SlideShare a Scribd company logo
1 of 24
1
Ақмола облысы
Аршалы ауданы
№3 Аршалы орта мектебі
«Тарих сабағында оқытудың инновациялық
әдістерін тиімді қолдану»
Муратова Маржан Абдумуталаповна
тарих пәнінің мұғалімі
2
Жоспары:
І. Кіріспе 3
ІІ. Негізгі бөлім
ІІ.1. Сапалы білім-кемел келешек кепілі 5
ІІ.2. Шеберліктің белгісі-түрлі әдісті білу. 11
Қорытынды 23
Қолданылғанәдебиеттер тізімі 24
3
І. Кіріспе
ХХІ ғасыр ... Өткен ХХ ғасыр ғылыми-техникалық прогресс заманы бола
тұра жер шарын қамтыған дүниежүзілік қанқұйлы соғыстармен адамзат есінде
қалды. Жаңа технологиялардың қарыштап дамуы салдарынан ғылым мен
техниканың жаңа тұрпатты сатыға көтерілуі ХХІ ғасырды қандай ғасырға
айналдыратындығы туралы ой ғалымдардың ғана емес, елбасылар мен
саясаткерлерді де жиі мазалайтын болды.Өндірістің барынша дамуы,
трансконтиненталдық сауда-саттық корпорациялардың пайда болуы, ғаламдық
байланыс жүйелері мен ғаламторлық ақпараттардың күннен күнге артуы,
қысқаша айтқанда жаһандану (глобализация) үрдістері адамзат санасына
ерекше әсер етуде. Дүниежүзілік саяси карта бетінен тұтас мемлекеттер
жойылып кетуде, бірнеше мемлекеттер бірігіп саяси, экономикалық сауда
одақтарын құруда. Бұл үрдістер бірнеше тілдерді білетін, түрлі заманауи
кәсіптерді меңгерген адамдар үшін жер бетінің кез келген нүктесінде еркін
қозғалуға зор мүмкіндіктер жасауда. Осы тұрғыдан қарағанда қазіргі заман
педагогіне қойылатын талаптардың ерекше болатындығы мені де жиі
мазалайды. Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен
күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше
бейімделуді талап етеді. Әлем қазіргі күні «білім қоғамын» және «білім
экономикасын» құру бағытында. Бұл идея бүкіл білім беру жүйесіне реформа
жүргізіп, оны модернизациялауды қажеттейді. Сондықтан да, білім беру жүйесі
қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгеріске ілесу үшін, біздер, еңбек етіп
жатқан мұғалімдер де өзгеруіміз қажет, ол үшін оқытуды жетілдіру тәсілдерін
үйрену басты міндетіміз болып саналады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Ғасырлар мақсаты–саяси экономикалық
және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды
құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп
қалыптастыру» деген сөзі бүгінгі мектеп пен мұғалімдерге аса жауапты
міндеттерді жүктейтіні анық.
4
Елбасы ұсынған «Мәңгілік ел» тұғырнамасы да келешекте мемлекетіміздің
тәуелсіздігін баянды етудің өзі–қазіргі заманғы педагогтардың жеке тұлғаны
жетілдірудегі қаншалықты шеберлігіне байланысты екендігін тұжырымдайды.
Қытай философы Конфуций «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсетсең
есімде сақтаймын, ал өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң үйренемін» деген сөзін
ескерсек, оқушының білімге ықыласын арттыруда жаңаша технологияның
оқыту әдістерін терең пайдалана отырып, білім алушы – оқушының өзін
жаңаша оқыту үрдісінің белсенді қатысушысы болуға қол жеткізу де басты
міндет екендігі анық. Сонымен бірге қазіргі шәкірттерге жан-жақтан құйылып
жатқан ақпараттар заманында, өзіне қажеттіні таңдай білуге үйрету бүгінгі күні
аса қажет. Өйткені ғаламторда жақсы да, жаман да, керек те, керек емес те
ақпараттар толассыз көп-ақ.Ең бастысы ұлттық тәрбиеге айрықша көңіл бөлу-
тәуелсіз еліміздің тұрақтылығына, оның саяси экономикалық, рухани
кемелденуіне жеткізетін бірден бір жол деп есептеймін. Өз елін, жерін, халқын
сүйіп өскен ұрпақ ғана кемелді елешегіміздің кепілі. Ол үшін ұстаз білгенін
үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеуші ана тәрізді барлық
адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі болуға ұмтылуы керек.
«Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын» - деп, ұлы Абай
айтқандай, әрбір баланың санасына осындай түсінікті енгізу басты
міндеттеріміздің бірі деп түсінемін.
5
ІІ. Негізгі бөлім
ІІ.І Сапалы білім-кемелкелешектің бастауы
Біздер үшін, яғни барлық Қазақстандықтар үшін үстіміздегі 2016 жылдың
басты тарихи оқиғасы – ел тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерей тойы
болатындығына сенімім мол. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Тәуелсіздік
еліміздің алтын қазығы, барлық жетістіктеріміздің қайнар бастауы» - деп
айтқандай, арайлы тәуелсіздігіміздің мәні мен мағынасын өскелең ұрпаққа
барынша, терең жеткізе білу әсіресе тарих пәні мұғалімдерінің төл міндеті
екендігін кәсіби де, азаматтық та парызым деп түсінемін.
Өткен жылы «Оқытудың Кембридждік тәсілі» бойынша бірінші (озық)
деңгейлі курстан өтіп, өз білімімді көтеруім менің тарих пәнінен өткізген
сабақтарымды бұрынғыдан да гөрі қызғылықты, әрі сапалы өткізуіме тың
серпін берді. «Ақырын жүріп, анық бас, үйретуден балаға» - деп Абай атамыз
айтқандай, жан-жақты жоспарланып өткізілген әрбір сабақ оқушының
қоғамдық әрі тарихи дүниетанымының арта түсуіне екпін беретініне көз
жеткізудемін.
Пікірімді кеңейте түссем: 9 сыныптағы Қазақстан тарихы пәнінен
«Қазақстандағы мәдени өмір» деген тақырыпта жеті модульді ықпалдастыра
отырып өткізілген сабағымның оқушылар үшін тиімді болғандығына көзім
жетті. Бұл сабақ балалардың сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
мақсатына жұмылдырылды. Сабақ барысында жаңа инновациялық әдістерді
пайдалана отырып, оқушыларға түрлі деңгейде тапсырмалар берілді.
«Әуе шары» , «Фишбоун», «Тұжырымдамалық карта» әдістері бойынша 3
топқа бөлінген оқушылар нақты үш сұраққа сыни тұрғыдан жан-жақты
талдаулар жасады.
Сабақ барысында тақырыпты терең игеруде оқушылардың зияткерлік
қабілеттері ашыла түсті. Әсіресе тарихи құбылыстың астарына үңіліп, оның
қазақ халқына тигізген әсері жайында пайымдаулары, сабақтың тәрбиелік
мақсатының толық орындалу нәтижесін көрсетті.
6
Оқушылардың дүниетанымын кеңейту мақсатында қосымша бейне
материал көрсетілді.
Оқушылардың алған білімдерін пысықтау мақсатында «карточкалар
иерархиясы» әдісін пайдаландым. Онда оқушылар болған оқиғаларды ретпен
орналастырды. Бұл әдіс оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытуға әсерін
тигізді.
Сонымен қатар 8 сыныптағы Қазақстан тарихы пәнінен «Патша үкіметінің
Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформалары» деген тақырыпта өткізген
сабағыма тоқталып өтсем. Тақырыпты өткізуге екі сағат -бөлінгендіктен
алғашқы сабақта 1867-1868 жылдардағы Қазақстанды басқару жүйесінің өзгеру
барысында енгізілген өзгерістер және олардың ерекшеліктері оқушыларға жан-
жақты таныстырылды.
Сабақ тірек-белгілері арқылы оқыту технологиясын пайдалана отырып
берілді. 1867-1868 жылдардағы реформалар, патшалы Ресейдің 1822-1824
жылдардағы реформасымен салыстырылып, оқушыларға Қазақстанды отарлау
ісі аяқталып, әрі қарай отарлаушылықты қатаң жүйелендіру басталғандығын
нақты деректермен жеткізіледі. Сабақ барысындаэлектронды оқулық, суреттер,
кестелер, сызбалар, карта пайдаланылды. Осы реформалар жергілікті ұлт
өкілдеріне және оның билеуші топтарына қандай әсерін тигізгендігін әдебиет
пәнімен байланыстыра отырып оқушылардың көзін жеткіздім. Абай
7
Құнанбаевтың «Болыс болдым мінеки» (Күлембайға), «Бойы бұлғаң»
өлеңдерінің шумақтарын жатқа айтқан оқушылар, тақырыптың мәніне терең
үңіле түсті.
Келесі күнгі 2-ші сабаққа толығырақ тоқталғым келіп отыр. Сабақты
«көшбасшы» деп аталатын сергіту сәтінен бастадым. Сергіту сәті оқушылардың
көңіл-күйлерін көтеріп, жағымды психологиялық ахуал тудыруға жағдай
жасады. Тапқырлық танытқан оқушыларды топ басшысы ретінде сайладым.
Оқушыларға «1867 жылы 11 шілдеде Сырдария мен Жетісу облыстарын
басқару туралы уақытша ереже бекітілді» және «1686 жылы 21 қазан Орынбор
және Батыс Сібір генерал-губернаторлығында басқару туралы ереже бекітілді»
деген сөздер мозайка-қималар арқылы таратылып, оқушылар мозайканы құра
отырып топқа бірікті. Бұл сабақ балалардың сын тұрғысынан ойлау дағдысын
қалыптастыру мақсатына жұмылдырылады. 2 топқа бөлінген оқушыларға
нақты екі сұраққасыни тұрғыдан жан-жақты талдаулар жасау міндеті қойылды.
І топқа – 1867-1868 жылдардағы реформа Қазақстандағы патшалы
Ресейдің империялық билігін қаншалықты нығайтты?
ІІ топқа – реформа Қазақстандағы жергілікті ұлт өкілдерінің әлеуметтік-
психологиялық қоғамдық ахуалына қандай әсерін тигізді?
Бұл мәселерді шешуді оқушыларға «фишбоун» әдісін пайдалану
ұсынылды. Фишбоун-балықтың сүйегі деген мағынада, яғни балаларға
балықтың сүйегін бейнелеп, оның бас бөлігінде негізгі мәселе, балық сүйегінің
жоғарғы бөлігінде кедергілер, төменгі бөлігінде кедергіні шешу жолдарынжәне
құйрығынашығатын қорытындыны жазу тапсырылды. Оқушылар тапсырманы
орындауда белсенділік пен шеберлік таныта білді.
8 сынып оқушыларының жалпы саны – 14 оқушы, оқушылардың оқу
үлгерімі – 63% пайыз, сабаққа қатысу белсенділігі жоғары. Жас
ерекшеліктеріне сәйкес елгезектері, білімге ұмтылулары, қатыранан озып
кетуге деген бәсекелестіктігі басым. Құрамында мектепішілік түрлі
байқауларға, сайыстарға қатысып жүрген оқушылар баршылық. Сабақ
барысында тақырыпты терең игеруде оқушылардың осы зияткерлік қабілеттері
8
ашыла түсті. Әсіресе тарихи құбылыстың астарына үңіліп, оның қазақ халқына
тигізген орасан зардаптарына жасаған І топтың жетекшісінің пайымдауы,
сабақтың тәрбиелік мақсатының толық орындалу нәтижесін көрсетті. Оның
«1867-1868 жылдардағы реформа бойынша аға сұлтан лауазымы жойылып,
уездік биліктің орнауы және бұрын Қазақстанның ішкі билігі патша үкіметінің
Сыртқы Істер министрлігінің қадағалауында болатын, енді жаңа реформа
бойынша Ішкі Істер министрлігінің құзыретіне берілуі, сондай-ақ Бөкей
Ордасының жойылып, Астрахан губерниясының аумағына берілуі қазақ
халықының отарлық бодан қалыптан біржола кигендігі, бұл дегенің
тәуелсіздігін мүлдем жоғалтуы ғой?!» деген күйінішті пікірі, халқымыз үшін –
тәуелсіздік ұғымының қаншалықты қастерлі екендігі туралы балалардың
патриоттық отансүйгіштік сезімін оятты.
ІІ топтың жетекшісі «Реформаның нәтижесінде халықтың алдыңғы
қатарлы өкілдерінің арасында патша билігі өкілдеріне деген мансапқорлық,
жағымпаздық, жарамсақтық, бір-бірінің сөзін тасушылық сияқты құлдық
психологиясы, Абайша айтқанда «партияшылдық, жікшілдік орын ала
бастағанын» дөп басып айтты. Осы топтың бір оқушысы «Осы сарынды
Абайдың «Қазағым, қалың елім, қайран жұртым», Мағжанның «Оян, қазақ»
деген шығармаларынан да байқауға болатынын» баса айтты.
Ал, І топтың оқушысының мұғалімге «Басқа мемлекеттердің
құрамындағы автономиялық республикаларды толық тәуелсіз ел деп айтуға
бола ма?» деген сұрағы, баланың дүниетанымдық ойлауының артқандығын
дәлелдейді. Екі топ бірін-бірі «бармақ көрсету» әдісі бойынша бағалағанда
және қойған сауалдарынан оқушылардың тақырыпты түсініп отырғандықтарын
байқадым.
Оқушылардың дүниетанымын кеңейту мақсатында қосымша бейне
материал тамашалау ұсынылды.
Оқушылардың алған білімдерін пысықтау мақсатында «қазына аралы»
ойыны ұсынылды. Тапсырмаларды дұрыс шеше отырып, қазынаны алғаш
тапқан топ жеңіске жететіндігі ескертілді. Алғашқы тапсырмада «карточкалар
9
иерархиясы» әдісін пайдаландым. Онда оқушыларға реформа бойынша басқару
ісінің бес сатысы карточкалардаберілді, оқушылар топтаса отырыпбасқару ісін
жоғарыдан төмен орналастырды. Бұл кезеңде топтардың ынтымақтастығы
байқалды. Келесі тапсырма жұптық жұмысты талап етті. Оқушылар жұптаса
отырып, үш генерал-губернаторлық пен оның құрамына кірген облыстарды
тірек-сызбаға толтырды. Жұптасқан оқушылар бірінің білмегенін екіншісі
толықтырып, бір-біріне көмектесе білді. Оқушыларға ерекше ұнағаны-картамен
жұмыс жасау болды. Әр оқушы орнында отырып, картаға генерал-
губернаторлықтардың территориясын белгіледі, содан соң әр топтан бір
оқушыдан тақтаға шығып, тапсырманы тақтада орындады.
Сабақ барысында жетелеуші тірек-сигналдары ретінде сабақтың өткен
материалдарымен сабақтастығын бекітіп отыру үшін интерактивті тақта
арқылы 1822-1824, 1867-1868 жылдардағы реформалардың баптары «венн
диаграммасы» арқылы салыстырмалы түрде көрсетіліп тұрды. Сабақ үстінде
оқушыларда зерттеушілік іс-әрекеттерді байқадым, ұжымдық ортақ білім мен
түсінік қалыптасу орын алды. Оқушылардың ой жинақтау қабілеттерін байқау
мақсатында «адасқан жылдар» тапсырмасын бердім. Оқушылар тапқырлық
таныта отырып, тапсырмаларға дұрыс жауап бере білді.
Сабақты бекітуде тест тапсырмасын және ауызша сатылай талдауды
қолдандым. Берілген тапсырмалардан көп ұпай жинаған топқа қошемет
көрсетілді.
Менің бұл сабақта байқаған ерекшелігім, әдістерді түрлендіріп отыру
оқушылардың сабаққа деген қызығушылы мен ынтасын оятатындығы. Сабақ
барысында тапсырмалар орындалғаннан кейін топтар, жұптар бірін-бірі түрлі
әдістермен бағалауы топ басшысының топ мүшелерін әділ бағалауына септігін
тигізді және оқушылардың жауапкершілік сезімдерін оята білді.
Алған білімдерін пысықтау мақсатында «қазына аралы» ойынын
пайдалануым, оқушылардың белсенділіктерін арттырды.
Менің бұл сабақта байқаған ерекшелігім, әдістерді түрлендіріп отыру
оқушылардың сабаққа деген қызығушылы мен ынтасын оятатындығы. Сабақ
10
барысында тапсырмалар орындалғаннан кейін топтар, жұптар бірін-бірі түрлі
әдістермен бағалауы топ басшысының топ мүшелерін әділ бағалауына септігін
тигізді және оқушылардың жауапкершілік сезімдерін оята білді.
Мен бұларды сабақ соңында алынған кері байланыстан да байқадым.
Оқушылар кері байланыс парақшаларында көңіл-күйлерінің көтеріңкі
болғандығын және сабақта өздеріне ұнаған тұстарын айта отырып, пікірлерін
білдірген. Сындарлы оқыту арқылы, балаларға терең білім беру үшін,
«Өзгелерді оқыту арқылы, өзіңде оқып үйренесің» деп орыс жазушысы А.В.
Гоголь айтқандай, сабақты дайындау барысында өзімде оқыту теориясы
бойынша көптеген әдебиеттерді оқып, сабақ уақытында пайдаландым.
Қазіргі әлемдік дағдарыс кезеңінде, Елбасының «Ұлт жоспары –
қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы, өселең ұрпаққа
өндірістегі жаңа технологиялар заманына лайық білім мен тәрбие берудің аса
маңыздылығына тоқталғандығын жете түсіне отырып, өткізетін әр сабағыма,
барынша жауапкершілікпен қарау керктігін түсіндім.
Ел тәуелсіздігін баянды ету басты мұратымыз, сапалы білім-кемел келешектің
бастауы екендігін ешуақытта естен шығарамақ емеспін.
11
ІІ.2. Шеберліктің белгісі-түрлі әдісті білу.
Оқу сапасын арттыруда, оқушылардың өзіндік жұмыстарын
ұйымдастыруда әдіс-тәсілдерді мейлінше түрлендіріп отырған дұрыс.
А.Байтұрсынұлы «Қай әдіс жақсы?» деген мақаласында: «Жалғыз әліп-би
үйренудің өзінде толып жатқан әдіс бар. Әр әдіс-өз орнында жақсы. Әдіс
көрнекіліктен шығады. Әдістің жаман-жақсы болмағы жұмсалатын орнына
қарай» дейді. Ал Л.Н.Толстой «Үйрету әдістері туралы» еңбегінде
«Олақтықтың белгісі-бір ғана әдісті білу, шеберліктің белгісі-түрлі әдісті білу,
керек кезінде жоқ әдісті де таба білу. Мұғалім көп әдісті білу керек,оларды
өзіне сүйеніш, қолғабыс есебінде қолдану керек» деген. Олай болса, күнделікті
ізденісіміз, жаңа технологияларды оқып-үйреніп өз тәжірибемізде шеберлікпен
қолдануымыз-алдымыздағы шәкірттерге терең де тиянақты білім берудегі
қажеттілігіміз. Назарларыңызға жеті модульді ықпалдастыра отырып жасалған
сабақ жоспарымды ұсынамын.
Мерзімі: Мұғалімнің аты-жөні:
Сыныбы: 9 Оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы мәдени өмір
Сабақ негізделген оқу
мақсаты (мақсаттары)
Соғыстан кейінгі ғылымның даму ерекшеліктерін айқындай алады,
әдебиет және музыка өкілдері мен кино туындыларын атай алады.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар
Ғылым, әдебиет, музыка.мен өнер саласындағы жаңалықтарды
айқындай алады.
Оқушылардың басым бөлігі
Қазақ мәдениетінің дамуына шектеу келтірген кедергілерді
түсіндіріп бере алады.Негізгі мәліметтерді анықтап, кесте
толтырады.
Кейбір оқушылар
Мәдени өмірдің дамығандығын мысалдар келтіре отырып, дәлелдеп
бере алады.
Тілдік мақсат Оқушылар
Қазақстандағы мәдени өмірдің дамыған салалары жайында нақты
фактілерді келтіре отырып айтып бере алады... .... (істейалады)
Негізгі сөздер мен тіркестер
Прогресс, өнер, идеология, ғылым академиясы, ЮНЕСКО
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған мақсаттар:
12
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары мәдениет саласында қандай
өзгерістер орын алыпты?
Қазақ ғылымының дамуындағы басты жаңалық болған не?
Мәдениеттің дамуына кедергі келтірген қандай жағдайлар?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Негізгі мәліметтерді пайдалана отырып кесте толтырады.
Алдыңғыоқу: 1979ж. Ақмоладағы оқиға.
Жоспар
Жоспарла
нған
уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз )
Ресурстар
Басталуы(
2 мин)
«Сәлемде
су»
тренингі
н өткізу
Үй
тапсырма
сын сұрау
Қатені
табыңыз!
(3 мин)
Тест
тапсырма
сы
7 мин
Картамен
жұмыс
3 мин
Сәлемдесу, түгелдеу. «Сәлемдесу» тренингін өткізу арқылы
жағымды психологиялық ахуал тудыру.
Стикерлер тарату, олардың түстеріне баланысты үш топқа
бөлу.
Оқушылар тест тапсырмасын орындайды.
Неміс автономиясының құрамына енгізілмен болған жерлерді
көрсет:
ФБ: оқушылар дұрыс жауабына сай бағаланады.
Қазақстан
тарихы Төлеубаев
Ә.Т., Іргебаев Ғ.Д.
2015,
«Атамұра»
Электронды
оқулық
Ортасы Мұғалім:
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақстандағы мәдени
өмір (1946-1985 )». Балалар бұл тақырыптан нені білетін
боламыз деп ойлайсыңдар? Оқушылардың жауаптары
тыңдалады.
Біз бүгінгі сабағымызда соғыстан кейінгі жылдардағы
ғылым, білім, мәдениеттің дамуы жайында білетін боламыз.
1-топ. Халық ағарту ісі.
2-топ Мәдениеттегі идеологияның кері ықпалы.
3-топ. Қазақ әдебиеті, музыкасы мен кино өнері.
13
«Әуе
шары»
«Фишбоу
н»
«Тұжыры
мдамалық
карта»
әдістері
15 мин
Бейнерол
ик 3 мин
Сәйкесте
ндіріңіз!
3 мин
Карточка
лар
иерархияс
ы әдісі
5 мин
«Әуе шары» «Фишбоун» «Тұжырымдамалық карта»
Оқушыларға
өздеріне
берілген
тақырыпша
бойынша
бірнеше
әдістерді пайдалана отырып,
сұрақтарға жауап беру тапсырылады. Әдіс жөнінде түсініктеме
беріледі. Топ мүшелері орындаған
тапсырмалар бойынша өз
жұмыстарына таныстырылым жасады.
Тақырып бойынша бейне
көрсетіледі.
Барлық оқушылар:
Әр топқа тақырыптар бөлініп беріледі, сол бойынша олар
тақырыптың мәнін постерге түсіреді. Топтар бір-біріне
түсіндіреді.
Топтар бір-біріне сұрақтар қояды.
ФБ: ФБ: топтар бірін-бірі лайк немесе дизлайк (өзара
бағалау) арқылы бағалайды.
Оқушылардың басым бөлігі:
Берілген тұжырымдарды ретімен орналастыр!
14
«Дұрыс,
дұрыс
емес» 2
мин
«Теледид
ардағы
диктор»
әдісі
Кейбір оқушылар: Мәдени өмірдің дамығандығын мысалдар
келтіре отырып, дәлелдеп береді
ФБ: дұрыс жауап санына сай бағалау
Аяқталуы
2 мин
Сабақты бекіту үшін «Түсін мені» әдісін қолданамын.
Оқушылар кезектесіп қағаз алып, сол қағаздағы сөз жауап
болатындай етіп сұрақ қояды.
Кері байланыс: «Бутерброд» әдісі арқылы
Қорытындыбағалау (топ басшысыныңбағалауы).
Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқу. Кесте толтыру.
Мерзімі: Мұғалімніңаты-жөні:
Сыныбы: 11 Оқушылар саны: Қатыспағаноқушылар саны:
Сабақтақырыбы: Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру
Сабақнегізделгеноқу
мақсаты(мақсаттары)
Оқушылар Қазақстан ауыл шаруашылығына өзгеріс әкелген тың
игерудің барысымен, жағымды, жағымсыз жақтарымен танысады.
Сабақмақсаттары Барлықоқушылар
Тың игерудің басталуы, тың игеру жүргізілген облыстарды білетін
болады.
Оқушылардыңбасымбөлігі
Тың игерудің ерекшеліктерін және Қазақстанда әкелген өзгерістерін
атап айта алады.
Кейбіроқушылар
Тың игерудің жағымды жағымсыз жақтарын талдай отырып,
сараптама жасайды, өзіндік ой-пікірін білдіреді.
Тілдікмақсат Оқушылар
Тың игерудің жүргізілуі мен барысы және ерекшелігі туралы айтып
бере алады.. .... (істейалады)
Негізгісөздер мен тіркестер
тың
Сыныптағы диалог/жазылымүшінпайдалытілдікбірліктер:
Талқылауғаарналғанмақсаттар:
15
Тың игеру қашан басталды?
Тың игерудің басталуына не себеп болды?
Қандай облыстарды жүргізілді?
Ерекшеліктері қандай?
Жазылымбойыншаұсыныстар:
Негізгімәліметтердіпайдаланаотырыпкестетолтырады.
Алдыңғыоқу: Қазақстанда әскери-өндірістік кешеннің қалыптасуы
Жоспар
Жоспарлан
ғануақыт
Жоспарланғанжаттығулар(төмендежоспарланғанж
аттығуларменқатар,ескертпелердіжазыңыз )
Ресурстар
Басталуы(2
мин)
«Атом,
молекула»
сергіту
сәтін
өткізу
Теледидар
дағы
диктор
әдісі(5 мин)
«Сиқырлы
сандықша»
әдісі
5 мин
Сәлемдесу, түгелдеу. «Атом, молекула» сергіту сәтін
өткізу арқылы оқушыларда жағымды психологиялық
ахуал қалыптастыру. Оқушыларды үш топқа бөлу.
Теледидарға диктор әдісін пайдалан отырып үй
тапсырмасын сұраймын. Топтар алдымен тақырып
таңдап алады. Ұсынылатын тақырыптар; әскери
өндірістік кешендер, Байқоңыр ғарыш айлағы, Семей
полигоны. Таңдаған тақырып бойынша әр топтан бір
оқушы өз еріктерімен диктор бола отырып, үй
тапсырмасынан түсінгенін айтады.
(оқушылар өздері 1 сұрақтан
жазып, жәшіктерге салады, кейін
кезекпен алып, жауап береді).
ФБ: оқушылар дұрыс жауабына сай бағаланады.
Қазақстан тарихы
Төлеубаев Ә.Т., Іргебаев
Ғ.Д. 2015,
«Атамұра»
Электрондыоқулықтар
Ортасы
«Елші»әдісі
15 мин
Серпілген
сауал!
5 мин
Кесте
толтыру
5 мин
Мұғалім:
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Тың игеру».
Барлық оқушылар:
Әр топқа тақырыптар бөлініп беріледі, сол бойынша олар
тақырыптың мәнін өзара түсіндіреді. Орталарынанбір
оқушы шығып өзге топқа түсіндіреді.
ФБ: топтар бірін-бірі ұпайлар арқылы бағалады.
Оқушылардың басым бөлігі: Топтар бір-біріне допты
лақтыра отырып, сұрақтар қояды. Алған білімдерін
пысықтайды.
16
Картамен
жұмыс
3 мин
ФБ: дұрыс жауап санына сай бағаланады.
Кейбір оқушылар: Тың игерудің жағымды жағымсыз
жақтарын талдай отырып, сараптама жасайды,
өзіндік ой-пікірін білдіреді.
ФБ:лайкнемеседизлайк (өзарабағалау)
Аяқталуы
5 мин
Сабақтыбекітуүшін«сұрақ-жауап» әдісін
қолданамын. Оқушылар кезектесіп орындыққа
отырып, сұрақтарға жауап береді.
Керібайланыс:стикерге жазу
Қорытындыбағалау (топ басшысыныңбағалауы).
Үйтапсырмасы: Тақырыптоқу.
Тапсырмалардыорындау.
Сабақ: Неолит ескерткіштері Мектеп:
Күні: Мұғалім есімі:
Сынып 6 сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты
(мақсаттары)
Неолит дәуірінінің тұрақтары мен ескерткіштеріне
тоқтала отырып, орналасу сипатына қарай
ерекшелігін зерттей алады.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар
Неолит дәуірінің тұрақтарын атай алады.
Неолиттік тұрақтарды орналасу сипатына қарай
бөле алады.
Оқушылардың басым бөлігі
17
Неолиттік ескерткіштерді картадан белгілей
алады.
Кейбір оқушылар
Неолит дәуіріндегі ескерткіштердің ерекшелігін
анықтап, кестені толтырады
Тілдік мақсат Оқушылар
Неолит дәуіріне жататын тұрақтар мен
ескерткіштердің айырмашылығын айта алады.
.... (істей алады)
Негізгі сөздер мен тіркестер
Тұрақ қоныстары, Зеленая Балка, Пеньки, Усть-
Нарым, аталық ру
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы
тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған мақсаттар:
Алғашқы адамдар қай жерлерді өмір сүрді?
Тұрақтар мен ескерткіштер арасында айырмашылық
бар ма? Тұрақтардың қандай түрлерін білесіздер?
Сіз неліктен.... екенін айта аласыз ба?
Сіз не себепті неолит дәуірінде аталық руға көше
бастағанын айта аласызба?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Неолит дәуіріне жататын тұрақтар мен
ескерткіштерді орналасу сипатына байланысты жазу.
Алдыңғы оқу: Неолит дәуіріндегі қолөнердің пайда болуы мен дамуын, қыш
құмыралар мен құрал – жабдықтарды жасай алғанын білген.
Жоспар Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған
жаттығулармен қатар,ескертпелерді жазыңыз )
Ресурстар
Жоспарланған уақыт
Басталуы (2 мин)
«Көшбасшы»
сергіту сәтін
«Сиқырлы жәшік»
сұрақ-жауап әдісі
(8 ми
«Көшбасшы» сергіту сәтін өткізу. Түстер арқылы
өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады.
(оқушылар өздері 1 сұрақтан
жазып, жәшіктерге салады, кейін
кезекпен алып, жауап береді).
ФБ: (жеке тапсырма) фишка
арқылы (мұғалім бағалайды)
Ежелгі
Қазақстан
тарихы
Төлеубаев
Ә.Т.,
Іргебаев
Ғ.Д. 2015,
«Атамұра
Ортасы
«БББ» әдісі
2 мин
Мәнмәтінді
айқындау (10 мин)
Мұғалім: «Оқушылар тас дәуірі туралы біз не
білеміз, нені білдім, нені білгім келетінің анықтап
алайық?» сұрағын қояды және жаңа сабақ мәселесіне
өтеді.
Білемін Білгім
келеді
Білдім
-
-
Мұғалім: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Неолит
ескерткіштері».
Барлық оқушылар: Әр топқа тапсырмалар беріліп,
топта талқыланады.
Электронд
ы оқулық
18
Суретті сипаттау
(3 мин)
Картамен жұмыс
(5 мин)
Салыстыру және
қарама-қарсы қою
(5 мин)
1 топ- Неолит дәуірінің тұрақтары
2 топ- Неолит ескерткіштері.
3 топ – Аталық руға көшудің басталуы.
ФБ: (топтық тапсырма) ең жақсы баяндамашыны
жұдырық және алақан арқылы бағалаймыз.
Оқушылардың басым бөлігі: Сурет арқылы
мағынаны ашу.
ФБ: бағдаршам арқылы бағалау (өзара бағалау).
Кейбір оқушылар: Неолит дәуірінің
ескерткіштерін картаға түсіру (жұптық
тапсырма).
Шығыс Орталық
Солтүстік Оңтүстік
Жеке тапсырма: Неолит дәуірінің ескерткіштерінің
ерекшеліктерін
анықтау.
Қараүңгір
Сексеуіл
Тапсырмал
ар жинағы
Үлестірме
лі
материалд
ар
Аяқталуы
10 мин
Кері байланыс:
Білемін Білгім
келеді
Білдім
-
-
Қорытынды бағалау (топ басшысының бағалауы).
Үй тапсырмасы: Өткен тапсырмалар бойынша 5
сұрақтан жауап беру.
Сабақ: Қазақ хандығының
Қазақ хандығының құрылуы
Мектеп: №3 Аршалы орта мектебі
19
Күні: Мұғалім есімі:
Сынып: 7 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу
мақсаты (мақсаттары)
Хандықтың негізін қалаған тұлғалар кім екендігін және қазақ
хандығының шекаралық аумағын анықтай алады, халықтың
этникалық құрамы мен көрші елдермен қарым-қатынасын
айқындай алады.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар
Хандықтың хронологиялық шеңбері мен негізін қалаушыларын
айта алады.
Оқушылардың басым бөлігі
Қазақ хандығының шекаралық аумағын айқындай алады.
Кейбір оқушылар
Халықтың этникалық құрамы мен көрші елдермен қарым-
қатынасын анықтай алады.
Тілдік мақсат Оқушылар
Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының алғышаттарын айта
алады.
.... (істей алады)
Негізгі сөздер мен тіркестер
Әбілқайыр хандығы,Моғолстан, Керей,Жәнібек, Шу мен Талас,
Қосыбасы,Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди»
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған мақсаттар:
Керей менЖәнібектің Жетісуға қарай көшудегі негізгі мақсаттары
не болды?
Сіз неліктен....екенін айта аласыз ба?
Қазақ хандығының құрылу мерзімі туралы ойлар неліктен сан
алуан екенін айта аласызба?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Қазақ хандығының хронологиялық шеңбері, шекаралық аумағы,
этникалық құрамы жайлы жазыңыздар.
Алдыңғы оқу Қазақ ұлттық мемлекетіқұрылуының алғышарттары жайлы білген.
Жоспар
Жоспарланға
н уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз )
Ресурстар
Басталуы
(3мин)
«Ұлт тарихы
есігіне жол
ашу»
сатылай
тапсырмалар
ы
(3 мин)
Ортағасырлардағы шығармалар менавторлары арқылы 3 топқа бөлу.
1 топ - Әбу Насыр Әл-Фараби «Ғалымдардың шығуы»
2 топ - Махмұд Қашқари «Диуани лұғат – ат – түрк»
3 топ - Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих и – Рашиди»
1 топ: «Тарихи диктант»
Шарты: Сөйлем ішінде бос тұрған орындарды қажетті сөздермен
толтырып, оқиғаны ауызша жалғастыр.
ХV ғасырдың орта кезінде қазақ жерінің батысында Ноғай Ордасы,
Жетісу аймағында Моғол хаңдығы Сыр бойы, Орталық
Қазақстанда Әбілхайыр хандығы өмір сүрді. 1428
жылы Барақ ханның белгісіз жағдайда қаза табуы Ақ Орданың саяси
жағдайын мүлде өзгертті. Түркістан аймағындары қалалардың Отра
Азия атақты Самарқан, Бұхара, Хорейзм сиятқты қалалармен
байланыстары олардың экономикалық дамуына улкен әсерін тигізеді
(Жетісу, батысында, Әбілқайыр, Барақ, Моғол, Сыр, Ақ Орданың,
Бұхара, Хорезм)
2 топ: «Ойлан тап!» берілген әріптерден сөздер құрап, сөздерді
Төлеубаев
Ә.Т.,
Іргебаев
Ғ.Д. 2015,
«Атамұра
»
20
байланыстырып, тарихқа баяндама жасау.
айрықіләб,тысба,йағон, тісуеж, йекер, ыслұ,рақаб,ебкніәж, олғом.
3 топ: Баламалы тест.
Сұрақтың жауабын «Иә» немесе «Жок» сөздері арқылы белгілеп,
дәлелдерін айту.
1.XV ғасырдыңсоңында Әбілхайыр хандығы менМоғолстан
хандығының күш-қуаты әлсіреп,куйреу дәрежесіне жеттіме? «Иә»
немесе «Жоқ»
2.Қазақ хандығының негізін қалаушы Есім менТұрсын. «Иә» немесе
«Жоқ»
3.Қазақстандағы ру-тайпалардыңнегізі этникалық құрамы
(Қыпшақ,Арғын,Найман т.б.) басты бес аймаққа шоғырланды. «Иә»
немесе «Жоқ»
4.Қазақ жеріндегі ру-тайпалардың тілі, ділі, діні, әдет-ғұрпы,салт-
саналары жағынан ұқсас келуіқажет пе? «Иә»немесе «Жоқ»
ФБ: бағдаршам (өзін-өзі бағалау).
Ортасы
«Джигсо»
әдісі арқылы
жаңа
тақырыптың
мәнін ашу
(15 мин)
«Қазақ
хандығы»
(4 мин)
Қосымша
тапсырма
Мұғалім: «15 ғасырда өмір сүрген мемлекеттік бірлестіктерді атап
өтейік. Батысында, Жетісуда,Орталық және Сыр бойында қандай
мемлекеттер өмір сүрді?» сұрағынқояды және жаңа сабақ мәселесіне
өтеді. «Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының алғышарттары
қандай?» осы сұрақтымұғалім қоя отырып, оқушылармен жаңа
тақырыптың мәнін ашады.
1 топ: Хандықтыңнегізін қалаушылар
2 топ: Қазақ хандығыныңаумағы
3 топ: Халықтыңэтникалық құрамы менкөрші елдерменқарым
қатынасы
ФБ: фигуралар арқылы (мұғалім бағалау)
Бейнеролик көру.
Математикалық ойын.
1) 400х3+148= (Шағатайұрпағы он алты жасар Тоғылық-Темірді қай
жылы Моғолстан ханы етіп сайлайды)
2) 2800+105-1500= (Әмір темірдің қайтыс болған жылы)
3) 200х4+665= (Қозыбасыда Қазақ хандығыныңқұрылған жылы)
4)345х2+767= (Керей менЖәнібек сұлтандар Шу бойына келіп
орналасқан жылы)
5) 160х6+468= (Әбілқайырды хан сайланған жылы)
6) 305х5-155= (Әмір Темірдің Мауараннахрдағы билікті басыпалған
жылы)
7) 38002+91= (ҚазақстанРеспубликасыныңтәуелсіздік алңан күні)
Сәйкесін тап:
№ мазмұны № мазмұны
1 Қазақ хандығы негізін салушылар 1 1465-1466
2 Моғолстан ханы 2 Үшқоңыр
3 Қазақ хандығы құрылды 3 наймандар
4 Керей ханның қыстауы 4 Керей, Жәнібек
5 ҰлытауданЕсілге дейін тұрды 5 Әбілқайыр хандығынан
6 Керей менЖәнібек бөлініп кетті 6 Есен-бұға
3 топ:1.Қазақ хандығының Құрылуы қарсаңында наймандар
мекендеді?`
Видео,
презентац
ия
21
Аяқталуы
«Мән-
мәтінді
айқындау»
(2 мин)
«Ойталқы»
(3 мин)
А) Түркістан мен Қаратау аралығында
В) Іле, Шу, Талас өзендері бойында
С) Ұлытаудан Есілге дейін жерлерде
Д) Жетісуда
Е) Ертістен Батысқа қарай, Орталық Қазақстан
2. XVI ғ Бас кезінде Қазақ хандығының билеген Жәнібек ханның
ұлы?
А) Бұрындық хан
В) Қасым хан
С) Хақназар хан
Д) Есім хан
Е) Тақыр хан
3. Керей мен Жәнібек сұлтанды құшақ жая қарсы алған?
А) Есенбұға хан
В) Есім хан
С) Әбілқайыр хан
Д) Орыс хан
Е) Мұстафа хан
4. «Қазақ сұлтандары хижраның 870 жылдары (1456-1466)билей
бастады» деген мәлімет келтірілген тарихи шығарма?
А)Мұхаммед Хайдар Дулати "Тари-и Рашиди"
В)Оғызнама
С)Кодекскуманикус
Д) Шежірелержинағы
Е) Тари-и-Абулхаир-хан
5.Қазақхандығыныңалғашқытерриториясы?
А)Ілеөзені
В)Жайық өзені
С)Шу мен Талас өзендері маңы
Д)Дешті Қыпшақжері
Е)Сарыарқа
6.ХVғ. Аяғындағы Казақ хандығының негізі қарсыласы?
А)Көшім хан
В)Шайбани хан
С)Жүніс хан
Д)ӘмірТемір
ФБ: фишка арқылы бағалау (мұғалім бағалайды).
Барлық оқушылар
Оқушылардың басым бөлігі:
22
«Картамен
жұмыс»
(5 мин)
«Санадағы
кинофильм»
(5 мин)
Кейбір оқушылар: Картаменжұмыс
1.Қазақ хандығының алғашқы территориясы кандай?
2.Әбілқайыр хандығы қайда орналасқан?
3.Есен-бұға кайелдің билеушісі
4.Орта ғасырларда Қазақ хандығыныңсолтүстіктегікөршілес ел
қандай хандық?
ФБ: саусақпен бағалау арқылы өзара бағалау).
Күй ойналып тұрады, «Адам ғұмырының мәні өмірінің ұзақтығымен
емес. Соңында қалдырған өнегелі үгісімен, өрнекті ізімен,кемелді ісімен
өлшенеді»
Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасынқымбат,бабаларымыз
құрметті,әсіресе,қазақ хандығының кұрылуы тарихтағы маңызды
оқиға. Қазір өзіміз өмір сүріп жатқанОтанымыздыңіргетасы
Қазақ мемлекетінің бүгінгі тәуелсіз саясиболмысынанық түсіну үшін,
кешегі өткен тарихты ұғыну керек.
«Ата - бабаларымыз осынау ұлан- байтақ жердіаттыңжалында,
түйенің қомында,найзанын ұшында, қылыштың жүзінде жүріп
қорғаған , ата - бабаларымызаңсағаназаттық пентәуелсіздікті алдық.
Соны ертеңге жеткізу, келесі болашаққа Қазақстанныңосы
тәуелсіздігін аманаттау. Бұл мақсат жүзеге аспайынша азаттық
баянсыз.
"Ханның жақсы болмағы,
Қарашаның елдігі.
Қараша халқы сыйласа
Алтыннан болар белдігі"
Хан менПрезидент қандай болу керек деп ойлайсыңдар?
Кері байланыс: «Баспалдақ» (2 мин)
Қорытынды бағалау (мұғалімнің бағалауы)(2 мин).
Үй тапсырмасы: Қазақ хандығыныңқұрылуы оқу. 10 сұрақтантест
құрау.
23
Қорытынды
Жаңа инновациялық әдістерді пайдалануда мен не ұттым? қандай
жетістіктерге қол жеткіздім? Оқытудың мұндай инновациялық, интерактивті
әдістері оқушылардың бұрынғы дәстүрлі сабақтармен салыстырғанда
неғұрлым нәтижелі білімді игеруіне жағдай туғызады екен. Яғни, бұл жағдайда
оқушылардың сабақ үрдісіндегі белсенділігі, пәнге қызығушылығы артады.
Мен бұларды сабақ соңында алынған кері байланыстан да байқадым.
Оқушылар кері байланыс парақшаларында көңіл-күйлерінің көтеріңкі
болғандығын және сабақта өздеріне ұнаған тұстарын айта отырып, пікірлерін
білдірген.
Қазіргі әлемдік дағдарыс кезеңінде, Елбасының «Ұлт жоспары –
қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы, өселең ұрпаққа
өндірістегі жаңа технологиялар заманына лайық білім мен тәрбие берудің аса
маңыздылығына тоқталғандығын жете түсіне отырып, өткізетін әр сабағыма,
барынша жауапкершілікпен қарау керктігін түсіндім.
Ел тәуелсіздігін баянды ету басты мұратымыз, сапалы білім-кемел
келешектің бастауы екендігін ешуақытта естен шығарамақ емеспін.
24
Қолданылғанәдебиеттер тізімі:
1. 1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, Бірінші (ілгері) деңгей «Назарбаев
Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2015
2. Оқытудыңбелсенді әдістері Астана 2013 жыл
3. Әлімов А.Қ. Оқытудағы интербелсендіәдіс-тәсілдер Астана 2014 жыл
4. «Қазақстантарихы» әдістемелік журналы 2013-2015ж.

More Related Content

What's hot

ЗВІТ 2022.pptx
ЗВІТ 2022.pptxЗВІТ 2022.pptx
ЗВІТ 2022.pptxallamak
 
МНП з української літератури 5-6 кл. (авт. Чумарна М. І., Пастушенко Н. М.)
МНП з української літератури 5-6 кл. (авт. Чумарна М. І., Пастушенко Н. М.)МНП з української літератури 5-6 кл. (авт. Чумарна М. І., Пастушенко Н. М.)
МНП з української літератури 5-6 кл. (авт. Чумарна М. І., Пастушенко Н. М.)Adriana Himinets
 
Методичні рекомендації з організації та проведення пошуково-дослідницької роб...
Методичні рекомендації з організації та проведення пошуково-дослідницької роб...Методичні рекомендації з організації та проведення пошуково-дослідницької роб...
Методичні рекомендації з організації та проведення пошуково-дослідницької роб...Наталья Качковская
 
Список творів із зарубіжної літератури (5-9 кл.)
Список творів із зарубіжної літератури (5-9 кл.)Список творів із зарубіжної літератури (5-9 кл.)
Список творів із зарубіжної літератури (5-9 кл.)Adriana Himinets
 
про підсумки вивчення національно
про підсумки вивчення національнопро підсумки вивчення національно
про підсумки вивчення національноmetod_1
 
мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5sanvia
 
"Хлопчик- зірка" ( О.Уайльд) . Автор Гаркуша З.М.
"Хлопчик- зірка" ( О.Уайльд) . Автор Гаркуша З.М."Хлопчик- зірка" ( О.Уайльд) . Автор Гаркуша З.М.
"Хлопчик- зірка" ( О.Уайльд) . Автор Гаркуша З.М.280919662809
 
Портфоліо вчителя географії Федюк Галини Зіновіївни
Портфоліо вчителя географії Федюк Галини ЗіновіївниПортфоліо вчителя географії Федюк Галини Зіновіївни
Портфоліо вчителя географії Федюк Галини Зіновіївниschool_hiiche
 
№10 Б.Мұқай «Өмірзая» романы және әдеби сын.ppt
№10 Б.Мұқай  «Өмірзая» романы және әдеби сын.ppt№10 Б.Мұқай  «Өмірзая» романы және әдеби сын.ppt
№10 Б.Мұқай «Өмірзая» романы және әдеби сын.pptssuser7a793e
 
Темірбек Жүргенов
Темірбек Жүргенов Темірбек Жүргенов
Темірбек Жүргенов ssuser99e175
 
Тиждень зарубіжної літератури
Тиждень зарубіжної літературиТиждень зарубіжної літератури
Тиждень зарубіжної літературиymcmb_ua
 
Урок з теми: "Українське церковне життя др. пол. XVI ст. Берестейська унія"
Урок з теми: "Українське церковне життя др. пол. XVI ст. Берестейська унія"Урок з теми: "Українське церковне життя др. пол. XVI ст. Берестейська унія"
Урок з теми: "Українське церковне життя др. пол. XVI ст. Берестейська унія"Tetjana Bilotserkivets
 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...ssuserddef11
 
Конспекти уроків до підручника Ломаковської
Конспекти уроків до підручника ЛомаковськоїКонспекти уроків до підручника Ломаковської
Конспекти уроків до підручника Ломаковськоїsveta7940
 
Портфоліо вчителя історії Ковальчука в.М.
Портфоліо вчителя історії Ковальчука в.М.Портфоліо вчителя історії Ковальчука в.М.
Портфоліо вчителя історії Ковальчука в.М.valya1969
 

What's hot (20)

ЗВІТ 2022.pptx
ЗВІТ 2022.pptxЗВІТ 2022.pptx
ЗВІТ 2022.pptx
 
МНП з української літератури 5-6 кл. (авт. Чумарна М. І., Пастушенко Н. М.)
МНП з української літератури 5-6 кл. (авт. Чумарна М. І., Пастушенко Н. М.)МНП з української літератури 5-6 кл. (авт. Чумарна М. І., Пастушенко Н. М.)
МНП з української літератури 5-6 кл. (авт. Чумарна М. І., Пастушенко Н. М.)
 
Методичні рекомендації з організації та проведення пошуково-дослідницької роб...
Методичні рекомендації з організації та проведення пошуково-дослідницької роб...Методичні рекомендації з організації та проведення пошуково-дослідницької роб...
Методичні рекомендації з організації та проведення пошуково-дослідницької роб...
 
Список творів із зарубіжної літератури (5-9 кл.)
Список творів із зарубіжної літератури (5-9 кл.)Список творів із зарубіжної літератури (5-9 кл.)
Список творів із зарубіжної літератури (5-9 кл.)
 
про підсумки вивчення національно
про підсумки вивчення національнопро підсумки вивчення національно
про підсумки вивчення національно
 
мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5
 
"Хлопчик- зірка" ( О.Уайльд) . Автор Гаркуша З.М.
"Хлопчик- зірка" ( О.Уайльд) . Автор Гаркуша З.М."Хлопчик- зірка" ( О.Уайльд) . Автор Гаркуша З.М.
"Хлопчик- зірка" ( О.Уайльд) . Автор Гаркуша З.М.
 
Портфоліо вчителя географії Федюк Галини Зіновіївни
Портфоліо вчителя географії Федюк Галини ЗіновіївниПортфоліо вчителя географії Федюк Галини Зіновіївни
Портфоліо вчителя географії Федюк Галини Зіновіївни
 
Мова як код нації
Мова як код націїМова як код нації
Мова як код нації
 
Ю.І.Ковбасенко, Л.В.Ковбасенко. Зарубіжна література. 9 клас. Видавництво «Лі...
Ю.І.Ковбасенко, Л.В.Ковбасенко. Зарубіжна література. 9 клас. Видавництво «Лі...Ю.І.Ковбасенко, Л.В.Ковбасенко. Зарубіжна література. 9 клас. Видавництво «Лі...
Ю.І.Ковбасенко, Л.В.Ковбасенко. Зарубіжна література. 9 клас. Видавництво «Лі...
 
№10 Б.Мұқай «Өмірзая» романы және әдеби сын.ppt
№10 Б.Мұқай  «Өмірзая» романы және әдеби сын.ppt№10 Б.Мұқай  «Өмірзая» романы және әдеби сын.ppt
№10 Б.Мұқай «Өмірзая» романы және әдеби сын.ppt
 
О.М.Гісь. Компетентнісно орієнтовані завдання на уроках математики
О.М.Гісь. Компетентнісно орієнтовані завдання на уроках математикиО.М.Гісь. Компетентнісно орієнтовані завдання на уроках математики
О.М.Гісь. Компетентнісно орієнтовані завдання на уроках математики
 
Темірбек Жүргенов
Темірбек Жүргенов Темірбек Жүргенов
Темірбек Жүргенов
 
Менің атым қожа
Менің атым қожаМенің атым қожа
Менің атым қожа
 
Тиждень зарубіжної літератури
Тиждень зарубіжної літературиТиждень зарубіжної літератури
Тиждень зарубіжної літератури
 
Урок з теми: "Українське церковне життя др. пол. XVI ст. Берестейська унія"
Урок з теми: "Українське церковне життя др. пол. XVI ст. Берестейська унія"Урок з теми: "Українське церковне життя др. пол. XVI ст. Берестейська унія"
Урок з теми: "Українське церковне життя др. пол. XVI ст. Берестейська унія"
 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...
 
Конспекти уроків до підручника Ломаковської
Конспекти уроків до підручника ЛомаковськоїКонспекти уроків до підручника Ломаковської
Конспекти уроків до підручника Ломаковської
 
Моделюванні уроків української мови на засадах компетентнісного підходу
Моделюванні уроків української мови на засадах компетентнісного підходуМоделюванні уроків української мови на засадах компетентнісного підходу
Моделюванні уроків української мови на засадах компетентнісного підходу
 
Портфоліо вчителя історії Ковальчука в.М.
Портфоліо вчителя історії Ковальчука в.М.Портфоліо вчителя історії Ковальчука в.М.
Портфоліо вчителя історії Ковальчука в.М.
 

Viewers also liked

Diagnosis and management of Swine Flu
Diagnosis and management of Swine  FluDiagnosis and management of Swine  Flu
Diagnosis and management of Swine FluSujay Iyer
 
LakePharma General Technical Overview
LakePharma General Technical OverviewLakePharma General Technical Overview
LakePharma General Technical OverviewJin Di, Ph.D.
 
SITEC Ec Class - Proses E- Runcit by Coach Fatin Fadila
SITEC Ec Class - Proses E- Runcit by Coach Fatin FadilaSITEC Ec Class - Proses E- Runcit by Coach Fatin Fadila
SITEC Ec Class - Proses E- Runcit by Coach Fatin Fadilasitecmy
 
Prikaz 1362 ot 30122016
Prikaz 1362 ot 30122016Prikaz 1362 ot 30122016
Prikaz 1362 ot 30122016Julia Korkina
 
информационное письмо
информационное письмоинформационное письмо
информационное письмоJulia Korkina
 
Totenkopf 1939 1943
Totenkopf 1939 1943Totenkopf 1939 1943
Totenkopf 1939 1943Odal Rune
 
Ec Class- Pengenalan Kepada E-Dagang by Coach Fatin Fadila
Ec Class- Pengenalan Kepada E-Dagang by Coach Fatin FadilaEc Class- Pengenalan Kepada E-Dagang by Coach Fatin Fadila
Ec Class- Pengenalan Kepada E-Dagang by Coach Fatin Fadilasitecmy
 
Vektor (pertemuan 1)
Vektor (pertemuan 1)Vektor (pertemuan 1)
Vektor (pertemuan 1)Ana Sugiyarti
 
Cybersecurity 1. intro to cybersecurity
Cybersecurity 1. intro to cybersecurityCybersecurity 1. intro to cybersecurity
Cybersecurity 1. intro to cybersecuritysommerville-videos
 
Cyber security presentation
Cyber security presentationCyber security presentation
Cyber security presentationBijay Bhandari
 
Cybercrime.ppt
Cybercrime.pptCybercrime.ppt
Cybercrime.pptAeman Khan
 
Cyber security
Cyber securityCyber security
Cyber securitySiblu28
 
Cyber crime and security ppt
Cyber crime and security pptCyber crime and security ppt
Cyber crime and security pptLipsita Behera
 
કોમ્પુટરના પ્રકારો જણાવો અમરસિંહ
કોમ્પુટરના પ્રકારો જણાવો અમરસિંહકોમ્પુટરના પ્રકારો જણાવો અમરસિંહ
કોમ્પુટરના પ્રકારો જણાવો અમરસિંહarun parmar
 
Bíblia a arma mais poderosa qua já existiu no mundo em todos os tempos
Bíblia a arma mais poderosa qua já existiu no mundo em todos os temposBíblia a arma mais poderosa qua já existiu no mundo em todos os tempos
Bíblia a arma mais poderosa qua já existiu no mundo em todos os temposLuzia Gabriele
 
ROS+GAZEBO
ROS+GAZEBOROS+GAZEBO
ROS+GAZEBOicmike
 

Viewers also liked (20)

алгебра 8 (рабочая тетрадь)
алгебра 8 (рабочая тетрадь)алгебра 8 (рабочая тетрадь)
алгебра 8 (рабочая тетрадь)
 
Lokbharti
LokbhartiLokbharti
Lokbharti
 
Diagnosis and management of Swine Flu
Diagnosis and management of Swine  FluDiagnosis and management of Swine  Flu
Diagnosis and management of Swine Flu
 
LakePharma General Technical Overview
LakePharma General Technical OverviewLakePharma General Technical Overview
LakePharma General Technical Overview
 
Giấy Can - Văn phòng phẩm 365
Giấy Can - Văn phòng phẩm 365Giấy Can - Văn phòng phẩm 365
Giấy Can - Văn phòng phẩm 365
 
SITEC Ec Class - Proses E- Runcit by Coach Fatin Fadila
SITEC Ec Class - Proses E- Runcit by Coach Fatin FadilaSITEC Ec Class - Proses E- Runcit by Coach Fatin Fadila
SITEC Ec Class - Proses E- Runcit by Coach Fatin Fadila
 
Prikaz 1362 ot 30122016
Prikaz 1362 ot 30122016Prikaz 1362 ot 30122016
Prikaz 1362 ot 30122016
 
информационное письмо
информационное письмоинформационное письмо
информационное письмо
 
Totenkopf 1939 1943
Totenkopf 1939 1943Totenkopf 1939 1943
Totenkopf 1939 1943
 
Ec Class- Pengenalan Kepada E-Dagang by Coach Fatin Fadila
Ec Class- Pengenalan Kepada E-Dagang by Coach Fatin FadilaEc Class- Pengenalan Kepada E-Dagang by Coach Fatin Fadila
Ec Class- Pengenalan Kepada E-Dagang by Coach Fatin Fadila
 
Vektor (pertemuan 1)
Vektor (pertemuan 1)Vektor (pertemuan 1)
Vektor (pertemuan 1)
 
Cybersecurity 1. intro to cybersecurity
Cybersecurity 1. intro to cybersecurityCybersecurity 1. intro to cybersecurity
Cybersecurity 1. intro to cybersecurity
 
Cyber security presentation
Cyber security presentationCyber security presentation
Cyber security presentation
 
Cybercrime.ppt
Cybercrime.pptCybercrime.ppt
Cybercrime.ppt
 
Cyber security
Cyber securityCyber security
Cyber security
 
Cyber crime and security ppt
Cyber crime and security pptCyber crime and security ppt
Cyber crime and security ppt
 
કોમ્પુટરના પ્રકારો જણાવો અમરસિંહ
કોમ્પુટરના પ્રકારો જણાવો અમરસિંહકોમ્પુટરના પ્રકારો જણાવો અમરસિંહ
કોમ્પુટરના પ્રકારો જણાવો અમરસિંહ
 
Bíblia a arma mais poderosa qua já existiu no mundo em todos os tempos
Bíblia a arma mais poderosa qua já existiu no mundo em todos os temposBíblia a arma mais poderosa qua já existiu no mundo em todos os tempos
Bíblia a arma mais poderosa qua já existiu no mundo em todos os tempos
 
ROS+GAZEBO
ROS+GAZEBOROS+GAZEBO
ROS+GAZEBO
 
Swine Flu
Swine FluSwine Flu
Swine Flu
 

Similar to тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану

221ваываыввввввв
221ваываыввввввв221ваываыввввввв
221ваываывввввввnurlan93kz
 
23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssss23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssssnurlan93kz
 
1.3 Білім беру парадигмасының нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы.
1.3 Білім беру парадигмасының нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы.1.3 Білім беру парадигмасының нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы.
1.3 Білім беру парадигмасының нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы.ssuserc6bdf11
 
Білім беру процесінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдалану
Білім беру процесінде ақпараттық – коммуникациялық  технологияны пайдалануБілім беру процесінде ақпараттық – коммуникациялық  технологияны пайдалану
Білім беру процесінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдалануАйбек Қуандықұлы
 
Mangilik el 16_03_2016
Mangilik el 16_03_2016Mangilik el 16_03_2016
Mangilik el 16_03_2016bekzhan90
 
курска дайын тапсырма дана — копия
курска дайын тапсырма дана — копиякурска дайын тапсырма дана — копия
курска дайын тапсырма дана — копияAsem Sarsembayeva
 
сейтмаганбетова ш.ж. ма -ала
сейтмаганбетова ш.ж.   ма -аласейтмаганбетова ш.ж.   ма -ала
сейтмаганбетова ш.ж. ма -алаoquzaman
 
«ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: МӘСЕЛЕЛЕРІ, БАСЫМДЫЛЫҚ...
«ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: МӘСЕЛЕЛЕРІ, БАСЫМДЫЛЫҚ...«ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: МӘСЕЛЕЛЕРІ, БАСЫМДЫЛЫҚ...
«ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: МӘСЕЛЕЛЕРІ, БАСЫМДЫЛЫҚ...bekzhan90
 
методичка умбетова г.
методичка умбетова г. методичка умбетова г.
методичка умбетова г. Asem Sarsembayeva
 

Similar to тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану (20)

сыныптан тыс ж мыстар ма__ызы
сыныптан тыс ж  мыстар ма__ызысыныптан тыс ж  мыстар ма__ызы
сыныптан тыс ж мыстар ма__ызы
 
іс тәжірибе
іс тәжірибеіс тәжірибе
іс тәжірибе
 
221ваываыввввввв
221ваываыввввввв221ваываыввввввв
221ваываыввввввв
 
23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssss23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssss
 
7523ty
7523ty7523ty
7523ty
 
жұмыс ибраева а
жұмыс ибраева ажұмыс ибраева а
жұмыс ибраева а
 
1.3 Білім беру парадигмасының нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы.
1.3 Білім беру парадигмасының нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы.1.3 Білім беру парадигмасының нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы.
1.3 Білім беру парадигмасының нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы.
 
лLеsson study м -__ал¦мн¦__ к__с¦би __рлеу жолы¬
лLеsson study  м -__ал¦мн¦__ к__с¦би __рлеу жолы¬лLеsson study  м -__ал¦мн¦__ к__с¦би __рлеу жолы¬
лLеsson study м -__ал¦мн¦__ к__с¦би __рлеу жолы¬
 
Білім беру процесінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдалану
Білім беру процесінде ақпараттық – коммуникациялық  технологияны пайдалануБілім беру процесінде ақпараттық – коммуникациялық  технологияны пайдалану
Білім беру процесінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдалану
 
дарынды балалармен жұмыс
дарынды балалармен жұмысдарынды балалармен жұмыс
дарынды балалармен жұмыс
 
Mangilik el 16_03_2016
Mangilik el 16_03_2016Mangilik el 16_03_2016
Mangilik el 16_03_2016
 
Gylymi zoba PS-2023 -Kursabayev.pdf
Gylymi zoba PS-2023 -Kursabayev.pdfGylymi zoba PS-2023 -Kursabayev.pdf
Gylymi zoba PS-2023 -Kursabayev.pdf
 
курска дайын тапсырма дана — копия
курска дайын тапсырма дана — копиякурска дайын тапсырма дана — копия
курска дайын тапсырма дана — копия
 
20 дәріс
20 дәріс20 дәріс
20 дәріс
 
адам бойындағы қасиеттері
адам бойындағы қасиеттеріадам бойындағы қасиеттері
адам бойындағы қасиеттері
 
сейтмаганбетова ш.ж. ма -ала
сейтмаганбетова ш.ж.   ма -аласейтмаганбетова ш.ж.   ма -ала
сейтмаганбетова ш.ж. ма -ала
 
сейтмаганбетова ш.ж. мақала
сейтмаганбетова ш.ж.   мақаласейтмаганбетова ш.ж.   мақала
сейтмаганбетова ш.ж. мақала
 
қазақстан тарихы
қазақстан тарихықазақстан тарихы
қазақстан тарихы
 
«ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: МӘСЕЛЕЛЕРІ, БАСЫМДЫЛЫҚ...
«ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: МӘСЕЛЕЛЕРІ, БАСЫМДЫЛЫҚ...«ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: МӘСЕЛЕЛЕРІ, БАСЫМДЫЛЫҚ...
«ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: МӘСЕЛЕЛЕРІ, БАСЫМДЫЛЫҚ...
 
методичка умбетова г.
методичка умбетова г. методичка умбетова г.
методичка умбетова г.
 

More from Вспомогательный образовательный сайт

More from Вспомогательный образовательный сайт (20)

метод.в орлеу1
метод.в орлеу1метод.в орлеу1
метод.в орлеу1
 
открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 

тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану

  • 1. 1 Ақмола облысы Аршалы ауданы №3 Аршалы орта мектебі «Тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану» Муратова Маржан Абдумуталаповна тарих пәнінің мұғалімі
  • 2. 2 Жоспары: І. Кіріспе 3 ІІ. Негізгі бөлім ІІ.1. Сапалы білім-кемел келешек кепілі 5 ІІ.2. Шеберліктің белгісі-түрлі әдісті білу. 11 Қорытынды 23 Қолданылғанәдебиеттер тізімі 24
  • 3. 3 І. Кіріспе ХХІ ғасыр ... Өткен ХХ ғасыр ғылыми-техникалық прогресс заманы бола тұра жер шарын қамтыған дүниежүзілік қанқұйлы соғыстармен адамзат есінде қалды. Жаңа технологиялардың қарыштап дамуы салдарынан ғылым мен техниканың жаңа тұрпатты сатыға көтерілуі ХХІ ғасырды қандай ғасырға айналдыратындығы туралы ой ғалымдардың ғана емес, елбасылар мен саясаткерлерді де жиі мазалайтын болды.Өндірістің барынша дамуы, трансконтиненталдық сауда-саттық корпорациялардың пайда болуы, ғаламдық байланыс жүйелері мен ғаламторлық ақпараттардың күннен күнге артуы, қысқаша айтқанда жаһандану (глобализация) үрдістері адамзат санасына ерекше әсер етуде. Дүниежүзілік саяси карта бетінен тұтас мемлекеттер жойылып кетуде, бірнеше мемлекеттер бірігіп саяси, экономикалық сауда одақтарын құруда. Бұл үрдістер бірнеше тілдерді білетін, түрлі заманауи кәсіптерді меңгерген адамдар үшін жер бетінің кез келген нүктесінде еркін қозғалуға зор мүмкіндіктер жасауда. Осы тұрғыдан қарағанда қазіргі заман педагогіне қойылатын талаптардың ерекше болатындығы мені де жиі мазалайды. Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді. Әлем қазіргі күні «білім қоғамын» және «білім экономикасын» құру бағытында. Бұл идея бүкіл білім беру жүйесіне реформа жүргізіп, оны модернизациялауды қажеттейді. Сондықтан да, білім беру жүйесі қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгеріске ілесу үшін, біздер, еңбек етіп жатқан мұғалімдер де өзгеруіміз қажет, ол үшін оқытуды жетілдіру тәсілдерін үйрену басты міндетіміз болып саналады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Ғасырлар мақсаты–саяси экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деген сөзі бүгінгі мектеп пен мұғалімдерге аса жауапты міндеттерді жүктейтіні анық.
  • 4. 4 Елбасы ұсынған «Мәңгілік ел» тұғырнамасы да келешекте мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етудің өзі–қазіргі заманғы педагогтардың жеке тұлғаны жетілдірудегі қаншалықты шеберлігіне байланысты екендігін тұжырымдайды. Қытай философы Конфуций «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң үйренемін» деген сөзін ескерсек, оқушының білімге ықыласын арттыруда жаңаша технологияның оқыту әдістерін терең пайдалана отырып, білім алушы – оқушының өзін жаңаша оқыту үрдісінің белсенді қатысушысы болуға қол жеткізу де басты міндет екендігі анық. Сонымен бірге қазіргі шәкірттерге жан-жақтан құйылып жатқан ақпараттар заманында, өзіне қажеттіні таңдай білуге үйрету бүгінгі күні аса қажет. Өйткені ғаламторда жақсы да, жаман да, керек те, керек емес те ақпараттар толассыз көп-ақ.Ең бастысы ұлттық тәрбиеге айрықша көңіл бөлу- тәуелсіз еліміздің тұрақтылығына, оның саяси экономикалық, рухани кемелденуіне жеткізетін бірден бір жол деп есептеймін. Өз елін, жерін, халқын сүйіп өскен ұрпақ ғана кемелді елешегіміздің кепілі. Ол үшін ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеуші ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі болуға ұмтылуы керек. «Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын» - деп, ұлы Абай айтқандай, әрбір баланың санасына осындай түсінікті енгізу басты міндеттеріміздің бірі деп түсінемін.
  • 5. 5 ІІ. Негізгі бөлім ІІ.І Сапалы білім-кемелкелешектің бастауы Біздер үшін, яғни барлық Қазақстандықтар үшін үстіміздегі 2016 жылдың басты тарихи оқиғасы – ел тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерей тойы болатындығына сенімім мол. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Тәуелсіздік еліміздің алтын қазығы, барлық жетістіктеріміздің қайнар бастауы» - деп айтқандай, арайлы тәуелсіздігіміздің мәні мен мағынасын өскелең ұрпаққа барынша, терең жеткізе білу әсіресе тарих пәні мұғалімдерінің төл міндеті екендігін кәсіби де, азаматтық та парызым деп түсінемін. Өткен жылы «Оқытудың Кембридждік тәсілі» бойынша бірінші (озық) деңгейлі курстан өтіп, өз білімімді көтеруім менің тарих пәнінен өткізген сабақтарымды бұрынғыдан да гөрі қызғылықты, әрі сапалы өткізуіме тың серпін берді. «Ақырын жүріп, анық бас, үйретуден балаға» - деп Абай атамыз айтқандай, жан-жақты жоспарланып өткізілген әрбір сабақ оқушының қоғамдық әрі тарихи дүниетанымының арта түсуіне екпін беретініне көз жеткізудемін. Пікірімді кеңейте түссем: 9 сыныптағы Қазақстан тарихы пәнінен «Қазақстандағы мәдени өмір» деген тақырыпта жеті модульді ықпалдастыра отырып өткізілген сабағымның оқушылар үшін тиімді болғандығына көзім жетті. Бұл сабақ балалардың сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру мақсатына жұмылдырылды. Сабақ барысында жаңа инновациялық әдістерді пайдалана отырып, оқушыларға түрлі деңгейде тапсырмалар берілді. «Әуе шары» , «Фишбоун», «Тұжырымдамалық карта» әдістері бойынша 3 топқа бөлінген оқушылар нақты үш сұраққа сыни тұрғыдан жан-жақты талдаулар жасады. Сабақ барысында тақырыпты терең игеруде оқушылардың зияткерлік қабілеттері ашыла түсті. Әсіресе тарихи құбылыстың астарына үңіліп, оның қазақ халқына тигізген әсері жайында пайымдаулары, сабақтың тәрбиелік мақсатының толық орындалу нәтижесін көрсетті.
  • 6. 6 Оқушылардың дүниетанымын кеңейту мақсатында қосымша бейне материал көрсетілді. Оқушылардың алған білімдерін пысықтау мақсатында «карточкалар иерархиясы» әдісін пайдаландым. Онда оқушылар болған оқиғаларды ретпен орналастырды. Бұл әдіс оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытуға әсерін тигізді. Сонымен қатар 8 сыныптағы Қазақстан тарихы пәнінен «Патша үкіметінің Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформалары» деген тақырыпта өткізген сабағыма тоқталып өтсем. Тақырыпты өткізуге екі сағат -бөлінгендіктен алғашқы сабақта 1867-1868 жылдардағы Қазақстанды басқару жүйесінің өзгеру барысында енгізілген өзгерістер және олардың ерекшеліктері оқушыларға жан- жақты таныстырылды. Сабақ тірек-белгілері арқылы оқыту технологиясын пайдалана отырып берілді. 1867-1868 жылдардағы реформалар, патшалы Ресейдің 1822-1824 жылдардағы реформасымен салыстырылып, оқушыларға Қазақстанды отарлау ісі аяқталып, әрі қарай отарлаушылықты қатаң жүйелендіру басталғандығын нақты деректермен жеткізіледі. Сабақ барысындаэлектронды оқулық, суреттер, кестелер, сызбалар, карта пайдаланылды. Осы реформалар жергілікті ұлт өкілдеріне және оның билеуші топтарына қандай әсерін тигізгендігін әдебиет пәнімен байланыстыра отырып оқушылардың көзін жеткіздім. Абай
  • 7. 7 Құнанбаевтың «Болыс болдым мінеки» (Күлембайға), «Бойы бұлғаң» өлеңдерінің шумақтарын жатқа айтқан оқушылар, тақырыптың мәніне терең үңіле түсті. Келесі күнгі 2-ші сабаққа толығырақ тоқталғым келіп отыр. Сабақты «көшбасшы» деп аталатын сергіту сәтінен бастадым. Сергіту сәті оқушылардың көңіл-күйлерін көтеріп, жағымды психологиялық ахуал тудыруға жағдай жасады. Тапқырлық танытқан оқушыларды топ басшысы ретінде сайладым. Оқушыларға «1867 жылы 11 шілдеде Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ереже бекітілді» және «1686 жылы 21 қазан Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығында басқару туралы ереже бекітілді» деген сөздер мозайка-қималар арқылы таратылып, оқушылар мозайканы құра отырып топқа бірікті. Бұл сабақ балалардың сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру мақсатына жұмылдырылады. 2 топқа бөлінген оқушыларға нақты екі сұраққасыни тұрғыдан жан-жақты талдаулар жасау міндеті қойылды. І топқа – 1867-1868 жылдардағы реформа Қазақстандағы патшалы Ресейдің империялық билігін қаншалықты нығайтты? ІІ топқа – реформа Қазақстандағы жергілікті ұлт өкілдерінің әлеуметтік- психологиялық қоғамдық ахуалына қандай әсерін тигізді? Бұл мәселерді шешуді оқушыларға «фишбоун» әдісін пайдалану ұсынылды. Фишбоун-балықтың сүйегі деген мағынада, яғни балаларға балықтың сүйегін бейнелеп, оның бас бөлігінде негізгі мәселе, балық сүйегінің жоғарғы бөлігінде кедергілер, төменгі бөлігінде кедергіні шешу жолдарынжәне құйрығынашығатын қорытындыны жазу тапсырылды. Оқушылар тапсырманы орындауда белсенділік пен шеберлік таныта білді. 8 сынып оқушыларының жалпы саны – 14 оқушы, оқушылардың оқу үлгерімі – 63% пайыз, сабаққа қатысу белсенділігі жоғары. Жас ерекшеліктеріне сәйкес елгезектері, білімге ұмтылулары, қатыранан озып кетуге деген бәсекелестіктігі басым. Құрамында мектепішілік түрлі байқауларға, сайыстарға қатысып жүрген оқушылар баршылық. Сабақ барысында тақырыпты терең игеруде оқушылардың осы зияткерлік қабілеттері
  • 8. 8 ашыла түсті. Әсіресе тарихи құбылыстың астарына үңіліп, оның қазақ халқына тигізген орасан зардаптарына жасаған І топтың жетекшісінің пайымдауы, сабақтың тәрбиелік мақсатының толық орындалу нәтижесін көрсетті. Оның «1867-1868 жылдардағы реформа бойынша аға сұлтан лауазымы жойылып, уездік биліктің орнауы және бұрын Қазақстанның ішкі билігі патша үкіметінің Сыртқы Істер министрлігінің қадағалауында болатын, енді жаңа реформа бойынша Ішкі Істер министрлігінің құзыретіне берілуі, сондай-ақ Бөкей Ордасының жойылып, Астрахан губерниясының аумағына берілуі қазақ халықының отарлық бодан қалыптан біржола кигендігі, бұл дегенің тәуелсіздігін мүлдем жоғалтуы ғой?!» деген күйінішті пікірі, халқымыз үшін – тәуелсіздік ұғымының қаншалықты қастерлі екендігі туралы балалардың патриоттық отансүйгіштік сезімін оятты. ІІ топтың жетекшісі «Реформаның нәтижесінде халықтың алдыңғы қатарлы өкілдерінің арасында патша билігі өкілдеріне деген мансапқорлық, жағымпаздық, жарамсақтық, бір-бірінің сөзін тасушылық сияқты құлдық психологиясы, Абайша айтқанда «партияшылдық, жікшілдік орын ала бастағанын» дөп басып айтты. Осы топтың бір оқушысы «Осы сарынды Абайдың «Қазағым, қалың елім, қайран жұртым», Мағжанның «Оян, қазақ» деген шығармаларынан да байқауға болатынын» баса айтты. Ал, І топтың оқушысының мұғалімге «Басқа мемлекеттердің құрамындағы автономиялық республикаларды толық тәуелсіз ел деп айтуға бола ма?» деген сұрағы, баланың дүниетанымдық ойлауының артқандығын дәлелдейді. Екі топ бірін-бірі «бармақ көрсету» әдісі бойынша бағалағанда және қойған сауалдарынан оқушылардың тақырыпты түсініп отырғандықтарын байқадым. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту мақсатында қосымша бейне материал тамашалау ұсынылды. Оқушылардың алған білімдерін пысықтау мақсатында «қазына аралы» ойыны ұсынылды. Тапсырмаларды дұрыс шеше отырып, қазынаны алғаш тапқан топ жеңіске жететіндігі ескертілді. Алғашқы тапсырмада «карточкалар
  • 9. 9 иерархиясы» әдісін пайдаландым. Онда оқушыларға реформа бойынша басқару ісінің бес сатысы карточкалардаберілді, оқушылар топтаса отырыпбасқару ісін жоғарыдан төмен орналастырды. Бұл кезеңде топтардың ынтымақтастығы байқалды. Келесі тапсырма жұптық жұмысты талап етті. Оқушылар жұптаса отырып, үш генерал-губернаторлық пен оның құрамына кірген облыстарды тірек-сызбаға толтырды. Жұптасқан оқушылар бірінің білмегенін екіншісі толықтырып, бір-біріне көмектесе білді. Оқушыларға ерекше ұнағаны-картамен жұмыс жасау болды. Әр оқушы орнында отырып, картаға генерал- губернаторлықтардың территориясын белгіледі, содан соң әр топтан бір оқушыдан тақтаға шығып, тапсырманы тақтада орындады. Сабақ барысында жетелеуші тірек-сигналдары ретінде сабақтың өткен материалдарымен сабақтастығын бекітіп отыру үшін интерактивті тақта арқылы 1822-1824, 1867-1868 жылдардағы реформалардың баптары «венн диаграммасы» арқылы салыстырмалы түрде көрсетіліп тұрды. Сабақ үстінде оқушыларда зерттеушілік іс-әрекеттерді байқадым, ұжымдық ортақ білім мен түсінік қалыптасу орын алды. Оқушылардың ой жинақтау қабілеттерін байқау мақсатында «адасқан жылдар» тапсырмасын бердім. Оқушылар тапқырлық таныта отырып, тапсырмаларға дұрыс жауап бере білді. Сабақты бекітуде тест тапсырмасын және ауызша сатылай талдауды қолдандым. Берілген тапсырмалардан көп ұпай жинаған топқа қошемет көрсетілді. Менің бұл сабақта байқаған ерекшелігім, әдістерді түрлендіріп отыру оқушылардың сабаққа деген қызығушылы мен ынтасын оятатындығы. Сабақ барысында тапсырмалар орындалғаннан кейін топтар, жұптар бірін-бірі түрлі әдістермен бағалауы топ басшысының топ мүшелерін әділ бағалауына септігін тигізді және оқушылардың жауапкершілік сезімдерін оята білді. Алған білімдерін пысықтау мақсатында «қазына аралы» ойынын пайдалануым, оқушылардың белсенділіктерін арттырды. Менің бұл сабақта байқаған ерекшелігім, әдістерді түрлендіріп отыру оқушылардың сабаққа деген қызығушылы мен ынтасын оятатындығы. Сабақ
  • 10. 10 барысында тапсырмалар орындалғаннан кейін топтар, жұптар бірін-бірі түрлі әдістермен бағалауы топ басшысының топ мүшелерін әділ бағалауына септігін тигізді және оқушылардың жауапкершілік сезімдерін оята білді. Мен бұларды сабақ соңында алынған кері байланыстан да байқадым. Оқушылар кері байланыс парақшаларында көңіл-күйлерінің көтеріңкі болғандығын және сабақта өздеріне ұнаған тұстарын айта отырып, пікірлерін білдірген. Сындарлы оқыту арқылы, балаларға терең білім беру үшін, «Өзгелерді оқыту арқылы, өзіңде оқып үйренесің» деп орыс жазушысы А.В. Гоголь айтқандай, сабақты дайындау барысында өзімде оқыту теориясы бойынша көптеген әдебиеттерді оқып, сабақ уақытында пайдаландым. Қазіргі әлемдік дағдарыс кезеңінде, Елбасының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы, өселең ұрпаққа өндірістегі жаңа технологиялар заманына лайық білім мен тәрбие берудің аса маңыздылығына тоқталғандығын жете түсіне отырып, өткізетін әр сабағыма, барынша жауапкершілікпен қарау керктігін түсіндім. Ел тәуелсіздігін баянды ету басты мұратымыз, сапалы білім-кемел келешектің бастауы екендігін ешуақытта естен шығарамақ емеспін.
  • 11. 11 ІІ.2. Шеберліктің белгісі-түрлі әдісті білу. Оқу сапасын арттыруда, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда әдіс-тәсілдерді мейлінше түрлендіріп отырған дұрыс. А.Байтұрсынұлы «Қай әдіс жақсы?» деген мақаласында: «Жалғыз әліп-би үйренудің өзінде толып жатқан әдіс бар. Әр әдіс-өз орнында жақсы. Әдіс көрнекіліктен шығады. Әдістің жаман-жақсы болмағы жұмсалатын орнына қарай» дейді. Ал Л.Н.Толстой «Үйрету әдістері туралы» еңбегінде «Олақтықтың белгісі-бір ғана әдісті білу, шеберліктің белгісі-түрлі әдісті білу, керек кезінде жоқ әдісті де таба білу. Мұғалім көп әдісті білу керек,оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс есебінде қолдану керек» деген. Олай болса, күнделікті ізденісіміз, жаңа технологияларды оқып-үйреніп өз тәжірибемізде шеберлікпен қолдануымыз-алдымыздағы шәкірттерге терең де тиянақты білім берудегі қажеттілігіміз. Назарларыңызға жеті модульді ықпалдастыра отырып жасалған сабақ жоспарымды ұсынамын. Мерзімі: Мұғалімнің аты-жөні: Сыныбы: 9 Оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны: Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы мәдени өмір Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Соғыстан кейінгі ғылымның даму ерекшеліктерін айқындай алады, әдебиет және музыка өкілдері мен кино туындыларын атай алады. Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар Ғылым, әдебиет, музыка.мен өнер саласындағы жаңалықтарды айқындай алады. Оқушылардың басым бөлігі Қазақ мәдениетінің дамуына шектеу келтірген кедергілерді түсіндіріп бере алады.Негізгі мәліметтерді анықтап, кесте толтырады. Кейбір оқушылар Мәдени өмірдің дамығандығын мысалдар келтіре отырып, дәлелдеп бере алады. Тілдік мақсат Оқушылар Қазақстандағы мәдени өмірдің дамыған салалары жайында нақты фактілерді келтіре отырып айтып бере алады... .... (істейалады) Негізгі сөздер мен тіркестер Прогресс, өнер, идеология, ғылым академиясы, ЮНЕСКО Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Талқылауға арналған мақсаттар:
  • 12. 12 Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары мәдениет саласында қандай өзгерістер орын алыпты? Қазақ ғылымының дамуындағы басты жаңалық болған не? Мәдениеттің дамуына кедергі келтірген қандай жағдайлар? Жазылым бойынша ұсыныстар: Негізгі мәліметтерді пайдалана отырып кесте толтырады. Алдыңғыоқу: 1979ж. Ақмоладағы оқиға. Жоспар Жоспарла нған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз ) Ресурстар Басталуы( 2 мин) «Сәлемде су» тренингі н өткізу Үй тапсырма сын сұрау Қатені табыңыз! (3 мин) Тест тапсырма сы 7 мин Картамен жұмыс 3 мин Сәлемдесу, түгелдеу. «Сәлемдесу» тренингін өткізу арқылы жағымды психологиялық ахуал тудыру. Стикерлер тарату, олардың түстеріне баланысты үш топқа бөлу. Оқушылар тест тапсырмасын орындайды. Неміс автономиясының құрамына енгізілмен болған жерлерді көрсет: ФБ: оқушылар дұрыс жауабына сай бағаланады. Қазақстан тарихы Төлеубаев Ә.Т., Іргебаев Ғ.Д. 2015, «Атамұра» Электронды оқулық Ортасы Мұғалім: - Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақстандағы мәдени өмір (1946-1985 )». Балалар бұл тақырыптан нені білетін боламыз деп ойлайсыңдар? Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Біз бүгінгі сабағымызда соғыстан кейінгі жылдардағы ғылым, білім, мәдениеттің дамуы жайында білетін боламыз. 1-топ. Халық ағарту ісі. 2-топ Мәдениеттегі идеологияның кері ықпалы. 3-топ. Қазақ әдебиеті, музыкасы мен кино өнері.
  • 13. 13 «Әуе шары» «Фишбоу н» «Тұжыры мдамалық карта» әдістері 15 мин Бейнерол ик 3 мин Сәйкесте ндіріңіз! 3 мин Карточка лар иерархияс ы әдісі 5 мин «Әуе шары» «Фишбоун» «Тұжырымдамалық карта» Оқушыларға өздеріне берілген тақырыпша бойынша бірнеше әдістерді пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беру тапсырылады. Әдіс жөнінде түсініктеме беріледі. Топ мүшелері орындаған тапсырмалар бойынша өз жұмыстарына таныстырылым жасады. Тақырып бойынша бейне көрсетіледі. Барлық оқушылар: Әр топқа тақырыптар бөлініп беріледі, сол бойынша олар тақырыптың мәнін постерге түсіреді. Топтар бір-біріне түсіндіреді. Топтар бір-біріне сұрақтар қояды. ФБ: ФБ: топтар бірін-бірі лайк немесе дизлайк (өзара бағалау) арқылы бағалайды. Оқушылардың басым бөлігі: Берілген тұжырымдарды ретімен орналастыр!
  • 14. 14 «Дұрыс, дұрыс емес» 2 мин «Теледид ардағы диктор» әдісі Кейбір оқушылар: Мәдени өмірдің дамығандығын мысалдар келтіре отырып, дәлелдеп береді ФБ: дұрыс жауап санына сай бағалау Аяқталуы 2 мин Сабақты бекіту үшін «Түсін мені» әдісін қолданамын. Оқушылар кезектесіп қағаз алып, сол қағаздағы сөз жауап болатындай етіп сұрақ қояды. Кері байланыс: «Бутерброд» әдісі арқылы Қорытындыбағалау (топ басшысыныңбағалауы). Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқу. Кесте толтыру. Мерзімі: Мұғалімніңаты-жөні: Сыныбы: 11 Оқушылар саны: Қатыспағаноқушылар саны: Сабақтақырыбы: Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру Сабақнегізделгеноқу мақсаты(мақсаттары) Оқушылар Қазақстан ауыл шаруашылығына өзгеріс әкелген тың игерудің барысымен, жағымды, жағымсыз жақтарымен танысады. Сабақмақсаттары Барлықоқушылар Тың игерудің басталуы, тың игеру жүргізілген облыстарды білетін болады. Оқушылардыңбасымбөлігі Тың игерудің ерекшеліктерін және Қазақстанда әкелген өзгерістерін атап айта алады. Кейбіроқушылар Тың игерудің жағымды жағымсыз жақтарын талдай отырып, сараптама жасайды, өзіндік ой-пікірін білдіреді. Тілдікмақсат Оқушылар Тың игерудің жүргізілуі мен барысы және ерекшелігі туралы айтып бере алады.. .... (істейалады) Негізгісөздер мен тіркестер тың Сыныптағы диалог/жазылымүшінпайдалытілдікбірліктер: Талқылауғаарналғанмақсаттар:
  • 15. 15 Тың игеру қашан басталды? Тың игерудің басталуына не себеп болды? Қандай облыстарды жүргізілді? Ерекшеліктері қандай? Жазылымбойыншаұсыныстар: Негізгімәліметтердіпайдаланаотырыпкестетолтырады. Алдыңғыоқу: Қазақстанда әскери-өндірістік кешеннің қалыптасуы Жоспар Жоспарлан ғануақыт Жоспарланғанжаттығулар(төмендежоспарланғанж аттығуларменқатар,ескертпелердіжазыңыз ) Ресурстар Басталуы(2 мин) «Атом, молекула» сергіту сәтін өткізу Теледидар дағы диктор әдісі(5 мин) «Сиқырлы сандықша» әдісі 5 мин Сәлемдесу, түгелдеу. «Атом, молекула» сергіту сәтін өткізу арқылы оқушыларда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Оқушыларды үш топқа бөлу. Теледидарға диктор әдісін пайдалан отырып үй тапсырмасын сұраймын. Топтар алдымен тақырып таңдап алады. Ұсынылатын тақырыптар; әскери өндірістік кешендер, Байқоңыр ғарыш айлағы, Семей полигоны. Таңдаған тақырып бойынша әр топтан бір оқушы өз еріктерімен диктор бола отырып, үй тапсырмасынан түсінгенін айтады. (оқушылар өздері 1 сұрақтан жазып, жәшіктерге салады, кейін кезекпен алып, жауап береді). ФБ: оқушылар дұрыс жауабына сай бағаланады. Қазақстан тарихы Төлеубаев Ә.Т., Іргебаев Ғ.Д. 2015, «Атамұра» Электрондыоқулықтар Ортасы «Елші»әдісі 15 мин Серпілген сауал! 5 мин Кесте толтыру 5 мин Мұғалім: - Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Тың игеру». Барлық оқушылар: Әр топқа тақырыптар бөлініп беріледі, сол бойынша олар тақырыптың мәнін өзара түсіндіреді. Орталарынанбір оқушы шығып өзге топқа түсіндіреді. ФБ: топтар бірін-бірі ұпайлар арқылы бағалады. Оқушылардың басым бөлігі: Топтар бір-біріне допты лақтыра отырып, сұрақтар қояды. Алған білімдерін пысықтайды.
  • 16. 16 Картамен жұмыс 3 мин ФБ: дұрыс жауап санына сай бағаланады. Кейбір оқушылар: Тың игерудің жағымды жағымсыз жақтарын талдай отырып, сараптама жасайды, өзіндік ой-пікірін білдіреді. ФБ:лайкнемеседизлайк (өзарабағалау) Аяқталуы 5 мин Сабақтыбекітуүшін«сұрақ-жауап» әдісін қолданамын. Оқушылар кезектесіп орындыққа отырып, сұрақтарға жауап береді. Керібайланыс:стикерге жазу Қорытындыбағалау (топ басшысыныңбағалауы). Үйтапсырмасы: Тақырыптоқу. Тапсырмалардыорындау. Сабақ: Неолит ескерткіштері Мектеп: Күні: Мұғалім есімі: Сынып 6 сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Неолит дәуірінінің тұрақтары мен ескерткіштеріне тоқтала отырып, орналасу сипатына қарай ерекшелігін зерттей алады. Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар Неолит дәуірінің тұрақтарын атай алады. Неолиттік тұрақтарды орналасу сипатына қарай бөле алады. Оқушылардың басым бөлігі
  • 17. 17 Неолиттік ескерткіштерді картадан белгілей алады. Кейбір оқушылар Неолит дәуіріндегі ескерткіштердің ерекшелігін анықтап, кестені толтырады Тілдік мақсат Оқушылар Неолит дәуіріне жататын тұрақтар мен ескерткіштердің айырмашылығын айта алады. .... (істей алады) Негізгі сөздер мен тіркестер Тұрақ қоныстары, Зеленая Балка, Пеньки, Усть- Нарым, аталық ру Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Талқылауға арналған мақсаттар: Алғашқы адамдар қай жерлерді өмір сүрді? Тұрақтар мен ескерткіштер арасында айырмашылық бар ма? Тұрақтардың қандай түрлерін білесіздер? Сіз неліктен.... екенін айта аласыз ба? Сіз не себепті неолит дәуірінде аталық руға көше бастағанын айта аласызба? Жазылым бойынша ұсыныстар: Неолит дәуіріне жататын тұрақтар мен ескерткіштерді орналасу сипатына байланысты жазу. Алдыңғы оқу: Неолит дәуіріндегі қолөнердің пайда болуы мен дамуын, қыш құмыралар мен құрал – жабдықтарды жасай алғанын білген. Жоспар Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар,ескертпелерді жазыңыз ) Ресурстар Жоспарланған уақыт Басталуы (2 мин) «Көшбасшы» сергіту сәтін «Сиқырлы жәшік» сұрақ-жауап әдісі (8 ми «Көшбасшы» сергіту сәтін өткізу. Түстер арқылы өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады. (оқушылар өздері 1 сұрақтан жазып, жәшіктерге салады, кейін кезекпен алып, жауап береді). ФБ: (жеке тапсырма) фишка арқылы (мұғалім бағалайды) Ежелгі Қазақстан тарихы Төлеубаев Ә.Т., Іргебаев Ғ.Д. 2015, «Атамұра Ортасы «БББ» әдісі 2 мин Мәнмәтінді айқындау (10 мин) Мұғалім: «Оқушылар тас дәуірі туралы біз не білеміз, нені білдім, нені білгім келетінің анықтап алайық?» сұрағын қояды және жаңа сабақ мәселесіне өтеді. Білемін Білгім келеді Білдім - - Мұғалім: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Неолит ескерткіштері». Барлық оқушылар: Әр топқа тапсырмалар беріліп, топта талқыланады. Электронд ы оқулық
  • 18. 18 Суретті сипаттау (3 мин) Картамен жұмыс (5 мин) Салыстыру және қарама-қарсы қою (5 мин) 1 топ- Неолит дәуірінің тұрақтары 2 топ- Неолит ескерткіштері. 3 топ – Аталық руға көшудің басталуы. ФБ: (топтық тапсырма) ең жақсы баяндамашыны жұдырық және алақан арқылы бағалаймыз. Оқушылардың басым бөлігі: Сурет арқылы мағынаны ашу. ФБ: бағдаршам арқылы бағалау (өзара бағалау). Кейбір оқушылар: Неолит дәуірінің ескерткіштерін картаға түсіру (жұптық тапсырма). Шығыс Орталық Солтүстік Оңтүстік Жеке тапсырма: Неолит дәуірінің ескерткіштерінің ерекшеліктерін анықтау. Қараүңгір Сексеуіл Тапсырмал ар жинағы Үлестірме лі материалд ар Аяқталуы 10 мин Кері байланыс: Білемін Білгім келеді Білдім - - Қорытынды бағалау (топ басшысының бағалауы). Үй тапсырмасы: Өткен тапсырмалар бойынша 5 сұрақтан жауап беру. Сабақ: Қазақ хандығының Қазақ хандығының құрылуы Мектеп: №3 Аршалы орта мектебі
  • 19. 19 Күні: Мұғалім есімі: Сынып: 7 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Хандықтың негізін қалаған тұлғалар кім екендігін және қазақ хандығының шекаралық аумағын анықтай алады, халықтың этникалық құрамы мен көрші елдермен қарым-қатынасын айқындай алады. Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар Хандықтың хронологиялық шеңбері мен негізін қалаушыларын айта алады. Оқушылардың басым бөлігі Қазақ хандығының шекаралық аумағын айқындай алады. Кейбір оқушылар Халықтың этникалық құрамы мен көрші елдермен қарым- қатынасын анықтай алады. Тілдік мақсат Оқушылар Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының алғышаттарын айта алады. .... (істей алады) Негізгі сөздер мен тіркестер Әбілқайыр хандығы,Моғолстан, Керей,Жәнібек, Шу мен Талас, Қосыбасы,Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди» Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Талқылауға арналған мақсаттар: Керей менЖәнібектің Жетісуға қарай көшудегі негізгі мақсаттары не болды? Сіз неліктен....екенін айта аласыз ба? Қазақ хандығының құрылу мерзімі туралы ойлар неліктен сан алуан екенін айта аласызба? Жазылым бойынша ұсыныстар: Қазақ хандығының хронологиялық шеңбері, шекаралық аумағы, этникалық құрамы жайлы жазыңыздар. Алдыңғы оқу Қазақ ұлттық мемлекетіқұрылуының алғышарттары жайлы білген. Жоспар Жоспарланға н уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз ) Ресурстар Басталуы (3мин) «Ұлт тарихы есігіне жол ашу» сатылай тапсырмалар ы (3 мин) Ортағасырлардағы шығармалар менавторлары арқылы 3 топқа бөлу. 1 топ - Әбу Насыр Әл-Фараби «Ғалымдардың шығуы» 2 топ - Махмұд Қашқари «Диуани лұғат – ат – түрк» 3 топ - Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих и – Рашиди» 1 топ: «Тарихи диктант» Шарты: Сөйлем ішінде бос тұрған орындарды қажетті сөздермен толтырып, оқиғаны ауызша жалғастыр. ХV ғасырдың орта кезінде қазақ жерінің батысында Ноғай Ордасы, Жетісу аймағында Моғол хаңдығы Сыр бойы, Орталық Қазақстанда Әбілхайыр хандығы өмір сүрді. 1428 жылы Барақ ханның белгісіз жағдайда қаза табуы Ақ Орданың саяси жағдайын мүлде өзгертті. Түркістан аймағындары қалалардың Отра Азия атақты Самарқан, Бұхара, Хорейзм сиятқты қалалармен байланыстары олардың экономикалық дамуына улкен әсерін тигізеді (Жетісу, батысында, Әбілқайыр, Барақ, Моғол, Сыр, Ақ Орданың, Бұхара, Хорезм) 2 топ: «Ойлан тап!» берілген әріптерден сөздер құрап, сөздерді Төлеубаев Ә.Т., Іргебаев Ғ.Д. 2015, «Атамұра »
  • 20. 20 байланыстырып, тарихқа баяндама жасау. айрықіләб,тысба,йағон, тісуеж, йекер, ыслұ,рақаб,ебкніәж, олғом. 3 топ: Баламалы тест. Сұрақтың жауабын «Иә» немесе «Жок» сөздері арқылы белгілеп, дәлелдерін айту. 1.XV ғасырдыңсоңында Әбілхайыр хандығы менМоғолстан хандығының күш-қуаты әлсіреп,куйреу дәрежесіне жеттіме? «Иә» немесе «Жоқ» 2.Қазақ хандығының негізін қалаушы Есім менТұрсын. «Иә» немесе «Жоқ» 3.Қазақстандағы ру-тайпалардыңнегізі этникалық құрамы (Қыпшақ,Арғын,Найман т.б.) басты бес аймаққа шоғырланды. «Иә» немесе «Жоқ» 4.Қазақ жеріндегі ру-тайпалардың тілі, ділі, діні, әдет-ғұрпы,салт- саналары жағынан ұқсас келуіқажет пе? «Иә»немесе «Жоқ» ФБ: бағдаршам (өзін-өзі бағалау). Ортасы «Джигсо» әдісі арқылы жаңа тақырыптың мәнін ашу (15 мин) «Қазақ хандығы» (4 мин) Қосымша тапсырма Мұғалім: «15 ғасырда өмір сүрген мемлекеттік бірлестіктерді атап өтейік. Батысында, Жетісуда,Орталық және Сыр бойында қандай мемлекеттер өмір сүрді?» сұрағынқояды және жаңа сабақ мәселесіне өтеді. «Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының алғышарттары қандай?» осы сұрақтымұғалім қоя отырып, оқушылармен жаңа тақырыптың мәнін ашады. 1 топ: Хандықтыңнегізін қалаушылар 2 топ: Қазақ хандығыныңаумағы 3 топ: Халықтыңэтникалық құрамы менкөрші елдерменқарым қатынасы ФБ: фигуралар арқылы (мұғалім бағалау) Бейнеролик көру. Математикалық ойын. 1) 400х3+148= (Шағатайұрпағы он алты жасар Тоғылық-Темірді қай жылы Моғолстан ханы етіп сайлайды) 2) 2800+105-1500= (Әмір темірдің қайтыс болған жылы) 3) 200х4+665= (Қозыбасыда Қазақ хандығыныңқұрылған жылы) 4)345х2+767= (Керей менЖәнібек сұлтандар Шу бойына келіп орналасқан жылы) 5) 160х6+468= (Әбілқайырды хан сайланған жылы) 6) 305х5-155= (Әмір Темірдің Мауараннахрдағы билікті басыпалған жылы) 7) 38002+91= (ҚазақстанРеспубликасыныңтәуелсіздік алңан күні) Сәйкесін тап: № мазмұны № мазмұны 1 Қазақ хандығы негізін салушылар 1 1465-1466 2 Моғолстан ханы 2 Үшқоңыр 3 Қазақ хандығы құрылды 3 наймандар 4 Керей ханның қыстауы 4 Керей, Жәнібек 5 ҰлытауданЕсілге дейін тұрды 5 Әбілқайыр хандығынан 6 Керей менЖәнібек бөлініп кетті 6 Есен-бұға 3 топ:1.Қазақ хандығының Құрылуы қарсаңында наймандар мекендеді?` Видео, презентац ия
  • 21. 21 Аяқталуы «Мән- мәтінді айқындау» (2 мин) «Ойталқы» (3 мин) А) Түркістан мен Қаратау аралығында В) Іле, Шу, Талас өзендері бойында С) Ұлытаудан Есілге дейін жерлерде Д) Жетісуда Е) Ертістен Батысқа қарай, Орталық Қазақстан 2. XVI ғ Бас кезінде Қазақ хандығының билеген Жәнібек ханның ұлы? А) Бұрындық хан В) Қасым хан С) Хақназар хан Д) Есім хан Е) Тақыр хан 3. Керей мен Жәнібек сұлтанды құшақ жая қарсы алған? А) Есенбұға хан В) Есім хан С) Әбілқайыр хан Д) Орыс хан Е) Мұстафа хан 4. «Қазақ сұлтандары хижраның 870 жылдары (1456-1466)билей бастады» деген мәлімет келтірілген тарихи шығарма? А)Мұхаммед Хайдар Дулати "Тари-и Рашиди" В)Оғызнама С)Кодекскуманикус Д) Шежірелержинағы Е) Тари-и-Абулхаир-хан 5.Қазақхандығыныңалғашқытерриториясы? А)Ілеөзені В)Жайық өзені С)Шу мен Талас өзендері маңы Д)Дешті Қыпшақжері Е)Сарыарқа 6.ХVғ. Аяғындағы Казақ хандығының негізі қарсыласы? А)Көшім хан В)Шайбани хан С)Жүніс хан Д)ӘмірТемір ФБ: фишка арқылы бағалау (мұғалім бағалайды). Барлық оқушылар Оқушылардың басым бөлігі:
  • 22. 22 «Картамен жұмыс» (5 мин) «Санадағы кинофильм» (5 мин) Кейбір оқушылар: Картаменжұмыс 1.Қазақ хандығының алғашқы территориясы кандай? 2.Әбілқайыр хандығы қайда орналасқан? 3.Есен-бұға кайелдің билеушісі 4.Орта ғасырларда Қазақ хандығыныңсолтүстіктегікөршілес ел қандай хандық? ФБ: саусақпен бағалау арқылы өзара бағалау). Күй ойналып тұрады, «Адам ғұмырының мәні өмірінің ұзақтығымен емес. Соңында қалдырған өнегелі үгісімен, өрнекті ізімен,кемелді ісімен өлшенеді» Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасынқымбат,бабаларымыз құрметті,әсіресе,қазақ хандығының кұрылуы тарихтағы маңызды оқиға. Қазір өзіміз өмір сүріп жатқанОтанымыздыңіргетасы Қазақ мемлекетінің бүгінгі тәуелсіз саясиболмысынанық түсіну үшін, кешегі өткен тарихты ұғыну керек. «Ата - бабаларымыз осынау ұлан- байтақ жердіаттыңжалында, түйенің қомында,найзанын ұшында, қылыштың жүзінде жүріп қорғаған , ата - бабаларымызаңсағаназаттық пентәуелсіздікті алдық. Соны ертеңге жеткізу, келесі болашаққа Қазақстанныңосы тәуелсіздігін аманаттау. Бұл мақсат жүзеге аспайынша азаттық баянсыз. "Ханның жақсы болмағы, Қарашаның елдігі. Қараша халқы сыйласа Алтыннан болар белдігі" Хан менПрезидент қандай болу керек деп ойлайсыңдар? Кері байланыс: «Баспалдақ» (2 мин) Қорытынды бағалау (мұғалімнің бағалауы)(2 мин). Үй тапсырмасы: Қазақ хандығыныңқұрылуы оқу. 10 сұрақтантест құрау.
  • 23. 23 Қорытынды Жаңа инновациялық әдістерді пайдалануда мен не ұттым? қандай жетістіктерге қол жеткіздім? Оқытудың мұндай инновациялық, интерактивті әдістері оқушылардың бұрынғы дәстүрлі сабақтармен салыстырғанда неғұрлым нәтижелі білімді игеруіне жағдай туғызады екен. Яғни, бұл жағдайда оқушылардың сабақ үрдісіндегі белсенділігі, пәнге қызығушылығы артады. Мен бұларды сабақ соңында алынған кері байланыстан да байқадым. Оқушылар кері байланыс парақшаларында көңіл-күйлерінің көтеріңкі болғандығын және сабақта өздеріне ұнаған тұстарын айта отырып, пікірлерін білдірген. Қазіргі әлемдік дағдарыс кезеңінде, Елбасының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы, өселең ұрпаққа өндірістегі жаңа технологиялар заманына лайық білім мен тәрбие берудің аса маңыздылығына тоқталғандығын жете түсіне отырып, өткізетін әр сабағыма, барынша жауапкершілікпен қарау керктігін түсіндім. Ел тәуелсіздігін баянды ету басты мұратымыз, сапалы білім-кемел келешектің бастауы екендігін ешуақытта естен шығарамақ емеспін.
  • 24. 24 Қолданылғанәдебиеттер тізімі: 1. 1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, Бірінші (ілгері) деңгей «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2015 2. Оқытудыңбелсенді әдістері Астана 2013 жыл 3. Әлімов А.Қ. Оқытудағы интербелсендіәдіс-тәсілдер Астана 2014 жыл 4. «Қазақстантарихы» әдістемелік журналы 2013-2015ж.