SlideShare a Scribd company logo
1 of 22
Түркістан медицина колледжі
№8 Терапия және туыстас пәндер циклдік әдістемелік комиссиясы
«Терапиядағы медбикелік іс»
пәнінен тәжірибелік сабаққа арналған
әдістемелік өңдеу
Тақырыбы: Сүйек-бұлшықет жүйесінің аурулары кезінде медбикелік үрдісті
ұйымдастыру.
Мамандығы: 0302000 «Медбикелік іс»
Біліктілігі: 0302033 «Жалпы практикадағы медбике»
Курс: 4
Семестр: 8
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ -05.1.8-07.06
4-нұсқа
22 беттің 2-ші беті
Әзірлеген: Ішкі аурулар пәні оқытушысы: Садикова М.О.
№8 Терапия және туыстас пәндер циклдік әдістемелік комиссиясының мәжілісінде
талқыланып бекітілді
Хаттама №_____«_____»______ 2017 жыл
ЦӘК төрайымы: __________ Зарипова Г.К.
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ -05.1.8-07.06
4-нұсқа
22 беттің 3-ші беті
Сабақтың тақырыбы: Сүйек-бұлшықет жүйесінің аурулары кезінде медбикелік үрдісті
ұйымдастыру.
Сабақтың түрі: Тәжірибелік сабақ.
Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар:
• Интерактивті оқыту технологиясы
• «Кластери» және «кейс-стади» технологиясы.
• Дамыта оқыту технологиясы.
• Оқытудың компьютерлік, ақпараттық технологиясы.
• Проблемалық оқыту технологиясы.
• Деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы.
Белгіленген технологияны іске асыру әдістері:
• Көрнекілік құралдарды қолдану арқылы түсінді
• Пысықтау
• Сараптау, саралау
• Өзін-өзі бақылау
• Кәсіби білімділікке баулу
• Суреттермен жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ревматоидтық артрит, деформациялық остеоартроздың, Бехтерев ауруының
анықтамасын, жіктемесін, этиологиясын есте сақтау, патогенезін түсіну, клиникалық көрінісін
суреттеу, ағымын түсіндіру, диагностикасын таңдау, асқынуларын есте сақтау, емін және
алдын- алу шараларын жоспарлау
Дамытушылық: Студенттердің клиникалық ойлау қабілетін жетілдіру, теорияны тәжірибе-
мен ұштастыру және студенттердің оқуға деген қызығушылығын дамыту, білім деңгейін
жоғарылату.
Тәрбиелік: Студенттерді болашақ маман ретінде тәрбиелеу. Болашақ мамандығына деген
жауапкершілігін, сүйіспеншілігін, ұстамдылығын, төзімділігін қалыптастыру, адамгершілікке,
мейірімділікке үйрету.
Пән ішілік байланыс:
Пәнаралық байланыстардың құрылымдық- логикалық жобасы :
Пән ішілік байланыс
Дерматомиозит Склеродермия
РевматизмЖүйелі қызыл жегі
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ -05.1.8-07.06
4-нұсқа
22 беттің 4-ші беті
Қамтитын пәндер:
1. Қалыпты анатомия.
2. Қалыпты және патологиялық физиология.
3. Ішкі аурулар пропедевтикасы.
4. Фармакология.
5. Клиникаға кіріспе.
6. Патанатомия.
Қамтылатын пәндер:
1. Жұқпалы аурулар.
2. Акушерия.
3. Хирургия.
4. Балалар аурулары.
Уақыты: 180 минут.
Cтудент білуі тиіс:
• Ревматоидты артрит және деформациялық остеоартроз, Бехтерев ауруларының
этиологиясын, клиникалық көрінісін, ағымын, диагностикасын таңдауды, асқынуын, емдеу
принциптерін жоспарлауды;
• Ревматоидты артрит және деформациялық остеоартроз, Бехтерев аурулары кезінде
медбикелік үрдісті ұйымдастырудыжоспарлауды
• Ревматоидты артрит және деформациялық остеоартроз, Бехтерев аурулары кезінде
алғашқы медициналық-санитарлық көмек; стационарлық көмек; стационарды алмастыратын
көмек жоспарын ұйымдастыруды;
• төтенше жағдайларда медициналық көмек; қалпына келтіру емі және медициналық
оңалдыру жоспарын ұйымдастыруды;
• науқас күтімі және кезек күттірмейтін жағдайлардың алдын алуын.
Студент істей алуы тиіс:
• ревматоидты артрит және деформациялық остеоартроз, Бехтерев аурулары бар
науқастың анамнезін жию, оны физикалық тексеру;
• Медбикелік іс әрекеттің жоспарын құруды
• мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру;
• ауруларға күтім жасау.
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекі құралдар: Плакаттар, муляждар, фантом, торс, слайдтар, ыстық (Т-60-700
С) суы бар
ыдысты, су термометрін, 2 салфетканы, клеенканы, мақтаны, сүлгіні, залалсызданды рылған:
10-20мл көлеміндегі бір рет қолданылатын шприцті, астаушаларды, мақта шариктер ін,
салфеткаларды, тері антисептигін, бетпердені, қолғапты, штативтегі пробиркаларды, су
өтпейтін тығындарымен резеңке бұрауды, клеенкалы жастықшаны, кауіпсіз жинауға және
жоюға арналған контейнерді.
Үлестірмелі материалдар: тесттер, ситуациялық есептер, дефектілі есептер,
стандарттар, тапсырмалар, ауру тарихының схемасы.
Техникалық оқу құралдары: Мультимедиялық кешен
Сабақ барысында қолданылатын оқу-әдістемелік құралдар:
Негізгі әдебиеттер:
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ -05.1.8-07.06
4-нұсқа
22 беттің 5-ші беті
1. Ішкі аурулар Қ.А. Жаманқұлов.-Ақтөбе, 2008
2. Ішкі аурулар пропедевтикасы. С.К. Муратбекова, А.Т.Кенжебаева.-Көкшетау, 2007.
3. Ішкі аурулар. А.А. Оспанова. – Шымкент, 2008.
4. Ішкі аурулар. 1-2 том. Б.С. Қалимурзина.-Алматы, 2000
5. Ішкі аурулар Ғ.Н. Бимурзаев, Г.К. Зарипова – Түркістан 2012
Сабақтың хронокартасы:
Сабақ бөлімдерінің атауы Сабақтың
ұзақтығы
І Ұйымдастыру сәті 2- минут
ІІ Тақырыпқа мотивациялық сипаттама беру 3-минут
ІІІ Студенттердің теориялық білімін бақылау. 30 минут
IV Тәжірибелік дағдылардың орындалу техникасын түсіндіру және
демонстрациялау.
25 минут
V Студенттердің өзіндік жұмысы 105 минут
VI Сабақты қорытындылау 10 минут
VII Үйге тапсырма 5 минут
І Ұйымдастыру кезеңі: Аудиторияның тазалығына және студенттердің сыртқы келбетіне,
формасына қарау. Студенттерді түгелдеу, журнал толтыру және студенттердің зейінін сабаққа
аудару – 2 минут.
ІІ Тақырыпқа мотивациялық сипаттама беру : Сабақтың маңыздылығын айту, сабақтың
жоспары мен студенттерді бағалау критерилерімен таныстыру – 2-3 минут.
Ревматоидтық артрит – негізінде шеттік ұсақ буындардың симметриялы деструкциялық
зақымдануымен және буындардың деформациясымен мінезделінетін жүйелі ауру.
Ревматоидтық артритінің бір ерекшелігі – оның зақымдамайтын буыны қалмайды. Ең ұсақ
буындардан (саусақ буындары, жақ буыны, башпай буындарының) бастап, ірі буындардың
(тізе, ұршық, омыртқа буындарының) қай – қайсысын болса да күрделі өзгерістерге
ұшыратады да, олардың қызметінің бұзылуына әкеп соғады. Ұзақ уақыт ауырған буындардың
сиқы кетіп, қисайып, жуандап, шорланып түрлері өзгереді. Қимыл аумағы азаяды, қуаты
келмейді. Ревматоидтық артрит жиі мүгедектікке әкеп соғады. Көбінесе жастар ауырады,
әсіресе әйелдердің көбірек ауыратыны байқалады. Ревматоидтық артритте бүкіл мүшелер
және тіндер зақымданады яғни ол буындар жүрек, өкпе, бүйрек т.б.
Остеоартроз – қол-аяқ, омыртқа буындарының дегенациялық – дистрофиялық ауруы. Бұл
аруруда буындардың шеміршегі ыдырап жойылады, осыдан сүйектердің беті жалаңаштанады.
Шетті костеофиттер және екіншлік синовиит дамиды.Остеоатроз 60-жастан асқан адамдардың
барлығында болады.
Бұл ауруда буындардың шеміршегі ыдырап жойылады, осыдан сүйектердің беттері
жалаңаштанады да, шеттік остеофиттер және екіншілік синовит дамиды. Негізінде, буын
шеміршегінің дегенерациясы организмнің табиғи қартаюынан дамитын физиологиялық
процестің бірі. Остеартроз жасы 60-тан асқан адамдардың барлығында болады. Остеартрозда
дамитын буын шеміршегінің өзгерістері кәрілікте дамитын өзгерістермен бірдей, бірақ оған
қарағанда ертелеу басталады және буын маныңдағы тіндердің зақымдануына әкеледі.
ІІІ . Студенттердің теориялық білімін бағалауда қойылатын сұрақтар : 30минут
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ -05.1.8-07.06
4-нұсқа
22 беттің 6-ші беті
1-сұрақ.Ревматоидты артрит анықтамасы мен этиопатогенезі?
2 - сұрақ.Ревматоидты артрит клиникалық көрінісі ?
3- сұрақ. Ревматоидты артрит диагностикасы?
4 - сұрақ. Ревматоидты артрит емдеу шаралары ?
5 - сұрақ. Остеоартроз анықтамасы мен этиопатогенезі?
6 - сұрақ. Остеоартроз клиникалық көрінісі?
7 - сұрақ. Остеоартроз диагностикасы мен емдеу шаралары?
8-сұрақ. Бехтеров ауруы анықтамасы мен этиопатогенезі?
9 - сұрақ.Бехтеров ауруы клиникалық көрінісі ?
10- сұрақ. Бехтеров ауруы диагностикасы мен емдеу шаралары?
1-сұрақ.Ревматоидты артрит анықтамасы мен этиопатогенезі?
Жауабы: Ревматоидты артриттің бұл - көбіне шеттік буындардың симметриялы эрозиялы-
деструкциялық зақымдануына және буыннан тыс бұзылыстарға әкелетін дәнекер тіннің
тоқтаусыз меңдейтін жүйелі ауруы.
Этиологиясы. Ген ерекшеліктері: НLA жүйесінің антигендік құрылымының ерекшелігіне
байланысты. Инфекциялық агенттер: вирустар, бактериялар, суперантигендер.Гормоналды
өзгерістер (жыныс гормондары, пролактин)
Патогенезі. Патогенезі толық анықталмаған, болжаулар бойынша жоғарыда аталған әсерлер
келесі жобамен тіндерді зақымдауы мүмкін.
Буын тініне тропты белгісіз бір агент синовий қабатын мекендеп, иммундық реакцияны
қоздырады. Осыдан агрегацияланған ІgG жөне ІgА, ІgМ (антиген ролін атқаратын) түзіледі.
Синовидегі плазмалық жасушалар мен лимфоциттер бұл ІgG Ғс 1 фрагментіне қарсы ІgМ
және А, G кластарына жататын антиденелерді (ревматоидтық факторды) түзе бастайды. Осы
антиденелердің (РФ), антигеннің және комплементтердің қатысуымен синовиялық қабық пен
синовиялық сүйықтықта иммундық комплекстер түзіледі. Иммундық комплекстерді жою
мақсатымен синовий қабығына нейтрофилдер, макрофагтар жиналады. Иммундық
комплекстерді жою нәтижесінде бұлардан түрлі кабыну медиаторлары - лимфокиндер,
лизосомалық ферменттер, лейкотриендер, простагландиндер, бос оттегі
радикалдары т.б. бөлінеді. Аталмыш заттар, әсіресе, бос радикалдар сіңір мен сүйекті
зақымдайды.
Иммундық жүйенің белгісіз бір кемістігінен, организм иммундық комплекстерден жөнді
тазартылмайды, сондықтан буын қуысында бір басталған қабыну процесі созылмалыға
айналып, тоқтаусыз өрістейді. Ревматоидтық артритке буындардың қабынуымен қатар
иммункомплекстік васкулиттің дамуы тән. Сондықтан бұл ауруда буыннан тыс жүйелі
зақымданулар да болады.
2 - сұрақ. Ревматоидты артрит клиникалық көрінісі?
Жауабы: Клиникалық көрінісінен ревматоидтық артрит екіге бөліп қаралады.
Біріншісі — буындық түрі, ревматоидтық артритпен ауырғандардың 80%-да кездесетін. Оның
басты белгісі — буындардың қабынуы мен деформациясы.
Екіншісі— буын-висцеральді түрі. Бұл түрінде буынмен бірге түрлі ағзалар зақымданады.
Ревматоидтық артрит басталған шағында ең алдымен өзінің "сүйікті" буындарын зақымдайды:
алақан-саусақ, проксимальді фалангааралық, кейіндеу — табан-бақай жөне тілерсек
буындарын. Бұл ауруға буындардың симметриялы зақымдануы тән.Жүре-бара патологиялық
процесс меңдеп, көптеген буындарға таралады. Бірақ ревматоидтық артрит тиіспейтін
буындар да бар: омыртқа жотасының бел және кеуде бөлігі, дистальді саусақаралық, У-ші
проксимальді фалангааралық (шынашақтык). Бұл ерекшелік ревматоидтық артритті өзге
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ -05.1.8-07.06
4-нұсқа
22 беттің 7-ші беті
артриттерден айыруға көмектеседі. Ревматоидтық артриттің баяу өрістейтін түрі ең алдымен
буындардың үйқыдан оянған кезде сіресуінен басталады. Сіресудің қатаңдығы мен созылу
уақыты қабыну процесінің деңгейіне тәуелді. Минимальді активтілікте - 30-60 минут, ауырлау
жағдайда — түске, тіпті кешке дейін созылады.
Бастапқы шақга сіресу буынды біраз жазып бүккен соң, біртіндеп жойылады, бірақ жүре-бара
күшейіп, адамның қимылын шектейді. Науқастар сіресуді әр түрлі суреттейді: "тар перчатка"
(жүдырықты жүма алмау), "қөрсет" белгісі (дененің сіресуінен үйқыдан кейін төсектен түра
алмау, т.б.) Сіресудің себебі — эндогендік гидрокортизон бөлінуінің циркадиандық
ырғағының бұзылысы. Қалыптыда гидрокортизон бөлінуінің биік шыңы сағат 7-8 шамасында.
Ревматоидтық артритте бұл кезең кештеу уақытқа ығысады. Жүре келе экссудация процесі
күшейіп, сіресумен бірге буындардың ауырсынуы, ісінуі, терісінің қызаруы пайда болады.
Ісінген үсақ буындар ұршық төрізденеді. Егер буынның қуысына сұйықтық мол жиналса, онда
флюктуация байқалады. Ревматоидтық артритте буындардың ауырсынуы қабыну типті, яғни
буындардың ауырсынуы түн ауа, таң ата күшейеді. Буын қабының ісінуінен, бүлшықеттің
рефлекстік туйілуінен және ауырсынудан буындардың қозғалысы едәуір шектеледі.
Ревматоидтық артриттің, жоғарыда суретгеген ерте экссудатты сатысы, шамамен бір жылдай
уақыт алады. Осы уақытта науқастардың 15-20%-да ремиссия болады, кейбіреулерінде
артриттің белгілері біршама басылады, бірақ көбінде кесел өрбіп, келесі экссудаттық-
пролиферациялық сатысына ауысады. Бұл сатыда кеселдің белгілері "жайылып" шығады.
Жалпы белгілер пайда болады: әлсіздік, дене қызуының шамалы көтерілуі, астения, тәбеттің
нашарлауы. Буындар қайтымсыз зақымданады. Пролиферацияның күшеюінен буын
жуандайды, буын қабының тіні калыңдайды. Бұл өзгерістерден буындардың пассивті
қозғалысына "серіппелілік" қасиет пайда болады. Фиброздың күшеюінен буындардың қабы,
сіңірлері бүрісіп қысқарады, шеміршектері жойылады, сүйектердің басы ұясынан шығуынан
буындар қисаяды, ақырыңда анкилоз қалыптасады.
Сонымен қатар буын маңы тінінде, теріде трофикалық өзгерістер болады. Тері жүқарып,
күрғақтанады, бұлшықет (әсіресе буыннан жоғарысы) семіп, қуаты төмендейді. Алақан терісі
жүкарып, түсі қызғылт-көкшілденеді (ревматоидтық алақан). Өршіген сайын процесс жаңа
буындарға тарап отырады, зақымданған буындардың саны біртіндеп көбейе береді және бұл
ауру зақымдаған буындарынан ешбір айырылмайды. Сондықтан буындардың зақымдану
дөрежелері әр түрлі болады (біреуі кеш, біреуі ерте сатысында).
Ертелеу зақымданған буындардың қозғалысы шектеліп, анкилозға айналады, терминальді
сатыда бірнеше буындар "қатып" калады.
3- сұрақ. Ревматоидты артрит диагностикасы?
Жауабы: Ревматоидты артриттің лабороториялық көрсеткіштері
1. Гипохромдық анемия.
2. Орта шамадағы 10-15 х 109/л лейкоцитоз.
3. ЭТЖ-ның биіктеп, түспей тұруы. Оның биіктігі процестің активтілігіне төуелді, ауыр
жағдайда 80-90 мм сағ. дейін жоғарылайды.
4. Ревматоидтық фактордың болуы. Аурудың алғашқы 6 айында РФ анықталмауы мүмкін. РФ
болу-болмауынан ревматоидтық артритгің серопозитивті және серонегативті түрлерін
айырады.
5 . Ревматоидтық артритке тән антикератиндік антиденелер.
6. Синовий сүйықтығының анализінде ревматоидтық артритке тән белгілер:
а) РФ-ның болуы;
б) синовиялық сұйықтық ұйындысының болбырлығы (тығыз еместігі). Оны синовий
сұйықтығын сірке қышқылының ерітіндісіне қосып анықтайды.
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ -05.1.8-07.06
4-нұсқа
22 беттің 8-ші беті
Ревматоидтық артриттің диагностикалық критерийлері:
1.әйелдердің жиілеу шалдығуы.
2.инфекцияға тікелей байланысының жоқтығы.
3.буындардың ауырсынуы, ісінуі, салицилаттардың әсер етпеуі.
4.қимылсыз жағдайдан кейін, ертеңгілікте буындардың ең болмағанда 1 сғат сіресуі.
5.бір «ұстаған» буындардан айырылмастан өрістеп дамуы және 3-6 айдың ішінде 1-2 буынды
қосып зақымдауы.
6.басым ұсақ буындарды симметриялы зақымдауы.
7. буындардың қайтымсыз деформациялануы.
8. бір биіктеген ЭТЖ – ның оңайлықпен төмендемеуі.
9. буын маңындағы теріастылық түйіндер болуы.
10. РФ болуы.
11. рентгенограммадағы өзгерістер: остеопороз, шеміршектің бұзылып жойылуынан буын
жегінің тарылуы, сүйекте – буын бетінің кетіктенуі. РА диагнозы 4-7 критерийге сәйкес келсе
диагноз нақты деп саналады,1-4 белгілер науқаста 6 апта бойы болуы керек
4 - сұрақ. Ревматоидты артрит емдеу шаралары?
Жауабы: Ем жобасын түзгенде ревматоидтық артриттін түрін, активтілік дәрежесін,
науқастың жасын, ілеспелі ауруларын еске алады.
Ем бағдарламасы:
 Тез әсерлі қабынуға қарсы дәрмектер.
 Базистік дәрмектер- алтын препараттары- крезанол, глюкокортикоидтар-преднезанол
 Иммундық жүйені реттейтін дөрмектер мен шаралар.
 Жергілікті ем жөне дөрмектерді буын ішіне енгізу.
 Физиотерапия.
 Емдік дене шынықтыру, массаж, еңбекпен емдеу.
 Санаторлық-курорттық ем.
 Хирургиялық ем.
 Реабилитация.
 Диспансерлеу.
5 - сұрақ. Остеоартроз анықтамасы мен этиопатогенезі ?
Жауабы: Остеоартроз – қол-аяқ, омыртқа буындарының дегенациялық – дистрофиялық
ауруы. Бұл аруруда буындардың шеміршегі ыдырап жойылады, осыдан сүйектердің беті
жалаңаштанады.
Этиологиясы: Даму тегіне қарай остеоартроздың біріншілік және екіншілік түрлерін айрыды:
Біріншілік түрі- бұрын зақымданбаған сау буын шеміршектерінің уақытынан бұрын тозуы.
Оның себебі нақты анықталмаған.
Екіншілік түрі - бұрын болған зақымдардың салдарынан буын шеміршегінің жүре бара
дамитын дегенерациялық бұзылысы. Екіншілік остеоартроз сүйек эпифиздерінің басқа бір
себептерден үйлесімділігінің жойылуынан болады, мәселен дисплазиядан, жарақаттан, туа
кемістіктерден немесе шеміршек метаболизмінің бұзылысынан (эндокринопатияларда),
кәсіпке байланысты буынға асыра күш түсуінен.
Остеоартроздың этиологиясында ішкі және сыртқы факторларды ажыратады.
Ішкі факторлар:
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ -05.1.8-07.06
4-нұсқа
22 беттің 9-ші беті
-дене бітімінің немесе қимыл тірек жүйесінің кемістігінен буын беттерінен үйлесімділігінің
жойылуы (қазтабан, омыртқа бағанасының сколиозы, буын осінің ауытқуы, жалғамалардың
осалдығын, сіңірдің созылуы т.б.); мұндай жағдайларда буынға түсетін күш және шеміршектің
басылуы 2-3 есе артады;
- буынға салмақ түсіретін семіздік;
- эндокриндік бұзылыстар (қантты диабет, акромегалия, гипотиреоз, климакс);
- байламдардың осалдығынан буындардың гипермобильділігі (Марфан синдромы т.б.);
- метаболизмдік бұзылыстар (гемохроматоз, охроноз, подагра), буындардың өзге аурулары
(РА, сүйектің асептикалық некрозы т.б.);
- буын шеміршегінің гендер кемістігінен осалдығы (остеоартрозбен ауыратын науқастардың
туысқандарында бұл ауру екі есе жиі кездеседі).
Сыртқы факторлар:
- жарақаттар, микрожарақаттар, мысалы, парашютисттердің тізе буындарының ерте
зақымдануы;
- стереотипті қимылдарға байланысты күш түсуі, мысалы, бишілердің тілерсек буыны,
шахтерлер мен тас қалаушылардың шынтақ және тізе буындарының басым зақымдануы;
- түрлі заттармен улану ( гербицидтер, ауыр металдар, нитраттармен, ішкілікке салыну т.б.)
- физикалық ықпалдар ( суықтау, ылғалдылық, сәулелену, вибрация).
6 - сұрақ. Остеоартроз клиникалық көрінісі?
Жауабы: Остеоартрозбен адамдардың 10 % әсіресе жасы 40-60 шамасындағы әйелдер
сырқаттанады. Бұл ауру жасы 60 тан асқан адамдардың барлығында болады деп айтса артық
емес. Клиникалық көрінісі зақымданған буынның түріне тәуелді. Күш түсетін буындар басым
зақымданады. Ең жиі қол саусақтарының фалангаарлық буындары, бас бақайдың табан-
фалангалық буыны, тізе, ұршық, мойын беломыртқа буындары зақымданады. Кейбір
науқастарда бұл кесел полиостеоартроз ( көптеген буындарды зақымдау) түрінде
дамиды.Аурудың басты белгісі – буындардың механикалық типті ауыруы, яғни салмақ
түскенде, мысалы жүргенде, баспалдақпен көтеріліп түскенде. Ревматойдтық артриттен
айрықша, буындардың ауыруы күн ұзақ жүріп тұрудан, әр түрлі қимылдардан кешке қарай
күшейе түседі, ал түнде, тыныш жағдайда басылады. Тағы бір ерекшелік – старттық ауырсыну
яғни буындардың алғаш қадамдар жасағанда қатты ауыруы. Науқас алғашқы 15-20 қадамды
аяғын жай басып ақсаңдап шаққа жүреді, ал ауыру басылған сон жүрісі түзеліп тезделеді.
Жергілікті қанайналымның бұзылысынан және гипоксиядан, ұзақ бір қалыпта болған,
буындар шамалы уақыт сіресуі мүмкін. Бірақ сіресу 30 минуттан артыққа созылмайды.
Сүйек бетінің бұдырлауынан қозғалтқанда буындар сыртылдайды (буындардың
крепитациясы).
7 - сұрақ. Остеоартроз диагностикасы мен емдеу шаралары?
Жауабы: Остеоартроздың рентгендік көрінісіне мына белгілер тән:
1) шеміршектің бұзылуынан буын жігінің тарылуы;
2) эпифиздердің жиекшелік остеосклерозы (субхондралық остеосклероз);
3) эпифиздер шетін жағалаған остеофиттер;
4) сүйектердің басында (буын маңында) кисталардың түзілуі;
5) сүйектердің ұясынан таюы;
6) остеопороз.
Қосымша зерттеудің нәтижелері.
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ -05.1.8-07.06
4-нұсқа
22 беттің 10-ші беті
Әдетте қанның, несептің жалпы анализдері қалыпты, тек реактивті синовит
қосылғанда ЭТЖ (20-25 мм/сағ дейін) және қабыну тестілердің көрсеткіштері (ДФА,
фибриноген, серомукоид және α2- глобулиндер) шамалы жоғарылайды.
Емі. Емнің негізгі мақсаты – ауырсынуды басу, шеміршектің бұзылысына жол бермеу және
зақымданған буынға күш түсуін жеңілдету.
Ем бағдарламасы:
1. Шеміршекте дегенерациялық процестің өрістеуіне жол бермеу «базистік ем»
2. Буындардың ауыруын және синовитті басу.
3. Буындардың функциясын жақсарту.
4. Зақымданған буындарға күш түсуді азайту.
Зақымданған буынға күш түсуін азайтса, дегенерация процесі баяуланады. Ұзақ жүруге,
тұруға (жүргеннен гөрі тұрған қиындау), жүк көтеруге, баспалдақпен жиі көтеріліп, түсуге
тыйым салынады (мүмкіндік болса лифтті қолдану қажет).
Жүріс арасында 5-10 минут тынығу және таяққа немесе балдаққа сүйеніп жүру қажет.
Хондропротекторларды қолдану. Румалон 1 мл күн ара бұлшықетке салынады. Ем курсы 25
инъекция.
Структум күніне 500 мг 2 рет беріледі. Ем курсы 3-6 ай, қажетті болса ем курсын қайталайды.
Буын ішіне протеолиздік ферменттер ингибиторларын енгізу.
Трасилолды немесе гордоксты 25 000 Б буынға енгізеді. Ем курсы 2-5 инъекция 3-4 күн
аралықпен.жасанды синовий сұйықтығын енгізу.
Поливинилпирролидин (ПВП) – ірі буындарға 15% ерітіндісінің 5 мл гидрокортизон
ацетатының 1 мл қосып енгізеді шеміршектің метаболизмін жақсарту.
Рибоксин таблетка түрінде 0,4 г күніне 3 реттен 1 ай ішкізеді, вена ішіне 2 % ерітіндісінің 10
мл натрий хлориді физ ерітіндісінің 10 мл қосып енгізеді немесе 5 % глюкоза ерітіндісінің
200-500 мл қосып тамшылатады.
Шеміршек асты сүйек тінінде және синовий қабығында микроциркуляцияны жақсарту.
Курантил (дипиридамол) 0,05 г күніне 3 реттен 1-2 ай ішкізеді.
Тенокил 1-2 таблеткадан (0,15-0,3г) күніне 2-3 рет 2 ай тамақтан кейін ішкізеді.
Е витамин капсула түрінде 50% ерітіндісі 0,2 мл.
Физиотерапия фонофорез, эритемалық дозадағы ультра күлгін сәулесі, новокаин және
анальгинмен электрофорез, динамикалық ток қолданылады
8-сұрақ. Бехтеров ауруы анықтамасы мен этиопатогенезі?
Бехтерев ауруы деп буындардың ,соның ішінде омыртқа бағанасы буындарының созылмалы
жүйелі қабынуын айтады. Осыған байланысты омыртқа бағанасы өз әрекетін жоғалтып белгілі
бір қалыпта, қимылсыз бекіп қалады. Бұл науқас жастарда, көбінесе ер адамдарда болады.
Бехтерев ауруы өмірдің екінші онжылдықтың аяғы мен үшінші онжылдықтың басында
басталады. Қазіргі кезде жасөспірім жаста да кездеседі. Балалық шақта немесе жасөспірім
кезде ауру переифериялық буын зақымдалуымен және дене температурасының жоғарлауымен
сипатталады. Бехтерев ауруының (Анкилозирлеуші спондилоартрит) белгілері: омыртқадағы
ауырсыну, ол көбінесе түнде күшейеді; омыртқа қозғалуының шектелуі; омыртқаның
деформациясы (көбінесе кеуде кифозының ұлғаюы мен бел лордозының тегістелуі)
9 - сұрақ.Бехтеров ауруы клиникалық көрінісі ?
Омыртқа зақымдалуы – Бехтерев ауруының негізгі белгісі. Ауырсыну сол немесе басқа
бөлікте байқалады, көбінесе бел-сегізкөз бөлігінде. Кейін омыртқа қозғалуының шектелуі
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ -05.1.8-07.06
4-нұсқа
22 беттің 11-ші беті
болады: тізесін бүкпей қол саусақтарымен жерге тигізе алмайды, кеуде клеткасының тыныс
алу экскурсиясы төмендейді.
Ауру кезеңдері: Бастапқы немесе ерте. Бел аймағының омыртқасының үлкен емес
қозғалуының шектелуі. Рентгенде өзгерістер болмайды немесе сегізкөз-мықын буынның анық
еместігі анықталады. Анық зақымдалуы. Омыртқа немесе перифериялық буынның
қозғалысының анық шектелуі. Кеш кезеңі. Омыртқа немесе ірі буындардың көп мөлшерде
зақымдалуы
10- сұрақ. Бехтеров ауруы диагностикасы мен емдеу шаралары?
Буындардың анкилозын аурудың екінші кезеңінде рентгенограмма арқылы ғана анықтауға
болады. Аурудың бірінші кезеңінде МРТ арқылы анықтайды, бірақ оны сирек жүргізеді.
Салыстырмалы диагностика. Омыртқаның дегенеративті ауруы — остеохондроз, спондилез.
Айырмашылығы: тыныштық, ұйқы кезінде ауырсыну күшейеді; көбінесе жас ер адамдар
аурады; қанда ЭТЖ жоғарлайды. Ревматоидты артрит – буынның симметриялы зақымдалуы,
ревматоидты түйіншек, қан сарысуында ревматоидты фактор анықталады.
Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар (диклофенак, индометацин, сульфосалазин)
Глюкокортикоидтар
Иммунодепрессанттар (ауыр жағдайда
Анкилоздардың прогрессирленуін азайту. Деформацияны алдын алу. Басталған
деформацияны емдеу. Әлсізденген бұлшықеттердің бұлшықет күшін ұлғайту.Бұлшықет
спазмын мен бұлшықет ауырсынуын азайту Өкпенің тыныс алу мүмкіндігін жақсарту
ІV. Тәжірибелік дағдылардың орындалу техникасын түсіндіру және демонстрациялау- 25
минут.
Ревматикалық ауруларда мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.
Науқастарға мейірбикелік күтімді жасаудан бұрын мейірбике науқасты сұрастыру керек.
Науқасқа объективті тексеру жүргізу оның психикалық және физикалық жағдайын анықтауға
мүмкіндік береді. Сонымен қатар оның сүйек-буын жүйесінде патологиялар бар жоқтығын
анықтауға мүмкіндік береді.
Науқасты сұрастырғанда міндетті түрде келесі сұрақтарды қою керек: басынан өткен аурулар,
науқастың өзінде немесе туыстарында қан қысымы жоғарылауы, буындар ауырсынулары,
буын қисаюлары бар жоқтығын анықтау.
І кезең – науқастың жағдайын бағалау
1. Тірек қозғалыс аппаратының ауруларымен сырқаттанатын науқастарды
сұрастыру.
Шағымдары: буындар мен сүйектердің ауруы, бұлшық еттердің ауруы, таңертеңгілік
қозғалыстың шектелуі, бұлшық еттік әлсіздік, буындардың ісінуі және қозғалысының
шектелуі.
Жалпы шағымдарға дене қызбасы, әлсіздік, терінің қышуы жатады.
Буындардың ауруы буын құрамдарының (синовиалды қабат, буын капсуласы, сүйек,
байламдары) нерв талшықтарын тітіркендіргеннен пайда болады. Ауру сезімін сұрастырған
кезде, оның сипатын (шаншитын, күйдіріп), орналасқан жерін, ең қатты ауыратын мезгілін,
оны тудырған себептерді анықтау қажет. Мысалы, остеоартроз ауруында ауру сезімі ауыр күш
түскеннен кейін сыздап басталып, кешке жақын күшейеді, ал падагра ауруында таңға жақын
кенеттен басталып, жедел түрде өршиді.
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ -05.1.8-07.06
4-нұсқа
22 беттің 12-ші беті
Буын қозғалысының таңертең шектелуі ол ең алдымен ревматоидты артритке тән. Науқас
ұйқыдан тұрған кезде буындардың қозғалуы қиындайды, науқас бүкіл денесі құрысып тұрады,
кейін түстен кейін тарқап, бұрынғы қалпына түседі.
Бұлшық еттердің ауруы кейде олардағы әлсіздік сезімімен қосылады. Бұл миозит,
дерматомиозит ауруларына тән.
Науқастың даму тарихы. Аурудың қалай басталып, қалай дамығанын мұқият сұрастырған
жөн. Сүйек-буындар жүйесінің көп аурулары біртіндеп науқасқа байқалмай басталады.
Аурудың жедел басталуы ремвотизм, инфекциялық (сарыптық) артриттерде байқалады.
Сырқаттың басталуына себеп болған жағдайларды жақсылап сұрастыру керек. Олар ауырған
жұқпалы аурулар, суық тию, арақ не еті көп тағамдарды (падагра)
болуы мүмкін.
Өмір тарихы. Науқастан бұрын басынан өткен ауруларын, әсіресе тыныс жолдарының, зәр-
жыныс ағзаларының зақымдалуларын сұрау керек.
2. Тірек қозғалыс аппаратының ауруларында науқастарды жалпы қарау.
Қарап тексеру. Жалпы қарау кезінде науқастың сыртқы түрінен, дене қалпынан кейбір
ауруларды бірден анықтауға болады. Мысалы, анкилоздаушы спондилоартрит кезіндегі
науқастың «сұраушы» қалпы, ревматоидты артритте қол саусақтарының жан-жаққа қисайып,
жайылыңқы орналасуы тән. Теріні және тері асты қабаттарын пальпациямен зерттеуде
ревматоидтық ұсақ түйіндерді, подагралық тофустыанықтауға болады. Буындарды қарау
кезінде: буынның ісінуі – буын айналасындағы тіндердің ісініп, сарысу жиналуына
байланысты буынның мөлшерінің үлкейіп тегістелуі. Буынның дефигурациясы – эксудативті
және пролиферативті өзгерістер нәтижесінде буын пішінінің әркелкі өзгеруі. Буынның
деформациясы – буын пішінінің тұрақты өзгеруі. Ол сүйек өсінділерімен, анкилоз дамуы
салдарынан болады. Буынның жедел қабынуы кезінде терісінің қызуы жоғарылайды.
ІІ кезең – науқастағы проблеманы табу.
1. қимыл қозғалыста буындардың ауырсынуы
2. дене қызуының көтерілуі
3. физикалық белсенділіктің шектелуі.
4. мүгедектер арбасын және сүйегіш таяқтарды қолданудың қажеттілігі
5. Медикаменттерді үнемі қабылдаудың қажеттілігі
6. Әдеттегі кәсібін атқара алмауына байланысты жұмысын тастауына мәжбүрлік
7. Өзін өзі күтудің қиындығы
ІІІ кезең - мейірбикелік шараларды жоспарлау.
ІV кезең – жоспарларған шараларды іске асыру.
1. Тірек қозғалыс аппаратын пальпациялау әдістемесі.
Анықтаймыз: тері құрғақтығы және атрофиясы, шектелген ісік, бұлшық еттің тығыздалуы;
буындарының қызаруы, ісінуі, ауырсынуы және деформациясы; буындар пассивті
қозғалысының шектелуі, бұлшық ет тонусы және қуаты.
2. Буындар ауырсынуы кезінде мейірбикелік көмек:
Мейірбикенің іс әрекет алгоритмі:
1.Мамандандырылған көмекті беру мақсатында дәргіер шақырту.
2.науқасқа физикалық және эмоциялық тыныштық беру: жарық, дыбыс сияқты тіркергіштерді
аластату.
3.бөлмеге таза ауа келуін қамтамасыз ету.
3.науқастың бас жағын көтеріңкі етіп жатқызу: (аяқ қолдарға қан барды жақсарту мақсатында)
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ -05.1.8-07.06
4-нұсқа
22 беттің 13-ші беті
4.перифериялық қантамырларды кеңейту мақсатында балтыр бұлшық етіне жылытқыш немесе
қыша қағазын қою.
5..Дәрігердің тағайындауы бойынша мына препаратардың инъекциясын жасау.
(вольтарен, ортофен, индометацин, бруфен)
6. Науқастың пульсын, АҚ анықтап, келбетіне назар аударып жағдайын бақылау.
3. Қызудың көтерілуі кезінде мейірбикелік көмек:
Мейірбикенің іс әрекет алгоритмі:
1) емделушідегі қызба кезеңін анықтау;
2) емделушінің дене қызуын әр екі сағат сайын бақылау және тіркеу;
3) емделушіге толық физикалық және психикалық тыныштық қамтамасыз ету;
4) мейірбикелік іс-әрекеттерді қызба кезеңіне қарай жүзеге асыру:
1 кезеңде - емделуішіні жылы жабу, жылытқыштар қою, ыстық, тәтті шай беру;
2 кезеңде - физикалық суыту әдістерін қолдану. Жайма немесе жеңіл көрпемен жабу, суық
компресс, мұзды мұйық қолдану;
- емделушіні көп мөлшердегі салқындатылған, витаминдендірілге сұйықтықпен (морс,
шөптердің қайнатпалары, шырындар, компот) қамтамасыз ету:
- ерінге күніне 3 рет вазелин майын немесе глицерин жағу;
- сұйық немесе жартылай сұйық тағаммен тәулігіне 6-7 рет аз-аздап, бөліп-бөліп
тамақтандыру;
- галлюцинация, тырысулар, сандырақ пайда болуының қаупі дамуын ескере отырып,
емделушіге жеке бақылауды қамтамасыз ету;
- тері және кілегей қабаттарының күтімін тиянақты жүргізу, физиологиялық бөлінулерді
бақылау;
- дәрігердің белгілеуі бойынша қызбаны түсіретін дәрілер енгізуді қамтамасыз ету.
3 кезеңде - емделушінің жағдайына (сырт көрінісі, АҚ, пульс, ТАЖ) тұрақты бақылауды
қамтамасыз ету.
- іш киімін және төсегін ауыстыруды қамтамасыз ету;
- дене қызуы күрт төмендеген кезде коллапс кезіндегі көмекті көрсету;
- дене қызуы литикалық төмендеген кезде емделушіні жылы жабу, көп
мөлшерде сұйықтық беру, жылытқыш қолдану.
4. Ыстық ылғалды компресті қою әдістемесі:
Мақсаты: емдік, қабынуды қайтару, сіңдіріп тарату және ауыруды басу.
Қолдану көрсетілімдері: бас сақинасы (мигрень), талықсу (коллапс), ішек, өт жолдарының
түйіліп ауыруында, бронхиальдық астма, бұлшық ет пен буындардағы ауыруларында.
Қарсы көрсетілімдері: іш пердесінің қабынуы.
Дайындаңыз: ыстық (Т-60-700
С) суы бар ыдысты, су термометрін, 2 салфетканы, клеенканы,
мақтаны, сүлгіні.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның рұқсатын алыңыз.
2. Компресс қоятын жердің тері қабатын тексеріп алыңыз.
3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
4. 8 қабатты салфетканы ыстық суға салып сулап, оны сығыңыз.
5. Дененің тиісті учаскесіне ылғалды салфетканы тығыз 5-10 минуттай басыңыз.
6. Салфетканы клеенкамен, сосын үстінен қалың жүннен тоқылған матамен жабыңыз.
7. Бірнеше минуттай компресті қолыңызбен ұстап тұрыңыз, оны салқындаған сайын
ауыстырыңыз (бинт салмайды).
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ -05.1.8-07.06
4-нұсқа
22 беттің 14-ші беті
8. Терінің ылғалды бетін сүлгімен құрғатып сүртіңіз.
9. Науқасты жылы жабыңыз.
10. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту: клеенка үстіне жылытқыш қоюға немесе қалың тоқылған матаны жабуға болады.
5.Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу
Мақсаты: диагностикалық
Қолдану көрсетілімдері: пациентті зерттеу:
Асқынулар: гематома, тромбофлебит, сепсис, вирустік гепатит, АҚТҚ.
Қан алатын жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектін, қолдың беткейлік веналары.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 10-20мл көлеміндегі бір рет қолданылатын шприцті,
астаушаларды, мақта шариктерін, салфеткаларды, тері антисептигін, бетпердені, қолғапты,
штативтегі пробиркаларды, су өтпейтінтығындарымен резеңке бұрауды, клеенкалы
жастықшаны, кауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс - әрекет алгоритмі:
1. Пациентке емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз.
Пациенттен таңертең тамақ қабылдамағаның анықтаңыз.
2. Лабораторияға жолдама жазып, пробирканы нөмірлеңіз.
3. Пациентке ыңғайлы қалып алуына көмектесіңіз.
4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Оларды тері антисептитигімен өңдеңіз
(стандартты қараңыз).
5. Бетпердені, қолғапты қорғаныш көзілдірікті, алжапқышты киіңіз.
6. Бір рет қолданылатын шприцті құрастырыңыз (стандартты қараныз).
7. Пациенттің шынтақ астына клеенқалы жастықшаны салыңыз.
8. Резеңке бұрауды иықтың ортанғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе іш киімінің үстінен
салыңыз.
9. Бұраудың бос ұштары жоғары қарай бағытталған болады, алгегі төмен.
10. Кәріжілік артериясындағы тамырын ұстаңыз ( тамыр соғуы сақталу керек)
11. Көктамырды зерттеңіз. Ең көп толған көк тамырды табыңыз.
12. Көктамырды толтыру үшін пациенттің жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын,
сосын оны қысуын сұраныз.
13. Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.
14. Тері антисептигіне суландырған екі мақта шариктерімен шынтақ бүгілісі аймағын,
инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартыңыз, оларды контейнерге салыңыз. 3-ші
мақта шаригін сол қолдың IV және Vсаусақтар арасында ұстаңыз.
15. Оң қолыңызға шприцті алыңыз: II саусақ – иненің канюлясында, ал III, IV саусақтармен
цилиндрді жоғарыдан орап алыңыз, Iсаусақты төмен ұстаңыз.
16. Сол қолдың үлкен саусағымен болжаған тесетін жерден төмен көк тамырды бекітіңіз.
17. Инеден қалпағын алып, әдеттегідей көк тамырды тесіңіз (пациенттің жұдырығы қысылған)
18. Поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, ине көктамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.
19. Сол қолмен ақырын поршенді өзіңізге қарай тарта отырып, 5-7 мл қанды шприцке сорып
алыңыз.
20. Резеңке бұрауды шешіңіз, пациентжұдырығын ашуы қажет, қажет, жылдамқозғалыспен
көк тамырдаң инені шығарыңыз .
21. Тері антисептигіне суландырған мақта шариғін инъекция жасаған жерге 3-5 минутқа
салыңыз, пациенттен шынтақ буынынан қолды сәл бүгуін сұраңыз.
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ -05.1.8-07.06
4-нұсқа
22 беттің 15-ші беті
22. Шприцтен инені алып, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
23. Шприцтен қанды пробирканың қабырғасына жаймен құйыңыз, оның шашырамауын
қадағалаңыз.
24. Су өтпейтін тығынмен пробирканы жабыңыз.
25. Қаны бар пробирканы штативпен бірге контейнерге қойыңыз, оны тығыз жабыңыз.
26. Пациенттке тұруға немесе жайлы қалып алуына көмектесіңіз.
27. Көктамырды тескен жерден қан бөлінбегеніне көзіңізді жеткізіңіз. Пациенттен мақта
шарігін алып, контейнерге салыңыз.
28. Контейнер мен жолдаманы биохимиялық лабораторияға жіберіңіз.
29. Қолғапты шешіп, кауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
30. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
- биохимиялық анализге көктамырдан қанды алу таңертен ашқарында 10мл
мөлшерінде жүргізіледі;
- ЖҚТБ және RW қан алуды күннің әрбір уақытында 5 мл мөлшерінде жүргізіледі;
- қанды алуға арналған пробирка құрғақ болуы керек ( әйтпесе эритроциттердің гемолизі
болады);
- шприцсіз қанды алуға тыйым салынады – тек инемен ( қан шашырау кауіпсіздігі бар);
- жолдамасында пробирканың нөмерін, зерттеу мақсатын, пациенттің аты-жөнін, жынысын,
жасын, диагнозын, бөлімін көрсетіңіз;
- вакутайнер (BD VACUTAINER) – кауіпсіз жүйесі бар қанды алу медициналық
қызметкерлерді максимальды қорғауды, алатын материалдыңсапасын камтамасыз етеді.
V. Тәжірибелік тапсырмаларды орындаудағы студенттердің өзіндік жұмысы- 105 мин.
Бұл кезеңде студенттер 2 шағын топ бойынша және жеке өзі орындайды.
Студенттерге СӨЖ кезінде берілетін тапсырмалар:
І- шағын топша:
1. Тірек –қимыл аппаратының ауруларымен ауыратын науқастарды сұрастыру
2. Ыстық ылғалды компресті қою әдістемесі:
ІІ- шағын топша:
1. Тірек –қимыл аппаратының ауруларымен ауыратын науқастарды жалпы қарау .
2. Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу
Кейс жағдайят-1
Науқас 50 жаста фельдшерге келесі шағымдармен қаралды: шынтақ-блезік буындары же қол
басы саусақ буындарының сыздап ауырсынуы.Таңғы уақытта буындарының сіресуі, қиын
қозғалуы, тез шаршағыштық, жалпы әлсіздік. Науқас бірнеше жыл көлемінде ауру
санайды.Стационарлық деңгейде бірнеше рет ем алған. Ауруының соңғы өршуіне 5-6 ай
көлемі болған.
Обективті: Дене қызуы 37,2 с жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі таза қолбасы же аяқ
басының 2,3,4 саусақ буындарының деформациясы же қимыл қозғалысының шектелуі
бар.Өкпеде виз тыныс жүрек тоны анық, ырғақты, жсс-82 ретмин АҚ 12080 мм. ст.
Тапсырма:
1. Науқаста қандай қажеттіліктердің қанағаттануы бұзылған? Мәселені анықтаңыз.
2. Артықшылықты (приоритетті) мәселені, мақсатты анықтап мейірбикелік іс-әрекеттер
жоспарын құрастырыңыз
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ -05.1.8-07.06
4-нұсқа
22 беттің 16-ші беті
Жауап:
Науқаста келесі қажеттіліктердің бұзылуы анықталады: дені сау болу, дене қызуын бір
қалыпты ұстау, бөлу, таза болу, жұмыс істеу, ұйықтау, қауіпсіз болу.
Науқастың мәселелері: бас айналу, буындардың сіресуі, қиын қозғалу, әлсіздік, шаршағыштық
Артықшылықты мәселе: буындардың ауырсынуы
Буындар ауырсынуы кезінде мейірбикелік көмек:
Мейірбикенің іс әрекет алгоритмі:
1.Мамандандырылған көмекті беру мақсатында дәргіер шақырту.
2.науқасқа физикалық және эмоциялық тыныштық беру: жарық, дыбыс сияқты тітіркергіштер
ді аластату.
3.бөлмеге таза ауа келуін қамтамасыз ету.
4.науқастың бас жағын көтеріңкі етіп жатқызу: (аяқ қолдарға қан барды жақсарту мақсатында)
5.перифериялық қантамырларды кеңейту мақсатында балтыр бұлшық етіне жылытқыш немесе
қыша қағазын қою.
6.Науқастың бас жағына салқын компресс қою (ми ісінуінің алдын алу үшін)
7.Дәрігердің тағайындауы бойынша мына препаратардың инъекциясын жасау.
(вольтарен, ортофен, индометацин, бруфен)
8. Науқастың пульсын, АҚ анықтап, келбетіне назар аударып жағдайын бақылау.
Кейс жағдайят -2
Наукас ревматология бөлімінде емделуде. Шағымдары: алақан саусақ буындарының
ауырсынуы, буындар қозғалысының шектелуі, дене қызуының 38,8ºС көтерілуі, тершендік,
әлсіздік
Қарағанда:
Дене қызуы 38,5ºС жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі таза қол алақан 2,3,4 саусақ
буындарында қызару, ісіну байқалады.Өкпеде везикулярлы тыныс жүрек тоны анық,
ырғақты, жсс-82 ретмин АҚ 12080 мм. ст. Іші жұмсақ ауырсынусыз.
Тапсырма:
1. Науқаста қандай қажеттіліктердің қанағаттануы бұзылған? Мәселені анықтаңыз.
2. Артықшылықты (приоритетті) мәселені, мақсатты анықтап мейірбикелік іс-әрекеттер
жоспарын құрастырыңыз
Жауап:
Науқаста келесі қажеттіліктердің бұзылуы анықталады: дені сау болу, дене қызуын бір
қалыпты ұстау, бөлу, таза болу, жұмыс істеу, ұйықтау, қауіпсіз болу.
Науқастың мәселелері: бас айналу, буындардың сіресуі, қиын қозғалу, әлсіздік, шаршағыштық
Артықшылықты мәселе: Қызудың көтерілуі кезінде мейірбикелік көмек:
Мейірбикенің іс әрекет алгоритмі:
1) емделушідегі қызба кезеңін анықтау;
2) емделушінің дене қызуын әр екі сағат сайын бақылау және тіркеу;
3) емделушіге толық физикалық және психикалық тыныштық қамтамасыз ету;
4) мейірбикелік іс-әрекеттерді қызба кезеңіне қарай жүзеге асыру:
1 кезеңде - емделуішіні жылы жабу, жылытқыштар қою, ыстық, тәтті шай беру;
2 кезеңде - физикалық суыту әдістерін қолдану. Жайма немесе жеңіл көрпемен жабу, суық
компресс, мұзды мұйық қолдану;
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ -05.1.8-07.06
4-нұсқа
22 беттің 17-ші беті
- емделушіні көп мөлшердегі салқындатылған, витаминдендірілге сұйықтықпен (морс,
шөптердің қайнатпалары, шырындар, компот) қамтамасыз ету:
- ерінге күніне 3 рет вазелин майын немесе глицерин жағу;
- сұйық немесе жартылай сұйық тағаммен тәулігіне 6-7 рет аз-аздап, бөліп-бөліп
тамақтандыру;
- галлюцинация, тырысулар, сандырақ пайда болуының қаупі дамуын ескере отырып,
емделушіге жеке бақылауды қамтамасыз ету;
- тері және кілегей қабаттарының күтімін тиянақты жүргізу, физиологиялық бөлінулерді
бақылау;
- дәрігердің белгілеуі бойынша қызбаны түсіретін дәрілер енгізуді қамтамасыз ету.
3 кезеңде - емделушінің жағдайына (сырт көрінісі, АҚ, пульс, ТАЖ) тұрақты бақылауды
қамтамасыз ету.
- іш киімін және төсегін ауыстыруды қамтамасыз ету;
- дене қызуы күрт төмендеген кезде коллапс кезіндегі көмекті көрсету;
- дене қызуы литикалық төмендеген кезде емделушіні жылы жабу, көп
мөлшерде сұйықтық беру, жылытқыш қолдану.
Тапсырма-7. Қажетті сөздерді пайдаланып кестені толтырыңыз
Ревматоидті
артриттің
ем жобасы
Тез әсерлі
қабынуға
қарсы дәрілер:
-
-
Базисті дәрілер:
-
-
Иммуно
модуляторлар:
-
-
Жергілікті буын
ішіне
қолданатын
дәрілер:
-
-
Реабитациялық
іс-шаралар:
-
-
1. физиотерапия
2. кеналог
3.Алтын дәрмектері
4.Цитостатиктер
5.вольтарен
10.бутадион
7.Емдік дене
шынықтыру
8.гидрокортизон
9.тимоген
6.Т-активин
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ -05.1.8-07.06
4-нұсқа
22 беттің 18-ші беті
Тапсырма-7. Қажетті сөздерді пайдаланып кестені толтырыңыз
жауабы
Ревматоидті
артриттің
ем жобасы
Тез әсерлі
қабынуға
қарсы дәрілер:
-
-
5,10
Базисті дәрілер :
-
-
Иммуно
модуляторлар:
-
-
Жергілік ті буын
ішіне
қолданатын
дәрілер :
-
-
2,8
Реабитациялық
іс-шаралар:
-
-
физиотерапия
кеналог
Алтын дәрмектері
Цитостатиктер
3,4
Вольтарен
бутадион Емдік дене
Шынықтыру
1,7
гидрокортизон
Тимоге
н
6,9
Т-активин
Білім деңгейін тест арқылы бақылау.
I-нұсқа.
1. Ревматоидті артриттің қауіп-қатер факторларынан бөтен:
А. вирустық инфекция
В. қан жоғалту
С. стрептококктар В тобы
D. микоплазма
E. тұқым қуалаушылық
2. Ревматоидті артритке тағайындалмайды:
А. гемостатиктер
В. антибиотик және қабынуға қарсылар
С. безгекке қарсылар
D. десенсибилизациялаушылар
E. кризанол, Д-пеницилламин
3. Ревматоидті артриттің ең маңызды диагностикалық белгілер жұптасуы:
А. тұрақты артральгия, остеофитоз, буын “блогы”
В. буын осьнің зақымдануы, аяқ-қол буындарының басым зақымдалуы
С. жедел моноартит, табан үлкен саусағының артриті
D. буындардың аз қимылдылығы, симметриялы зақымдалуы
E. анкилоз пайда болуы
4. Ревматоидті артритке тән емес клиникалық белгі:
А. бұлшық ет атрофиясы
В. проксимальды саусақаралық және білек буындарының зақымдалуы
С. Геберден түйіндері
D. ревматәрізді түйіндер
E. зақымдалған буындардағы таңғы аз қимылдық
5. Ревматоидты полиартритке тән емес:
А. Геберден түйіндері
В. Ревматоидты түйіндер
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ -05.1.8-07.06
4-нұсқа
22 беттің 19-ші беті
С. Бұлшық еттер атрофиясы
D. Буындарда таңертеңгілік құрысудың болуы
Е. Қолдың ұсақ буындарының зақымдалуы
6. Ревматоидты артрит диагнозына тән емес белгі:
А. таңертеңгілік құрысу;
В. буын беткейлерінің узурациясы;
С. анкилоздар;
D. дистальді фаланга аралық буындардың зақымдалуы;
Е. буын маңылық тіндердің зақымдалуы.
7. Ревматоидты артритке тән емес:
А. аяқтардың ұсақ буындарының симметриялы зақымдалуы;
В. митральді қақпақша жеткіліксіздігі дамуы мүмкін;
С. ауырсыну синдромы әдетте таңертең күшейеді;
D. Буындардың құрысуы кешке күшейеді;
Е. антибиотиктерді қолданғанда нәтиже жоқ.
8. Ревматоидты түйіндер орналасады:
А. Теріде;
В. Сіңірлерде;
С. ішкі мүшелерде;
D. периартикулярлы тіндерде;
Е. сүйектерде.
9. Остеоартрозда тағайындау барынша тиімді:
A. кальцеминді
B.ампициллинді
C.индометацинді
D.триамцинолонды
E. хондроитин сульфатты
10.Ревма фактор қандай жағдайда оң болып саналады:
A. 1:20
B 2:40
C. 4:20
D. 3:50
E. 1:70
II-нұсқа.
1. Кортикостероидтарды тағайындамайды:
А. жылдам үдемелі ағымды ревматоидты артрите;
В. баяу үдемелі ағымды РА-те, егер базисті терапия нәтижесіз болса;
С. РА висцериттермен;
D. жалған сепсистік жағдайларда;
Е. үрдістің минимальді белсенділігінде.
2. Ревматоидты артриттің базисті терапиясына жатпайды:
А. алтын препараттары;
В. иммунодепрессанттар-цитостатиктер;
С. Д-пеницилламин;
D. аминохинолин препараттары;
Е. стероидты емес қабынуға қарсы препараттар.
3. Остеоартрозға тән емес белгі:
А. ЭТЖ қалыпты немесе сәл жоғарлаған;
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ -05.1.8-07.06
4-нұсқа
22 беттің 20-ші беті
В. «буындық» қысылумен байланысты кенет ауырсыну;
С. старттық ауырсынулар;
D. Бушар түйіндері;
Е. алақан-фалангалық буындардың ульнарлы және білезік буындағы шынтақтық девиация.
4. Иммунодепрессанттардың нәтижелілік критерилеріне жатпайды:
А. дене қызуының қалыпқа келуі;
В. дене салмағының қалыпқа келуі;
С. миалгия, артралгия, оссалгия жоғалуы;
D. АҚ қалыпқа келуі;
Е. лейкоцитоз.
5. Буын деформациясы – бұл:
А. буын пішінің өзгеруі
В.буынның қозғалмай қатып қалуы
С. шектелген іріңдік
D. буыннан өскен ісік
E. буын саңылауының тарылуы
6. Стероидтық емес қабынуға қарсы дәрілердің кері әсері науқастарда келесі аурулар-
ды тудыруы мүмкін.
А. асқазан жарасы
В. ұлтабар жарасы
С. эрозиялық гасрит
D.асқазан-ішек жолдарынан қан кету
E. аталғанның барлығы
7. Алтын дәрмектерін қолдануға болмайтын жағдайлар:
А. бүйрек, бауры, ішек зақымдану белгілері
В. гемоцитопениялар
С. жүктілік
D.терінің тұрақты зақымданулары
E. аталғанның барлығы
8. Урикодепрессантты таңдаңыз.
А. Аллопуринол
В. бутадион
С. трамадол
D. фенобарбитал
E. кальций хлорид
9. Стероидті емес қабынуға қарсы дәрілерге жатады:
А. Аллопуринол
В. вольтарен
С. трамадол
D. фенобарбитал
E. кальций хлорид
10. Остеоартроз бұл - :
A.инфекциялық-аллергиялық ауру
B.жүректің ишемиялық ауруы
C.дегенеративті –дистрофиялық ауру
D.зәр шығару жүйесінің бұзылыстары кезінде пайда болады
E.қан айналым жүйесінің бұзылыстары кезінде пайда болады
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ -05.1.8-07.06
4-нұсқа
22 беттің 21-ші беті
Тест эталондары.
І нұсқа ІІ нұсқа
1-В 1-Е
2-А 2-Е
3-В 3-Е
4-С 4-Е
5-А 5-А
6-Д 6-Е
7-Д 7-Е
8-Д 8-А
9-Е 9-В
10-А 10-С
Бағалау критерийлері: 10 дұрыс жауап: - «5»; 8-9 дұрыс жауап: - «4»; 6-7 дұрыс жауап: -
«3»; 5 және одан төмен дұрыс жауап:- «2».
VІ. Сабақты қорытындылау-10 минут.
№ Бағалау
критерийлері
Аты- жөні
Теориялық
білімі
Тәжірибиелік
дағдылар
бөлімі
Тесттің
нәтижесі
Кейсжағдаяттар
бойынша
бағалау
Қорытын-ды
баға
1
2
3
4
5
VII Үйге тапсырма -5 минут
Тақырыбы: Дәнекер тіннің диффузды аурулары кезінде медбикелік үрдісті
ұйымдастыру.
Дайындалуға арналған сұрақтар:
1. Жүйелі қызыл жегі, скелродермия, түйінді периартерит, дерматомиозит ауруларының
анықтамасы мен жіктеуі?
2. Жүйелі қызыл жегі, скелродермия, түйінді периартерит, дерматомиозит этиологиясы және
патогенезін түсіну?
3. Жүйелі қызыл жегі, скелродермия, түйінді периартерит, дерматомиозит клиникалық
көрінісін түсіндіру диагностикасын таңдауі?
4. Жүйелі қызыл жегі, скелродермия, түйінді периартерит, дерматомиозит ем қағидалары
алдын алу шараларын жоспарлау?
Тәжірибелік сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
ӘӨ -05.1.8-07.06
4-нұсқа
22 беттің 22-ші беті
Негізгі әдебиеттер:
1. Ішкі аурулар Қ.А. Жаманқұлов.-Ақтөбе, 2008
2. Ішкі аурулар пропедевтикасы. С.К. Муратбекова, А.Т.Кенжебаева.-Көкшетау, 2007.
3. Ішкі аурулар. А.А. Оспанова. – Шымкент, 2008.
4. Ішкі аурулар. 1-2 том. Б.С. Қалимурзина.-Алматы, 2000
5. Ішкі аурулар Ғ.Н. Бимурзаев, Г.К. Зарипова – Түркістан 2012

More Related Content

What's hot

Diplom altai
Diplom altaiDiplom altai
Diplom altai
altaamecs
 
Bzdemt tanitsuulga 2017 zassan
Bzdemt tanitsuulga 2017 zassanBzdemt tanitsuulga 2017 zassan
Bzdemt tanitsuulga 2017 zassan
admiral_mgl
 
Урьдчилан сэргийлэх арга хэмжээ
Урьдчилан сэргийлэх арга хэмжээУрьдчилан сэргийлэх арга хэмжээ
Урьдчилан сэргийлэх арга хэмжээ
Oyunsaikhan Tsagaankhuu
 
Tosol 2013 ppps
Tosol  2013 pppsTosol  2013 ppps
Tosol 2013 ppps
tg_tuvshee
 
эрүүгийн-эрх-зүй-асуулт-Autosaved.docx
эрүүгийн-эрх-зүй-асуулт-Autosaved.docxэрүүгийн-эрх-зүй-асуулт-Autosaved.docx
эрүүгийн-эрх-зүй-асуулт-Autosaved.docx
ssuser8978df1
 

What's hot (20)

реабилитация онлаин урок
реабилитация онлаин урокреабилитация онлаин урок
реабилитация онлаин урок
 
Diplom altai
Diplom altaiDiplom altai
Diplom altai
 
АІЖ.pptx
АІЖ.pptxАІЖ.pptx
АІЖ.pptx
 
Інсульт
Інсульт Інсульт
Інсульт
 
артериялық гипертензия синдромы
артериялық гипертензия синдромыартериялық гипертензия синдромы
артериялық гипертензия синдромы
 
Bzdemt tanitsuulga 2017 zassan
Bzdemt tanitsuulga 2017 zassanBzdemt tanitsuulga 2017 zassan
Bzdemt tanitsuulga 2017 zassan
 
Урьдчилан сэргийлэх арга хэмжээ
Урьдчилан сэргийлэх арга хэмжээУрьдчилан сэргийлэх арга хэмжээ
Урьдчилан сэргийлэх арга хэмжээ
 
Онцгой албан татвар ногдуулалт
Онцгой албан татвар ногдуулалтОнцгой албан татвар ногдуулалт
Онцгой албан татвар ногдуулалт
 
1. Сэргээн засах эмчилгээ 1
1. Сэргээн засах эмчилгээ 11. Сэргээн засах эмчилгээ 1
1. Сэргээн засах эмчилгээ 1
 
экспресс диагностика әдістерін қолдану. ұлтабарды зондтау
экспресс  диагностика әдістерін қолдану. ұлтабарды зондтауэкспресс  диагностика әдістерін қолдану. ұлтабарды зондтау
экспресс диагностика әдістерін қолдану. ұлтабарды зондтау
 
ЭМБ-н бүтэц,зохион байгуулалт,төлөвлөлт ба үйл ажиллагаа
ЭМБ-н бүтэц,зохион байгуулалт,төлөвлөлт ба үйл ажиллагааЭМБ-н бүтэц,зохион байгуулалт,төлөвлөлт ба үйл ажиллагаа
ЭМБ-н бүтэц,зохион байгуулалт,төлөвлөлт ба үйл ажиллагаа
 
арга зүйн лекцүүд
арга зүйн лекцүүдарга зүйн лекцүүд
арга зүйн лекцүүд
 
3,Ерітіндіні флаконнан алу.pptx
3,Ерітіндіні флаконнан алу.pptx3,Ерітіндіні флаконнан алу.pptx
3,Ерітіндіні флаконнан алу.pptx
 
It101 lect9
It101 lect9It101 lect9
It101 lect9
 
what is nursing
what is nursingwhat is nursing
what is nursing
 
Tosol 2013 ppps
Tosol  2013 pppsTosol  2013 ppps
Tosol 2013 ppps
 
эмнэлгийн хог хаягдлын менежмент
эмнэлгийн хог хаягдлын менежментэмнэлгийн хог хаягдлын менежмент
эмнэлгийн хог хаягдлын менежмент
 
Lekts3
Lekts3Lekts3
Lekts3
 
Tulburt juram
Tulburt juramTulburt juram
Tulburt juram
 
эрүүгийн-эрх-зүй-асуулт-Autosaved.docx
эрүүгийн-эрх-зүй-асуулт-Autosaved.docxэрүүгийн-эрх-зүй-асуулт-Autosaved.docx
эрүүгийн-эрх-зүй-асуулт-Autosaved.docx
 

Viewers also liked

Viewers also liked (20)

жиа. стенокардия және миокард инфарктысы кезіндегі медбикелік үрдісті ұйымдас...
жиа. стенокардия және миокард инфарктысы кезіндегі медбикелік үрдісті ұйымдас...жиа. стенокардия және миокард инфарктысы кезіндегі медбикелік үрдісті ұйымдас...
жиа. стенокардия және миокард инфарктысы кезіндегі медбикелік үрдісті ұйымдас...
 
ашық сабақ тері ішіне
ашық сабақ тері ішінеашық сабақ тері ішіне
ашық сабақ тері ішіне
 
игра для конкурса Ppt
игра для конкурса Pptигра для конкурса Ppt
игра для конкурса Ppt
 
оңдеу 4готов камила апай
оңдеу 4готов камила апайоңдеу 4готов камила апай
оңдеу 4готов камила апай
 
пояснительная записка
пояснительная запискапояснительная записка
пояснительная записка
 
жүй құраст 2016ж ескі өңдеу бойынша
жүй құраст 2016ж ескі өңдеу бойыншажүй құраст 2016ж ескі өңдеу бойынша
жүй құраст 2016ж ескі өңдеу бойынша
 
разработка урока меньшаковой
разработка урока меньшаковойразработка урока меньшаковой
разработка урока меньшаковой
 
ғылыми жоба ақмарал
ғылыми жоба ақмаралғылыми жоба ақмарал
ғылыми жоба ақмарал
 
ахметова н.е открытый урок 2
ахметова н.е открытый урок 2ахметова н.е открытый урок 2
ахметова н.е открытый урок 2
 
№ 2 презентация 1 президент
№ 2 презентация 1 президент№ 2 презентация 1 президент
№ 2 презентация 1 президент
 
ашық сабақ жахай с.
ашық сабақ жахай с.ашық сабақ жахай с.
ашық сабақ жахай с.
 
тарбие сагаты 19,10,2016
тарбие сагаты 19,10,2016тарбие сагаты 19,10,2016
тарбие сагаты 19,10,2016
 
план открытого урока зазерская
план открытого урока зазерскаяплан открытого урока зазерская
план открытого урока зазерская
 
статьяяя
статьяяястатьяяя
статьяяя
 
метод пособие меньшакова
метод пособие  меньшаковаметод пособие  меньшакова
метод пособие меньшакова
 
ахметова н.е открытый урок 1
ахметова н.е открытый урок 1ахметова н.е открытый урок 1
ахметова н.е открытый урок 1
 
мастер класс красивая речь слаще мёда
мастер класс красивая речь слаще  мёдамастер класс красивая речь слаще  мёда
мастер класс красивая речь слаще мёда
 
урок на конкурс есенгаревой а.
урок на конкурс есенгаревой а.урок на конкурс есенгаревой а.
урок на конкурс есенгаревой а.
 
дара мен ботидың саяхаты
дара мен ботидың саяхатыдара мен ботидың саяхаты
дара мен ботидың саяхаты
 
майтайбаева а.е сыныптан тыс іс шара
майтайбаева а.е сыныптан тыс іс шарамайтайбаева а.е сыныптан тыс іс шара
майтайбаева а.е сыныптан тыс іс шара
 

Similar to сүйек бұлшықет жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру

Similar to сүйек бұлшықет жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру (6)

ревматизм
ревматизмревматизм
ревматизм
 
хирургиялық инфекциядан туындайтын жергілікті аурулар
хирургиялық инфекциядан туындайтын жергілікті аурулархирургиялық инфекциядан туындайтын жергілікті аурулар
хирургиялық инфекциядан туындайтын жергілікті аурулар
 
артериялық гипертония
артериялық гипертонияартериялық гипертония
артериялық гипертония
 
бұлшықетке иньекция жасау
бұлшықетке иньекция жасаубұлшықетке иньекция жасау
бұлшықетке иньекция жасау
 
кейбір дәрілік заттарды енгізу ерекшеліктері
кейбір дәрілік заттарды енгізу ерекшеліктерікейбір дәрілік заттарды енгізу ерекшеліктері
кейбір дәрілік заттарды енгізу ерекшеліктері
 
түркістан медицина колледжі
түркістан медицина колледжітүркістан медицина колледжі
түркістан медицина колледжі
 

сүйек бұлшықет жүйесі аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру

  • 1. Түркістан медицина колледжі №8 Терапия және туыстас пәндер циклдік әдістемелік комиссиясы «Терапиядағы медбикелік іс» пәнінен тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу Тақырыбы: Сүйек-бұлшықет жүйесінің аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру. Мамандығы: 0302000 «Медбикелік іс» Біліктілігі: 0302033 «Жалпы практикадағы медбике» Курс: 4 Семестр: 8
  • 2. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ -05.1.8-07.06 4-нұсқа 22 беттің 2-ші беті Әзірлеген: Ішкі аурулар пәні оқытушысы: Садикова М.О. №8 Терапия және туыстас пәндер циклдік әдістемелік комиссиясының мәжілісінде талқыланып бекітілді Хаттама №_____«_____»______ 2017 жыл ЦӘК төрайымы: __________ Зарипова Г.К.
  • 3. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ -05.1.8-07.06 4-нұсқа 22 беттің 3-ші беті Сабақтың тақырыбы: Сүйек-бұлшықет жүйесінің аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру. Сабақтың түрі: Тәжірибелік сабақ. Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар: • Интерактивті оқыту технологиясы • «Кластери» және «кейс-стади» технологиясы. • Дамыта оқыту технологиясы. • Оқытудың компьютерлік, ақпараттық технологиясы. • Проблемалық оқыту технологиясы. • Деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы. Белгіленген технологияны іске асыру әдістері: • Көрнекілік құралдарды қолдану арқылы түсінді • Пысықтау • Сараптау, саралау • Өзін-өзі бақылау • Кәсіби білімділікке баулу • Суреттермен жұмыс. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ревматоидтық артрит, деформациялық остеоартроздың, Бехтерев ауруының анықтамасын, жіктемесін, этиологиясын есте сақтау, патогенезін түсіну, клиникалық көрінісін суреттеу, ағымын түсіндіру, диагностикасын таңдау, асқынуларын есте сақтау, емін және алдын- алу шараларын жоспарлау Дамытушылық: Студенттердің клиникалық ойлау қабілетін жетілдіру, теорияны тәжірибе- мен ұштастыру және студенттердің оқуға деген қызығушылығын дамыту, білім деңгейін жоғарылату. Тәрбиелік: Студенттерді болашақ маман ретінде тәрбиелеу. Болашақ мамандығына деген жауапкершілігін, сүйіспеншілігін, ұстамдылығын, төзімділігін қалыптастыру, адамгершілікке, мейірімділікке үйрету. Пән ішілік байланыс: Пәнаралық байланыстардың құрылымдық- логикалық жобасы : Пән ішілік байланыс Дерматомиозит Склеродермия РевматизмЖүйелі қызыл жегі
  • 4. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ -05.1.8-07.06 4-нұсқа 22 беттің 4-ші беті Қамтитын пәндер: 1. Қалыпты анатомия. 2. Қалыпты және патологиялық физиология. 3. Ішкі аурулар пропедевтикасы. 4. Фармакология. 5. Клиникаға кіріспе. 6. Патанатомия. Қамтылатын пәндер: 1. Жұқпалы аурулар. 2. Акушерия. 3. Хирургия. 4. Балалар аурулары. Уақыты: 180 минут. Cтудент білуі тиіс: • Ревматоидты артрит және деформациялық остеоартроз, Бехтерев ауруларының этиологиясын, клиникалық көрінісін, ағымын, диагностикасын таңдауды, асқынуын, емдеу принциптерін жоспарлауды; • Ревматоидты артрит және деформациялық остеоартроз, Бехтерев аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастырудыжоспарлауды • Ревматоидты артрит және деформациялық остеоартроз, Бехтерев аурулары кезінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек; стационарлық көмек; стационарды алмастыратын көмек жоспарын ұйымдастыруды; • төтенше жағдайларда медициналық көмек; қалпына келтіру емі және медициналық оңалдыру жоспарын ұйымдастыруды; • науқас күтімі және кезек күттірмейтін жағдайлардың алдын алуын. Студент істей алуы тиіс: • ревматоидты артрит және деформациялық остеоартроз, Бехтерев аурулары бар науқастың анамнезін жию, оны физикалық тексеру; • Медбикелік іс әрекеттің жоспарын құруды • мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру; • ауруларға күтім жасау. Сабақтың жабдықталуы: Көрнекі құралдар: Плакаттар, муляждар, фантом, торс, слайдтар, ыстық (Т-60-700 С) суы бар ыдысты, су термометрін, 2 салфетканы, клеенканы, мақтаны, сүлгіні, залалсызданды рылған: 10-20мл көлеміндегі бір рет қолданылатын шприцті, астаушаларды, мақта шариктер ін, салфеткаларды, тері антисептигін, бетпердені, қолғапты, штативтегі пробиркаларды, су өтпейтін тығындарымен резеңке бұрауды, клеенкалы жастықшаны, кауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді. Үлестірмелі материалдар: тесттер, ситуациялық есептер, дефектілі есептер, стандарттар, тапсырмалар, ауру тарихының схемасы. Техникалық оқу құралдары: Мультимедиялық кешен Сабақ барысында қолданылатын оқу-әдістемелік құралдар: Негізгі әдебиеттер:
  • 5. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ -05.1.8-07.06 4-нұсқа 22 беттің 5-ші беті 1. Ішкі аурулар Қ.А. Жаманқұлов.-Ақтөбе, 2008 2. Ішкі аурулар пропедевтикасы. С.К. Муратбекова, А.Т.Кенжебаева.-Көкшетау, 2007. 3. Ішкі аурулар. А.А. Оспанова. – Шымкент, 2008. 4. Ішкі аурулар. 1-2 том. Б.С. Қалимурзина.-Алматы, 2000 5. Ішкі аурулар Ғ.Н. Бимурзаев, Г.К. Зарипова – Түркістан 2012 Сабақтың хронокартасы: Сабақ бөлімдерінің атауы Сабақтың ұзақтығы І Ұйымдастыру сәті 2- минут ІІ Тақырыпқа мотивациялық сипаттама беру 3-минут ІІІ Студенттердің теориялық білімін бақылау. 30 минут IV Тәжірибелік дағдылардың орындалу техникасын түсіндіру және демонстрациялау. 25 минут V Студенттердің өзіндік жұмысы 105 минут VI Сабақты қорытындылау 10 минут VII Үйге тапсырма 5 минут І Ұйымдастыру кезеңі: Аудиторияның тазалығына және студенттердің сыртқы келбетіне, формасына қарау. Студенттерді түгелдеу, журнал толтыру және студенттердің зейінін сабаққа аудару – 2 минут. ІІ Тақырыпқа мотивациялық сипаттама беру : Сабақтың маңыздылығын айту, сабақтың жоспары мен студенттерді бағалау критерилерімен таныстыру – 2-3 минут. Ревматоидтық артрит – негізінде шеттік ұсақ буындардың симметриялы деструкциялық зақымдануымен және буындардың деформациясымен мінезделінетін жүйелі ауру. Ревматоидтық артритінің бір ерекшелігі – оның зақымдамайтын буыны қалмайды. Ең ұсақ буындардан (саусақ буындары, жақ буыны, башпай буындарының) бастап, ірі буындардың (тізе, ұршық, омыртқа буындарының) қай – қайсысын болса да күрделі өзгерістерге ұшыратады да, олардың қызметінің бұзылуына әкеп соғады. Ұзақ уақыт ауырған буындардың сиқы кетіп, қисайып, жуандап, шорланып түрлері өзгереді. Қимыл аумағы азаяды, қуаты келмейді. Ревматоидтық артрит жиі мүгедектікке әкеп соғады. Көбінесе жастар ауырады, әсіресе әйелдердің көбірек ауыратыны байқалады. Ревматоидтық артритте бүкіл мүшелер және тіндер зақымданады яғни ол буындар жүрек, өкпе, бүйрек т.б. Остеоартроз – қол-аяқ, омыртқа буындарының дегенациялық – дистрофиялық ауруы. Бұл аруруда буындардың шеміршегі ыдырап жойылады, осыдан сүйектердің беті жалаңаштанады. Шетті костеофиттер және екіншлік синовиит дамиды.Остеоатроз 60-жастан асқан адамдардың барлығында болады. Бұл ауруда буындардың шеміршегі ыдырап жойылады, осыдан сүйектердің беттері жалаңаштанады да, шеттік остеофиттер және екіншілік синовит дамиды. Негізінде, буын шеміршегінің дегенерациясы организмнің табиғи қартаюынан дамитын физиологиялық процестің бірі. Остеартроз жасы 60-тан асқан адамдардың барлығында болады. Остеартрозда дамитын буын шеміршегінің өзгерістері кәрілікте дамитын өзгерістермен бірдей, бірақ оған қарағанда ертелеу басталады және буын маныңдағы тіндердің зақымдануына әкеледі. ІІІ . Студенттердің теориялық білімін бағалауда қойылатын сұрақтар : 30минут
  • 6. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ -05.1.8-07.06 4-нұсқа 22 беттің 6-ші беті 1-сұрақ.Ревматоидты артрит анықтамасы мен этиопатогенезі? 2 - сұрақ.Ревматоидты артрит клиникалық көрінісі ? 3- сұрақ. Ревматоидты артрит диагностикасы? 4 - сұрақ. Ревматоидты артрит емдеу шаралары ? 5 - сұрақ. Остеоартроз анықтамасы мен этиопатогенезі? 6 - сұрақ. Остеоартроз клиникалық көрінісі? 7 - сұрақ. Остеоартроз диагностикасы мен емдеу шаралары? 8-сұрақ. Бехтеров ауруы анықтамасы мен этиопатогенезі? 9 - сұрақ.Бехтеров ауруы клиникалық көрінісі ? 10- сұрақ. Бехтеров ауруы диагностикасы мен емдеу шаралары? 1-сұрақ.Ревматоидты артрит анықтамасы мен этиопатогенезі? Жауабы: Ревматоидты артриттің бұл - көбіне шеттік буындардың симметриялы эрозиялы- деструкциялық зақымдануына және буыннан тыс бұзылыстарға әкелетін дәнекер тіннің тоқтаусыз меңдейтін жүйелі ауруы. Этиологиясы. Ген ерекшеліктері: НLA жүйесінің антигендік құрылымының ерекшелігіне байланысты. Инфекциялық агенттер: вирустар, бактериялар, суперантигендер.Гормоналды өзгерістер (жыныс гормондары, пролактин) Патогенезі. Патогенезі толық анықталмаған, болжаулар бойынша жоғарыда аталған әсерлер келесі жобамен тіндерді зақымдауы мүмкін. Буын тініне тропты белгісіз бір агент синовий қабатын мекендеп, иммундық реакцияны қоздырады. Осыдан агрегацияланған ІgG жөне ІgА, ІgМ (антиген ролін атқаратын) түзіледі. Синовидегі плазмалық жасушалар мен лимфоциттер бұл ІgG Ғс 1 фрагментіне қарсы ІgМ және А, G кластарына жататын антиденелерді (ревматоидтық факторды) түзе бастайды. Осы антиденелердің (РФ), антигеннің және комплементтердің қатысуымен синовиялық қабық пен синовиялық сүйықтықта иммундық комплекстер түзіледі. Иммундық комплекстерді жою мақсатымен синовий қабығына нейтрофилдер, макрофагтар жиналады. Иммундық комплекстерді жою нәтижесінде бұлардан түрлі кабыну медиаторлары - лимфокиндер, лизосомалық ферменттер, лейкотриендер, простагландиндер, бос оттегі радикалдары т.б. бөлінеді. Аталмыш заттар, әсіресе, бос радикалдар сіңір мен сүйекті зақымдайды. Иммундық жүйенің белгісіз бір кемістігінен, организм иммундық комплекстерден жөнді тазартылмайды, сондықтан буын қуысында бір басталған қабыну процесі созылмалыға айналып, тоқтаусыз өрістейді. Ревматоидтық артритке буындардың қабынуымен қатар иммункомплекстік васкулиттің дамуы тән. Сондықтан бұл ауруда буыннан тыс жүйелі зақымданулар да болады. 2 - сұрақ. Ревматоидты артрит клиникалық көрінісі? Жауабы: Клиникалық көрінісінен ревматоидтық артрит екіге бөліп қаралады. Біріншісі — буындық түрі, ревматоидтық артритпен ауырғандардың 80%-да кездесетін. Оның басты белгісі — буындардың қабынуы мен деформациясы. Екіншісі— буын-висцеральді түрі. Бұл түрінде буынмен бірге түрлі ағзалар зақымданады. Ревматоидтық артрит басталған шағында ең алдымен өзінің "сүйікті" буындарын зақымдайды: алақан-саусақ, проксимальді фалангааралық, кейіндеу — табан-бақай жөне тілерсек буындарын. Бұл ауруға буындардың симметриялы зақымдануы тән.Жүре-бара патологиялық процесс меңдеп, көптеген буындарға таралады. Бірақ ревматоидтық артрит тиіспейтін буындар да бар: омыртқа жотасының бел және кеуде бөлігі, дистальді саусақаралық, У-ші проксимальді фалангааралық (шынашақтык). Бұл ерекшелік ревматоидтық артритті өзге
  • 7. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ -05.1.8-07.06 4-нұсқа 22 беттің 7-ші беті артриттерден айыруға көмектеседі. Ревматоидтық артриттің баяу өрістейтін түрі ең алдымен буындардың үйқыдан оянған кезде сіресуінен басталады. Сіресудің қатаңдығы мен созылу уақыты қабыну процесінің деңгейіне тәуелді. Минимальді активтілікте - 30-60 минут, ауырлау жағдайда — түске, тіпті кешке дейін созылады. Бастапқы шақга сіресу буынды біраз жазып бүккен соң, біртіндеп жойылады, бірақ жүре-бара күшейіп, адамның қимылын шектейді. Науқастар сіресуді әр түрлі суреттейді: "тар перчатка" (жүдырықты жүма алмау), "қөрсет" белгісі (дененің сіресуінен үйқыдан кейін төсектен түра алмау, т.б.) Сіресудің себебі — эндогендік гидрокортизон бөлінуінің циркадиандық ырғағының бұзылысы. Қалыптыда гидрокортизон бөлінуінің биік шыңы сағат 7-8 шамасында. Ревматоидтық артритте бұл кезең кештеу уақытқа ығысады. Жүре келе экссудация процесі күшейіп, сіресумен бірге буындардың ауырсынуы, ісінуі, терісінің қызаруы пайда болады. Ісінген үсақ буындар ұршық төрізденеді. Егер буынның қуысына сұйықтық мол жиналса, онда флюктуация байқалады. Ревматоидтық артритте буындардың ауырсынуы қабыну типті, яғни буындардың ауырсынуы түн ауа, таң ата күшейеді. Буын қабының ісінуінен, бүлшықеттің рефлекстік туйілуінен және ауырсынудан буындардың қозғалысы едәуір шектеледі. Ревматоидтық артриттің, жоғарыда суретгеген ерте экссудатты сатысы, шамамен бір жылдай уақыт алады. Осы уақытта науқастардың 15-20%-да ремиссия болады, кейбіреулерінде артриттің белгілері біршама басылады, бірақ көбінде кесел өрбіп, келесі экссудаттық- пролиферациялық сатысына ауысады. Бұл сатыда кеселдің белгілері "жайылып" шығады. Жалпы белгілер пайда болады: әлсіздік, дене қызуының шамалы көтерілуі, астения, тәбеттің нашарлауы. Буындар қайтымсыз зақымданады. Пролиферацияның күшеюінен буын жуандайды, буын қабының тіні калыңдайды. Бұл өзгерістерден буындардың пассивті қозғалысына "серіппелілік" қасиет пайда болады. Фиброздың күшеюінен буындардың қабы, сіңірлері бүрісіп қысқарады, шеміршектері жойылады, сүйектердің басы ұясынан шығуынан буындар қисаяды, ақырыңда анкилоз қалыптасады. Сонымен қатар буын маңы тінінде, теріде трофикалық өзгерістер болады. Тері жүқарып, күрғақтанады, бұлшықет (әсіресе буыннан жоғарысы) семіп, қуаты төмендейді. Алақан терісі жүкарып, түсі қызғылт-көкшілденеді (ревматоидтық алақан). Өршіген сайын процесс жаңа буындарға тарап отырады, зақымданған буындардың саны біртіндеп көбейе береді және бұл ауру зақымдаған буындарынан ешбір айырылмайды. Сондықтан буындардың зақымдану дөрежелері әр түрлі болады (біреуі кеш, біреуі ерте сатысында). Ертелеу зақымданған буындардың қозғалысы шектеліп, анкилозға айналады, терминальді сатыда бірнеше буындар "қатып" калады. 3- сұрақ. Ревматоидты артрит диагностикасы? Жауабы: Ревматоидты артриттің лабороториялық көрсеткіштері 1. Гипохромдық анемия. 2. Орта шамадағы 10-15 х 109/л лейкоцитоз. 3. ЭТЖ-ның биіктеп, түспей тұруы. Оның биіктігі процестің активтілігіне төуелді, ауыр жағдайда 80-90 мм сағ. дейін жоғарылайды. 4. Ревматоидтық фактордың болуы. Аурудың алғашқы 6 айында РФ анықталмауы мүмкін. РФ болу-болмауынан ревматоидтық артритгің серопозитивті және серонегативті түрлерін айырады. 5 . Ревматоидтық артритке тән антикератиндік антиденелер. 6. Синовий сүйықтығының анализінде ревматоидтық артритке тән белгілер: а) РФ-ның болуы; б) синовиялық сұйықтық ұйындысының болбырлығы (тығыз еместігі). Оны синовий сұйықтығын сірке қышқылының ерітіндісіне қосып анықтайды.
  • 8. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ -05.1.8-07.06 4-нұсқа 22 беттің 8-ші беті Ревматоидтық артриттің диагностикалық критерийлері: 1.әйелдердің жиілеу шалдығуы. 2.инфекцияға тікелей байланысының жоқтығы. 3.буындардың ауырсынуы, ісінуі, салицилаттардың әсер етпеуі. 4.қимылсыз жағдайдан кейін, ертеңгілікте буындардың ең болмағанда 1 сғат сіресуі. 5.бір «ұстаған» буындардан айырылмастан өрістеп дамуы және 3-6 айдың ішінде 1-2 буынды қосып зақымдауы. 6.басым ұсақ буындарды симметриялы зақымдауы. 7. буындардың қайтымсыз деформациялануы. 8. бір биіктеген ЭТЖ – ның оңайлықпен төмендемеуі. 9. буын маңындағы теріастылық түйіндер болуы. 10. РФ болуы. 11. рентгенограммадағы өзгерістер: остеопороз, шеміршектің бұзылып жойылуынан буын жегінің тарылуы, сүйекте – буын бетінің кетіктенуі. РА диагнозы 4-7 критерийге сәйкес келсе диагноз нақты деп саналады,1-4 белгілер науқаста 6 апта бойы болуы керек 4 - сұрақ. Ревматоидты артрит емдеу шаралары? Жауабы: Ем жобасын түзгенде ревматоидтық артриттін түрін, активтілік дәрежесін, науқастың жасын, ілеспелі ауруларын еске алады. Ем бағдарламасы:  Тез әсерлі қабынуға қарсы дәрмектер.  Базистік дәрмектер- алтын препараттары- крезанол, глюкокортикоидтар-преднезанол  Иммундық жүйені реттейтін дөрмектер мен шаралар.  Жергілікті ем жөне дөрмектерді буын ішіне енгізу.  Физиотерапия.  Емдік дене шынықтыру, массаж, еңбекпен емдеу.  Санаторлық-курорттық ем.  Хирургиялық ем.  Реабилитация.  Диспансерлеу. 5 - сұрақ. Остеоартроз анықтамасы мен этиопатогенезі ? Жауабы: Остеоартроз – қол-аяқ, омыртқа буындарының дегенациялық – дистрофиялық ауруы. Бұл аруруда буындардың шеміршегі ыдырап жойылады, осыдан сүйектердің беті жалаңаштанады. Этиологиясы: Даму тегіне қарай остеоартроздың біріншілік және екіншілік түрлерін айрыды: Біріншілік түрі- бұрын зақымданбаған сау буын шеміршектерінің уақытынан бұрын тозуы. Оның себебі нақты анықталмаған. Екіншілік түрі - бұрын болған зақымдардың салдарынан буын шеміршегінің жүре бара дамитын дегенерациялық бұзылысы. Екіншілік остеоартроз сүйек эпифиздерінің басқа бір себептерден үйлесімділігінің жойылуынан болады, мәселен дисплазиядан, жарақаттан, туа кемістіктерден немесе шеміршек метаболизмінің бұзылысынан (эндокринопатияларда), кәсіпке байланысты буынға асыра күш түсуінен. Остеоартроздың этиологиясында ішкі және сыртқы факторларды ажыратады. Ішкі факторлар:
  • 9. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ -05.1.8-07.06 4-нұсқа 22 беттің 9-ші беті -дене бітімінің немесе қимыл тірек жүйесінің кемістігінен буын беттерінен үйлесімділігінің жойылуы (қазтабан, омыртқа бағанасының сколиозы, буын осінің ауытқуы, жалғамалардың осалдығын, сіңірдің созылуы т.б.); мұндай жағдайларда буынға түсетін күш және шеміршектің басылуы 2-3 есе артады; - буынға салмақ түсіретін семіздік; - эндокриндік бұзылыстар (қантты диабет, акромегалия, гипотиреоз, климакс); - байламдардың осалдығынан буындардың гипермобильділігі (Марфан синдромы т.б.); - метаболизмдік бұзылыстар (гемохроматоз, охроноз, подагра), буындардың өзге аурулары (РА, сүйектің асептикалық некрозы т.б.); - буын шеміршегінің гендер кемістігінен осалдығы (остеоартрозбен ауыратын науқастардың туысқандарында бұл ауру екі есе жиі кездеседі). Сыртқы факторлар: - жарақаттар, микрожарақаттар, мысалы, парашютисттердің тізе буындарының ерте зақымдануы; - стереотипті қимылдарға байланысты күш түсуі, мысалы, бишілердің тілерсек буыны, шахтерлер мен тас қалаушылардың шынтақ және тізе буындарының басым зақымдануы; - түрлі заттармен улану ( гербицидтер, ауыр металдар, нитраттармен, ішкілікке салыну т.б.) - физикалық ықпалдар ( суықтау, ылғалдылық, сәулелену, вибрация). 6 - сұрақ. Остеоартроз клиникалық көрінісі? Жауабы: Остеоартрозбен адамдардың 10 % әсіресе жасы 40-60 шамасындағы әйелдер сырқаттанады. Бұл ауру жасы 60 тан асқан адамдардың барлығында болады деп айтса артық емес. Клиникалық көрінісі зақымданған буынның түріне тәуелді. Күш түсетін буындар басым зақымданады. Ең жиі қол саусақтарының фалангаарлық буындары, бас бақайдың табан- фалангалық буыны, тізе, ұршық, мойын беломыртқа буындары зақымданады. Кейбір науқастарда бұл кесел полиостеоартроз ( көптеген буындарды зақымдау) түрінде дамиды.Аурудың басты белгісі – буындардың механикалық типті ауыруы, яғни салмақ түскенде, мысалы жүргенде, баспалдақпен көтеріліп түскенде. Ревматойдтық артриттен айрықша, буындардың ауыруы күн ұзақ жүріп тұрудан, әр түрлі қимылдардан кешке қарай күшейе түседі, ал түнде, тыныш жағдайда басылады. Тағы бір ерекшелік – старттық ауырсыну яғни буындардың алғаш қадамдар жасағанда қатты ауыруы. Науқас алғашқы 15-20 қадамды аяғын жай басып ақсаңдап шаққа жүреді, ал ауыру басылған сон жүрісі түзеліп тезделеді. Жергілікті қанайналымның бұзылысынан және гипоксиядан, ұзақ бір қалыпта болған, буындар шамалы уақыт сіресуі мүмкін. Бірақ сіресу 30 минуттан артыққа созылмайды. Сүйек бетінің бұдырлауынан қозғалтқанда буындар сыртылдайды (буындардың крепитациясы). 7 - сұрақ. Остеоартроз диагностикасы мен емдеу шаралары? Жауабы: Остеоартроздың рентгендік көрінісіне мына белгілер тән: 1) шеміршектің бұзылуынан буын жігінің тарылуы; 2) эпифиздердің жиекшелік остеосклерозы (субхондралық остеосклероз); 3) эпифиздер шетін жағалаған остеофиттер; 4) сүйектердің басында (буын маңында) кисталардың түзілуі; 5) сүйектердің ұясынан таюы; 6) остеопороз. Қосымша зерттеудің нәтижелері.
  • 10. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ -05.1.8-07.06 4-нұсқа 22 беттің 10-ші беті Әдетте қанның, несептің жалпы анализдері қалыпты, тек реактивті синовит қосылғанда ЭТЖ (20-25 мм/сағ дейін) және қабыну тестілердің көрсеткіштері (ДФА, фибриноген, серомукоид және α2- глобулиндер) шамалы жоғарылайды. Емі. Емнің негізгі мақсаты – ауырсынуды басу, шеміршектің бұзылысына жол бермеу және зақымданған буынға күш түсуін жеңілдету. Ем бағдарламасы: 1. Шеміршекте дегенерациялық процестің өрістеуіне жол бермеу «базистік ем» 2. Буындардың ауыруын және синовитті басу. 3. Буындардың функциясын жақсарту. 4. Зақымданған буындарға күш түсуді азайту. Зақымданған буынға күш түсуін азайтса, дегенерация процесі баяуланады. Ұзақ жүруге, тұруға (жүргеннен гөрі тұрған қиындау), жүк көтеруге, баспалдақпен жиі көтеріліп, түсуге тыйым салынады (мүмкіндік болса лифтті қолдану қажет). Жүріс арасында 5-10 минут тынығу және таяққа немесе балдаққа сүйеніп жүру қажет. Хондропротекторларды қолдану. Румалон 1 мл күн ара бұлшықетке салынады. Ем курсы 25 инъекция. Структум күніне 500 мг 2 рет беріледі. Ем курсы 3-6 ай, қажетті болса ем курсын қайталайды. Буын ішіне протеолиздік ферменттер ингибиторларын енгізу. Трасилолды немесе гордоксты 25 000 Б буынға енгізеді. Ем курсы 2-5 инъекция 3-4 күн аралықпен.жасанды синовий сұйықтығын енгізу. Поливинилпирролидин (ПВП) – ірі буындарға 15% ерітіндісінің 5 мл гидрокортизон ацетатының 1 мл қосып енгізеді шеміршектің метаболизмін жақсарту. Рибоксин таблетка түрінде 0,4 г күніне 3 реттен 1 ай ішкізеді, вена ішіне 2 % ерітіндісінің 10 мл натрий хлориді физ ерітіндісінің 10 мл қосып енгізеді немесе 5 % глюкоза ерітіндісінің 200-500 мл қосып тамшылатады. Шеміршек асты сүйек тінінде және синовий қабығында микроциркуляцияны жақсарту. Курантил (дипиридамол) 0,05 г күніне 3 реттен 1-2 ай ішкізеді. Тенокил 1-2 таблеткадан (0,15-0,3г) күніне 2-3 рет 2 ай тамақтан кейін ішкізеді. Е витамин капсула түрінде 50% ерітіндісі 0,2 мл. Физиотерапия фонофорез, эритемалық дозадағы ультра күлгін сәулесі, новокаин және анальгинмен электрофорез, динамикалық ток қолданылады 8-сұрақ. Бехтеров ауруы анықтамасы мен этиопатогенезі? Бехтерев ауруы деп буындардың ,соның ішінде омыртқа бағанасы буындарының созылмалы жүйелі қабынуын айтады. Осыған байланысты омыртқа бағанасы өз әрекетін жоғалтып белгілі бір қалыпта, қимылсыз бекіп қалады. Бұл науқас жастарда, көбінесе ер адамдарда болады. Бехтерев ауруы өмірдің екінші онжылдықтың аяғы мен үшінші онжылдықтың басында басталады. Қазіргі кезде жасөспірім жаста да кездеседі. Балалық шақта немесе жасөспірім кезде ауру переифериялық буын зақымдалуымен және дене температурасының жоғарлауымен сипатталады. Бехтерев ауруының (Анкилозирлеуші спондилоартрит) белгілері: омыртқадағы ауырсыну, ол көбінесе түнде күшейеді; омыртқа қозғалуының шектелуі; омыртқаның деформациясы (көбінесе кеуде кифозының ұлғаюы мен бел лордозының тегістелуі) 9 - сұрақ.Бехтеров ауруы клиникалық көрінісі ? Омыртқа зақымдалуы – Бехтерев ауруының негізгі белгісі. Ауырсыну сол немесе басқа бөлікте байқалады, көбінесе бел-сегізкөз бөлігінде. Кейін омыртқа қозғалуының шектелуі
  • 11. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ -05.1.8-07.06 4-нұсқа 22 беттің 11-ші беті болады: тізесін бүкпей қол саусақтарымен жерге тигізе алмайды, кеуде клеткасының тыныс алу экскурсиясы төмендейді. Ауру кезеңдері: Бастапқы немесе ерте. Бел аймағының омыртқасының үлкен емес қозғалуының шектелуі. Рентгенде өзгерістер болмайды немесе сегізкөз-мықын буынның анық еместігі анықталады. Анық зақымдалуы. Омыртқа немесе перифериялық буынның қозғалысының анық шектелуі. Кеш кезеңі. Омыртқа немесе ірі буындардың көп мөлшерде зақымдалуы 10- сұрақ. Бехтеров ауруы диагностикасы мен емдеу шаралары? Буындардың анкилозын аурудың екінші кезеңінде рентгенограмма арқылы ғана анықтауға болады. Аурудың бірінші кезеңінде МРТ арқылы анықтайды, бірақ оны сирек жүргізеді. Салыстырмалы диагностика. Омыртқаның дегенеративті ауруы — остеохондроз, спондилез. Айырмашылығы: тыныштық, ұйқы кезінде ауырсыну күшейеді; көбінесе жас ер адамдар аурады; қанда ЭТЖ жоғарлайды. Ревматоидты артрит – буынның симметриялы зақымдалуы, ревматоидты түйіншек, қан сарысуында ревматоидты фактор анықталады. Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар (диклофенак, индометацин, сульфосалазин) Глюкокортикоидтар Иммунодепрессанттар (ауыр жағдайда Анкилоздардың прогрессирленуін азайту. Деформацияны алдын алу. Басталған деформацияны емдеу. Әлсізденген бұлшықеттердің бұлшықет күшін ұлғайту.Бұлшықет спазмын мен бұлшықет ауырсынуын азайту Өкпенің тыныс алу мүмкіндігін жақсарту ІV. Тәжірибелік дағдылардың орындалу техникасын түсіндіру және демонстрациялау- 25 минут. Ревматикалық ауруларда мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру. Науқастарға мейірбикелік күтімді жасаудан бұрын мейірбике науқасты сұрастыру керек. Науқасқа объективті тексеру жүргізу оның психикалық және физикалық жағдайын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар оның сүйек-буын жүйесінде патологиялар бар жоқтығын анықтауға мүмкіндік береді. Науқасты сұрастырғанда міндетті түрде келесі сұрақтарды қою керек: басынан өткен аурулар, науқастың өзінде немесе туыстарында қан қысымы жоғарылауы, буындар ауырсынулары, буын қисаюлары бар жоқтығын анықтау. І кезең – науқастың жағдайын бағалау 1. Тірек қозғалыс аппаратының ауруларымен сырқаттанатын науқастарды сұрастыру. Шағымдары: буындар мен сүйектердің ауруы, бұлшық еттердің ауруы, таңертеңгілік қозғалыстың шектелуі, бұлшық еттік әлсіздік, буындардың ісінуі және қозғалысының шектелуі. Жалпы шағымдарға дене қызбасы, әлсіздік, терінің қышуы жатады. Буындардың ауруы буын құрамдарының (синовиалды қабат, буын капсуласы, сүйек, байламдары) нерв талшықтарын тітіркендіргеннен пайда болады. Ауру сезімін сұрастырған кезде, оның сипатын (шаншитын, күйдіріп), орналасқан жерін, ең қатты ауыратын мезгілін, оны тудырған себептерді анықтау қажет. Мысалы, остеоартроз ауруында ауру сезімі ауыр күш түскеннен кейін сыздап басталып, кешке жақын күшейеді, ал падагра ауруында таңға жақын кенеттен басталып, жедел түрде өршиді.
  • 12. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ -05.1.8-07.06 4-нұсқа 22 беттің 12-ші беті Буын қозғалысының таңертең шектелуі ол ең алдымен ревматоидты артритке тән. Науқас ұйқыдан тұрған кезде буындардың қозғалуы қиындайды, науқас бүкіл денесі құрысып тұрады, кейін түстен кейін тарқап, бұрынғы қалпына түседі. Бұлшық еттердің ауруы кейде олардағы әлсіздік сезімімен қосылады. Бұл миозит, дерматомиозит ауруларына тән. Науқастың даму тарихы. Аурудың қалай басталып, қалай дамығанын мұқият сұрастырған жөн. Сүйек-буындар жүйесінің көп аурулары біртіндеп науқасқа байқалмай басталады. Аурудың жедел басталуы ремвотизм, инфекциялық (сарыптық) артриттерде байқалады. Сырқаттың басталуына себеп болған жағдайларды жақсылап сұрастыру керек. Олар ауырған жұқпалы аурулар, суық тию, арақ не еті көп тағамдарды (падагра) болуы мүмкін. Өмір тарихы. Науқастан бұрын басынан өткен ауруларын, әсіресе тыныс жолдарының, зәр- жыныс ағзаларының зақымдалуларын сұрау керек. 2. Тірек қозғалыс аппаратының ауруларында науқастарды жалпы қарау. Қарап тексеру. Жалпы қарау кезінде науқастың сыртқы түрінен, дене қалпынан кейбір ауруларды бірден анықтауға болады. Мысалы, анкилоздаушы спондилоартрит кезіндегі науқастың «сұраушы» қалпы, ревматоидты артритте қол саусақтарының жан-жаққа қисайып, жайылыңқы орналасуы тән. Теріні және тері асты қабаттарын пальпациямен зерттеуде ревматоидтық ұсақ түйіндерді, подагралық тофустыанықтауға болады. Буындарды қарау кезінде: буынның ісінуі – буын айналасындағы тіндердің ісініп, сарысу жиналуына байланысты буынның мөлшерінің үлкейіп тегістелуі. Буынның дефигурациясы – эксудативті және пролиферативті өзгерістер нәтижесінде буын пішінінің әркелкі өзгеруі. Буынның деформациясы – буын пішінінің тұрақты өзгеруі. Ол сүйек өсінділерімен, анкилоз дамуы салдарынан болады. Буынның жедел қабынуы кезінде терісінің қызуы жоғарылайды. ІІ кезең – науқастағы проблеманы табу. 1. қимыл қозғалыста буындардың ауырсынуы 2. дене қызуының көтерілуі 3. физикалық белсенділіктің шектелуі. 4. мүгедектер арбасын және сүйегіш таяқтарды қолданудың қажеттілігі 5. Медикаменттерді үнемі қабылдаудың қажеттілігі 6. Әдеттегі кәсібін атқара алмауына байланысты жұмысын тастауына мәжбүрлік 7. Өзін өзі күтудің қиындығы ІІІ кезең - мейірбикелік шараларды жоспарлау. ІV кезең – жоспарларған шараларды іске асыру. 1. Тірек қозғалыс аппаратын пальпациялау әдістемесі. Анықтаймыз: тері құрғақтығы және атрофиясы, шектелген ісік, бұлшық еттің тығыздалуы; буындарының қызаруы, ісінуі, ауырсынуы және деформациясы; буындар пассивті қозғалысының шектелуі, бұлшық ет тонусы және қуаты. 2. Буындар ауырсынуы кезінде мейірбикелік көмек: Мейірбикенің іс әрекет алгоритмі: 1.Мамандандырылған көмекті беру мақсатында дәргіер шақырту. 2.науқасқа физикалық және эмоциялық тыныштық беру: жарық, дыбыс сияқты тіркергіштерді аластату. 3.бөлмеге таза ауа келуін қамтамасыз ету. 3.науқастың бас жағын көтеріңкі етіп жатқызу: (аяқ қолдарға қан барды жақсарту мақсатында)
  • 13. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ -05.1.8-07.06 4-нұсқа 22 беттің 13-ші беті 4.перифериялық қантамырларды кеңейту мақсатында балтыр бұлшық етіне жылытқыш немесе қыша қағазын қою. 5..Дәрігердің тағайындауы бойынша мына препаратардың инъекциясын жасау. (вольтарен, ортофен, индометацин, бруфен) 6. Науқастың пульсын, АҚ анықтап, келбетіне назар аударып жағдайын бақылау. 3. Қызудың көтерілуі кезінде мейірбикелік көмек: Мейірбикенің іс әрекет алгоритмі: 1) емделушідегі қызба кезеңін анықтау; 2) емделушінің дене қызуын әр екі сағат сайын бақылау және тіркеу; 3) емделушіге толық физикалық және психикалық тыныштық қамтамасыз ету; 4) мейірбикелік іс-әрекеттерді қызба кезеңіне қарай жүзеге асыру: 1 кезеңде - емделуішіні жылы жабу, жылытқыштар қою, ыстық, тәтті шай беру; 2 кезеңде - физикалық суыту әдістерін қолдану. Жайма немесе жеңіл көрпемен жабу, суық компресс, мұзды мұйық қолдану; - емделушіні көп мөлшердегі салқындатылған, витаминдендірілге сұйықтықпен (морс, шөптердің қайнатпалары, шырындар, компот) қамтамасыз ету: - ерінге күніне 3 рет вазелин майын немесе глицерин жағу; - сұйық немесе жартылай сұйық тағаммен тәулігіне 6-7 рет аз-аздап, бөліп-бөліп тамақтандыру; - галлюцинация, тырысулар, сандырақ пайда болуының қаупі дамуын ескере отырып, емделушіге жеке бақылауды қамтамасыз ету; - тері және кілегей қабаттарының күтімін тиянақты жүргізу, физиологиялық бөлінулерді бақылау; - дәрігердің белгілеуі бойынша қызбаны түсіретін дәрілер енгізуді қамтамасыз ету. 3 кезеңде - емделушінің жағдайына (сырт көрінісі, АҚ, пульс, ТАЖ) тұрақты бақылауды қамтамасыз ету. - іш киімін және төсегін ауыстыруды қамтамасыз ету; - дене қызуы күрт төмендеген кезде коллапс кезіндегі көмекті көрсету; - дене қызуы литикалық төмендеген кезде емделушіні жылы жабу, көп мөлшерде сұйықтық беру, жылытқыш қолдану. 4. Ыстық ылғалды компресті қою әдістемесі: Мақсаты: емдік, қабынуды қайтару, сіңдіріп тарату және ауыруды басу. Қолдану көрсетілімдері: бас сақинасы (мигрень), талықсу (коллапс), ішек, өт жолдарының түйіліп ауыруында, бронхиальдық астма, бұлшық ет пен буындардағы ауыруларында. Қарсы көрсетілімдері: іш пердесінің қабынуы. Дайындаңыз: ыстық (Т-60-700 С) суы бар ыдысты, су термометрін, 2 салфетканы, клеенканы, мақтаны, сүлгіні. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның рұқсатын алыңыз. 2. Компресс қоятын жердің тері қабатын тексеріп алыңыз. 3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз. 4. 8 қабатты салфетканы ыстық суға салып сулап, оны сығыңыз. 5. Дененің тиісті учаскесіне ылғалды салфетканы тығыз 5-10 минуттай басыңыз. 6. Салфетканы клеенкамен, сосын үстінен қалың жүннен тоқылған матамен жабыңыз. 7. Бірнеше минуттай компресті қолыңызбен ұстап тұрыңыз, оны салқындаған сайын ауыстырыңыз (бинт салмайды).
  • 14. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ -05.1.8-07.06 4-нұсқа 22 беттің 14-ші беті 8. Терінің ылғалды бетін сүлгімен құрғатып сүртіңіз. 9. Науқасты жылы жабыңыз. 10. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Ескерту: клеенка үстіне жылытқыш қоюға немесе қалың тоқылған матаны жабуға болады. 5.Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу Мақсаты: диагностикалық Қолдану көрсетілімдері: пациентті зерттеу: Асқынулар: гематома, тромбофлебит, сепсис, вирустік гепатит, АҚТҚ. Қан алатын жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектін, қолдың беткейлік веналары. Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 10-20мл көлеміндегі бір рет қолданылатын шприцті, астаушаларды, мақта шариктерін, салфеткаларды, тері антисептигін, бетпердені, қолғапты, штативтегі пробиркаларды, су өтпейтінтығындарымен резеңке бұрауды, клеенкалы жастықшаны, кауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді. Іс - әрекет алгоритмі: 1. Пациентке емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. Пациенттен таңертең тамақ қабылдамағаның анықтаңыз. 2. Лабораторияға жолдама жазып, пробирканы нөмірлеңіз. 3. Пациентке ыңғайлы қалып алуына көмектесіңіз. 4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Оларды тері антисептитигімен өңдеңіз (стандартты қараңыз). 5. Бетпердені, қолғапты қорғаныш көзілдірікті, алжапқышты киіңіз. 6. Бір рет қолданылатын шприцті құрастырыңыз (стандартты қараныз). 7. Пациенттің шынтақ астына клеенқалы жастықшаны салыңыз. 8. Резеңке бұрауды иықтың ортанғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе іш киімінің үстінен салыңыз. 9. Бұраудың бос ұштары жоғары қарай бағытталған болады, алгегі төмен. 10. Кәріжілік артериясындағы тамырын ұстаңыз ( тамыр соғуы сақталу керек) 11. Көктамырды зерттеңіз. Ең көп толған көк тамырды табыңыз. 12. Көктамырды толтыру үшін пациенттің жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын, сосын оны қысуын сұраныз. 13. Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз. 14. Тері антисептигіне суландырған екі мақта шариктерімен шынтақ бүгілісі аймағын, инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартыңыз, оларды контейнерге салыңыз. 3-ші мақта шаригін сол қолдың IV және Vсаусақтар арасында ұстаңыз. 15. Оң қолыңызға шприцті алыңыз: II саусақ – иненің канюлясында, ал III, IV саусақтармен цилиндрді жоғарыдан орап алыңыз, Iсаусақты төмен ұстаңыз. 16. Сол қолдың үлкен саусағымен болжаған тесетін жерден төмен көк тамырды бекітіңіз. 17. Инеден қалпағын алып, әдеттегідей көк тамырды тесіңіз (пациенттің жұдырығы қысылған) 18. Поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, ине көктамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз. 19. Сол қолмен ақырын поршенді өзіңізге қарай тарта отырып, 5-7 мл қанды шприцке сорып алыңыз. 20. Резеңке бұрауды шешіңіз, пациентжұдырығын ашуы қажет, қажет, жылдамқозғалыспен көк тамырдаң инені шығарыңыз . 21. Тері антисептигіне суландырған мақта шариғін инъекция жасаған жерге 3-5 минутқа салыңыз, пациенттен шынтақ буынынан қолды сәл бүгуін сұраңыз.
  • 15. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ -05.1.8-07.06 4-нұсқа 22 беттің 15-ші беті 22. Шприцтен инені алып, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. 23. Шприцтен қанды пробирканың қабырғасына жаймен құйыңыз, оның шашырамауын қадағалаңыз. 24. Су өтпейтін тығынмен пробирканы жабыңыз. 25. Қаны бар пробирканы штативпен бірге контейнерге қойыңыз, оны тығыз жабыңыз. 26. Пациенттке тұруға немесе жайлы қалып алуына көмектесіңіз. 27. Көктамырды тескен жерден қан бөлінбегеніне көзіңізді жеткізіңіз. Пациенттен мақта шарігін алып, контейнерге салыңыз. 28. Контейнер мен жолдаманы биохимиялық лабораторияға жіберіңіз. 29. Қолғапты шешіп, кауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. 30. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Ескерту: - биохимиялық анализге көктамырдан қанды алу таңертен ашқарында 10мл мөлшерінде жүргізіледі; - ЖҚТБ және RW қан алуды күннің әрбір уақытында 5 мл мөлшерінде жүргізіледі; - қанды алуға арналған пробирка құрғақ болуы керек ( әйтпесе эритроциттердің гемолизі болады); - шприцсіз қанды алуға тыйым салынады – тек инемен ( қан шашырау кауіпсіздігі бар); - жолдамасында пробирканың нөмерін, зерттеу мақсатын, пациенттің аты-жөнін, жынысын, жасын, диагнозын, бөлімін көрсетіңіз; - вакутайнер (BD VACUTAINER) – кауіпсіз жүйесі бар қанды алу медициналық қызметкерлерді максимальды қорғауды, алатын материалдыңсапасын камтамасыз етеді. V. Тәжірибелік тапсырмаларды орындаудағы студенттердің өзіндік жұмысы- 105 мин. Бұл кезеңде студенттер 2 шағын топ бойынша және жеке өзі орындайды. Студенттерге СӨЖ кезінде берілетін тапсырмалар: І- шағын топша: 1. Тірек –қимыл аппаратының ауруларымен ауыратын науқастарды сұрастыру 2. Ыстық ылғалды компресті қою әдістемесі: ІІ- шағын топша: 1. Тірек –қимыл аппаратының ауруларымен ауыратын науқастарды жалпы қарау . 2. Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу Кейс жағдайят-1 Науқас 50 жаста фельдшерге келесі шағымдармен қаралды: шынтақ-блезік буындары же қол басы саусақ буындарының сыздап ауырсынуы.Таңғы уақытта буындарының сіресуі, қиын қозғалуы, тез шаршағыштық, жалпы әлсіздік. Науқас бірнеше жыл көлемінде ауру санайды.Стационарлық деңгейде бірнеше рет ем алған. Ауруының соңғы өршуіне 5-6 ай көлемі болған. Обективті: Дене қызуы 37,2 с жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі таза қолбасы же аяқ басының 2,3,4 саусақ буындарының деформациясы же қимыл қозғалысының шектелуі бар.Өкпеде виз тыныс жүрек тоны анық, ырғақты, жсс-82 ретмин АҚ 12080 мм. ст. Тапсырма: 1. Науқаста қандай қажеттіліктердің қанағаттануы бұзылған? Мәселені анықтаңыз. 2. Артықшылықты (приоритетті) мәселені, мақсатты анықтап мейірбикелік іс-әрекеттер жоспарын құрастырыңыз
  • 16. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ -05.1.8-07.06 4-нұсқа 22 беттің 16-ші беті Жауап: Науқаста келесі қажеттіліктердің бұзылуы анықталады: дені сау болу, дене қызуын бір қалыпты ұстау, бөлу, таза болу, жұмыс істеу, ұйықтау, қауіпсіз болу. Науқастың мәселелері: бас айналу, буындардың сіресуі, қиын қозғалу, әлсіздік, шаршағыштық Артықшылықты мәселе: буындардың ауырсынуы Буындар ауырсынуы кезінде мейірбикелік көмек: Мейірбикенің іс әрекет алгоритмі: 1.Мамандандырылған көмекті беру мақсатында дәргіер шақырту. 2.науқасқа физикалық және эмоциялық тыныштық беру: жарық, дыбыс сияқты тітіркергіштер ді аластату. 3.бөлмеге таза ауа келуін қамтамасыз ету. 4.науқастың бас жағын көтеріңкі етіп жатқызу: (аяқ қолдарға қан барды жақсарту мақсатында) 5.перифериялық қантамырларды кеңейту мақсатында балтыр бұлшық етіне жылытқыш немесе қыша қағазын қою. 6.Науқастың бас жағына салқын компресс қою (ми ісінуінің алдын алу үшін) 7.Дәрігердің тағайындауы бойынша мына препаратардың инъекциясын жасау. (вольтарен, ортофен, индометацин, бруфен) 8. Науқастың пульсын, АҚ анықтап, келбетіне назар аударып жағдайын бақылау. Кейс жағдайят -2 Наукас ревматология бөлімінде емделуде. Шағымдары: алақан саусақ буындарының ауырсынуы, буындар қозғалысының шектелуі, дене қызуының 38,8ºС көтерілуі, тершендік, әлсіздік Қарағанда: Дене қызуы 38,5ºС жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі таза қол алақан 2,3,4 саусақ буындарында қызару, ісіну байқалады.Өкпеде везикулярлы тыныс жүрек тоны анық, ырғақты, жсс-82 ретмин АҚ 12080 мм. ст. Іші жұмсақ ауырсынусыз. Тапсырма: 1. Науқаста қандай қажеттіліктердің қанағаттануы бұзылған? Мәселені анықтаңыз. 2. Артықшылықты (приоритетті) мәселені, мақсатты анықтап мейірбикелік іс-әрекеттер жоспарын құрастырыңыз Жауап: Науқаста келесі қажеттіліктердің бұзылуы анықталады: дені сау болу, дене қызуын бір қалыпты ұстау, бөлу, таза болу, жұмыс істеу, ұйықтау, қауіпсіз болу. Науқастың мәселелері: бас айналу, буындардың сіресуі, қиын қозғалу, әлсіздік, шаршағыштық Артықшылықты мәселе: Қызудың көтерілуі кезінде мейірбикелік көмек: Мейірбикенің іс әрекет алгоритмі: 1) емделушідегі қызба кезеңін анықтау; 2) емделушінің дене қызуын әр екі сағат сайын бақылау және тіркеу; 3) емделушіге толық физикалық және психикалық тыныштық қамтамасыз ету; 4) мейірбикелік іс-әрекеттерді қызба кезеңіне қарай жүзеге асыру: 1 кезеңде - емделуішіні жылы жабу, жылытқыштар қою, ыстық, тәтті шай беру; 2 кезеңде - физикалық суыту әдістерін қолдану. Жайма немесе жеңіл көрпемен жабу, суық компресс, мұзды мұйық қолдану;
  • 17. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ -05.1.8-07.06 4-нұсқа 22 беттің 17-ші беті - емделушіні көп мөлшердегі салқындатылған, витаминдендірілге сұйықтықпен (морс, шөптердің қайнатпалары, шырындар, компот) қамтамасыз ету: - ерінге күніне 3 рет вазелин майын немесе глицерин жағу; - сұйық немесе жартылай сұйық тағаммен тәулігіне 6-7 рет аз-аздап, бөліп-бөліп тамақтандыру; - галлюцинация, тырысулар, сандырақ пайда болуының қаупі дамуын ескере отырып, емделушіге жеке бақылауды қамтамасыз ету; - тері және кілегей қабаттарының күтімін тиянақты жүргізу, физиологиялық бөлінулерді бақылау; - дәрігердің белгілеуі бойынша қызбаны түсіретін дәрілер енгізуді қамтамасыз ету. 3 кезеңде - емделушінің жағдайына (сырт көрінісі, АҚ, пульс, ТАЖ) тұрақты бақылауды қамтамасыз ету. - іш киімін және төсегін ауыстыруды қамтамасыз ету; - дене қызуы күрт төмендеген кезде коллапс кезіндегі көмекті көрсету; - дене қызуы литикалық төмендеген кезде емделушіні жылы жабу, көп мөлшерде сұйықтық беру, жылытқыш қолдану. Тапсырма-7. Қажетті сөздерді пайдаланып кестені толтырыңыз Ревматоидті артриттің ем жобасы Тез әсерлі қабынуға қарсы дәрілер: - - Базисті дәрілер: - - Иммуно модуляторлар: - - Жергілікті буын ішіне қолданатын дәрілер: - - Реабитациялық іс-шаралар: - - 1. физиотерапия 2. кеналог 3.Алтын дәрмектері 4.Цитостатиктер 5.вольтарен 10.бутадион 7.Емдік дене шынықтыру 8.гидрокортизон 9.тимоген 6.Т-активин
  • 18. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ -05.1.8-07.06 4-нұсқа 22 беттің 18-ші беті Тапсырма-7. Қажетті сөздерді пайдаланып кестені толтырыңыз жауабы Ревматоидті артриттің ем жобасы Тез әсерлі қабынуға қарсы дәрілер: - - 5,10 Базисті дәрілер : - - Иммуно модуляторлар: - - Жергілік ті буын ішіне қолданатын дәрілер : - - 2,8 Реабитациялық іс-шаралар: - - физиотерапия кеналог Алтын дәрмектері Цитостатиктер 3,4 Вольтарен бутадион Емдік дене Шынықтыру 1,7 гидрокортизон Тимоге н 6,9 Т-активин Білім деңгейін тест арқылы бақылау. I-нұсқа. 1. Ревматоидті артриттің қауіп-қатер факторларынан бөтен: А. вирустық инфекция В. қан жоғалту С. стрептококктар В тобы D. микоплазма E. тұқым қуалаушылық 2. Ревматоидті артритке тағайындалмайды: А. гемостатиктер В. антибиотик және қабынуға қарсылар С. безгекке қарсылар D. десенсибилизациялаушылар E. кризанол, Д-пеницилламин 3. Ревматоидті артриттің ең маңызды диагностикалық белгілер жұптасуы: А. тұрақты артральгия, остеофитоз, буын “блогы” В. буын осьнің зақымдануы, аяқ-қол буындарының басым зақымдалуы С. жедел моноартит, табан үлкен саусағының артриті D. буындардың аз қимылдылығы, симметриялы зақымдалуы E. анкилоз пайда болуы 4. Ревматоидті артритке тән емес клиникалық белгі: А. бұлшық ет атрофиясы В. проксимальды саусақаралық және білек буындарының зақымдалуы С. Геберден түйіндері D. ревматәрізді түйіндер E. зақымдалған буындардағы таңғы аз қимылдық 5. Ревматоидты полиартритке тән емес: А. Геберден түйіндері В. Ревматоидты түйіндер
  • 19. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ -05.1.8-07.06 4-нұсқа 22 беттің 19-ші беті С. Бұлшық еттер атрофиясы D. Буындарда таңертеңгілік құрысудың болуы Е. Қолдың ұсақ буындарының зақымдалуы 6. Ревматоидты артрит диагнозына тән емес белгі: А. таңертеңгілік құрысу; В. буын беткейлерінің узурациясы; С. анкилоздар; D. дистальді фаланга аралық буындардың зақымдалуы; Е. буын маңылық тіндердің зақымдалуы. 7. Ревматоидты артритке тән емес: А. аяқтардың ұсақ буындарының симметриялы зақымдалуы; В. митральді қақпақша жеткіліксіздігі дамуы мүмкін; С. ауырсыну синдромы әдетте таңертең күшейеді; D. Буындардың құрысуы кешке күшейеді; Е. антибиотиктерді қолданғанда нәтиже жоқ. 8. Ревматоидты түйіндер орналасады: А. Теріде; В. Сіңірлерде; С. ішкі мүшелерде; D. периартикулярлы тіндерде; Е. сүйектерде. 9. Остеоартрозда тағайындау барынша тиімді: A. кальцеминді B.ампициллинді C.индометацинді D.триамцинолонды E. хондроитин сульфатты 10.Ревма фактор қандай жағдайда оң болып саналады: A. 1:20 B 2:40 C. 4:20 D. 3:50 E. 1:70 II-нұсқа. 1. Кортикостероидтарды тағайындамайды: А. жылдам үдемелі ағымды ревматоидты артрите; В. баяу үдемелі ағымды РА-те, егер базисті терапия нәтижесіз болса; С. РА висцериттермен; D. жалған сепсистік жағдайларда; Е. үрдістің минимальді белсенділігінде. 2. Ревматоидты артриттің базисті терапиясына жатпайды: А. алтын препараттары; В. иммунодепрессанттар-цитостатиктер; С. Д-пеницилламин; D. аминохинолин препараттары; Е. стероидты емес қабынуға қарсы препараттар. 3. Остеоартрозға тән емес белгі: А. ЭТЖ қалыпты немесе сәл жоғарлаған;
  • 20. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ -05.1.8-07.06 4-нұсқа 22 беттің 20-ші беті В. «буындық» қысылумен байланысты кенет ауырсыну; С. старттық ауырсынулар; D. Бушар түйіндері; Е. алақан-фалангалық буындардың ульнарлы және білезік буындағы шынтақтық девиация. 4. Иммунодепрессанттардың нәтижелілік критерилеріне жатпайды: А. дене қызуының қалыпқа келуі; В. дене салмағының қалыпқа келуі; С. миалгия, артралгия, оссалгия жоғалуы; D. АҚ қалыпқа келуі; Е. лейкоцитоз. 5. Буын деформациясы – бұл: А. буын пішінің өзгеруі В.буынның қозғалмай қатып қалуы С. шектелген іріңдік D. буыннан өскен ісік E. буын саңылауының тарылуы 6. Стероидтық емес қабынуға қарсы дәрілердің кері әсері науқастарда келесі аурулар- ды тудыруы мүмкін. А. асқазан жарасы В. ұлтабар жарасы С. эрозиялық гасрит D.асқазан-ішек жолдарынан қан кету E. аталғанның барлығы 7. Алтын дәрмектерін қолдануға болмайтын жағдайлар: А. бүйрек, бауры, ішек зақымдану белгілері В. гемоцитопениялар С. жүктілік D.терінің тұрақты зақымданулары E. аталғанның барлығы 8. Урикодепрессантты таңдаңыз. А. Аллопуринол В. бутадион С. трамадол D. фенобарбитал E. кальций хлорид 9. Стероидті емес қабынуға қарсы дәрілерге жатады: А. Аллопуринол В. вольтарен С. трамадол D. фенобарбитал E. кальций хлорид 10. Остеоартроз бұл - : A.инфекциялық-аллергиялық ауру B.жүректің ишемиялық ауруы C.дегенеративті –дистрофиялық ауру D.зәр шығару жүйесінің бұзылыстары кезінде пайда болады E.қан айналым жүйесінің бұзылыстары кезінде пайда болады
  • 21. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ -05.1.8-07.06 4-нұсқа 22 беттің 21-ші беті Тест эталондары. І нұсқа ІІ нұсқа 1-В 1-Е 2-А 2-Е 3-В 3-Е 4-С 4-Е 5-А 5-А 6-Д 6-Е 7-Д 7-Е 8-Д 8-А 9-Е 9-В 10-А 10-С Бағалау критерийлері: 10 дұрыс жауап: - «5»; 8-9 дұрыс жауап: - «4»; 6-7 дұрыс жауап: - «3»; 5 және одан төмен дұрыс жауап:- «2». VІ. Сабақты қорытындылау-10 минут. № Бағалау критерийлері Аты- жөні Теориялық білімі Тәжірибиелік дағдылар бөлімі Тесттің нәтижесі Кейсжағдаяттар бойынша бағалау Қорытын-ды баға 1 2 3 4 5 VII Үйге тапсырма -5 минут Тақырыбы: Дәнекер тіннің диффузды аурулары кезінде медбикелік үрдісті ұйымдастыру. Дайындалуға арналған сұрақтар: 1. Жүйелі қызыл жегі, скелродермия, түйінді периартерит, дерматомиозит ауруларының анықтамасы мен жіктеуі? 2. Жүйелі қызыл жегі, скелродермия, түйінді периартерит, дерматомиозит этиологиясы және патогенезін түсіну? 3. Жүйелі қызыл жегі, скелродермия, түйінді периартерит, дерматомиозит клиникалық көрінісін түсіндіру диагностикасын таңдауі? 4. Жүйелі қызыл жегі, скелродермия, түйінді периартерит, дерматомиозит ем қағидалары алдын алу шараларын жоспарлау?
  • 22. Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу ӘӨ -05.1.8-07.06 4-нұсқа 22 беттің 22-ші беті Негізгі әдебиеттер: 1. Ішкі аурулар Қ.А. Жаманқұлов.-Ақтөбе, 2008 2. Ішкі аурулар пропедевтикасы. С.К. Муратбекова, А.Т.Кенжебаева.-Көкшетау, 2007. 3. Ішкі аурулар. А.А. Оспанова. – Шымкент, 2008. 4. Ішкі аурулар. 1-2 том. Б.С. Қалимурзина.-Алматы, 2000 5. Ішкі аурулар Ғ.Н. Бимурзаев, Г.К. Зарипова – Түркістан 2012