БЕКІТЕМІН
Мектеп директоры:
Cултанова Ж.Ж.
________________
№29 (1) сабақ жоспары
Пәні: Қазақ тілі
Лексикалық тақырыбы: ЫбырайАлтынсарин - ағартушы педагог.
Грамматикалық тақырыбы:Құрмалас сөйлемді, фонетикадан өткенді қайталау.
Уақыты:10.20 – 11.05
Сыныбы:9 орыс
Оқушы саны:10 оқушы
Сынып бөлмесі:Қазақ тілі №3
Сабақтың мақсаты:ЫбырайАлтынсариннің шығармашылығымен таныстыра отырып, ауызекі сөйлеу, сынитұрғыдан
ойлай білуге үйрету.
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:топқа бөлу, «Ментальды карта» әдісі, талдау – жинақтау әдісі, диалогтықәдіс.
Қолданылған модульдер:«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сынитұрғыданойлауға оқыту», «Оқыту үшін бағалау және
оқуды бағалау».
Сабақтың барысы:
Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Ресурстар
3 мин Ұйымдастырукезеңі:
Сәлемдесу. Шағын топқа бөлу үшін Ыбырай
өлеңдерінің тармақтары ұсынылады.
Топережесін құрастыру.
Құрастырған өлең бойынша
5 оқушыдан 2 шағын топқа
бөлінеді. І топ –«Ұстаз»
ІІ топ – «Шәкірт»
Кеспе
қағаздары,
Ы.Алтынсариннің
өлеңдер жинағы.
10 мин Ментальды картаны пайдалану арқылы ақын-
жазушының шығармашылығынан
таныстырылым жасайды.
Оқушылар жұпта , топта
ойларынортаға салып
пікірлеседі. Әр шағын топтан бір
Ыбырайпортреті,
ментальды карта.
Ой қозғау:
Неге Ыбырайды ақын-жазушы деп атаймыз?
Қазақ балаларына неліктен мектеп ашты?
Неге Ыбырайды алғашқы педагог деп
атаймыз? «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын
кімдерге арнады?
оқушы қорытынды жауапты
айтады
5 мин
4 мин
Грамматикалық тапсырмаұсынады.
1- тапсырма. Оқушы деңгей
«Ұстаз » тобына:Берілген сөйлем
Ыбырайдың қайәңгімесіне қатысты?
сөйлем құрамынақарай қандай
сөйлем? Ережесін айту
А) Әкесі тағаны үш тиынға сатып,
кейін оған шие сатып алады.
Ә) Атасы он жасар баласымен далада
келе жатып, баласынан сұрайды.
«Шәкірт» тобы
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған,
Жел соқса, ыстықсоқсабір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Дауыстап оқып, тақырыбынанықтаңыз, асты
сызылғансөздергефонт.талдау.
2-тапсырма. Алгоритмдік деңгей.
Кестеменжұмыс.
Ы.Алтынсариннің шығармашылығы
Әрқайсысы жеке оқиды, топта
талқылайды, бір оқушы
араларынан шығып сөйлемді
талдайды.
Оқушылар берілген кестені
өздері орындау.
оқушылар берілген кестені
жеке, топта пікір алысып,
толтырады.
Оқулық,
үлестірмелі
парақтар,
дәптер,
кестелер, қосымша
әдебиет
бойынша талдау жүргізу.
өлеңдері әңгімелері аударма
лары
оқу құралдары
8 ми
н
3- тапсырма. Эвристикалық деңгей.
«Бақша ағаштары» мәтін
мазмұны бойынша сурет салу
ұсынылады. «Бақшаағаштары»
әңгімесін топта оқытып, талдату.
Екі түрлі ағаш суретін мәтін
мазмұны бойынша көрсету.
Әр шағын топ мүшелері өз
ойларынтоп ішінде талқылап,
екі топ, екі ағаштың өсуін
салыстырып, ойларын ватманға
түсіріп, қорғайды
Мәтіннен үзінді,
ватман, маркерлер
7 мин
4- тапсырма:Шығармашылық деңгей.
Берілген орысша эссені қазақ тіліне аударту.
«Письмовеликому учителю»(эссе)
Дедушка Ыбырай, вы встав первым
учителем казахской степи, открыли для
казахских детей школу. Впервые написали
учебник «Казахскуюхрестоматию».
Сочинилидля детей стихи и рассказы. Каквы
достигливсего?Я прочитав их, взяла для себя
многое. В жизни самые главные качества, это-
трудолюбие, человечность и честность. Я
берілген орысшаэссені
қазақшаға аудару
үлестірмелі
парақша, сөздіктер
думаю благодаря таким качеством вы
достигливсего. Я тоже буду много трудится и
хочу стать великим человеком как вы.
3 мин Деңгейлер бойынша орындаған
тапсырмаларды бағалау өлшемдеріне
байланысты бағалау.
деңгей ұпай Баға
Оқушы 2 3
алгоритмдік 4 4
Эвристикалық 5 4
шығармашылық 7 5
Жалпы бүгінгі сабақта
қаншалықты тапсырмаларды
орындаулары бойыншаәркім
өзінің бағасын бағалау
өлшемдеріне байланысты
алады.
Бағалау
өлшемдері.
2 мин Үйге тапсырма:2- тапсырма. .75 бет. Үй тапсырмасынжазыпалады. күнделік, оқулық,
қалам
3 мин Рефлексия:
Біз бүгін не
үйрендік?
Не ұнады? Не ұнамады?
кері байланыс парағына өз
ойларынжазады
түрлі түсті
стикерлер
«Ыбырай Алтынсарин-ағартушы педагог» тақырыбындағы
сабақты бағалау.
9-орыс сыныбындағы«Ы.Алтынсарин-ағартушы педагог» тақырыбындағы сабақ ақын-жазушыныңөмірінен қысқаша мәлімет
бере отырып, сынитұрғыданойлау білуге үйрету, құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарынбекіту мақсатында өткізілді. Сабақта
сын тұрғысынанойлау стратегиялары, Беспальконың дамыта оқыту технологиясы пайдаландым. «Оқыту мен оқудағы жаңа
тәсілдер», «Сынитұрғыданойлауға оқыту» модулін жүзегеасыру мақсатында, төмендегідей жұмыс түрлерін орындаттым.
Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде оқушылармен топ ережесін құрастырып, Оқушылар «Кел,балалар, оқылық» және
«Өзен» өлеңдерінен үзіндіні кеспе қағаздар арқылы құрастырып,сыңарларын тауып, екі шағын топқа бөлінді. І топ «Ұстаз», ІІ
топ «Шәкірт». Олар өлең жолдарын құрастырған соң, оны мәнерлеп оқу керек болды, бірақ Екатерина атты оқушы мәнерлеп
оқи алмады. Себебі, камера алдында қобалжыды, әрі қазақ тілге шорқақ. Оқушылар осылайша негізгі сабақтың тақырыбына
еніп кеткенін де байқамай қалды. Кейбір оқушылар сабақтың барысына қызықты, кейбіреуі енжар отырды. Енжар отырған
оқушылар басқа ұлт өкілдері, өйткені оларға қазақ тілі қиынға түседі. Оларды сабаққа назар аударту үшін, қасында отырған
жақсы оқитын оқушыны көмекке қойдым.
Жалпы шағын топқа бөлінген оқушылар берілген тапсырмаларды ынтымақтастықпен, бір-бірімен пікір алысып жақсы
орындауға тырысты. Тақтада берілген топтастыру бойынша сұрақтарға мүмкіндігінше, қабілеттеріне қарай жауап беріп, өз
ойларын айтты. Бұл тапсырмада тіл байлықтары төмен екенін көрсетті. Сыныпта 10 оқушы бар, оның бесеуі жауапты жақсы
бере алды, олар қабілетті оқушылар, ал қалған оқушыларға сұрақтарды орыс тіліне аударып, түсіндіріп бердім.
Бұл сабақта сәтті болғаны барлық тапсырманы уақытында орындап бітіруі, әсіресе Тоғжан мен Асемнің сабаққа
белсенді қатысып отыруынан байқалды. Эвристикалық деңгейдегі «Бақша ағаштары» әңгімесіндегі ағаш бейнесін сала
отырып, баланың тәрбиесімен салыстыруы сәтті өтті. Шығармашылық деңгейдегі тапсырманы орыс тілінен қазақ тіліне
аударуда, жақсы оқитын, әрі қазақ тілін білетін оқушыларға оңай болды.
Не сәтсіз өтті?
Жоғары деңгейдегі тапсырманы білім деңгейі төмен оқушыларға орындауға қиын түсті. Олар сұраққа толық жауап айта
алмады, Өйткені,тілді жетік меңгермеген, сөздік қоры аз.
Эвристикалық деңгейде әңгімені оқып, түсінгендерін шағын жоба таныстырылымы түрінде қорғады. Бұл тапсырманы
топпен орындады, бірақ жобаларын қорғау кезінде тілге шорқақтықтары білініп тұрды. Оқушылар ойын қазақ тілінде жеткізуге
қиналды. Алаңдаушылық, қобалжу білініп тұрды.
Сәтсіз болғаны оқушылардың жауаптарының толық болмауы, яғни тіл байлығының төмен болуы. Білім деңгейі төмен
оқушылардың енжар отыруы. Сабақ соңында рефлексия кезеңінде сабақта не үйрендіңдер? Не ұнады? Не түсініксіз болды?
деп сұрақ қойдым. Жақсы оқитын оқушылар сабақтың барлық кезеңдері ұнағанын, барлығы түсінікті болды деп жазса, білім
деңгейі төмен оқитын оқушылар топқа бөлу, сурет салу ұнады деп жауап берді.
Нені дамыту керек?
Мен алдағы уақытта да уақытты тиімді пайдаланып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйретіп, пәнге деген
қызығушылықтарынарттырумақсатында әр түрлі тапсырмалар дайындаймын. Сондай- ақ оқушыларды қазақша сөйлеуге, өз
ойын басқаға түсіндіре алатын, біреудің айтқан ойын, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізуді дамытамын.
1- сабақта кездескен қиындықтарды жеңу жолдарын жүзеге асырамын, яғни білім деңгейі төмен оқушыларға, деңгейлік
тапсырмалар дайындаймын.
Формативті бағалау.
деңгей ұпай Баға
Оқушы 2 3
алгоритмдік 4 4
Эвристикалық 5 4
шығармашылық 7 5
№ Оқушының аты-жөні Оқушы деңгейі Алгоритмдік
деңгей
Эвристи
калық
деңгей
Шығарма
шылық
деңгей
қорытынды
баға
1 Сынгат 2 4 4 4
2 Екатерина 2 4 4
3 Дмитрий 2 3
4 Наурызбай 2 4 3
5 Александр 2 3
6 Асем 2 4 4 7 5
7 Николя 2 4 3
8 Мадияр 2 4 7 4
9 Владимир 2 3
10 Тогжан 2 4 4 7 5

Df(2)fd

  • 1.
    БЕКІТЕМІН Мектеп директоры: Cултанова Ж.Ж. ________________ №29(1) сабақ жоспары Пәні: Қазақ тілі Лексикалық тақырыбы: ЫбырайАлтынсарин - ағартушы педагог. Грамматикалық тақырыбы:Құрмалас сөйлемді, фонетикадан өткенді қайталау. Уақыты:10.20 – 11.05 Сыныбы:9 орыс Оқушы саны:10 оқушы Сынып бөлмесі:Қазақ тілі №3 Сабақтың мақсаты:ЫбырайАлтынсариннің шығармашылығымен таныстыра отырып, ауызекі сөйлеу, сынитұрғыдан ойлай білуге үйрету. Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:топқа бөлу, «Ментальды карта» әдісі, талдау – жинақтау әдісі, диалогтықәдіс. Қолданылған модульдер:«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сынитұрғыданойлауға оқыту», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау». Сабақтың барысы: Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Ресурстар 3 мин Ұйымдастырукезеңі: Сәлемдесу. Шағын топқа бөлу үшін Ыбырай өлеңдерінің тармақтары ұсынылады. Топережесін құрастыру. Құрастырған өлең бойынша 5 оқушыдан 2 шағын топқа бөлінеді. І топ –«Ұстаз» ІІ топ – «Шәкірт» Кеспе қағаздары, Ы.Алтынсариннің өлеңдер жинағы. 10 мин Ментальды картаны пайдалану арқылы ақын- жазушының шығармашылығынан таныстырылым жасайды. Оқушылар жұпта , топта ойларынортаға салып пікірлеседі. Әр шағын топтан бір Ыбырайпортреті, ментальды карта.
  • 2.
    Ой қозғау: Неге Ыбырайдыақын-жазушы деп атаймыз? Қазақ балаларына неліктен мектеп ашты? Неге Ыбырайды алғашқы педагог деп атаймыз? «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын кімдерге арнады? оқушы қорытынды жауапты айтады 5 мин 4 мин Грамматикалық тапсырмаұсынады. 1- тапсырма. Оқушы деңгей «Ұстаз » тобына:Берілген сөйлем Ыбырайдың қайәңгімесіне қатысты? сөйлем құрамынақарай қандай сөйлем? Ережесін айту А) Әкесі тағаны үш тиынға сатып, кейін оған шие сатып алады. Ә) Атасы он жасар баласымен далада келе жатып, баласынан сұрайды. «Шәкірт» тобы Таулардан өзен ағар сарқыраған, Айнадай сәуле беріп жарқыраған, Жел соқса, ыстықсоқсабір қалыпта, Аралап тау мен тасты арқыраған. Дауыстап оқып, тақырыбынанықтаңыз, асты сызылғансөздергефонт.талдау. 2-тапсырма. Алгоритмдік деңгей. Кестеменжұмыс. Ы.Алтынсариннің шығармашылығы Әрқайсысы жеке оқиды, топта талқылайды, бір оқушы араларынан шығып сөйлемді талдайды. Оқушылар берілген кестені өздері орындау. оқушылар берілген кестені жеке, топта пікір алысып, толтырады. Оқулық, үлестірмелі парақтар, дәптер, кестелер, қосымша әдебиет
  • 3.
    бойынша талдау жүргізу. өлеңдеріәңгімелері аударма лары оқу құралдары 8 ми н 3- тапсырма. Эвристикалық деңгей. «Бақша ағаштары» мәтін мазмұны бойынша сурет салу ұсынылады. «Бақшаағаштары» әңгімесін топта оқытып, талдату. Екі түрлі ағаш суретін мәтін мазмұны бойынша көрсету. Әр шағын топ мүшелері өз ойларынтоп ішінде талқылап, екі топ, екі ағаштың өсуін салыстырып, ойларын ватманға түсіріп, қорғайды Мәтіннен үзінді, ватман, маркерлер 7 мин 4- тапсырма:Шығармашылық деңгей. Берілген орысша эссені қазақ тіліне аударту. «Письмовеликому учителю»(эссе) Дедушка Ыбырай, вы встав первым учителем казахской степи, открыли для казахских детей школу. Впервые написали учебник «Казахскуюхрестоматию». Сочинилидля детей стихи и рассказы. Каквы достигливсего?Я прочитав их, взяла для себя многое. В жизни самые главные качества, это- трудолюбие, человечность и честность. Я берілген орысшаэссені қазақшаға аудару үлестірмелі парақша, сөздіктер
  • 4.
    думаю благодаря такимкачеством вы достигливсего. Я тоже буду много трудится и хочу стать великим человеком как вы. 3 мин Деңгейлер бойынша орындаған тапсырмаларды бағалау өлшемдеріне байланысты бағалау. деңгей ұпай Баға Оқушы 2 3 алгоритмдік 4 4 Эвристикалық 5 4 шығармашылық 7 5 Жалпы бүгінгі сабақта қаншалықты тапсырмаларды орындаулары бойыншаәркім өзінің бағасын бағалау өлшемдеріне байланысты алады. Бағалау өлшемдері. 2 мин Үйге тапсырма:2- тапсырма. .75 бет. Үй тапсырмасынжазыпалады. күнделік, оқулық, қалам 3 мин Рефлексия: Біз бүгін не үйрендік? Не ұнады? Не ұнамады? кері байланыс парағына өз ойларынжазады түрлі түсті стикерлер
  • 5.
    «Ыбырай Алтынсарин-ағартушы педагог»тақырыбындағы сабақты бағалау. 9-орыс сыныбындағы«Ы.Алтынсарин-ағартушы педагог» тақырыбындағы сабақ ақын-жазушыныңөмірінен қысқаша мәлімет бере отырып, сынитұрғыданойлау білуге үйрету, құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарынбекіту мақсатында өткізілді. Сабақта сын тұрғысынанойлау стратегиялары, Беспальконың дамыта оқыту технологиясы пайдаландым. «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сынитұрғыданойлауға оқыту» модулін жүзегеасыру мақсатында, төмендегідей жұмыс түрлерін орындаттым. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде оқушылармен топ ережесін құрастырып, Оқушылар «Кел,балалар, оқылық» және «Өзен» өлеңдерінен үзіндіні кеспе қағаздар арқылы құрастырып,сыңарларын тауып, екі шағын топқа бөлінді. І топ «Ұстаз», ІІ топ «Шәкірт». Олар өлең жолдарын құрастырған соң, оны мәнерлеп оқу керек болды, бірақ Екатерина атты оқушы мәнерлеп оқи алмады. Себебі, камера алдында қобалжыды, әрі қазақ тілге шорқақ. Оқушылар осылайша негізгі сабақтың тақырыбына еніп кеткенін де байқамай қалды. Кейбір оқушылар сабақтың барысына қызықты, кейбіреуі енжар отырды. Енжар отырған оқушылар басқа ұлт өкілдері, өйткені оларға қазақ тілі қиынға түседі. Оларды сабаққа назар аударту үшін, қасында отырған жақсы оқитын оқушыны көмекке қойдым. Жалпы шағын топқа бөлінген оқушылар берілген тапсырмаларды ынтымақтастықпен, бір-бірімен пікір алысып жақсы орындауға тырысты. Тақтада берілген топтастыру бойынша сұрақтарға мүмкіндігінше, қабілеттеріне қарай жауап беріп, өз ойларын айтты. Бұл тапсырмада тіл байлықтары төмен екенін көрсетті. Сыныпта 10 оқушы бар, оның бесеуі жауапты жақсы бере алды, олар қабілетті оқушылар, ал қалған оқушыларға сұрақтарды орыс тіліне аударып, түсіндіріп бердім. Бұл сабақта сәтті болғаны барлық тапсырманы уақытында орындап бітіруі, әсіресе Тоғжан мен Асемнің сабаққа белсенді қатысып отыруынан байқалды. Эвристикалық деңгейдегі «Бақша ағаштары» әңгімесіндегі ағаш бейнесін сала отырып, баланың тәрбиесімен салыстыруы сәтті өтті. Шығармашылық деңгейдегі тапсырманы орыс тілінен қазақ тіліне аударуда, жақсы оқитын, әрі қазақ тілін білетін оқушыларға оңай болды.
  • 6.
    Не сәтсіз өтті? Жоғарыдеңгейдегі тапсырманы білім деңгейі төмен оқушыларға орындауға қиын түсті. Олар сұраққа толық жауап айта алмады, Өйткені,тілді жетік меңгермеген, сөздік қоры аз. Эвристикалық деңгейде әңгімені оқып, түсінгендерін шағын жоба таныстырылымы түрінде қорғады. Бұл тапсырманы топпен орындады, бірақ жобаларын қорғау кезінде тілге шорқақтықтары білініп тұрды. Оқушылар ойын қазақ тілінде жеткізуге қиналды. Алаңдаушылық, қобалжу білініп тұрды. Сәтсіз болғаны оқушылардың жауаптарының толық болмауы, яғни тіл байлығының төмен болуы. Білім деңгейі төмен оқушылардың енжар отыруы. Сабақ соңында рефлексия кезеңінде сабақта не үйрендіңдер? Не ұнады? Не түсініксіз болды? деп сұрақ қойдым. Жақсы оқитын оқушылар сабақтың барлық кезеңдері ұнағанын, барлығы түсінікті болды деп жазса, білім деңгейі төмен оқитын оқушылар топқа бөлу, сурет салу ұнады деп жауап берді. Нені дамыту керек? Мен алдағы уақытта да уақытты тиімді пайдаланып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйретіп, пәнге деген қызығушылықтарынарттырумақсатында әр түрлі тапсырмалар дайындаймын. Сондай- ақ оқушыларды қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға түсіндіре алатын, біреудің айтқан ойын, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізуді дамытамын. 1- сабақта кездескен қиындықтарды жеңу жолдарын жүзеге асырамын, яғни білім деңгейі төмен оқушыларға, деңгейлік тапсырмалар дайындаймын.
  • 7.
    Формативті бағалау. деңгей ұпайБаға Оқушы 2 3 алгоритмдік 4 4 Эвристикалық 5 4 шығармашылық 7 5 № Оқушының аты-жөні Оқушы деңгейі Алгоритмдік деңгей Эвристи калық деңгей Шығарма шылық деңгей қорытынды баға 1 Сынгат 2 4 4 4 2 Екатерина 2 4 4 3 Дмитрий 2 3 4 Наурызбай 2 4 3 5 Александр 2 3 6 Асем 2 4 4 7 5 7 Николя 2 4 3 8 Мадияр 2 4 7 4 9 Владимир 2 3 10 Тогжан 2 4 4 7 5