: тонометр, фонендоскоп, градусник, медбикелік ауру тарихы, жұмыс дәптері. Өткізілетін орны: № 29 кабинет Әдебиет: С.Қ. Муратбекова«Мейірбике ісі негіздері», – Астана, 2007. б 332-342 Момынов Е.Ә., Тойшиева Г.Т., Ешова Г.А.Мейірбике ісінің негіздері, 98-101 Сабақ ұзақтығы 180 мин.
  • 3. САБАҚТЫҢ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ Сабақ бөлімдерінің атауы Уақыты – 180 мин. 1 ҰЙЫМДАСТЫРУ –МАҚСАТТЫҚКЕЗЕҢІ 5 мин. 2 ОПЕРАЦИЯ-ТАНЫМДЫҚ КЕЗЕҢІ 25 мин. 2.1 Теориялықбілімнің актуализациясы 20 мин. 2.2 Оқу жұмысыныңмотивациясы 5 мин. 3 ЖАҢА БІЛІМДІ, БІЛІК ПЕН ДАҒДЫЛАРДЫ МЕҢГЕРУ 40 мин. 3.1 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІКТЕРІНЕН ІСТЕЙТІН ЖҰМЫС 55 мин. 5 ЖАҢА БІЛІМДІ, БІЛІК ПЕН ДАҒДЫЛАРДЫ БЕКІТУ КЕЗЕҢІ 40 мин. 6 РЕФЛЕКСИВТІ-БАҒАЛАУ КЕЗЕҢІ 5 мин. 7 САБАҚТЫҢҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІ 10 мин. 7.1 Сабақты қорытындылау 7 мин. 7.2 Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру 3 мин.
  • 4. САБАҚ БАРЫСЫ Ұйымдастыру- мақсаттық кезеңі - 5 мин. Мақсаты: студенттерді откізілетін сабаққа дайындау, тақырыптың атауы мен мақсаттарың қою Оқытушының іс-әрекеті Студенттердін іс-әрекеті Ұйымдастырукезеңі • Сабақ мақсаттарын қою • Студенттердің оқу жұмысы бойынша мотивациясы • Сабақта оқу жұмыстарынұйымдастыру Мақсаттық кезеңі • Эмоциялықкүйдіжасау (қосымша № 1) • Білімін тексеру үшін студенттерді психологиялықдайындау • Тақырыптыңөзектілігіне назар аудару • Студенттерді қызықтыру • Оқытушыны ұқыпты тыңдау • Сабақ бойынша жауап беруге дайын болу 2. Операция-танымдық кезеңі– 25 мин. 2.1 Теориялық білімнің актуализациясы -20 Мақсатты:Тақырыпбойынша студентттердің білімді меңгеруінің бақылау деңгейін анықтау. Оқытушының іс-әрекеті/ Студенттердін іс-әрекеті/ Тақырыпбойынша студенттердің білімді меңгеруінің бақылау деңгейін өткізу: «Парентеральдықтамақтануды қолдану. Жасанды тамақтандырудың әдістері». (№ 1 қосымша) Қойылған сұраққа жауып береді,тапсырманы орындайды, бір бірінің жауаптарының дұрыстығын қадағалайды. 2.2. Оқу жұмысының мотивациясы -5 мин. Мақсатты: студенттерді тақырып бойыншақызығушылығыңояту. Оқытушының іс-әрекеті/ Деятельность преподавателя Студенттердін іс-әрекеті/ Действия студентов Берілген тақырыптың маңыздылығын белгілеу. Студенттерді тақырыптың өзектілігімен қызықтыру; толық сабақ барысындажағымды эмоциялардықұру. Жұмысқа деген ынтасын,ойлау қабілеттілігін арттыру.
  • 5. Қазіргі заманда мейірбикелік үрдіс мейірбикелік білім берудегі өзегі болып табылады және Қазақстандағы мейірбикелік күтімінің теориялық ғылыми базасын құрайды. Мейірбикелік үрдіс – мейірбике мен пациент қарым-қатынасындакүтім көрсету мақсатында туындайтын мәселелер жағдайын анықтайтын жүйелі жолы болып табылатын мейірбикелік машықтанудың ғылымиәдісі. Мейірбикелік үрдістің мақсаты пациент ағзасының негізгі қажеттілігін қанағаттандырудағы тәуелсіздігін қолдау және қалпына келтіру болып табылады. 3. Жаңа білімді, білік пен дағдырларды меңгеру– 40 мин. Мақсатты: Оқытушы оқу материалдарың түсіндыру, медбикелік іс бойынша негізгі модельдерін шешу Оқытушының іс-әрекеті Студенттердін іс-әрекеті • Оқу материалын түсіндіру. • А.Маслоу, В.Хендерсон, Д.Орем бойынша медбикелік істің негізгі модельдерін студенттерге еске түсіруге ұсынады. (қосымша № 2) • Студенттер берілген материалдарды дәптерлеріне толтыру. • А.Маслоу, В.Хендерсон, Д.Орем бойынша үйге берілген негізгі модельдердітүсіндіреді. 4 Студенттердің өздік жұмысы – 55 мин. Мақсаты: эксперттік топтардыңжұмысынұйымдастыру. Оқытушының іс-әрекеті Студенттердін іс-әрекеті 1.Оқытушы топтарды экспертті топшаларға бөледі. 2.Әр топшаға тапсырма береді. 3.Дұрыс орындауынқадағалайды. 4.Студенттерге жұмыс дәптерлерді ұсынады. (қосымша№ 3) 1.эксперттік топтар пациенттерді қабылдайды, субъективтік және объективтік зерттеуін өткізеді; 2.Аурудың медбикелік тарихын толтырады; 3.Науқастың мәселесін анықтайды.
  • 6. 5 Жаңа білімді, білік пен дағдыларды бекіту– 40 мин. Мақсаты: бекіту мақсатымен жағдайлық тапсырмаларды орындау. Оқытушының іс-әрекеті Студенттердін іс-әрекеті 1. Студенттерге тақырып бойынша жағдайлық тапсырмалар ұсынады. 2. Бір студентті эксперт ретінде таңдайды. 3. Экспертпен бірге топтарды бағалауды жүргізеді. (қосымша № 4) 1.Тапсырмалардыңшешімін табады; 2. Жағдайды рөлдергебөлініп көрсетеді; 3. Дұрыс жауабынұсынады. 6 Рефлексивтібағалаукезеңі/рефлексивно-оценочный этап – 5 мин Мақсаты:оқытушылармен кері байланыс, туындаған қателіктермен қиыншылықтар талқылынады. Студенттердін тақырыпты меңгеру сапасын , анықтауы , талқылау бойынша бағалауды өткізу. Оқытушының іс-әрекеті Студенттердін іс-әрекеті Оқытушы сұрақтар қояды, студенттердің тапсырманы орындау сапасы мен білімдерін қорытындылайды, жіберілген қателіктерді түзетеді, тақырып бойынша жалпы қорытынды жасайды Сұрақтарға жауап береді, шешім қабылдайды, сабақ барысында пайда болған қиындықтар мен мәселелер бойынша өз ойын білдіреді және нақтылайды, 7 Сабақтыңқорытынды кезеңі – 10 мин. 7.1 Сабақты қорытындылау– 7 мин. Мақсаты; студенттерге сабақта алған бағалары хабарланады. Сабақтың қорытындысы өткізіледі. Оқытушының іс әрекет Студенттердін іс әрекеті Сабақтың қорытындысын жүргізеді, алынған бағаларды талқылайды, белсенді студенттерге жағымды сөз айтады, топтың дайындығына жалп баға береді. Қосымша№ 5 Өздерін мүмкіншіліктер бойынша бағалайды
  • 7. 7.2 Үй тапсырмасыбойынша мәліметберу – 3 мин. Оқытушының іс-әрекеті/ Деятельность преподавателя Студенттердін іс-әрекеті/ Действия студентов Хаттағы тапсырмаларды тарату үшін кезекші пошташыны белгілейді. (қосымша№ 6) Конверттердіашады; Әрбір студент өз үй жұмысынқарайды.
  • 8. Қосымша № 1 Жағымды эмоционалды күй жасау үшін оқытушы студенттерді шенберге тұруларынсұрайды. Бір бірінің бетіне қарап, бүгінгі күнге саттылық, жаксы қөніл күй тілейлі. Содансоңстуденттер орындарынауыстырып, өзіннің тілегін басқаларға тілейді. Қосымша № 2 Оқытушы студенттерді 4 эксперті топқабөліп,карточкалар тапсырмалардыбереді. Әр эксперттітопша3 баллдық жүйемен бағаланады.Бір студентті бағалаужүйесінеэксперт ретіндеқояды. Бірінші экспертты топқа арналған тапсырмалар: «Пациенттерді зонд арқылы тамақтандырудың мақсаттарың, көрсеткіштерімен қарсы көрсеткіштерін айтып берініз». Екінші экспертты топқа арналған тапсырмалар: «Пациенттерді гастростомаарқылы тамақтандырудың мақсаттарың, көрсеткіштерімен қарсы көрсеткіштерін айтып берініз». Үшінші экспертты топқа арналған тапсырмалар: «Пациенттерді зонд арқылы тамақтандырудың техникасын көрсетініз». Төртінші экспертты топқа арналған тапсырмалар: «Пациенттерді гастростомаарқылы тамақтандырудың техникасын көрсетініз».
  • 9. Қосымша № 3 Адамның негізгі қажеттіліктері Адамның өмір сүруікөп факторлармен байланысты: экономикалық, әлеуметтік, психологиялық, рухтық қажеттерден. Қажеттік деген психологиялық немесе физиологиялықұғыну түрде бір нәрсенің жетіспеушілігі адамныңтүсінуіне тойтарыс етеді, өзінің өмір бойы бастан кешуі. Қажеттіктің пайда болуы адамды белсендікке шақырып, мінезінің себебі түрінде болады. Айналадағы қоршаған ортамен үйлесімді түрде өмір сүру үшін адамға үнемі өзінің қажеттігін қамтамасыз ету керек, салауатты өмір сүруін сақтау, әлеуметтік, мәдениеттік, айналамен үйлесімді өмір сүру, материалдық рухтың байлығын көтеру. Мейірбикелік үрдісінің әрбір кезеңінің мазмұны Қазіргі заманда мейірбикелік үрдіс мейірбикелік білім берудегі өзегі болып табылады және Қазақстандағы мейірбикелік күтімінің теориялық ғылыми базасын құрайды. Мейірбикелік үрдіс – мейірбике мен пациент қарым-қатынасында күтім көрсету мақсатында туындайтын мәселелер жағдайын анықтайтын жүйелі жолы болып табылатын мейірбикелік машықтанудың ғылымиәдісі. Мейірбикелік үрдістің мақсаты пациент ағзасының негізгі қажеттілігін қанағаттандырудағы тәуелсіздігін қолдау және қалпына келтіру болып табылады. Мейірбикелік үрдістің мақсатына жету келесі мәселелерді шешу арқылы жүзеге асады: - Пациент туралы ақпараттар базасынқұру. - Мейірбикелік күтім көрсетудегіпациенттің қажеттілігін анықтау. - Мейірбикелік қызмет көрсетудегімаңыздылығынкөрсету. - Күтім жоспарынқұру, яғнимейірбикелік күтімді тікелей және жанама көрсетіп отыру. - Пациентті күту және күтім көрсетудегімақсатқа жетудегі нәтижесін бағалау. Мейірбикелікүрдістің кезеңдері, оның өзара байланыстығы, және әрбір кезеңнің мазмұны Мейірбикелік үрдістің негізгі бес кезеңі бар: I кезең - мейірбикелік тексеріс немесе пациенттің қажеттілігін анықтау үшін және мейірбикелік күтімге керекті ресурстар жағдайларынбағалау. II кезең - пациенттің мәселелерін анықтау. Бұл кезеңді пациент жағдайын мейірбикелік диагностикалау деп атауға болады. III кезең - пациентке қажетті көмектерді жоспарлау. IV кезең – жоспарды жүзегеасыру V кезең – мейірбикелік күтімінің қорытынды бағасыншығару. Мейірбикелік үрдістің құжаттары пациенттің жағдайын бақылау картасында жүргізіледі.
  • 10. Мейірбикелік үрдісінің әрбір кезеңінің мазмұны Мейірбикелік үрдістің I-ші кезеңі - пациенттің жағдайын бағалау. Ол үшін мейірбике тексеріс әдістерін қолдана отырып керектіақпараттардыжинайды: 1. Субъективтімәліметтер - оныңішінде физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік, сонымен қатар төлқұжаттық мәліметтер, дәрігер диагнозы, қазіргі уақыттағы шағымдары. 2. Объективтік мәліметтер - бойы, дене салмағы, жүзінің өзгерісі, сана-сезімі, жүрісінің өзгерісі, төсектегі жағдайы, тері қабығының жағдайы, дене қызуы, демі, тамыр соғысы, қан қысымы, табиғиқызмет атқаруы, т.б. мәліметтер. 3. Пациенттің психоәлеуметтік жағдайын бағалау: бақылудағы мінез құлқын сипаттау, эмоционалдық өрісінің динамикасы, әлеуметтік - экономикалық мәліметтерді жинау, қауіп-қатер мәнбірлерін, денсаулыққа әсер ететін айналадағы қоршаған ортаныңмәліметтерін анықтау. Мейірбикелік үрдістің IІ-ші кезеңі - диагностикалаунемесе пациенттің Физиологиялыққажеттілігі - демалысы, тағамдық, жыныстық, өз-өзінқорғау. Сенімділік қажеттілігі - материалды сенімділікке, денсаулыққа, қартаюды қамтамасыз етуін ыңғайлау. Әлеуметтік қажеттілігі - қоғамдыққарым - қатынастар. Өзінің адамгершілігін, өзіне деген құрметті сезіну. Жекелік даму қажеттілігі, өз-өзін өмірде бағыттап, өз ой-пікірі. Сондықтан мейірбике пациенттің қамтамасыз етілмеген қажеттілігін анықтап отыруы керек және мейірбикелік үрдістіқолданып, көмек көрсетуі тиіс. Мейірбикенің мақсаттары: 1. Жағдайын бағалау, пациенттің психоэмоциалдық жағдайының өзгеру себебін анықтау. 1. Пациенттің мәселесін табу немесе мейірбикелік тексеріс жүргізу. 2. Керекті көмекті жоспарлау. Пациенттің жағдайын бағалау Пациенттің жағдайдынбағалау үшін ақпараттар жинау маңызды. Пациенттер туралы мәліметтер толық және анық болуы керек. Пациенттің денсаулық жағдайының хабарлығын әр түрлі әдіспен және әр түрлі қайнар көздері арқылы жинауға болады: пациенттерден, жанұя мүшелерінен, кезекшілер мүшелерінен, медициналық құжаттардан, физикалық тексерістен, диагностика тестілерінен т.б. Мейірбикелік тексеріс пациенттен сұрау арқылы басталады, бұл кезде мейірбике пациенттің физикалық денсаулығы туралы, психологиялық, әлеуметтік, эмоцияналдық, рухтың, ойын мәлімдеп алады, пациенттің ерекшелігін, негізін, бет әлпетін, оның пікірін біледі. Субъективтік, объективтік әдістер қолдана отырып, керекті ақпаратар алғаннан кейін, мейірбике оны талдайды:
  • 11. 1. Күтім жоспарынқұрмастанбұрынпациент туралы толық мәлімет алу. 2. Адамның қалыпты жағдайын, жағымды жақтарын анықтау. 3. Күтім көрсетудегіадамның қамтамасыз етілмеген қажеттіліктерін анықтау. 4. Пациенттпен нәтижелі қатынас жасау және ынтамақтастыққа шақыру 5. Пациентпен күтім ерекшілігін және күту нәтижесін талқылау 6. Пациенттің қажеттілігін есепке алып, оған ыңғайлы жағдайды қамтамасыз ету 7. Құжаттарды толтыру 8. Жаңа мәселенің пайда болуына жол бермеу Мәліметтержинауға немесе субъективтік тексерістергекіреді: - пациенттің толық құжаттық мәліметтері - дәрігер диагнозы - қазіргі уақыттағы шағымдары - ауру тарихы: әлеуметтік жағдайы, өмір баяны, аллергологиялықанамнезі, гинекологиялықжәне эпидемиологиялықанамнезі. - ауруын сипаттау, оның қалай, қай жерге әсер ететінін анықтау Объективтік тексерунемесеауруханаға келген пациенттің жағдайын бағалау: - Физиологиялықмәліметтер: бойы, салмағы, ісіктер. - Бет жүзінің өзгерісі: ауырсынған, домаланған, қайғылы, өзгеріссіз, салмақты, немқұрайсыз. - Сана сезімі: есі дұрыс, есін білмейді, анық сана сезімі, ступор, сопор,кома. - Төсектегіжағдайы: белсенді, енжарлы, ыңғайлы. - Терісінің және көрінетін шырышты қабаттарының жағдайы: түсі, дымқылдығы, әр түрлі бөртпелер, қатаюлар, ісіктер, қансыраулар, терінің қызаруы, бозаруы, сарғаюы, құрғақтығы, терінің түсуі - Сүйек-бұлшық ет жүйесі: омыртқаның, буындардың қисаюы, бұлшық ет жұмысыныңбұзылуы - Дене қызуы: нормабойынша, субфебрильді, фебрильді. - Дем алу жүйесі: демнің көлемі, оның қасиеттері (ырғақтығы, тереңдігі) дем алу бөлінеді (сыртқы, терең дем), іштік, аралас дем, тахипное (жиі, ырғақты, сыртқы) нормабойынша минутына 16-18 рет. - Қан қысымы:гипотония, нормотония, гипертония - Тамыр соғысы: минутына соғу көлемі, ырғақтығы, толуы, толықсуы, норма бойынша минутына 60-80 рет - Табиғи қызмет атқарулары: зәр шығуы (жиілігі, көлемі, зәрді ұстамау, катетер арқылы, өз бетінше, зәр жинағыш) ішектің жұмысы (өз бетінше, ретті, дәретін ұстамау, колостомаарқылы),. - Сезім мүшелері (есту, көру, сезім түсінігі, иіс сезімі, сөйлеу) - Ес: сақталынған, бұзылған - Қорларды қолдану: линзалар, көзілдірік, есту аппараты, алып-салымалы тіс протездері - Ұйқы: күндіз ұйықтау қажеттілігі - Қозғалуғақабілеттілігі: өз бетінше, біреу арқылы және т.б. - Тамақтану, тағам қабылдау қабілеті, тәбеті, шайнауының бұзылуы, жүрегінің айнуы, құсу, қорлар. - Пациенттің психоәлеуметтік жағдайын бағалау
  • 12. Мейірбике істей білу керек: - сөйлеу үлгісін суреттеу, мінезін бақылау, эмоциалдық жағдайын, психомоторлық өзгерістерін, сезімін байқау - пациенттен әлеуметтік-экономикалық мәліметтерін жинау - қауіп - қатер факторларын анықтау - пациенттің қажеттілігін бағалау, қамтамасыз етілмеген қажеттігін анықтау. Пациенттің жағдайын бақылағанда мейірбикелік іс-әрекеттері: - пациенттің жағдайындағы барлықөзгерістердібақылау - уақытымен дәрігерге өзгерістердіхабарлау - шұғыл жағдайларда пациенттке дәрігерге дейін көмек көрсету. Пациентті бақылау кезінде мейірбике назар аудару керек: - сана сезіміне, төсектегі жағдайына - бет жүзінің өзгерістеріне - терінің, көрінетін шырышты қабаттарының түсіне - қан айналу, дем алу мүшелерінің қызыметіне - зәр шығару жолдарыныңқызыметтеріне, үлкен дәретіне. Диагностикалаунемесепациенттің мәселелерін анықтау Пациентің мәселелерін және осы мәселелерді тудыратын факторларын диагностикалау болып табылады. Пациенттің айқын (қазіргі уақыттағы) және потенциалдық (кейін болып қалу мүмкін) мәнбірлері мейірбике күту жоспарына енгізіледі. Бұл мәселелерді мейірбикелік диагнозы деп атайды, сондықтан бұл мейірбикелік үрдісінің екінші кезеңі болыпсаналады. Мейірбикелік диагноз дегеніміз - ол мейірбикенің клиникалық пікірі, мұнда анық немесе потенциалдық мәселелер беріледі, мұндай мәселелерді мейірбике өздігімен шеше алады. Мейірбикелік диагноз - бұл пациенттің (қазіргі, потенциалдық) мейірбикелік тексерістің нәтижесінде анықталған жағдайы, мұндай жағдайларда мейірбикелік кірісуді талап етеді. Мейірбикенің қызыметін анықтау мақсатында мейірбикелік диагноздардыңжіктелуі бойынша 1973 жылы АҚШ-да І-ғылыми конференция өткізілген. 1991жылы мейірбикелік диагноздардыңжіктелуі бойынша 114 негізгі мәселелер берілген, оның ішіне гипертермия, стресс, әлеуметтік өзін қорғау, мазасыздықт.б. енгізілген. Мейірбикелік диагноздыңдәрігерлік диагнозданмынандай айырмашылықтары бар: - дәрігерлік диагноз бойынша ауру анықталады, ал мейірбикелік диагноз ағзаның ауруға деген серпілісін білуге бағытталған; - дәрігерлік диагноз пациент ауырғанша өзгермейді, ал мейірбикелік диагноз әрбір сағат сайын өзгеріп отыруы мүмкін; - дәрігерлік диагнозындадәрігер тағайындауы бойыншаем қолданады, мейірбикелік диагнозындамейірбикелік кірісуі қажет; - дәрігерлік диагноз ағзадағы патофизиологиялық өзгерістермен байланысты болса, мейірбикелік диагноз пациенттің өз жағдайыныңөзгеруіне байланысты болады; - мейірбикелік диагноз бірнеше болуы мүмкін, ал дәрігерлік тек қана біреу болады.
  • 13. Қазіргі уақытта мейірбикелік диагноздар ағзаның бұзылуына байланысты 14 топқа бөлінеді: - қозғалыс (қозғалыс белсенділігінің төмендеуі) - дем (демнің қиындауы, жөтелу, тұншығу) - қан айналу (ісіктер, аритмия т.б.) - ас қорыту (жұтынудыңбұзылуы, құсу, жүрегіайну, дәретінің жүрмеуі) - зәр жолдарыныңөзгерістері(зәрдің тұрыпқалуы, жиі шығуы) - гомеостаз (гипертермия, гипотермия, иммунитеттің төмендеуі) - мінезі (дәрілерді қабылдамау, әлеуметтік қорғаныш, суицид т.б.) - зеректік, түйсін сезімі (құлағының естімеуі, көзінің көрмеуі, дәм сезуінің бұзылуы) - назарлық (өз бетінше, еріксіз) - ес (гипоамнезия, амнезия, гиперамнезия) - ойлау (ақыл-есінің төмендеуі) - эмоционалдық, сезімдік өрісінің өзгеруі (қорқыныш, мазасыздық, апатия, эйфория т.б.) - гигиеналық қажеттілігінің өзгеруі (гигиеналық білімнің, дағдының аздығы, медициналық қызымет көрсетуіндегі мәселелер және т.б.) - организмнің негізгі өмірлік процессінің өзгеруіадам өмірінде анатомо- физиологиялық, психоәлеуметтік рухани өзгерістерінің пайда болуы. Мейірбикелік диагностикада негізгі пациентпен әңгіме құру және бақылау болып табылады. Мейірбике пациенттпен қарым-қатынас жасау арқылы пациенттің жанұяда немесе жұмыс орнында психологиялық қысымның болу немесе болмауын анықтап отырады (өз-өзіне қанағаттанбаушылығы, ұялшақтығы және т.б.). Пациенттің жүріс-тұрысы, мимикасы, дауысы, киімі, мінезі жағдайы туралы көп мәлімет береді. Пациент өзінің психологиялық ұстамдылығын жоғалтып, уайым, қорқыныш сезімі, шыдамсыздық, ұятшылдық, депрессия пайда болуы мүмкін, сондықтан мейірбике пациенттің психологиялық диагнозын білуге тиіс. Мысалы: тазарту клизмасын жасар алдында пациент қызара бастап ұялады немесе өзін күте алмағандықтан уайым пайда болады. Мейірбике пациент туралы барлық мағұлматтарды дәрігерге айтып, кейін өзінің мейірбикелік картасына тіркеп отырады. Психологиялық әңгіме жүргізгенде пациенттің жекелік қасиеттерін силауға тырысу керек, оның мәселесін айқын қабылдап көмек көрсету керек. Осы мәселелерді шешкеннен кейін мейірбике қандай көмек көрсетуін жоспарлауғатиісті. Мейірбикелік үрдістің үшінші кезеңі - Мейірбикелік кірісу жоспарын енгізу Жоспардыңжұмыс істеуіне мынадай қызметтердің жүйелі орындалуын талап етеді: 1. Көзделгеніс- әрекеттерді орындау, және оларды тіркеу, үйлестіру. 2. Жоспарланған, бірақ күтім жасалынбағаны туралы тіркеу. 3. Пациентті және оның отбасы мүшелерін көмек көрсету процессінеқатыстыру 4. Емдеу процессіне мейірбикелік күтім жоспарын іске асыру, үйлестіру және интеграциялау. Бұл жұмыстарды жоғары деңгелі білімі бар немесе жоғарғы білімді мейірбикелер орындайды. Жоспарды енгізуге қойылатын талаптар: 1. Жоспарды үнеміорындау 2. Көзделгеніс- әрекеттерді үйлесімді орындау
  • 14. 3. Пациентті және оның жанұя мүшелерін көмек көрсету процессінеқатыстыру 4. Көрсетілген күтімдіерді тіркеу 5. Егер жағдайы өзгерсе, ондажоспарланғанкүтім орындалмауы мүмкін 6. Алғашқы көмек пациенттік жекелік қасиеттеріне қарай мейірбикелік стандарттар бойынша көрсетіледі. 7. Мейірбикелік манипуляциялар кәсіби қызымет алгоритмдері (стандарттары) бойынша жүзегеасырылады. 8. Мейірбике кірісулері үш түрде өтеді. Мейірбикелік үрдістің бесіншікезеңі – Мейірбикелік күтімгебаға беру Қорытындыбаға қоюдың мақсаты мейірбикелік көмектің нәтижесін анықтау. Мейірбике мағұлматтарды үнемі алып, оны сынап талдайды және сонымен қатар пациенттің көрсетілген күтімдерге деген көз қарасын ескеріп, жаңадан туындайтын мәселелерге назар аударып отырады. Сондықтанбағалаудың негізгі аспектілерін белгілеуге болады: - Мақсатқа жету, күтім сапасынанықтау - Пациенттің мейірбикелік кірісуіне деген әсері - Пациенттің күтім бойынша қажеттілігін ашудағы жаңа мәселелерді белсенді іздестіру және оларды бағалау Егер қойылған мақсаттар орындалып мәселелер шешілсе, онда мейірбике өзінің жоспарында берілген мәселе бойынша мақсатқа жеткендігі туралы белгілейді (күні, сағаты, минуты және қолы қойылады). Егер қойылған мақсаттары орындалмаса, онда себебін анықтап, әрі қарай қайта бағалау жүргізіледі, жаңа жұмыс жоспары құрылады. Дәрігерлік және медбикелік диагноздың айырмашылығын сипаттау Дәрігерлік диагноз Медбикелік диагноз • Ағзадағы нақты аурудың патологиялықпроцестің негізін айқындайды • Түрлімүшелер мен жүйелер қызметінің бұзылуы мен олардыңсебебін яғни пато- физиологиялық, патолого- анатомиялық өзгерістерін анықтау • өзгермейді • Ағзадағы терең патологиялық процескеемделушінің сыртқы жауапты реакциясынсурет- тейді • Адамның негізгі қажеттілік-тері қамтамасыз етудің бұзылуы қызмет көрсетудің бұзылуының нәтижесі ретінде, яғни ең бастысы емделушінің өз денсаулығы жайлы түсінік • бірнеше рет өзгереді
  • 15. Қосымша № 4 Әрбір топқа пациенттің медбикелік ауру тарихың өз бетінше зерттеуге мүмкіндік беріледі, пациентке «қабылдау» жүргізуге, ауру тарихын толтыруға және науқастың жағдайын табу. Пациенттің рөлін клиницист оқытушыларға мүмкіндік беріледі. Өзін өзібағалауәдісітөмендегікритерий бойынша. 1. Берілген тапсырманы толық орындайалды – 3 ұпай 2. Берілген тапсырманы жартылай орындайалды – 2 ұпай 3. Берілген тапсырманы орындайалмады – 1 ұпай Қосымша № 5 Әрбір топқаситуациялықесеп беріледі. Студенттер алдынақойылған тапсырмаментанысып, онықорсетіп, науқастың мәселесін шешіп, жекекүтім жоспарын ұсыну. Атқарылғанжұмыстыбағалауүшінтоптан арнайыстудент алынады (эксперт). Оқытушымен бірге олар сапалық карта көмегімен бағалаужұмысын жүргізеді. № 1 топқа тапсырма Науқас: Әлсіздіктің жоғарлауына, бастыңайналуына, мас адам сияқты теңселіп жүретіні мазалайтының айтты. Кей кезде құлап кетуден қорқамын біреудің жетектеп жүруін сұраймын.Түндежаман ұйықтаймын, тез ұйқығакетемін, бірақ 3-4 сағаттан кейін ояныптаңға дейін ұйықтай алмаймын. Өзімнің жағдайымды көп ойлаймын. Науқас күнделікті қысымнан, түндегі ұйқысыздықтанжәне уайымдаудан шаршады. Тапсырма. 1. Науқаста қандай қажеттіліктер бұзылған? 2. Науқастың проблемаларын құрастыру. 3. Науқасты күту жоспарынқұрастыру. Ықтимал жауаптар: Бұзылған қажеттіліктер:  физикалық қауіпсіздік ;  ұйқыдажәне демалыста. Науқастың мәселесі:  Жарақаттану кезіндегі тәуекел факторлары: бас айналу, әлсіздік, жүргенде теңселіп жүру.  Ұйқысыздықсалдарынанжағдайыныңнашарлауы.
  • 16. Жеке күтім жоспары Науқас шағымдары Мақсаты/ күтілетін нәтижелер Медбикелік арасулар Ретті Күтімді бағалау Жарақаттану кезіндегі тәуекел факторлары: бас айналу, әлсіздік, жүргенде теңселіп жүру. Науқас қауіпсіздік ережелерін біледі және оларды сақтайды. Науқасқа орын ауыстыру ережелерін сақтауды түсіндіру (бастың айналуына әкелетін жылдам қозғалыс жасамау). Жоғары әлсіздікті сезінгенде медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгіну. Күнделікті Медициналық қызметкерлерінің көмегіне жүгінеді. Қауіпсіздік ережесі сақталады мақсатқа қол жеткізді. Аурудың салдарынан дұрыс ұйықтамау. Медицина қызметкерлерінің араласуынан кейін қалыпты демалу. Дәрігердің нұсқауы бойынша ұйықтататын дәріні беру. Палатадағы тыныштықты сақтау, таза және ыңғайлы төсек орын.Жағымды әсер алу үшін қасындағы адамдармен және медицина қызметкерлерімен қарым-қатынас жасау. Тамақ рационынан қозуды тудыратын тағамдарды шектеу (шәй кофе, шоколад т.б.) Күнделікті Күнделікті 6- 8сағат ұйықтау. Мақсатқа қол жеткіздік.
  • 17. № 2 топқа тапсырма Пациенттке ота жасау күні белгіленді. Медбике науқасқа өткізілетін шаралар түралы хабар берді: асқазанды тазалау және екі тазалау клизмасынқою. Қобалжығаннауқас медбикеге көп сұраққояды. Гепатит, ШЖҚ мен жүқтырып алуын қауіп тенеді. Неліктен емшараның саны көп және осындай ауыр дайындалу қажет пе. Айтуы бойынша, ол өзін біледі, енді отаға дейін ұйқысы нашар болады, қобалжиды. Тапсырма. 1. Науқаста қандай қажеттіліктер бұзылған? 2. Науқастың қажеттіліктерін құрастыру. 3. Науқасты күту жоспарынқұрастыру. Ықтимал жауаптар Бұзылған қажеттіліктер:  инфекциялық қауыпсіздігі;  үйқы мен демалу  жайлы күйі Науқастың мәселесі:  отаға дайындалу барысында жұқпа ауруларды жұктыру.  Отаға дайындалу кезде білімнін аздығы.  Ұйқысыздық салдарынан жағдайының нашарлауы.
  • 18. Жеке күтім жоспары Науқас шағымдары Мақсаты/ күтілеті н нәтижелер Медбикелік араласулар Реті Күтімді бағалау Операция алдында инфекция түсу мүмкіндігін білмеуі. Науқастың денсаулығын сақтау үшін профилактикалық шаралар жүргізу. Инфекцияның алдын алу үшін профилактикалық шараларды жүргізу. Бір рет қолданылатын заласыздандырылған заттармен танысу (зондтар,клизмаға арналған құралдар). Көп рет қолданылатын медициналыққұралдарды залалсыздандыруда мұқият болу. Операциялықбөлімшеде қолданылатын залалсыздандырылған және заманауи құралдар туралы түсіндіру (халаттар, қолғаптар, сүлгілер, төсеніштер т.б.). Медицина қызметкерлеріме н әңгімелесуден кейін. Алдындағ ы операцияға дайындалу . Мақсатқа жеттік. Отаға дайындалу кезде білімнін аздығы. Медбикемен сөйлескеннен кейін қажетті ақпаратты алу. Берілген науқасқа ота алдындағы кезең мен оның өткізілу ерекшеліктері туралы айту. Отаға және оның өткізілуіне сапалық дайындық үшін барлық жоспарлы іс шараларды орындау қажеттілігіне бағыттау. Медбикемен бір рет әңгімелесуден кейін. Алынған ақпаратты дұрыс түсінуді көрсетеді. Мақсатқа жеттік Ота алдындағы ұйқысыздықты ң туу қаупі Ұйқы, организмнің демалу сезімін тудыратын қажеттіліктері. Палатада ыңғайлы шарттар құру(шудың болмауы,таза ауа,жұмсақ және жылы төсек).Дәрігердің тағайындауы бойынша түнгіге ұйқы дәрісін беру.Психоэмоционалдық күш түсіруден арылу(әңгімелесу,дәрігерді ң тағайындауы бойынша дәрілер ). Күнделікті, түнгі ұйқыдан кейін. Ұйқының 7-8 сағат бойы үздіксіз болуы Мақсатқа жеттік
  • 19. № 3 топқа тапсырма. Бассейіндегі сабақтан кейін екінші күні науқастың көзінде ауырсыну,күйдіру сезімі пайда болды.оны пайда болған сезімдер уайымдатады , кезекті барудың алдында ол медбикеден «Бассейінде ауру жұқтыруға бола ма ?» екенін білгісі келді. Қарау кезінде : қабыну белгілері, сілемейлі қабығы гиперемирленген ,жас ағуы бар. Науқас окулист консультациясына жіберілген. Дәрігер қарауынан кейін диагноз қойылды : аденовирусты коньюктивит. Тапсырма. 1. Науқаста қандай қажеттіліктер бұзылған? 2. Науқастың қажеттіліктерін құрастыру. 3. Науқасты күту жоспарынқұрастыру. Ықтимал жауаптар: Бұзылған қажеттіліктер:  инфекциялық қауыпсіздігі;  жайлы күйі Науқастың мәселесі:  Бассейінге бару кезіндегі көздің сілемейлі қабығының қабынуы.
  • 20. Жеке күтім жоспары Науқас шағымдары Мақсаты/ күтілетін нәтижелер Медбикелік арасулар Ретті Күтімді бағалау  Бассейінге бару кезіндегі көздің сілемейлі қабығының қабынуы. Медикаменттік терапия курсынан кейінгі қабыну белгілерінің жоғалуы. Ауру барысында бассейінге баруды тоқтату. Дәрігердің тағайындауы бойынша ликвидациялық қабыну процессі үшін көз тамшыларын қолдану. Қабаққа жақпа май салу. Науқасқа қатысты берілген емшаралардың білімі мен біліктілігін анықтау. Орындау сапасын көтеру Әрбір қатынас сайын. Қабыну белгілерінің жоғалуы : гиперемиялар, күйіктер , көздің ауырсынуы ,жас ағуы. Мақсатқа жеттік.
  • 21. № 4 топқа тапсырма. Ұзақ уақыт төсек режимінен кейін Айгуль Ахметовнаға гигиеналық ванна тағайындалды. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Науқас қоятын шағымдары:терінің қышуы, аяқпен ауыздан шығатын жағымсыз иіс. Осы иіс әсерінен палатадағы көршілес науқастар алшақтанады, сондықтанол жалғыздықты сезінеді. Айгуль Ахметовна ваннаны душқа ауыстыру бойыншакеңеседі. Себебі ваннаны үйде қабылдауға оған қолайлырақ, сондай-ақ ауруханадағы инфекцияны жұқтыруданқорқады. Тапсырма. 1. Науқаста қандай қажеттіліктер бұзылған? 2. Науқастың қажеттіліктерін құрастыру. 3. Науқасты күту жоспарынқұрастыру. Ықтимал жауаптар: Бұзылған қажеттіліктер • дене қауіпсіздік; • ұйқы және демалу. Науқастың мәселесі: • Науқас айналасындағы адамдардыңжағымсыз сезімдер нәтижесіндегі қарым-қатынас тапшылығы. • Гигиеналық процедуралар қабылдау кезінде инфекция жұқтыру қауіпі.
  • 22. Жеке күтім жоспары Науқас шағымдары Мақсаты/ күтілетін нәтижелер Медбикелік араласулар Реті Күтімді бағалау Айналасындағы адамдардың жағымсыз сезімдер нәтижесінде науқаста қарым- қатынас тапшылығы туындаған. Медбике науқасқа көмек көрсетілгенне н кейін, жақсы эмоциялар тудыратын айналасындағ ы адамдармен қарым- қатынас. Күн сайын Мақсатқа қол жеткіздік. Айналасындағылармен қызықты сұрақтарды талқылайды Гигиеналық емшаралар қабылдау кезінде инфекция жұқтыру қауіпі. Жағымсыз иістің болмауы. Науқасқа гигиеналық емшаралар (бұлау,себізгі ) ұйымдастыру Науқастын өз өзіне күтім жасауды қолдау. Іш киімді әрдайым ауыстыруды жүзеге асыру. Науқасқа тісін күніне 2 рет тазалауды ұсыну. Жағымсыз иіс кетіру мақсатында ауыз қуысына арналған аэрозоль қолдану. Тіл бетін тазалауды жүзеге асыру. Жаңадан түскен науқастармен байланыс орнатуға көмектесу Күн сайын Мақсатына қол жеткіздік. Гигиеналық душты қабылдауға келіседі. Гигиеналық процедуралар қабылдау кезіндегі инфекция жұқтыру қаупі. Гигиеналық процедуралар қабылдау кезіндегі инфекция жұқтыру қаупін жою. 1. Жуынатын бөлмені пайдалануға дайындау кезеңдері туралы әңгіме жүргізу. 2. Бір рет пайдаланылатын күту заттарымен таныстыру. 3. Бұрын пайдаланған заттардың дезинфекциясы туралы айту. 4. Науқасқа өз қалауы бойынша ваннаның орнына душты өткізуді ұсыну.
  • 23. Топтарды критериалды бағалау Топты сапалықбағалау Мұмкін ұпай 1 топ 2 топ 3 топ 4 топ Науқастың қандай қажеттіліктер бұзылғанын анықтану. 2 Науқастың мәселелерің анықтану. 3 Науқастың жеке күту жоспарын жасау. 3 Мейірбикелік күтімінің қорытынды шығару 1 Уақытша режимдісақтау 1 Қорытындыұпай: 10
  • 24. № 6 қосымша Бағалау парағы Студенттің Т.А.Ж «Парентеральдық тамақтануды қолдану. Жасанды тамақтандырудың әдістері» тақырыптың баллі. Жаңа білімді, білік пен дағдырларды меңгеру Студенттін жеке жұмысы Жаңа білімді, білік пен дағдыларды бекіту Қосымша қосалқы Қорытынды
  • 25. Приложение № 7. Студенттердің бірі кезекші пошташының рөлін ойнайды және үй жұмысын хат ретінде таратады. 1 Хаттық тапсырма Құрметті студент! Ұсынылған материалды қолдана отырып және Муратбекова С.К “Медбикелік іс негіздері” кітабы бойынша, құрғақ жөтелі бар пациентке медбикелік үрдіс картасын құрастырыңыз. 2 Хаттық тапсырма Құрметті студент! Ұсынылған материалды қолдана отырып және Муратбекова С.К “Медбикелік іс негіздері” кітабы бойынша, ентігуі бар пациентке медбикелік үрдіс картасын құрастырыңыз. 3 Хаттық тапсырма Құрметті студент! Ұсынылған материалды қолдана отырып және Муратбекова С.К “Медбикелік іс негіздері” кітабы бойынша, дымқыл жөтелі бар пациентке медбикелік үрдіс картасын құрастырыңыз. 4 Хаттық тапсырма Құрметті студент! Ұсынылған материалды қолдана отырып және Муратбекова С.К “Медбикелік іс негіздері” кітабы бойынша, демікпесі бар пациентке медбикелік үрдіс картасын құрастырыңыз. 5 Хаттық тапсырма Құрметті студент! Ұсынылған материалды қолдан а отырып және Муратбекова С.К “Медбикелік іс негіздері” кітабы бойынша, дене қызуының 1 кезені бар пациентке медбикелік үрдіс картасын құрастырыңыз. 6 Хаттық тапсырма Құрметті студент! Ұсынылған материалды қолдана отырып және Муратбекова С.К “Медбикелік іс негіздері” кітабы бойынша, дене қызуының 2 кезені бар пациентке медбикелік үрдіс картасын құрастырыңыз. 7 Хаттық тапсырма Құрметті студент! Ұсынылған материалды қолдана отырып және Муратбекова С.К “Медбикелік іс негіздері” кітабы бойынша, дене қызуының 3 кезені бар пациентке медбикелік үрдіс картасын құрастырыңыз. 8 Хаттық тапсырма Құрметті студент! Ұсынылған материалды қолдана отырып және Муратбекова С.К “Медбикелік іс негіздері” кітабы бойынша, өкпеден қан кетуі бар пациентке медбикелік үрдіс картасын құрастырыңыз. 9 Хаттық тапсырма Құрметті студент! Ұсынылған материалды қолдана отырып және Муратбекова С.К “Медбикелік іс негіздері” кітабы бойынша, қақырықпен қан шығуы бар пациентке медбикелік үрдіс картасын құрастырыңыз.
  • 26. Жұмыс дәптері «Медбикелік үрдіс. Медбикелік күтімін ұйымдастыру мен орындаудың ғылыми әдісі».
  • 27. Сабақ мақсаты: 1. Білімдік:Медбикелік үрдіс және медбикелік күтімін ұйымдастыру әдістерін білу. 2. Дамытушылық: Медбикелік үрдіс бойыншастуденттердің білімдерін дамыту, талдау, салыстыруды жүргізу, қажетті қорытынды шығарабілу біліктерін дамытуға мүмкіндік туғызу. 3. Тәрбиелік: Өз пікірін дәлелдей білу, өзарақарым-қатынас жасау мәдениетін дамытуға, өздік өқу жұмысынақажетті дағдырлардыигеругемүмкіндік туғызу. Қажеттілік дегеніміз – адамның денсаулығы мен амандығы үшін маңызды психологиялықжәне физиологиялықтапшылық. Адам өмір бойы қоршаған ортаға сәйкес өмір сүруүшін өз мұқтаждықтарын үнемі қанағаттандыруы қажет. Американдық психолог А. Маслоу адамдағы 14 негізгі қажеттіліктіқарастырды: 1. Тыныс алу 8. Ұйықтап, демалу 2. Тамақтану 9. Киініп, шешіну 3. Ішу 10. Таза болу 4. Бөліп шығару 11. Қауіпсіз болу 5. Қозғалу 12. Қарым – қатынас жасау 6. Дені сау болу 13. Өмірлік қазынаға ие болу 7. Дене қызуын сақтау 14. Қызметету, ойын ойнау, оқу Тыныс алу қажеттілігі - оттегіні қажет ету адамның негізгі физиологиялық қажеттіліктерінің бірі. Тыныс алу мен өмір ажырамайтын түсініктер. Оттегі жетіспеушілігінде тыныс жиіленеді, беткей болады, ентігу, жөтел пайда болады. Оттегінің ұлпаларда тұрақты жетіспеушілігі цианозға алып келеді, тері мен шырышты қабықтар көгереді. Бұл қажеттілікті қолдаумедицина қызметкеріүшін басты ауықымды (приоритетті) мәселе болуы керек. Адам бұл қажеттілікті қанағаттандыра отырып, өмір сүругеқажет болған қанның газды құрамынқолдайды. Тамақтанудың қажеттілігі - денсаулықты сақтау үшін өте маңызды. Рационалды және адекватты тамақтану көптеген аурулардың қауіпті факторларын жоюға көмек береді. Мысалы жүректің ишемиялық ауруы жиі жануар майлары мен холестерингебай тағамдарды тұрақты қабылдағанда дамиды. Тамақтың құрамында ақуыздың көп мөлшерде болуы жаралардың тез жазылуына көмектеседі. Медқызметкер науқастың тамақтану қажеттілігін қанағаттандыру үшін рационалды дұрыс тамақтануды үйретіп ұсыныстар беруі қажет. Күнделікті жеміс-жидектерді, сүт өнімдерін, ботқаларды, майсыз ет, балық, құс етін қабылдау ұсынылады. Қант, тәтті тағамдар, тұздар, алкогольді ішімдіктер шектеледі. Тамақтану қажеттілігінің қанағаттанбауы адам денсаулығыныңбұзылуынаалып келетінін ұмытпау керек.
  • 28. Ішу қажеттілігі - бұл күнделікті 1,5-2 литр сұйықтықтар: су, шай, кофе, сүт, сорпа, жеміс-жидектер қабылдау. Мұндай мөлшер зәрмен, нәжіспен, терлеуде, тыныс алуда жоғалтқан сұйықтықты толтырады. Су балансын сақтау үшін адам бөліну мөлшерінен көбірек сұйықтыққабылдау қажет. Сұйықтықты аз қабылдау дененің сусыздануына, ал шамадан тыс яғни 2 литрден артық қабылдау бірнеше жүйе, ағзалардың қызметінің бұзылуына алып келеді. Мейірбикенің сусыздану немесе ісіктердің пайда болу қаупін алдын ала анықтауы көптеген асқынуларды болдырмауғамүмкіндік береді. Бөліп шығару қажеттілігі -тағамның қорытылмаған бөлектері ағзадан зәр, нәжіс түрінде бөліп шығарылады. Бөліп шығару режимі әрбір адамда жекеше болып келеді. Басқа қажеттіліктерді қанағаттандыруды қалдыруға мүмкін болғанымен, бөліп шығаруды ұзақ уақытқа қалдыруға болмайды. Ұйықтау, дем алу қажеттілігі - ұйқы аз болған жағдайда қандағы қант деңгейі төмендейді, мидың қоректенуі нашарлап, ойлау процестері бәсеңдейді, зейін тұрақсызданады, қысқа мерзімді есте сақтау нашарлайды. Американдық ғалымдардың зерттеуі бойынша жарты түн ұйықтамаған адамда фагоцитоз үшін жауапты болған қан жасушалары 2 есе төмендейді. Науқас адамға ұйқы өте қажет, өйткені ұйқы науқас жағдайының жақсаруына алып келеді. Зерттеу барысында ұйқының бірнеше кезеңдері анықталған. Демалу- физикалық және психикалық белсенділіктің төмендеу жағдайы. Диванда жатып қана емес, сонымен қатар арнайы жаттығулар жасап, кітап оқу арқылы да демалуға болады. Емдеу мекемесінде қатты шу, жарық, басқа адамдардың болуы демалуға кедергі жасауы мүмкін. Қозғалу қажеттілігі – адам үшін қимыл- әрекеттердің шектелуі немесе мүлдем жоғалуы адам үшін көп мәселе тудырады. Мұндай жағдай аяқтардың жарақаттарында, созылмалы аурулардағы ауырсынумен, бас ми қан айналымы бұзылуы салдарынан болуы мүмкін. Қимыл - әрекеттердің жоғалуы ойылу дамудың қауіпті факторларына жатады. Тірек-қимыл жүйесі қызметінің бұзылулары жүрек пен өкпе қызметіне әсер етеді. Қимыл -әрекеттердің ұзақ мерзімді жоғалуы ас қорыту жүйесіндегі өзгерістерге: диспепсия, метеоризм, анорексия, іштің өтуіне, іштің қатуына алып келеді. Сонымен қатар зәр шығару қызметі бұзылып, қуықинфекциясына алып келеді. Науқастың басты мәселесі адам тұлғасының қалыптасуына елеулі әсер ететін қоршаған ортамен қарым- қатынас жасай алмайды. Қауіпсіз болу- көпшілік адамдар үшін қауіпсіз болу сенімділік пен жайлылықты, ыңғайлылықты білдіреді. Науқастың кереуеті немесе каталка жақсы бекітілгенде, палата едені құрғақ болғанда, ондабөтензаттар болмағанда, жарық жеткілікті болғанда, көрунашар болғандакөзілдіріктің болуы науқаста қауіпсіздік сезімін туғызады. Науқас өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар айналасындағыларға зиянын тигізбейтініне сенімді болуы керек, стрестіжағдайлардан қашу керек. Әлеуметтік қажеттіліктер- бұл жанұяға, достарына, олармен қарым-қатынасқа, қолдауға т.б. қажеттілік. Егер адам өзін қажетсіз, жалғыз, ешкімге керексіз сезінсе, демек оныңәлеуметтік қажеттіліктері қанағаттанбаған.
  • 29. Медбикелік үрдістіқолданудың маңызы: • Медбикенің жауапкершілігі артады; • Қажеттіліктерді қанағаттандыруға шығармашылық жағынан қарауға мүмкіндік береді; • Әр адамға жеке көмек көрсетіледі; • Күтімді дұрыс жүргізугемүмкінді береді; • Пациенттер белсенді түрдедем алады. Медбикелік мәселелердің негізгі саласы Медбике ауруды емес емделушінің ауруға және өз қалпына жауабын қарастырады. Бұл жауап: • физиологиялық • психологиялықжәне рухани • әлеуметтік болуы мүмкін Физиологиялық медбикелікмәселелер • созылмалы немесе жедел ауру; • жеткіліксіз немесе артық тамақтану; • ісіктер немесе сусыздану; • тұншығу; • әлсіреу; • гигиенаның сақталмауы т.б. Психологиялық жәнерухани медбикелік мәселелер • қорқу, абыржу, тынышсыздану; • бос уақыт тапшылығы; • медқызметкерлергесенбеу; • дәрілерді қабылдаудан бас тарту; • отбасындағы жанжал; • өлімнен қорқу. Әлеуметтікмедициналықмәселелер • әлеуметтік оңашалану; • мүгедектікке шыққанына байланысты қаржы жағын ойлап мазасыздану; Мейірбике медбикелік ауру тарихына емделушінің жағдайын, ойландыратын мәселелерді жазады, артықшылықтарынайрықша белгілейді. Артықшылық дегеніміз - емделушінің қазіргі кездегі басты, бірінші орынғақойған мәселелері. Мысалы, кеуде торыныңауыруымен, бас ауруымен, ісікпен, демікпемен азап шегетін жүрек ауруымен ауыратын науқас өзінің ең басты азабы ретінде демікпені көрсетуі мүмкін. Бұл жағдайда «демікпе» артықшылықты медбикелік мәселе болыпсаналады. Медбикелік диагнозды синдром ретінде қойсада болады. Синдром бір себеппен біріккен белгілердің жиынтығы. Мысалы, қан қысымы жоғары емделуші бас ауруына, айналуына, құлақ шуылдауына, жүрек айну т.б. белгілерге шағымданады. Медбикелік диагноз: қан қысымы көтерілусиндромы.
  • 30. Мейірбикелік урдістің кезеңдері, олардың мазмұны және өз ара байланысы. I кезеңі - мейірбикелік зерттеу әдісімен жағдайды бағалау. Ол мынандай сәттерден тұрады: «науқас жайында, субъективті, объективті деректер туралы қажетті мәліметтерді жинау; • науқасты қоршаған психоәлеуметтік жағдайды бағалау; • денсаулыққа әсер ететін қауіп факторларын, қоршаған орта туралы деректерді анықтау; науқастың күтімді қажет етуін анықтау мақсатында жиналған мәліметтерді талқылау. II кезең - науқастын күтіміндегі мәселелерді анықтау немесе мейірбикелік диагностикалау. Оған кіретіндер: «науқастың нағыз және жасырынмәселелерін және оның күтімдегі қажеттігін анықтау; • күтімнің маңызды мақсаттарынталдау, тезірек шешуді талап ететін маңызды мәселелерді анықтау; «науқаспен оныңанықталған мәселелері, канағаттандырылмаған қажеттіктері және алдыға койылған мақсаттар туралы сұхбаттасу. Ш кезең - кажетті көмекті жоспарлау. Оған жататындар: • мақсаттарды белгілеу (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді); » науқаспен бірге күтім нәтижелерін анықтау; • науқасқа көрсетілетін мейірбикелік іс-әрекет түрлерін анықтау (тәуелді, өзара тәуелді, тәуелсіз); • мейірбикелік іс-әрекеттерді жоспарлау, оларды мына төмендегі тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асыруұсынылады: 1. Дәрігерге дейінгі көмекті көрсету. 2. Дәрігерлік тағайындауларды орындау. 3. Науқастың негізгі қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында оған ыңғайлы жағдай жасау. 4. Науқас пен оның жащясына психологиялықдемеу жэне көмек көрсету. 5. Техникалык эрекеттер. ісшаралар жүргізу. 6. Денсаулықты нығайту жэне асқынулардың алдын алу бойыншашараларды жүзеге асыру. 7. Науқас пен оның жанұясы мүшелеріне кеңес беру, үйрету және сүхбатгасу. «науқаспен күтім жоспарынталқылау: «мейірбикелік күтім жүргізетін адамдарды күтім жоспарыментаныстыру.
  • 31. 3-Кезең Мейірбикелік көмекті жоспарлау Медбике емделушінің күту жоспарынқұрады. Жоспар міндетті түрденақты болу керек. Жоспарлау барысындаәр артықшылықты мәселені, күтімнің мақсаты мен жоспарын тұжырымдайды. Мақсатты екі себептен белгілеу қажет: • жеке медбикелік қатысудыңбағытын көрсетумен; • қатысу нәтижесі дәрежесін анықтаумен. Мақсат қоюдың талаптары: • мақсаттар орындалатын, қол жетерліктей болу керек. • әр мақсаттың орындалумерзімін нақты белгілеу қажет. Жоспар түрлері: • Қысқа(1 аптадан кем емес) мерзімді- қысқа уақыт ішінде орындалады. әдетте аурудың жедел түрінде, мысалы уланғанда асқазанды жуу. • Ұзақ (апталар, айлар) мерзімді- ұзақуақыт бойы орындалады. Олар асқынулардыңалдын алуға, бейімделуге т.б. бағытталған. Әр мақсат 3 компоненттен тұрады: • іс-қимыл; • белгілері: күні, уақыты, ұзақтығы; • шарты – кімнің (ненің) көмегімен. • Күтім жоспарынқұрастырғандамедбикелік істің стандартынбасшылыққа алады. Стандарт дегеніміз – берілген медбикелік мәселе бойынша сапалы күтіммен қамтамасыз ететін шаралар тізімі. Стандарт медбикеге көмек ретінде жасалады, ол оның«шпаргалкасы» сияқты. Бірақ стандартта түрлі клиникалық жағдайларды алдын-ала ескеру мүмкін емес. Сондықтан оны ойланбастан қолдануға болмайды. Медбике мақсаттарын анықтап, күтім жоспарынқұрғаннанкейін сол іс - әрекеттерімен емделушіні таныстырып, оныңкелісімін алады және емделушімен бірге мақсатқа жету жолдарын анықтайды. Күтім жоспары міндетті түрдемедбикелік тарихта жазылуы керек. 4-Кезең Жоспарлауды жүзеге асыру Медбикелік іс- әрекет 3 түрлі қатысуды жоспарлайды: • тәуелді • тәуелсіз • өзаратәуелді Тәуелді – дәрігердің нұсқауымен орындалатынмедбикенің іс-әрекеті, мысалы әр 4 сағат сайын антибиотиктер инъекциясынсалу, таңғышты ауыстыру, асқазанды жуу т.б. Тәуелсіз – дәрігердің нұсқауынсыз өз ойыменқабылдаған және өз ықыласыменжүзеге асырылатыніс-әрекеттер. Мысалы: • емделушінің өзін-өзі күтуіне көмек көрсету. • емделушінің денсаулығы жөнінде кеңес беру; • емделушінің бос уақытын ұйымдастыру; • емделушінің күнделікті белсенділігі мен демалысындұрыс ұйымдастыру жөнінде нұсқау беру т.б.
  • 32. Өзаратәуелді қатысу– дәрігер немесе денсаулық сақтау жүйесінің басқа маманымен бірлесіп қызмет ету. Мысалы: физиотерапевт, емдік дене шынықтыру маманы т.б. 5-Кезең Көрсетілген күтімнің нәтижесін бағалау Медбике қойылған мақсаттарға жетіп, мәселе шешілген болса, бұл мақсаттың астына қолын қойып, күнін белгілеп растайды, егер мақсат орындалмаса, мейірбике оның себебін іздестіреді. Кеткен қателікті табу үшін медбикелік процесс қайталанады. Мейірбикелік процесс – медбикелікістің ғылым ретінде дамып, өсуін қамтамасыз етеді, медбикелік істі дербес мамандық ретінде қалыптастырады емделушілерге сапалы күтім ұсынады.