SlideShare a Scribd company logo
1 of 16
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Ақмола облысы
бойынша педогогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
Кәсіби қызметімен байланысты мәселелерді
шешуге бағытталған құзіреттіілігін
жетілдіру мүмкіндіктерінің элективті
курс әзірлеу әдістемесі
Орындаған:УтегеноваДана Оралбекқызы
Ақмола облысы,Степногорск қаласы
Спортта дарынды балаларға арналған
облыстық мектеп-интернатының
химия-биологиямұғалімі
Жетекшісі:Жуманбаева Айгул Оразовна
Көкшетау-2017 жыл
Мазмұны
Кіріспе ..................................................................................
I.Негігзі бөлім
1.Химияны жаратылыстану ғылымдары менбайланыстыра оқытудағы элективтікурстардыңмаңызы
2.Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері...............................
3.Химияны оқыту әдістемесінің зерттеу әдістеріжәне оның басқа ғылымдармен
байланысы..............................................................................
4.Химия пәні және ақпараттық технология...................................................
Қорытынды............................................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................................................
Кіріспе
Кәзіргі ғылыми-техникалық даму заманында жоғарғы деңгейде сапалы білім беру мәселесі- ең
негізгі мәселелердің бірі болып тұр. Осы бағытта оқушыларға жоғары деңгейде білім беретін, еңбек
сүйгішке баулитын, талабын оятып, іздеу салатын мекеме ол – мектеп. Бүгінгі өркениетті дамыған
қоғамда білім беру жүйесінің басты мәселелерінің бірі– білім сапасының деңгейін халықаралық
дәрежеге дейін көтеру. Осы туралы Елбасымыз Жолдауында «Қазақстандағы мектеп уақыт өте келе
үздік әлемдік стандарттар деңгейіне көтерілуі тиіс» - деп үлкен нық сеніммен айттып
өтті.Еліміздегі білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық
дәрежедегі білім көрсеткішінің жоғарылауы мен қазақстандық білім беру жүйесінің белсенділігін
арттыру үшін, ең алдымен, ұстаз мамандардың мәртебесі мен дәрежесін арттыру қажет, олардың
бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін арттыруды қамтамасыз
ету керек, сондай-ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру
мәселелеріне үлкен мән берілген.Елбасымыздың жолдауында: «Еліміздің ертеңі мен бүгіні - жас
ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры-ұстаздардың қолында» - деген.Дәстүрлі білім беру
жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты міндеті –
мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім ғаламына ене отырып, басекеге қабілетті
тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйеніп нәтижеге дарланған білім беру
жүйесін ұсыну – қазіргі кезде негізгі өзекті ой толайтын мәселелердің бірі.
Кәзіргі таңда Қазақстанның ең негізгі ғылымдарының бірі – химия. Өйткені Қазақстан пайдалы
қазбаларға бай ел. Ол қазбаларды игеру үшін білімді де, білікті мамандар қажет. Ол мамандарды
оқыту мектеп қабырғасынан басталады.Қазіргі заманда білім саласында болып жатқан
модернизация пән мұғаліміне жаңа талап пен міндеттерді жүктейді. Химия ғылымына деген жалпы
қызығушылық мектеп қабырғасында химия пәнінің оқытылуына әсерін тигізеді. Оқушыларға жақсы
білім беремін деген мұғалім міндетті түрде жаңаша өзіндік жол табуға ізденеді.
Жалпы алғанда «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы –
соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл болу
арқылы енгізіліп отырған ұғым», - дейді.Құзырлылық латын тілінен аудармасы «сомпетенс» белгілі
сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынага ие бола отырып отырып, қандай да бір
сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығарады дегенді білдіреді» деп көрсеткен. Бұл жайлы
Б.Тұрғынбаева «... өзінің жасаган практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік
мәселелерін шешуде қолдана білуін – құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтаса, Ресей ғалымы
Н.Кузьминаның жеке көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз – педагогтің басқа бір адамның
дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы», – дейді.Мектеп педагогінің кәсіби
құзыреттілігін қалыптастырудың бірнеше шарттары:
Әдістемелік құзіреттілік – оқытудың әр түрлі әдістерімен қарулану, дидактикалық әдістерді білу,
оларды оқыту процесінде білім мен іскерлікті меңгерту үшін қолдана білу;Зерттеушілік құзіреттілік
– оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, құрылымы туралы жаңа білімді жасау үшін
педагогикалық құбылысты, актілерді оқып үйренудің ғылыми әдістерімен қарулану;Басқарушылық
құзіреттілік - өз қызметі мен оқушы қызметін басқару тәсілімен, әдісімен қарулану;Ақпараттық
құзіреттілік – қазіргі ақпараттық технология – мен қарулану, қажеттісін
пайдалану;Коммуникативтік құзіреттілік - өзінің кәсібилігін үздіксіз жетілдіру, жеке және қоғамдық
өмірді дамыту.Мектеп педагогінің кәсіби құзыреттілігін бағалаудың жалпы критерийлері:- Педагог
қызметінің нәтижелігі, сол нәтижелердің бағалануы, оны түсіну саналылығының болуы;- Өз
тәжірибесін, өз әріптестерінің тәжірибесін кәсіби сауатты талдау;- Тілдік мәдениетпен қарулануы,
ұстаз тұлғасының байлығы – оның рухани мәдениетінің болуы;- Өз жетістіктерін көру іскерлігі,
оған жету жолдарын сауатты түсіндіру; Зерттеу әдістерімен жан-жақты қарулану; Өз пәнімен оны
оқыту әдістемесі саласындағы теориялық білімі, іскерлілігінің жоғары болуы.
Арнайы құзыреттілік - өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті;Әлеуметтік
құзыреттілік - кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті; Білім беру құзыреттілігі - педагогикалық
және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.Мұғалім сабақта артурли әдіс-
тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға
және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Жаңа технологияны
меңгеруде мұғалімнің жан-жақты білімі қажет. Қазіргі мұғалім: Педагогикалық үрдісте жүйелі
жұмыс жүргізе алатын;Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;[ Жаңаша ойлау жүйесін меңгере
алатын; Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын; Білімді, іскер, шебер болу керек;Жаңа
педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.
Инновациялық білімді дамыту, өзгерістергізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды
өмірге әкелу.Қазіргі оқушы: Дүниетаным қабілеті жоғары;Дарынды, өнерпаз;Іздемпаз, талапты:Өз
алдына мақсат қоя білу керек.Оқыту үрдісіндегі қазіргі қарым-қатынас екі жақты болуы керек.
Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім козин таба
бтлетин жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз кажет.Білім – адамзаттың терең және үйлесімді
дамуын бекітетін құралдардың бірі, алга басу, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің
маңызды факторы. Қазіргі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның
өзінің «Менін» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-
қатынастарда өз орнын таба білуге , өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал
етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап
етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін - әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз унеми көтеріп
отыруы тиіс.[ ілімін тұрақты көтеріп отыру – мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру
жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, Мемлекет дамуының құралы болып табылады.Мұғалімнің
кәсіби құзіреттілігі – оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін
меңгерумен багаланады . Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл ізденімпаз болса,соншалыкты
оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. «Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында
тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл болу аркылы ендіріліп отырған ұғым.
Құзырлылық – белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынага ие бола отырып,
қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді.«Құзырлылық –
тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуметін дамыту қабілеті» -
деп түйіндейді белгілі оқымысты Т. Г. Браже. Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін
толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы бии керек.Кәсіби құзіреттілік
маманның әлеуметтегі дәл осы уақыттағы қабылданған олшемдер мен талапка сәйкес өзінің кәсіби
педагогикалық қызметін атқаруға дайындығы мен қабілетін анықтайтын кәсіби білімдер жиынтығы
немесе жекелік-кәсіби сипаттама.Кәсіби құзіретті еңбек деп мұғалімнің педагогикалық әрекетті өте
жоғары деңгейде атқара алуы, педагогикалық қарым-қатынасқа түсе алуы нәтижесінде
оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейінің жоғары болуы деп санаймыз.Кәсіби құзіреттілік
кез келген жағдайда беделді ой, кесімді пікір айта алатын білімділердің сипаттамасы ретінде
қарастырылады. Сондықтан оның құрылымына әлеуметтік психологиялық, аутопсихологиялық,
коммуникативті, педагогикалық-психологиялық, әлеуметтік, перцептикалық құзіреттілік
жатады.Мұндағы әлеуметтік, перцептикалық құзіреттілік байқампаздық пен өткірлік, яғни,
тұлғааралық қарым-қатынаста баға бере алушылық, салыстыра білушілік, талдау мен рефлексиялау
нәтижесінде басқаның бейнесін қалыптаструдан түзіледі.«Ұстаз қандай болса қоғамы сондай»
деген бұлжымас заңдылық қай қоғамда да көкейкесті. Сондықтан да бүгінгі күннің негізгі мәселесі
- педагогтердің құзіреттілігін үздіксіз дамыту.Өздігінше еркін ойлау қабілеті бар, тәрбие-білім беру
үрдісін сипаттай алатын, тәрбие беру және білім берудің жеке технологиялары мен жаңа идеяларын
өздігінше іске асыра алатын мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің деңгейін арттыру - өзекті мәселе,
себебі, біріншіден, кәсіби құзыретті мұғалім мекептің тәрбие-білім беру процесінде шығармашыл
оқушылардың қалыптасуына дұрыс ыкпалын тигізеді; екіншіден, өзінің кәсіби қызметінде жогары
нәтижелерге қол жеткізе алады; үшіншіден, кәсіби мүмкіндіктерінің іске асуына жагдай
жасайды.Қазіргі таңда мұғалім құзіреттілігін үздіксіз жетілдіруде мынандай бірнеше міндеттер
жүктеліп отыр..
Міндеттері:
Мамандығы бойынша негізгі дайындығы болуы;
Адамдардың адамға, қоғамға қатынасын реттейтін құқықтық және адеп нормаларын білуі;
Қазіргі білім беру технологиясын пайдалана отырып жаңа білім алуы және өз еңбегін
ғылыми негізде ұйымдастыра білуі;
Акпаратты техниканы меңгеріп оны қолдана білуі
. Ғылыми іскерлік, қоғамдық, саяси, және тұрмыстық тілдер ауқымында мемлекеттік және
шетел тілдерінде сөйлей білуі.
Білім беру құзіреттілігі – білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат
қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субьектілік пен
креативтіліктің дамуына ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін
қолдана білу қабілеті. Әрине, устаздыкка кездейсоқ адамдар келмеуі керек тиіс деп ойлаймын .
Мұғалімдік маман атына заты лайық болуы керек. Мұғалім-оқушыға қай жағынан болсын өзін-өзі
ұстауы, сөйлеуі, жүріс-тұрысы, киім-киісі жағынан болсын үлгі. Бұл жағдайда оқушының жеке адам
ретінде қалыптасуына жанама әсер етуі мүмкін Оқушыларды сыйлау, олардың құқығын, ар-
намысын сыйлау. Оқушының ар-намысын сыйламаған, құқығын аяққа таптайтын ұстазды оқушы
да сыйламайды, ұстаз оқушыларына тәлім-тәрбие бере алмайды. Мұғалімнің өз жұмысына
ықылассыздығы, жүрдім-бардым қарауы оқушыға тікелей әсер етеді. Талап қоя білмейтін, оқу
процесін ұйымдастыра алмайтын мұғалім ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмақ емес.Осы бағытта
педагогтің кәсіби мәдениеті төмендегідей сипатталады..
 оқу үрдісінде химия пәнінен кәсіби қызметімен байланысты мәселелерді шешуге
бағытталған құзіреттіілігін жүзеге асыру барысында оқу әдістемелік жұмыстарды
ұйымдастырудың негізгі принциптерін білу;
 білім беру жүйесіндегі болып жатқан күнделікті өзгерістерді жете түсініп, рөлін және
оларды дамыту перспективаларын көру;
 оқу үрдісінде оқу материалын оқытуы мен оқушылардың химиялық білімді саналы
меңгеріп, алған білімдерін іс жүзінде қолдану ерекшеліктерін және дағдыларын дамыту
эдістері мен құралдарын айқындап білу
1.Химияныжаратылыстануғылымдарыменбайланыстыра
оқытудағыэлективтікурстардың маңызы
Қазіргі таңдағы оқушыларды химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра
оқытудың жағдайын талдай отырып, олардың негізгі ерекшеліктері анықталды: жеке білім беретін
пәндерді тереңдетіп оқыту; саралай оқыту; оқушылардың өз қабілеттері, икемдері мен
қажеттіліктеріне сәйкес жеке білім траекториясын таңдап алуы; білімі әртүрлі дәрежедегі
оқушылардың қабілеттеріне, жеке икемдері мен қажеттіліктеріне сәйкес деңгейлеп оқыту;
оқушыларды әлеуметтендіру, оларды кәсіби тұрғыдан өзіндік орын анықтай білуге дайындау;
жалпы және кәсіби білім беру арасындағы байланыстың болуын, мектеп бітірушілерді жоғары
кәсіби оқу орындарының бағдарламаларын игеруге дайындау; төрт курс түрлері бойынша: базалық
жалпы білім беруші курстар, бейінді курстар, қолданбалы курстар және таңдау бойынша
курстарынан әртүрлі комбинациялар жасау мүмкіндігі; негізгі мектеп оқу жоспарына міндетті
таңдау курстары мен оқушылардың келешек оқу бағдарын таңдауына әсер ететін кәсіби
сынықтарды енгізу арқылы бейіналды дайындықты іске асыру.
Химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра элективті курсты пайдаланып
оқытудың негізгі идеясы – оқушыларға таңдау мүмкіндігін беру болып табылады. Оқушылардың
химия пәнінен терең білім алуының негізгі формасы ретінде таңдау бойынша курстары – элективті
курстарды атауға болады. Пәнаралық байланысты оқыту жүйесіндегі элективті курстар негізгі
мектеп оқушыларының мектептің жоғары сатысында болашақ бейін бағытын саналы түрде таңдап
алуға көмек көрсетуші және жеке білім беру траекториясын құруға мүмкіндік беретін құрал болып
табылады.
Қазіргі кезде бейіналды курстардың нақты белгіленген типологиялары жоқ, көбінесе
Білім беру жүйесінде Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі бекіткен
типтік оқу бағдарламалары қолданылады. Типтік оқу бағдарламаларын негізге ала отырып,
мұғалімдер бейіналды элективті курс бағдарламаларын өздігінен жасайды. Кез келген оқу
бағдарламасы сияқты элективті курс бағдарламасы да белгілі бір технология бойынша жасалатын
және белгілі талаптарға жауап беретін нормативті құжат.
2.Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері.
Химияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым әрі оқу пәні. Химия – заттардың бір –
біріне өзгеруін зерттейтін ғылым. Демек, химияны оқыту әдістемесі мектептің химия курсындағы
осындай заңдылықтарды оқушыларға үйрету жолдарын, түсіндіру тәсілдерін зерттейтін
педагогикалық ғылым деп түсінуіміз керек.
Оған оқу үрдісін ұйымдастыру, оқушылардың танымдық іс – әрекетіне басшылық,
сарамандық дағдылар мен іскерліктер қалыптастыру, шығармашылық қабілеттер мен ғылыми
дүниетанымдық көзқарастарды дамыту жатады.
. Химияны оқыту әдістемесі әрі ғылым, әрі оқу пәні ретінде оқытудың мазмұнын, оқу
әдістерін тәрбие жұмысымен бірлікте, өзара байланыста зерттейді. Оқытудың заңдылықтарын
ашумен қатар, оқытудың мазмұн – мақсатын , әдістерін, оқыту формалары мен құралдарын,
оқытушы мен оқушының іс – әрекетін бір – біріне ажыратпай біртұтас қарастырады.
Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін объектісі сол пәнді оқыту әрекеті. Оқыту,
педагогика, дидактика және әдістеме ғылымы тұрғысынан түсінуге болатын күрделі әрекет болып
табылады. Педагогикалық тұрғыдан қарастырғанда оқыту дегеніміз – жасөспірімнің бойында
ұжымдық тәрбиені сіңіру. Дидактикалық жағынан алғанда, оқыту білім берудің мазмұнын
жасөспірімдерге жеткізу ісіндегі сабақ беру бірлігі. Ал әдістемелік тұрғыдан алғанда оқыту –
нақтылы оқу пәнінің материалын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру мен оқытдың бірлігі.
Химияны оқыту әдістемесі ғылыми оқыту әрекетін әдістемелік деңгейде зерттейді.Оқыту
әрекетін, тұтастай алғанда дидактика зерттейді.Ол оқыту әрекетінің мәнін ашып береді,
заңдылықтары мен негіздерін саралайды. Дидактика бір жағынан, оқытудың теориясын жасайды,
екінші жағынан сол теорияны оқыту арқылы оқытудың сарамандығын жетілдіреді..
3.Химияны оқыту әдістемесінің зерттеу әдістері және оның басқа ғылымдармен
байланысы
Осының алдында ғана баяндалған химияны оқыту әдістемесін зерттеуді төрт мәселеге
топтастыруға болады. Химияны оқыту әдістемесі алдымен химия ғылымымен тығыз байланысты
қарастырылады. Себебі, химияны оқыту әдістемесі мектеп химиясының мазмұнын анықтауда
шешуші роль атқарады. Мектеп химиясы оқушыларға химия ғылымы ашқан теориялар мен
заңдылықтарды, деректерді, ұғымдар мен түсініктердің негізін үйретеді. Химиядан оқу материалын
іріктегенде, көрнекі көрсетілетін және зертханалық тәжірибелерді жетілдіруде, көрнекі
құралдардың жаңа түрлерін жасауда, оқытудың формалары мен әдістері қолданылады. Оларға
жататындар: оқу материалын іріктеу, химия ғылымының мазмұнын әдістемелік талдау, бұрыннан
қолданылып келе жатқан көрнекіліктерді, зертханалық тәжірибелерді, көрнекі құралдарды
жетілдіру және жаңадан ұсыну оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарының тапсырмаларын
жасауы т.б.
Химияны оқыту әдістемесі зерттеу объектісі және әдістері жөнінен, ең алдымен,
дидактикамен байланысты. Өзінің ең негізгі міндеті – химия пәнінен білім берудің мазмұнын
анықтағанда химия ғылымының қол жеткен жетістіктеріне дидактикалық талдау және іріктеу
жасайды. Химия жаратылыстану ғылымдарының жүйесінде физика, биология, геология
ғылымдарымен тығыз байланысты. Қазіргі заманғы ғылымдардың көптеген тараулары осы
ғылымдардың түйісу шегінде қалыптасқан: физикалық химия, геохимия, биохимия. Әсіресе, химия
мен биология арасындағы терең байланыс негізінде медициналықхимия, агрохимия секілді жаңа
ғылым салалары дүниеге келді.Сонымен қатар, экология, геохимия, космостық медицина секілді
кешенді ғылымдар қалыптасты.
Химия ғылым ретінде пайда болғалы бері физикамен тығыз байланыста дамып
келеді.Физиканың көптеген тараулары химия ғылымының ғылыми – теориялық аппаратын
құрайды. Қазірігі кезде химия ғылымында пайдаланылып келе жатқан әдістер негізінен физикалық
әдістер болып табылады. Олар массаның, көлемнің, жылудың сандық өзгерісімен байланысты.
Сонымен қатар, химияны оқытуда заттың әртүрлі агрегаттық күйдегі макроскопиялық қасиеттері
мен заттың бір күйден екінші күйге өтуінің заңдылықтарын түсіндіруге мүмкіндік беретін
материяның атомдық – молекулалық құрылысы туралы түсініктерге негізделген молекулалық
физиканың маңызы үлкен.Химия – заттардың бір түрден екінші түрге айналуын, құрамы мен
құрылысын зерттейтін ғылым. Басқаша сөзбен айтқанда, химияда да, молекулалық физикада да
заттың құрылысы мен қасиеттері негізге алынады, соған қарамастан заттың құрылысы мен
құрамының оның химиялық қасиеттеріне, ал молекулалық физикада физикалық қасиеттеріне әсері
негізге алынады. Осыған байланысты орта мектепте химия мен молекулалық физиканы
байланыстыра оқыту мәселесі қарастырылады.
4.Химия пәні және ақпараттық технологиялар
XXI ғасырда жаратылыстану ғылымдарының жаңа бір саласы ақпараттандыру қарқынды
дамып келеді.Ол барлық білім беру процестерінде электроника, техника және бағдарламалық
қамтамасыз ету пәндерімен ұштасқан сапалы білім тірегіне айналып отыр.
Қазіргі заманғы ғылыми – техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына жаңа
міндеттер қойып отыр. Сондықтан қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын
меңгермейінше, сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру
мұғалімнің оқу – тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Жаңа технологияны меңгеру
мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген
адами келбеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер
көмегімен оқыту нәтижелігін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады.
Қазіргі таңда ғылыми техниканың даму қарқыны оқу – ағарту саласының оқу үрдісіне жаңа
технологиялық әдістермен технологияларды қолдануды кең көлемде қажет етеді.
Білім берудің негізгі мақсаты білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс – тәсілдері
мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.Осы мақсатты жүзеге
асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Химия XXI ғасыр ғылымы.
Сондықтан да ол жаңа ақпарат технологияларымен тығыз байланысты. Қазіргі кездегі білім беру
жүйесінде негізгі мақсат оқушыға жеке тұлға ретінде қарап оның дамуына көп көңіл бөлуде. Міне
осы жағдайда технологиялардың көмегі зор.
Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді.
Тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллекткалдық танымын, білім
сапасын арттыруға болады. Интерактивті тақта мектеп сыныптарында әр пән бойынша, соның
ішінде химиядан зертханалық сабақтарды өткізген кезде оның құрылғылары қолданылады.Мысалы,
ерітіндінің рН мәнін анықтау және температураны өлшеу құрылғысы, еріген оттегі құрылғысы
судағы оттегі концентрациясындағы нақты уақытты анықтауға мүмкіндік береді. Интерактивті
тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды анықтаған кезде немесе
жаңа сабақты бекіткен уақытта тестілеу әдісін қолдануға болады. Оқушылардан бір уақытта жауап
алуға мүмкіндік береді. Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы тестілеген кезде мұғалім
оқушылардың білім деңгейін анықтай алады. Оқушыға тест сұрақтарына жауап беруі үшін уақыт
беріледі. Бұл жүйе тұйық оқушылардың ойын білдіріп, жалқау оқушылардың қызығушылығын
арттырады. Оқушылар жауаптарын құпия түрде бере алады.Заттар әлемін (олардың құрамын,
құрылымын, бір заттың басқа затқа айналуын) зерделей отырып, оқушылар практикалық қызмет
үшін тиянақты білім алуы тиіс. Осыған байланысты күнделікті сабаққа:
-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);
-зертханалық тәжірибелер;
-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта);
-анықтамалық мәліметтер (сӛздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);
-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді. Мұндай
қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған
мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту
мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне де байланысты. Ақпараттық технология негіздері тұлғаның химия
пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты
арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабаққа
видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушыны дүниетанымын
кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша
материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай,
қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады. Жалпы оқушылардың
ақпараттық технология негіздерінен алған білімі арқылы:
 Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады.
 Шығармашылық қабілеттері артады.
 Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады.
 .Оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды.
 Экологиялық сауатты болуға үйренеді.
 Тағамның химиялық құрамының зияндылығын іс-тәжірибелер барысында анықтайды.
 . Химиялық технологияны меңгеруге ұмтылыс пайда болады.
Жаңа ақпараттық техникаларын пайдалану соңғы уақытта мектептегі білім беру жүйесінде
маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Мектептегі химия сабағын компьютердің көмегіне
сүйеніп өткізуге көп мүмкіндіктер жасалған.Жаңа материалды түсіндіруде интерактивті
компьютерлік графиканы пайдалануды көздейтін ақпараттық – бағдарламалық құралдарды
пайдалануға болады. Химия пәні бойынша компьютерлік тестілеуді қолдану оқушылардың
интеллектуалдық бойынша компьтерлік тестілеуді қолдану оқушылардың интеллектуалдық
танымын арттырады. Оқушылар бір тестілеуден жақсы нәтижеге жеткенше бірнеше қайтара өтеді.
Бұл тестілердің барлығы химия бойынша минимум талаптарына сәйкес келеді. Келесі бір маңызды
жағдай уақытты үнемдеу. Аз уақыттың ішінде бағдарламаның көптеген қиын сұрақтарын
формулалар мен эксперименттер көрсету арқылы түсіндіріліп, бекітіледі..
Жалпы химия сабағында көбіне деңгейлеп оқыту технологиясының элементтерін, тесттік
әдісті, ақпараттық технологияны, яғни компьютерлік техниканы қолданған дұрыс.. Сонымен қатар
химия сабағында дайын дидактикалық материалдарды дайындау үшін суреттерді, плакаттарды
сызып дайындау қажет, ал интерактивтік тақтаның көмегімен бізге қажетті реакция теңдеуін,
суретін аламыз және әр оқушы осыған қарап отырып пайдаланып, қаламсаптың көмегімен сызып
көрсете алады.
Мыс» тақырыбынан үй тапсырмасын сұрау үшін алдынғы сабақтан VІ тараудан қысқаша
түсінік сұрау қажет. Оқушылар үй тапсырмасына ұяшықтар арқылы жасырын сұрақтарға тез жауап
бере алады және көп оқушыдан сұраққа жауап алып, сол арқылы олардың ойлау қабілеттері де
дамиды.
1. Қай элемент ең белсенді металл болып табылады? Неге? (цезий (Сs) атомынан сыртқы
электрон жеңіл үзіледі, сондықтан Сs – ең белсенді металл және өте күшті тотықсыздандырғыш.)
2. Сілтілік металдардың физикалық қасиеті. (кристалдық тор құрылысының ерекшелігіне
тәуелді. Олардың тығыздығы аздау кубтық көлемі ценрлі тор типі бойыншакристалданады. Барлық
сілтілік металдар күмістей ақ түсті олар жұмсақ. бұл металдар жеңіл балқиды. Балқу температурасы
литийден цезийге қарай төмендейді)
3. Натрий, калий, кальций және магнийдің графиктік формуласын жазындар. Табиғатта
таралуы. (мұхиттарда, өзендерде, көлдерде, Арал теңізінде)
4. NaCL – ас тұзы, Na2SO4 – натрий сулфатын, шыны, сода, медицинадақолданылатын,
глаубер тұзы деп аталады. Na2CO3 – натрий карбонаты ол сабын қайнатуда, мата, тері,
фармацевтика өнеркәсіптерінде, шыны, альюминий, дәрі-дәрмек өндірісінде қажет.
Сабақты қорытындылау мақсатында «Реакцияны жалғастыр» деген және жеңіл есептерді
шығару әдістерін пайдалануға болады. Мұнда әрбір реакцияның жүру жағдайын оқушылар тез – тез
жазып көрсетеді, әрі соған сәйкес есепті орындайды. Мысалы:
1. Na → NaOH → Na2CO3 → NaCL → Na
 2Na + 2H2O = 2NaOH + H2↑
 2NaOH + CO2 = Na2CO3 + 2H2O
 Na2CO3 + CaCL2 = Ca CO3 + NaCL
 NaCL = Na + CL
2. Са → СаО → Са(ОН)2 → СаСL2 → Са
3. Mq → Mq O → MqSO4 → Mq(NO3)2 т.с.с.
№ 6 есеп
Бер: m(Fe)=10г
Т/к: m(Cu)
10г Хг
Шешуі: Fe+CuSO4= FeSO4+Cu
56г 64г
Х=10*64/56=11,4 Жауабы: 11,4г
Жалпы химия пәнін оқытуда инновациялықтехнологияларды пайдалану арқылы мынадай
нәтижелерге жетуге болады :
 түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
 оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік тудырады;
 оқушылардың әрқайсысының деңгейін анықтау мүмкіндігі туады;
 оқушылар өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;
 оқушылардың өзіне деген сенімі пайда болады;
 бағалау жеңіл болады.
Бүгінгі таңда қауіпсіздік техникасына көп көңіл бөлінуде. Осыған байланысты химия
пәнінде улы заттармен тәжірибе жасай алмағандықтан, электрондық оқулықтарды пайдалану
арқылы компьтердің көмегімен ондай тәжірибелерден үзінділер көрсетіледі. Бір ғана мысал, 9 –
сыныпта «Азот оксидтері» тақырыбын өткен кезде, азот(IV) оксиді - улы газ, оның зертханада
алыну жолы тәжірибесі электронды оқулықтан көрсетіледі
Cu + 4HNO3 (конц) = Cu (NO3)2 + 2NO +H2O
Химиктердің өмірі мен қызметі жайында компакт – дискілерде кең қамтылған. Рефераттар
жазуда оқушылар атақты химиктердің өмірбаяны жөнінде энциклопедиялық мәліметтер ала
алады.Олар оқушыларға заттар және олардың халық шаруашылығында қолдануы туралы
мәліметтер алуға көмектеседі.
.Республикамызда білім беру жүйесі мен білімді тексеру мақсатында ақпараттық
технологияларды енгізу басты мәселеге айналды. Заман ағымына сай күнделікті сабаққа видео,
аудио мен теледидарды, компьтерді, интерактивті тақтаны қолдану айтарлықтай нәтижелер береді.
Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған
мәліметті нақтылауға мүмкіндік береді.
«Химия тәжірибеде» элективті курс бағдарламасы
Түсінік хат
«Химия тәжірибеде» элективті курс бағдарламасы оқушылардың химия пәнінен алған теориялық білімдерін есеп
арқылы кеңейте отырып, ойлау қабілеттерін дамыту.
Оқушылар теориялық білімдерін іс жүзінде қолданумен қатар, химиялық есептер оқушылардың тыңдау қабілетін
дамытуға,дәстүрлі емес жағдайда білімін қолданып, шығармашылық деңгейде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Оқушылардың есеп шығаруы арқылы, олардың қызығушылығы оянады, шабыттанады пәнге деген көзқарасы
өзгеріп шабыты артады . Қазіргі таңда оқушының білімділігі мен тәрбиелілігі- оның ой-өрісін, мәдени дәрежесін,
ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Бұл элективті курс бағдарламасы арқылы оқушылар
химиялық теңдеулер,химиялық формулалар,газдардың көлеиі және салыстырмалы тығыздығы т.б. ұғымдарға
байланысты есептерді шығаруда дұрыс пайдалануға дағдыланады.Есеп шығарып,жаттығулар орындау білімді
тексеру ғана емес,сонымен қатар оқушыларды өздігінен ізденуге де дағдыландырады.Оқушылар өз білімдерінің
жетіспейтін тұстарын анықтап, онымен жұмыс істеуге,қосымша және арнайы әдебиеттерді пайдалануға
үйренеді.Есеп шығару барысында оқушының білімі,зердесі,ойлау қабілеті дамумен қатар,химиялық
білімді,заңдарды,құбылыстарды тереңірек түсінуі қалыптасады.
Оқулықтардың теориялық білімін баянды етуде,ой-өрісін кеңейтуде химиядан сандық есептер шығарудың
маңызы зор, сондықтан бұл бағдарламада есептер теориялық материяға негізделеді, сандық мәліметтер
пайдаланылады.
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген
Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына ,
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы негізіндегі
«Химия» пәніннің типтік оқу бағдарламасын басшылыққа алып әзірленген.
Бағдарлама аптасына 1 сағат, жылына 34 сағатқа құрылған.
Курстың мақсаты мен міндеттері:
Курстың мақсаты: Оқушылар мектептік бағдарламада қаралған және олимпиадалық тапсырмаларды шешуге
үйрету ғана емес, сонымен бірге түлектерге арналған конкурстық емтихан тапсырмаларды үйрету.
Курстың міндеті:
1. есептердің негізгі типін шешуге әртүрлі әдіс және тәсілдерді пайдалану, сандық шешу есептер,
алгоритмдерді қолдану.
2. Кейбір жаттығуларды шешу қосымша әдебиеттерді қажет етеді және терең теориялық материалдар қажет.
3. Оқушылардың жаңа материалды игеруін тексеру және оны практикада қолдану.
4. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту.
Күтілетін нәтижелер:
Оқушылар білуге тиісті:
- химиялық формуланы білу,
- эквивалент түсінігі,
- Авогадро заңы,
- Гесс заңы
- заттардың концептрациясының түрлері,
- ерігіштік көбейтіндісі түсінігі,
- тотығу-тотықсыздану реакциялары,
- электролиз түсінігі,
- бейорганикалық заттардың құрамы,
- органикалық заттардың құрамы,
Оқушылар анықтауға тиісті:
- заттардың химиялық формуласын,
- қосылыстардың, заттар қоспасын және құймалардың құрамын,
- химиялық реакциялардың типі,
Оқушылар есептеуге тиісті:
- химиялық формула бойынша,
- эквиваленттік қатынас заңының негізінде,
- реакциялардың жылу эффектілерін,
- еріген заттың концептрациясы,
- ерігіштік ұғымы,
- электрқозғалыс күшін,
- тепе-теңдік константасын, реакция өнімінің шығымын, өнімнің
шығуына реагенттердің концентрациясы және қысымның әсері.
Оқушылар құруға тиісті:
- реакция термохимиялық теңдігі,
- тотығу-тотықсыздану реакциясын,
- неорганикалық және органикалық молекулалардың бір-біріне
айналуы,
Оқушылар білуі тиіс:
- әртүрлі әдістермен сандық есептерді шешу,
- күрделі жаттығуларды шешудің рационалды әдістерін табу.
Оқу-әдістемелік жоспары
Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат.
1. Химиялық формулалар бойынша есептеу (1 сағ)
Заттардың химиялық формуласын анықтау. Химиялық формулалар бойынша есептеулер жүргізу. «Эквивалент»
ұғымына байланысты есептер. Эквиваленттік қатынастар заңына есептер шығару. Зат мөлшері, газдардың
молярлық көлемі, газдардың салыстырмалы тығыздығы ұғымдарына есептер шығару. Химиялық реакциялардағы
газдардың көлемдік қатынасына есептеулер. Қалыпты газдардың күйі теңдеуі, клайперон-Менделеев теңдеуіне
арналған есептер. Бірдей жағдайдағы газдар қоспаларына есептер шығару. Заттардың және құймалардың құрамын
анықтауға арналған есептеулер. Термохимиялық теңдеулер арқылы жүргізілетін есептер. Гесс заңдары бойынша
реакцияның жылу эффектісін есептеу. Радиоактивті өзгерістерге есептеулер.
1. Зат мөлшері. Моль.Авогадро саны бойынша есептеу. (3 сағат)
Зат мөлшері, газдардың молярлық көлемі, газдардың салыстырмалы тығыздығы ұғымдарына есептер шығару.
Химиялық реакциялардағы газдардың көлемдік қатынасына есептеулер. Қалыпты газдардың күйі теңдеуі,
клайперон-Менделеев теңдеуіне арналған есептер Әртүрлі концентрациялардағы ерітінділерді араластыруға
арналған есептерді шығарудың жай әдісі, алгебралық әдісі және крестеу ережесі. Заттардың ерігіштігіне арналған
есептер. Еріген заттардың молярлы, моляльды, нормальды концентрациясын есептеу. Ерітінді құрамындағы
компоненттердің молярлық үлесін есептеу. Концентрация өзгертілген жағдайда есептеулер жасау. Әлсіз қышқыл
мен негіз ерітінділеріндегі сутек ионы және гидроксид иондарының концентрациясына есептеулер жүргізу.
Гидролизденген тұздар ерітінділеріндегі сутек ионы концентрациясына арналған есептер. Ерігіштік
көбейтіндісіне есептер шығару.
1. Химиялық теңдеулер бойынша есептеу (1 сағат)
Химиялық қосылыстардың бір-біріне айналуы, оларды ажырату,химиялық теңдеулер түрінде жазу,оларды
теңестіру. Бейорганикалық молекулалардың бір-біріне айналу өзгерістері. Бейорганикалық және органикалық
заттар өзгерістерін жүзеге асыру. Айналулар арқылы заттар алу. Химиялық қосылыстарды ажырату. Тотығу-
тотықсыздану әдістеріне есептер шығару. Электр қозғаушы күшті анықтау. Әртүрлі қосылыстар мен қоспа
құрамындағы ерітінділердің электролизденуіне сандық есептеулер жүргізу.
4.Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс. (2 сағат)
Бейорганикалық молекулалардың бір-біріне айналу өзгерістері. Химиялық қосылыстардың бір-біріне айналуы,
оларды ажырату Реакция жылдамдығы константасы және активтену энергиясына байланысты есептеулер жүргізу.
Әрекеттесуші заттар концентрациясының реакция жылдамдығына әсеріне арналған есептер.Тепе-теңдік
константасы, реакция өнімінің шығымын есептеу, реакция шығымына әрекеттесуші реагенттер
концентрациясының және қысымның әсерін зерттеулерге арналған есептер.
5.Газдардың молярлық көлемі бойынша есептер (2 сағат)
Химиялық реакциялардағы газдардың көлемдік қатынасына есептеулер. Қалыпты газдардың күйі теңдеуі,
клайперон-Менделеев теңдеуіне арналған есептер. Бірдей жағдайдағы газдар қоспаларына есептер шығару.
Заттардың және құймалардың құрамын анықтауға арналған есептеулер.
6,Ерітінділер бойынша есептеулер. (4сағ). Әртүрлі концентрациялардағы ерітінділерді араластыруға арналған
есептерді шығарудың жай әдісі, алгебралық әдісі және крестеу ережесі. Заттардың ерігіштігіне арналған есептер.
Еріген заттардың молярлы, моляльды, нормальды концентрациясын есептеу. Ерітінді құрамындағы
компоненттердің молярлық үлесін есептеу. Концентрация өзгертілген жағдайда есептеулер жасау. Әлсіз қышқыл
мен негіз ерітінділеріндегі сутек ионы және гидроксид иондарының концентрациясына есептеулер жүргізу.
Гидролизденген тұздар ерітінділеріндегі сутек ионы концентрациясына арналған есептер. Ерігіштік
көбейтіндісіне есептер шығару.
7.Тотығу дәрежесі. Тотығу-тотықсыздану реакциясы (2 сағ). Тотығу-тотықсыздану әдістеріне есептер шығару.
Электр қозғаушы күшті анықтау. Әртүрлі қосылыстар мен қоспа құрамындағы ерітінділердің электролизденуіне
сандық есептеулер жүргізу.Электрон баланс бойынша теңестіру.
8.Құрамында қоспасы бар заттарға арналған есептер (3сағ). Бірдей жағдайдағы газдар қоспаларына есептер
шығару. Заттардың және құймалардың құрамын анықтауға арналған есептеулер. Термохимиялық теңдеулер
арқылы жүргізілетін есептер алкандар, алкендер, алкадиендер, алкиндер, циклопарафиндер, арендер), қышқыл
құрамды қосылыстар (спирттер, альдегидтер, кетондар, қышқылдар, эфирлер, майлар, көмірсулар). Азотты
қосылыстар (нитроқосылыстар, аминдер, аминқышқылдары, азотты қосылыстар, гетероциклді қосылыстар).
9.Олимпиада есептерін шығару (3 сағ). Қазіргі кезде баланы дамыту және дамуына жағдай жасау керектігі
ешкімге таңсық емес. Сондықтан да олимпиадаға қойылатын талаптар күшеюде. Облыстық, республикалық
олимпиада мектеп бағдарламасынан да білімді тереңдетуді қажет етеді. Олимпиадаларда химияны өте жақсы
меңгерген, қызығушылықтары жоғары балалар күш сынасады. Сондай жарыстарға оқушыларды іріктеу
мақсатында бұл курс жүргізіледі, курстың материалдары олимпиада есептерін шығаруы теориялық жағынан
қамтиды. Есептеу есептерін шығару арқылы оқушылардың ойлау қабілеті оқу материалдарын терең меңгеруі
артады. Теориялық алған білімдерін практикада қолдана білу де есептер шығару арқылы жүзеге асырылады.
10.Химиялық формулаларды табу(3 сағ).
Химиялық формулалар бойынша есептеулер жүргізу.
11.Химиялық реакция жылдамдығы (1 сағ).
Термохимиялық теңдеулер арқылы жүргізілетін есептер. Гесс заңдары бойынша реакцияның жылу эффектісін
есептеу. Радиоактивті өзгерістерге есептеулер.
12.Органикалық химияға байланысты есептер (8 сағат).
Алкандар, алкендер, алкадиендер, алкиндер, циклопарафиндер, арендер), қышқыл құрамды қосылыстар (спирттер,
альдегидтер, кетондар, қышқылдар, эфирлер, майлар, көмірсулар). Азотты қосылыстар (нитроқосылыстар,
аминдер, аминқышқылдары, азотты қосылыстар, гетероциклді қосылыстар).
«Химия тәжірибеде» элективті курсының күнтізбелік-тақырыптық жоспары
№ Тақырыбы Негізгі
ұғым
Сағат
саны
1 Химиялық формулалар бойынша есептеулер 1-сағат
2 Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны. 3-сағат
5 Химиялық рекакция теңдеулері бойынша есептеулер 1-сағат
6 Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс 2-сағат
8
Газдардың молярлық көлемі бойынша зат мөлшерін , көлкм бойынша массасын
газдың тығыздығын, салыстырмалы тығыздықты есептеу 1-сағат
9
Газдардың молярлық көлемі бойынша зат мөлшерін , көлкм бойынша массасын
газдың тығыздығын, салыстырмалы тығыздықты есептеу 1-сағат
10 Ерітінді. Ерігіштік. Ерітінді бойынша есептер 1-сағат
11 Ерітінді. Ерігіштік. Ерітінді бойынша есептер 1-сағат
12 Ерітінді. Ерігіштік. Ерітінді бойынша есептер 1-сағат
13 Ерітінді. Ерігіштік. Ерітінді бойынша есептер 1-сағат
14 Тотығу дәрежесі. Тотығу-тотықсыздану реакциялары 1-сағат
15 Тотығу дәрежесі. Тотығу-тотықсыздану реакциялары 1-сағат
16 Құрамында қоспасы бар заттарға арналған есептерді шығару 1-сағат
17 Құрамында қоспасы бар заттарға арналған есептерді шығару 1-сағат
18 Құрамында қоспасы бар заттарға арналған есептерді шығару 1-сағат
19 Олимпияда есептерін шығару 1-сағат
20 Олимпияда есептерін шығару 1-сағат
21 Олимпияда есептерін шығару 1-сағат
22 Химиялық формулаларды табу 1-сағат
23 Химиялық формулаларды табу 1-сағат
24 Химиялық формулаларды табу 1-сағат
25 Химиялық реакция жылдамдығы 1-сағат
26 Тестпен жұмыс 1-сағат
27 Органикалық химия. Изомерия 1-сағат
28 Қаныққан көмірсутек, оның құрамы бойынша изомерін табу 1-сағат
29 Қаныққан көмірсутектер бойынша есептер шығару 1-сағат
30 Қанықпаған көмірсутектер, түрлері, құрамы, изомерлері 1-сағат
31 Қанықпаған көмірсутектер бойынша есептер шығару 1-сағат
32 Араматик көмірсутектер, құрамы, құрылысы 1-сағат
33 Оттекті органикалық қосылыстар 1-сағат
34 Азотты органикалық қосылыстар 1-сағат
Қолданбалы курсқа қойылатын талаптар :
-- курстар санының таңдауға лайық мейлінше көп болуы; - вариативтілігі, әр оқу жылында ғылым мен техниканың
жетістігін ескере отырып, курстарды жаңарта білу;«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ»
секциясы Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ» - қысқа мерзімділігі, яғни оқушылар бір
оқу жылында бірнеше элективті курстарды таңдауға мүмкіндігі болады. Әр тоқсанға арналған элективті курстар
болса өте ыңғайлы болады; - мазмұнының өзіндігі, химия пәнінің ерекшелігін және химияға тән танымдық
әрекетерді(эксперимент, модельдеу, т.б. ) көрсету. Мектеп курсының мазмұнын қайталауға болмайды. курсты
ұйымдастыруда әрекеттік тәсілді қолдану; - курсты оқытуда белсенді оқу әдістерін, жаңа ақпараттық
технологияларды қолдану шеберлігін кеңейту. Бейіндік оқыту сыныптарында (10-11-сыныптар) қосымша
мынандай талаптарды ескерген жөн: - оқушылардың химия ғылымына қызығушылығын арттыру; - бейіндік
деңгейде химияны меңгеруге дайындау; - оқыту барысында химиядан практикалық біліктілігін қалыптастыру
және дамыту. Қолданбалы курстардың жіктелуі. - пәнге бағытталған; - пәнаралық; - қолданбалы. Пәнге
бағытталған қолданбалы курстар. Олардың мақсаты – оқу жоспарына кіретін базалық пәндер бойынша білімді
тереңірек және ауқымды меңгерту. Бұл курстарды былай топтауға болады: - Химияны терең меңгертуге
бағытталған жоғарғы деңгейдегі курстар. Мысалы, "комплексті қосылыстар" , "Ерітінділер теориясы", "Биогенді
элементтер", "Ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру", "Судың қасиеттері", "Компьютерлік моделдеу" Тоығу-
тотықсыздану реакциялары" т.б. - Қоғамдық – гуманитарлық бағытта оқитын оқушылар үшін немесе химия
тереңдетіп оқылатын мектеп оқушыларына арналған бірыңғай ұлттық тестке дайындық мақсатында енетін
қолданбалы курстар. Пәнаралық қолданбалы курстар. Олардың мақсаты – табиғат пен қоғам туралы білімдерді
интеграциялау, дүниенің біртұтас бейнесін қалыптастыру. Мысалы : "Тірі организмдегі химиялық элементтер", "
Биохимияға кіріспе", " Химия және денсаулық" және т.б. Қолданбалы курстар. Олардың мақсаты – химия пәнінің
теориялық негіздерін қолданбалы сипатта пайдалануын мектеп оқушыларына кеңірек және ашық көрсетіп, сол
арқылы олардың білімдерін қалыптастыру. Мысалы : "Қазақстанның химия өнеркәсібінің дамуы", " Химия және
қоғам", "Ғарыш химиясы", " Химия «ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы Секция
«ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ» және медицина", " Химия және тағам" т.б. оқушылардың
қызығушылығын тудырады. Мысал ретінде:
Сан есептерін шығару әдістемесі Сан есептерін оқыту, тәрбиелік маңызы:
1. Сан есептері арқылы жаңа білім алынады, білім нығайтылып, жетілдіріліп қолданылады.
2. Тәрбиелік маңызы: Заттар мен құбылыстардың арасындағы сандық қатынастар жүзеге асады. Оқушынының
диалетикалық және материалистік көзқарасын дамыту. Еңбексүйгіштікті мақсатқа жетуде табандылықты, өзінің
жауапкершілігін арттырады.
Дамытушылық мақсаты: өте терең сан есептерінің үлесі өте кең.
1) Есеп шығару барысын түсіну, талқылау, ой елегінен өткізіп тұжырым жасау.
2) Салыстыру, талдау, жинақтау. Жалпыдан жекеге, жекеден жалпыға ауысып ойлау арқылы оқушының ақыл-ойы
дамиды. Интелектуалдық ақыл - ойы қалыптасады
Қортынды:
ХХI ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алуы үшін, Қазақстанның жан-жақты дамуының
бірден-бір жолы ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Елбасымыз
Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті халық үшін», «бәсекеге қабілетті экономика үшін» - деген
жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз
етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдың бірі» -деген. Қазіргі заман талабына сай, Елбасының
халыққа Жолдауы білім беру ісінде де жыл сайын өзгерістер енгізіп отыр. «Жаңа технологиялық
құзірет» бағдарлай білу өз бетінше білім беруде стратегиялық міндеттерін табысты шешуге
мүмкіндік береді: таңдай білу, талдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, жеткізе білу, жүзеге асыра
білу», -деп атап көрсеткен. Осыны жүзеге асыруда жаңа формацияның педагогы қажет.
Мұғалімдердің жаңа ұрпағы, білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгендей, біршама емес,
әлдеқайда жоғары болуы тиіс.Бұл-уақыттың талабы. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы
келуде. Ол - балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде жүзеге асырылуы орынды. Жаңа тұлға
оқушыны дамыту жолдары: өзін-өзі өзектендіру, өзін-өзі тану, өзін-өзі дамушы тұлға ретінде
қалыптастыруға бағытталған. Демек, мектеп оқушыларының ғылым, білімнің қоғамдық қажетті
деңгейі мен қамтамасыз ету, оларды Отандық, ұлттық және әлемнің мәдениет арналарына
сусындату қажет.
Ыбырай Алтынсарин сөзімен айтқанда мектептің жұмыскер жүрегі – ұстаз. Яғни, негізгі
білім қазығы –бастауыш сынып мұғалімдерінен үлкен үміт күтері сөзсіз. Осы міндеттерді жүзеге
асыруда әр сыныптың ерекшелігі білім деңгейіне сай болуы қажет. Қазіргі заман талабына
бейімделген шәкіртті тәрбиелеп, білім беруде өз тәжірибемде басты өзекті тақырыбымызды: «Жеке
тұлғаға бағытталған оқытуды ұйымдастыру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін
арттыру», - деп атадық.Болашақтың бәсекесіне қабілетті XXI ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім беру
саласының еш назарынан тыс қалған емес. Соған сай ұстаз - ізденімпаз ғалым, нәзік психолог,
тынымсыз еңбеккер, ортаның ұйтқысы, жан-жақты шебер, терең қазыналы білімпаз, гуманист,
белсенді патриот болғанда ғана қоғамның мықты да білікті, жоғарғы мәдениетті, жан-жақты
дамыған, шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелейтінімізге нық
сенімдімін.Әр ұстаз – ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-
жақты шебер, тынымсыз еңбекөор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болу
керек.Ежелгі грек материалисі, философ Демокрит айтқандай, «Еңбек үздіксіз үйренгендіктің
арқасында жеңілдей түседі». Олай болса, жас ұрпаққа үйретері мол аға ұрпақтың ісі өрге жүзіп,
еңбектері үстем болсын.
Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты,
Білімдік бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан да жақын, жаты...
Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді,
Сыйлайды мәңгі бақи беріп төрін, -
деп, Сәбит Мұқанов айтқандай, үнемі сыйлы, қадірлі, сүйікті болып, шәкірттерімізді білім
нәрімен сусындатып, белестерге жете берейік. Сондықтан баланы жеке тұлға ретінде өздігінен
дамуға итермелеуіміз керек. Себебі жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім алу
арқылы өз бетінше дамуын қойып отыр. Бұл мақсатқа жетуде өз бетінше жұмыстардың алар орны
ерекше.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. А.С. Макаренко. Педагогические сочинения. М., «Педагогика»,1988.
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.6-б
3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы // Астана
4. Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында
дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005,
5. К.Құдайбергенова. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерий // «білім сапасын
бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі » атты халықаралық
ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008.
6. . «Химия анықтамалығы» журналы №5, 2013. №3, 2014.
7. Аханбаев К . Химия.- Алматы. «Ана тілі» , 1993
8. «Химия мектепте» журналы №6, 2003; №4, 2004; №3, 2005: №2, 2006; №2,№3 2008.
9. Мырзабаев А. Элементтер – химия негізі. – Алматы. «Рауан», 1990
10. «Денсаулық журналы»№4,2005; №11, 2006; №5, 2007.

More Related Content

Similar to курска дайын тапсырма дана — копия

дарынды оқушымен жұмыс
дарынды оқушымен жұмысдарынды оқушымен жұмыс
дарынды оқушымен жұмысnurbolat84
 
білім беру кәсіби өсуі
білім беру кәсіби өсуібілім беру кәсіби өсуі
білім беру кәсіби өсуіSaule Abdykanova
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»Asem Sarsembayeva
 
садуева а
садуева асадуева а
садуева аoquzaman
 
23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssss23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssssnurlan93kz
 
Құзыреттілік көзқарас мұғалімнің кәсіби мәдениетінің қазіргі тұжырымдамасының...
Құзыреттілік көзқарас мұғалімнің кәсіби мәдениетінің қазіргі тұжырымдамасының...Құзыреттілік көзқарас мұғалімнің кәсіби мәдениетінің қазіргі тұжырымдамасының...
Құзыреттілік көзқарас мұғалімнің кәсіби мәдениетінің қазіргі тұжырымдамасының...ssuser198101
 
221ваываыввввввв
221ваываыввввввв221ваываыввввввв
221ваываывввввввnurlan93kz
 
инновациялық технологияларды пайдалануды жүзеге асыру –жеке тұлғаны қалыптаст...
инновациялық технологияларды пайдалануды жүзеге асыру –жеке тұлғаны қалыптаст...инновациялық технологияларды пайдалануды жүзеге асыру –жеке тұлғаны қалыптаст...
инновациялық технологияларды пайдалануды жүзеге асыру –жеке тұлғаны қалыптаст...Asem Sarsembayeva
 
сөздік
сөздіксөздік
сөздікoquzaman
 
1.3 Білім беру парадигмасының нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы.
1.3 Білім беру парадигмасының нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы.1.3 Білім беру парадигмасының нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы.
1.3 Білім беру парадигмасының нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы.ssuserc6bdf11
 
Жаңартылған білім беру мазмұны
Жаңартылған білім беру мазмұныЖаңартылған білім беру мазмұны
Жаңартылған білім беру мазмұныMarzhanZhumakhan
 
Пед шеберлік 1-2 такырып.ppt
Пед шеберлік 1-2 такырып.pptПед шеберлік 1-2 такырып.ppt
Пед шеберлік 1-2 такырып.pptMarzhanMarzhan4
 
шыгар жоба
шыгар жобашыгар жоба
шыгар жобаoquzaman
 

Similar to курска дайын тапсырма дана — копия (20)

дарынды оқушымен жұмыс
дарынды оқушымен жұмысдарынды оқушымен жұмыс
дарынды оқушымен жұмыс
 
білім беру кәсіби өсуі
білім беру кәсіби өсуібілім беру кәсіби өсуі
білім беру кәсіби өсуі
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
 
садуева а
садуева асадуева а
садуева а
 
23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssss23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssss
 
баяндама
баяндамабаяндама
баяндама
 
Құзыреттілік көзқарас мұғалімнің кәсіби мәдениетінің қазіргі тұжырымдамасының...
Құзыреттілік көзқарас мұғалімнің кәсіби мәдениетінің қазіргі тұжырымдамасының...Құзыреттілік көзқарас мұғалімнің кәсіби мәдениетінің қазіргі тұжырымдамасының...
Құзыреттілік көзқарас мұғалімнің кәсіби мәдениетінің қазіргі тұжырымдамасының...
 
221ваываыввввввв
221ваываыввввввв221ваываыввввввв
221ваываыввввввв
 
салтенова н.с
салтенова н.ссалтенова н.с
салтенова н.с
 
инновациялық технологияларды пайдалануды жүзеге асыру –жеке тұлғаны қалыптаст...
инновациялық технологияларды пайдалануды жүзеге асыру –жеке тұлғаны қалыптаст...инновациялық технологияларды пайдалануды жүзеге асыру –жеке тұлғаны қалыптаст...
инновациялық технологияларды пайдалануды жүзеге асыру –жеке тұлғаны қалыптаст...
 
1329022.pptx.ppt
1329022.pptx.ppt1329022.pptx.ppt
1329022.pptx.ppt
 
сөздік
сөздіксөздік
сөздік
 
1.3 Білім беру парадигмасының нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы.
1.3 Білім беру парадигмасының нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы.1.3 Білім беру парадигмасының нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы.
1.3 Білім беру парадигмасының нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы.
 
тукубаева т.т
тукубаева т.ттукубаева т.т
тукубаева т.т
 
доклад нарикбаева к
доклад нарикбаева кдоклад нарикбаева к
доклад нарикбаева к
 
Жаңартылған білім беру мазмұны
Жаңартылған білім беру мазмұныЖаңартылған білім беру мазмұны
Жаңартылған білім беру мазмұны
 
эссе.doc
эссе.docэссе.doc
эссе.doc
 
Пед шеберлік 1-2 такырып.ppt
Пед шеберлік 1-2 такырып.pptПед шеберлік 1-2 такырып.ppt
Пед шеберлік 1-2 такырып.ppt
 
Мұғалім портфолиосы
Мұғалім портфолиосыМұғалім портфолиосы
Мұғалім портфолиосы
 
шыгар жоба
шыгар жобашыгар жоба
шыгар жоба
 

More from Asem Sarsembayeva

современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитанияAsem Sarsembayeva
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентацияAsem Sarsembayeva
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығуларAsem Sarsembayeva
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктерAsem Sarsembayeva
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человекаAsem Sarsembayeva
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановнаAsem Sarsembayeva
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаеваAsem Sarsembayeva
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевнаAsem Sarsembayeva
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17Asem Sarsembayeva
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдAsem Sarsembayeva
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина мояAsem Sarsembayeva
 
сборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природой
сборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природойсборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природой
сборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природойAsem Sarsembayeva
 

More from Asem Sarsembayeva (20)

урок
урокурок
урок
 
конспект урока
конспект урокаконспект урока
конспект урока
 
современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитания
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентация
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулар
 
тренинг
тренингтренинг
тренинг
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктер
 
чуковский
чуковскийчуковский
чуковский
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человека
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановна
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаева
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевна
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевна
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевна
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17
 
шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.
 
магрупова
магруповамагрупова
магрупова
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайд
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина моя
 
сборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природой
сборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природойсборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природой
сборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природой
 

курска дайын тапсырма дана — копия

  • 1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша педогогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Кәсіби қызметімен байланысты мәселелерді шешуге бағытталған құзіреттіілігін жетілдіру мүмкіндіктерінің элективті курс әзірлеу әдістемесі Орындаған:УтегеноваДана Оралбекқызы Ақмола облысы,Степногорск қаласы Спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының химия-биологиямұғалімі Жетекшісі:Жуманбаева Айгул Оразовна Көкшетау-2017 жыл
  • 2. Мазмұны Кіріспе .................................................................................. I.Негігзі бөлім 1.Химияны жаратылыстану ғылымдары менбайланыстыра оқытудағы элективтікурстардыңмаңызы 2.Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері............................... 3.Химияны оқыту әдістемесінің зерттеу әдістеріжәне оның басқа ғылымдармен байланысы.............................................................................. 4.Химия пәні және ақпараттық технология................................................... Қорытынды............................................................................................................ Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................................................
  • 3. Кіріспе Кәзіргі ғылыми-техникалық даму заманында жоғарғы деңгейде сапалы білім беру мәселесі- ең негізгі мәселелердің бірі болып тұр. Осы бағытта оқушыларға жоғары деңгейде білім беретін, еңбек сүйгішке баулитын, талабын оятып, іздеу салатын мекеме ол – мектеп. Бүгінгі өркениетті дамыған қоғамда білім беру жүйесінің басты мәселелерінің бірі– білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге дейін көтеру. Осы туралы Елбасымыз Жолдауында «Қазақстандағы мектеп уақыт өте келе үздік әлемдік стандарттар деңгейіне көтерілуі тиіс» - деп үлкен нық сеніммен айттып өтті.Еліміздегі білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық дәрежедегі білім көрсеткішінің жоғарылауы мен қазақстандық білім беру жүйесінің белсенділігін арттыру үшін, ең алдымен, ұстаз мамандардың мәртебесі мен дәрежесін арттыру қажет, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету керек, сондай-ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген.Елбасымыздың жолдауында: «Еліміздің ертеңі мен бүгіні - жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры-ұстаздардың қолында» - деген.Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты міндеті – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім ғаламына ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйеніп нәтижеге дарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі кезде негізгі өзекті ой толайтын мәселелердің бірі. Кәзіргі таңда Қазақстанның ең негізгі ғылымдарының бірі – химия. Өйткені Қазақстан пайдалы қазбаларға бай ел. Ол қазбаларды игеру үшін білімді де, білікті мамандар қажет. Ол мамандарды оқыту мектеп қабырғасынан басталады.Қазіргі заманда білім саласында болып жатқан модернизация пән мұғаліміне жаңа талап пен міндеттерді жүктейді. Химия ғылымына деген жалпы қызығушылық мектеп қабырғасында химия пәнінің оқытылуына әсерін тигізеді. Оқушыларға жақсы білім беремін деген мұғалім міндетті түрде жаңаша өзіндік жол табуға ізденеді. Жалпы алғанда «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы – соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл болу арқылы енгізіліп отырған ұғым», - дейді.Құзырлылық латын тілінен аудармасы «сомпетенс» белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынага ие бола отырып отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығарады дегенді білдіреді» деп көрсеткен. Бұл жайлы Б.Тұрғынбаева «... өзінің жасаган практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана білуін – құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтаса, Ресей ғалымы Н.Кузьминаның жеке көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз – педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы», – дейді.Мектеп педагогінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың бірнеше шарттары: Әдістемелік құзіреттілік – оқытудың әр түрлі әдістерімен қарулану, дидактикалық әдістерді білу, оларды оқыту процесінде білім мен іскерлікті меңгерту үшін қолдана білу;Зерттеушілік құзіреттілік – оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, құрылымы туралы жаңа білімді жасау үшін педагогикалық құбылысты, актілерді оқып үйренудің ғылыми әдістерімен қарулану;Басқарушылық құзіреттілік - өз қызметі мен оқушы қызметін басқару тәсілімен, әдісімен қарулану;Ақпараттық құзіреттілік – қазіргі ақпараттық технология – мен қарулану, қажеттісін пайдалану;Коммуникативтік құзіреттілік - өзінің кәсібилігін үздіксіз жетілдіру, жеке және қоғамдық өмірді дамыту.Мектеп педагогінің кәсіби құзыреттілігін бағалаудың жалпы критерийлері:- Педагог
  • 4. қызметінің нәтижелігі, сол нәтижелердің бағалануы, оны түсіну саналылығының болуы;- Өз тәжірибесін, өз әріптестерінің тәжірибесін кәсіби сауатты талдау;- Тілдік мәдениетпен қарулануы, ұстаз тұлғасының байлығы – оның рухани мәдениетінің болуы;- Өз жетістіктерін көру іскерлігі, оған жету жолдарын сауатты түсіндіру; Зерттеу әдістерімен жан-жақты қарулану; Өз пәнімен оны оқыту әдістемесі саласындағы теориялық білімі, іскерлілігінің жоғары болуы. Арнайы құзыреттілік - өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті;Әлеуметтік құзыреттілік - кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті; Білім беру құзыреттілігі - педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.Мұғалім сабақта артурли әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақты білімі қажет. Қазіргі мұғалім: Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;[ Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын; Білімді, іскер, шебер болу керек;Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгерістергізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу.Қазіргі оқушы: Дүниетаным қабілеті жоғары;Дарынды, өнерпаз;Іздемпаз, талапты:Өз алдына мақсат қоя білу керек.Оқыту үрдісіндегі қазіргі қарым-қатынас екі жақты болуы керек. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім козин таба бтлетин жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз кажет.Білім – адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, алга басу, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Қазіргі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менін» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым- қатынастарда өз орнын таба білуге , өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін - әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз унеми көтеріп отыруы тиіс.[ ілімін тұрақты көтеріп отыру – мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, Мемлекет дамуының құралы болып табылады.Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен багаланады . Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл ізденімпаз болса,соншалыкты оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. «Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл болу аркылы ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылық – белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынага ие бола отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді.«Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуметін дамыту қабілеті» - деп түйіндейді белгілі оқымысты Т. Г. Браже. Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы бии керек.Кәсіби құзіреттілік маманның әлеуметтегі дәл осы уақыттағы қабылданған олшемдер мен талапка сәйкес өзінің кәсіби педагогикалық қызметін атқаруға дайындығы мен қабілетін анықтайтын кәсіби білімдер жиынтығы немесе жекелік-кәсіби сипаттама.Кәсіби құзіретті еңбек деп мұғалімнің педагогикалық әрекетті өте жоғары деңгейде атқара алуы, педагогикалық қарым-қатынасқа түсе алуы нәтижесінде оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейінің жоғары болуы деп санаймыз.Кәсіби құзіреттілік кез келген жағдайда беделді ой, кесімді пікір айта алатын білімділердің сипаттамасы ретінде қарастырылады. Сондықтан оның құрылымына әлеуметтік психологиялық, аутопсихологиялық, коммуникативті, педагогикалық-психологиялық, әлеуметтік, перцептикалық құзіреттілік жатады.Мұндағы әлеуметтік, перцептикалық құзіреттілік байқампаздық пен өткірлік, яғни, тұлғааралық қарым-қатынаста баға бере алушылық, салыстыра білушілік, талдау мен рефлексиялау нәтижесінде басқаның бейнесін қалыптаструдан түзіледі.«Ұстаз қандай болса қоғамы сондай» деген бұлжымас заңдылық қай қоғамда да көкейкесті. Сондықтан да бүгінгі күннің негізгі мәселесі - педагогтердің құзіреттілігін үздіксіз дамыту.Өздігінше еркін ойлау қабілеті бар, тәрбие-білім беру үрдісін сипаттай алатын, тәрбие беру және білім берудің жеке технологиялары мен жаңа идеяларын өздігінше іске асыра алатын мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің деңгейін арттыру - өзекті мәселе,
  • 5. себебі, біріншіден, кәсіби құзыретті мұғалім мекептің тәрбие-білім беру процесінде шығармашыл оқушылардың қалыптасуына дұрыс ыкпалын тигізеді; екіншіден, өзінің кәсіби қызметінде жогары нәтижелерге қол жеткізе алады; үшіншіден, кәсіби мүмкіндіктерінің іске асуына жагдай жасайды.Қазіргі таңда мұғалім құзіреттілігін үздіксіз жетілдіруде мынандай бірнеше міндеттер жүктеліп отыр.. Міндеттері: Мамандығы бойынша негізгі дайындығы болуы; Адамдардың адамға, қоғамға қатынасын реттейтін құқықтық және адеп нормаларын білуі; Қазіргі білім беру технологиясын пайдалана отырып жаңа білім алуы және өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білуі; Акпаратты техниканы меңгеріп оны қолдана білуі . Ғылыми іскерлік, қоғамдық, саяси, және тұрмыстық тілдер ауқымында мемлекеттік және шетел тілдерінде сөйлей білуі. Білім беру құзіреттілігі – білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субьектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті. Әрине, устаздыкка кездейсоқ адамдар келмеуі керек тиіс деп ойлаймын . Мұғалімдік маман атына заты лайық болуы керек. Мұғалім-оқушыға қай жағынан болсын өзін-өзі ұстауы, сөйлеуі, жүріс-тұрысы, киім-киісі жағынан болсын үлгі. Бұл жағдайда оқушының жеке адам ретінде қалыптасуына жанама әсер етуі мүмкін Оқушыларды сыйлау, олардың құқығын, ар- намысын сыйлау. Оқушының ар-намысын сыйламаған, құқығын аяққа таптайтын ұстазды оқушы да сыйламайды, ұстаз оқушыларына тәлім-тәрбие бере алмайды. Мұғалімнің өз жұмысына ықылассыздығы, жүрдім-бардым қарауы оқушыға тікелей әсер етеді. Талап қоя білмейтін, оқу процесін ұйымдастыра алмайтын мұғалім ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмақ емес.Осы бағытта педагогтің кәсіби мәдениеті төмендегідей сипатталады..  оқу үрдісінде химия пәнінен кәсіби қызметімен байланысты мәселелерді шешуге бағытталған құзіреттіілігін жүзеге асыру барысында оқу әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі принциптерін білу;  білім беру жүйесіндегі болып жатқан күнделікті өзгерістерді жете түсініп, рөлін және оларды дамыту перспективаларын көру;  оқу үрдісінде оқу материалын оқытуы мен оқушылардың химиялық білімді саналы меңгеріп, алған білімдерін іс жүзінде қолдану ерекшеліктерін және дағдыларын дамыту эдістері мен құралдарын айқындап білу 1.Химияныжаратылыстануғылымдарыменбайланыстыра оқытудағыэлективтікурстардың маңызы Қазіргі таңдағы оқушыларды химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқытудың жағдайын талдай отырып, олардың негізгі ерекшеліктері анықталды: жеке білім беретін пәндерді тереңдетіп оқыту; саралай оқыту; оқушылардың өз қабілеттері, икемдері мен қажеттіліктеріне сәйкес жеке білім траекториясын таңдап алуы; білімі әртүрлі дәрежедегі оқушылардың қабілеттеріне, жеке икемдері мен қажеттіліктеріне сәйкес деңгейлеп оқыту; оқушыларды әлеуметтендіру, оларды кәсіби тұрғыдан өзіндік орын анықтай білуге дайындау; жалпы және кәсіби білім беру арасындағы байланыстың болуын, мектеп бітірушілерді жоғары кәсіби оқу орындарының бағдарламаларын игеруге дайындау; төрт курс түрлері бойынша: базалық жалпы білім беруші курстар, бейінді курстар, қолданбалы курстар және таңдау бойынша курстарынан әртүрлі комбинациялар жасау мүмкіндігі; негізгі мектеп оқу жоспарына міндетті
  • 6. таңдау курстары мен оқушылардың келешек оқу бағдарын таңдауына әсер ететін кәсіби сынықтарды енгізу арқылы бейіналды дайындықты іске асыру. Химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра элективті курсты пайдаланып оқытудың негізгі идеясы – оқушыларға таңдау мүмкіндігін беру болып табылады. Оқушылардың химия пәнінен терең білім алуының негізгі формасы ретінде таңдау бойынша курстары – элективті курстарды атауға болады. Пәнаралық байланысты оқыту жүйесіндегі элективті курстар негізгі мектеп оқушыларының мектептің жоғары сатысында болашақ бейін бағытын саналы түрде таңдап алуға көмек көрсетуші және жеке білім беру траекториясын құруға мүмкіндік беретін құрал болып табылады. Қазіргі кезде бейіналды курстардың нақты белгіленген типологиялары жоқ, көбінесе Білім беру жүйесінде Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі бекіткен типтік оқу бағдарламалары қолданылады. Типтік оқу бағдарламаларын негізге ала отырып, мұғалімдер бейіналды элективті курс бағдарламаларын өздігінен жасайды. Кез келген оқу бағдарламасы сияқты элективті курс бағдарламасы да белгілі бір технология бойынша жасалатын және белгілі талаптарға жауап беретін нормативті құжат. 2.Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері. Химияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым әрі оқу пәні. Химия – заттардың бір – біріне өзгеруін зерттейтін ғылым. Демек, химияны оқыту әдістемесі мектептің химия курсындағы осындай заңдылықтарды оқушыларға үйрету жолдарын, түсіндіру тәсілдерін зерттейтін педагогикалық ғылым деп түсінуіміз керек. Оған оқу үрдісін ұйымдастыру, оқушылардың танымдық іс – әрекетіне басшылық, сарамандық дағдылар мен іскерліктер қалыптастыру, шығармашылық қабілеттер мен ғылыми дүниетанымдық көзқарастарды дамыту жатады. . Химияны оқыту әдістемесі әрі ғылым, әрі оқу пәні ретінде оқытудың мазмұнын, оқу әдістерін тәрбие жұмысымен бірлікте, өзара байланыста зерттейді. Оқытудың заңдылықтарын ашумен қатар, оқытудың мазмұн – мақсатын , әдістерін, оқыту формалары мен құралдарын, оқытушы мен оқушының іс – әрекетін бір – біріне ажыратпай біртұтас қарастырады. Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін объектісі сол пәнді оқыту әрекеті. Оқыту, педагогика, дидактика және әдістеме ғылымы тұрғысынан түсінуге болатын күрделі әрекет болып табылады. Педагогикалық тұрғыдан қарастырғанда оқыту дегеніміз – жасөспірімнің бойында ұжымдық тәрбиені сіңіру. Дидактикалық жағынан алғанда, оқыту білім берудің мазмұнын жасөспірімдерге жеткізу ісіндегі сабақ беру бірлігі. Ал әдістемелік тұрғыдан алғанда оқыту – нақтылы оқу пәнінің материалын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру мен оқытдың бірлігі. Химияны оқыту әдістемесі ғылыми оқыту әрекетін әдістемелік деңгейде зерттейді.Оқыту әрекетін, тұтастай алғанда дидактика зерттейді.Ол оқыту әрекетінің мәнін ашып береді, заңдылықтары мен негіздерін саралайды. Дидактика бір жағынан, оқытудың теориясын жасайды, екінші жағынан сол теорияны оқыту арқылы оқытудың сарамандығын жетілдіреді.. 3.Химияны оқыту әдістемесінің зерттеу әдістері және оның басқа ғылымдармен байланысы
  • 7. Осының алдында ғана баяндалған химияны оқыту әдістемесін зерттеуді төрт мәселеге топтастыруға болады. Химияны оқыту әдістемесі алдымен химия ғылымымен тығыз байланысты қарастырылады. Себебі, химияны оқыту әдістемесі мектеп химиясының мазмұнын анықтауда шешуші роль атқарады. Мектеп химиясы оқушыларға химия ғылымы ашқан теориялар мен заңдылықтарды, деректерді, ұғымдар мен түсініктердің негізін үйретеді. Химиядан оқу материалын іріктегенде, көрнекі көрсетілетін және зертханалық тәжірибелерді жетілдіруде, көрнекі құралдардың жаңа түрлерін жасауда, оқытудың формалары мен әдістері қолданылады. Оларға жататындар: оқу материалын іріктеу, химия ғылымының мазмұнын әдістемелік талдау, бұрыннан қолданылып келе жатқан көрнекіліктерді, зертханалық тәжірибелерді, көрнекі құралдарды жетілдіру және жаңадан ұсыну оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарының тапсырмаларын жасауы т.б. Химияны оқыту әдістемесі зерттеу объектісі және әдістері жөнінен, ең алдымен, дидактикамен байланысты. Өзінің ең негізгі міндеті – химия пәнінен білім берудің мазмұнын анықтағанда химия ғылымының қол жеткен жетістіктеріне дидактикалық талдау және іріктеу жасайды. Химия жаратылыстану ғылымдарының жүйесінде физика, биология, геология ғылымдарымен тығыз байланысты. Қазіргі заманғы ғылымдардың көптеген тараулары осы ғылымдардың түйісу шегінде қалыптасқан: физикалық химия, геохимия, биохимия. Әсіресе, химия мен биология арасындағы терең байланыс негізінде медициналықхимия, агрохимия секілді жаңа ғылым салалары дүниеге келді.Сонымен қатар, экология, геохимия, космостық медицина секілді кешенді ғылымдар қалыптасты. Химия ғылым ретінде пайда болғалы бері физикамен тығыз байланыста дамып келеді.Физиканың көптеген тараулары химия ғылымының ғылыми – теориялық аппаратын құрайды. Қазірігі кезде химия ғылымында пайдаланылып келе жатқан әдістер негізінен физикалық әдістер болып табылады. Олар массаның, көлемнің, жылудың сандық өзгерісімен байланысты. Сонымен қатар, химияны оқытуда заттың әртүрлі агрегаттық күйдегі макроскопиялық қасиеттері мен заттың бір күйден екінші күйге өтуінің заңдылықтарын түсіндіруге мүмкіндік беретін материяның атомдық – молекулалық құрылысы туралы түсініктерге негізделген молекулалық физиканың маңызы үлкен.Химия – заттардың бір түрден екінші түрге айналуын, құрамы мен құрылысын зерттейтін ғылым. Басқаша сөзбен айтқанда, химияда да, молекулалық физикада да заттың құрылысы мен қасиеттері негізге алынады, соған қарамастан заттың құрылысы мен құрамының оның химиялық қасиеттеріне, ал молекулалық физикада физикалық қасиеттеріне әсері негізге алынады. Осыған байланысты орта мектепте химия мен молекулалық физиканы байланыстыра оқыту мәселесі қарастырылады. 4.Химия пәні және ақпараттық технологиялар XXI ғасырда жаратылыстану ғылымдарының жаңа бір саласы ақпараттандыру қарқынды дамып келеді.Ол барлық білім беру процестерінде электроника, техника және бағдарламалық қамтамасыз ету пәндерімен ұштасқан сапалы білім тірегіне айналып отыр. Қазіргі заманғы ғылыми – техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Сондықтан қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің оқу – тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелігін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Қазіргі таңда ғылыми техниканың даму қарқыны оқу – ағарту саласының оқу үрдісіне жаңа технологиялық әдістермен технологияларды қолдануды кең көлемде қажет етеді.
  • 8. Білім берудің негізгі мақсаты білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс – тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Химия XXI ғасыр ғылымы. Сондықтан да ол жаңа ақпарат технологияларымен тығыз байланысты. Қазіргі кездегі білім беру жүйесінде негізгі мақсат оқушыға жеке тұлға ретінде қарап оның дамуына көп көңіл бөлуде. Міне осы жағдайда технологиялардың көмегі зор. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллекткалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады. Интерактивті тақта мектеп сыныптарында әр пән бойынша, соның ішінде химиядан зертханалық сабақтарды өткізген кезде оның құрылғылары қолданылады.Мысалы, ерітіндінің рН мәнін анықтау және температураны өлшеу құрылғысы, еріген оттегі құрылғысы судағы оттегі концентрациясындағы нақты уақытты анықтауға мүмкіндік береді. Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды анықтаған кезде немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта тестілеу әдісін қолдануға болады. Оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді. Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы тестілеген кезде мұғалім оқушылардың білім деңгейін анықтай алады. Оқушыға тест сұрақтарына жауап беруі үшін уақыт беріледі. Бұл жүйе тұйық оқушылардың ойын білдіріп, жалқау оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушылар жауаптарын құпия түрде бере алады.Заттар әлемін (олардың құрамын, құрылымын, бір заттың басқа затқа айналуын) зерделей отырып, оқушылар практикалық қызмет үшін тиянақты білім алуы тиіс. Осыған байланысты күнделікті сабаққа: -мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды); -зертханалық тәжірибелер; -компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта); -анықтамалық мәліметтер (сӛздік, энциклопедия, карта, деректер қоры); -интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді. Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне де байланысты. Ақпараттық технология негіздері тұлғаның химия пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушыны дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады. Жалпы оқушылардың ақпараттық технология негіздерінен алған білімі арқылы:  Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады.  Шығармашылық қабілеттері артады.  Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады.  .Оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды.  Экологиялық сауатты болуға үйренеді.  Тағамның химиялық құрамының зияндылығын іс-тәжірибелер барысында анықтайды.  . Химиялық технологияны меңгеруге ұмтылыс пайда болады. Жаңа ақпараттық техникаларын пайдалану соңғы уақытта мектептегі білім беру жүйесінде маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Мектептегі химия сабағын компьютердің көмегіне сүйеніп өткізуге көп мүмкіндіктер жасалған.Жаңа материалды түсіндіруде интерактивті компьютерлік графиканы пайдалануды көздейтін ақпараттық – бағдарламалық құралдарды пайдалануға болады. Химия пәні бойынша компьютерлік тестілеуді қолдану оқушылардың
  • 9. интеллектуалдық бойынша компьтерлік тестілеуді қолдану оқушылардың интеллектуалдық танымын арттырады. Оқушылар бір тестілеуден жақсы нәтижеге жеткенше бірнеше қайтара өтеді. Бұл тестілердің барлығы химия бойынша минимум талаптарына сәйкес келеді. Келесі бір маңызды жағдай уақытты үнемдеу. Аз уақыттың ішінде бағдарламаның көптеген қиын сұрақтарын формулалар мен эксперименттер көрсету арқылы түсіндіріліп, бекітіледі.. Жалпы химия сабағында көбіне деңгейлеп оқыту технологиясының элементтерін, тесттік әдісті, ақпараттық технологияны, яғни компьютерлік техниканы қолданған дұрыс.. Сонымен қатар химия сабағында дайын дидактикалық материалдарды дайындау үшін суреттерді, плакаттарды сызып дайындау қажет, ал интерактивтік тақтаның көмегімен бізге қажетті реакция теңдеуін, суретін аламыз және әр оқушы осыған қарап отырып пайдаланып, қаламсаптың көмегімен сызып көрсете алады. Мыс» тақырыбынан үй тапсырмасын сұрау үшін алдынғы сабақтан VІ тараудан қысқаша түсінік сұрау қажет. Оқушылар үй тапсырмасына ұяшықтар арқылы жасырын сұрақтарға тез жауап бере алады және көп оқушыдан сұраққа жауап алып, сол арқылы олардың ойлау қабілеттері де дамиды. 1. Қай элемент ең белсенді металл болып табылады? Неге? (цезий (Сs) атомынан сыртқы электрон жеңіл үзіледі, сондықтан Сs – ең белсенді металл және өте күшті тотықсыздандырғыш.) 2. Сілтілік металдардың физикалық қасиеті. (кристалдық тор құрылысының ерекшелігіне тәуелді. Олардың тығыздығы аздау кубтық көлемі ценрлі тор типі бойыншакристалданады. Барлық сілтілік металдар күмістей ақ түсті олар жұмсақ. бұл металдар жеңіл балқиды. Балқу температурасы литийден цезийге қарай төмендейді) 3. Натрий, калий, кальций және магнийдің графиктік формуласын жазындар. Табиғатта таралуы. (мұхиттарда, өзендерде, көлдерде, Арал теңізінде) 4. NaCL – ас тұзы, Na2SO4 – натрий сулфатын, шыны, сода, медицинадақолданылатын, глаубер тұзы деп аталады. Na2CO3 – натрий карбонаты ол сабын қайнатуда, мата, тері, фармацевтика өнеркәсіптерінде, шыны, альюминий, дәрі-дәрмек өндірісінде қажет. Сабақты қорытындылау мақсатында «Реакцияны жалғастыр» деген және жеңіл есептерді шығару әдістерін пайдалануға болады. Мұнда әрбір реакцияның жүру жағдайын оқушылар тез – тез жазып көрсетеді, әрі соған сәйкес есепті орындайды. Мысалы: 1. Na → NaOH → Na2CO3 → NaCL → Na  2Na + 2H2O = 2NaOH + H2↑  2NaOH + CO2 = Na2CO3 + 2H2O  Na2CO3 + CaCL2 = Ca CO3 + NaCL  NaCL = Na + CL 2. Са → СаО → Са(ОН)2 → СаСL2 → Са 3. Mq → Mq O → MqSO4 → Mq(NO3)2 т.с.с. № 6 есеп Бер: m(Fe)=10г Т/к: m(Cu) 10г Хг Шешуі: Fe+CuSO4= FeSO4+Cu 56г 64г
  • 10. Х=10*64/56=11,4 Жауабы: 11,4г Жалпы химия пәнін оқытуда инновациялықтехнологияларды пайдалану арқылы мынадай нәтижелерге жетуге болады :  түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;  оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік тудырады;  оқушылардың әрқайсысының деңгейін анықтау мүмкіндігі туады;  оқушылар өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;  оқушылардың өзіне деген сенімі пайда болады;  бағалау жеңіл болады. Бүгінгі таңда қауіпсіздік техникасына көп көңіл бөлінуде. Осыған байланысты химия пәнінде улы заттармен тәжірибе жасай алмағандықтан, электрондық оқулықтарды пайдалану арқылы компьтердің көмегімен ондай тәжірибелерден үзінділер көрсетіледі. Бір ғана мысал, 9 – сыныпта «Азот оксидтері» тақырыбын өткен кезде, азот(IV) оксиді - улы газ, оның зертханада алыну жолы тәжірибесі электронды оқулықтан көрсетіледі Cu + 4HNO3 (конц) = Cu (NO3)2 + 2NO +H2O Химиктердің өмірі мен қызметі жайында компакт – дискілерде кең қамтылған. Рефераттар жазуда оқушылар атақты химиктердің өмірбаяны жөнінде энциклопедиялық мәліметтер ала алады.Олар оқушыларға заттар және олардың халық шаруашылығында қолдануы туралы мәліметтер алуға көмектеседі. .Республикамызда білім беру жүйесі мен білімді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселеге айналды. Заман ағымына сай күнделікті сабаққа видео, аудио мен теледидарды, компьтерді, интерактивті тақтаны қолдану айтарлықтай нәтижелер береді. Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметті нақтылауға мүмкіндік береді. «Химия тәжірибеде» элективті курс бағдарламасы Түсінік хат «Химия тәжірибеде» элективті курс бағдарламасы оқушылардың химия пәнінен алған теориялық білімдерін есеп арқылы кеңейте отырып, ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылар теориялық білімдерін іс жүзінде қолданумен қатар, химиялық есептер оқушылардың тыңдау қабілетін дамытуға,дәстүрлі емес жағдайда білімін қолданып, шығармашылық деңгейде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Оқушылардың есеп шығаруы арқылы, олардың қызығушылығы оянады, шабыттанады пәнге деген көзқарасы өзгеріп шабыты артады . Қазіргі таңда оқушының білімділігі мен тәрбиелілігі- оның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Бұл элективті курс бағдарламасы арқылы оқушылар химиялық теңдеулер,химиялық формулалар,газдардың көлеиі және салыстырмалы тығыздығы т.б. ұғымдарға байланысты есептерді шығаруда дұрыс пайдалануға дағдыланады.Есеп шығарып,жаттығулар орындау білімді тексеру ғана емес,сонымен қатар оқушыларды өздігінен ізденуге де дағдыландырады.Оқушылар өз білімдерінің жетіспейтін тұстарын анықтап, онымен жұмыс істеуге,қосымша және арнайы әдебиеттерді пайдалануға үйренеді.Есеп шығару барысында оқушының білімі,зердесі,ойлау қабілеті дамумен қатар,химиялық білімді,заңдарды,құбылыстарды тереңірек түсінуі қалыптасады. Оқулықтардың теориялық білімін баянды етуде,ой-өрісін кеңейтуде химиядан сандық есептер шығарудың маңызы зор, сондықтан бұл бағдарламада есептер теориялық материяға негізделеді, сандық мәліметтер пайдаланылады. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына ,
  • 11. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы негізіндегі «Химия» пәніннің типтік оқу бағдарламасын басшылыққа алып әзірленген. Бағдарлама аптасына 1 сағат, жылына 34 сағатқа құрылған. Курстың мақсаты мен міндеттері: Курстың мақсаты: Оқушылар мектептік бағдарламада қаралған және олимпиадалық тапсырмаларды шешуге үйрету ғана емес, сонымен бірге түлектерге арналған конкурстық емтихан тапсырмаларды үйрету. Курстың міндеті: 1. есептердің негізгі типін шешуге әртүрлі әдіс және тәсілдерді пайдалану, сандық шешу есептер, алгоритмдерді қолдану. 2. Кейбір жаттығуларды шешу қосымша әдебиеттерді қажет етеді және терең теориялық материалдар қажет. 3. Оқушылардың жаңа материалды игеруін тексеру және оны практикада қолдану. 4. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту. Күтілетін нәтижелер: Оқушылар білуге тиісті: - химиялық формуланы білу, - эквивалент түсінігі, - Авогадро заңы, - Гесс заңы - заттардың концептрациясының түрлері, - ерігіштік көбейтіндісі түсінігі, - тотығу-тотықсыздану реакциялары, - электролиз түсінігі, - бейорганикалық заттардың құрамы, - органикалық заттардың құрамы, Оқушылар анықтауға тиісті: - заттардың химиялық формуласын, - қосылыстардың, заттар қоспасын және құймалардың құрамын, - химиялық реакциялардың типі, Оқушылар есептеуге тиісті: - химиялық формула бойынша, - эквиваленттік қатынас заңының негізінде, - реакциялардың жылу эффектілерін, - еріген заттың концептрациясы, - ерігіштік ұғымы, - электрқозғалыс күшін, - тепе-теңдік константасын, реакция өнімінің шығымын, өнімнің шығуына реагенттердің концентрациясы және қысымның әсері.
  • 12. Оқушылар құруға тиісті: - реакция термохимиялық теңдігі, - тотығу-тотықсыздану реакциясын, - неорганикалық және органикалық молекулалардың бір-біріне айналуы, Оқушылар білуі тиіс: - әртүрлі әдістермен сандық есептерді шешу, - күрделі жаттығуларды шешудің рационалды әдістерін табу. Оқу-әдістемелік жоспары Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат. 1. Химиялық формулалар бойынша есептеу (1 сағ) Заттардың химиялық формуласын анықтау. Химиялық формулалар бойынша есептеулер жүргізу. «Эквивалент» ұғымына байланысты есептер. Эквиваленттік қатынастар заңына есептер шығару. Зат мөлшері, газдардың молярлық көлемі, газдардың салыстырмалы тығыздығы ұғымдарына есептер шығару. Химиялық реакциялардағы газдардың көлемдік қатынасына есептеулер. Қалыпты газдардың күйі теңдеуі, клайперон-Менделеев теңдеуіне арналған есептер. Бірдей жағдайдағы газдар қоспаларына есептер шығару. Заттардың және құймалардың құрамын анықтауға арналған есептеулер. Термохимиялық теңдеулер арқылы жүргізілетін есептер. Гесс заңдары бойынша реакцияның жылу эффектісін есептеу. Радиоактивті өзгерістерге есептеулер. 1. Зат мөлшері. Моль.Авогадро саны бойынша есептеу. (3 сағат) Зат мөлшері, газдардың молярлық көлемі, газдардың салыстырмалы тығыздығы ұғымдарына есептер шығару. Химиялық реакциялардағы газдардың көлемдік қатынасына есептеулер. Қалыпты газдардың күйі теңдеуі, клайперон-Менделеев теңдеуіне арналған есептер Әртүрлі концентрациялардағы ерітінділерді араластыруға арналған есептерді шығарудың жай әдісі, алгебралық әдісі және крестеу ережесі. Заттардың ерігіштігіне арналған есептер. Еріген заттардың молярлы, моляльды, нормальды концентрациясын есептеу. Ерітінді құрамындағы компоненттердің молярлық үлесін есептеу. Концентрация өзгертілген жағдайда есептеулер жасау. Әлсіз қышқыл мен негіз ерітінділеріндегі сутек ионы және гидроксид иондарының концентрациясына есептеулер жүргізу. Гидролизденген тұздар ерітінділеріндегі сутек ионы концентрациясына арналған есептер. Ерігіштік көбейтіндісіне есептер шығару. 1. Химиялық теңдеулер бойынша есептеу (1 сағат) Химиялық қосылыстардың бір-біріне айналуы, оларды ажырату,химиялық теңдеулер түрінде жазу,оларды теңестіру. Бейорганикалық молекулалардың бір-біріне айналу өзгерістері. Бейорганикалық және органикалық заттар өзгерістерін жүзеге асыру. Айналулар арқылы заттар алу. Химиялық қосылыстарды ажырату. Тотығу- тотықсыздану әдістеріне есептер шығару. Электр қозғаушы күшті анықтау. Әртүрлі қосылыстар мен қоспа құрамындағы ерітінділердің электролизденуіне сандық есептеулер жүргізу. 4.Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс. (2 сағат) Бейорганикалық молекулалардың бір-біріне айналу өзгерістері. Химиялық қосылыстардың бір-біріне айналуы, оларды ажырату Реакция жылдамдығы константасы және активтену энергиясына байланысты есептеулер жүргізу. Әрекеттесуші заттар концентрациясының реакция жылдамдығына әсеріне арналған есептер.Тепе-теңдік константасы, реакция өнімінің шығымын есептеу, реакция шығымына әрекеттесуші реагенттер концентрациясының және қысымның әсерін зерттеулерге арналған есептер. 5.Газдардың молярлық көлемі бойынша есептер (2 сағат) Химиялық реакциялардағы газдардың көлемдік қатынасына есептеулер. Қалыпты газдардың күйі теңдеуі, клайперон-Менделеев теңдеуіне арналған есептер. Бірдей жағдайдағы газдар қоспаларына есептер шығару. Заттардың және құймалардың құрамын анықтауға арналған есептеулер.
  • 13. 6,Ерітінділер бойынша есептеулер. (4сағ). Әртүрлі концентрациялардағы ерітінділерді араластыруға арналған есептерді шығарудың жай әдісі, алгебралық әдісі және крестеу ережесі. Заттардың ерігіштігіне арналған есептер. Еріген заттардың молярлы, моляльды, нормальды концентрациясын есептеу. Ерітінді құрамындағы компоненттердің молярлық үлесін есептеу. Концентрация өзгертілген жағдайда есептеулер жасау. Әлсіз қышқыл мен негіз ерітінділеріндегі сутек ионы және гидроксид иондарының концентрациясына есептеулер жүргізу. Гидролизденген тұздар ерітінділеріндегі сутек ионы концентрациясына арналған есептер. Ерігіштік көбейтіндісіне есептер шығару. 7.Тотығу дәрежесі. Тотығу-тотықсыздану реакциясы (2 сағ). Тотығу-тотықсыздану әдістеріне есептер шығару. Электр қозғаушы күшті анықтау. Әртүрлі қосылыстар мен қоспа құрамындағы ерітінділердің электролизденуіне сандық есептеулер жүргізу.Электрон баланс бойынша теңестіру. 8.Құрамында қоспасы бар заттарға арналған есептер (3сағ). Бірдей жағдайдағы газдар қоспаларына есептер шығару. Заттардың және құймалардың құрамын анықтауға арналған есептеулер. Термохимиялық теңдеулер арқылы жүргізілетін есептер алкандар, алкендер, алкадиендер, алкиндер, циклопарафиндер, арендер), қышқыл құрамды қосылыстар (спирттер, альдегидтер, кетондар, қышқылдар, эфирлер, майлар, көмірсулар). Азотты қосылыстар (нитроқосылыстар, аминдер, аминқышқылдары, азотты қосылыстар, гетероциклді қосылыстар). 9.Олимпиада есептерін шығару (3 сағ). Қазіргі кезде баланы дамыту және дамуына жағдай жасау керектігі ешкімге таңсық емес. Сондықтан да олимпиадаға қойылатын талаптар күшеюде. Облыстық, республикалық олимпиада мектеп бағдарламасынан да білімді тереңдетуді қажет етеді. Олимпиадаларда химияны өте жақсы меңгерген, қызығушылықтары жоғары балалар күш сынасады. Сондай жарыстарға оқушыларды іріктеу мақсатында бұл курс жүргізіледі, курстың материалдары олимпиада есептерін шығаруы теориялық жағынан қамтиды. Есептеу есептерін шығару арқылы оқушылардың ойлау қабілеті оқу материалдарын терең меңгеруі артады. Теориялық алған білімдерін практикада қолдана білу де есептер шығару арқылы жүзеге асырылады. 10.Химиялық формулаларды табу(3 сағ). Химиялық формулалар бойынша есептеулер жүргізу. 11.Химиялық реакция жылдамдығы (1 сағ). Термохимиялық теңдеулер арқылы жүргізілетін есептер. Гесс заңдары бойынша реакцияның жылу эффектісін есептеу. Радиоактивті өзгерістерге есептеулер. 12.Органикалық химияға байланысты есептер (8 сағат). Алкандар, алкендер, алкадиендер, алкиндер, циклопарафиндер, арендер), қышқыл құрамды қосылыстар (спирттер, альдегидтер, кетондар, қышқылдар, эфирлер, майлар, көмірсулар). Азотты қосылыстар (нитроқосылыстар, аминдер, аминқышқылдары, азотты қосылыстар, гетероциклді қосылыстар). «Химия тәжірибеде» элективті курсының күнтізбелік-тақырыптық жоспары № Тақырыбы Негізгі ұғым Сағат саны 1 Химиялық формулалар бойынша есептеулер 1-сағат 2 Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны. 3-сағат 5 Химиялық рекакция теңдеулері бойынша есептеулер 1-сағат 6 Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс 2-сағат 8 Газдардың молярлық көлемі бойынша зат мөлшерін , көлкм бойынша массасын газдың тығыздығын, салыстырмалы тығыздықты есептеу 1-сағат 9 Газдардың молярлық көлемі бойынша зат мөлшерін , көлкм бойынша массасын газдың тығыздығын, салыстырмалы тығыздықты есептеу 1-сағат 10 Ерітінді. Ерігіштік. Ерітінді бойынша есептер 1-сағат
  • 14. 11 Ерітінді. Ерігіштік. Ерітінді бойынша есептер 1-сағат 12 Ерітінді. Ерігіштік. Ерітінді бойынша есептер 1-сағат 13 Ерітінді. Ерігіштік. Ерітінді бойынша есептер 1-сағат 14 Тотығу дәрежесі. Тотығу-тотықсыздану реакциялары 1-сағат 15 Тотығу дәрежесі. Тотығу-тотықсыздану реакциялары 1-сағат 16 Құрамында қоспасы бар заттарға арналған есептерді шығару 1-сағат 17 Құрамында қоспасы бар заттарға арналған есептерді шығару 1-сағат 18 Құрамында қоспасы бар заттарға арналған есептерді шығару 1-сағат 19 Олимпияда есептерін шығару 1-сағат 20 Олимпияда есептерін шығару 1-сағат 21 Олимпияда есептерін шығару 1-сағат 22 Химиялық формулаларды табу 1-сағат 23 Химиялық формулаларды табу 1-сағат 24 Химиялық формулаларды табу 1-сағат 25 Химиялық реакция жылдамдығы 1-сағат 26 Тестпен жұмыс 1-сағат 27 Органикалық химия. Изомерия 1-сағат 28 Қаныққан көмірсутек, оның құрамы бойынша изомерін табу 1-сағат 29 Қаныққан көмірсутектер бойынша есептер шығару 1-сағат 30 Қанықпаған көмірсутектер, түрлері, құрамы, изомерлері 1-сағат 31 Қанықпаған көмірсутектер бойынша есептер шығару 1-сағат 32 Араматик көмірсутектер, құрамы, құрылысы 1-сағат 33 Оттекті органикалық қосылыстар 1-сағат 34 Азотты органикалық қосылыстар 1-сағат Қолданбалы курсқа қойылатын талаптар : -- курстар санының таңдауға лайық мейлінше көп болуы; - вариативтілігі, әр оқу жылында ғылым мен техниканың жетістігін ескере отырып, курстарды жаңарта білу;«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ» - қысқа мерзімділігі, яғни оқушылар бір оқу жылында бірнеше элективті курстарды таңдауға мүмкіндігі болады. Әр тоқсанға арналған элективті курстар болса өте ыңғайлы болады; - мазмұнының өзіндігі, химия пәнінің ерекшелігін және химияға тән танымдық әрекетерді(эксперимент, модельдеу, т.б. ) көрсету. Мектеп курсының мазмұнын қайталауға болмайды. курсты ұйымдастыруда әрекеттік тәсілді қолдану; - курсты оқытуда белсенді оқу әдістерін, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану шеберлігін кеңейту. Бейіндік оқыту сыныптарында (10-11-сыныптар) қосымша мынандай талаптарды ескерген жөн: - оқушылардың химия ғылымына қызығушылығын арттыру; - бейіндік деңгейде химияны меңгеруге дайындау; - оқыту барысында химиядан практикалық біліктілігін қалыптастыру
  • 15. және дамыту. Қолданбалы курстардың жіктелуі. - пәнге бағытталған; - пәнаралық; - қолданбалы. Пәнге бағытталған қолданбалы курстар. Олардың мақсаты – оқу жоспарына кіретін базалық пәндер бойынша білімді тереңірек және ауқымды меңгерту. Бұл курстарды былай топтауға болады: - Химияны терең меңгертуге бағытталған жоғарғы деңгейдегі курстар. Мысалы, "комплексті қосылыстар" , "Ерітінділер теориясы", "Биогенді элементтер", "Ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру", "Судың қасиеттері", "Компьютерлік моделдеу" Тоығу- тотықсыздану реакциялары" т.б. - Қоғамдық – гуманитарлық бағытта оқитын оқушылар үшін немесе химия тереңдетіп оқылатын мектеп оқушыларына арналған бірыңғай ұлттық тестке дайындық мақсатында енетін қолданбалы курстар. Пәнаралық қолданбалы курстар. Олардың мақсаты – табиғат пен қоғам туралы білімдерді интеграциялау, дүниенің біртұтас бейнесін қалыптастыру. Мысалы : "Тірі организмдегі химиялық элементтер", " Биохимияға кіріспе", " Химия және денсаулық" және т.б. Қолданбалы курстар. Олардың мақсаты – химия пәнінің теориялық негіздерін қолданбалы сипатта пайдалануын мектеп оқушыларына кеңірек және ашық көрсетіп, сол арқылы олардың білімдерін қалыптастыру. Мысалы : "Қазақстанның химия өнеркәсібінің дамуы", " Химия және қоғам", "Ғарыш химиясы", " Химия «ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ» және медицина", " Химия және тағам" т.б. оқушылардың қызығушылығын тудырады. Мысал ретінде: Сан есептерін шығару әдістемесі Сан есептерін оқыту, тәрбиелік маңызы: 1. Сан есептері арқылы жаңа білім алынады, білім нығайтылып, жетілдіріліп қолданылады. 2. Тәрбиелік маңызы: Заттар мен құбылыстардың арасындағы сандық қатынастар жүзеге асады. Оқушынының диалетикалық және материалистік көзқарасын дамыту. Еңбексүйгіштікті мақсатқа жетуде табандылықты, өзінің жауапкершілігін арттырады. Дамытушылық мақсаты: өте терең сан есептерінің үлесі өте кең. 1) Есеп шығару барысын түсіну, талқылау, ой елегінен өткізіп тұжырым жасау. 2) Салыстыру, талдау, жинақтау. Жалпыдан жекеге, жекеден жалпыға ауысып ойлау арқылы оқушының ақыл-ойы дамиды. Интелектуалдық ақыл - ойы қалыптасады Қортынды: ХХI ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алуы үшін, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Елбасымыз Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті халық үшін», «бәсекеге қабілетті экономика үшін» - деген жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдың бірі» -деген. Қазіргі заман талабына сай, Елбасының халыққа Жолдауы білім беру ісінде де жыл сайын өзгерістер енгізіп отыр. «Жаңа технологиялық құзірет» бағдарлай білу өз бетінше білім беруде стратегиялық міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді: таңдай білу, талдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, жеткізе білу, жүзеге асыра білу», -деп атап көрсеткен. Осыны жүзеге асыруда жаңа формацияның педагогы қажет. Мұғалімдердің жаңа ұрпағы, білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгендей, біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс.Бұл-уақыттың талабы. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол - балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде жүзеге асырылуы орынды. Жаңа тұлға оқушыны дамыту жолдары: өзін-өзі өзектендіру, өзін-өзі тану, өзін-өзі дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Демек, мектеп оқушыларының ғылым, білімнің қоғамдық қажетті деңгейі мен қамтамасыз ету, оларды Отандық, ұлттық және әлемнің мәдениет арналарына сусындату қажет. Ыбырай Алтынсарин сөзімен айтқанда мектептің жұмыскер жүрегі – ұстаз. Яғни, негізгі білім қазығы –бастауыш сынып мұғалімдерінен үлкен үміт күтері сөзсіз. Осы міндеттерді жүзеге асыруда әр сыныптың ерекшелігі білім деңгейіне сай болуы қажет. Қазіргі заман талабына бейімделген шәкіртті тәрбиелеп, білім беруде өз тәжірибемде басты өзекті тақырыбымызды: «Жеке тұлғаға бағытталған оқытуды ұйымдастыру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру», - деп атадық.Болашақтың бәсекесіне қабілетті XXI ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім беру саласының еш назарынан тыс қалған емес. Соған сай ұстаз - ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз еңбеккер, ортаның ұйтқысы, жан-жақты шебер, терең қазыналы білімпаз, гуманист,
  • 16. белсенді патриот болғанда ғана қоғамның мықты да білікті, жоғарғы мәдениетті, жан-жақты дамыған, шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелейтінімізге нық сенімдімін.Әр ұстаз – ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан- жақты шебер, тынымсыз еңбекөор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы болу керек.Ежелгі грек материалисі, философ Демокрит айтқандай, «Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі». Олай болса, жас ұрпаққа үйретері мол аға ұрпақтың ісі өрге жүзіп, еңбектері үстем болсын. Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты, Білімдік бар биікке шығар саты. Ең алғаш басталады осы адамнан, Сүйеді сондықтан да жақын, жаты... Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді, Сыйлайды мәңгі бақи беріп төрін, - деп, Сәбит Мұқанов айтқандай, үнемі сыйлы, қадірлі, сүйікті болып, шәкірттерімізді білім нәрімен сусындатып, белестерге жете берейік. Сондықтан баланы жеке тұлға ретінде өздігінен дамуға итермелеуіміз керек. Себебі жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім алу арқылы өз бетінше дамуын қойып отыр. Бұл мақсатқа жетуде өз бетінше жұмыстардың алар орны ерекше. Пайдаланылған әдебиеттер 1. А.С. Макаренко. Педагогические сочинения. М., «Педагогика»,1988. 2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.6-б 3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Астана 4. Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 5. К.Құдайбергенова. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерий // «білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі » атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008. 6. . «Химия анықтамалығы» журналы №5, 2013. №3, 2014. 7. Аханбаев К . Химия.- Алматы. «Ана тілі» , 1993 8. «Химия мектепте» журналы №6, 2003; №4, 2004; №3, 2005: №2, 2006; №2,№3 2008. 9. Мырзабаев А. Элементтер – химия негізі. – Алматы. «Рауан», 1990 10. «Денсаулық журналы»№4,2005; №11, 2006; №5, 2007.