SlideShare a Scribd company logo
1 of 32
Білімді ұрпақ – ел ертеңі
Шығармашылық мүмкіндігі мен танымдық
қабілеті жоғары оқушылармен жұмыс жүйесі
Петропавл қ.
2017 ж.
Пікір жазғандар: Г. Елеусизова- М. Қозыбаев атындағы СҚМУ; «Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы;
1
Г. Баджанова- Петропавл қаласы КММ «Н.К. Крупская атындағы № 10 орта мектеп» оқу ісі
жөніндегі директордың орынбасары
Автор: Қ. Даниярова - Петропавл қаласы «Н.К. Крупская атындағы № 10 орта мектеп» қазақ тілі мен әдебиеті
мұғалімі
Мен біраз жыл орыс мектебінде мемлекеттік тіл – қазақ тілінен сабақ беріп келемін.
Республика, біздің облыс көлемдерінде көптеген әдістемелік көмекші құралдар шығып
жатыр. Олардың біздер үшін көмегі,сөзсіз, көп. Мектеп оқушыларын пәндік олимпиадаға,
мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында өткізілетін әр түрлі іс-шараларға сапалы дайындық
мұғалімнен терең білім мен біліктілікті, тәжірибе мен шеберлікті талап етеді. Белгілі бір
мақсат пен мүддеге, нәтижеге жету барысында көп қиыншылықтар кездеседі. Олимпиада
тапсырмалары болсын, мазмұндама мәтіндері болсын, бір жағынан оқушының жас
ерекшелігіне сай, танымдық қасиеті бар, ұлтымыздың салт-дәстүрлерінен мәлімет беретін
болу керек.
Бұл оқу-әдістемелік құралда дарынды балаларға арналған тапсырмалар топтамасы
және оларды орындау үлгілері, тіл білімі салаларынан талдаулар үлгілері берілген. Сонымен
қатар, осы оқу-әдістемелік құралда облысымызда, республика бойынша өткізілетін іс-
шараларға дайындық үлгілерін, әсіресе, жас ұстаздарға көмегі тиер деген ниетпен ұсынып
отырмын. Оқушыларға мемлекеттік тілді меңгертуде сіздерге зор табыс тілеймін.
Автордан
2
Даниярова Қайыржамал Сыздыққызы
Н.К. Крупская атындағы
№ 10 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Санаты: жоғары
Еңбек өтілі: 35 жыл
Шебер ағаштан қандай да бір затты жасап шығудан бұрын оны балтамен
шауып, жонып алады. Ұста темірді шыңдаудан бұрын оны жұмсартады. Бірақ
осылайша мұғалімнің де оқушыға өзінің тәлімдерін үйретуден бұрын алдымен оның
бойында білім алуға деген талпынысты оятып алуды қажет екенін ойлайтын біреу
бар ма екен...?
Ян Амос Каменский (чех педагогі)
Бүгінгі заман талабы бойынша оқытылатын пәндердің балалардың болашағына, өзі
қалаған мамандығына қарай бағытталуына, яғни алға қойған мақсатының нақты болуына
ерекше назар аударылуда. Сонымен қатар жеке тұлға, қоғамға керекті дарынды,
шығармашылық тұлға қалыптастыру - білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең
маңыздысы болып отыр.
Мақсатты білім беру - өмір талабы, тұлғаның дамуын жүзеге асыру мәселесі- күн
тәртібінде тұрған маңызды іс.
Баланың шығармашылық қабілетінің ашылу мүмкіндігі бір кезеңде деп нақты тоқтам
айтуға болмайды. Дегенмен, оқушының көбірек белсенділік көрсететін кезеңі – бесінші-
сегізінші сыныптар аралығындағы жаста.
Оқушының өзіндік ерекшелігі мен іс-әрекет белсенділігіне қарай жіктесек:
Тұлға – тума талант
қызығушы
құмарлық
өзіндік
ойлау ерекшелігі
бар дарын
белсенді
шығармашылық
иесі
қабілетті зейінді
Бала шығармашылық жұмыста осы сатыдан өтеді де, біртіндеп іріктеледі, шын
шығармашылық тұлға қалыптаса бастайды. Бұл кезеңдерде оқушы шығармашылығына шын
3
да шынайы бағасын бере отырып, мүмкіндігінше психологиялық қолдау жасау керек. «Сен
талаптысың, қолыңнан бәрі келеді, бүгінгі жұмысың әлдеқайда тәуір шыққан» деген сияқты
жылы лебіздер оқушы жанына қанат бітірері сөзсіз.
Дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі ең бір үлкен мәселе – тәрбие. Тәрбие дегеніміз
ең алдымен, баланың сезімін оятып, әсершілдігін дамыту. Отанды, табиғатты, қоршаған
ортаны сүюге, еңбек ете білуге, біреудің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Осы орайда мұғалім өз алдына төмендегідей мақсат қоюы керек:
- баланың ішкі еркіндігін және әлеуметтік қатынастарға ыңғайлылығын қатар дамыту;
- баланы жасытпай оқыту, бұйығылықтан құтқару, сенімсіздік комплекстерін жою;
- ойлай білу және өзіндік пікірін айту қабілетін дамыту;
- белсенді қызығушылықты дамыту;
- баланың өзіндік «Мен» - ін анықтауына көмектесу;
- қарым-қатынас мәдениетіне үйрету;
- жан-жақтылыққа, адамгершілікке, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Осы аталған тәрбие және оқыту жұмыстарында белгілі бір нәтижеге жету үшін мұғалімге
қажетті қасиеттер:
- жылылық;
- түсінгіштік;
- сезімталдық, кең ойлай алу, баланы шабыттандыра білу;
- балаға адам ретінде қадірлі болу;
- сабағының қызықты әрі пайдалы болуы.
Мұғалімнің түпкі мұраты:
- баланың рухани өсуіне басшылық жасау;
- кісілік қасиетін дамыту;
- шығармашылық қасиетін дамыту;
- дүниетанымын кеңейту.
Мазмұндама жазуға үйрету арқылы тіл дамыту.
Дарынды балалармен жұмыстың түпкі мақсаты – белгілі бір нәтижеге жету. Оқу орыс
тілінде жүретін мектептерде басқа ұлт өкілдері қалалық, облыстық, республикалық
олимпиадаларға және басқа да тіл сайыстарына қатысып, білім – біліктіліктерін
сынастырады. Олимпиада қатысушыларына қойылатын ең басты талаптардың бірі -
мазмұндама жаза білу.
Мазмұндама – сөйлеу тілін қалыптастырудың негізі. Басқа ұлт өкілдерінің жазбаша тілді
қаншалықты меңгергендігін тексеру, олардың өз ойын дұрыс жазуда ой қорытып, тұжырым
жасауға бағыттау, жаттықтыру үшін мазмұндама жаздыру тиімді. Мазмұндама сөйлеу
тілінде грамматикалық норманы, орфографиялық және пунктуациялық дағдыларды бекіту
тәжірибесінің қызметін атқарады. Мазмұндама жазу үрдісінде тәрбие мақсаты да шешілуі
қажет. Мақсаты мен көркемдік қасиеті іріктелген мәтіндер адамгершілік, эстетикалық тәрбие
беру мақсатына бағытталуы тиіс.
Мазмұндаманы жазу тек қана жазылым әрекеті арқылы емес, сонымен қатар оқылым,
тыңдалым, айтылым әрекеттерінің негізінде іске асады. Мазмұндама мәтінді оқып, мұқият
тыңдау, сұрақтарға жауап беру, баяндау, әңгімелеп айтуға дағдыландырудан шығады.
Қорыта айтқанда, мазмұндама сөйлеу әрекетінің түрлеріне байланысты біліктіліктерді
қалыптастырады, бір жағынан мәтінді есту (тыңдалым) немесе көру (оқылым) қабылдау
болса, екінші жағынан мәтінді ауызша немесе жазбаша мазмұндай білу.
4
Дарынды балалармен, әрине, мазмұндама түсінікті, тәрбиелік мәні зор, оқу талаптарына
сай алынады. Мұндай мәтіндер оқушыларды жаңа біліммен қаруландырып, дүниетанымын
кеңейтеді.
Мазмұндама мәтінімен жұмыс істеуге қойылатын талапты төмендегідей іріктеуге болады:
- оқушы мәтіннің мазмұнын өзінше меңгеріп, өзіндік сөздік қор арқылы құрастырып
жазуы шарт;
- оқушының өз ойы, пікірі болуы тиіс;
- қажет кезінде мәтіннің баяндау жағы өзгертілуі тиіс.
Мазмұндама жазуға әзірлік кезеңі:
- мәтінді оқу, оқушының зейінін жазылатын мазмұндаманың сюжетіне аудару, мәтіндегі
негізгі ойға, мазмұн арқауына талдау жасау.
- мазмұндаманың жүйелі баяндалуына көңіл аудару.
Мазмұндаманы талдау кезеңі:
- жазба жұмысының баяндау стиліне, оқиғасына байланысты талдау.
- сөздердің, сөйлем түрлерінің байланысы.
- оқушының қателерін топтау, келешекте болдырмау шаралары.
- ең бастысы оқушының көзінше тексеру.
Сонымен, мазмұндама сөйлеуге, ойын екінші тілде білдіруге жаттықтырады. Бұл жұмыс
түрі зер салып тыңдай білуге, айтылған ойдың негізін аңғаруға, ықшамдап жаза білуге
үйретеді, яғни жазылым арқылы сөйлеу тілін қалыптастырады.
Оқудың үш түрі бар дейді. Біріншісі - оқыса да түсінбеу, екіншісі -оқу әрі түсіну,
үшіншісі - түсіну және жазылмағанның өзін түсіну. Сөзім дәлелді болу үшін бір
мазмұндамаға тоқталайын. Қазір оқылатын мазмұндаманың авторын оқудың үшінші түріне
жатқызуға болады.
«Жамандық неден болады?» ертегісін осыдан екі-үш жыл бұрын олимпиадаға дайындық
кезеңінде 9-11-сынып оқушыларымен жаздық.
Солардың ішінде 11-сынып оқушысы
Елена Полищуктың мазмұндамасын
толығымен мысалға келтіруге болады.
Ол – республикалық
олимпиада жүлдегері (ІІІ орын).
Мазмұндама сол қалпында қателерімен беріледі:
Ерте заманда орманда жалғыз адам өмір сүрген. Сол орманда тұратын жануарлар мен
құстар одан қорықпай адамша сөйлейді.
Бір күні ол тал түбінде жатады, сол талға құстар және аңдар түндеу (түнеу) үшін
жиналады. Олар жиналып, бір- бірінен: «Жамандық неден болады?- деп сұрайды. Сонда
қарға:
- Меніңше, жамандық аштықтан болады. Сен аш болсаң, ештеңе тыңдамайсың. Аштықтан
менің көптеген жақын туыстарым өлді. Аштық болмау үшін, (олардың) қамын ойлау керек,
сонда жамандық болмайды,- дейді.
- Жоқ,- дейді көгершін. Меніңше, жамандық сүйіспеншіліктен болады. Мен жалғыз тұрсам,
өмірім де тыныш болар еді. Ал біз екеу- екеуден тұрамыз. Жолдасыңды жақсы көрсең, сенде
5
тыныш (тыныштық) болмайды. Оның тамағын тоқ, көйлегін көк етуді ойлайсың, ал ұшып
кетсе, уайымдайсың, ол қайтып оралмасаң (оралмаса), іздеймін деп бір нәрсеге ұшырайсың.
- Мен көгершінмен келіспеймін,- деп ысылдайды жылан. Меніңше, жамандық
ызақорлықтан болады. Мысалы, біреу сені ызаландырса, сен ашуланайсың (ашуланасың).
Сол кезде ешкімді аямайсың, біреуді шақсам деп ойлайсың. Ал біреуді шақсаң, сені де
өлтіреді. Сондықтан ызақорлық болмаса, өміріміз жақсы болар еді.
- Жоқ, сенің сөздерің дұрыс емес. Жамандық тек қорқақтықтан болады,- дейді бұғы. Сен
қорықпасаң, батыл болсаң, өмірің тыныш болады, ешқандай жамандық болмайды.
Олардың сөздерін тыңдаған кісі:
- Сендер бәрін дұрыс айттыңдар. Мен сендерді жақсы түсінемін, өйткені, адамдар
жақсылық та, жамандық та жасайды. Бірақ, аштық та, сүйіспеншілік те, ызақорлық та,
қорқақтық та тәнімізді сақтау үшін керек. Ал өмір сүру үшін бізге тәніміз ғана емес,
жанымыз да керек. Егер біз жанымыз туралы көбірек ойласақ, өміріміз бейбіт болады.
Меніңше, бұл - өте дана ертегі. Ол бізді жамандық және жақсылық туралы ойлауға
үйретеді. «Жамандық неден болады?» - бұл өте қиын сұрақ. Меніңше, жамандық та,
жақсылық та адамның мінезімен байланысты. Қазақ халқы жақсы мінездің бағасын жақсы
түсініп, «Жақсы мінез – баға жетпес байлық»,- дейді. Меніңше, адамның мінезі жақсы
болса, ол өз өмірін де жақсылыққа арнайды. Ал жақсы мінез жаман мінез сияқты тәрбиеден
шағады. «Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны алады», сондықтан біз балаларымыз үшін
жақсы үлгі болсақ, жамандық болмайды (оқушының өз пікірі).
Әрине, бұл оқушы тыңдап қана қоймайды, оқылған материалды жан-тәнімен түсініп,
терең пайымдап, қазақ халқының мақал-мәтелдерін кеңінен пайдаланып, берілген мәтіннің
мазмұнын ғана емес, өз пікірін де еркін жаза алады. Келесі тоқтала кететін мәселе,
мазмұндаманы жоғарыда көрсетілгендей жоғары деңгейде жазу үшін, әсіресе, өзге ұлт
өкілдері оқушыларына жақсы сөздік қоры қажет. Ал жоғарыда аты аталған оқушының
сөздік қоры кез келген мазмұндаманың идеясын ашып, оған өз пікірін айтуға молынан
жетеді.
Тілді үйренудегі ең маңызды мәселе – грамматикалық дағдылар.
Қазақ тілінің грамматикасын жақсы меңгермейінше, морфологиялық, синтаксистік
талдау жасау және сөз тіркестерінің байланыс тәсілдерін ажырата білу мүмкін емес. Бұл
жолы да мысалды өз оқушыларымның жұмысынан келтіргім келеді.
Жай сөйлемді сөйлем мүшелеріне сұрақ қойғанда, сөйлемдегі кез келген сөзге сұрақ
қоюға болмайды. Сөйлемдегі сөздердің бір- бірімен грамматикалық байланысының ізімен,
белгілі болған мүшеден белгісіз мүшеге қарай қойылады. Мысалы: Абай бір топ кісімен
үйге кірді.
Бұл – хабарлы, жай, жақты, жайылма, толымды сөйлем.
- Не істеді? - кірді - баяндауыш.
- Кім кірді? - Абай - бастауыш.
- Қайда кірді?- үйге - пысықтауыш.
- Кіммен кірді? - Кісімен - толықтауыш.
- Қанша кісімен? -Бір топ - анықтауыш
Сөз тіркестеріне қарай келесі үлгіде талдауға болады:
Бастауыш пен баяндауыш қалай байланысып тұр? – Қиыса байланысып тұр, себебі
Абай (бастауыш) үшінші жақта, жекеше тұлғада тұр (кірді).
Сол сияқты, үйге кірді – қандай тіркес? Меңгеру, себебі үйге барыс септігінде тұрып
кірді етістігіне меңгеріле байланысып тұр.
Егер морфологиялық жағынан талдау оқушылардың білімдерін тексеру үшін қажет
болса, тағы да бір – екі сөзбен тексеруге болады:
6
Кісімен – деректі жалпы зат, есім, түбірі – кісі, мен- көмектес септігінің жалғауы деген
жауап алуға болады.
Төменде суреттері берілген оқушылар - қалалық, облыстық, республикалық және
мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында өткізілетін әртүрлі іс-шаралардың
жеңімпаздары. Бұл оқушыларды сөздік қорлары мол, қазақ тілінің грамматикасын жақсы
меңгерген, туған елінің тарихын, тілін құрметтейтін, ел болашағына өз үлестерін қосатын
дарынды жастар деп толығынан айтуға болады. Мысалға келтіріп отырған мазмұндама,
грамматикалық талдаулар, өлеңдер осы осы оқушылардың жұмыстары.
Келесі бір ерекше көңіл аударатын жұмыс түрі – прозадан үзінді оқу немесе оқушының
өзіне ұнайтын өлеңін жатқа айтқызу.
Өлең болсын, я болмаса проза болсын таңдағанда, оқушының жас ерекшелігіне,
дүниетанымына, психологиясына ерекше көңіл аударып, дөп басу қажет. Егер, оқушы
табиғатынан сабырлы, дауыс ырғағы баяу, тым әсершіл болмаса, оған көтеріңкі дауыспен
айтатын, эмоциялық жағы басым келетін өлеңдерді еріксіз жаттатуға болмайды.
Мысалы, өте сабырлы, артық сөйлемейтін, дауысы баяу оқушымыз Мұқағали
Мақатаевтың «Өмір сүрейік алмасып» өлеңін өте жоғары деңгейде оқып, талай сыннан
сүрінбей өтті. Өлең жолдарынан үзінді:
Жапырақ -жүрек, жас қайың!
Жанымды айырбастайын.
Сен адам бола бастасаң,
Мен қайың бола бастайын,
Келісесің бе, жас қайың?
(Көрінер, мүмкін, кімге ерсі?)
Өміріңді маған бір берші!
Дүрбелең мына дүниені,
Адам көзімен бір көрші.
Қайың боп мен де бағайын,
Орманнан орным табайын.
Беймәлім маған өмірге,
Қайың көзімен қарайын.
Сен-дағы жерден нәр алдың,
Мен-дағы жерден нәр алдым.
Біреуден сен де жаралдың,
Біреуден мен де жаралдым.
Тілің жоқ, жанды қайың сен,
Айырмашылығым - адаммын.
Мендегі бары бір жүрек,
Беріпті жүрек саған мың,
Сондықтан ұзақ жасайсың –
Құрдасы келер заманның.
Жапырақ – жүрек, жас қайың!
Жанымызды айырбастайық?
Қайың боп тұрам қасқайып,
Тәуекел, айырбастайық!
7
Ал керісінше, шапшаң, дауысы көтеріңкі,
Отан, сүйіспеншілік, патриоттық
тақырыптарға жазылған өлеңдерді жақсы
оқитын оқушымыз Алекберова Анна
(республикалық олимпиаданың жүлдегері)
белгілі жазушы Әзілхан Нұршайыховтың
«Махаббат қызық мол жылдар» романынан,
романның басты кейіпкері Меңтайдың
монологін жатқа айтудан алдына жан
салмады.
Ол оқушымыз, біріншіден, бұл романды екі тілде, яғни қазақ және орыс тілдерінде оқып
шыққан, екіншіден, ол Меңтайды өте жақсы түсінеді, кейіпкердің көңіл- күйі, ішкі жан -
дүниесі оған таныс. Бұл оқушымыз үзіндіні жатқа айтып қана қоймай, осы үзіндіні таңдаған
себебін, романның басқа да кейіпкерлері туралы қосымша қойылған сұрақтарға еркін жауап
бере алды. Ол да қатарынан екі- үш жыл қалалық, облыстық және республикалық
олимпиада жүлдегері болды.
Құрметті әріптестер, сіздерге шығармашылық табыс тілей отырып, сөзімді атамыз
Абайдың мына бір дана сөздерімен аяқтауға рұқсат етіңіздер.
Білім оңай қолға түспейді, оған тиянақты еңбек пен зейін қоюдың нәтижесінде ғана қол
жеткізуге болады.
Оқушыларды «Тіл - халық жанын танудың кілті» атты байқауға
дайындаудың үлгісі.
Біздің мектептің оқушылары тек пән олимпиадасына ғана емес, сонымен қатар қала,
облыс, республика көлемінде мемлекеттік тілді насихаттау мақсатымен өткізіліп жатқан
байқауларға да қатысып, жүлделі орындар алады. Сіздердің назарларыңызға «Тіл – халық
жанын танудың кілті» атты байқауға дайындық үлгісін ұсынамын.
Қатысқан оқушы Смирнова Екатерина
– Республикалық байқаудың бас
жүлдегері. Петропавл қаласы Н. К.
Крупская атындағы №10 орта
мектептің 10-сынып оқушысы.
Орыс жастары арасындағы қазақ
тілі білгірлерінің «Тіл - халық
жанын танудың кілті» атты қалалық
байқауының ЕРЕЖЕСІ.
8
«Қазақстан Республикасы Мәдение және ақпарат министрлігі мен Қазақстанның орыс
қауымдастығы арасындағы өзара түсіністік пен әріптестік туралы меморандумға сәйкес,
Петропавл қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қазақ тілін меңгерген жастарға
қолдау көрсету, тіл мәдениетінің деңгейін көтеру мақсатында, басқа ұлт жастары арасында
қазақ тілі білгірлерінің «Тіл- халық жанын танудың кілті» атты қалалық байқауын
өткізеді.
Байқауға 14-22 жас аралығындағы жастар қатыса алады.
Байқауды өткізу шарттары:
Байқау үш кезеңнен тұрады.
1. Қатысушылар сауалнама толтырып, лексика- грамматикалық тест тапсырады.
2. Жазбаша және ауызша тапсырмалардан тұрады (билеттік жүйе)
А) ауызша тапсырма: үміткерлер жұп -жұбымен берілген тақырып бойынша диалог
құрады.
Б) жеке жазбаша тапсырма: үміткерлер берілген тақырып бойынша шығармашылық
жұмыс жазады.
3. Қазақ әдебиеті классиктерінің өмірбаяндарын қысқаша баяндау және прозалық немесе
поэзиялық шығармаларынан үзінді оқу (билеттік жүйе).
Бас жүлде иегері облыстық байқауға жолдама алады.
Қалалық байқаудың жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және дипломдармен
марапатталады.
9
Байқаудың өту тәртібі:
І кезең
а) сауалнама - 20 минут
ә) тест тапсырмалары
ІІ кезең
А) шығармашылық жұмыс - 20 минут
ә) диалог құру - 10 минут
ІІІ кезең
Қазақ әдебиеті классиктерінің өмірбаяндарын қысқаша баяндау - 5минут
І кезең
Тапсырма үлгілері:
а) Сауалнама
1. Неше жастан бастап қазақ тілін үйрендіңіз?
2. Қай тілді жақсы білесіз, яғни сөйлейсіз, жазасыз, оқисыз?
3. Қазақ ақын- жазушыларынан кімнің шағармаларын оқыдыңыз?
4. Қазақ әншілерінен кімді ұнатасыз?
5. Мемлекеттік тілді білу Сізге қажет пе?
6. Оқу орындарында қазақ тілі сабақтарының сапасы Сізді қанағаттандыра ма?
ә) Тест тапсырмалары
1. Мемлекеттік туда не бейнеленген?
а) күн бейнесі, қыран құс
ә) шаңырақ, жұлдыз
б) қос пырақ, ұлттық өрнек
2. Ілік септігінде тұрған сөзді табыңыз
а) күн бейнесі
ә) шаңырақтың
б) ұлттық өрнекпен
3. Қазақстанда неше облыс бар?
а) 14 облыс
ә) 15 облыс
б) 16 облыс
4. Мемлекеттік тілді меңгеру- әрбір азаматтың…
а) жұмысы
ә) лауазымы
б) парызы
5. Мемлекеттік рәміздер қай жылы қабылданды?
а) 1996 жылы
ә) 1992 жылы
б) 1991 жылы
6. Қ.Р. тәуелсіздігіне неше жыл?
а) 10 жыл
ә) 20 жыл
б) 15 жыл
ІІ кезең
а) Шығармашылық жұмыстың тақырыптары:
1. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.
2. Тіл - достықтың негізі.
10
3. Үлгі тұтатын тұлға
4. Астананың гүлденуі- Қазақстанның гүлденуі.
ә) Диалогтің тақырыптары:
1. Тілдердің үш тұғырлығы
2. Абай және Пушкин
3. Абылай хан резиденциясы
4. Жергілікті ақын - жазушылар
5. Біздің қаланың тарихы
6. Менің болашақ мамандығым
7. Мемлекеттік тіл - менің тілім
8. Үш тіл білу - заман талабы т.б.
ІІІ кезең
Қазақ әдебиеті классиктерінің тізімі:
Абай Құнанбаев
Мағжан Жұмабаев
Сәбит Мұқанов
Мұхтар Әуезов
Мұқағали Мақатаев
Жамбыл Жабаев
Ахмет Байтұрсынов
Бейімбет Майлин
Сәкен Сейфуллин
Ілияс Жансүгіров
Жүсіпбек Аймауытов
«Тіл - халық жанын танудың кілті» атты қалалық, облыстық байқауларға
дайындық жоспары
I. Қазақ әдебиеті классиктерінің өмірбаяны және шығармаларымен танысу.
1. Абай Құнанбаев. Он тоғызыншы қара сөзін жаттау
2. Мағжан Жұмабаев. «Жан сөзі» өлеңін мәнерлеп оқуға жаттықтыру
3. Сәбит Мұқанов «Қызылжар» өлеңі
4. Мұхтар Әуезов «Абай жолы» романынан үзінді жаттау
5. Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым» өлеңі
6. Жамбыл Жабаев «Абайдың суреті» өлеңі
7. Ахмет Байтұрсынов «Жиған - терген» өлеңі
8. Бейімбет Майлин «Ыбырай» өлеңі
9. Сәкен Сейфуллин «Көкшетау», «Жас қазақ марсельезасы»
10. Қадір Мырза Әли «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру»
11. Жүсіпбек Аймауытов «Қартқожа» романынан үзінді және т.б.
ІІ. Төмендегі тақырыптарға диалогтар құрастыру:
1. Тілдердің үш тұғырлығы
2. Абай және Пушкин
3. Жергілікті ақын – жазушылар
4. Біздің қаланың тарихы
5. Солтүстік Қазақстан облысы
6. Мемлекеттік тіл - менің тілім
7. Үш тілді білу - өмір талабы және т.б.
ІІІ. Шығармашылық жұмыстар
1. Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде
2. Тіл - достықтың негізі
3. Үлгі тұтатын тұлға
4. Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі және т.б.
11
Байқауға арналған мәтін үлгілері.
Абай Құнанбайұлы
(1845 – 1904)
Абай – қазақ халқының ұлы ақыны, сазгер және жазба әдебиетінің негізін қалаушы
Абай 1845 жылы қазіргі Семей облысының Абай ауданында туған. Абайдың әкесі өте
қатал адам болса, шешесі Ұлжан қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған. Әжесі
Зере мен анасы Ұлжан Абайға ертегілер, аңыз әңгімелерді айтып, жақсы тәрбиелеген.
Әкесі Құнанбай Абайды 9 жасында Семейдегі діни мектепке оқуға береді. Семейде
жүргенде, ол орыс тілін үйренуге тырысады. Үш ай орыс мектебінде оқиды. 13 жасында
Абайды әкесі бұл оқудан шығарып алады.
Абай Пушкинді, Лермонтовты, Крыловты көп оқып, олардың шығармаларын қазақ тіліне
аударады. Абай өзі аударған Пушкиннің «Татьянаның әні», Лермонтовтың «Қараңғы түнде
тау қалғып» өлеңдеріне ән де шығарады.
Абайдың «Болыс болдым мінекей», «Сегіз аяқ», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдері
болыс, билерді қатты сынға алды. Ол қазақ халқын мәлениетті болуға, орыс халқынан үлгі
алуға шақырды. Ол өз сөзінде: «Орыстың тілі- дүниенің кілті. Орыс тілін білсең, көзің
шайдай ашылады»,- дейді.
Абай 1904 жылы қайтыс болды. Ол өз шығармаларының кітап болып басылғанын көре
алмай кетті. Абай қайтыс болғаннан кейін бес жылдан соң 1909 жылы Петербургте
«Қазақтың ақыны Ибрахим Құнанбайұлының өлеңдері» деген атпен кітап болып шықты.
Абай шығармалары кеңес дәуірінде әденеше рет жарық көрді. Орыс тіліне, орыс тілінен
шетел тілдеріне аударылды. Бұл күндері Абайды, оның шығармаларын дүние жүзі біледі.
Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов «Абай жолы» эпопеясын ақын өміріне арнады.
Бұл шығармада ұлы жазушы Абайдың балалық шағынан үлкен азамат-ақын дәрежесіне
жетуін көрсеткен.
Он тоғызыншы қара сөзі
Адам ата - анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі
жақсы- жаманды таниды- дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады.
Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске
жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерін ескерсе, жаман дегеннен сақтанса,
сонда іске жарайды, соны адам десе болады.
«Әсемпаз болма әр неге»
Әсемпаз болма әр неге,
Өнерпаз болсаң, арқалан,
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан!
Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да, қуғанға.
Әділет шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
12
Өзіңде бармен көзге ұрып,
Артылам деме өзгеден.
Күндестігін қоздырып,
Азапқа қалма езбеден.
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға.
«Желсіз түнде жарық ай»
Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың жаны – терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы,
Сыбырласып өзді - өзі.
Көрінбей жердің топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.
Тау жаңғырып, ән қосып,
Үрген ит пен айтаққа.
Келмеп пе едің жол тосып,
Жолығуға аулаққа?...
Жамбыл Жабаев
(1846 – 1945)
Ұлы жырау бұрынғы Әулие Ата жеріндегі Жамбыл тауының етегінде туған. Әкесі Жаппа
жарлы шаруа болыпты.
Жамбыл надан молданың қылығын әшкерелеп, мысқылдаған «Шағым» атты белгілі
өлеңін шығарады да, молданың алдын екінші көрместей болып, біржола қош айтысады.
Жамбыл Сүйінбайдың батасын алған. Сүйінбайға арнап шығарған «Менің пірім – Сүйінбай»
деген әйгілі өлеңі бар.
Алматыда өткен 1934 жылғы ақындар айтысында қарт жырау қайта серпіліп, көзге
түседі. Өлеңдері орысшаға аударылып, «Правда» және т.б. орталық газеттерде жариялана
бастайды.
1938 жылы шығармашылығына 75 жыл толған мерейтойы Одақ көлемінде атап өтілді.
Әйгілі «Туған елім», «Одақ» атты т.б. баршаға белгілі толғаулары – сол кезең туындылары.
Ж.Жабаев Ұлы Отан соғысы кезеңінде «Ленинградтық өрендерім» атты өлеңімен барша
Ленинград халқының рухын көтерді.
«Абайдың суретіне»
Мынау тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең – сөздің ұқсаған құдіретіне.
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,
Өр Абайдың төтеген кім бетіне?
Ақын атын таратқан әрбір тұсқа,
Өлеңменен өлмейтін салған нұсқа.
Арғын, Найман сөзіне таңырқаған –
Қандай арман бар дейсің бұл туыста!
Терең ойдың түбінде теңізі бар,
Тесіле кеп қарасаң, көңіл ұғар.
Сол тереңге сүйсініп жан үңілмей,
Есіл сабаз ызамен өткен шығар!
Ілияс Жансүгіров
(1894 – 1938)
Ол бұрынғы Қапал уезіндегі ағынды Ақсу бойында туған. Анасынан ерте жетім қалған
Ілияс әке бауырында тәрбиеленген. Әкесі Жансүгір арабша жақсы сауатты, үйінде көнелі –
13
жаңалы кітаптарды жинап, оқып отыратын, өлең – дастандарды, арғы- бергінің неше алуан
қызық әңгімелерін көп білетін көшелі кісі болыпты.
Ілияс әкесінің үйретуімен хат таниды, сонан соң ауыл молдасының алдын көріп, медресе
үлгісіндегі мектепте де оқиды.
Ілияс 26 жасында Алматыға келіп, қысқа мерзімді мұғалімдер курсын бітіреді. Содан
кейін Ташкентке барып, онда Қазақ ағарту институты жанындағы курста жарты жылдай
оқиды. «Тілші» газетінде жұмыс істейді. 1926 -1928 жылдары Мәскеудегі журналистика
институтында оқып, қоғамдық ғылымдар саласынан терең білім алады. Орыс және Еуропа
әдебиетінің классикалық туындыларын құмарта әрі талдап оқиды. 1928 жылы «Сағанақ»
атты тұңғыш жинағы жарық көреді. Ол «Еңбекші қазақ», Қазақстан көркем әдебиет
баспасында жауапты қызметтер атқарады. Жазушылар одағының төрағасы болып істейді.
Оның шығармалары: «Жолдастар» романы, «Кек», «Турксиб», «Исатай – Махамбет»
пьесалары, «Жетісу суреттері», «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер» және т.б.
«Туған жер»
Мен өзім тауда туып, тасында өстім,
Жасымнан мұз төсеніп, қарды кештім.
Асқарда Аршалыға қозы жайып,
Бұлттың аспандағы қасында өстім.
Қазақтың әсем жері – Арқасында,
Арқаға жетер Арал, Балқашың ба?
Сырымбет, Зеренді, Иман, Айыртаулар
Арқаның тізілгендей алқасында.
Ахмет Байтұрсынов
(1873-1937)
Ахмет Байтұрсынов- ірі ғалым, қазақ тіл білімінің атасы, түрколог, әдебиет зерттеуші,
дарынды ақын, аудармашы, қоғам қайраткері, ағартушы - демоқрат, педагог.
Ол 1873 жылы бұрынғы Торғай облысы Торғай уезінде туған.
Ахмет Байтұрсынов еңбек жолын бала оқытудан бастаған. Сол кезден патша саясатына
қарсы шығады. Зиялылармен қосылып петиция жазады. Сол үшін оны түрмеге жабады. 12
жыл айдауда жүреді, бірақ ол алған бетінен қайтпады. Бас көтеруге, бостандық үшін
күресуге шақырады. Үгіт жүргізеді.
Ахмет Байтұрсынов араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы болды.
Ол қазақтың тұңғыш Әліппесін, оқулықтарын жазды. Оның жазған оқулықтары 1914- 1928
жылдары пайдаланылды. Ғалым латын алфавитіне көшуге қарсы шықты.
Ол қазақ әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші тұңғыш филолог-ғалым. ХХ ғ. басындағы
демократтық бағыттағы қазақ зиялыларының ең ірі, ең беделді өкілі. А.Байтұрсынов
сталиндік режимнің құрбаны болды.
Оның өлеңдері халқына, балаларға арналған. Ол Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне
аударды. Мысалы: «Аққу, шортан, һәм шаян», «Өгіз бен бақа». «Қырық мысал» деген
кітабын шығарды. Оның белгілі өлеңдері: «Жиған-терген», «Қазақ қалпы», «Сөз иесін» және
т.б.
«Жиған - терген»
Оюын ойып, орындап қойып,
Түр салғандай өрнекке.
Қиыннан қиып, қиырдан жиып,
Құрап сөзді термекке.
Еңбекке егіз, тіл мен жақ,
Ерінбесең, сөйлеп бақ!
14
Әр жолды ойлап, ойыма бойлап,
Ұқтым тайыз, тереңді.
Сайраған тілмен, зарлаған үнмен
Құлағы жоқ кереңді –
Ұқтыра алмай сөз әуре,
Тек тұра алмай біз әуре.
Сәкен Сейфуллин
(1894 – 1938)
Сәкен Сейфулллин 1894 жылы бұрынғы Жезқазған облысының Жаңаарқа ауданында
дүниеге келді.
Әкесі Сейфулла серілігі бар домбырашы, саятшы, сөзге шешен кісі болған екен, ал
шешесі Жамал әңгіме, ертегілерді көп білетін әрі нақшына келтіре айтатын салиқалы ана
болыпты.
Сәкен әке мінезін, өнерін бойға жұқтырып, ана әңгімелерін жалықпай тыңдап, зердесіне
түйіп өседі. Ұғымтал Сәкен ауыл молдасынан хат таниды. Әкесі тоғыз жасар Сәкенді тіл
үйренсін деп, Нілдідегі таныс орысының үйіне тұрғызады. Сол жерде екі жыл зауыт
мектебінде оқиды. Болашақ күрескер ақын кенішті қаладағы зауыт, шахта
жұмысшыларының аянышты өмірімен танысып, ереуілдерін көріп, соларға бүйрегі бұрады.
Содан кейін бес жылдай Ақмолада оқып, 1913 жылы Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын
семинарияға түседі. Оны 1916 жылы бітіріп шығады. Ол осы жылдары орыс және Еуропа
әдебиетімен танысады. Абайды сан қайтара оқып, ауыз әдебиеті мен фольклордан мол
хабардар болады. Сөйтіп өзі де өлең жаза бастайды. Алғашқы өлеңдер жинағы Қазан
қаласында басылып шығады. Мағжанды айтпағанда, Сәкен сияқты 20 жасында өлең кітабы
шыққан қазақта ол кезге дейін ешкім болған жоқ.
Оқу бітірген соң, көп жыл мұғалім болады. Он алтыншы жылғы ұлт-азаттық көтерілісі
бұрқ ете түскенде, ақын халық жағына шығады.
Ол дереу Ақмолаға келіп, жаңа заман жолындағы күреске араласады. Сол кезде жазған
«Асығып тез аттандық», «Далада», «Кел, жігіттер», «Қашқынның аулы», «Жас қазақ
марсельезасы» т.б. әсерлі өлеңдері мен «Бақыт жолында» драмасы – сол кезең жемісі.
28 жасында Қазақстан үкіметінің басшысы, Бүкілодақтық Атқару Комитетінің мүшесі
болды. Жаңа дәуірді жаңаша жырлаған ақын Кеңес үкіметінің түрмесінде қинау мен қорлық
көріп, 44 жасында қаза болды. Ақын 1956 жылы толығымен ақталды.
«Көкшетау»
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан- жақтан ертелі- кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен- сауын.
Сексен көл Көкшетаудың саясында,
Әрқайсы алтын кесе аясында,
Ауасы - дертке дауа, жұпар иісі,
Көкірек қанша жұтса, тоясың ба?
«Жас қазақ марсельезасы»
Азамат, жүнжіме, жүрме бос,
Қол ұстас, бірігіп, тізе қос.
Ту ұстап дұшпанға барайық,
Теңдіктің ұранын салайық.
Тізесін батырған залымнан,
Күн туды - біз теңдік алайық!
15
Бейімбет Майлин
(1894 – 1938)
Бейімбет Майлин бұрынғы Торғай облысы Қостанай уезінде туған. Ауыл молдасынан
хат таныды, ауылдағы татар мұғалімінен сабақ алды. Содан кейін 16-18 жасында сол жердегі
Әбдірахман деген кісінің медресесінде оқыған. 1913 – 1914 жылдары Троицкідегі «Уазифа»
медресе Ғалияға оқуға түседі. Медреседе шығып тұрған «Садақ» атты қолжазба журналдың
үшінші санында Бейімбеттің тұңғыш туындысы – «Шұғаның белгісі» повесі жарияланды.
Сол жылдары орыс тілін үйреніп, орыстың классикалық әдебиетімен танысады.
1922 жылдан бастап мерзімді баспасөзде жұмыс істеп, сол кездегі астана – Орынборда
шығатын газеттерде әңгіме, өлең, очерктері шығып тұрды. 1923 жылы Қостанай қаласында
«Ауыл» газетін шығарысты. «Раушан - коммунист» атты атақты повесі алғаш рет сол газетте
жарық көрді.
1934-1937 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болды.
Оның шығармалары: «Шұғаның белгісі», «Раушан коммунист», «Азамат Азаматыч»
романы, «Талтаңбайдың тәртібі», «Майдан», «Неке қияр» т.б. драмалары. Оның
шығармалары ауыл өміріне, кедей теңдігіне, әйел теңдігіне арналған. Бейімбеттің
шығармаларында кедей кейіпкері- Мырқымбай. Ал байлардың кешегісі мен бүгінгісін келеке
ететін өлеңі - «Ыбырай»
Кеше:
- Уа, кімсіз?
- Ыбыраймыз.
- Жаймысыз?
- Жаймыз.
- Уа, қайдан келесіз?
- Сайлаудан келеміз. Елге ойран сап, ойнаудан келеміз. Күш сынасса, жүн болады. Біз
бай, біз құдай, кім келеді сайма- сай?
Бүгін:
- Уа, кімсің?
- Ыбыраймын.
- Қайдан келесің?
- Соттан келемін, соттан емес- ау, оттан келемін.
- Не сұрайды?
- Ақы сұрайды.
- Қанша?
- Он мың сом.
- Он мың сом? Нең қалады?
- Нем қалушы еді? Қатын қалады, мен қаламын.
- Енді не етпексің?
- Бітем.
- Бітсең, біт. Мен де соны күтем!
Жүсіпбек Аймауытов
(1889 - 1931)
Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы Семей губерниясы, Павлодар уезіндегі Қызылтау
болысында дүниеге келген. Ол жақсы, өнегелі отбасында туған. Оның әкесі Аймауыт
домбырада жақсы ойнаған және балаларын осы өнерге үйретіпті. Анасы Бәтиманың өлең
шығаратын ақындығы болған.
1907 жылы Баянауылға барып, орыс мектебіне оқуға түсіп, бір жылда екі бөлімін бітірді.
1908 жылы Керекудегі ауылшаруашылық мектебіне түсті. Осыдан кейін біраз ауылда бала
16
оқытып, екі жылдай Керекудегі орыс - қазақ мектебінде оқиды. 25 жасында Семейдегі
мұғалімдер семинариясына түсіп, оны 1919 жылы бітірді.
Ол «Алаш» партиясында болды, «Абай» журналын шығарысты, «Қазақ тілі» газетінің
редакторы болды. Бірнеше жыл Ташкентте «Ақ жол» газетінде жұмыс істеді.
1926-1929 жылдары Шымкент педагогика техникумының директоры болды. 1929 жылы
«Ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар» деген жаламен қамауға алынып, 1931 жылы қайтыс
болды. Жүсіпбек Аймауытов – шабытты ақын, ондаған тартымды әңгімелер мен «Күнікейдің
жазығы» атты повесі, «Ақбілек», «Қартқожа» сияқты романдары, «Мағжанның ақындығы
туралы», «Психология» т.б. шығармалары бар.
«Туған жер»
( «Қартқожа» романынан үзінді )
Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған елдегі адам қайдан білсін?
Туған жердің қадірін алыс жерге ұзатқан, ұзатқанына әлде талай жыл өткен қыз білмесе,
кім білсін?
Туған жердің қымбатын ғылым іздеп, шет жайлап, кітап қарап сарылып, көзінің майын
тауысқан, көшенің шаңын көп жұтқан шәкірт білмесе, кім білсін?
Туған жердің артығын, жазатайым іс істеп, күштілерге күш етіп, еріксіз елден айрылған,
шеттен дәмі бұйырған, жаттан сыйлау көрмеген ер білмесе, кім білсін?
Туған жердің асылын қараңғы үйде қамалып, қара нан мен қара шай жүрегін кесіп
жатқанда, қазы, қарта, сары қымыз бір - бір ұшып көзінен, есіл елін сағынған, бір көруге зар
болған тұтқын білмесе, кім білсін?
Туған жердің қадірін әлеуметтік ісіне басын байлап жегілген, қағаз кемірген, күйіп -
пісіп, көбелек боп, еңбегінің жемісін көрсем- ау деп телмірген, тар көше мен тар үйде бойы
бір сергіп көрмеген азамат білмей, кім білсін?
Ыстық қой, шіркін, туған жер! Туған жерге жеткенше қайтіп дәтің шыдайды? Кім
сағынбас өз қағын? Кім сүймесін өз жерін? Сүймесе сүймес, зердесіз, шерсіз жүрек, тілеуі
бөлек жетесіз...
Сәбит Мұқанов
(1900 – 1973)
1900 жылы 22 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында кедей
шаруаның отбасында дүниеге келген.
Ата- анасынан ерте жетім қалады. Ауыл молдасынан хат таниды.
14-15 жасынан өлең жаза бастайды. 1918- 1919 жылдары Омбыда мұғалімдер курсында
оқыды. Содан кейін бірнеше жыл мұғалім болды. 1922- 1926 жылдары Орынборда рабфакта
оқыды.
Ол бірнеше жыл Алматыда Абай атындағы педагогикалық институтта профессор,
Қазақстан жазушылар одағының председателі болды.
С.Мұқанов ұзақ жылдар бойы ойшыл, демократ, ғалым, саяхатшы
Ш. Уәлихановтың өмірі мен творчествосын зерттеді. Омбы, Ленинградттың
архивтерінде, кітапханаларында болды. Ол «Аққан жұлдыз», «Ботакөз», «Мөлдір махаббат»
романдарын, «Шоқан Уәлиханов» пьесасын, «Сұлушаш» поэмасын, «Өмір мектебі»
трилогиясын жазды. Ол – 200-ден астам әдеби мақалалардың авторы. Ол қазақ ауыз
әдебиетін, батырлық және ғашықтық жырларын, айтыстарын зерттеген, фольклор және көне
жазба мұраларын жинады.
Өмірінің соңғы жылдарында «Халық мұрасы» атты еңбегі жарық көрді. Бұл еңбегі
қазақ халқының мәдениеті, тілі, өнері, тұрмысы туралы.
17
«Қызылжар»
Кей – кейде жаңбырыңнан көз аштырмай,
Аяқты кей көшеңде саз бастырмай,
Тұратын Қызылжарым, мен келсем-ақ,
Қоймайсың ешуақытта сен бас ұрмай.
Бұның не? Сағыну ма, сыйлауың ба?
Әзірмін не десең де илануға!
Емес пе, сондықтан да жыл сайын кеп,
Не әке, не шешедей қимауым да?
Көрдім мен, көп қаланы алыс, жақын,
Керемет сұлуын да, таң қалатын...
Токио, Лондон, Каир... өзгертпейді,
Жүректің саған деген махаббатын.
Тұрғының, үйің, көшең – бәрі қымбат,
Жеткенше тіл бояуы сені сырлап,
Қызылжар, қымбат қалам, - біткенше өмір,
Ең ыстық махаббатпен, жүрем жырлап.
Мұқағали Мақатаев
(1931 – 1976)
Ғасыр ақыны аталған Мұқағали Мақатаев - ғажайып, ақиық ақын, сатирик, аудармашы,
жазушы, тілші, драматург.
М. Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Энгельс
атындағы колхоздың Қарасаз деген жерінде дүниеге келген. Әкесі Сүлеймен соғысқа өз
тілегімен аттанып, Калининград майданында ерлікпен қаза тапқан. Анасы Нағима үш ұл
өсірген, ардақты ана болған.
Балалық шағынан-ақ ақын ерте есейді. Орта мектепті бітірген Мұқағали еңбекке ерте
араласты, ауыл советінің хатшысы, комсомол қызметкері, жеті жылдық мектептің мұғалімі
болды.
Мұқағали Мақатаев поэзияға қалай келді? Алпысыншы жылдардың басында Нарынқол
аудандық «Советтік шекара» газетінде қызметін бастаған ол кейін «Жұлдыз» журналында
жалғастырды. 1962 жылы ақынның поэзияға келу жолы басталды.
Ақын Отан, туған жер, өмір, махаббат, табиғат, жастық шақ, ана, тіл, достық
тақырыптарына ерекше жырлар жазған. Мұқағалидің «Өмір- дастан», Атамекен», Алтай -
Атырау», «Ару- Ана, «Райымбек! Райымбек!, «Моцарт», «Аққулар ұйықтағанда» деген
поэмалары бар.
Ақын өлеңдеріне 100- ден астам ән жазылған.
«Саржайлау», «Сәби болғым келеді», «Фариза қыз», «Отыздан асып барамын», «Есіңе
мені алғайсың» т.б.
Ақиық ақын 1976 жылы 27 наурызда 45 жасында қайтыс болды.
«Үш бақытым»
Ең бірінші бақытым - Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, кем
болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым - Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей - кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші - Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай- ақ кел дағы от ал менен.
Үш бірдей бақытым бар алақанда,
Мені мұндай бақытты жаратар ма!
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!
Орыс жастары арасында қазақ тілі білгірлерінің «Тіл - халық жанын танудың
кілті» атты Республикалық байқауының ЕРЕЖЕСІ
Байқаудың екінші Республикалық кезеңінің шарттары:
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі.
18
І. «Менің туған өлкем» атты ауызша таныстырылым (электронды, көрнекті және басқа
нұсқаларды пайдалануға болады, 3-5 мин.)
ІІ. «Қазақстан: өткені мен бүгіні» тарихи- мәдениеттанушылық тест. Тапсырманы
орындауға 50 минут беріледі.
ІІІ. «Халықтың даналығы - оның сөзінде» атты шығарма- эссе жанрындағы
шығармашылық жазбаша тапсырма. Тапсырманы орындау уақыты - 30 минут.
ІV. Шығармашылық тапсырма: халық аспаптарында ойнау, ұлттық ән, би т.б. арқылы
қазақтың ұлттық мәдениетін көрсету, (үй тапсырмасы ). Берілетін уақыт – 5-7 минут.
19
Республикалық байқаудың бас жүлдегері – Смирнова Екатеринаның кейбір
тапсырмаларының үлгілері
І. «Менің туған өлкем»
Мен - Смирнова Екатерина Алексеевна. Маған он алты жас. Мен оныншы сыныпта
оқимын.
Мен бейнелеу өнері мектебіне барамын. Мен сіздердің назарларыңызға өзім салған
«Туған өлкем» суретін ұсынамын.
(Осы жерден бастап С.Қ.О. туралы презентация орын-орнымен көрсетіліп отырады).
Мен Солтүстік Қазақстан облысынан келдім. Солтүстік Қазақстан облысы –
Қазақстанның солтүстік қақпасы. Құрылған жылы – 1936 ж. 29 шілде. Жер көлемі – 98040
шаршы шақырым. Облыс халқының саны – 700000-дай, яғни жүзден астам ұлт өкілдері
тұрады. Облыс Ресейдің Тамбов, Калуга, Омбы, Тула облыстарымен бір ендікте орналасқан.
Жерім - ақ қайыңдар өлкесі.
Солтүстік Қазақстан - ақ қайыңдар аралы!
Біздің облыс көп қырымен бағалы.
Шоқ- шоқ қайың, желбіреген терек - тал,
Даласынан Есіл өзен ағады.
Орталығы - аты әдемі Қызылжар,
20
Көктемі көк, күзі қоңыр, жарқын жаз,
Борандатқан бет қаратпас қысы бар.
Солтүстік Қазақстан - астығы мол өлке.
Облысымыздың бір байлығы - нан болды,
Нан болғанда өлең - жыр да, ән болды.
Тың игерді тасқындатып астығын,
Қоймамызда миллиардтаған дән болды.
Солтүстік Қазақстан облысының орталығы - Петропавл қаласы. Мен осы қалада
тұрамын. Петропавлдың тарихы өте қызықты. Оның іргесі – 1752 жылы қаланған. Петропавл
деп аталады, өйткені, Петр және Павел деген ағайынды адамдар болған. Олар бекініс салған,
сондықтан сол бекіністі Петропавл деп атаған. Бұл туралы С.Мұқановтың «Өмір мектебі»
трилогиясында аңыз бар. Петропавлдың бас көшесі – Қазақстан Конституция көшесі. Осы
көшеде Абай мен Пушкинге ескерткіш орналасқан. Ол – қазақ және орыс халықтары
достығының айғағы. Осы көше бойында Қарасай мен Ағынтай батырларға ескерткіш бар.
Олар – достықтың, батырлықтың символы болған адамдар.
2008 жылы біздің қаламызда Абылай хан резиденциясы ашылды. Оны біздің Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев ашты.
Дана бабамыз Әл-Фараби былай деген: «Білімді болу деген -жаңалықты ашуға қабілетті
болу». Қаламызда көп оқу орындары бар. Олардың бірі- білім ордасы, еліміздегі ең жақсы 5
университеттің бірі, біздің мақтанышымыз – Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік
Қазақстан мемлекеттік университеті.
Солтүстік Қазақстан облысының жері - қасиетті жер, ұлы, дарынды, атақты адамдармен
өте бай. Олар: И.Шухов, С.Мұқанов, М.Жұмабаев, Ғ.Мүсірепов және т.б.
Иван Шухов, Ғабит, Сәбит ұлы бар,
Қаламынан том - том кітап туындар.
Әдебиет майданында алғы сапта болды да,
Қатарынан кем болған жоқ Қызылжар.
«Жақсының аты өлмейді» дегендей, бұл адамдарға облысымызда аудандар, кітапханалар,
ескерткіштер, мектептер, көшелер бар. Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы
туралы көп өлеңдер, аңыздар бар. Мен өз сөзімді жерлесіміз С.Мұқановтың «Қызылжар»
өлеңімен аяқтағым келеді:
Көрдім мен көп қаланы алыс, жақын,
Керемет сұлуын да таң қалатын,...
Токио, Лондон, Каир...өзгертпейді,
Жүректің саған деген махаббатын.
Тұрғының. үйің, көшең - бәрі қымбат,
Жеткенше тіл баяуы сені сырлап,
Қызылжар, қымбат қалам, біткенше өмір,
Ең ыстық махаббатпен жүрем жырлап.
Назарларыңызға рахмет!
ІІ. Тест тапсырмасы. ( Қатысушыларға балы айтылып, тест тапсырмалары көрсетілген
жоқ).
ІІІ. «Халықтың даналығы - оның сөзінде»
Халық даналығы- тіл өнері. Ал тіл өнерінің құралы - сөз. Дана сөздер - мақал- мәтелдер.
Әрбір мақал - мәтелден халықтың ақыл-ойы, даналығы мен тапқырлығын көреміз. Мақал-
мәтелдердің тақырыптары әртүрлі болады. Олар өмір, Отан, білім, ел, еңбек, тәрбие, тіл
туралы.
Мысалы мына мақалды алайық: «Байлықтың атасы - еңбек, байлықтың анасы - жер».
Қандай тауып айтылған сөз!
Байлықтың анасы – жер. Бұл шындық, себебі туған жер - адамның ең қасиетті, қымбат
нәрсесі.
21
Ал отансүйгіштік - адамның ең жақсы қасиеті. Отан туралы көп мақал- мәтелдер бар.
Олардың бірі «Отансыз адам, ормансыз бұлбұл». Бұл - ертеден келе жатқан мақал. Әрине,
құсқа орман керек, балыққа өзен, көл, су керек, шөпке, гүлге құнарлы жер керек, ал адамға
Отан керек. Меніңше, сол Отан, туған жер үшін еңбек ету керек, сондықтан байлықтың
атасы - еңбек дейді.
Еңбек туралы да мақал- мәтел өте көп. Олардың бірі - «Еңбек сүйсең жасыңнан,
Бақыттысың, жас ұлан!» Бұл - шындық, Біз жастар үшін еңбек - оқу, білім, өйткені қазір күш
білімде. Еліміздің ертеңі- біз жастар. Ал қазір ХХІ ғасыр - білім мен техника ғасыры. Биік
белестер мен мақсаттарға жету үшін, ұлттың, елдің бірлігі керек. Осы жерде Төле билің дана
сөздері есіме түседі. Бұл сөздерді Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жиі айтады. «Бірлігі мықты ел
болса, барлығы бауыр болады»
Еліміздің басты мақсаты - бірлік, себебі біздің ел - көп ұлтты ел. 26 қазанда Қазақстан
халқы Ассамблеясының ХV сессиясында Елбасымыз өз сөзінде былай деді: «Ұлттың бірлігі -
біздің стратегиялық таңдауымыз. Ассамблея - еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі бесігі,
тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы» Өте көрегендікпен және даналықпен
айтылған сөздер. Еліміздің экономикалық дамуы, халқымыздың әлеуметтік жағдайы
бірлікке, татулыққа байланысты.
Меніңше, дана сөздердің асылы - нақыл сөздер. Нақыл сөздердің айтары - өсиет, ұлағат,
тәлім, парасат. Шешен адамдардың бірі - ұлы ақын, сазгер, жазба әдебиетінің негізін
қалаушы, қазақ халқының мақтанышы - Абай Құнанбайұлы. Ол қазақ әдебиетін жаңа сатыға
көтерді. Абай былай дейді: «Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ана, жақсы ата,
жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады». Абай бізге не айтқысы келді? Мен былай ойлаймын,
ата- анадан тәрбие болады, дос, жолдастардан үлгі, ұстаздан ақыл, білім аламыз. Біз бала
кезден тәрбие, білім, өсиет арқылы жақсы -жаманды түсінеміз, білеміз.
Мен өз пікірімді Ғ.Мұстафиннің дана сөздерімен аяқтағым келеді. «Халық даналығы -
мұра, ал мұралардың ең қымбаты - сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн
жылытпас суық көңілді жылытады. Асылы, адам да, нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз
мәңгі жасайды, ал сөз - халықтың қымбаттан қымбат кені».
ІV кезең. Шығармашылық тапсырма.
Байқаудың бұл кезеңіне жерлесіміз Мағжан Жұмабаевтың «Жан сөзі» өлеңін дайындап,
өлең мазмұнына сай кілемше тоқылды.
Мағжан Жұмабаев
(1893 – 1938 )
М.Жұмабаев 1893 жылы мамыр айында қазіргі М.Жұмабаев ауданында туған. Ол ауыл
молдасынан хат таныған. Содан кейін Уфа қаласында медресе Ғалияда, Омбы қаласында
мұғалімдер семинариясында оқыды. Кейін Мәскеудегі көркем әдебиет институтын бітіреді.
М.Жұмабаев жасынан бастап өлең жаза бастаған. Оның өлеңдері туған жер, халық, туған
тіл, Отан туралы. Бір ғана әңгіме жазған. Бұл - «Шолпанның күнәсі». Оның белгілі
дастандарының бірі - «Батыр Баян».
Балаларға арнап бірнеше кітап, студенттерге арнап «Психология», «Педагогика»
еңбектерін жазды.
М.Жұмабаев - елін, жерін сүйген патриот ақын. Ол Фет сияқты табиғат туралы көп
жазған. Туған тіліне арнаған «Қазақ тілі», «Мен жастарға сенемін» сияқты өлеңдерін
көптеген жастар жатқа біледі. Махаббат туралы «Сүй, жан сәулем», «Гүлсімге» т.б. өлеңдері
жастарға арналған.
Мағжан Жұмабаев - әрі патриот, әрі педагог, ақындардың ақыны.
Оның атында облысымызда аудан, педагогикалық колледж, ескерткіш, көше, кітап
дүкені бар.
22
Өленді дұрыс оқуға үйретуге арналған мәтін үлгісі.
«Жан сөзі»
Өмір - теңіз, жоқ оның түбі, шеті,
Сылқ- сылқ күлген сиқырлы толқын беті.
Осы өмірге келгелі көп күн болды,
Енді бір ай - толады жиырма жеті.
Мен жоқ едім, бар қылып анам тапты,
Содан бері Күн талай шықты, батты.
Ес білгелі алысам өмірменен,
Өмір- теңіз, толқыны тым көп қақты.
Мен туғалы ағарып, көп таң атты,
Қараңғылық жер бетін талай жапты.
Ес білгелі алыстым жүрекпенен,
Ырық бермеді, қайғырды, ол не тапты?
Әміріңді екі қылмай орындадым,
Есімде отқа, суға ұрынғаным.
Өтті жылдар жапанда жалғыз қаппын,
Өмірімді осынша улап, не қылғаның?
«Жел бол !»- дедің, жел болып еспедім бе
Уақыт талғап, ерте я кеш дедім бе?
Желдей жынды, есалаң екпінді боп,
Зулап тұрған отқа өзім түспедім бе?
«От бол!» - дедің, от болып жанбадым ба?
Күйдірмей, сірә, нәрсе талғадым ба?
Күлді де алдым құшаққа, гүлді де алдым,
Мынау «күл», мынау «гүл» деп таңдадым ба?
«Су бол!» - дедің, сылдырап ақпадым ба?
Жыландай жүз бұралып жатпадым ба?
Ерікті еріксіз суымнан татар жанды,
Сиқырлап сылдырменен таппадым ба?
«Күн бол!» - дедің, мен күндей күлмедім бе?
Күннен де астым, мен «күндіз- түн» дедім бе?
Күн - тәкаппар. Мен көппен құшақтастым,
Бұл ісімді күндікке мін дедім бе?
Сен «Сүй» - дедің, талайды сүймедім бе?
Көбелек боп көп отқа күймедім бе?
Тірілгенім болмаса, өлгеннен соң,
Мен талай күлден кебін кимедім бе?
«Жыла!»- дедің, талай жас төкпедім бе?
Дария болды көз жасым, көп дедім бе?
Жасым бітсе, қып- қызыл қан жыладым,
«Жыламаймын, көзде жас жоқ» дедім бе?
23
«Ата- анаңнан без!»- дедің, безбедім бе?
Қаңғырып, талай жалғыз кезбедім бе?
Басыма талай қара күндер туды,
Ата- ана, туысқан іздедім бе?
«Елің тастап, кет!»- дедің, кетпедім бе?
Жер шетіне барсам да, шет дедім бе?
Жыландай бауырына кіріп алып,
Қалайда жатты жақын етпедім бе?
«Жоқты іздеп тап!»- дедің сен, таппадым ба?
Сен «Айға шап!»- дегенде, шаппадым ба?
Не керек? Бар бұйрығыңды орындадым,
Сұм жүрек, сол қызметімді ақтадың ба?
Ақтамадың, алдадың, енді білем,
Енді бір ай - жиырма жеті жасқа келем.
Отыз, қырық, қартаям, сөнем, өлем...
Еліме есебімді не деп берем!
Енді бір ай- жиырма жеті жас толады,
Отыз, қырық... Сарғаяды, жүз солады.
Жыл соңынан жүгіріп жыл озады,
Кеудеге күн -күн сайын шер толады.
Ессіз жүрек аспанға қол сермеді,
Ессіз жүрек ақылға жол бермеді.
Жастық - у ғой, айнымай у ішіппін,
Бұл күндерде кеудені ой кермеді.
Ақылға кеш айналдым, қараң күнім,
Бір күні құшағына алар елім.
Қара жерді құшақтап, мен жатармын,
Сол кезде не деп мені сынар елім?
«Жел еді, желді жыр ғып өтті»- дер ме?
«Есалаң сүйіп еді шоқты» - дер ме?
«Ойы жоқ, ессіз отты тәңірі көрген,
Тұншығып жат, есерім!» - деп күлер ме?!
Болмаса: «Қызыл гүл ед, солды» - дер ме?
«Сермеп ед алтын Айға қолды» - дер ме?
«Қажымай Айға шапқан арыстан ед,
Сабаз- ай сол жолда мерт болды» - дер ме?
«Күн еді өмір бойы күлді»- дер ме?
«Күн еді, сүймеуші еді түнді!»- дер ме?
«Күн еді, күндей айқын күле білді,
Сол күлумен ақыры өлді!» - дер ме?
«Сұлулықтың асығы - жыршы!» - дер ме?
«Жүректің сырын шешер сыршы!»- дер ме?
24
Не қуаныш, не қайғы басқан күнде,
Басыма келіп: «Ақыным, тұршы!»- дер ме?
Болмаса басыма да бармас па екен?
Атымды аузына да алмас па екен?
Қарайып жапан түзде жалғыз тұрған,
Молама көз қырын да салмас па екен?
Дариға, сол күндерде күнім қараң,
Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған:
«Болғайсың, сыншы болсаң, әділ сыншы,
Кінәні жүрекке қой, қойма маған!»
Мені атама, бұл жүрек жынды дерсің,
Ұмтылған аламын деп Күнді дерсің.
«Сүйіп- күліп, күйіп - көз жасын төгіп,
Жынды жүрек өлді де, тынды!»- дерсің.
Мәтін бойынша жүргізілетін жұмыс түрлері:
1. Оқушы мәтінді сөздікпен өзі еркін аударады, түсінгенін айтады.
2. Дұрыс оқу үшін арнайы дайындалған мәтінді оқуға жаттықтырылады.
3. Өлең жолдарындағы сезім құбылыстарына сәйкес дауысты құбылтуға үйретіледі.
4. Бет құбылысы мен дене, қол қимылымен жұмыс істелінеді.
5. Оқушы өлеңді өздігінен жаттауға уақыт беріледі.
6. Оқушылардан құрылған эксперт тобының алдында жатқа айтып, сапасы
бағаланады, талданады.
7. Оқушы көпшілік алдында жатқа айтуға өзі дағдыланады.
Оқушылардың «Менің Отаным - Қазақстан» атты шығармалар
байқауына жазылған шығармалар үлгісі
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» дейді Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Ал сол
болашақ біздің бүгінгі оқушыларымыздың қолында. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде
мемлекеттік тілді үйрететін мұғалімдердің міндеті - оқушыларды сөйлеуге ғана емес, өз
ойларын мәдениетті жаза білуге және күнделікті өмірде болып жатқан өзгерістерден
хабардар, жан-жақты сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сіздердің назарларыңызға шығармалар
байқауынан жүлделі орын алған біздің мектеп оқушыларының кейбір шығармаларын
ұсынамын.
«Менің Отаным – Қазақстан» атты қалалық шығармалар байқауы. Авторы - Елена
Полищук, 11-сынып оқушысы.
«Біз тарихымызда тұңғыш рет Шығыс Азия
мемлекеттерінің тәжірибесін және өзіміздің
көп ұлтты әрі көп дінді қоғамымыздың ерекшелігін ескеріп,
Батыс демократиясының қағидаттарына
сай келетін тәуелсіз мемлекетімізді орнаттық.»
Н.Ә. Назарбаев
Мен – орыспын, бірақ сайыс туралы естіп, шығарманы қазақ тілінде жазуым керек деп
ойладым. Дұрыс шешім қабылдадым. Мен Қазақстанда тұрамын, ал қазақ тілі – оның
мемлекеттік тілі. Өз Отанын сүйетін адам оның тілін де жақсы біледі, ал мен Отанымды
25
жақсы көремін. Отанымның тілі – менің тілім, сондықтан мен Қазақстан туралы қазақ тілінде
айтқым келеді.
Отан – әр адам үшін ең маңызды, ең қымбат, ең жақын ел. Онымен әркімнің өміріндегі
қуанышты, бақытты сәттері байланысты. Отан туралы ойлап, адам өз анасын, туыстарын,
балалық шағын есіне алады.
Менің Отаным – менің Қазақстаным. Мен өз елімді өте жақсы көремін. Меніңше, менің
Отаным – әлемдегі ең әдемі, ең ырысты ел.
Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алды. 1991 жылдан бастан
Қазастанда тұратын адамдар үшін жаңа өмір басталды.
Биыл тәуелсіздікке 15 жыл. Бұл – өте қысқа мерзім, бірақ біздің өміріміз өте өзгерді.
Қазір мемлекетіміз тез дамуда, елімізде көптеген ұлттар тату-тәтті тұрады.
Әрине, республикамыздың құт-берекесі, өркендеуі біздің басшымызбен байланысты.
«Жаңбыр жаумаса – жер жетім», - деген Төле би. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың арқасында
Қазақстанда тұратын адамдардың өмірі жылдан жылға жақсарып келеді.
Н.Ә. Назарбаев туралы айтқанда, оның Қазақстан халқына жолдауы есіме түседі. Өз
жолдауында президентіміз Қазақстанның дамуы туралы айтады. Мысалы: «Үкіметке білім
беру кредиттерінің мөлшерін 50 пайызға арттыруды тапсырамын», - дейді Нұрсұлтан
Әбішұлы. Қазір мен 11 сыныпта оқимын, мен – болашақ талапкермін.
Сондықтан, менің ойымша, бұл өте дұрыс шешім, ол көптеген мектеп бітірушілерге
ақысыз жоғары білім алуына кепілдік береді.
Президент: «Біз баршаға барынша мүмкіндіктер беретін қоғам ... құруды аяқтауға
тиіспіз», - дейді. Мен сондай қоғамда тұрғым келеді.
Мен өзімнің бақытты болашағыма сенемін, ол болашақ менің Отаныммен,
Қазақстаныммен байланысты. Мен қай жерде болсам да, Отанымды ешқашан ұмытпаймын,
ойларым әрқашан онымен бірге болады.
Мен өз өмірімді Отаныма арнағым келеді, өйткені ол – менің үмітім, бақытым және
жаным.
Мені Қазақстанның болашағы өте толғандырады. Менің ойымша, Отаным үшін білім
алу, еңбек ету – менің парызым.
Жүрегім, жырым сенікі,
Келісті далам, кең далам.
Тудым, өстім, есейдім,
Ен далам – анам, мен – балаң, - дейді ұлы қазақ ақыны І. Жансүгіров. Оның
өлеңдерінде Қазақстанның әр азаматының ойлары, сезімдері, жаны көрсетіледі. Мен оның
сөздеріне қосыламын. Біз – Отанымыздың балаларымыз, біз үшін Қазақстан – анамыз
сияқты. Сол себепті оны әркімге ана сияқты жақсы көру, сыйлау құрметтеу қажет. Менің
Отаным – Қазақстан. Мен – Қазақстан Республикасының азаматымын. Бұл – менің
мақтанышым!
«Менің Отаным – менің Қазақстаным» атты облыстық шығармалары байқауы.
Авторы – Анна Алекберова, 10-сынып оқушысы.
Меруерт, саған сенің қазақстандық досың Анядан сәлем! Сен Қытайда тұратындықтан,
менен Қазақстан туралы сұрадың. Бұл хатта мен саған менің Отаным туралы қысқаша
айтқым келеді.
Әр елде өзінің өткені, бүгіні және келешегі бар. Қазақстанның тарихы өте бай. Қазіргі
Қазақстан – егеменді, тәуелсіз мемлекет. Қазақ халқы тағдырға сенеді. Президенттің өзі:
«Біздің тәуелсіздікке қол жеткізуіміз маңдайымызға жазылған еді. Біз оны қалт жібермеуіміз
керек болды», - дейді. Біздің уақытымыз – тамаша уақыт. Мен еркін елде тұрамын. Біздің
елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол Қазақстан халқына жыл сайын өз
Жолдауын жолдайды, соңғы 10 жыл ол өз халқымен тікелей эфир бойынша сұхбаттасады.
Онда Н.Ә. Назарбаев қазақстандықтармен ел проблемасы туралы сөйлеседі.
26
2005 жылы, 18 ақпандағы Жолдауында ол Қазақстанның бүгінгісі мен келешегі туралы
айтты. «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің әрбір
қазақстандықтың жоғары білім алуына нақтылы кепілдік беруіміз керек!, - деді Н.Ә.
Назарбаев. Маған оның сөздері ұнады. Биыл біздің мектептің көптеген оқушылары грантқа
ие болып, жақсы университеттерде керекті мамандықтарға оқып жатыр. Қазір мен оныншы
сыныпта оқимын, мектепті бітірген соң, жоғары оқу орнына оқуға барамын. Грантқа ие болу
мүмкіндігін жібергім келмейді, сондықтан жақсы оқуға тырысамын.
Н.Ә. Назарбаевты біз ғана емес, басқа елдер де бағалайды және құрметтейді. Жапония
Премьер – министрі Д. Коидзуми елбасының Жолдауы туралы: «Бұл – нағыз жасампаздық
жолдау», - деді. Корея Президенті былай дейді: «Мен Президентке, қазақ елінің болашағына
сенемін». Ал Гарвард университетінің аспиранты Сюзан Сипко өз ойын былай білдіреді:
«Қазақты Назарбаевтан артық ешкім білмейді. Қазақтардың мойнында тарихи міндеттер
бар. Қазақтар елдегі бейбітшіліктің, татулықтың кепілі болуы керек. Өйткені, олар – осы
мемлекеттің мұрагері. Қазақ Қазақстанда тұратын барлық басқа ұлттардың тағдырына,
өміріне жауапты. Ол соларға қамқоршы бола алмаса, Қазақстанның болашағы күмәнді.
Қазақ ұлты бәріне үлгі болуы керек. Бірлікке қол жеткізу үшін қазақ тілі алдыңғы орынға
шығуы керек. Қазақстандағы ұлттарды жақындастыратын, біріктіретін – қазақ тілі». Мен
Сюзанға қосыламын. Мен журналист болғым келеді, ал журналист болу үшін көп тіл білу
керек, сондықтан мен қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйренемін. Ағылшын тілін мен үйреніп
оқимын, ал орыс және қазақ тілдерін жақсы білемін. Мен орыспын, бірақ қазақ тілін
түсінемін, жазамын, оқимын. Сен Қытайда тұрсаң да, өз ана тіліңді жақсы білесің, сондықтан
менің хатымды қазақша оқисың, қазақ тілі – біздің ортақ тіліміз.
Мен ойлаймын, Қазақстанның әр азаматы оның тілін, тарихын, өмірін жақсы білуі керек,
өйткені бұл оның Отаны. Адамда өзінің Отаны болса, ол - бақытты адам. Мен – бақытты
адаммын, себебі менің Қазақстан сияқты Отаным бар. Қазақ халқында «Отан – оттан да
ыстық» деген мақал бар. Меніңше, бұл шын. Отаным әрқашан мені қорғайды және маған
көмектеседі, ал мен жақсы азамат боламын. Басқа елдер де, мүмкін, жақсы елдер шығар,
бірақ мен үшін ең маңызды, ең тамаша ел – Қазақстан, өйткені бұл – менің елім. Мен
Қазақстанда оқығым келеді, жұмыс істегім келеді, тұрғым келеді. Әрине, Қазақстан туралы
аз айттым. Жазда Қазақстанға кел, оны, әсіресе, біздің Астананы көрген адам, оны еш
уақытта ұмыта алмайды. Мен өз еліммен мақтанамын, оны өте жақсы көремін.
Сау бол, Меруерт.
Сенің досың Аня.
Жерлесіміз Мағжан Жұмабаевтың мерейтойына байланысты өткізілген шығармалар
байқауы.
Авторы – Сәуле Смағұлова, 11-сынып оқушысы.
Тақырыбы: «Мағжан – еркіндік жыршысы».
Міне, Күн! Сәулесі алтын жерді құшты.
Жарыққа қуанысып құстар ұшты.
Ізгі оймен ерік тілеп, жарық тілеп!
Ұшамыз біз де жиып есті, күшті!
М. Жұмабаев
27
сб данияровой  2я
сб данияровой  2я
сб данияровой  2я
сб данияровой  2я
сб данияровой  2я

More Related Content

What's hot

What's hot (20)

Fvyvfv (3)
Fvyvfv (3)Fvyvfv (3)
Fvyvfv (3)
 
85ewreew
85ewreew85ewreew
85ewreew
 
счч
сччсчч
счч
 
қадыр мырза әлі
қадыр  мырза әлі қадыр  мырза әлі
қадыр мырза әлі
 
77777
7777777777
77777
 
7546
75467546
7546
 
255fdf
255fdf255fdf
255fdf
 
Gabitg
GabitgGabitg
Gabitg
 
сұраулы сөйлемо
сұраулы сөйлемосұраулы сөйлемо
сұраулы сөйлемо
 
йййй
йййййййй
йййй
 
Microsoft word-4-6
 Microsoft word-4-6 Microsoft word-4-6
Microsoft word-4-6
 
2013zxzxz
2013zxzxz2013zxzxz
2013zxzxz
 
8558trtrtrtrtrtr
8558trtrtrtrtrtr8558trtrtrtrtrtr
8558trtrtrtrtrtr
 
2222
22222222
2222
 
таңдау курсы бағдарламасы шәкәрімтану
таңдау курсы бағдарламасы шәкәрімтанутаңдау курсы бағдарламасы шәкәрімтану
таңдау курсы бағдарламасы шәкәрімтану
 
абаканова а.
абаканова а.абаканова а.
абаканова а.
 
Mugalf
MugalfMugalf
Mugalf
 
1211rtrergregffffffffffffffffffgfgdfgdgfgdgrrgdfgdrgfdrgfdrgfdrgfdrgfdrgfdrgf...
1211rtrergregffffffffffffffffffgfgdfgdgfgdgrrgdfgdrgfdrgfdrgfdrgfdrgfdrgfdrgf...1211rtrergregffffffffffffffffffgfgdfgdgfgdgrrgdfgdrgfdrgfdrgfdrgfdrgfdrgfdrgf...
1211rtrergregffffffffffffffffffgfgdfgdgfgdgrrgdfgdrgfdrgfdrgfdrgfdrgfdrgfdrgf...
 
2052sdasdsdsdsds
2052sdasdsdsdsds2052sdasdsdsdsds
2052sdasdsdsdsds
 
2020ьььььььььььььььььь
2020ьььььььььььььььььь2020ьььььььььььььььььь
2020ьььььььььььььььььь
 

Similar to сб данияровой 2я

абишева и.о портфолиосы
абишева и.о портфолиосыабишева и.о портфолиосы
абишева и.о портфолиосыalmnbtzh
 
сейтмаганбетова ш.ж. ма -ала
сейтмаганбетова ш.ж.   ма -аласейтмаганбетова ш.ж.   ма -ала
сейтмаганбетова ш.ж. ма -алаoquzaman
 
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docxДарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docxssuser85477d
 
доклад класс (автосохраненный)
доклад   класс (автосохраненный)доклад   класс (автосохраненный)
доклад класс (автосохраненный)oquzaman
 
мұғалімнің жетістіктері
мұғалімнің жетістіктерімұғалімнің жетістіктері
мұғалімнің жетістіктеріAsem Sarsembayeva
 
Шартты бағыныңқылы сабақтас
Шартты бағыныңқылы сабақтасШартты бағыныңқылы сабақтас
Шартты бағыныңқылы сабақтасNurlan Abilhanov
 
Искакова Гульжан Нуржановна 8в сыныбы аққуларды атпаңдар сабақ
Искакова Гульжан Нуржановна 8в сыныбы аққуларды атпаңдар сабақ Искакова Гульжан Нуржановна 8в сыныбы аққуларды атпаңдар сабақ
Искакова Гульжан Нуржановна 8в сыныбы аққуларды атпаңдар сабақ Mubarik Idigova
 
23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssss23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssssnurlan93kz
 
шапей жайнағаламdgfh
шапей жайнағаламdgfhшапей жайнағаламdgfh
шапей жайнағаламdgfhNurlan Abilhanov
 

Similar to сб данияровой 2я (20)

Baian.re
Baian.reBaian.re
Baian.re
 
дарынды балалармен жұмыс
дарынды балалармен жұмысдарынды балалармен жұмыс
дарынды балалармен жұмыс
 
тукубаева т.т
тукубаева т.ттукубаева т.т
тукубаева т.т
 
абишева и.о портфолиосы
абишева и.о портфолиосыабишева и.о портфолиосы
абишева и.о портфолиосы
 
кенес балалардың сөйлеу дағдыларын тірек кестелері арқылы дамыту
кенес балалардың сөйлеу дағдыларын тірек кестелері арқылы дамытукенес балалардың сөйлеу дағдыларын тірек кестелері арқылы дамыту
кенес балалардың сөйлеу дағдыларын тірек кестелері арқылы дамыту
 
сейтмаганбетова ш.ж. мақала
сейтмаганбетова ш.ж.   мақаласейтмаганбетова ш.ж.   мақала
сейтмаганбетова ш.ж. мақала
 
сейтмаганбетова ш.ж. ма -ала
сейтмаганбетова ш.ж.   ма -аласейтмаганбетова ш.ж.   ма -ала
сейтмаганбетова ш.ж. ма -ала
 
Әдіс.pptx
Әдіс.pptxӘдіс.pptx
Әдіс.pptx
 
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docxДарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
 
доклад класс (автосохраненный)
доклад   класс (автосохраненный)доклад   класс (автосохраненный)
доклад класс (автосохраненный)
 
мұғалімнің жетістіктері
мұғалімнің жетістіктерімұғалімнің жетістіктері
мұғалімнің жетістіктері
 
623
623623
623
 
Шартты бағыныңқылы сабақтас
Шартты бағыныңқылы сабақтасШартты бағыныңқылы сабақтас
Шартты бағыныңқылы сабақтас
 
Искакова Гульжан Нуржановна 8в сыныбы аққуларды атпаңдар сабақ
Искакова Гульжан Нуржановна 8в сыныбы аққуларды атпаңдар сабақ Искакова Гульжан Нуржановна 8в сыныбы аққуларды атпаңдар сабақ
Искакова Гульжан Нуржановна 8в сыныбы аққуларды атпаңдар сабақ
 
23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssss23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssss
 
Зейін
ЗейінЗейін
Зейін
 
5п
5п5п
5п
 
шапей жайнағаламdgfh
шапей жайнағаламdgfhшапей жайнағаламdgfh
шапей жайнағаламdgfh
 
озин ози тану4сынып
 озин ози тану4сынып озин ози тану4сынып
озин ози тану4сынып
 
лLеsson study м -__ал¦мн¦__ к__с¦би __рлеу жолы¬
лLеsson study  м -__ал¦мн¦__ к__с¦би __рлеу жолы¬лLеsson study  м -__ал¦мн¦__ к__с¦би __рлеу жолы¬
лLеsson study м -__ал¦мн¦__ к__с¦би __рлеу жолы¬
 

More from Вспомогательный образовательный сайт

More from Вспомогательный образовательный сайт (20)

метод.в орлеу1
метод.в орлеу1метод.в орлеу1
метод.в орлеу1
 
открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 

сб данияровой 2я

  • 1. Білімді ұрпақ – ел ертеңі Шығармашылық мүмкіндігі мен танымдық қабілеті жоғары оқушылармен жұмыс жүйесі Петропавл қ. 2017 ж. Пікір жазғандар: Г. Елеусизова- М. Қозыбаев атындағы СҚМУ; «Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы; 1
  • 2. Г. Баджанова- Петропавл қаласы КММ «Н.К. Крупская атындағы № 10 орта мектеп» оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Автор: Қ. Даниярова - Петропавл қаласы «Н.К. Крупская атындағы № 10 орта мектеп» қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Мен біраз жыл орыс мектебінде мемлекеттік тіл – қазақ тілінен сабақ беріп келемін. Республика, біздің облыс көлемдерінде көптеген әдістемелік көмекші құралдар шығып жатыр. Олардың біздер үшін көмегі,сөзсіз, көп. Мектеп оқушыларын пәндік олимпиадаға, мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында өткізілетін әр түрлі іс-шараларға сапалы дайындық мұғалімнен терең білім мен біліктілікті, тәжірибе мен шеберлікті талап етеді. Белгілі бір мақсат пен мүддеге, нәтижеге жету барысында көп қиыншылықтар кездеседі. Олимпиада тапсырмалары болсын, мазмұндама мәтіндері болсын, бір жағынан оқушының жас ерекшелігіне сай, танымдық қасиеті бар, ұлтымыздың салт-дәстүрлерінен мәлімет беретін болу керек. Бұл оқу-әдістемелік құралда дарынды балаларға арналған тапсырмалар топтамасы және оларды орындау үлгілері, тіл білімі салаларынан талдаулар үлгілері берілген. Сонымен қатар, осы оқу-әдістемелік құралда облысымызда, республика бойынша өткізілетін іс- шараларға дайындық үлгілерін, әсіресе, жас ұстаздарға көмегі тиер деген ниетпен ұсынып отырмын. Оқушыларға мемлекеттік тілді меңгертуде сіздерге зор табыс тілеймін. Автордан 2
  • 3. Даниярова Қайыржамал Сыздыққызы Н.К. Крупская атындағы № 10 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Санаты: жоғары Еңбек өтілі: 35 жыл Шебер ағаштан қандай да бір затты жасап шығудан бұрын оны балтамен шауып, жонып алады. Ұста темірді шыңдаудан бұрын оны жұмсартады. Бірақ осылайша мұғалімнің де оқушыға өзінің тәлімдерін үйретуден бұрын алдымен оның бойында білім алуға деген талпынысты оятып алуды қажет екенін ойлайтын біреу бар ма екен...? Ян Амос Каменский (чех педагогі) Бүгінгі заман талабы бойынша оқытылатын пәндердің балалардың болашағына, өзі қалаған мамандығына қарай бағытталуына, яғни алға қойған мақсатының нақты болуына ерекше назар аударылуда. Сонымен қатар жеке тұлға, қоғамға керекті дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру - білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы болып отыр. Мақсатты білім беру - өмір талабы, тұлғаның дамуын жүзеге асыру мәселесі- күн тәртібінде тұрған маңызды іс. Баланың шығармашылық қабілетінің ашылу мүмкіндігі бір кезеңде деп нақты тоқтам айтуға болмайды. Дегенмен, оқушының көбірек белсенділік көрсететін кезеңі – бесінші- сегізінші сыныптар аралығындағы жаста. Оқушының өзіндік ерекшелігі мен іс-әрекет белсенділігіне қарай жіктесек: Тұлға – тума талант қызығушы құмарлық өзіндік ойлау ерекшелігі бар дарын белсенді шығармашылық иесі қабілетті зейінді Бала шығармашылық жұмыста осы сатыдан өтеді де, біртіндеп іріктеледі, шын шығармашылық тұлға қалыптаса бастайды. Бұл кезеңдерде оқушы шығармашылығына шын 3
  • 4. да шынайы бағасын бере отырып, мүмкіндігінше психологиялық қолдау жасау керек. «Сен талаптысың, қолыңнан бәрі келеді, бүгінгі жұмысың әлдеқайда тәуір шыққан» деген сияқты жылы лебіздер оқушы жанына қанат бітірері сөзсіз. Дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі ең бір үлкен мәселе – тәрбие. Тәрбие дегеніміз ең алдымен, баланың сезімін оятып, әсершілдігін дамыту. Отанды, табиғатты, қоршаған ортаны сүюге, еңбек ете білуге, біреудің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. Осы орайда мұғалім өз алдына төмендегідей мақсат қоюы керек: - баланың ішкі еркіндігін және әлеуметтік қатынастарға ыңғайлылығын қатар дамыту; - баланы жасытпай оқыту, бұйығылықтан құтқару, сенімсіздік комплекстерін жою; - ойлай білу және өзіндік пікірін айту қабілетін дамыту; - белсенді қызығушылықты дамыту; - баланың өзіндік «Мен» - ін анықтауына көмектесу; - қарым-қатынас мәдениетіне үйрету; - жан-жақтылыққа, адамгершілікке, сауаттылыққа тәрбиелеу. Осы аталған тәрбие және оқыту жұмыстарында белгілі бір нәтижеге жету үшін мұғалімге қажетті қасиеттер: - жылылық; - түсінгіштік; - сезімталдық, кең ойлай алу, баланы шабыттандыра білу; - балаға адам ретінде қадірлі болу; - сабағының қызықты әрі пайдалы болуы. Мұғалімнің түпкі мұраты: - баланың рухани өсуіне басшылық жасау; - кісілік қасиетін дамыту; - шығармашылық қасиетін дамыту; - дүниетанымын кеңейту. Мазмұндама жазуға үйрету арқылы тіл дамыту. Дарынды балалармен жұмыстың түпкі мақсаты – белгілі бір нәтижеге жету. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде басқа ұлт өкілдері қалалық, облыстық, республикалық олимпиадаларға және басқа да тіл сайыстарына қатысып, білім – біліктіліктерін сынастырады. Олимпиада қатысушыларына қойылатын ең басты талаптардың бірі - мазмұндама жаза білу. Мазмұндама – сөйлеу тілін қалыптастырудың негізі. Басқа ұлт өкілдерінің жазбаша тілді қаншалықты меңгергендігін тексеру, олардың өз ойын дұрыс жазуда ой қорытып, тұжырым жасауға бағыттау, жаттықтыру үшін мазмұндама жаздыру тиімді. Мазмұндама сөйлеу тілінде грамматикалық норманы, орфографиялық және пунктуациялық дағдыларды бекіту тәжірибесінің қызметін атқарады. Мазмұндама жазу үрдісінде тәрбие мақсаты да шешілуі қажет. Мақсаты мен көркемдік қасиеті іріктелген мәтіндер адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру мақсатына бағытталуы тиіс. Мазмұндаманы жазу тек қана жазылым әрекеті арқылы емес, сонымен қатар оқылым, тыңдалым, айтылым әрекеттерінің негізінде іске асады. Мазмұндама мәтінді оқып, мұқият тыңдау, сұрақтарға жауап беру, баяндау, әңгімелеп айтуға дағдыландырудан шығады. Қорыта айтқанда, мазмұндама сөйлеу әрекетінің түрлеріне байланысты біліктіліктерді қалыптастырады, бір жағынан мәтінді есту (тыңдалым) немесе көру (оқылым) қабылдау болса, екінші жағынан мәтінді ауызша немесе жазбаша мазмұндай білу. 4
  • 5. Дарынды балалармен, әрине, мазмұндама түсінікті, тәрбиелік мәні зор, оқу талаптарына сай алынады. Мұндай мәтіндер оқушыларды жаңа біліммен қаруландырып, дүниетанымын кеңейтеді. Мазмұндама мәтінімен жұмыс істеуге қойылатын талапты төмендегідей іріктеуге болады: - оқушы мәтіннің мазмұнын өзінше меңгеріп, өзіндік сөздік қор арқылы құрастырып жазуы шарт; - оқушының өз ойы, пікірі болуы тиіс; - қажет кезінде мәтіннің баяндау жағы өзгертілуі тиіс. Мазмұндама жазуға әзірлік кезеңі: - мәтінді оқу, оқушының зейінін жазылатын мазмұндаманың сюжетіне аудару, мәтіндегі негізгі ойға, мазмұн арқауына талдау жасау. - мазмұндаманың жүйелі баяндалуына көңіл аудару. Мазмұндаманы талдау кезеңі: - жазба жұмысының баяндау стиліне, оқиғасына байланысты талдау. - сөздердің, сөйлем түрлерінің байланысы. - оқушының қателерін топтау, келешекте болдырмау шаралары. - ең бастысы оқушының көзінше тексеру. Сонымен, мазмұндама сөйлеуге, ойын екінші тілде білдіруге жаттықтырады. Бұл жұмыс түрі зер салып тыңдай білуге, айтылған ойдың негізін аңғаруға, ықшамдап жаза білуге үйретеді, яғни жазылым арқылы сөйлеу тілін қалыптастырады. Оқудың үш түрі бар дейді. Біріншісі - оқыса да түсінбеу, екіншісі -оқу әрі түсіну, үшіншісі - түсіну және жазылмағанның өзін түсіну. Сөзім дәлелді болу үшін бір мазмұндамаға тоқталайын. Қазір оқылатын мазмұндаманың авторын оқудың үшінші түріне жатқызуға болады. «Жамандық неден болады?» ертегісін осыдан екі-үш жыл бұрын олимпиадаға дайындық кезеңінде 9-11-сынып оқушыларымен жаздық. Солардың ішінде 11-сынып оқушысы Елена Полищуктың мазмұндамасын толығымен мысалға келтіруге болады. Ол – республикалық олимпиада жүлдегері (ІІІ орын). Мазмұндама сол қалпында қателерімен беріледі: Ерте заманда орманда жалғыз адам өмір сүрген. Сол орманда тұратын жануарлар мен құстар одан қорықпай адамша сөйлейді. Бір күні ол тал түбінде жатады, сол талға құстар және аңдар түндеу (түнеу) үшін жиналады. Олар жиналып, бір- бірінен: «Жамандық неден болады?- деп сұрайды. Сонда қарға: - Меніңше, жамандық аштықтан болады. Сен аш болсаң, ештеңе тыңдамайсың. Аштықтан менің көптеген жақын туыстарым өлді. Аштық болмау үшін, (олардың) қамын ойлау керек, сонда жамандық болмайды,- дейді. - Жоқ,- дейді көгершін. Меніңше, жамандық сүйіспеншіліктен болады. Мен жалғыз тұрсам, өмірім де тыныш болар еді. Ал біз екеу- екеуден тұрамыз. Жолдасыңды жақсы көрсең, сенде 5
  • 6. тыныш (тыныштық) болмайды. Оның тамағын тоқ, көйлегін көк етуді ойлайсың, ал ұшып кетсе, уайымдайсың, ол қайтып оралмасаң (оралмаса), іздеймін деп бір нәрсеге ұшырайсың. - Мен көгершінмен келіспеймін,- деп ысылдайды жылан. Меніңше, жамандық ызақорлықтан болады. Мысалы, біреу сені ызаландырса, сен ашуланайсың (ашуланасың). Сол кезде ешкімді аямайсың, біреуді шақсам деп ойлайсың. Ал біреуді шақсаң, сені де өлтіреді. Сондықтан ызақорлық болмаса, өміріміз жақсы болар еді. - Жоқ, сенің сөздерің дұрыс емес. Жамандық тек қорқақтықтан болады,- дейді бұғы. Сен қорықпасаң, батыл болсаң, өмірің тыныш болады, ешқандай жамандық болмайды. Олардың сөздерін тыңдаған кісі: - Сендер бәрін дұрыс айттыңдар. Мен сендерді жақсы түсінемін, өйткені, адамдар жақсылық та, жамандық та жасайды. Бірақ, аштық та, сүйіспеншілік те, ызақорлық та, қорқақтық та тәнімізді сақтау үшін керек. Ал өмір сүру үшін бізге тәніміз ғана емес, жанымыз да керек. Егер біз жанымыз туралы көбірек ойласақ, өміріміз бейбіт болады. Меніңше, бұл - өте дана ертегі. Ол бізді жамандық және жақсылық туралы ойлауға үйретеді. «Жамандық неден болады?» - бұл өте қиын сұрақ. Меніңше, жамандық та, жақсылық та адамның мінезімен байланысты. Қазақ халқы жақсы мінездің бағасын жақсы түсініп, «Жақсы мінез – баға жетпес байлық»,- дейді. Меніңше, адамның мінезі жақсы болса, ол өз өмірін де жақсылыққа арнайды. Ал жақсы мінез жаман мінез сияқты тәрбиеден шағады. «Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны алады», сондықтан біз балаларымыз үшін жақсы үлгі болсақ, жамандық болмайды (оқушының өз пікірі). Әрине, бұл оқушы тыңдап қана қоймайды, оқылған материалды жан-тәнімен түсініп, терең пайымдап, қазақ халқының мақал-мәтелдерін кеңінен пайдаланып, берілген мәтіннің мазмұнын ғана емес, өз пікірін де еркін жаза алады. Келесі тоқтала кететін мәселе, мазмұндаманы жоғарыда көрсетілгендей жоғары деңгейде жазу үшін, әсіресе, өзге ұлт өкілдері оқушыларына жақсы сөздік қоры қажет. Ал жоғарыда аты аталған оқушының сөздік қоры кез келген мазмұндаманың идеясын ашып, оған өз пікірін айтуға молынан жетеді. Тілді үйренудегі ең маңызды мәселе – грамматикалық дағдылар. Қазақ тілінің грамматикасын жақсы меңгермейінше, морфологиялық, синтаксистік талдау жасау және сөз тіркестерінің байланыс тәсілдерін ажырата білу мүмкін емес. Бұл жолы да мысалды өз оқушыларымның жұмысынан келтіргім келеді. Жай сөйлемді сөйлем мүшелеріне сұрақ қойғанда, сөйлемдегі кез келген сөзге сұрақ қоюға болмайды. Сөйлемдегі сөздердің бір- бірімен грамматикалық байланысының ізімен, белгілі болған мүшеден белгісіз мүшеге қарай қойылады. Мысалы: Абай бір топ кісімен үйге кірді. Бұл – хабарлы, жай, жақты, жайылма, толымды сөйлем. - Не істеді? - кірді - баяндауыш. - Кім кірді? - Абай - бастауыш. - Қайда кірді?- үйге - пысықтауыш. - Кіммен кірді? - Кісімен - толықтауыш. - Қанша кісімен? -Бір топ - анықтауыш Сөз тіркестеріне қарай келесі үлгіде талдауға болады: Бастауыш пен баяндауыш қалай байланысып тұр? – Қиыса байланысып тұр, себебі Абай (бастауыш) үшінші жақта, жекеше тұлғада тұр (кірді). Сол сияқты, үйге кірді – қандай тіркес? Меңгеру, себебі үйге барыс септігінде тұрып кірді етістігіне меңгеріле байланысып тұр. Егер морфологиялық жағынан талдау оқушылардың білімдерін тексеру үшін қажет болса, тағы да бір – екі сөзбен тексеруге болады: 6
  • 7. Кісімен – деректі жалпы зат, есім, түбірі – кісі, мен- көмектес септігінің жалғауы деген жауап алуға болады. Төменде суреттері берілген оқушылар - қалалық, облыстық, республикалық және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында өткізілетін әртүрлі іс-шаралардың жеңімпаздары. Бұл оқушыларды сөздік қорлары мол, қазақ тілінің грамматикасын жақсы меңгерген, туған елінің тарихын, тілін құрметтейтін, ел болашағына өз үлестерін қосатын дарынды жастар деп толығынан айтуға болады. Мысалға келтіріп отырған мазмұндама, грамматикалық талдаулар, өлеңдер осы осы оқушылардың жұмыстары. Келесі бір ерекше көңіл аударатын жұмыс түрі – прозадан үзінді оқу немесе оқушының өзіне ұнайтын өлеңін жатқа айтқызу. Өлең болсын, я болмаса проза болсын таңдағанда, оқушының жас ерекшелігіне, дүниетанымына, психологиясына ерекше көңіл аударып, дөп басу қажет. Егер, оқушы табиғатынан сабырлы, дауыс ырғағы баяу, тым әсершіл болмаса, оған көтеріңкі дауыспен айтатын, эмоциялық жағы басым келетін өлеңдерді еріксіз жаттатуға болмайды. Мысалы, өте сабырлы, артық сөйлемейтін, дауысы баяу оқушымыз Мұқағали Мақатаевтың «Өмір сүрейік алмасып» өлеңін өте жоғары деңгейде оқып, талай сыннан сүрінбей өтті. Өлең жолдарынан үзінді: Жапырақ -жүрек, жас қайың! Жанымды айырбастайын. Сен адам бола бастасаң, Мен қайың бола бастайын, Келісесің бе, жас қайың? (Көрінер, мүмкін, кімге ерсі?) Өміріңді маған бір берші! Дүрбелең мына дүниені, Адам көзімен бір көрші. Қайың боп мен де бағайын, Орманнан орным табайын. Беймәлім маған өмірге, Қайың көзімен қарайын. Сен-дағы жерден нәр алдың, Мен-дағы жерден нәр алдым. Біреуден сен де жаралдың, Біреуден мен де жаралдым. Тілің жоқ, жанды қайың сен, Айырмашылығым - адаммын. Мендегі бары бір жүрек, Беріпті жүрек саған мың, Сондықтан ұзақ жасайсың – Құрдасы келер заманның. Жапырақ – жүрек, жас қайың! Жанымызды айырбастайық? Қайың боп тұрам қасқайып, Тәуекел, айырбастайық! 7
  • 8. Ал керісінше, шапшаң, дауысы көтеріңкі, Отан, сүйіспеншілік, патриоттық тақырыптарға жазылған өлеңдерді жақсы оқитын оқушымыз Алекберова Анна (республикалық олимпиаданың жүлдегері) белгілі жазушы Әзілхан Нұршайыховтың «Махаббат қызық мол жылдар» романынан, романның басты кейіпкері Меңтайдың монологін жатқа айтудан алдына жан салмады. Ол оқушымыз, біріншіден, бұл романды екі тілде, яғни қазақ және орыс тілдерінде оқып шыққан, екіншіден, ол Меңтайды өте жақсы түсінеді, кейіпкердің көңіл- күйі, ішкі жан - дүниесі оған таныс. Бұл оқушымыз үзіндіні жатқа айтып қана қоймай, осы үзіндіні таңдаған себебін, романның басқа да кейіпкерлері туралы қосымша қойылған сұрақтарға еркін жауап бере алды. Ол да қатарынан екі- үш жыл қалалық, облыстық және республикалық олимпиада жүлдегері болды. Құрметті әріптестер, сіздерге шығармашылық табыс тілей отырып, сөзімді атамыз Абайдың мына бір дана сөздерімен аяқтауға рұқсат етіңіздер. Білім оңай қолға түспейді, оған тиянақты еңбек пен зейін қоюдың нәтижесінде ғана қол жеткізуге болады. Оқушыларды «Тіл - халық жанын танудың кілті» атты байқауға дайындаудың үлгісі. Біздің мектептің оқушылары тек пән олимпиадасына ғана емес, сонымен қатар қала, облыс, республика көлемінде мемлекеттік тілді насихаттау мақсатымен өткізіліп жатқан байқауларға да қатысып, жүлделі орындар алады. Сіздердің назарларыңызға «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты байқауға дайындық үлгісін ұсынамын. Қатысқан оқушы Смирнова Екатерина – Республикалық байқаудың бас жүлдегері. Петропавл қаласы Н. К. Крупская атындағы №10 орта мектептің 10-сынып оқушысы. Орыс жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің «Тіл - халық жанын танудың кілті» атты қалалық байқауының ЕРЕЖЕСІ. 8
  • 9. «Қазақстан Республикасы Мәдение және ақпарат министрлігі мен Қазақстанның орыс қауымдастығы арасындағы өзара түсіністік пен әріптестік туралы меморандумға сәйкес, Петропавл қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қазақ тілін меңгерген жастарға қолдау көрсету, тіл мәдениетінің деңгейін көтеру мақсатында, басқа ұлт жастары арасында қазақ тілі білгірлерінің «Тіл- халық жанын танудың кілті» атты қалалық байқауын өткізеді. Байқауға 14-22 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Байқауды өткізу шарттары: Байқау үш кезеңнен тұрады. 1. Қатысушылар сауалнама толтырып, лексика- грамматикалық тест тапсырады. 2. Жазбаша және ауызша тапсырмалардан тұрады (билеттік жүйе) А) ауызша тапсырма: үміткерлер жұп -жұбымен берілген тақырып бойынша диалог құрады. Б) жеке жазбаша тапсырма: үміткерлер берілген тақырып бойынша шығармашылық жұмыс жазады. 3. Қазақ әдебиеті классиктерінің өмірбаяндарын қысқаша баяндау және прозалық немесе поэзиялық шығармаларынан үзінді оқу (билеттік жүйе). Бас жүлде иегері облыстық байқауға жолдама алады. Қалалық байқаудың жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады. 9
  • 10. Байқаудың өту тәртібі: І кезең а) сауалнама - 20 минут ә) тест тапсырмалары ІІ кезең А) шығармашылық жұмыс - 20 минут ә) диалог құру - 10 минут ІІІ кезең Қазақ әдебиеті классиктерінің өмірбаяндарын қысқаша баяндау - 5минут І кезең Тапсырма үлгілері: а) Сауалнама 1. Неше жастан бастап қазақ тілін үйрендіңіз? 2. Қай тілді жақсы білесіз, яғни сөйлейсіз, жазасыз, оқисыз? 3. Қазақ ақын- жазушыларынан кімнің шағармаларын оқыдыңыз? 4. Қазақ әншілерінен кімді ұнатасыз? 5. Мемлекеттік тілді білу Сізге қажет пе? 6. Оқу орындарында қазақ тілі сабақтарының сапасы Сізді қанағаттандыра ма? ә) Тест тапсырмалары 1. Мемлекеттік туда не бейнеленген? а) күн бейнесі, қыран құс ә) шаңырақ, жұлдыз б) қос пырақ, ұлттық өрнек 2. Ілік септігінде тұрған сөзді табыңыз а) күн бейнесі ә) шаңырақтың б) ұлттық өрнекпен 3. Қазақстанда неше облыс бар? а) 14 облыс ә) 15 облыс б) 16 облыс 4. Мемлекеттік тілді меңгеру- әрбір азаматтың… а) жұмысы ә) лауазымы б) парызы 5. Мемлекеттік рәміздер қай жылы қабылданды? а) 1996 жылы ә) 1992 жылы б) 1991 жылы 6. Қ.Р. тәуелсіздігіне неше жыл? а) 10 жыл ә) 20 жыл б) 15 жыл ІІ кезең а) Шығармашылық жұмыстың тақырыптары: 1. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. 2. Тіл - достықтың негізі. 10
  • 11. 3. Үлгі тұтатын тұлға 4. Астананың гүлденуі- Қазақстанның гүлденуі. ә) Диалогтің тақырыптары: 1. Тілдердің үш тұғырлығы 2. Абай және Пушкин 3. Абылай хан резиденциясы 4. Жергілікті ақын - жазушылар 5. Біздің қаланың тарихы 6. Менің болашақ мамандығым 7. Мемлекеттік тіл - менің тілім 8. Үш тіл білу - заман талабы т.б. ІІІ кезең Қазақ әдебиеті классиктерінің тізімі: Абай Құнанбаев Мағжан Жұмабаев Сәбит Мұқанов Мұхтар Әуезов Мұқағали Мақатаев Жамбыл Жабаев Ахмет Байтұрсынов Бейімбет Майлин Сәкен Сейфуллин Ілияс Жансүгіров Жүсіпбек Аймауытов «Тіл - халық жанын танудың кілті» атты қалалық, облыстық байқауларға дайындық жоспары I. Қазақ әдебиеті классиктерінің өмірбаяны және шығармаларымен танысу. 1. Абай Құнанбаев. Он тоғызыншы қара сөзін жаттау 2. Мағжан Жұмабаев. «Жан сөзі» өлеңін мәнерлеп оқуға жаттықтыру 3. Сәбит Мұқанов «Қызылжар» өлеңі 4. Мұхтар Әуезов «Абай жолы» романынан үзінді жаттау 5. Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым» өлеңі 6. Жамбыл Жабаев «Абайдың суреті» өлеңі 7. Ахмет Байтұрсынов «Жиған - терген» өлеңі 8. Бейімбет Майлин «Ыбырай» өлеңі 9. Сәкен Сейфуллин «Көкшетау», «Жас қазақ марсельезасы» 10. Қадір Мырза Әли «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» 11. Жүсіпбек Аймауытов «Қартқожа» романынан үзінді және т.б. ІІ. Төмендегі тақырыптарға диалогтар құрастыру: 1. Тілдердің үш тұғырлығы 2. Абай және Пушкин 3. Жергілікті ақын – жазушылар 4. Біздің қаланың тарихы 5. Солтүстік Қазақстан облысы 6. Мемлекеттік тіл - менің тілім 7. Үш тілді білу - өмір талабы және т.б. ІІІ. Шығармашылық жұмыстар 1. Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде 2. Тіл - достықтың негізі 3. Үлгі тұтатын тұлға 4. Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі және т.б. 11
  • 12. Байқауға арналған мәтін үлгілері. Абай Құнанбайұлы (1845 – 1904) Абай – қазақ халқының ұлы ақыны, сазгер және жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай 1845 жылы қазіргі Семей облысының Абай ауданында туған. Абайдың әкесі өте қатал адам болса, шешесі Ұлжан қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған. Әжесі Зере мен анасы Ұлжан Абайға ертегілер, аңыз әңгімелерді айтып, жақсы тәрбиелеген. Әкесі Құнанбай Абайды 9 жасында Семейдегі діни мектепке оқуға береді. Семейде жүргенде, ол орыс тілін үйренуге тырысады. Үш ай орыс мектебінде оқиды. 13 жасында Абайды әкесі бұл оқудан шығарып алады. Абай Пушкинді, Лермонтовты, Крыловты көп оқып, олардың шығармаларын қазақ тіліне аударады. Абай өзі аударған Пушкиннің «Татьянаның әні», Лермонтовтың «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдеріне ән де шығарады. Абайдың «Болыс болдым мінекей», «Сегіз аяқ», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдері болыс, билерді қатты сынға алды. Ол қазақ халқын мәлениетті болуға, орыс халқынан үлгі алуға шақырды. Ол өз сөзінде: «Орыстың тілі- дүниенің кілті. Орыс тілін білсең, көзің шайдай ашылады»,- дейді. Абай 1904 жылы қайтыс болды. Ол өз шығармаларының кітап болып басылғанын көре алмай кетті. Абай қайтыс болғаннан кейін бес жылдан соң 1909 жылы Петербургте «Қазақтың ақыны Ибрахим Құнанбайұлының өлеңдері» деген атпен кітап болып шықты. Абай шығармалары кеңес дәуірінде әденеше рет жарық көрді. Орыс тіліне, орыс тілінен шетел тілдеріне аударылды. Бұл күндері Абайды, оның шығармаларын дүние жүзі біледі. Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов «Абай жолы» эпопеясын ақын өміріне арнады. Бұл шығармада ұлы жазушы Абайдың балалық шағынан үлкен азамат-ақын дәрежесіне жетуін көрсеткен. Он тоғызыншы қара сөзі Адам ата - анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы- жаманды таниды- дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерін ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, соны адам десе болады. «Әсемпаз болма әр неге» Әсемпаз болма әр неге, Өнерпаз болсаң, арқалан, Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан! Қайрат пен ақыл жол табар Қашқанға да, қуғанға. Әділет шапқат кімде бар, Сол жарасар туғанға. 12
  • 13. Өзіңде бармен көзге ұрып, Артылам деме өзгеден. Күндестігін қоздырып, Азапқа қалма езбеден. Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға. «Желсіз түнде жарық ай» Желсіз түнде жарық ай Сәулесі суда дірілдеп. Ауылдың жаны – терең сай, Тасыған өзен гүрілдеп. Қалың ағаш жапырағы, Сыбырласып өзді - өзі. Көрінбей жердің топырағы, Құлпырған жасыл жер жүзі. Тау жаңғырып, ән қосып, Үрген ит пен айтаққа. Келмеп пе едің жол тосып, Жолығуға аулаққа?... Жамбыл Жабаев (1846 – 1945) Ұлы жырау бұрынғы Әулие Ата жеріндегі Жамбыл тауының етегінде туған. Әкесі Жаппа жарлы шаруа болыпты. Жамбыл надан молданың қылығын әшкерелеп, мысқылдаған «Шағым» атты белгілі өлеңін шығарады да, молданың алдын екінші көрместей болып, біржола қош айтысады. Жамбыл Сүйінбайдың батасын алған. Сүйінбайға арнап шығарған «Менің пірім – Сүйінбай» деген әйгілі өлеңі бар. Алматыда өткен 1934 жылғы ақындар айтысында қарт жырау қайта серпіліп, көзге түседі. Өлеңдері орысшаға аударылып, «Правда» және т.б. орталық газеттерде жариялана бастайды. 1938 жылы шығармашылығына 75 жыл толған мерейтойы Одақ көлемінде атап өтілді. Әйгілі «Туған елім», «Одақ» атты т.б. баршаға белгілі толғаулары – сол кезең туындылары. Ж.Жабаев Ұлы Отан соғысы кезеңінде «Ленинградтық өрендерім» атты өлеңімен барша Ленинград халқының рухын көтерді. «Абайдың суретіне» Мынау тұрған Абайдың суреті ме? Өлең – сөздің ұқсаған құдіретіне. Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған, Өр Абайдың төтеген кім бетіне? Ақын атын таратқан әрбір тұсқа, Өлеңменен өлмейтін салған нұсқа. Арғын, Найман сөзіне таңырқаған – Қандай арман бар дейсің бұл туыста! Терең ойдың түбінде теңізі бар, Тесіле кеп қарасаң, көңіл ұғар. Сол тереңге сүйсініп жан үңілмей, Есіл сабаз ызамен өткен шығар! Ілияс Жансүгіров (1894 – 1938) Ол бұрынғы Қапал уезіндегі ағынды Ақсу бойында туған. Анасынан ерте жетім қалған Ілияс әке бауырында тәрбиеленген. Әкесі Жансүгір арабша жақсы сауатты, үйінде көнелі – 13
  • 14. жаңалы кітаптарды жинап, оқып отыратын, өлең – дастандарды, арғы- бергінің неше алуан қызық әңгімелерін көп білетін көшелі кісі болыпты. Ілияс әкесінің үйретуімен хат таниды, сонан соң ауыл молдасының алдын көріп, медресе үлгісіндегі мектепте де оқиды. Ілияс 26 жасында Алматыға келіп, қысқа мерзімді мұғалімдер курсын бітіреді. Содан кейін Ташкентке барып, онда Қазақ ағарту институты жанындағы курста жарты жылдай оқиды. «Тілші» газетінде жұмыс істейді. 1926 -1928 жылдары Мәскеудегі журналистика институтында оқып, қоғамдық ғылымдар саласынан терең білім алады. Орыс және Еуропа әдебиетінің классикалық туындыларын құмарта әрі талдап оқиды. 1928 жылы «Сағанақ» атты тұңғыш жинағы жарық көреді. Ол «Еңбекші қазақ», Қазақстан көркем әдебиет баспасында жауапты қызметтер атқарады. Жазушылар одағының төрағасы болып істейді. Оның шығармалары: «Жолдастар» романы, «Кек», «Турксиб», «Исатай – Махамбет» пьесалары, «Жетісу суреттері», «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер» және т.б. «Туған жер» Мен өзім тауда туып, тасында өстім, Жасымнан мұз төсеніп, қарды кештім. Асқарда Аршалыға қозы жайып, Бұлттың аспандағы қасында өстім. Қазақтың әсем жері – Арқасында, Арқаға жетер Арал, Балқашың ба? Сырымбет, Зеренді, Иман, Айыртаулар Арқаның тізілгендей алқасында. Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) Ахмет Байтұрсынов- ірі ғалым, қазақ тіл білімінің атасы, түрколог, әдебиет зерттеуші, дарынды ақын, аудармашы, қоғам қайраткері, ағартушы - демоқрат, педагог. Ол 1873 жылы бұрынғы Торғай облысы Торғай уезінде туған. Ахмет Байтұрсынов еңбек жолын бала оқытудан бастаған. Сол кезден патша саясатына қарсы шығады. Зиялылармен қосылып петиция жазады. Сол үшін оны түрмеге жабады. 12 жыл айдауда жүреді, бірақ ол алған бетінен қайтпады. Бас көтеруге, бостандық үшін күресуге шақырады. Үгіт жүргізеді. Ахмет Байтұрсынов араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы болды. Ол қазақтың тұңғыш Әліппесін, оқулықтарын жазды. Оның жазған оқулықтары 1914- 1928 жылдары пайдаланылды. Ғалым латын алфавитіне көшуге қарсы шықты. Ол қазақ әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші тұңғыш филолог-ғалым. ХХ ғ. басындағы демократтық бағыттағы қазақ зиялыларының ең ірі, ең беделді өкілі. А.Байтұрсынов сталиндік режимнің құрбаны болды. Оның өлеңдері халқына, балаларға арналған. Ол Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударды. Мысалы: «Аққу, шортан, һәм шаян», «Өгіз бен бақа». «Қырық мысал» деген кітабын шығарды. Оның белгілі өлеңдері: «Жиған-терген», «Қазақ қалпы», «Сөз иесін» және т.б. «Жиған - терген» Оюын ойып, орындап қойып, Түр салғандай өрнекке. Қиыннан қиып, қиырдан жиып, Құрап сөзді термекке. Еңбекке егіз, тіл мен жақ, Ерінбесең, сөйлеп бақ! 14
  • 15. Әр жолды ойлап, ойыма бойлап, Ұқтым тайыз, тереңді. Сайраған тілмен, зарлаған үнмен Құлағы жоқ кереңді – Ұқтыра алмай сөз әуре, Тек тұра алмай біз әуре. Сәкен Сейфуллин (1894 – 1938) Сәкен Сейфулллин 1894 жылы бұрынғы Жезқазған облысының Жаңаарқа ауданында дүниеге келді. Әкесі Сейфулла серілігі бар домбырашы, саятшы, сөзге шешен кісі болған екен, ал шешесі Жамал әңгіме, ертегілерді көп білетін әрі нақшына келтіре айтатын салиқалы ана болыпты. Сәкен әке мінезін, өнерін бойға жұқтырып, ана әңгімелерін жалықпай тыңдап, зердесіне түйіп өседі. Ұғымтал Сәкен ауыл молдасынан хат таниды. Әкесі тоғыз жасар Сәкенді тіл үйренсін деп, Нілдідегі таныс орысының үйіне тұрғызады. Сол жерде екі жыл зауыт мектебінде оқиды. Болашақ күрескер ақын кенішті қаладағы зауыт, шахта жұмысшыларының аянышты өмірімен танысып, ереуілдерін көріп, соларға бүйрегі бұрады. Содан кейін бес жылдай Ақмолада оқып, 1913 жылы Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияға түседі. Оны 1916 жылы бітіріп шығады. Ол осы жылдары орыс және Еуропа әдебиетімен танысады. Абайды сан қайтара оқып, ауыз әдебиеті мен фольклордан мол хабардар болады. Сөйтіп өзі де өлең жаза бастайды. Алғашқы өлеңдер жинағы Қазан қаласында басылып шығады. Мағжанды айтпағанда, Сәкен сияқты 20 жасында өлең кітабы шыққан қазақта ол кезге дейін ешкім болған жоқ. Оқу бітірген соң, көп жыл мұғалім болады. Он алтыншы жылғы ұлт-азаттық көтерілісі бұрқ ете түскенде, ақын халық жағына шығады. Ол дереу Ақмолаға келіп, жаңа заман жолындағы күреске араласады. Сол кезде жазған «Асығып тез аттандық», «Далада», «Кел, жігіттер», «Қашқынның аулы», «Жас қазақ марсельезасы» т.б. әсерлі өлеңдері мен «Бақыт жолында» драмасы – сол кезең жемісі. 28 жасында Қазақстан үкіметінің басшысы, Бүкілодақтық Атқару Комитетінің мүшесі болды. Жаңа дәуірді жаңаша жырлаған ақын Кеңес үкіметінің түрмесінде қинау мен қорлық көріп, 44 жасында қаза болды. Ақын 1956 жылы толығымен ақталды. «Көкшетау» Арқаның кербез сұлу Көкшетауы, Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын. Жан- жақтан ертелі- кеш бұлттар келіп, Жүреді біліп кетіп есен- сауын. Сексен көл Көкшетаудың саясында, Әрқайсы алтын кесе аясында, Ауасы - дертке дауа, жұпар иісі, Көкірек қанша жұтса, тоясың ба? «Жас қазақ марсельезасы» Азамат, жүнжіме, жүрме бос, Қол ұстас, бірігіп, тізе қос. Ту ұстап дұшпанға барайық, Теңдіктің ұранын салайық. Тізесін батырған залымнан, Күн туды - біз теңдік алайық! 15
  • 16. Бейімбет Майлин (1894 – 1938) Бейімбет Майлин бұрынғы Торғай облысы Қостанай уезінде туған. Ауыл молдасынан хат таныды, ауылдағы татар мұғалімінен сабақ алды. Содан кейін 16-18 жасында сол жердегі Әбдірахман деген кісінің медресесінде оқыған. 1913 – 1914 жылдары Троицкідегі «Уазифа» медресе Ғалияға оқуға түседі. Медреседе шығып тұрған «Садақ» атты қолжазба журналдың үшінші санында Бейімбеттің тұңғыш туындысы – «Шұғаның белгісі» повесі жарияланды. Сол жылдары орыс тілін үйреніп, орыстың классикалық әдебиетімен танысады. 1922 жылдан бастап мерзімді баспасөзде жұмыс істеп, сол кездегі астана – Орынборда шығатын газеттерде әңгіме, өлең, очерктері шығып тұрды. 1923 жылы Қостанай қаласында «Ауыл» газетін шығарысты. «Раушан - коммунист» атты атақты повесі алғаш рет сол газетте жарық көрді. 1934-1937 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болды. Оның шығармалары: «Шұғаның белгісі», «Раушан коммунист», «Азамат Азаматыч» романы, «Талтаңбайдың тәртібі», «Майдан», «Неке қияр» т.б. драмалары. Оның шығармалары ауыл өміріне, кедей теңдігіне, әйел теңдігіне арналған. Бейімбеттің шығармаларында кедей кейіпкері- Мырқымбай. Ал байлардың кешегісі мен бүгінгісін келеке ететін өлеңі - «Ыбырай» Кеше: - Уа, кімсіз? - Ыбыраймыз. - Жаймысыз? - Жаймыз. - Уа, қайдан келесіз? - Сайлаудан келеміз. Елге ойран сап, ойнаудан келеміз. Күш сынасса, жүн болады. Біз бай, біз құдай, кім келеді сайма- сай? Бүгін: - Уа, кімсің? - Ыбыраймын. - Қайдан келесің? - Соттан келемін, соттан емес- ау, оттан келемін. - Не сұрайды? - Ақы сұрайды. - Қанша? - Он мың сом. - Он мың сом? Нең қалады? - Нем қалушы еді? Қатын қалады, мен қаламын. - Енді не етпексің? - Бітем. - Бітсең, біт. Мен де соны күтем! Жүсіпбек Аймауытов (1889 - 1931) Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы Семей губерниясы, Павлодар уезіндегі Қызылтау болысында дүниеге келген. Ол жақсы, өнегелі отбасында туған. Оның әкесі Аймауыт домбырада жақсы ойнаған және балаларын осы өнерге үйретіпті. Анасы Бәтиманың өлең шығаратын ақындығы болған. 1907 жылы Баянауылға барып, орыс мектебіне оқуға түсіп, бір жылда екі бөлімін бітірді. 1908 жылы Керекудегі ауылшаруашылық мектебіне түсті. Осыдан кейін біраз ауылда бала 16
  • 17. оқытып, екі жылдай Керекудегі орыс - қазақ мектебінде оқиды. 25 жасында Семейдегі мұғалімдер семинариясына түсіп, оны 1919 жылы бітірді. Ол «Алаш» партиясында болды, «Абай» журналын шығарысты, «Қазақ тілі» газетінің редакторы болды. Бірнеше жыл Ташкентте «Ақ жол» газетінде жұмыс істеді. 1926-1929 жылдары Шымкент педагогика техникумының директоры болды. 1929 жылы «Ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар» деген жаламен қамауға алынып, 1931 жылы қайтыс болды. Жүсіпбек Аймауытов – шабытты ақын, ондаған тартымды әңгімелер мен «Күнікейдің жазығы» атты повесі, «Ақбілек», «Қартқожа» сияқты романдары, «Мағжанның ақындығы туралы», «Психология» т.б. шығармалары бар. «Туған жер» ( «Қартқожа» романынан үзінді ) Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған елдегі адам қайдан білсін? Туған жердің қадірін алыс жерге ұзатқан, ұзатқанына әлде талай жыл өткен қыз білмесе, кім білсін? Туған жердің қымбатын ғылым іздеп, шет жайлап, кітап қарап сарылып, көзінің майын тауысқан, көшенің шаңын көп жұтқан шәкірт білмесе, кім білсін? Туған жердің артығын, жазатайым іс істеп, күштілерге күш етіп, еріксіз елден айрылған, шеттен дәмі бұйырған, жаттан сыйлау көрмеген ер білмесе, кім білсін? Туған жердің асылын қараңғы үйде қамалып, қара нан мен қара шай жүрегін кесіп жатқанда, қазы, қарта, сары қымыз бір - бір ұшып көзінен, есіл елін сағынған, бір көруге зар болған тұтқын білмесе, кім білсін? Туған жердің қадірін әлеуметтік ісіне басын байлап жегілген, қағаз кемірген, күйіп - пісіп, көбелек боп, еңбегінің жемісін көрсем- ау деп телмірген, тар көше мен тар үйде бойы бір сергіп көрмеген азамат білмей, кім білсін? Ыстық қой, шіркін, туған жер! Туған жерге жеткенше қайтіп дәтің шыдайды? Кім сағынбас өз қағын? Кім сүймесін өз жерін? Сүймесе сүймес, зердесіз, шерсіз жүрек, тілеуі бөлек жетесіз... Сәбит Мұқанов (1900 – 1973) 1900 жылы 22 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Ата- анасынан ерте жетім қалады. Ауыл молдасынан хат таниды. 14-15 жасынан өлең жаза бастайды. 1918- 1919 жылдары Омбыда мұғалімдер курсында оқыды. Содан кейін бірнеше жыл мұғалім болды. 1922- 1926 жылдары Орынборда рабфакта оқыды. Ол бірнеше жыл Алматыда Абай атындағы педагогикалық институтта профессор, Қазақстан жазушылар одағының председателі болды. С.Мұқанов ұзақ жылдар бойы ойшыл, демократ, ғалым, саяхатшы Ш. Уәлихановтың өмірі мен творчествосын зерттеді. Омбы, Ленинградттың архивтерінде, кітапханаларында болды. Ол «Аққан жұлдыз», «Ботакөз», «Мөлдір махаббат» романдарын, «Шоқан Уәлиханов» пьесасын, «Сұлушаш» поэмасын, «Өмір мектебі» трилогиясын жазды. Ол – 200-ден астам әдеби мақалалардың авторы. Ол қазақ ауыз әдебиетін, батырлық және ғашықтық жырларын, айтыстарын зерттеген, фольклор және көне жазба мұраларын жинады. Өмірінің соңғы жылдарында «Халық мұрасы» атты еңбегі жарық көрді. Бұл еңбегі қазақ халқының мәдениеті, тілі, өнері, тұрмысы туралы. 17
  • 18. «Қызылжар» Кей – кейде жаңбырыңнан көз аштырмай, Аяқты кей көшеңде саз бастырмай, Тұратын Қызылжарым, мен келсем-ақ, Қоймайсың ешуақытта сен бас ұрмай. Бұның не? Сағыну ма, сыйлауың ба? Әзірмін не десең де илануға! Емес пе, сондықтан да жыл сайын кеп, Не әке, не шешедей қимауым да? Көрдім мен, көп қаланы алыс, жақын, Керемет сұлуын да, таң қалатын... Токио, Лондон, Каир... өзгертпейді, Жүректің саған деген махаббатын. Тұрғының, үйің, көшең – бәрі қымбат, Жеткенше тіл бояуы сені сырлап, Қызылжар, қымбат қалам, - біткенше өмір, Ең ыстық махаббатпен, жүрем жырлап. Мұқағали Мақатаев (1931 – 1976) Ғасыр ақыны аталған Мұқағали Мақатаев - ғажайып, ақиық ақын, сатирик, аудармашы, жазушы, тілші, драматург. М. Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Энгельс атындағы колхоздың Қарасаз деген жерінде дүниеге келген. Әкесі Сүлеймен соғысқа өз тілегімен аттанып, Калининград майданында ерлікпен қаза тапқан. Анасы Нағима үш ұл өсірген, ардақты ана болған. Балалық шағынан-ақ ақын ерте есейді. Орта мектепті бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласты, ауыл советінің хатшысы, комсомол қызметкері, жеті жылдық мектептің мұғалімі болды. Мұқағали Мақатаев поэзияға қалай келді? Алпысыншы жылдардың басында Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде қызметін бастаған ол кейін «Жұлдыз» журналында жалғастырды. 1962 жылы ақынның поэзияға келу жолы басталды. Ақын Отан, туған жер, өмір, махаббат, табиғат, жастық шақ, ана, тіл, достық тақырыптарына ерекше жырлар жазған. Мұқағалидің «Өмір- дастан», Атамекен», Алтай - Атырау», «Ару- Ана, «Райымбек! Райымбек!, «Моцарт», «Аққулар ұйықтағанда» деген поэмалары бар. Ақын өлеңдеріне 100- ден астам ән жазылған. «Саржайлау», «Сәби болғым келеді», «Фариза қыз», «Отыздан асып барамын», «Есіңе мені алғайсың» т.б. Ақиық ақын 1976 жылы 27 наурызда 45 жасында қайтыс болды. «Үш бақытым» Ең бірінші бақытым - Халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін. Ол бар болса, мен бармын, кем болмаймын, Қымбатырақ алтыннан нарқым менің. Ал екінші бақытым - Тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей - кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім. Бақытым бар үшінші - Отан деген, Құдай деген кім десе, Отан дер ем! ...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба? Ойланбай- ақ кел дағы от ал менен. Үш бірдей бақытым бар алақанда, Мені мұндай бақытты жаратар ма! Үш күн нұрын төгеді аспанымнан, Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға! Орыс жастары арасында қазақ тілі білгірлерінің «Тіл - халық жанын танудың кілті» атты Республикалық байқауының ЕРЕЖЕСІ Байқаудың екінші Республикалық кезеңінің шарттары: Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі. 18
  • 19. І. «Менің туған өлкем» атты ауызша таныстырылым (электронды, көрнекті және басқа нұсқаларды пайдалануға болады, 3-5 мин.) ІІ. «Қазақстан: өткені мен бүгіні» тарихи- мәдениеттанушылық тест. Тапсырманы орындауға 50 минут беріледі. ІІІ. «Халықтың даналығы - оның сөзінде» атты шығарма- эссе жанрындағы шығармашылық жазбаша тапсырма. Тапсырманы орындау уақыты - 30 минут. ІV. Шығармашылық тапсырма: халық аспаптарында ойнау, ұлттық ән, би т.б. арқылы қазақтың ұлттық мәдениетін көрсету, (үй тапсырмасы ). Берілетін уақыт – 5-7 минут. 19
  • 20. Республикалық байқаудың бас жүлдегері – Смирнова Екатеринаның кейбір тапсырмаларының үлгілері І. «Менің туған өлкем» Мен - Смирнова Екатерина Алексеевна. Маған он алты жас. Мен оныншы сыныпта оқимын. Мен бейнелеу өнері мектебіне барамын. Мен сіздердің назарларыңызға өзім салған «Туған өлкем» суретін ұсынамын. (Осы жерден бастап С.Қ.О. туралы презентация орын-орнымен көрсетіліп отырады). Мен Солтүстік Қазақстан облысынан келдім. Солтүстік Қазақстан облысы – Қазақстанның солтүстік қақпасы. Құрылған жылы – 1936 ж. 29 шілде. Жер көлемі – 98040 шаршы шақырым. Облыс халқының саны – 700000-дай, яғни жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Облыс Ресейдің Тамбов, Калуга, Омбы, Тула облыстарымен бір ендікте орналасқан. Жерім - ақ қайыңдар өлкесі. Солтүстік Қазақстан - ақ қайыңдар аралы! Біздің облыс көп қырымен бағалы. Шоқ- шоқ қайың, желбіреген терек - тал, Даласынан Есіл өзен ағады. Орталығы - аты әдемі Қызылжар, 20
  • 21. Көктемі көк, күзі қоңыр, жарқын жаз, Борандатқан бет қаратпас қысы бар. Солтүстік Қазақстан - астығы мол өлке. Облысымыздың бір байлығы - нан болды, Нан болғанда өлең - жыр да, ән болды. Тың игерді тасқындатып астығын, Қоймамызда миллиардтаған дән болды. Солтүстік Қазақстан облысының орталығы - Петропавл қаласы. Мен осы қалада тұрамын. Петропавлдың тарихы өте қызықты. Оның іргесі – 1752 жылы қаланған. Петропавл деп аталады, өйткені, Петр және Павел деген ағайынды адамдар болған. Олар бекініс салған, сондықтан сол бекіністі Петропавл деп атаған. Бұл туралы С.Мұқановтың «Өмір мектебі» трилогиясында аңыз бар. Петропавлдың бас көшесі – Қазақстан Конституция көшесі. Осы көшеде Абай мен Пушкинге ескерткіш орналасқан. Ол – қазақ және орыс халықтары достығының айғағы. Осы көше бойында Қарасай мен Ағынтай батырларға ескерткіш бар. Олар – достықтың, батырлықтың символы болған адамдар. 2008 жылы біздің қаламызда Абылай хан резиденциясы ашылды. Оны біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ашты. Дана бабамыз Әл-Фараби былай деген: «Білімді болу деген -жаңалықты ашуға қабілетті болу». Қаламызда көп оқу орындары бар. Олардың бірі- білім ордасы, еліміздегі ең жақсы 5 университеттің бірі, біздің мақтанышымыз – Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті. Солтүстік Қазақстан облысының жері - қасиетті жер, ұлы, дарынды, атақты адамдармен өте бай. Олар: И.Шухов, С.Мұқанов, М.Жұмабаев, Ғ.Мүсірепов және т.б. Иван Шухов, Ғабит, Сәбит ұлы бар, Қаламынан том - том кітап туындар. Әдебиет майданында алғы сапта болды да, Қатарынан кем болған жоқ Қызылжар. «Жақсының аты өлмейді» дегендей, бұл адамдарға облысымызда аудандар, кітапханалар, ескерткіштер, мектептер, көшелер бар. Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы туралы көп өлеңдер, аңыздар бар. Мен өз сөзімді жерлесіміз С.Мұқановтың «Қызылжар» өлеңімен аяқтағым келеді: Көрдім мен көп қаланы алыс, жақын, Керемет сұлуын да таң қалатын,... Токио, Лондон, Каир...өзгертпейді, Жүректің саған деген махаббатын. Тұрғының. үйің, көшең - бәрі қымбат, Жеткенше тіл баяуы сені сырлап, Қызылжар, қымбат қалам, біткенше өмір, Ең ыстық махаббатпен жүрем жырлап. Назарларыңызға рахмет! ІІ. Тест тапсырмасы. ( Қатысушыларға балы айтылып, тест тапсырмалары көрсетілген жоқ). ІІІ. «Халықтың даналығы - оның сөзінде» Халық даналығы- тіл өнері. Ал тіл өнерінің құралы - сөз. Дана сөздер - мақал- мәтелдер. Әрбір мақал - мәтелден халықтың ақыл-ойы, даналығы мен тапқырлығын көреміз. Мақал- мәтелдердің тақырыптары әртүрлі болады. Олар өмір, Отан, білім, ел, еңбек, тәрбие, тіл туралы. Мысалы мына мақалды алайық: «Байлықтың атасы - еңбек, байлықтың анасы - жер». Қандай тауып айтылған сөз! Байлықтың анасы – жер. Бұл шындық, себебі туған жер - адамның ең қасиетті, қымбат нәрсесі. 21
  • 22. Ал отансүйгіштік - адамның ең жақсы қасиеті. Отан туралы көп мақал- мәтелдер бар. Олардың бірі «Отансыз адам, ормансыз бұлбұл». Бұл - ертеден келе жатқан мақал. Әрине, құсқа орман керек, балыққа өзен, көл, су керек, шөпке, гүлге құнарлы жер керек, ал адамға Отан керек. Меніңше, сол Отан, туған жер үшін еңбек ету керек, сондықтан байлықтың атасы - еңбек дейді. Еңбек туралы да мақал- мәтел өте көп. Олардың бірі - «Еңбек сүйсең жасыңнан, Бақыттысың, жас ұлан!» Бұл - шындық, Біз жастар үшін еңбек - оқу, білім, өйткені қазір күш білімде. Еліміздің ертеңі- біз жастар. Ал қазір ХХІ ғасыр - білім мен техника ғасыры. Биік белестер мен мақсаттарға жету үшін, ұлттың, елдің бірлігі керек. Осы жерде Төле билің дана сөздері есіме түседі. Бұл сөздерді Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жиі айтады. «Бірлігі мықты ел болса, барлығы бауыр болады» Еліміздің басты мақсаты - бірлік, себебі біздің ел - көп ұлтты ел. 26 қазанда Қазақстан халқы Ассамблеясының ХV сессиясында Елбасымыз өз сөзінде былай деді: «Ұлттың бірлігі - біздің стратегиялық таңдауымыз. Ассамблея - еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі бесігі, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы» Өте көрегендікпен және даналықпен айтылған сөздер. Еліміздің экономикалық дамуы, халқымыздың әлеуметтік жағдайы бірлікке, татулыққа байланысты. Меніңше, дана сөздердің асылы - нақыл сөздер. Нақыл сөздердің айтары - өсиет, ұлағат, тәлім, парасат. Шешен адамдардың бірі - ұлы ақын, сазгер, жазба әдебиетінің негізін қалаушы, қазақ халқының мақтанышы - Абай Құнанбайұлы. Ол қазақ әдебиетін жаңа сатыға көтерді. Абай былай дейді: «Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ана, жақсы ата, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады». Абай бізге не айтқысы келді? Мен былай ойлаймын, ата- анадан тәрбие болады, дос, жолдастардан үлгі, ұстаздан ақыл, білім аламыз. Біз бала кезден тәрбие, білім, өсиет арқылы жақсы -жаманды түсінеміз, білеміз. Мен өз пікірімді Ғ.Мұстафиннің дана сөздерімен аяқтағым келеді. «Халық даналығы - мұра, ал мұралардың ең қымбаты - сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады. Асылы, адам да, нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды, ал сөз - халықтың қымбаттан қымбат кені». ІV кезең. Шығармашылық тапсырма. Байқаудың бұл кезеңіне жерлесіміз Мағжан Жұмабаевтың «Жан сөзі» өлеңін дайындап, өлең мазмұнына сай кілемше тоқылды. Мағжан Жұмабаев (1893 – 1938 ) М.Жұмабаев 1893 жылы мамыр айында қазіргі М.Жұмабаев ауданында туған. Ол ауыл молдасынан хат таныған. Содан кейін Уфа қаласында медресе Ғалияда, Омбы қаласында мұғалімдер семинариясында оқыды. Кейін Мәскеудегі көркем әдебиет институтын бітіреді. М.Жұмабаев жасынан бастап өлең жаза бастаған. Оның өлеңдері туған жер, халық, туған тіл, Отан туралы. Бір ғана әңгіме жазған. Бұл - «Шолпанның күнәсі». Оның белгілі дастандарының бірі - «Батыр Баян». Балаларға арнап бірнеше кітап, студенттерге арнап «Психология», «Педагогика» еңбектерін жазды. М.Жұмабаев - елін, жерін сүйген патриот ақын. Ол Фет сияқты табиғат туралы көп жазған. Туған тіліне арнаған «Қазақ тілі», «Мен жастарға сенемін» сияқты өлеңдерін көптеген жастар жатқа біледі. Махаббат туралы «Сүй, жан сәулем», «Гүлсімге» т.б. өлеңдері жастарға арналған. Мағжан Жұмабаев - әрі патриот, әрі педагог, ақындардың ақыны. Оның атында облысымызда аудан, педагогикалық колледж, ескерткіш, көше, кітап дүкені бар. 22
  • 23. Өленді дұрыс оқуға үйретуге арналған мәтін үлгісі. «Жан сөзі» Өмір - теңіз, жоқ оның түбі, шеті, Сылқ- сылқ күлген сиқырлы толқын беті. Осы өмірге келгелі көп күн болды, Енді бір ай - толады жиырма жеті. Мен жоқ едім, бар қылып анам тапты, Содан бері Күн талай шықты, батты. Ес білгелі алысам өмірменен, Өмір- теңіз, толқыны тым көп қақты. Мен туғалы ағарып, көп таң атты, Қараңғылық жер бетін талай жапты. Ес білгелі алыстым жүрекпенен, Ырық бермеді, қайғырды, ол не тапты? Әміріңді екі қылмай орындадым, Есімде отқа, суға ұрынғаным. Өтті жылдар жапанда жалғыз қаппын, Өмірімді осынша улап, не қылғаның? «Жел бол !»- дедің, жел болып еспедім бе Уақыт талғап, ерте я кеш дедім бе? Желдей жынды, есалаң екпінді боп, Зулап тұрған отқа өзім түспедім бе? «От бол!» - дедің, от болып жанбадым ба? Күйдірмей, сірә, нәрсе талғадым ба? Күлді де алдым құшаққа, гүлді де алдым, Мынау «күл», мынау «гүл» деп таңдадым ба? «Су бол!» - дедің, сылдырап ақпадым ба? Жыландай жүз бұралып жатпадым ба? Ерікті еріксіз суымнан татар жанды, Сиқырлап сылдырменен таппадым ба? «Күн бол!» - дедің, мен күндей күлмедім бе? Күннен де астым, мен «күндіз- түн» дедім бе? Күн - тәкаппар. Мен көппен құшақтастым, Бұл ісімді күндікке мін дедім бе? Сен «Сүй» - дедің, талайды сүймедім бе? Көбелек боп көп отқа күймедім бе? Тірілгенім болмаса, өлгеннен соң, Мен талай күлден кебін кимедім бе? «Жыла!»- дедің, талай жас төкпедім бе? Дария болды көз жасым, көп дедім бе? Жасым бітсе, қып- қызыл қан жыладым, «Жыламаймын, көзде жас жоқ» дедім бе? 23
  • 24. «Ата- анаңнан без!»- дедің, безбедім бе? Қаңғырып, талай жалғыз кезбедім бе? Басыма талай қара күндер туды, Ата- ана, туысқан іздедім бе? «Елің тастап, кет!»- дедің, кетпедім бе? Жер шетіне барсам да, шет дедім бе? Жыландай бауырына кіріп алып, Қалайда жатты жақын етпедім бе? «Жоқты іздеп тап!»- дедің сен, таппадым ба? Сен «Айға шап!»- дегенде, шаппадым ба? Не керек? Бар бұйрығыңды орындадым, Сұм жүрек, сол қызметімді ақтадың ба? Ақтамадың, алдадың, енді білем, Енді бір ай - жиырма жеті жасқа келем. Отыз, қырық, қартаям, сөнем, өлем... Еліме есебімді не деп берем! Енді бір ай- жиырма жеті жас толады, Отыз, қырық... Сарғаяды, жүз солады. Жыл соңынан жүгіріп жыл озады, Кеудеге күн -күн сайын шер толады. Ессіз жүрек аспанға қол сермеді, Ессіз жүрек ақылға жол бермеді. Жастық - у ғой, айнымай у ішіппін, Бұл күндерде кеудені ой кермеді. Ақылға кеш айналдым, қараң күнім, Бір күні құшағына алар елім. Қара жерді құшақтап, мен жатармын, Сол кезде не деп мені сынар елім? «Жел еді, желді жыр ғып өтті»- дер ме? «Есалаң сүйіп еді шоқты» - дер ме? «Ойы жоқ, ессіз отты тәңірі көрген, Тұншығып жат, есерім!» - деп күлер ме?! Болмаса: «Қызыл гүл ед, солды» - дер ме? «Сермеп ед алтын Айға қолды» - дер ме? «Қажымай Айға шапқан арыстан ед, Сабаз- ай сол жолда мерт болды» - дер ме? «Күн еді өмір бойы күлді»- дер ме? «Күн еді, сүймеуші еді түнді!»- дер ме? «Күн еді, күндей айқын күле білді, Сол күлумен ақыры өлді!» - дер ме? «Сұлулықтың асығы - жыршы!» - дер ме? «Жүректің сырын шешер сыршы!»- дер ме? 24
  • 25. Не қуаныш, не қайғы басқан күнде, Басыма келіп: «Ақыным, тұршы!»- дер ме? Болмаса басыма да бармас па екен? Атымды аузына да алмас па екен? Қарайып жапан түзде жалғыз тұрған, Молама көз қырын да салмас па екен? Дариға, сол күндерде күнім қараң, Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған: «Болғайсың, сыншы болсаң, әділ сыншы, Кінәні жүрекке қой, қойма маған!» Мені атама, бұл жүрек жынды дерсің, Ұмтылған аламын деп Күнді дерсің. «Сүйіп- күліп, күйіп - көз жасын төгіп, Жынды жүрек өлді де, тынды!»- дерсің. Мәтін бойынша жүргізілетін жұмыс түрлері: 1. Оқушы мәтінді сөздікпен өзі еркін аударады, түсінгенін айтады. 2. Дұрыс оқу үшін арнайы дайындалған мәтінді оқуға жаттықтырылады. 3. Өлең жолдарындағы сезім құбылыстарына сәйкес дауысты құбылтуға үйретіледі. 4. Бет құбылысы мен дене, қол қимылымен жұмыс істелінеді. 5. Оқушы өлеңді өздігінен жаттауға уақыт беріледі. 6. Оқушылардан құрылған эксперт тобының алдында жатқа айтып, сапасы бағаланады, талданады. 7. Оқушы көпшілік алдында жатқа айтуға өзі дағдыланады. Оқушылардың «Менің Отаным - Қазақстан» атты шығармалар байқауына жазылған шығармалар үлгісі «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» дейді Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Ал сол болашақ біздің бүгінгі оқушыларымыздың қолында. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде мемлекеттік тілді үйрететін мұғалімдердің міндеті - оқушыларды сөйлеуге ғана емес, өз ойларын мәдениетті жаза білуге және күнделікті өмірде болып жатқан өзгерістерден хабардар, жан-жақты сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сіздердің назарларыңызға шығармалар байқауынан жүлделі орын алған біздің мектеп оқушыларының кейбір шығармаларын ұсынамын. «Менің Отаным – Қазақстан» атты қалалық шығармалар байқауы. Авторы - Елена Полищук, 11-сынып оқушысы. «Біз тарихымызда тұңғыш рет Шығыс Азия мемлекеттерінің тәжірибесін және өзіміздің көп ұлтты әрі көп дінді қоғамымыздың ерекшелігін ескеріп, Батыс демократиясының қағидаттарына сай келетін тәуелсіз мемлекетімізді орнаттық.» Н.Ә. Назарбаев Мен – орыспын, бірақ сайыс туралы естіп, шығарманы қазақ тілінде жазуым керек деп ойладым. Дұрыс шешім қабылдадым. Мен Қазақстанда тұрамын, ал қазақ тілі – оның мемлекеттік тілі. Өз Отанын сүйетін адам оның тілін де жақсы біледі, ал мен Отанымды 25
  • 26. жақсы көремін. Отанымның тілі – менің тілім, сондықтан мен Қазақстан туралы қазақ тілінде айтқым келеді. Отан – әр адам үшін ең маңызды, ең қымбат, ең жақын ел. Онымен әркімнің өміріндегі қуанышты, бақытты сәттері байланысты. Отан туралы ойлап, адам өз анасын, туыстарын, балалық шағын есіне алады. Менің Отаным – менің Қазақстаным. Мен өз елімді өте жақсы көремін. Меніңше, менің Отаным – әлемдегі ең әдемі, ең ырысты ел. Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алды. 1991 жылдан бастан Қазастанда тұратын адамдар үшін жаңа өмір басталды. Биыл тәуелсіздікке 15 жыл. Бұл – өте қысқа мерзім, бірақ біздің өміріміз өте өзгерді. Қазір мемлекетіміз тез дамуда, елімізде көптеген ұлттар тату-тәтті тұрады. Әрине, республикамыздың құт-берекесі, өркендеуі біздің басшымызбен байланысты. «Жаңбыр жаумаса – жер жетім», - деген Төле би. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың арқасында Қазақстанда тұратын адамдардың өмірі жылдан жылға жақсарып келеді. Н.Ә. Назарбаев туралы айтқанда, оның Қазақстан халқына жолдауы есіме түседі. Өз жолдауында президентіміз Қазақстанның дамуы туралы айтады. Мысалы: «Үкіметке білім беру кредиттерінің мөлшерін 50 пайызға арттыруды тапсырамын», - дейді Нұрсұлтан Әбішұлы. Қазір мен 11 сыныпта оқимын, мен – болашақ талапкермін. Сондықтан, менің ойымша, бұл өте дұрыс шешім, ол көптеген мектеп бітірушілерге ақысыз жоғары білім алуына кепілдік береді. Президент: «Біз баршаға барынша мүмкіндіктер беретін қоғам ... құруды аяқтауға тиіспіз», - дейді. Мен сондай қоғамда тұрғым келеді. Мен өзімнің бақытты болашағыма сенемін, ол болашақ менің Отаныммен, Қазақстаныммен байланысты. Мен қай жерде болсам да, Отанымды ешқашан ұмытпаймын, ойларым әрқашан онымен бірге болады. Мен өз өмірімді Отаныма арнағым келеді, өйткені ол – менің үмітім, бақытым және жаным. Мені Қазақстанның болашағы өте толғандырады. Менің ойымша, Отаным үшін білім алу, еңбек ету – менің парызым. Жүрегім, жырым сенікі, Келісті далам, кең далам. Тудым, өстім, есейдім, Ен далам – анам, мен – балаң, - дейді ұлы қазақ ақыны І. Жансүгіров. Оның өлеңдерінде Қазақстанның әр азаматының ойлары, сезімдері, жаны көрсетіледі. Мен оның сөздеріне қосыламын. Біз – Отанымыздың балаларымыз, біз үшін Қазақстан – анамыз сияқты. Сол себепті оны әркімге ана сияқты жақсы көру, сыйлау құрметтеу қажет. Менің Отаным – Қазақстан. Мен – Қазақстан Республикасының азаматымын. Бұл – менің мақтанышым! «Менің Отаным – менің Қазақстаным» атты облыстық шығармалары байқауы. Авторы – Анна Алекберова, 10-сынып оқушысы. Меруерт, саған сенің қазақстандық досың Анядан сәлем! Сен Қытайда тұратындықтан, менен Қазақстан туралы сұрадың. Бұл хатта мен саған менің Отаным туралы қысқаша айтқым келеді. Әр елде өзінің өткені, бүгіні және келешегі бар. Қазақстанның тарихы өте бай. Қазіргі Қазақстан – егеменді, тәуелсіз мемлекет. Қазақ халқы тағдырға сенеді. Президенттің өзі: «Біздің тәуелсіздікке қол жеткізуіміз маңдайымызға жазылған еді. Біз оны қалт жібермеуіміз керек болды», - дейді. Біздің уақытымыз – тамаша уақыт. Мен еркін елде тұрамын. Біздің елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол Қазақстан халқына жыл сайын өз Жолдауын жолдайды, соңғы 10 жыл ол өз халқымен тікелей эфир бойынша сұхбаттасады. Онда Н.Ә. Назарбаев қазақстандықтармен ел проблемасы туралы сөйлеседі. 26
  • 27. 2005 жылы, 18 ақпандағы Жолдауында ол Қазақстанның бүгінгісі мен келешегі туралы айтты. «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің әрбір қазақстандықтың жоғары білім алуына нақтылы кепілдік беруіміз керек!, - деді Н.Ә. Назарбаев. Маған оның сөздері ұнады. Биыл біздің мектептің көптеген оқушылары грантқа ие болып, жақсы университеттерде керекті мамандықтарға оқып жатыр. Қазір мен оныншы сыныпта оқимын, мектепті бітірген соң, жоғары оқу орнына оқуға барамын. Грантқа ие болу мүмкіндігін жібергім келмейді, сондықтан жақсы оқуға тырысамын. Н.Ә. Назарбаевты біз ғана емес, басқа елдер де бағалайды және құрметтейді. Жапония Премьер – министрі Д. Коидзуми елбасының Жолдауы туралы: «Бұл – нағыз жасампаздық жолдау», - деді. Корея Президенті былай дейді: «Мен Президентке, қазақ елінің болашағына сенемін». Ал Гарвард университетінің аспиранты Сюзан Сипко өз ойын былай білдіреді: «Қазақты Назарбаевтан артық ешкім білмейді. Қазақтардың мойнында тарихи міндеттер бар. Қазақтар елдегі бейбітшіліктің, татулықтың кепілі болуы керек. Өйткені, олар – осы мемлекеттің мұрагері. Қазақ Қазақстанда тұратын барлық басқа ұлттардың тағдырына, өміріне жауапты. Ол соларға қамқоршы бола алмаса, Қазақстанның болашағы күмәнді. Қазақ ұлты бәріне үлгі болуы керек. Бірлікке қол жеткізу үшін қазақ тілі алдыңғы орынға шығуы керек. Қазақстандағы ұлттарды жақындастыратын, біріктіретін – қазақ тілі». Мен Сюзанға қосыламын. Мен журналист болғым келеді, ал журналист болу үшін көп тіл білу керек, сондықтан мен қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйренемін. Ағылшын тілін мен үйреніп оқимын, ал орыс және қазақ тілдерін жақсы білемін. Мен орыспын, бірақ қазақ тілін түсінемін, жазамын, оқимын. Сен Қытайда тұрсаң да, өз ана тіліңді жақсы білесің, сондықтан менің хатымды қазақша оқисың, қазақ тілі – біздің ортақ тіліміз. Мен ойлаймын, Қазақстанның әр азаматы оның тілін, тарихын, өмірін жақсы білуі керек, өйткені бұл оның Отаны. Адамда өзінің Отаны болса, ол - бақытты адам. Мен – бақытты адаммын, себебі менің Қазақстан сияқты Отаным бар. Қазақ халқында «Отан – оттан да ыстық» деген мақал бар. Меніңше, бұл шын. Отаным әрқашан мені қорғайды және маған көмектеседі, ал мен жақсы азамат боламын. Басқа елдер де, мүмкін, жақсы елдер шығар, бірақ мен үшін ең маңызды, ең тамаша ел – Қазақстан, өйткені бұл – менің елім. Мен Қазақстанда оқығым келеді, жұмыс істегім келеді, тұрғым келеді. Әрине, Қазақстан туралы аз айттым. Жазда Қазақстанға кел, оны, әсіресе, біздің Астананы көрген адам, оны еш уақытта ұмыта алмайды. Мен өз еліммен мақтанамын, оны өте жақсы көремін. Сау бол, Меруерт. Сенің досың Аня. Жерлесіміз Мағжан Жұмабаевтың мерейтойына байланысты өткізілген шығармалар байқауы. Авторы – Сәуле Смағұлова, 11-сынып оқушысы. Тақырыбы: «Мағжан – еркіндік жыршысы». Міне, Күн! Сәулесі алтын жерді құшты. Жарыққа қуанысып құстар ұшты. Ізгі оймен ерік тілеп, жарық тілеп! Ұшамыз біз де жиып есті, күшті! М. Жұмабаев 27