SlideShare a Scribd company logo
1 of 19
1
«Тағылымды тәрбие ошағы – сыныптан тыс жұмыстар»
Айкынбаева Мадина Мураткызы
№3 Аршалы орта мектебінің
тарих пәнінің мұғалімі,
Ақмола облысы, Аршалы ауданы
Үстіміздегі ғасыр – жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Олай
болса, мұғалімдердің алдында тұрған бірден – бір мақсат – оқушылардың алған білімдерін
пайдаға асырып, өздігінен әрекет ете алатын, оларды түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін,
өзіндік көзқарасы бар азамат болып жетілуіне көмектесу. Бүгінгі күнгі біздің ұрпақ,
таңдауында шексіз мүмкіндік туған заманда өмір сүріп жатыр. Оқушыны болашағына дұрыс
таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай – ақ өзінің өміріндегі
өзгерістер ағымына икемделе білетін, қабілетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр.
Оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы көбінесе сыныптан тыс жұмыстар
барысында жүзеге асады. Сыныптан тыс жұмыс – бұл мұғалімдер мен оқушылардың
сыныптан тыс уақыттағы әртүрлі іс – әрекеттері мен іс – шараларын ұйымдастыру болып
табылады.
Болашақ ұрпақтың тәрбиелі, өнегелі, өмірге бейім, өз елінің нағыз патриоты етіп
тәрбиелеуде күнделікті сабақпен бірге сыныптан тыс жұмыстардың маңызы ерекше.
Оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар – оқу-тәрбие жұмысының құрамды
бөлігі болып табылады. Оның негізгі мақсаты оқушыларды жан-жақты дамытуға
бағытталады және бүкіл тәрбие міндеттерін тиімді шешуге көмектеседі.Ұрпақ тәрбиесі мен
ұлттық, патриоттық тәрбие беруде тарих пәнінен өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың
алатын орны ерекше.
Қазақстандық отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, елдегі барлық халықтарды достыққа
тәрбиелеу аса маңызды міндет. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев
мемлекеттік білім құжаттарында маңызды орынды патриоттық тәрбиеге береді. Патриоттық
тәрбиені ұрпақ бойына сіңіру үшін әр уақыттағы қазақ халқының басынан өткен оқиғаларды
айта отырып түсіндіру маңызды.
Оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыруда тарих сабағының орны ерекше.
Себебі тарих-адамзаттың басынан өткерген тәжірибесіне, мәдени құндылықтарына
негізделген. Тарихты оқытудағы басты мақсат - дүниежүзілік дамудағы адамзаттың орны
ерекше екендігін, ол жасаған бүкіләлемдік құндылықтарды білетін, оларды Қазақстанның
дамуы үшін пайдалануға ынталы, жан - жақты жетілген, өзінің тарихи тамырларын,
қоғамдағы орнын түсінетін белсенді азаматтарды қалыптастыру. Осындай міндеттерді
жүзеге асыруда тарих пәнінен сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырудың маңызы зор. Өз
жерінің қадір-қасиетін біліп, танып өскен ұрпақ сол елдің нағыз патриот азаматы болмақ.
Тарих сабағына қосымша іс-шаралардың өткізілуі оқушылардың адамгершілігі жоғары
сапалы азамат болып қалыптасуына үлес қосады. Тарих сабағын оқыту көп ізденістерді, сан
түрлі әдістемелік тәсілдерді қажет етеді. Ізденетін мұғалімдер болса ғасырлар қойнауында
тұнып жатқан бай шежірелер баршылық.
Заман талабына сай мұғалім, оның ішіндегі Тәуелсіз, зайырлы Қазақстанның тарих
пәні мұғалімі жан жақты, білімді, өз ісін өте жақсы білетін ұлттық идеологиямен сусындаған
азаматтар болуға тиісті. Ендеше бұл көп ізденісті, талмай еңбектенуді қажет етеді.
2
Шәкірттерімнің танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін сыныптан тас
жұмыстарды жиі өткізіп тұрамын. Сыныптан тыс жұмыстар оқушыларды ерлікке,
өжеттілікке, батылдық пен шапшаңдылыққа үйретумен қатар, мәдениетті сөйлесуге,
ептілікке, тапқырлыққа баулиды және бұл сабақта балалардың белсенділігі артады, бір -
бірімен бәсекеге түсу арқылы оқуға, көп білуге ынтасы өседі. Ол тәрбиеге де, оқу ісіне де зор
ықпалын тигізері сөзсіз. Назарларыңызға өткізілген сыныптан тыс жұмыстардың
жоспарларын ұсынамын.
Тақырыбы: «Ғасырға бергісіз – 25 жыл!»
(тарихи сахналық-бейне қойылым)
Мақсаты :
1.Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін
салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын
қалыптастыру Тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақ халқының аяулы
ұлдарының ерлігімен таныстыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын
ояту.
2.Қазақстанның болашақ дамуына жеке тұлға ретінде әр оқушының өзіндік үлес қоса алатынын және Отан
алдында азаматтық парызы бар ұғындыру.
3. Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.
Көрнекілігі: «ХХ ғасыр басындағы Қазақстан», «Зұлмат жылдар», «Алаш зиялылары» «Желтоқсан», «Тәуелсіз
Қазақстан» бейнефильдері, «Тәуелсіздік белесі-ұлы арман кемесі» тақырыбында баннер, қабырға газеттері,
кітап көрмесі, тәуелсіздікдің 25 жылдығына арналған оқушылар қолымен жасалған бұйымдардың көрмесі.
1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен
Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
2 жүргізуші: Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке
қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің
өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз
Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние
дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан
Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау
жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Сөз: «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген!»
Көрініс: «Жеңіліс пен Жеңіс » биі
Бидің қасында оқылатын (Ақ пен Қара)
Ей, жас ұрпақ,жауқазыным,көктемім!
Беймәлім бе,саған менің өткенім,
Білесің бе, халқын азап шеккенін,
Арпалысып өтті ме олар теп- тегін?
«Елім - айды» құлағыңа ілдің бе,
Сырым неге көтерілді,білдің бе?
Мансұқ етіп еліктірген ермекті
Тарихыңның қойнауына кірдің бе?
Не жетпеді Кенесары тарланға,
Не үшін өлді ер Исатай арманда,
Алаш үшін жанын қиған боздақтар
Сатты ма олар Ұлт намысын арзанға?
Шаттанғанда туды ғой деп азат күн
Неткен аштық қырып салған
қазақты.
Ел басына кімдер әкеп
төңкерді.
Отызыншы жылдардағы
азапты?
Тастатпауға бүкіл ұлтты
күресуге,
Өз елінде жүрмеу үшін бүрсеңдеп,
Желтоқсанда көтерілген жас ұлан
Тәуелсіздік жаршысы олар.
Біл сен де!
Флешмоб: «Алға Қазақстан»
Дефиле: 25 жылдықтың жетістіктері
3
Айза (сахна артында):
Қазір елім достықтың гүлістаны,
Қуаныштың, бақыттың ырыс бағы.
Мейрамдарын елімнің бірге тойлап,
Мұнда сан ұлт қосылып гүл ұстаған.
Орнап отыр елімнің тәуелсіздігі,
Қолға тиді елдің ерік тізгіні.
Ұлты үшін жанын берер ұлдары,
Дербес, берік мемлекетпіз біз бүгін.
Әнұраным қайрат беріп шырқалған,
Елтаңбам бартөрден орын ол алған.
Тілім алып мемлекеттік мәртебе,
Көк туым бар көк аспанмен ұштасқан.
Ел басқарған Нұрсұлтандай атам бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Ақ ниетті халық деген данам бар.
Томирис:
Өзіңе бүгін қызыға елім қарадым,
Шалқытып көңіл, шарықтап енді
барамын.
Тарихты терең үңіліп еске аламыз,
Ғұлама жылдар судырлатқанда
парағын.
Тәуелсіз жылдар сыйласын елге ғажабын,
Қалсыншы артта көрген бір ауыр азабың.
Саналы әрі ұлтжанды болып ұрпағың,
Шалқи бер мәңгі, шалқи бер мәңгі қазағым!
Ән «Мекенім Қазақстан»
1-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
2-жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман,жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Ән:
1-жүргізуші:
Ата-бабам аңсаған,
Күрес салып шаршаған,
Тәуелсіздік таңы атты-
Бақыттымын мен содан!
Бізге мұра қалалар,
Бізге мұра дала бар!
Тәуелсіздік тұғырын,
Қадірлейік, балалар!
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік жылдары біздің Қазақстан аймақтарына қандай өзгерістер әкелді?
Еліміз қандай жетістіктерге жетті? Осыған назар аударып көрелік.
1-оқушы (Томирис Ақылбекова):
Еліміздің батысында Каспий мен Жайықтың ерке толқындарын аялай,
қанатын кеңге жая керіле-көсілген Атырау да еңселі елдің егемендігіне еселі
үлес қосып келе жатқан өлке. Мұнайы мен газы, пайдалы қазба байлығы,
дүниежүзілік нарықта теңдесі жоқ бекіре тұқымдас балығы мен уылдырығы
өркенді экономиканың өрісін кеңейтіп, ел мен жердің ырысы мен ынтымағын
асырып, Исатай мен Махамбеттей қынынан қылыш суырған батыр бабалардың рухын асқақтатқан абыройлы
атырап.
2-оқушы (Меруерт)
Атырау -өлке бабалар кескен кіндігін
Аналар ашқан ақ отаудың түңдігін.
Арғы да бергі тарихын оның паш етіп,
Атағын айдай асыратындай күн бүгін.
Атырау- өлке үстімен ұйтқып асқан жел
Сәріде сағым сәукелесін алып қашқан бел
Шұбар ту ұстап Исатай менен Махамбет,
Еңсесі биік ерлердің басын қосқан жер.
3-оқушы (Диас):
Тәуелсіздік жылдары Ақтөбе облысында 139 денсаулық сақтау нысаны іске қосылып, 293-і жөндеуден өтті.
Тәуелсіздік жылдары өңірдегі мектепке дейінгі балалар ұйымы 76- дан 503-ке дейін өскен. Соңғы 10 жылда 40-
4
тан астам жалпы білім беретін мектеп пайдалануға берілген
4-оқушы (Назым):
Ақтөбе...
АқадырлыАбыз дала,
Ақ қырат куә болған аңызға да..
Ақ шағыл, мақпал бұйрат, ақтаңдағын,
Ақтарыпайтаалады Қобызғана...
Ақбозат - аруақтыерлер ер салдырған,
Ақнайза - дұшпанынаненші алдырған.
Наргиз Мирболатова:
АқсәлдеАбыз-АсанЖерұйықдеп,
АқтаңдаЖелмаяменжершалдырған.
Ақ төбе... Арқалаған ғұмырына Ар,
Ақ сөздің сарқыты мен тұнығы дәл.
Ақ қырда дәуірлерді дүбірлеткен,
Ақтаңгер Қобыландынын тұғыры бар.
5-оқушы (Асан):
Ақ терін төккен ел деп ер Бөкенбай,
Ақ туын жықтырмаған Намысыңның!
Ақ маңдай бақ бұйырған әлім жастан,
Ақ дастархан арылмаған бауыр достан.
Ақ кептер Әлия қыз ақ қанатты,
Ақ жанмен қалың жаудан қапқан оқты.
Ақсауыт аласармас рухымен.
Ақ алғыс... Батыр деген таққан атты.
Ақ нұрды ақ өлкеге Ием берген,
Ақ төсің аруактардан кие өңгерген.
Аққанат армандардың тәтті елесі,
Ақ қардай адалдықтың ақ кемесі.
Ақ түйенің қарыны жарылған той,
Ақсарбас!
Азат елдің Ақтөбесі!
6-оқушы Еркежан:
Бұл өңір мұнай тапқанға дейін Гурьев облысына қарасты бір аудан, бір қала болды. Қазір сол өңірде
экономикасы дамыған үш қала мен бес ауданнан тұратын Маңғыстау облысы бар. Кеңестік дәуірде мұнай
өндіретін «Мангышлакнефть» деп аталатын өндірістік бірлестік болды. Ол бірлестік 1970-1980 жылдары 20
млн тоннадан асатындай мұнай өндіріп тұрды.
Ал, қазір қалай? Өз мұнайымыздың билігі өзімізге тиген жиырма бес жыл ішінде өңір қалай құлпырды, таң
қаласыз!
Тәуелсіздік жылдарында мұнай өндіруден түскен қаражаттарға жаңа мектеп ғимараттары, жаңа емханалар,
басқа да әлеуметтік маңызды нысандар бой көтеріпті.
7-оқушы Азиз:
Құмы – мамық бұл жердің, суы балдай,
Жүр біреулер киесін ұғына алмай.
Балқаймағын, шұбатын тосыпалдан,
Барсаң бәрі күтеді дымы қалмай.
Сонда сен де сезесің Маңғыстаудың
Шыңы қандай, шыңтектес ұлы қандай
Ән: «Туған жер»
8-оқушы Мадина:
Ардақтаймын мәртебелі атыңды,
Ескермеске амалым жоқ затыңды,
Астықты өлке астанасы –Қостанай,
Өмірімнің нәрі – наның татымды,
«Дәнің болса -әнің» тұрарасқақтап,
Бармашіркін, молшылықтан асқанбақ,
Ел ырысыастығымыз мол болсын,
Берекелі, мерекелі асқар шақ..
9-оқушы Ерқанат:
Маған сондай ұнадың, әсем қала Өскемен,
Кешегіңе қарасам, мұраларың өшпеген.
5
Бүгініңе қарасам, болашағың өскелең,
Бар тілегім өзіңе: өркендей бер, өс дер ем!
Гүлім: Шығысымның шырайлы орталығы Өскемен,
Сені көрсем, құдай-ау, салтанатты көш көрем.
Ата берсін арайлап, аппақ нұрлы таңдарың,
Тәуелсіздік дем беріп, дами бергей күн санап.
10 – оқушы Томирис:
Қазақстанның «Солтүстік қақпасы» аталатын Петропавл қаласының қазіргі келбеті де әлдеқайда ажарлы.
Шаһардың бұрынғы бейнесі сақтала отырып қазіргі заман талабына сай абаттандырылуда. Қаланың орталық
алаңында Қазақстан Республикасының рәміздеріне арналған сәулетті композиция бой көтерді.
11 - оқушы Асель: Арқаның кербез сұлу Көкшетауы
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан-жақтан ертелі кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен-сауын.
Сексен көл Көкшетаудың саясында.
Әрқайсы алтын кесе аясында,
Ауасы дертке дауа, жұпар иісі―
Көкірек қанша жұтса, тоясың ба?
Би: 5 сынып
12-оқушы Динара
Тәуелсіздік жылдарында Оңтүстік Қазақстан облысы табысы зор, ырысы мол өлкеге айналды. Бүгінде
республика халқының 15 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысын мекендейді. Демек, бұл өңір – ұлтымыздың
ұйытқысы, еліміздің еңселі биігі, мемлекетіміздің мәйегі.
13-оқушы Дильназ
Қызылорда нұрлы қала, бақ қала
Жыр етемін мен әлемге мақтана
Сондадағы көз алдымнан кетпейді
Әуесінен нұр құйылған ақ қала.
14-оқушы Меруерт:
Сонаузаман, ел заман, ерлерзаман,
Таразым дүниеге келгензаман.
Дүбірлетіп Түркілер өткен заман,
Ат үстінде ойнақтап небір тарлан.
Бәрі-бәріболғандай қас-қағымда,
Тура жол тек шындыққа бастады да,
Таразым тамырымсың бастауалған.
Өшпестей боп, мәңгіге таңба салған.
15-оқушы Томирис, Ханифа:
ТҮРКІСТАН - ЕКІ ДҮНИЕ ЕСІГІ ҒОЙ,
ТҮРКІСТАН – ЕР ТҮРІКТІҢ БЕСІГІ ҒОЙ.
ТАМАША ТҮРКІСТАНДАЙ ЖЕРДЕ ТУҒАН
ТҮРІКТІҢ ТӘҢІРІ БЕРГЕН НӘСІБІ ҒОЙ.
ЕРТЕДЕ ТҮРКІСТАНДЫ ТҰРАН ДЕСКЕН
ТҰРАНДА ЕР ТҮРІГІМ ТУЫП ӨСКЕН
ТҰРАННЫҢ ТАҒДЫРЫ БАР ТОЛҚЫМАЛЫ
БАСЫНАН КӨП ТАМАША КҮНДЕР КЕШКЕН!
16-оқушы Альбина:
Алматының – сағындырды аймағы!
Алатаудың асқаралы айбары.
Көркін жүрген тамаша ғып кешегі
Кеңсайдағы бар қазақтың қаймағы...
Көктөбеде күліп қалған көктемім,
Көктеміме қылдай өкпем жоқ менің!..
Қайыңы мен қарағайы қайысқан
Киелі жер, кеттім алыс...
Сөкпегін!
Ән: «Түркістан»
17-оқушы Дощанова Наргиз:
Көне халықтың ежелгі мекені Ақмола - көркем әрі бай өлке. Ол республикамыздың солтүстігінде шарықтап
ұшуға қомданған қыран қанатындай болып кең көсіліп, кербез жатыр. Оның құнарлы топырағы мен таспадай
6
тартылған өзен-көлдері, алабы атшаптырым жайылымдықтары мен бай кен орындары, таусылмас орман
байлығы, кәсіпшілік аң мен балық молшылығы әлмисақтан-ақ оған деген адамдар қызығушылығын арттырып,
өзіне баурап келеді.
18 – оқушы: Ләйлә
Астана! туған елдің жүрегісің,
Өзіңнен бастау алар өрелі ісім.
Шаһарлар толып жатыр, бірақ та сен,
Бәрінен бірегейі, бөлегісің.
Астанам – асқарымдай көрінесің,
Өлең боп көкірегімнен өрілесің,
Бойыма рух беріп тұрғаннан соң,
Анық-ау ұтылмасам, жеңілмесім
Күлменай: Домалап қазағымның өргетасы,
Думанмен дүрілдесін аспан асты.
Биіктеп Бәйтеректей, зәулімденіп,
Асқақтайбер, елімнің Астанасы!
Ән: «Астана»
1-жүргізуші:
Тәуелсіздік- тілегім,
Тәуелсіздік- тірегім.
Ертеңі деп елімнің,
Дүрсілдейді жүрегім!
2-жүргізуші: Жыр арнадым еліме тебірене,
Үміт артам елімнің ертеңіне.
Тәуелсіздік алғалы халқым менің,
Отаным жылдан-жылға гүлденуде!
Ән:
1-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жетсе екен жылы ағыс.
Егемендік- ел бақыты, ертеңі,
О, халайық, құтты болсын қуаныш!
2-жүргізуші:
Көгілдір аспанымыз ашық болсын!
Күніміз жарқыраған жарқын болсын!
Төгілген мейірім мен шапағатқа,
Төрімде тәуелсіздік құтты болсын!
Тәуелсіздік жырын жырлап ғарыштан,
Қазағыммен бүкіл әлем танысқан.
Келешегі кең өрісті, кемелді,
Жайна мәңгі тәуелсіз ел- Қазақстан!
Хор: Тәуелсіз Қазақстан
«Елі сүйген, елін сүйген, Елбасы!»
(тарихи-сахналық кеш)
Мақсаты:
1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір
жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке
азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу
Көрнекілігі:слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент» 1
желтоқсан-Президент күніне орай өткізілген тәрбие сағаты.
Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет.
Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
7
1 жүргізуші: Қ.Аманжолов:
Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
2 жүргізуші: Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының
бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін
тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға
күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін
еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді
1 жүргізуші: Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!
2 жүргізуші: Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.
1 жүргізуші: Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!
2 жүргізуші: Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік салтанатты жиын ашық
деп жарияланады.
Г И М Н
Видео « ҚР тұңғыш президент күні»
2 жүргізуші: Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
1 жүргізуші: Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!
Видео «Н.Назарбаевтың өмірі мен қызметі»
1 оқушы: Ардақты ағайын, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық
сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім.
Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттілік
тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.
2 оқушы: Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш
Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына
деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін
шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.
3-оқушы:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған
ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына,
бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз
өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына
бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
4-оқушы:
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия
комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ
қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын
меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне
көтерілді.
5-оқушы:
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде
басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау
қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін
хатшы болды.
6-оқушы:Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
7-оқушы.1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты
8
Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
«Видео және би Елбасы елдің тұтқасы»
Видео « Рәміздер»
8-оқушы:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы
Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет»
деп жариялады.
9-оқушы:1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,
Ту, Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шот аман Уәлиханов.
10-оқушы: Шаңырақ –Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік,
босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан
елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның
жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын,
қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып,
жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.
11-оқушы: Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында
шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол
жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған –суретші
Шәкен Ниязбеков.
(Ту ұстаған оқушылар залдың 2 жағынан жүріп өтіп сахнаға тұрады.)
Видео және ән «Көк тудың желбірегені»
12-оқушы:1993 жылы 15-қарашада Қазақстан
Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге
айналымға енді.
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраны бар
Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?
13-оқушы:
1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның
тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.
«Ата Заң»
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:
“Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!”
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.
Ермек Өтетілеуұлы.
14-оқушы:Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес
1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның
Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
15-оқушы: 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң
жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
Ән: “Астана әні және видео” артына шармен балалар шығады , сосын оны лактырып флеш моб билейді.
9
Артынан видео «Кербез тобы – Астана», слайд
16-оқушы: 2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.
Егемен елім әнұраны жанарды,
“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.
«Би» Қазақ елі
17-оқушы: «Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
18-оқушы:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
Видео және ән «Ризамын»
19-оқушы:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
20-оқушы:
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса,жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.
Ән: «Жаса Қазақстан!»
1 жүргізуші: Азаттық, теңдік әлемі,
Шаттыққа елді бөледі.
Тағдыры тарих өрелі
Көк тудың желбірегені!
2 жүргізуші: Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.
Тұңғыш Президент күні мерекесіне байланысты мектебіміздің көркеюі мен сапалы білім беруге өзіндік үлесін
қосып жүрген мұғалімдер марапатталады. Марапаттау үшін мектебіміздің директоры Байдилдина Гүлнар
Мырзахметовнаны ортаға шақырамыз.
Бір басында кемеңгерлік, даналық,
Елін сүйген елі үшін жаралып.
Сол кісідей болса - болсын әр алып
Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін Тұңғыш Президенттің күні
Әсем әнді шырқата бір салалық!
Ән «Ия солай»
Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді
ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап
беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
1 жүргізуші: Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне байланысты мерекелік салтанатты жиын
жабық деп жарияланады.
Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)
10
"Ұлт тарихы-Ұлы тарих"
тарихи-сахналық кеш.
Мақсаты:
а) Отаншылдыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.
ә) Адамгершілікке, адамдарға деген мейрімділікке тәрбиелеу.
б) Қазақ хандығының құрылу процесін, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес
мемлекеттің мемлекеттік деңгейде құрылуына ықпал еткен тұлғалармен
тереңірек таныстыру.Керей мен Жәнібек, Қасым, Тәуке, Абылай хандары,
Бөгенбай, Қабанбай батыр туралы, үш жүздің билері: Төле би, Қазбек би, Әйтеке би туралы әдебиеттерді оқу
арқылы бабаларымыздың ерлігін бағалай біліуге тәрбиелеу, сол арқылы еліне деген сүйіспеншілігін арттыру,
еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: слайд презентация, видео, суреттер, буклет, қосымша әдебиеттер.
Қазақ елі-музыка сөзімен. Музыка бәсеңдегенде 2 жүргізуші шығады.
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы,
халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл. "Ұлт
тарихы-ұлы тарих" атты тарихи-сахналық кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші: Иә, бұл мереке - Ұлы мереке, шың мәніндегі ұлы мереке. Ежелден қазақтың ең асыл мұраты
еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреген ақындарымыз “Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас” деп
жырлайтын еді. Арғы замандарды айтпағанның өзінде, тек кейінгі екі ғасырдың ішінде халқымыздың өз
бостандығы жолында екі жүзден астам ұлт - азаттық көтерілістерге шыққандығы – осының дәлелі.
1-жүргізуші: Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектенуін жоюға әрекет
жасау Жошы ұрпақтары - Керей мен Жәнібектің үлесіне тиді.
Рухы мен тілін жанындай сүйген,
Адамдар неге санаулы?
Ұлт үшін дәуір отына күйген,
Аталар болды алаулы.
Армандай асқар,
Жолдарға бастар,
Ісіңнен ұрпақ от алар.
Қалмайсың көштен,
Шықпайсың естен,
Тағдыры шыншыл аталар.
Көрініс :
Жәнібек: Ассалаумагалейкум!
Кіші аға: Уагалейкумасссалам! Жәнібек екенсін ғой, аман-есен оралдыңба?
Жәнібек: Шүкір.
Кіші аға: Нағашыларыңның ауылы аман бекен?
Жәнібек: Бәрі де аман – есен. Жә кіші аға, анау не қалың қол?
Кіші аға: Е, қарағым-ай, сыртқы жаулар тыныш жатпаған секілді
ғой, Керей сұлтан жаларға қарсы қол аттандырады дейді. Анау
Керей сұлтанның қолы. Неше күннен бері осында жиналып, бүгін
солай қарай аттанып барады.
Жәнібек: Осы орыққа қатынассамба деген тілекпен, нағашы
атамнан бата алып , ат мініп келіп ем. Япырай, сәл кешігіп
қалғаным ай.
Кіші аға:Ойбай-ау балам, Жәнібек, жау осымен құрып кетпес.
Нағашы атаңнан бата алсаң, енді апаңнан да бата аласың. Қарғам, асығып жау тілемесең де, бұл жорыққа
аттаңар күн, тағы келер. Жәнібек балам, тым асығып кетпе, әуелі үлкендерден бата аласың, арауқты
шаңырақтардан бата аласың. Десе де, екі ауыз кеңесім бар, қабыл алсаң тыңда. Жолынан тосады екен деме,
тоспаймын, Жәнібек сен әлі жассын, бұғанан әлі қатқан жоқ, бұдан кейін де жорықтарға қатынассан да кеш
емес.
Жәнібек: Кіші аға, жатсам, тұрсам, әкемнің өлімі көз алдыманан кетпейді. Әкемнің қазасы көз алдыма елестесе
болды, көкейімді ашу кернеп, өзімді ұтай алмаймын.
Кіші аға: Япырай деген.
Жәнібек: Онда кішкентай бала едім, енді ат мініп, азамат болдым. Әке кегін қайтармасам, намыс қой маған.
Егер жорыққа атанып кетіп жатсам, ауыл аймаққа , мал жанға көзінізді саларсыз.
Киіз үйге кіреді.Екікішкентай бала әжесіне жүгіріп барып, « апа, апа, Жани ағам келді.Апа, Жани ағам келе
жатыр.
Апасы: Не дид? Айнлайын, қарғам. Аман оралдыңба? Жоғары шыға ғой. Жолына қарап екі көзім төрт болды,
құлыным. Қалай, ол жақтағы нағашы жұрт, ел тегіс аман бекен?
Жәнібек: Дін аман.
Апасы: Аман болса болды. Балам, Күңгей, қымыз әкел.
11
Жәнібек: Шаша апа, сізден рұқсат сұрағалы отырмын. Тілегіңізді бересізбе? Жорыққа аттаным. Әкемнің кегін
аламын. Әке аруақ алдында борышымды өтеем деймін.
Апасы: Балам, отымның алды, суымның тұңығы. Маңдайыма біткен күн едің. Үйде туып, түзде өлетін
азаматсың ғоц. Батасзкетіп қаларсың. Жолыңнан қақсам, сағын сыңар.Батаңды берейін.
Жәнібек: Батаңызға зәрумін.
Апасы: Балам, саған не деп бата берейін. Үмітімнің жарығын өзіннен көріп ем, әкеннің аартыңдағы белгісі сен
деп едім. Бар қазағанды көріп, жаратқан Алла сенің алдыңда алса
екен деп едім.
Саған тілек тілесім,
Әуелі жолы болса екен деймін.
Жебе алдыңнан тисе, анаңның ақ сүтін ақтағанын,
Жебе артыңнантисе, анаңның қарызын қайтарғанын.
Әуелі қосындытап, онан соң досыңды тап.
Сен үшін тілеңбеген, не телек қалсың?
Қай қашанда жолың болсын! Әумин!!!
Жәнібек: Апа, Алла жол беріп, арауақ қолдаса, бойымда барымды
өзіңіздің ақ сүтіңізбен, еліме арнаймын.
Апасы: Бара ғой, балам! Жолын болсын.
Шауып барып,кетіп бара жатқан Керей сұлтаннын қалың қолына барып қосылады.Демалып жатқа
жауынгерлерге келеді.
Жәнібек: Ассалаумагалейкум, батыр ағалар!
Жауынгер: Кел, Жәнібек екенсің ғой. Отыр. Жорыққа қатысқалы келдіңбе?
Жәнібек: Рахмет. Иә, Керей сұлтанмен бір қол астында болып, жауларға қарсы соғыссамба деген ойым бар.
Жауынгер: Е, балам, тегеуірінің тас түлектің тегеуірініне ұқсайды екен. Алла тағала, сені бекерге жаратпаған
екен.
Дабыл: Аттаныңдар, аттаныңдар, жігіттер!!!!
Ұлы шайқас орны. Киіз үйде Керей сұлтан уәзірлеріменберге отырады.Жәнібек ішке кіреді.
Керей: Кешегі шайқаста, маған ат ауыстырған сенсіңбе?
Жәнібек: Иә, солай, Керей сұлтан!
Керей: Тосқауылға қоюға бала санадым. Батырдың сөзін сөйлеп жан тасаладын. Айтқанымды орындап, атқа
мінбейтін болсам, басымды өзім шаба салам дедің.
Жәнібек: Сұлтан, алдыңыда иемін бас. Айтқаныңыздың бәрі рас.
Керей: Атыңа мінбесем, айтқаныңды құлағыма ілмесем, сілтермедің қылышты.
Жәнібек: Расыңда, сілтер едім.
Керей: Не себептен?
Жәнібек: Әуелі өз ел ардагерлерін аялайды ғой. Сізді мен аяғанымен жау аямас. Алтын басыңызды жау кессе,
ел намыс табаңға тапталады емес пе? Батырлық етпей ақын таппайтын, батылық етпе бақыт таппайтын кездер
болады, алдияр.
Керей: Ат бергеннен, сөз бергенін асты ғой. Саыста саспайтын батылдығынды көрдім. Жауыңды
жаңыштайтын батырлығынды көрдім. Енді ал менен қалағанынды.
Жәнібек: керей деген кең сұлтан, басқалармен тең елміз, талабымызды қабыл алсаңыз, он тізеңізден орны
берсеңіз. Сізбен біріге отырып, қуатты хандық құрсам, бұдан асқан бақыт барма маған.
Керей: Сендей батыр туған елге,он тізесінен орын бермеген сұлтанда әділдік болама? Мына орынды Жәнібекке
бер.Тілегіңді орындаймын деген сертім бар. Енді қутты хандық құруға да ешқандай кедергі жоқ деп білемін. Ел
болып, Қосыбасы таудың етегіне, Шу өзенінің бойына барып қоныс аударамыз. Барлығына хабарлаңдар!!!
Жолымызды Алла қолдасын,
Жаманшылық болмасын.
Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,
Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.
Барған жерде құшақ жая қарсы алсын
Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.
Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын
Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын,
Көңілің шат, ат-көлігің арымай,
Отбасыңмен аман-есен табысқын.
Әумин.
Осы кезде күй ойналып, видео көрсетіледі.
Видео – Қазақ хандығы үзінді
1-оқушы:
Керей хан боп аталды алты алашқа,
Ғаділдіктен тарқады әрбір нұсқа.
Ханның әділ болғаны елдің бағы,
12
Мінезі өзгермейді жазы, қыста.
Елдің басын құрады, ердің басын,
Шақырып берекеге ықыласын.
Ерте ойлап, әрбір істі алдын болжап
Кеңесіп пішуші еді істің басын.
2-оқушы:
Керей ханнан кейін таққа Әз-Жәнібек отырды.
3-оқушы:
Жәнібек хан боп тұрды орнын басып,
Өнері Керей ханнан тұрды асып.
Ел жігін, жердің шетін қолына алып,
Халқына әділдіктен үлгі шашып.
Не қиын мәселеге жауап тапты,
Ақылдың бітіп жатқан көзін ашып.
4-оқушы:
Керей мен Жәнібектен кейінгі хандар да мемлекет іргесін нығайтып, туған халқының сүйіспеншілігіне бөленіп,
хандықтың туын жықпауға тырысты.
5-оқушы:
Хан өтпес әділдікте Қасым ханнан
Атадан арналғандай озып туған.
Аталып «Қасым ханның қасқа жолы»
Мұра боп кейінгіге содан қалған.
6-оқушы:
Жәнібек ханның ұлы Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына тәуелсіз, дербес мемлекет есебінде Орта Азия мен
Шығыс Еуропаға белгілі болды.
7-оқушы:
Аталып Тәуке хан боп ел биледі,
Айырмай жарлы, бай деп тең биледі.
Артық қайрат, тапқыр ой болғандықтан,
Ешкім деп айта алған жоқ кем биледі.
8-оқушы:
1680-1715 жылдары хан болған Әз -Тәуке көреген саясаткер, ақылды дипломат, құдіретті хан болды.Тәуке
ханның өзіне дейінгілерден айырмашылығы-хандықты ерекше әлеуметтік топты құрайтын билердің көмегімен
өз үстемдігін нығайтты.
9-оқушы:
Күңіреніп ойлағанда Алаш жайын,
Жанымды орай берсе ұлы уайым,
Кеудемде күннің нұры толғандай боп
Жырлаймын алты алаштың Абылайын.
10-оқушы: Жылдар бойы бостандыққа шөлдеген
Халқым менің не қасірет көрмеген
Жоңғар жаулап бейбіт жатқан елімді,
Ақтабанда көздің жасы көлдеген.
Елім сонда жаудан қорқып ықпаған,
Намыс туын құлатпаған, жықпаған.
Үш биі мен батырлары қазақтың,
Еліміздің ірге тасын ноқтаған.
11-оқушы: Зұлмат заман, аштық, нәубет, жоқшылық,
Ғайып болып көзімізден тоқшылық.
Міне, осылар сансыратты елімді,
Аяғынан әзер тұрды көпшілік.
12-оқушы: Қазақ жерін сұм аштық жайлап алды,
Аш қаңғырды ел – жұртын айлап алды,
Жас сәбилер, жеткіншек, сорлы анасын,
Жылап сықтап, ас сұрап айналады.
Бірте-бірте төмендеп халық саны,
Тар жолда сусып түсіп тайғанады.
Бірте-бірте көбейді мәйіт, мола,
Талай жүрек тоқтап, тіл байланады.
13-оқушы. Ұзақ жылдар орыс патша биледі,
Қазағыма теңдік билік тимеді
13
Бабалардың еркіндікті аңсаған,
Армандары сөйтіп тағы күйреді.
Бастарына «темір қазық жастаған»,
Қалың жаудан қорқып әсте саспаған.
Сырым менен Амангелді, Жанқожа,
Кенесары көтеріліс бастаған.
Бір құрамдас болып Кеңестің,
Соңына ердік коммунизм елестің.
Орыстарға тәуелді боп 70 жыл.
Асуынан астық талай белестін.
Би. Жұмыр қылыш
Ән: ІзІн көрем
Ән: «Ұландар»
Би: Қазақ биі
1-жүргізуші:Қуан, қазақ, күн туды қуанатын!
Ендіктерді аралап еркін дүбір,
Алаулатты керемет көркіңді нұр.
Алақайлап аспанға атып тұрып,
Берекелі бастағы бөркіңді бір...
2-жүргізуші: Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!
Қазақ елі азат,
Қазақ жері азат,
Қазақ ері азат,
Бұдан нұрлы шақ бар ма?
Бұдан асар бақ бар ма?
1-жүргізуші: Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!
Әдіптеді арманды әуелгі үміт,
Кекете алмас қазақты жау ел күліп...
Тәуелсіздік туындай биік еңсең,
Кетті бүгін келмеске тәуелділік...
2-жүргізуші: Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!
Төрт түліктен майысып арқа, белдер,
Тойлап жатыр ой, қырда дарқан ерлер...
Танып жатыр, мойындап Қазақ Елін
Танығысы келмейтін тарпаң елдер...
Бірге :Қуан, қазақ!
Қуан, қазақ
Қуан, қазақ!!!!!
Ән: «Сәлем, саған, Туған жер»
1-жүргізуші: Атыңнан айналайын қазақ деген,
Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем.
Сақтасын сақтығыңды сағың сынбай,
Көрсеңде көресіңді азаппенен.
Бір ата, бір ананың түлегіміз
«Бірлік» деп бірге соқсын жүрегіміз.
2-жүргізуші:
Мәңгілік елге жеткізетін тек қана Нұрлы жолдар екенін есімізде ұстайық!
1-жүргізуші:
Бабалар жазған ұлы тарихы бар, Нұрлы жолы бар менің халқым -Ұлы халық.
Ерасыл: «Жаса, Қазақстан» оқушылар шығады.
14
«Жас тарихшы»
(зияткерлік сайысы)
Білімділік: Оқушыларды өз ойларын шапшаң, тұжырымды, жинақы әрі
ашық айтуға, ұтымды түрде сөйлей білуге, білімдерін тиімді
пайдалануға баулу.
Дамытушылық: Ой - әрекетін дұрыс талдай отырып, топтастыруға,
жинақтай, нақтылай білу, арнайы есте сақтау, шапшаң ойлау, логикалық
ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын сауатты түрде айта білуді
қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды бір - бірін силауға, сын көтере білуге баулып,
өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын, бәсекеге қабілетті, ұжымшыл
зерделі тұлға тәрбиелеу.
Түрі: Танымдық ойын
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, пікір талас
1 жүргізуші: Ассалаумагалейкум, қымбатты көрермендер.
2 жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар мен оқушылар.
1 жүргізуші: Сіздердің назарларыңызда «Жас тарихшы» зияткерлік сайысы.
2 жүргізуші: Бейбарыс, Жапонияда төмеңгі сынып оқушыларына үй тапсырмасын бермейді екен.
1 жүргізуші: Естігенім бар, бірақ жоғары сынып оқушыларына арталған жүк бастан асады.
2 жүргізуші: Ия, Жапонияның жоғарғы сынып оқушылары әлемдегі жұмысы көп жандар болып саналады екен.
1 жүргізуші: Ол ештене емес, ал АҚШ-та мектепке жаңа барған оқушыға ата-анасы ештене алып бермейді,
яғни қажетті құрал жабдықтарымен мектеп толық қамтамасыз етеді.
2 жүргізуші: Ең қызығы Финляндияда оқушыларына алғашқы 6 сынып бойы мүлдем баға қойылмайды екен.
1 жүргізуші: Расыңда да, қызық, әр елдің білім жүйесі әр түрлі, бүгін бізде тарих пәні бойынша «Жас
тарихшы» атты зияткерлік сайыс, қатысушылармен таныс болыңыздар.
2 жүргізуші: Алғашқы сайыскеріміз Темірбеков Темірлан 6 «Ә» сынып оқушысы.
Армысыздар жиналған көрермендер және ойын қатысушылары. Ұлы ойшылЖүсіп Баласағұни айтқандай
«Бақытты болудың негізі білім» осы мақсатта осы ойынға келіп тұрмын.
1 жүргізуші: Келесі білімді ойыншымыз Сулейменова Айсана «А» сынып оқушысы.
Қайырлы күн қымбатты көрермендер. Бүгінгі білім бәсекесінде
Төзімділігім «ту» болып, Ұлтжандылығым «Ұран болып, Әділдігім «Ән» болып, Жеңіс жалауына жетсем
деймін.
2 жүргізуші: Зияткерлік сайыс ойында бағын сынайтын келесі қатысушымыз 6 «Ә» сыныбының қатысушысы
Тлеубердинова Жұлдыз.
Өткен шаққа алғыс айтып, осы шаққа сүйсіне қарап, келер шақты үмітпен күтетін енің бұл сайысқа қатысып
отырғандағы ең басты мақсатым , білімімді одан әрі жетілдіру болмақ. Менің ұстанымым Абай атамыздыңөлең
жолдары:
Сеңбе жұртқа тұрсадағы қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап,
Өзіңе сен өзіңді алып шығар,
Еңбегімен ақылың екі жақтап.
2 жүргізуші: Келесі ойыншымыз 6 «А» сынып оқушысы Баскенова Аружан
Армысыздар,жиналған қауым. Менің бүгінгі ойынға келіп отырғандағы мақсатым, өз бағымды сынап, білімімді
тексеру. Менің өмірлік ұстанымым тек «Алға».
1 жүргізуші: Келесі қатысушымыз ізгілік жолын білімнен іздейтін 6 «Ә» сынып оқушысы Таласпаева Камила.
Осы зияткерлік сайысқа қатысу себебім өзімнің білімім мен дүниетанымымның шын мәнідегі дәрежесін білу,
ал өмірлік ұстанымым «еркін де қызықты» өмір сүру.
2 жүргізуші: Соңғы қатысушымыз 6 «А» сынып оқушысы Кеңеспай Данияр
Армысыздар ардақты Алаш елі.
Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып күн болам,
Қараңғылықтың кегіңе, Күн болмағанда кім болам? Бүгінгі ойын нағыз көшбасшыны анықтасын.
1 жүргізуші: Қадірменді ойыншылар, қымбатты көрермендер. Ал енді алғашқы айналымның ойын шартын
түсіндіре кетейін. Қазір сіздерге тест түрінде ортақ 10 сұрақ оқимыз, әр сұраққа жауап ретінде5 нұсқа берілген,
сіздер берілген нұсқанын ішінен дұрыс жауапты табуыңыз керек, әр жауап 1 ұпаймен бағаланады. Ойлануға 5
секунд уақыт беріледі. Дұрыс немесе бұрыс жауабын әділқазылар беретін болады.
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жана ма
Біліммен өнер жарысып
Тәрбие - тәлім табар мән
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
15
Кім жүйрік ойға, сол алда!
Деп ,- тартысқа толы алғашқы айналым «Бәйге» бастаймыз.
Сұрақтар.
1. Алғашқы адамдардың әлеуметтік құрылысы қалай аталады?
a) Алғашқы қауымдық құрылыс
b) Құл иеленушілік құрылыс
c) Феодалдық құрылыс
d) Капиталисттік құрылыс
2. Заттай деректер негізінде адамзаттың тарихын зерттейтін ғылым:
a) Этнография
b) Археология
c) Нумизматика
d) Геральдика
3. Ең алғашқы адам қаңқасы қай жылдары табылды?
a) 1950-1959жж.
b) 1950-1963жж.
c) 1959-1963жж.
d) 1960-1963жж.
4. Адамның алғашқы пайда болған Отаны:
a) Африка
b) Азия
c) Америка
d) Австралия
5. Индонезиядағы Ява аралынан питекантроп адамы қай жылы табылды?
a) 1895ж.
b) 1894ж.
c) 1893ж.
d) 1891ж.
6. 1927 жылы синантроп қай жерден табылды?
a) Африка
b) Қытай
c) Америка
d) Франция
7. Германияның Неандерталь мекенінен қай жылы адам қанқасы табылды?
a) 1895 ж.
b) 1894 ж.
c) 1856 ж.
d) 1891 ж.
8. 1938 жылы Өзбекстаннан неандертальдық баланың қаңқа сүйегін тапқан академикті атаңыздар.
a) З. Самашев
b) К. Ақышев
c) Ә. Марғұлан
d) П. Окладников
9. Францияда кроманьондық адамның сүйегі қай жылы табылды?
a) 1868 ж.
b) 1894 ж.
c) 1856 ж.
d) 1891 ж.
10.Қазіргі адамға ұқсас адам қалай аталады?
a) Жабайы адам
b) Тік жүретін адам
c) Епті адам
d) Саналы адам
16
Жауаптары :а, б, с, а, д, б, с, д, а, д
2 жүргізуші: Екінші кезекті екінші кезеңге берейік. Алғашқы айналымыздағы ұпайлар толығымен сақталады,
сіздерге 5 сұрақтан тұратын әзірленген ұяшықтар ұсынылады, әр дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады.Егер
ойыншы сұрағына дұрыс жауап бере алмасы, жүргізушінің қарсыластар деген сөзінен кейінкелесіойыншы
жауап бере алады. Осы сайыстан кейін ұпайы аз 3 ойыншы ойынды тоқтатады.Ендеше жүзден жүрік, мыңнан
тұлпарды анықтаймыз, келесі кезең « Жорға».
1 жүргізуші: 1 ойыншы ----------------- « ----------- қандай арманын бар?». Қай ұяшықты таңдайсыз?
2 жүргізуші: 2 ойыншы --------- «-------- көңіл-күй қалай?»
1 жүргізуші: 3 ойыншы ---------- «------- бос уақытыңды немен айналысасың?»
2 жүргізуші: 4 ойыншы -------- Бүгінгі ойында кім жеңімпаз болуы мүмкін. Болжай аласыңба?
1 жүргізуші: 5 ойыншы ------ Қандай спаорттық ойын түрлерімен айналысасын?
2 жүргізуші: 6 ойыншы -------- Келешекте қандай маман болғын келеді?
1 жүргізуші: 2 айналым бітті ұпайлары аз –––––––––––––––––––––– сіздермен қоштасамыз.
1 ұяшық сұрақтары:
1. Қай дәуір «қыш құмыралар заманы» деп аталады? (неолит)
2. Қазіргі адамға ұқсас адам қалай аталады? (саналы адам)
3. Еліміздің оңтүстік астанасы (Алматы)
4. Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің мерзімі (б.з.д. 2 – 1
мыңжылдықтар)
5. Үйсіндерде малдың қай түрі байлықтың өлшемі болып
есептелді? (жылқы)
2 ұяшық сұрақтары:
1. Неолит дәуірінің үлкен жаңалығы. (Неолит дәуірінің басты ерекшелігі - өнімді еңбектің пайда
болуы)
2. Тас дәуірі неше кезеңге бөлінеді? (3)
3. 1970 жылы Есік қорғанын ашқан археолог кім? (К.Акышев)
4. Рулық қауымдағы адамдар тобының шығу тегін жануарларға,өсімдіктерге немесе табиғат
құбылыстарына байланыстыру негізінде қалыптасқан сенім (Тотемизм)
5. Үйсін қаласы «Қызыл Аңғар» қайда орналасқан? (Ыстықкөл)
3 ұяшық сұрақтары:
1. Қола дәуірінде адамдар қандай нәсілге жатты. (Европоидтық)
2. Сақ тайпалары жайлы алғаш рет кімнің еңбегінде айтылды? (Геродот)
3. Рулық қатынастар ыдырағаннан кейін орнаған бірлестіктер. (Тайпа)
4. Берел қорымынан табылған жәдігер. (Жылқының қаңқалары)
5. Астана қаласының бұрынғы атауы. (Ақмола, Целиноград)
4 ұяшық сұрақтары:
1. Неолиттік Сексеуіл тұрағы орналасқан қала. (Қызылорда)
2. Аналық рудың ыдырауынан кейін, оның орнына келген қатынас. (Аталық)
3. Сақ-парадарайялар кімдер? (Арал теңізін мекендейтін сақтар)
4. Жалпы адамзат тарихындағы палеолиттің хронологиялық шеңбері (б.з.б. 2 млн. 6,00 мың -12
мыңжылдықтар)
5. Мыс пен қалайының қосындысы қалай аталды? (Қола)
5 ұяшық сұрақтары:
1. Неолит дәуірінің қамтитын кезеңі... (б.з.б.5-3 мыңжылдықта)
2. Үйсіндердің шаруашылығының қай түрінің маңызы зор болды? (мал шаруашылығы)
3. Жезқазғаннан қанша миллион тонна кен өндірілген? (1 миллион)
4. Астана қаласының символы (Байтерек)
5. Белгілі сақ патшайымы кім? (Тұмар)
6 ұяшық сұрақтары:
1. Жезқазғаннан кен өндірілгеннін кім зерттеді? (Қ.Сәтпаев)
2. Үйсіндердің астанасы болған қала (Қызыл Аңғар)
17
3. Сақ қоғамы қандай 3 топқа бөлінді? (Абыздар, жауынгерлер, малшылар мен егіншілер)
4. Мезолит дәуірінің қамтитын кезең. (Б.з.б.12-5 мыңжылдықта)
5. Ежелгі адамдардың тұңғыш баспанасы… (Үңгірлер)
2 жүргізуші: Қымбатты оқушылар, үшінші айналым «Ғажайып әлем» бойынша сіздерге 3 тақырыптан тұратын
10, 20, 30, 40, 50 ұпайлық 20 сұрақ ұсынылады.Осы сұрақтардың ішінде бейне сұрақ және арнайы сұрақ бар.
1. Есімдер сыр шертеді
2. Ұлы тұлғалар
3. Тарих қойнауында
1. Есімдер сыр шертеді
10 ұпай.Әйтеке бидің шын есімі: Айтақ
20 ұпай.Абай Құнанбаевтың шын есімі: Ибраһим
30 ұпай.Қабанбай батырдың шын есімі: Ерасыл
40 ұпай.Шоқан Уәлихановтың шын есімі: Мұхамад - Қанафия
50 ұпай.Абылай ханның шын есімі: Әбілмансұр
2. Ұлы тұлғалар.
10 ұпай.«Мен сендерді адастырып, қырғынға ұшыраттым,елімді аман алып қалдым, мен дегеніме жеттім. Енді
қолдарыңнан келгендеріңді істей беріңдер» деп, ерлік көрсетіп, парсылардан осылай кек алған кім? (Шырақ)
20 ұпай.Бұл тарихи тұлға ұлтымыздың ағарту саласында көп еңбек еткен. Қазақ даласында бірінші болып
қыздарға арнап мектеп ашқан ағартушы педагог, балалар әдебиетінің атасы. (Ыбырай Алтынсарин)
30 ұпай.«Қазақтың бас ақыны, одан асқан бұрынғы – соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған
жоқ». Мына сөздер кім туралы айтылған? (Абай)
40 ұпай.Күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі. Грек
жазбаларында оның елін «массагет» деп атайды. Ол кім? (Тұмар)
50 ұпай.Арнайы сұрақ Н.Назарбаев
3. Тарих қойнауында
10 ұпай:
20 ұпай
30 ұпай
40 ұпай: Сен білесің бе? Осындай өрнектерді сақ дәуірінде қандай стиль деп атады.
50 ұпай: Арнайы сұрақ Назира апай
18
2 ж: Міне, тартысқа толы 3 кезеңде аяқтадық. Ендігі жеңімпазды анықтауды қазылар алқасы анықтағанға дейін,
әсем әнге кезек берейік.
1 ж: «Жас тарихшы» зияткерлік сайысының жеңімпазы анықталды. Жеңімпазды марапаттау үшін ортаға ---------
----------------------- шақырамыз. Барлық сайысқа қатысқан ойыншылар да ортаға шықсың.
2 ж: Құрметті көрермен,ғылым теңіз, білім қайық, бүгінгі ойын тартысты өтті. Ендеше келесі ойындарда
кездескенше!!!
«Ғажайып алаң»
(интеллектуалдық тарихи – танымдық ойын)
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың тарих сабағынан Қазақстан тарихы пәнінен алған
білімдері бойынша білімдерін жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру.
Тәрбиелілік: оқушыларды туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына
деген құрмет сезімін қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім деңгейін байқауға, тез ойлауға, есте
сақтауға, өз ойын жан - жақты толық жеткізе білуге, қосымша іздену, өз ойын мәдениетті түрде
қалыптастыру.
Әдісі: сайыс сабағы
Қатысушы: 7 «а», 7 «ә» сынып оқушылары
Жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.(интерактивті тақтамен жұмыс)
А) Мұғалімнің сөзі: ойынның мақсаты мен жоспарын таныстыру.
Б) Ойынның кезеңдерімен таныстыру
І кезең.
ІІ кезең.
ІІІ кезең.
ІҮ. Ақтық сайыс
Ү. Қорытындылау: Әділқазылар алқасына сөз беру.
Жүргізуші сөзі: - Армысыздар, қадірменді оқушылар! - Армысыздар, жақсы ниетпен келген ұлағатты
қонақтар! Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген жүрек тебірентіп шаттық скезімді оятатын
қасиетті сөздер мен туған жердің тарихы, шежіресін білу – әрбір ұрпақтың азаматтық борышы.
«Тәуелсіздік белесі – ұлы арман кемесі» тақырыбы аясында өтетін « Ғажайып алаң» интеллектуалды
тарихи танымдық ойынын бастауға рұқсат етіңіздер.
 І іріктеу кезеңі:
Білім деген биік шың.
Бақытқа сені жеткізер.
Білімді деген ақылшың
Қиындықтан өткізер , – деп сайысымыздың алғашқы үштікгін анықтау үшін, сұрақтарымызғы назар
аударайық.
*Хан, сұлтандардың балаларын тәрбиелеуші әрі олардың қамқоршысы
кім? (атабек)
*Ертедегі парсылардың діни кітабы? (Авеста)
*Қарапайым халықтардыкім деп атайды? (қараша)
1 кезең сұрағы: Ортағасырлардағы ел билеушісінің лауазымы (гурхан)
19
 ІІ іріктеу кезеңі:
Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады- деп 2 кезеңнің ойыншыларының
таңдау үшін, сұрақтарға назар аударайық
*Шыңғыс ұрпақтарының иемденген территориясы. (ұлыс)
* Қимақ тайпасының құрамында болған ірі тайпаның орыс
деректеріндегі атауы? (половшылар)
*Әскери қызметі үшін мұраға түпкілікті берілетін жер? (сойырғал)
2 кезең сұрағы: Әмудария өзенінің оң жақ жағалауындағы жердің аты (Мауараннахр)
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет.
Білімді,әрі білікті жас жеткіншек – деп 3 кезеңнің ойыншыларын іріктеп алайық.
 ІІІ іріктеу кезеңі:
*Құрғақшылық кезінде тәңірден жаңбыр тілеп құрбандық шалу рәсімі? (тасаттық)
*Моңғолдың «ханның жері» деген мағынадағы сөзі ? (інжу)
*Оғыз мемлекетіндегі әскери қызметкердің лауазымы? (сюбасшы)
3 кезең сұрағы: Ортағасырдағы түркі мемлекетіндегі ірі тайпалардың бірі? (дулу)
Көрермен жиналған бұл тамашаға
Әр қарап жым отыру жараса ма?
Достар, сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талапқа.
Қолыңды бекерге бос, соға берме
Ойсыз, соқыр сезімнің соңына ерме
Зерделеп, сұраққа жауап беріп,
Сонда ортақ боласың бар жеңіске- дей келе көрермендермен ойынды жалғастырсам.
Көрермендерге сұрақ: Король немесе патша кімнің алдында тәжін шешеді? (шаштаразшы)
 Ақтық кезең
Тауды биік деме сен,
Талаптансаң шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң шығарсың- деп ақтық сайысымызды бастаймыз
Үш жүз жылдай тарихы бар деректе: « Осы гүлдің бір тұқымының өзі:
1 қап бидай, 2 қой, 5 шошқа, 2 бөшке май, 1 қап ірімшік, 4 бөшке сыра,
күміс кесе, киім, жиһазға тең». Қандай гүлдің тұқымы үшін осындай баға
берген? (қызғалдақ)
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
- Қазақ елі туралы білмеген жер шарының түкпір - тукпірі тек тәуелсіздігін алған соң ғана танып білуде.
Тәуелсіздіктің тірегі білім. Дана халқымыз: « Білегі мықты бірді жығады, білімі мықты мыңды жығады»,-
деп баяғыда айтқан. Қиялына қанат біткен ойы ұшқыр, білімді жастар болатындарыңа сенемін.
Өткенім бар, өкініш жасыра алман,
Тарихым бар жазылған ғасырлардан.
Қазақ деген ел барын әйгілейік,
Орындалсын аңсаған асыл арман, - дей отырып, елбасымыздың «Қазақстанның болашағы, балалар,
сіздердің қолдарыңызда»,- деген аталық сезімін ақтай біліңіздер демекпін. – Тыңдағандарыңызға рахмет

More Related Content

Viewers also liked

Huifan presentation from vicky
Huifan presentation from vickyHuifan presentation from vicky
Huifan presentation from vickyVicky CAO
 
Las memorias ram
Las memorias ramLas memorias ram
Las memorias ramfabrii14
 
Humantalk Angers 14 Mars
Humantalk Angers 14 MarsHumantalk Angers 14 Mars
Humantalk Angers 14 MarsRémi Dubois
 
владислав володин семинар Prom.ua - хмельницкий 2017 февраль
владислав володин   семинар Prom.ua - хмельницкий 2017 февральвладислав володин   семинар Prom.ua - хмельницкий 2017 февраль
владислав володин семинар Prom.ua - хмельницкий 2017 февральVlad Volodin
 
Walter russell’s cosmology byJohn EchEl
Walter russell’s cosmology byJohn EchElWalter russell’s cosmology byJohn EchEl
Walter russell’s cosmology byJohn EchElNano Nate
 
Data Warehouse Design Project
Data Warehouse Design ProjectData Warehouse Design Project
Data Warehouse Design ProjectPradeep Yamala
 
阿里研究院- 新零售研究报告
阿里研究院- 新零售研究报告阿里研究院- 新零售研究报告
阿里研究院- 新零售研究报告Tony Ho
 
Научно образовательный центр «Интеллектика»
Научно образовательный центр «Интеллектика»Научно образовательный центр «Интеллектика»
Научно образовательный центр «Интеллектика»vogu35
 

Viewers also liked (14)

Documento di Buona Causa
Documento di Buona CausaDocumento di Buona Causa
Documento di Buona Causa
 
Puisi untuk tuhan
Puisi untuk tuhanPuisi untuk tuhan
Puisi untuk tuhan
 
Huifan presentation from vicky
Huifan presentation from vickyHuifan presentation from vicky
Huifan presentation from vicky
 
Las memorias ram
Las memorias ramLas memorias ram
Las memorias ram
 
ғылыми жоба
ғылыми жобағылыми жоба
ғылыми жоба
 
Humantalk Angers 14 Mars
Humantalk Angers 14 MarsHumantalk Angers 14 Mars
Humantalk Angers 14 Mars
 
Question 3
Question 3Question 3
Question 3
 
владислав володин семинар Prom.ua - хмельницкий 2017 февраль
владислав володин   семинар Prom.ua - хмельницкий 2017 февральвладислав володин   семинар Prom.ua - хмельницкий 2017 февраль
владислав володин семинар Prom.ua - хмельницкий 2017 февраль
 
Así es hoy el cv perfecto
Así es hoy el cv perfectoAsí es hoy el cv perfecto
Así es hoy el cv perfecto
 
Introduction to investigation
Introduction to investigationIntroduction to investigation
Introduction to investigation
 
Walter russell’s cosmology byJohn EchEl
Walter russell’s cosmology byJohn EchElWalter russell’s cosmology byJohn EchEl
Walter russell’s cosmology byJohn EchEl
 
Data Warehouse Design Project
Data Warehouse Design ProjectData Warehouse Design Project
Data Warehouse Design Project
 
阿里研究院- 新零售研究报告
阿里研究院- 新零售研究报告阿里研究院- 新零售研究报告
阿里研究院- 新零售研究报告
 
Научно образовательный центр «Интеллектика»
Научно образовательный центр «Интеллектика»Научно образовательный центр «Интеллектика»
Научно образовательный центр «Интеллектика»
 

Similar to сыныптан тыс ж мыстар ма__ызы

мәңгілік ел қырандары
мәңгілік  ел  қырандарымәңгілік  ел  қырандары
мәңгілік ел қырандарыRauan Ibraikhan
 
Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыруОқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыруNurlan Abilhanov
 
балалардың қбб жүйесін жаңғырту
балалардың қбб жүйесін жаңғыртубалалардың қбб жүйесін жаңғырту
балалардың қбб жүйесін жаңғыртуAsem Sarsembayeva
 
школьный музей выступление (1)
школьный музей выступление (1)школьный музей выступление (1)
школьный музей выступление (1)botatileubay
 
Жастар ұйымы бізге не береді?
Жастар ұйымы бізге не береді?Жастар ұйымы бізге не береді?
Жастар ұйымы бізге не береді?Bilim All
 
иманбаева д.с. мақала
иманбаева д.с. мақалаиманбаева д.с. мақала
иманбаева д.с. мақалаAsem Sarsembayeva
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАС ҰРПАҚҚА САЛЫНҒАН САРА ЖОЛ
РУХАНИ  ЖАҢҒЫРУ –   ЖАС  ҰРПАҚҚА     САЛЫНҒАН  САРА  ЖОЛРУХАНИ  ЖАҢҒЫРУ –   ЖАС  ҰРПАҚҚА     САЛЫНҒАН  САРА  ЖОЛ
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАС ҰРПАҚҚА САЛЫНҒАН САРА ЖОЛssuser16ee1a
 
тәрбие сағаты.ppt
тәрбие сағаты.pptтәрбие сағаты.ppt
тәрбие сағаты.pptAina981874
 

Similar to сыныптан тыс ж мыстар ма__ызы (20)

мәңгілік ел қырандары
мәңгілік  ел  қырандарымәңгілік  ел  қырандары
мәңгілік ел қырандары
 
Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыруОқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
 
балалардың қбб жүйесін жаңғырту
балалардың қбб жүйесін жаңғыртубалалардың қбб жүйесін жаңғырту
балалардың қбб жүйесін жаңғырту
 
тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану
тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолданутарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану
тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану
 
школьный музей выступление (1)
школьный музей выступление (1)школьный музей выступление (1)
школьный музей выступление (1)
 
Жастар ұйымы бізге не береді?
Жастар ұйымы бізге не береді?Жастар ұйымы бізге не береді?
Жастар ұйымы бізге не береді?
 
иманбаева д.с. мақала
иманбаева д.с. мақалаиманбаева д.с. мақала
иманбаева д.с. мақала
 
әдеби шығарма тагаева к №19 ом
әдеби шығарма тагаева к №19 омәдеби шығарма тагаева к №19 ом
әдеби шығарма тагаева к №19 ом
 
искакова а.а ашық сабақтар
искакова а.а ашық сабақтарискакова а.а ашық сабақтар
искакова а.а ашық сабақтар
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАС ҰРПАҚҚА САЛЫНҒАН САРА ЖОЛ
РУХАНИ  ЖАҢҒЫРУ –   ЖАС  ҰРПАҚҚА     САЛЫНҒАН  САРА  ЖОЛРУХАНИ  ЖАҢҒЫРУ –   ЖАС  ҰРПАҚҚА     САЛЫНҒАН  САРА  ЖОЛ
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАС ҰРПАҚҚА САЛЫНҒАН САРА ЖОЛ
 
ццц
цццццц
ццц
 
тәрбие сағаты.ppt
тәрбие сағаты.pptтәрбие сағаты.ppt
тәрбие сағаты.ppt
 
мектеп кеме, білім-теңіз
мектеп кеме, білім-теңізмектеп кеме, білім-теңіз
мектеп кеме, білім-теңіз
 
жұмыс сабырова с
жұмыс сабырова сжұмыс сабырова с
жұмыс сабырова с
 
55 _
55  _55  _
55 _
 
Мусажанов Кунслям
Мусажанов КунслямМусажанов Кунслям
Мусажанов Кунслям
 
кушманова жансулу №15 ом
кушманова жансулу №15 омкушманова жансулу №15 ом
кушманова жансулу №15 ом
 
12333
1233312333
12333
 
Мен - Қазақстан азаматымын
Мен - Қазақстан  азаматымынМен - Қазақстан  азаматымын
Мен - Қазақстан азаматымын
 
аб виртуальды көрме
аб виртуальды көрмеаб виртуальды көрме
аб виртуальды көрме
 

More from Вспомогательный образовательный сайт

More from Вспомогательный образовательный сайт (20)

метод.в орлеу1
метод.в орлеу1метод.в орлеу1
метод.в орлеу1
 
открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 

сыныптан тыс ж мыстар ма__ызы

  • 1. 1 «Тағылымды тәрбие ошағы – сыныптан тыс жұмыстар» Айкынбаева Мадина Мураткызы №3 Аршалы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, Ақмола облысы, Аршалы ауданы Үстіміздегі ғасыр – жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Олай болса, мұғалімдердің алдында тұрған бірден – бір мақсат – оқушылардың алған білімдерін пайдаға асырып, өздігінен әрекет ете алатын, оларды түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін, өзіндік көзқарасы бар азамат болып жетілуіне көмектесу. Бүгінгі күнгі біздің ұрпақ, таңдауында шексіз мүмкіндік туған заманда өмір сүріп жатыр. Оқушыны болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай – ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін, қабілетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр. Оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы көбінесе сыныптан тыс жұмыстар барысында жүзеге асады. Сыныптан тыс жұмыс – бұл мұғалімдер мен оқушылардың сыныптан тыс уақыттағы әртүрлі іс – әрекеттері мен іс – шараларын ұйымдастыру болып табылады. Болашақ ұрпақтың тәрбиелі, өнегелі, өмірге бейім, өз елінің нағыз патриоты етіп тәрбиелеуде күнделікті сабақпен бірге сыныптан тыс жұмыстардың маңызы ерекше. Оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар – оқу-тәрбие жұмысының құрамды бөлігі болып табылады. Оның негізгі мақсаты оқушыларды жан-жақты дамытуға бағытталады және бүкіл тәрбие міндеттерін тиімді шешуге көмектеседі.Ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық, патриоттық тәрбие беруде тарих пәнінен өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың алатын орны ерекше. Қазақстандық отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, елдегі барлық халықтарды достыққа тәрбиелеу аса маңызды міндет. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев мемлекеттік білім құжаттарында маңызды орынды патриоттық тәрбиеге береді. Патриоттық тәрбиені ұрпақ бойына сіңіру үшін әр уақыттағы қазақ халқының басынан өткен оқиғаларды айта отырып түсіндіру маңызды. Оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыруда тарих сабағының орны ерекше. Себебі тарих-адамзаттың басынан өткерген тәжірибесіне, мәдени құндылықтарына негізделген. Тарихты оқытудағы басты мақсат - дүниежүзілік дамудағы адамзаттың орны ерекше екендігін, ол жасаған бүкіләлемдік құндылықтарды білетін, оларды Қазақстанның дамуы үшін пайдалануға ынталы, жан - жақты жетілген, өзінің тарихи тамырларын, қоғамдағы орнын түсінетін белсенді азаматтарды қалыптастыру. Осындай міндеттерді жүзеге асыруда тарих пәнінен сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырудың маңызы зор. Өз жерінің қадір-қасиетін біліп, танып өскен ұрпақ сол елдің нағыз патриот азаматы болмақ. Тарих сабағына қосымша іс-шаралардың өткізілуі оқушылардың адамгершілігі жоғары сапалы азамат болып қалыптасуына үлес қосады. Тарих сабағын оқыту көп ізденістерді, сан түрлі әдістемелік тәсілдерді қажет етеді. Ізденетін мұғалімдер болса ғасырлар қойнауында тұнып жатқан бай шежірелер баршылық. Заман талабына сай мұғалім, оның ішіндегі Тәуелсіз, зайырлы Қазақстанның тарих пәні мұғалімі жан жақты, білімді, өз ісін өте жақсы білетін ұлттық идеологиямен сусындаған азаматтар болуға тиісті. Ендеше бұл көп ізденісті, талмай еңбектенуді қажет етеді.
  • 2. 2 Шәкірттерімнің танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін сыныптан тас жұмыстарды жиі өткізіп тұрамын. Сыныптан тыс жұмыстар оқушыларды ерлікке, өжеттілікке, батылдық пен шапшаңдылыққа үйретумен қатар, мәдениетті сөйлесуге, ептілікке, тапқырлыққа баулиды және бұл сабақта балалардың белсенділігі артады, бір - бірімен бәсекеге түсу арқылы оқуға, көп білуге ынтасы өседі. Ол тәрбиеге де, оқу ісіне де зор ықпалын тигізері сөзсіз. Назарларыңызға өткізілген сыныптан тыс жұмыстардың жоспарларын ұсынамын. Тақырыбы: «Ғасырға бергісіз – 25 жыл!» (тарихи сахналық-бейне қойылым) Мақсаты : 1.Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру Тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақ халқының аяулы ұлдарының ерлігімен таныстыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. 2.Қазақстанның болашақ дамуына жеке тұлға ретінде әр оқушының өзіндік үлес қоса алатынын және Отан алдында азаматтық парызы бар ұғындыру. 3. Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту. Көрнекілігі: «ХХ ғасыр басындағы Қазақстан», «Зұлмат жылдар», «Алаш зиялылары» «Желтоқсан», «Тәуелсіз Қазақстан» бейнефильдері, «Тәуелсіздік белесі-ұлы арман кемесі» тақырыбында баннер, қабырға газеттері, кітап көрмесі, тәуелсіздікдің 25 жылдығына арналған оқушылар қолымен жасалған бұйымдардың көрмесі. 1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! 2 жүргізуші: Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Сөз: «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген!» Көрініс: «Жеңіліс пен Жеңіс » биі Бидің қасында оқылатын (Ақ пен Қара) Ей, жас ұрпақ,жауқазыным,көктемім! Беймәлім бе,саған менің өткенім, Білесің бе, халқын азап шеккенін, Арпалысып өтті ме олар теп- тегін? «Елім - айды» құлағыңа ілдің бе, Сырым неге көтерілді,білдің бе? Мансұқ етіп еліктірген ермекті Тарихыңның қойнауына кірдің бе? Не жетпеді Кенесары тарланға, Не үшін өлді ер Исатай арманда, Алаш үшін жанын қиған боздақтар Сатты ма олар Ұлт намысын арзанға? Шаттанғанда туды ғой деп азат күн Неткен аштық қырып салған қазақты. Ел басына кімдер әкеп төңкерді. Отызыншы жылдардағы азапты? Тастатпауға бүкіл ұлтты күресуге, Өз елінде жүрмеу үшін бүрсеңдеп, Желтоқсанда көтерілген жас ұлан Тәуелсіздік жаршысы олар. Біл сен де! Флешмоб: «Алға Қазақстан» Дефиле: 25 жылдықтың жетістіктері
  • 3. 3 Айза (сахна артында): Қазір елім достықтың гүлістаны, Қуаныштың, бақыттың ырыс бағы. Мейрамдарын елімнің бірге тойлап, Мұнда сан ұлт қосылып гүл ұстаған. Орнап отыр елімнің тәуелсіздігі, Қолға тиді елдің ерік тізгіні. Ұлты үшін жанын берер ұлдары, Дербес, берік мемлекетпіз біз бүгін. Әнұраным қайрат беріп шырқалған, Елтаңбам бартөрден орын ол алған. Тілім алып мемлекеттік мәртебе, Көк туым бар көк аспанмен ұштасқан. Ел басқарған Нұрсұлтандай атам бар, Көк алқапты жасыл жайлау далам бар. Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген, Ақ ниетті халық деген данам бар. Томирис: Өзіңе бүгін қызыға елім қарадым, Шалқытып көңіл, шарықтап енді барамын. Тарихты терең үңіліп еске аламыз, Ғұлама жылдар судырлатқанда парағын. Тәуелсіз жылдар сыйласын елге ғажабын, Қалсыншы артта көрген бір ауыр азабың. Саналы әрі ұлтжанды болып ұрпағың, Шалқи бер мәңгі, шалқи бер мәңгі қазағым! Ән «Мекенім Қазақстан» 1-жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс, Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс. Егемендік - ел бақыты, ертеңі, О, халайық! Құтты болсын қуаныш! Азат өлкем күндей күлген шығыстан, Асыл елім жан - жүректі ұғысқан. Ата бабам аңсап өткен бақытым, Айналайын, Қазақстан - Гүлстан! 2-жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің Таулы орман,жасыл жайлау көлім менің Бүгінде бар әлемге даңқың жетті Тәуелсіз Қазақстан – елім менің Ән: 1-жүргізуші: Ата-бабам аңсаған, Күрес салып шаршаған, Тәуелсіздік таңы атты- Бақыттымын мен содан! Бізге мұра қалалар, Бізге мұра дала бар! Тәуелсіздік тұғырын, Қадірлейік, балалар! 2-жүргізуші: Тәуелсіздік жылдары біздің Қазақстан аймақтарына қандай өзгерістер әкелді? Еліміз қандай жетістіктерге жетті? Осыған назар аударып көрелік. 1-оқушы (Томирис Ақылбекова): Еліміздің батысында Каспий мен Жайықтың ерке толқындарын аялай, қанатын кеңге жая керіле-көсілген Атырау да еңселі елдің егемендігіне еселі үлес қосып келе жатқан өлке. Мұнайы мен газы, пайдалы қазба байлығы, дүниежүзілік нарықта теңдесі жоқ бекіре тұқымдас балығы мен уылдырығы өркенді экономиканың өрісін кеңейтіп, ел мен жердің ырысы мен ынтымағын асырып, Исатай мен Махамбеттей қынынан қылыш суырған батыр бабалардың рухын асқақтатқан абыройлы атырап. 2-оқушы (Меруерт) Атырау -өлке бабалар кескен кіндігін Аналар ашқан ақ отаудың түңдігін. Арғы да бергі тарихын оның паш етіп, Атағын айдай асыратындай күн бүгін. Атырау- өлке үстімен ұйтқып асқан жел Сәріде сағым сәукелесін алып қашқан бел Шұбар ту ұстап Исатай менен Махамбет, Еңсесі биік ерлердің басын қосқан жер. 3-оқушы (Диас): Тәуелсіздік жылдары Ақтөбе облысында 139 денсаулық сақтау нысаны іске қосылып, 293-і жөндеуден өтті. Тәуелсіздік жылдары өңірдегі мектепке дейінгі балалар ұйымы 76- дан 503-ке дейін өскен. Соңғы 10 жылда 40-
  • 4. 4 тан астам жалпы білім беретін мектеп пайдалануға берілген 4-оқушы (Назым): Ақтөбе... АқадырлыАбыз дала, Ақ қырат куә болған аңызға да.. Ақ шағыл, мақпал бұйрат, ақтаңдағын, Ақтарыпайтаалады Қобызғана... Ақбозат - аруақтыерлер ер салдырған, Ақнайза - дұшпанынаненші алдырған. Наргиз Мирболатова: АқсәлдеАбыз-АсанЖерұйықдеп, АқтаңдаЖелмаяменжершалдырған. Ақ төбе... Арқалаған ғұмырына Ар, Ақ сөздің сарқыты мен тұнығы дәл. Ақ қырда дәуірлерді дүбірлеткен, Ақтаңгер Қобыландынын тұғыры бар. 5-оқушы (Асан): Ақ терін төккен ел деп ер Бөкенбай, Ақ туын жықтырмаған Намысыңның! Ақ маңдай бақ бұйырған әлім жастан, Ақ дастархан арылмаған бауыр достан. Ақ кептер Әлия қыз ақ қанатты, Ақ жанмен қалың жаудан қапқан оқты. Ақсауыт аласармас рухымен. Ақ алғыс... Батыр деген таққан атты. Ақ нұрды ақ өлкеге Ием берген, Ақ төсің аруактардан кие өңгерген. Аққанат армандардың тәтті елесі, Ақ қардай адалдықтың ақ кемесі. Ақ түйенің қарыны жарылған той, Ақсарбас! Азат елдің Ақтөбесі! 6-оқушы Еркежан: Бұл өңір мұнай тапқанға дейін Гурьев облысына қарасты бір аудан, бір қала болды. Қазір сол өңірде экономикасы дамыған үш қала мен бес ауданнан тұратын Маңғыстау облысы бар. Кеңестік дәуірде мұнай өндіретін «Мангышлакнефть» деп аталатын өндірістік бірлестік болды. Ол бірлестік 1970-1980 жылдары 20 млн тоннадан асатындай мұнай өндіріп тұрды. Ал, қазір қалай? Өз мұнайымыздың билігі өзімізге тиген жиырма бес жыл ішінде өңір қалай құлпырды, таң қаласыз! Тәуелсіздік жылдарында мұнай өндіруден түскен қаражаттарға жаңа мектеп ғимараттары, жаңа емханалар, басқа да әлеуметтік маңызды нысандар бой көтеріпті. 7-оқушы Азиз: Құмы – мамық бұл жердің, суы балдай, Жүр біреулер киесін ұғына алмай. Балқаймағын, шұбатын тосыпалдан, Барсаң бәрі күтеді дымы қалмай. Сонда сен де сезесің Маңғыстаудың Шыңы қандай, шыңтектес ұлы қандай Ән: «Туған жер» 8-оқушы Мадина: Ардақтаймын мәртебелі атыңды, Ескермеске амалым жоқ затыңды, Астықты өлке астанасы –Қостанай, Өмірімнің нәрі – наның татымды, «Дәнің болса -әнің» тұрарасқақтап, Бармашіркін, молшылықтан асқанбақ, Ел ырысыастығымыз мол болсын, Берекелі, мерекелі асқар шақ.. 9-оқушы Ерқанат: Маған сондай ұнадың, әсем қала Өскемен, Кешегіңе қарасам, мұраларың өшпеген.
  • 5. 5 Бүгініңе қарасам, болашағың өскелең, Бар тілегім өзіңе: өркендей бер, өс дер ем! Гүлім: Шығысымның шырайлы орталығы Өскемен, Сені көрсем, құдай-ау, салтанатты көш көрем. Ата берсін арайлап, аппақ нұрлы таңдарың, Тәуелсіздік дем беріп, дами бергей күн санап. 10 – оқушы Томирис: Қазақстанның «Солтүстік қақпасы» аталатын Петропавл қаласының қазіргі келбеті де әлдеқайда ажарлы. Шаһардың бұрынғы бейнесі сақтала отырып қазіргі заман талабына сай абаттандырылуда. Қаланың орталық алаңында Қазақстан Республикасының рәміздеріне арналған сәулетті композиция бой көтерді. 11 - оқушы Асель: Арқаның кербез сұлу Көкшетауы Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын. Жан-жақтан ертелі кеш бұлттар келіп, Жүреді біліп кетіп есен-сауын. Сексен көл Көкшетаудың саясында. Әрқайсы алтын кесе аясында, Ауасы дертке дауа, жұпар иісі― Көкірек қанша жұтса, тоясың ба? Би: 5 сынып 12-оқушы Динара Тәуелсіздік жылдарында Оңтүстік Қазақстан облысы табысы зор, ырысы мол өлкеге айналды. Бүгінде республика халқының 15 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысын мекендейді. Демек, бұл өңір – ұлтымыздың ұйытқысы, еліміздің еңселі биігі, мемлекетіміздің мәйегі. 13-оқушы Дильназ Қызылорда нұрлы қала, бақ қала Жыр етемін мен әлемге мақтана Сондадағы көз алдымнан кетпейді Әуесінен нұр құйылған ақ қала. 14-оқушы Меруерт: Сонаузаман, ел заман, ерлерзаман, Таразым дүниеге келгензаман. Дүбірлетіп Түркілер өткен заман, Ат үстінде ойнақтап небір тарлан. Бәрі-бәріболғандай қас-қағымда, Тура жол тек шындыққа бастады да, Таразым тамырымсың бастауалған. Өшпестей боп, мәңгіге таңба салған. 15-оқушы Томирис, Ханифа: ТҮРКІСТАН - ЕКІ ДҮНИЕ ЕСІГІ ҒОЙ, ТҮРКІСТАН – ЕР ТҮРІКТІҢ БЕСІГІ ҒОЙ. ТАМАША ТҮРКІСТАНДАЙ ЖЕРДЕ ТУҒАН ТҮРІКТІҢ ТӘҢІРІ БЕРГЕН НӘСІБІ ҒОЙ. ЕРТЕДЕ ТҮРКІСТАНДЫ ТҰРАН ДЕСКЕН ТҰРАНДА ЕР ТҮРІГІМ ТУЫП ӨСКЕН ТҰРАННЫҢ ТАҒДЫРЫ БАР ТОЛҚЫМАЛЫ БАСЫНАН КӨП ТАМАША КҮНДЕР КЕШКЕН! 16-оқушы Альбина: Алматының – сағындырды аймағы! Алатаудың асқаралы айбары. Көркін жүрген тамаша ғып кешегі Кеңсайдағы бар қазақтың қаймағы... Көктөбеде күліп қалған көктемім, Көктеміме қылдай өкпем жоқ менің!.. Қайыңы мен қарағайы қайысқан Киелі жер, кеттім алыс... Сөкпегін! Ән: «Түркістан» 17-оқушы Дощанова Наргиз: Көне халықтың ежелгі мекені Ақмола - көркем әрі бай өлке. Ол республикамыздың солтүстігінде шарықтап ұшуға қомданған қыран қанатындай болып кең көсіліп, кербез жатыр. Оның құнарлы топырағы мен таспадай
  • 6. 6 тартылған өзен-көлдері, алабы атшаптырым жайылымдықтары мен бай кен орындары, таусылмас орман байлығы, кәсіпшілік аң мен балық молшылығы әлмисақтан-ақ оған деген адамдар қызығушылығын арттырып, өзіне баурап келеді. 18 – оқушы: Ләйлә Астана! туған елдің жүрегісің, Өзіңнен бастау алар өрелі ісім. Шаһарлар толып жатыр, бірақ та сен, Бәрінен бірегейі, бөлегісің. Астанам – асқарымдай көрінесің, Өлең боп көкірегімнен өрілесің, Бойыма рух беріп тұрғаннан соң, Анық-ау ұтылмасам, жеңілмесім Күлменай: Домалап қазағымның өргетасы, Думанмен дүрілдесін аспан асты. Биіктеп Бәйтеректей, зәулімденіп, Асқақтайбер, елімнің Астанасы! Ән: «Астана» 1-жүргізуші: Тәуелсіздік- тілегім, Тәуелсіздік- тірегім. Ертеңі деп елімнің, Дүрсілдейді жүрегім! 2-жүргізуші: Жыр арнадым еліме тебірене, Үміт артам елімнің ертеңіне. Тәуелсіздік алғалы халқым менің, Отаным жылдан-жылға гүлденуде! Ән: 1-жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс, Біздің жаққа жетсе екен жылы ағыс. Егемендік- ел бақыты, ертеңі, О, халайық, құтты болсын қуаныш! 2-жүргізуші: Көгілдір аспанымыз ашық болсын! Күніміз жарқыраған жарқын болсын! Төгілген мейірім мен шапағатқа, Төрімде тәуелсіздік құтты болсын! Тәуелсіздік жырын жырлап ғарыштан, Қазағыммен бүкіл әлем танысқан. Келешегі кең өрісті, кемелді, Жайна мәңгі тәуелсіз ел- Қазақстан! Хор: Тәуелсіз Қазақстан «Елі сүйген, елін сүйген, Елбасы!» (тарихи-сахналық кеш) Мақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; 2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу; 3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу Көрнекілігі:слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет « Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент» 1 желтоқсан-Президент күніне орай өткізілген тәрбие сағаты. Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
  • 7. 7 1 жүргізуші: Қ.Аманжолов: Қазақстан дейтін менің бар елім . Жатыр алып жарты дүние әлемін! Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далада атам қолға ту алған, Бұл далада жылап келіп, уанған Бұл даланы көріп алғаш қуанған Бұл далада өскен жанда жоқ арман! 2 жүргізуші: Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді 1 жүргізуші: Елі үшін көтеріп нар жүгін де, Сенімі нық сезілетін үнінде. Аты озған дүниедегі дүбірде Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?! 2 жүргізуші: Азаттық пен елге қонды тосқан бақ, Қазақ елін мойындауда дос таңдап. Елбасының еңбегімен нұрлана Қазағымның мерейі тұр аспандап. 1 жүргізуші: Елі үшін олжа салып қиырдан, Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан. Мерекеңіз құтты болсын көпшілік Елбасының құрметіне жиылған! 2 жүргізуші: Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік салтанатты жиын ашық деп жарияланады. Г И М Н Видео « ҚР тұңғыш президент күні» 2 жүргізуші: Бар әлемге шын танылдық міне, біз, Елін сүйген Елбасы деп білеміз. Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз. 1 жүргізуші: Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп, Елдің даңқы бар жаһанға естіліп. Елбасыны құрметтейтін ерекше Армысыздар, ақ пейілді көпшілік! Видео «Н.Назарбаевтың өмірі мен қызметі» 1 оқушы: Ардақты ағайын, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты. 2 оқушы: Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз. 3-оқушы: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты. 4-оқушы: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді. 5-оқушы: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. 6-оқушы:Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады. 7-оқушы.1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты
  • 8. 8 Республикамыздың Президенті етіп сайланды. «Видео және би Елбасы елдің тұтқасы» Видео « Рәміздер» 8-оқушы:1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады. 9-оқушы:1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді. Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шот аман Уәлиханов. 10-оқушы: Шаңырақ –Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр. 11-оқушы: Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков. (Ту ұстаған оқушылар залдың 2 жағынан жүріп өтіп сахнаға тұрады.) Видео және ән «Көк тудың желбірегені» 12-оқушы:1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді. Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет, Білдім дербес елімнің үлгісі деп. Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым, Беттерінен көз тартып тұрды сурет. Теңдікті айтып тұр аты теңге деген, Құт-береке болшы бір елге келген. Өз туы, елтаңба, әнұраны бар Айтыңдаршы, енді елім кем де неден? 13-оқушы: 1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды. «Ата Заң» Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді, Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің. Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз, Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз. Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды, Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды. Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға: “Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!” Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір, Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл. Ермек Өтетілеуұлы. 14-оқушы:Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады. 15-оқушы: 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Көтереді шаңырақ Астанам асқақ, Жаңарып қалам, жасарып далам! Басыңнан серпі бодандық жүгін, Кетпейді ойдан Отандық ұғым. Арыстан жүрек, айбынды елім, Таниды сені бар әлем бүгін. Ән: “Астана әні және видео” артына шармен балалар шығады , сосын оны лактырып флеш моб билейді.
  • 9. 9 Артынан видео «Кербез тобы – Астана», слайд 16-оқушы: 2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды. Егемен елім әнұраны жанарды, “Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды. «Би» Қазақ елі 17-оқушы: «Елбасына» Ауыр күнді артымызға тастауы – Қиын сәтте қиындықтан қашпауы. Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, Елбасымыз Нұрағаңның бастауы Туды ұстап тура жолға түсіріп, Жас Отанның өмірін де түсініп, «Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, Бір керемет жасады-ау кісілік! 18-оқушы: Елбасымыз саған мәңгі разымыз, Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз. «Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан, Сіз біздердің піріміз де, әніміз. Видео және ән «Ризамын» 19-оқушы: Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, Елім айтқан ел көтерер жер даңқын. Президентім, елбасы, аман болғай, Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым! 20-оқушы: Уа, халқым, сөз қадірін білесің. Жаңбыр жаумаса,жер жетім, Басшысы болмаса, ел жетім. Көсіле шабар жерім бар, Тау көтерген елім бар. Қол бастайтын ерім бар, Атадан қалған сара жолым бар. Ән: «Жаса Қазақстан!» 1 жүргізуші: Азаттық, теңдік әлемі, Шаттыққа елді бөледі. Тағдыры тарих өрелі Көк тудың желбірегені! 2 жүргізуші: Ел тынысын тереңінен танып кең, Шарапаты бар адамға дарып тең. Елбасының есімі бұл тарихта Қалар анық өшпес алтын әріппен. Тұңғыш Президент күні мерекесіне байланысты мектебіміздің көркеюі мен сапалы білім беруге өзіндік үлесін қосып жүрген мұғалімдер марапатталады. Марапаттау үшін мектебіміздің директоры Байдилдина Гүлнар Мырзахметовнаны ортаға шақырамыз. Бір басында кемеңгерлік, даналық, Елін сүйген елі үшін жаралып. Сол кісідей болса - болсын әр алып Адамдықтың аласармас үлгісі Бір өзінен жатқаны шын таралып Бүгін Тұңғыш Президенттің күні Әсем әнді шырқата бір салалық! Ән «Ия солай» Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз» 1 жүргізуші: Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне байланысты мерекелік салтанатты жиын жабық деп жарияланады. Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)
  • 10. 10 "Ұлт тарихы-Ұлы тарих" тарихи-сахналық кеш. Мақсаты: а) Отаншылдыққа, елжандылыққа тәрбиелеу. ә) Адамгершілікке, адамдарға деген мейрімділікке тәрбиелеу. б) Қазақ хандығының құрылу процесін, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің мемлекеттік деңгейде құрылуына ықпал еткен тұлғалармен тереңірек таныстыру.Керей мен Жәнібек, Қасым, Тәуке, Абылай хандары, Бөгенбай, Қабанбай батыр туралы, үш жүздің билері: Төле би, Қазбек би, Әйтеке би туралы әдебиеттерді оқу арқылы бабаларымыздың ерлігін бағалай біліуге тәрбиелеу, сол арқылы еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру. Көрнекілігі: слайд презентация, видео, суреттер, буклет, қосымша әдебиеттер. Қазақ елі-музыка сөзімен. Музыка бәсеңдегенде 2 жүргізуші шығады. 1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл. "Ұлт тарихы-ұлы тарих" атты тарихи-сахналық кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер! 2-жүргізуші: Иә, бұл мереке - Ұлы мереке, шың мәніндегі ұлы мереке. Ежелден қазақтың ең асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреген ақындарымыз “Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас” деп жырлайтын еді. Арғы замандарды айтпағанның өзінде, тек кейінгі екі ғасырдың ішінде халқымыздың өз бостандығы жолында екі жүзден астам ұлт - азаттық көтерілістерге шыққандығы – осының дәлелі. 1-жүргізуші: Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектенуін жоюға әрекет жасау Жошы ұрпақтары - Керей мен Жәнібектің үлесіне тиді. Рухы мен тілін жанындай сүйген, Адамдар неге санаулы? Ұлт үшін дәуір отына күйген, Аталар болды алаулы. Армандай асқар, Жолдарға бастар, Ісіңнен ұрпақ от алар. Қалмайсың көштен, Шықпайсың естен, Тағдыры шыншыл аталар. Көрініс : Жәнібек: Ассалаумагалейкум! Кіші аға: Уагалейкумасссалам! Жәнібек екенсін ғой, аман-есен оралдыңба? Жәнібек: Шүкір. Кіші аға: Нағашыларыңның ауылы аман бекен? Жәнібек: Бәрі де аман – есен. Жә кіші аға, анау не қалың қол? Кіші аға: Е, қарағым-ай, сыртқы жаулар тыныш жатпаған секілді ғой, Керей сұлтан жаларға қарсы қол аттандырады дейді. Анау Керей сұлтанның қолы. Неше күннен бері осында жиналып, бүгін солай қарай аттанып барады. Жәнібек: Осы орыққа қатынассамба деген тілекпен, нағашы атамнан бата алып , ат мініп келіп ем. Япырай, сәл кешігіп қалғаным ай. Кіші аға:Ойбай-ау балам, Жәнібек, жау осымен құрып кетпес. Нағашы атаңнан бата алсаң, енді апаңнан да бата аласың. Қарғам, асығып жау тілемесең де, бұл жорыққа аттаңар күн, тағы келер. Жәнібек балам, тым асығып кетпе, әуелі үлкендерден бата аласың, арауқты шаңырақтардан бата аласың. Десе де, екі ауыз кеңесім бар, қабыл алсаң тыңда. Жолынан тосады екен деме, тоспаймын, Жәнібек сен әлі жассын, бұғанан әлі қатқан жоқ, бұдан кейін де жорықтарға қатынассан да кеш емес. Жәнібек: Кіші аға, жатсам, тұрсам, әкемнің өлімі көз алдыманан кетпейді. Әкемнің қазасы көз алдыма елестесе болды, көкейімді ашу кернеп, өзімді ұтай алмаймын. Кіші аға: Япырай деген. Жәнібек: Онда кішкентай бала едім, енді ат мініп, азамат болдым. Әке кегін қайтармасам, намыс қой маған. Егер жорыққа атанып кетіп жатсам, ауыл аймаққа , мал жанға көзінізді саларсыз. Киіз үйге кіреді.Екікішкентай бала әжесіне жүгіріп барып, « апа, апа, Жани ағам келді.Апа, Жани ағам келе жатыр. Апасы: Не дид? Айнлайын, қарғам. Аман оралдыңба? Жоғары шыға ғой. Жолына қарап екі көзім төрт болды, құлыным. Қалай, ол жақтағы нағашы жұрт, ел тегіс аман бекен? Жәнібек: Дін аман. Апасы: Аман болса болды. Балам, Күңгей, қымыз әкел.
  • 11. 11 Жәнібек: Шаша апа, сізден рұқсат сұрағалы отырмын. Тілегіңізді бересізбе? Жорыққа аттаным. Әкемнің кегін аламын. Әке аруақ алдында борышымды өтеем деймін. Апасы: Балам, отымның алды, суымның тұңығы. Маңдайыма біткен күн едің. Үйде туып, түзде өлетін азаматсың ғоц. Батасзкетіп қаларсың. Жолыңнан қақсам, сағын сыңар.Батаңды берейін. Жәнібек: Батаңызға зәрумін. Апасы: Балам, саған не деп бата берейін. Үмітімнің жарығын өзіннен көріп ем, әкеннің аартыңдағы белгісі сен деп едім. Бар қазағанды көріп, жаратқан Алла сенің алдыңда алса екен деп едім. Саған тілек тілесім, Әуелі жолы болса екен деймін. Жебе алдыңнан тисе, анаңның ақ сүтін ақтағанын, Жебе артыңнантисе, анаңның қарызын қайтарғанын. Әуелі қосындытап, онан соң досыңды тап. Сен үшін тілеңбеген, не телек қалсың? Қай қашанда жолың болсын! Әумин!!! Жәнібек: Апа, Алла жол беріп, арауақ қолдаса, бойымда барымды өзіңіздің ақ сүтіңізбен, еліме арнаймын. Апасы: Бара ғой, балам! Жолын болсын. Шауып барып,кетіп бара жатқан Керей сұлтаннын қалың қолына барып қосылады.Демалып жатқа жауынгерлерге келеді. Жәнібек: Ассалаумагалейкум, батыр ағалар! Жауынгер: Кел, Жәнібек екенсің ғой. Отыр. Жорыққа қатысқалы келдіңбе? Жәнібек: Рахмет. Иә, Керей сұлтанмен бір қол астында болып, жауларға қарсы соғыссамба деген ойым бар. Жауынгер: Е, балам, тегеуірінің тас түлектің тегеуірініне ұқсайды екен. Алла тағала, сені бекерге жаратпаған екен. Дабыл: Аттаныңдар, аттаныңдар, жігіттер!!!! Ұлы шайқас орны. Киіз үйде Керей сұлтан уәзірлеріменберге отырады.Жәнібек ішке кіреді. Керей: Кешегі шайқаста, маған ат ауыстырған сенсіңбе? Жәнібек: Иә, солай, Керей сұлтан! Керей: Тосқауылға қоюға бала санадым. Батырдың сөзін сөйлеп жан тасаладын. Айтқанымды орындап, атқа мінбейтін болсам, басымды өзім шаба салам дедің. Жәнібек: Сұлтан, алдыңыда иемін бас. Айтқаныңыздың бәрі рас. Керей: Атыңа мінбесем, айтқаныңды құлағыма ілмесем, сілтермедің қылышты. Жәнібек: Расыңда, сілтер едім. Керей: Не себептен? Жәнібек: Әуелі өз ел ардагерлерін аялайды ғой. Сізді мен аяғанымен жау аямас. Алтын басыңызды жау кессе, ел намыс табаңға тапталады емес пе? Батырлық етпей ақын таппайтын, батылық етпе бақыт таппайтын кездер болады, алдияр. Керей: Ат бергеннен, сөз бергенін асты ғой. Саыста саспайтын батылдығынды көрдім. Жауыңды жаңыштайтын батырлығынды көрдім. Енді ал менен қалағанынды. Жәнібек: керей деген кең сұлтан, басқалармен тең елміз, талабымызды қабыл алсаңыз, он тізеңізден орны берсеңіз. Сізбен біріге отырып, қуатты хандық құрсам, бұдан асқан бақыт барма маған. Керей: Сендей батыр туған елге,он тізесінен орын бермеген сұлтанда әділдік болама? Мына орынды Жәнібекке бер.Тілегіңді орындаймын деген сертім бар. Енді қутты хандық құруға да ешқандай кедергі жоқ деп білемін. Ел болып, Қосыбасы таудың етегіне, Шу өзенінің бойына барып қоныс аударамыз. Барлығына хабарлаңдар!!! Жолымызды Алла қолдасын, Жаманшылық болмасын. Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы, Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы. Барған жерде құшақ жая қарсы алсын Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы. Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын, Көңілің шат, ат-көлігің арымай, Отбасыңмен аман-есен табысқын. Әумин. Осы кезде күй ойналып, видео көрсетіледі. Видео – Қазақ хандығы үзінді 1-оқушы: Керей хан боп аталды алты алашқа, Ғаділдіктен тарқады әрбір нұсқа. Ханның әділ болғаны елдің бағы,
  • 12. 12 Мінезі өзгермейді жазы, қыста. Елдің басын құрады, ердің басын, Шақырып берекеге ықыласын. Ерте ойлап, әрбір істі алдын болжап Кеңесіп пішуші еді істің басын. 2-оқушы: Керей ханнан кейін таққа Әз-Жәнібек отырды. 3-оқушы: Жәнібек хан боп тұрды орнын басып, Өнері Керей ханнан тұрды асып. Ел жігін, жердің шетін қолына алып, Халқына әділдіктен үлгі шашып. Не қиын мәселеге жауап тапты, Ақылдың бітіп жатқан көзін ашып. 4-оқушы: Керей мен Жәнібектен кейінгі хандар да мемлекет іргесін нығайтып, туған халқының сүйіспеншілігіне бөленіп, хандықтың туын жықпауға тырысты. 5-оқушы: Хан өтпес әділдікте Қасым ханнан Атадан арналғандай озып туған. Аталып «Қасым ханның қасқа жолы» Мұра боп кейінгіге содан қалған. 6-оқушы: Жәнібек ханның ұлы Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына тәуелсіз, дербес мемлекет есебінде Орта Азия мен Шығыс Еуропаға белгілі болды. 7-оқушы: Аталып Тәуке хан боп ел биледі, Айырмай жарлы, бай деп тең биледі. Артық қайрат, тапқыр ой болғандықтан, Ешкім деп айта алған жоқ кем биледі. 8-оқушы: 1680-1715 жылдары хан болған Әз -Тәуке көреген саясаткер, ақылды дипломат, құдіретті хан болды.Тәуке ханның өзіне дейінгілерден айырмашылығы-хандықты ерекше әлеуметтік топты құрайтын билердің көмегімен өз үстемдігін нығайтты. 9-оқушы: Күңіреніп ойлағанда Алаш жайын, Жанымды орай берсе ұлы уайым, Кеудемде күннің нұры толғандай боп Жырлаймын алты алаштың Абылайын. 10-оқушы: Жылдар бойы бостандыққа шөлдеген Халқым менің не қасірет көрмеген Жоңғар жаулап бейбіт жатқан елімді, Ақтабанда көздің жасы көлдеген. Елім сонда жаудан қорқып ықпаған, Намыс туын құлатпаған, жықпаған. Үш биі мен батырлары қазақтың, Еліміздің ірге тасын ноқтаған. 11-оқушы: Зұлмат заман, аштық, нәубет, жоқшылық, Ғайып болып көзімізден тоқшылық. Міне, осылар сансыратты елімді, Аяғынан әзер тұрды көпшілік. 12-оқушы: Қазақ жерін сұм аштық жайлап алды, Аш қаңғырды ел – жұртын айлап алды, Жас сәбилер, жеткіншек, сорлы анасын, Жылап сықтап, ас сұрап айналады. Бірте-бірте төмендеп халық саны, Тар жолда сусып түсіп тайғанады. Бірте-бірте көбейді мәйіт, мола, Талай жүрек тоқтап, тіл байланады. 13-оқушы. Ұзақ жылдар орыс патша биледі, Қазағыма теңдік билік тимеді
  • 13. 13 Бабалардың еркіндікті аңсаған, Армандары сөйтіп тағы күйреді. Бастарына «темір қазық жастаған», Қалың жаудан қорқып әсте саспаған. Сырым менен Амангелді, Жанқожа, Кенесары көтеріліс бастаған. Бір құрамдас болып Кеңестің, Соңына ердік коммунизм елестің. Орыстарға тәуелді боп 70 жыл. Асуынан астық талай белестін. Би. Жұмыр қылыш Ән: ІзІн көрем Ән: «Ұландар» Би: Қазақ биі 1-жүргізуші:Қуан, қазақ, күн туды қуанатын! Ендіктерді аралап еркін дүбір, Алаулатты керемет көркіңді нұр. Алақайлап аспанға атып тұрып, Берекелі бастағы бөркіңді бір... 2-жүргізуші: Қуан, қазақ! Күн туды қуанатын! Қазақ елі азат, Қазақ жері азат, Қазақ ері азат, Бұдан нұрлы шақ бар ма? Бұдан асар бақ бар ма? 1-жүргізуші: Қуан, қазақ! Күн туды қуанатын! Әдіптеді арманды әуелгі үміт, Кекете алмас қазақты жау ел күліп... Тәуелсіздік туындай биік еңсең, Кетті бүгін келмеске тәуелділік... 2-жүргізуші: Қуан, қазақ! Күн туды қуанатын! Төрт түліктен майысып арқа, белдер, Тойлап жатыр ой, қырда дарқан ерлер... Танып жатыр, мойындап Қазақ Елін Танығысы келмейтін тарпаң елдер... Бірге :Қуан, қазақ! Қуан, қазақ Қуан, қазақ!!!!! Ән: «Сәлем, саған, Туған жер» 1-жүргізуші: Атыңнан айналайын қазақ деген, Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем. Сақтасын сақтығыңды сағың сынбай, Көрсеңде көресіңді азаппенен. Бір ата, бір ананың түлегіміз «Бірлік» деп бірге соқсын жүрегіміз. 2-жүргізуші: Мәңгілік елге жеткізетін тек қана Нұрлы жолдар екенін есімізде ұстайық! 1-жүргізуші: Бабалар жазған ұлы тарихы бар, Нұрлы жолы бар менің халқым -Ұлы халық. Ерасыл: «Жаса, Қазақстан» оқушылар шығады.
  • 14. 14 «Жас тарихшы» (зияткерлік сайысы) Білімділік: Оқушыларды өз ойларын шапшаң, тұжырымды, жинақы әрі ашық айтуға, ұтымды түрде сөйлей білуге, білімдерін тиімді пайдалануға баулу. Дамытушылық: Ой - әрекетін дұрыс талдай отырып, топтастыруға, жинақтай, нақтылай білу, арнайы есте сақтау, шапшаң ойлау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын сауатты түрде айта білуді қалыптастыру. Тәрбиелік: Оқушыларды бір - бірін силауға, сын көтере білуге баулып, өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын, бәсекеге қабілетті, ұжымшыл зерделі тұлға тәрбиелеу. Түрі: Танымдық ойын Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, пікір талас 1 жүргізуші: Ассалаумагалейкум, қымбатты көрермендер. 2 жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар мен оқушылар. 1 жүргізуші: Сіздердің назарларыңызда «Жас тарихшы» зияткерлік сайысы. 2 жүргізуші: Бейбарыс, Жапонияда төмеңгі сынып оқушыларына үй тапсырмасын бермейді екен. 1 жүргізуші: Естігенім бар, бірақ жоғары сынып оқушыларына арталған жүк бастан асады. 2 жүргізуші: Ия, Жапонияның жоғарғы сынып оқушылары әлемдегі жұмысы көп жандар болып саналады екен. 1 жүргізуші: Ол ештене емес, ал АҚШ-та мектепке жаңа барған оқушыға ата-анасы ештене алып бермейді, яғни қажетті құрал жабдықтарымен мектеп толық қамтамасыз етеді. 2 жүргізуші: Ең қызығы Финляндияда оқушыларына алғашқы 6 сынып бойы мүлдем баға қойылмайды екен. 1 жүргізуші: Расыңда да, қызық, әр елдің білім жүйесі әр түрлі, бүгін бізде тарих пәні бойынша «Жас тарихшы» атты зияткерлік сайыс, қатысушылармен таныс болыңыздар. 2 жүргізуші: Алғашқы сайыскеріміз Темірбеков Темірлан 6 «Ә» сынып оқушысы. Армысыздар жиналған көрермендер және ойын қатысушылары. Ұлы ойшылЖүсіп Баласағұни айтқандай «Бақытты болудың негізі білім» осы мақсатта осы ойынға келіп тұрмын. 1 жүргізуші: Келесі білімді ойыншымыз Сулейменова Айсана «А» сынып оқушысы. Қайырлы күн қымбатты көрермендер. Бүгінгі білім бәсекесінде Төзімділігім «ту» болып, Ұлтжандылығым «Ұран болып, Әділдігім «Ән» болып, Жеңіс жалауына жетсем деймін. 2 жүргізуші: Зияткерлік сайыс ойында бағын сынайтын келесі қатысушымыз 6 «Ә» сыныбының қатысушысы Тлеубердинова Жұлдыз. Өткен шаққа алғыс айтып, осы шаққа сүйсіне қарап, келер шақты үмітпен күтетін енің бұл сайысқа қатысып отырғандағы ең басты мақсатым , білімімді одан әрі жетілдіру болмақ. Менің ұстанымым Абай атамыздыңөлең жолдары: Сеңбе жұртқа тұрсадағы қанша мақтап, Әуре етеді ішіне қулық сақтап, Өзіңе сен өзіңді алып шығар, Еңбегімен ақылың екі жақтап. 2 жүргізуші: Келесі ойыншымыз 6 «А» сынып оқушысы Баскенова Аружан Армысыздар,жиналған қауым. Менің бүгінгі ойынға келіп отырғандағы мақсатым, өз бағымды сынап, білімімді тексеру. Менің өмірлік ұстанымым тек «Алға». 1 жүргізуші: Келесі қатысушымыз ізгілік жолын білімнен іздейтін 6 «Ә» сынып оқушысы Таласпаева Камила. Осы зияткерлік сайысқа қатысу себебім өзімнің білімім мен дүниетанымымның шын мәнідегі дәрежесін білу, ал өмірлік ұстанымым «еркін де қызықты» өмір сүру. 2 жүргізуші: Соңғы қатысушымыз 6 «А» сынып оқушысы Кеңеспай Данияр Армысыздар ардақты Алаш елі. Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып күн болам, Қараңғылықтың кегіңе, Күн болмағанда кім болам? Бүгінгі ойын нағыз көшбасшыны анықтасын. 1 жүргізуші: Қадірменді ойыншылар, қымбатты көрермендер. Ал енді алғашқы айналымның ойын шартын түсіндіре кетейін. Қазір сіздерге тест түрінде ортақ 10 сұрақ оқимыз, әр сұраққа жауап ретінде5 нұсқа берілген, сіздер берілген нұсқанын ішінен дұрыс жауапты табуыңыз керек, әр жауап 1 ұпаймен бағаланады. Ойлануға 5 секунд уақыт беріледі. Дұрыс немесе бұрыс жауабын әділқазылар беретін болады. Бәйгеге түсіп жарыспай Жүйріктің бағы жана ма Біліммен өнер жарысып Тәрбие - тәлім табар мән Бұл бәйге ойдың бәйгесі
  • 15. 15 Кім жүйрік ойға, сол алда! Деп ,- тартысқа толы алғашқы айналым «Бәйге» бастаймыз. Сұрақтар. 1. Алғашқы адамдардың әлеуметтік құрылысы қалай аталады? a) Алғашқы қауымдық құрылыс b) Құл иеленушілік құрылыс c) Феодалдық құрылыс d) Капиталисттік құрылыс 2. Заттай деректер негізінде адамзаттың тарихын зерттейтін ғылым: a) Этнография b) Археология c) Нумизматика d) Геральдика 3. Ең алғашқы адам қаңқасы қай жылдары табылды? a) 1950-1959жж. b) 1950-1963жж. c) 1959-1963жж. d) 1960-1963жж. 4. Адамның алғашқы пайда болған Отаны: a) Африка b) Азия c) Америка d) Австралия 5. Индонезиядағы Ява аралынан питекантроп адамы қай жылы табылды? a) 1895ж. b) 1894ж. c) 1893ж. d) 1891ж. 6. 1927 жылы синантроп қай жерден табылды? a) Африка b) Қытай c) Америка d) Франция 7. Германияның Неандерталь мекенінен қай жылы адам қанқасы табылды? a) 1895 ж. b) 1894 ж. c) 1856 ж. d) 1891 ж. 8. 1938 жылы Өзбекстаннан неандертальдық баланың қаңқа сүйегін тапқан академикті атаңыздар. a) З. Самашев b) К. Ақышев c) Ә. Марғұлан d) П. Окладников 9. Францияда кроманьондық адамның сүйегі қай жылы табылды? a) 1868 ж. b) 1894 ж. c) 1856 ж. d) 1891 ж. 10.Қазіргі адамға ұқсас адам қалай аталады? a) Жабайы адам b) Тік жүретін адам c) Епті адам d) Саналы адам
  • 16. 16 Жауаптары :а, б, с, а, д, б, с, д, а, д 2 жүргізуші: Екінші кезекті екінші кезеңге берейік. Алғашқы айналымыздағы ұпайлар толығымен сақталады, сіздерге 5 сұрақтан тұратын әзірленген ұяшықтар ұсынылады, әр дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады.Егер ойыншы сұрағына дұрыс жауап бере алмасы, жүргізушінің қарсыластар деген сөзінен кейінкелесіойыншы жауап бере алады. Осы сайыстан кейін ұпайы аз 3 ойыншы ойынды тоқтатады.Ендеше жүзден жүрік, мыңнан тұлпарды анықтаймыз, келесі кезең « Жорға». 1 жүргізуші: 1 ойыншы ----------------- « ----------- қандай арманын бар?». Қай ұяшықты таңдайсыз? 2 жүргізуші: 2 ойыншы --------- «-------- көңіл-күй қалай?» 1 жүргізуші: 3 ойыншы ---------- «------- бос уақытыңды немен айналысасың?» 2 жүргізуші: 4 ойыншы -------- Бүгінгі ойында кім жеңімпаз болуы мүмкін. Болжай аласыңба? 1 жүргізуші: 5 ойыншы ------ Қандай спаорттық ойын түрлерімен айналысасын? 2 жүргізуші: 6 ойыншы -------- Келешекте қандай маман болғын келеді? 1 жүргізуші: 2 айналым бітті ұпайлары аз –––––––––––––––––––––– сіздермен қоштасамыз. 1 ұяшық сұрақтары: 1. Қай дәуір «қыш құмыралар заманы» деп аталады? (неолит) 2. Қазіргі адамға ұқсас адам қалай аталады? (саналы адам) 3. Еліміздің оңтүстік астанасы (Алматы) 4. Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің мерзімі (б.з.д. 2 – 1 мыңжылдықтар) 5. Үйсіндерде малдың қай түрі байлықтың өлшемі болып есептелді? (жылқы) 2 ұяшық сұрақтары: 1. Неолит дәуірінің үлкен жаңалығы. (Неолит дәуірінің басты ерекшелігі - өнімді еңбектің пайда болуы) 2. Тас дәуірі неше кезеңге бөлінеді? (3) 3. 1970 жылы Есік қорғанын ашқан археолог кім? (К.Акышев) 4. Рулық қауымдағы адамдар тобының шығу тегін жануарларға,өсімдіктерге немесе табиғат құбылыстарына байланыстыру негізінде қалыптасқан сенім (Тотемизм) 5. Үйсін қаласы «Қызыл Аңғар» қайда орналасқан? (Ыстықкөл) 3 ұяшық сұрақтары: 1. Қола дәуірінде адамдар қандай нәсілге жатты. (Европоидтық) 2. Сақ тайпалары жайлы алғаш рет кімнің еңбегінде айтылды? (Геродот) 3. Рулық қатынастар ыдырағаннан кейін орнаған бірлестіктер. (Тайпа) 4. Берел қорымынан табылған жәдігер. (Жылқының қаңқалары) 5. Астана қаласының бұрынғы атауы. (Ақмола, Целиноград) 4 ұяшық сұрақтары: 1. Неолиттік Сексеуіл тұрағы орналасқан қала. (Қызылорда) 2. Аналық рудың ыдырауынан кейін, оның орнына келген қатынас. (Аталық) 3. Сақ-парадарайялар кімдер? (Арал теңізін мекендейтін сақтар) 4. Жалпы адамзат тарихындағы палеолиттің хронологиялық шеңбері (б.з.б. 2 млн. 6,00 мың -12 мыңжылдықтар) 5. Мыс пен қалайының қосындысы қалай аталды? (Қола) 5 ұяшық сұрақтары: 1. Неолит дәуірінің қамтитын кезеңі... (б.з.б.5-3 мыңжылдықта) 2. Үйсіндердің шаруашылығының қай түрінің маңызы зор болды? (мал шаруашылығы) 3. Жезқазғаннан қанша миллион тонна кен өндірілген? (1 миллион) 4. Астана қаласының символы (Байтерек) 5. Белгілі сақ патшайымы кім? (Тұмар) 6 ұяшық сұрақтары: 1. Жезқазғаннан кен өндірілгеннін кім зерттеді? (Қ.Сәтпаев) 2. Үйсіндердің астанасы болған қала (Қызыл Аңғар)
  • 17. 17 3. Сақ қоғамы қандай 3 топқа бөлінді? (Абыздар, жауынгерлер, малшылар мен егіншілер) 4. Мезолит дәуірінің қамтитын кезең. (Б.з.б.12-5 мыңжылдықта) 5. Ежелгі адамдардың тұңғыш баспанасы… (Үңгірлер) 2 жүргізуші: Қымбатты оқушылар, үшінші айналым «Ғажайып әлем» бойынша сіздерге 3 тақырыптан тұратын 10, 20, 30, 40, 50 ұпайлық 20 сұрақ ұсынылады.Осы сұрақтардың ішінде бейне сұрақ және арнайы сұрақ бар. 1. Есімдер сыр шертеді 2. Ұлы тұлғалар 3. Тарих қойнауында 1. Есімдер сыр шертеді 10 ұпай.Әйтеке бидің шын есімі: Айтақ 20 ұпай.Абай Құнанбаевтың шын есімі: Ибраһим 30 ұпай.Қабанбай батырдың шын есімі: Ерасыл 40 ұпай.Шоқан Уәлихановтың шын есімі: Мұхамад - Қанафия 50 ұпай.Абылай ханның шын есімі: Әбілмансұр 2. Ұлы тұлғалар. 10 ұпай.«Мен сендерді адастырып, қырғынға ұшыраттым,елімді аман алып қалдым, мен дегеніме жеттім. Енді қолдарыңнан келгендеріңді істей беріңдер» деп, ерлік көрсетіп, парсылардан осылай кек алған кім? (Шырақ) 20 ұпай.Бұл тарихи тұлға ұлтымыздың ағарту саласында көп еңбек еткен. Қазақ даласында бірінші болып қыздарға арнап мектеп ашқан ағартушы педагог, балалар әдебиетінің атасы. (Ыбырай Алтынсарин) 30 ұпай.«Қазақтың бас ақыны, одан асқан бұрынғы – соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ». Мына сөздер кім туралы айтылған? (Абай) 40 ұпай.Күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі. Грек жазбаларында оның елін «массагет» деп атайды. Ол кім? (Тұмар) 50 ұпай.Арнайы сұрақ Н.Назарбаев 3. Тарих қойнауында 10 ұпай: 20 ұпай 30 ұпай 40 ұпай: Сен білесің бе? Осындай өрнектерді сақ дәуірінде қандай стиль деп атады. 50 ұпай: Арнайы сұрақ Назира апай
  • 18. 18 2 ж: Міне, тартысқа толы 3 кезеңде аяқтадық. Ендігі жеңімпазды анықтауды қазылар алқасы анықтағанға дейін, әсем әнге кезек берейік. 1 ж: «Жас тарихшы» зияткерлік сайысының жеңімпазы анықталды. Жеңімпазды марапаттау үшін ортаға --------- ----------------------- шақырамыз. Барлық сайысқа қатысқан ойыншылар да ортаға шықсың. 2 ж: Құрметті көрермен,ғылым теңіз, білім қайық, бүгінгі ойын тартысты өтті. Ендеше келесі ойындарда кездескенше!!! «Ғажайып алаң» (интеллектуалдық тарихи – танымдық ойын) Мақсаты: Білімділік: оқушылардың тарих сабағынан Қазақстан тарихы пәнінен алған білімдері бойынша білімдерін жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру. Тәрбиелілік: оқушыларды туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Дамытушылық: өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім деңгейін байқауға, тез ойлауға, есте сақтауға, өз ойын жан - жақты толық жеткізе білуге, қосымша іздену, өз ойын мәдениетті түрде қалыптастыру. Әдісі: сайыс сабағы Қатысушы: 7 «а», 7 «ә» сынып оқушылары Жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі.(интерактивті тақтамен жұмыс) А) Мұғалімнің сөзі: ойынның мақсаты мен жоспарын таныстыру. Б) Ойынның кезеңдерімен таныстыру І кезең. ІІ кезең. ІІІ кезең. ІҮ. Ақтық сайыс Ү. Қорытындылау: Әділқазылар алқасына сөз беру. Жүргізуші сөзі: - Армысыздар, қадірменді оқушылар! - Армысыздар, жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар! Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген жүрек тебірентіп шаттық скезімді оятатын қасиетті сөздер мен туған жердің тарихы, шежіресін білу – әрбір ұрпақтың азаматтық борышы. «Тәуелсіздік белесі – ұлы арман кемесі» тақырыбы аясында өтетін « Ғажайып алаң» интеллектуалды тарихи танымдық ойынын бастауға рұқсат етіңіздер.  І іріктеу кезеңі: Білім деген биік шың. Бақытқа сені жеткізер. Білімді деген ақылшың Қиындықтан өткізер , – деп сайысымыздың алғашқы үштікгін анықтау үшін, сұрақтарымызғы назар аударайық. *Хан, сұлтандардың балаларын тәрбиелеуші әрі олардың қамқоршысы кім? (атабек) *Ертедегі парсылардың діни кітабы? (Авеста) *Қарапайым халықтардыкім деп атайды? (қараша) 1 кезең сұрағы: Ортағасырлардағы ел билеушісінің лауазымы (гурхан)
  • 19. 19  ІІ іріктеу кезеңі: Көңілді тапқыштар, алғырлар, Бар өнерін алдарыңа салады. Кім білімді, көп оқыған болса егер, Бүгінгі күн жеңімпазы болады- деп 2 кезеңнің ойыншыларының таңдау үшін, сұрақтарға назар аударайық *Шыңғыс ұрпақтарының иемденген территориясы. (ұлыс) * Қимақ тайпасының құрамында болған ірі тайпаның орыс деректеріндегі атауы? (половшылар) *Әскери қызметі үшін мұраға түпкілікті берілетін жер? (сойырғал) 2 кезең сұрағы: Әмудария өзенінің оң жақ жағалауындағы жердің аты (Мауараннахр) Білген сайын келеді біле бергім, Біле беру емес пе тілегі елдің. Бүгін осы сайыста жеңіске жет. Білімді,әрі білікті жас жеткіншек – деп 3 кезеңнің ойыншыларын іріктеп алайық.  ІІІ іріктеу кезеңі: *Құрғақшылық кезінде тәңірден жаңбыр тілеп құрбандық шалу рәсімі? (тасаттық) *Моңғолдың «ханның жері» деген мағынадағы сөзі ? (інжу) *Оғыз мемлекетіндегі әскери қызметкердің лауазымы? (сюбасшы) 3 кезең сұрағы: Ортағасырдағы түркі мемлекетіндегі ірі тайпалардың бірі? (дулу) Көрермен жиналған бұл тамашаға Әр қарап жым отыру жараса ма? Достар, сыныптас, танысқа емес Соқ қолыңды білімді жас талапқа. Қолыңды бекерге бос, соға берме Ойсыз, соқыр сезімнің соңына ерме Зерделеп, сұраққа жауап беріп, Сонда ортақ боласың бар жеңіске- дей келе көрермендермен ойынды жалғастырсам. Көрермендерге сұрақ: Король немесе патша кімнің алдында тәжін шешеді? (шаштаразшы)  Ақтық кезең Тауды биік деме сен, Талаптансаң шығарсың. Қарсылас мықты деме сен, Білімді болсаң шығарсың- деп ақтық сайысымызды бастаймыз Үш жүз жылдай тарихы бар деректе: « Осы гүлдің бір тұқымының өзі: 1 қап бидай, 2 қой, 5 шошқа, 2 бөшке май, 1 қап ірімшік, 4 бөшке сыра, күміс кесе, киім, жиһазға тең». Қандай гүлдің тұқымы үшін осындай баға берген? (қызғалдақ) Мұғалімнің қорытынды сөзі: - Қазақ елі туралы білмеген жер шарының түкпір - тукпірі тек тәуелсіздігін алған соң ғана танып білуде. Тәуелсіздіктің тірегі білім. Дана халқымыз: « Білегі мықты бірді жығады, білімі мықты мыңды жығады»,- деп баяғыда айтқан. Қиялына қанат біткен ойы ұшқыр, білімді жастар болатындарыңа сенемін. Өткенім бар, өкініш жасыра алман, Тарихым бар жазылған ғасырлардан. Қазақ деген ел барын әйгілейік, Орындалсын аңсаған асыл арман, - дей отырып, елбасымыздың «Қазақстанның болашағы, балалар, сіздердің қолдарыңызда»,- деген аталық сезімін ақтай біліңіздер демекпін. – Тыңдағандарыңызға рахмет