SlideShare a Scribd company logo
1 of 5
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
«ШЫМКЕНТ АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»
ҒЫЛЫМИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Конго-қырым қанды безгегі ауруының клиникалық белгілері, сақтық
шаралары
Дайындаған: Вф9-154 тобының студенті – Байбек Ақмарал
Омаралықызы
Ғылыми жетекші: Асқарова НесібеліАманбекқызы
Шымкент-2017ж
КОНГО-ҚЫРЫМ ҚАНДЫ БЕЗГЕГІ АУРУЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ
БЕЛГІЛЕРІ, САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Конго-қырым қанды безгегі ауруының
вирусы әдетте кенелердің және әртүрлі жабайы жануарлардың, атап айтсақ,
қояндар, ұсақ кеміргіштер, кірпілер және үй жануарларының, соның ішінде
қойлар, ешкілер, сиырлар, жылқылар және т.б ағзасында кездеседі. Жалпы
бұл аурудың ауырлығы оба ауруымен тең келеді. Адамның оны жұқтыруы
жұқпалы кененің шағуы немесе шаншылуымен, жануарларды сою немесе
өңдеу кезінде олардыңқанымен, сондай-ақ науқас адамға күтім жасау кезінде
оның қанымен тез жұғуы қаупі жоғары.
Ауру қатты басталады. Жаурап қалтыраудан дене температурасы 39-40 C-қа
дейін көтеріледі. Адамның басы, буын мен бұлшық еті, іш пен бел аурулары,
жүрек айнуы және құсу, іштің өтуі басталады. 1-12 тәулікке дейін
сандырақтайды. Ауру белгілері асқынған жағдайда науқас естен танады.
Ауру адамдарды тексеру барысында бет, мойын, кеуденің жоғары бөлігінің
қызарып, көз ағының қан тамырларында ұсақ қан бүршіктері пайда болып,
жүрек қызметі бәсеңдеп, қан қысымы төмендейді. Бүйрек тұсы ауырады.
Науқасты тез арада емханаға жеткізіп, тиісті ем-дом көрсетпесе, оның соңы
үлкен өкінішке апарып соқтырады.
Бұл қауіпті аурумен көбіне көп ауыл шаруашылығы жұмыстарымен
айналысатын тұлғалар, көктем, жаз маусымы кезінде табиғатта, тоғай
арасында, жаңа көктеген шөптер арасында жүріп демалатын адамдар
шалдығады.
Бүгінде конго-қырым қанды безгегі Ресейдің Европалық бөлігінің оңтүстік
аймақтарында, Молдовада, Украинада, Орта Азия мемлекеттерінде және
Қазақстан елінде тіркелген.
Алдын алу үшін кенеден сақ болу керек. Оны емдеу өте қиын.
Инфекция кене шаққан жерден басталады және сырқат адамның қаны
тигенде жұғады (аурухана ішінде жұғады, тістеуден тікелей қанға өтеді).
Адамның дене қызуы көтеріліп, қан кетеді, бас және бұлшық еті ауырып, тері
бөртпесі, тері арасында қанды сүйел пайда болады.
Қоздырғышты тасымалдаушылар - кенелер. Олар арбовирус тобынажатады.
Тасымалдаушылар – (кенелер) тышқан, қоян, кірпі терілерінде паразит
ретінде орналасып ауру таратады.
Адам кездейсоқ уақытта кененің шағуына шалдықса, жұқпалы ауруға душар
болады.
Зардапқа негізінен ауылшаруашылық жұмыстарымен айналысатын тұлғалар,
көктем, жаз маусымы кезінде табиғатта, тоғай арасында, жаңа көктеген
шөптер арасында жүріп демалатын адамдар шалдығады.
Ауру бір адамнан екінші адамға жұғады.
Ауру негізінен Ресейдің Европалық бөлігінің оңтүстік аймақтарында,
Молдовада, Украинада, Орта Азия мемлекеттерінде және Қазақстанда
тіркелген.
Клиникалық көріністері
Созылмалы (көрінбейтін кезең) ұзақтығы – 1-14 тәулік. Басталу кезеңі 9
күнге дейін созылады. Ауру қатты басталады. Жаурап қалтыраудан дене
температурасы 39-40 C-қа дейін көтеріледі. Ауырғандар бас, буын мен
бұлшық ет, іш пен бел ауруы, жүрек айнуы және құсу, іші өтті дем
шағымданады. 3-5-тәулікте дене қызуы төмендейді. Бір-екі күннен кейін
қайта көтеріледі. Сандырақ ұзақтығы 1-12 тәулікке созылады. Ауру
адамдарды тексеру барысында бет, мойын, кеуденің жоғары бөлігінің,
коньюктиваның қызаруы, көз ағынының қантамырларында ұсақ қан
бүршіктері пайда болуы, жүрек қызметінің бәсеңдеуі, қан қысымының
төмендеуі байқалады. Бүйрек тұсы ауыра бастайды.
Гемморагиялық кезеңі
3-6-тәулікте басталады – іште, кеуденің оң жақ бүйірінде, иық белдеу
аймағында, жиірек арқада, жамбас және білекте бөртпелер пайда болады.
Ине салған жерлерде қанды сүйел байқалады. Шырышты қабықта қанталау
белгіленеді, жатырдыңжәне мұрынның қанауы, қан түкіру, ішкі дәретпен қан
кетуі, қызыл иектің шырышты қабығының, ауыздың, тілдің және
конъюктиваның қанауы. 10 тәулікке жалғасқан асқазан және ішектен қан
кетеді.
Одан соң босаңдық, ұйқысырау жоғарылайды, естен тануы мүмкін. Құсу
жиілейді, кейбір ауруларда ми қабаттарының асқыну белгілері жетіледі.
Жүрексоғысыныңбәсеңдігіне тән, қан қысымы төмендейді. Кейде естен тану
жағдайы болады. Тамырдың соғуы бәсендеп, жағдайдың ауырлығын
көрсететін тамыр соғуының жиелеуіне ауысуы мүмкін. Іш кеуіп қолмен
басып қарағанда ауырсынады. Бауыр үлкейеді, кейбір ауруларда сары
аурудың белгілері болуы мүмкін. Бүйрек ауруы белдің ауруымен, нәжістегі
өзгерістермен байқалады.
Аурудың беті қайту кезеңі дене қызуының қалыпты жұмыс істеуімен және
қан кетулердің тоқталуымен басталады. Жүрек соғуы тұрақсыз болады, қан
қысымының төмен болуы ұзақ уақытқа дейін сақталады.
Зерттеу әдістері - ауырған адамның қанын арнаулы зертханада тексеріп
аурудың түрін анықтайды.
Бұл аурудың түрін анықтау үшін төмендегі келтірілген аурулармен
салыстырады.
Басқа этиологиядағы геморрагиялық безгек;
Тұмау;
Лептоспироз;
Іш сүзегі;
Сепсис (қанның бұзылуы);
Менингококцемия;
Сібір жарасы;
Қан аурулары.
Емделу
• Жылдам емханаға жеткізіп, ауруды оңаша бөлмеге орналастыру;
• Қанның улануына қарсы жүргізілетін шаралар;
• Қан құйылу кезінде (әсіресе көлемді) – 500-750 мл дейін, тромбоцитарлы
және лейкоцитарлы массадағы жас цитратты тұтас қанды енгізу.
Болжам
• Емделмеген жағдайда өлім саны артады;
• Уақытылы және тиесілі емделу кезінде жақсы нәтиже байқалады.
Асқынулар
• Естен тану;
• Қатты бауыр-бүйрек жетіспеушілігі;
• Өкпе ісігі, қабынуы және өкпеде сұйықтың пайда болуы;
• Құлақ ауыруы
• Іріңді ісіктер және егу салынған жерлердегі тері арасында іріңнің жиналуы;
Алдын-алу
Осы аурулардың орын алған аудандарында, кенелердің белсенділігі кезеңінде
табиғатқа шыққанда абай болу. Кене шаққан жағдайда тездетіп емдеу
мекемесіне барып, көріну қажет.
Конго-Қырым қанды безгегін тарататын қауіпті кенелерден қалай
сақтанамыз?
Қорытынды.
«Конго-Қырым қанды безгегінен сақтанып, оның алдын алу үшін адамдар
арнайы киім киюі тиіс. Негізінен кенелер өз «олжасын» көктемгі және жазғы
маусымдарда жол бойындағы шөптесіндерде, ормандағы сулардың
жағасындағы жасыл желектерде және бұталардың шыбықтарында аңдып
тұрады. Сондықтанормандажолдыңортасындажүргенләзім. Орманда түнеу
барысында су және қалың шөптен аулақ, биік жерде дамылдаған дұрыс».
Негізінде кенелер қалың киімнен өте алмайды. Сондықтан дененің ашық
қалуын болдырмау қажет. Киімнің мойын жағасы мен жеңдері денеге
жабысып тұруы тиіс. Қолға және мойынға арнайы заттарды жағып отырған
дұрыс.
«Кенелер денеге бірден қадалып, қан алмайды. Олар біраз уақыт киімде және
денеде терісі жұқалау, қозғалыс барысында кедергі келтірмейтін ыңғайлы
орын іздейді. Сондықтан үйге келісімен киімнің және дененің барлық
жерлерін қарап шыққан жөн. Әсіресе ұйқыға жатар алдында киімдерді жіті
тексеріп, балалардың денесін қарап шығу қажет. Егер кене шаққан болса,
оны теріден бірден алып тастауға асыққаныңыз жөн.
Кенені денеден алмас бұрын оны жермаймен немесе вазелинмен жаққан
абзал, сол кезде кенелер тез алынады. Оны алғаннан соң қолды сабынмен
жуып, жараға йод жағып қойған ләзім. Сосын міндетті түрде дәрігерлерге
көріну керек.

More Related Content

Viewers also liked

Viewers also liked (13)

құтырық Rabies
құтырық Rabiesқұтырық Rabies
құтырық Rabies
 
жануарлардың өлексесі мен көңді залалсыздандыру
жануарлардың  өлексесі мен көңді  залалсыздандыружануарлардың  өлексесі мен көңді  залалсыздандыру
жануарлардың өлексесі мен көңді залалсыздандыру
 
ашық сабақ көз алмасы
ашық сабақ көз алмасыашық сабақ көз алмасы
ашық сабақ көз алмасы
 
PYNQで○○してみた!
PYNQで○○してみた!PYNQで○○してみた!
PYNQで○○してみた!
 
Young Cannes Lions_1_2017
Young Cannes Lions_1_2017Young Cannes Lions_1_2017
Young Cannes Lions_1_2017
 
Central women committee 1
Central women committee 1Central women committee 1
Central women committee 1
 
бұлшық еттер
бұлшық еттербұлшық еттер
бұлшық еттер
 
әдістемелік фармакология негіздері пәнінен
әдістемелік фармакология  негіздері  пәніненәдістемелік фармакология  негіздері  пәнінен
әдістемелік фармакология негіздері пәнінен
 
жұмыртқа инкубациялау.
жұмыртқа инкубациялау.жұмыртқа инкубациялау.
жұмыртқа инкубациялау.
 
αρχαία ελληνική ενδυμασία
αρχαία ελληνική ενδυμασίααρχαία ελληνική ενδυμασία
αρχαία ελληνική ενδυμασία
 
Young Cannes Lions_5_2017
Young Cannes Lions_5_2017Young Cannes Lions_5_2017
Young Cannes Lions_5_2017
 
Bolt fastener
Bolt fastenerBolt fastener
Bolt fastener
 
Cultivo de secreciones de heridas y oftálmicos
Cultivo de secreciones de heridas y oftálmicosCultivo de secreciones de heridas y oftálmicos
Cultivo de secreciones de heridas y oftálmicos
 

Similar to конф.акмарал

Сибирская язва .pptx
Сибирская язва .pptxСибирская язва .pptx
Сибирская язва .pptx
ssuserf26ca1
 
опн, хпн, нг абдуллаева а.б
опн, хпн, нг абдуллаева а.бопн, хпн, нг абдуллаева а.б
опн, хпн, нг абдуллаева а.б
manap3
 
3012 екіншілік туберкулез.pptx
3012 екіншілік туберкулез.pptx3012 екіншілік туберкулез.pptx
3012 екіншілік туберкулез.pptx
ssuser6a10ee
 

Similar to конф.акмарал (12)

Сибирская язва .pptx
Сибирская язва .pptxСибирская язва .pptx
Сибирская язва .pptx
 
конф.шүкір
конф.шүкірконф.шүкір
конф.шүкір
 
аусыл ауруы
аусыл ауруыаусыл ауруы
аусыл ауруы
 
срс1 ждп.pptx
срс1 ждп.pptxсрс1 ждп.pptx
срс1 ждп.pptx
 
Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістеріТыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
 
анаркулова ашық сабақ
анаркулова ашық сабақанаркулова ашық сабақ
анаркулова ашық сабақ
 
опн, хпн, нг абдуллаева а.б
опн, хпн, нг абдуллаева а.бопн, хпн, нг абдуллаева а.б
опн, хпн, нг абдуллаева а.б
 
баяндама
баяндамабаяндама
баяндама
 
қан кету
қан кетуқан кету
қан кету
 
жануарлардын паразит
жануарлардын паразитжануарлардын паразит
жануарлардын паразит
 
3012 екіншілік туберкулез.pptx
3012 екіншілік туберкулез.pptx3012 екіншілік туберкулез.pptx
3012 екіншілік туберкулез.pptx
 
хирургиялық инфекциядан туындайтын жергілікті аурулар
хирургиялық инфекциядан туындайтын жергілікті аурулархирургиялық инфекциядан туындайтын жергілікті аурулар
хирургиялық инфекциядан туындайтын жергілікті аурулар
 

More from Asem Sarsembayeva

More from Asem Sarsembayeva (20)

урок
урокурок
урок
 
конспект урока
конспект урокаконспект урока
конспект урока
 
современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитания
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентация
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулар
 
тренинг
тренингтренинг
тренинг
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктер
 
чуковский
чуковскийчуковский
чуковский
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человека
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановна
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаева
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевна
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевна
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевна
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17
 
шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.
 
магрупова
магруповамагрупова
магрупова
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайд
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина моя
 

конф.акмарал

  • 1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ «ШЫМКЕНТ АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» ҒЫЛЫМИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: Конго-қырым қанды безгегі ауруының клиникалық белгілері, сақтық шаралары Дайындаған: Вф9-154 тобының студенті – Байбек Ақмарал Омаралықызы Ғылыми жетекші: Асқарова НесібеліАманбекқызы Шымкент-2017ж
  • 2. КОНГО-ҚЫРЫМ ҚАНДЫ БЕЗГЕГІ АУРУЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ, САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ Кіріспе Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Конго-қырым қанды безгегі ауруының вирусы әдетте кенелердің және әртүрлі жабайы жануарлардың, атап айтсақ, қояндар, ұсақ кеміргіштер, кірпілер және үй жануарларының, соның ішінде қойлар, ешкілер, сиырлар, жылқылар және т.б ағзасында кездеседі. Жалпы бұл аурудың ауырлығы оба ауруымен тең келеді. Адамның оны жұқтыруы жұқпалы кененің шағуы немесе шаншылуымен, жануарларды сою немесе өңдеу кезінде олардыңқанымен, сондай-ақ науқас адамға күтім жасау кезінде оның қанымен тез жұғуы қаупі жоғары. Ауру қатты басталады. Жаурап қалтыраудан дене температурасы 39-40 C-қа дейін көтеріледі. Адамның басы, буын мен бұлшық еті, іш пен бел аурулары, жүрек айнуы және құсу, іштің өтуі басталады. 1-12 тәулікке дейін сандырақтайды. Ауру белгілері асқынған жағдайда науқас естен танады. Ауру адамдарды тексеру барысында бет, мойын, кеуденің жоғары бөлігінің қызарып, көз ағының қан тамырларында ұсақ қан бүршіктері пайда болып, жүрек қызметі бәсеңдеп, қан қысымы төмендейді. Бүйрек тұсы ауырады. Науқасты тез арада емханаға жеткізіп, тиісті ем-дом көрсетпесе, оның соңы үлкен өкінішке апарып соқтырады. Бұл қауіпті аурумен көбіне көп ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысатын тұлғалар, көктем, жаз маусымы кезінде табиғатта, тоғай арасында, жаңа көктеген шөптер арасында жүріп демалатын адамдар шалдығады. Бүгінде конго-қырым қанды безгегі Ресейдің Европалық бөлігінің оңтүстік аймақтарында, Молдовада, Украинада, Орта Азия мемлекеттерінде және Қазақстан елінде тіркелген. Алдын алу үшін кенеден сақ болу керек. Оны емдеу өте қиын. Инфекция кене шаққан жерден басталады және сырқат адамның қаны тигенде жұғады (аурухана ішінде жұғады, тістеуден тікелей қанға өтеді). Адамның дене қызуы көтеріліп, қан кетеді, бас және бұлшық еті ауырып, тері бөртпесі, тері арасында қанды сүйел пайда болады. Қоздырғышты тасымалдаушылар - кенелер. Олар арбовирус тобынажатады. Тасымалдаушылар – (кенелер) тышқан, қоян, кірпі терілерінде паразит ретінде орналасып ауру таратады. Адам кездейсоқ уақытта кененің шағуына шалдықса, жұқпалы ауруға душар болады.
  • 3. Зардапқа негізінен ауылшаруашылық жұмыстарымен айналысатын тұлғалар, көктем, жаз маусымы кезінде табиғатта, тоғай арасында, жаңа көктеген шөптер арасында жүріп демалатын адамдар шалдығады. Ауру бір адамнан екінші адамға жұғады. Ауру негізінен Ресейдің Европалық бөлігінің оңтүстік аймақтарында, Молдовада, Украинада, Орта Азия мемлекеттерінде және Қазақстанда тіркелген. Клиникалық көріністері Созылмалы (көрінбейтін кезең) ұзақтығы – 1-14 тәулік. Басталу кезеңі 9 күнге дейін созылады. Ауру қатты басталады. Жаурап қалтыраудан дене температурасы 39-40 C-қа дейін көтеріледі. Ауырғандар бас, буын мен бұлшық ет, іш пен бел ауруы, жүрек айнуы және құсу, іші өтті дем шағымданады. 3-5-тәулікте дене қызуы төмендейді. Бір-екі күннен кейін қайта көтеріледі. Сандырақ ұзақтығы 1-12 тәулікке созылады. Ауру адамдарды тексеру барысында бет, мойын, кеуденің жоғары бөлігінің, коньюктиваның қызаруы, көз ағынының қантамырларында ұсақ қан бүршіктері пайда болуы, жүрек қызметінің бәсеңдеуі, қан қысымының төмендеуі байқалады. Бүйрек тұсы ауыра бастайды. Гемморагиялық кезеңі 3-6-тәулікте басталады – іште, кеуденің оң жақ бүйірінде, иық белдеу аймағында, жиірек арқада, жамбас және білекте бөртпелер пайда болады. Ине салған жерлерде қанды сүйел байқалады. Шырышты қабықта қанталау белгіленеді, жатырдыңжәне мұрынның қанауы, қан түкіру, ішкі дәретпен қан кетуі, қызыл иектің шырышты қабығының, ауыздың, тілдің және конъюктиваның қанауы. 10 тәулікке жалғасқан асқазан және ішектен қан кетеді. Одан соң босаңдық, ұйқысырау жоғарылайды, естен тануы мүмкін. Құсу жиілейді, кейбір ауруларда ми қабаттарының асқыну белгілері жетіледі. Жүрексоғысыныңбәсеңдігіне тән, қан қысымы төмендейді. Кейде естен тану жағдайы болады. Тамырдың соғуы бәсендеп, жағдайдың ауырлығын көрсететін тамыр соғуының жиелеуіне ауысуы мүмкін. Іш кеуіп қолмен басып қарағанда ауырсынады. Бауыр үлкейеді, кейбір ауруларда сары аурудың белгілері болуы мүмкін. Бүйрек ауруы белдің ауруымен, нәжістегі өзгерістермен байқалады. Аурудың беті қайту кезеңі дене қызуының қалыпты жұмыс істеуімен және қан кетулердің тоқталуымен басталады. Жүрек соғуы тұрақсыз болады, қан қысымының төмен болуы ұзақ уақытқа дейін сақталады. Зерттеу әдістері - ауырған адамның қанын арнаулы зертханада тексеріп аурудың түрін анықтайды. Бұл аурудың түрін анықтау үшін төмендегі келтірілген аурулармен салыстырады. Басқа этиологиядағы геморрагиялық безгек;
  • 4. Тұмау; Лептоспироз; Іш сүзегі; Сепсис (қанның бұзылуы); Менингококцемия; Сібір жарасы; Қан аурулары. Емделу • Жылдам емханаға жеткізіп, ауруды оңаша бөлмеге орналастыру; • Қанның улануына қарсы жүргізілетін шаралар; • Қан құйылу кезінде (әсіресе көлемді) – 500-750 мл дейін, тромбоцитарлы және лейкоцитарлы массадағы жас цитратты тұтас қанды енгізу. Болжам • Емделмеген жағдайда өлім саны артады; • Уақытылы және тиесілі емделу кезінде жақсы нәтиже байқалады. Асқынулар • Естен тану; • Қатты бауыр-бүйрек жетіспеушілігі; • Өкпе ісігі, қабынуы және өкпеде сұйықтың пайда болуы; • Құлақ ауыруы • Іріңді ісіктер және егу салынған жерлердегі тері арасында іріңнің жиналуы; Алдын-алу Осы аурулардың орын алған аудандарында, кенелердің белсенділігі кезеңінде табиғатқа шыққанда абай болу. Кене шаққан жағдайда тездетіп емдеу мекемесіне барып, көріну қажет. Конго-Қырым қанды безгегін тарататын қауіпті кенелерден қалай сақтанамыз? Қорытынды. «Конго-Қырым қанды безгегінен сақтанып, оның алдын алу үшін адамдар арнайы киім киюі тиіс. Негізінен кенелер өз «олжасын» көктемгі және жазғы
  • 5. маусымдарда жол бойындағы шөптесіндерде, ормандағы сулардың жағасындағы жасыл желектерде және бұталардың шыбықтарында аңдып тұрады. Сондықтанормандажолдыңортасындажүргенләзім. Орманда түнеу барысында су және қалың шөптен аулақ, биік жерде дамылдаған дұрыс». Негізінде кенелер қалың киімнен өте алмайды. Сондықтан дененің ашық қалуын болдырмау қажет. Киімнің мойын жағасы мен жеңдері денеге жабысып тұруы тиіс. Қолға және мойынға арнайы заттарды жағып отырған дұрыс. «Кенелер денеге бірден қадалып, қан алмайды. Олар біраз уақыт киімде және денеде терісі жұқалау, қозғалыс барысында кедергі келтірмейтін ыңғайлы орын іздейді. Сондықтан үйге келісімен киімнің және дененің барлық жерлерін қарап шыққан жөн. Әсіресе ұйқыға жатар алдында киімдерді жіті тексеріп, балалардың денесін қарап шығу қажет. Егер кене шаққан болса, оны теріден бірден алып тастауға асыққаныңыз жөн. Кенені денеден алмас бұрын оны жермаймен немесе вазелинмен жаққан абзал, сол кезде кенелер тез алынады. Оны алғаннан соң қолды сабынмен жуып, жараға йод жағып қойған ләзім. Сосын міндетті түрде дәрігерлерге көріну керек.