SlideShare a Scribd company logo
1 of 68
Тақырыбы: «Тіл дамыту үрдісінде мектепке
дейінгі балалардың шығармашылық
қабілеттіліктерін арттыру»
Мазмұны
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1 Балалар тілінің даму жағдайын зерттеу
2.2 Тіл ұстарту нұсқаулары
2.3 Тіл дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті
жоспарлау үлгісі
2.4. Тіл дамыту, айналамен танысу және математика
бойынша материалдарды меңгерудегі бақылау
ұйымдастырылған оқу іс-әрекет конспектілері
3. Қорытынды
4. Әдебиеттер тізімі
Мақсаты:
Практикалық іс-әрекет арқылы мектепке дейінгі балалардың
сөйлеу және тіл шығармашылығының дағдыларын
қалыптастырудың оқыту үлгісін құрастыру.
Міндеттер:
1. Мектепке дейінгі баллалардың тілін дамыту
саласындағы шетелдік және қазақстандық
жетістіктерінің талдауы және іріктеуі.
2. Балалардың күнделікті тіл қарым-қатынасын
қалыптастырудың әдіс-тәсілдерінің жіне
жұмысының жүйелілігі.
3. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті ұйымдастыруда
тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану.
4. Балалардың шығармашылық қабілеттілігін
дамытуда, оларға көмек көрсету.
ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІ:
Тілдің дамуы - белсенді іс-әрекеттің және коммуникативтік
қарым-қатынастың маңызды құралы.
ЗЕРТТЕУ ЗАТЫ:
Мектепке дейінгі баланың шығармашылық қабілеттілігін
дамыту баланың тілін дамытудың және жаңа заманның
жағдайларына бейімделуінің қосалқы бөлімі.
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ІСКЕ АСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ
2010-2011 жыл 2011-2012 жыл 2012-2013 жыл
Зерттеу еңгізу бақылау
Анықтамалық және
әдістемелік әдебиеттерді
зерттеу.
Перспективтік жоспарды
құрастыру.
Балалармен ұйымдастырылған
оқу іс-әрекеттер, дамыту
ойындар, бақылау сабақтар
жүргізу.
Тәрбиешілермен тренингтер
жүргізу. Балалардың
бағдарламалық материалдарды
игеруінің диагностикасы .
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
ТІЛ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНДАҒЫ БАЛАНЫҢ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚИЯЛЫНЫҢ ДАМУЫ
Баланың қысқа
мәлімдемелер, әңгімелер,
ертегілер ойлап шығару
қызғушылығы
арттырылады,
грамматикалық және
логикалық қателіктер
жасамайды. Тіл қарым-
қатынасында белсенді, тіл
байлығы жақсы, тіл
құралдарын мәнерлі
дұрыс қолдана алады.
Тілі таза, дұрыс
қалыптасады, арнайы
дабыстарды айтуда
қиналмайды, сөздерді
сөйлеуде қателіктер
жібермейді.
Бала тіл дамуының
дағдыларын жақсы ігереді.
Бала қысқа мәлімдемелер,
әңгімелер, ертегілер ойлап
шығару, композицияларды
өз бетімен көркемдеуде
ынталы, белсене
әрекеттенеді.
Бала әртүрлі тіл
құралдарын жан-жақты
қолдана алады. Монолог
және диалогтарды
грамматикалық тұрғыдан
дұрыс құрастыра алады.
Тіл байлығы мол, тіл
құралдарын мәнерлі
дұрыс қолдана алады.
Тұжырымдама
Мектепке дейінгі ересек жасында бала ана тілінде жеткілікті
түсіндіріп, сөйлей алады. Бұл балалардың жеткілікті тәжірибесімен (өткен
уақыт мерзімімен салыстырғанда), интеллектуалдық қабілеттерінің дамуы:
әр алуан байланыстарды орната алуымен, біліктерін оңай қолдана
алуымен, жалпылап қорытынды жасай алуымен байланысты.
Адамдардың жаңа әлеміне, олардың қарым-қатынасының
ерекшеліктеріне қызығушылық қарым-қатынастың жаңа басым түрін
анықтайды. Бұл жастағы балаларға айналадағылардың сөйлеуіне және
өзінің сөз саптауын бақылауға қатысты сыни, бағалаушылық қатынас тән.
Олар сөздерді өзгерте, жаңа сөздер ойлап таба белсенді тәжірибелер
жасайды, сөйлеу іс әрекетіне шығармашылықпен кіріседі: жұмбақтар,
ертегілер, әңгімелер ойлап табады.
Балада ерекше таным объектісі ретінде сөйлеуге қызығушылық пайда
болады: оны сөздің дыбысталуы мен мағынасы, дыбыстық түрі,
сөйлеудегі сөз тіркестері мен сөздердің қабысуы қызықтыра бастайды.
Мектепке дейінгі ересек жастағы баланың әңгімелесушінің назарын
аударғысы келетіні мәнерлі, нық сөйлегісі келетіндігінен көрінеді. Бұл
жаста бала тек дауыс ырғағын ғана емес, эпитет, салыстыру, метафора
тәрізді мәнерлі сөйлеу әдістерін де меңгеруге қабілетті болады.
Мектепке дейінгі ересек жасқа жеткенде балалардың тілінің дамуында
жеке ерекшеліктер байқала бастайды. Бірдей жастағы балалардың сөздік
қоры, байланыстыру және грамматикалық сауаттылық жағынан,
шығармашылық сөйлеу қабілеті жағынан айырмашылықтар айқын
көрінеді.
2.1 Балалар тілінің даму жағдайын зерттеу
Мектеп алдында, тәрбиелеу мен оқытуға көшуіне байланысты,
балалардың сөйлеу дайындығына баса назар аударылады. Ол үшін белгілі
бір әдістемелік әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, балалардың тілінің
дамуын жүйелі түрде зерттеп отыру керек.
Әдістемелік әдебиеттерде тәрбиешінің балалардың сөйлеуінің қандай
жақтарын меңгермегенін, дыбыстарды айтуда қандай кемшіліктер
жіберетінін, әр түрлі грамматикалық қателер барлығын анықтауына
мүмкіндіктер беретін жекелеген әдіс-тәсілдер ғана беріледі.
Сауатты ана тілін меңгеруде балалардың жеке ерекшеліктерінің
арасында айырмашылықтар өте зор.
Бірдей жастағы балалардың тілді меңгеру диапазоны өте кең екендігін
бақылаулар көрсетті. Бұл балалардың тіл дамуының деңгейлерін анықтау
критерийлерін тағайындауға көптеген қиындықтар келтіреді. Тағы бір
қиындық, балалардың тілінің даму деңгейі оның әр түрлі бөлімдерінде -
фонетика, лексика, грамматикалық құрылым, т.б., әр түрлі болады.
Дегенмен, сөздік қоры бай балада сөйлеуді фонетикалық рәсімдеу
жағынан елеулі кемшіліктер болуы мүмкін екендігін немесе оқиғаларды
жүйелі, реттілігімен баяндаса да, грамматикалық құрылымында қателіктер
жіберуі мүмкіндігін практика көрсетіп отыр.
Балабақшадағы тіл дамыту жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылып,
жолға қойылуы тәрбиешінің топтағы барлық балалардың тілінің даму
ерекшеліктерін білуімен тығыз байланысты. Бұл өз жұмысын дұрыс
жоспарлауға, балалардың материалдарды меңгеруіне байланысты түзету
жұмыстарын жүргізуіне жағдай жасайды. Балаларды таңдау арқылы
зерттеу педагогқа балалардың материалдарды меңгеру дәрежесін
бақылауға, жекелеген әдістемелік тәсілдердің, дидактикалық ойындардың,
жаттығулардың тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді.
Материалдардың меңгерілуін жүйелі түрде диагностикалау балабақша
мен мектеп арасындағы сабақтастықты жүзеге асыруда маңызды роль
атқарады. Мектепке барғанда балалар шамамен бірдей тілінің даму
деңгейіне ие болуы керек.
Жан жақты жекелей зерттеулер баланың тілінің даму деңгейін дәлірек
анықтауға мүмкіндік береді, бірақ көп уақыт жұмсауды қажет етеді.
Уақытты үнемдеу мақсатында таңдау арқылы зерттеумен қатар, сөйлеудің
әр түрлі тарауларын меңгеруін анықтауға мүмкіндік беретіндей
біріктірілген тапсырмаларды қолдануға болады. Мысалы, баланың көркем
әдебиетті білуін анықтау барысында, оған қандай да бір ертегіні әңгімелеу
(немесе өлең оқу) тапсырылады, тексеруші бір мезгілде дыбыстырды
айтуын, дауыс ырғағын, дауыс аппаратымен жұмыс істей білуін белгілеп
отырады. Бала сурет бойынша әңгіме құрастыру барысында
(байланыстыра сөйлеу дамуын айқындау) тәрбиеші қандай сөйлемдер
қолданатындығына (сөйлеудің синтаксистік жағының қалыптасуын
анықтау), қандай лексикалық құралдар пайдаланатындығына (сөздік
қорын анықтау), қандай дыбыстарды таза айтып, қандайын айтуда
қиналатындығына назар аударады.
Бір мезгілде топтың немесе топ бөлігінің жадығаттарды меңгеру
деңгейін анықтау үшін кейбір әдістемелік тәсілдер мен тапсырмалар
қолданылуы мүмкін, мысалы, жанрларды білу.
Балалардың тілінің даму деңгейін анықтау үшін оқу-тәрбие
жұмыстарында және күнделікті өмірде жүргізілетін арнайы
бақылаулардың маңызы зор. Педагог белгілі бір уақыт аралығында тек
бақылау ғана жүргізбейді, бала тілінің кемшіліктері мен бағдарламалық
материалдарды меңгеруіндегі алға басуларын, грамматикалық
нысандарын меңгеруін де анықтап отырады.
Сөйлеуді зерттеу бақылау-тексеру сабақтарында да жүргізіледі,
тәрбиеші баланың қандай тілдік материалдарды меңгергендігін
анықтайтын тапсырмалар береді.
Бала тілінің дамуында елеулі ауытқулар болған жағдайларда ата-
аналарымен әңгімелесулер жүргізіліп, оның мүмкін себептері анықталады,
балаға көмектесу үшін кеңестер беріледі.
Балалардың сөйлеуін зерттеу мақсатында қолданылатын төмендегі
материалдар балалардың сөздік қарым-қатынасының қалыптасыу деңгейін
(қарым-қатынас мәдениеті) тағайындауға, сөйлеуді жүзеге асыру және
оны қабылдау дағдыларын, лексикалық қорын, әңгімелей білуін анықтауға
бағытталған әр түрлі тапсырмалардан тұрады.
Ересектермен және құрбыларымен сөздік қарым-қатынас жасау
(қарым-қатынас мәдениеті) дағдысының қалыптасуы
1. Сөздік қарым-қатынас дағдылары:
• ересектермен немесе құрбыларымен сөздік қарым-қатынасқа түсуге
талабының барлығы немесе жоқтығы;
• өзіне таныс тақырыпта ересектермен немесе құрбыларымен әңгімеге
араласа алуы;
• балалармен қалай сөйлеседі: көп, аз, үндемейді.
2. Қарым-қатынас мәдениеті:
• бала ересектермен, құрбыларымен сыпайы сөйлеседі ме;
• ересектерді қалай атайды: ата мен әкесінің атымен, "сіз" деп немесе
басқаша;
• ересектерге немесе таныс емес адамдарға бірінші сәлем береді ме
немесе есіне салып отыру керек пе, қоштасуды ұмытып кетпейді ме;
• көрсетілген көмекке алғыс айтады ма, бұл кезде "рахмет",
"кешіріңіз", "өтінемін" деген сөздерді қолданады ма;
• бала сөздерінде әдеби емес лексикалар кездеседі ме;
• бала қарым-қатынас жағдайына байланысты әр түрлі дауыс
қаттылығын қолданады ма (тамақтану барысында, ұйқыға жатар
алдында, сыбырлап, ақырын сөйлесу; сабақ кезінде - жеткілікті
қатты);
• әңгімелесіп отырған адамын аяғына дейін тыңдай алады ма немесе
жиі алаңдайды ма, әңгімелесуші сөзін жиі бөлуге қабілетті ме;
• балалармен сабырлы келісімге келеді ме; ойнағанда рольдерді, еңбек
еткенде міндеттерді бөліп, өз әрекеттерін келісе алады ма;
• баланың қарым-қатынас мәнері қандай: тілектестік, кішіпейілдік,
талапкершілік;
• қарым-қатынас мәдениеті туралы ересектердің ескертулеріне құлақ
салады ма, кемшіліктерін жоюға күш салады ма;
• балалардың, бейтаныс адамдардың алдында сөйлей алады ма, әлде
ұялып, қорқады ма.
Зерттеу тәсілдері: бақылау (сабақта, ойын кезінде және күнделікті
өмірде); тәрбиешілермен, балалармен әңгімелесулер.
Сөйлесудің дыбыстық мәдениеті
1. Сөйлеудің айтылу жағы. Балаға өлең оқуды немесе таныс ертегі,
әңгімені айтып беруге тапсырма беріңіз. Дұрыс айтылмаған сөздерді
жазып отырыңыз.
Белгілеңіз:
• дауыстың қаттылығы: сөйлеу барысы жеткілікті қатты, баяу немесе
ақырын;
• сөйлеу жылдамдығы (темп): шапшаң, орташа, баяу;
Өлең оқу, әңгімелеу немесе әңгімелесу барысында анықтаңыз:
• тілінің анықтығы (дикция): анық, жеткілікті анық емес;
• айтудың әдеби нормаларын сақтай білуі (орфоэпия): ауытқушылық
жоқ, ауытқулар бар;
• дыбыстарды айту - балалар қандай дыбыстарды дұрыс айтпайды, ол
балалардың санын көрсетіңіз (%-н).
Дыбыстарды айтуын дәлірек зерттеу үшін заттық суреттер таңдап
алыңыз, суреттер атауларында тексерілетін дыбыстар әр түрлі орындарда
тұратын болсын. Әсіресе с, з, ш, ж, л, р, қ, ғ, һ, ы , і, ұ, ү, ө, дыбыстарының
айтылуына баса назар аударыңыз.
Осы айтылған дыбыстарға байланысты балаларға суреттер жинағы
көрсетіледі.Мысалы: шана, қала, өрік, ғарыш, ұшақ, өзен, гүл, ауыз,т.б .
Дыбысты айтуда қателіктер байқалса, себебін анықтауға тырысыңыз:
артикуляциялық аппарат құрылымындағы ауытқушылық, оның жекелеген
мүшелерінің (ерін, тіл, астыңғы жақ, т.б.) қозғалысының жеткіліксіздігі,
фонематикалық қабылдаудың жетімсіздігі (бала өз кемшілігін естімейді,
белгілі бір дыбыстарды саралай алмайды), сөздік дем шығарудың
әлсіздігі.
2. Сөйлеуді қабылдау.
Фонематикалық қабылдау:
қалыптасқан, жеткіліксіз қалыптасқан. Тексеріңіз:
• Сөздегі белгілі бір дыбысты анықтай алуы. Мысалы, "қайшы" деген
сөзде "с" дыбысының бар әлде жоқтығын анықтауды тапсырыңыз,
т.б.;
• Берілген дыбысы бар сөзді естіп, ерекшелей алу. Балаға аталған
сөздер тізбектері ішінен белгілі бір дыбысы бар сөзді естігенде
алақанын шапалақтауды немесе қолын көтеруді ұсыныңыз. Мысалы,
тәрбиеші: "Мен қазір сөздерді атаймын, ал сен ішінде "ссс" дыбысы
бар сөзді естісең, қолыңды көтер (алақаныңды шапалақта)". Бала қай
кезде қолын көтеру керектігін пысықтаңыз.
• Баланың түсінгеніне көзіңізді жеткізгеннен кейін, асықпай қағазбен
бүркемелей отырып, сөздерді оқи бастаңыз. Сөздердің ішінде
балалар жиі шатыстыратын ұқсас дыбыстар, мысалы, с-ш, ұ-ү, к-қ,
қ-һ, р-л, т.б. да кездесіп отырғаны дұрыс. Тексеріліп отырған
дыбыстар әр түрлі жағдайларда (сөздің басында, ортасында,
аяғында) орналасуы керек.
Баланың қанша сөзді дұрыс атағанын белгілеу керек;
• Сөз тіркестерінің ішінен берілген дыбыстары бар сөздерді таба
алуы. Сөз тіркестерін айта отырып, балаға осы дыбыстар бар
сөздерді атауды тапсырыңыз. Мысалы, "с" дыбысын ажырата алуын
анықтау үшін мынадай сөйлемді оқуға болады: "Ләззаттың жаңа
шанасы бар. Орманда саңырауқұлақтар көп";
• сөздерде жиі кездесетін дыбыстарды таба алуы.
Тәрбиеші бірнеше сөздер оқып, осы сөздердің ішінде қандай
дыбыстар жиі қайталанатындығын анықтауды тапсырады:
"с" - самал, соқ, тосап, қос, бас;
"р" - раушан, құрт, қар ,ерін,қарындаш.
Соңғы екі тапсырма оқу жылының аяғында беріледі.
Сөзді қабылдауы:
Жақсы дамыған, жеткіліксіз дамыған.
Тексеріңіз:
• сөйлеудің мағыналық сәйкессіздігін анықтай білуі.
• Балаға оқылған өлеңді тыңдап, ішіндегі қателерді табуды
тапсырыңыз. "Өтірік өлеңнен" үзінділер оқуға болады.
Ұйымдастырылған іс-әрекетте құрбыларының өлең оқуын балалардың
өздеріне бағалатыңыз: "Сәуле өлеңді қалай оқыды?
• сөйлеу жылдамдығын, ырғақтық мәнерлілігін анықтай білу.
Алдыңғы тапсырмадағы тәсіл қолданылады. Тәрбиеші: "Сәуле өлеңді
қалай оқыды: шапшаң, баяу, орташа (қалыпты); мәнерлі, мәнерлі емес?"-
деп сұрақтар қояды;
• дауыс тембрін анықтай алуы.
Тексеру үшін "Кім сөйлегенін тап" ойыны қолданылады. Бала топқа
теріс қарап, көзін жұмып тұрады. Тәрбиешінің тапсырмасымен екі-үш
бала өлең, жұмбақ немесе жаңылтпаш айтады, ал бала кімнің сөйлегенін
табуы керек. "Шақырған кім?", "Менің атым кім екенін тап" ойындарын да
қолдануға болады. Сөздің екпінді, ырғақтық құрылымын анықтай алуы да
тексеріледі.
Сөздің буынын сақтай алу машықтығын да тексеріңіз: балаға: са-за-са,
са-за-са, са-за-са деп бірнеше рет қайталатыңыз.
Бір сөйлемдегі әртүрлі сөздерді ерекшелей отырып, бірнеше рет
қайталаңыз, ал бала қай сөзді ерекшелегеніңізді тапсын. Мысалы:
"Маралға жаңа велосипед сатып әперді (Маралға, басқа қызға емес).
Маралға жаңа велосипед сатып әперді (сатып әперді, сыйлаған жоқ).
Маралға жаңа велосипед сатып әперді (жаңа, ескі емес). Маралға жаңа
велосипед сатып әперді (велосипед, машина емес)";
• - сөйлемдегі қателерді таба білуі және мағынасына қарай сөздерді
таңдап алу:
1.Аю еңіреп жылапты:
Аралардан "шал" сұрап. (бал).
2.Мына қызға қарашы:
Сынып қапты "мамасы" (шанасы).
Жинақталған мәліметтерді саралап, қорытынды кесте құрыңыз.
Кестеде сөйлеудің дыбыстық мәдениетін баланың қалай меңгергенін
көрсетіңіз.
Сөздік
1. Зат есім. Тексеріңіз:
• тұрмыстық лексиканы түсінуі және қолдануы.
Қуыршақ - ойыншық. Тағы қандай ойыншықтарды білесің?
Мысық - жануар. Тағы қандай жануарларды білесің?
Тәрелке - ыдыс. Тағы қандай ыдыстарды білесің?
Пияз - көкөніс. Тағы қандай көкөністерді білесің? Атап шық.
Балалардың атаған сөздерін белгілеп алыңыз.
Жалпылаушы ұғымдарды түсінуі және оларды қолдануы.
Қайың, шырша, қарағай, емен. Олар нелер? Бір сөзбен ата. (Ағаштар).
Үстел, орындық, шкаф, диван. Олар нелер? Бір сөзбен ата. (Жиһаздар).
Туфли, етік, кебіс. Олар нелер? Бір сөзбен ата. (Аяқ киімдер).
Көйлек, костюм, жейде. Олар нелер? Бір сөзбен ата. (Киімдер).
Бала қанша қате жібергенін белгілеңіз.
Адамның еңбек әрекеттерінде қолданатын құралдарды атай білуі.
Әр түрлі мамандық иелері қолданатын еңбек құралдарын атауды
тапсырыңыз, мысалы құрылысшы, тігінші, аула сыпырушы, т.б.
Зат бөлшектерін атау.
Машинаның моторы бар. Тағы несі бар?
Пальтоның жағасы бар. Тағы несі бар?
Үйдің шатыры бар. Тағы несі бар?
Егер балаға қиын болса, көрнекіліктер қолданыңыз.
Аталған бөлшектердің санын белгілеп алыңыз.
Антонимдерін таңдап алу.
"Керісінше" ойынын ойнатыңыз, берілген сөзге қарама-қарсы
мағынасы бар сөздері атау. Мысалы, күн-түн, жаз-қыс, т.б.
Дұрыс аталған сөздерді белгілеп алыңыз.
2. Сын есімдер. Тексеріңіз:
• Нәрсенің түсін, сапасын, қасиетін, мөлшерін білдіретін сөздерді білу
және қолдана алу.
Берілген зат есімді сипаттайтын сөздерді табу.
Үстел қандай болуы мүмкін? - жазу, дөңгелек, ағаш, т.с.с.
Үй қандай болуы мүмкін? - үлкен, кірпіш, екі қабатты, т.с.с.
Аспан қандай болуы мүмкін? - көгілдір, ашық, бұлтты, т.с.с.
Ең алдымен аталған өздердің санына, сонан соң сапасына (сай
келуіне) назар аударыңыз.
• Сөздерді дұрыс тіркестіруін назарда ұстаңыз.
Балаға сұрақтар қойыңыз:
Шкаф ағаштан жасалған. Басқаша қалай атауға болады? - Ағаш
шкаф.т.б.
Алынған мәліметтерді талдаңыз ("Сөйлеудің грамматикалық
құрылымы" бөлімінде белгілеңіз):
• Негізгі түстер мен реңдерді білдіретін сөздерді білу және қолдана
алу.
Түстердің атауларының қайсысын меңгергенін (бағдарламаға сәйкес),
қайсысын меңгермегендігін анықтаңыз:
• Қарсы мағыналы сөздерді (сын есімдерді) таңдап алу.
"Керісінше" ойыны: күшті-әлсіз, батыл-қорқақ, лас-таза, көңілді-
жабырқау, жарық-қараңғы.
Сөздерді дұрыс аталуын белгілеп отырыңыз.
3. Етістіктер. Тексеріңіз:
• Адамдардың немесе жануарлардың әрекеттерін сипаттайтын
сөздерді білу және дұрыс қолдану.
"Кім не істеп жатыр?" сөздік жаттығуы.:
Дәрігер не істеп жатыр? - Емдеп жатыр, дәрі жазып жатыр, тыңдап
жатыр, т.б. Күшік не істеп жатыр? Қайшымен не істеуге болады?, т.б.
Дұрыс аталған сөздер санын белгілеңіз:
• Қарама-қарсы мағынадағы етістіктерді атау: жүгіру-тоқтау, күлу-
жылау, сөйлеу-үндемеу, т.б.
Алынған мәліметтерді сандық, сапалық жағынан талдаңыздар. "емес"
сөзімен тіркестіре қолдану, дұрыс болып саналмайды.
4. Үстеу. Тексеріңіз:
• әрекет белгісін білдіретін сөздерді (үстеулер) білу және қолдана алу.
Сұрақтар қойыңыз:
Бала қалай жүгіреді? - Тез, баяу, секіре, т.б.
Бала қалай сөйлеуі мүмкін? - Жақсы, тез, мәнерлі, нашар, т.с.с.
Егер бала бір-екі сөздермен ғана шектелсе, "Тағы қалай болуы
мүмкін?" деген сұрақтармен жетелеу керек.
Жауаптарды сандық жағынан және дәлдігі тұрғысынан талдаңыз:
• кеңістіктік, орынды білдіретін сөздерді түсіну және қолдана білу
(тапсырма оқу жылының аяғында беріледі).
Балаға ойыншықтың, заттың орынын атауды тапсырыңыз. Егер
қажетті сөзді дұрыс айтпаса немесе дұрыс жауап берілмесе, бұл сөздердің
мағынасын білетіндігін тексеру керек.
Шкафқа ойыншықтарды балаға қатысты әр түрлі жағдайда
орналастырып, ойыншықтың қай жерде тұрғанын айтуды (көрсетуді
емес!)сұрайды.
Сөздің мағынасын түсінуі сұрақ қоюмен анықталады: "Көк бантикті
қуыршақ қайда орналасқан: сол жағында ма әлде оң жағында ма?
Астынды ма әлде үстінде ме? Машинаның алдында ма әлде артында ма?"
Бала қандай сөздерді меңгергенін белгілеп алыңыз;
• уақыттық қатынастарды білдіретін сөздерді білуі және қолдана
алуы.
"Сен қашан балабақшаға келесің?". (Таңертең). "Балабақшадан қашан
кетесің?". (Кешке). "Қашан серуенге шығасың?". (Күндіз). "Адамдар
қашан ұйықтайды?". (Түнде) т.б. сұрақтар қойылады. "Кеше", "бүгін",
"ертең" сөздерін білуін және қолдана алуын тексеріңіз. Қандай қателіктер
жібергенін белгілеп алыңыз:
• мағыналары қарама-қарсы сөздерді (үстеулерді) таңдап ала білуі.
"Керісінше" ойынын қолдана отырып, мына сөздерді таңдай білуін
тексеріңіз: жылдам-баяу, жақсы-жаман, жарық-қараңғы, лас-таза, алыс-
жақын.
Ұсынылған сөздердің қаншасына дұрыс жауап бергенін белгілеңіз.
Мәліметтерді талдап, қорытынды кесте құрыңыз, бағдарламалық
материалдарды толық меңгерген, меңгермеген балалар санын анықтаңыз,
қай бөлімдер меңгерілмегенін анықтаңыз.
2.2 Тіл ұстарту нұсқаулары
1. Әңгімелесу
Әңгімелесу - тіл ұстарту мен сөздікті белсендірудің тиімді әдісі, себебі
тәрбиеші жауап беру үшін дәл, сәтті сөздерді таңдап алуға бағыттап
отырады.
Әңгімелесудің тәрбиелік мәні де бар. Дұрыс таңдап алынған
мазмұнның әрқашан идеялық-адамгершілік түрткісі болады.
Әңгіме жүргізу.
Әрбір әңгімелесудің басы, негізгі бөлімі, аяғы деген айқын құрылымы
болады.
Әңгімелесудің басы. Мақсаты - балалардың жадындағы бұрынғы
алынған әсерлерін жаңғырту, мүмкіндігіне қарай образдық немесе
эмоционалдық.. Ол сұрақ беру, жұмбақ жасыру, тақпақтан үзінді оқу,
сурет, фотография, затты көрсету арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Әңгімелесудің басында әңгімелесу тақырыбын (мақсатын) анықтап,
маңыздылығын негіздеу керек, таңдау мотивін түсіндіру қажет.
Негізгі бөлім бірнеше микротақырыптарға немесе кезеңдерге бөлінуі
мүмкін. Әрбір кезең тақырыптың аяқталған бөлігіне сәйкес келеді, яғни
орталық түсініктерге байланысты тақырып қорытындыланып отырады.
Алдымен маңызды, қиын материалдар анықталады. Әңгімелесуге
дайындалғанда тәрбиеші оның кезеңдерін белгілеп алуы керек, яғни
балалармен бірге талданатын түсініктердің елеулі құрылымы
ерекшеленеді.
Әрбір кезең барысында педагог әр алуан тәсілдер кешенін қолданады,
соңында әрбір қысқаша жалпылап өтіп, келесі микротақырыпқа көшеді.
Әңгімелесудің эмоционалдық сипаты әңгіме барысында сақталып қана
қоймай, соңына қарай шарықтау шегіне жеткені дұрыс. Бұл балалардың
зейіні ауытқымай, қажетті бағытта ұстап отыруға мүмкіндік береді.
Әңгімелесудің аяғы қысқа болып, тақырыптың синтезіне әкеледі. Бұл
кезең эмоциялық, әсерлі болып келуі мүмкін: тарату материалдарын қарау,
ойын жаттығуларын жасау, көркем мәтін оқу, ән айту. Әңгімені аяқтаудың
жақсы нұсқасы - балаларға келесі бақылауларға тілектер айту.
2. Әңгімелеуге үйрету
Мектепалды жасында әңгімелеу дағдыларын қалыптастыруға баса
назар аударылады. Балаларды өздігімен әңгіме құруға, әңгімені аяқтауға,
логикалық байланыстыра әңгімелеуге үйрету керек. Мектепалды жасында
монологтық сөйлеудің негізінен екі түрі басым болады: әңгімелеу және
қайталап айтып беру (қарапайым түрде).
Қайталап айтып беру - тыңдаған көркем шығарманы байланыстыра
мәнерлі жаңғырту. Бала мәтінді түсініп, автордың лексикасын қолдана
отырып, кейіпкерлердің көңіл күйін білдіріп, еркін жеткізе білуі маңызды.
Әңгімелеу- қандай да бір факт, оқиғаны өз бетімен толық мазмұндау.
Бала берілген тақырып бойынша өзі мазмұнын анықтап, баяндаудың
сөздік түрін таңдап алады.
Балалар өздерінің әңгімелерінен қуанышқа бөленіп, қанағаттануының,
оның пайдасын сезіне білуінің маңызы зор.
Нысанына қарай әңгіме суреттеуші және сюжеттік болуы мүмкін.
Суреттеу - қандай да бір затты немесе құбылысқа тән белгілерді
мазмұндау. Әдетте суреттеудің іскерлік сипаты болады, мұнда дәл
анықтамалар көп болады, бірақ балаларды қызықтыратындай бейнелік
элементтер болуы тиіс. Сонымен қатар суреттеу қысқа да болуы керек.
Суреттеуші әңгімелердің түрлері - салыстырушы және түсіндіруші.
Сюжеттік (баяндаушы) әңгіме - бұл қандай да бір кейіпкері бар
оқиғаны уақыт бойынша тізбектілігімен жеткізу.
Әңгімелеуге үйрету тәсілдері.
Әңгімелеуге үйретуде арнайы тәсілдер қолданылады, олардың
мақсаты - баланы баяндауға, монологқа үйрету (сөзбен, ыммен, фразамен
емес).
Әңгімелеуге үйретудің негізгі тәсілдері:
Әңгімелеу үлгісі - мазмұны немесе түрі бойынша балалар пайдалана
алатын қандай да бір нәрсенің немесе оқиғаның қысқаша сипатталуы.
Тікелей оқыту тәсілі ретінде әңгімелеу үлгісі көпшілік жағдайда сабақтың
басында қолданылады.
Бұл тәсілдің бір түрі - дербес үлгі. Ол әңгімелеу дағдысын бекіту
барысында балаларға қандай да бір тапсырма қиын болған жағдайда
қолданылады, мысалы:Мен бастаймын,сен жалғастыр.
Сөйлеу түрлерін саналы таңдап алу үшін әңгімелеу жоспарын
мүшелеп бөлетін әңгіме үлгісін талдау тәсілі қолданылады.
Әңгімелеу жоспары - баяндау мазмұнын және ретін анықтайтын 2-3
негізгі сұрақтар (пункттер).
Сонымен қатар балалардың жоспарды айтуы деген қосымша тәсіл де
(педагог "жоспар" деген терминді қолданбай, балаларға қазір не туралы,
қалай әңгімелейтіндерін іштей айту тапсырады, жауап беру үшін бір-екі
баланы тақтаға шақырады) пайдалы.
Балаларға жоспар бойынша әңгіме құрастыруға оңай болу үшін,
сөйлемдерін байыту үшін жоспарды ұжымдық талдау қолданылады.
Ұжымдық әңгіме құрастыру - шығармашылық әңгімелеуге үйретудің
алғашқы сатысында қолданылатын ерекше тәсіл.
Кейбір сабақтарда әңгімелерді бөліктеп құру тәсілін қолдануға
болады. Бұл тәсіл тапсырма көлемін азайтатын болғандықтан,
әңгімелеушілердің жұмысын жеңілдетеді. Осыған байланысты сабақтар
алуан түрлі, қызықты бола алады, ал әңгімелер мазмұны толығырақ,
тереңірек бола түседі; сонымен қатар, көптеген балаларды сұрап үлгеруге
болады.
Әңгімелеудің кейбір түрлерінде тәрбиеші бастаған әңгімені аяқтау
(ұсынылған жоспар бойынша, ал кейін жоспарсыз) тәсілін қолдану да
ұсынылады.
Балалардың ой-қиялын дамыту нұсқасын айтып жіберу (сюжетін,
әрекеттер жағдайларын, т.б.) көп көмегін тигізе алады. Педагог
балалардың жауаптары біртекті, жауаптары жұтаң болған жағдайларда
қолданады.
Баға да оқыту тәсілі болып табылады. Ол балаларды тәрбиеші
мақтаған балаға еліктеуге, ал қоштамаған жағдайдан аулақ болуға
тырысуға баулиды.
3. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің қайталап айту құрылымы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті құру оның міндеттерінің алуан
түрлілігімен анықталады. Қайталап айту ұйымдастырылған оқу іс-
әрекеттің төмендегідей типтік құрылымы бар:
1. Кіріспе бөлім. Балаларды жаңа шығарманы, ең алдымен оның
идеясын қабылдауға дайындау (балалардың басынан кешкен ұқсас
жағдайларын естеріне түсіру, суреттер көрсету, т.б.).
Кейін қайталап айту керектігін айтпай-ақ алғашқы рет оқу арқылы
көркемдік қабылдануын қамтамасыз ету.
2. Кейін қайталап айтуы үшін еске сақтау қажеттігін ескертіп, қайталап
оқу.
3. Дайындық әңгімелесуі (шығарманы талдау). Мақсаты: мазмұнын
пысықтау (ең алдымен идеясы мен образдардың сипаттамасы),
тіліне назар аудару, мәнерлеп қайталап айтуға белсенді дайындық.
Бұл мәселелер әңгіменің сюжетінің дамуына байланысты мәтінді
талдау арқылы шешіледі.
4. Қайталап оқу, талдаудың қосынды нәтижесі. Оның алдында: "Қалай
оқитынымды мұқият тыңдаңдар",- деп ескеру орынды.
5. Балалардың жауап беруге, мәтінді еске сақтауға дайындығы үшін
пауза жасау (бірнеше секунд).
6. Қайталап айту (3-7 бала). Педагогтың белсенді жетекшілігі.
Кейбір ұйымдастырылған іс-әрекетте қайталап айтуға екі мәтінді
алуға болады: біріншісі - балалар үшін таныс емес, салыстырмалы түрде
жеңіл; екіншісі - оларға таныс, ол қысқа болуы керек. Бұл балалардың
зейінін оятады.
4. Әңгімелеп қайталап үйрету тәсілдері
Шығарманы оқу үлгісі, балаларға сұрақтар, түсіндіру, нұсқаулар,
жаттығулар – сөздер мен сөйлемдерді жеке және хормен қайталау,
балалардың жеке тәжірибесіне сүйену, көрнекіліктер қолдану, сөз немесе
сөйлемді айтып жіберу, педагог пен баланың бірлескен қайталап айтуы,
шағылыстыра қайталап әңгімелеу, бөліктеп қайталап әңгімелеу, баға,
рольдерге бөліп айту, қысқа сөз тіркестерін хормен айту, ойын-
драматизация немесе мәтіннің қойылымы.
Педагогтар мен ата-аналарға ұсыныстар
Қалыпты тіл ұстарту үшін жағдайлар жасау
Баланың тілін қалыпты ұстарту үшін қажетті жағдайларға оның
мықты денсаулығы, орталық жүйке жүйесінің, есту мүшелерінің, сөздік-
қозғау аппаратының қалыпты жұмысы және балалардың басқа да
әрекетерінің алуан түрлілігі жатады. Сонымен қатар бала тілінің
мазмұнын қамтамасыз ететін тікелей қабылдауының байлығын,
педагогтардың жоғарғы кәсіби деңгейін жатқызуға болады. Бұл
жағдайларды жасау үшін табандылық пен көп тер төгу керек; ол мектепке
дейінгі мекеменің дәстүріне айналу үшін үнемі қолдау көріп отыруы
қажет.
Әсіресе есту мүшелерін қорғауға көңіл бөлінуі керек. Сөйлеу
мүшелерінің тазалығына, өкпе мен тыныс алу мүшелеріне қамқорлық та
жатады, яғни балабақша мен үйде дұрыс ауа режимі сақталуы
тиіс.Балалардың нәзік жоғарғы тыныс алу мүшелерін арнайы шынықтыру
мен дер кезіндегі емдеу қажет етіледі. Балаларды стоматологтар,
ларингологтар жүйелі түрде тексерістен өткізіп отыруы тиіс.
Гигиеналық жағдайлар жасаумен қатар педагогтар мен ата-аналар
назарын балалардың сөйлеу органдарын қорғауға бағытталған мәдени
дағдыларды қалыптастыруға аударылуы керек. Балаларды өз бетімен
ауыз, мұрын қуысын күтуге үйрету қажет: тамақтан кейін ауыз шаю, тісті
дұрыс тазалау, жеке таза орамалды пайдалана отырып дұрыс сіңбіру. Ата-
аналар мен педагогтар құлақ пен мойынды жергілікті шынықтыру арқылы
сөйлеу органдарына кері ықпалын тигізетін суық тию ауруларының алдын
алуға қамқор болуы тиіс.
Сөйлеу балаға әр уақытта үлгі болатынын ересектер естен шығармауы
тиіс. Балалармен қарым-қатынаста үнемі ақырын, тартымды, дұрыс сөз
болу керек, жаман сөздер қолдануға болмайды, сыпайылық дауыс басым
болған жөн. Осылардың барлығы байқалмай балаларға көшеді. Сөйлеудің
грамматикалық жағына арнайы көңіл бөлінуі керек. Ересектер тілі балалар
үшін арнайы үлгі болуы тиіс.
Алға қойған мақсаттарға жету үшін және тіл дамыту бағдарламасын
толық меңгеру үшін 6-7 жасар балаларға арналған тіл дамыту
ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің тақырыптық жоспарларының нұсқасы
ұсынылады.
Тіл дамыту бойынша тақырыптық жоспар
Қыркүйек Қазан Қараша
1. Балабақша
2. Күз
3. Нан
4. Көкөністер мен
жемістер
5. Қыстайтын
құстар
6. Ойыншықтар
7. Үй, отбасы
8. Жабайы аңдар
9. Күз (кеш түскен)
10. Көлік
11. Үй жануарлары
Желтоқсан Қаңтар Ақпан
12. Қыс
13. Ыдыс
14. Киім, аяқ киім
15. Жаңа жыл
16. Жабайы аңдар
17. Қысқы ойындар
18. Үй, отбасы
19. Көлік
20. Гүлдер
21. Мамандық
Наурыз Сәуір Мамыр
22. 8 Наурыз 26. Жыл құстары 30. Ағаштар
23. Менің
Қазақстаным
24. Көктем
25. Гүлдер
27. Спорт
28. Көктем
29. Шыбын-шіркей,
құрт-құмырсқа
31. Жыл мезгілі
32. Таяуда
мектепке
барамын
2.3 Тіл дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетті жоспарлау үлгісі
1 ұйымдастырылған іс-әрекет
Бағдарламалық мазмұны:
Байланыстыра сөйлеу. Ертегі құрылымы (басы, соңы) туралы
түсініктерін бекіту. "Түлкі мен ешкі" ертегісін әңгімелеп беруде мәнерлі
құралдарды қолдануға үйрету.
Сөздік және грамматика. Зат есімдерге анықтама таңдай білуге және
оны сәйкестендіре алуға, белгілері бойынша заттарды табуға үйрету.
Тілдің дыбыстық мәдениеті. Жаңылтпашты әртүрлі дауыспен (қатты,
жай, сыбырлап) айтуға үйрету. Дыбысталуы ұқсас сөздерді таңдай алу
дағдысын бекіту. Көрнекіліктер: түлкі бейнеленген сурет.
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің барысы:
Тәрбиеші жұмбақ жасырады: "Сайқымазақ құлағы бар,
Барған жерде ұрлығы бар. Бұл қандай аң? Ұғып ал".
немесе "Өзі бір қу жүрген жері айқай да шу-бұл не?" Берілген
жауаптарды тыңдап, балаларға бірнеше түлкінің бейнесі салынған
суреттерді көрсетіп, кез келгенін алуды және қандай түлкі бейнеленгенін
айтуды (қызғылт, мамық құйрықты, әдемі, қу, т.б.) ұсынады.
Одан соң, педагог "Түлкі мен ешкі" ертегісін әңгімелей отырып,
сұрақтар қояды: "Бұл ертегіде не туралы айтылған? Ол қалай басталады?
Қалай аяқталады? Ертегіде түлкі қалай көрінді? Сендер оны неге қу деп
ойлайсыңдар? Ал ешкі қалай бейнеленген? т.б."
Тәрбиеші тағы бір рет ертегіні әңгімелейді және балаларға қайталап
айтуды ұсынады. Ертегінің мазмұнын толық айтуға, бейнелі сөйлеуге,
диалогпен сөйлеуге (егер де ертегі рольді түрде берілетін болса) назар
аударады.
Ертегі бірнеше рет әңгімеленген соң, тәрбиеші сұрақтар қояды:
"Ешкі қандай болды? Ол туралы қандай сөздермен айтуға болады?
(сезбейтін, ақымақ, аңқау, ұқыпсыз, ақылсыз, т.б.).
Түлкі қандай болды? Ол туралы не айтуға болады? (әдемі, қу, ақылды,
шапшаң, ширақ).
Құдық қандай болды? ( терең, суық, қараңғы, лай, лас, тар). Тағы не
нәрсені суық дейміз? (қар, мұз, ауа, жел, қыс,) Суық, терең, мөлдір - бұл
өзен бе әлде жылға ма? Көгілдір, шыны, сынғыш- бұл тәрелке ме әлде
шыны аяқ па? "
Тәрбиеші грамматикалық жаттығуларды анық өткізеді. Бірақ
сөздердің жалғауларын ерекше бөлмей, балалар зат есім мен сын есімді
дұрыс қиыстыра алатындай болғаны дұрыс.
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің соңында мектепке дейінгілер
жаңылтпаш жаттайды.Және оны қатты, жай, сыбырлап айтады.
Балаларға жолды аяқтау ұсынылады: "Сен түлкі қайда болдың?" ("
Көгал үстінде биледім"; "Бұта түбінде демалдым").
2 ұйымдастырылған іс-әрекет
Бағдарламалық мазмұны:
Байланыстыра сөйлеу. Құрастыру туралы бұрынғы алынған
білімдерін қолдана отырып, сурет бойынша сюжетті әңгіме құрау. (басы,
негізгі бөлім, соңы);алдын-ала берілген бейнелеу бойынша, өзбетімен
оқиғалар ойлап шығару.
Сөздік. Сөздік қорын байыту (тақырыптар "Мектеп" және "Күз").
Заттың немесе құбылыстың маңызды белгілерін салыстыруды,
жалпылауды, бөліп алуды үйрету.
Грамматика. Берілген сөз бойынша түбірлес сөздерді таңдап алуды
үйрету.
Тілдің дыбыстық мәдениеті. "С" және "ш" дыбыстарын айыра білуін
жаттықтыру. Дауыс ырғағымен мәнерлеп сөйлеуді дамыту.
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің барысы:
Тәрбиеші "Мектепке бара жатқанда" суретін көрсетіп, оны жақсылап
қарауды ұсынады және сұрақтар қояды:
"Бұл суретті қалай атауға болады? Сендер неліктен балалар
балабақшасына емес, мектепке бара жатыр деп ойлайсыңдар? (Олар
мектеп формасын киген, қолдарында портфель ұстаған) Мектепке баратын
балаларды бір сөзбен қалай атайды? (Оқушылар)
Оқушылардың портфелінде не бар? (Пенал, дәптерлер, оқулықтар)
Бұл заттарды бір сөзбен қалай атауға болады? (Мектеп оқу құралдары)
Жылдың қай мезгілінде балалар оқуды бастайды?
Басқа жыл мезгілдерінен күздің айырмашылығы неде?
Тек қана күзде нелер болады? ( жапырақтар түседі, астық жинайды,
құстар жылы жаққа ұшып ктеді.) Күзде ауа-райы әртүрлі болады. Егер күн
жарқырап, аспан ашық болса, онда күз туралы қандай сөздермен айтуға
болады? (шуақты күз, алтын күз,) Егер де аспанды бұлт жапса, суық жел
соғып, жаңбыр жауып тұрса, онда күз туралы қандай сөздермен айтуға
болады? (жауын-шашынды күз, бұлыңғыр күз)"
Тәрбиеші "оқу, оқушы, оқытушы мұғалім" сөздерін балалар мұқият
тыңдап, бұл сөздердің қандай ортақ бөлігі бар екенін айтуды ұсынады.
Келесі тапсырма -"Мектепке бара жатқанда" суреті бойынша әңгіме
құрау.
"Алдымен мынаны айтыңдар,-деп түсіндіреді педагог,- бұл балалар
мектепке келгенше не істеді, ал сосын суреттен не көргендеріңді
әңгімелеңдер". (Бес жауаптан кем болмауы керек.)
Егер балалар суретте бейнеленгеннің алдындағы оқиғаларды ойлап
табуға қиналатын болса, тәрбиеші әңгімені өзі бастайды, балалар
жалғастырады: "Ашық, шуақты күздің бір күні балалар мектепке
жиналды. Олар кештен бастап портфельдері мен оқулықтарын дайындады.
Самат өте ерте тұрды, кешігіп қалуға қорықты. Оған досы Серік келіп,
екеуі бірге мектепке кетті".
(Одан әрі балалар суретте бейнеленген оқиғаларды әңгімелейді.)
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің соңында "Мен мектепке барамын"
сөйлемін әртүрлі, лепті (сендердің мектепке барғыларың келетінін бәрі
түсінетіндей болсын) және сұраулы интонациямен, қайталап айтуын
ұсынады.
3 ұйымдастырылған оқу іс-әрекет
Бағдарламалық мазмұны:
Байланыстыра сөйлеу. Әдеби мәтінді ретімен, тастап кетпей және
қайталамай айта білуге үйрету. Өз басынан өткендері бойынша аяқталған
әңгіме құра білу дағдысын қалыптастыру.
Грамматика. Сын есім және үстеудің салыстыру дәрежелерін құрай
білуге үйрету.
Сөздік. Сын есімдер мен етістіктерге синонимдер және антонимдер
таңдап алу.
Тілдің дыбыстық мәдениеті. Тәрбиешінің бастаған сөйлемді аяқтай
білуге жаттықтыру.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің барысы:
Педагог К. Д. Ушинскийдің "Төрт тілек " әңгімесін оқиды.
Сұрақтар қояды: "Бұл әңгімеде не туралы айтылған? Митяға қыс
несімен ұнады? Балаға көктем несімен ұнады? Митяның жазда не есінде
қалды? Күз туралы ол не айтты? Неліктен әңгіме "Төрт тілек" деп
аталады?"
Мазмұндау үшін төрт баланы шақыруға болады. Әр бала жылдың бір
мезгілі туралы мазмұндап берсін. Тапсырма екі рет орындалады.
Содан кейін тәрбиеші сұрақ қояды, жылдың қай мезгілі балаларға өте
ұнайды, неліктен, күз, жаз, т.б. туралы өздері қысқаша әңгіме құрастыруға
тапсырма береді. (Төрт жауаптан кем болмау керек.)
Тәрбиеші: "Жылдың әрбір жаңа мезгілі "Төрт тілек" әңгімесіндегі
балаға оның алдындағыдан да жақсы болып көрінді".
Сендерге де жылдың қандай да бір мезгілі басқаларына қарағанда
көбірек ұнайды, мысалы, жазда жақсы, ал күзде одан да жақсы, көктемде
жылы, ал жаз жылырақ, т.б..
Тәрбиеші тапсырма береді. Аталған сөздерден әртүрлі тәсілдермен
салыстыру дәрежелерін құрастырыңдар:
-таза... (тазарақ, одан да таза),
- биік... (биігірек, одан да биік)
- сымбатты... (сымбаттырақ одан да сымбатты),
- көңілді... (көңілдірек, одан да көңілді),
- жылы... (жылырақ, одан да жылы),
- күшті... (күштірек, одан да күшті) және т. с.с.
Келесі жаттығуда балалар алдымен синонимдер таңдап алады.
Мысалы, Например: "Қыс келді" - " Қыс түсті"; "Гүл тердім" - "Гүл
жинадым" және т. с.с.
Одан кейін мағынасы бойынша қарама-қарсы сөздерді таңдап алады:
Жақсы (жаман), суық (жылы), жүру (тұру), сөйлеу (үндемеу).
Соңында тәрбиеші түсіндріп айтады: "Көктем келді! Ал ол не әкелді?
Мен бастаймын, ал сендер жалғастырыңдар::
" Көктем келді де ... әкелді" ( жылылық, гүлдер, т.с.с.).
4 ұйымдастырылған оқу іс-әрекет
Бағдарламалық мазмұны:
Байланыстыра сөйлеу. Суретте бейнеленген сюжеттің басын және
соңын ойлап табу; өз тәжірибесі бойынша әңгіме құрау.
Грамматика. Сөздік. Тілінде мамандық аттарын және оларға сәйкес
іс-әрекет түрлерін қолдануды белсенділендіру.
Тілдің дыбыстық мәдениеті. "Ә" дыбысының естілуін айыра білу
және жеке айта білу; берілген сөздердің ішінде ә дыбысы бар сөздерді
табу. (Әже, әпке)
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің барысы:
Тәрбиеші сұрайды: "Сендердің аналарыңның мамандықтары не және
олар не істейді. Мысалы, менің анам мұғалім, ол балаларды оқуға, жазуға,
санауға үйретеді. Ал сенің анаңның мамандығы қандай, ол не істейді?"
(Әр баланы сұрауға болады). "8 Наурыз мерекесіне анама сыйлық" суретін
балаларға көрсетеді. Жасылап қарауды ұсынады және сұрақтар қояды:
1.Суретте не бейнеленген?
2.Балалар немен айналысып жатыр?
3. Ойланыңдар, бәрі немен аяқталды?
4. Бұл суретті қалай атауға болады?
Тапсырма береді:
"Алдымен айтыңдар, балалар анасына, әжесіне, әпкесіне сыйлық
жасауға және осы күнге қалай дайындалды.
Одан кейін бұл суретте не салынғаны туралы айтыңдар, және өздерің
әңгіменің соңын қызықты етіп аяқтаңдар. (Үш-төрт баланың жауабы)
8 Наурызға қалай дайындалдыңдар, аналарыңа, әжелеріңе, әпкелеріңе
қандай сыйлықтар жасадыңдар, бұл күні қандай қызықты жағдайлар
болды және ол қалай аяқталды, естеріңе түсіріңдер.
Әңгіме қысқа және аяқталған болуы керек. (Екі-үш баланың жаабы.)
Менің сұрағыма ұйқаспен жауап беруге тырысыңдар:
Анаңды құттықтадың сен қалай? (Тоқып бердім мен оған биялай
(қолғап); салып бердім мен оған саяжай) Тағы басқа нұсқалар болуы
мүмкін.
Тәрбиеші өзіне ұнаған кез келген жолды қатты және жай айтуын
ұсынады.
Одан кейін жаңылтпаш оқиды. Балалар қайталайды. Бұл жерде сабақ
мақсатына сәйкес белгілі бір сөзді бөліп алу керек.
5 ұйымдастырылған оқу іс-әрекет
Бағдарламалық мазмұны:
Байланыстыра сөйлеу. Мәтінді ретімен, мәнерлеп мазмұндап беруді
үйрету; әдеби шығармаға ұқсас өз бетімен әңгіме құратыру. Төл сөзді
төлеу сөзге айналдыра білуді үйрету.
Сөздік. Көпмағыналы "ине" сөзімен таныстыру.
Грамматика. Тілдің дыбыстық мәдениеті. Өз бетімен қысқа және ұзақ
сөздерді іріктеп алуға үйрету.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің барысы:
Тәрбиеші кірпі туралы тақпақ оқиды:
Кірпі, кірпі, кірпі,
Үстің толған ине.
Бірін берсең шіркін,
Қадар едім түйме.
Сұрақтар қояды: Бұл тақпақта не туралы айтылған? Кірпіден қандай
ине сұрап тұрмыз?
Берілген тақпақты балалармен жаттау. Хормен және жеке айтқызу.
Келесі тапсырма: Балалар қазір біз сендермен орманға саяхатқа
шығамыз.
"Орманда болған кездеріңді еске алыңдар, онда нелерді көрдіңдер.
Солар жөнінде айтып беріңдер". Екі-төрт баланың жауабын тыңдап,
балаларды қатыстыра отырып, тәрбиеші баға береді.
Тәрбиеші сөйлем оқиды: "Кірпіде инелер бар".
"Ойланыңдаршы, "ине" сөзімен тағы нелерді атауға болады?
(шыршаның инесі, тігін инесі). Неге бұл инелердің бәрін бір сөзбен
атайды?" Егер балалар жауап бере алмаса, тәрбиеші бағыттаушы сұрақтар
қояды: "Бұл инелер бір біріне несімен ұқсайды?"
Ойын ұйымдастырылады: "Түскі асқа түлкішектерге не
дайындаймыз?"
(бұл ойында "Дыбысталатын сөздер" құрамынан "Ағайынды
түлкішектер" суретін қолдануға болады.).
"Ерте, ерте, ертеде екі ағайынды түлкішек болыпты. Оларды қалай
атайсыңдар? Өздерің ойластырыңдар. Біреуінің лақап аты қысқа сөзбен
белгіленді. Оны қалай атаймыз? (Қу, Киш, Таф, Пәле, Тип). Ал екіншісінің
лақап атына ұзын сөзді таңдап алыңдар. ( Жиренсары, Үшкіртұмсық,
Жиренқұйрық)
Киш қысқа сөздермен аталатын нәрселердің бәрін жақсы көрді, ал
Жиренқұйрық ұзын сөздермен аталатындардың бәрін жақсы көрді.
Түскі асты дайындауда түлкінің анасының машақаты көп болды:
әрқайсысына не дайындайтынын білмеді.
Балалар, түлкінің анасына түскі асты дайындауда бір астың атын
ойластыруға көмектесейік. Киш қандай асты ұнатады? Ұмытпаңдар, аты
қысқа болуы керек. (Көже, сорпа, борщ, щи.)
Жиренқұйрыққа не дайындауға болады? Ұмытпаңдар, аты ұзақ сөз
болуы керек. (Түшпәра, қызылша көжесі, т.с.с.)
Түлкі-мама Киш үшін қандай екінші тамақ әзірлейді? (Палау, рагу,
ботқа,.)
Екінші түлкі үшін ше? (жұмыртқа, тефтели, макароны.)
Үшінші тағамға Киш не ала алады? (Шырын, шәй, квас, морс.)
Ал Жиренқұйрық ше? (Лимонад, қатық.)
Түлкінің мамасына өте жақсы көмектестіңіздер".
6 ұйымдастырылған оқу іс-әрекет
Бағдарламалық мазмұны:
Байланыстыра сөйлеу. Ертегіні мазмұндай алу біліктілігін бекіту.
Грамматика. Сөздік. Тілінде құрмалас сөйлемдерді қолдану
белсенділігін арттыру. Мәтінде сын есімдердің қысқа түрлерін қолдануға,
оларды белсенді сөздікке енгізуге балалардың назарын аудару. Түбірлес
сөздерді құрауға жаттықтыру. Антоним сөздерді қолдануға үйрету .
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің барысы:
Тәрбиеші балаларға Л. Н. Толстойдың "Тиін бұтақтан бұтаққа
секіреді..." ертегісін тыңдауды ұсынады. Қысқа әңгіме жүргізеді:
1. Ертегі не туралы айтылған?
2.Ертегі кейіпкерлеріне неболды?
3. Қасқыр тиінді неге жібере салды?
4. Қасқыр неге тиіндер әрдайым көңілді жүреді деп ойлады?
5. Неліктен тиіндер көңілді, ал қасқыр әрдайым көңілсіз? Бұл ертегіде
қалай суреттелген? (Балалардың жауабынан кейін ертегіден үзінді келтіріп
отырады.)
Тәрбиеші тағы да ертегіні оқып, жазушының дәл, тауып айтқан
сөздеріне назар аударады.
Осы ертегіні айтып беруді, жазып алып, барлық ата-аналары
балаларының немен айналысқанын білуі үшін, " Ата-аналар бұрышына"
орналастыруды ұсынады. Объясняет: "Кімге мен қолыммен көрсетсем сол
ертегіні айта бастайды. Қалғандары мұқият тыңдап отыруы керек. Келесі
мен көрсеткен бала әрі қарай жалғастырады. Ертегі жазушыныкіндей
түсінікті де қызықты болып шығуы үшін, мүмкіндігінше толық және анық
жазып отыру керек".
Тәрбиеші бірінші баланы шақырады. Оның сөйлемінің интонациямен
аяқталғандығы педагог үшін бағдар болады - ол келесі ертегішіні
шақырады. Т.с.с.
Сосын жазылған мәтін толығымен оқылады және түзетулер енгізіледі.
Тәрбиеші айтады: "Ертегіде тиіндердің көңілді екендігі туралы
айтылған. Олар бұтадан бұтаға секіреді, ойнайды. Олар көңілденгенде
тағы не істейді? (Балалар жауабы)
Тыңдаңдаршы, тиіндер көңілділігін әртүрлі қалай айтуға болады:
"Көңілденген тиіндер", "Тиіндер көңілді", "Тиіндер көңілденуде",
"Тиіндерге өте көңілді" (түбірлес сөздер баса айтылу сұралады)
Тиіндер көңілді, ал қасқыр тіпті көңілсіз; ол қандай? (Қайғылы,
мұңды)
Тиіндер көңілденеді, ал қасқыр ... (мұңаяды).
Тиіндерге көңілді, ал қасқырға ... (мұңды).
Сендер қасқыр туралы: "мұңды", "мұңаяды" деген сөздерді айттыңдар.
Сөздер әртүрлі, бірақ дыбысталуы ұқсас.
Бұл туыс-сөздер. "Көңілді", "көңілдену" - бұл да туыс сөздер. Ал енді
"қуанышты" сөзінің мағынасына жақын сөздерді таңдап алыңдар. (Егер
балалар мұндай сөздерді аз айтса, педагог тапсырманың орындалу үлгісін
береді. Можно сказать: "Тиіндер көңілденуде", "тиіндер қуануда", "оларға
көңілді" немесе "оларға қуанышты", "олар көңілді" немесе "олар
қуанышты", "тиіндерде көңілді" және "тиіндерде қуанышты".)
Біз көптеген туыс-сөздерді еске түсірдік. Олармен сөйлем құраңдар.
"Көктемгі" сөзіне туыс-сөздерді еске түсіріңдер.
Осы сөздермен сөйлемдер құраңдар.
"Көңілді" сөзінің мағынасына қарама-қарсы сөзді атаңдар.
"Көңілді" (қуанышты) сөздерінің мағынасына жақын сөздерді таңдап
алыңдар.
"Көңілді" деп не туралы айтуға болады? ( Бала, дауыс, күлкі, әңгіме)
"Көктемгі" деп не туралы айтуға болады? (Күн, қар, жылға, мұз)
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетте соңында тәрбиеші балаларға
серуенде немесе үйде туыс-сөздермен атауға болатын заттарды,
нәрселерді іздеп табуды ұсынады.
2.4 Тіл дамыту, айналамен танысу және математика
бойынша
материалдарды меңгерудегі
бақылау ұйымдастырылған оқу іс-әрекет конспектілері
1 ұйымдастырылған оқу іс-әрекет
Тақырып: "Астық мерекесі"
Ескерту: Осы және келесі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетте
балаларға ұсынылған міндеттер анық тұжырымдалу қажет, балаларға
сұрақтарды айқын қою, түсіндіруден соң ойлануға уақыт беру,
балалардың жауабын бөлмеу қажет.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет барысы:
Тәрбиеші:
- Балалар, бүгін бізде әдеттен тыс сабақ.. Біз сендермен астық
мерекесін ұйымдастырайық, бірақ алдымен астықты жинап алайық.
Оларды қайда жинайды?
Ал біз өнімді былай жинаймыз: әрбір қатар- бұл бригада. Міне әр
бригада үшін себет (жазық себеттер орнатады).
Ал міне өнімдер (жазық жемістер, көкөністер, саңырауқұлақтар,
жидектер бейнелері көрсетіледі), бірақ та менің есебімді дұрыс
шешкеннен соң ғана оларды себетке салуға болады. Бригадалар өзара
жарысады, кім көп есеп шешсе - солардың өнімі көп болады. Мұқият
болыңдар.Жауабы дұрыс және барлығына түсінікті болу қажет.
1.Мақсаты: қозғалатын нәрселерді ажырату және олардың
ерекшеліктерін алу қабілеттерін анықтау.
Тақтаға көліктің түрлері:велосипед, автобус, самолет, троллейбус
және т.б. бейнеленген заттық суреттер ілінеді.
- Суреттерге мұқият қараңдар да, ойланыңдар, мұндағы бейнелерді бір
сөзбен қалай айтуға болады.
- Ал енді әрбір бригада қандай көлікпен жолға шығатынын білу
қажет.Міндет: Мен көліктің әр түрі туралы (оның түрі қандай, қалай
жұмыс істейді, кім оны жүргізеді) әңгімелеймін.Сендер оның атын атап,
неге олай шешкендеріңді сөзбен түсіндірулерің қажет.Әрбір бригадаға
жеке айтамын.Дұрыс жауабы үшін ұтысқа жеміс немесе көкөніс
алады.Тәрбиеші алдын ала жұмбақ қарастырады. Мысалы: Бұл қалалық
көлік.Ол бір немесе бірнеше вагоннан тұрады. Бір вагонында электр
сымына қосылған доғасы бар.Көлік рельспен ғана жүреді. Оны жүргізуші
жүргізеді. Бұл не? (Барлық бригадаларға осылайша тапсырма беріледі).
2. Мақсаты: заттардың белгілі бір қасиеттерін бөліп алу, салыстыру
және топтау біліктерін анықтау.
Материал: әр балада жеміс пен көкөніс бейнеленген сурет. Суреттер
әр бала екі рет ойнай алатындай етіп алыну керек.
-Міне енді біз жолға шығамыз.Бірінші аялдама бақшада немесе бауд.
- Бізде үстелдің үстінде жеміс пен көкөніс бейнеленген заттық
суреттер бар. Әрқайсыларың өз суреттеріңді алып, мұқият қараңдар
(пауза).
- Ал енді тапсырманы тыңдаңдар:
- Балалар, кімде: а) дөңгелек пішінді; б) сопақша пішінді жемістер бар,
солар менім қасыма келіңдер.
Балалар суреттерін көрсетіп , жемістерді атайды.
Ойын тағы да осылайша бір рет қайталанады.
3. Мақсаты: сөздегі алғашқы дыбысты ажырата білу қабілетін
анықтау.
-"к" дыбысына басталатын жеміс суреттері бар балалар, менің қасыма
келеді.
Қолындағы суреттегі жемістер атауы "а", "қ", "с", "ш" дыбысынан
басталатын балалар үстелден шығыңдар. Топқа жалпы сұрақ: "Балалар
тапсырманы дұрыс орындады ма?" (Тәрбиеші бақылау жүргізу үшін әрбір
тапсырмаға берілетін суреттер санын толық білу қажет. Егер кейбір
балалар шықпаса, тапсырманы еске алып, топпен бірге тағы бір рет
суреттерді тексеру қажет).
Сергіту сәті
Мақсаты: балабақша қызметкерлері, еңбекке қажетті жабдықтар
туралы білімін анықтау. Үлкендердің мамандықтарына қызығушылық,
үлкендерді және олардың еңбектерінің нәтижесін құрметтей білуге,
жұмысқа деген ықыласын тәрбиелеу
Материал: заттық суреттер: қуыршақ, кітап, пирамида, қарындаштар
(тәрбиеші жұмысы үшін); градусник, дәрілер, шприц, дәке (мед бике
жұмысы үшін); сыпырғыш, арбаша, қалақша, күрек (аула сыпырушы
жұмысы үшін); пышақ, кәстрөл, ожау, таразы, таба (аспазшы жұмысы
үшін). Суреттерді ойыншық заттармен алмастыруға болады.
-Біздің саяхат жалғастырылады. "Балабақша" аялдамасы. Балабақшада
кімдер жұмыс істейді?( балалардың жауабы)
-Адамдарға жұмыс істеу үшін әртүрлі жабдықтар, құралдар керек.
Тақтада бірнеше еңбек құралдары бейнеленген суреттер ілулі тұр. Мұқият
қарап алыңдар. (Сәл үзіліс жасалады).
-Ал енді ойнаймыз. Кім тәрбиеші болғысы келеді? Медбике, аула
сыпырушы,аспаз болғысы келеді? (Балалар шығады).
-Өздеріңнің мамандықтарыңа қажетті құралдар бейнеленген
суреттерді таңдап алыңдар.
Енді құралдарды атап, онымен не істейтіндіктеріңді түсіндіріңдер..
Мақсаты: жануарлар, олардың өмір сүру әдістері, қөректенуі,
қорғануы туралы балалардың білімін анықтау; шартты өлшемдерді
қолдана білетіндігін анықтау; ұжымдық әңгімелесуге қатысуға:
жолдастарының жауаптарын зейін қойып тыңдай білу, топқа берілген
сұраққа жауап беру қабілетін анықтау.
Материал: құрбақа, қоян және тиін бейнеленген заттық суреттер, осы
жануарлардың маскасы. Ұзындықтары бойынша әртүрлі үш өлшеуіш-
сызғыштар.
-Келесі аялдама "Орман". Ертегіні тыңдаңдар: "Орманда дос аңдар:
Құрбақа, Қоян, Тиін өмір сүріпті.Олар секіре алатындықтан үшеуі дос
болыпты. Сендер қалай ойлайсыңдар. Олар неге секіреді?".
- Бір күні олар жарыс ұйымдастырыпты: Бір ағаштан екінші ағашқа
кім тез секіреді. Олар белгі бойынша секіре бастайды. Үшеуі де өте
тырысады.
- Балалар, қалай ойлайсыңдар, кім бірінші болуы мүмкін? Неге?
- Енді олар қалай жарысқандығын көрейік. Міне спортшы- достар
мыналар. (тілек білдірген балаларға маскалар беріледі). Ал міне мынау
секіру ұзындығын белгілейтін өлшеуіш-сызғыштар. Кімге қайсысы керек?
("Спортшылар" өздері таңдайды).
- Сөре мен мәренің белгілері міне! (Затпен немесе жалаушамен
белгілейді). Былай секіресіңдер: белгі бойынша бәрің бір уақытта
өлшеуіш-сызғыштарыңмен өлшеп, бормен белгілейсіңдер. Төреші секіру-
өлшемінің дәлдігін қадағалайды.
- Дайындалыңдар! Сөреге! Марш!
- Достар орманда жарысып жүргенде, көрермен- аңдар сыйлықтар
дайындайды. Бұл олардың сүйікті астары болады.
- Қалай ойлайсыңдар, кімге қандай сыйлық сыйлаймыз?
- Осы кезде Қасқыр жетіп келді. Біздің достар қорқып , қасқырдан
қорғануға кірісті. Қалай ойлайсыңдар, олар қалайша қорғанды?
- Міне, ертегі де аяқталды. Жарайсыңдар!
2 ұйымдастырылған оқу іс-әрекет
Тақырыбы: «Кітаптар еліне саяхат»
Мақсаты: балалардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мазмұны
бойынша сұрақтар қоя білу, жолдастарының жауабын мұқият тыңдай білу,
тақырыптан ауытқымай көргенін немесе естігенін байланыстыра
әңгімелей алу білігін анықтау. Шығармадағы кейіпкерлердің адамгершілік
қасиеттерін айыра білу және оларды бағалай білу.
- Балалар, біз сүйікті кітаптар еліне келдік. Саяхатты былайша
жасаймыз: мен сендерге сурет, зат көрсетемін немесе шығармадан үзінді
оқимын, ал сендер осы шығарманың атын және онда не туралы
айтылатынын еске түсіресіңдер.
Тәрбиеші заттарды көрсетеді: құмыра мен табақ, ("Түлкі мен тырна"
ертегісі бойынша). "Алдар көсе мен шықбермес Шығайбай" ертегісіне
иллюстрация немесе ертегіден үзінді оқылады. Қызыл телпек немесе
қызыл телпек киген қуырша ( Ш.Перроның "Қызыл телпекті қыз" ертегісі
бойынша) және т.б.
1.Мақсаты: балалардың жеке гигиена заттарын қолдана білу
қабілеттерін анықтау; затты сипаттай білуі
Материал: Заттар: тарақ, тіс щеткасы, киім щеткасы, сабын орамал,
тіс пастасы.
-Бұл қапта да сендердің сүйікті кітапшаларыңның кейіпкерлері. Мен
қапшықтан заттарды аламын, ал сендер оларды атап және қалай қолдануға
болатынын түсіндіріңдер.
Барлық заттарды шығарған соң, тәрбиеші сұрайды? "Бұл кейіпкер-
заттар бізге қандай кітаптан келді?" (К.Чуковский "Мойдодыр").
3 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет -ойын "Бәрін білгім келеді"
Мақсаты: Күн жүйесінің планеталары бойынша балаларға қарапайым
түсінік беру; Жер бетінде жерліктер, басқа планетада - инопланетяндар,
басқа планета адамдары тұратындығын білу.
1. -Өлең шығармашылығына үйрету.
2. Қазақ даласының жануарлары туралы білімдерін тереңдету; туған
жерінің табиғатын сақтауға жауапкершілік сезімін дамыту.
3. "Ертегі" жанырымен жұмысты жалғастыру; "Тапқыр бала" қазақтың
халық ертегісімен таныстыру; тілді жаңа сөздермен байыту-батыр, жігіт,
шапан, аңыз, талқан, ұршық, пері.
4. Туған елімен таныстыруды жалғастыру.
5. Дене шынықтыру сапаласы мен дағдыларын дамып жаттықтыру.
6. Аспаптық музыкаға сәйкес вальс биінің қозғалыстарын орындау.
7. Эмоциональдық және психологиялық қабылдауды және ойын
арқылы жаңаны тану ықыласын дамыту.
8. Қазахстандық патриотизмді дамытуға қолдау жасау.
Материал: Күн жүйесі планеталарының тақтадағы модуль-сызбасы
(схема); таяқтар, дауылпаз; "Космонавт" медалі; "Казақстана жануарлары"
иллюстрациясы; ертегіші Рахат Лукумның чалмасы; ұршық; ертегілерге
иллюстрациялар; теледидар; проигрыватель; "Бәрін білгім келеді" деген
өлеңі бар күйтабағы, магнитофон; Хамидидің "Казақ вальсі"
фонограммасы; "Жайляу" ойынына казақ халқы сазының фонограммасы;
"сиқырлы" таяқшалар; фишкалар.
1. "Психологиялық шеңбер" - бір біріне жақсылық, табыс тілеу.
2. Іс-әрекетке ынталандыру:
- Тақтаға қараңдар! Бұл не екенін білгілерің келе ме? Балалардың
жауабы.
- Міне сендер бүгінгі күннің ұранын анықтадыңдар, яғни бүгін немен
айналысатындықтарыңа мақсат қойдыңдар. Оны бәріміз қосылып
айтайық: Бәрін білгім келеді!
3. Бүгін біз космосқа ұшамыз, әртүрлі планеталарда боламыз, одан соң
елге қайтып ораламыз. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті бастамас бұрын
ұранды тағы еске түсірейік.
Балалар: "Бәрін білгім келеді!"
2.Күн жүйесінің планеталарымен танысу.
- Мұнда қараңдаршы! Бұл күн жүйесінің планеталары. Планеталар деп
қандай да бір жұлдызды айналып қозғалатын аспан денелерін айтамыз.
- Сендер жұлдызды көрдіңдер ме? Ал қандай да бір планетаны
көрдіңдер ме? Менің ойымша көрдіңдер. Қараңғы түндер болады, тек қана
жұлдыздар жарқырайды. Жарық түндер де болады, өйткені бір планета
жарық береді, ол-Ай. Міне ол-Ай планетасы. Ал мына планеталар
Меркурий, Венера, Марс, Европа, Юпитер, Сатурн.Ал, планета атауларын
қайталайық.
- Қараңдаршы, міне біздің Жер планетамыз. Ол басқа планеталардан
түсі жағынан бөліктенеді. Басқа планеталар -оттай қызыл, Ай-суық, ал
Жер - көгілдір -жасыл, өйткені мұнда ормандар, теңіздер, өзендер өте
көп.Сондықтан да мұнда өмір сүру бізге жақсы және ыңғайлы.
- Қалай ойлайсындар бұл не? ( Күнді көрсетеді ). Одан жылу мен
жарық шығады. Иә, бұл күн. Күн-планета емес, ол ең үлкен жұлдыз.
Барлық планеталар күнді айналады. Мүмкін оларда жерлік емес, басқа
планеталықтар - инопланетяндар өмір сүретін болар. Біз Жер
планетасында тұрамыз, біз оның тұрғындары, жер ададарымыз. Біз кімбіз?
(Жер адамдары, жерліктер).
- Өзге планеталарда болғыларың келеді ме? Олай болса, бізді жүйрік
ракеталар күтіп тұр ? Ал ракеталарда ғарышкерлер ұшады. Ғарышкерлер
қатарына жазылу - тек жаттығудан кейін. Жаттығуға сап түзейміз! (Сапқа
тұрады).
Сергіту ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің 1-бөлігі өткізіледі:
Бой жазу: жай жүру (30сек), баяу жүгіру (30 сек), жай жүру (30сек),
жартылай отырып жүру (30сек), жай жүру 30сек), қимылдар жаттығуы (2-
3 минуты), баяу жүгіру (30сек), жыланша жүру (30сек), диагональ
бойымен жүгіру, кең адымдап жүгіру (30сек), жай жүру (30сек).
Қатарға тұру: таяқтарды алып, жұбымен тұру. Ара қашықтық ұстап
орталықпен жүру.
Таяқпен жалпыдамытатын жаттығулар:
"Штангистер" - б.қ. аяқты алшақ ұстау, таяқ жерде. Қолды көкірек
тұсына көтеру, төмен түсіру (6-8 рет).
"Айналымдар" - б.қ. таяқ жерде. Солға (оңға) деп, солға (оңға) бұрылу,
б.қ. қайта келу. (6-8 рет)
роза  Microsoft word
роза  Microsoft word
роза  Microsoft word
роза  Microsoft word
роза  Microsoft word
роза  Microsoft word
роза  Microsoft word
роза  Microsoft word
роза  Microsoft word
роза  Microsoft word
роза  Microsoft word
роза  Microsoft word
роза  Microsoft word
роза  Microsoft word
роза  Microsoft word
роза  Microsoft word
роза  Microsoft word
роза  Microsoft word
роза  Microsoft word
роза  Microsoft word

More Related Content

Viewers also liked

сагинтаева алмагуль капарова
сагинтаева алмагуль капаровасагинтаева алмагуль капарова
сагинтаева алмагуль капароваAsem Sarsembayeva
 
аманкулов д., босалқа н. жоба
аманкулов д., босалқа н. жобааманкулов д., босалқа н. жоба
аманкулов д., босалқа н. жобаoquzaman
 
Classificatori icf pradal 2016
Classificatori icf pradal 2016Classificatori icf pradal 2016
Classificatori icf pradal 2016CTI_Area_Ulss7
 
Uccu 打造自己的綿羊牆
Uccu 打造自己的綿羊牆Uccu 打造自己的綿羊牆
Uccu 打造自己的綿羊牆SHANG-DE JIANG
 
Mustafa (English CV + Arabic CV + Exp. Certificate)
Mustafa (English CV + Arabic CV + Exp. Certificate)Mustafa (English CV + Arabic CV + Exp. Certificate)
Mustafa (English CV + Arabic CV + Exp. Certificate)Mustafam Abdul Aziz
 
genetic counselling by OLAGBAYE B.ABEL
genetic counselling by OLAGBAYE B.ABELgenetic counselling by OLAGBAYE B.ABEL
genetic counselling by OLAGBAYE B.ABELOLAGBAYE Babakayode A.
 
Introduction to teamwork self paced lesson 2 jm final
Introduction to teamwork self paced lesson 2 jm finalIntroduction to teamwork self paced lesson 2 jm final
Introduction to teamwork self paced lesson 2 jm finalpipersfp7project
 
Leadership (for trainers) 11. full slide deck
Leadership (for trainers) 11. full slide deckLeadership (for trainers) 11. full slide deck
Leadership (for trainers) 11. full slide deckpipersfp7project
 
multy touch interaction
multy touch interactionmulty touch interaction
multy touch interactionRajesh Gaddam
 
Uji perbedaan ayda tri_valen_virdya
Uji perbedaan ayda tri_valen_virdyaUji perbedaan ayda tri_valen_virdya
Uji perbedaan ayda tri_valen_virdyaAyda Fitriani
 
Project Oxygen
Project OxygenProject Oxygen
Project Oxygenshivu1234
 
үш байтерек б.с.д.
үш байтерек б.с.д.үш байтерек б.с.д.
үш байтерек б.с.д.Asem Sarsembayeva
 

Viewers also liked (17)

сагинтаева алмагуль капарова
сагинтаева алмагуль капаровасагинтаева алмагуль капарова
сагинтаева алмагуль капарова
 
озиндик жумыс
озиндик жумысозиндик жумыс
озиндик жумыс
 
мираска
мираскамираска
мираска
 
аманкулов д., босалқа н. жоба
аманкулов д., босалқа н. жобааманкулов д., босалқа н. жоба
аманкулов д., босалқа н. жоба
 
Classificatori icf pradal 2016
Classificatori icf pradal 2016Classificatori icf pradal 2016
Classificatori icf pradal 2016
 
We are survivor
We are survivorWe are survivor
We are survivor
 
Uccu 打造自己的綿羊牆
Uccu 打造自己的綿羊牆Uccu 打造自己的綿羊牆
Uccu 打造自己的綿羊牆
 
Clases sociales
Clases socialesClases sociales
Clases sociales
 
Mustafa (English CV + Arabic CV + Exp. Certificate)
Mustafa (English CV + Arabic CV + Exp. Certificate)Mustafa (English CV + Arabic CV + Exp. Certificate)
Mustafa (English CV + Arabic CV + Exp. Certificate)
 
сыңғырла соңғы қоңырау
сыңғырла соңғы қоңыраусыңғырла соңғы қоңырау
сыңғырла соңғы қоңырау
 
genetic counselling by OLAGBAYE B.ABEL
genetic counselling by OLAGBAYE B.ABELgenetic counselling by OLAGBAYE B.ABEL
genetic counselling by OLAGBAYE B.ABEL
 
Introduction to teamwork self paced lesson 2 jm final
Introduction to teamwork self paced lesson 2 jm finalIntroduction to teamwork self paced lesson 2 jm final
Introduction to teamwork self paced lesson 2 jm final
 
Leadership (for trainers) 11. full slide deck
Leadership (for trainers) 11. full slide deckLeadership (for trainers) 11. full slide deck
Leadership (for trainers) 11. full slide deck
 
multy touch interaction
multy touch interactionmulty touch interaction
multy touch interaction
 
Uji perbedaan ayda tri_valen_virdya
Uji perbedaan ayda tri_valen_virdyaUji perbedaan ayda tri_valen_virdya
Uji perbedaan ayda tri_valen_virdya
 
Project Oxygen
Project OxygenProject Oxygen
Project Oxygen
 
үш байтерек б.с.д.
үш байтерек б.с.д.үш байтерек б.с.д.
үш байтерек б.с.д.
 

Similar to роза Microsoft word

тюлембекова м.ж.
тюлембекова м.ж.тюлембекова м.ж.
тюлембекова м.ж.Asem Sarsembayeva
 
5. оқу бағдарлама қазақ тілі т2 бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114
5. оқу бағдарлама қазақ тілі т2 бастауыш мектеп 1 нұсқа 3101145. оқу бағдарлама қазақ тілі т2 бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114
5. оқу бағдарлама қазақ тілі т2 бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114NisEdu
 
грамматикалық тақырыпты оқыту
грамматикалық тақырыпты оқытуграмматикалық тақырыпты оқыту
грамматикалық тақырыпты оқытуAsem Sarsembayeva
 
бағдарлама
бағдарламабағдарлама
бағдарламаoquzaman
 
заманауи сабақ үлгісі
заманауи сабақ үлгісізаманауи сабақ үлгісі
заманауи сабақ үлгісіAsem Sarsembayeva
 
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасыСөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасыBilim All
 
шапей жайнағаламdgfh
шапей жайнағаламdgfhшапей жайнағаламdgfh
шапей жайнағаламdgfhNurlan Abilhanov
 
шетел тілін оқыту әдістемесі пәні сабақтарында студенттердің коммуникативтік ...
шетел тілін оқыту әдістемесі пәні сабақтарында студенттердің коммуникативтік ...шетел тілін оқыту әдістемесі пәні сабақтарында студенттердің коммуникативтік ...
шетел тілін оқыту әдістемесі пәні сабақтарында студенттердің коммуникативтік ...Вспомогательный образовательный сайт
 
әдептілік ашық сабақ 1
әдептілік ашық сабақ 1әдептілік ашық сабақ 1
әдептілік ашық сабақ 1Asem Sarsembayeva
 
Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды көп мәдениетті...
Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды көп мәдениетті...Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды көп мәдениетті...
Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды көп мәдениетті...salta dyussembayeva
 
жобалау оташева ж
жобалау оташева жжобалау оташева ж
жобалау оташева жAsem Sarsembayeva
 

Similar to роза Microsoft word (20)

87478
8747887478
87478
 
Kazak tili
Kazak tiliKazak tili
Kazak tili
 
тюлембекова м.ж.
тюлембекова м.ж.тюлембекова м.ж.
тюлембекова м.ж.
 
5. оқу бағдарлама қазақ тілі т2 бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114
5. оқу бағдарлама қазақ тілі т2 бастауыш мектеп 1 нұсқа 3101145. оқу бағдарлама қазақ тілі т2 бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114
5. оқу бағдарлама қазақ тілі т2 бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114
 
грамматикалық тақырыпты оқыту
грамматикалық тақырыпты оқытуграмматикалық тақырыпты оқыту
грамматикалық тақырыпты оқыту
 
жануарлар сабақ жоспары
жануарлар сабақ жоспарыжануарлар сабақ жоспары
жануарлар сабақ жоспары
 
бағдарлама
бағдарламабағдарлама
бағдарлама
 
заманауи сабақ үлгісі
заманауи сабақ үлгісізаманауи сабақ үлгісі
заманауи сабақ үлгісі
 
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасыСөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы
 
ыаы
ыаыыаы
ыаы
 
шапей жайнағаламdgfh
шапей жайнағаламdgfhшапей жайнағаламdgfh
шапей жайнағаламdgfh
 
2013zxzxz
2013zxzxz2013zxzxz
2013zxzxz
 
36sddadwd
36sddadwd36sddadwd
36sddadwd
 
Ggg
GggGgg
Ggg
 
шетел тілін оқыту әдістемесі пәні сабақтарында студенттердің коммуникативтік ...
шетел тілін оқыту әдістемесі пәні сабақтарында студенттердің коммуникативтік ...шетел тілін оқыту әдістемесі пәні сабақтарында студенттердің коммуникативтік ...
шетел тілін оқыту әдістемесі пәні сабақтарында студенттердің коммуникативтік ...
 
Sjda
SjdaSjda
Sjda
 
әдептілік ашық сабақ 1
әдептілік ашық сабақ 1әдептілік ашық сабақ 1
әдептілік ашық сабақ 1
 
Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды көп мәдениетті...
Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды көп мәдениетті...Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды көп мәдениетті...
Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды көп мәдениетті...
 
техкарта новый
техкарта новыйтехкарта новый
техкарта новый
 
жобалау оташева ж
жобалау оташева жжобалау оташева ж
жобалау оташева ж
 

роза Microsoft word

  • 1. Тақырыбы: «Тіл дамыту үрдісінде мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттіліктерін арттыру»
  • 2. Мазмұны 1. Кіріспе 2. Негізгі бөлім 2.1 Балалар тілінің даму жағдайын зерттеу 2.2 Тіл ұстарту нұсқаулары 2.3 Тіл дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті жоспарлау үлгісі 2.4. Тіл дамыту, айналамен танысу және математика бойынша материалдарды меңгерудегі бақылау ұйымдастырылған оқу іс-әрекет конспектілері 3. Қорытынды 4. Әдебиеттер тізімі
  • 3. Мақсаты: Практикалық іс-әрекет арқылы мектепке дейінгі балалардың сөйлеу және тіл шығармашылығының дағдыларын қалыптастырудың оқыту үлгісін құрастыру. Міндеттер: 1. Мектепке дейінгі баллалардың тілін дамыту саласындағы шетелдік және қазақстандық жетістіктерінің талдауы және іріктеуі. 2. Балалардың күнделікті тіл қарым-қатынасын қалыптастырудың әдіс-тәсілдерінің жіне жұмысының жүйелілігі. 3. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті ұйымдастыруда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану. 4. Балалардың шығармашылық қабілеттілігін дамытуда, оларға көмек көрсету.
  • 4. ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІ: Тілдің дамуы - белсенді іс-әрекеттің және коммуникативтік қарым-қатынастың маңызды құралы. ЗЕРТТЕУ ЗАТЫ: Мектепке дейінгі баланың шығармашылық қабілеттілігін дамыту баланың тілін дамытудың және жаңа заманның жағдайларына бейімделуінің қосалқы бөлімі.
  • 5. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ІСКЕ АСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ 2010-2011 жыл 2011-2012 жыл 2012-2013 жыл Зерттеу еңгізу бақылау Анықтамалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу. Перспективтік жоспарды құрастыру. Балалармен ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттер, дамыту ойындар, бақылау сабақтар жүргізу. Тәрбиешілермен тренингтер жүргізу. Балалардың бағдарламалық материалдарды игеруінің диагностикасы . КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР ТІЛ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНДАҒЫ БАЛАНЫҢ
  • 6. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚИЯЛЫНЫҢ ДАМУЫ Баланың қысқа мәлімдемелер, әңгімелер, ертегілер ойлап шығару қызғушылығы арттырылады, грамматикалық және логикалық қателіктер жасамайды. Тіл қарым- қатынасында белсенді, тіл байлығы жақсы, тіл құралдарын мәнерлі дұрыс қолдана алады. Тілі таза, дұрыс қалыптасады, арнайы дабыстарды айтуда қиналмайды, сөздерді сөйлеуде қателіктер жібермейді. Бала тіл дамуының дағдыларын жақсы ігереді. Бала қысқа мәлімдемелер, әңгімелер, ертегілер ойлап шығару, композицияларды өз бетімен көркемдеуде ынталы, белсене әрекеттенеді. Бала әртүрлі тіл құралдарын жан-жақты қолдана алады. Монолог және диалогтарды грамматикалық тұрғыдан дұрыс құрастыра алады. Тіл байлығы мол, тіл құралдарын мәнерлі дұрыс қолдана алады.
  • 7. Тұжырымдама Мектепке дейінгі ересек жасында бала ана тілінде жеткілікті түсіндіріп, сөйлей алады. Бұл балалардың жеткілікті тәжірибесімен (өткен уақыт мерзімімен салыстырғанда), интеллектуалдық қабілеттерінің дамуы: әр алуан байланыстарды орната алуымен, біліктерін оңай қолдана алуымен, жалпылап қорытынды жасай алуымен байланысты. Адамдардың жаңа әлеміне, олардың қарым-қатынасының ерекшеліктеріне қызығушылық қарым-қатынастың жаңа басым түрін анықтайды. Бұл жастағы балаларға айналадағылардың сөйлеуіне және өзінің сөз саптауын бақылауға қатысты сыни, бағалаушылық қатынас тән. Олар сөздерді өзгерте, жаңа сөздер ойлап таба белсенді тәжірибелер жасайды, сөйлеу іс әрекетіне шығармашылықпен кіріседі: жұмбақтар, ертегілер, әңгімелер ойлап табады. Балада ерекше таным объектісі ретінде сөйлеуге қызығушылық пайда болады: оны сөздің дыбысталуы мен мағынасы, дыбыстық түрі, сөйлеудегі сөз тіркестері мен сөздердің қабысуы қызықтыра бастайды. Мектепке дейінгі ересек жастағы баланың әңгімелесушінің назарын аударғысы келетіні мәнерлі, нық сөйлегісі келетіндігінен көрінеді. Бұл жаста бала тек дауыс ырғағын ғана емес, эпитет, салыстыру, метафора тәрізді мәнерлі сөйлеу әдістерін де меңгеруге қабілетті болады. Мектепке дейінгі ересек жасқа жеткенде балалардың тілінің дамуында жеке ерекшеліктер байқала бастайды. Бірдей жастағы балалардың сөздік қоры, байланыстыру және грамматикалық сауаттылық жағынан, шығармашылық сөйлеу қабілеті жағынан айырмашылықтар айқын көрінеді.
  • 8. 2.1 Балалар тілінің даму жағдайын зерттеу Мектеп алдында, тәрбиелеу мен оқытуға көшуіне байланысты, балалардың сөйлеу дайындығына баса назар аударылады. Ол үшін белгілі бір әдістемелік әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, балалардың тілінің дамуын жүйелі түрде зерттеп отыру керек. Әдістемелік әдебиеттерде тәрбиешінің балалардың сөйлеуінің қандай жақтарын меңгермегенін, дыбыстарды айтуда қандай кемшіліктер жіберетінін, әр түрлі грамматикалық қателер барлығын анықтауына мүмкіндіктер беретін жекелеген әдіс-тәсілдер ғана беріледі. Сауатты ана тілін меңгеруде балалардың жеке ерекшеліктерінің арасында айырмашылықтар өте зор. Бірдей жастағы балалардың тілді меңгеру диапазоны өте кең екендігін бақылаулар көрсетті. Бұл балалардың тіл дамуының деңгейлерін анықтау критерийлерін тағайындауға көптеген қиындықтар келтіреді. Тағы бір қиындық, балалардың тілінің даму деңгейі оның әр түрлі бөлімдерінде - фонетика, лексика, грамматикалық құрылым, т.б., әр түрлі болады. Дегенмен, сөздік қоры бай балада сөйлеуді фонетикалық рәсімдеу жағынан елеулі кемшіліктер болуы мүмкін екендігін немесе оқиғаларды жүйелі, реттілігімен баяндаса да, грамматикалық құрылымында қателіктер жіберуі мүмкіндігін практика көрсетіп отыр. Балабақшадағы тіл дамыту жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылып, жолға қойылуы тәрбиешінің топтағы барлық балалардың тілінің даму ерекшеліктерін білуімен тығыз байланысты. Бұл өз жұмысын дұрыс жоспарлауға, балалардың материалдарды меңгеруіне байланысты түзету жұмыстарын жүргізуіне жағдай жасайды. Балаларды таңдау арқылы зерттеу педагогқа балалардың материалдарды меңгеру дәрежесін бақылауға, жекелеген әдістемелік тәсілдердің, дидактикалық ойындардың, жаттығулардың тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді.
  • 9. Материалдардың меңгерілуін жүйелі түрде диагностикалау балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастықты жүзеге асыруда маңызды роль атқарады. Мектепке барғанда балалар шамамен бірдей тілінің даму деңгейіне ие болуы керек. Жан жақты жекелей зерттеулер баланың тілінің даму деңгейін дәлірек анықтауға мүмкіндік береді, бірақ көп уақыт жұмсауды қажет етеді. Уақытты үнемдеу мақсатында таңдау арқылы зерттеумен қатар, сөйлеудің әр түрлі тарауларын меңгеруін анықтауға мүмкіндік беретіндей біріктірілген тапсырмаларды қолдануға болады. Мысалы, баланың көркем әдебиетті білуін анықтау барысында, оған қандай да бір ертегіні әңгімелеу (немесе өлең оқу) тапсырылады, тексеруші бір мезгілде дыбыстырды айтуын, дауыс ырғағын, дауыс аппаратымен жұмыс істей білуін белгілеп отырады. Бала сурет бойынша әңгіме құрастыру барысында (байланыстыра сөйлеу дамуын айқындау) тәрбиеші қандай сөйлемдер қолданатындығына (сөйлеудің синтаксистік жағының қалыптасуын анықтау), қандай лексикалық құралдар пайдаланатындығына (сөздік қорын анықтау), қандай дыбыстарды таза айтып, қандайын айтуда қиналатындығына назар аударады. Бір мезгілде топтың немесе топ бөлігінің жадығаттарды меңгеру деңгейін анықтау үшін кейбір әдістемелік тәсілдер мен тапсырмалар қолданылуы мүмкін, мысалы, жанрларды білу. Балалардың тілінің даму деңгейін анықтау үшін оқу-тәрбие жұмыстарында және күнделікті өмірде жүргізілетін арнайы бақылаулардың маңызы зор. Педагог белгілі бір уақыт аралығында тек бақылау ғана жүргізбейді, бала тілінің кемшіліктері мен бағдарламалық материалдарды меңгеруіндегі алға басуларын, грамматикалық нысандарын меңгеруін де анықтап отырады.
  • 10. Сөйлеуді зерттеу бақылау-тексеру сабақтарында да жүргізіледі, тәрбиеші баланың қандай тілдік материалдарды меңгергендігін анықтайтын тапсырмалар береді. Бала тілінің дамуында елеулі ауытқулар болған жағдайларда ата- аналарымен әңгімелесулер жүргізіліп, оның мүмкін себептері анықталады, балаға көмектесу үшін кеңестер беріледі. Балалардың сөйлеуін зерттеу мақсатында қолданылатын төмендегі материалдар балалардың сөздік қарым-қатынасының қалыптасыу деңгейін (қарым-қатынас мәдениеті) тағайындауға, сөйлеуді жүзеге асыру және оны қабылдау дағдыларын, лексикалық қорын, әңгімелей білуін анықтауға бағытталған әр түрлі тапсырмалардан тұрады. Ересектермен және құрбыларымен сөздік қарым-қатынас жасау (қарым-қатынас мәдениеті) дағдысының қалыптасуы 1. Сөздік қарым-қатынас дағдылары: • ересектермен немесе құрбыларымен сөздік қарым-қатынасқа түсуге талабының барлығы немесе жоқтығы; • өзіне таныс тақырыпта ересектермен немесе құрбыларымен әңгімеге араласа алуы; • балалармен қалай сөйлеседі: көп, аз, үндемейді. 2. Қарым-қатынас мәдениеті: • бала ересектермен, құрбыларымен сыпайы сөйлеседі ме; • ересектерді қалай атайды: ата мен әкесінің атымен, "сіз" деп немесе басқаша; • ересектерге немесе таныс емес адамдарға бірінші сәлем береді ме немесе есіне салып отыру керек пе, қоштасуды ұмытып кетпейді ме; • көрсетілген көмекке алғыс айтады ма, бұл кезде "рахмет", "кешіріңіз", "өтінемін" деген сөздерді қолданады ма;
  • 11. • бала сөздерінде әдеби емес лексикалар кездеседі ме; • бала қарым-қатынас жағдайына байланысты әр түрлі дауыс қаттылығын қолданады ма (тамақтану барысында, ұйқыға жатар алдында, сыбырлап, ақырын сөйлесу; сабақ кезінде - жеткілікті қатты); • әңгімелесіп отырған адамын аяғына дейін тыңдай алады ма немесе жиі алаңдайды ма, әңгімелесуші сөзін жиі бөлуге қабілетті ме; • балалармен сабырлы келісімге келеді ме; ойнағанда рольдерді, еңбек еткенде міндеттерді бөліп, өз әрекеттерін келісе алады ма; • баланың қарым-қатынас мәнері қандай: тілектестік, кішіпейілдік, талапкершілік; • қарым-қатынас мәдениеті туралы ересектердің ескертулеріне құлақ салады ма, кемшіліктерін жоюға күш салады ма; • балалардың, бейтаныс адамдардың алдында сөйлей алады ма, әлде ұялып, қорқады ма. Зерттеу тәсілдері: бақылау (сабақта, ойын кезінде және күнделікті өмірде); тәрбиешілермен, балалармен әңгімелесулер. Сөйлесудің дыбыстық мәдениеті 1. Сөйлеудің айтылу жағы. Балаға өлең оқуды немесе таныс ертегі, әңгімені айтып беруге тапсырма беріңіз. Дұрыс айтылмаған сөздерді жазып отырыңыз. Белгілеңіз: • дауыстың қаттылығы: сөйлеу барысы жеткілікті қатты, баяу немесе ақырын; • сөйлеу жылдамдығы (темп): шапшаң, орташа, баяу; Өлең оқу, әңгімелеу немесе әңгімелесу барысында анықтаңыз: • тілінің анықтығы (дикция): анық, жеткілікті анық емес;
  • 12. • айтудың әдеби нормаларын сақтай білуі (орфоэпия): ауытқушылық жоқ, ауытқулар бар; • дыбыстарды айту - балалар қандай дыбыстарды дұрыс айтпайды, ол балалардың санын көрсетіңіз (%-н). Дыбыстарды айтуын дәлірек зерттеу үшін заттық суреттер таңдап алыңыз, суреттер атауларында тексерілетін дыбыстар әр түрлі орындарда тұратын болсын. Әсіресе с, з, ш, ж, л, р, қ, ғ, һ, ы , і, ұ, ү, ө, дыбыстарының айтылуына баса назар аударыңыз. Осы айтылған дыбыстарға байланысты балаларға суреттер жинағы көрсетіледі.Мысалы: шана, қала, өрік, ғарыш, ұшақ, өзен, гүл, ауыз,т.б . Дыбысты айтуда қателіктер байқалса, себебін анықтауға тырысыңыз: артикуляциялық аппарат құрылымындағы ауытқушылық, оның жекелеген мүшелерінің (ерін, тіл, астыңғы жақ, т.б.) қозғалысының жеткіліксіздігі, фонематикалық қабылдаудың жетімсіздігі (бала өз кемшілігін естімейді, белгілі бір дыбыстарды саралай алмайды), сөздік дем шығарудың әлсіздігі. 2. Сөйлеуді қабылдау. Фонематикалық қабылдау: қалыптасқан, жеткіліксіз қалыптасқан. Тексеріңіз: • Сөздегі белгілі бір дыбысты анықтай алуы. Мысалы, "қайшы" деген сөзде "с" дыбысының бар әлде жоқтығын анықтауды тапсырыңыз, т.б.; • Берілген дыбысы бар сөзді естіп, ерекшелей алу. Балаға аталған сөздер тізбектері ішінен белгілі бір дыбысы бар сөзді естігенде алақанын шапалақтауды немесе қолын көтеруді ұсыныңыз. Мысалы, тәрбиеші: "Мен қазір сөздерді атаймын, ал сен ішінде "ссс" дыбысы
  • 13. бар сөзді естісең, қолыңды көтер (алақаныңды шапалақта)". Бала қай кезде қолын көтеру керектігін пысықтаңыз. • Баланың түсінгеніне көзіңізді жеткізгеннен кейін, асықпай қағазбен бүркемелей отырып, сөздерді оқи бастаңыз. Сөздердің ішінде балалар жиі шатыстыратын ұқсас дыбыстар, мысалы, с-ш, ұ-ү, к-қ, қ-һ, р-л, т.б. да кездесіп отырғаны дұрыс. Тексеріліп отырған дыбыстар әр түрлі жағдайларда (сөздің басында, ортасында, аяғында) орналасуы керек. Баланың қанша сөзді дұрыс атағанын белгілеу керек; • Сөз тіркестерінің ішінен берілген дыбыстары бар сөздерді таба алуы. Сөз тіркестерін айта отырып, балаға осы дыбыстар бар сөздерді атауды тапсырыңыз. Мысалы, "с" дыбысын ажырата алуын анықтау үшін мынадай сөйлемді оқуға болады: "Ләззаттың жаңа шанасы бар. Орманда саңырауқұлақтар көп"; • сөздерде жиі кездесетін дыбыстарды таба алуы. Тәрбиеші бірнеше сөздер оқып, осы сөздердің ішінде қандай дыбыстар жиі қайталанатындығын анықтауды тапсырады: "с" - самал, соқ, тосап, қос, бас; "р" - раушан, құрт, қар ,ерін,қарындаш. Соңғы екі тапсырма оқу жылының аяғында беріледі. Сөзді қабылдауы: Жақсы дамыған, жеткіліксіз дамыған. Тексеріңіз: • сөйлеудің мағыналық сәйкессіздігін анықтай білуі.
  • 14. • Балаға оқылған өлеңді тыңдап, ішіндегі қателерді табуды тапсырыңыз. "Өтірік өлеңнен" үзінділер оқуға болады. Ұйымдастырылған іс-әрекетте құрбыларының өлең оқуын балалардың өздеріне бағалатыңыз: "Сәуле өлеңді қалай оқыды? • сөйлеу жылдамдығын, ырғақтық мәнерлілігін анықтай білу. Алдыңғы тапсырмадағы тәсіл қолданылады. Тәрбиеші: "Сәуле өлеңді қалай оқыды: шапшаң, баяу, орташа (қалыпты); мәнерлі, мәнерлі емес?"- деп сұрақтар қояды; • дауыс тембрін анықтай алуы. Тексеру үшін "Кім сөйлегенін тап" ойыны қолданылады. Бала топқа теріс қарап, көзін жұмып тұрады. Тәрбиешінің тапсырмасымен екі-үш бала өлең, жұмбақ немесе жаңылтпаш айтады, ал бала кімнің сөйлегенін табуы керек. "Шақырған кім?", "Менің атым кім екенін тап" ойындарын да қолдануға болады. Сөздің екпінді, ырғақтық құрылымын анықтай алуы да тексеріледі. Сөздің буынын сақтай алу машықтығын да тексеріңіз: балаға: са-за-са, са-за-са, са-за-са деп бірнеше рет қайталатыңыз. Бір сөйлемдегі әртүрлі сөздерді ерекшелей отырып, бірнеше рет қайталаңыз, ал бала қай сөзді ерекшелегеніңізді тапсын. Мысалы: "Маралға жаңа велосипед сатып әперді (Маралға, басқа қызға емес). Маралға жаңа велосипед сатып әперді (сатып әперді, сыйлаған жоқ). Маралға жаңа велосипед сатып әперді (жаңа, ескі емес). Маралға жаңа велосипед сатып әперді (велосипед, машина емес)"; • - сөйлемдегі қателерді таба білуі және мағынасына қарай сөздерді таңдап алу:
  • 15. 1.Аю еңіреп жылапты: Аралардан "шал" сұрап. (бал). 2.Мына қызға қарашы: Сынып қапты "мамасы" (шанасы). Жинақталған мәліметтерді саралап, қорытынды кесте құрыңыз. Кестеде сөйлеудің дыбыстық мәдениетін баланың қалай меңгергенін көрсетіңіз. Сөздік 1. Зат есім. Тексеріңіз: • тұрмыстық лексиканы түсінуі және қолдануы. Қуыршақ - ойыншық. Тағы қандай ойыншықтарды білесің? Мысық - жануар. Тағы қандай жануарларды білесің? Тәрелке - ыдыс. Тағы қандай ыдыстарды білесің? Пияз - көкөніс. Тағы қандай көкөністерді білесің? Атап шық. Балалардың атаған сөздерін белгілеп алыңыз. Жалпылаушы ұғымдарды түсінуі және оларды қолдануы. Қайың, шырша, қарағай, емен. Олар нелер? Бір сөзбен ата. (Ағаштар). Үстел, орындық, шкаф, диван. Олар нелер? Бір сөзбен ата. (Жиһаздар). Туфли, етік, кебіс. Олар нелер? Бір сөзбен ата. (Аяқ киімдер). Көйлек, костюм, жейде. Олар нелер? Бір сөзбен ата. (Киімдер). Бала қанша қате жібергенін белгілеңіз. Адамның еңбек әрекеттерінде қолданатын құралдарды атай білуі.
  • 16. Әр түрлі мамандық иелері қолданатын еңбек құралдарын атауды тапсырыңыз, мысалы құрылысшы, тігінші, аула сыпырушы, т.б. Зат бөлшектерін атау. Машинаның моторы бар. Тағы несі бар? Пальтоның жағасы бар. Тағы несі бар? Үйдің шатыры бар. Тағы несі бар? Егер балаға қиын болса, көрнекіліктер қолданыңыз. Аталған бөлшектердің санын белгілеп алыңыз. Антонимдерін таңдап алу. "Керісінше" ойынын ойнатыңыз, берілген сөзге қарама-қарсы мағынасы бар сөздері атау. Мысалы, күн-түн, жаз-қыс, т.б. Дұрыс аталған сөздерді белгілеп алыңыз. 2. Сын есімдер. Тексеріңіз: • Нәрсенің түсін, сапасын, қасиетін, мөлшерін білдіретін сөздерді білу және қолдана алу. Берілген зат есімді сипаттайтын сөздерді табу. Үстел қандай болуы мүмкін? - жазу, дөңгелек, ағаш, т.с.с. Үй қандай болуы мүмкін? - үлкен, кірпіш, екі қабатты, т.с.с. Аспан қандай болуы мүмкін? - көгілдір, ашық, бұлтты, т.с.с. Ең алдымен аталған өздердің санына, сонан соң сапасына (сай келуіне) назар аударыңыз.
  • 17. • Сөздерді дұрыс тіркестіруін назарда ұстаңыз. Балаға сұрақтар қойыңыз: Шкаф ағаштан жасалған. Басқаша қалай атауға болады? - Ағаш шкаф.т.б. Алынған мәліметтерді талдаңыз ("Сөйлеудің грамматикалық құрылымы" бөлімінде белгілеңіз): • Негізгі түстер мен реңдерді білдіретін сөздерді білу және қолдана алу. Түстердің атауларының қайсысын меңгергенін (бағдарламаға сәйкес), қайсысын меңгермегендігін анықтаңыз: • Қарсы мағыналы сөздерді (сын есімдерді) таңдап алу. "Керісінше" ойыны: күшті-әлсіз, батыл-қорқақ, лас-таза, көңілді- жабырқау, жарық-қараңғы. Сөздерді дұрыс аталуын белгілеп отырыңыз. 3. Етістіктер. Тексеріңіз: • Адамдардың немесе жануарлардың әрекеттерін сипаттайтын сөздерді білу және дұрыс қолдану. "Кім не істеп жатыр?" сөздік жаттығуы.: Дәрігер не істеп жатыр? - Емдеп жатыр, дәрі жазып жатыр, тыңдап жатыр, т.б. Күшік не істеп жатыр? Қайшымен не істеуге болады?, т.б. Дұрыс аталған сөздер санын белгілеңіз: • Қарама-қарсы мағынадағы етістіктерді атау: жүгіру-тоқтау, күлу- жылау, сөйлеу-үндемеу, т.б.
  • 18. Алынған мәліметтерді сандық, сапалық жағынан талдаңыздар. "емес" сөзімен тіркестіре қолдану, дұрыс болып саналмайды. 4. Үстеу. Тексеріңіз: • әрекет белгісін білдіретін сөздерді (үстеулер) білу және қолдана алу. Сұрақтар қойыңыз: Бала қалай жүгіреді? - Тез, баяу, секіре, т.б. Бала қалай сөйлеуі мүмкін? - Жақсы, тез, мәнерлі, нашар, т.с.с. Егер бала бір-екі сөздермен ғана шектелсе, "Тағы қалай болуы мүмкін?" деген сұрақтармен жетелеу керек. Жауаптарды сандық жағынан және дәлдігі тұрғысынан талдаңыз: • кеңістіктік, орынды білдіретін сөздерді түсіну және қолдана білу (тапсырма оқу жылының аяғында беріледі). Балаға ойыншықтың, заттың орынын атауды тапсырыңыз. Егер қажетті сөзді дұрыс айтпаса немесе дұрыс жауап берілмесе, бұл сөздердің мағынасын білетіндігін тексеру керек. Шкафқа ойыншықтарды балаға қатысты әр түрлі жағдайда орналастырып, ойыншықтың қай жерде тұрғанын айтуды (көрсетуді емес!)сұрайды. Сөздің мағынасын түсінуі сұрақ қоюмен анықталады: "Көк бантикті қуыршақ қайда орналасқан: сол жағында ма әлде оң жағында ма? Астынды ма әлде үстінде ме? Машинаның алдында ма әлде артында ма?" Бала қандай сөздерді меңгергенін белгілеп алыңыз;
  • 19. • уақыттық қатынастарды білдіретін сөздерді білуі және қолдана алуы. "Сен қашан балабақшаға келесің?". (Таңертең). "Балабақшадан қашан кетесің?". (Кешке). "Қашан серуенге шығасың?". (Күндіз). "Адамдар қашан ұйықтайды?". (Түнде) т.б. сұрақтар қойылады. "Кеше", "бүгін", "ертең" сөздерін білуін және қолдана алуын тексеріңіз. Қандай қателіктер жібергенін белгілеп алыңыз: • мағыналары қарама-қарсы сөздерді (үстеулерді) таңдап ала білуі. "Керісінше" ойынын қолдана отырып, мына сөздерді таңдай білуін тексеріңіз: жылдам-баяу, жақсы-жаман, жарық-қараңғы, лас-таза, алыс- жақын. Ұсынылған сөздердің қаншасына дұрыс жауап бергенін белгілеңіз. Мәліметтерді талдап, қорытынды кесте құрыңыз, бағдарламалық материалдарды толық меңгерген, меңгермеген балалар санын анықтаңыз, қай бөлімдер меңгерілмегенін анықтаңыз.
  • 20. 2.2 Тіл ұстарту нұсқаулары 1. Әңгімелесу Әңгімелесу - тіл ұстарту мен сөздікті белсендірудің тиімді әдісі, себебі тәрбиеші жауап беру үшін дәл, сәтті сөздерді таңдап алуға бағыттап отырады. Әңгімелесудің тәрбиелік мәні де бар. Дұрыс таңдап алынған мазмұнның әрқашан идеялық-адамгершілік түрткісі болады. Әңгіме жүргізу. Әрбір әңгімелесудің басы, негізгі бөлімі, аяғы деген айқын құрылымы болады. Әңгімелесудің басы. Мақсаты - балалардың жадындағы бұрынғы алынған әсерлерін жаңғырту, мүмкіндігіне қарай образдық немесе эмоционалдық.. Ол сұрақ беру, жұмбақ жасыру, тақпақтан үзінді оқу, сурет, фотография, затты көрсету арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Әңгімелесудің басында әңгімелесу тақырыбын (мақсатын) анықтап, маңыздылығын негіздеу керек, таңдау мотивін түсіндіру қажет. Негізгі бөлім бірнеше микротақырыптарға немесе кезеңдерге бөлінуі мүмкін. Әрбір кезең тақырыптың аяқталған бөлігіне сәйкес келеді, яғни орталық түсініктерге байланысты тақырып қорытындыланып отырады. Алдымен маңызды, қиын материалдар анықталады. Әңгімелесуге дайындалғанда тәрбиеші оның кезеңдерін белгілеп алуы керек, яғни
  • 21. балалармен бірге талданатын түсініктердің елеулі құрылымы ерекшеленеді. Әрбір кезең барысында педагог әр алуан тәсілдер кешенін қолданады, соңында әрбір қысқаша жалпылап өтіп, келесі микротақырыпқа көшеді. Әңгімелесудің эмоционалдық сипаты әңгіме барысында сақталып қана қоймай, соңына қарай шарықтау шегіне жеткені дұрыс. Бұл балалардың зейіні ауытқымай, қажетті бағытта ұстап отыруға мүмкіндік береді. Әңгімелесудің аяғы қысқа болып, тақырыптың синтезіне әкеледі. Бұл кезең эмоциялық, әсерлі болып келуі мүмкін: тарату материалдарын қарау, ойын жаттығуларын жасау, көркем мәтін оқу, ән айту. Әңгімені аяқтаудың жақсы нұсқасы - балаларға келесі бақылауларға тілектер айту. 2. Әңгімелеуге үйрету Мектепалды жасында әңгімелеу дағдыларын қалыптастыруға баса назар аударылады. Балаларды өздігімен әңгіме құруға, әңгімені аяқтауға, логикалық байланыстыра әңгімелеуге үйрету керек. Мектепалды жасында монологтық сөйлеудің негізінен екі түрі басым болады: әңгімелеу және қайталап айтып беру (қарапайым түрде). Қайталап айтып беру - тыңдаған көркем шығарманы байланыстыра мәнерлі жаңғырту. Бала мәтінді түсініп, автордың лексикасын қолдана отырып, кейіпкерлердің көңіл күйін білдіріп, еркін жеткізе білуі маңызды. Әңгімелеу- қандай да бір факт, оқиғаны өз бетімен толық мазмұндау. Бала берілген тақырып бойынша өзі мазмұнын анықтап, баяндаудың сөздік түрін таңдап алады. Балалар өздерінің әңгімелерінен қуанышқа бөленіп, қанағаттануының, оның пайдасын сезіне білуінің маңызы зор. Нысанына қарай әңгіме суреттеуші және сюжеттік болуы мүмкін.
  • 22. Суреттеу - қандай да бір затты немесе құбылысқа тән белгілерді мазмұндау. Әдетте суреттеудің іскерлік сипаты болады, мұнда дәл анықтамалар көп болады, бірақ балаларды қызықтыратындай бейнелік элементтер болуы тиіс. Сонымен қатар суреттеу қысқа да болуы керек. Суреттеуші әңгімелердің түрлері - салыстырушы және түсіндіруші. Сюжеттік (баяндаушы) әңгіме - бұл қандай да бір кейіпкері бар оқиғаны уақыт бойынша тізбектілігімен жеткізу. Әңгімелеуге үйрету тәсілдері. Әңгімелеуге үйретуде арнайы тәсілдер қолданылады, олардың мақсаты - баланы баяндауға, монологқа үйрету (сөзбен, ыммен, фразамен емес). Әңгімелеуге үйретудің негізгі тәсілдері: Әңгімелеу үлгісі - мазмұны немесе түрі бойынша балалар пайдалана алатын қандай да бір нәрсенің немесе оқиғаның қысқаша сипатталуы. Тікелей оқыту тәсілі ретінде әңгімелеу үлгісі көпшілік жағдайда сабақтың басында қолданылады. Бұл тәсілдің бір түрі - дербес үлгі. Ол әңгімелеу дағдысын бекіту барысында балаларға қандай да бір тапсырма қиын болған жағдайда қолданылады, мысалы:Мен бастаймын,сен жалғастыр. Сөйлеу түрлерін саналы таңдап алу үшін әңгімелеу жоспарын мүшелеп бөлетін әңгіме үлгісін талдау тәсілі қолданылады. Әңгімелеу жоспары - баяндау мазмұнын және ретін анықтайтын 2-3 негізгі сұрақтар (пункттер). Сонымен қатар балалардың жоспарды айтуы деген қосымша тәсіл де (педагог "жоспар" деген терминді қолданбай, балаларға қазір не туралы,
  • 23. қалай әңгімелейтіндерін іштей айту тапсырады, жауап беру үшін бір-екі баланы тақтаға шақырады) пайдалы. Балаларға жоспар бойынша әңгіме құрастыруға оңай болу үшін, сөйлемдерін байыту үшін жоспарды ұжымдық талдау қолданылады. Ұжымдық әңгіме құрастыру - шығармашылық әңгімелеуге үйретудің алғашқы сатысында қолданылатын ерекше тәсіл. Кейбір сабақтарда әңгімелерді бөліктеп құру тәсілін қолдануға болады. Бұл тәсіл тапсырма көлемін азайтатын болғандықтан, әңгімелеушілердің жұмысын жеңілдетеді. Осыған байланысты сабақтар алуан түрлі, қызықты бола алады, ал әңгімелер мазмұны толығырақ, тереңірек бола түседі; сонымен қатар, көптеген балаларды сұрап үлгеруге болады. Әңгімелеудің кейбір түрлерінде тәрбиеші бастаған әңгімені аяқтау (ұсынылған жоспар бойынша, ал кейін жоспарсыз) тәсілін қолдану да ұсынылады. Балалардың ой-қиялын дамыту нұсқасын айтып жіберу (сюжетін, әрекеттер жағдайларын, т.б.) көп көмегін тигізе алады. Педагог балалардың жауаптары біртекті, жауаптары жұтаң болған жағдайларда қолданады. Баға да оқыту тәсілі болып табылады. Ол балаларды тәрбиеші мақтаған балаға еліктеуге, ал қоштамаған жағдайдан аулақ болуға тырысуға баулиды. 3. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің қайталап айту құрылымы Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті құру оның міндеттерінің алуан түрлілігімен анықталады. Қайталап айту ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттің төмендегідей типтік құрылымы бар:
  • 24. 1. Кіріспе бөлім. Балаларды жаңа шығарманы, ең алдымен оның идеясын қабылдауға дайындау (балалардың басынан кешкен ұқсас жағдайларын естеріне түсіру, суреттер көрсету, т.б.). Кейін қайталап айту керектігін айтпай-ақ алғашқы рет оқу арқылы көркемдік қабылдануын қамтамасыз ету. 2. Кейін қайталап айтуы үшін еске сақтау қажеттігін ескертіп, қайталап оқу. 3. Дайындық әңгімелесуі (шығарманы талдау). Мақсаты: мазмұнын пысықтау (ең алдымен идеясы мен образдардың сипаттамасы), тіліне назар аудару, мәнерлеп қайталап айтуға белсенді дайындық. Бұл мәселелер әңгіменің сюжетінің дамуына байланысты мәтінді талдау арқылы шешіледі. 4. Қайталап оқу, талдаудың қосынды нәтижесі. Оның алдында: "Қалай оқитынымды мұқият тыңдаңдар",- деп ескеру орынды. 5. Балалардың жауап беруге, мәтінді еске сақтауға дайындығы үшін пауза жасау (бірнеше секунд). 6. Қайталап айту (3-7 бала). Педагогтың белсенді жетекшілігі. Кейбір ұйымдастырылған іс-әрекетте қайталап айтуға екі мәтінді алуға болады: біріншісі - балалар үшін таныс емес, салыстырмалы түрде жеңіл; екіншісі - оларға таныс, ол қысқа болуы керек. Бұл балалардың зейінін оятады. 4. Әңгімелеп қайталап үйрету тәсілдері Шығарманы оқу үлгісі, балаларға сұрақтар, түсіндіру, нұсқаулар, жаттығулар – сөздер мен сөйлемдерді жеке және хормен қайталау, балалардың жеке тәжірибесіне сүйену, көрнекіліктер қолдану, сөз немесе сөйлемді айтып жіберу, педагог пен баланың бірлескен қайталап айтуы, шағылыстыра қайталап әңгімелеу, бөліктеп қайталап әңгімелеу, баға,
  • 25. рольдерге бөліп айту, қысқа сөз тіркестерін хормен айту, ойын- драматизация немесе мәтіннің қойылымы. Педагогтар мен ата-аналарға ұсыныстар Қалыпты тіл ұстарту үшін жағдайлар жасау Баланың тілін қалыпты ұстарту үшін қажетті жағдайларға оның мықты денсаулығы, орталық жүйке жүйесінің, есту мүшелерінің, сөздік- қозғау аппаратының қалыпты жұмысы және балалардың басқа да әрекетерінің алуан түрлілігі жатады. Сонымен қатар бала тілінің мазмұнын қамтамасыз ететін тікелей қабылдауының байлығын, педагогтардың жоғарғы кәсіби деңгейін жатқызуға болады. Бұл жағдайларды жасау үшін табандылық пен көп тер төгу керек; ол мектепке дейінгі мекеменің дәстүріне айналу үшін үнемі қолдау көріп отыруы қажет. Әсіресе есту мүшелерін қорғауға көңіл бөлінуі керек. Сөйлеу мүшелерінің тазалығына, өкпе мен тыныс алу мүшелеріне қамқорлық та жатады, яғни балабақша мен үйде дұрыс ауа режимі сақталуы тиіс.Балалардың нәзік жоғарғы тыныс алу мүшелерін арнайы шынықтыру мен дер кезіндегі емдеу қажет етіледі. Балаларды стоматологтар, ларингологтар жүйелі түрде тексерістен өткізіп отыруы тиіс.
  • 26. Гигиеналық жағдайлар жасаумен қатар педагогтар мен ата-аналар назарын балалардың сөйлеу органдарын қорғауға бағытталған мәдени дағдыларды қалыптастыруға аударылуы керек. Балаларды өз бетімен ауыз, мұрын қуысын күтуге үйрету қажет: тамақтан кейін ауыз шаю, тісті дұрыс тазалау, жеке таза орамалды пайдалана отырып дұрыс сіңбіру. Ата- аналар мен педагогтар құлақ пен мойынды жергілікті шынықтыру арқылы сөйлеу органдарына кері ықпалын тигізетін суық тию ауруларының алдын алуға қамқор болуы тиіс. Сөйлеу балаға әр уақытта үлгі болатынын ересектер естен шығармауы тиіс. Балалармен қарым-қатынаста үнемі ақырын, тартымды, дұрыс сөз болу керек, жаман сөздер қолдануға болмайды, сыпайылық дауыс басым болған жөн. Осылардың барлығы байқалмай балаларға көшеді. Сөйлеудің грамматикалық жағына арнайы көңіл бөлінуі керек. Ересектер тілі балалар үшін арнайы үлгі болуы тиіс. Алға қойған мақсаттарға жету үшін және тіл дамыту бағдарламасын толық меңгеру үшін 6-7 жасар балаларға арналған тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің тақырыптық жоспарларының нұсқасы ұсынылады.
  • 27. Тіл дамыту бойынша тақырыптық жоспар Қыркүйек Қазан Қараша 1. Балабақша 2. Күз 3. Нан 4. Көкөністер мен жемістер 5. Қыстайтын құстар 6. Ойыншықтар 7. Үй, отбасы 8. Жабайы аңдар 9. Күз (кеш түскен) 10. Көлік 11. Үй жануарлары Желтоқсан Қаңтар Ақпан 12. Қыс 13. Ыдыс 14. Киім, аяқ киім 15. Жаңа жыл 16. Жабайы аңдар 17. Қысқы ойындар 18. Үй, отбасы 19. Көлік 20. Гүлдер 21. Мамандық Наурыз Сәуір Мамыр 22. 8 Наурыз 26. Жыл құстары 30. Ағаштар
  • 28. 23. Менің Қазақстаным 24. Көктем 25. Гүлдер 27. Спорт 28. Көктем 29. Шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа 31. Жыл мезгілі 32. Таяуда мектепке барамын 2.3 Тіл дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс- әрекетті жоспарлау үлгісі 1 ұйымдастырылған іс-әрекет Бағдарламалық мазмұны: Байланыстыра сөйлеу. Ертегі құрылымы (басы, соңы) туралы түсініктерін бекіту. "Түлкі мен ешкі" ертегісін әңгімелеп беруде мәнерлі құралдарды қолдануға үйрету. Сөздік және грамматика. Зат есімдерге анықтама таңдай білуге және оны сәйкестендіре алуға, белгілері бойынша заттарды табуға үйрету. Тілдің дыбыстық мәдениеті. Жаңылтпашты әртүрлі дауыспен (қатты, жай, сыбырлап) айтуға үйрету. Дыбысталуы ұқсас сөздерді таңдай алу дағдысын бекіту. Көрнекіліктер: түлкі бейнеленген сурет. Ұйымдастырылған іс-әрекеттің барысы: Тәрбиеші жұмбақ жасырады: "Сайқымазақ құлағы бар,
  • 29. Барған жерде ұрлығы бар. Бұл қандай аң? Ұғып ал". немесе "Өзі бір қу жүрген жері айқай да шу-бұл не?" Берілген жауаптарды тыңдап, балаларға бірнеше түлкінің бейнесі салынған суреттерді көрсетіп, кез келгенін алуды және қандай түлкі бейнеленгенін айтуды (қызғылт, мамық құйрықты, әдемі, қу, т.б.) ұсынады. Одан соң, педагог "Түлкі мен ешкі" ертегісін әңгімелей отырып, сұрақтар қояды: "Бұл ертегіде не туралы айтылған? Ол қалай басталады? Қалай аяқталады? Ертегіде түлкі қалай көрінді? Сендер оны неге қу деп ойлайсыңдар? Ал ешкі қалай бейнеленген? т.б." Тәрбиеші тағы бір рет ертегіні әңгімелейді және балаларға қайталап айтуды ұсынады. Ертегінің мазмұнын толық айтуға, бейнелі сөйлеуге, диалогпен сөйлеуге (егер де ертегі рольді түрде берілетін болса) назар аударады. Ертегі бірнеше рет әңгімеленген соң, тәрбиеші сұрақтар қояды: "Ешкі қандай болды? Ол туралы қандай сөздермен айтуға болады? (сезбейтін, ақымақ, аңқау, ұқыпсыз, ақылсыз, т.б.). Түлкі қандай болды? Ол туралы не айтуға болады? (әдемі, қу, ақылды, шапшаң, ширақ). Құдық қандай болды? ( терең, суық, қараңғы, лай, лас, тар). Тағы не нәрсені суық дейміз? (қар, мұз, ауа, жел, қыс,) Суық, терең, мөлдір - бұл өзен бе әлде жылға ма? Көгілдір, шыны, сынғыш- бұл тәрелке ме әлде шыны аяқ па? " Тәрбиеші грамматикалық жаттығуларды анық өткізеді. Бірақ сөздердің жалғауларын ерекше бөлмей, балалар зат есім мен сын есімді дұрыс қиыстыра алатындай болғаны дұрыс.
  • 30. Ұйымдастырылған іс-әрекеттің соңында мектепке дейінгілер жаңылтпаш жаттайды.Және оны қатты, жай, сыбырлап айтады. Балаларға жолды аяқтау ұсынылады: "Сен түлкі қайда болдың?" (" Көгал үстінде биледім"; "Бұта түбінде демалдым"). 2 ұйымдастырылған іс-әрекет Бағдарламалық мазмұны: Байланыстыра сөйлеу. Құрастыру туралы бұрынғы алынған білімдерін қолдана отырып, сурет бойынша сюжетті әңгіме құрау. (басы, негізгі бөлім, соңы);алдын-ала берілген бейнелеу бойынша, өзбетімен оқиғалар ойлап шығару. Сөздік. Сөздік қорын байыту (тақырыптар "Мектеп" және "Күз"). Заттың немесе құбылыстың маңызды белгілерін салыстыруды, жалпылауды, бөліп алуды үйрету. Грамматика. Берілген сөз бойынша түбірлес сөздерді таңдап алуды үйрету. Тілдің дыбыстық мәдениеті. "С" және "ш" дыбыстарын айыра білуін жаттықтыру. Дауыс ырғағымен мәнерлеп сөйлеуді дамыту. Ұйымдастырылған іс-әрекеттің барысы: Тәрбиеші "Мектепке бара жатқанда" суретін көрсетіп, оны жақсылап қарауды ұсынады және сұрақтар қояды: "Бұл суретті қалай атауға болады? Сендер неліктен балалар балабақшасына емес, мектепке бара жатыр деп ойлайсыңдар? (Олар мектеп формасын киген, қолдарында портфель ұстаған) Мектепке баратын балаларды бір сөзбен қалай атайды? (Оқушылар)
  • 31. Оқушылардың портфелінде не бар? (Пенал, дәптерлер, оқулықтар) Бұл заттарды бір сөзбен қалай атауға болады? (Мектеп оқу құралдары) Жылдың қай мезгілінде балалар оқуды бастайды? Басқа жыл мезгілдерінен күздің айырмашылығы неде? Тек қана күзде нелер болады? ( жапырақтар түседі, астық жинайды, құстар жылы жаққа ұшып ктеді.) Күзде ауа-райы әртүрлі болады. Егер күн жарқырап, аспан ашық болса, онда күз туралы қандай сөздермен айтуға болады? (шуақты күз, алтын күз,) Егер де аспанды бұлт жапса, суық жел соғып, жаңбыр жауып тұрса, онда күз туралы қандай сөздермен айтуға болады? (жауын-шашынды күз, бұлыңғыр күз)" Тәрбиеші "оқу, оқушы, оқытушы мұғалім" сөздерін балалар мұқият тыңдап, бұл сөздердің қандай ортақ бөлігі бар екенін айтуды ұсынады. Келесі тапсырма -"Мектепке бара жатқанда" суреті бойынша әңгіме құрау. "Алдымен мынаны айтыңдар,-деп түсіндіреді педагог,- бұл балалар мектепке келгенше не істеді, ал сосын суреттен не көргендеріңді әңгімелеңдер". (Бес жауаптан кем болмауы керек.) Егер балалар суретте бейнеленгеннің алдындағы оқиғаларды ойлап табуға қиналатын болса, тәрбиеші әңгімені өзі бастайды, балалар жалғастырады: "Ашық, шуақты күздің бір күні балалар мектепке жиналды. Олар кештен бастап портфельдері мен оқулықтарын дайындады. Самат өте ерте тұрды, кешігіп қалуға қорықты. Оған досы Серік келіп, екеуі бірге мектепке кетті". (Одан әрі балалар суретте бейнеленген оқиғаларды әңгімелейді.)
  • 32. Ұйымдастырылған іс-әрекеттің соңында "Мен мектепке барамын" сөйлемін әртүрлі, лепті (сендердің мектепке барғыларың келетінін бәрі түсінетіндей болсын) және сұраулы интонациямен, қайталап айтуын ұсынады. 3 ұйымдастырылған оқу іс-әрекет Бағдарламалық мазмұны: Байланыстыра сөйлеу. Әдеби мәтінді ретімен, тастап кетпей және қайталамай айта білуге үйрету. Өз басынан өткендері бойынша аяқталған әңгіме құра білу дағдысын қалыптастыру. Грамматика. Сын есім және үстеудің салыстыру дәрежелерін құрай білуге үйрету. Сөздік. Сын есімдер мен етістіктерге синонимдер және антонимдер таңдап алу. Тілдің дыбыстық мәдениеті. Тәрбиешінің бастаған сөйлемді аяқтай білуге жаттықтыру. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің барысы: Педагог К. Д. Ушинскийдің "Төрт тілек " әңгімесін оқиды. Сұрақтар қояды: "Бұл әңгімеде не туралы айтылған? Митяға қыс несімен ұнады? Балаға көктем несімен ұнады? Митяның жазда не есінде қалды? Күз туралы ол не айтты? Неліктен әңгіме "Төрт тілек" деп аталады?" Мазмұндау үшін төрт баланы шақыруға болады. Әр бала жылдың бір мезгілі туралы мазмұндап берсін. Тапсырма екі рет орындалады.
  • 33. Содан кейін тәрбиеші сұрақ қояды, жылдың қай мезгілі балаларға өте ұнайды, неліктен, күз, жаз, т.б. туралы өздері қысқаша әңгіме құрастыруға тапсырма береді. (Төрт жауаптан кем болмау керек.) Тәрбиеші: "Жылдың әрбір жаңа мезгілі "Төрт тілек" әңгімесіндегі балаға оның алдындағыдан да жақсы болып көрінді". Сендерге де жылдың қандай да бір мезгілі басқаларына қарағанда көбірек ұнайды, мысалы, жазда жақсы, ал күзде одан да жақсы, көктемде жылы, ал жаз жылырақ, т.б.. Тәрбиеші тапсырма береді. Аталған сөздерден әртүрлі тәсілдермен салыстыру дәрежелерін құрастырыңдар: -таза... (тазарақ, одан да таза), - биік... (биігірек, одан да биік) - сымбатты... (сымбаттырақ одан да сымбатты), - көңілді... (көңілдірек, одан да көңілді), - жылы... (жылырақ, одан да жылы), - күшті... (күштірек, одан да күшті) және т. с.с. Келесі жаттығуда балалар алдымен синонимдер таңдап алады. Мысалы, Например: "Қыс келді" - " Қыс түсті"; "Гүл тердім" - "Гүл жинадым" және т. с.с. Одан кейін мағынасы бойынша қарама-қарсы сөздерді таңдап алады: Жақсы (жаман), суық (жылы), жүру (тұру), сөйлеу (үндемеу). Соңында тәрбиеші түсіндріп айтады: "Көктем келді! Ал ол не әкелді? Мен бастаймын, ал сендер жалғастырыңдар::
  • 34. " Көктем келді де ... әкелді" ( жылылық, гүлдер, т.с.с.). 4 ұйымдастырылған оқу іс-әрекет Бағдарламалық мазмұны: Байланыстыра сөйлеу. Суретте бейнеленген сюжеттің басын және соңын ойлап табу; өз тәжірибесі бойынша әңгіме құрау. Грамматика. Сөздік. Тілінде мамандық аттарын және оларға сәйкес іс-әрекет түрлерін қолдануды белсенділендіру. Тілдің дыбыстық мәдениеті. "Ә" дыбысының естілуін айыра білу және жеке айта білу; берілген сөздердің ішінде ә дыбысы бар сөздерді табу. (Әже, әпке) Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің барысы: Тәрбиеші сұрайды: "Сендердің аналарыңның мамандықтары не және олар не істейді. Мысалы, менің анам мұғалім, ол балаларды оқуға, жазуға, санауға үйретеді. Ал сенің анаңның мамандығы қандай, ол не істейді?" (Әр баланы сұрауға болады). "8 Наурыз мерекесіне анама сыйлық" суретін балаларға көрсетеді. Жасылап қарауды ұсынады және сұрақтар қояды: 1.Суретте не бейнеленген? 2.Балалар немен айналысып жатыр? 3. Ойланыңдар, бәрі немен аяқталды? 4. Бұл суретті қалай атауға болады? Тапсырма береді: "Алдымен айтыңдар, балалар анасына, әжесіне, әпкесіне сыйлық жасауға және осы күнге қалай дайындалды.
  • 35. Одан кейін бұл суретте не салынғаны туралы айтыңдар, және өздерің әңгіменің соңын қызықты етіп аяқтаңдар. (Үш-төрт баланың жауабы) 8 Наурызға қалай дайындалдыңдар, аналарыңа, әжелеріңе, әпкелеріңе қандай сыйлықтар жасадыңдар, бұл күні қандай қызықты жағдайлар болды және ол қалай аяқталды, естеріңе түсіріңдер. Әңгіме қысқа және аяқталған болуы керек. (Екі-үш баланың жаабы.) Менің сұрағыма ұйқаспен жауап беруге тырысыңдар: Анаңды құттықтадың сен қалай? (Тоқып бердім мен оған биялай (қолғап); салып бердім мен оған саяжай) Тағы басқа нұсқалар болуы мүмкін. Тәрбиеші өзіне ұнаған кез келген жолды қатты және жай айтуын ұсынады. Одан кейін жаңылтпаш оқиды. Балалар қайталайды. Бұл жерде сабақ мақсатына сәйкес белгілі бір сөзді бөліп алу керек. 5 ұйымдастырылған оқу іс-әрекет Бағдарламалық мазмұны: Байланыстыра сөйлеу. Мәтінді ретімен, мәнерлеп мазмұндап беруді үйрету; әдеби шығармаға ұқсас өз бетімен әңгіме құратыру. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыра білуді үйрету. Сөздік. Көпмағыналы "ине" сөзімен таныстыру. Грамматика. Тілдің дыбыстық мәдениеті. Өз бетімен қысқа және ұзақ сөздерді іріктеп алуға үйрету. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің барысы:
  • 36. Тәрбиеші кірпі туралы тақпақ оқиды: Кірпі, кірпі, кірпі, Үстің толған ине. Бірін берсең шіркін, Қадар едім түйме. Сұрақтар қояды: Бұл тақпақта не туралы айтылған? Кірпіден қандай ине сұрап тұрмыз? Берілген тақпақты балалармен жаттау. Хормен және жеке айтқызу. Келесі тапсырма: Балалар қазір біз сендермен орманға саяхатқа шығамыз. "Орманда болған кездеріңді еске алыңдар, онда нелерді көрдіңдер. Солар жөнінде айтып беріңдер". Екі-төрт баланың жауабын тыңдап, балаларды қатыстыра отырып, тәрбиеші баға береді. Тәрбиеші сөйлем оқиды: "Кірпіде инелер бар". "Ойланыңдаршы, "ине" сөзімен тағы нелерді атауға болады? (шыршаның инесі, тігін инесі). Неге бұл инелердің бәрін бір сөзбен атайды?" Егер балалар жауап бере алмаса, тәрбиеші бағыттаушы сұрақтар қояды: "Бұл инелер бір біріне несімен ұқсайды?" Ойын ұйымдастырылады: "Түскі асқа түлкішектерге не дайындаймыз?" (бұл ойында "Дыбысталатын сөздер" құрамынан "Ағайынды түлкішектер" суретін қолдануға болады.). "Ерте, ерте, ертеде екі ағайынды түлкішек болыпты. Оларды қалай атайсыңдар? Өздерің ойластырыңдар. Біреуінің лақап аты қысқа сөзбен белгіленді. Оны қалай атаймыз? (Қу, Киш, Таф, Пәле, Тип). Ал екіншісінің
  • 37. лақап атына ұзын сөзді таңдап алыңдар. ( Жиренсары, Үшкіртұмсық, Жиренқұйрық) Киш қысқа сөздермен аталатын нәрселердің бәрін жақсы көрді, ал Жиренқұйрық ұзын сөздермен аталатындардың бәрін жақсы көрді. Түскі асты дайындауда түлкінің анасының машақаты көп болды: әрқайсысына не дайындайтынын білмеді. Балалар, түлкінің анасына түскі асты дайындауда бір астың атын ойластыруға көмектесейік. Киш қандай асты ұнатады? Ұмытпаңдар, аты қысқа болуы керек. (Көже, сорпа, борщ, щи.) Жиренқұйрыққа не дайындауға болады? Ұмытпаңдар, аты ұзақ сөз болуы керек. (Түшпәра, қызылша көжесі, т.с.с.) Түлкі-мама Киш үшін қандай екінші тамақ әзірлейді? (Палау, рагу, ботқа,.) Екінші түлкі үшін ше? (жұмыртқа, тефтели, макароны.) Үшінші тағамға Киш не ала алады? (Шырын, шәй, квас, морс.) Ал Жиренқұйрық ше? (Лимонад, қатық.) Түлкінің мамасына өте жақсы көмектестіңіздер". 6 ұйымдастырылған оқу іс-әрекет Бағдарламалық мазмұны: Байланыстыра сөйлеу. Ертегіні мазмұндай алу біліктілігін бекіту. Грамматика. Сөздік. Тілінде құрмалас сөйлемдерді қолдану белсенділігін арттыру. Мәтінде сын есімдердің қысқа түрлерін қолдануға,
  • 38. оларды белсенді сөздікке енгізуге балалардың назарын аудару. Түбірлес сөздерді құрауға жаттықтыру. Антоним сөздерді қолдануға үйрету . Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің барысы: Тәрбиеші балаларға Л. Н. Толстойдың "Тиін бұтақтан бұтаққа секіреді..." ертегісін тыңдауды ұсынады. Қысқа әңгіме жүргізеді: 1. Ертегі не туралы айтылған? 2.Ертегі кейіпкерлеріне неболды? 3. Қасқыр тиінді неге жібере салды? 4. Қасқыр неге тиіндер әрдайым көңілді жүреді деп ойлады? 5. Неліктен тиіндер көңілді, ал қасқыр әрдайым көңілсіз? Бұл ертегіде қалай суреттелген? (Балалардың жауабынан кейін ертегіден үзінді келтіріп отырады.) Тәрбиеші тағы да ертегіні оқып, жазушының дәл, тауып айтқан сөздеріне назар аударады. Осы ертегіні айтып беруді, жазып алып, барлық ата-аналары балаларының немен айналысқанын білуі үшін, " Ата-аналар бұрышына" орналастыруды ұсынады. Объясняет: "Кімге мен қолыммен көрсетсем сол ертегіні айта бастайды. Қалғандары мұқият тыңдап отыруы керек. Келесі мен көрсеткен бала әрі қарай жалғастырады. Ертегі жазушыныкіндей түсінікті де қызықты болып шығуы үшін, мүмкіндігінше толық және анық жазып отыру керек". Тәрбиеші бірінші баланы шақырады. Оның сөйлемінің интонациямен аяқталғандығы педагог үшін бағдар болады - ол келесі ертегішіні шақырады. Т.с.с.
  • 39. Сосын жазылған мәтін толығымен оқылады және түзетулер енгізіледі. Тәрбиеші айтады: "Ертегіде тиіндердің көңілді екендігі туралы айтылған. Олар бұтадан бұтаға секіреді, ойнайды. Олар көңілденгенде тағы не істейді? (Балалар жауабы) Тыңдаңдаршы, тиіндер көңілділігін әртүрлі қалай айтуға болады: "Көңілденген тиіндер", "Тиіндер көңілді", "Тиіндер көңілденуде", "Тиіндерге өте көңілді" (түбірлес сөздер баса айтылу сұралады) Тиіндер көңілді, ал қасқыр тіпті көңілсіз; ол қандай? (Қайғылы, мұңды) Тиіндер көңілденеді, ал қасқыр ... (мұңаяды). Тиіндерге көңілді, ал қасқырға ... (мұңды). Сендер қасқыр туралы: "мұңды", "мұңаяды" деген сөздерді айттыңдар. Сөздер әртүрлі, бірақ дыбысталуы ұқсас. Бұл туыс-сөздер. "Көңілді", "көңілдену" - бұл да туыс сөздер. Ал енді "қуанышты" сөзінің мағынасына жақын сөздерді таңдап алыңдар. (Егер балалар мұндай сөздерді аз айтса, педагог тапсырманың орындалу үлгісін береді. Можно сказать: "Тиіндер көңілденуде", "тиіндер қуануда", "оларға көңілді" немесе "оларға қуанышты", "олар көңілді" немесе "олар қуанышты", "тиіндерде көңілді" және "тиіндерде қуанышты".) Біз көптеген туыс-сөздерді еске түсірдік. Олармен сөйлем құраңдар. "Көктемгі" сөзіне туыс-сөздерді еске түсіріңдер. Осы сөздермен сөйлемдер құраңдар. "Көңілді" сөзінің мағынасына қарама-қарсы сөзді атаңдар.
  • 40. "Көңілді" (қуанышты) сөздерінің мағынасына жақын сөздерді таңдап алыңдар. "Көңілді" деп не туралы айтуға болады? ( Бала, дауыс, күлкі, әңгіме) "Көктемгі" деп не туралы айтуға болады? (Күн, қар, жылға, мұз) Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетте соңында тәрбиеші балаларға серуенде немесе үйде туыс-сөздермен атауға болатын заттарды, нәрселерді іздеп табуды ұсынады. 2.4 Тіл дамыту, айналамен танысу және математика бойынша материалдарды меңгерудегі бақылау ұйымдастырылған оқу іс-әрекет конспектілері 1 ұйымдастырылған оқу іс-әрекет Тақырып: "Астық мерекесі" Ескерту: Осы және келесі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетте балаларға ұсынылған міндеттер анық тұжырымдалу қажет, балаларға сұрақтарды айқын қою, түсіндіруден соң ойлануға уақыт беру, балалардың жауабын бөлмеу қажет. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет барысы: Тәрбиеші:
  • 41. - Балалар, бүгін бізде әдеттен тыс сабақ.. Біз сендермен астық мерекесін ұйымдастырайық, бірақ алдымен астықты жинап алайық. Оларды қайда жинайды? Ал біз өнімді былай жинаймыз: әрбір қатар- бұл бригада. Міне әр бригада үшін себет (жазық себеттер орнатады). Ал міне өнімдер (жазық жемістер, көкөністер, саңырауқұлақтар, жидектер бейнелері көрсетіледі), бірақ та менің есебімді дұрыс шешкеннен соң ғана оларды себетке салуға болады. Бригадалар өзара жарысады, кім көп есеп шешсе - солардың өнімі көп болады. Мұқият болыңдар.Жауабы дұрыс және барлығына түсінікті болу қажет. 1.Мақсаты: қозғалатын нәрселерді ажырату және олардың ерекшеліктерін алу қабілеттерін анықтау. Тақтаға көліктің түрлері:велосипед, автобус, самолет, троллейбус және т.б. бейнеленген заттық суреттер ілінеді. - Суреттерге мұқият қараңдар да, ойланыңдар, мұндағы бейнелерді бір сөзбен қалай айтуға болады. - Ал енді әрбір бригада қандай көлікпен жолға шығатынын білу қажет.Міндет: Мен көліктің әр түрі туралы (оның түрі қандай, қалай жұмыс істейді, кім оны жүргізеді) әңгімелеймін.Сендер оның атын атап, неге олай шешкендеріңді сөзбен түсіндірулерің қажет.Әрбір бригадаға жеке айтамын.Дұрыс жауабы үшін ұтысқа жеміс немесе көкөніс алады.Тәрбиеші алдын ала жұмбақ қарастырады. Мысалы: Бұл қалалық көлік.Ол бір немесе бірнеше вагоннан тұрады. Бір вагонында электр сымына қосылған доғасы бар.Көлік рельспен ғана жүреді. Оны жүргізуші жүргізеді. Бұл не? (Барлық бригадаларға осылайша тапсырма беріледі).
  • 42. 2. Мақсаты: заттардың белгілі бір қасиеттерін бөліп алу, салыстыру және топтау біліктерін анықтау. Материал: әр балада жеміс пен көкөніс бейнеленген сурет. Суреттер әр бала екі рет ойнай алатындай етіп алыну керек. -Міне енді біз жолға шығамыз.Бірінші аялдама бақшада немесе бауд. - Бізде үстелдің үстінде жеміс пен көкөніс бейнеленген заттық суреттер бар. Әрқайсыларың өз суреттеріңді алып, мұқият қараңдар (пауза). - Ал енді тапсырманы тыңдаңдар: - Балалар, кімде: а) дөңгелек пішінді; б) сопақша пішінді жемістер бар, солар менім қасыма келіңдер. Балалар суреттерін көрсетіп , жемістерді атайды. Ойын тағы да осылайша бір рет қайталанады. 3. Мақсаты: сөздегі алғашқы дыбысты ажырата білу қабілетін анықтау. -"к" дыбысына басталатын жеміс суреттері бар балалар, менің қасыма келеді. Қолындағы суреттегі жемістер атауы "а", "қ", "с", "ш" дыбысынан басталатын балалар үстелден шығыңдар. Топқа жалпы сұрақ: "Балалар тапсырманы дұрыс орындады ма?" (Тәрбиеші бақылау жүргізу үшін әрбір тапсырмаға берілетін суреттер санын толық білу қажет. Егер кейбір балалар шықпаса, тапсырманы еске алып, топпен бірге тағы бір рет суреттерді тексеру қажет). Сергіту сәті
  • 43. Мақсаты: балабақша қызметкерлері, еңбекке қажетті жабдықтар туралы білімін анықтау. Үлкендердің мамандықтарына қызығушылық, үлкендерді және олардың еңбектерінің нәтижесін құрметтей білуге, жұмысқа деген ықыласын тәрбиелеу Материал: заттық суреттер: қуыршақ, кітап, пирамида, қарындаштар (тәрбиеші жұмысы үшін); градусник, дәрілер, шприц, дәке (мед бике жұмысы үшін); сыпырғыш, арбаша, қалақша, күрек (аула сыпырушы жұмысы үшін); пышақ, кәстрөл, ожау, таразы, таба (аспазшы жұмысы үшін). Суреттерді ойыншық заттармен алмастыруға болады. -Біздің саяхат жалғастырылады. "Балабақша" аялдамасы. Балабақшада кімдер жұмыс істейді?( балалардың жауабы) -Адамдарға жұмыс істеу үшін әртүрлі жабдықтар, құралдар керек. Тақтада бірнеше еңбек құралдары бейнеленген суреттер ілулі тұр. Мұқият қарап алыңдар. (Сәл үзіліс жасалады). -Ал енді ойнаймыз. Кім тәрбиеші болғысы келеді? Медбике, аула сыпырушы,аспаз болғысы келеді? (Балалар шығады). -Өздеріңнің мамандықтарыңа қажетті құралдар бейнеленген суреттерді таңдап алыңдар. Енді құралдарды атап, онымен не істейтіндіктеріңді түсіндіріңдер.. Мақсаты: жануарлар, олардың өмір сүру әдістері, қөректенуі, қорғануы туралы балалардың білімін анықтау; шартты өлшемдерді қолдана білетіндігін анықтау; ұжымдық әңгімелесуге қатысуға: жолдастарының жауаптарын зейін қойып тыңдай білу, топқа берілген сұраққа жауап беру қабілетін анықтау.
  • 44. Материал: құрбақа, қоян және тиін бейнеленген заттық суреттер, осы жануарлардың маскасы. Ұзындықтары бойынша әртүрлі үш өлшеуіш- сызғыштар. -Келесі аялдама "Орман". Ертегіні тыңдаңдар: "Орманда дос аңдар: Құрбақа, Қоян, Тиін өмір сүріпті.Олар секіре алатындықтан үшеуі дос болыпты. Сендер қалай ойлайсыңдар. Олар неге секіреді?". - Бір күні олар жарыс ұйымдастырыпты: Бір ағаштан екінші ағашқа кім тез секіреді. Олар белгі бойынша секіре бастайды. Үшеуі де өте тырысады. - Балалар, қалай ойлайсыңдар, кім бірінші болуы мүмкін? Неге? - Енді олар қалай жарысқандығын көрейік. Міне спортшы- достар мыналар. (тілек білдірген балаларға маскалар беріледі). Ал міне мынау секіру ұзындығын белгілейтін өлшеуіш-сызғыштар. Кімге қайсысы керек? ("Спортшылар" өздері таңдайды). - Сөре мен мәренің белгілері міне! (Затпен немесе жалаушамен белгілейді). Былай секіресіңдер: белгі бойынша бәрің бір уақытта өлшеуіш-сызғыштарыңмен өлшеп, бормен белгілейсіңдер. Төреші секіру- өлшемінің дәлдігін қадағалайды. - Дайындалыңдар! Сөреге! Марш! - Достар орманда жарысып жүргенде, көрермен- аңдар сыйлықтар дайындайды. Бұл олардың сүйікті астары болады. - Қалай ойлайсыңдар, кімге қандай сыйлық сыйлаймыз? - Осы кезде Қасқыр жетіп келді. Біздің достар қорқып , қасқырдан қорғануға кірісті. Қалай ойлайсыңдар, олар қалайша қорғанды? - Міне, ертегі де аяқталды. Жарайсыңдар!
  • 45. 2 ұйымдастырылған оқу іс-әрекет Тақырыбы: «Кітаптар еліне саяхат» Мақсаты: балалардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мазмұны бойынша сұрақтар қоя білу, жолдастарының жауабын мұқият тыңдай білу, тақырыптан ауытқымай көргенін немесе естігенін байланыстыра әңгімелей алу білігін анықтау. Шығармадағы кейіпкерлердің адамгершілік қасиеттерін айыра білу және оларды бағалай білу. - Балалар, біз сүйікті кітаптар еліне келдік. Саяхатты былайша жасаймыз: мен сендерге сурет, зат көрсетемін немесе шығармадан үзінді оқимын, ал сендер осы шығарманың атын және онда не туралы айтылатынын еске түсіресіңдер. Тәрбиеші заттарды көрсетеді: құмыра мен табақ, ("Түлкі мен тырна" ертегісі бойынша). "Алдар көсе мен шықбермес Шығайбай" ертегісіне иллюстрация немесе ертегіден үзінді оқылады. Қызыл телпек немесе қызыл телпек киген қуырша ( Ш.Перроның "Қызыл телпекті қыз" ертегісі бойынша) және т.б. 1.Мақсаты: балалардың жеке гигиена заттарын қолдана білу қабілеттерін анықтау; затты сипаттай білуі Материал: Заттар: тарақ, тіс щеткасы, киім щеткасы, сабын орамал, тіс пастасы. -Бұл қапта да сендердің сүйікті кітапшаларыңның кейіпкерлері. Мен қапшықтан заттарды аламын, ал сендер оларды атап және қалай қолдануға болатынын түсіндіріңдер.
  • 46. Барлық заттарды шығарған соң, тәрбиеші сұрайды? "Бұл кейіпкер- заттар бізге қандай кітаптан келді?" (К.Чуковский "Мойдодыр"). 3 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет -ойын "Бәрін білгім келеді" Мақсаты: Күн жүйесінің планеталары бойынша балаларға қарапайым түсінік беру; Жер бетінде жерліктер, басқа планетада - инопланетяндар, басқа планета адамдары тұратындығын білу. 1. -Өлең шығармашылығына үйрету. 2. Қазақ даласының жануарлары туралы білімдерін тереңдету; туған жерінің табиғатын сақтауға жауапкершілік сезімін дамыту. 3. "Ертегі" жанырымен жұмысты жалғастыру; "Тапқыр бала" қазақтың халық ертегісімен таныстыру; тілді жаңа сөздермен байыту-батыр, жігіт, шапан, аңыз, талқан, ұршық, пері. 4. Туған елімен таныстыруды жалғастыру. 5. Дене шынықтыру сапаласы мен дағдыларын дамып жаттықтыру. 6. Аспаптық музыкаға сәйкес вальс биінің қозғалыстарын орындау. 7. Эмоциональдық және психологиялық қабылдауды және ойын арқылы жаңаны тану ықыласын дамыту. 8. Қазахстандық патриотизмді дамытуға қолдау жасау. Материал: Күн жүйесі планеталарының тақтадағы модуль-сызбасы (схема); таяқтар, дауылпаз; "Космонавт" медалі; "Казақстана жануарлары" иллюстрациясы; ертегіші Рахат Лукумның чалмасы; ұршық; ертегілерге иллюстрациялар; теледидар; проигрыватель; "Бәрін білгім келеді" деген өлеңі бар күйтабағы, магнитофон; Хамидидің "Казақ вальсі"
  • 47. фонограммасы; "Жайляу" ойынына казақ халқы сазының фонограммасы; "сиқырлы" таяқшалар; фишкалар. 1. "Психологиялық шеңбер" - бір біріне жақсылық, табыс тілеу. 2. Іс-әрекетке ынталандыру: - Тақтаға қараңдар! Бұл не екенін білгілерің келе ме? Балалардың жауабы. - Міне сендер бүгінгі күннің ұранын анықтадыңдар, яғни бүгін немен айналысатындықтарыңа мақсат қойдыңдар. Оны бәріміз қосылып айтайық: Бәрін білгім келеді! 3. Бүгін біз космосқа ұшамыз, әртүрлі планеталарда боламыз, одан соң елге қайтып ораламыз. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті бастамас бұрын ұранды тағы еске түсірейік. Балалар: "Бәрін білгім келеді!" 2.Күн жүйесінің планеталарымен танысу. - Мұнда қараңдаршы! Бұл күн жүйесінің планеталары. Планеталар деп қандай да бір жұлдызды айналып қозғалатын аспан денелерін айтамыз. - Сендер жұлдызды көрдіңдер ме? Ал қандай да бір планетаны көрдіңдер ме? Менің ойымша көрдіңдер. Қараңғы түндер болады, тек қана жұлдыздар жарқырайды. Жарық түндер де болады, өйткені бір планета жарық береді, ол-Ай. Міне ол-Ай планетасы. Ал мына планеталар Меркурий, Венера, Марс, Европа, Юпитер, Сатурн.Ал, планета атауларын қайталайық. - Қараңдаршы, міне біздің Жер планетамыз. Ол басқа планеталардан түсі жағынан бөліктенеді. Басқа планеталар -оттай қызыл, Ай-суық, ал
  • 48. Жер - көгілдір -жасыл, өйткені мұнда ормандар, теңіздер, өзендер өте көп.Сондықтан да мұнда өмір сүру бізге жақсы және ыңғайлы. - Қалай ойлайсындар бұл не? ( Күнді көрсетеді ). Одан жылу мен жарық шығады. Иә, бұл күн. Күн-планета емес, ол ең үлкен жұлдыз. Барлық планеталар күнді айналады. Мүмкін оларда жерлік емес, басқа планеталықтар - инопланетяндар өмір сүретін болар. Біз Жер планетасында тұрамыз, біз оның тұрғындары, жер ададарымыз. Біз кімбіз? (Жер адамдары, жерліктер). - Өзге планеталарда болғыларың келеді ме? Олай болса, бізді жүйрік ракеталар күтіп тұр ? Ал ракеталарда ғарышкерлер ұшады. Ғарышкерлер қатарына жазылу - тек жаттығудан кейін. Жаттығуға сап түзейміз! (Сапқа тұрады). Сергіту ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің 1-бөлігі өткізіледі: Бой жазу: жай жүру (30сек), баяу жүгіру (30 сек), жай жүру (30сек), жартылай отырып жүру (30сек), жай жүру 30сек), қимылдар жаттығуы (2- 3 минуты), баяу жүгіру (30сек), жыланша жүру (30сек), диагональ бойымен жүгіру, кең адымдап жүгіру (30сек), жай жүру (30сек). Қатарға тұру: таяқтарды алып, жұбымен тұру. Ара қашықтық ұстап орталықпен жүру. Таяқпен жалпыдамытатын жаттығулар: "Штангистер" - б.қ. аяқты алшақ ұстау, таяқ жерде. Қолды көкірек тұсына көтеру, төмен түсіру (6-8 рет). "Айналымдар" - б.қ. таяқ жерде. Солға (оңға) деп, солға (оңға) бұрылу, б.қ. қайта келу. (6-8 рет)