SlideShare a Scribd company logo
1 of 22
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ ДЕПАРТАМЕНТІ
Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға
мамандандырылған гимназия-интернаты
4-сынып оқушысы
Айтбай Адия
Шетел ойыншықтарының бала өміріне зияны
Секция: экология
Жетекшісі: КММ № 9 орта
мектебінің бастауыш сынып
мұғалімі Жакубаева Саягүл
Бағадатқызы
Петропавл, 2017 ж.
Мазмұны КІРІСПЕ.............................................................................................................6
ІІ.ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ....................................................................................9
2.1 Шетел ойыншықтары Қазақстанда....................................................................9
2.2 Шетел ойыншықтарының құрамындағы зиянды химиялық заттар...............10
2.3 Отандық ойыншықтар зауытын ашу – өзекті мәселе. Бал-бала
ойыншықтары...........................................................................................................11
ІІІ. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ......................................................................................15
3.1 Балабақша әдіскерлерінен алынған сауалнама қорытындысы......................15
3.2 Ата-аналардан алынған сауалнама қорытындысы..........................................15
3.3 Бастауыш сынып оқушыларынан алынған сауалнама қорытындысы..........17
3.4 Зертханалық тексеріс қорытындысы................................................................18
ІV. ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................20
V. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................21
2
Аңдатпа
Мақсаты: Шетелден әкелініп жатқан кейбір ойыншықтардың жас
ұрпақтың ағзасына тигізетін зиянын түсіндіру.
Міндеттері:
1. Ойыншықтың бала өміріндегі алатын орны туралы мағлұмат беру.
2. Кейбір шетел ойыншықтарының құрамындағы улы заттардың бала
ағзасына зиянды жақтарын көрсету.
3. Қазақстанда ойыншық индустриясын дамытудың қажеттілігін
айқындау.
Өзектілігі: бұл жұмыстың өзектілігі ересек адамдардың, соның
ішінде ең біріншіден ата-аналардың өз балаларына қажетті және пайдалы
ойыншықты сатып алу барысында дұрыс таңдау жүргізу болып табылады.
Ғылыми жобада материал жүйелі турде жинақталған, кіріспе және
негізгі бөлімінен, қорытындыдан тұрады және соңында нақты ұсыныстар
берілген.
3
Аннотация
Цель научного проекта: показать вред, наносимый некоторыми
импортными игрушками, на организм ребенка.
Задачи:
1. Определить место и роль игрушек в жизни детей.
2. Показать отрицательное влияние некоторых импортных игрушек,
которые содержат вредные вещества, на организм ребенка.
3. Доказать необходимость развития индустрии игрушек в
Казахстане.
Актуальность данной работы заключается в том, что автор
доказывает необходимость изменения подхода взрослых и, прежде всего,
родителей к приобретению и полезных и нужных игрушек для своих детей.
Данный научный проект характеризуется системный изложением
правильно подобранного материала; состоит из вводной; основной частей. В
конце делаются выводы и даются конкретные предложения.
4
Annotation
The aim of the research project: to show the harm caused by some
imported toys for the baby.
Tasks:
1. Identify the place and role of toys in children s lives.
2. Show the negative influence of some imported toys that contain harmful
substances for the organism of the child.
3. Prove the need for the development of the toy industry in Kazakhstan.
The relevance of this work lies in the fact that the author proves the
necessity of changing the approach of adults and, above all, the parents to the
purchase of useful and necessary toys for their children.
This research project is characterized with a system of outlining. Properly
sized material is composed of an introduction and main parts. At the end the author
draws conclusions and provides specifiс proposals.
5
I. КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда балалар ойыны мен ойыншықтарының сапасы мен
қауіпсіздігіне бақылау Кедендік одақтың комиссиясының шешімімен 2012
жылдың 23 кыркүйегінде бекітілген «Ойыншықтардың кауіпсіздігі туралы» №
798 техникалық регламентіне сәйкес 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап
Кедендік одақтың аумағында жүзеге асырылып келеді.
Бұл жаңа кедендік одақтың техникалық регламенті заттың сапасына
қойылатын талаптарды нақты анықтайды. Оның ішінде зиянды заттардың
рұқсат етілген деңгейінің көрсеткіштерін, сондықтан сатылымға шығарылатын
сапасыз ойыншықтардың алдына тосқауыл қойылуда.
Бүгінгі таңға Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 29.01.2013
жылғы №2 «Балалар ойындары мен ойыншықтарын әкелуге және өткізуге
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды күшейту жөніндегі
санитариялық- эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу
туралы» қаулысы қабылданды.
Облыс бойынша санитарлық қызметте 18 балалар ойындарымен
ойыншықтарын сататын нысандар бақылауға алынған. Қазақстан
Республикасы Президентінің 2014 жылдың 27 ақпанындағы № 757 «Қазақстан
Республикасында кәсіпкерлік кызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі
түбегейлі шаралар туралы Жарлығына сәйкес кіші және орта кәсіпкерлікті
тексеру 02.04.2014 жылдан 01.01.2015 жылға дейін тексеруді тоқтату туралы
моратория жариялануына байланысты барлық жоспарлы тексерістер
тоқтатылды.
2015 жылдың 1 сәуіріне дейін 13 ойыншықтар сататын нысандардан
алынған сынамалар зертханалық жолмен тексерілді.
Облыс бойынша осы жылдың 6 айында 80 ойыншық сынамасы
алынып, оның 20 сынамасы (25%) органолептикалық және физико-химиялық
көрсеткіштері. соққыға шыдамсыздығы мен сынғыштығы, өткір ұштары мен
шеттері бойынша оң нәтиже берді. Сонымен қатар ойыншықтардың белгілері
талапқа сай өрнектелмеген.
6
I талапқа сай келмейтін ойыншықтардың негізі Шетел елдерінде
шығарылған («Бегемот» резинкалық шиқылдағыш, «гитара», «доп ұстаған
дельфин», «браслет» сылдырмағы, «кірпі» резиналық доптары).
Анықталған кемшіліктер бойынша жауапты адамдарға 2 айыппұл
18520 теңгеге салынып, базар басшылары мен жеке кәсіпкерлерге
ойыншықтарды сату кезінде «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» 008/2011
КО ТР талаптарын орындау туралы қажетті шараларды уақтылы жүргізіп, және
алда оны бұзуға жол бермеу туралы хат жолданды. Қазіргі шетел
ойыншықтарына бала әуес болады. Мысалы менің сіңілімді алсақ, біз
кішкентай кезімізде «Губка боб», «Монстр хай», «Эвер афтер хай» т.б.
ойыншықтарын сұрадық. Бірақ бізге ата-анамыз рұқсат берген жоқ. Олар
шетелден әкелінгенің түсіндірді. Содан кейін біз шетел ойыншықтарын сұраған
жоқпыз. Құрамында қандай заттар бар екенін біз білмейміз. Сондықтан
ойыншықты дұрыс тандау керекпіз. Әйтпесе балаға зиян келтіреді. Содан бала
бір ауруға шалдығуы мүмкін. Іс қимылының дамуы,миының
дамуы,дағдысының қалыптасуы,шеберлігі бұзылады. Осылайша жас ұрпақтың
жетілуіне кері әсерін тигізеді. Ойыншықты тандаған кезде сатушыдан
қауіпсіздікті растайтын құжаттарды талап ету керек. Сонда қауіпсіз болғанына
көзіңіз жетеді. Онда ол қауіпті болса, онда мұндай ойыншықты алуға бас
тартыңыз. Қазіргі таңда сапасы төмен ойыншықтар Қазақстанға келіп,көбейіп
келеді. Біздің Қазақстан ойыншықтары аз. Ал шетел ойыншықтары өте көп.
Ойын бала үшін нағыз өмір. Ойын арқылы бала өмірге әзірленеді.
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: Ойын ойнап, ән салмай, өсер
бала бола ма? деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ал
ойыншықтар баланы жан-жақты тәрбиелеу құралы. Бала ойыншықпен ойнай
отырып, дүниетанымы қалыптасады. Қимылы дамиды. Қолдарымен,
саусақтарымен жұмыс істеу барысында баланың миы да дамиды. Ойыншық
баланың ойлау қабілетін дамытып, оның шеберлігін, дағдысын қалыптастыруға
көмектеседі.
Ертеректе, заманның қысылтаяң кезеңінде аталарымыз ағаштан
7
жасалған әр түрлі жануарлармен, ал әжелеріміз сабаннан жасалған
ойыншықтармен ойнаған. Қазірде тәуелсіздігін алған Қазақстан ұрпақтары
үшін ойыншық қол жетімді дүние. Қазіргі таңда. базарлар мен дүкендерде бала
көңілін аулайтын саналуан ойыншықтар бар. Әдемі қуыршақтары түрлі-түсті
жұмсақ материалдан тігілген, қабырғасын бассаңыз, әндететін қуыршақтар мен
үлкен машиналар, тіпті, атыс-шабыс қаруларынан тұратын ойыншықтар
жиынтығын да кездестіруге болады. Дегенмен бүгінде сауда айналымында
ойыншықтардың саны көп болғанымен, сапасы сын көтермейді. Қыруар
қаржыға сатып алынған ойыншық бала ойынына мыйдас бермей, әп-сәтте
«істен» шығады. Сондай-ақ Шетелден жеткізілген қауіпті ойыншықтардың
қауіп-қатерге толы, кұрамында адам ағзасына зиянды улы химиялық заттардың
бар екенін айтып, бүкіл әлем дабыл кағуда. Дабыл қағып қана қойған жоқ, оған
қарсы шаралар қолданылып жатыр. Мәселен, бүгінде аспан асты елінде
шығарылған ойыншықтардың Солтүстік Америка мен Австралияның
дүкендерінде сатылуына тыйым салынған. Сол сияқты, Ресей шетел
ойыншықтарын зерттеу нәтижесінде оның кұрамында улы химиялық
заттардың көптігін анықтаған соң, дайын өнімдерді кері қайтарып, тіпті осыған
байланысты арнайы заң кабылдаған. Өкінішке карай, басқаларға керексіз
болып қалған осы ойыншықтар біздің елімізге еш кедергісіз, тексерусіз ағылып
жатыр. Қолда бар деректерге сүйенсек, сауда нүктелеріне шығатын
ойыншықтардың 80-90 пайызы шетелдікі көрінеді.
8
IІ. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
2.1 Шетел ойыншықтары Қазақстанда
Қазір еліміздегі базар, дүкен сөрелерін шетел тауарларының жаулап
алғанына біраз уақыт болды. Ол тек ойыншыққа ғана қатысты емес. Бұл елдің
азық-түлігі, жеміс-жидегі, киім-кешегі де мемлекетімізге еш кедергісіз,
тексерусіз ағылып жатыр. Отандық мамандар шетелдің тек ойыншығы ғана
емес, тамағы, тіпті балалардың киім-кешегіне дейін қауіп-қатерге толы,
кұрамында адам ағзасына кері әсерін тигізетін улы химиялық заттардың бар
екенін айтып келеді. Әлемдік брендтердің өнімдерін «көшірумен» белсенді
түрде айналысып отырған шетел кәсіпорындары ақшаға құйыққандықтан,
сапаға емес, санға мән береді. Сырт көзге сүп-сүйкімді көрінетін өнімдерге
алданып, онда қандай қатер бұғып жатқанына мән бере бермейміз.
Шетел тауарлары тек Қазақстан нарығын ғана емес, бүкіл әлем
елдерін жаулап алғаны аян. Бірақ та кейінгі жылдары Америка, Ресей елдері
шетел ойыншықтарын зерттеу нәтижесінде оның құрамында улы химиялық
заттардың көптігін анықтаған соң ойыншықтарды кері кайтарып, тіпті, осыған
байланысты арнайы заң қабылдаған болатын. Мәселен, жақында Ресейде
«Балалар ойыншықтарын шығару және тарату өндірісінде бақылау мен
кадағалау тиімділігін арттыру туралы» жаңа заң кабылданып, күшіне енді.
Яғни, бұл құжат бойынша ойыншықтар нарығындағы қауіпсіздік ережелерін
нығайтуға күш салынады.
Шетелден келетін тауардың, соның ішінде ойыншықтардың бәрі
кауіпті деп айта алмаймын. Шетел ойыншықтарының екі түрі бар. Біріншісі –
зауытта жасалып, елімізге ресми түрде әкелініп, тексеруден өтіп, сапасы
жөнінде сертификаты бар тауар. Олар негізінен жүк түрінде әкелініп,
сертификация органына зерттеуге жіберіледі.
Бұл ойыншықтардың құжаты болғандықтан кез-келген дүкенге
қиындықсыз алады. Ал заңсыз әкелінген ойыншықтардың сапасы жайлы
сертификаты болмағандықтан, оларды ешқандай дүкен алмайды. Сондықтан
9
ондай тауарлар базарда сатылады. Ал әрбір өнімнің сапасы, қауіпсіздігі жайлы
сертификаты не болмаса санитарлық қорытындысы болуы қажет. Бірақ та қара
базардағы өнімдерде ондай сертификат болмайды. Арзан болғасын сапасы да
нашар. Әрбір ойыншықта маркасы, шығарған зауыт аты, ел коды, мекенжайы
туралы ақпарат болу керек. Ал базардағы ойыншықтарда ондай құжат жоқ.
2.2 Шетел ойыншықтарының құрамындағы зиянды химиялық заттар
Ересектер балаларға жылтыраған шетел ойыншықтарын әперуге
құштар. Бірақ та оның негізі химиялық өндірістің қалдықтарынан
жасалынатындықтан баланың миын зақымдап, көру кабілетін төмендетіп,
кемтарлыққа ұшырататынынан көп жағдайда хабарсыз.Енді белгілі деректерге
сүйенсек, осыдан екі жыл бұрын америкалық «Mattel» компаниясы өздерінің
шетелде жасатқан 18 миллионға жуық ойыншығын дүкен сөрелерінен
сыпырып алып тастады. Себебіне келсек, америкалық кәсіпорынның
тапсырысын орындаған шетелдік «Dong Lian» және «Үір Sing» компаниялары
ойыншықтар өндірісінде кұрамына белгіленген мөлшерден бірнеше есе көп
мырыш бар бояуларды қосып, пайдаланғаны анықталды. Міне сондықтан да
«Mattel» компаниясы әлемдік деңгейдегі шуға қалып, Таяу Шығыс пен
Африкаға жөнелтілген тауарларын кері қайтарып, тұтынушыларға өтемақы
төлеп, құтылған. Ал мырыш әсіресе нәрестелер үшін аса қауіпті. Яғни, ағзаға
түскен мырыш миды зақымдап, сәбиді мүгедек қылады. Ал кішкентай
бүлдіршіндердің кез келген затты ауызға салып, иіскеуге құштар екендігі
ешкімге де жасырын емес. Осылай зиянды, улы заттар бала ағзасына түсіп,
түрлі ауруға ұшыратады. Шетелден келген ойыншықтар құрамындағы
формальдегид әдетгегіден 10-15 есе көп екен. Сонымен қатар шетелдік
ойыншықтар құрамында аса зиянды улы зат — фенолдың көрсеткіші де
бірнеше есе көп екендігі және шығатын дыбыстардың талаптан асып түсетіні
де белгілі болды. Тіпті нәрестелерге арналған сыңғырлақтардың келешекте
баланы керең, саңырау қылатыны да анықталып отыр. Жұмсақ резеңке
ойыншықтарын бояйтын заттар құрамындағы кадмий мен қорғасын мөлшері де
10
қалыпты деңгейден әлдеқайда асып түскен. Мұндай улы ойыншықтар баланы
тек кана аллергиялық ауруға ұшыратып қоймайды, онымен қоса асқазан, ішек
дерттеріне де ұшыратады екен.
Қазақстан нарығында жүрген балалар ойыншықтарының көбі
денсаулыққа қауіпті. Шетелдің арзан, сапасыз тауарының жасөскін ағзасына
кері әсер ететінін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігіне
қарасты техникалық реттеу және метрология комитетінің мамандары айтты.
Олар дүкен сөрелеріндегі ойыншықтардың 70 пайызы бүлдіршіндерге қауіп
туғызатынын дәлелдеген. Шетел ойыншық индустриясының 50 пайыздан
астамы Орта Азия және Африка елдеріне экспортталады екен. Арнайы
зертханалық тексеріс барысында белгілі болғандай, «Ханзада» үйрек, «Ванька-
встанька», қызыл машина, үрлейтін резеңке шардың иістері 3 баллдан болса, ал
секіретін доп, үлкен ақ машинаның жағымсыз иісі 4,0 балл болған. «Ванька-
встанька» ойыншығының бөлшектері қатты бекітілмеген әрі ұштары үшкір.
Кішкене ойын баласына мұның қауіп-қатері өте көп. Ойыншық бояуы
жағымсыз иіс шығарады. Ит және кірпі бейнесіндегі жұмсақ ойыншықтардың
тігісі мықты емес. Иісі - 4,0 балл. Ал әлемде рұқсат етілген концентрация
бойынша 2,0 баллдан аспауы керек.
2.3 Отандық ойыншықтар зауытын ашу – өзекті мәселе. Бал-бала
ойыншықтары.
Еліміздегі базарлар мен дүкен сөрелерін арзан әрі сапасыз
ойыншықтардың жаулап алуының нәтижесінде омыртқасы қисық, керең, иіс
сезу мүшесі әлсіз ауру буын өсіп келеді. Әрине, жас балғын сәби мына әлемді
ойыншық арқылы таниды. Осы жансыз бейнемен сырласады. Қазіргі уақытга
еліміздің нарығындағы киетін киім-кешек те, күнделікті тұтынатын тағам,
сусындарымыздың, тіпті балалар ойнайтын ойыншықтардың өзі шетелден
әкелінеді. Мамандардың айтуынша, Қазақстанда ойыншық өндіретін отандық
зауыт ашқанның өзінде көп ұзамай ол өзін ақтай алмай жабылып калады.
Шетелден ағылған арзан ойыншықтар отандық өнімді дамытуға
11
мүмкіндік бермейді. Ал балалардьң күнделікті құшақтап, тіпті бірге
ұйықтайтын серігі ойыншықтың берер тәрбиесі де зор. Балалардың ертегілерді
ұйып тыңдайтыны белгілі. Ондай болса, қазақ ертегілерінің желісімен Алдар
көсе, Тазша бала, батырлар тәрізді ұлттық кейіпкерлер бейнесінде ойыншықтар
жасалса, бұл бала үшін баға жетпес сый болар еді. Әрине, бұл — отандық
кәсіпкерлерге қатысты мәселе. Тек қалтасын толтырумен ғана айналыспай, жас
ұрпақтың дені сау да, ақылды, өз елінің патриот азаматы болып өсуі үшін
қамқорлық көрсетіп, ойыншықтар өндірісін колға алуға болады емес пе?
2014 жылы елімізде қазақша сөйлейтін қуыршақтар шығарыла
бастады. Оны өндіруші — «Бал-бала» компаниясы. Өткен жүмада «Мега-
Ақтөбе» сауда-ойын-сауық орталығында бірінші ұлттық бренд саналатын
«Бал-бала» ойыншықтарының таныстырылымы өтті.
Сатушы қолына домбыра ұстап, Азиада символы — қар барысы
бейнесіндегі қуыршақтың тетігін басып еді, ол Құрманғазының күйін тарта
жөнелді. Қуыршақтар бірінен бірі өтеді, ит кейпіндегі ойыншық «Ақбұлақ»
әнін шырқаса, ақ қоян «Қамажай» биін билейді.
Жоба авторы, әнші Қыдырәлі Болманов қуыршақтарды қазақ тілінде
сөйлетіп, бала санасына патриоттық тәрбиені кішкентай кезінен сіндіруді
мақсат еткен.
Оның айтуынша, ойыншықтар шетелде — Қытайдың Гонконг,
Гуанчжоу қалаларында жасап шығарылады. «Әлем ойыншықтарының 90
пайызы сол елде жасалады екен. Өкінішке карай, әлі біздің елде ойыншық
өндіретін бір де бір зауыт, не цех жоқ. Сондықтан да бізге шетелдіктердің
қызметіне жүгінуге тура келді. Ал қазір біз Қазақстанда өзіміздің кұрастырушы
зауытымызды ашып үлгердік. Болашақта отандық ойыншықтарды көптеп
шығаратын үлкен зауыт салу жоспарда бар. Ойыншықтарда еуропалық сапа
сертификаты бар. Өзіміздің Ұлттық сараптама және сертификаттау
орталығында да тексерілді. Психологтар, дефектологтар, логопедтер мен
педиатрлар да оң баға берді», — дейді Қыдырәлі Болманов.
Қуыршақтардың бір бөлігінің прототиптері — қазақ халық
12
фольклорының кейіпкерлері. Мысалы, қазақ тілінде қазіргі заманға сай рэп
айтатын Тазша бала, «Мен Алдармын, Алдармын...» деп ән салатын Алдар
көсе. Бөбектеріміз енді осылармен ойнайтын болады. Сондай-ақ «Бал-бала»
компаниясы әнші Қарақат Әбілдинаның түрі бейнелеген «Қарақат» қуыршағын
да жасап шығарыпты. Ол біздің Ақтөбеге бір айдан соң әкелінеді.
Қуыршақтардың ең арзанының бағасы — 2900 теңге. Ал ең қымбаты — 7-9
мың теңге.
«Ұлытау» ән тобын құрғаннан кейінгі ойға келген шаруаның бірі —
қазақ тілінде сөйлейтін қуыршақтар шығару болды. Әлемде өз тілінде
сөйлейтін қуыршақ шығарған елдер саусақпен санарлық. Орталық Азия
елдерінде бірінші боп біз шығарып отырмыз. Әуелі маркетингтік зерттеулер
жүргіздік. Сұраныс бар. Алайда тауардың өзіндік кұнын қойғанда, өндіру
шығыны мен кедендегі төлемдер де есептеледі. Әрине, арзан зауыттармен
келісіп, өндіруге де болады, алайда, ол кезде ойыншықтардың сапасы
көңілімізден шықпаған болар еді. Ойыншықтардың бағасын төмендету
ойымызда бар, бірақ ол үшін уақыт керек. Әзірге біз тек қаржы салудамыз,
өнім тек келесі жылы ғана өзін өзі өтейтін болар. Қазіргі ісіміз — үлкен
индустрияның бастауы. Әрі қарай кұрастырмалы ойыншықтар, велосипедтер
шығармақ ойымыз бар, — дейді Қыдырәлі Болманов. .
«Бал-бала» ойыншықтарының 30-ға жуық түрі бар. Алғашқы – 90
мыңға жуық данасы шығып үлгерді.
Атақты жапон жазушысының бала тәрбиесі жөнінде жазған кітабы
бар. Үш жасына дейін бала бойында әдеттерді қалыптастырып, санасына өзінің
тілі менен төл мәдениетімізді құйып үлгермесең, әрі қарай бала тұлдыр боп
өседі. Айналып келгенде, тамырынан ажырап қалады. Яғни, ертең
ұрпағымыздың барлығы шетелдік фильм мен мультфильм кейіпкерлеріне
еліктеп өсер болса, күй атасы Құрманғазыны да, қара сөздің мәйегін түсінген
Абайды да, жалпы, оның тілін де жатсынатыны ешкімге құпия емес.
Шетелдің ойыншықтары қайбір мәдениетке үйретеді, қайбір тілге
үйретеді, қазақтың қайбір өнегелі дүниесіне үйретеді?! Түк те жоқ. Сондықтан
13
да бүгінгі уақытта қазақы ойыншықтың қаншалықты қажет екенін айтпай-ақ
түсінуге болар. Компанияны құру өте күрделі жолдан өтті. Ең алдымен
нарықты, маркетингтік зерттеумен айналысудан бастадық. Отандық
ойыншықтар елімізге қажет пе? Сипаты қандай болады? Қандай материалдан
жасалуы керек? Бастапқыда қанша түрін шығарамыз? Кейін қанша түрі пайда
болады? Қалаларға жеткізілу жағы қалай жүргізіледі? Кеңсені қай жерден
ашуымыз керек? Алдымызда осы сияқты көптеген сұрақтар мен уақыт
күттірмейтін мәселелер тұрды. Бел жазбай еңбек етуіміздің арқасында барлық
мәселелер өз шешімін тапты.
«Бал-бала» деп атауымыздың өзі отандық бренд жасауға лайықтап
таңдалған ат. Естір құлаққа жағымды, мағыналы сөз. Оны өзім таптым.
Ойыншықтар жасау жөнінде идея келгеннен бастап оны жасап шығарғанға
дейінгі аралықта өлшеусіз көп уақыт, ұйқысыз түндер өтті. Ойыншықтардың
сан түрлі үлгілері әзірленіп, қайта-қайта сүзгіден өтті. Өз ісінің шебері деп
танылған технолог мамандармен әр ойыншықтың қалай сөйлейтіні, қалай
қозғалатыны, ән айтып, би билейтінін жөнінде ақылдастық. Жасалған
материалдардың қасиеттерін зерттеу де біршама еңбек пен уақытты қажет етті.
14
ІIІ. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
3.1 Балабақша әдіскерлерінен алынған сауалнама
қорытындысы:
Қорыта келгенде, бес балабақша әдіскерлерінен алынған сауалнамада
ең басымдылығы ойыншықтарды Ресейден портал арқылы алынатындықтарын
байқадым.
3.2 Ата-аналардан алынған сауалнама қорытындысы:
Сапасы төмен ойыншықтардың Қазақстанға көптеп келуі, болашақ
ұрпақтың дұрыс жетілуіне кері әсерін тигізуде. Қазіргі таңда әрбір ата-ана өз
баласына қуаныш сыйлау үшін ештеңеден аянбайды. Ал баланың серігі де,
ермегі де ойыншық болғандықтан, баласына оның түр-түрін әперуден ата-ана
жалықпайды. Өкінішке қарай, көздің жауын алатын ойыншықтың барлығы да
шетелден әкелінеді. Алайда кейбір ата-ана осы ойыншықтардың қаншалықты
бала ағзасына қауіпті екенін білмейтіндер баршылық, осы жансыз заттың
балаға қаншалықты қатерлі екендігін біле бермейді немесе білсе де
немқұрайлық танытады. Сонын салдарынан бала азап шегеді. Сондықтан мен
15
бала өміріндегі таңғажайып ойыншық әлемінде ең алғашқы рөлдердің бірін
атқаратын ата-аналардан саулнама алу арқылы ойларын білгім келді.
Қорыта келгенде олардың, өз балаларына қауіпсіз ойыншықтарды
алатындықтары көрінді.
16
Ата-аналардан алынған сауалнамада, ең басым ата-аналар
ойыншықтарды сатып аларда оның сапасы мен кауіпсіздігіне көп назар
аударатындары байқалды.
3.3 Бастауыш сынып оқушыларынан алынған сауалнама
қорытындысы:
Мен соның ішінде тек 2 және 4 сыныптардан сауалнама алдым.
Нәтижесінде балалар өздері қолдан ойыншықтар жасауды ұнататындықтары
және де табиғи таза заттардан жасалған ойыншықтарды қалайтындықтары
байқалды.
17
3.4 Зертханалық тексеріс қорытындысы
Елдегі балалар тауарының индустриясы өзіміз үшін емес, өзге елдің
тауар өндірушілері үшін құнарлы топыраққа әлдеқашан-ақ айналып кеткен.
Қазақстандағы балалар ойыншықтарының индустриясын ашық жатқан тап-таза
алаңға баласақ, сол алаңда қазақтан басқалар балаларға арналған тауарларын
жайып тастап, жәрмеңке жасап отыр. Оның ішінде Қытай да, Түркия да, Ресей
де, Белоруссия және тағы басқа елдер де бар. Тек қазақ жоқ. Қазақстанның
үлесі бар-жоғы 2 пайыз ғана. Статистикалық деректерге жүгінсек, бұл күні
балалар тауарының 98 пайызын импорт құрайды. Яғни елдегі балаларға
арналған ойыншық индустриясының қазанына өзіміз емес, өзге ие. Осыған
байланысты шетелден келетін ойыншықтардың қаншалықты зиян-
18
залалсыздығын немесе зиянсыздығын анықтау үшін мен орталық жәрмеңкеден
кездейсоқ сатып алынған «резеңкелі мысық» ойыншық үлгісін Солтүстік
Қазақстан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығына» зерттеу үшін
тапсырдым. Сонда ол «резеңкелі мысық» ойыншық үлгісінің құрамында
органолептика, формальдегид, фенол секілді улы заттардың нормадан тыс көп
екені белгілі болды. Зерттеу нәтижесі төмендегі «Ұлттық сараптама орталығы»
берген қорытынды хатамасында көрсетілген.
Төменде берілген резеңке ойыншық арқылы мен бірнеше бала өміріне
зиян келтіретін заттарды анықтадым. Өз ғылыми жобам арқылы өскелен
ұрпаққа із салғым келеді.
19
20
IV. ҚОРЫТЫНДЫ
Осы күні қазақ баласы ойнап жүрген шетел ойыншықтарының қауіп-
қатерге толы екені ақиқат. Көбінде ата-ана баласына бір сәттік қуаныш сыйлау
үшін оның сапасының сын көтермейтінін біле тұра, мән бермейді. Әрине,
дүкендердегі бағасы шарықтаған ойыншықтарды сәбиіне алып беруге бәрінің
қалтасы көтере бермейді. Дегенмен де баланың қауіпсіздігі үшін қара
базардағы қаптаған арзан ойыншықтардан гөрі, дүкендерден сертификаты бар
ойыншықтарды алған жөн. Осы мәселелерді қолға алып, сырттан келетін
ойыншықтың сапасын тиісті органдар қатаң кадағалауға алса. Өйткені
ойыншық – ұлттық кауіпсіздіктің басты мәселесі. Ойыншық мәселесіне жеңіл-
желпі қарауға болмайды. Ойыншық арқылы баланың ойлау қабілеті артады.
сол арқылы өмірге бейімделеді. Сондықтан ұлт боламын деген, ұрпағын
ойлаған ел балалар ойыншығына, әсіресе, сырттан әкелінетін ойыншықтың
сапасына, зиянсыздығына ерекше көңіл бөлуге, қатердің алдын алуға міндетті.
Қазақтың баласы тамырынан қол үзіп қалмасын десек, ұлттық
нақыштағы, бүлдіршіндерді қызықтыра білетін, бір көргенде елітіп әкететін
ойыншықтарды, мультфильмдерді түсіру керек. Өскелең ұрпақтың қоғамның
толыққанды, парасатты тұлға болып қалыптасуына оның қолындағы
ойыншықтары мен көгілдір экранның тигізетін әсері мол.
Ұсыныс:
– табиғи таза материалдардан ойыншық жасау;
– білім ошақтарында қолдан тоқу, тігу үлгілері арқылы жасайтын
үйірмелер қызу жұмыс істесе;
– келешекте «Даму» қорының көмегімен отандық ойыншық
өндіретін дүкен ашу;
– қол еңбегімен жасалған ойыншықтар әр балаға қол жетімді болса;
– еліміздің ірі қалаларында арнайы ойыншық жасайтын зауыттар
ашылса.
21
V. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. «Ол кім, бұл не?» Балапан арнасының телебағдарламасы.
2. Шетелдің зиянды ойыншықтарына қашан тосқауыл қойылады? - Ж.
Сүлейменов, АСТАНА.
3. «Арзан ойыншық — қымбат дерт» ғылыми жобасы. Автор:
Сандуғаш Әлімжанова. «Сапасыз ойыншықтар бала болашағын
бұлыңғырлатады» мақала 14.09 2013.
4. «Сапасыз ойыншықтар бала болашағын бұлыңғырлатады» мақала
14.09 2015.
5. Балаларды арбаған «Сиқыр ойыншықтар» оның денсаулыққа зияны
қандай? Мақала 04.2015.
6. «Қуыршақтарды күлімдетіп, сәбилерді сергелдеңге түсірген қайран
шетел» мақала 29 шілде, 2014.
7. «4 миллион баламыз шетел тауарына телміріп отыр» Автор:
Жанар Келменбетова, Қарағанды. 2015 жылғы 21 тамыз.
22

More Related Content

More from Вспомогательный образовательный сайт

More from Вспомогательный образовательный сайт (20)

стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 
4 д баспаға
4 д баспаға4 д баспаға
4 д баспаға
 
статья торгаева м.м.
статья торгаева м.м.статья торгаева м.м.
статья торгаева м.м.
 

айтбай әдия жоба 2017 жыл

  • 1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ ДЕПАРТАМЕНТІ Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты 4-сынып оқушысы Айтбай Адия Шетел ойыншықтарының бала өміріне зияны Секция: экология Жетекшісі: КММ № 9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жакубаева Саягүл Бағадатқызы Петропавл, 2017 ж. Мазмұны КІРІСПЕ.............................................................................................................6
  • 2. ІІ.ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ....................................................................................9 2.1 Шетел ойыншықтары Қазақстанда....................................................................9 2.2 Шетел ойыншықтарының құрамындағы зиянды химиялық заттар...............10 2.3 Отандық ойыншықтар зауытын ашу – өзекті мәселе. Бал-бала ойыншықтары...........................................................................................................11 ІІІ. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ......................................................................................15 3.1 Балабақша әдіскерлерінен алынған сауалнама қорытындысы......................15 3.2 Ата-аналардан алынған сауалнама қорытындысы..........................................15 3.3 Бастауыш сынып оқушыларынан алынған сауалнама қорытындысы..........17 3.4 Зертханалық тексеріс қорытындысы................................................................18 ІV. ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................20 V. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................21 2
  • 3. Аңдатпа Мақсаты: Шетелден әкелініп жатқан кейбір ойыншықтардың жас ұрпақтың ағзасына тигізетін зиянын түсіндіру. Міндеттері: 1. Ойыншықтың бала өміріндегі алатын орны туралы мағлұмат беру. 2. Кейбір шетел ойыншықтарының құрамындағы улы заттардың бала ағзасына зиянды жақтарын көрсету. 3. Қазақстанда ойыншық индустриясын дамытудың қажеттілігін айқындау. Өзектілігі: бұл жұмыстың өзектілігі ересек адамдардың, соның ішінде ең біріншіден ата-аналардың өз балаларына қажетті және пайдалы ойыншықты сатып алу барысында дұрыс таңдау жүргізу болып табылады. Ғылыми жобада материал жүйелі турде жинақталған, кіріспе және негізгі бөлімінен, қорытындыдан тұрады және соңында нақты ұсыныстар берілген. 3
  • 4. Аннотация Цель научного проекта: показать вред, наносимый некоторыми импортными игрушками, на организм ребенка. Задачи: 1. Определить место и роль игрушек в жизни детей. 2. Показать отрицательное влияние некоторых импортных игрушек, которые содержат вредные вещества, на организм ребенка. 3. Доказать необходимость развития индустрии игрушек в Казахстане. Актуальность данной работы заключается в том, что автор доказывает необходимость изменения подхода взрослых и, прежде всего, родителей к приобретению и полезных и нужных игрушек для своих детей. Данный научный проект характеризуется системный изложением правильно подобранного материала; состоит из вводной; основной частей. В конце делаются выводы и даются конкретные предложения. 4
  • 5. Annotation The aim of the research project: to show the harm caused by some imported toys for the baby. Tasks: 1. Identify the place and role of toys in children s lives. 2. Show the negative influence of some imported toys that contain harmful substances for the organism of the child. 3. Prove the need for the development of the toy industry in Kazakhstan. The relevance of this work lies in the fact that the author proves the necessity of changing the approach of adults and, above all, the parents to the purchase of useful and necessary toys for their children. This research project is characterized with a system of outlining. Properly sized material is composed of an introduction and main parts. At the end the author draws conclusions and provides specifiс proposals. 5
  • 6. I. КІРІСПЕ Бүгінгі таңда балалар ойыны мен ойыншықтарының сапасы мен қауіпсіздігіне бақылау Кедендік одақтың комиссиясының шешімімен 2012 жылдың 23 кыркүйегінде бекітілген «Ойыншықтардың кауіпсіздігі туралы» № 798 техникалық регламентіне сәйкес 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап Кедендік одақтың аумағында жүзеге асырылып келеді. Бұл жаңа кедендік одақтың техникалық регламенті заттың сапасына қойылатын талаптарды нақты анықтайды. Оның ішінде зиянды заттардың рұқсат етілген деңгейінің көрсеткіштерін, сондықтан сатылымға шығарылатын сапасыз ойыншықтардың алдына тосқауыл қойылуда. Бүгінгі таңға Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 29.01.2013 жылғы №2 «Балалар ойындары мен ойыншықтарын әкелуге және өткізуге мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды күшейту жөніндегі санитариялық- эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы» қаулысы қабылданды. Облыс бойынша санитарлық қызметте 18 балалар ойындарымен ойыншықтарын сататын нысандар бақылауға алынған. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылдың 27 ақпанындағы № 757 «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік кызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы Жарлығына сәйкес кіші және орта кәсіпкерлікті тексеру 02.04.2014 жылдан 01.01.2015 жылға дейін тексеруді тоқтату туралы моратория жариялануына байланысты барлық жоспарлы тексерістер тоқтатылды. 2015 жылдың 1 сәуіріне дейін 13 ойыншықтар сататын нысандардан алынған сынамалар зертханалық жолмен тексерілді. Облыс бойынша осы жылдың 6 айында 80 ойыншық сынамасы алынып, оның 20 сынамасы (25%) органолептикалық және физико-химиялық көрсеткіштері. соққыға шыдамсыздығы мен сынғыштығы, өткір ұштары мен шеттері бойынша оң нәтиже берді. Сонымен қатар ойыншықтардың белгілері талапқа сай өрнектелмеген. 6
  • 7. I талапқа сай келмейтін ойыншықтардың негізі Шетел елдерінде шығарылған («Бегемот» резинкалық шиқылдағыш, «гитара», «доп ұстаған дельфин», «браслет» сылдырмағы, «кірпі» резиналық доптары). Анықталған кемшіліктер бойынша жауапты адамдарға 2 айыппұл 18520 теңгеге салынып, базар басшылары мен жеке кәсіпкерлерге ойыншықтарды сату кезінде «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» 008/2011 КО ТР талаптарын орындау туралы қажетті шараларды уақтылы жүргізіп, және алда оны бұзуға жол бермеу туралы хат жолданды. Қазіргі шетел ойыншықтарына бала әуес болады. Мысалы менің сіңілімді алсақ, біз кішкентай кезімізде «Губка боб», «Монстр хай», «Эвер афтер хай» т.б. ойыншықтарын сұрадық. Бірақ бізге ата-анамыз рұқсат берген жоқ. Олар шетелден әкелінгенің түсіндірді. Содан кейін біз шетел ойыншықтарын сұраған жоқпыз. Құрамында қандай заттар бар екенін біз білмейміз. Сондықтан ойыншықты дұрыс тандау керекпіз. Әйтпесе балаға зиян келтіреді. Содан бала бір ауруға шалдығуы мүмкін. Іс қимылының дамуы,миының дамуы,дағдысының қалыптасуы,шеберлігі бұзылады. Осылайша жас ұрпақтың жетілуіне кері әсерін тигізеді. Ойыншықты тандаған кезде сатушыдан қауіпсіздікті растайтын құжаттарды талап ету керек. Сонда қауіпсіз болғанына көзіңіз жетеді. Онда ол қауіпті болса, онда мұндай ойыншықты алуға бас тартыңыз. Қазіргі таңда сапасы төмен ойыншықтар Қазақстанға келіп,көбейіп келеді. Біздің Қазақстан ойыншықтары аз. Ал шетел ойыншықтары өте көп. Ойын бала үшін нағыз өмір. Ойын арқылы бала өмірге әзірленеді. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма? деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ал ойыншықтар баланы жан-жақты тәрбиелеу құралы. Бала ойыншықпен ойнай отырып, дүниетанымы қалыптасады. Қимылы дамиды. Қолдарымен, саусақтарымен жұмыс істеу барысында баланың миы да дамиды. Ойыншық баланың ойлау қабілетін дамытып, оның шеберлігін, дағдысын қалыптастыруға көмектеседі. Ертеректе, заманның қысылтаяң кезеңінде аталарымыз ағаштан 7
  • 8. жасалған әр түрлі жануарлармен, ал әжелеріміз сабаннан жасалған ойыншықтармен ойнаған. Қазірде тәуелсіздігін алған Қазақстан ұрпақтары үшін ойыншық қол жетімді дүние. Қазіргі таңда. базарлар мен дүкендерде бала көңілін аулайтын саналуан ойыншықтар бар. Әдемі қуыршақтары түрлі-түсті жұмсақ материалдан тігілген, қабырғасын бассаңыз, әндететін қуыршақтар мен үлкен машиналар, тіпті, атыс-шабыс қаруларынан тұратын ойыншықтар жиынтығын да кездестіруге болады. Дегенмен бүгінде сауда айналымында ойыншықтардың саны көп болғанымен, сапасы сын көтермейді. Қыруар қаржыға сатып алынған ойыншық бала ойынына мыйдас бермей, әп-сәтте «істен» шығады. Сондай-ақ Шетелден жеткізілген қауіпті ойыншықтардың қауіп-қатерге толы, кұрамында адам ағзасына зиянды улы химиялық заттардың бар екенін айтып, бүкіл әлем дабыл кағуда. Дабыл қағып қана қойған жоқ, оған қарсы шаралар қолданылып жатыр. Мәселен, бүгінде аспан асты елінде шығарылған ойыншықтардың Солтүстік Америка мен Австралияның дүкендерінде сатылуына тыйым салынған. Сол сияқты, Ресей шетел ойыншықтарын зерттеу нәтижесінде оның кұрамында улы химиялық заттардың көптігін анықтаған соң, дайын өнімдерді кері қайтарып, тіпті осыған байланысты арнайы заң кабылдаған. Өкінішке карай, басқаларға керексіз болып қалған осы ойыншықтар біздің елімізге еш кедергісіз, тексерусіз ағылып жатыр. Қолда бар деректерге сүйенсек, сауда нүктелеріне шығатын ойыншықтардың 80-90 пайызы шетелдікі көрінеді. 8
  • 9. IІ. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ 2.1 Шетел ойыншықтары Қазақстанда Қазір еліміздегі базар, дүкен сөрелерін шетел тауарларының жаулап алғанына біраз уақыт болды. Ол тек ойыншыққа ғана қатысты емес. Бұл елдің азық-түлігі, жеміс-жидегі, киім-кешегі де мемлекетімізге еш кедергісіз, тексерусіз ағылып жатыр. Отандық мамандар шетелдің тек ойыншығы ғана емес, тамағы, тіпті балалардың киім-кешегіне дейін қауіп-қатерге толы, кұрамында адам ағзасына кері әсерін тигізетін улы химиялық заттардың бар екенін айтып келеді. Әлемдік брендтердің өнімдерін «көшірумен» белсенді түрде айналысып отырған шетел кәсіпорындары ақшаға құйыққандықтан, сапаға емес, санға мән береді. Сырт көзге сүп-сүйкімді көрінетін өнімдерге алданып, онда қандай қатер бұғып жатқанына мән бере бермейміз. Шетел тауарлары тек Қазақстан нарығын ғана емес, бүкіл әлем елдерін жаулап алғаны аян. Бірақ та кейінгі жылдары Америка, Ресей елдері шетел ойыншықтарын зерттеу нәтижесінде оның құрамында улы химиялық заттардың көптігін анықтаған соң ойыншықтарды кері кайтарып, тіпті, осыған байланысты арнайы заң қабылдаған болатын. Мәселен, жақында Ресейде «Балалар ойыншықтарын шығару және тарату өндірісінде бақылау мен кадағалау тиімділігін арттыру туралы» жаңа заң кабылданып, күшіне енді. Яғни, бұл құжат бойынша ойыншықтар нарығындағы қауіпсіздік ережелерін нығайтуға күш салынады. Шетелден келетін тауардың, соның ішінде ойыншықтардың бәрі кауіпті деп айта алмаймын. Шетел ойыншықтарының екі түрі бар. Біріншісі – зауытта жасалып, елімізге ресми түрде әкелініп, тексеруден өтіп, сапасы жөнінде сертификаты бар тауар. Олар негізінен жүк түрінде әкелініп, сертификация органына зерттеуге жіберіледі. Бұл ойыншықтардың құжаты болғандықтан кез-келген дүкенге қиындықсыз алады. Ал заңсыз әкелінген ойыншықтардың сапасы жайлы сертификаты болмағандықтан, оларды ешқандай дүкен алмайды. Сондықтан 9
  • 10. ондай тауарлар базарда сатылады. Ал әрбір өнімнің сапасы, қауіпсіздігі жайлы сертификаты не болмаса санитарлық қорытындысы болуы қажет. Бірақ та қара базардағы өнімдерде ондай сертификат болмайды. Арзан болғасын сапасы да нашар. Әрбір ойыншықта маркасы, шығарған зауыт аты, ел коды, мекенжайы туралы ақпарат болу керек. Ал базардағы ойыншықтарда ондай құжат жоқ. 2.2 Шетел ойыншықтарының құрамындағы зиянды химиялық заттар Ересектер балаларға жылтыраған шетел ойыншықтарын әперуге құштар. Бірақ та оның негізі химиялық өндірістің қалдықтарынан жасалынатындықтан баланың миын зақымдап, көру кабілетін төмендетіп, кемтарлыққа ұшырататынынан көп жағдайда хабарсыз.Енді белгілі деректерге сүйенсек, осыдан екі жыл бұрын америкалық «Mattel» компаниясы өздерінің шетелде жасатқан 18 миллионға жуық ойыншығын дүкен сөрелерінен сыпырып алып тастады. Себебіне келсек, америкалық кәсіпорынның тапсырысын орындаған шетелдік «Dong Lian» және «Үір Sing» компаниялары ойыншықтар өндірісінде кұрамына белгіленген мөлшерден бірнеше есе көп мырыш бар бояуларды қосып, пайдаланғаны анықталды. Міне сондықтан да «Mattel» компаниясы әлемдік деңгейдегі шуға қалып, Таяу Шығыс пен Африкаға жөнелтілген тауарларын кері қайтарып, тұтынушыларға өтемақы төлеп, құтылған. Ал мырыш әсіресе нәрестелер үшін аса қауіпті. Яғни, ағзаға түскен мырыш миды зақымдап, сәбиді мүгедек қылады. Ал кішкентай бүлдіршіндердің кез келген затты ауызға салып, иіскеуге құштар екендігі ешкімге де жасырын емес. Осылай зиянды, улы заттар бала ағзасына түсіп, түрлі ауруға ұшыратады. Шетелден келген ойыншықтар құрамындағы формальдегид әдетгегіден 10-15 есе көп екен. Сонымен қатар шетелдік ойыншықтар құрамында аса зиянды улы зат — фенолдың көрсеткіші де бірнеше есе көп екендігі және шығатын дыбыстардың талаптан асып түсетіні де белгілі болды. Тіпті нәрестелерге арналған сыңғырлақтардың келешекте баланы керең, саңырау қылатыны да анықталып отыр. Жұмсақ резеңке ойыншықтарын бояйтын заттар құрамындағы кадмий мен қорғасын мөлшері де 10
  • 11. қалыпты деңгейден әлдеқайда асып түскен. Мұндай улы ойыншықтар баланы тек кана аллергиялық ауруға ұшыратып қоймайды, онымен қоса асқазан, ішек дерттеріне де ұшыратады екен. Қазақстан нарығында жүрген балалар ойыншықтарының көбі денсаулыққа қауіпті. Шетелдің арзан, сапасыз тауарының жасөскін ағзасына кері әсер ететінін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігіне қарасты техникалық реттеу және метрология комитетінің мамандары айтты. Олар дүкен сөрелеріндегі ойыншықтардың 70 пайызы бүлдіршіндерге қауіп туғызатынын дәлелдеген. Шетел ойыншық индустриясының 50 пайыздан астамы Орта Азия және Африка елдеріне экспортталады екен. Арнайы зертханалық тексеріс барысында белгілі болғандай, «Ханзада» үйрек, «Ванька- встанька», қызыл машина, үрлейтін резеңке шардың иістері 3 баллдан болса, ал секіретін доп, үлкен ақ машинаның жағымсыз иісі 4,0 балл болған. «Ванька- встанька» ойыншығының бөлшектері қатты бекітілмеген әрі ұштары үшкір. Кішкене ойын баласына мұның қауіп-қатері өте көп. Ойыншық бояуы жағымсыз иіс шығарады. Ит және кірпі бейнесіндегі жұмсақ ойыншықтардың тігісі мықты емес. Иісі - 4,0 балл. Ал әлемде рұқсат етілген концентрация бойынша 2,0 баллдан аспауы керек. 2.3 Отандық ойыншықтар зауытын ашу – өзекті мәселе. Бал-бала ойыншықтары. Еліміздегі базарлар мен дүкен сөрелерін арзан әрі сапасыз ойыншықтардың жаулап алуының нәтижесінде омыртқасы қисық, керең, иіс сезу мүшесі әлсіз ауру буын өсіп келеді. Әрине, жас балғын сәби мына әлемді ойыншық арқылы таниды. Осы жансыз бейнемен сырласады. Қазіргі уақытга еліміздің нарығындағы киетін киім-кешек те, күнделікті тұтынатын тағам, сусындарымыздың, тіпті балалар ойнайтын ойыншықтардың өзі шетелден әкелінеді. Мамандардың айтуынша, Қазақстанда ойыншық өндіретін отандық зауыт ашқанның өзінде көп ұзамай ол өзін ақтай алмай жабылып калады. Шетелден ағылған арзан ойыншықтар отандық өнімді дамытуға 11
  • 12. мүмкіндік бермейді. Ал балалардьң күнделікті құшақтап, тіпті бірге ұйықтайтын серігі ойыншықтың берер тәрбиесі де зор. Балалардың ертегілерді ұйып тыңдайтыны белгілі. Ондай болса, қазақ ертегілерінің желісімен Алдар көсе, Тазша бала, батырлар тәрізді ұлттық кейіпкерлер бейнесінде ойыншықтар жасалса, бұл бала үшін баға жетпес сый болар еді. Әрине, бұл — отандық кәсіпкерлерге қатысты мәселе. Тек қалтасын толтырумен ғана айналыспай, жас ұрпақтың дені сау да, ақылды, өз елінің патриот азаматы болып өсуі үшін қамқорлық көрсетіп, ойыншықтар өндірісін колға алуға болады емес пе? 2014 жылы елімізде қазақша сөйлейтін қуыршақтар шығарыла бастады. Оны өндіруші — «Бал-бала» компаниясы. Өткен жүмада «Мега- Ақтөбе» сауда-ойын-сауық орталығында бірінші ұлттық бренд саналатын «Бал-бала» ойыншықтарының таныстырылымы өтті. Сатушы қолына домбыра ұстап, Азиада символы — қар барысы бейнесіндегі қуыршақтың тетігін басып еді, ол Құрманғазының күйін тарта жөнелді. Қуыршақтар бірінен бірі өтеді, ит кейпіндегі ойыншық «Ақбұлақ» әнін шырқаса, ақ қоян «Қамажай» биін билейді. Жоба авторы, әнші Қыдырәлі Болманов қуыршақтарды қазақ тілінде сөйлетіп, бала санасына патриоттық тәрбиені кішкентай кезінен сіндіруді мақсат еткен. Оның айтуынша, ойыншықтар шетелде — Қытайдың Гонконг, Гуанчжоу қалаларында жасап шығарылады. «Әлем ойыншықтарының 90 пайызы сол елде жасалады екен. Өкінішке карай, әлі біздің елде ойыншық өндіретін бір де бір зауыт, не цех жоқ. Сондықтан да бізге шетелдіктердің қызметіне жүгінуге тура келді. Ал қазір біз Қазақстанда өзіміздің кұрастырушы зауытымызды ашып үлгердік. Болашақта отандық ойыншықтарды көптеп шығаратын үлкен зауыт салу жоспарда бар. Ойыншықтарда еуропалық сапа сертификаты бар. Өзіміздің Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығында да тексерілді. Психологтар, дефектологтар, логопедтер мен педиатрлар да оң баға берді», — дейді Қыдырәлі Болманов. Қуыршақтардың бір бөлігінің прототиптері — қазақ халық 12
  • 13. фольклорының кейіпкерлері. Мысалы, қазақ тілінде қазіргі заманға сай рэп айтатын Тазша бала, «Мен Алдармын, Алдармын...» деп ән салатын Алдар көсе. Бөбектеріміз енді осылармен ойнайтын болады. Сондай-ақ «Бал-бала» компаниясы әнші Қарақат Әбілдинаның түрі бейнелеген «Қарақат» қуыршағын да жасап шығарыпты. Ол біздің Ақтөбеге бір айдан соң әкелінеді. Қуыршақтардың ең арзанының бағасы — 2900 теңге. Ал ең қымбаты — 7-9 мың теңге. «Ұлытау» ән тобын құрғаннан кейінгі ойға келген шаруаның бірі — қазақ тілінде сөйлейтін қуыршақтар шығару болды. Әлемде өз тілінде сөйлейтін қуыршақ шығарған елдер саусақпен санарлық. Орталық Азия елдерінде бірінші боп біз шығарып отырмыз. Әуелі маркетингтік зерттеулер жүргіздік. Сұраныс бар. Алайда тауардың өзіндік кұнын қойғанда, өндіру шығыны мен кедендегі төлемдер де есептеледі. Әрине, арзан зауыттармен келісіп, өндіруге де болады, алайда, ол кезде ойыншықтардың сапасы көңілімізден шықпаған болар еді. Ойыншықтардың бағасын төмендету ойымызда бар, бірақ ол үшін уақыт керек. Әзірге біз тек қаржы салудамыз, өнім тек келесі жылы ғана өзін өзі өтейтін болар. Қазіргі ісіміз — үлкен индустрияның бастауы. Әрі қарай кұрастырмалы ойыншықтар, велосипедтер шығармақ ойымыз бар, — дейді Қыдырәлі Болманов. . «Бал-бала» ойыншықтарының 30-ға жуық түрі бар. Алғашқы – 90 мыңға жуық данасы шығып үлгерді. Атақты жапон жазушысының бала тәрбиесі жөнінде жазған кітабы бар. Үш жасына дейін бала бойында әдеттерді қалыптастырып, санасына өзінің тілі менен төл мәдениетімізді құйып үлгермесең, әрі қарай бала тұлдыр боп өседі. Айналып келгенде, тамырынан ажырап қалады. Яғни, ертең ұрпағымыздың барлығы шетелдік фильм мен мультфильм кейіпкерлеріне еліктеп өсер болса, күй атасы Құрманғазыны да, қара сөздің мәйегін түсінген Абайды да, жалпы, оның тілін де жатсынатыны ешкімге құпия емес. Шетелдің ойыншықтары қайбір мәдениетке үйретеді, қайбір тілге үйретеді, қазақтың қайбір өнегелі дүниесіне үйретеді?! Түк те жоқ. Сондықтан 13
  • 14. да бүгінгі уақытта қазақы ойыншықтың қаншалықты қажет екенін айтпай-ақ түсінуге болар. Компанияны құру өте күрделі жолдан өтті. Ең алдымен нарықты, маркетингтік зерттеумен айналысудан бастадық. Отандық ойыншықтар елімізге қажет пе? Сипаты қандай болады? Қандай материалдан жасалуы керек? Бастапқыда қанша түрін шығарамыз? Кейін қанша түрі пайда болады? Қалаларға жеткізілу жағы қалай жүргізіледі? Кеңсені қай жерден ашуымыз керек? Алдымызда осы сияқты көптеген сұрақтар мен уақыт күттірмейтін мәселелер тұрды. Бел жазбай еңбек етуіміздің арқасында барлық мәселелер өз шешімін тапты. «Бал-бала» деп атауымыздың өзі отандық бренд жасауға лайықтап таңдалған ат. Естір құлаққа жағымды, мағыналы сөз. Оны өзім таптым. Ойыншықтар жасау жөнінде идея келгеннен бастап оны жасап шығарғанға дейінгі аралықта өлшеусіз көп уақыт, ұйқысыз түндер өтті. Ойыншықтардың сан түрлі үлгілері әзірленіп, қайта-қайта сүзгіден өтті. Өз ісінің шебері деп танылған технолог мамандармен әр ойыншықтың қалай сөйлейтіні, қалай қозғалатыны, ән айтып, би билейтінін жөнінде ақылдастық. Жасалған материалдардың қасиеттерін зерттеу де біршама еңбек пен уақытты қажет етті. 14
  • 15. ІIІ. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ 3.1 Балабақша әдіскерлерінен алынған сауалнама қорытындысы: Қорыта келгенде, бес балабақша әдіскерлерінен алынған сауалнамада ең басымдылығы ойыншықтарды Ресейден портал арқылы алынатындықтарын байқадым. 3.2 Ата-аналардан алынған сауалнама қорытындысы: Сапасы төмен ойыншықтардың Қазақстанға көптеп келуі, болашақ ұрпақтың дұрыс жетілуіне кері әсерін тигізуде. Қазіргі таңда әрбір ата-ана өз баласына қуаныш сыйлау үшін ештеңеден аянбайды. Ал баланың серігі де, ермегі де ойыншық болғандықтан, баласына оның түр-түрін әперуден ата-ана жалықпайды. Өкінішке қарай, көздің жауын алатын ойыншықтың барлығы да шетелден әкелінеді. Алайда кейбір ата-ана осы ойыншықтардың қаншалықты бала ағзасына қауіпті екенін білмейтіндер баршылық, осы жансыз заттың балаға қаншалықты қатерлі екендігін біле бермейді немесе білсе де немқұрайлық танытады. Сонын салдарынан бала азап шегеді. Сондықтан мен 15
  • 16. бала өміріндегі таңғажайып ойыншық әлемінде ең алғашқы рөлдердің бірін атқаратын ата-аналардан саулнама алу арқылы ойларын білгім келді. Қорыта келгенде олардың, өз балаларына қауіпсіз ойыншықтарды алатындықтары көрінді. 16
  • 17. Ата-аналардан алынған сауалнамада, ең басым ата-аналар ойыншықтарды сатып аларда оның сапасы мен кауіпсіздігіне көп назар аударатындары байқалды. 3.3 Бастауыш сынып оқушыларынан алынған сауалнама қорытындысы: Мен соның ішінде тек 2 және 4 сыныптардан сауалнама алдым. Нәтижесінде балалар өздері қолдан ойыншықтар жасауды ұнататындықтары және де табиғи таза заттардан жасалған ойыншықтарды қалайтындықтары байқалды. 17
  • 18. 3.4 Зертханалық тексеріс қорытындысы Елдегі балалар тауарының индустриясы өзіміз үшін емес, өзге елдің тауар өндірушілері үшін құнарлы топыраққа әлдеқашан-ақ айналып кеткен. Қазақстандағы балалар ойыншықтарының индустриясын ашық жатқан тап-таза алаңға баласақ, сол алаңда қазақтан басқалар балаларға арналған тауарларын жайып тастап, жәрмеңке жасап отыр. Оның ішінде Қытай да, Түркия да, Ресей де, Белоруссия және тағы басқа елдер де бар. Тек қазақ жоқ. Қазақстанның үлесі бар-жоғы 2 пайыз ғана. Статистикалық деректерге жүгінсек, бұл күні балалар тауарының 98 пайызын импорт құрайды. Яғни елдегі балаларға арналған ойыншық индустриясының қазанына өзіміз емес, өзге ие. Осыған байланысты шетелден келетін ойыншықтардың қаншалықты зиян- 18
  • 19. залалсыздығын немесе зиянсыздығын анықтау үшін мен орталық жәрмеңкеден кездейсоқ сатып алынған «резеңкелі мысық» ойыншық үлгісін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығына» зерттеу үшін тапсырдым. Сонда ол «резеңкелі мысық» ойыншық үлгісінің құрамында органолептика, формальдегид, фенол секілді улы заттардың нормадан тыс көп екені белгілі болды. Зерттеу нәтижесі төмендегі «Ұлттық сараптама орталығы» берген қорытынды хатамасында көрсетілген. Төменде берілген резеңке ойыншық арқылы мен бірнеше бала өміріне зиян келтіретін заттарды анықтадым. Өз ғылыми жобам арқылы өскелен ұрпаққа із салғым келеді. 19
  • 20. 20
  • 21. IV. ҚОРЫТЫНДЫ Осы күні қазақ баласы ойнап жүрген шетел ойыншықтарының қауіп- қатерге толы екені ақиқат. Көбінде ата-ана баласына бір сәттік қуаныш сыйлау үшін оның сапасының сын көтермейтінін біле тұра, мән бермейді. Әрине, дүкендердегі бағасы шарықтаған ойыншықтарды сәбиіне алып беруге бәрінің қалтасы көтере бермейді. Дегенмен де баланың қауіпсіздігі үшін қара базардағы қаптаған арзан ойыншықтардан гөрі, дүкендерден сертификаты бар ойыншықтарды алған жөн. Осы мәселелерді қолға алып, сырттан келетін ойыншықтың сапасын тиісті органдар қатаң кадағалауға алса. Өйткені ойыншық – ұлттық кауіпсіздіктің басты мәселесі. Ойыншық мәселесіне жеңіл- желпі қарауға болмайды. Ойыншық арқылы баланың ойлау қабілеті артады. сол арқылы өмірге бейімделеді. Сондықтан ұлт боламын деген, ұрпағын ойлаған ел балалар ойыншығына, әсіресе, сырттан әкелінетін ойыншықтың сапасына, зиянсыздығына ерекше көңіл бөлуге, қатердің алдын алуға міндетті. Қазақтың баласы тамырынан қол үзіп қалмасын десек, ұлттық нақыштағы, бүлдіршіндерді қызықтыра білетін, бір көргенде елітіп әкететін ойыншықтарды, мультфильмдерді түсіру керек. Өскелең ұрпақтың қоғамның толыққанды, парасатты тұлға болып қалыптасуына оның қолындағы ойыншықтары мен көгілдір экранның тигізетін әсері мол. Ұсыныс: – табиғи таза материалдардан ойыншық жасау; – білім ошақтарында қолдан тоқу, тігу үлгілері арқылы жасайтын үйірмелер қызу жұмыс істесе; – келешекте «Даму» қорының көмегімен отандық ойыншық өндіретін дүкен ашу; – қол еңбегімен жасалған ойыншықтар әр балаға қол жетімді болса; – еліміздің ірі қалаларында арнайы ойыншық жасайтын зауыттар ашылса. 21
  • 22. V. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1. «Ол кім, бұл не?» Балапан арнасының телебағдарламасы. 2. Шетелдің зиянды ойыншықтарына қашан тосқауыл қойылады? - Ж. Сүлейменов, АСТАНА. 3. «Арзан ойыншық — қымбат дерт» ғылыми жобасы. Автор: Сандуғаш Әлімжанова. «Сапасыз ойыншықтар бала болашағын бұлыңғырлатады» мақала 14.09 2013. 4. «Сапасыз ойыншықтар бала болашағын бұлыңғырлатады» мақала 14.09 2015. 5. Балаларды арбаған «Сиқыр ойыншықтар» оның денсаулыққа зияны қандай? Мақала 04.2015. 6. «Қуыршақтарды күлімдетіп, сәбилерді сергелдеңге түсірген қайран шетел» мақала 29 шілде, 2014. 7. «4 миллион баламыз шетел тауарына телміріп отыр» Автор: Жанар Келменбетова, Қарағанды. 2015 жылғы 21 тамыз. 22