Successfully reported this slideshow.
We use your LinkedIn profile and activity data to personalize ads and to show you more relevant ads. You can change your ad preferences anytime.
«Қазақ тілі» (екінші тіл ретінде - Т2) пәні бойынша
оқу бағдарламасы
(12 жылдық білім беру мазмұнын жаңарту аясында)
Баста...
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
2
Бұл оқу бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА және бастау...
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
3
Мазмұны
1. «Қазақ тілі» (Т2) пәнінің маңыздылығы ...................................................
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
4
1. «Қазақ тілі» (Т2) пәнінің маңыздылығы
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі....
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
5
2. «Қазақ тілі» (Т2) пәні бағдарламасының мақсаты
«Қазақ тілі» (Т2) пәні бағдарламасы оқушының ті...
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
6
3. Үштұғырлы тіл саясатын жүзеге асыру
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқушылардың
...
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
7
4. «Қазақ тілі» (Т2) пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға
қойылатын талаптар
Бағдарлама бойынша әр ...
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
8
 постерлер;
 ұлттық киімдегі қуыршақтар (сахналық көріністер үшін);
 ұлттық киімдер, сахналық ...
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
9
5. «Қазақ тілі» (Т2) пәнін оқытуда қолданылатын
педагогикалық әдіс-тәсілдер
ҚР білім беру ұйымдар...
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
10
 қосымша материалдар іздеуді қажет ететін тапсырмаларды ұсыну;
 Не білемін, не білгім келеді, ...
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
11
6. Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін
қалыптастыру
Түрлі мәдениет пен көзқарастарға...
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
12
7. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
құзыреттілігі
Ақпараттық-коммуникациялық т...
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
13
8. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
ҚР білім беру ұйымдарына (мектеп, гимназия, лиц...
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
14
 мәтіннің басы немесе тақырыбы бойынша оқиғаның дамуын болжау;
 әдебиетпен жұмыс (сұхбатқа арн...
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
15
9. «Қазақ тілі» (Т2) пәнін оқып үйренудің нәтижелерін
бағалаудың тәсілдері
«Қазақ тілі» (Т2) пән...
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
16
сәйкестігін анықтайды. Бағалаудың нәтижелері балл және баға түрінде
тұжырымдалады.
Оқушылардың о...
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
17
10. «Қазақ тілі» (Т2) пәні бағдарламасының мазмұны мен
құрылымы
Бағдарлама «Біз пән бойынша не б...
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
18
4 Жазылым Ж1 Әртүрлі стильде жазу
Ж2 Көркемдегіш құралдарды пайдаланып жазу
Ж3 Шығармашылық жұмы...
1-нұсқа
Қаңтар 2014
19
Пән бойынша бағдарламаның оқу мақсаттары
«Қазақ тілі» (Т2) пәні
1. Тыңдалым
Оқушылар білуі тиіс...
...
1-нұсқа
Қаңтар 2014
20
Т3 Мәтіндегі
негізгі және
қосалқы
ақпараттарды
анықтау және
болжау
Әңгіме (оқиға),
өлең, ән
жанрлар...
1-нұсқа
Қаңтар 2014
21
бойынша
сұрақтар
құрастырып,
орынды жауап
беру
пікір,сұрақтар
немесе қимыл
арқылы білдіреді
оқиғала...
1-нұсқа
Қаңтар 2014
22
«Қазақ тілі» (Т2) пәні
2. Оқылым
Оқушылар …
1-сынып 2-сынып 3 -сынып 4-сынып 5-сынып
О 1
Зейін қойы...
1-нұсқа
Қаңтар 2014
23
суреттерді
атауымен беруді)
О 3
Өзіндік
көзқарасын
білдіру және
бағалау
Сөз мағынасын
оқи отырып
та...
1-нұсқа
Қаңтар 2014
24
О6
Салыстырмалы
талдау жасау
Оқыған әртүрлі
мәтіндердің
ұнағанын/ұнамағ
анын
талқылайды
Оқиғалар ме...
1-нұсқа
Қаңтар 2014
25
«Қазақ тілі» (Т 2) пәні
3. Айтылым
Оқушылар …
1-сынып 2-сынып 3 -сынып 4-сынып 5-сынып
А1
Сөз көлем...
1-нұсқа
Қаңтар 2014
26
талқылау көмегімен
көрсетеді
(үлкендердің
көмегімен)
қарқыны, т.б.)
білдіру
А4
Диалогқа қатысу
Анық...
1-нұсқа
Қаңтар 2014
27
«Қазақ тілі» (Т2) пәні
4. Жазылым
Оқушылар ....
1-сынып 2-сынып 3 -сынып 4-сынып 5-сынып
Ж1
Әртүрлі...
1-нұсқа
Қаңтар 2014
28
жұмыс сөздерін жазады сөйлемдер жазады өлең жазуға
талпынады
әңгімелерді
шығармашылық
тұрғыда өз
бе...
1-нұсқа
Қаңтар 2014
29
Аудио-визуалды
материалдар
бойынша
естіген, көргені
негізінде жазу
алынған
материалды
сипаттап жаза...
1-нұсқа
Қаңтар 2014
30
Upcoming SlideShare
Loading in …5
×

5. оқу бағдарлама қазақ тілі т2 бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114

2,808 views

Published on

  • Be the first to comment

  • Be the first to like this

5. оқу бағдарлама қазақ тілі т2 бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114

  1. 1. «Қазақ тілі» (екінші тіл ретінде - Т2) пәні бойынша оқу бағдарламасы (12 жылдық білім беру мазмұнын жаңарту аясында) Бастауыш мектеп (1-5 сынып) Қаңтар 2014 ж.
  2. 2. 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. 2 Бұл оқу бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА және бастауыш сынып мұғалімдерімен бірлесіп құрастырылған
  3. 3. 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. 3 Мазмұны 1. «Қазақ тілі» (Т2) пәнінің маңыздылығы ................................................................ 4 2. «Қазақ тілі» (Т2) пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты ........................ 5 3. Үштұғырлы тіл саясатын жүзеге асыру ................................................................ 7 4. «Қазақ тілі» (Т2) пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар .... 8 5. «Қазақ тілі» (Т2) пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер. 10 6. Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру.................... 12 7. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігі ........... 13 8. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту....................................... 14 9. «Қазақ тілі» (Т2) пәнін оқып үйренудің нәтижелерін бағалаудың тәсілдері ... 16 10. «Қазақ тілі» (Т2) пәні бағдарламасының мазмұны,құрылымы ....................... 18
  4. 4. 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. 4 1. «Қазақ тілі» (Т2) пәнінің маңыздылығы Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тіл – еліміздегі халықтар бірлігінің негізгі факторы, ұлтаралық қарым - қатынастың ұйытқысы. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде құрметтеу – Қазақстанда тұратын барлық халықтардың негізгі міндеті. Тіл – халықтың жеңістері мен жетістіктерінің, ұлттық құндылықтары мен өмір сүру салтының көрінісі. Мектепте оқытылатын «Қазақ тілі» (екінші тіл ретінде - Т2) пәні білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін, өмірге бейім, жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуге негіз болады. Бүгінгі қоғам еліміздің білім беру жүйесінде көптілді меңгерген дара тұлғаны қалыптастыруды талап етуде. Бұл үш тілді қатар білуге арналған тіл саясатына сәйкес мемлекеттік тілді меңгертуді жетілдіруді қажет етеді. «Қазақ тілі» (Т2) пәніне арналған кіріктірілген бағдарлама білім берудің ұлттық жүйесін халықаралық стандарттарға негіздей отырып, еліміздегі қоғамдық-әлеуметтік, ұлттық т.б. ерекшеліктерді ескеріп және тілді үйретудің тиімді жолдарын жетілдіруді көздейді. Бастауыш сынып оқушыларына тілді сөйлесім әрекеті арқылы мәдениаралық қатысым құралы ретінде меңгерту, оқушылардың сыни тұрғыдан және креативті ойлау дағдыларын қалыптастыру, олардың әлеуметтік-көпшілік ортада өзін еркін сезінуіне мүмкіндік туғызу негізгі ұстаным болып табылады. Қазақ тілі пәнін оқыту тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. Оқу үдерісінде жүйелі жүргізілетін әңгіме оқу, мәтінмен жұмыс жасау, өлеңдерді жаттау, жағдаяттық тапсырмалар орындау, постерлермен жұмыс істеу, сахналық қойылым дайындау барысында оқушылардың сөздік қоры жетілдіріледі. Бастауыш сыныптардағы қазақ тілі пәнін оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктері және қоршаған ортаны қабылдауға қатысты психологиялық жай-күйі ескеріледі.
  5. 5. 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. 5 2. «Қазақ тілі» (Т2) пәні бағдарламасының мақсаты «Қазақ тілі» (Т2) пәні бағдарламасы оқушының тіл сауаттылығы мен сөз байлығын, басқалармен қарым-қатынасқа еркін түсуді және оқушының ойлау қабілеттері мен дүниетанымдық дағдыларын кеңейтуді көздейді. Бағдарламаның білім мазмұны оқушыларды қазақ халқының мәдениеті, әдебиеті, салт- дәстүрімен таныстырады және алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйретеді. «Қазақ тілі» (Т2) пәні оқушыларды армандары мен мақсаттарын қазақ тілінде еркін жеткізуге, өз ойымен бөлісуге үйретеді. Аудио, визуалды материалдарды тыңдап, түсініп, негізгі ойды анықтайды және өз көзқарасын білдіреді. Көркем-әдеби, ақпараттық-танымдық сипаттағы мәтіндерді өз мақсатына сай іріктеп, талдап, ой қорытындысын жасауға үйренеді, қысқа мәтіндерді жазуға дағдыланады. Бастауыш мектептегі «Қазақ тілі» (Т2) пәні бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар «Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті» (CEFR) деңгейлерін (А1, А2, В1, В2, С1) негізге ала айқындалған және әр деңгейдің соңында күтілетін нәтижелер берілген. «Қазақ тілі» (Т2) пәнін оқытудың мақсаты – мемлекеттік тілді қадірлейтін, оның қоғамдық мәнін түсінетін және тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білетін дара тұлғаны қалыптастыру. «Қазақ тілі» (Т2) пәнін оқу арқылы оқушылар:  сөздік қоры мен сауатты сөйлеу дағдысын дамытады;  ойлау және танымдық қабілеттерін дамытады;  жағдаятқа сай қарым-қатынас жасауға дағдыланады, өзгелермен еркін қарым-қатынасқа түседі;  тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметін түсінеді; тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытады;  мемлекеттік тілге және Қазақстан халқына деген сыйластық қалыптасады.
  6. 6. 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. 6 3. Үштұғырлы тіл саясатын жүзеге асыру Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатымен коммуникативтік құзыреттіліктің негізін қалыптастырады. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары үштілділік саясатын 1-сыныптан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту арқылы жүзеге асырады. Үш тілді оқу, сөйлеу әрекетінің төрт тілдік (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) дағдысын дамыту арқылы коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. «Қазақ тілі» (Т2) пәні қазақ тілінде оқытылады. Мектептердің үштілділік саясаты тілдерді оқыту әдіс-тәсілдерін, тілдік пәндердің және өзге пән мұғалімдерінің рөлдерін анықтайды. Үштілділік саясатының жүзеге асырылуы «Қазақ тілі» (Т2) пәні бағдарламасының келесі бөлімдерінде көрсетілген: «Қазақ тілі» (Т2) пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер» бөлімінде (5-бөлім), мұғалімнің, пәнді меңгертуге қажетті тілдік білім мен дағдыларды қалай жетілдіретіндігі анықталған . «Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» бөлімінде (8-бөлім), мұғалімдердің, пән арқылы тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын жоғары деңгейде қалай дамытатыны сипатталған. «Қазақ тілі» (Т2) пәнін оқып үйренудің нәтижелерін бағалаудың тәсілдері» бөлімінде (9-бөлім) бағалау тілі белгіленген.
  7. 7. 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. 7 4. «Қазақ тілі» (Т2) пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар Бағдарлама бойынша әр сыныптағы сағат саны: Сабақ барысында әртүрлі жұмыс түрлерін (жеке, жұптық, топтық) ұйымдастыру үшін оқу кабинеттеріндегі жиһаздар орнын ауыстыруға қолайлы әрі жеңіл болуы қажет. Сондай-ақ кітап сөрелері, стендтер және оқушы жұмыстарының көрмесіне арналған орын қажет. «Қазақ тілі» (Т2) пәнін сапалы, тиімді оқытуда қолайлы жағдай туғызуға қажетті құрал-жабдықтар:  шектеусіз интернет;  компьютерлер немесе ноутбуктер;  құлаққаптар (наушниктер);  жылжымалы тақта;  проектор, экран;  интерактивті тақта;  флип-чарт;  маркерлер;  ламинатор;  аудио-бейне материалдар ;  дидактикалық материалдар;  шағын және көлемді жеке суретті кітаптар;  сөздіктер (түсіндірмелі, орфографиялық, орфоэпиялық);  энциклопедиялар;  жас ерекшелігіне сай әдебиеттер, оның ішінде ертегілер;  жас ерекшелігіне сай журналдар;  шағын және көлемді сюжетті кітаптар;  көркем әдебиеттер қоры; Сынып Апталық сағат саны Жылдық сағат саны 1-сынып 3 сағат 99 сағат 2-сынып 3 сағат 102 сағат 3 -сынып 3 сағат 102 сағат 4 -сынып 4 сағат 136 сағат 5 -сынып 4 сағат 136 сағат
  8. 8. 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. 8  постерлер;  ұлттық киімдегі қуыршақтар (сахналық көріністер үшін);  ұлттық киімдер, сахналық киімдер, декорациялар;  ұлттық ойынға қажетті жабдықтар.
  9. 9. 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. 9 5. «Қазақ тілі» (Т2) пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер ҚР білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей т.б.) өздігінен білім алуға, шешім қабылдауға қабілетті, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі жоғары, өзінің және өзгенің іс әрекетіне талдау жасай алатын оқушы тәрбиелеуді көздейді. Оқушылардың бойында бұл қасиеттер төмендегі оқыту стратегияларын тиімді пайдаланған жағдайда қалыптасады: - оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу; - меңгерген білімдері мен түсініктерін дамыту, қолданудың маңыздылығын құптау; - жүйелі түрде іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыру; - проблемаларды шешу әдіс-тәсілдерін оқушыларға түсінікті жолмен көрсету; - бағалау арқылы оқушылардың біліміне қолдау көрсету; - оқушыларды зерттеу жұмыстарын жүргізуге ынталандыру; - зерттеу әдіс–тәсілдеріне негізделген белсенді оқытуды марапаттау; - оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту; - жеке, топтық және ұжымдық жұмыс түрлерін үйлесімді ұйымдастыру. «Қазақ тілі» (Т2) пәнін оқытуда басшылыққа алынатын ұстанымдар:  оқушы мен мұғалім арасында ізгілікті қарым-қатынас орнату;  сабақта өмірмен байланысты тапсырмаларды орындатуға басымдық беру;  өз ойларын айтуға, жеке шешім қабылдауға мүмкіндік беру;  өздігінен білімін жетілдіруге, үнемі іздене білуге тәрбиелеу;  тапсырмаларды оқушылардың қабілеттерін ескере саралап (дифференциация) дайындау;  оқушының топта еркін жұмыс жасауына қажетті жағдай туғызу (мысалы: әр баланың топтың белсенді мүшесі немесе топ басшысы болуына мүмкіндік жасау);  белсенді әрекеттерге негізделген практикалық, шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру;
  10. 10. 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. 10  қосымша материалдар іздеуді қажет ететін тапсырмаларды ұсыну;  Не білемін, не білгім келеді, нені үйрендім? түріндегі кері байланысты жүзеге асыру.  оқу үдерісінде біліміндегі олқылықтарын оқушының өзі іздену арқылы түзетулеріне мүмкіндік беру; Үштұғырлы тіл саясатына сәйкес білім беру мазмұнына толықтырулар ҚР білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей т.б.) қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқытатын мұғалімдер үштұғырлы тіл саясатын жүзеге асыруда тілді деңгейлеп меңгерту арқылы жеке тұлғалық, әлеуметтік және білімдік мақсаттардың орындалуын қамтамасыз етеді. Қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа тақырыпты тілдердің ұқсастығы мен айырмашылықтарын салыстыра отырып меңгертуге назар аударғаны жөн. Мұғалім оқу үдерісінде оқушылардың үш тілді тең дәрежеде қатар үйренуіне мүмкіндік туғызады. Басқа пәндердің мазмұнын меңгертуде мемлекеттік тілді дұрыс қолдану пәнаралық байланыс арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, бір тақырыпты жан- жақты талдау, себеп-салдарын түсіндіру, фактілер мен көзқарасты ажырату, қарама-қайшы тақырыпты талқылау кезінде өз ойын жүйелеу, түрлі ақпарат ресурстарын бағалау, өзгелерге ақпаратты анық, түсінікті жеткізу. Бұл оқушылардың басқа пәндерде де тілді меңгеруде жетістікке жетуін қамтамасыз етеді. Ал тіл мұғалімдері басқа пәндер мазмұнына сәйкес тақырыптарды, мәтіндерді, тапсырмаларды пайдалану арқылы пәнаралық байланысты дамытады. Тіл және пән мұғалімдері арасында пайдаланатын мәтіндер мен тапсырмалар бойынша өзара ынтымақтастық қарым-қатынас орнатылады. Сонымен қатар, тіл мұғалімдері тілді үйренудегі қосымша қажеттіліктерді анықтау үшін пән мұғалімдерімен тығыз байланыста болады.
  11. 11. 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. 11 6. Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру жеке тұлғалық, тұлғааралық және мәдениетаралық құзыреттіліктерді қажет етеді. Бұл құзыреттіліктер оқушылардың әлеуметтік және кәсіби ортада, көпмәдениетті қоғамда тиімді әрі конструктивті әрекет етуіне мүмкіндік береді. «Қазақ тілі» (Т2) пәні бойынша оқу бағдарламасында мыналар қамтылған:  өзгенің пікіріне, көзқарасына, наным-сенімі мен әдет-ғұрпына, идеяларына сыйластық пен төзімділік көрсету қасиетін қалыптастыру;  оқушының көптілді, көпмәдениетті қоғамда өзін еркін сезінуі, пікірін түрлі көзқарастарды талдай отырып, өз көзқарасымен өзгенің пікірін салыстыра ашық жеткізуін қалыптастыру;  қазақ халқының және Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің салт- дәстүріне және әдет-ғұрпына құрметпен қарай білу және ұлттық мәдениеттерді құрметтей білуге үйрету;  Қазақстан халықтарының келісімі мен ұлтаралық бірлікті сақтауды қолдау;  көп ұлтты қоғамда өмір сүру қабілетін қалыптастыру. Осы аталған құзыреттіліктер тілдік жағдаяттар мен көркем шығармаларды оқу арқылы қалыптастырылады.
  12. 12. 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. 12 7. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (әрі қарай – АКТ) қолдану құзыреттілігі оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыруда, іздену және зерттеу жұмыстарында сандық технологияларды жұмыс барысында орынды қолдана білуге үйретеді. Бұл құзыреттілік АКТ-ны қолданудың негізгі дағдылары арқылы қалыптасады. Бастауыш мектепте АКТ-ны қолдану дағдылары ақпарат іздеу және дайындау, ақпаратпен алмасу, өз жұмысын бағалау және жетілдіру, алуан түрлі жабдықтар мен бағдарламалық қосымшаларды пайдалану арқылы дамытады. «Қазақ тілі» (Т2) оқу бағдарламасында ол төмендегідей көрініс табады:  On-line сабақтарда инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияларды қолдану;  интернет ресурстарымен жұмыс (мысалы, веб-сайттағы ақпаратты оқу, керекті материалды іріктеу, жеке құжат немесе файл ретінде көшіру және сақтау);  мәтін және слайдтармен жұмыс істеу үшін қарапайым бағдарламадан күрделірек бағдарламаға көшу (Word, PowerPoint);  ақпаратты өңдеп, баспа және электронды түрде сақтау үшін жабдықтарды (принтер, сканер, сандық фотоаппарат) пайдалану;  электронды оқулықтарды пайдалану;  «подкаст» жасау;  тақырыпқа байланысты медиақұралдарды қолдану;  ақпаратты саралау, зерттеу.
  13. 13. 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. 13 8. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту ҚР білім беру ұйымдарына (мектеп, гимназия, лицей т.б.) арналған кіріктірілген оқу бағдарламасы мақсаттарының бірі – түрлі қауымдастықта тиімді қарым-қатынас жасауға қабілетті әлеуметтенген тұлғаны, яғни азаматты тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін қарым-қатынас дағдыларын дамытатын орта құру қажет. Мұнда тұлға өз ойын еркін білдіре алатындай түрлі формадағы қатысым маңызды болып табылады. Оқу бағдарламасы оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуды көздейді. Бағдарлама оқушылардың сыныптастарымен, мұғалімдермен және көпшілікпен қарым-қатынасында қазақ тілінің ауызша және жазбаша сөйлеу түрлерін сауатты пайдалануын қамтамасыз етеді. «Қазақ тілі» (Т2) пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың тыңдалым мен айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:  тыңдалған мәтін негізінде сұрақтар қоя білу;  таныс немесе оқушыларға қызықты тақырыптар бойынша анық, түсінікті сөйлеу;  алдын-ала құрастырылған сұрақтар арқылы біреумен сұхбат жүргізу (мысалы, мұғалімнен бір күні жөнінде сұхбат алу) және алынған жауаптар бойынша ауызша есеп беру;  белгіленген тақырып бойынша пікірталасқа түсудәйектеу (мысалы, бізге мектеп формасын кию қажет пе?);  бір оқиғаны ым-ишарат қолдану арқылы жұпта немесе топта жазуға дайындау;  ауызша айтылғандарды түсіну және соған сай сұрақтарға жауап бере білу;  берілген тақырыпқа диалог құрастыру;  экскурсия бойынша күтілетін нәтижені талқылау (мысалы, кітапханаға барғанда алған әсерлерімен ой бөлісу). «Қазақ тілі» (Т2) пәнінде оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:  интернет ресурстарымен жұмыс (тақырып мазмұны бойынша презентациялар дайындау);
  14. 14. 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. 14  мәтіннің басы немесе тақырыбы бойынша оқиғаның дамуын болжау;  әдебиетпен жұмыс (сұхбатқа арналған сұрақтар мен жауаптар дайындау);  көз жүгірте оқу, шолу жасай отырып оқу, мағынасы мен бөлімдерін анықтай отырып оқу, ақпаратты алу үшін оқу, қызыға оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу. «Қазақ тілі» (Т2) пәнінде жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:  тыңдалған оқыған мәтін мазмұнын қысқаша жазу, көркен фильмі немесе оқыған кітаптан алған әсерін сипаттап жазу;  қысқаша хабарлама жазу;  диаграмма, белгіленген суреттер түрінде ақпарат ұсыну;  сұхбат нәтижесінің қысқаша есебін жазу;  сұхбатқа сұрақтар дайындау.
  15. 15. 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. 15 9. «Қазақ тілі» (Т2) пәнін оқып үйренудің нәтижелерін бағалаудың тәсілдері «Қазақ тілі» (Т2) пәнін оқып үйренудің нәтижелерін бағалау критериалды бағалау жүйесін қолданумен жүзеге асырылады. Критериалды бағалау – оқу бағдарламаларындағы күтілетін нәтижелерге жету мақсатында оқушылардың білім алудағы жеке даму жолына түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін оқушының оқу жетістігін алдын-ала нақты анықталған бағалау критерийлерімен сәйкестігін бағалау болып табылады. Критериалды бағалау білім беру, оқыту және бағалаумен тығыз байланысқа негізделген. Оның нәтижелері білім беру үрдісін тиімді ұйымдастыру үшін пайдаланылады. Критериалды бағалау жүйесі бағалаудың бірнеше түрін қамтиды: қалыптастырушы бағалау (ҚБ), ішкі жиынтық бағалау (ІЖБ) және сыртқы жиынтық бағалау (ЖБ). Әр сыныптағы пәндер бойынша оқу бағдарламасының мазмұны бағалаудың барлық түрлеріне арналған ақпараттарды қамтиды. Бастауыш мектептегі «Қазақ тілі» (Т2) пәні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін жылы бойы бағалау үшін бағалаудың барлық үш түрі қолданылады: Қалыптастырушы бағалау (ҚБ) - білім беру мен оқытудың бір бөлігі ретінде оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына сәйкес жүргізетін мұғалімнің ағымдағы бағалауы. Оқушылардың оқу үлгерімі мен оқудағы жетістіктері оқыту мақсаттарына «талпынды» немесе «жетті» деген белгілермен тұжырымдалады. Ішкі жиынтық бағалау (ІЖБ) – мектеп мұғалімдерімен жүргізілетін тоқсан соңындағы оқу ақпаратының бөлімін аяқтағаннан кейінгі білім және оқу дағдысының қалыптасқан деңгейін анықтайтын бағалау. Бағалаудың нәтижелері балл және баға түрінде тұжырымдалады. Сыртқы жиынтық бағалау (ЖБ) – тәуелсіз ұйымдардың бағалауы арқылы жүргізілетін бағалау. Ол негізгі және жоғары мектепті аяқтаған кездегі білім мен оқу дағдысының қалыптасқан деңгейін Кіріктірілген білім беру бағдарламасына
  16. 16. 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. 16 сәйкестігін анықтайды. Бағалаудың нәтижелері балл және баға түрінде тұжырымдалады. Оқушылардың оқу нәтижелері төмендегідей түрде ұсынылады:  Тоқсандық баға – қалыптастырушы және тоқсандық ішкі жиынтық бағалаудың нәтижелері белгілі бір пайыздық көрсеткіште енгізілген әр тоқсанның соңындағы баға.  Қорытынды баға – қалыптастырушы және төрт тоқсандағы ішкі жиынтық бағалау нәтижелері білгілі бір пайыздық көрсеткіште енгізілген оқу жылының соңындағы баға. Бағалау түрінің аралық үлес салмағы: Бағалау көрсеткіштері Қалыптастырушы бағалау Ішкі жиынтық бағалау Тоқсандық баға 30% 70% Қорытынды баға 30% 70% Бағалау тілі оқыту тілі болып саналады.
  17. 17. 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. 17 10. «Қазақ тілі» (Т2) пәні бағдарламасының мазмұны мен құрылымы Бағдарлама «Біз пән бойынша не білеміз және білімді қалай меңгереміз?» деген негізгі қағидаларды қарастырады. Пән бойынша білімді меңгеру оқу бөлімдерінде тілдік дағдыларды қалыптастыру бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері жинақталған білім мен түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерге бөлінген. Оқытудың мақсаттары әр бөлімше ішіндегі сабақтастықты айқындайды. Мұғалім мен оқушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік береді. 1-5 сыныптар № Бөлім Бөлімше 1 Тыңдалым Т 1 Зейін қойып тыңдау Т2 Сөздердің және сөз тіркестерінің мағынасын түсіну Т3 Мәтіндегі негізгі және қосалқы ақпараттарды түсіну және болжау Т4 Әдеби тіл нормасын анықтау Т5 Тыңдалған және оқылған мәтіндер бойынша сұрақтар құрастырып, орынды жауап беру Т6 Түрлі құрылымдағы мәтіндерді түсіну 2 Оқылым О 1 Зейін қойып оқу О 2 Мәтіннің түрі мен стилін анықтау О 3 Өзіндік көзқарасын білдіру және бағалау О 4 Іріктеп оқу және жоспар құру О5 Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу О6 Салыстырмалы талдау жасау 3 Айтылым А1 Сөз көлемі және сөздік қордың саналуандығы А2 Тыңдалған мәтінді мазмұндау, дәлелдеу А3 Мәтіннің негізгі аспектілерін анықтау және талқылау А4 Диалогқа қатысу А5 Тілді медиа құралдар арқылы дамыту А6 Сөйлеу мәнерін бағалау
  18. 18. 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. 18 4 Жазылым Ж1 Әртүрлі стильде жазу Ж2 Көркемдегіш құралдарды пайдаланып жазу Ж3 Шығармашылық жұмыс Ж4 Грамматикалық норма және сауатты жазу Ж5 Тыныс белгілерін және сөйлем құрылымын нормаға сай қолдану Ж6 Аудио-визуалды материалдар бойынша естіген, көргені негізінде жазу
  19. 19. 1-нұсқа Қаңтар 2014 19 Пән бойынша бағдарламаның оқу мақсаттары «Қазақ тілі» (Т2) пәні 1. Тыңдалым Оқушылар білуі тиіс... 1-сынып 2-сынып 3 -сынып 4-сынып 5-сынып Т1 Зейін қойып тыңдау Сөзді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және оларды дұрыс қабылдайды Ауызша айтылған және аудиовизуалды материалдағы қарапайым сөз орамдарын қайталайды Телерадио хабардағы негізгі ойды беруде қолданылатын ерекшеліктерді анықтайды Адамның жасына, туыстық ерекшеліктеріне және қатысым мақсатына байланысты сөйлеу стиліндегі өзгерістерді анықтайды Ресми және бейресми қарым - қатынас стиліне байланысты сөйлеудің кейбір аспектілерін анықтайды Т2 Сөздің және сөз тіркестерінің мағынасын түсіну Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздер және сөз орамдарынан құралған қысқа, қарапайым мәтіндердегі негізгі ойды түсінеді Аудиовизуалды материалдағы сөздер мен сөз орамдарының мағынасын түсінеді Оқу немесе аудиовизуалды материалдағы таныс емес сөздер мен сөз орамдарының мағынасын түсіну үшін анықтамалық материалдарды пайдаланады
  20. 20. 1-нұсқа Қаңтар 2014 20 Т3 Мәтіндегі негізгі және қосалқы ақпараттарды анықтау және болжау Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді, ажыратады таниды Тыңдалған/қойы лған материалда не болып жатқанын анықтай отырып, мазмұнын түсінеді (идеясын, кейіпкерлерін, оқиғаларды) Тыңдалған/қойыл ған материалдағы негізгі идеяны түсінеді, кейіпкерлерді сипаттайды, оқиғаларға талдау жасайды Тыңдалған/қойыл ған материалдағы оқиғаның ары қарай қалай жалғасатынын болжай отырып, мазмұнын түсінеді (идея, кейіпкерлер, оқиғалар) Тыңдалған/қойылғ ан материалдағы оқиғаның мазмұнын түсінеді және оқиғаны басқалардың көзқарасын есепке ала отырып болжайды Т4 Әдеби тіл нормасын түсіну Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады Жиі қолданылатын сөздерді ажыратады және түсінеді Күнделікті өмірге қатысты және таныс сөздерден құралған қысқа мәтіндерді түсінеді, сөздің тұлғасын анықтайды (зат есім, етістік) Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздер мен сөз орамдарынан құралған қарапайым және қысқа мәтіндердегі, сондай-ақ аудиовизуалды материалдарда грамматикалық бірліктерді анықтайды Күнделікті өмірге қатысты, ішінде таныс емес сөздер бар қысқа және қарапайым мәтіндердегі грамматикалық бірліктерді анықтайды Т5 Тыңдалған және оқылған мәтіндер Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін Әңгіме және аудиовизуалды материалдағы Әңгіме және аудиовизуалды материалдағы Аудиовизуалды материал мазмұнындағы Тыңдағалған материал мәнін түсінеді және
  21. 21. 1-нұсқа Қаңтар 2014 21 бойынша сұрақтар құрастырып, орынды жауап беру пікір,сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді оқиғалардың мәнін сипаттай отырып түсінеді оқиғалардың мазмұнын және кейіпкерлерді сипаттай отырып түсінеді негізгі тұстарды анықтайды телебағдарлама үзіндісіндегі музыка, сөз және бейнелердің маңызын анықтайды Т6 Түрлі құрылымдағы мәтіндерді түсіну Жаңа сөздердің мағынасы мен айтылуын түсінеді Автордың мәтінде арнайы қолданған сөздерді таңдау себебін анықтайды (мысалы, үлкен ғимарат- зәулім ғимарат, биік тау-асқар тау) Әртүрлі мәтіндердің ерекшеліктерін түсінеді және анықтайды (хабарлау, сипаттау) Нұсқауларды түсінеді және оған сүйенеді, қажет жағдайда түсіндіруді сұрайды Әртүрлі жағдайларға байланысты сөйлеу түрлерін түсінеді. (Мысалы, ойын алаңында досымен немесе сыныпта мұғаліммен)
  22. 22. 1-нұсқа Қаңтар 2014 22 «Қазақ тілі» (Т2) пәні 2. Оқылым Оқушылар … 1-сынып 2-сынып 3 -сынып 4-сынып 5-сынып О 1 Зейін қойып оқу Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді Таныс сөздер мен сөз орамдарынан құралған қысқа, қарапайым мәтіндердің негізгі тұстарын түсінеді Таныс емес сөздерден құралған қысқа, қарапайым мәтіндердегі негізгі мәселені түсінеді Қысқа мәтіндердегі таныс емес сөздер мен сөз орамдарының мағынасын түсіну үшін анықтамалық материалдарды қолданады О 2 Мәтін түрі мен стилін анықтау Мәтіннің мағынасын түсіну үшін солдан оңға, жоғарыдан төмен оқылатынын біледі Қарапайым әңгімені (оқиғаны) түсініп оқиды Әңгіменің кіріспесін,негізгі кейіпкерлерін, ондағы оқиға желісін түсінеді Көркем және басқа әдебиеттерді ажыратады Мәтіннің құрылымдық ерекшеліктерін біледі және сипаттайды (мысалы, әліпби ретімен, сызбамен, диаграммамен,
  23. 23. 1-нұсқа Қаңтар 2014 23 суреттерді атауымен беруді) О 3 Өзіндік көзқарасын білдіру және бағалау Сөз мағынасын оқи отырып талқылайды Оқылған мәтіннің неліктен ұнайтынын/ұнама йтынын түсіндіреді Оқылған оқиғалар желісі бойынша сұрақтар құрастырады Әртүрлі мәтіндердің ұнағаны/ұнамаға нын жөнінде өз ойын білдіреді Оқылған мәтіндердегі маңызды сәттерге түсінік бере отырып, өз көзқарасын білдіреді О 4 Іріктеп оқу және жоспар құру Өз бетімен оқу үшін кітап таңдайды және оны таңдау себебін түсіндіреді Оқылған мәтінді түсінгенін қойылым көрсету арқылы білдіреді (кейіпкерлер мен оқиға желісіне қарай) О5 Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу Үлкендердің көмегі арқылы ақпараттарды таңдайды Ақпараттыалу мақсатында мәтіндердің әліпби ретімен қолданылатынды ғын түсінеді біледі Сөздіктерден және анықтамалықтар дан қосымша ақпараттарды іздеу жолын біледі Қажетті ақпараттарды табу үшін әртүрлі дереккөздерді қолдана біледі Әртүрлі дереккөздерінен қажетті ақпараттарды таңдау жолдарын біледі
  24. 24. 1-нұсқа Қаңтар 2014 24 О6 Салыстырмалы талдау жасау Оқыған әртүрлі мәтіндердің ұнағанын/ұнамағ анын талқылайды Оқиғалар мен кейіпкерлерді, негізгі ойды түсінгенін болжау арқылы көрсетеді Оқиғалардың болу себептерін, кейіпкерлердің іс- әрекеттерінде өзгерістер неліктен болғанын түсінеді
  25. 25. 1-нұсқа Қаңтар 2014 25 «Қазақ тілі» (Т 2) пәні 3. Айтылым Оқушылар … 1-сынып 2-сынып 3 -сынып 4-сынып 5-сынып А1 Сөз көлемі және сөздік қордың саналуандылығы Таныс сөздерді қолдану арқылы сұрақ қояды және сұраққа жауап береді Өз ойларын бейнелі сөздерді пайдалана отырып жеткізеді Сөйлеуде мәтін тақырыбына сәйкес арнайы лексиканы қолданады Қажетті сөздерді қолдану арқылы әңгімеге, өзара сөйлесуге қатыса алады Мәтін стиліне сәйкес сұрақтар қояды. (ресми және іскерлік) А2 Тыңдалған мәтінді мазмұндау, дәлелдеу Қарапайым әңгімелерді (мәтінді) мазмұндайды Оқиға желісін сақтай отырып, шынайы және ойдан құрастырылған оқиғаларды таныс сөздерді қолдану арқылы әңгімелейді Тыңдаушының қызығушылығын туғызу мақсатында өлеңді немесе әңгіменің мазмұнын мәнерлеп айтады Өлең мен қысқа әңгімені таңдайды, мәнерлеп,нақыш ына келтіріп айтады Жоспар немесе дайындаған жазбасын қолдану арқылы әңгімені,оқиғаны мазмұндайды А3 Мәтіннің негізгі аспектілерін анықтау және Естіген/тыңдаған мәтіндегі таныс сөздерді табады Тірек сөздер мен сөз орамдарын анықтайды және оны түсінгенін қимыл/ сурет Тілді қолдануды көрсете отырып, негізгі ойды анықтайды Тыңдаған / оқығаны бойынша талдау жасайды және бағалайды Тыңдаған / оқығаны бойынша өз көзқарасын эмоциямен (дауыс ырғағы, сөйлеу
  26. 26. 1-нұсқа Қаңтар 2014 26 талқылау көмегімен көрсетеді (үлкендердің көмегімен) қарқыны, т.б.) білдіру А4 Диалогқа қатысу Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді Мәселеден хабардар екенін көрсете отырып, нақты тақырып бойынша қысқа диалогқа қатысады Мәселеден хабардар екенін көрсете отырып, күнделікті өмірге байланысты диалогқа сенімді қатысады Берілген жоспар бойынша диалог құрастырады Басталған диалогты өздігінен жалғастырады А5 Медиақұралдар арқылы тілді дамыту Қарапайым фильмдер мен аудио оқиғаларды талқылайды Медиақұралдард ы пайдалану арқылы қажетті дауыс ырғағын қолдана отырып, дұрыс және анық айтады Медиақұралдард ы пайдалану арқылы оқиғаларды өз тәжірибесіне сүйену арқылы әңгімелейді және сипаттайды Медиақұралдард ы пайдалана отырып, өзінің пікірін дәлелдейді Медиақұралдарды пайдалану арқылы оқиғалар желісін әрі қарай жалғастырып айтады А6 Сөйлеу мәнерін бағалау Қарапайым айтылымдарды қайталайды Түсінгені бойынша өзінің келісетінін/ келіспейтінін айтады Түсінгені бойынша өзінің ойын айтады Басқалардың пікірлерін бағалайды.(келіс укеліспеу) Түсінгені бойынша қорытынды жасайды
  27. 27. 1-нұсқа Қаңтар 2014 27 «Қазақ тілі» (Т2) пәні 4. Жазылым Оқушылар .... 1-сынып 2-сынып 3 -сынып 4-сынып 5-сынып Ж1 Әртүрлі стильде жазу Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер жазады Жай сөйлемдерді жазады/ мәтінді құжаттар редакторында басады Шағын көлемді мәтіндер жазады/мәтінді құжаттар редакторында басады (2-3 сөйлем) Мәтін түрлерін құрастырып жазады/ мәтінді құжаттар редакторында басады АКТ- ны қолданып таныстырылым мәтінін (презентация) дайындайды Ж2 Көркемдегіш құралдарды пайдаланып жазу Қарапайым, түсінікті тілмен жазады Сипаттау сөздерін пайдаланып, жай сөйлемдерді жазады Мәтін бөліктерін (басы, ортасы, аяғы) сақтай отырып, қарапайым әңгімелер жазады Тілдік көркемдегіш құралдарды (орнын, уақытын, кейіпкерлерін) пайдалана отырып, хабарлау мәтінін жазады Оқырманның қызығушылығын тудыру үшін кейіпкерлер бейнесін жасау тәсілдерін қолданады Ж3 Шығармашылық Бір нәрсе туралы жазуда сипаттау Үлгі бойынша бірнеше Өздігінен бірнеше сөйлемдер немесе қысқа Шағын өлең, ән немесе қысқа оқиға, Әртүрлі жанрдағы мәтіндер ( хат, ертегі, өлең, әңгіме)
  28. 28. 1-нұсқа Қаңтар 2014 28 жұмыс сөздерін жазады сөйлемдер жазады өлең жазуға талпынады әңгімелерді шығармашылық тұрғыда өз бетінше жазады құрастырып жазады Ж4 Грамматикалық норма және сауатты жазу Жазуда дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі Орфографияны ескере отырып, жаңа сөздерді дұрыс жазады. Үлкендердің көмегімен зат есім, сын есім және етістікті пайдалана отырып, қарапайым сөйлемдер құрастырып жазады Зат есім, сын есім және етістікті пайдалана отырып, жалаң және жайылма сөйлемдерді құрастырып жазады Грамматикалық нормаларды (зат есім, сын есім және етістік) дұрыс сақтай отырып, сөйлемдер құрастырады. Орфографиялық ережелерді біледі және қолданады Грамматикалық норма мен синтаксисті ескере отырып, сөйлемдер құрастырады. Етістік түрлерін қолданады. Орфографиялық ережелерді біледі және қолданады Ж5 Тыныс белгілерін және сөйлем құрылымын нормаға сай қолдану Жай сөйлемді жазуда бас әріптер мен нүктені қолданады Үлкендердің көмегімен сөйлемдерде нүкте, үтір, сұрақ, леп белгілерін қолданады Сұрақ, леп белгілерін және үтірді қолданады Сөйлем мен сөз орамдарын жазу барысында тыныс белгілерін (үтірді) саналы түрде қолданады Жазуда тыныс белгілерін, сондай- ақ тырнақшаны қолданады Ж6 Аудио-визуалды құрал көздерінен Аудио-визуалды құралдар Естіген, оқыған, көргені бойынша Аудио-визуалды құралдар Әртүрлі аудио- визуалды құралдар
  29. 29. 1-нұсқа Қаңтар 2014 29 Аудио-визуалды материалдар бойынша естіген, көргені негізінде жазу алынған материалды сипаттап жазады көздерінен алынған ақпараттарды жай сөйлем арқылы сипаттап жазады оның идеясы мен негізгі ақпаратын жазу көздерінен алынған ақпаратты (баяндама түрінде емес) деректер, ойлар, тақырыптар, тізімдер түрінде жазады көздерінен алынған мәліметтер мен ойларды жинақтайды
  30. 30. 1-нұсқа Қаңтар 2014 30

×