SlideShare a Scribd company logo
1 of 7
ӨЗІҢНЕН ӨЗІҢ ЕСЕП АЛ
Абдрахманова Меруерт Сейткасымқызы
«№7мектеп-гимназия»КММ
Рудный қаласы
Әлемдік деңгейдегі ақын Абай Құнанбаевтың мол мұрасын
мектепте жүргізілетін білім мен тәрбие жұмыстарында жан-жақты
пайдалану – әрбір ұстаздың азаматтық борышы деп санаймын.Ұлы
Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы
маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың
бойтұмары. Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – адам
бойында тың серпілістер туғызып, арман- мақсаттарға жетелейді.
Абайды жаңа қырынан танытып, ғылыми тұрғыдан тың байламдар
жасау – бүгінгі заман, уақыт талабы. Абайды таныту – қазақ халқын
таныту; қазақтың даналығын, сөз өнерін таныту; қазақтың ғажайып
бай тілін таныту; сұлулықты, махаббатты, ізгілікті, адамдықты
таныту; Адамды, Алланы сүюді таныту. «Абайтану» пәні:
- ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі,
тәлім-тәрбиелік мәні зор қара сөздері, өлеңдері, аудармалары мен
поэмалары, поэзияға қойған биік талаптары, қазіргі абайтанудағы
өзекті мәселелер төңірегінде жан-жақты сөз қозғайды;
- қазақ әдебиетінің көшбасшысы болған Абай Құнанбайұлының
ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігі мен
шеберлігін танытады;
- аудармаларының дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына
қосылған жәдігер туындылар екендігіне көз жеткізеді;
- ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен
рухани мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарытады,
ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға
тәрбиелейді;
- ақын шығармалары арқылы адамгершілікті, имандылықты,
махаббатты, достықты, әділеттілікті насихаттайды.
Сіздердің назарларыңызға шәкірт бойында адамдық қасиетті
қалыптастырудың бір жолы – «өзіңнен-өзің есеп алуда» екендігін
дәлелдейтін Абайдың он бесінші қара сөзіне арналған сабағымды
ұсыныпотырмын. Бұлқара сөзді оқыта отырып, ең басты мәселеге,
яғни қара сөз негізінде жатқан басты ойға, ақынның пәлсапалық
өзіндік ой-тұжырымдарына оқушы назарын аударып, оның ойына
қозғау салып, өзіндік пікірін қалыптастыру керек. Ұлы ақынның он
бесінші қара сөзінде оқушыларға берілетін білім мазмұнында мына
мәселелер қамтылады:
- ақынның ақылды кісі мен ақылсыз кісінің парқын ажыратып
беруі;
- бағасыз, баянсыз нәрсеге қызығудың адамды жас кезінде
адастыруы;
- есер кісі мен есті кісінің ара-жігі:
а) есердің қымбатты шағын жоқтан өзгеге қызығып бос өткізуі
ә) естінің есі шықпай, пайдасыз нәрсеге бостан-бос қызықпай,
ақылды қолдан жібермеуі
- есті кісі болудың жолын көрсетуі (күніне не жұмасына өзінен-өзі
есеп алып отыруы)
Осы мәселелерді басшылыққа ала отырып оқушылар «екі
жақты күнделік», «автор орындығы» стратегияларымен жұмыс
жасайды. Мысалы, ақынның «есер кісі мен есті кісіге» берген
бағасына оқушы мынадай пікірін білдіреді: «Әр істі ақылмен істеу
керек, айтқан сөзің мен ісің бір жерден шыққаны жөн. Артыңнан із
қалдыратындай іс істе» дей келіп, өз ойынақынның «Өлді деуге сия
ма ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған» деген ойымен
тұжырымдайды. Екінші оқушы: «Өмір бір-ақ рет беріледі,
сондықтан «қолымызды мезгілінен кеш сермемей», өкінбейтіндей
өткізу керек» деп ой түйеді. Ал, ақынның «әртүрлі құмар болған
нәрсеге жеткен кезде мастық пайда болады екен, ол ақылдың көзін
байлайды» деген ойына оқушы мынадай пікірін білдіреді: «Болдым,
толдым, жұлдызбын деп жан-жағыңдағыларды көрмеуден аулақ
бол! Баймын деп ақшаңды нашақорлыққа,түнгі клубқа салып,
азғындаудан сақтан! «Биік мансапқа ерінбей еңбектеп жылан да
шығады, қарқындап ұшып қыран да шығатынын» түсінейік.
Есерленіп кетпей «ақырын жүріп, анық басайық» дейді.
Сабақтың ой-толғаныс сатысындағы «автор орындығы»
стратегиясы бойынша жүргізілген жұмыста оқушылар бүгінгі
тақырыптан не ұқты, өздеріне қандай сабақ алды, қандай сұрақтар
мазалайтындығы төңірегінде ойларынқорытты. Ойтолғауын ортаға
шығып, орындықта отырып оқып береді.(отырып оқу оқушы –
мұғалім – оқушылар арасындағы тосқауылды жойып, еркіндік
береді, ойын қысылмай жеткізуіне мүмкіндік туғызады). Сол
сабақта жазған оқушы ойтолғауынан үзінділер: «Б» деген оқушы:
«бүгін дана ақын, дара ақын – Абайдың он бесінші қара сөзімен
танысып, үлкен ойда қалдым. «Өз ісіме есеп бере алам ба? Қымбат
уақытымды дұрыс пайдаланып жүрмін бе, әлде «қолымды
мезгілінен кеш сермеп» өкініп қалам ба?» деген ойлар мазалап
отыр. Ерте тұрып, кеш жатып ҰБТ-ға дайындалыпжүрмін, сабақтан
басқаға мойын бұрмаймын. Дәл бүгінге дейінгі дайындығымды
сараласам, біртіндеп көтерілу бар. Бірақ, әлі де көп іздену, талпыну,
талаптану керек. Ата-анамның, мектебімнің үмітін ақтауым керек».
«Е» деген оқушы: Абай атамыздың қара сөзін оқып, «осы мен
есерленіп жүрген жоқпын ба? Неге мәз болам? Тест тапсырғанда
мұғалімнің көзін ала бере шпоргалка қолдану арқылы жоғары балл
алғаныма ма?! Ертең мұндай мүмкіншілік бола ма? Қазір жүзден
асырып алып, қажет кезінде сол мәреге жете алмасам қайттім?...
Бүгіннен бастап өзімді қолға аламын! Өзімнен-өзім есеп аламын!»-
дейді.
Шәкірттердің пікіріне көңіл аударсақ, олар аз да болса өз
өмірлері, бітім-болмыстары туралы ойға қалды. Өзінің жетістігіне
қуанып, кемшілігіне сыни көзқараспен қарады, өз ойын ашық
айтуға қорықпады, бұл оқушының – жетістігі болса, мұғалімнің –
мақсаты.
Ақынның он бесінші қара сөзіндегі педагогикалық
көзқарасы адамның өзін-өзі тәрбиелеуі, өз ісіне өзі сынмен қарауы,
өзінен-өзі есеп алуы керек деген пікірге саяды. Өзін-өзі тексермеген
адам, өз ісіне жауапкершілікпен қарай алмаған адам Адам емес.
Өзін-өзі тексеру не үшін керек? Абайша айтқанда «не білімге, не
ахиретке, не дүниеге жарамды іс істедің бе, осыларға пайдалы өмір
сүрдің бе» соны ажырату үшін керек
екен. Қара сөздің негізінде жатқан осы бір маржан ойды меңгерту –
сабақтың басты мақсаты.
Ұлы ақын Абай Құнанбаевтыңшығармаларынтерең де, жан-
жақты оқыту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін,
салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде
бағалайтын, білім-білік-дағдымен қаруланған, түйген ойларын іс
жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, өркениетті қоғамда өмір сүре
алатын «нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайратты» серік еткен
дара тұлға тәрбиелейміз. «Біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға
аттандық. Қолымызда – тәуелсіздіктің көк туы. Елтаңбамызда – бар
халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз. Арманымызды
алға апарар қанатты пырақтарымыз бар» деп елбасымыз айтқандай,
шәкірт тәрбиелеу жолындағы асыл қазынамыз – Абайдан бастау
алса, қателеспейміз деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Абай Құнанбайұлы. Өлеңдері мен қара сөздері. /Алматы,
«Жазушы»,2005/
2.Мұхтар Әуезов. Мақалалар мен зерттеулер. /Алматы,
«Жазушы»,1984/
3.Қанипа Бітібаева. Мектепте Абайды оқытудың жаңашыл
технологиясы. /Алматы, «Дәуір-Кітап»,2012/
Сабақтың тақырыбы:«Өзіңнен-өзің есеп ал»(Абайдың он бесінші қара
сөзі)
Сабақтың мақсаты: ұлы ақынның қара сөзіндегі даналық ойдан ғибрат
алу
Сабақтың міндеттері:
-қара сөздегі философиялық ойды түсінеді;
-мәтін мазмұнына сүйене отырып, өзіндік пікір қалыптастырады,
ақын ойына өз пікірін білдіреді;
-ақынның адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселелерінен тәлім алады;
Сабақтың түрі: білімді дамыту сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО: «екі жақты күнделік», «автор орындығы»
Сабақтың көрнекілігі: қара сөздері,интерактивті тақта, слайд
Сабақ барысы:
І. Қызығушылықты ояту сатысы:
-ұйымдастыру, оқушыларды топқа бөлу;
-психологиялықәзірлік жасау; (11-сынып оқушылары болғандықтан
бір-біріне ҰБТ, мектеп бітіру, мамандық таңдауға байланысты ізгі
ниеттерін білдіреді)
-сабақтың мақсаты түсіндіріліп, Абайдың қара сөздерінің тәлім-
тәрбиелік сипаты туралы кіріспе сөз айтылады;
-он бесінші қара сөздің мәтіні таратылады және аудиожазбадан
тыңдалады.
ІІ. Мағынаны тану сатысы: «Екі жақты күнделік»
1. Оқушылар мәтінді толық оқып шығады.
2. І топ: 1,2,3 абзацтармен жұмыс жасайды. Сол жерде айтылатын
ойды топта талқылап, өз пікірін «екі жақты күнделік» үлгісінде
толтырады.
3. ІІ топ: 4,5 абзацтармен дәл осылай жұмыс жасайды.
4. ІІІ топ: соңғы абзацпен жоғарыда айтылғандай жұмыс жасайды:
«Екі жақты күнделік» сызбасы интерактивті тақтада көрініп тұрады, І топ
тақтамен жұмыс жасаса, ІІ, ІІІ топ мүшелері алдарындағы кестені өз
пікірлерімен толықтырады.
«Екі жақты күнделік»
І топ
Ақын ойы Оқушы пікірі
Есті адам қызықты нәрсесін
құмарланып іздейді. Айтса құлақ,
ойланса көңіл сүйсінгендейболады.
Оған өткен өмірдің өкініші жоқ
болады екен.
Әр істі ақылмен ойланып істеу
керек. Айтқан сөзің мен ісің бір
жерден шығу керек. Артыңнан із
қалдыратындай іс істе. «Өлдідеуге
сыя ма ойлаңдаршы, өлмейтұғын
артына сөз қалдырған»
Есеркісі баянсыз, бағасыз нәрсеге
қызығып, өмірінің қымбат шағын
итқорлықпен өткізіп алады.
«Қолдабарда алтынның қадірі жоқ»
дегендей кеш қалмай, әр уақытты
пайдалы іске арнау керек. Өмір бір-
ақ рет беріледі, мұны өкінбейтіндей
өткізу керек. «Ғалымныңхаты
өлмейді, жақсыныңаты өлмейді»
ІІ топ
Ақын ойы Оқушы пікірі
Әрбір нәрсегеқызықпақтық бойға
құмарлықпайда қылатын нәрсе
екен. Әртүрліқұмар болған нәрсеге
жеткен кезде, мастық пайда болады
екен. Ол мастық ақылдың көзін
байлап, төңіректегі қараушылардың
көзін ашып, бойды сынататұғын
нәрсе екен.
Ақынның айтпағы «болдым,
толдым, жеттім» деп, асылықайтуға
болмайды. Қазір біз «жұлдыз
болдым деп» маңайындағыларды
көрмей кететіндер туралы көп
естиміз немесе баймын деп уақытын
түнгі клубта өткізіп, нашақорлыққа
әуестеніп, азғындықәрекетке
баратындар бар. Есерленіп кетпей,
«ақырынжүріп, анық басуымыз
керек»
Сол уақытта есті кісілер есі шықпай,
ақылды қолдан жібермей, бойын
сынатпай жүріп ізденеді екен. Есер
кісі ер-тоқымынтастап, ... екі көзі
аспанда, жынды кісіше шаба береді
екен, соны көрдім.
Дандайсыпкетпей, «биік мансапқа
ерінбей еңбектеп жылан да
шығады,екпіндеп ұшып қыранда
шығады» екенін түсінуіміз керек.
ІІІ топ
Ақын ойы Оқушы пікірі
Егер де есті кісінің қатарында
болғыңкелсе, күнінде бір мәрте,
болмаса жұмасындабір, ең болмаса
айында бір өзіңнен-өзің есеп ал!
Өмірді қалай өткіздің екен, не
білімге, не ахиретке, не дүниеге
жарамды, күнінде өзің өкінбестей
қылықпен өткізіппісің? Жоқ,
болмаса, не қылып өткізгенінді өзің
де білмей қалыппысың?
Кез-келген адам өзіне есеп бере білу
керек. Біздің алдымыздада үлкен
сынақ тұр. Сондықтанбіздің әр
күніміз, әр сағатымыз қажетті
нәрсеге жұмсалуы тиіс. Осыған
дейін оқыған-тоқығанбілімімізді
есте сақтап, сынақтан сүрінбей өту –
біздің міндетіміз. «Тегінде адам
баласы адам баласынан ақыл,
ғылым, ар, мінез деген нәрселермен
озбақ. Онан басқа нәрсеменен
оздым ғойдемектің бәрі де –
ақымақтық»
Үш топ мүшелері кезектесіп отырып, өз жұмыстарымен таныстырып
шығады.
ІІІ. Ой-толғаныс сатысы: «Автор орындығы»
1. Абайдың он бесінші қара сөзі бойынша оқушылардың ойын
қорытып, ойтолғау жазуға тапсырма беріледі. «Мен өзімнен-өзім
есеп алам ба? Қандай пайдалы іс істедім? Болашағымды қалай
елестетемін?
2. Оқушылар жазған ойтолғауын «автор орындығында» оқып
береді. Бір сұрақ қойылып, бір пікір айтылады.
«Б» деген оқушы: «бүгін дана ақын, дара ақын – Абайдың он
бесінші қара сөзімен танысып, үлкен ойда қалдым. «Өз ісіме есеп
бере алам ба? Қымбат уақытымды дұрыс пайдаланып жүрмін бе,
әлде «қолымды мезгілінен кеш сермеп» өкініп қалам ба?» деген
ойлар мазалап отыр. Ерте тұрып, кеш жатып ҰБТ-ға дайындалып
жүрмін, сабақтан басқаға мойын бұрмаймын. Дәл бүгінге дейінгі
дайындығымды сараласам, біртіндеп көтерілу бар. Бірақ, әлі де
көп іздену, талпыну, талаптану керек. Ата-анамның, мектебімнің
үмітін ақтауым керек».
«Е» деген оқушы: Абай атамыздың қара сөзін оқып, «осы мен
есерленіп жүргенжоқпын ба? Неге мәз болам? Тест тапсырғанда
мұғалімнің көзін ала бере шпоргалка қолдану арқылы жоғары
балл алғаныма ма?! Ертең мұндай мүмкіншілік бола ма? Қазір
жүзден асырып алып, қажет кезінде сол мәреге жете алмасам
қайттім?... Бүгіннен бастап өзімді қолға аламын!»
Бағалау парағын толтыру.
Үй тапсырмасы:
Жетінші, он тоғызыншы қара сөздерін оқып, бүгінгі тақырыппен
байланысын табу.
Мұғалімнің қорытынды сөзі: сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер
оқушылардың ойларын ортаға салып, пікірталастыра отырып жұмыс
істеуіне мүмкіндік берді. Олар ақынның ойын тарата келіп, ақынның өз
өлеңдері мен қара сөздерінен үзінді мысал келтірді, ізденіс жұмысын
жасады. Өткен тақырыптармен білімін байланыстыра білді.

More Related Content

What's hot

Az t szh-lgisi (2)
Az t szh-lgisi (2)Az t szh-lgisi (2)
Az t szh-lgisi (2)Serjan Kasen
 
3223кеккекекууу
3223кеккекекууу3223кеккекекууу
3223кеккекекуууnurlan93kz
 
Б.Соқпақбаев "КОМПАС"
Б.Соқпақбаев  "КОМПАС"Б.Соқпақбаев  "КОМПАС"
Б.Соқпақбаев "КОМПАС"Bilim All
 
Бердібек Соқпақбаев "Менің атым - Қожа"
Бердібек Соқпақбаев "Менің атым - Қожа"Бердібек Соқпақбаев "Менің атым - Қожа"
Бердібек Соқпақбаев "Менің атым - Қожа"Bilim All
 
113сыввыавыавы
113сыввыавыавы113сыввыавыавы
113сыввыавыавыnurlan93kz
 
112укцукукыы
112укцукукыы112укцукукыы
112укцукукыыnurlan93kz
 
8558trtrtrtrtrtr
8558trtrtrtrtrtr8558trtrtrtrtrtr
8558trtrtrtrtrtrnurlan93kz
 
ғылыми жұмыс
ғылыми жұмысғылыми жұмыс
ғылыми жұмысnurbolat84
 

What's hot (20)

Az t szh-lgisi (2)
Az t szh-lgisi (2)Az t szh-lgisi (2)
Az t szh-lgisi (2)
 
бес асыл іс өзін өзі ықпалдастыру
бес асыл іс өзін өзі ықпалдастырубес асыл іс өзін өзі ықпалдастыру
бес асыл іс өзін өзі ықпалдастыру
 
3223кеккекекууу
3223кеккекекууу3223кеккекекууу
3223кеккекекууу
 
Gabitg
GabitgGabitg
Gabitg
 
Б.Соқпақбаев "КОМПАС"
Б.Соқпақбаев  "КОМПАС"Б.Соқпақбаев  "КОМПАС"
Б.Соқпақбаев "КОМПАС"
 
Бердібек Соқпақбаев "Менің атым - Қожа"
Бердібек Соқпақбаев "Менің атым - Қожа"Бердібек Соқпақбаев "Менің атым - Қожа"
Бердібек Соқпақбаев "Менің атым - Қожа"
 
113сыввыавыавы
113сыввыавыавы113сыввыавыавы
113сыввыавыавы
 
112укцукукыы
112укцукукыы112укцукукыы
112укцукукыы
 
урок жумабекова
урок жумабековаурок жумабекова
урок жумабекова
 
тукенова е. кітап оқуға қызығушылық
тукенова е. кітап оқуға қызығушылықтукенова е. кітап оқуға қызығушылық
тукенова е. кітап оқуға қызығушылық
 
барышева л.№32мг
барышева л.№32мгбарышева л.№32мг
барышева л.№32мг
 
256fd
256fd256fd
256fd
 
Менің атым қожа
Менің атым қожаМенің атым қожа
Менің атым қожа
 
Mugalf
MugalfMugalf
Mugalf
 
8558trtrtrtrtrtr
8558trtrtrtrtrtr8558trtrtrtrtrtr
8558trtrtrtrtrtr
 
пав
павпав
пав
 
ғылыми жұмыс
ғылыми жұмысғылыми жұмыс
ғылыми жұмыс
 
ыыыыы
ыыыыыыыыыы
ыыыыы
 
сыр сұхбат
сыр сұхбат сыр сұхбат
сыр сұхбат
 
Microsoft word-2-78
 Microsoft word-2-78 Microsoft word-2-78
Microsoft word-2-78
 

Similar to 15 қара сөз

Мәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнату
Мәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнатуМәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнату
Мәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнатуRauan Ibraikhan
 
9.kor t nd bak lau suraktar
9.kor t nd  bak lau suraktar 9.kor t nd  bak lau suraktar
9.kor t nd bak lau suraktar ssuser6a5eba
 
Saererreeeeeeeeeeeeee
SaererreeeeeeeeeeeeeeSaererreeeeeeeeeeeeee
Saererreeeeeeeeeeeeeenurlan93kz
 
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейдім. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейдіNurlan Abilhanov
 
абай қ қмж
абай қ қмжабай қ қмж
абай қ қмжoquzaman
 
гүлмира шығаруп
гүлмира шығарупгүлмира шығаруп
гүлмира шығарупNurlan Abilhanov
 
Оқушылардың шығармашылық қабілетін ұштауда кітапхананың интеллектуалдық жә...
Оқушылардың  шығармашылық қабілетін  ұштауда кітапхананың  интеллектуалдық жә...Оқушылардың  шығармашылық қабілетін  ұштауда кітапхананың  интеллектуалдық жә...
Оқушылардың шығармашылық қабілетін ұштауда кітапхананың интеллектуалдық жә...Bilim All
 
дүниеге жар 7г
дүниеге жар 7гдүниеге жар 7г
дүниеге жар 7гoquzaman
 
Абай, Шәкәрім өлеңдеріндегі ой үндестігі
Абай, Шәкәрім өлеңдеріндегі ой үндестігіАбай, Шәкәрім өлеңдеріндегі ой үндестігі
Абай, Шәкәрім өлеңдеріндегі ой үндестігіАйбек Қуандықұлы
 
методическая разработка открытого урока
методическая разработка открытого урокаметодическая разработка открытого урока
методическая разработка открытого урокаAsem Sarsembayeva
 
жумашева салкен култаевна
жумашева салкен култаевнажумашева салкен култаевна
жумашева салкен култаевнаoquzaman
 
3-сабақ Қазақтың Қанышы.pptx
3-сабақ Қазақтың Қанышы.pptx3-сабақ Қазақтың Қанышы.pptx
3-сабақ Қазақтың Қанышы.pptxssuser7a793e
 

Similar to 15 қара сөз (20)

Мәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнату
Мәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнатуМәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнату
Мәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнату
 
9.kor t nd bak lau suraktar
9.kor t nd  bak lau suraktar 9.kor t nd  bak lau suraktar
9.kor t nd bak lau suraktar
 
Saererreeeeeeeeeeeeee
SaererreeeeeeeeeeeeeeSaererreeeeeeeeeeeeee
Saererreeeeeeeeeeeeee
 
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейдім. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
 
абай қ қмж
абай қ қмжабай қ қмж
абай қ қмж
 
гүлмира шығаруп
гүлмира шығарупгүлмира шығаруп
гүлмира шығаруп
 
Baian.re
Baian.reBaian.re
Baian.re
 
ашық сабак айгуль 2 сынып
ашық сабак айгуль 2 сыныпашық сабак айгуль 2 сынып
ашық сабак айгуль 2 сынып
 
абай. қарасөз
абай. қарасөзабай. қарасөз
абай. қарасөз
 
Оқушылардың шығармашылық қабілетін ұштауда кітапхананың интеллектуалдық жә...
Оқушылардың  шығармашылық қабілетін  ұштауда кітапхананың  интеллектуалдық жә...Оқушылардың  шығармашылық қабілетін  ұштауда кітапхананың  интеллектуалдық жә...
Оқушылардың шығармашылық қабілетін ұштауда кітапхананың интеллектуалдық жә...
 
дүниеге жар 7г
дүниеге жар 7гдүниеге жар 7г
дүниеге жар 7г
 
урок акмолдина
урок акмолдинаурок акмолдина
урок акмолдина
 
Абай, Шәкәрім өлеңдеріндегі ой үндестігі
Абай, Шәкәрім өлеңдеріндегі ой үндестігіАбай, Шәкәрім өлеңдеріндегі ой үндестігі
Абай, Шәкәрім өлеңдеріндегі ой үндестігі
 
методическая разработка открытого урока
методическая разработка открытого урокаметодическая разработка открытого урока
методическая разработка открытого урока
 
ашық сабақ ыбырай — копия
ашық сабақ ыбырай — копияашық сабақ ыбырай — копия
ашық сабақ ыбырай — копия
 
орманның оянуы
орманның   оянуыорманның   оянуы
орманның оянуы
 
Wewe
WeweWewe
Wewe
 
жумашева салкен култаевна
жумашева салкен култаевнажумашева салкен култаевна
жумашева салкен култаевна
 
3-сабақ Қазақтың Қанышы.pptx
3-сабақ Қазақтың Қанышы.pptx3-сабақ Қазақтың Қанышы.pptx
3-сабақ Қазақтың Қанышы.pptx
 
Ар-ұждан – адамдық өлшемі
Ар-ұждан – адамдық өлшеміАр-ұждан – адамдық өлшемі
Ар-ұждан – адамдық өлшемі
 

More from Вспомогательный образовательный сайт

More from Вспомогательный образовательный сайт (20)

метод.в орлеу1
метод.в орлеу1метод.в орлеу1
метод.в орлеу1
 
открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 

15 қара сөз

  • 1. ӨЗІҢНЕН ӨЗІҢ ЕСЕП АЛ Абдрахманова Меруерт Сейткасымқызы «№7мектеп-гимназия»КММ Рудный қаласы Әлемдік деңгейдегі ақын Абай Құнанбаевтың мол мұрасын мектепте жүргізілетін білім мен тәрбие жұмыстарында жан-жақты пайдалану – әрбір ұстаздың азаматтық борышы деп санаймын.Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары. Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – адам бойында тың серпілістер туғызып, арман- мақсаттарға жетелейді. Абайды жаңа қырынан танытып, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасау – бүгінгі заман, уақыт талабы. Абайды таныту – қазақ халқын таныту; қазақтың даналығын, сөз өнерін таныту; қазақтың ғажайып бай тілін таныту; сұлулықты, махаббатты, ізгілікті, адамдықты таныту; Адамды, Алланы сүюді таныту. «Абайтану» пәні: - ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор қара сөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік талаптары, қазіргі абайтанудағы өзекті мәселелер төңірегінде жан-жақты сөз қозғайды; - қазақ әдебиетінің көшбасшысы болған Абай Құнанбайұлының ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігі мен шеберлігін танытады; - аудармаларының дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігіне көз жеткізеді; - ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарытады, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелейді; - ақын шығармалары арқылы адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті насихаттайды. Сіздердің назарларыңызға шәкірт бойында адамдық қасиетті қалыптастырудың бір жолы – «өзіңнен-өзің есеп алуда» екендігін дәлелдейтін Абайдың он бесінші қара сөзіне арналған сабағымды ұсыныпотырмын. Бұлқара сөзді оқыта отырып, ең басты мәселеге, яғни қара сөз негізінде жатқан басты ойға, ақынның пәлсапалық өзіндік ой-тұжырымдарына оқушы назарын аударып, оның ойына қозғау салып, өзіндік пікірін қалыптастыру керек. Ұлы ақынның он бесінші қара сөзінде оқушыларға берілетін білім мазмұнында мына мәселелер қамтылады: - ақынның ақылды кісі мен ақылсыз кісінің парқын ажыратып беруі;
  • 2. - бағасыз, баянсыз нәрсеге қызығудың адамды жас кезінде адастыруы; - есер кісі мен есті кісінің ара-жігі: а) есердің қымбатты шағын жоқтан өзгеге қызығып бос өткізуі ә) естінің есі шықпай, пайдасыз нәрсеге бостан-бос қызықпай, ақылды қолдан жібермеуі - есті кісі болудың жолын көрсетуі (күніне не жұмасына өзінен-өзі есеп алып отыруы) Осы мәселелерді басшылыққа ала отырып оқушылар «екі жақты күнделік», «автор орындығы» стратегияларымен жұмыс жасайды. Мысалы, ақынның «есер кісі мен есті кісіге» берген бағасына оқушы мынадай пікірін білдіреді: «Әр істі ақылмен істеу керек, айтқан сөзің мен ісің бір жерден шыққаны жөн. Артыңнан із қалдыратындай іс істе» дей келіп, өз ойынақынның «Өлді деуге сия ма ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған» деген ойымен тұжырымдайды. Екінші оқушы: «Өмір бір-ақ рет беріледі, сондықтан «қолымызды мезгілінен кеш сермемей», өкінбейтіндей өткізу керек» деп ой түйеді. Ал, ақынның «әртүрлі құмар болған нәрсеге жеткен кезде мастық пайда болады екен, ол ақылдың көзін байлайды» деген ойына оқушы мынадай пікірін білдіреді: «Болдым, толдым, жұлдызбын деп жан-жағыңдағыларды көрмеуден аулақ бол! Баймын деп ақшаңды нашақорлыққа,түнгі клубқа салып, азғындаудан сақтан! «Биік мансапқа ерінбей еңбектеп жылан да шығады, қарқындап ұшып қыран да шығатынын» түсінейік. Есерленіп кетпей «ақырын жүріп, анық басайық» дейді. Сабақтың ой-толғаныс сатысындағы «автор орындығы» стратегиясы бойынша жүргізілген жұмыста оқушылар бүгінгі тақырыптан не ұқты, өздеріне қандай сабақ алды, қандай сұрақтар мазалайтындығы төңірегінде ойларынқорытты. Ойтолғауын ортаға шығып, орындықта отырып оқып береді.(отырып оқу оқушы – мұғалім – оқушылар арасындағы тосқауылды жойып, еркіндік береді, ойын қысылмай жеткізуіне мүмкіндік туғызады). Сол сабақта жазған оқушы ойтолғауынан үзінділер: «Б» деген оқушы: «бүгін дана ақын, дара ақын – Абайдың он бесінші қара сөзімен танысып, үлкен ойда қалдым. «Өз ісіме есеп бере алам ба? Қымбат уақытымды дұрыс пайдаланып жүрмін бе, әлде «қолымды мезгілінен кеш сермеп» өкініп қалам ба?» деген ойлар мазалап отыр. Ерте тұрып, кеш жатып ҰБТ-ға дайындалыпжүрмін, сабақтан басқаға мойын бұрмаймын. Дәл бүгінге дейінгі дайындығымды сараласам, біртіндеп көтерілу бар. Бірақ, әлі де көп іздену, талпыну, талаптану керек. Ата-анамның, мектебімнің үмітін ақтауым керек». «Е» деген оқушы: Абай атамыздың қара сөзін оқып, «осы мен есерленіп жүрген жоқпын ба? Неге мәз болам? Тест тапсырғанда
  • 3. мұғалімнің көзін ала бере шпоргалка қолдану арқылы жоғары балл алғаныма ма?! Ертең мұндай мүмкіншілік бола ма? Қазір жүзден асырып алып, қажет кезінде сол мәреге жете алмасам қайттім?... Бүгіннен бастап өзімді қолға аламын! Өзімнен-өзім есеп аламын!»- дейді. Шәкірттердің пікіріне көңіл аударсақ, олар аз да болса өз өмірлері, бітім-болмыстары туралы ойға қалды. Өзінің жетістігіне қуанып, кемшілігіне сыни көзқараспен қарады, өз ойын ашық айтуға қорықпады, бұл оқушының – жетістігі болса, мұғалімнің – мақсаты. Ақынның он бесінші қара сөзіндегі педагогикалық көзқарасы адамның өзін-өзі тәрбиелеуі, өз ісіне өзі сынмен қарауы, өзінен-өзі есеп алуы керек деген пікірге саяды. Өзін-өзі тексермеген адам, өз ісіне жауапкершілікпен қарай алмаған адам Адам емес. Өзін-өзі тексеру не үшін керек? Абайша айтқанда «не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды іс істедің бе, осыларға пайдалы өмір сүрдің бе» соны ажырату үшін керек екен. Қара сөздің негізінде жатқан осы бір маржан ойды меңгерту – сабақтың басты мақсаты. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтыңшығармаларынтерең де, жан- жақты оқыту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, білім-білік-дағдымен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, өркениетті қоғамда өмір сүре алатын «нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайратты» серік еткен дара тұлға тәрбиелейміз. «Біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық. Қолымызда – тәуелсіздіктің көк туы. Елтаңбамызда – бар халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз. Арманымызды алға апарар қанатты пырақтарымыз бар» деп елбасымыз айтқандай, шәкірт тәрбиелеу жолындағы асыл қазынамыз – Абайдан бастау алса, қателеспейміз деп ойлаймын. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Абай Құнанбайұлы. Өлеңдері мен қара сөздері. /Алматы, «Жазушы»,2005/ 2.Мұхтар Әуезов. Мақалалар мен зерттеулер. /Алматы, «Жазушы»,1984/ 3.Қанипа Бітібаева. Мектепте Абайды оқытудың жаңашыл технологиясы. /Алматы, «Дәуір-Кітап»,2012/
  • 4. Сабақтың тақырыбы:«Өзіңнен-өзің есеп ал»(Абайдың он бесінші қара сөзі) Сабақтың мақсаты: ұлы ақынның қара сөзіндегі даналық ойдан ғибрат алу Сабақтың міндеттері: -қара сөздегі философиялық ойды түсінеді; -мәтін мазмұнына сүйене отырып, өзіндік пікір қалыптастырады, ақын ойына өз пікірін білдіреді; -ақынның адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселелерінен тәлім алады; Сабақтың түрі: білімді дамыту сабағы Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО: «екі жақты күнделік», «автор орындығы» Сабақтың көрнекілігі: қара сөздері,интерактивті тақта, слайд Сабақ барысы: І. Қызығушылықты ояту сатысы: -ұйымдастыру, оқушыларды топқа бөлу; -психологиялықәзірлік жасау; (11-сынып оқушылары болғандықтан бір-біріне ҰБТ, мектеп бітіру, мамандық таңдауға байланысты ізгі ниеттерін білдіреді) -сабақтың мақсаты түсіндіріліп, Абайдың қара сөздерінің тәлім- тәрбиелік сипаты туралы кіріспе сөз айтылады; -он бесінші қара сөздің мәтіні таратылады және аудиожазбадан тыңдалады. ІІ. Мағынаны тану сатысы: «Екі жақты күнделік» 1. Оқушылар мәтінді толық оқып шығады.
  • 5. 2. І топ: 1,2,3 абзацтармен жұмыс жасайды. Сол жерде айтылатын ойды топта талқылап, өз пікірін «екі жақты күнделік» үлгісінде толтырады. 3. ІІ топ: 4,5 абзацтармен дәл осылай жұмыс жасайды. 4. ІІІ топ: соңғы абзацпен жоғарыда айтылғандай жұмыс жасайды: «Екі жақты күнделік» сызбасы интерактивті тақтада көрініп тұрады, І топ тақтамен жұмыс жасаса, ІІ, ІІІ топ мүшелері алдарындағы кестені өз пікірлерімен толықтырады. «Екі жақты күнделік» І топ Ақын ойы Оқушы пікірі Есті адам қызықты нәрсесін құмарланып іздейді. Айтса құлақ, ойланса көңіл сүйсінгендейболады. Оған өткен өмірдің өкініші жоқ болады екен. Әр істі ақылмен ойланып істеу керек. Айтқан сөзің мен ісің бір жерден шығу керек. Артыңнан із қалдыратындай іс істе. «Өлдідеуге сыя ма ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған» Есеркісі баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, өмірінің қымбат шағын итқорлықпен өткізіп алады. «Қолдабарда алтынның қадірі жоқ» дегендей кеш қалмай, әр уақытты пайдалы іске арнау керек. Өмір бір- ақ рет беріледі, мұны өкінбейтіндей өткізу керек. «Ғалымныңхаты өлмейді, жақсыныңаты өлмейді» ІІ топ Ақын ойы Оқушы пікірі Әрбір нәрсегеқызықпақтық бойға құмарлықпайда қылатын нәрсе екен. Әртүрліқұмар болған нәрсеге жеткен кезде, мастық пайда болады екен. Ол мастық ақылдың көзін байлап, төңіректегі қараушылардың көзін ашып, бойды сынататұғын нәрсе екен. Ақынның айтпағы «болдым, толдым, жеттім» деп, асылықайтуға болмайды. Қазір біз «жұлдыз болдым деп» маңайындағыларды көрмей кететіндер туралы көп естиміз немесе баймын деп уақытын түнгі клубта өткізіп, нашақорлыққа әуестеніп, азғындықәрекетке баратындар бар. Есерленіп кетпей, «ақырынжүріп, анық басуымыз керек» Сол уақытта есті кісілер есі шықпай, ақылды қолдан жібермей, бойын сынатпай жүріп ізденеді екен. Есер кісі ер-тоқымынтастап, ... екі көзі аспанда, жынды кісіше шаба береді екен, соны көрдім. Дандайсыпкетпей, «биік мансапқа ерінбей еңбектеп жылан да шығады,екпіндеп ұшып қыранда шығады» екенін түсінуіміз керек.
  • 6. ІІІ топ Ақын ойы Оқушы пікірі Егер де есті кісінің қатарында болғыңкелсе, күнінде бір мәрте, болмаса жұмасындабір, ең болмаса айында бір өзіңнен-өзің есеп ал! Өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгенінді өзің де білмей қалыппысың? Кез-келген адам өзіне есеп бере білу керек. Біздің алдымыздада үлкен сынақ тұр. Сондықтанбіздің әр күніміз, әр сағатымыз қажетті нәрсеге жұмсалуы тиіс. Осыған дейін оқыған-тоқығанбілімімізді есте сақтап, сынақтан сүрінбей өту – біздің міндетіміз. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғойдемектің бәрі де – ақымақтық» Үш топ мүшелері кезектесіп отырып, өз жұмыстарымен таныстырып шығады. ІІІ. Ой-толғаныс сатысы: «Автор орындығы» 1. Абайдың он бесінші қара сөзі бойынша оқушылардың ойын қорытып, ойтолғау жазуға тапсырма беріледі. «Мен өзімнен-өзім есеп алам ба? Қандай пайдалы іс істедім? Болашағымды қалай елестетемін? 2. Оқушылар жазған ойтолғауын «автор орындығында» оқып береді. Бір сұрақ қойылып, бір пікір айтылады. «Б» деген оқушы: «бүгін дана ақын, дара ақын – Абайдың он бесінші қара сөзімен танысып, үлкен ойда қалдым. «Өз ісіме есеп бере алам ба? Қымбат уақытымды дұрыс пайдаланып жүрмін бе, әлде «қолымды мезгілінен кеш сермеп» өкініп қалам ба?» деген ойлар мазалап отыр. Ерте тұрып, кеш жатып ҰБТ-ға дайындалып жүрмін, сабақтан басқаға мойын бұрмаймын. Дәл бүгінге дейінгі дайындығымды сараласам, біртіндеп көтерілу бар. Бірақ, әлі де көп іздену, талпыну, талаптану керек. Ата-анамның, мектебімнің үмітін ақтауым керек». «Е» деген оқушы: Абай атамыздың қара сөзін оқып, «осы мен есерленіп жүргенжоқпын ба? Неге мәз болам? Тест тапсырғанда мұғалімнің көзін ала бере шпоргалка қолдану арқылы жоғары балл алғаныма ма?! Ертең мұндай мүмкіншілік бола ма? Қазір жүзден асырып алып, қажет кезінде сол мәреге жете алмасам қайттім?... Бүгіннен бастап өзімді қолға аламын!» Бағалау парағын толтыру. Үй тапсырмасы:
  • 7. Жетінші, он тоғызыншы қара сөздерін оқып, бүгінгі тақырыппен байланысын табу. Мұғалімнің қорытынды сөзі: сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер оқушылардың ойларын ортаға салып, пікірталастыра отырып жұмыс істеуіне мүмкіндік берді. Олар ақынның ойын тарата келіп, ақынның өз өлеңдері мен қара сөздерінен үзінді мысал келтірді, ізденіс жұмысын жасады. Өткен тақырыптармен білімін байланыстыра білді.