SlideShare a Scribd company logo
1 of 7
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
«Сайрам» колледжі
«Бекітемін»
Сайрам колледжінің
директорының оқу ісі
жөніндегі орынбасары
__________А.Р.Сабуров
«_____»________ 2016 ж
Ашық сабақТақырыбы: Жедел және созылмалы пиелонефрит.
Пәні: Терапиядағы медбикелік іс
Тобы: МІ 11-14 «Б» І топша
Оқытушы: Анаркулова Қ.С
2012ж
Пәні: Терапиядағы медбикелік іс
Тобы:МІ 11-14 «Б» І топша
Ашық сабақтың тақырыбы:Зәр шығару жүйелерінің аурулары : жедел
және созылмалы пиелонефрит.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Зәр шығару жүйелерінің аурулары оның ішінде жедел және
созылмалы пиелонефрит тақырыбы бойыншаоқушылардыңбілімін
тереңдету.
Тәрбиелік:Мәдениеттілікке,білімділікке, жауапкершілікке
тәрбиелеу.Көпшілік арасындаөзін еркін сезінуге, өз пікірін нақтылап айтуға
тәрбиелеу.
Дамытушылық: Алған білімдерін жадында сақтауға, ойлау қабілетін
дамытуға, тіл шеберлігін, дүниетанымдықкөзқарасын, ықыласын,
іздемпаздығынарттыру. Соныменқатар медициналық сөздікқорынбайыту.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Көрнектіқұралдар:
1. Ламинацияланған суреттер.
2. Графопроектор.
3. Плакаттар.
Үлестірме материалдар:карточкалар, тест сұрақтары,жағдайлықесептер.
Әнұран орындау.
І. Ұйымдастырукезеңі:(5 мин)
1.Оқушыларды түгелдеу;
2.Топтың, оқу бөлмесінің сабаққа дайындығынтексеру;
ІІ.Үй тапсырмасынтексеру, өткен тақырып бойынша білім дәрежесін
анықтау, толықтыру. (20 мин)
Сұрақ-жауап:
1. Зәр шығару жүйесінің анатомо-физиологиялықерекшеліктері?
2. Гломерулонефрит ауруының анықтамасы ?
3.Гломерулонефритауруының этиологиясы?
4. Гломерулонефритауруының клиникалық белгілері?
5.Гломерулонефритауруының түрлері?
6. Гломерулонефритауруының диагностикасы?
7. Гломерулонефритауруының емі?
ІІІ. Жаңа сабақты мазмұндау(30 мин).
Тақырып: Жедел және созылмалыпиелонефрит.
Жаңа сабақтың жоспары:
І. Зәр шығару жүйесінің анатомо-физиологиялықерекшеліктер.
ІІ. Пиелонефрит ауруының анықтамасы.
ІІІ. Пиелонефрит ауруының жіктелуі.
А) Жедел пиелонефриттің анықтамасы, этиологиясы, патогенезі,
клиникалық көрінісі.
Б) Созылмалы пиелонефриттің анықтамасы, этиологиясы,
патогенезі,клиникалық көрінісі.
ІV.Жедел және созылмалы пиелонефриттің диагностикасы және емдеу
шаралары.
Пиелонефрит-уродинамиканың бұзылуыншақыратын, бүйректердің
тостағанша астауша жүйелері мен интерстициалды ұлпаларын зақымдайтын
инфекциялық қабыну процесі.Ол гломерулонефритткеқарағанда жиі
кездеседі. 40 жасқа дейінгі әйелдер ерлерге қарағанда жиірек ауырады.
Этиопатогенезі:Пиелонефриттің дамуына көбінесе инфекциялар себепші:
ішек таяқшалары, клебисиелла, стафилакокк, кейде стрептококкжәне
вирустар мен микробтар.
 Ішектік аутоинфекция (ішек таяқшалары, энтерококктар);
 Сырттан түскенинфекция - урология, акушерлік-
гинекология,реанимация бөлімшелерінде жатқан науқастарға несептік
инфекцияның құралдарменжұғуы;
 Әдеттегі антибактериялық дәрмектергетөзімді бактериялар
пиелонефритті өршітуі ықтимал;
Инфекция көзі ретінде кариеске ұщырағантістер, созылмалы тонзиллит
және зәр шығару жолдарыныңинфекциялары (цистит, уретрит),простатит
және аденоксит сияқты аурулар қызмет атқарады.Инфекция қуыққа катетр
енгізі цитоскопия сияқты аспаптық зерттеулер жүргізгендеенеді.
Қоздырғыштар ағзаға бірнеше жолмен: гематогендік, урогендік,
лимфогендік жолдармененеді. Зәр шығару жолдарыныңауытқулары,
олардағы тастар, аталық бездің аденомасы, ағзаныңқарсыласу күшінің
төмендеуі, уродинамиканыңбұзылуы астауша жүйесін деформацияға
ұшыратады. Ол зәр бөлінуінің бұзылуынанемесе зәрдің қайтадан астаушаға
құйылуына әкеледі.Біртіндеп ұлпасында зақымдайды.Зәрдіңбөлінуі
бұзылуы әр адамдарданефролитиазға (бүйрекке тас байлану) әкеледі.Кей
әйелдерде зәр бөліну жүктілік кезінде бұзылады, өйткеніүлкейген жатыр
несепағарды басыр тастайды, ол зәр бөлінуге кедергі жасайды.
Клиникалық көрінісі:
Пиелонефрит клиникалық үштік белгілерімен көрінеді:
1.Бел тұсыныңауруы.
2.Дене температурасыныңжоғарлауы.
3.Дизуриялыққұбылыстар.
Бел тұсының ауруы шаншып мазалайды, қимылдағанда, отырысын
өзгерткендекүшейеді.Көбінесе бір жағы, кейде екі бүйрек тұсы да ауруы
мүмкін.
Ішектік аутоинфекция (ішек таяқшалары, энтерококктар;
Сырттан түскенинфекция - урология, акушерлік-гинекология,реанимация
бөлімшелерінде жатқан науқастарға несептік инфекцияның құралдармен
жұғуы;
Әдеттегі антибактериялық дәрмектергетөзімді бактериялар
пиелонефритті өршітуі ықтимал;
Науқастар зәр бөлу кезіндегі аурсынуға, әлсіздікке, бас ауруына, ұйқышыл
болуына, дене температурасыныңжоғарлауына шағым жасайды.Науқастың
тәбеті төмендеп, іші кеуіп, дәреті сұйлуы мүмкін.
Пальпация кезінде: Бел тұсына пальпация жасағанда бір жағы, кейде екі
жағы да аурады. Пастернадский симптомы оңболады. Пиелонефритте зәр
бөлінуі өзгермейді, кей кезде ғана анурия даму мүмкін.Протенурия,
лейкоцитурия тұрақсыз және әр түрде байқалдды, 40-70℅ жағдайда
науқастарда пиелонефрит салдарынан артериялдықгипертензия дамиды.
Әсіресе диастолалық қысым жоғарлайды. Созылмалы пиелонефритке
полиурия тән (тәулігіне 2-3 л-ге дейін). Ол поллакиурия, никтурия,
гипостенурия байқалады.
Диагностикасы:
1.Жалпы қан анализі: лейкоцитоз (30-40*л),ЭТЖ 40-60 мм жылдамдайды.
2.Несеп анализі: зәрдің түсі мөлдір емес, құрамында лейкоциттер
байқалады.Белок пайда болады.
3.Аспаптық әдістерін ультрадыбыстықзерттеуең толық, дәл деректер алуға
көмектеседі. Ол тостағанша- астаушалардың кеңейгенін, деформацияға
ұшырағанын, бүйрекұлпасының өзгергенінкөрсетеді.
Емі:Аурудың жедел кезеңінде қатаң төсек тәртібін ұстану керек.Науқастың
жағдайы жақсарғаннан соң Режим №ІІ жартылай төсектік режим
тағайындалады.
Диета № 7 тағайындалады.Ісіну белгілері болмаса, дене қызуы
жоғарылағанда көп мөлшерде сұйықтықішкізу керек.
1.Антибиотиктер тағайындалады.Олзәрдегі микроағзаныңоған
сезімталдығыныңескере отырып тағайындалады.Оларды сульфаниламидті
және нитрофуранды топ дәрілермен қосыпберген жөн.Антибиотиктерді4-6
жұма бойы егу қажет (дене қызуы қалпына келіп протеинурия, бактериурия
жоғалғанға дейін). Пеницилин 1-2 млн х 4 реттен бұлшықетке немесе
гентамицин 20 мг х 3 рет немесе левомицитин 0,5 г х 3 рет. Цефалоспориндер
тағайындалады.Антибиотиктергетұрақтылық дамыса:эритромицин,
вибролицин, кефзол тағайындауға болады.7-10 күннен кейін антибиотиктерді
ауыстыру керек.Антибиотиктердіұзақ қолданғанда оларға қосып,
саңырауқұлақтарға қарсы дәрілер (нистатин, леворин т.б. дәрілер)
тағайындалады.
2.Аминогликозидтер:гентамицин,амикоцин.
3.Макролидтер: рокситромицин, азитромицин.
4.Антигипертензивті дәрілер: резерпин, адельфан,клофелин тағайындалады.
5.Иммунотерапия: актоверин, глюкоза,
6.Санаторлық-курортықемдеутағайындалады.
Алдын алу шаралары: Аурудың алдын алуда 1-ші орындаескі инфекция
ошақтарына санация жасалады.Жүкті әйелдерге амбулаториялық жағдайда
қолдаушы ем ( кем дегенде 6 ай) жүргізу алдын шаралары болыптабылады.
Болжамы:Аурудың болжамы оныңұзақтығына, бүйректің біреу немесе
екеуінің де зақымдалуына тереңдігіне , микробтардыңтүріне иммунитет
жағдайына байланысты.Ауру ерте анықталса, ұзақ гақты емделсе жазылуы
мүмкін. Несеп анализі жақсарыпклиникалық көріністері жоқболсада
инфекция паренхимасы ішінде қалуы мүмкін сондықтанқайталанып өршуі
мүмкін.
ІV. Жаңа материалдыпысықтау (10 минут)
1) Тестсұрақтары және жағдайлықесептердішешу.
Сабақ тақырыбы:Жедел және созылмалы пиелонефрит.
1.Созылмалыпиелонефрит дегеніміз:
а) инфекциялық-аллергиялық ауру
б) аллергиялық ауру
в) инфекциялық ауру
г) имундық ауру
2.Бүйреккеинфекцияныңтүсуініңнегізгі жолы:
а) гемотогенді
б) лимфогенді
в) урогенді
3.Созылмалы пиелонефрит дамуының бейімдеуші факторына
жатпайды:
а) бактериурия
б) уродинамикалық бұзылыстар
в) әйелдер несеп жолдарыныңжыныстықерекшеліктері
г) шумақтардың базальдік мембрананың белоктарына антиденелердің түзілуі
4.Созылмалыпиелонефриттенесептік синдромғатән емес белгілері:
а) лейкоцитурия
б) гематурия
в) гипостенурия
г) протеинурия 1г –ға дейін
д) протеинурия 1 г-нан аса
е) бактериурия
5.Созылмалыпиелонефриткетән емес белгі:
а) белдің ауырсынуы
б) қызудыңсубфебрильдікөтерілуі
в) ісіну
6.Гипостенурияныанықтауүшін жасалатынсынама:
а) Адис-Коковскийсынамасы
б) Зимницкий сынамасы
в) Нечипаренко сынамасы
г) жалпы зәр анализі
д) Абурже сынамасы
7. Созылмалыпиелонефриттеантибактериалдықемінің1-этап, қанша
уақыт жүргізіледі:
а) 7-10 күн
б) 10-20 күн
в) 1ай
г) 2-3 ай
8.Бүйректің қанайналымын жақсартатын дәрмектер:
а) трентал, гепарин, курантил
б) фуросемид,гипотиозит
в) Са-антогонистері, В-блокаторлар
Тестсұрақтарының жауаптары:
1-В
2-В
3-Г
4-Д
5-В
6-Б
7-А
8-А
8-7 дұрыс жауап – 5 ( өте жақсы) балдық жүйе
6-5 дұрыс жауап – 4 (жақсы) балдық жүйе
4-3 дұрыс жауап – 3 (қанағаттанарлық) балдық жүйе
3- тен төмен – 2 (қанағаттанарлықсыз) балдық жүйе
2) Оқушының өзіндік ізденісі(баяндама) - (10 мин)
3) Термин сөздержәне жаңа ұғымдармен жұмыс ( 5 мин)
V.Сабақты қорытындылаужәне бағалау. (5 мин)
Оқушыларды бағалау, сабақ барысындатүсініксіз болған сұрақтарғажауап
беру. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.
VI. Үй тапсырмасын беру(5 мин)
Тақырыбы:Жедел және созылмалы бүйрекшамасыздығы.
1. А.А.Оспанова«Ішкі аурулар» «Алтын алқа» баспасы 570 бет.
2. С.Қ.Мұратбекова, Ә.Т.Кенжебаева,Л.Б.Абдрахманова
«Терапиядағы мейірбикелік іс» Көкшетау 2008ж. 267-270 беттерді оқу.
3. Б.С.Калимурзина. «Ішкі аурулар» ІІ том. 291 бет
4. З.Х.Қыстаубаева. «Ішкі аурулар»
5. Дәрістер жинағы

More Related Content

Similar to ашық сабақ

опн, хпн, нг абдуллаева а.б
опн, хпн, нг абдуллаева а.бопн, хпн, нг абдуллаева а.б
опн, хпн, нг абдуллаева а.б
manap3
 
Сибирская язва .pptx
Сибирская язва .pptxСибирская язва .pptx
Сибирская язва .pptx
ssuserf26ca1
 
ашық сабақ азамат агай
ашық сабақ азамат агайашық сабақ азамат агай
ашық сабақ азамат агай
oquzaman
 

Similar to ашық сабақ (20)

ашық сабақ.Doc
ашық сабақ.Docашық сабақ.Doc
ашық сабақ.Doc
 
опн, хпн, нг абдуллаева а.б
опн, хпн, нг абдуллаева а.бопн, хпн, нг абдуллаева а.б
опн, хпн, нг абдуллаева а.б
 
бауыр циррозы
бауыр циррозыбауыр циррозы
бауыр циррозы
 
артериялық гипертония
артериялық гипертонияартериялық гипертония
артериялық гипертония
 
Адам генетикасы 9-сынып.pptx
Адам генетикасы 9-сынып.pptxАдам генетикасы 9-сынып.pptx
Адам генетикасы 9-сынып.pptx
 
жүй құраст 2016ж ескі өңдеу бойынша
жүй құраст 2016ж ескі өңдеу бойыншажүй құраст 2016ж ескі өңдеу бойынша
жүй құраст 2016ж ескі өңдеу бойынша
 
жиа. стенокардия және миокард инфарктысы кезіндегі медбикелік үрдісті ұйымдас...
жиа. стенокардия және миокард инфарктысы кезіндегі медбикелік үрдісті ұйымдас...жиа. стенокардия және миокард инфарктысы кезіндегі медбикелік үрдісті ұйымдас...
жиа. стенокардия және миокард инфарктысы кезіндегі медбикелік үрдісті ұйымдас...
 
Сибирская язва .pptx
Сибирская язва .pptxСибирская язва .pptx
Сибирская язва .pptx
 
методическая разработка
методическая разработкаметодическая разработка
методическая разработка
 
аусыл ауруы
аусыл ауруыаусыл ауруы
аусыл ауруы
 
экспресс диагностика әдістерін қолдану. ұлтабарды зондтау
экспресс  диагностика әдістерін қолдану. ұлтабарды зондтауэкспресс  диагностика әдістерін қолдану. ұлтабарды зондтау
экспресс диагностика әдістерін қолдану. ұлтабарды зондтау
 
экспресс диагностика әдістерін қолдану. ұлтабарды зондтау
экспресс  диагностика әдістерін қолдану. ұлтабарды зондтауэкспресс  диагностика әдістерін қолдану. ұлтабарды зондтау
экспресс диагностика әдістерін қолдану. ұлтабарды зондтау
 
бұлшықетке иньекция жасау
бұлшықетке иньекция жасаубұлшықетке иньекция жасау
бұлшықетке иньекция жасау
 
жануарлардын паразит
жануарлардын паразитжануарлардын паразит
жануарлардын паразит
 
Житс мемориалы
Житс   мемориалыЖитс   мемориалы
Житс мемориалы
 
ашық сабақ азамат агай
ашық сабақ азамат агайашық сабақ азамат агай
ашық сабақ азамат агай
 
срс1 ждп.pptx
срс1 ждп.pptxсрс1 ждп.pptx
срс1 ждп.pptx
 
epilepsy
epilepsyepilepsy
epilepsy
 
стома
стомастома
стома
 
дастур тыс медицина
дастур тыс медицинадастур тыс медицина
дастур тыс медицина
 

More from Вспомогательный образовательный сайт

More from Вспомогательный образовательный сайт (20)

метод.в орлеу1
метод.в орлеу1метод.в орлеу1
метод.в орлеу1
 
открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 

ашық сабақ

  • 1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі «Сайрам» колледжі «Бекітемін» Сайрам колледжінің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары __________А.Р.Сабуров «_____»________ 2016 ж Ашық сабақТақырыбы: Жедел және созылмалы пиелонефрит. Пәні: Терапиядағы медбикелік іс Тобы: МІ 11-14 «Б» І топша Оқытушы: Анаркулова Қ.С 2012ж
  • 2. Пәні: Терапиядағы медбикелік іс Тобы:МІ 11-14 «Б» І топша Ашық сабақтың тақырыбы:Зәр шығару жүйелерінің аурулары : жедел және созылмалы пиелонефрит. Сабақтың мақсаты: Білімділік:Зәр шығару жүйелерінің аурулары оның ішінде жедел және созылмалы пиелонефрит тақырыбы бойыншаоқушылардыңбілімін тереңдету. Тәрбиелік:Мәдениеттілікке,білімділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.Көпшілік арасындаөзін еркін сезінуге, өз пікірін нақтылап айтуға тәрбиелеу. Дамытушылық: Алған білімдерін жадында сақтауға, ойлау қабілетін дамытуға, тіл шеберлігін, дүниетанымдықкөзқарасын, ықыласын, іздемпаздығынарттыру. Соныменқатар медициналық сөздікқорынбайыту. Сабақ түрі: Аралас сабақ. Көрнектіқұралдар: 1. Ламинацияланған суреттер. 2. Графопроектор. 3. Плакаттар. Үлестірме материалдар:карточкалар, тест сұрақтары,жағдайлықесептер. Әнұран орындау. І. Ұйымдастырукезеңі:(5 мин) 1.Оқушыларды түгелдеу; 2.Топтың, оқу бөлмесінің сабаққа дайындығынтексеру; ІІ.Үй тапсырмасынтексеру, өткен тақырып бойынша білім дәрежесін анықтау, толықтыру. (20 мин) Сұрақ-жауап: 1. Зәр шығару жүйесінің анатомо-физиологиялықерекшеліктері? 2. Гломерулонефрит ауруының анықтамасы ? 3.Гломерулонефритауруының этиологиясы? 4. Гломерулонефритауруының клиникалық белгілері? 5.Гломерулонефритауруының түрлері? 6. Гломерулонефритауруының диагностикасы?
  • 3. 7. Гломерулонефритауруының емі? ІІІ. Жаңа сабақты мазмұндау(30 мин). Тақырып: Жедел және созылмалыпиелонефрит. Жаңа сабақтың жоспары: І. Зәр шығару жүйесінің анатомо-физиологиялықерекшеліктер. ІІ. Пиелонефрит ауруының анықтамасы. ІІІ. Пиелонефрит ауруының жіктелуі. А) Жедел пиелонефриттің анықтамасы, этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі. Б) Созылмалы пиелонефриттің анықтамасы, этиологиясы, патогенезі,клиникалық көрінісі. ІV.Жедел және созылмалы пиелонефриттің диагностикасы және емдеу шаралары. Пиелонефрит-уродинамиканың бұзылуыншақыратын, бүйректердің тостағанша астауша жүйелері мен интерстициалды ұлпаларын зақымдайтын инфекциялық қабыну процесі.Ол гломерулонефритткеқарағанда жиі кездеседі. 40 жасқа дейінгі әйелдер ерлерге қарағанда жиірек ауырады. Этиопатогенезі:Пиелонефриттің дамуына көбінесе инфекциялар себепші: ішек таяқшалары, клебисиелла, стафилакокк, кейде стрептококкжәне вирустар мен микробтар.  Ішектік аутоинфекция (ішек таяқшалары, энтерококктар);  Сырттан түскенинфекция - урология, акушерлік- гинекология,реанимация бөлімшелерінде жатқан науқастарға несептік инфекцияның құралдарменжұғуы;  Әдеттегі антибактериялық дәрмектергетөзімді бактериялар пиелонефритті өршітуі ықтимал; Инфекция көзі ретінде кариеске ұщырағантістер, созылмалы тонзиллит және зәр шығару жолдарыныңинфекциялары (цистит, уретрит),простатит және аденоксит сияқты аурулар қызмет атқарады.Инфекция қуыққа катетр енгізі цитоскопия сияқты аспаптық зерттеулер жүргізгендеенеді. Қоздырғыштар ағзаға бірнеше жолмен: гематогендік, урогендік, лимфогендік жолдармененеді. Зәр шығару жолдарыныңауытқулары, олардағы тастар, аталық бездің аденомасы, ағзаныңқарсыласу күшінің төмендеуі, уродинамиканыңбұзылуы астауша жүйесін деформацияға ұшыратады. Ол зәр бөлінуінің бұзылуынанемесе зәрдің қайтадан астаушаға құйылуына әкеледі.Біртіндеп ұлпасында зақымдайды.Зәрдіңбөлінуі бұзылуы әр адамдарданефролитиазға (бүйрекке тас байлану) әкеледі.Кей
  • 4. әйелдерде зәр бөліну жүктілік кезінде бұзылады, өйткеніүлкейген жатыр несепағарды басыр тастайды, ол зәр бөлінуге кедергі жасайды. Клиникалық көрінісі: Пиелонефрит клиникалық үштік белгілерімен көрінеді: 1.Бел тұсыныңауруы. 2.Дене температурасыныңжоғарлауы. 3.Дизуриялыққұбылыстар. Бел тұсының ауруы шаншып мазалайды, қимылдағанда, отырысын өзгерткендекүшейеді.Көбінесе бір жағы, кейде екі бүйрек тұсы да ауруы мүмкін. Ішектік аутоинфекция (ішек таяқшалары, энтерококктар; Сырттан түскенинфекция - урология, акушерлік-гинекология,реанимация бөлімшелерінде жатқан науқастарға несептік инфекцияның құралдармен жұғуы; Әдеттегі антибактериялық дәрмектергетөзімді бактериялар пиелонефритті өршітуі ықтимал; Науқастар зәр бөлу кезіндегі аурсынуға, әлсіздікке, бас ауруына, ұйқышыл болуына, дене температурасыныңжоғарлауына шағым жасайды.Науқастың тәбеті төмендеп, іші кеуіп, дәреті сұйлуы мүмкін. Пальпация кезінде: Бел тұсына пальпация жасағанда бір жағы, кейде екі жағы да аурады. Пастернадский симптомы оңболады. Пиелонефритте зәр бөлінуі өзгермейді, кей кезде ғана анурия даму мүмкін.Протенурия, лейкоцитурия тұрақсыз және әр түрде байқалдды, 40-70℅ жағдайда науқастарда пиелонефрит салдарынан артериялдықгипертензия дамиды. Әсіресе диастолалық қысым жоғарлайды. Созылмалы пиелонефритке полиурия тән (тәулігіне 2-3 л-ге дейін). Ол поллакиурия, никтурия, гипостенурия байқалады. Диагностикасы: 1.Жалпы қан анализі: лейкоцитоз (30-40*л),ЭТЖ 40-60 мм жылдамдайды. 2.Несеп анализі: зәрдің түсі мөлдір емес, құрамында лейкоциттер байқалады.Белок пайда болады. 3.Аспаптық әдістерін ультрадыбыстықзерттеуең толық, дәл деректер алуға көмектеседі. Ол тостағанша- астаушалардың кеңейгенін, деформацияға ұшырағанын, бүйрекұлпасының өзгергенінкөрсетеді. Емі:Аурудың жедел кезеңінде қатаң төсек тәртібін ұстану керек.Науқастың жағдайы жақсарғаннан соң Режим №ІІ жартылай төсектік режим тағайындалады. Диета № 7 тағайындалады.Ісіну белгілері болмаса, дене қызуы жоғарылағанда көп мөлшерде сұйықтықішкізу керек. 1.Антибиотиктер тағайындалады.Олзәрдегі микроағзаныңоған сезімталдығыныңескере отырып тағайындалады.Оларды сульфаниламидті және нитрофуранды топ дәрілермен қосыпберген жөн.Антибиотиктерді4-6 жұма бойы егу қажет (дене қызуы қалпына келіп протеинурия, бактериурия жоғалғанға дейін). Пеницилин 1-2 млн х 4 реттен бұлшықетке немесе гентамицин 20 мг х 3 рет немесе левомицитин 0,5 г х 3 рет. Цефалоспориндер
  • 5. тағайындалады.Антибиотиктергетұрақтылық дамыса:эритромицин, вибролицин, кефзол тағайындауға болады.7-10 күннен кейін антибиотиктерді ауыстыру керек.Антибиотиктердіұзақ қолданғанда оларға қосып, саңырауқұлақтарға қарсы дәрілер (нистатин, леворин т.б. дәрілер) тағайындалады. 2.Аминогликозидтер:гентамицин,амикоцин. 3.Макролидтер: рокситромицин, азитромицин. 4.Антигипертензивті дәрілер: резерпин, адельфан,клофелин тағайындалады. 5.Иммунотерапия: актоверин, глюкоза, 6.Санаторлық-курортықемдеутағайындалады. Алдын алу шаралары: Аурудың алдын алуда 1-ші орындаескі инфекция ошақтарына санация жасалады.Жүкті әйелдерге амбулаториялық жағдайда қолдаушы ем ( кем дегенде 6 ай) жүргізу алдын шаралары болыптабылады. Болжамы:Аурудың болжамы оныңұзақтығына, бүйректің біреу немесе екеуінің де зақымдалуына тереңдігіне , микробтардыңтүріне иммунитет жағдайына байланысты.Ауру ерте анықталса, ұзақ гақты емделсе жазылуы мүмкін. Несеп анализі жақсарыпклиникалық көріністері жоқболсада инфекция паренхимасы ішінде қалуы мүмкін сондықтанқайталанып өршуі мүмкін. ІV. Жаңа материалдыпысықтау (10 минут) 1) Тестсұрақтары және жағдайлықесептердішешу. Сабақ тақырыбы:Жедел және созылмалы пиелонефрит. 1.Созылмалыпиелонефрит дегеніміз: а) инфекциялық-аллергиялық ауру б) аллергиялық ауру в) инфекциялық ауру г) имундық ауру 2.Бүйреккеинфекцияныңтүсуініңнегізгі жолы: а) гемотогенді б) лимфогенді в) урогенді 3.Созылмалы пиелонефрит дамуының бейімдеуші факторына жатпайды: а) бактериурия б) уродинамикалық бұзылыстар в) әйелдер несеп жолдарыныңжыныстықерекшеліктері г) шумақтардың базальдік мембрананың белоктарына антиденелердің түзілуі 4.Созылмалыпиелонефриттенесептік синдромғатән емес белгілері: а) лейкоцитурия б) гематурия в) гипостенурия г) протеинурия 1г –ға дейін д) протеинурия 1 г-нан аса е) бактериурия
  • 6. 5.Созылмалыпиелонефриткетән емес белгі: а) белдің ауырсынуы б) қызудыңсубфебрильдікөтерілуі в) ісіну 6.Гипостенурияныанықтауүшін жасалатынсынама: а) Адис-Коковскийсынамасы б) Зимницкий сынамасы в) Нечипаренко сынамасы г) жалпы зәр анализі д) Абурже сынамасы 7. Созылмалыпиелонефриттеантибактериалдықемінің1-этап, қанша уақыт жүргізіледі: а) 7-10 күн б) 10-20 күн в) 1ай г) 2-3 ай 8.Бүйректің қанайналымын жақсартатын дәрмектер: а) трентал, гепарин, курантил б) фуросемид,гипотиозит в) Са-антогонистері, В-блокаторлар Тестсұрақтарының жауаптары: 1-В 2-В 3-Г 4-Д 5-В 6-Б 7-А 8-А 8-7 дұрыс жауап – 5 ( өте жақсы) балдық жүйе 6-5 дұрыс жауап – 4 (жақсы) балдық жүйе 4-3 дұрыс жауап – 3 (қанағаттанарлық) балдық жүйе 3- тен төмен – 2 (қанағаттанарлықсыз) балдық жүйе 2) Оқушының өзіндік ізденісі(баяндама) - (10 мин) 3) Термин сөздержәне жаңа ұғымдармен жұмыс ( 5 мин) V.Сабақты қорытындылаужәне бағалау. (5 мин) Оқушыларды бағалау, сабақ барысындатүсініксіз болған сұрақтарғажауап беру. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.
  • 7. VI. Үй тапсырмасын беру(5 мин) Тақырыбы:Жедел және созылмалы бүйрекшамасыздығы. 1. А.А.Оспанова«Ішкі аурулар» «Алтын алқа» баспасы 570 бет. 2. С.Қ.Мұратбекова, Ә.Т.Кенжебаева,Л.Б.Абдрахманова «Терапиядағы мейірбикелік іс» Көкшетау 2008ж. 267-270 беттерді оқу. 3. Б.С.Калимурзина. «Ішкі аурулар» ІІ том. 291 бет 4. З.Х.Қыстаубаева. «Ішкі аурулар» 5. Дәрістер жинағы