SlideShare a Scribd company logo
1 of 6
1
Талдықорған қаласының
№16 орта мектеп-гимназиясының
математика пәнінің мұғалімі
Сапарғалиев Марат Тілеуліұлы
Стандарттық емес есептерді шешу арқылы оқушылардың
логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
Қазіргі күні еліміз экономикалық өрлеу үстінде. Еліміздегі жастарға білім
берудің де сапасы қарқынды көтерілуде. Бірнеше дарынды балаларға
арналған, бағыттар бойынша оқытуға негізделген мектептер ашылды.
Дегенмен де, соңғы онжылдықтарда еліміздің басынан өткен дағдарыс
кезеңдері өз әсерлерін көрсетуде. Қазіргі күнде еліміздегі мектеп
оқушыларының өз ойларын дұрыс жеткізе алу қабілеттерінің төмендігі, білім
алуға деген ұмтылыстарының төмендеуі, мектептерде қиын оқушылардың
көбеюі байқалады. Бұл проблемаға себептер – сол жылдардағы экологиялық
ахуалдың төмендеуі, халықтың денсаулығыныңнашарлауы, рухани-танымдық
тәрбиенің нашарлауы, экономикалық қиындықтар. Бұл бүгінгі күндегі
математика пәнін оқытуға да теріс әсерін беруде. Бұл проблеманы шешу көп
шараларды жүзеге асыруды талап етеді. Осы шаралардың бірі – стандарттық
емес есептерді шығару тәсілдерін үйрету арқылы оқушылардың логикалық
ойлау қабілеттерін дамыту деп ойлаймын. Бұл шара оқушылардың пәнге
деген қызығушылықтарын да көтеруге көмек береді.
Математикада қандай есептерді стандарттық емес атайды? Бұл сұрақтың
жақсы жауабы Л.М. Фридман мен Е.Н. Турецкийдің «Как научиться решать
задачи» атты кітабында берілген:
- Стандарттық емес есептер дегеніміз – математика курсында бұл есепті
шешуді анықтап көрсететін дәл бағдарламасы, яғни шешудің жалпы ережелері
мен тәртіптері жоқ есептер. Оларды қиындығы жоғары есептермен
шатыстырмау керек. Қиындығы жоғары есептің шарты бойынша оқушы бұл
есепті шығаруға қажетті математикалық аппараттың дәл өзін оңай тауып бере
алады. Ал, мұғалім алынған білімдердің бекітілу процесінің жүруін бақылап
отырады. Ал, стандарттық емес есептерде зерттеу сипаты бар. Сонда бір
оқушы үшін бір есеп стандарттық емес болып табылса, ал, басқа оқушы бұл
есепті өзі білетін таныс стандарттық тәсілдер арқылы шығара алады. Өйткені
ол мұндай есептерден көбісін алдында шығарған. Белгілі бір есеп 5 сынып
2
оқушысы үшін стандарттықемес болса, ал бұл есеп 6 сынып оқушылары үшін
таныс есеп болуы мүмкін.
Стандарттық емес есептерді шешуге үйретудің бүгінгі күнде дәл тура
әдістері көрсетілмеген. Бұл мұндай есептердің даралығынан себепті.
Егер де мұғалім стандарттық емес есептерге деген оқушылардың
қызығушылықтарын тудыра алса, онда оқушыларға бұл есептердің шешу
тәсілдерін жеңіл үйрете алады.
Бірақ та ертеден қалған «Математикаға көршіңнің қалай жасайтындығын
көріп тұрып үйренуге болмайды» деген сөз бекер айтылмаған.
Стандарттық емес есептерді шешу біліктіліктері практикамен игеріледі.
Білім дәрежесі көп еңбекпен келеді, көп уақыт талап етеді.
Жалпы математиканы қай оқушы есепті шешуді білсе, сол оқушы жақсы
көретіндігі бақылаулардан анықталыпты. Яғни біз оқушыларға есептерді
шығару тәсілдерін үйрету арқылы олардың пәнге деген қызығушылықтарына,
логикаық ойлау қабілеттерінің дамуына әсер ете аламыз.
Ал, стандарттық емес есептерді шешуге үйрету логикалық ойлау
қабілеттерін тіпті жоғары дәрежеде дамытуға көмектеседі. Сонымен бірге,
мұндай есептер оқушылардың танымдық шығармашылықтарын
белсенділендіреді.
Стандарттық емес есептерді шешу тәсілдерін үйрету үшін мұғалімге мына
істерді орындау қажет:
- стандарттық емес есептерді шешу тәсілдерін үйретудің педагогикалық
тәжірибелерін меңгеру;
- стандарттық емес есептерді әр сыныптар бойынша жинақтау;
- материалды дәл, дұрыс түсіндіруге машықтану;
- өзінің және өзгелердің қателіктерін анықтау және оларды талдау.
Оқушылардың арасынан өзеннен қайықпен ешкіні, қырыққабатты,
қасқырды өткізу есебін шығармағанын табу қиын болар. Сол сияқты көбіміз
жұмбақ есептерді шешуге, сіріңке талшықтарымен берілетін есептерді
шешуге уақытымызды бөлгенбіз. Мұндай есептер көп ойлануды қажет етеді
және математикадан елеулі орын алады.
Өйткені, біріншіден, мұндай есептерді шешу үшін белгілі математикалық
білімдер ғана емес ой біліктілігі де қажет болады;
Екіншіден, мұндай есептерді шешу жекелеген ғылыми мәселені шешуге
ұқсайды. Ғылыми мәселені зерттеуші адам белгілі бір анық фактілер бойынша
түрлі мүмкін гипотезаларды қарастырады. Соңында фактілерге сәйкесті бір
шешімге келеді және ол шешімнің жалғыз ба екендігін анықтайды.
Дәл осылайша стандарттық емес есептерді шешуде де есептің шешімін
логикалық іздестіруді орындаймыз. Сондықтанда стандарттық емес есептерді
3
шешу тәсілдерін үйрету әрбір оқушы үшін пайдалы және болашақта оның қай
мамандықты таңдайтынына тәуелсіз.
Оқушының пәнді оқуға деген қызығушылығынтуғызудақызықты тарихи
деректер мен аңыздар, әңгімелер көп көмектеседі.
Мәселен, 5 сыныпоқушыларына математика пәнінен «Бұрыш. Бұрыштың
градустық өлшемі» тақырыбын түсіндіру кезінде араб сандарының шығу
тарихы туралы аңыздармен таныстырып кеткен дұрыс. Араб цифрларының
әрқайсысының жазылуында өзі қанша болса, сонша бұрыш бар екен. Яғни
ертедегі адамдар цифр мен бұрыштың арасындағы белгілі бір байланысты
меңзеген болса керек.
Цифрлардың бастапқы формаларынан біз 0 цифрында бұрыштың жоқтығын,
1- цифрында бір бұрыштың, 2-цифрында екі бұрыштың және т.с.с. байқай
аламыз.
Енді көп таралған стандарттық емес есептердің кей түрлерін шешу
тәсілдерін қарастырайық.
1) Сәйкес нұсқаны табу есептері.
5 сынып оқушыларына мұндай есептерді кесте тәсілімен шешіп үйреткен
дұрысырақ.
1-есеп: Қарақшы үңгірге өз қазынасын үш әр түрлі түсті сандықтарға
салып бір қатарға тізбектей қойды. Біреуіне – бағалы тастарын, екіншісіне –
алтын тиындарын, үшіншісіне – Қару-жарақтарын салды. Бірақ ол:
4
- қызыл сандық бағалы тастар салынған сандықтың оң жағында
тұрғанын;
- қару-жарақ салынған сандық қызыл сандықтың оң жағында тұрғанын;
- жасыл сандық көк сандықтың сол жағында тұрғанын ғана есінде
сақтап қалыпты.
Қару-жарақ қандай түсті сандыққа салынды?
Бағалы тастар Алтын тиындар Қару-жарақтар
Қызылсандық - + -
Жасыл сандық + - -
Көк сандық - - +
2-Есеп: Үш адам сөйесіп тұр: Ақбаев, Қарабаев, Сарыбаев. Олардың
қара шаштысы Ақбаевқа айтады. «Біреуіміздің шашымыз ақ, екіншінің шашы
қара, үшіншісінің шашы сары, бірақ ешкімнің шашының түсі фамилиясына
сәйкес келмейді». Олардың әрқайсысының шаштарының түстері қандай?
Шешуі:
1-тәсіл (логикалық пайымдау арқылы)
Қара шашты адам Ақбаевпен сөйлескендіктен, Ақбаев қара шашты да
болмайды, ақ шашты да болмайды (себебі шашының түсі фамилясына сәйкес
келмеу керек). Олай болса Ақбаев – сары шашты. Онда Қарабаев – ақ шашты,
ал Сарыбаев – қара шашты болады.
2-тәсіл. (кестенің көмегімен )
алдымен есептің шарты бойынша, кестені салайық
Тегі Сары Қара Ақ
Ақбаев + - -
Сарыбаев - + -
Қарабаев - - +
Жауабы: Ақбаев – сары шашты
Қарабаев – ақ шашты
Сарыбаев – қара шашты
2) Серілер мен өтірікшілертуралыесептер
«Серілер мен өтірікшілерге» берілетін есептер өте көп кездесетін
қызықты есептердің түріне жатады. Сері тек қана ақиқат, яғни шын сөйлейтін
адам, ал өтірікші ұдайы тек қана жалған, яғни өтірік сөйлейтін адам. Мұндай
5
есептерді шешу кезінде есеп шартында берілетін адамдар арасындағы
диалогтан кімнің сері, кімнің өтірікші екендігін анықтау талап етіледі.
3-Есеп: Аралда тұратын үш тұрғын бақ ішінде өзара сөйлесіп тұрыпты:
(А, В және С). Жандарынан өтіп бара жатқан бөгде жерлік адам А-дан: "Сіз
өтірікшісіз бе, әлде серісіз бе?"-деп сұрапты. Ол естілер-естілмес міңгірлеп
анықтап жауабын бермепті де, бөгде жерлік адам оның жауабын түсіне
алмапты. Сонда бөгде жерлік адам В-дан:: "А не деп жауап берді?" –деп
сұрапты. В оған: "A мен өтірікшімін ", - деп айтты депті. Сол кезде аралдың
үшінші тұрғыны С сөзге араласып: "В-ға сенбеңіз! Ол өтірік айтып тұр!"-
депті. Арал тұрғындары В мен С-ның қайсысы сері, қайсысы өтірікші?
Шешуі: Сері де, өтірікші де "Мен өтірікшімін" деп айта алмайды
(мұндай сөздісері айтса, ол алдаған болар еді, ал өтірікші шын сөйлеген болар
еді). Сондықтанда, А кім болсада өзі туралы «мен өтірікшімін» дей алмас еді.
Яғни, В "A мен өтірікшімін ", - деді деп өтірік айтып тұр. Бұдан В-ның
өтірікші екендігін білеміз. Ал, С болса "В-ға сенбеңіз! Ол өтірік айтып тұр!"-
дей отырыпшындықты айтып тұрғандықтан ол – сері. Сонымен, В – өтірікші,
С – сері. (Біз А-ның кім екендігін айта алмаймыз, өйткені оның сөздерін ести
алмады.)
Жауабы: В – өтірікші, С – сері.
3) Торкөздәптердефигуралардыкесуге берілетін есептер.
Бізге шаршы торларға бөлінген фигураны қандай да бір шартпен
бөліктерге бөлу сұралады.
4-Есеп. Суретте бейнеленген фигураны торлардың сызықтары
бойларымен теңдей етіп екі бөлікке бөліңдер. Бөліктердің әрбірінде бір
дөңгелектен болатын болсын.
Жауабы:
6
5-Есеп. Ортасы тесік, өлшемі 5×5 шаршыны теңдей екі бөлікке бөлудің
екі әдісін көрсетіңдер. Шаршы тең екіге бөліп кесуді түрлі әдістермен
орындалды деп санауға болады, егер де шаршыны бір әдіспен кесудегі
алынған фигуралар мен екінші кесудегі алынған фигуралар бір-бірінен
формалары бойынша да, бөліктерінің өлшемдері бойынша да ерекшеленетін
болса.
Жауабы:
Бұл есептерден де басқа
- комбинаторикалық есептерді шешу;
- құюға берілетін есептерді шешу;
- салмақ өлшеуге берілетін есептерді және т.б. түрлі есептерді
шешу тәсілдерін меңгерту оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін
дамытуға өте көп көмек береді.
Сөзімді қорытындылай келе айтқым келетіні, қазіргі күнде жалпы білім
беретін мектептердегі математикалық білімді дамыту шараларын қазірден
бастау қажет. Бұл шараны жүзеге асырудың бастапқы шарттарының бірі
ретінде ұсынатыным мектептерде «Логикалық математика» курсын енгізу.

More Related Content

What's hot (20)

Қызықты математика
Қызықты математикаҚызықты математика
Қызықты математика
 
312аааааааааааааа
312аааааааааааааа312аааааааааааааа
312аааааааааааааа
 
Сиқырлы үшбұрыштар
Сиқырлы  үшбұрыштарСиқырлы  үшбұрыштар
Сиқырлы үшбұрыштар
 
8 саны және цифры
8 саны және цифры8 саны және цифры
8 саны және цифры
 
математика 4 сынып
математика  4 сыныпматематика  4 сынып
математика 4 сынып
 
02rtrtrrrrrrrrrrrrrrrrrrrr
02rtrtrrrrrrrrrrrrrrrrrrrr02rtrtrrrrrrrrrrrrrrrrrrrr
02rtrtrrrrrrrrrrrrrrrrrrrr
 
147ererererere
147ererererere147ererererere
147ererererere
 
j6666
j6666j6666
j6666
 
6укуцкцукуцкууууууууууууууу
6укуцкцукуцкууууууууууууууу6укуцкцукуцкууууууууууууууу
6укуцкцукуцкууууууууууууууу
 
сағатова с.а
сағатова с.асағатова с.а
сағатова с.а
 
8 9маааапап
8 9маааапап8 9маааапап
8 9маааапап
 
444
444444
444
 
математика 4класс
математика 4классматематика 4класс
математика 4класс
 
4747ggf
4747ggf4747ggf
4747ggf
 
4949fg
4949fg4949fg
4949fg
 
пппп
пппппппп
пппп
 
Kkkkkkko
KkkkkkkoKkkkkkko
Kkkkkkko
 
Жай бөлшектерді көбейту
Жай бөлшектерді көбейтуЖай бөлшектерді көбейту
Жай бөлшектерді көбейту
 
сабақтың тақырыбыв
сабақтың  тақырыбывсабақтың  тақырыбыв
сабақтың тақырыбыв
 
505кцууцкукук
505кцууцкукук505кцууцкукук
505кцууцкукук
 

Viewers also liked (18)

ыаы
ыаыыаы
ыаы
 
средняя школа №18 тема предложный паfдеж существительного
средняя школа №18 тема предложный паfдеж существительногосредняя школа №18 тема предложный паfдеж существительного
средняя школа №18 тема предложный паfдеж существительного
 
яяя
яяяяяя
яяя
 
123вукукук
123вукукук123вукукук
123вукукук
 
5п
5п5п
5п
 
Едендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеуЕдендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеу
 
5478fg
5478fg5478fg
5478fg
 
Aaaaaaa
AaaaaaaAaaaaaa
Aaaaaaa
 
Aaaaaв
AaaaaвAaaaaв
Aaaaaв
 
Qq
QqQq
Qq
 
456gfd
456gfd456gfd
456gfd
 
2sg
2sg2sg
2sg
 
789п
789п789п
789п
 
Qqq
QqqQqq
Qqq
 
4666а
4666а4666а
4666а
 
йййй
йййййййй
йййй
 
11
1111
11
 
пппа
пппапппа
пппа
 

Similar to 7878fg

ашық сабақ 4 сынып жіберуге
ашық сабақ 4 сынып жіберугеашық сабақ 4 сынып жіберуге
ашық сабақ 4 сынып жіберугеAsem Sarsembayeva
 
Шартты бағыныңқылы сабақтас
Шартты бағыныңқылы сабақтасШартты бағыныңқылы сабақтас
Шартты бағыныңқылы сабақтасNurlan Abilhanov
 
исина жайдарман рахымбековна
исина жайдарман рахымбековнаисина жайдарман рахымбековна
исина жайдарман рахымбековнаAsem Sarsembayeva
 
Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық...
Айнымалысы модуль  таңбасының ішінде  берілген  бір айнымалысы бар   сызықтық...Айнымалысы модуль  таңбасының ішінде  берілген  бір айнымалысы бар   сызықтық...
Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық...Nurlan Abilhanov
 
Зат есімнің тәуелденуін пысықтау
Зат есімнің тәуелденуін  пысықтауЗат есімнің тәуелденуін  пысықтау
Зат есімнің тәуелденуін пысықтауNurlan Abilhanov
 
ғылыми жоба ақмарал
ғылыми жоба ақмаралғылыми жоба ақмарал
ғылыми жоба ақмаралoquzaman
 
тренинг ұстаздарға
тренинг ұстаздарғатренинг ұстаздарға
тренинг ұстаздарғаRauan Ibraikhan
 

Similar to 7878fg (20)

Арифметика негіздері
Арифметика негіздеріАрифметика негіздері
Арифметика негіздері
 
ашық сабақ 4 сынып жіберуге
ашық сабақ 4 сынып жіберугеашық сабақ 4 сынып жіберуге
ашық сабақ 4 сынып жіберуге
 
Әдіс.pptx
Әдіс.pptxӘдіс.pptx
Әдіс.pptx
 
Шартты бағыныңқылы сабақтас
Шартты бағыныңқылы сабақтасШартты бағыныңқылы сабақтас
Шартты бағыныңқылы сабақтас
 
исина жайдарман рахымбековна
исина жайдарман рахымбековнаисина жайдарман рахымбековна
исина жайдарман рахымбековна
 
Теріс сандар
Теріс сандарТеріс сандар
Теріс сандар
 
Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық...
Айнымалысы модуль  таңбасының ішінде  берілген  бір айнымалысы бар   сызықтық...Айнымалысы модуль  таңбасының ішінде  берілген  бір айнымалысы бар   сызықтық...
Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық...
 
Зат есімнің тәуелденуін пысықтау
Зат есімнің тәуелденуін  пысықтауЗат есімнің тәуелденуін  пысықтау
Зат есімнің тәуелденуін пысықтау
 
586fd
586fd586fd
586fd
 
ғылыми жоба ақмарал
ғылыми жоба ақмаралғылыми жоба ақмарал
ғылыми жоба ақмарал
 
тренинг ұстаздарға
тренинг ұстаздарғатренинг ұстаздарға
тренинг ұстаздарға
 
4568
45684568
4568
 
әріптер сыры
әріптер сырыәріптер сыры
әріптер сыры
 
омарова а.с.
омарова  а.с.омарова  а.с.
омарова а.с.
 
үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс
үлгерімі нашар оқушылармен жұмысүлгерімі нашар оқушылармен жұмыс
үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс
 
Математикалық шолу
Математикалық шолуМатематикалық шолу
Математикалық шолу
 
ашық сабақ
ашық сабақашық сабақ
ашық сабақ
 
Өзара кері сандар
Өзара кері сандарӨзара кері сандар
Өзара кері сандар
 
а математикаk
а математикаkа математикаk
а математикаk
 
открытый урок 3 класс
открытый урок 3 классоткрытый урок 3 класс
открытый урок 3 класс
 

More from Nurlan Abilhanov

Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...Nurlan Abilhanov
 
микропланирование1
микропланирование1микропланирование1
микропланирование1Nurlan Abilhanov
 
письмо культура одежды
письмо культура одеждыписьмо культура одежды
письмо культура одеждыNurlan Abilhanov
 
жыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктемжыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктемNurlan Abilhanov
 
Абишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ БалтабаевнаАбишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ БалтабаевнаNurlan Abilhanov
 
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағNurlan Abilhanov
 
бастауыш құстар
бастауыш құстарбастауыш құстар
бастауыш құстарNurlan Abilhanov
 
Арифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессияАрифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессияNurlan Abilhanov
 
тараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласытараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласыNurlan Abilhanov
 
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.Nurlan Abilhanov
 
787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertert787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertertNurlan Abilhanov
 
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh  84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh Nurlan Abilhanov
 
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)Nurlan Abilhanov
 
“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” Омоним“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” ОмонимNurlan Abilhanov
 
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейдім. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейдіNurlan Abilhanov
 
The first President of Kazakhstan
The first President of KazakhstanThe first President of Kazakhstan
The first President of KazakhstanNurlan Abilhanov
 
«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» Омонимдер«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» ОмонимдерNurlan Abilhanov
 
Сабақтың тақырыбы: Сүт және сүт өнімдері
Сабақтың тақырыбы:  Сүт және сүт  өнімдеріСабақтың тақырыбы:  Сүт және сүт  өнімдері
Сабақтың тақырыбы: Сүт және сүт өнімдеріNurlan Abilhanov
 

More from Nurlan Abilhanov (20)

Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
 
микропланирование1
микропланирование1микропланирование1
микропланирование1
 
письмо культура одежды
письмо культура одеждыписьмо культура одежды
письмо культура одежды
 
жыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктемжыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктем
 
Абишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ БалтабаевнаАбишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ Балтабаевна
 
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
 
биология гул
биология гулбиология гул
биология гул
 
бастауыш құстар
бастауыш құстарбастауыш құстар
бастауыш құстар
 
Арифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессияАрифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессия
 
тараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласытараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласы
 
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
 
787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertert787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertert
 
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh  84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh
 
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
 
“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” Омоним“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” Омоним
 
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейдім. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
 
The first President of Kazakhstan
The first President of KazakhstanThe first President of Kazakhstan
The first President of Kazakhstan
 
«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» Омонимдер«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» Омонимдер
 
8 сынып логика
8 сынып логика8 сынып логика
8 сынып логика
 
Сабақтың тақырыбы: Сүт және сүт өнімдері
Сабақтың тақырыбы:  Сүт және сүт  өнімдеріСабақтың тақырыбы:  Сүт және сүт  өнімдері
Сабақтың тақырыбы: Сүт және сүт өнімдері
 

7878fg

  • 1. 1 Талдықорған қаласының №16 орта мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Сапарғалиев Марат Тілеуліұлы Стандарттық емес есептерді шешу арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту Қазіргі күні еліміз экономикалық өрлеу үстінде. Еліміздегі жастарға білім берудің де сапасы қарқынды көтерілуде. Бірнеше дарынды балаларға арналған, бағыттар бойынша оқытуға негізделген мектептер ашылды. Дегенмен де, соңғы онжылдықтарда еліміздің басынан өткен дағдарыс кезеңдері өз әсерлерін көрсетуде. Қазіргі күнде еліміздегі мектеп оқушыларының өз ойларын дұрыс жеткізе алу қабілеттерінің төмендігі, білім алуға деген ұмтылыстарының төмендеуі, мектептерде қиын оқушылардың көбеюі байқалады. Бұл проблемаға себептер – сол жылдардағы экологиялық ахуалдың төмендеуі, халықтың денсаулығыныңнашарлауы, рухани-танымдық тәрбиенің нашарлауы, экономикалық қиындықтар. Бұл бүгінгі күндегі математика пәнін оқытуға да теріс әсерін беруде. Бұл проблеманы шешу көп шараларды жүзеге асыруды талап етеді. Осы шаралардың бірі – стандарттық емес есептерді шығару тәсілдерін үйрету арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту деп ойлаймын. Бұл шара оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын да көтеруге көмек береді. Математикада қандай есептерді стандарттық емес атайды? Бұл сұрақтың жақсы жауабы Л.М. Фридман мен Е.Н. Турецкийдің «Как научиться решать задачи» атты кітабында берілген: - Стандарттық емес есептер дегеніміз – математика курсында бұл есепті шешуді анықтап көрсететін дәл бағдарламасы, яғни шешудің жалпы ережелері мен тәртіптері жоқ есептер. Оларды қиындығы жоғары есептермен шатыстырмау керек. Қиындығы жоғары есептің шарты бойынша оқушы бұл есепті шығаруға қажетті математикалық аппараттың дәл өзін оңай тауып бере алады. Ал, мұғалім алынған білімдердің бекітілу процесінің жүруін бақылап отырады. Ал, стандарттық емес есептерде зерттеу сипаты бар. Сонда бір оқушы үшін бір есеп стандарттық емес болып табылса, ал, басқа оқушы бұл есепті өзі білетін таныс стандарттық тәсілдер арқылы шығара алады. Өйткені ол мұндай есептерден көбісін алдында шығарған. Белгілі бір есеп 5 сынып
  • 2. 2 оқушысы үшін стандарттықемес болса, ал бұл есеп 6 сынып оқушылары үшін таныс есеп болуы мүмкін. Стандарттық емес есептерді шешуге үйретудің бүгінгі күнде дәл тура әдістері көрсетілмеген. Бұл мұндай есептердің даралығынан себепті. Егер де мұғалім стандарттық емес есептерге деген оқушылардың қызығушылықтарын тудыра алса, онда оқушыларға бұл есептердің шешу тәсілдерін жеңіл үйрете алады. Бірақ та ертеден қалған «Математикаға көршіңнің қалай жасайтындығын көріп тұрып үйренуге болмайды» деген сөз бекер айтылмаған. Стандарттық емес есептерді шешу біліктіліктері практикамен игеріледі. Білім дәрежесі көп еңбекпен келеді, көп уақыт талап етеді. Жалпы математиканы қай оқушы есепті шешуді білсе, сол оқушы жақсы көретіндігі бақылаулардан анықталыпты. Яғни біз оқушыларға есептерді шығару тәсілдерін үйрету арқылы олардың пәнге деген қызығушылықтарына, логикаық ойлау қабілеттерінің дамуына әсер ете аламыз. Ал, стандарттық емес есептерді шешуге үйрету логикалық ойлау қабілеттерін тіпті жоғары дәрежеде дамытуға көмектеседі. Сонымен бірге, мұндай есептер оқушылардың танымдық шығармашылықтарын белсенділендіреді. Стандарттық емес есептерді шешу тәсілдерін үйрету үшін мұғалімге мына істерді орындау қажет: - стандарттық емес есептерді шешу тәсілдерін үйретудің педагогикалық тәжірибелерін меңгеру; - стандарттық емес есептерді әр сыныптар бойынша жинақтау; - материалды дәл, дұрыс түсіндіруге машықтану; - өзінің және өзгелердің қателіктерін анықтау және оларды талдау. Оқушылардың арасынан өзеннен қайықпен ешкіні, қырыққабатты, қасқырды өткізу есебін шығармағанын табу қиын болар. Сол сияқты көбіміз жұмбақ есептерді шешуге, сіріңке талшықтарымен берілетін есептерді шешуге уақытымызды бөлгенбіз. Мұндай есептер көп ойлануды қажет етеді және математикадан елеулі орын алады. Өйткені, біріншіден, мұндай есептерді шешу үшін белгілі математикалық білімдер ғана емес ой біліктілігі де қажет болады; Екіншіден, мұндай есептерді шешу жекелеген ғылыми мәселені шешуге ұқсайды. Ғылыми мәселені зерттеуші адам белгілі бір анық фактілер бойынша түрлі мүмкін гипотезаларды қарастырады. Соңында фактілерге сәйкесті бір шешімге келеді және ол шешімнің жалғыз ба екендігін анықтайды. Дәл осылайша стандарттық емес есептерді шешуде де есептің шешімін логикалық іздестіруді орындаймыз. Сондықтанда стандарттық емес есептерді
  • 3. 3 шешу тәсілдерін үйрету әрбір оқушы үшін пайдалы және болашақта оның қай мамандықты таңдайтынына тәуелсіз. Оқушының пәнді оқуға деген қызығушылығынтуғызудақызықты тарихи деректер мен аңыздар, әңгімелер көп көмектеседі. Мәселен, 5 сыныпоқушыларына математика пәнінен «Бұрыш. Бұрыштың градустық өлшемі» тақырыбын түсіндіру кезінде араб сандарының шығу тарихы туралы аңыздармен таныстырып кеткен дұрыс. Араб цифрларының әрқайсысының жазылуында өзі қанша болса, сонша бұрыш бар екен. Яғни ертедегі адамдар цифр мен бұрыштың арасындағы белгілі бір байланысты меңзеген болса керек. Цифрлардың бастапқы формаларынан біз 0 цифрында бұрыштың жоқтығын, 1- цифрында бір бұрыштың, 2-цифрында екі бұрыштың және т.с.с. байқай аламыз. Енді көп таралған стандарттық емес есептердің кей түрлерін шешу тәсілдерін қарастырайық. 1) Сәйкес нұсқаны табу есептері. 5 сынып оқушыларына мұндай есептерді кесте тәсілімен шешіп үйреткен дұрысырақ. 1-есеп: Қарақшы үңгірге өз қазынасын үш әр түрлі түсті сандықтарға салып бір қатарға тізбектей қойды. Біреуіне – бағалы тастарын, екіншісіне – алтын тиындарын, үшіншісіне – Қару-жарақтарын салды. Бірақ ол:
  • 4. 4 - қызыл сандық бағалы тастар салынған сандықтың оң жағында тұрғанын; - қару-жарақ салынған сандық қызыл сандықтың оң жағында тұрғанын; - жасыл сандық көк сандықтың сол жағында тұрғанын ғана есінде сақтап қалыпты. Қару-жарақ қандай түсті сандыққа салынды? Бағалы тастар Алтын тиындар Қару-жарақтар Қызылсандық - + - Жасыл сандық + - - Көк сандық - - + 2-Есеп: Үш адам сөйесіп тұр: Ақбаев, Қарабаев, Сарыбаев. Олардың қара шаштысы Ақбаевқа айтады. «Біреуіміздің шашымыз ақ, екіншінің шашы қара, үшіншісінің шашы сары, бірақ ешкімнің шашының түсі фамилиясына сәйкес келмейді». Олардың әрқайсысының шаштарының түстері қандай? Шешуі: 1-тәсіл (логикалық пайымдау арқылы) Қара шашты адам Ақбаевпен сөйлескендіктен, Ақбаев қара шашты да болмайды, ақ шашты да болмайды (себебі шашының түсі фамилясына сәйкес келмеу керек). Олай болса Ақбаев – сары шашты. Онда Қарабаев – ақ шашты, ал Сарыбаев – қара шашты болады. 2-тәсіл. (кестенің көмегімен ) алдымен есептің шарты бойынша, кестені салайық Тегі Сары Қара Ақ Ақбаев + - - Сарыбаев - + - Қарабаев - - + Жауабы: Ақбаев – сары шашты Қарабаев – ақ шашты Сарыбаев – қара шашты 2) Серілер мен өтірікшілертуралыесептер «Серілер мен өтірікшілерге» берілетін есептер өте көп кездесетін қызықты есептердің түріне жатады. Сері тек қана ақиқат, яғни шын сөйлейтін адам, ал өтірікші ұдайы тек қана жалған, яғни өтірік сөйлейтін адам. Мұндай
  • 5. 5 есептерді шешу кезінде есеп шартында берілетін адамдар арасындағы диалогтан кімнің сері, кімнің өтірікші екендігін анықтау талап етіледі. 3-Есеп: Аралда тұратын үш тұрғын бақ ішінде өзара сөйлесіп тұрыпты: (А, В және С). Жандарынан өтіп бара жатқан бөгде жерлік адам А-дан: "Сіз өтірікшісіз бе, әлде серісіз бе?"-деп сұрапты. Ол естілер-естілмес міңгірлеп анықтап жауабын бермепті де, бөгде жерлік адам оның жауабын түсіне алмапты. Сонда бөгде жерлік адам В-дан:: "А не деп жауап берді?" –деп сұрапты. В оған: "A мен өтірікшімін ", - деп айтты депті. Сол кезде аралдың үшінші тұрғыны С сөзге араласып: "В-ға сенбеңіз! Ол өтірік айтып тұр!"- депті. Арал тұрғындары В мен С-ның қайсысы сері, қайсысы өтірікші? Шешуі: Сері де, өтірікші де "Мен өтірікшімін" деп айта алмайды (мұндай сөздісері айтса, ол алдаған болар еді, ал өтірікші шын сөйлеген болар еді). Сондықтанда, А кім болсада өзі туралы «мен өтірікшімін» дей алмас еді. Яғни, В "A мен өтірікшімін ", - деді деп өтірік айтып тұр. Бұдан В-ның өтірікші екендігін білеміз. Ал, С болса "В-ға сенбеңіз! Ол өтірік айтып тұр!"- дей отырыпшындықты айтып тұрғандықтан ол – сері. Сонымен, В – өтірікші, С – сері. (Біз А-ның кім екендігін айта алмаймыз, өйткені оның сөздерін ести алмады.) Жауабы: В – өтірікші, С – сері. 3) Торкөздәптердефигуралардыкесуге берілетін есептер. Бізге шаршы торларға бөлінген фигураны қандай да бір шартпен бөліктерге бөлу сұралады. 4-Есеп. Суретте бейнеленген фигураны торлардың сызықтары бойларымен теңдей етіп екі бөлікке бөліңдер. Бөліктердің әрбірінде бір дөңгелектен болатын болсын. Жауабы:
  • 6. 6 5-Есеп. Ортасы тесік, өлшемі 5×5 шаршыны теңдей екі бөлікке бөлудің екі әдісін көрсетіңдер. Шаршы тең екіге бөліп кесуді түрлі әдістермен орындалды деп санауға болады, егер де шаршыны бір әдіспен кесудегі алынған фигуралар мен екінші кесудегі алынған фигуралар бір-бірінен формалары бойынша да, бөліктерінің өлшемдері бойынша да ерекшеленетін болса. Жауабы: Бұл есептерден де басқа - комбинаторикалық есептерді шешу; - құюға берілетін есептерді шешу; - салмақ өлшеуге берілетін есептерді және т.б. түрлі есептерді шешу тәсілдерін меңгерту оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға өте көп көмек береді. Сөзімді қорытындылай келе айтқым келетіні, қазіргі күнде жалпы білім беретін мектептердегі математикалық білімді дамыту шараларын қазірден бастау қажет. Бұл шараны жүзеге асырудың бастапқы шарттарының бірі ретінде ұсынатыным мектептерде «Логикалық математика» курсын енгізу.