SlideShare a Scribd company logo
1 of 33
Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы
«Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» МКҚК
Бабаева Дана Жартаевна
Педагогика психология және өзін-өзі тану
пәндерінің оқытушысы
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ әзірлемесі
Тақырыбы Адами қарым-қатынас ізгіліктері.
Сабақтың мақсаты
өзара түсінушілікке қол жеткізу құралы ретінде адамдар арасындағы қарым-қатынасқа құндылық
көзқарастарын қалыптастыру.
Міндеттері
- адамдар арасында тілдесу мәдениетінің дамуына ықпал ету;
- адам өмірінде тілдесудің рөлі туралы түсінікті ұлғайту;
- жеке қарым- қатынас дағдысын қалыптастыру;
- сөйлесу мәдениетін, үйлесімді тілдесімнің қажеттілігін дамыту;
- кикілжіңнің мәні, түрлері және олардан шығу жолдары туралы түсінікті ұлғайту;
- кикілжің жағдайды шешу білігін қалыптастыру.
Сабақтың ресурстары
оқу құралы ..............
Сабақтың өту барысы
1. Тренинг «Танысу».
2. Шаттық шеңбері. Ән: «Бір ауыз сөз». Сөзі К. Салықавтікі
Әні Ш. Әбілтаевтікі
Білім алушыларға бір ауыз сөздің құдіретті күші, сөз арқылы адамды қуантып,
жылатуға да болатыны, адамзаттың сәні – оның ойын жеткізетін салиқалы, саналы сөзінде
екені туралы әнді тыңдап, бірге қосылып айту арқылы шаттық шеңберін құрау.
3. Жағымды ойлау.
Жеңіл әуен ойналып тұрады.Текст оқылады.
4. Үй тапсырмасын тексеру.
5. Дәйексөз.
Кешіре білген сайын абыройың арта түседі.
Публилий Сир
...Түсінудің өзі де - адамның үлкен еңбегі.
Бауыржан Момышұлы
... Кекшілдік өзіңе де өзгеге де шөп шығармайды.
Асығыстың да тапқызар абыройы шамалы.
Әбіш Кекілбаев
6. Әңгімелесу.
Сөздің адами қарым-қатынасты орнатудағы маңызы, мәні туралы әңгімелесуді
ұыймдастыру үшін оқушылардың назарын осы тақырыптың дәйексөзі ретінде алынған
ұлағатты ой-пікірлерге аудару. Білім алушылар өздерінің ойын еркін білдіріп, әңгімелесуге
араласуы үшін төмендегі сұрақтар қойылады:
1. «Сөз» деген ұғымды қалай түсінесіздер?
2. Сіздің өмірлік ұстанымдарыңызға қатты әсер еткен сөз болды ма? Есіңізге түсіріп
көріңіз.
3. Адамның бірін-бірі түсінуі немесе түсінбеуі неге байланысты деп ойлайсыздар?
4. Түсінісу, ұғынысу дегенді қалай түсінесіз?
Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым
5. Кешірімді болу адамның қандай қасиетін білдіреді деп санайсыз? Сіз кешірімдісіз бе?
6. Кекшілдік қасиет қалай көрінеді?
7. «Асығыстың да тапқызар абыройы шамалы» деген айтылымды қалай түсінесіз?
7. Жаттығу, сергіту.
Білім алушыларға тұлғааралық қатынасқа арналған жағдаят. Сәлемдесу әдебіне
байланысты жағдаятты рөлдік ойын арқылы шешу.
1-жаттығу. Рөлдік ойын. «Сәлемдесу әдебін білесіз бе?»
8. Оқу ақпараты
Қазақ халқының сөйлеу мәдениетіне жататын әдепті сөйлеу, шешендік сөйлеу түрлері,
олардың өзіндік ерекшеліктері жөнінде ақпарат мәтінмен таныстыру.
9. Шығармашылық әрекет.
Күнделікті өмірде кездесетін әдепті сөздерді естеріне түсіріп, кестені толтыру.
Оқушыларды бес топқа бөлу.
Үлгі:
Сыпайы сөздер Құрметтеу сөздер Аялы сөздер Жағымды сөздер
Кешіріңіз,
Рахмет...
Ардақты
Аса құрметті...
Құлыным,
Айналайын...
Құлпырып кетіпсіз!
Өте тамаша!
10. Даналық тағылымы.
Халық даналығынан алынған жазылмаған ереже ретінде қолданылатын
«тыңдаушылардың талабына қарап, көңіліндегісін тауып сөйлеу», «орынды, әділ сөзге тоқтау
қажеттігін», «сөз қадірін танып мойындау», «шындықты айтуда да абай болатын
жағдаяттардың кездесетінін», жалпы алғанда, даналардың сөзіне құлақ салып, ескеріп жүрген
кезде ғана қиын жағдайдан қысылмай шығуға болатын жағдаяттарға тоқталу.
Мәтін: «Алдын ала ойлану - асыл қасиет»
11. Оқу ақпараты.
Білім алушыларға адамзат қоғамының өмірлік қажеттілігі ретінде сөйлесудің вербальды
және вербальды емес – интонация, мимика, тембр, пауза т.б. дене қимылдары мен қалыптары
арқылы жүзеге асырылатын түрлерінің болатыны туралы ақпаратпен танысу.
Талқылауға арналған сұрақ:
«Сені түсінсе – сол бақыт» деген тұжырымды қалай түсінесіздер?
12. Жаттығу, сергіту.
Сөйлесу
Вербальды Вербальды емес
Сөз, айтылған сөздің
мағынасы
Интонация, тембр, сөздің
мәнерлілігі, пауза мимика,
арақашықтық,т.б.
Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым
Оқушылардың адами құндылықтардың қатарына жататын сөйлеудің вербальды немесе
вербальды емес түрін түсініп, игеруін қамтамасыз ету мақсатында жаттығуды ұсыну.
13. Тақырып бойынша ой қорыту.
Білім алушылар ұсынылған тапсырмаларды орындау нәтижесінде вербальды емес сөйлеу
амалдары бойынша өздерінің ой түйіндерін жасайды.
14. Тренингілік тапсырмалар.
Тапсырманың мақсаты: білім алушылардың сөздік қорын байыту, сонымен қатар
олардың талдау, сараптау, ой қорыту іскерлік, дағдыларын қалыптастыру, дамыту. Білім
алушыларға өздерінің ой түйіндерін эссе ретінде жазу ұсынылады.
1. Адами қарым–қатынас қимылдарын білдіретін қарама–қарсы мағыналы сөздерді топтап
жазыңыздар.
Мысалы: қуанту–ренжіту, жылату–жұбату, ...................................... –......................................,
................................ – ....................................., ...................................... –....................................... .
2. Сөз сөйлеудің қарқынын, күшін көрсететін сөздер қатарын толықтырыңыздар.
Мысалы: түйреп сөйлеу, әзілдеп сөйлеу, толқып сөйлеу, ............................................ сөйлеу,
...................................... сөйлеу, ........................................... сөйлеу, .................................... сөйлеу.
3. «Тіл өнері – дертпен тең» (Абай) тақырыбына өз ойыңызды білдіріңіз.
15. Тақырып бойынша ой қорыту.
Адами қарым-қатынас игі әрекеттеріңдің бірі – тіл табысу және өзара түсінісу болып
табылады. Қолдан келгенше кикілжіңді болдырмауға әрекеттенген дұрыс. Тіл табысудың басты
кілті – кешірім сұрау болып табылады.
Басқа адамды түсіну оңай емес. Сондықтан біздің өмірде шиеленіскен кикілжіңді
жағдайлар болады.
16. Жаттығу, сергіту.
Ойын «Үнсіз почта»
Талқылауға арналған сұрақ: Осы жаттығу арқылы қандай қорытындыға келеміз?
17. Шығармашылық әрекет.
Тапсырма. «Қарым-қатынас ортасы» сызбасын қарастыраңыздар. Сызба келтірілген әр
адаммен қалай сөйлесер едіңіз. Бір адаммен түрлі жағдайларда сөйлесу варианттарын
қарастырыңыздар.
18. Даналық тағылымы.
Қарым-
қатынас
ортасы
Жас оқытушы
Менің жасымдағы
танымайтын адам
Жұмыстағы
әріптестер
Менен жасы кіші
танымайтын кісі
Достар
Ата-ана
Шамамен сіздің
жасыңыздағы
алыс туыс
Менің жасымдағы адам
қызметтік міндеттерін
атқаруда
Дүкендегі
сатушы
Автобустағы жас
кондуктор
Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым
Тапсырма. Кикілжіңнің бірнеше түрі туралы материалды оқыңыздар. Топ болып
талқылаңыздар.
Мәтін: «Кикілжіңнің түрлері».
19. Тақырып бойынша ой қорыту.
Тапсырма. Кикілжіңді дұрыс шешу жолдары туралы «Кикілжіңді жеңудің жеті қадамы»
атты мәтінді мұқият оқып, есте сақтаңыздар және керекті кезде қолдануға тырысыңыздар.
Мәтін: «Кикілжіңді жеңудің жеті қадамы».
20. Шығармашылық әрекет.
Проблемалық жағдаяттардың шешімін табу арқылы білім алушылардың адами қарым-
қатынастарда әдептілік сақтау тұрғысынан шығармашылық іс-әрекетін дамыту мақсаты
көзделеді.
Тапсырма. Өмірде адамның ашулану, ызалану сезімін тудыратын әр түрлі жағдаяттар
болып жатады. Сол жағдаяттар өзара адами қарым-қатынастың бұзылуына әкеліп соғады.
Оларды мәдениет тұрғысынан қалайшешуге болады? Төменде берілген жағдаяттарды әдептілік
тұрғысынан шешіңіздер.
21. Қорытынды.
Білім алушыларға өздерін қоршаған ортада, ұжымдағы адамдардың арасында сыйлы
болып, беделге ие болуы үшін белгілі кәсіптік құндылықпен қатар, жоғары білімді, жақсы мінез-
құлықты адам болу керектігі түсіндіріледі.
22. Жүректен жүрекке.
Адами қарым-қатынастарды орнатудың басты белгісі болып табылатын сөз, сөйлесу,
тілдесудің үлкен бір өнер екендігі, біздің таза да мінсіз асыл сөздеріміздің ойланып, асықпай,
байыппен сөйлегенде ғана екінші бір адамның құлағына жылы тиіп, жүрегіне жол тауып
жататын сәттерін үнемі есте сақтап жүру қажеттігін түсініп, сезінген білім алушылар Асан
қайғы бабамыздың өнегелі сөзін кезекпен оқып, айтып шығады.
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады.
Асан қайғы
Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы
«Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» МКҚК
Сабақтың технологиялық картасы
Пән ____Өзін-өзі тану________________________________________________________
Мерзімі _______________________Топ _________________________________________
Сабақтың №_______________________________________________________________
Тақырыбы Достық – бірлік пен ынтымақ негізі.
Сабақтың мақсаты:
адамдар арасындағы достық пен өзара түсіністікті бағалай білуге үйрету.
Міндеттері
- сенімді және адал дос болуға ұмтылысын дамыту;
- адамның өмірінде достықтың алатын орны туралы ұғымын кеңейту;
- айналасындағы адамдармен жемісті өзара әрекеттестік дағдыларын қалыптастыру;
- адамдармен достық және өзара түсіністікке ұмтылысын дамыту;
- адам өміріндегі достықтың орны туралы түсінігін тереңдету;
- көркем шығармалардағы және қоршаған ортадағы достық қарым–қатынастардың көріністерін
бағалау қабілетін дамыту.
Сабақтың ресурстары
оқу құралы, «Дос туралы жыр» ( сөзі: Т. Молдағалиев; әні: С. Бәйтереков) әнінің аудиожазбасы,
«Көшпенділер» фильмінің бейнежазбасы.
Сабақтың өту барысы
1. Шаттық шеңбері.
Оқушыларға мектеп қабырғасынан жақсы таныс болып табылатын достық ұғымы
туралы өз ой-пікірлерін білдіруді ұсынады. Сенімді, адал және нағыз дос туралы әңгіме бастап,
О. Сүлейменовтың «Нағыз дос» атты өлеңін мәнерлеп оқылады. Шеңбер құрып тұрған білім
алушыларға қандай қиыншылықтар болса да төтеп беріп, өмір жолын ойнап жүріп өткеретін
нағыз достың қандай болатындығын өмірден мысал келтіре отырып түсіндіру.
2. Пікірлесуге арналған сұрақтар.
1. «Досы көпті жау алмайды» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
2. Сендердің өмірлеріңде шын достықты дәлелдейтін қандай жағдайлар болды?
Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым
3. Ұлы Абайдың «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» деген ойының
ақиқаттығына мысал келтіре аласыз ба?
4. Нағыз достық, шынайы махаббат кез келген адамның өмірінде кездесе бермейді деген
пікір бар. Осы пікірге сіздің ойыңыз қалай?
3. Жағымды ойлау.
Жеңіл әуен ойналып тұрады.Текст оқылады.
4. Үй тапсырмасын тексеру.
5. Дәйексөз.
Достық – өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке
түгел ие бола тұрса да, дос-жарансыз өмірді қаламақ емес.
Аристотель
Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық.
М. Әуезов.
Дәйексөзге байланысты жүргізілетін жұмыс түрлері:
1. Адамның нағыз адам ретінде толыққанды өмір сүруі үшін өзіне шынымен берілген
адал да сенімді достың орны ерекше екендігін, сондай-ақ досыңды өзіңді қалай сүйсең,
жақсы көрсең, сыйласаң, дәл солай жақсы көріп, сүйіп, сыйлау қажеттігіне білім
алушылардың назарын аудару.
2. Оқушыларды шағын екі топқа бөліп, олардың арасында пікірталас ұйымдастыру.
Ұсынылатын тесистер:
1. Ең алдымен адамға материалдық игілік қажет, дос өзі-ақ табылады.
2. Досым менің кейбір оғаш қылықтарыма кешіріммен қарайды.
6. Шығармашылық әрекет.
Білім алушылардың оқулықпен және басқа да білім көздерімен жұмыс істеп, белгілі бір білім
жүйелерін қалыптастырып, ой-өрісін дамытып, оларды өздігінен және ұжымда жұмыс істей
алуға дағдыландыру мақсатында шығармашылық әрекетте жүзеге асыру үшін екі тапсырма
орындау ұсынылады.
1-тапсырма. Төменде берілген «Дос», «Дос таңдау туралы» және «Дұшпаннан қалай құтылу
туралы» үш мәтінді үш топқа бөліп оқыңдар. Әр топ өздерінің оқыған мәтінінің негізгі
мазмұнынан бес сөйлем (нақыл сөз, мақал, даналық тұрғысынан) құрастырыңдар.
7. Жаттығу, сергіту.
8. Тақырып бойынша ой қорыту.
«Қазақ тілінің сөздігінде» «дос» ұғымына берілген «дос» дегеніміз «сырлас, жора-
жолдас, жақын адам» деген түсінікті білдіреді.Жақсы дос үлкен бір дәулет, қазақ халқының
қанындағы достыққа беріктік тәрізді асыл қасиетті сақтай білу керек.
«Көшпенділер» фильмінің бейнежазбасынан үзінді көру арқылы ата-бабаларымыздың
достыққа қатысты жақсы әдеттері мен дәстүрлерін жалғастырудың маңызын түсіндіру.
9. Жүректен жүрекке.
Достық туралы ой, пікірлер әр алуан болса да, олардың барлығының діттегені достық
бар жерде бірлік, ынтымақ болатындығы, ал осы факторлардың басы біріксе, тірліктің
болатындығы, яғни нағыз адами өмір сүруге, өмірді одан әрі жалғастыру мүмкіндігінің
болатындығы туралы сөз қозғау. Сабақтан алған әсерлерін ортаға салып, өздерінің ой,
пікірлерін, көзқарасын білдірген білім алушылар сабақты «Дос туралы жыр» әнін бірлесіп
орындаумен аяқтайды.
Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы
«Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» МКҚК
Сабақтың технологиялық картасы
Пән ____Өзін-өзі тану________________________________________________________
Мерзімі _______________________Топ _________________________________________
Сабақтың №_______________________________________________________________
Тақырыбы Достық – бірлік пен ынтымақ негізі.
Сабақтың мақсаты:
адамдар арасындағы достық пен өзара түсіністікті бағалай білуге үйрету.
Міндеттері
- сенімді және адал дос болуға ұмтылысын дамыту;
- адамның өмірінде достықтың алатын орны туралы ұғымын кеңейту;
- айналасындағы адамдармен жемісті өзара әрекеттестік дағдыларын қалыптастыру;
- адамдармен достық және өзара түсіністікке ұмтылысын дамыту;
- адам өміріндегі достықтың орны туралы түсінігін тереңдету;
- көркем шығармалардағы және қоршаған ортадағы достық қарым–қатынастардың көріністерін
бағалау қабілетін дамыту.
Сабақтың ресурстары
оқу құралы, «Дос туралы жыр» ( сөзі: Т. Молдағалиев; әні: С. Бәйтереков) әнінің аудиожазбасы, Сағат.
Сабақтың өту барысы
10. Шаттық шеңбері.
Оқушылар үлкен шеңбер құрады. Ер балалар шеңбердің бір жартысында қыз балалар екінші
жартысында. Ер балалар:
Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ту ғып ұстап бірлікті,
Тату – тәтті жүреміз.
Қыз балалар.
Достық - өмір тірегі,
Достық - әр адамның тілегі.
Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым
Татулық дәйім сақталса,
Қуанышпен соғады әр адамның жүрегі
11. Жағымды ойлау.
Жеңіл әуен ойналып тұрады.Текст оқылады.
Біз барлығымыз ыңғайланып отырайық. Көзімізді жұмсақ та болады. Өзімізді «Достық пен
бірліктің» елінде жүрміз деп елестетейік. Бұл елде үлкендерді құрметтеп, кішілерге қамқорлық
жасайтын, Отанын сүйетін, жүректері мейірім мен сүйіспеншілікке толы, денсаулығы
мықты, ер жүрек адамдар мекен етеді.Солардың ішіндегі ең қадірлі адамдар әрине біздің
әрқайсымыздың ата – анамыз, ең сүйкімді де қылықтысы әрине біздің кішкентай балаларымыз.
Олар қашан да бір – біріне көмек көрсетуден, қамқорлық жасаудан шаршамайды. Біз
барлығымыз осындай достық пен бірлік елінде өмір сүріп жатқанымызға қуануымыз керек.
12. Үй тапсырмасын тексеру.
13. Дәйексөз.
Достық – өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке
түгел ие бола тұрса да, дос-жарансыз өмірді қаламақ емес.
Аристотель
Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық.
М. Әуезов.
Дәйексөзге байланысты жүргізілетін жұмыс түрлері:
3. Адамның нағыз адам ретінде толыққанды өмір сүруі үшін өзіне шынымен берілген
адал да сенімді достың орны ерекше екендігін, сондай-ақ досыңды өзіңді қалай сүйсең,
жақсы көрсең, сыйласаң, дәл солай жақсы көріп, сүйіп, сыйлау қажеттігіне білім
алушылардың назарын аудару.
4. Оқушыларды шағын екі топқа бөліп, олардың арасында пікірталас ұйымдастыру.
Ұсынылатын тесистер:
3. Ең алдымен адамға материалдық игілік қажет, дос өзі-ақ табылады.
4. Досым менің кейбір оғаш қылықтарыма кешіріммен қарайды.
14. Жаттығу, сергіту.
Білім алушылардың өткен сабақта алған білімі мен іскерігін жүзеге асыру мақсатында
ойындар ұйымдастырылады. Адамдардың әрекет үстіндегі қасиеттерін қалай танытып, өздерін
көрсетуі және тұлғааралақ қатынас жасайтын ортаға бейімделу қабілетін дамыту мақсатын
көздейді.
1-жаттығу. «Дос іздеймін».
Кез келген адамның өзіне лайықты досы болғанын армандайтыны белгілі. Сендердің
кейбіреулеріңің, мүмкін, осындай шынайы достарың бар шығар. Ал қайсыбірілеріңнің көптеген
таныстарың, жақындарың болса да солардың арасынан өзіңнің нағыз досыңды табу қиын шығар.
Ал, тағыбіреулерің, тұйық, ұялшақ мінезіңнен өзіңді жалғыз санап, достарыңның болмағанына
қынжылатын боларсыңдар. Кез келген жағдайда да нағаз дос ешкімге кедергі келтірмейді. Ендеше,
өзімізге қандай дос қажет екендігін бейнелейтін хабарландыруды
«Дос іздеймін» газетіне шығарып, бір сәт ойынға араласайық.
2-жаттығу. «Достықты бекітетін жіптер».
Мақсаты: білім алушылардың өздерін көрсетуі және тұлғааралық қатынас жасайтын ортаға
бейімделу қабілетін дамыту.
15. Даналық тағылымы.
Білім алушылардың сөз зергерлерінің ұлағатты ойларын оқып, білу арқылы достық, жолдастық
жайлы, өз көзқарастарын қалыптастыру, ой –өрісін дамыту мақсатын көздейді. Достықтың
мәнін түсінуге, жақсы және жаман дос, достардың түрлері, олардың көздейтін түпкі мақсаты,
дос таңдаудың өзіне тән қыр-сырын білу қажеттігі түсіндіріледі.
1-тапсырма.
Ұлағатты сөздер жөнінде өз ойларыңды білдіріңдер. Тапсырманың мақсаты: білім алушыларлдың
талдау сараптау, ой қорыту іскерлік, дағдыларын қалыптастырып, дамыту. Өз ой түйіндерін
эссе ретінде жазу ұсынамын.
2-тапсырма.
Сөйлемдерді аяқтаңдар. Тапсырманың мақсаты: айтайын деген ойларын дәйектеп, жүйелі түрде
жеткізу іскерлігін дамыту.
Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым
Адал дос дегеніміз – ... .
Дос жылатып айтады, ... .
Достық – қасиетті ұғым, себебі ... .
Дос таңдау деген ... .
Жаман жолдастан ... .
16. Жаттығу, сергіту.
1-жаттығу.
« Ұжымдық санамақ» ойыны.
2-жаттығу.
«Сағаттар» ойыны.
17. Тақырып бойынша ой қорыту.
«Қазақ тілінің сөздігінде» «дос» ұғымына берілген «дос» дегеніміз «сырлас, жора-
жолдас, жақын адам» деген түсінікті білдіреді.Жақсы дос үлкен бір дәулет, қазақ халқының
қанындағы достыққа беріктік тәрізді асыл қасиетті сақтай білу керек.
«Көшпенділер» фильмінің бейнежазбасынан үзінді көру арқылы ата-бабаларымыздың
достыққа қатысты жақсы әдеттері мен дәстүрлерін жалғастырудың маңызын түсіндіру.
18. Жүректен жүрекке.
Достық туралы ой, пікірлер әр алуан болса да, олардың барлығының діттегені достық
бар жерде бірлік, ынтымақ болатындығы, ал осы факторлардың басы біріксе, тірліктің
болатындығы, яғни нағыз адами өмір сүруге, өмірді одан әрі жалғастыру мүмкіндігінің
болатындығы туралы сөз қозғау. Сабақтан алған әсерлерін ортаға салып, өздерінің ой,
пікірлерін, көзқарасын білдірген білім алушылар сабақты «Дос туралы жыр» әнін бірлесіп
орындаумен аяқтайды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы
«Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» МКҚК
Сабақтың технологиялық картасы
Пән ____Өзін-өзі тану________________________________________________________
Мерзімі _______________________Топ _________________________________________
Сабақтың №_______________________________________________________________
Тақырыбы Жарқын өмір игілігі - жақсылық.
Сабақтың мақсаты:
адами құндылық ретіндегі «жақсылық», «қайырымдылық» ұғымдарының мәнін ашу; адамның өзі менг
оны қоршаған әлемді бағалаау қабілетін дамыту.
Міндеттері
- адамгершілік қасиеттерін жетілдіруге ұмтылысын дамыту;
- қайырымдылықтың білім, жауапкершілік және төзімділіктің синтезі ретіндегі түсінігін кеңейту;
- адамның өз айналасымен өзара сәйкестікте, үйлесімді дамуына көмектесу.
Сабақтың ресурстары
оқу құралы, «Анама» әнінің аудиожазбасы, «Мамы» фильмі үзіндісінің бейнежазбасы.
Сабақтың өту барысы
1. Шаттық шеңбері.
Шаттық шеңберінде адам баласы үшін бағала қазынадан да қымбат ананың баласына деген
махаббатына ешнәрсе де теңдесе алмайтын, оның өле өлгенше суынбайтын махаббат екендігін
ұғындыру мақсатында «Анама» атты өлеңі мәнерлеп оқылады. Білім алушылар өлеңді әніне салып
орындайды.
2. Дәйексөз.
Бұл әлемде данышпанның алдында бас иіп, қайырымдылықтың
алдында тізе бүгу керек.
В. Гюго
Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де
ананың ақ сүтінен тарайды.
Н.Ә. Назарбаев
3. Оқу ақпараты.
Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым
Оқушылардың назарын ананың жүрегі, ананың мейірімі, ананың махаббаты, ана алдындағы парыз
туралы мәтін үзінділерімен танысып, жақсылық жасап, қайырымдылық көрсетуді аналардан үйрену
қажеттігіне аудару.
Тапсырма. Мәтіндерден алынған үзінділердің (Ә. Қайдар, Д. Көпжанова, Ғ. Мұстафин)
мазмұнына сәйкес келетін мақал-мәтелдер, ұлағатты сөздерді естеріңе түсіріңдер.
«Мамы» фильмі үзіндісінің бейнежазбасы.
4. Пікірлесуге арналған сұрақтар.
- «Мейірімділікті анадан үйрен» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Анаға қандай қасиеттерді қосып айтады?
- Табиғат, Жер ұғымдары неге ана түсінігімен қосарланып (Табиғат ана, Жер ана) айтылған?
- «... жақсылық атаулының бәрі ананың ақ сүтінен тарайды» деген пікірге өз ойларыңызды
білдіріңдер.
- Өз өмірлеріңде кімдерге және нелерге жақсылық жасап көрдіңдер?
- Кімдерден және нелерден жақсылық көрдіңдер?
5. Даналық тағылымы.
Адами қарым-қатынастарға арналған өткен сабақтағы кикілжіңді жағдайларды шешу, кешірімді
болу мәселелерін жалғастырып, білім алушыларға ХІ ғасырда өмір сүргенпарсы жазушысы
Кайкаус(шын есімі Кей Кавус) және ХІІ ғасырдағы түркі халықтарының ақыны Ахмед Иүгінекидің
тағылымдық ойларымен танысуды ұсынады. Мейірімсіз, қатал болмау керектігін айта келіп, мейірім
шапағатын, биязылық шарапатын естан шығармау, сондай-ақ игі мінез бен жарамсыз қылықтың ара-
жігін айырып білудің қажеттігіне назарларын аударту.
6. Шығармашылық әрекет.
1-тапсырма. Тренингтік жаттығу. Мақсаты: білім алушылардың тақырыпқа байланысты
сөздік қорын байытып, әрбір сөздің мәні мен мағынасын айыра білуге, ой, пікір, көзқарастарын
еркін жеткізуге үйрету.
2-тапсырма. Ұлағатты сөздерден қорытынды шығарып, өз ойларыңды үш сөйлеммен
жазыңдар. Мақсаты: білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін, өзінің ойын жүйелі
түрде дәйектей алу іскерлігін қалыптастыру.
7. Жаттығу. «Қайырымдылық шырағы»
Біз әдетте жақсылық жасайтын адамды ашық, жарқын, нұрлы адам деп айтамыз. Ал,
«жақсылық» ұғымының өзі жарықпен, шуақпен, күн нұрымен байланысты. Бірақ жақсылық пен
жамандық, ізгілік пен зұлымдық жарық пен түнек тәрізді әрқашан бітіспес күресте. Бұл жаттығуда
біз жақсылықтың (жарық) жеңіске жетуі мақсатында әрекет жасаймыз.
8. Қорытындылау.
Сабақ барысында жүргізілген жұмыстарға қорытынды жасай отырып, білім алушылардың
назарын ортақ іске қызмететудің үнемі адамгершілікті керек ететініне, шын гуманист адам
айналасындағы адамдарға зор сүйіспеншілік және құрмет сезімімен қарап, қайырымды болуы
керектігіне, зиянды, теріс әрекеттерге қарсы шығып, адам баласының мұң-мұқтажын біліп отыруы,
жамандық атаулының бәріне келіспес, мейірімсіз күрес жүргізе білу қажеттігіне аударады.
9. Жүректен жүрекке.
Сабақтың соңында білім алушылар өздерінің сабақтан алған әсерлерімен бөліседі, өміріміздің
жарқын да нұрлы, шуақты, мәнді де сәнді болуы үшін айналаңа, өзіңе жақсылық жасау қажеттігін,
даналыққа үйренудің алдында ізгі ниеттерге үйрену керектігі атап өтіледі. Ұлағатты сөздерді
кезекпен оқып пікірлерін ортаға салады.
Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы
«Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» МКҚК
Сабақтың технологиялық картасы
Пән ____Өзін-өзі тану________________________________________________________
Мерзімі _______________________Топ _________________________________________
Сабақтың №_1______________________________________________________________
Тақырыбы Тарихпен өсіп өнемін.
Сабақтың мақсаты: өркениетке барар жолда тарихтың субъектісі ретіндегі адамның орны мен рөлін
анықтау.
Міндеттері
- тарихтың дамуында әрбір адамның алатын орны мен рөлін түсінуін тереңдету;
- адамның әлеуметтік белсенділігін танытуын қамтамасыз ету;
- тарихта із қалдырған адамдардың өміріне және қызметіне қызығушылығын дамыту;
- өткен тарихымызға, ұрпақтар сабақтастығына өз үлесін қосуға тәрбиелеу;
- тарихтағы нақты бір тұлғаның, елдің, ұлттың, материалдық және рухани мәдениетіне қосқан үлесін
бағалай білуге үйрету;
- өз тегінің, руының, отбасының, жақын және тағдырлас адамдарының тарихына қызығушылығын
дамыту;
- жеке отбасының, адамның бүкіл тарихи процеспен өзара байланысы жөніндегі түсінігін тереңдету.
Сабақтың ресурстары
оқу құралы, әдістемелік құрал, аудиоматериалдар, ..............
Сабақтың өту барысы
1. Шаттық шеңбері.
Білім алушылармен бірге халқымыздың, еліміздің тарихын қобыздың үнінен, ақын жазушылардың
бізге жеткен ауызекі аңызынан, домбыраның пернесі мен тасқа түскен таңбалардан іздеп тауып,
зерделеп жатқан жас ұрпақтың іс-әрекетіне талдау жасап, бұл бай мұраның біздің болашағымыз
үшін маңызына тоқталу.
Жағымды ойлау.
Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым
Жеңіл әуен ойналып тұрады.Текст оқылады.
2. Дәйексөз.
Бүгін өткенннің нәтижесі, әрі болашақтың бастамасы.
В.Г.Белинский
Адам баласының қолымен жасалғанның бәрі –уақыт пен төзімнің жемісі.
О.Бальзак
...ғұламалардың ғұмырлы ойлары өрнектеп кеткен
Бастаулар тарихтың тылсым тасаларында қатталған.
Ф.Оңғарсынова
3. Әңгімелесу.
«Шаттық шеңберіндегі» айтылған ойды педагог орыс әдебиет сыншысы, В.Г.Белинскийдің
«Бүгін – өткеннің нәтижесі, әрі болашақтың бастамасы», француз жазушысы О.Бальзактың
«Адам баласының қолымен жасалғанның бәрі –уақыт пен төзімнің жемісі» деген ұаағатты
сөздері және қазақтың ақын қызы Ф. Оңғарсынованың «...ғұламалардың ғұмырлы ойлары
өрнектеп кеткен бастаулар тарихтың тылсым тасаларында қатталған» деген жыр
жолдарын сабақтың дәйексөзі ретінде алып әңгімелесу ұйымдастырылады.Адамның
тарихтағы орны, оның өмірлік мақсаттары, сонымен бірге тағдыры жөнінде білім алушылар
өз ой, пікірлерін ортаға салады. Жетекші сұрақтар қою арқылы әңгімелесу жалғастырылады.
1. Бүгіннің кешегімен байланысы қандай деп санайсыңдар? Жауаптарыңды мысал
келтіріп дәлелдеңдер.
2. Сені халқымыздың, еліміздің өткені толғандыра ма? Қалайша?
3. Отбасыңның тарихынан не білесің?
4. Ата-бабаларыңнан қандай асыл (рухани) мұра қалды? Сенің оған көзқарасың қандай?
4. Даналық тағылымы.
Білім алушылардың назарын «Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады» деген
халық даналығына аударып, адамның қандай жағдайда болса да үмітін үзбеуінің қажеттігін
түсіндіру. Бойымызға болашақтың арман-мұраттарын дарытып, әрбір басқан қадамымыздың
нық әрі сенімді болуына көңіл бөлудыіңі маңызын түсіндіру.
Тапсырма
«Прогрестің құпиясы» (В.С. Соловьев) атты мәтінді оқып, пікірлесу.
Пікірлесуге арналған сұрақтар.
 Тарихты білу не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
 Халықтың тарихында өшпестей із қалдырған қандай оқиғаларды білесіңдер? Кейінгі
ұрпақ олардан қандай нәтиже шығарды?
 Қоғамның, өмірдің әрбір саласының тарихи даму жолдары не үшін қалыптасады?
 Өз тарихыңды білмей жарқын болашақ жасау мүмкін бе? Неліктен?
5. Оқу ақпараты.
Білім алушылардың назарын өткеніміздің нақты мазмұны туралы ақпарат алуда
тарихи-мәдени мұралардызерттеп білу, оқып-ысудың маңызы зор екендігіне аудара отырып,
оларға жас ұрпақтың туысқандық қатынастардың ара жігін танып, тармақтап, жүйелеп
ажырата білуі де заман талабынани туып отырған қажеттілік екендігін түсіндіру
6. Тақырып бойынша ой қорыту.
Адамның өмірінде өзінің тегін, тарихын т.с.с. білу мақсатында жауап іздейтін
сауалдары өте көп болады. Осы сұрақтарға жауап беріп, ұрпақтар сабақтастығын сақтап,
жалғастыру үшін адпм адам өзін–өзі тану бағытында жүйелі жұмыс жасауы қажет деген
қорытынды жасау.
7. Жаттығу, сергіту.
Сергіту сәтін ұйымдастыруда білім алушылардың өздігінше білім алу белсенділігін,
олардың өзара тату-тәтті ұжымдық қарым-қатынасын, ортақ міндетті шешудегі
Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым
жауапкершілігін, әсерленушілдігін т.б. әлеуметтік қасиеттерін қалыптастыру мақсаты
көзделеді.
8. Жүректен жүрекке.
Білім алушылар сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, тәуелсіз жас мемлекетіміздің
қалыптасып дамуының кезеңдерін айғақтайтын өлең жолдарына зер сала қарап. Ән шырқайды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы
«Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» МКҚК
Сабақтың технологиялық картасы
Пән ____Өзін-өзі тану________________________________________________________
Мерзімі _______________________Топ _________________________________________
Сабақтың №_______________________________________________________________
Тақырыбы Тарихпен өсіп өнемін.
Сабақтың мақсаты: өркениетке барар жолда тарихтың субъектісі ретіндегі адамның орны мен рөлін
анықтау.
Міндеттері
- тарихтың дамуында әрбір адамның алатын орны мен рөлін түсінуін тереңдету;
- адамның әлеуметтік белсенділігін танытуын қамтамасыз ету;
- тарихта із қалдырған адамдардың өміріне және қызметіне қызығушылығын дамыту;
- өткен тарихымызға, ұрпақтар сабақтастығына өз үлесін қосуға тәрбиелеу;
- тарихтағы нақты бір тұлғаның, елдің, ұлттың, материалдық және рухани мәдениетіне қосқан үлесін
бағалай білуге үйрету;
- өз тегінің, руының, отбасының, жақын және тағдырлас адамдарының тарихына қызығушылығын
дамыту;
- жеке отбасының, адамның бүкіл тарихи процеспен өзара байланысы жөніндегі түсінігін тереңдету.
Сабақтың ресурстары
оқу құралы, әдістемелік құрал, аудиоматериалдар, ..............
Сабақтың өту барысы
1. Шаттық шеңбері.
Білім алушылармен бірге халқымыздың, еліміздің тарихын қобыздың үнінен, ақын жазушылардың
бізге жеткен ауызекі аңызынан, домбыраның пернесі мен тасқа түскен таңбалардан іздеп тауып,
зерделеп жатқан жас ұрпақтың іс-әрекетіне талдау жасап, бұл бай мұраның біздің болашағымыз
үшін маңызына тоқталу.
2. Дәйексөз.
Бүгін өткенннің нәтижесі, әрі болашақтың бастамасы.
Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым
В.Г.Белинский
Адам баласының қолымен жасалғанның бәрі –уақыт пен төзімнің жемісі.
О.Бальзак
...ғұламалардың ғұмырлы ойлары өрнектеп кеткен
Бастаулар тарихтың тылсым тасаларында қатталған.
Ф.Оңғарсынова
3. Даналық тағылымы.
Білім алушыларға сөз зергерлерінің шығармаларын оқыту барысында бүгінгі жас
ұрпақтың ата-бабаларымыздың кім болғанын, не істегенін, ел-жұртқа несімен беделді
болғанын сезініп, түсіне білуі мақсат етіледі. Біздің бүгінгі өміріміз тарихтың тылсым
тасаларында қатталған ғұламалардың ғұмырлы ойлары өрнектеп кеткен бастауларынан нәр
алып, сусындайды. Біздің жалындаған от кеудеміз бүгіннің ұлы қадірін сезіне алуы үшін кешегі
«ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» замандардың қасіретін ұғынып білуі керек. Ол үшін
тарих қойнауына, оның қатпарларына көз жіберуіміз қажеттігіне білім алушылардың назарын
аудару.
Тапсырма
Ақын Ф.Оңғарсынованың «Тарихпен тілдесу» өлеңін оқып, топ болып талқылаңыздар.
Талқылауға арналған сұрақтар.
1. Ф.Оңғарсынованың тарихқа көзқарасы қандай?
2. Ақын өзінің өлеңінде не үшін тарихқа алғыс айтады?
3. Ақынның жеке тұлға болып қалыптасуына қандай факторлар, әсер етті деп
ойлайсыздар?
4. Ф.Оңғарсынованың қандай тұлғалық қасиеттері сіздерге ұнайды?
4. Шығармашылық әрекет.
Шығармашылық әрекетті ұйымдастыруда білім алушылардың оқу үдерісінде пәнаралық
байланысты жүзеге асыру мақсатын көздейді. Сонымен бірге білім алушылардың дербестігімен
ойлау қабілетін арттырып, жүйелі түрде өздігінен білім алуға талпынысын дамытады.
1- тапсырма.
Адамзат тарихы мыңдаған ғасырларды қамтиды. Тарихтың әрбір кезеңінде әлемнің
түкпір- түкпірінде қаншама аты әлемге әйгілі жеке тұлғалар өмір сүрді. Олардың әрекеттері
арқылы халықтың, мемлекеттің тарихы, шежіресі мен жылнамасы өзгеріп отырады. Олардың
өмірі мен еңбектері ұрпақтан ұрпаққа мұра болып бізге дейін жетіп отыр.
Тарихи оқиғалардың бірі мен өзіңізге өте ұнайтын тарихи жеке тұлғаның бірін есіңізге
түсіріп, мына кестелерді толтырыңыз.
Тарихи оқиғаның
аталуы жылы.
Себептері Жетістіктері Кемшіліктері Кейінгі ұрпаққа
берер сабағы
Жеке тұлғаның
аты, жөні,
жылдары,
саласы
Қалыптасуына
ықпал еткен
факторлар
Жағымды
қасиеттері,
жетістіктері
Кемшіліктері Кейінгі ұрпаққа
берер сабағы
2 және 3 – тапсырмалар.
(Әдістемелік құралдан беріледі)
5. Жағымды ойлау.
Жеңіл әуен ойналып тұрады: С. Тұрысбеков. «Көңіл толқыны». Кітаптағы текст оқылады.
6. Қорытындылау.
Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым
Тарихты жасаушы да, оның қозғаушы күші де адам екеніне тоқтала келіп, адамның өзін –
өзі танып, білуі үшін өз елінің, жерінің, халқының және шағын мемлекет болып табылатын
отбасының тарихын, оның кешегісі мен бүгінін, мәдениеті мен өнерін, тілі мен ділін, салт-
дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын білудің маңызына тыңдаушылардың назарын аудару.
Әрбір адам – жалпы адамзат тарихының органикалық бөлігі. Өзін – өзі тану өз
мемлекетінің, халқының, отбасының тарихын танып, білусіз мүмкін емес. Қазіргі мәдениет пен
өркениет туралы тарихты, текті ана тілін, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды білмей сөз қозғау
ағаттық. Оның үстіне халық көненің көздерін білгенде ғана жаңаны тудыруы, тарихты білгенде
ғана болашақты жасауы мүмкін. Тарихтағы кемшіліктер мен кертартпа дәстүрлердің мәнін
түсіну адамға жетістіктер мен прогресшіл дәстүрлерге, озық ойларға қол жеткізуге мүмкіндік
береді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы
«Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» МКҚК
Сабақтың технологиялық картасы
Пән ____Өзін-өзі тану________________________________________________________
Мерзімі _______________________Топ _________________________________________
Сабақтың № _____________________________________________________________
Тақырыбы Халықтың салт-дәстүрі болашақ келбеті.
Сабақтың мақсаты: «салт-дәстүр» «әдет-ғұрып» ұғымдарының мәнін ашу және оларды сақтап,
құрметпен қарау өркениетке барар жолдағы ұлт болашағын айқындайтын факторлардың бірі екендігін
ұғындыру.
Міндеттері
- ұлттық дәстүрді сақтай білу – ұрпақтар туралы түсініктерін өз тағдырына аялай қарауы, қадірлеп
қастерлеуі екендігін түсіндіру;
- әртүрлі салт – дәстүрлер мен әдет – ғұрыптар туралы түсініктерін тереңдету;
- өз халқының дәстүрлерін жалғастыруға ұмтылысын, талабын қалыптастыру;
- халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтап, құрметтеу арқылы білім алушылардың ұлтжандылық,
отансүйгіштік, қасиеттерін дамытуғакөмектесу.
Сабақтың ресурстары
оқу құралы, әдістемелік құрал, аудиоматериалдар, үлестірме материалдар.
Сабақтың өту барысы
1. Шаттық шеңбері.
Білім алушылардың өмірдегі, өнердегі, адамдар арасындағы қатынастарда бар жақсылықты,
әдемілік пен әсемдікті түсіне білуге және қабылдай білуге үйретуді көздейді. Өлең жолдарында
сипатталған қазақтың қолданбалы қолөнерінің туындылары халықтың салт-дәстүрлерінің
өміршеңдігін көрсететін бір белгілер болып саналатынына көңіл аудару.
«Қыз сыны» әні. Сөзі:Қ. Қазыбековтікі.
Әні: М. Омаровтікі.
2. Дәйексөз.
«Саналы ер салтын сақтар».
Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым
Халық даналығы
«Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа».
Қазақ мақалы
3. Әңгімелесу.
Сабақтың дәйексөзі ретінде алынған «Саналы ер салтын сақтар» (халық даналығы), және
«Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа» (қазақ мақалы) деген өнегелі сөздердің мәнін
ашып, өзара пікір алысу мақсатында әңгімелесу әдісін қолданып, білім алушы жастарға
төмендегі бағытта сұрақтар қойылады:
 «Салт-дәстүр», «әдет-ғұрып» ұғымдарын қалай түсінесіздер?
 Халқымыздың қандай салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын білесіз?
 Ырымдар туралы не білесіз?
 Бала тәрбиесіне байланысты қандай салт-дәстүрлерді білесіз?
 Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтау не үшін қажет деп ойлайсыз?
4. Оқу ақпараты.
Шығармашылық әрекетті ұйымдастыруда білім алушылардың оқу үдерісінде пәнаралық
байланысты жүзеге асыру мақсатын көздейді. Сонымен бірге білім алушылардың дербестігімен
ойлау қабілетін арттырып, жүйелі түрде өздігінен білім алуға талпынысын дамытады.
2- тапсырма.
Адамзат тарихы мыңдаған ғасырларды қамтиды. Тарихтың әрбір кезеңінде әлемнің
түкпір- түкпірінде қаншама аты әлемге әйгілі жеке тұлғалар өмір сүрді. Олардың әрекеттері
арқылы халықтың, мемлекеттің тарихы, шежіресі мен жылнамасы өзгеріп отырады. Олардың
өмірі мен еңбектері ұрпақтан ұрпаққа мұра болып бізге дейін жетіп отыр.
Тарихи оқиғалардың бірі мен өзіңізге өте ұнайтын тарихи жеке тұлғаның бірін есіңізге
түсіріп, мына кестелерді толтырыңыз.
Тарихи оқиғаның
аталуы жылы.
Себептері Жетістіктері Кемшіліктері Кейінгі ұрпаққа
берер сабағы
Жеке тұлғаның
аты, жөні,
жылдары,
саласы
Қалыптасуына
ықпал еткен
факторлар
Жағымды
қасиеттері,
жетістіктері
Кемшіліктері Кейінгі ұрпаққа
берер сабағы
2 және 3 – тапсырмалар.
(Әдістемелік құралдан беріледі)
5. Жағымды ойлау.
Жеңіл әуен ойналып тұрады: С. Тұрысбеков. «Көңіл толқыны». Кітаптағы текст оқылады.
6. Қорытындылау.
Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы
«Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» МКҚК
Сабақтың технологиялық картасы
Пән ____Өзін-өзі тану________________________________________________________
Мерзімі _______________________Топ _________________________________________
Сабақтың № ______________________________________________________________
Тақырыбы Халықтың салт-дәстүрі болашақ келбеті.
Сабақтың мақсаты: «салт-дәстүр» «әдет-ғұрып» ұғымдарының мәнін ашу және оларды сақтап,
құрметпен қарау өркениетке барар жолдағы ұлт болашағын айқындайтын факторлардың бірі екендігін
ұғындыру.
Міндеттері
- ұлттық дәстүрді сақтай білу – ұрпақтар туралы түсініктерін өз тағдырына аялай қарауы, қадірлеп
қастерлеуі екендігін түсіндіру;
- әртүрлі салт – дәстүрлер мен әдет – ғұрыптар туралы түсініктерін тереңдету;
- өз халқының дәстүрлерін жалғастыруға ұмтылысын, талабын қалыптастыру;
- халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтап, құрметтеу арқылы білім алушылардың ұлтжандылық,
отансүйгіштік, қасиеттерін дамытуғакөмектесу.
Сабақтың ресурстары
оқу құралы, әдістемелік құрал, аудиоматериалдар, үлестірме материалдар.
Сабақтың өту барысы
7. Шаттық шеңбері.
Білім алушылардың өмірдегі, өнердегі, адамдар арасындағы қатынастарда бар жақсылықты,
әдемілік пен әсемдікті түсіне білуге және қабылдай білуге үйретуді көздейді. Өлең жолдарында
сипатталған қазақтың қолданбалы қолөнерінің туындылары халықтың салт-дәстүрлерінің
өміршеңдігін көрсететін бір белгілер болып саналатынына көңіл аудару.
«Қыз сыны» әні. Сөзі:Қ. Қазыбековтікі.
Әні: М. Омаровтікі.
8. Дәйексөз. (Жатқа айту)
«Саналы ер салтын сақтар».
Халық даналығы
Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым
«Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа».
Қазақ мақалы
9. Даналық тағылымы.
Білім алушыларға ұлтымыздың сөзбен айтпай-ақ ыммен, ишарамен, қимылмен, еппен
сездіретін түрлі ұғымдарының тәлім-тәрбиелік мәніне терең үңіліп, оларды білу қажеттігін
түсіндіру.
Дана халқымыздың күш жұмсамай-ақ немесе пәтуалы сөз айтпай-ақ, бет-пішінімен, дене
қимылымен үнсіз отырып-ақ ойды, пікірді айқын танытып, істі бітіре салатын құдіретін
көрсететін әңгімемен танысуды ұсынады.
Жаттығу, сергіту.
Тапсырмаларды орындату арқылы білім алушылардың ұлағатты сөздер, мақал-
мәтелдерден үлгі-өнеге, тәлім алып, оларды өз өмірлерінде жүзеге асыруына бағыт-бағдар
беру мақсатын көздейді.
1- тапсырма.
Төменде берілген мақал-мәтелдерді толықтырыңыздар және өздеріңіз білетін салт
дәстүрге байланысты мақалдар мен, нақылдармен, ұлағатты сөздермен осылай
жалғастырыңыздар.
 Салт-сана, дәстүр-............, ғұрып-.............. .
 Ата жолы – адамдық,
Ана жолы – .............. .
 Әдепті дегенше ................... десейші.
 Әдепті бала – ............. бала.
 Ағадан – ақыл, данадан – ................. .
 Атадан – пейіл, Анадан – ................... , баладан – .................... .
2- тапсырма.
«Бүгінгі сабақтан не ұқтың?» ойыны арқылы топ сабақты қорытындылайды. Әркім өзінің
таңдаған рөліне байланысты әрекет жасайды.
«Бүгінгі сабақтан не ұқтың?»
Тілші Сұхбат беруші Сарапшы
Сұрақ береді Жауап береді Жинақтап,
қорытады.
10. Қорытындылау.
Халқымыздың ғасырдан-ғасырға мұра болып келе жатқан әдет-ғұрыптары мен салт-
дәстүрлерін сақтау, оларға жаңаша рең беріп, жаңғыртып отыру өркениетке барар жолда
біздің ұлтымызды білдіретін бірден-бір жол, сондықтан әрбір адамның міндеті – жақсы
нәрселерге әдеттену деген қорытынды жасайды.
11. «Жүректен жүрекке» шеңбері.
Білім алушылар композитор М.Ілиясов ақын Ж. Боранбаевтың сөзіне жазған «Қазақы
дастарқаным» әнін тыңдап, орындайды. Олар халқымыздың жақсы салт-дәстүрлерін
қазақтың ақ дастарқаны сияқты кірлетпей, таза ұстап, сақтау қажеттігін, халықтың
көңіліне ешқашан дақ түспесін деген игі тілекпен «Жүректен жүрекке» шеңберін құрады.
Ән: «Қазақы дастарқаным»
Әні: М.Ілиясовтікі
Сөзі: Ж. Боранбаевтікі
Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы
«Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» МКҚК
Сабақтың технологиялық картасы
Пән ____Өзін-өзі тану________________________________________________________
Мерзімі _______________________Топ _________________________________________
Сабақтың № ______________________________________________________________
Тақырыбы Тілім, дінім, елім - үш байлығым
Сабақтың мақсаты: өркениетке барар жолда ұлтымыздың тілін, зайырлы мемлекеттегі қоғам
мүшелерінің діни наным-сенімін құрметтеу және еліміздің тұтастығын, тыныштығын сақтаудың
маңыздылығын түсіндіру.
Міндеттері
- мемлекеттік тілді дамыту, оның қолданылу аясын кеңейтуте үлес қосу қажеттілігін ұғындыру;
- қоғам мүшелерінің әр түрлі дін өкілдерімен рухани келісім мен татулықта ұмтылысын дамыту;
- әр алуан діндердің гуманистік негіздерін түсінуді тереңдету;
- білім алушылардың елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін дамытуға көмектесу.
Сабақтың ресурстары
Оқу кұралы, әдістемелік құрал, аудиоматериалдар, БАҚ материалдары, үлестірме материалдар.
Сабақтың өту барысы
1. Шаттық шеңбері.
Адамның бақытын құрайтын үш кұрамдас - туған халқы, туған тілі және Отанының құдіретін
жырлайтын өлең жолдарын оқи отырып, білім алушылар осы үш ұғымның мәні мен мағынасын ашуға
талпыныс жасайды.
М.Мақатаев Үш бақытым
2. Дәйексөз.
Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым
Ана тілің - арың бұл...
Қ. Мырза Әли
Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады.
Халық даналығы
3. Әңгімелесу.
Сабақтың дәйексөзі ретінде алынған халық ақыны Қ. Мырза Әлидің «Ана тілің - арың бұл...»
деген сөзі және «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген халық даналығы ана тіліміздің
орнын, оның күші мен қуатын бейнелесе, халық даналығы еліміздің ел болып, керегесі бұзылмай,
тұтас сақталып қалуы үшін бірлік пен бірауыздықтың қажеттігін көрсетеді. Білім алушылардың өз
ой, пікірлерін ортаға салуы үшін әңгімелесу әдісі арқылы осы айтылған ойды жалғастырады.
Мынадай бағытта жетекші сұрақтар қою:
1.Тіліміздің неліктен «ана тілі» деп аталатынына көңіл бөлдіңіз бе? Қалай ойлайсыз?
2.«Ана тілің - арың бұл...» деген жолдағы айтылайын деген ойды жалғастырыңыз.
3. Бірліксіз тозған ел мен бірлігі күшті озған елге мысал келтіріңіз.
4. Сіз қазақ, орыс және ағылшын тілінде еркін сөйлеп, түсінісе аласыз. Сіз үшін қай тіл ана тілі
болып табылады? Неліктен?
5. Туған тіліңіздің өріс алып, дамуы үшін сіз не істейсіз?
4. Даналық тағылымы.
Білім алушыларға төменде берілген мәтінді оқып шығу ұсынылады. Мақсаты: қоғам дамуының
әртүрлі кезеңінде тілге көзқарас қандай болғанына назар аударып, өзекті мәселелерге байланысты ой,
пікірлерін ортаға салу.
1-тапсырма.
Топтық пікірталас ұйымдастыру. Оқылған материалдар негізінде тілге қатысты көкейтесті
мәселелер анықталады да, талқыланатын мәселеге қатысты білім алушылар өз тәжірибесін бөліседі
және оны шешуге байланысты өз көзқарастарын топқа жария етеді.
2-тапсырма.
Ұйымдастырылған жұмыстың қорытындысы ретінде үйде «Ана тілің -тұгырың» тақырыбына
шығарма жазып келу тапсырылады.
5. Жаттығу, сергіту.
Жаттығудың мақсаты: білім тереңіне енуі үшін қарқынды ой еңбегін қажет ететін тапсырма
беру арқылы білім алушылардың рухани дүниесін байытып, туған тілін, мәдениетін, салт-дәстүрлерін
сүюден елін, адамзатты құрметтеуге дейінгі сезімдерін тәрбиелеу. Жаттығуды оқытушы мен білім
алушылар бірге орындайды.
Тапсырма.
Оқу құралында берілген С.Торайғыров, Д.Әбілев, Ш.Айтматов, М.Шахановтың өлендерінен
үзінділерді дауыстап, кезектесіп оқып, тілдің қадір-қасиетіне мән беріңіздер, жүрекпен сезініңіздер.
Өздеріңізге ұнаған өлең жолдарын жаттап алыңыздар.
6. Тақырып бойынша ой қорыту.
Мемлекеттігіміздің нышандары тәрізді ұлттығымызды, елдігімізді білдіретін нышан ретінде
ана тілімізді сақтап, аялап, қамқорлық жасап, оның бай мұрасын ұрпақтарға жеткізу баршамыздың
міндетіміз екендігін ұғындыру мақсатында тілдің қасиеті мен құдіреті туралы мәтінді оқу
ұсынылады. Өркениетегі елдер қатарына қосылу үшін ұлттың болашағы — оның ана тілін сақтау,
дамыту міндеті түсіндіріледі.
7. «Жүректен жүрекке» шеңбері.
Білім алушылар сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, өздерінің өркениетке қадам басқан еліміздің
ертеңі- жастар, болашақтың туын жоғары ұстайтын - жастар екендігін әнге қосып шырқайды.
Алтын бесік
Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы
«Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» МКҚК
Сабақтың технологиялық картасы
Пән ____Өзін-өзі тану________________________________________________________
Мерзімі _______________________Топ _________________________________________
Сабақтың № _6_____________________________________________________________
Тақырыбы Тілім, дінім, елім - үш байлығым
Сабақтың мақсаты: өркениетке барар жолда ұлтымыздың тілін, зайырлы мемлекеттегі қоғам
мүшелерінің діни наным-сенімін құрметтеу және еліміздің тұтастығын, тыныштығын сақтаудың
маңыздылығын түсіндіру.
Міндеттері
- мемлекеттік тілді дамыту, оның қолданылу аясын кеңейтуте үлес қосу қажеттілігін ұғындыру;
- қоғам мүшелерінің әр түрлі дін өкілдерімен рухани келісім мен татулықта ұмтылысын дамыту;
- әр алуан діндердің гуманистік негіздерін түсінуді тереңдету;
- білім алушылардың елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін дамытуға көмектесу.
Сабақтың ресурстары
Оқу кұралы, әдістемелік құрал, аудиоматериалдар, БАҚ материалдары, үлестірме материалдар.
Сабақтың өту барысы
1. Шаттық шеңбері.
Адамның бақытын құрайтын үш кұрамдас - туған халқы, туған тілі және Отанының құдіретін
жырлайтын өлең жолдарын оқи отырып, білім алушылар осы үш ұғымның мәні мен мағынасын ашуға
талпыныс жасайды.
М.Мақатаев Үш бақытым (ән айту)
2. Дәйексөз. (жатқа айту)
Ана тілің - арың бұл...
Қ. Мырза Әли
Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады.
Халық даналығы
Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым
3. Оқу ақпараты.
Қазіргі күрделі әрі жауапты кезеңде еліміздің алдында тұрған басты міндеттердің бірі -
мәдениеттердің қақтығысына қарсы тұру, барлық діндер мен сенімдердің бейбіт қатар өмір сүруіне
мүмкіндік туғызу екендігін айта келіп, педагог біздің бүгін барлық халықтардың ұлттық дәстүрлері
мен мәдениеттеріне құрметпен қарау, ұлтаралық, дінаралық келісім, төзімділікті қамтамасыз ету
бағытында күш-жігерімізді біріктіру қажеттігін түсіндіру.
Тапсырма.
Сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.
Талқылауға арналған сұрақтар.
Сіз үшін «руханилық» ұғымы нені білдіреді?
Сізге, сіздің замандастарыңызға руханилық қажет деп ойлайсыз ба?
Рухани азық, рух қажеттілігі дегенді қалай түсінесіздер?
Имандылық дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Шығармашылық әрекет.
Қоғамның рухани мәдениетінің бір бөлшегі ретіндегі дін туралы да халық аузындагы мақал-
мәтелдерді орынды пайдаланудың маңызы зор. Тапсырманың мақсаты: білім алушылар өздеріне
сыни көзбен қарап, мақал-мәтелдердегі айтылған ойды талдап, сараптай алу қабілетін жетілдіріп,
өздерінің ой-пікірлерін дәйектей білу мақсатын көздейді.
Тапсырма. Берілген мақал-мәтелдерді айтылу мақсатына қарай іріктеңіздер және өз
пікірлеріңізді білдіріңіздер.
Үлгі:
Имандылыққа шақыру Руханилыққа шақыру Дінге уағыздаушылық
1,19 т.с.с. 4, 10 т.с.с. 9, 18 т.c.c.
5. Даналық тағылымы.
Өркениетке барар жолда тілі мен діні сақталган халықты біріктіретін елі, жері екеніне білім
алушылардың назарын аударып, Сары бидің алты ұлы сөзін зерделеп оқып шығу ұсынылады.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. «Елге деген парызыңды ұмытпа!» дегенді қалай түсінесіздер?
2. "Халқынды жаралама!" дегенде Сары би қандай ой айтып отыр деп ойлайсыздар?
6. Даналық тағылымы.
Көрнекті жазушылардың шығармаларынан алынған үзінділерді оқыту арқылы педагог білім
алушылардың «туған ел», «туған жер» ұғымдарының мәнін түсініп, батыр аталарымыздың елді,
жерді сактап, бугінгі үрпақтарына аманат етіп кеткені оларга үлкенміндет жүктейтінін түсіндіру
мақсатын кәздейді.
7. Тапсырма. Оқу кұральгнда берілген эңгіме үзінділерін (Б. Момышүлы, Т. Ақшолақов,
Б.Соқпақбаев, Қ. Толыбаев, Ж. Қасымбаев) зер салып оқыңыздар.
8. Тақырып бойынша ой қорыту.
Мемлекеттігіміздің нышандары тәрізді ұлттығымызды, елдігімізді білдіретін нышан ретінде
ана тілімізді сақтап, аялап, қамқорлық жасап, оның бай мұрасын ұрпақтарға жеткізу баршамыздың
міндетіміз екендігін ұғындыру мақсатында тілдің қасиеті мен құдіреті туралы мәтінді оқу
ұсынылады. Өркениетегі елдер қатарына қосылу үшін ұлттың болашағы — оның ана тілін сақтау,
дамыту міндеті түсіндіріледі.
9. «Жүректен жүрекке» шеңбері.
Білім алушылар сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, өздерінің өркениетке қадам басқан еліміздің
ертеңі- жастар, болашақтың туын жоғары ұстайтын - жастар екендігін әнге қосып шырқайды.
Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым
Алтын бесік
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы
«Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» МКҚК
Сабақтың технологиялық картасы
Пән ____Өзін-өзі тану________________________________________________________
Мерзімі _______________________Топ _________________________________________
Сабақтың № _7_____________________________________________________________
Тақырыбы Мәдени мұра – халық игілігі
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Оқушыларға ата – бабамыздан қалған мәдени мұраларымызды сақтап, ұрпақтан - ұрпаққа
жеткізудің маңыздылығы туралы түсінік беру.
2) Тәрбиелік: Оқушыларды елін, Отанын сүюге, ұлттық құндылықтарымызды сақтауға тәрбиелеу.
3) Дамытушылық: Оқушыларды ұлттық құндылықтарымызды, мәдени мұраларымыздың тарихын
білуге деген қызығушылықтарын қалыптастыру.
Сабақтың ресурстары
Оқу кұралы, әдістемелік құрал, аудиоматериалдар, БАҚ материалдары, үлестірме материалдар.
Сабақтың өту барысы
10. Шаттық шеңбері.
Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау.
11. Дәйексөз.
«Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті
ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік
мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық
төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады».
Н. Ә. Назарбаев
12. Оқу ақпараты.
2004 жылы 13 қаңтарда ҚР Президенті «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы
Қаулығы қол қойды. Бағдарламаның орындалу барысында ғылыми ізденістер ауқымды нәтижеге
жетіп, еліміздің барлық тұрғындары қатыстырылып, «халықтық» деген атауға ие болды.
Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым
Аумағы жағынан әлемдегі алғашқы ондыққа кіретін қазақ жері ежелден - ақ сан түрлі
мәдениеттердің тоғысқан орны болды. Мұнда көшпенділік пен отырықшылық өзара араласып
жатты. Көшпенді өмір салтын бастан кешкен қазақ халқы ежелден – ақ табиғатпен етене
араласып жатты. Табиғат аясындағы таным – тәжірибесі тек қана күнкөріс тіршілігіне негіз
болып қоймай, сонымен бірге уақытты мәнді, көңілді өткізудің жолы ретінде де кеңінен
пайдаланылған. Солардың бір көрінісі аңшылық – саятшылыққа байланысты. Құсбегілік әсем
табиғат аясындағы көңілді, әсерлі қызығы мол демалыс болып табылады. Тарихи деректерге
қарағанда құсбегілік өнер бұдан үш мың жыл бұрын пайда болған. Түзден ұстаған құсын
үйрететін адамды құсбегі деп атайды. Құсбегі құсты балапан кезінен бастап баулиды.
Тапсырма.
Мәтінмен жұмыс
Саятшы Ораз
(С. Мұханов)
(3 минут мәтінді оқу)
Талқылауға арналған сұрақтар.
1 Ораз құсбегілікпен, саятшылықпен айналысты
2 Өмірін аңшылықпен өткізген Ораз, әзілқой, жайдары адам болды.
3 Ораз қыста аңға көбінесе атпен шығады.
4 Ораздың дос болатын тобы – балалар болды.
5 Ораз сараң еді.
13. Бейне материалдарды қарап талқылау.
14. Шығармашылық әрекет.
Дәптермен жұмыс
Қазыбек бидің аталы сөзін оқып, қазақ халқының бойындағы жақсы қасиеттерді дәптерге жазу.
1. Намысшыл.
2. Адал.
3. Өсиетті сақтау.
4. Өнерді тарату
15. Тақырып бойынша ой қорыту.
Әр ұлттың өзіне тән мәдениеті бар.
Дәстүр – ұрпақтан – ұрпаққа берілетін әдет - ғұрып, жалпыға бірдей тәртіп, әдеп – инабат көзі.
Қазақ халқының мәдени мұрасын дәріптеу ұрпақ тәрбиесінің басты құралы болып табылады. Қазақ
халқының мәдениеті халықтың мінез - құлқын, қасиеттерін танытады. Қазақ халқының мәдениеті
тіршілік кәсібіне, наным сеніміне өмірге деген көзқарасына байланысты, ұрпақтан – ұрпаққа асыл мұра
болып беріліп отырады.
16. «Жүректен жүрекке» шеңбері.
Білім алушылар сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, өздерінің өркениетке қадам басқан еліміздің
ертеңі- жастар, болашақтың туын жоғары ұстайтын - жастар екендігін әнге қосып шырқайды.
Алтын бесік
Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы
«Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» МКҚК
Сабақтың технологиялық картасы
Пән ____Өзін-өзі тану________________________________________________________
Мерзімі _______________________Топ _________________________________________
Сабақтың № _8_____________________________________________________________
Тақырыбы Отан мен Жер шарының ұрпағымыз.
Сабақтың мақсаты: азаматтық пен қазақстандық патриотизм сезімін дамыту; әлемнің тұтастығы
және адамның, қоғам мен табиғаттың өзара тәуелділігі туралы түсінігін кеңейту және дамыту,
тереңдету.
Міндеттері
- ортақ мекен сезімі мен Қазақстанның мемлекеттік құндылықтарына құрмет сезімін дамыту;
-әр ұлт өкілдерімен сыйластық, достық қарым-қатынас орнату біліктілігін дамытуға көмектесу;
-біздің планетамызда болып жатқан барлық өзгерістерге, әрекеттерге адамның өзінің қатысы бар
екенін ұғындыру;
-қазіргі уақыттағы жаһандық мәселелерді шешуге өз үлесін қосуға ұмтылысын дамыту;
-жаһандық мәселелерді түсініп, оларды шешу қабілетін дамыту, жобалау әрекетінің дағдыларын
қалыптастыру;
- диалог пен мәдениетаралық коммуникация дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың ресурстары
Оқу кұралы, әдістемелік құрал, аудиоматериалдар, БАҚ материалдары, үлестірме материалдар.
Сабақтың өту барысы
1. Шаттық шеңбері.
Ата-бабаларымыз келер ұрпаққа аманат етіп тапсырып кеткен жеріміздің қорғаны болар жас
ұрпақтың өзінің елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі мен мақтанышы жырланган әнді оқытушы және
білім алушылар қосылып бірге жырлайды.
Ән: Жерім менің. Сөзі Н.Назарбаевтікі. Әні Б. Тілеухановтікі
2. Дәйексөз.
Алтын анам, Отаным,
сенен аяр жаным жоқ,
сенен іркер күшім жоқ,
поуроч өзін өзі тану
поуроч өзін өзі тану
поуроч өзін өзі тану
поуроч өзін өзі тану
поуроч өзін өзі тану
поуроч өзін өзі тану
поуроч өзін өзі тану
поуроч өзін өзі тану

More Related Content

Similar to поуроч өзін өзі тану

абаканова а.
абаканова а.абаканова а.
абаканова а.oquzaman
 
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
2025ььььььььььььььььььььььььььььььоооnurlan93kz
 
Етістіктің райлары туралы түсінік
Етістіктің райлары туралы түсінік Етістіктің райлары туралы түсінік
Етістіктің райлары туралы түсінік Bilim All
 
Қазақ тілі- қазақ халқының ана тілі
Қазақ тілі- қазақ халқының ана тіліҚазақ тілі- қазақ халқының ана тілі
Қазақ тілі- қазақ халқының ана тіліАйбек Қуандықұлы
 
Шартты бағыныңқылы сабақтас
Шартты бағыныңқылы сабақтасШартты бағыныңқылы сабақтас
Шартты бағыныңқылы сабақтасNurlan Abilhanov
 
Zin zi tanu-lgi-saba
Zin zi tanu-lgi-sabaZin zi tanu-lgi-saba
Zin zi tanu-lgi-sabaSerjan Kasen
 
жумашева салкен култаевна
жумашева салкен култаевнажумашева салкен култаевна
жумашева салкен култаевнаoquzaman
 
мұғалімнің жетістіктері
мұғалімнің жетістіктерімұғалімнің жетістіктері
мұғалімнің жетістіктеріAsem Sarsembayeva
 
Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,орта буын оқушыларын күрделі мәтіндер...
Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана  отырып,орта буын   оқушыларын күрделі  мәтіндер...Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана  отырып,орта буын   оқушыларын күрделі  мәтіндер...
Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,орта буын оқушыларын күрделі мәтіндер...Айбек Қуандықұлы
 

Similar to поуроч өзін өзі тану (20)

Baian.re
Baian.reBaian.re
Baian.re
 
абаканова а.
абаканова а.абаканова а.
абаканова а.
 
ашық сабақ
ашық  сабақашық  сабақ
ашық сабақ
 
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
 
фффф
фффффффф
фффф
 
Microsoft word-2-78
 Microsoft word-2-78 Microsoft word-2-78
Microsoft word-2-78
 
Етістіктің райлары туралы түсінік
Етістіктің райлары туралы түсінік Етістіктің райлары туралы түсінік
Етістіктің райлары туралы түсінік
 
кенес балалардың сөйлеу дағдыларын тірек кестелері арқылы дамыту
кенес балалардың сөйлеу дағдыларын тірек кестелері арқылы дамытукенес балалардың сөйлеу дағдыларын тірек кестелері арқылы дамыту
кенес балалардың сөйлеу дағдыларын тірек кестелері арқылы дамыту
 
Қазақ тілі- қазақ халқының ана тілі
Қазақ тілі- қазақ халқының ана тіліҚазақ тілі- қазақ халқының ана тілі
Қазақ тілі- қазақ халқының ана тілі
 
Df(2)fd
Df(2)fdDf(2)fd
Df(2)fd
 
отан отбасынан басталады
отан отбасынан басталадыотан отбасынан басталады
отан отбасынан басталады
 
Зейін
ЗейінЗейін
Зейін
 
Шартты бағыныңқылы сабақтас
Шартты бағыныңқылы сабақтасШартты бағыныңқылы сабақтас
Шартты бағыныңқылы сабақтас
 
Zin zi tanu-lgi-saba
Zin zi tanu-lgi-sabaZin zi tanu-lgi-saba
Zin zi tanu-lgi-saba
 
жумашева салкен култаевна
жумашева салкен култаевнажумашева салкен култаевна
жумашева салкен култаевна
 
дарынды балалармен жұмыс
дарынды балалармен жұмысдарынды балалармен жұмыс
дарынды балалармен жұмыс
 
мұғалімнің жетістіктері
мұғалімнің жетістіктерімұғалімнің жетістіктері
мұғалімнің жетістіктері
 
Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,орта буын оқушыларын күрделі мәтіндер...
Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана  отырып,орта буын   оқушыларын күрделі  мәтіндер...Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана  отырып,орта буын   оқушыларын күрделі  мәтіндер...
Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,орта буын оқушыларын күрделі мәтіндер...
 
Microsoft word-4-6
 Microsoft word-4-6 Microsoft word-4-6
Microsoft word-4-6
 
сейтмаганбетова ш.ж. мақала
сейтмаганбетова ш.ж.   мақаласейтмаганбетова ш.ж.   мақала
сейтмаганбетова ш.ж. мақала
 

More from Asem Sarsembayeva

современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитанияAsem Sarsembayeva
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентацияAsem Sarsembayeva
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығуларAsem Sarsembayeva
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктерAsem Sarsembayeva
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»Asem Sarsembayeva
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человекаAsem Sarsembayeva
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановнаAsem Sarsembayeva
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаеваAsem Sarsembayeva
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевнаAsem Sarsembayeva
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17Asem Sarsembayeva
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдAsem Sarsembayeva
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина мояAsem Sarsembayeva
 

More from Asem Sarsembayeva (20)

урок
урокурок
урок
 
конспект урока
конспект урокаконспект урока
конспект урока
 
современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитания
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентация
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулар
 
тренинг
тренингтренинг
тренинг
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктер
 
чуковский
чуковскийчуковский
чуковский
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человека
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановна
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаева
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевна
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевна
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевна
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17
 
шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.
 
магрупова
магруповамагрупова
магрупова
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайд
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина моя
 

поуроч өзін өзі тану

  • 1. Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» МКҚК Бабаева Дана Жартаевна Педагогика психология және өзін-өзі тану пәндерінің оқытушысы Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ әзірлемесі Тақырыбы Адами қарым-қатынас ізгіліктері. Сабақтың мақсаты өзара түсінушілікке қол жеткізу құралы ретінде адамдар арасындағы қарым-қатынасқа құндылық көзқарастарын қалыптастыру. Міндеттері - адамдар арасында тілдесу мәдениетінің дамуына ықпал ету; - адам өмірінде тілдесудің рөлі туралы түсінікті ұлғайту; - жеке қарым- қатынас дағдысын қалыптастыру; - сөйлесу мәдениетін, үйлесімді тілдесімнің қажеттілігін дамыту; - кикілжіңнің мәні, түрлері және олардан шығу жолдары туралы түсінікті ұлғайту; - кикілжің жағдайды шешу білігін қалыптастыру. Сабақтың ресурстары оқу құралы .............. Сабақтың өту барысы 1. Тренинг «Танысу». 2. Шаттық шеңбері. Ән: «Бір ауыз сөз». Сөзі К. Салықавтікі Әні Ш. Әбілтаевтікі Білім алушыларға бір ауыз сөздің құдіретті күші, сөз арқылы адамды қуантып, жылатуға да болатыны, адамзаттың сәні – оның ойын жеткізетін салиқалы, саналы сөзінде екені туралы әнді тыңдап, бірге қосылып айту арқылы шаттық шеңберін құрау. 3. Жағымды ойлау. Жеңіл әуен ойналып тұрады.Текст оқылады. 4. Үй тапсырмасын тексеру. 5. Дәйексөз. Кешіре білген сайын абыройың арта түседі. Публилий Сир ...Түсінудің өзі де - адамның үлкен еңбегі. Бауыржан Момышұлы ... Кекшілдік өзіңе де өзгеге де шөп шығармайды. Асығыстың да тапқызар абыройы шамалы. Әбіш Кекілбаев 6. Әңгімелесу. Сөздің адами қарым-қатынасты орнатудағы маңызы, мәні туралы әңгімелесуді ұыймдастыру үшін оқушылардың назарын осы тақырыптың дәйексөзі ретінде алынған ұлағатты ой-пікірлерге аудару. Білім алушылар өздерінің ойын еркін білдіріп, әңгімелесуге араласуы үшін төмендегі сұрақтар қойылады: 1. «Сөз» деген ұғымды қалай түсінесіздер? 2. Сіздің өмірлік ұстанымдарыңызға қатты әсер еткен сөз болды ма? Есіңізге түсіріп көріңіз. 3. Адамның бірін-бірі түсінуі немесе түсінбеуі неге байланысты деп ойлайсыздар? 4. Түсінісу, ұғынысу дегенді қалай түсінесіз?
  • 2. Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым 5. Кешірімді болу адамның қандай қасиетін білдіреді деп санайсыз? Сіз кешірімдісіз бе? 6. Кекшілдік қасиет қалай көрінеді? 7. «Асығыстың да тапқызар абыройы шамалы» деген айтылымды қалай түсінесіз? 7. Жаттығу, сергіту. Білім алушыларға тұлғааралық қатынасқа арналған жағдаят. Сәлемдесу әдебіне байланысты жағдаятты рөлдік ойын арқылы шешу. 1-жаттығу. Рөлдік ойын. «Сәлемдесу әдебін білесіз бе?» 8. Оқу ақпараты Қазақ халқының сөйлеу мәдениетіне жататын әдепті сөйлеу, шешендік сөйлеу түрлері, олардың өзіндік ерекшеліктері жөнінде ақпарат мәтінмен таныстыру. 9. Шығармашылық әрекет. Күнделікті өмірде кездесетін әдепті сөздерді естеріне түсіріп, кестені толтыру. Оқушыларды бес топқа бөлу. Үлгі: Сыпайы сөздер Құрметтеу сөздер Аялы сөздер Жағымды сөздер Кешіріңіз, Рахмет... Ардақты Аса құрметті... Құлыным, Айналайын... Құлпырып кетіпсіз! Өте тамаша! 10. Даналық тағылымы. Халық даналығынан алынған жазылмаған ереже ретінде қолданылатын «тыңдаушылардың талабына қарап, көңіліндегісін тауып сөйлеу», «орынды, әділ сөзге тоқтау қажеттігін», «сөз қадірін танып мойындау», «шындықты айтуда да абай болатын жағдаяттардың кездесетінін», жалпы алғанда, даналардың сөзіне құлақ салып, ескеріп жүрген кезде ғана қиын жағдайдан қысылмай шығуға болатын жағдаяттарға тоқталу. Мәтін: «Алдын ала ойлану - асыл қасиет» 11. Оқу ақпараты. Білім алушыларға адамзат қоғамының өмірлік қажеттілігі ретінде сөйлесудің вербальды және вербальды емес – интонация, мимика, тембр, пауза т.б. дене қимылдары мен қалыптары арқылы жүзеге асырылатын түрлерінің болатыны туралы ақпаратпен танысу. Талқылауға арналған сұрақ: «Сені түсінсе – сол бақыт» деген тұжырымды қалай түсінесіздер? 12. Жаттығу, сергіту. Сөйлесу Вербальды Вербальды емес Сөз, айтылған сөздің мағынасы Интонация, тембр, сөздің мәнерлілігі, пауза мимика, арақашықтық,т.б.
  • 3. Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым Оқушылардың адами құндылықтардың қатарына жататын сөйлеудің вербальды немесе вербальды емес түрін түсініп, игеруін қамтамасыз ету мақсатында жаттығуды ұсыну. 13. Тақырып бойынша ой қорыту. Білім алушылар ұсынылған тапсырмаларды орындау нәтижесінде вербальды емес сөйлеу амалдары бойынша өздерінің ой түйіндерін жасайды. 14. Тренингілік тапсырмалар. Тапсырманың мақсаты: білім алушылардың сөздік қорын байыту, сонымен қатар олардың талдау, сараптау, ой қорыту іскерлік, дағдыларын қалыптастыру, дамыту. Білім алушыларға өздерінің ой түйіндерін эссе ретінде жазу ұсынылады. 1. Адами қарым–қатынас қимылдарын білдіретін қарама–қарсы мағыналы сөздерді топтап жазыңыздар. Мысалы: қуанту–ренжіту, жылату–жұбату, ...................................... –......................................, ................................ – ....................................., ...................................... –....................................... . 2. Сөз сөйлеудің қарқынын, күшін көрсететін сөздер қатарын толықтырыңыздар. Мысалы: түйреп сөйлеу, әзілдеп сөйлеу, толқып сөйлеу, ............................................ сөйлеу, ...................................... сөйлеу, ........................................... сөйлеу, .................................... сөйлеу. 3. «Тіл өнері – дертпен тең» (Абай) тақырыбына өз ойыңызды білдіріңіз. 15. Тақырып бойынша ой қорыту. Адами қарым-қатынас игі әрекеттеріңдің бірі – тіл табысу және өзара түсінісу болып табылады. Қолдан келгенше кикілжіңді болдырмауға әрекеттенген дұрыс. Тіл табысудың басты кілті – кешірім сұрау болып табылады. Басқа адамды түсіну оңай емес. Сондықтан біздің өмірде шиеленіскен кикілжіңді жағдайлар болады. 16. Жаттығу, сергіту. Ойын «Үнсіз почта» Талқылауға арналған сұрақ: Осы жаттығу арқылы қандай қорытындыға келеміз? 17. Шығармашылық әрекет. Тапсырма. «Қарым-қатынас ортасы» сызбасын қарастыраңыздар. Сызба келтірілген әр адаммен қалай сөйлесер едіңіз. Бір адаммен түрлі жағдайларда сөйлесу варианттарын қарастырыңыздар. 18. Даналық тағылымы. Қарым- қатынас ортасы Жас оқытушы Менің жасымдағы танымайтын адам Жұмыстағы әріптестер Менен жасы кіші танымайтын кісі Достар Ата-ана Шамамен сіздің жасыңыздағы алыс туыс Менің жасымдағы адам қызметтік міндеттерін атқаруда Дүкендегі сатушы Автобустағы жас кондуктор
  • 4. Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым Тапсырма. Кикілжіңнің бірнеше түрі туралы материалды оқыңыздар. Топ болып талқылаңыздар. Мәтін: «Кикілжіңнің түрлері». 19. Тақырып бойынша ой қорыту. Тапсырма. Кикілжіңді дұрыс шешу жолдары туралы «Кикілжіңді жеңудің жеті қадамы» атты мәтінді мұқият оқып, есте сақтаңыздар және керекті кезде қолдануға тырысыңыздар. Мәтін: «Кикілжіңді жеңудің жеті қадамы». 20. Шығармашылық әрекет. Проблемалық жағдаяттардың шешімін табу арқылы білім алушылардың адами қарым- қатынастарда әдептілік сақтау тұрғысынан шығармашылық іс-әрекетін дамыту мақсаты көзделеді. Тапсырма. Өмірде адамның ашулану, ызалану сезімін тудыратын әр түрлі жағдаяттар болып жатады. Сол жағдаяттар өзара адами қарым-қатынастың бұзылуына әкеліп соғады. Оларды мәдениет тұрғысынан қалайшешуге болады? Төменде берілген жағдаяттарды әдептілік тұрғысынан шешіңіздер. 21. Қорытынды. Білім алушыларға өздерін қоршаған ортада, ұжымдағы адамдардың арасында сыйлы болып, беделге ие болуы үшін белгілі кәсіптік құндылықпен қатар, жоғары білімді, жақсы мінез- құлықты адам болу керектігі түсіндіріледі. 22. Жүректен жүрекке. Адами қарым-қатынастарды орнатудың басты белгісі болып табылатын сөз, сөйлесу, тілдесудің үлкен бір өнер екендігі, біздің таза да мінсіз асыл сөздеріміздің ойланып, асықпай, байыппен сөйлегенде ғана екінші бір адамның құлағына жылы тиіп, жүрегіне жол тауып жататын сәттерін үнемі есте сақтап жүру қажеттігін түсініп, сезінген білім алушылар Асан қайғы бабамыздың өнегелі сөзін кезекпен оқып, айтып шығады. Таза мінсіз асыл тас, Су түбінде жатады. Таза мінсіз асыл сөз, Ой түбінде жатады. Су түбінде жатқан тас, Жел толқытса шығады. Ой түбінде жатқан сөз, Шер толқытса шығады. Асан қайғы
  • 5. Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» МКҚК Сабақтың технологиялық картасы Пән ____Өзін-өзі тану________________________________________________________ Мерзімі _______________________Топ _________________________________________ Сабақтың №_______________________________________________________________ Тақырыбы Достық – бірлік пен ынтымақ негізі. Сабақтың мақсаты: адамдар арасындағы достық пен өзара түсіністікті бағалай білуге үйрету. Міндеттері - сенімді және адал дос болуға ұмтылысын дамыту; - адамның өмірінде достықтың алатын орны туралы ұғымын кеңейту; - айналасындағы адамдармен жемісті өзара әрекеттестік дағдыларын қалыптастыру; - адамдармен достық және өзара түсіністікке ұмтылысын дамыту; - адам өміріндегі достықтың орны туралы түсінігін тереңдету; - көркем шығармалардағы және қоршаған ортадағы достық қарым–қатынастардың көріністерін бағалау қабілетін дамыту. Сабақтың ресурстары оқу құралы, «Дос туралы жыр» ( сөзі: Т. Молдағалиев; әні: С. Бәйтереков) әнінің аудиожазбасы, «Көшпенділер» фильмінің бейнежазбасы. Сабақтың өту барысы 1. Шаттық шеңбері. Оқушыларға мектеп қабырғасынан жақсы таныс болып табылатын достық ұғымы туралы өз ой-пікірлерін білдіруді ұсынады. Сенімді, адал және нағыз дос туралы әңгіме бастап, О. Сүлейменовтың «Нағыз дос» атты өлеңін мәнерлеп оқылады. Шеңбер құрып тұрған білім алушыларға қандай қиыншылықтар болса да төтеп беріп, өмір жолын ойнап жүріп өткеретін нағыз достың қандай болатындығын өмірден мысал келтіре отырып түсіндіру. 2. Пікірлесуге арналған сұрақтар. 1. «Досы көпті жау алмайды» деген мақалды қалай түсінесіңдер? 2. Сендердің өмірлеріңде шын достықты дәлелдейтін қандай жағдайлар болды?
  • 6. Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым 3. Ұлы Абайдың «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» деген ойының ақиқаттығына мысал келтіре аласыз ба? 4. Нағыз достық, шынайы махаббат кез келген адамның өмірінде кездесе бермейді деген пікір бар. Осы пікірге сіздің ойыңыз қалай? 3. Жағымды ойлау. Жеңіл әуен ойналып тұрады.Текст оқылады. 4. Үй тапсырмасын тексеру. 5. Дәйексөз. Достық – өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос-жарансыз өмірді қаламақ емес. Аристотель Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық. М. Әуезов. Дәйексөзге байланысты жүргізілетін жұмыс түрлері: 1. Адамның нағыз адам ретінде толыққанды өмір сүруі үшін өзіне шынымен берілген адал да сенімді достың орны ерекше екендігін, сондай-ақ досыңды өзіңді қалай сүйсең, жақсы көрсең, сыйласаң, дәл солай жақсы көріп, сүйіп, сыйлау қажеттігіне білім алушылардың назарын аудару. 2. Оқушыларды шағын екі топқа бөліп, олардың арасында пікірталас ұйымдастыру. Ұсынылатын тесистер: 1. Ең алдымен адамға материалдық игілік қажет, дос өзі-ақ табылады. 2. Досым менің кейбір оғаш қылықтарыма кешіріммен қарайды. 6. Шығармашылық әрекет. Білім алушылардың оқулықпен және басқа да білім көздерімен жұмыс істеп, белгілі бір білім жүйелерін қалыптастырып, ой-өрісін дамытып, оларды өздігінен және ұжымда жұмыс істей алуға дағдыландыру мақсатында шығармашылық әрекетте жүзеге асыру үшін екі тапсырма орындау ұсынылады. 1-тапсырма. Төменде берілген «Дос», «Дос таңдау туралы» және «Дұшпаннан қалай құтылу туралы» үш мәтінді үш топқа бөліп оқыңдар. Әр топ өздерінің оқыған мәтінінің негізгі мазмұнынан бес сөйлем (нақыл сөз, мақал, даналық тұрғысынан) құрастырыңдар. 7. Жаттығу, сергіту. 8. Тақырып бойынша ой қорыту. «Қазақ тілінің сөздігінде» «дос» ұғымына берілген «дос» дегеніміз «сырлас, жора- жолдас, жақын адам» деген түсінікті білдіреді.Жақсы дос үлкен бір дәулет, қазақ халқының қанындағы достыққа беріктік тәрізді асыл қасиетті сақтай білу керек. «Көшпенділер» фильмінің бейнежазбасынан үзінді көру арқылы ата-бабаларымыздың достыққа қатысты жақсы әдеттері мен дәстүрлерін жалғастырудың маңызын түсіндіру. 9. Жүректен жүрекке. Достық туралы ой, пікірлер әр алуан болса да, олардың барлығының діттегені достық бар жерде бірлік, ынтымақ болатындығы, ал осы факторлардың басы біріксе, тірліктің болатындығы, яғни нағыз адами өмір сүруге, өмірді одан әрі жалғастыру мүмкіндігінің болатындығы туралы сөз қозғау. Сабақтан алған әсерлерін ортаға салып, өздерінің ой, пікірлерін, көзқарасын білдірген білім алушылар сабақты «Дос туралы жыр» әнін бірлесіп орындаумен аяқтайды.
  • 7. Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» МКҚК Сабақтың технологиялық картасы Пән ____Өзін-өзі тану________________________________________________________ Мерзімі _______________________Топ _________________________________________ Сабақтың №_______________________________________________________________ Тақырыбы Достық – бірлік пен ынтымақ негізі. Сабақтың мақсаты: адамдар арасындағы достық пен өзара түсіністікті бағалай білуге үйрету. Міндеттері - сенімді және адал дос болуға ұмтылысын дамыту; - адамның өмірінде достықтың алатын орны туралы ұғымын кеңейту; - айналасындағы адамдармен жемісті өзара әрекеттестік дағдыларын қалыптастыру; - адамдармен достық және өзара түсіністікке ұмтылысын дамыту; - адам өміріндегі достықтың орны туралы түсінігін тереңдету; - көркем шығармалардағы және қоршаған ортадағы достық қарым–қатынастардың көріністерін бағалау қабілетін дамыту. Сабақтың ресурстары оқу құралы, «Дос туралы жыр» ( сөзі: Т. Молдағалиев; әні: С. Бәйтереков) әнінің аудиожазбасы, Сағат. Сабақтың өту барысы 10. Шаттық шеңбері. Оқушылар үлкен шеңбер құрады. Ер балалар шеңбердің бір жартысында қыз балалар екінші жартысында. Ер балалар: Әрқашан дос, біргеміз, Ажырамас іргеміз. Ту ғып ұстап бірлікті, Тату – тәтті жүреміз. Қыз балалар. Достық - өмір тірегі, Достық - әр адамның тілегі.
  • 8. Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым Татулық дәйім сақталса, Қуанышпен соғады әр адамның жүрегі 11. Жағымды ойлау. Жеңіл әуен ойналып тұрады.Текст оқылады. Біз барлығымыз ыңғайланып отырайық. Көзімізді жұмсақ та болады. Өзімізді «Достық пен бірліктің» елінде жүрміз деп елестетейік. Бұл елде үлкендерді құрметтеп, кішілерге қамқорлық жасайтын, Отанын сүйетін, жүректері мейірім мен сүйіспеншілікке толы, денсаулығы мықты, ер жүрек адамдар мекен етеді.Солардың ішіндегі ең қадірлі адамдар әрине біздің әрқайсымыздың ата – анамыз, ең сүйкімді де қылықтысы әрине біздің кішкентай балаларымыз. Олар қашан да бір – біріне көмек көрсетуден, қамқорлық жасаудан шаршамайды. Біз барлығымыз осындай достық пен бірлік елінде өмір сүріп жатқанымызға қуануымыз керек. 12. Үй тапсырмасын тексеру. 13. Дәйексөз. Достық – өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос-жарансыз өмірді қаламақ емес. Аристотель Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық. М. Әуезов. Дәйексөзге байланысты жүргізілетін жұмыс түрлері: 3. Адамның нағыз адам ретінде толыққанды өмір сүруі үшін өзіне шынымен берілген адал да сенімді достың орны ерекше екендігін, сондай-ақ досыңды өзіңді қалай сүйсең, жақсы көрсең, сыйласаң, дәл солай жақсы көріп, сүйіп, сыйлау қажеттігіне білім алушылардың назарын аудару. 4. Оқушыларды шағын екі топқа бөліп, олардың арасында пікірталас ұйымдастыру. Ұсынылатын тесистер: 3. Ең алдымен адамға материалдық игілік қажет, дос өзі-ақ табылады. 4. Досым менің кейбір оғаш қылықтарыма кешіріммен қарайды. 14. Жаттығу, сергіту. Білім алушылардың өткен сабақта алған білімі мен іскерігін жүзеге асыру мақсатында ойындар ұйымдастырылады. Адамдардың әрекет үстіндегі қасиеттерін қалай танытып, өздерін көрсетуі және тұлғааралақ қатынас жасайтын ортаға бейімделу қабілетін дамыту мақсатын көздейді. 1-жаттығу. «Дос іздеймін». Кез келген адамның өзіне лайықты досы болғанын армандайтыны белгілі. Сендердің кейбіреулеріңің, мүмкін, осындай шынайы достарың бар шығар. Ал қайсыбірілеріңнің көптеген таныстарың, жақындарың болса да солардың арасынан өзіңнің нағыз досыңды табу қиын шығар. Ал, тағыбіреулерің, тұйық, ұялшақ мінезіңнен өзіңді жалғыз санап, достарыңның болмағанына қынжылатын боларсыңдар. Кез келген жағдайда да нағаз дос ешкімге кедергі келтірмейді. Ендеше, өзімізге қандай дос қажет екендігін бейнелейтін хабарландыруды «Дос іздеймін» газетіне шығарып, бір сәт ойынға араласайық. 2-жаттығу. «Достықты бекітетін жіптер». Мақсаты: білім алушылардың өздерін көрсетуі және тұлғааралық қатынас жасайтын ортаға бейімделу қабілетін дамыту. 15. Даналық тағылымы. Білім алушылардың сөз зергерлерінің ұлағатты ойларын оқып, білу арқылы достық, жолдастық жайлы, өз көзқарастарын қалыптастыру, ой –өрісін дамыту мақсатын көздейді. Достықтың мәнін түсінуге, жақсы және жаман дос, достардың түрлері, олардың көздейтін түпкі мақсаты, дос таңдаудың өзіне тән қыр-сырын білу қажеттігі түсіндіріледі. 1-тапсырма. Ұлағатты сөздер жөнінде өз ойларыңды білдіріңдер. Тапсырманың мақсаты: білім алушыларлдың талдау сараптау, ой қорыту іскерлік, дағдыларын қалыптастырып, дамыту. Өз ой түйіндерін эссе ретінде жазу ұсынамын. 2-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңдар. Тапсырманың мақсаты: айтайын деген ойларын дәйектеп, жүйелі түрде жеткізу іскерлігін дамыту.
  • 9. Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым Адал дос дегеніміз – ... . Дос жылатып айтады, ... . Достық – қасиетті ұғым, себебі ... . Дос таңдау деген ... . Жаман жолдастан ... . 16. Жаттығу, сергіту. 1-жаттығу. « Ұжымдық санамақ» ойыны. 2-жаттығу. «Сағаттар» ойыны. 17. Тақырып бойынша ой қорыту. «Қазақ тілінің сөздігінде» «дос» ұғымына берілген «дос» дегеніміз «сырлас, жора- жолдас, жақын адам» деген түсінікті білдіреді.Жақсы дос үлкен бір дәулет, қазақ халқының қанындағы достыққа беріктік тәрізді асыл қасиетті сақтай білу керек. «Көшпенділер» фильмінің бейнежазбасынан үзінді көру арқылы ата-бабаларымыздың достыққа қатысты жақсы әдеттері мен дәстүрлерін жалғастырудың маңызын түсіндіру. 18. Жүректен жүрекке. Достық туралы ой, пікірлер әр алуан болса да, олардың барлығының діттегені достық бар жерде бірлік, ынтымақ болатындығы, ал осы факторлардың басы біріксе, тірліктің болатындығы, яғни нағыз адами өмір сүруге, өмірді одан әрі жалғастыру мүмкіндігінің болатындығы туралы сөз қозғау. Сабақтан алған әсерлерін ортаға салып, өздерінің ой, пікірлерін, көзқарасын білдірген білім алушылар сабақты «Дос туралы жыр» әнін бірлесіп орындаумен аяқтайды. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» МКҚК Сабақтың технологиялық картасы Пән ____Өзін-өзі тану________________________________________________________ Мерзімі _______________________Топ _________________________________________ Сабақтың №_______________________________________________________________ Тақырыбы Жарқын өмір игілігі - жақсылық. Сабақтың мақсаты: адами құндылық ретіндегі «жақсылық», «қайырымдылық» ұғымдарының мәнін ашу; адамның өзі менг оны қоршаған әлемді бағалаау қабілетін дамыту. Міндеттері - адамгершілік қасиеттерін жетілдіруге ұмтылысын дамыту; - қайырымдылықтың білім, жауапкершілік және төзімділіктің синтезі ретіндегі түсінігін кеңейту; - адамның өз айналасымен өзара сәйкестікте, үйлесімді дамуына көмектесу. Сабақтың ресурстары оқу құралы, «Анама» әнінің аудиожазбасы, «Мамы» фильмі үзіндісінің бейнежазбасы. Сабақтың өту барысы 1. Шаттық шеңбері. Шаттық шеңберінде адам баласы үшін бағала қазынадан да қымбат ананың баласына деген махаббатына ешнәрсе де теңдесе алмайтын, оның өле өлгенше суынбайтын махаббат екендігін ұғындыру мақсатында «Анама» атты өлеңі мәнерлеп оқылады. Білім алушылар өлеңді әніне салып орындайды. 2. Дәйексөз. Бұл әлемде данышпанның алдында бас иіп, қайырымдылықтың алдында тізе бүгу керек. В. Гюго Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды. Н.Ә. Назарбаев 3. Оқу ақпараты.
  • 10. Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым Оқушылардың назарын ананың жүрегі, ананың мейірімі, ананың махаббаты, ана алдындағы парыз туралы мәтін үзінділерімен танысып, жақсылық жасап, қайырымдылық көрсетуді аналардан үйрену қажеттігіне аудару. Тапсырма. Мәтіндерден алынған үзінділердің (Ә. Қайдар, Д. Көпжанова, Ғ. Мұстафин) мазмұнына сәйкес келетін мақал-мәтелдер, ұлағатты сөздерді естеріңе түсіріңдер. «Мамы» фильмі үзіндісінің бейнежазбасы. 4. Пікірлесуге арналған сұрақтар. - «Мейірімділікті анадан үйрен» дегенді қалай түсінесіңдер? - Анаға қандай қасиеттерді қосып айтады? - Табиғат, Жер ұғымдары неге ана түсінігімен қосарланып (Табиғат ана, Жер ана) айтылған? - «... жақсылық атаулының бәрі ананың ақ сүтінен тарайды» деген пікірге өз ойларыңызды білдіріңдер. - Өз өмірлеріңде кімдерге және нелерге жақсылық жасап көрдіңдер? - Кімдерден және нелерден жақсылық көрдіңдер? 5. Даналық тағылымы. Адами қарым-қатынастарға арналған өткен сабақтағы кикілжіңді жағдайларды шешу, кешірімді болу мәселелерін жалғастырып, білім алушыларға ХІ ғасырда өмір сүргенпарсы жазушысы Кайкаус(шын есімі Кей Кавус) және ХІІ ғасырдағы түркі халықтарының ақыны Ахмед Иүгінекидің тағылымдық ойларымен танысуды ұсынады. Мейірімсіз, қатал болмау керектігін айта келіп, мейірім шапағатын, биязылық шарапатын естан шығармау, сондай-ақ игі мінез бен жарамсыз қылықтың ара- жігін айырып білудің қажеттігіне назарларын аударту. 6. Шығармашылық әрекет. 1-тапсырма. Тренингтік жаттығу. Мақсаты: білім алушылардың тақырыпқа байланысты сөздік қорын байытып, әрбір сөздің мәні мен мағынасын айыра білуге, ой, пікір, көзқарастарын еркін жеткізуге үйрету. 2-тапсырма. Ұлағатты сөздерден қорытынды шығарып, өз ойларыңды үш сөйлеммен жазыңдар. Мақсаты: білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін, өзінің ойын жүйелі түрде дәйектей алу іскерлігін қалыптастыру. 7. Жаттығу. «Қайырымдылық шырағы» Біз әдетте жақсылық жасайтын адамды ашық, жарқын, нұрлы адам деп айтамыз. Ал, «жақсылық» ұғымының өзі жарықпен, шуақпен, күн нұрымен байланысты. Бірақ жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық жарық пен түнек тәрізді әрқашан бітіспес күресте. Бұл жаттығуда біз жақсылықтың (жарық) жеңіске жетуі мақсатында әрекет жасаймыз. 8. Қорытындылау. Сабақ барысында жүргізілген жұмыстарға қорытынды жасай отырып, білім алушылардың назарын ортақ іске қызмететудің үнемі адамгершілікті керек ететініне, шын гуманист адам айналасындағы адамдарға зор сүйіспеншілік және құрмет сезімімен қарап, қайырымды болуы керектігіне, зиянды, теріс әрекеттерге қарсы шығып, адам баласының мұң-мұқтажын біліп отыруы, жамандық атаулының бәріне келіспес, мейірімсіз күрес жүргізе білу қажеттігіне аударады. 9. Жүректен жүрекке. Сабақтың соңында білім алушылар өздерінің сабақтан алған әсерлерімен бөліседі, өміріміздің жарқын да нұрлы, шуақты, мәнді де сәнді болуы үшін айналаңа, өзіңе жақсылық жасау қажеттігін, даналыққа үйренудің алдында ізгі ниеттерге үйрену керектігі атап өтіледі. Ұлағатты сөздерді кезекпен оқып пікірлерін ортаға салады.
  • 11. Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» МКҚК Сабақтың технологиялық картасы Пән ____Өзін-өзі тану________________________________________________________ Мерзімі _______________________Топ _________________________________________ Сабақтың №_1______________________________________________________________ Тақырыбы Тарихпен өсіп өнемін. Сабақтың мақсаты: өркениетке барар жолда тарихтың субъектісі ретіндегі адамның орны мен рөлін анықтау. Міндеттері - тарихтың дамуында әрбір адамның алатын орны мен рөлін түсінуін тереңдету; - адамның әлеуметтік белсенділігін танытуын қамтамасыз ету; - тарихта із қалдырған адамдардың өміріне және қызметіне қызығушылығын дамыту; - өткен тарихымызға, ұрпақтар сабақтастығына өз үлесін қосуға тәрбиелеу; - тарихтағы нақты бір тұлғаның, елдің, ұлттың, материалдық және рухани мәдениетіне қосқан үлесін бағалай білуге үйрету; - өз тегінің, руының, отбасының, жақын және тағдырлас адамдарының тарихына қызығушылығын дамыту; - жеке отбасының, адамның бүкіл тарихи процеспен өзара байланысы жөніндегі түсінігін тереңдету. Сабақтың ресурстары оқу құралы, әдістемелік құрал, аудиоматериалдар, .............. Сабақтың өту барысы 1. Шаттық шеңбері. Білім алушылармен бірге халқымыздың, еліміздің тарихын қобыздың үнінен, ақын жазушылардың бізге жеткен ауызекі аңызынан, домбыраның пернесі мен тасқа түскен таңбалардан іздеп тауып, зерделеп жатқан жас ұрпақтың іс-әрекетіне талдау жасап, бұл бай мұраның біздің болашағымыз үшін маңызына тоқталу. Жағымды ойлау.
  • 12. Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым Жеңіл әуен ойналып тұрады.Текст оқылады. 2. Дәйексөз. Бүгін өткенннің нәтижесі, әрі болашақтың бастамасы. В.Г.Белинский Адам баласының қолымен жасалғанның бәрі –уақыт пен төзімнің жемісі. О.Бальзак ...ғұламалардың ғұмырлы ойлары өрнектеп кеткен Бастаулар тарихтың тылсым тасаларында қатталған. Ф.Оңғарсынова 3. Әңгімелесу. «Шаттық шеңберіндегі» айтылған ойды педагог орыс әдебиет сыншысы, В.Г.Белинскийдің «Бүгін – өткеннің нәтижесі, әрі болашақтың бастамасы», француз жазушысы О.Бальзактың «Адам баласының қолымен жасалғанның бәрі –уақыт пен төзімнің жемісі» деген ұаағатты сөздері және қазақтың ақын қызы Ф. Оңғарсынованың «...ғұламалардың ғұмырлы ойлары өрнектеп кеткен бастаулар тарихтың тылсым тасаларында қатталған» деген жыр жолдарын сабақтың дәйексөзі ретінде алып әңгімелесу ұйымдастырылады.Адамның тарихтағы орны, оның өмірлік мақсаттары, сонымен бірге тағдыры жөнінде білім алушылар өз ой, пікірлерін ортаға салады. Жетекші сұрақтар қою арқылы әңгімелесу жалғастырылады. 1. Бүгіннің кешегімен байланысы қандай деп санайсыңдар? Жауаптарыңды мысал келтіріп дәлелдеңдер. 2. Сені халқымыздың, еліміздің өткені толғандыра ма? Қалайша? 3. Отбасыңның тарихынан не білесің? 4. Ата-бабаларыңнан қандай асыл (рухани) мұра қалды? Сенің оған көзқарасың қандай? 4. Даналық тағылымы. Білім алушылардың назарын «Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады» деген халық даналығына аударып, адамның қандай жағдайда болса да үмітін үзбеуінің қажеттігін түсіндіру. Бойымызға болашақтың арман-мұраттарын дарытып, әрбір басқан қадамымыздың нық әрі сенімді болуына көңіл бөлудыіңі маңызын түсіндіру. Тапсырма «Прогрестің құпиясы» (В.С. Соловьев) атты мәтінді оқып, пікірлесу. Пікірлесуге арналған сұрақтар.  Тарихты білу не үшін қажет деп ойлайсыңдар?  Халықтың тарихында өшпестей із қалдырған қандай оқиғаларды білесіңдер? Кейінгі ұрпақ олардан қандай нәтиже шығарды?  Қоғамның, өмірдің әрбір саласының тарихи даму жолдары не үшін қалыптасады?  Өз тарихыңды білмей жарқын болашақ жасау мүмкін бе? Неліктен? 5. Оқу ақпараты. Білім алушылардың назарын өткеніміздің нақты мазмұны туралы ақпарат алуда тарихи-мәдени мұралардызерттеп білу, оқып-ысудың маңызы зор екендігіне аудара отырып, оларға жас ұрпақтың туысқандық қатынастардың ара жігін танып, тармақтап, жүйелеп ажырата білуі де заман талабынани туып отырған қажеттілік екендігін түсіндіру 6. Тақырып бойынша ой қорыту. Адамның өмірінде өзінің тегін, тарихын т.с.с. білу мақсатында жауап іздейтін сауалдары өте көп болады. Осы сұрақтарға жауап беріп, ұрпақтар сабақтастығын сақтап, жалғастыру үшін адпм адам өзін–өзі тану бағытында жүйелі жұмыс жасауы қажет деген қорытынды жасау. 7. Жаттығу, сергіту. Сергіту сәтін ұйымдастыруда білім алушылардың өздігінше білім алу белсенділігін, олардың өзара тату-тәтті ұжымдық қарым-қатынасын, ортақ міндетті шешудегі
  • 13. Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым жауапкершілігін, әсерленушілдігін т.б. әлеуметтік қасиеттерін қалыптастыру мақсаты көзделеді. 8. Жүректен жүрекке. Білім алушылар сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасып дамуының кезеңдерін айғақтайтын өлең жолдарына зер сала қарап. Ән шырқайды. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» МКҚК Сабақтың технологиялық картасы Пән ____Өзін-өзі тану________________________________________________________ Мерзімі _______________________Топ _________________________________________ Сабақтың №_______________________________________________________________ Тақырыбы Тарихпен өсіп өнемін. Сабақтың мақсаты: өркениетке барар жолда тарихтың субъектісі ретіндегі адамның орны мен рөлін анықтау. Міндеттері - тарихтың дамуында әрбір адамның алатын орны мен рөлін түсінуін тереңдету; - адамның әлеуметтік белсенділігін танытуын қамтамасыз ету; - тарихта із қалдырған адамдардың өміріне және қызметіне қызығушылығын дамыту; - өткен тарихымызға, ұрпақтар сабақтастығына өз үлесін қосуға тәрбиелеу; - тарихтағы нақты бір тұлғаның, елдің, ұлттың, материалдық және рухани мәдениетіне қосқан үлесін бағалай білуге үйрету; - өз тегінің, руының, отбасының, жақын және тағдырлас адамдарының тарихына қызығушылығын дамыту; - жеке отбасының, адамның бүкіл тарихи процеспен өзара байланысы жөніндегі түсінігін тереңдету. Сабақтың ресурстары оқу құралы, әдістемелік құрал, аудиоматериалдар, .............. Сабақтың өту барысы 1. Шаттық шеңбері. Білім алушылармен бірге халқымыздың, еліміздің тарихын қобыздың үнінен, ақын жазушылардың бізге жеткен ауызекі аңызынан, домбыраның пернесі мен тасқа түскен таңбалардан іздеп тауып, зерделеп жатқан жас ұрпақтың іс-әрекетіне талдау жасап, бұл бай мұраның біздің болашағымыз үшін маңызына тоқталу. 2. Дәйексөз. Бүгін өткенннің нәтижесі, әрі болашақтың бастамасы.
  • 14. Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым В.Г.Белинский Адам баласының қолымен жасалғанның бәрі –уақыт пен төзімнің жемісі. О.Бальзак ...ғұламалардың ғұмырлы ойлары өрнектеп кеткен Бастаулар тарихтың тылсым тасаларында қатталған. Ф.Оңғарсынова 3. Даналық тағылымы. Білім алушыларға сөз зергерлерінің шығармаларын оқыту барысында бүгінгі жас ұрпақтың ата-бабаларымыздың кім болғанын, не істегенін, ел-жұртқа несімен беделді болғанын сезініп, түсіне білуі мақсат етіледі. Біздің бүгінгі өміріміз тарихтың тылсым тасаларында қатталған ғұламалардың ғұмырлы ойлары өрнектеп кеткен бастауларынан нәр алып, сусындайды. Біздің жалындаған от кеудеміз бүгіннің ұлы қадірін сезіне алуы үшін кешегі «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» замандардың қасіретін ұғынып білуі керек. Ол үшін тарих қойнауына, оның қатпарларына көз жіберуіміз қажеттігіне білім алушылардың назарын аудару. Тапсырма Ақын Ф.Оңғарсынованың «Тарихпен тілдесу» өлеңін оқып, топ болып талқылаңыздар. Талқылауға арналған сұрақтар. 1. Ф.Оңғарсынованың тарихқа көзқарасы қандай? 2. Ақын өзінің өлеңінде не үшін тарихқа алғыс айтады? 3. Ақынның жеке тұлға болып қалыптасуына қандай факторлар, әсер етті деп ойлайсыздар? 4. Ф.Оңғарсынованың қандай тұлғалық қасиеттері сіздерге ұнайды? 4. Шығармашылық әрекет. Шығармашылық әрекетті ұйымдастыруда білім алушылардың оқу үдерісінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру мақсатын көздейді. Сонымен бірге білім алушылардың дербестігімен ойлау қабілетін арттырып, жүйелі түрде өздігінен білім алуға талпынысын дамытады. 1- тапсырма. Адамзат тарихы мыңдаған ғасырларды қамтиды. Тарихтың әрбір кезеңінде әлемнің түкпір- түкпірінде қаншама аты әлемге әйгілі жеке тұлғалар өмір сүрді. Олардың әрекеттері арқылы халықтың, мемлекеттің тарихы, шежіресі мен жылнамасы өзгеріп отырады. Олардың өмірі мен еңбектері ұрпақтан ұрпаққа мұра болып бізге дейін жетіп отыр. Тарихи оқиғалардың бірі мен өзіңізге өте ұнайтын тарихи жеке тұлғаның бірін есіңізге түсіріп, мына кестелерді толтырыңыз. Тарихи оқиғаның аталуы жылы. Себептері Жетістіктері Кемшіліктері Кейінгі ұрпаққа берер сабағы Жеке тұлғаның аты, жөні, жылдары, саласы Қалыптасуына ықпал еткен факторлар Жағымды қасиеттері, жетістіктері Кемшіліктері Кейінгі ұрпаққа берер сабағы 2 және 3 – тапсырмалар. (Әдістемелік құралдан беріледі) 5. Жағымды ойлау. Жеңіл әуен ойналып тұрады: С. Тұрысбеков. «Көңіл толқыны». Кітаптағы текст оқылады. 6. Қорытындылау.
  • 15. Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым Тарихты жасаушы да, оның қозғаушы күші де адам екеніне тоқтала келіп, адамның өзін – өзі танып, білуі үшін өз елінің, жерінің, халқының және шағын мемлекет болып табылатын отбасының тарихын, оның кешегісі мен бүгінін, мәдениеті мен өнерін, тілі мен ділін, салт- дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын білудің маңызына тыңдаушылардың назарын аудару. Әрбір адам – жалпы адамзат тарихының органикалық бөлігі. Өзін – өзі тану өз мемлекетінің, халқының, отбасының тарихын танып, білусіз мүмкін емес. Қазіргі мәдениет пен өркениет туралы тарихты, текті ана тілін, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды білмей сөз қозғау ағаттық. Оның үстіне халық көненің көздерін білгенде ғана жаңаны тудыруы, тарихты білгенде ғана болашақты жасауы мүмкін. Тарихтағы кемшіліктер мен кертартпа дәстүрлердің мәнін түсіну адамға жетістіктер мен прогресшіл дәстүрлерге, озық ойларға қол жеткізуге мүмкіндік береді. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» МКҚК Сабақтың технологиялық картасы Пән ____Өзін-өзі тану________________________________________________________ Мерзімі _______________________Топ _________________________________________ Сабақтың № _____________________________________________________________ Тақырыбы Халықтың салт-дәстүрі болашақ келбеті. Сабақтың мақсаты: «салт-дәстүр» «әдет-ғұрып» ұғымдарының мәнін ашу және оларды сақтап, құрметпен қарау өркениетке барар жолдағы ұлт болашағын айқындайтын факторлардың бірі екендігін ұғындыру. Міндеттері - ұлттық дәстүрді сақтай білу – ұрпақтар туралы түсініктерін өз тағдырына аялай қарауы, қадірлеп қастерлеуі екендігін түсіндіру; - әртүрлі салт – дәстүрлер мен әдет – ғұрыптар туралы түсініктерін тереңдету; - өз халқының дәстүрлерін жалғастыруға ұмтылысын, талабын қалыптастыру; - халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтап, құрметтеу арқылы білім алушылардың ұлтжандылық, отансүйгіштік, қасиеттерін дамытуғакөмектесу. Сабақтың ресурстары оқу құралы, әдістемелік құрал, аудиоматериалдар, үлестірме материалдар. Сабақтың өту барысы 1. Шаттық шеңбері. Білім алушылардың өмірдегі, өнердегі, адамдар арасындағы қатынастарда бар жақсылықты, әдемілік пен әсемдікті түсіне білуге және қабылдай білуге үйретуді көздейді. Өлең жолдарында сипатталған қазақтың қолданбалы қолөнерінің туындылары халықтың салт-дәстүрлерінің өміршеңдігін көрсететін бір белгілер болып саналатынына көңіл аудару. «Қыз сыны» әні. Сөзі:Қ. Қазыбековтікі. Әні: М. Омаровтікі. 2. Дәйексөз. «Саналы ер салтын сақтар».
  • 16. Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым Халық даналығы «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа». Қазақ мақалы 3. Әңгімелесу. Сабақтың дәйексөзі ретінде алынған «Саналы ер салтын сақтар» (халық даналығы), және «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа» (қазақ мақалы) деген өнегелі сөздердің мәнін ашып, өзара пікір алысу мақсатында әңгімелесу әдісін қолданып, білім алушы жастарға төмендегі бағытта сұрақтар қойылады:  «Салт-дәстүр», «әдет-ғұрып» ұғымдарын қалай түсінесіздер?  Халқымыздың қандай салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын білесіз?  Ырымдар туралы не білесіз?  Бала тәрбиесіне байланысты қандай салт-дәстүрлерді білесіз?  Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтау не үшін қажет деп ойлайсыз? 4. Оқу ақпараты. Шығармашылық әрекетті ұйымдастыруда білім алушылардың оқу үдерісінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру мақсатын көздейді. Сонымен бірге білім алушылардың дербестігімен ойлау қабілетін арттырып, жүйелі түрде өздігінен білім алуға талпынысын дамытады. 2- тапсырма. Адамзат тарихы мыңдаған ғасырларды қамтиды. Тарихтың әрбір кезеңінде әлемнің түкпір- түкпірінде қаншама аты әлемге әйгілі жеке тұлғалар өмір сүрді. Олардың әрекеттері арқылы халықтың, мемлекеттің тарихы, шежіресі мен жылнамасы өзгеріп отырады. Олардың өмірі мен еңбектері ұрпақтан ұрпаққа мұра болып бізге дейін жетіп отыр. Тарихи оқиғалардың бірі мен өзіңізге өте ұнайтын тарихи жеке тұлғаның бірін есіңізге түсіріп, мына кестелерді толтырыңыз. Тарихи оқиғаның аталуы жылы. Себептері Жетістіктері Кемшіліктері Кейінгі ұрпаққа берер сабағы Жеке тұлғаның аты, жөні, жылдары, саласы Қалыптасуына ықпал еткен факторлар Жағымды қасиеттері, жетістіктері Кемшіліктері Кейінгі ұрпаққа берер сабағы 2 және 3 – тапсырмалар. (Әдістемелік құралдан беріледі) 5. Жағымды ойлау. Жеңіл әуен ойналып тұрады: С. Тұрысбеков. «Көңіл толқыны». Кітаптағы текст оқылады. 6. Қорытындылау.
  • 17. Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» МКҚК Сабақтың технологиялық картасы Пән ____Өзін-өзі тану________________________________________________________ Мерзімі _______________________Топ _________________________________________ Сабақтың № ______________________________________________________________ Тақырыбы Халықтың салт-дәстүрі болашақ келбеті. Сабақтың мақсаты: «салт-дәстүр» «әдет-ғұрып» ұғымдарының мәнін ашу және оларды сақтап, құрметпен қарау өркениетке барар жолдағы ұлт болашағын айқындайтын факторлардың бірі екендігін ұғындыру. Міндеттері - ұлттық дәстүрді сақтай білу – ұрпақтар туралы түсініктерін өз тағдырына аялай қарауы, қадірлеп қастерлеуі екендігін түсіндіру; - әртүрлі салт – дәстүрлер мен әдет – ғұрыптар туралы түсініктерін тереңдету; - өз халқының дәстүрлерін жалғастыруға ұмтылысын, талабын қалыптастыру; - халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтап, құрметтеу арқылы білім алушылардың ұлтжандылық, отансүйгіштік, қасиеттерін дамытуғакөмектесу. Сабақтың ресурстары оқу құралы, әдістемелік құрал, аудиоматериалдар, үлестірме материалдар. Сабақтың өту барысы 7. Шаттық шеңбері. Білім алушылардың өмірдегі, өнердегі, адамдар арасындағы қатынастарда бар жақсылықты, әдемілік пен әсемдікті түсіне білуге және қабылдай білуге үйретуді көздейді. Өлең жолдарында сипатталған қазақтың қолданбалы қолөнерінің туындылары халықтың салт-дәстүрлерінің өміршеңдігін көрсететін бір белгілер болып саналатынына көңіл аудару. «Қыз сыны» әні. Сөзі:Қ. Қазыбековтікі. Әні: М. Омаровтікі. 8. Дәйексөз. (Жатқа айту) «Саналы ер салтын сақтар». Халық даналығы
  • 18. Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа». Қазақ мақалы 9. Даналық тағылымы. Білім алушыларға ұлтымыздың сөзбен айтпай-ақ ыммен, ишарамен, қимылмен, еппен сездіретін түрлі ұғымдарының тәлім-тәрбиелік мәніне терең үңіліп, оларды білу қажеттігін түсіндіру. Дана халқымыздың күш жұмсамай-ақ немесе пәтуалы сөз айтпай-ақ, бет-пішінімен, дене қимылымен үнсіз отырып-ақ ойды, пікірді айқын танытып, істі бітіре салатын құдіретін көрсететін әңгімемен танысуды ұсынады. Жаттығу, сергіту. Тапсырмаларды орындату арқылы білім алушылардың ұлағатты сөздер, мақал- мәтелдерден үлгі-өнеге, тәлім алып, оларды өз өмірлерінде жүзеге асыруына бағыт-бағдар беру мақсатын көздейді. 1- тапсырма. Төменде берілген мақал-мәтелдерді толықтырыңыздар және өздеріңіз білетін салт дәстүрге байланысты мақалдар мен, нақылдармен, ұлағатты сөздермен осылай жалғастырыңыздар.  Салт-сана, дәстүр-............, ғұрып-.............. .  Ата жолы – адамдық, Ана жолы – .............. .  Әдепті дегенше ................... десейші.  Әдепті бала – ............. бала.  Ағадан – ақыл, данадан – ................. .  Атадан – пейіл, Анадан – ................... , баладан – .................... . 2- тапсырма. «Бүгінгі сабақтан не ұқтың?» ойыны арқылы топ сабақты қорытындылайды. Әркім өзінің таңдаған рөліне байланысты әрекет жасайды. «Бүгінгі сабақтан не ұқтың?» Тілші Сұхбат беруші Сарапшы Сұрақ береді Жауап береді Жинақтап, қорытады. 10. Қорытындылау. Халқымыздың ғасырдан-ғасырға мұра болып келе жатқан әдет-ғұрыптары мен салт- дәстүрлерін сақтау, оларға жаңаша рең беріп, жаңғыртып отыру өркениетке барар жолда біздің ұлтымызды білдіретін бірден-бір жол, сондықтан әрбір адамның міндеті – жақсы нәрселерге әдеттену деген қорытынды жасайды. 11. «Жүректен жүрекке» шеңбері. Білім алушылар композитор М.Ілиясов ақын Ж. Боранбаевтың сөзіне жазған «Қазақы дастарқаным» әнін тыңдап, орындайды. Олар халқымыздың жақсы салт-дәстүрлерін қазақтың ақ дастарқаны сияқты кірлетпей, таза ұстап, сақтау қажеттігін, халықтың көңіліне ешқашан дақ түспесін деген игі тілекпен «Жүректен жүрекке» шеңберін құрады. Ән: «Қазақы дастарқаным» Әні: М.Ілиясовтікі Сөзі: Ж. Боранбаевтікі
  • 19. Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» МКҚК Сабақтың технологиялық картасы Пән ____Өзін-өзі тану________________________________________________________ Мерзімі _______________________Топ _________________________________________ Сабақтың № ______________________________________________________________ Тақырыбы Тілім, дінім, елім - үш байлығым Сабақтың мақсаты: өркениетке барар жолда ұлтымыздың тілін, зайырлы мемлекеттегі қоғам мүшелерінің діни наным-сенімін құрметтеу және еліміздің тұтастығын, тыныштығын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру. Міндеттері - мемлекеттік тілді дамыту, оның қолданылу аясын кеңейтуте үлес қосу қажеттілігін ұғындыру; - қоғам мүшелерінің әр түрлі дін өкілдерімен рухани келісім мен татулықта ұмтылысын дамыту; - әр алуан діндердің гуманистік негіздерін түсінуді тереңдету; - білім алушылардың елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін дамытуға көмектесу. Сабақтың ресурстары Оқу кұралы, әдістемелік құрал, аудиоматериалдар, БАҚ материалдары, үлестірме материалдар. Сабақтың өту барысы 1. Шаттық шеңбері. Адамның бақытын құрайтын үш кұрамдас - туған халқы, туған тілі және Отанының құдіретін жырлайтын өлең жолдарын оқи отырып, білім алушылар осы үш ұғымның мәні мен мағынасын ашуға талпыныс жасайды. М.Мақатаев Үш бақытым 2. Дәйексөз.
  • 20. Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым Ана тілің - арың бұл... Қ. Мырза Әли Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады. Халық даналығы 3. Әңгімелесу. Сабақтың дәйексөзі ретінде алынған халық ақыны Қ. Мырза Әлидің «Ана тілің - арың бұл...» деген сөзі және «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген халық даналығы ана тіліміздің орнын, оның күші мен қуатын бейнелесе, халық даналығы еліміздің ел болып, керегесі бұзылмай, тұтас сақталып қалуы үшін бірлік пен бірауыздықтың қажеттігін көрсетеді. Білім алушылардың өз ой, пікірлерін ортаға салуы үшін әңгімелесу әдісі арқылы осы айтылған ойды жалғастырады. Мынадай бағытта жетекші сұрақтар қою: 1.Тіліміздің неліктен «ана тілі» деп аталатынына көңіл бөлдіңіз бе? Қалай ойлайсыз? 2.«Ана тілің - арың бұл...» деген жолдағы айтылайын деген ойды жалғастырыңыз. 3. Бірліксіз тозған ел мен бірлігі күшті озған елге мысал келтіріңіз. 4. Сіз қазақ, орыс және ағылшын тілінде еркін сөйлеп, түсінісе аласыз. Сіз үшін қай тіл ана тілі болып табылады? Неліктен? 5. Туған тіліңіздің өріс алып, дамуы үшін сіз не істейсіз? 4. Даналық тағылымы. Білім алушыларға төменде берілген мәтінді оқып шығу ұсынылады. Мақсаты: қоғам дамуының әртүрлі кезеңінде тілге көзқарас қандай болғанына назар аударып, өзекті мәселелерге байланысты ой, пікірлерін ортаға салу. 1-тапсырма. Топтық пікірталас ұйымдастыру. Оқылған материалдар негізінде тілге қатысты көкейтесті мәселелер анықталады да, талқыланатын мәселеге қатысты білім алушылар өз тәжірибесін бөліседі және оны шешуге байланысты өз көзқарастарын топқа жария етеді. 2-тапсырма. Ұйымдастырылған жұмыстың қорытындысы ретінде үйде «Ана тілің -тұгырың» тақырыбына шығарма жазып келу тапсырылады. 5. Жаттығу, сергіту. Жаттығудың мақсаты: білім тереңіне енуі үшін қарқынды ой еңбегін қажет ететін тапсырма беру арқылы білім алушылардың рухани дүниесін байытып, туған тілін, мәдениетін, салт-дәстүрлерін сүюден елін, адамзатты құрметтеуге дейінгі сезімдерін тәрбиелеу. Жаттығуды оқытушы мен білім алушылар бірге орындайды. Тапсырма. Оқу құралында берілген С.Торайғыров, Д.Әбілев, Ш.Айтматов, М.Шахановтың өлендерінен үзінділерді дауыстап, кезектесіп оқып, тілдің қадір-қасиетіне мән беріңіздер, жүрекпен сезініңіздер. Өздеріңізге ұнаған өлең жолдарын жаттап алыңыздар. 6. Тақырып бойынша ой қорыту. Мемлекеттігіміздің нышандары тәрізді ұлттығымызды, елдігімізді білдіретін нышан ретінде ана тілімізді сақтап, аялап, қамқорлық жасап, оның бай мұрасын ұрпақтарға жеткізу баршамыздың міндетіміз екендігін ұғындыру мақсатында тілдің қасиеті мен құдіреті туралы мәтінді оқу ұсынылады. Өркениетегі елдер қатарына қосылу үшін ұлттың болашағы — оның ана тілін сақтау, дамыту міндеті түсіндіріледі. 7. «Жүректен жүрекке» шеңбері. Білім алушылар сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, өздерінің өркениетке қадам басқан еліміздің ертеңі- жастар, болашақтың туын жоғары ұстайтын - жастар екендігін әнге қосып шырқайды. Алтын бесік
  • 21. Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» МКҚК Сабақтың технологиялық картасы Пән ____Өзін-өзі тану________________________________________________________ Мерзімі _______________________Топ _________________________________________ Сабақтың № _6_____________________________________________________________ Тақырыбы Тілім, дінім, елім - үш байлығым Сабақтың мақсаты: өркениетке барар жолда ұлтымыздың тілін, зайырлы мемлекеттегі қоғам мүшелерінің діни наным-сенімін құрметтеу және еліміздің тұтастығын, тыныштығын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру. Міндеттері - мемлекеттік тілді дамыту, оның қолданылу аясын кеңейтуте үлес қосу қажеттілігін ұғындыру; - қоғам мүшелерінің әр түрлі дін өкілдерімен рухани келісім мен татулықта ұмтылысын дамыту; - әр алуан діндердің гуманистік негіздерін түсінуді тереңдету; - білім алушылардың елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін дамытуға көмектесу. Сабақтың ресурстары Оқу кұралы, әдістемелік құрал, аудиоматериалдар, БАҚ материалдары, үлестірме материалдар. Сабақтың өту барысы 1. Шаттық шеңбері. Адамның бақытын құрайтын үш кұрамдас - туған халқы, туған тілі және Отанының құдіретін жырлайтын өлең жолдарын оқи отырып, білім алушылар осы үш ұғымның мәні мен мағынасын ашуға талпыныс жасайды. М.Мақатаев Үш бақытым (ән айту) 2. Дәйексөз. (жатқа айту) Ана тілің - арың бұл... Қ. Мырза Әли Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады. Халық даналығы
  • 22. Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым 3. Оқу ақпараты. Қазіргі күрделі әрі жауапты кезеңде еліміздің алдында тұрған басты міндеттердің бірі - мәдениеттердің қақтығысына қарсы тұру, барлық діндер мен сенімдердің бейбіт қатар өмір сүруіне мүмкіндік туғызу екендігін айта келіп, педагог біздің бүгін барлық халықтардың ұлттық дәстүрлері мен мәдениеттеріне құрметпен қарау, ұлтаралық, дінаралық келісім, төзімділікті қамтамасыз ету бағытында күш-жігерімізді біріктіру қажеттігін түсіндіру. Тапсырма. Сұрақтарды топ болып талқылаңыздар. Талқылауға арналған сұрақтар. Сіз үшін «руханилық» ұғымы нені білдіреді? Сізге, сіздің замандастарыңызға руханилық қажет деп ойлайсыз ба? Рухани азық, рух қажеттілігі дегенді қалай түсінесіздер? Имандылық дегенді қалай түсінесіңдер? 4. Шығармашылық әрекет. Қоғамның рухани мәдениетінің бір бөлшегі ретіндегі дін туралы да халық аузындагы мақал- мәтелдерді орынды пайдаланудың маңызы зор. Тапсырманың мақсаты: білім алушылар өздеріне сыни көзбен қарап, мақал-мәтелдердегі айтылған ойды талдап, сараптай алу қабілетін жетілдіріп, өздерінің ой-пікірлерін дәйектей білу мақсатын көздейді. Тапсырма. Берілген мақал-мәтелдерді айтылу мақсатына қарай іріктеңіздер және өз пікірлеріңізді білдіріңіздер. Үлгі: Имандылыққа шақыру Руханилыққа шақыру Дінге уағыздаушылық 1,19 т.с.с. 4, 10 т.с.с. 9, 18 т.c.c. 5. Даналық тағылымы. Өркениетке барар жолда тілі мен діні сақталган халықты біріктіретін елі, жері екеніне білім алушылардың назарын аударып, Сары бидің алты ұлы сөзін зерделеп оқып шығу ұсынылады. Талқылауға арналған сұрақтар: 1. «Елге деген парызыңды ұмытпа!» дегенді қалай түсінесіздер? 2. "Халқынды жаралама!" дегенде Сары би қандай ой айтып отыр деп ойлайсыздар? 6. Даналық тағылымы. Көрнекті жазушылардың шығармаларынан алынған үзінділерді оқыту арқылы педагог білім алушылардың «туған ел», «туған жер» ұғымдарының мәнін түсініп, батыр аталарымыздың елді, жерді сактап, бугінгі үрпақтарына аманат етіп кеткені оларга үлкенміндет жүктейтінін түсіндіру мақсатын кәздейді. 7. Тапсырма. Оқу кұральгнда берілген эңгіме үзінділерін (Б. Момышүлы, Т. Ақшолақов, Б.Соқпақбаев, Қ. Толыбаев, Ж. Қасымбаев) зер салып оқыңыздар. 8. Тақырып бойынша ой қорыту. Мемлекеттігіміздің нышандары тәрізді ұлттығымызды, елдігімізді білдіретін нышан ретінде ана тілімізді сақтап, аялап, қамқорлық жасап, оның бай мұрасын ұрпақтарға жеткізу баршамыздың міндетіміз екендігін ұғындыру мақсатында тілдің қасиеті мен құдіреті туралы мәтінді оқу ұсынылады. Өркениетегі елдер қатарына қосылу үшін ұлттың болашағы — оның ана тілін сақтау, дамыту міндеті түсіндіріледі. 9. «Жүректен жүрекке» шеңбері. Білім алушылар сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, өздерінің өркениетке қадам басқан еліміздің ертеңі- жастар, болашақтың туын жоғары ұстайтын - жастар екендігін әнге қосып шырқайды.
  • 23. Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым Алтын бесік ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» МКҚК Сабақтың технологиялық картасы Пән ____Өзін-өзі тану________________________________________________________ Мерзімі _______________________Топ _________________________________________ Сабақтың № _7_____________________________________________________________ Тақырыбы Мәдени мұра – халық игілігі Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Оқушыларға ата – бабамыздан қалған мәдени мұраларымызды сақтап, ұрпақтан - ұрпаққа жеткізудің маңыздылығы туралы түсінік беру. 2) Тәрбиелік: Оқушыларды елін, Отанын сүюге, ұлттық құндылықтарымызды сақтауға тәрбиелеу. 3) Дамытушылық: Оқушыларды ұлттық құндылықтарымызды, мәдени мұраларымыздың тарихын білуге деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Сабақтың ресурстары Оқу кұралы, әдістемелік құрал, аудиоматериалдар, БАҚ материалдары, үлестірме материалдар. Сабақтың өту барысы 10. Шаттық шеңбері. Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау. 11. Дәйексөз. «Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады». Н. Ә. Назарбаев 12. Оқу ақпараты. 2004 жылы 13 қаңтарда ҚР Президенті «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы Қаулығы қол қойды. Бағдарламаның орындалу барысында ғылыми ізденістер ауқымды нәтижеге жетіп, еліміздің барлық тұрғындары қатыстырылып, «халықтық» деген атауға ие болды.
  • 24. Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым Аумағы жағынан әлемдегі алғашқы ондыққа кіретін қазақ жері ежелден - ақ сан түрлі мәдениеттердің тоғысқан орны болды. Мұнда көшпенділік пен отырықшылық өзара араласып жатты. Көшпенді өмір салтын бастан кешкен қазақ халқы ежелден – ақ табиғатпен етене араласып жатты. Табиғат аясындағы таным – тәжірибесі тек қана күнкөріс тіршілігіне негіз болып қоймай, сонымен бірге уақытты мәнді, көңілді өткізудің жолы ретінде де кеңінен пайдаланылған. Солардың бір көрінісі аңшылық – саятшылыққа байланысты. Құсбегілік әсем табиғат аясындағы көңілді, әсерлі қызығы мол демалыс болып табылады. Тарихи деректерге қарағанда құсбегілік өнер бұдан үш мың жыл бұрын пайда болған. Түзден ұстаған құсын үйрететін адамды құсбегі деп атайды. Құсбегі құсты балапан кезінен бастап баулиды. Тапсырма. Мәтінмен жұмыс Саятшы Ораз (С. Мұханов) (3 минут мәтінді оқу) Талқылауға арналған сұрақтар. 1 Ораз құсбегілікпен, саятшылықпен айналысты 2 Өмірін аңшылықпен өткізген Ораз, әзілқой, жайдары адам болды. 3 Ораз қыста аңға көбінесе атпен шығады. 4 Ораздың дос болатын тобы – балалар болды. 5 Ораз сараң еді. 13. Бейне материалдарды қарап талқылау. 14. Шығармашылық әрекет. Дәптермен жұмыс Қазыбек бидің аталы сөзін оқып, қазақ халқының бойындағы жақсы қасиеттерді дәптерге жазу. 1. Намысшыл. 2. Адал. 3. Өсиетті сақтау. 4. Өнерді тарату 15. Тақырып бойынша ой қорыту. Әр ұлттың өзіне тән мәдениеті бар. Дәстүр – ұрпақтан – ұрпаққа берілетін әдет - ғұрып, жалпыға бірдей тәртіп, әдеп – инабат көзі. Қазақ халқының мәдени мұрасын дәріптеу ұрпақ тәрбиесінің басты құралы болып табылады. Қазақ халқының мәдениеті халықтың мінез - құлқын, қасиеттерін танытады. Қазақ халқының мәдениеті тіршілік кәсібіне, наным сеніміне өмірге деген көзқарасына байланысты, ұрпақтан – ұрпаққа асыл мұра болып беріліп отырады. 16. «Жүректен жүрекке» шеңбері. Білім алушылар сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, өздерінің өркениетке қадам басқан еліміздің ертеңі- жастар, болашақтың туын жоғары ұстайтын - жастар екендігін әнге қосып шырқайды. Алтын бесік
  • 25. Нысан 01.17 ҮКСМЖ МК 06-2012.Жалпыбілімдік пәндер оқытушылары сабақтарының технологиялық картасы. 1- басылым ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» МКҚК Сабақтың технологиялық картасы Пән ____Өзін-өзі тану________________________________________________________ Мерзімі _______________________Топ _________________________________________ Сабақтың № _8_____________________________________________________________ Тақырыбы Отан мен Жер шарының ұрпағымыз. Сабақтың мақсаты: азаматтық пен қазақстандық патриотизм сезімін дамыту; әлемнің тұтастығы және адамның, қоғам мен табиғаттың өзара тәуелділігі туралы түсінігін кеңейту және дамыту, тереңдету. Міндеттері - ортақ мекен сезімі мен Қазақстанның мемлекеттік құндылықтарына құрмет сезімін дамыту; -әр ұлт өкілдерімен сыйластық, достық қарым-қатынас орнату біліктілігін дамытуға көмектесу; -біздің планетамызда болып жатқан барлық өзгерістерге, әрекеттерге адамның өзінің қатысы бар екенін ұғындыру; -қазіргі уақыттағы жаһандық мәселелерді шешуге өз үлесін қосуға ұмтылысын дамыту; -жаһандық мәселелерді түсініп, оларды шешу қабілетін дамыту, жобалау әрекетінің дағдыларын қалыптастыру; - диалог пен мәдениетаралық коммуникация дағдыларын қалыптастыру. Сабақтың ресурстары Оқу кұралы, әдістемелік құрал, аудиоматериалдар, БАҚ материалдары, үлестірме материалдар. Сабақтың өту барысы 1. Шаттық шеңбері. Ата-бабаларымыз келер ұрпаққа аманат етіп тапсырып кеткен жеріміздің қорғаны болар жас ұрпақтың өзінің елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі мен мақтанышы жырланган әнді оқытушы және білім алушылар қосылып бірге жырлайды. Ән: Жерім менің. Сөзі Н.Назарбаевтікі. Әні Б. Тілеухановтікі 2. Дәйексөз. Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ,