1
Ақмола облысы
Шортанды ауданы білім беру бөлімінің
«Жолымбет № 2 орта мектебі»
мемлекеттік мекемесі
Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін қолдану
Жолымбет – 2017
2
КБЖ
АЖӨМШ 8
АЖӨМШ 8,2016-2017 оқу жылында мұғалімнің өз іс-тәжірбиесінен зерттеу
жұмысы
Жолымбет№2 орта мектебі, 2017 жыл
Пікір жазғандар:
Ахметова Ш.Х. - Шортанды аудандық білім беру бөлімінің
әдістемелік кабиентінің меңгерушісі
Мартынова А.И. - Жолымбет№2 орта мектебінің оқу ісінің
Меңгерушісі
Оқу кешенді оқу әдістемелік құралы маңызды әрі қызықты
материалдардан тұратын, қосымшаойын элементтерін сабақта қолдануға
арналған тапсырмаларданқұралған. Тіл таным сабақтары фонетикалық,
грамматикалық қана емес интелектуалды жан-жақты өтетін оқу әдістерінен
пайдалау тиімді әрі маңызды. Бұлұсыныпотырғанеңбекте іс-тәжірибедегі
қолдануға тиімді деп саналатын біршама нұсқалар берілген.
Ұсынылыпотырғаноқу әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектепте
ағылшын тілін оқытуда қосымшакөмек ретінде құрастырылған.
Жолымбет №2 орта мектебінің педагогикалық кеңесінің
шешімімен баспаға ұсынылады
2017 жылғы «26» сәуір №1 хаттама
3
Мазмұны
1. Кіріспе 4-6
2. Негізгі бөлім 7-11
2.1 Ағылышын тілі сабағындаойынэлементтерін қолдау 12-18
2.2 Іс-тәжірибеге тоқталу 19-30
3. Қорытынды 31
4. Қолданбалы әдебиеттер 32
4
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.Бүгінгітаңда бүкіл әлемде болыпжатқан
өзгерістер адам өмір сүріп жатқан ортадағы барлық салаларына, соның
ішінде, білім беру саласына да әсер тигізуде.
Біздің еліміз 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасын,
ел басшымыздың үштұғырлы тілдік саясатын, білім мен ғылымдағы
мемлекеттік бағдарламаларын негізге ала отыра, білім берудегі кезек
күттірмес өзекті мәселелерін алға қойыпотыр.
Қазақстан Республикасының2015 жылға дейінгі білім беру
тұжырымдамасыныңнегізгімақсаты – білім беру жүйесінің барлық
деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес білімді,
біліктілігі жоғары, бәсекегеқабілетті, қазіргі жылдам өзгеріп отыратындүние
жағдайларында
алынған терең білімін, қажетті дағдыларынтиімді түрдежүзеге асыратын
және еркін
бағдарлайтын, өзін- өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік
тұрғысынан
жауапты шешімдер қабылдауға дайын қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру
.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында
«Білім беру реформасы табысыныңбасты өлшемі –тиісті білім мен білік
алған еліміздің кез
келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман
болатындай деңгейге
көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде
сапалы білім
беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деп атап көрсетті.
Қазіргі таңда бүкіл әлемдегі өркениетті дамығанелдердің басты көңіл бөліп
отырған
мәселесі - оқытудың жаңа технологияларынқолдана отыра, оқушыға жалпы
бірдей
5
қалыптасқан жан-жақты, дәстүрліәдістермен әлемдік деңгейдегі озық
технологиялармен
салыстырылған, өмір тәжірибесіне ұштастырылғантерең білім беріп, білікті
маман даярлау.
Ал, шетел тілін үйрену, оның қолданыс аясынкеңейту ел басшымыздың
үштұғырлы саясаты
аясында
және де еліміздегі тіларалық байланыстардың,өзарақарым-қатынастардың
нығаюы кезеңіндегі
өзекті де келелі
мәселелері болыптабылады.
Шетел тілін оқытуда оқушылардыңбілім-біліктілік, танымдық,
коммуникативтік біліктілігін,
олардыңсөйлеу дағдысындамыту үшін, оқу үдерісінде жаңа озық
технологияларды қолдану
қажет.
Осы бағытта ағылшын тілі сабағыноқыту үрдісінде оқушылардың
коммуникативтік біліктілігін
қалыптастыру және дамыту мәселесі үлкен мәнге ие.
Диссертациялықжұмыс педагогикалықкөкейкесті мәселелерінің бірі - шет
тілін оқытуда
коммуникативтік оқыту әдісін кеңінен қолданылуын көрсетіп, ағылшын тілі
сабағындаойын
әдісі
арқылы оқушылардыңкоммуникативтік біліктілігін дамыту жолындағы
ерекшеліктерін
саралайды.
Зерттеудің өзектілігі. Еліміздің егемендік алуына байланысты, соңғы
жылдардағы тілші, әдіскер
ғалымдардыңзерттеу жұмыстарыныңнәтижесіжәне өз тәжірибемізде жиі
кедесетін
жайт – мектеп
оқушыларыныңсөздікқорыныңаз екендігі, олардыңбір-бірімен қарым-
қатынасқа түсу
деңгейінің
6
төмендігі,тіпті өз ойларын да жеткілікті түрде жеткізе алмайтындығы
оқушылардыңсөйлеу
біліктілігінің
жоқ екендігін аңғартады. Бұған себеп, оқушылардың пәнге деген
қызығушылығыныңжоқтығы,
оқушының сөйлеу формаларынигерудегі дағдысыныңәлі толыққанды
қалыптаспағандығы және
мектептегі ағылшын тілі пәні сабақтарындаоқушылардыңкоммуникативті
сөйлеу біліктілігін
дамытуға жете мән берілмейтіндігі деп есептейміз.Осы себепті, қазіргі оқу
үдерісінде,
ағылшын тілі сабағындақолданылатын ойынәдістері, әсіресе
коммуникативтік ойындардың
маңызы туралы зерттеу жұмысындақарастырылған.
Оқу үрдісінде ойыноқытудың әрі формасы, әрі әдісі де болып табылады, сол
себепті
ойынәрекеті оқытушы мен оқушының іс-әрекетінің бірлескен, өзара
байланысты
технологиясының
дидактикалық категориясы ретінде де қарастырылады. «Ойын» сөзінің
этимологиясына
қарастырсақ,
ол «ой» деген сөзгетікелей қатысты болып шығады, міне сол себепті де
ойлану арқылы
ойынның
мақсатына жетуге болатындығынбайқауға болады. Сондықтан, ағылшын
тілі сабағындаойын
элементтерін қолданудың маңызы зор деп есептейміз. Ойын әдісі арқылы
оқыту оқушылардың
пәнге
деген қызығушылығынарттырыпқана қоймай , өз ойын, пікірін, көзқарасын
білдіруге, екінші бір
адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін
айта білуге
жаттығады.
7
Негізгібөлім
Егер мұғалім ойын технологиясынжеткілікті деңгейде орындаса, яғнижақсы
құрастырылып,тиімді
әдістермен ұйымдастырылса, ондаойынпрактикалық, тәрбиелік және
дамытушылық жағынан
негізгі
оқыту тәсілі болыптабылады.
Біздің ойымызша, ойынтүрлерінің сабақ үрдісінде қолданылуы туралы
зерттеулер жетіп
артылады,
бірақ айта кететін жайт, зертеу барысындаағылшын тілі сабақтарында
коммуникативті
ойындарды
қолданудыңәдістемелік жағы қазақ тілінде аз қарастырылғандығы
байқалды, міне солсебепті де
біз өз зерттеу жұмысымыздажоғарыдаайтылған мәселелерді нақтырақ
қарастыруды жөнкөрдік.
Сондықтанда бұл зерттеудің тақырыбы, ондағы қарастырылғанмәселелері
диссертациялық
жұмыстың
өзектілігін айқындайды.
Зерттеу нысаны:Ағылшын тілі сабақтарындақолданылатын, оқушылардың
коммуникативтік
біліктілігін дамытуға арналған ойын түрлері.
Зерттеу пәні: Ағылшын тілі сабағындаойын әдісі арқылы оқушылардың
коммуникативті оқыту
әдісінің
тілдегі дамыту сипаты.
Зерттеудің міндеттері: Ойын әдісінің теориялықнегіздерін қарастыру;
коммуникативті әдіс,
коммуникативтік біліктілік ұғымынатүсініктеме беру; ойынныңтүрлеріне
талдау жасау арқылы
коммуникативтік біліктілікті дамытуға бағытталған ойынтүрлерін
топтастыру, тәжірибеге
8
ендіру;
мектеп оқушыларыныңауызша сөйлеу дағдысынқалыптастыру, әдістемелік
әдебиеттерді
пайдаланып,
ауызекі сөйлеуді дамытуға арналған ойын түрлерін жинақтап, топтастыру,
талдаулар жүргізу;
ойын әдісі
арқылы оқушының коммуникативтік біліктілігін дамыту әдістемесінің
ұтымдылығын
эксперимент
нәтижелеріне сүйеніп дәлелдеу.
Зерттеудің мақсаты.Ағылшын тілі сабақтарындағы ойынарқылы оқыту
әдісін, коммуникативті
оқыту әдісін теориялық тұрғыданнегіздеу және оны тәжірибелік-
экспериментте тексеру арқылы
қорытынды шығарып, тиімділігін анықтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:ағылшын тілі сабағындамектеп
оқушыларыныңсөйлеу
біліктілігін ойынәдісі арқылы дамытудыңәдістемесі ұсынылды;
коммуникативті біліктілікті
дамытуға бағытталған коммуникативті ойындардыңқазақтілінде әдістемесі
жасалды.
Қорғауға ұсынылған негізгітұжырымдар:
- ойыноқушының жан-жақты дамуының негізгі құралы ретінде және оның
негізгі белсендіру түрі
деп табылып, оқу үдерісікезінде оқушылардыңкүшін жаттықтыратын,
бағытынанықтайтын,
шет тілін үйрену үрдісін жеңілдететін дәйек болыптабылды;
- ағылшын тілі сабағындаоқушылардыңкоммуникативтік біліктілігі мен
сөйлеу дағдысын
дамыту
және коммуникативті ортаны қалыптастыру мен білім беру жолындажоғары
нәтижелерге жету
үшін,
9
білім берудің қазіргі тұжырымдамасынасәйкес оқу үдерісі белгілі бір
жүйемен үздіксіз жүргізілуі,
соныменқатар, тіл, психология және педагогика салалары бір-бірімен
ұштастырылуы қажеттілігі
айқындалды;
- ойынарқылы оқыту әдісін теориялық тұрғыданегіздеу жалпы білім беретін
орта мектептердегі
оқушыларға ағылшын тілін меңгертудің қажеттілігін арттырып,
коммуникативтік біліктілігін
дамытуға
септігін тигізеді.
- жалпы білім беретін орта мектептерде ағылшын тілі сабақтарында
коммуникативтік біліктілікті
дамытатын ойын түрлерін қолданудың негізгі шарттары оқушылардың
қызығушылығын
арттыруға,
шығармашылық және логикалық ойлауға, берілген тапсырманы белсенді
түрдеорындауға
мүмкіндік
туғызады.
- жалпы білім беретін орта мектепте ағылшын тілі сабақтарындаойын
арқылы оқыту
әдісінің
маңыздылығындәлелдейтін тәжірибелік- эксперименттік жұмыс нәтижелері
мен ұсыныстары
оқушылардыңағылшын тілінде сөйлеу біліктілігін дамытуға жағдай
жасайды.
Зерттеудің теориялық мәні. Сөйлеу әрекеті, соныменқатар оқу әрекетімен
де байланысты,
яғни коммуникативтік оқытуда білім беру – оқушы өзін ауызша (тыңдалым,
сөйлесім) және
коммуникацияға
(оқылым және жазылым) тарту, яғни, оқып, үйреніп жатқан тілде қарым-
қатынас жасай
10
білу дағдысынқалыптастырудеген сөз. Бұл бағытты ағылшын тілін оқытуда
ойын әдісі арқылы
кеңінен пайдалануды үйрету және насихаттау зерттеу жұмысының
теориялықмаңызын құрайды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі. Зерттеубарысындатоптастырылған
коммуникативті
ойындарды
сабақ процесінде қолдануға болады. Жалпы білім беретін ортамектеп
мұғалімдеріне зерттеу
жұмысының
негізгі компоненттерін жинақтап, әдістемелік көмекші құрал ретінде
ұсынуғаболады. Зерттеу
жұмысының
нәтижелерін бастауыш мектепте оқуға, арнайы семинар сабағында
қолдануға болады.
Жұмыстағы өзекті
мәселелер әдістеме саласына өз септігін тигізеді. Зерттеу жұмысының
нәтижелерін мектеп
мұғалімдері мен
әдіскерлер қолдана алады.
Зерттеудің теориялық – әдіснамалықнегіздері. Зерттеужұмысының
ғылыми теориялықнегізі
ретінде
ғылыми-педагогикалық, әдістемелік еңбектердегі «ойын» әдісіне,
«коммуникативті әдіске»,
«коммуникативтік біліктілік» ұғымынаберілген анықтамалар мен пікірлер,
ой тұжырымдары,
көзқарастары негіз ретінде алынды.
Зерттеудің әдістері. Зерттелетін мәселелер жөніндегі психологиялық-
педагогикалық
әдебиеттерді зерделеу,
салыстыру, талдау, педагогика-методикалықтұрғыдасауалнама жүргізу,
педагогикалық бақылау,
тұжырымдау, сараптау, салыстыру, қорыту, эксперименттік әдістер
қолданылды.
11
Зерттеудің дереккөздері. Зерттеу мәселесі бойынша философ, психолог,
педагог ғалымдардың
еңбектері;
Қазақстан Республикасының«Білім туралы» Заңы, Қазақстан
Республикасының2015 жылға
дейінгі білім беру
тұжырымдамасы,
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» стратегиясы;оқу
әдістемелік кешендер
(стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары,
электронды оқу құралдары
және т.б.);
әдістемелік журналдар, ғаламтор желісіндегі сайт материалдары
қолданылды.
Зерттеудің жариялануы мен мақұлдануы. Диссертациялықжұмыстың
негізгі мәселері мен
тұжырымдары
«Ағылшын тілі сабақтарында ойынарқылы оқыту әдісінің маңыздылығы»
атты мақала Қорқыт
Ата атындағы
Қызылордамемлекеттік университетінде «Хабаршы» журналында жарық
көрді.
2010-2011 оқу жылы өткен қалалық ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің «Шет
тілін ерте жастан
оқытудың
өзекті мәселелері» тақырыбындағы семинарда«Бастауышжәне ортабуын
сыныптарында
ағылшын тілі
сабақтарындаойын әдісін қолданудыңтиімділігі» тақырыбындабаяндама
жасалған.
Зерттеу жұмысының құрылымы:Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі
бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланылған
әдебиет тізімінен тұрады.
12
Ағылышын тілі сабағындаойын элементтерін қолдау өзектілігі,
мақсаты мен міндеттері, теориялықжәне практикалық
маңыздылығы,
ізденістердің ғылымижаңалығы, зерттеудің әдіс-тәсілдері, дереккөздерімен
ұсынылғантұжырым
дары
айқындалып жұмыстыңжариялануы мен мақұлданылуына қысқаша
деректер берілді.
Диссертацияныңбірінші бөлімі «Ағылшын тілі сабағындаойын әдісі
арқылы оқушылардың
коммуникативтік біліктілігін дамытудыңтеориялық негіздері » деп
аталады.
Бірінші тарауда
отандық
және шетелдік ғалымдардыңеңбектеріне шолу жасалып, ойын категориясы
бойынша ғылыми
көзқарастар
мен ой-тұжырымдар қарастырылып, оларғақысқаша сипаттама берілді.
Соныменқатар,
педагогикалық,
психологиялық, әдістемелік тұрғыданталдау жасалды. Солардыңнегізінде
ойын әдісі арқылы
13
оқушылардың
коммуникативтік біліктілігін қалыптастырудағы тиімді жолдарына
ұсыныстар берілді.
Екінші тарауда ойынтүрлерінің әдістемелік топтастыру жолдары
анықталды.
Үшінші тарауда коммуникативтік біліктілік пен коммуникативтік әдісінің
негіздері
қарастырылады.
Зерттеу жұмысының «Ағылшын тілісабағындаойын әдісі арқылы
оқушылардың
коммуникативтік
біліктілігін дамыту» деп аталатын екінші бөлімінің бірінші тарауында
ағылшын тілі сабағында
қолданылатын ойынтүрлері мен ойынәрекеттері беріліп, оқушылардың
коммуникативтік
біліктілігін
қалыптастыру бағытындағы коммуникативтік ойынтүрлерінің қолдану
әдістемесі ұсынылды
14
және шетел
мектептеріндегі жүргізілетін ойынтүрлері, ойын әрекеттері, ойын
жаттығуларының түрлері
беріліп,
салыстырмалы талдаулар жүргізілді.
15
Еліміздің тәуелсіздік алып, дербес мемлекет болып, нарықтық қатынастар
заңымен өмір сүругебет бұрып,
шет елдік мемлекеттермен терезесі теңесіп тұрғанкезеңінде, білім беру
жүйесі де өз алдына бөлек дамып,
күрделене түсуде. Бұл өз кезегінде қазіргі таңдағы педагогика саласындағы
оқу үрдісінің басты мақсаттары
мен міндеттерінің жоғары деңгейдеқойылуына өз әсерін тигізуде. Білім беру
жүйесінде білім алушылардың
білім сапасын арттыру мәселесінде ғылым мен тәжірибенің бір-бірімен өзара
байланысқан,көптен қалыптасып
келе жатқан қарама-қайшылықтарын шешу басты мәселелердің бірі болып
табылады. Солмәселелердің
ішіндегі ең бастысы оқытуүрдісіндегі оқытудыңәдістері мен
формаларыныңмазмұнының әйкес келмеуі.
Осы орайда, әлі де жаңа инновацияныңбірі болыптабылатын, өте қызықты
және алдынан үміт күттіретін
оқыту әдісінің бір түрі-ойын арқылы оқыту әдісі.
Бұл бөлімнің «Ойынкатегориясына ғылыми көзқарастармен ой-
тұжырымдар»атты тарауында
ойын
16
жөнінде айтылған көптеген философиялықкөзқарастар әлем мәдениетімен
тығыз байланыстыекендігі
көптеген зерттеушілердің еңбектерінде кездесетіндігі айтылады. Айталық,
ерте замандардағы эллиндік және
римдік халықтар ойынды балаларды тәрбиелеу құралы етіп, жауынгер
ұландарды дайындау мақсатында
қолданған. Ойындар арқылы жас ұрпаққа соғыс өнерін үйретіп, мәдениет
пен сөз өнерін дарытқан.
Ойындардыңжастарды тәрбиелеу мүмкіншіліктерінің зор екендігіне жете
мән берген.
ХVII-XX ғасырлардаойынәрекетін түсіндіруде жаңа көзқарастар,
пайымдаулар орнығып, төмендегідей
ғалымдар ойын әрекетінің философиялықнегіздерін ғылыми тұрғыдан
қарастырды,олар:Г. Гегель, В. Вундт,
Ф. Шиллер, К. Бюлер, В. Фриге, К.Гросс,Г. Спенсер, И. Хейзинга, И. Кант,
Г.М. Мейес, В.М. Демин,
М.А. Каган, т.б. ғалымдар ойынтеориясыныңқалыптасуы мен дамуын,
ойын іс-әрекетінің әлеуметтік
жақтарын анықтап, оныңбаланың қиялы мен ойлау қабілетіне оң әсер
ететінін анықтаған.
Ойын – күрделібиологиялық, психологиялық, педагогикалықұғым.
Психология тұрғысынанойынды зерттеугеЛ.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн,
Д.Б.Эльконин, Б.Г.Ананьев,
А.Н.Леонтьев секілді ғалымдар ат салысты. С.Л.Рубинштейннің
психологиялықкөзқарасы бойынша
«ойыннегізінде адамның барлық психикалық қабілеттері қалыптасады,
баланы ересек өмірге дайындайды.
Ойын арқылы баланың қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауына
мүмкіндік туады .
Ойын - адам іс-әрекетінің негізгі түрінің бірі. Ол адам іс-әрекет жүйесінің
негізгі құрамдықбөлігіне кіреді.
Ойын іс-әрекетінсіз адамдардың, қоғамның, жеке адамның дамуы мүмкін
емес. Қоғамдағы ойыніс-әрекетінің
обьективтімаңыздылығынбілімді, шеберлікті, дағдыны қалыптастыру
бағытынан көрінеді.
17
Бұл туралы орыс педагогы А. Макаренконың айтылған сөздеріорынды:
«Оқушы өміріндеойының маңызы зор,
ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ
сондаймаңызы бар. Жеке адам
ойындақандай болса, өскесін жұмыстада көп жағынан сондайболады.
Сондықтанкелешек қайраткерді
тәрбиелеу алдымен ойында басталады. Ойын оқушылар үшін -
айналадағыны танып-білу тәсілі» - деп тұжырымдайды .
Соныменқатар, ойынәрекетінің теориясы мен практикасынотандық және
шетелдік педагогтар, психологтар,
социологтар зерттеуде. Мысалы: Иохан Хейзинганың "Ойыншы адам" , Д.Б.
Элькониннің
"Ойынпсихологиясы", ЭрикБерннің "Адамдар ойнайтын ойындар" атты
еңбектері жазылды.
Ойын теориясынзерттеуші Ресей ғалымдары А.В. Вербицкий , И.П.
Пидкасистый, қазақстандықғалымдар
қатарында Н.К. Ахметов, Ж.С. Хайдаров, т.б.
Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның маңыздылығынқазақстандық
ғалым Н.Құлжанова да зерттеп,
«ойынбала үшін еліктеу, инстинкт, күнделікті басты әрекет және оныңжеке
өмірі болыптабылады» деп дәлелдеген.
Н. Құлжанованыңайтуы бойыншаойын әрекетіндегі басты педагогикалық
мақсаттары – баланың алдағы
өміріне түзу жол салу, үлкендергееліктеуі және өмірдің талаптарына сай
бейімделуі ойындыәдептілік,
тәрбиелік мақсатта пайдалануды көздейді. Осы тұста ғалым бала ойын
әрекетінде ғана тынығып, жұмыс
жасап, өсіп жетіледі, оның ойлау қабілеті жетіліп, қарым-қатынас
жасаумүмкіндігі артады деген пікірді білдірген.
М. Жұмабаев «Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе» - деп атап көрсетсе, ал,
шетелдік ғалым Ж. Пиаже
«ойын-баланыңрухани дамуыныңнегізі» - деген, соныменқатар, К. Левин,
Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин
сияқты ғалымдар да өз еңбектерінде ойынәрекетінің оқу үрдісінде маңызды
құрал болыптабылатындығынатап көрсеткен.
18
Бірінші бөлімнің «Ойынтүрлерініңәдістемелік топтастыружолдары» деп
аталатын екінші тарауында ойын
түрлерінің классификациялануы қарастырылады. Қазіргіуақыттағы ғылыми
түсінік бойынша ойындарды
халықтық, спорттық, кәсіптік немесе іскер, стратегиялық, дидактикалық,
коммуникативті деп
классификациялайды. Ойындарды классификациялау оқыту ойындары
теориясыныңең маңызды мәселесі
болыптабылады. Ойындарды классификациялауғаәр түрлі жағынан келген
зерттеу нәтижелерібар.
Солардыңкейбіреулеріне тоқтала кетсек.
А.А.Выготскийойындардыңүш негізі топтарын: драмалық, спорттық,
өрнектік деп көрсетеді.
Г.А. Агапова ойындарды құрылыстық,жобалау, еңбек, дидактикалық,
танымдық, ақыл-ойға, музыкаға
байланысты ойындар, ритмикалықойын жаттығулары, ойынсабақтары,
жаттығу ойындары,қалжыңдар,
ойын көңіл көтерулер, қозғалмалы ойындар, спорттықойындар депбөледі.
П.И. Пидкасистый - табиғи және жасанды ойындарды әріқарай
классификациялай келеойындардыңтөрттобынжинақтайды:
19
Іс-тәжірибеге тоқталу
а) мазмұны бойынша: шығармашылық ойындар, білімді үйренужаңа
тәжірибелер мен әдістерді
қалыпсыз іс-әрекетке қолдану, зерттеушілікке байланысты ізденіс елестету
және ізденіспен байланысты;
ә) түрі бойынша: сюжетті, ролдік, орталықтанған, ақыл-ойды қажет ететін,
компьютерлік;
б) ойынға қатынасушылардыңұйымдастыруформасынабайланысты:жеке,
екі адамдық,
топтық, көпшілік;
в) әсер ету орнынабайланысты: ойын алаңындағы, столдағы, эстрадалы,
сценадағы, залдағы,
үйдегіойындар т.б [8.
Н.К.Ахметов жалпы ойындарды табиғижәне жасанды ойындар деп бөледі.
Соныңішіндегі
жасанды ойындар:академиялық (оқыту), академиялық емес (спорттық)деп
топтай келе,
академиялық ойындарды:оқу ойындары, имитациялық оқу ойындары деп
классификациялайды.
Ұлы педағогтар, ғалымдар, әдіскерлердің еңбектерінде ойынәдісі
Мынадай түрдеклассификацияланады: дидактикалық; грамматикалық;
лексикалық;
фонетикалық; рольдік; іскерлік;
Біздің ойымызшаберілген классификацияға коммуникативті біліктілікті
дамыту ойындары түрін
қосуғаәбден болады, олай дейтініміз қазіргі кезде қоғам талабына сай,
шетел тілдерін оқытуда
қойылыпжүргенортақ міндет - тілді коммуникативті бағытта оқыту, ондағы
мақсат - оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізумен
шектелмей,
20
өзаратіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орта
мектепте берілетін
бүкіл білімнің негізгі мақсаты - оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін
дамыту.
«Коммуникативтік біліктілік пен коммуникативтік әдісінің негіздері» атты
үшінші тарауда
қазіргі кездегі шет тілін оқыту үрдісінде кеңінен қолданылып жүрген
коммуникативті әдіс пен
коммуникативті біліктілік ұғымдарынатүсінік берілген.
Коммуникативтік әдіс – оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым-қатынасы
арқылы жүзегеасатыны,
белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен
әдістемелік категорияларға
тән басты белгілер мен қағидалардыңбасты жүйесінен тұратын, тіл
үйретудің тиімді жолдарын
тоғыстыракеліп, тілдік қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын
әдістің түрі.
Шетел тілін оқытуда оқушылардыңкоммуникативтік біліктілігін
қалыптастыру бүгінгі күнде ең
маңызды мәселенің біріне айналуда. Шетел тілінде сөз әрекетінің жоғары
деңгейде болуы
коммуникативтік біліктілік элементтерінің оқушылардыңбойындатолық
қалыптасуынан көрініс
табады. Олар: коммуникативтік білім, коммуникативтік дағды,
коммуникативтік іскерлік. Осы
элементтерді шетел тілдерін оқыпүйренудің бастапқы деңгейінде сөз
әрекетінде қалыптастыра
білуіміз қажет.
Бұл ұғымғаанықтама беретін болсақкоммуникативтік біліктілік дегеніміз
шетел тілінің
грамматикалық құрылымы мен тілдік бірліктердің қызметін толық білетін,
яғни лингвистикалық
білімі сөз әрекетінен сөйлеу түрі жоғары деңгейде көрінетін, шетел тілінде
еркін қарым-қатынас
21
жасай алатын адамның тілге деген қабілеттілігі деп көптеген әдістемелік
әдебиеттерде
көрсетілген . Коммуникативтік біліктілік белгілі бір тілдік ортаданемесе
арнайы
ұйымдастырылғаноқуүдерісінде қалыптасатындығы қазіргі таңда жиі
айтылып жүр.
Оқушы оқу үрдісіндегі басты субьект, ал мұғалім шетел тілінде қарым-
қатынас жасаудағы
көмекшісі және ұйымдастырушысыболыптабылады. Шетел тілі пәнін
оқудағы басты әрекет
оқушының сыртқы және ішкі белсенділігінен танылады. Шетел тілін оқытуда
коммуникативті
бағдарлы әрекетті қарастыра отырып, әдіскер Р. Мильурд мынандай
тұжырымды көрсетеді,
яғни әдістемелік тәсіл көмегімен коммуникативтік ойынеркін қатынас
негізінде қарастырылады.
Бұл жағдайда тапсырматүрлері мынандай болуы мүмкін: коммуникативті
ойын; коммуникативті
имитация; еркін қарым-қатынас .
Оқушының коммуникативтік қабілетін дамытуда оқыту: оқу, сөйлеу, тыңдау,
жазу-ауызша өзара
қатынас, жазбаша өзара қатынас бір уақытта дамиды; оқытудыңбұл төрт
түрі де сөйлесушілердің бір-бірін түсінуін қамтамасыз етеді.
Оқу үрдісінегізінде коммуникативтік қабілетін дамытуда ойынэлементтерін
пайдаланып,
топпен және жеке немесе жұппен жұмыс істеу арқылы оқушының жеке тұлға
ретінде
ерекшеліктерін анықтау, зейінділігін қадағалау, өз білім деңгейіне өзібаға
беруіне көмектеседі.
Диссертацияныңекінші бөлімі «Ағылшын тілі сабағында ойын әдісі
арқылы оқушылардың
коммуникативтік біліктілігін дамыту» депаталады.
Осы бөлімнің «Ағылшын тілі сабағында оқушылардыңкоммуникативтік
біліктілігін
22
қалыптастырудағы ойынтүрлерінқолдану әдістемесі» деп аталатын
бірінші тарауында қазіргі
уақыттағы сабақ үдерісінде қойылып отырғанталаптардың бірі
оқушылардыңкоммуникативті
сөйлеу біліктілігін дамыту мақсатында сабақ үдерісінде ойынтүрлерін,
коммуникативті
ойындарды қолдануды негіздейді. Осы тұста төмендегідей коммуникативті
ойындарды
пайдалану әбден орынды депесептейміз.Мысалы:
Interviewing an interesting person. Бір оқушы танымал атақты адамның
(саясат қайраткері, әнші,
актер, спортшы, т.б) ролін ойнайды. Сыныптастары әртүрлісұрақтар қоя
отырып, оныңкім
екендігін табуы тиіс
Сұрақтар былай болуы мүмкін:
What's your hobby? What kind of meal/ sport/clothes/do you like?
23
Are you a man or a woman? Are you married or a single? т.б.
Just the facts. Мұғалім тақтаға 3 сұрақ жазады, мыс:What kind of music do you
like?
Where do you usually listen to music? Who is your favourite singer?
Әрбір оқушы 3 үлестірмелі қағаздан алып, оның әрқайсысына, әр сұраққа
жауап жазады.
Мұғалім барлық қағаздарды жинап алып, араластырады да, әр оқушыға 3-
3тен таратады.
Балалар сынып ішінде сұрақ қоя жүріп, қолындағы карточканың иесін
іздейді. Барлық
карточкалар өз иесін тапқанда ойын аяқталады.
Бұл ойынды Атамұра баспасынан шыққан, авторлары:Аяпова.Т. Әбілдаева.З.
Ұқбаев.
А. 9 - сынып оқулығындағы «Musicin our life» тақырыбын өткенде
немесе музыкағақатысты
сабақтардапайдалануғаболады.
Why?
Мына төмендегі сұрақтарды пайдалана отырып, оқушылардың сүйікті
заттары, әрекеттері туралы
айтыңыздар.
What is your favourite TV show? Why?
What is your favourite magazine? Why?
What is your favourite gift you have received? Why?
What is your favourite time of the day? Why?
What is your favourite day of the week? Why?
Сұрақтарды оқушылардың деңгейіне қарай жеңілдетіп немесе күрделендіріп
беруге болады.
24
Сонымен бірге, мынадай коммуникативті ойындар ағылшын тілі сабағында
оқушылардың
коммуникативті сөйлеу біліктілігін дамытуға көмектеседі:Interrupting the
story, Make a text,
Answer the questions, Find the theme, Make a story, Tell the story on the III-rd
form, Namegame,
Introductions, Who am I?, Word race, Recipe banquet, Questions, Objects,
Sentence Completion,
Learning theactions.
Грамматиканы үйреніп жатқан оқушыларды ойын барысындабақылаған
Бельгиялық бизнесмен
“It isn’t silly at all” - “Бұл мүлдем ақымақтық емес” деп өзінің таң
қалғандығын білдірген екен,
солсияқты ойын процесі бір уақытта тиімді әрі қызықты болуы мүмкін.
Қытай даналығында: «Маған айтсаң, мен ұмытып қаламын; маған көрсетсең,
мен есімде сақтаймын; ал өзіме әрекет жасауға мүмкіндік берсен, мен
үйренемін» деп айтылғандай, біз балаға бір ақпаратты тек айтып қана қойсақ,
ол ұмытып кетуі мүмкін, көрсетсек есінде қалуы мүмкін, ал ойын үрдісінде
баланың өзіне жасауға мүмкіндік берсек, бала өзі үйреніп кетуі әбден мүмкін.
Сонымен қатар, екінші тарауда, шетел мектептерінде сабақ үдерісінде
қоданылатын ойын түрлері мен ойын әрекеттері, жаттығулар беріліп,
салғастыраталданды.
Жоғарыдааталып еткен коммуникативті ойындарды ағылшын тілі
сабақтарында қолдануға әбден болады. Төмендебіз шетел мектептерінде
сабақ үдерісінде қолданылатын коммуникативті ойындар мен ойын
әрекеттері, тапсырмалар мен жаттығуларға тоқталмақпыз.
25
Riddles. Read the first riddle and have the class ask questions to try and solve the
riddle. Riddles
promote discussionand curiosity.
The man was injected with deadly poison-but it did not kill him ( He was already
dead)
Everyone around him knows who he was , but no one knew his name ( He has just
been born)
The man had been a hostage for 10 years. His wife watched him leave he plane,
and called to him
excitedly. He did not respond (She saw him on television)
I run but no legs (nose)
The more there is the less you see (darkness)
What has hands but not skin or bones? (сlock)
What is black and white and read all over? (newspaper)
26
Tonguetwisters. Tongue twisters are phrases or sentences that are very difficult to
say fast. Tongue
twisters are not only fun but they train the tongue to speak in English. Ask for
three volunteers to stand
up front. Write the first tongue twisters on the board and have each one say it five
times. Have the rest
of the class vote on the fastest and funniest for each one.
Toy boat. Toy boat. Toy boat.
The sixth sick shakes sixth sheep’s sick.
Suzy sells seashells on the seashore.
Three free throws.
Greek grapes.
I thought a thought. But the thought I thought wasn’t the thought I thought I
thought.
Сонымен қатар шетелдік мектептер мен оқу орындарында қолданылатын
мынадай ойын
әрекеттері қолданылады: What is in the picture, Weather, That’s me, Expressing
Feelings,
Description,
Speed up, Dicto Gloss Description, Chain Drills, etc.
Жоғарыдакөрсетілген шетелдік мектептердегі ойын түрлері мен әрекетерін
қарастыракеле, мынадай қорытынды жасауғаболады: шетелдік
мектептердегі ойын әдістерінің жүргізілуі өте еркін, яғни олар ойын
барысындаөздерін өте еркін ұстайды, ролдік ойындарды данағыз образға
шынайы түрде ене отырып орындайды,ал біздің мектеп оқушыларының
коммуникативтік ойындарды қолдану барысында, өз ойларын жеткілікті
дәрежедежеткізе алмауы, олардың сөздердіайтуда қателесемін деген
ойының туындауында, себебі қазақ
27
мектебінің кейбір балаларына ұялшақтық пен ұяңдық тән, олардың бойында
өзгелермен жылдам қарым-қатынасқа түсу сияқты қасиеттер баяу. Міне, осы
мәселені шешу үшін, ағылшынтілі сабақтарындаоқушылардың
коммуникативтік сөйлеу біліктілігін қалыптастырып, дамытуда ойын әдісінің
ролі өте зор.
Атақты американдық жазушы Е. Градин «You cannot effectively learn a foreign
language
until you
make a million mistakes in that language. So hurry up and made your million
mistakes» деп айтқандай,кез-келген адам ағылшын тілін сөйлеу әрекетінде
миллиондаған қателерді жіберу арқылы үйреніп, шыңдалады.
Eкінші бөлімнің «Ағылшын тілі сабағында оқушылардыңкоммуникативті
біліктілігін
ойын әдісі
арқылы дамытудағы эксперимент зерттеулер нәтижесі» атты
тарауда мектеп мұғалімдері, магистранттар, әдіскерлер арасындасауалнама
жүргізіліп, қазіргі таңда ағылшын тілі сабақтарында коммуникативті
ойындарды қолдануқажеттілігі айқындалды. Жалпы ойын әрекеті
мен коммуникативті ойындардың сабақ үдерісіндегі мүмкіндіктері
анықталып, ортамектепте эксперимент жұмысы жүргізілді. Эксперимент
барысындаалынған нәтижелер
салыстырылып,қорытындыланды.Ағылшын тілі сабағында ойын
элементтерін қолдану
Сынып ішінде мынадай ойындардыойнауғаболады:
What’s in the bag?
Around the world
Board Race
Order Race
Question race
Bingo
Go fish ойындарынқолдануға да болады. Бұл ойындар оқушылардың
танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына,
қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін
меңгеруіне көп көмектеседі.
Ойындар оқушылардыңтанымын, ақыл–ойбелсенділігін қалыптастырудың
маңызды құралы бола отырып,олардыңбағдарламаматериалыныңнегізгі
тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді,әрі пысықтауды
көздейді.Бұлойындар балалардыңсабақ үстіндегі жұмысынтүрлендіре
28
түседі, олардыңпәнге қызығушылығыноятып, ынта –ықылыас қоюына
баулиды және оқушылардыңзейінін,ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар
арнайы мақсатты көздейдіжәне нақты міндеттерді шешеді.
Ойынныңмақсаты бағдарламадаанықталған білім, білік, дағдылар жайында
түсінік беру, оларды қалыптастыру, және тиянақтау және пысықтау немесе
тексеру сипатындаболыпкеледі. Ойынныңміндеті баланың
қызығушылығыноятып, белсенділігін арттыру мақсатындаіріктеліп алынған
нақты мазмұныменанықталады.
Ойын ұғымынатүсінік берсек, бұлбаланың мінез –құлқынаөзі басқарумен
қатар топпен жұмыс жүргізебілу әрекеті, ол баланың бір-біріне көмектесу,
тез ойлау қабілетін, алға ұмтылу ісін дамытады. Сондықтанбағдарлама
бойынша бекітілген оқытуүрдісінде ойын түрлерін сабақ үрдісінде үнемі
пайдаланып отырукерек.
Ағылшын тілі пәнінде көбіне рольдік ойындар, грамматикалықойындар,
танымдық ойындар қолданылады. Ойын-оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге
адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Іс-әрекетті кесте түрінде
қарастырсақ,оқушыныңбелсенділігімен білім сапасынкөрсетеді.
Білім алумен Баланың дене Оқушылардың қызығуы артады
біліктілік оқушының қозғалысы жақсарады Топпенжұмыс істеуге
дағдысынБаланы еңбек етуге дағдыланады.
қалыптастырады. талпындырады Танымдықәрекеттерді
Ұйымшылдық қабілеті жетілдіреді.
артады. Ойлау қабілеті артады,
дамиды.
Осы іс – әрекеттер арқылы оқушыларды оқытуға да болады. Іс-әрекеттің
мынадай түрлеріне тоқталсақ:
Matching
Categories
Fill in the blanks
Dialogues
Drawing
Singing осы іс-әрекеттің түрлерін сабақ үстінде қолданса өте тиімді нәтиже
береді.
Ойынныңөзіне тән мотивтеріболады. Мысалы: мазмұндық, рөлдікойындар
баланың зейінін есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады.
Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатындығын,
қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарындабелгілі
бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын,
байқағыштығын, зейінділігін арттыруменқатар, ерік сезім түрлерін
дамытады. Ойын түрлеріөте көп. Соныңішінде сабақта пайдаланылатын
танымдық ойындар, сөздікойындар жан-жақты дамытып білімді толық
игеруіне көмектеседі.
29
Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына
неғұрлым сәйкес келсе, оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оны
тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығынкүшейтеді,
оқушылардыңсабаққа ынтасы мен қызығушылығы артады.
Ойын сабақтың әр кезеңдерінде, тақырыбынақарай мұғалім өзі таңдап алып,
қолданыпотырады. Сондықтаносы баяндамадатілді меңгерту мақсатында
сабақта қолданылатынтүрлі ойындарментаныстыракетуді жөн көріп
отырмын.
1.What’s in the bag? Сумкадане бар ойыны.
Мұғалім алдымен балаларға бір сумкаалып келеді. Балалардан сұрайды.
Балалар сумкадане бар? Балалар ішінде дәптер, қалам, кітап бар деп айта
бастайды. Мұғалім бұл ойынды сабақ соңындақолдансаболады. Әсіресе
жаңа сөздердіеске түсіру үшін қолдануға болады. Мұғалім сумканың
ішіндегі заттармен таныстырады.Сумкадане бар? Мұғалім оқушылардан
What’s this? Сұрағы арқылы затты көрсету арқылы сұрайды. Мысалы:Pen,
copybook, pencil, ruller, rubber деп көрсетеді. Сосыноқушыларға жеке-жеке
қайталатады.Сөздердіұмытпау керек. Сосыноқушыларға сумка ішіндегі
заттарды таратып беріп,оқушылардан осы заттарды мына сұрақарқылы
сұрауғада болады.Мысалы:Who has a pencil? Who has a ruller? Жауап
бергендеоқушылар кімде екенін табу керек.Оқушылар тапса Janar has a pencil
деп табу керек. Бұл ойыноқушының абаққа деген қызығушылығы артып,
сөздікқорлары молайып, есте сақтау қабілеті артады.
2.Boardrace Тақта сайысы ойыны
Бұл ойынныңшарты:
Мұғалім оқушыларды екі топқа бөліп,ойынныңережесімен таныстырады.Бұл
ойындамұғалім түстер,сандар,сөздерайтады солайтылған сөздерді,сандарды
оқушылар қатесіз жазу керек.Келесі оқушы әрі қарай жалғасын жалғастырып
отырады.Соңындаоқушылардыңжазғанынтексеріп қателерін жөндеп қай
топтың жеңгенін анықтайды.Мысалы:
P-1 ----P-2
Red ----Red
Ten ---Ten
Stone ----Stone
Winter ----Winter
Book ------Book
Осылай рет-ретімен оқушылар жалғастырыпболғансоң қателерін жөндеп
қай жақтын жеңгенін айтады. Бұл ойындаоқушылар шапшаңдықты, дұрыс
жаза білуді,есте сақтау қабілеттері артады.
3.Question Race Сұрақтар сайысы
Бұл ойынныңшарты:
Мұғалім солсабаққа қатысты сұрақтар қойылады. Осы сұрақтар оқушыларға
30
таратылып беріледі. Оқушылар солсұрақтарғадұрыс жауап беру керек.
Мысалы жыл мезгілдерін өткен кезде суреттер арқылы да мынадай сұрақтар
арқылы қолдануға болады.
1.How many seasons are there in a year?
2.What are they?
3.How many months are there in a year?
4.What are they?
5.What season is it now?
6.What month is it now?
7.How many days are there in a week?
8.What are they?
Осы сұрақтар арқылы оқушылардыңсөйлеу қабілеттері артып,сөздікқорлары
молайып,сабаққадеген қызығушылығы артады.
Қорытакелгенде, оқу үрдісінде «ойынтүрлерін пайдалану біріншіден,
оқушылардыңбілімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың
сабаққа деген қызығушылығынкөтеруболыптабылады. Ойын түрлерін
пайдалану мынадай нәтижеге жеткізеді.
Нәтиже
1. Әр оқушының шығармашылығы артады.
2. Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады
3. Оқушының жеке қабілеті анықталады
4. Оқушы топ жаруға ұмтылады.
5. Оқушының ойлау қабілеті дамиды
6. Әр оқушы өз деңгейімен бағаланады.
31
Қорытынды
Қорытакелгенде, оқушылардыңбілім, білік шеберліктерінің жан жақты
дамуына, қалыптасуына, сөз іскерліктерін меңгеруіне ойындар көп көмек
береді. Олар арқылы түрлі дағдыларды меңгерубарысындаоқушылар
белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдыланады.
Сабақ үрдісінде «ойын» түрлерін пайдалану, біріншіден оқушылардың
білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген
қызығушлығын, белсенділігін арттырып, білім сапасынкөтеру болып
табылады.
Сондай-ақ ойынэлементтерінің тәсілдерін сабақта түрлендіре пайдалану.
1. Біріншіден шәкірттердің оқуға қызығуын, ынтасынарттырады.
2. Екіншіден сабақта көп жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3. Балаларды достастырып, қарым – қатынастарын ұлғайтады, бір – біріне
ынтымақ, көмек көрсетугебаулиды. Ойын – өрісін кеңейтеді. Сөздік
қорларынбайытады. Шыдамдылыққа үйретеді.
Ал сабақ тақырыбына қарай ойынды таңдау, оны қызықты етіп тиімді
пайдалану – бұл білім берушінің шеберлігі. Ұстаз мақсаты, қалай болғанда да
шәкірттеріне тиесілі білімді меңгерту. Сөздікқорынбайытады, өз бетімен
еңбектенуге дағдыландырады,тәрбиеленеді. Сондықтанда, ойын – оқытудың
ең бір тиімді тәсілі.
32
Пайдаланған әдебиеттер
1. БородулинаМ.К. “Шетел тілін үйрену” – М, “Просвещение”, 1975 ж.
2. “Білім” №2/2006. 46-47 бет.
3. “Білімдегі жаңалықтар” №2(20) 2005 ж.
4. Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері/Иностранные языки в школах
Казахстана. Мамыр – Маусым. №3/3(45)/2009 ж. 29-33 бет.
5. Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері/Иностранные языкив школах
Казахстана. Наурыз – Сәуір. №2(50)/2010 ж. 3-5 бет.
6. Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері/ Иностранные языки в школах
Казахстана. Қыркүйек – Қазан. №5/2003 ж. 31-34 бет.
7. Мектептегі шет тілі №3/2006 ж. 41 бет.
8. Мектептегі шет тілі/Иностранный языкв школе. Шілде-Тамыз.
№4(22)/2006 ж. 25 – 26 бет.
9. “Мектептегі жаңалықтар” №3/2004, 42-43 бет.
10. Сайттар

авторлық жұмысы

  • 1.
    1 Ақмола облысы Шортанды ауданыбілім беру бөлімінің «Жолымбет № 2 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін қолдану Жолымбет – 2017
  • 2.
    2 КБЖ АЖӨМШ 8 АЖӨМШ 8,2016-2017оқу жылында мұғалімнің өз іс-тәжірбиесінен зерттеу жұмысы Жолымбет№2 орта мектебі, 2017 жыл Пікір жазғандар: Ахметова Ш.Х. - Шортанды аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабиентінің меңгерушісі Мартынова А.И. - Жолымбет№2 орта мектебінің оқу ісінің Меңгерушісі Оқу кешенді оқу әдістемелік құралы маңызды әрі қызықты материалдардан тұратын, қосымшаойын элементтерін сабақта қолдануға арналған тапсырмаларданқұралған. Тіл таным сабақтары фонетикалық, грамматикалық қана емес интелектуалды жан-жақты өтетін оқу әдістерінен пайдалау тиімді әрі маңызды. Бұлұсыныпотырғанеңбекте іс-тәжірибедегі қолдануға тиімді деп саналатын біршама нұсқалар берілген. Ұсынылыпотырғаноқу әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектепте ағылшын тілін оқытуда қосымшакөмек ретінде құрастырылған. Жолымбет №2 орта мектебінің педагогикалық кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылады 2017 жылғы «26» сәуір №1 хаттама
  • 3.
    3 Мазмұны 1. Кіріспе 4-6 2.Негізгі бөлім 7-11 2.1 Ағылышын тілі сабағындаойынэлементтерін қолдау 12-18 2.2 Іс-тәжірибеге тоқталу 19-30 3. Қорытынды 31 4. Қолданбалы әдебиеттер 32
  • 4.
    4 Кіріспе Жұмыстың жалпы сипаттамасы.Бүгінгітаңдабүкіл әлемде болыпжатқан өзгерістер адам өмір сүріп жатқан ортадағы барлық салаларына, соның ішінде, білім беру саласына да әсер тигізуде. Біздің еліміз 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасын, ел басшымыздың үштұғырлы тілдік саясатын, білім мен ғылымдағы мемлекеттік бағдарламаларын негізге ала отыра, білім берудегі кезек күттірмес өзекті мәселелерін алға қойыпотыр. Қазақстан Республикасының2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасыныңнегізгімақсаты – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес білімді, біліктілігі жоғары, бәсекегеқабілетті, қазіргі жылдам өзгеріп отыратындүние жағдайларында алынған терең білімін, қажетті дағдыларынтиімді түрдежүзеге асыратын және еркін бағдарлайтын, өзін- өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға дайын қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру . Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Білім беру реформасы табысыныңбасты өлшемі –тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деп атап көрсетті. Қазіргі таңда бүкіл әлемдегі өркениетті дамығанелдердің басты көңіл бөліп отырған мәселесі - оқытудың жаңа технологияларынқолдана отыра, оқушыға жалпы бірдей
  • 5.
    5 қалыптасқан жан-жақты, дәстүрліәдістерменәлемдік деңгейдегі озық технологиялармен салыстырылған, өмір тәжірибесіне ұштастырылғантерең білім беріп, білікті маман даярлау. Ал, шетел тілін үйрену, оның қолданыс аясынкеңейту ел басшымыздың үштұғырлы саясаты аясында және де еліміздегі тіларалық байланыстардың,өзарақарым-қатынастардың нығаюы кезеңіндегі өзекті де келелі мәселелері болыптабылады. Шетел тілін оқытуда оқушылардыңбілім-біліктілік, танымдық, коммуникативтік біліктілігін, олардыңсөйлеу дағдысындамыту үшін, оқу үдерісінде жаңа озық технологияларды қолдану қажет. Осы бағытта ағылшын тілі сабағыноқыту үрдісінде оқушылардың коммуникативтік біліктілігін қалыптастыру және дамыту мәселесі үлкен мәнге ие. Диссертациялықжұмыс педагогикалықкөкейкесті мәселелерінің бірі - шет тілін оқытуда коммуникативтік оқыту әдісін кеңінен қолданылуын көрсетіп, ағылшын тілі сабағындаойын әдісі арқылы оқушылардыңкоммуникативтік біліктілігін дамыту жолындағы ерекшеліктерін саралайды. Зерттеудің өзектілігі. Еліміздің егемендік алуына байланысты, соңғы жылдардағы тілші, әдіскер ғалымдардыңзерттеу жұмыстарыныңнәтижесіжәне өз тәжірибемізде жиі кедесетін жайт – мектеп оқушыларыныңсөздікқорыныңаз екендігі, олардыңбір-бірімен қарым- қатынасқа түсу деңгейінің
  • 6.
    6 төмендігі,тіпті өз ойларында жеткілікті түрде жеткізе алмайтындығы оқушылардыңсөйлеу біліктілігінің жоқ екендігін аңғартады. Бұған себеп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығыныңжоқтығы, оқушының сөйлеу формаларынигерудегі дағдысыныңәлі толыққанды қалыптаспағандығы және мектептегі ағылшын тілі пәні сабақтарындаоқушылардыңкоммуникативті сөйлеу біліктілігін дамытуға жете мән берілмейтіндігі деп есептейміз.Осы себепті, қазіргі оқу үдерісінде, ағылшын тілі сабағындақолданылатын ойынәдістері, әсіресе коммуникативтік ойындардың маңызы туралы зерттеу жұмысындақарастырылған. Оқу үрдісінде ойыноқытудың әрі формасы, әрі әдісі де болып табылады, сол себепті ойынәрекеті оқытушы мен оқушының іс-әрекетінің бірлескен, өзара байланысты технологиясының дидактикалық категориясы ретінде де қарастырылады. «Ойын» сөзінің этимологиясына қарастырсақ, ол «ой» деген сөзгетікелей қатысты болып шығады, міне сол себепті де ойлану арқылы ойынның мақсатына жетуге болатындығынбайқауға болады. Сондықтан, ағылшын тілі сабағындаойын элементтерін қолданудың маңызы зор деп есептейміз. Ойын әдісі арқылы оқыту оқушылардың пәнге деген қызығушылығынарттырыпқана қоймай , өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады.
  • 7.
    7 Негізгібөлім Егер мұғалім ойынтехнологиясынжеткілікті деңгейде орындаса, яғнижақсы құрастырылып,тиімді әдістермен ұйымдастырылса, ондаойынпрактикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан негізгі оқыту тәсілі болыптабылады. Біздің ойымызша, ойынтүрлерінің сабақ үрдісінде қолданылуы туралы зерттеулер жетіп артылады, бірақ айта кететін жайт, зертеу барысындаағылшын тілі сабақтарында коммуникативті ойындарды қолданудыңәдістемелік жағы қазақ тілінде аз қарастырылғандығы байқалды, міне солсебепті де біз өз зерттеу жұмысымыздажоғарыдаайтылған мәселелерді нақтырақ қарастыруды жөнкөрдік. Сондықтанда бұл зерттеудің тақырыбы, ондағы қарастырылғанмәселелері диссертациялық жұмыстың өзектілігін айқындайды. Зерттеу нысаны:Ағылшын тілі сабақтарындақолданылатын, оқушылардың коммуникативтік біліктілігін дамытуға арналған ойын түрлері. Зерттеу пәні: Ағылшын тілі сабағындаойын әдісі арқылы оқушылардың коммуникативті оқыту әдісінің тілдегі дамыту сипаты. Зерттеудің міндеттері: Ойын әдісінің теориялықнегіздерін қарастыру; коммуникативті әдіс, коммуникативтік біліктілік ұғымынатүсініктеме беру; ойынныңтүрлеріне талдау жасау арқылы коммуникативтік біліктілікті дамытуға бағытталған ойынтүрлерін топтастыру, тәжірибеге
  • 8.
    8 ендіру; мектеп оқушыларыныңауызша сөйлеудағдысынқалыптастыру, әдістемелік әдебиеттерді пайдаланып, ауызекі сөйлеуді дамытуға арналған ойын түрлерін жинақтап, топтастыру, талдаулар жүргізу; ойын әдісі арқылы оқушының коммуникативтік біліктілігін дамыту әдістемесінің ұтымдылығын эксперимент нәтижелеріне сүйеніп дәлелдеу. Зерттеудің мақсаты.Ағылшын тілі сабақтарындағы ойынарқылы оқыту әдісін, коммуникативті оқыту әдісін теориялық тұрғыданнегіздеу және оны тәжірибелік- экспериментте тексеру арқылы қорытынды шығарып, тиімділігін анықтау. Зерттеудің ғылыми жаңалығы:ағылшын тілі сабағындамектеп оқушыларыныңсөйлеу біліктілігін ойынәдісі арқылы дамытудыңәдістемесі ұсынылды; коммуникативті біліктілікті дамытуға бағытталған коммуникативті ойындардыңқазақтілінде әдістемесі жасалды. Қорғауға ұсынылған негізгітұжырымдар: - ойыноқушының жан-жақты дамуының негізгі құралы ретінде және оның негізгі белсендіру түрі деп табылып, оқу үдерісікезінде оқушылардыңкүшін жаттықтыратын, бағытынанықтайтын, шет тілін үйрену үрдісін жеңілдететін дәйек болыптабылды; - ағылшын тілі сабағындаоқушылардыңкоммуникативтік біліктілігі мен сөйлеу дағдысын дамыту және коммуникативті ортаны қалыптастыру мен білім беру жолындажоғары нәтижелерге жету үшін,
  • 9.
    9 білім берудің қазіргітұжырымдамасынасәйкес оқу үдерісі белгілі бір жүйемен үздіксіз жүргізілуі, соныменқатар, тіл, психология және педагогика салалары бір-бірімен ұштастырылуы қажеттілігі айқындалды; - ойынарқылы оқыту әдісін теориялық тұрғыданегіздеу жалпы білім беретін орта мектептердегі оқушыларға ағылшын тілін меңгертудің қажеттілігін арттырып, коммуникативтік біліктілігін дамытуға септігін тигізеді. - жалпы білім беретін орта мектептерде ағылшын тілі сабақтарында коммуникативтік біліктілікті дамытатын ойын түрлерін қолданудың негізгі шарттары оқушылардың қызығушылығын арттыруға, шығармашылық және логикалық ойлауға, берілген тапсырманы белсенді түрдеорындауға мүмкіндік туғызады. - жалпы білім беретін орта мектепте ағылшын тілі сабақтарындаойын арқылы оқыту әдісінің маңыздылығындәлелдейтін тәжірибелік- эксперименттік жұмыс нәтижелері мен ұсыныстары оқушылардыңағылшын тілінде сөйлеу біліктілігін дамытуға жағдай жасайды. Зерттеудің теориялық мәні. Сөйлеу әрекеті, соныменқатар оқу әрекетімен де байланысты, яғни коммуникативтік оқытуда білім беру – оқушы өзін ауызша (тыңдалым, сөйлесім) және коммуникацияға (оқылым және жазылым) тарту, яғни, оқып, үйреніп жатқан тілде қарым- қатынас жасай
  • 10.
    10 білу дағдысынқалыптастырудеген сөз.Бұл бағытты ағылшын тілін оқытуда ойын әдісі арқылы кеңінен пайдалануды үйрету және насихаттау зерттеу жұмысының теориялықмаңызын құрайды. Зерттеудің практикалық мәнділігі. Зерттеубарысындатоптастырылған коммуникативті ойындарды сабақ процесінде қолдануға болады. Жалпы білім беретін ортамектеп мұғалімдеріне зерттеу жұмысының негізгі компоненттерін жинақтап, әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынуғаболады. Зерттеу жұмысының нәтижелерін бастауыш мектепте оқуға, арнайы семинар сабағында қолдануға болады. Жұмыстағы өзекті мәселелер әдістеме саласына өз септігін тигізеді. Зерттеу жұмысының нәтижелерін мектеп мұғалімдері мен әдіскерлер қолдана алады. Зерттеудің теориялық – әдіснамалықнегіздері. Зерттеужұмысының ғылыми теориялықнегізі ретінде ғылыми-педагогикалық, әдістемелік еңбектердегі «ойын» әдісіне, «коммуникативті әдіске», «коммуникативтік біліктілік» ұғымынаберілген анықтамалар мен пікірлер, ой тұжырымдары, көзқарастары негіз ретінде алынды. Зерттеудің әдістері. Зерттелетін мәселелер жөніндегі психологиялық- педагогикалық әдебиеттерді зерделеу, салыстыру, талдау, педагогика-методикалықтұрғыдасауалнама жүргізу, педагогикалық бақылау, тұжырымдау, сараптау, салыстыру, қорыту, эксперименттік әдістер қолданылды.
  • 11.
    11 Зерттеудің дереккөздері. Зерттеумәселесі бойынша философ, психолог, педагог ғалымдардың еңбектері; Қазақстан Республикасының«Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» стратегиясы;оқу әдістемелік кешендер (стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары, электронды оқу құралдары және т.б.); әдістемелік журналдар, ғаламтор желісіндегі сайт материалдары қолданылды. Зерттеудің жариялануы мен мақұлдануы. Диссертациялықжұмыстың негізгі мәселері мен тұжырымдары «Ағылшын тілі сабақтарында ойынарқылы оқыту әдісінің маңыздылығы» атты мақала Қорқыт Ата атындағы Қызылордамемлекеттік университетінде «Хабаршы» журналында жарық көрді. 2010-2011 оқу жылы өткен қалалық ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің «Шет тілін ерте жастан оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы семинарда«Бастауышжәне ортабуын сыныптарында ағылшын тілі сабақтарындаойын әдісін қолданудыңтиімділігі» тақырыбындабаяндама жасалған. Зерттеу жұмысының құрылымы:Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.
  • 12.
    12 Ағылышын тілі сабағындаойынэлементтерін қолдау өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, теориялықжәне практикалық маңыздылығы, ізденістердің ғылымижаңалығы, зерттеудің әдіс-тәсілдері, дереккөздерімен ұсынылғантұжырым дары айқындалып жұмыстыңжариялануы мен мақұлданылуына қысқаша деректер берілді. Диссертацияныңбірінші бөлімі «Ағылшын тілі сабағындаойын әдісі арқылы оқушылардың коммуникативтік біліктілігін дамытудыңтеориялық негіздері » деп аталады. Бірінші тарауда отандық және шетелдік ғалымдардыңеңбектеріне шолу жасалып, ойын категориясы бойынша ғылыми көзқарастар мен ой-тұжырымдар қарастырылып, оларғақысқаша сипаттама берілді. Соныменқатар, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік тұрғыданталдау жасалды. Солардыңнегізінде ойын әдісі арқылы
  • 13.
    13 оқушылардың коммуникативтік біліктілігін қалыптастырудағытиімді жолдарына ұсыныстар берілді. Екінші тарауда ойынтүрлерінің әдістемелік топтастыру жолдары анықталды. Үшінші тарауда коммуникативтік біліктілік пен коммуникативтік әдісінің негіздері қарастырылады. Зерттеу жұмысының «Ағылшын тілісабағындаойын әдісі арқылы оқушылардың коммуникативтік біліктілігін дамыту» деп аталатын екінші бөлімінің бірінші тарауында ағылшын тілі сабағында қолданылатын ойынтүрлері мен ойынәрекеттері беріліп, оқушылардың коммуникативтік біліктілігін қалыптастыру бағытындағы коммуникативтік ойынтүрлерінің қолдану әдістемесі ұсынылды
  • 14.
    14 және шетел мектептеріндегі жүргізілетінойынтүрлері, ойын әрекеттері, ойын жаттығуларының түрлері беріліп, салыстырмалы талдаулар жүргізілді.
  • 15.
    15 Еліміздің тәуелсіздік алып,дербес мемлекет болып, нарықтық қатынастар заңымен өмір сүругебет бұрып, шет елдік мемлекеттермен терезесі теңесіп тұрғанкезеңінде, білім беру жүйесі де өз алдына бөлек дамып, күрделене түсуде. Бұл өз кезегінде қазіргі таңдағы педагогика саласындағы оқу үрдісінің басты мақсаттары мен міндеттерінің жоғары деңгейдеқойылуына өз әсерін тигізуде. Білім беру жүйесінде білім алушылардың білім сапасын арттыру мәселесінде ғылым мен тәжірибенің бір-бірімен өзара байланысқан,көптен қалыптасып келе жатқан қарама-қайшылықтарын шешу басты мәселелердің бірі болып табылады. Солмәселелердің ішіндегі ең бастысы оқытуүрдісіндегі оқытудыңәдістері мен формаларыныңмазмұнының әйкес келмеуі. Осы орайда, әлі де жаңа инновацияныңбірі болыптабылатын, өте қызықты және алдынан үміт күттіретін оқыту әдісінің бір түрі-ойын арқылы оқыту әдісі. Бұл бөлімнің «Ойынкатегориясына ғылыми көзқарастармен ой- тұжырымдар»атты тарауында ойын
  • 16.
    16 жөнінде айтылған көптегенфилософиялықкөзқарастар әлем мәдениетімен тығыз байланыстыекендігі көптеген зерттеушілердің еңбектерінде кездесетіндігі айтылады. Айталық, ерте замандардағы эллиндік және римдік халықтар ойынды балаларды тәрбиелеу құралы етіп, жауынгер ұландарды дайындау мақсатында қолданған. Ойындар арқылы жас ұрпаққа соғыс өнерін үйретіп, мәдениет пен сөз өнерін дарытқан. Ойындардыңжастарды тәрбиелеу мүмкіншіліктерінің зор екендігіне жете мән берген. ХVII-XX ғасырлардаойынәрекетін түсіндіруде жаңа көзқарастар, пайымдаулар орнығып, төмендегідей ғалымдар ойын әрекетінің философиялықнегіздерін ғылыми тұрғыдан қарастырды,олар:Г. Гегель, В. Вундт, Ф. Шиллер, К. Бюлер, В. Фриге, К.Гросс,Г. Спенсер, И. Хейзинга, И. Кант, Г.М. Мейес, В.М. Демин, М.А. Каган, т.б. ғалымдар ойынтеориясыныңқалыптасуы мен дамуын, ойын іс-әрекетінің әлеуметтік жақтарын анықтап, оныңбаланың қиялы мен ойлау қабілетіне оң әсер ететінін анықтаған. Ойын – күрделібиологиялық, психологиялық, педагогикалықұғым. Психология тұрғысынанойынды зерттеугеЛ.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев секілді ғалымдар ат салысты. С.Л.Рубинштейннің психологиялықкөзқарасы бойынша «ойыннегізінде адамның барлық психикалық қабілеттері қалыптасады, баланы ересек өмірге дайындайды. Ойын арқылы баланың қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туады . Ойын - адам іс-әрекетінің негізгі түрінің бірі. Ол адам іс-әрекет жүйесінің негізгі құрамдықбөлігіне кіреді. Ойын іс-әрекетінсіз адамдардың, қоғамның, жеке адамның дамуы мүмкін емес. Қоғамдағы ойыніс-әрекетінің обьективтімаңыздылығынбілімді, шеберлікті, дағдыны қалыптастыру бағытынан көрінеді.
  • 17.
    17 Бұл туралы орыспедагогы А. Макаренконың айтылған сөздеріорынды: «Оқушы өміріндеойының маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондаймаңызы бар. Жеке адам ойындақандай болса, өскесін жұмыстада көп жағынан сондайболады. Сондықтанкелешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойында басталады. Ойын оқушылар үшін - айналадағыны танып-білу тәсілі» - деп тұжырымдайды . Соныменқатар, ойынәрекетінің теориясы мен практикасынотандық және шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде. Мысалы: Иохан Хейзинганың "Ойыншы адам" , Д.Б. Элькониннің "Ойынпсихологиясы", ЭрикБерннің "Адамдар ойнайтын ойындар" атты еңбектері жазылды. Ойын теориясынзерттеуші Ресей ғалымдары А.В. Вербицкий , И.П. Пидкасистый, қазақстандықғалымдар қатарында Н.К. Ахметов, Ж.С. Хайдаров, т.б. Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның маңыздылығынқазақстандық ғалым Н.Құлжанова да зерттеп, «ойынбала үшін еліктеу, инстинкт, күнделікті басты әрекет және оныңжеке өмірі болыптабылады» деп дәлелдеген. Н. Құлжанованыңайтуы бойыншаойын әрекетіндегі басты педагогикалық мақсаттары – баланың алдағы өміріне түзу жол салу, үлкендергееліктеуі және өмірдің талаптарына сай бейімделуі ойындыәдептілік, тәрбиелік мақсатта пайдалануды көздейді. Осы тұста ғалым бала ойын әрекетінде ғана тынығып, жұмыс жасап, өсіп жетіледі, оның ойлау қабілеті жетіліп, қарым-қатынас жасаумүмкіндігі артады деген пікірді білдірген. М. Жұмабаев «Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе» - деп атап көрсетсе, ал, шетелдік ғалым Ж. Пиаже «ойын-баланыңрухани дамуыныңнегізі» - деген, соныменқатар, К. Левин, Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин сияқты ғалымдар да өз еңбектерінде ойынәрекетінің оқу үрдісінде маңызды құрал болыптабылатындығынатап көрсеткен.
  • 18.
    18 Бірінші бөлімнің «Ойынтүрлерініңәдістемеліктоптастыружолдары» деп аталатын екінші тарауында ойын түрлерінің классификациялануы қарастырылады. Қазіргіуақыттағы ғылыми түсінік бойынша ойындарды халықтық, спорттық, кәсіптік немесе іскер, стратегиялық, дидактикалық, коммуникативті деп классификациялайды. Ойындарды классификациялау оқыту ойындары теориясыныңең маңызды мәселесі болыптабылады. Ойындарды классификациялауғаәр түрлі жағынан келген зерттеу нәтижелерібар. Солардыңкейбіреулеріне тоқтала кетсек. А.А.Выготскийойындардыңүш негізі топтарын: драмалық, спорттық, өрнектік деп көрсетеді. Г.А. Агапова ойындарды құрылыстық,жобалау, еңбек, дидактикалық, танымдық, ақыл-ойға, музыкаға байланысты ойындар, ритмикалықойын жаттығулары, ойынсабақтары, жаттығу ойындары,қалжыңдар, ойын көңіл көтерулер, қозғалмалы ойындар, спорттықойындар депбөледі. П.И. Пидкасистый - табиғи және жасанды ойындарды әріқарай классификациялай келеойындардыңтөрттобынжинақтайды:
  • 19.
    19 Іс-тәжірибеге тоқталу а) мазмұныбойынша: шығармашылық ойындар, білімді үйренужаңа тәжірибелер мен әдістерді қалыпсыз іс-әрекетке қолдану, зерттеушілікке байланысты ізденіс елестету және ізденіспен байланысты; ә) түрі бойынша: сюжетті, ролдік, орталықтанған, ақыл-ойды қажет ететін, компьютерлік; б) ойынға қатынасушылардыңұйымдастыруформасынабайланысты:жеке, екі адамдық, топтық, көпшілік; в) әсер ету орнынабайланысты: ойын алаңындағы, столдағы, эстрадалы, сценадағы, залдағы, үйдегіойындар т.б [8. Н.К.Ахметов жалпы ойындарды табиғижәне жасанды ойындар деп бөледі. Соныңішіндегі жасанды ойындар:академиялық (оқыту), академиялық емес (спорттық)деп топтай келе, академиялық ойындарды:оқу ойындары, имитациялық оқу ойындары деп классификациялайды. Ұлы педағогтар, ғалымдар, әдіскерлердің еңбектерінде ойынәдісі Мынадай түрдеклассификацияланады: дидактикалық; грамматикалық; лексикалық; фонетикалық; рольдік; іскерлік; Біздің ойымызшаберілген классификацияға коммуникативті біліктілікті дамыту ойындары түрін қосуғаәбден болады, олай дейтініміз қазіргі кезде қоғам талабына сай, шетел тілдерін оқытуда қойылыпжүргенортақ міндет - тілді коммуникативті бағытта оқыту, ондағы мақсат - оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізумен шектелмей,
  • 20.
    20 өзаратіл табысып, пікіралысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орта мектепте берілетін бүкіл білімнің негізгі мақсаты - оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін дамыту. «Коммуникативтік біліктілік пен коммуникативтік әдісінің негіздері» атты үшінші тарауда қазіргі кездегі шет тілін оқыту үрдісінде кеңінен қолданылып жүрген коммуникативті әдіс пен коммуникативті біліктілік ұғымдарынатүсінік берілген. Коммуникативтік әдіс – оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзегеасатыны, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларға тән басты белгілер мен қағидалардыңбасты жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыракеліп, тілдік қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі. Шетел тілін оқытуда оқушылардыңкоммуникативтік біліктілігін қалыптастыру бүгінгі күнде ең маңызды мәселенің біріне айналуда. Шетел тілінде сөз әрекетінің жоғары деңгейде болуы коммуникативтік біліктілік элементтерінің оқушылардыңбойындатолық қалыптасуынан көрініс табады. Олар: коммуникативтік білім, коммуникативтік дағды, коммуникативтік іскерлік. Осы элементтерді шетел тілдерін оқыпүйренудің бастапқы деңгейінде сөз әрекетінде қалыптастыра білуіміз қажет. Бұл ұғымғаанықтама беретін болсақкоммуникативтік біліктілік дегеніміз шетел тілінің грамматикалық құрылымы мен тілдік бірліктердің қызметін толық білетін, яғни лингвистикалық білімі сөз әрекетінен сөйлеу түрі жоғары деңгейде көрінетін, шетел тілінде еркін қарым-қатынас
  • 21.
    21 жасай алатын адамныңтілге деген қабілеттілігі деп көптеген әдістемелік әдебиеттерде көрсетілген . Коммуникативтік біліктілік белгілі бір тілдік ортаданемесе арнайы ұйымдастырылғаноқуүдерісінде қалыптасатындығы қазіргі таңда жиі айтылып жүр. Оқушы оқу үрдісіндегі басты субьект, ал мұғалім шетел тілінде қарым- қатынас жасаудағы көмекшісі және ұйымдастырушысыболыптабылады. Шетел тілі пәнін оқудағы басты әрекет оқушының сыртқы және ішкі белсенділігінен танылады. Шетел тілін оқытуда коммуникативті бағдарлы әрекетті қарастыра отырып, әдіскер Р. Мильурд мынандай тұжырымды көрсетеді, яғни әдістемелік тәсіл көмегімен коммуникативтік ойынеркін қатынас негізінде қарастырылады. Бұл жағдайда тапсырматүрлері мынандай болуы мүмкін: коммуникативті ойын; коммуникативті имитация; еркін қарым-қатынас . Оқушының коммуникативтік қабілетін дамытуда оқыту: оқу, сөйлеу, тыңдау, жазу-ауызша өзара қатынас, жазбаша өзара қатынас бір уақытта дамиды; оқытудыңбұл төрт түрі де сөйлесушілердің бір-бірін түсінуін қамтамасыз етеді. Оқу үрдісінегізінде коммуникативтік қабілетін дамытуда ойынэлементтерін пайдаланып, топпен және жеке немесе жұппен жұмыс істеу арқылы оқушының жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін анықтау, зейінділігін қадағалау, өз білім деңгейіне өзібаға беруіне көмектеседі. Диссертацияныңекінші бөлімі «Ағылшын тілі сабағында ойын әдісі арқылы оқушылардың коммуникативтік біліктілігін дамыту» депаталады. Осы бөлімнің «Ағылшын тілі сабағында оқушылардыңкоммуникативтік біліктілігін
  • 22.
    22 қалыптастырудағы ойынтүрлерінқолдану әдістемесі»деп аталатын бірінші тарауында қазіргі уақыттағы сабақ үдерісінде қойылып отырғанталаптардың бірі оқушылардыңкоммуникативті сөйлеу біліктілігін дамыту мақсатында сабақ үдерісінде ойынтүрлерін, коммуникативті ойындарды қолдануды негіздейді. Осы тұста төмендегідей коммуникативті ойындарды пайдалану әбден орынды депесептейміз.Мысалы: Interviewing an interesting person. Бір оқушы танымал атақты адамның (саясат қайраткері, әнші, актер, спортшы, т.б) ролін ойнайды. Сыныптастары әртүрлісұрақтар қоя отырып, оныңкім екендігін табуы тиіс Сұрақтар былай болуы мүмкін: What's your hobby? What kind of meal/ sport/clothes/do you like?
  • 23.
    23 Are you aman or a woman? Are you married or a single? т.б. Just the facts. Мұғалім тақтаға 3 сұрақ жазады, мыс:What kind of music do you like? Where do you usually listen to music? Who is your favourite singer? Әрбір оқушы 3 үлестірмелі қағаздан алып, оның әрқайсысына, әр сұраққа жауап жазады. Мұғалім барлық қағаздарды жинап алып, араластырады да, әр оқушыға 3- 3тен таратады. Балалар сынып ішінде сұрақ қоя жүріп, қолындағы карточканың иесін іздейді. Барлық карточкалар өз иесін тапқанда ойын аяқталады. Бұл ойынды Атамұра баспасынан шыққан, авторлары:Аяпова.Т. Әбілдаева.З. Ұқбаев. А. 9 - сынып оқулығындағы «Musicin our life» тақырыбын өткенде немесе музыкағақатысты сабақтардапайдалануғаболады. Why? Мына төмендегі сұрақтарды пайдалана отырып, оқушылардың сүйікті заттары, әрекеттері туралы айтыңыздар. What is your favourite TV show? Why? What is your favourite magazine? Why? What is your favourite gift you have received? Why? What is your favourite time of the day? Why? What is your favourite day of the week? Why? Сұрақтарды оқушылардың деңгейіне қарай жеңілдетіп немесе күрделендіріп беруге болады.
  • 24.
    24 Сонымен бірге, мынадайкоммуникативті ойындар ағылшын тілі сабағында оқушылардың коммуникативті сөйлеу біліктілігін дамытуға көмектеседі:Interrupting the story, Make a text, Answer the questions, Find the theme, Make a story, Tell the story on the III-rd form, Namegame, Introductions, Who am I?, Word race, Recipe banquet, Questions, Objects, Sentence Completion, Learning theactions. Грамматиканы үйреніп жатқан оқушыларды ойын барысындабақылаған Бельгиялық бизнесмен “It isn’t silly at all” - “Бұл мүлдем ақымақтық емес” деп өзінің таң қалғандығын білдірген екен, солсияқты ойын процесі бір уақытта тиімді әрі қызықты болуы мүмкін. Қытай даналығында: «Маған айтсаң, мен ұмытып қаламын; маған көрсетсең, мен есімде сақтаймын; ал өзіме әрекет жасауға мүмкіндік берсен, мен үйренемін» деп айтылғандай, біз балаға бір ақпаратты тек айтып қана қойсақ, ол ұмытып кетуі мүмкін, көрсетсек есінде қалуы мүмкін, ал ойын үрдісінде баланың өзіне жасауға мүмкіндік берсек, бала өзі үйреніп кетуі әбден мүмкін. Сонымен қатар, екінші тарауда, шетел мектептерінде сабақ үдерісінде қоданылатын ойын түрлері мен ойын әрекеттері, жаттығулар беріліп, салғастыраталданды. Жоғарыдааталып еткен коммуникативті ойындарды ағылшын тілі сабақтарында қолдануға әбден болады. Төмендебіз шетел мектептерінде сабақ үдерісінде қолданылатын коммуникативті ойындар мен ойын әрекеттері, тапсырмалар мен жаттығуларға тоқталмақпыз.
  • 25.
    25 Riddles. Read thefirst riddle and have the class ask questions to try and solve the riddle. Riddles promote discussionand curiosity. The man was injected with deadly poison-but it did not kill him ( He was already dead) Everyone around him knows who he was , but no one knew his name ( He has just been born) The man had been a hostage for 10 years. His wife watched him leave he plane, and called to him excitedly. He did not respond (She saw him on television) I run but no legs (nose) The more there is the less you see (darkness) What has hands but not skin or bones? (сlock) What is black and white and read all over? (newspaper)
  • 26.
    26 Tonguetwisters. Tongue twistersare phrases or sentences that are very difficult to say fast. Tongue twisters are not only fun but they train the tongue to speak in English. Ask for three volunteers to stand up front. Write the first tongue twisters on the board and have each one say it five times. Have the rest of the class vote on the fastest and funniest for each one. Toy boat. Toy boat. Toy boat. The sixth sick shakes sixth sheep’s sick. Suzy sells seashells on the seashore. Three free throws. Greek grapes. I thought a thought. But the thought I thought wasn’t the thought I thought I thought. Сонымен қатар шетелдік мектептер мен оқу орындарында қолданылатын мынадай ойын әрекеттері қолданылады: What is in the picture, Weather, That’s me, Expressing Feelings, Description, Speed up, Dicto Gloss Description, Chain Drills, etc. Жоғарыдакөрсетілген шетелдік мектептердегі ойын түрлері мен әрекетерін қарастыракеле, мынадай қорытынды жасауғаболады: шетелдік мектептердегі ойын әдістерінің жүргізілуі өте еркін, яғни олар ойын барысындаөздерін өте еркін ұстайды, ролдік ойындарды данағыз образға шынайы түрде ене отырып орындайды,ал біздің мектеп оқушыларының коммуникативтік ойындарды қолдану барысында, өз ойларын жеткілікті дәрежедежеткізе алмауы, олардың сөздердіайтуда қателесемін деген ойының туындауында, себебі қазақ
  • 27.
    27 мектебінің кейбір балаларынаұялшақтық пен ұяңдық тән, олардың бойында өзгелермен жылдам қарым-қатынасқа түсу сияқты қасиеттер баяу. Міне, осы мәселені шешу үшін, ағылшынтілі сабақтарындаоқушылардың коммуникативтік сөйлеу біліктілігін қалыптастырып, дамытуда ойын әдісінің ролі өте зор. Атақты американдық жазушы Е. Градин «You cannot effectively learn a foreign language until you make a million mistakes in that language. So hurry up and made your million mistakes» деп айтқандай,кез-келген адам ағылшын тілін сөйлеу әрекетінде миллиондаған қателерді жіберу арқылы үйреніп, шыңдалады. Eкінші бөлімнің «Ағылшын тілі сабағында оқушылардыңкоммуникативті біліктілігін ойын әдісі арқылы дамытудағы эксперимент зерттеулер нәтижесі» атты тарауда мектеп мұғалімдері, магистранттар, әдіскерлер арасындасауалнама жүргізіліп, қазіргі таңда ағылшын тілі сабақтарында коммуникативті ойындарды қолдануқажеттілігі айқындалды. Жалпы ойын әрекеті мен коммуникативті ойындардың сабақ үдерісіндегі мүмкіндіктері анықталып, ортамектепте эксперимент жұмысы жүргізілді. Эксперимент барысындаалынған нәтижелер салыстырылып,қорытындыланды.Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін қолдану Сынып ішінде мынадай ойындардыойнауғаболады: What’s in the bag? Around the world Board Race Order Race Question race Bingo Go fish ойындарынқолдануға да болады. Бұл ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне көп көмектеседі. Ойындар оқушылардыңтанымын, ақыл–ойбелсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып,олардыңбағдарламаматериалыныңнегізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді,әрі пысықтауды көздейді.Бұлойындар балалардыңсабақ үстіндегі жұмысынтүрлендіре
  • 28.
    28 түседі, олардыңпәнге қызығушылығыноятып,ынта –ықылыас қоюына баулиды және оқушылардыңзейінін,ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейдіжәне нақты міндеттерді шешеді. Ойынныңмақсаты бағдарламадаанықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, және тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатындаболыпкеледі. Ойынныңміндеті баланың қызығушылығыноятып, белсенділігін арттыру мақсатындаіріктеліп алынған нақты мазмұныменанықталады. Ойын ұғымынатүсінік берсек, бұлбаланың мінез –құлқынаөзі басқарумен қатар топпен жұмыс жүргізебілу әрекеті, ол баланың бір-біріне көмектесу, тез ойлау қабілетін, алға ұмтылу ісін дамытады. Сондықтанбағдарлама бойынша бекітілген оқытуүрдісінде ойын түрлерін сабақ үрдісінде үнемі пайдаланып отырукерек. Ағылшын тілі пәнінде көбіне рольдік ойындар, грамматикалықойындар, танымдық ойындар қолданылады. Ойын-оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Іс-әрекетті кесте түрінде қарастырсақ,оқушыныңбелсенділігімен білім сапасынкөрсетеді. Білім алумен Баланың дене Оқушылардың қызығуы артады біліктілік оқушының қозғалысы жақсарады Топпенжұмыс істеуге дағдысынБаланы еңбек етуге дағдыланады. қалыптастырады. талпындырады Танымдықәрекеттерді Ұйымшылдық қабілеті жетілдіреді. артады. Ойлау қабілеті артады, дамиды. Осы іс – әрекеттер арқылы оқушыларды оқытуға да болады. Іс-әрекеттің мынадай түрлеріне тоқталсақ: Matching Categories Fill in the blanks Dialogues Drawing Singing осы іс-әрекеттің түрлерін сабақ үстінде қолданса өте тиімді нәтиже береді. Ойынныңөзіне тән мотивтеріболады. Мысалы: мазмұндық, рөлдікойындар баланың зейінін есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатындығын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарындабелгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттыруменқатар, ерік сезім түрлерін дамытады. Ойын түрлеріөте көп. Соныңішінде сабақта пайдаланылатын танымдық ойындар, сөздікойындар жан-жақты дамытып білімді толық игеруіне көмектеседі.
  • 29.
    29 Ойын түрлерінің материалдарысабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес келсе, оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығынкүшейтеді, оқушылардыңсабаққа ынтасы мен қызығушылығы артады. Ойын сабақтың әр кезеңдерінде, тақырыбынақарай мұғалім өзі таңдап алып, қолданыпотырады. Сондықтаносы баяндамадатілді меңгерту мақсатында сабақта қолданылатынтүрлі ойындарментаныстыракетуді жөн көріп отырмын. 1.What’s in the bag? Сумкадане бар ойыны. Мұғалім алдымен балаларға бір сумкаалып келеді. Балалардан сұрайды. Балалар сумкадане бар? Балалар ішінде дәптер, қалам, кітап бар деп айта бастайды. Мұғалім бұл ойынды сабақ соңындақолдансаболады. Әсіресе жаңа сөздердіеске түсіру үшін қолдануға болады. Мұғалім сумканың ішіндегі заттармен таныстырады.Сумкадане бар? Мұғалім оқушылардан What’s this? Сұрағы арқылы затты көрсету арқылы сұрайды. Мысалы:Pen, copybook, pencil, ruller, rubber деп көрсетеді. Сосыноқушыларға жеке-жеке қайталатады.Сөздердіұмытпау керек. Сосыноқушыларға сумка ішіндегі заттарды таратып беріп,оқушылардан осы заттарды мына сұрақарқылы сұрауғада болады.Мысалы:Who has a pencil? Who has a ruller? Жауап бергендеоқушылар кімде екенін табу керек.Оқушылар тапса Janar has a pencil деп табу керек. Бұл ойыноқушының абаққа деген қызығушылығы артып, сөздікқорлары молайып, есте сақтау қабілеті артады. 2.Boardrace Тақта сайысы ойыны Бұл ойынныңшарты: Мұғалім оқушыларды екі топқа бөліп,ойынныңережесімен таныстырады.Бұл ойындамұғалім түстер,сандар,сөздерайтады солайтылған сөздерді,сандарды оқушылар қатесіз жазу керек.Келесі оқушы әрі қарай жалғасын жалғастырып отырады.Соңындаоқушылардыңжазғанынтексеріп қателерін жөндеп қай топтың жеңгенін анықтайды.Мысалы: P-1 ----P-2 Red ----Red Ten ---Ten Stone ----Stone Winter ----Winter Book ------Book Осылай рет-ретімен оқушылар жалғастырыпболғансоң қателерін жөндеп қай жақтын жеңгенін айтады. Бұл ойындаоқушылар шапшаңдықты, дұрыс жаза білуді,есте сақтау қабілеттері артады. 3.Question Race Сұрақтар сайысы Бұл ойынныңшарты: Мұғалім солсабаққа қатысты сұрақтар қойылады. Осы сұрақтар оқушыларға
  • 30.
    30 таратылып беріледі. Оқушыларсолсұрақтарғадұрыс жауап беру керек. Мысалы жыл мезгілдерін өткен кезде суреттер арқылы да мынадай сұрақтар арқылы қолдануға болады. 1.How many seasons are there in a year? 2.What are they? 3.How many months are there in a year? 4.What are they? 5.What season is it now? 6.What month is it now? 7.How many days are there in a week? 8.What are they? Осы сұрақтар арқылы оқушылардыңсөйлеу қабілеттері артып,сөздікқорлары молайып,сабаққадеген қызығушылығы артады. Қорытакелгенде, оқу үрдісінде «ойынтүрлерін пайдалану біріншіден, оқушылардыңбілімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығынкөтеруболыптабылады. Ойын түрлерін пайдалану мынадай нәтижеге жеткізеді. Нәтиже 1. Әр оқушының шығармашылығы артады. 2. Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады 3. Оқушының жеке қабілеті анықталады 4. Оқушы топ жаруға ұмтылады. 5. Оқушының ойлау қабілеті дамиды 6. Әр оқушы өз деңгейімен бағаланады.
  • 31.
    31 Қорытынды Қорытакелгенде, оқушылардыңбілім, білікшеберліктерінің жан жақты дамуына, қалыптасуына, сөз іскерліктерін меңгеруіне ойындар көп көмек береді. Олар арқылы түрлі дағдыларды меңгерубарысындаоқушылар белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдыланады. Сабақ үрдісінде «ойын» түрлерін пайдалану, біріншіден оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушлығын, белсенділігін арттырып, білім сапасынкөтеру болып табылады. Сондай-ақ ойынэлементтерінің тәсілдерін сабақта түрлендіре пайдалану. 1. Біріншіден шәкірттердің оқуға қызығуын, ынтасынарттырады. 2. Екіншіден сабақта көп жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 3. Балаларды достастырып, қарым – қатынастарын ұлғайтады, бір – біріне ынтымақ, көмек көрсетугебаулиды. Ойын – өрісін кеңейтеді. Сөздік қорларынбайытады. Шыдамдылыққа үйретеді. Ал сабақ тақырыбына қарай ойынды таңдау, оны қызықты етіп тиімді пайдалану – бұл білім берушінің шеберлігі. Ұстаз мақсаты, қалай болғанда да шәкірттеріне тиесілі білімді меңгерту. Сөздікқорынбайытады, өз бетімен еңбектенуге дағдыландырады,тәрбиеленеді. Сондықтанда, ойын – оқытудың ең бір тиімді тәсілі.
  • 32.
    32 Пайдаланған әдебиеттер 1. БородулинаМ.К.“Шетел тілін үйрену” – М, “Просвещение”, 1975 ж. 2. “Білім” №2/2006. 46-47 бет. 3. “Білімдегі жаңалықтар” №2(20) 2005 ж. 4. Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері/Иностранные языки в школах Казахстана. Мамыр – Маусым. №3/3(45)/2009 ж. 29-33 бет. 5. Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері/Иностранные языкив школах Казахстана. Наурыз – Сәуір. №2(50)/2010 ж. 3-5 бет. 6. Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері/ Иностранные языки в школах Казахстана. Қыркүйек – Қазан. №5/2003 ж. 31-34 бет. 7. Мектептегі шет тілі №3/2006 ж. 41 бет. 8. Мектептегі шет тілі/Иностранный языкв школе. Шілде-Тамыз. №4(22)/2006 ж. 25 – 26 бет. 9. “Мектептегі жаңалықтар” №3/2004, 42-43 бет. 10. Сайттар