SlideShare a Scribd company logo
1 of 4
Балалардың сөйлеу дағдыларын тірек кестелері арқылы
дамыту
Тіл- әр ұлттың жандүниесі болғандықтан, оны «ұлтымыздыңболашағы»
балабақшадан бастаған абзал. Ол үшін балалардың қазақша ойлауын,
қазақша сөйлеуін, қамтамасыз ететін тілдік орта қалыптастыру керек Адам
өмір бойы өзінің ана тілінің байлығын меңгерумен болады. Адамның қарым-
қатынас жасау қажеттілігі ерте, сәбилік кезінен басталады. Баланың жасы
өскен сайынойын білдіру қажеттілігі де күшееді. Мектеп алды жасындағы
бала ешбір ережені оқымай-ақ, үйренбей-ақ сөздердідұрыс қиыстырады,
септей, тәуелділей, жіктей, көптей алады, сөйтіп, жаңа сөздер жасап,
сөйлемдер құрастырады.Мұныңбарлығы ауызша сөйлеу шеңберінде ғана
іске асады. Ана тілін балалар сөйлеу арқылы, қатынас жасау арқылы
үйренеді. Міне, сондықтанолардыңтілін дамыту, әрекеттерін де мақсатты
түрдеұйымдастырып,үздіксіз, жүйелі жүргізу міндеті туады. Осындайозат
пікірдің лебін қазақ даласына тұнғыш рет жеткізген адам қазақ халқының
ұлы педагогіЫбырайАлтынсарин болды. Оныңеңбектерінде «тіл дамыту
деп – балалардың сөздікқорынбайытуға, мағынасын түсініп, солсөздерді
дәл қолдана біліп, өз ойларын екінші біреуге жүйелі түрде дұрыс білдіруге,
яғни «нәрсенің жайын-күін, түрін, түсін сөзбенкелістіріп айтып беруге»
үйрету жұмыстары аталды.
Тіл дамыту балалардың ойын дамытумен тығыз байланысты
болғандықтан, тілді меңгеру барысындабала талдау, қорытынды жасай
алады, заттар мен құбылыстардыңарасындатүрлібайланыстарды бейнелей
алады. Сондықтанбалаларға сөйлеу үлгісін беру, яғни сөйлеу ортасынжасау
қажет. Тіл дамыту жұмысы – күрделі де шығармашылық үрдіс. Сөйлеу
арқылы бала тек басқа адамдармен қарым-қатынас жасап қана қоймайды,
соныменбірге дүниені де таниды. Олай болсабаланың сөз байлығы оның
түрлі елестері мен ұғымына, өмір тәжірибесіне байланысты.Тілі неғұрлым
бай болса, адамның табиғат пен қоғамдықбайланыстарды дұрыс тану
мүмкіндігі мол болады.
Сөйлеу – адам әрекетінің ең бір кең, күрделі саласы. Сөйлеу ойлаудың
қажетті құралы, адамдар арасындағы қарым – қатынастың белгісі. Балада
пайда болатын алғашқы сөйлеудің формасы – сырттай дауыстап сөйлеу
диалогы. Кейінірек іс-әрекетпен қатар жүретін сөйлеу дамиды. Бұны баланың
өз-өзіне қатты дауыстап сөйлеуімен сипатталатын эгоцентризмдік сөйлеу деп
атайды. Эгоцентризмдіксөйлеу сыртқы сөйлеудің ішкі сөйлеуге
ауысуындағы өтпелі кезең болып табылады.
Адам өмірінде сөйлеу көптеген қызметтер атқарады:
1. Коммуникативті қызметі бойынша сөйлеу қарым-қатынас қызметі
ретінде қарастырылады.
2. Сөйлеудің түсініктік қызметі әрбір айтылған сөздіңмағыналы болып,
абстрактылы ойлау құралы ретінде көрінуін білдіреді. Сөйлеудің
көмегімен ақпаратты талдау мен жалпылау ғана емес сондай-ақ
қорытындылаумен талқылау әрекеттері де жүргізіледі.
3. Сөйлеудің реттеушілік қызметі сөздіңкөмегімен әр түрлі ағзалар
жүйелері мен мүшелердің іс-әрекетін реттеуді жүзеге асырыпотырады.
Сөздің іс-әрекеті мағыналық мазмұныменанықталады. 5-6 жаста баланың
шығармашылық іс-әрекеті күшейеді және оныңбасты бағыттары көріне
бастайды. Бала түсінікті тілмен – контексті тілмен қатынас жасай алады.
Және жоғары жүйке іс-әрекетінің типі –ойлау,көркемөнер, т.б. түрлері
анықталады.
Тіл дамыту үш салаға бөлінеді: 1)сөздік жұмысы, 2)сөз тіркесі дәне
сөйлеммен жұмыс, 3)байланыстырасөйлеуге үйрету жұмысы. Бұл
жұмыстар бір-бірімен қатар жүргізіледі.
Қазақ тілінде оқыту және тәрбие жүргізетін балабақшалардағы сөздік
жұмысыныныңерекшелігі – ол тек қана «Қатынас» саласынажататын
сабақтарындағана емес, бүкіл оқу-тәрбие жұмыстарыныңбәрінде
жүргізіледі. Балалар қарапайым математика түсініктерін қалыптастыруға, қол
еңбегі, суретке, тіпті дене тәрбиесіне, ойынға байланысты сөздердіде
меңгереді. Мұнда есте болатын жай – сөздік жұмысынжүргізудітәрбиеші
өзі қолға алуға тиіс.
Балабақшаларда сөздік жұмысы төрт бағытта жүргізіледі:
1. балалардың сөздігін байыту, яғни балаларға бұрыннан білмейтін
жаңа сөздер үйрету, олардың мағынасын түсіндіру;
2. сөздік қорын анықтау, бұрыннан білетін сөздердің мағынасына
түсініктерін тереңдете түсіндіру (синоним мағынасы, ауыспалы
мағына, бейнелі мағына)
3. сөздіктерін қолдануға мүмкіндік жасау, яғни әрбір бала сөйлегенде,
сөйлем құрағанда, мүмкігінше, ыңғайына қарай, көбірек сөз қосып
отыру;
4. әдеби тілге жатпайтын сөздердітүзету, сөздіңайтылуын дұрыстату.
Әрине, бұл көрсетілген бағыттар бір-бірімен тығыз байланыста
жүргізіледі.Сөздік жұмысын жүргізгенде, тәрбиешінің есінде болатын
жағдай – сөздік жұмысын балалардың өз өмірімен, нақты елестерімен
байланыстыру. Балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, айналадағы
заттармен таныстырып, оның атын атай білуге қасиеті мен сапасын, түр-
түсін, пішінін ажырата білуге, түсініктерін дамыта отырып, тілдік қарым-
қатынас жасай білуге үйретеміз.
Сөздердің мағынасын ашып, түсіндіру тәсілері алуан түрлі. Оның
ішіндегі бастылары:
1. Затты табиги жағдайда бақылау немесе оның бейнесін пайдалану.
2. Заттың аттын атауда, сөз мағынасын түсінідіруде синоним сөздерді
қолдану және сұраулар қою арқылы балалардың –өздерін синоним
табуға қатыстыру (қандай сөздермен ауыстыруға болады? Басқаша
қалай айтар едік?).
3. Сөздердің мағынасы баланың есінде берік сақталу үшін анықтама
түсініктемесін жиі қолдану және тұрмыстан сол ұғым тұралы
мысалдар келтіріп әңгіме жиі айту.
Практикада көрсеткендей, қарым – қатынас жасауда сөйлей алмайтын
баланың қажеттіліктірін қанағаттандыру үшін пиктограммаәдісі - тиімді
тәсіл болыпсаналады. Аталған әдісті мектепке дейінгі саласында педагогтар
өз жұмыстарындақолданған(Алтынбекова Т.Д., Глухов А.Н., Баряева Л.Б.,
ЛогиноваЕ.Т., Лопатина Л.В.).
Әдістеме, осы оқу – құралыныңнегізіне еніп, сөйлеудің құрылымын
материализациялау түрінде қарастырады. Еңалдында сызбалар мазмұны
ашылып берілген. Бұл сызбалар кестелерде бір келкі мазмұныменкездеседі,
сондықтанбалалар олардыңмағынасынеске алады. Бұл пиктограммаларды
сөйлем құрастыруғаүйретудежәне баланың сөз қорынмолайтуда, баланың
сойлеу машығын дамытудың бастапқы кезінде қолдану өте тиімді.
Көптеген әдістемелерден ерекшелігі пиктограмма жүйесінде қолданылатын
белгілер затты суреттермен толықтырылады.
Тіл дамыту сабағында тірек кестені пайдалану, баланың ойын жүйелі
жеткізуге үйретеді. Кесте арқылы әрекет ету баланың оқу үрдісіне деген
қызығушылығын тудырып, кейіпкерлерге мінездеме, сипаттама бере білуге,
тақырыпты талдай білуге ұмтылысын қалыптастырады.
Тірек кестені қолдану реті: а) сөздерді пиктограмма арқылы жаттау, сөз
қорын молайту, б) заттарды сипаттау, в) тақырып бойынша байланысты
әңгіме құрастыру, г) өлең, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш жаттау, д)
ертегі, әңгіме мазмұнынжандандырып айту, е) шығармашылық қабылеттерін
арттыру –жұмбақ, ертегі құрастыру.
Тірек кесте жұмысы баланы жалықтырмайды, қайта қызығушылығын,
ынтасын, ойын дамытады. Тіл ұстарту жұмыстарына негіз болуға тиісті.
Тірек кесте арқылы баланың тілін дамыту, сөз қолдану дағдыларын
қалыптастыру белгілі бір тақырыптың меңгеруіне сүйене отырып, соның
барысында жүргізіледі. Белгілі тақырып бойынша әңгімелеуге үйрету өтіліп,
кейін бірте-бірте кеңейтіле беру керек және білгендерінен айырылмай қалу
үшін тірек кестелермен қайта пайдаланып, еске түсіру тиіс.
Тіл дамытудыңнегізгі міндеті – балалармен сөздікжұмысынжүргізе отырып
– оларды қоршаған ортамен таныстырып, олардың аттарын атай білуге,
қасиеті мен сапасын, түр-түсін, пішінін, көлемін ажырата білуге, затты
сипаттау арқылы байланыстырып әңгіме құрастыруға, ойларын жүйелі,
дұрыс жеткізуге үйрету. Балалардың тілі дамыған сайын, тәрбиешінің
жетекшілігі азайып, жаттығуларды балар өз бетімен орындасын. Алғашқыда
жаттығуларда тәрбиеші балаларға әңгімелеу үлгісін көрсетіп, ойын жетектеп,
тиісті сөздерді ауыздарына салып, басшылық жұмысын қамтамасыз етіп
отырсын.
Тірек кестелері алты бөлікке бөлінген.
Мысалы: «Ойыншықты сипаттау».
1. Түсі: бөлікте әр түрлі түстер дақтары салынған. Олардың нақты
пішіндері болмау керек. Сонда ғана баланың зейіні түстерге ауады.
Түстер мен пішінді айыра алады.
2. Пішіні: екінші бөлікте геометриялық пішіндер салынған. Оларды
боямаймыз, себебі баланың зейіні тек қана пішінге аударылуы
керек.
3. Көлемі: балалар заттың көлемін айыра білу керек. Үлкен – кіші,
жуан – жіңішке, ұзын – қысқа ұғымдарын есте сақтау үшін
4. Құралдар: бұл бөлікте темірдің, ағаштың, шынының суреттері
берлген. Бала өзі айыра білу керек – заттың қандай құралдан
жасалынған.
5. Заттың бөліктері: заттың бөліктері, заттың қандай және неше
бөліктен тұратынын айыра білуге үйренеді.
6. Іс-әрекет: бұнда қол – саусақтар суреті - затпен қандай іс-әрекет
жасалынады туралы әңгімелейді.
Қорыта келе тірек –кесте арқылы әңгіме құрастыру балалардың
әңгімелеуін жеңілдете түседі. Сонымен қатар, көріп есте сақтау арқылы
балалардың әңгімелері анық,толық, жүйелі түрдебайланыстырылған болады.
Тірек кесте арқылы балалардың тілдерін дамыту мынадай нәтижелерді
көздейді:
1. Балалардың бақылағыштық, ойлау қабылеттері мен тілін, аналадағы
қоршаған орта танымын дамыту, әр нәрсені салыстыра талдап,
жинақтап, жалпылап, нақтылап, салыстыру негізінде балаларды өз
беттерімен әңгімелей білуге уйрету.
2. Балаларды ана тілін сүюге, оның алтын қорын, көркем де нәзік сөз
байлығын қолдана білуге, оны сезініп, құрметтей білуге баулу.

More Related Content

Viewers also liked (14)

дене шынпоурочный
дене шынпоурочныйдене шынпоурочный
дене шынпоурочный
 
айтбай әдия жоба 2017 жыл
айтбай әдия жоба 2017 жылайтбай әдия жоба 2017 жыл
айтбай әдия жоба 2017 жыл
 
презентация птицы 2016
презентация птицы 2016презентация птицы 2016
презентация птицы 2016
 
открытое занятие птицы
открытое занятие  птицыоткрытое занятие  птицы
открытое занятие птицы
 
открытый урок 2017
открытый урок 2017открытый урок 2017
открытый урок 2017
 
Somos Dos Milímetros
Somos Dos MilímetrosSomos Dos Milímetros
Somos Dos Milímetros
 
Mark Miehe – Proactive Advisor Magazine – Volume 2, Issue 9
Mark Miehe – Proactive Advisor Magazine – Volume 2, Issue 9Mark Miehe – Proactive Advisor Magazine – Volume 2, Issue 9
Mark Miehe – Proactive Advisor Magazine – Volume 2, Issue 9
 
Sentidos y finalidades de la universidad
Sentidos y finalidades de la universidadSentidos y finalidades de la universidad
Sentidos y finalidades de la universidad
 
Tiempos modernos
Tiempos modernosTiempos modernos
Tiempos modernos
 
Decreto 110
Decreto 110Decreto 110
Decreto 110
 
Style
StyleStyle
Style
 
Commscope-Andrew HA294187
Commscope-Andrew HA294187Commscope-Andrew HA294187
Commscope-Andrew HA294187
 
Patrick Letizia – Proactive Advisor Magazine – Volume 2, Issue 3
Patrick Letizia – Proactive Advisor Magazine – Volume 2, Issue 3Patrick Letizia – Proactive Advisor Magazine – Volume 2, Issue 3
Patrick Letizia – Proactive Advisor Magazine – Volume 2, Issue 3
 
StroiServis Center - Generalbauunternehmer
StroiServis Center -  GeneralbauunternehmerStroiServis Center -  Generalbauunternehmer
StroiServis Center - Generalbauunternehmer
 

Similar to кенес балалардың сөйлеу дағдыларын тірек кестелері арқылы дамыту

шет тілін оқыту туралы
шет тілін оқыту туралышет тілін оқыту туралы
шет тілін оқыту туралыRoza1978
 
бағдарлама
бағдарламабағдарлама
бағдарламаoquzaman
 
тюлембекова м.ж.
тюлембекова м.ж.тюлембекова м.ж.
тюлембекова м.ж.Asem Sarsembayeva
 
бала психология 11.pptx
бала психология 11.pptxбала психология 11.pptx
бала психология 11.pptxssuserf01f10
 
шетел тілін оқыту әдістемесі пәні сабақтарында студенттердің коммуникативтік ...
шетел тілін оқыту әдістемесі пәні сабақтарында студенттердің коммуникативтік ...шетел тілін оқыту әдістемесі пәні сабақтарында студенттердің коммуникативтік ...
шетел тілін оқыту әдістемесі пәні сабақтарында студенттердің коммуникативтік ...Вспомогательный образовательный сайт
 
Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды көп мәдениетті...
Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды көп мәдениетті...Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды көп мәдениетті...
Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды көп мәдениетті...salta dyussembayeva
 
5. оқу бағдарлама қазақ тілі т2 бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114
5. оқу бағдарлама қазақ тілі т2 бастауыш мектеп 1 нұсқа 3101145. оқу бағдарлама қазақ тілі т2 бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114
5. оқу бағдарлама қазақ тілі т2 бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114NisEdu
 
Меңгеру.Тілге құрмет-елге құрмет
Меңгеру.Тілге құрмет-елге құрметМеңгеру.Тілге құрмет-елге құрмет
Меңгеру.Тілге құрмет-елге құрметАйбек Қуандықұлы
 
сейтмаганбетова ш.ж. ма -ала
сейтмаганбетова ш.ж.   ма -аласейтмаганбетова ш.ж.   ма -ала
сейтмаганбетова ш.ж. ма -алаoquzaman
 
поуроч өзін өзі тану
поуроч өзін өзі танупоуроч өзін өзі тану
поуроч өзін өзі тануAsem Sarsembayeva
 
авторлық жұмысы
авторлық жұмысыавторлық жұмысы
авторлық жұмысыAsem Sarsembayeva
 
шапей жайнағаламdgfh
шапей жайнағаламdgfhшапей жайнағаламdgfh
шапей жайнағаламdgfhNurlan Abilhanov
 

Similar to кенес балалардың сөйлеу дағдыларын тірек кестелері арқылы дамыту (20)

шет тілін оқыту туралы
шет тілін оқыту туралышет тілін оқыту туралы
шет тілін оқыту туралы
 
бағдарлама
бағдарламабағдарлама
бағдарлама
 
тұтығу
тұтығутұтығу
тұтығу
 
тюлембекова м.ж.
тюлембекова м.ж.тюлембекова м.ж.
тюлембекова м.ж.
 
жануарлар сабақ жоспары
жануарлар сабақ жоспарыжануарлар сабақ жоспары
жануарлар сабақ жоспары
 
87478
8747887478
87478
 
сб данияровой 2я
сб данияровой  2ясб данияровой  2я
сб данияровой 2я
 
Kazak tili
Kazak tiliKazak tili
Kazak tili
 
бала психология 11.pptx
бала психология 11.pptxбала психология 11.pptx
бала психология 11.pptx
 
2013zxzxz
2013zxzxz2013zxzxz
2013zxzxz
 
шетел тілін оқыту әдістемесі пәні сабақтарында студенттердің коммуникативтік ...
шетел тілін оқыту әдістемесі пәні сабақтарында студенттердің коммуникативтік ...шетел тілін оқыту әдістемесі пәні сабақтарында студенттердің коммуникативтік ...
шетел тілін оқыту әдістемесі пәні сабақтарында студенттердің коммуникативтік ...
 
Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды көп мәдениетті...
Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды көп мәдениетті...Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды көп мәдениетті...
Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды көп мәдениетті...
 
5. оқу бағдарлама қазақ тілі т2 бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114
5. оқу бағдарлама қазақ тілі т2 бастауыш мектеп 1 нұсқа 3101145. оқу бағдарлама қазақ тілі т2 бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114
5. оқу бағдарлама қазақ тілі т2 бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114
 
Меңгеру.Тілге құрмет-елге құрмет
Меңгеру.Тілге құрмет-елге құрметМеңгеру.Тілге құрмет-елге құрмет
Меңгеру.Тілге құрмет-елге құрмет
 
бсіміля копия
бсіміля   копиябсіміля   копия
бсіміля копия
 
сейтмаганбетова ш.ж. мақала
сейтмаганбетова ш.ж.   мақаласейтмаганбетова ш.ж.   мақала
сейтмаганбетова ш.ж. мақала
 
сейтмаганбетова ш.ж. ма -ала
сейтмаганбетова ш.ж.   ма -аласейтмаганбетова ш.ж.   ма -ала
сейтмаганбетова ш.ж. ма -ала
 
поуроч өзін өзі тану
поуроч өзін өзі танупоуроч өзін өзі тану
поуроч өзін өзі тану
 
авторлық жұмысы
авторлық жұмысыавторлық жұмысы
авторлық жұмысы
 
шапей жайнағаламdgfh
шапей жайнағаламdgfhшапей жайнағаламdgfh
шапей жайнағаламdgfh
 

More from Вспомогательный образовательный сайт

More from Вспомогательный образовательный сайт (20)

метод.в орлеу1
метод.в орлеу1метод.в орлеу1
метод.в орлеу1
 
открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 

кенес балалардың сөйлеу дағдыларын тірек кестелері арқылы дамыту

  • 1. Балалардың сөйлеу дағдыларын тірек кестелері арқылы дамыту Тіл- әр ұлттың жандүниесі болғандықтан, оны «ұлтымыздыңболашағы» балабақшадан бастаған абзал. Ол үшін балалардың қазақша ойлауын, қазақша сөйлеуін, қамтамасыз ететін тілдік орта қалыптастыру керек Адам өмір бойы өзінің ана тілінің байлығын меңгерумен болады. Адамның қарым- қатынас жасау қажеттілігі ерте, сәбилік кезінен басталады. Баланың жасы өскен сайынойын білдіру қажеттілігі де күшееді. Мектеп алды жасындағы бала ешбір ережені оқымай-ақ, үйренбей-ақ сөздердідұрыс қиыстырады, септей, тәуелділей, жіктей, көптей алады, сөйтіп, жаңа сөздер жасап, сөйлемдер құрастырады.Мұныңбарлығы ауызша сөйлеу шеңберінде ғана іске асады. Ана тілін балалар сөйлеу арқылы, қатынас жасау арқылы үйренеді. Міне, сондықтанолардыңтілін дамыту, әрекеттерін де мақсатты түрдеұйымдастырып,үздіксіз, жүйелі жүргізу міндеті туады. Осындайозат пікірдің лебін қазақ даласына тұнғыш рет жеткізген адам қазақ халқының ұлы педагогіЫбырайАлтынсарин болды. Оныңеңбектерінде «тіл дамыту деп – балалардың сөздікқорынбайытуға, мағынасын түсініп, солсөздерді дәл қолдана біліп, өз ойларын екінші біреуге жүйелі түрде дұрыс білдіруге, яғни «нәрсенің жайын-күін, түрін, түсін сөзбенкелістіріп айтып беруге» үйрету жұмыстары аталды. Тіл дамыту балалардың ойын дамытумен тығыз байланысты болғандықтан, тілді меңгеру барысындабала талдау, қорытынды жасай алады, заттар мен құбылыстардыңарасындатүрлібайланыстарды бейнелей алады. Сондықтанбалаларға сөйлеу үлгісін беру, яғни сөйлеу ортасынжасау қажет. Тіл дамыту жұмысы – күрделі де шығармашылық үрдіс. Сөйлеу арқылы бала тек басқа адамдармен қарым-қатынас жасап қана қоймайды, соныменбірге дүниені де таниды. Олай болсабаланың сөз байлығы оның түрлі елестері мен ұғымына, өмір тәжірибесіне байланысты.Тілі неғұрлым бай болса, адамның табиғат пен қоғамдықбайланыстарды дұрыс тану мүмкіндігі мол болады. Сөйлеу – адам әрекетінің ең бір кең, күрделі саласы. Сөйлеу ойлаудың қажетті құралы, адамдар арасындағы қарым – қатынастың белгісі. Балада пайда болатын алғашқы сөйлеудің формасы – сырттай дауыстап сөйлеу диалогы. Кейінірек іс-әрекетпен қатар жүретін сөйлеу дамиды. Бұны баланың өз-өзіне қатты дауыстап сөйлеуімен сипатталатын эгоцентризмдік сөйлеу деп атайды. Эгоцентризмдіксөйлеу сыртқы сөйлеудің ішкі сөйлеуге ауысуындағы өтпелі кезең болып табылады. Адам өмірінде сөйлеу көптеген қызметтер атқарады: 1. Коммуникативті қызметі бойынша сөйлеу қарым-қатынас қызметі ретінде қарастырылады. 2. Сөйлеудің түсініктік қызметі әрбір айтылған сөздіңмағыналы болып, абстрактылы ойлау құралы ретінде көрінуін білдіреді. Сөйлеудің
  • 2. көмегімен ақпаратты талдау мен жалпылау ғана емес сондай-ақ қорытындылаумен талқылау әрекеттері де жүргізіледі. 3. Сөйлеудің реттеушілік қызметі сөздіңкөмегімен әр түрлі ағзалар жүйелері мен мүшелердің іс-әрекетін реттеуді жүзеге асырыпотырады. Сөздің іс-әрекеті мағыналық мазмұныменанықталады. 5-6 жаста баланың шығармашылық іс-әрекеті күшейеді және оныңбасты бағыттары көріне бастайды. Бала түсінікті тілмен – контексті тілмен қатынас жасай алады. Және жоғары жүйке іс-әрекетінің типі –ойлау,көркемөнер, т.б. түрлері анықталады. Тіл дамыту үш салаға бөлінеді: 1)сөздік жұмысы, 2)сөз тіркесі дәне сөйлеммен жұмыс, 3)байланыстырасөйлеуге үйрету жұмысы. Бұл жұмыстар бір-бірімен қатар жүргізіледі. Қазақ тілінде оқыту және тәрбие жүргізетін балабақшалардағы сөздік жұмысыныныңерекшелігі – ол тек қана «Қатынас» саласынажататын сабақтарындағана емес, бүкіл оқу-тәрбие жұмыстарыныңбәрінде жүргізіледі. Балалар қарапайым математика түсініктерін қалыптастыруға, қол еңбегі, суретке, тіпті дене тәрбиесіне, ойынға байланысты сөздердіде меңгереді. Мұнда есте болатын жай – сөздік жұмысынжүргізудітәрбиеші өзі қолға алуға тиіс. Балабақшаларда сөздік жұмысы төрт бағытта жүргізіледі: 1. балалардың сөздігін байыту, яғни балаларға бұрыннан білмейтін жаңа сөздер үйрету, олардың мағынасын түсіндіру; 2. сөздік қорын анықтау, бұрыннан білетін сөздердің мағынасына түсініктерін тереңдете түсіндіру (синоним мағынасы, ауыспалы мағына, бейнелі мағына) 3. сөздіктерін қолдануға мүмкіндік жасау, яғни әрбір бала сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкігінше, ыңғайына қарай, көбірек сөз қосып отыру; 4. әдеби тілге жатпайтын сөздердітүзету, сөздіңайтылуын дұрыстату. Әрине, бұл көрсетілген бағыттар бір-бірімен тығыз байланыста жүргізіледі.Сөздік жұмысын жүргізгенде, тәрбиешінің есінде болатын жағдай – сөздік жұмысын балалардың өз өмірімен, нақты елестерімен байланыстыру. Балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, айналадағы заттармен таныстырып, оның атын атай білуге қасиеті мен сапасын, түр- түсін, пішінін ажырата білуге, түсініктерін дамыта отырып, тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретеміз. Сөздердің мағынасын ашып, түсіндіру тәсілері алуан түрлі. Оның ішіндегі бастылары: 1. Затты табиги жағдайда бақылау немесе оның бейнесін пайдалану. 2. Заттың аттын атауда, сөз мағынасын түсінідіруде синоним сөздерді қолдану және сұраулар қою арқылы балалардың –өздерін синоним
  • 3. табуға қатыстыру (қандай сөздермен ауыстыруға болады? Басқаша қалай айтар едік?). 3. Сөздердің мағынасы баланың есінде берік сақталу үшін анықтама түсініктемесін жиі қолдану және тұрмыстан сол ұғым тұралы мысалдар келтіріп әңгіме жиі айту. Практикада көрсеткендей, қарым – қатынас жасауда сөйлей алмайтын баланың қажеттіліктірін қанағаттандыру үшін пиктограммаәдісі - тиімді тәсіл болыпсаналады. Аталған әдісті мектепке дейінгі саласында педагогтар өз жұмыстарындақолданған(Алтынбекова Т.Д., Глухов А.Н., Баряева Л.Б., ЛогиноваЕ.Т., Лопатина Л.В.). Әдістеме, осы оқу – құралыныңнегізіне еніп, сөйлеудің құрылымын материализациялау түрінде қарастырады. Еңалдында сызбалар мазмұны ашылып берілген. Бұл сызбалар кестелерде бір келкі мазмұныменкездеседі, сондықтанбалалар олардыңмағынасынеске алады. Бұл пиктограммаларды сөйлем құрастыруғаүйретудежәне баланың сөз қорынмолайтуда, баланың сойлеу машығын дамытудың бастапқы кезінде қолдану өте тиімді. Көптеген әдістемелерден ерекшелігі пиктограмма жүйесінде қолданылатын белгілер затты суреттермен толықтырылады. Тіл дамыту сабағында тірек кестені пайдалану, баланың ойын жүйелі жеткізуге үйретеді. Кесте арқылы әрекет ету баланың оқу үрдісіне деген қызығушылығын тудырып, кейіпкерлерге мінездеме, сипаттама бере білуге, тақырыпты талдай білуге ұмтылысын қалыптастырады. Тірек кестені қолдану реті: а) сөздерді пиктограмма арқылы жаттау, сөз қорын молайту, б) заттарды сипаттау, в) тақырып бойынша байланысты әңгіме құрастыру, г) өлең, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш жаттау, д) ертегі, әңгіме мазмұнынжандандырып айту, е) шығармашылық қабылеттерін арттыру –жұмбақ, ертегі құрастыру. Тірек кесте жұмысы баланы жалықтырмайды, қайта қызығушылығын, ынтасын, ойын дамытады. Тіл ұстарту жұмыстарына негіз болуға тиісті. Тірек кесте арқылы баланың тілін дамыту, сөз қолдану дағдыларын қалыптастыру белгілі бір тақырыптың меңгеруіне сүйене отырып, соның барысында жүргізіледі. Белгілі тақырып бойынша әңгімелеуге үйрету өтіліп, кейін бірте-бірте кеңейтіле беру керек және білгендерінен айырылмай қалу үшін тірек кестелермен қайта пайдаланып, еске түсіру тиіс. Тіл дамытудыңнегізгі міндеті – балалармен сөздікжұмысынжүргізе отырып – оларды қоршаған ортамен таныстырып, олардың аттарын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсін, пішінін, көлемін ажырата білуге, затты сипаттау арқылы байланыстырып әңгіме құрастыруға, ойларын жүйелі, дұрыс жеткізуге үйрету. Балалардың тілі дамыған сайын, тәрбиешінің жетекшілігі азайып, жаттығуларды балар өз бетімен орындасын. Алғашқыда жаттығуларда тәрбиеші балаларға әңгімелеу үлгісін көрсетіп, ойын жетектеп,
  • 4. тиісті сөздерді ауыздарына салып, басшылық жұмысын қамтамасыз етіп отырсын. Тірек кестелері алты бөлікке бөлінген. Мысалы: «Ойыншықты сипаттау». 1. Түсі: бөлікте әр түрлі түстер дақтары салынған. Олардың нақты пішіндері болмау керек. Сонда ғана баланың зейіні түстерге ауады. Түстер мен пішінді айыра алады. 2. Пішіні: екінші бөлікте геометриялық пішіндер салынған. Оларды боямаймыз, себебі баланың зейіні тек қана пішінге аударылуы керек. 3. Көлемі: балалар заттың көлемін айыра білу керек. Үлкен – кіші, жуан – жіңішке, ұзын – қысқа ұғымдарын есте сақтау үшін 4. Құралдар: бұл бөлікте темірдің, ағаштың, шынының суреттері берлген. Бала өзі айыра білу керек – заттың қандай құралдан жасалынған. 5. Заттың бөліктері: заттың бөліктері, заттың қандай және неше бөліктен тұратынын айыра білуге үйренеді. 6. Іс-әрекет: бұнда қол – саусақтар суреті - затпен қандай іс-әрекет жасалынады туралы әңгімелейді. Қорыта келе тірек –кесте арқылы әңгіме құрастыру балалардың әңгімелеуін жеңілдете түседі. Сонымен қатар, көріп есте сақтау арқылы балалардың әңгімелері анық,толық, жүйелі түрдебайланыстырылған болады. Тірек кесте арқылы балалардың тілдерін дамыту мынадай нәтижелерді көздейді: 1. Балалардың бақылағыштық, ойлау қабылеттері мен тілін, аналадағы қоршаған орта танымын дамыту, әр нәрсені салыстыра талдап, жинақтап, жалпылап, нақтылап, салыстыру негізінде балаларды өз беттерімен әңгімелей білуге уйрету. 2. Балаларды ана тілін сүюге, оның алтын қорын, көркем де нәзік сөз байлығын қолдана білуге, оны сезініп, құрметтей білуге баулу.