SlideShare a Scribd company logo
1 of 6
Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің
№ 13 «Алтынай» арнайы бала бақшасы
коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны
Қазақ тілі мұғалімі:
Камалиева Торғын Мұратқызы
Баяндама тақырыбы: «Қазақ тілі сабақтарында
мүмкіндігі шектеулі балалармен дидактикалық ойындарды қолдану»
Дамуында ауытқуы бар мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу
түзету педагогикасындағы ең маңызды және өзекті мәселелердің бірі болып
табылады. Ойындар сюжеттік-рөлдік, қимыл-қозғалыс, дидактикалық және
дамыту-түзету ойындары болып бөлінеді.
Ойын – еңбекпен және оқумен қатар жүретін, адам әрекетінің негізгі түрлерінің
бірі, біздің өмір сүруіміздің таңғажайып феномені. Ойын анықталуына қарай –
өзінің мінез-құлқын басқаруда жүзеге асырылған және жинақталған, қоғамдық
тәжірибені құру мен меңгертуге бағытталған оқиға әрекетінің бір түрі.
Ойынсыз бала өмір сүру мүмкін емес. Сонымен бірге, қазақ тілі сабақтары да
ойынсыз өту мүмкін емес. Ойнай отырып бала қарапайым қатынастық
элементтерді шешеді және өзіне білімсіз түрде жаңа сөздер мен грамматикалық
құрылымды меңгереді.
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт
Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені ойын
үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.
Қазақ тілі балабақшаларда ерекше пән болып табылады. Өзге тілге үйретуде
балаға таныс айналаны қоршаған заттардың аттарына атап қана қоймай, оларды
жаңа қырынан тани білу, заттардың ерекше белгілерін айқындай алуға үйрету
қажет. Барлығы да: сөзді, сөз тіркесін жаттау дегендей оңай болса ғой. Бірақ кез-
келген үлкен адамдар: өзге тілді үйрену – қадамнан соң қадам жасау екенін, басқа
мәдениеттің әлемін ашу және тану екенін жақсы біледі.
Бірінші күннен бастап-ақ қазақ тіліне үйретуде әрбір балаға өзге тілдің
маңыздылығы мен құндылығын басқа адамдар мен олардың мәдениетіне деген
білімнің көзінің қарашығындай қарауды ұғындыру қажет.
Ең алдымен баланы басқа елдің балалар әлемі қызықтыруы қажет. Сондықтан
да қазақ тіліне оқытуды үлкендердің нақты дәлелдері мен құбылыстары емес,
оқытылатын елдің тілінің балалар мәдениеті басты назарда болуы тиіс.
Өзге тілді үйренуге деген ең қысқа көпір – ойын болып табылады. Ойын
кезіндегі «бөтен» бөтен болудан қалады, ол өзінікі болып есептеледі, әлем өзімдікі
және бөтен бөлінуді қойып, ойын жүргізуші және ойнаушыға айналады.
Ойын сабақты бала үшін мазмұнды, қызықты, эмоционалды маңызды етеді.
Бірақ, ең бастысы, бала ойынмен және ойын ережелерімен танысып қана қоймай,
өзінің тәжірибесінде басқа елдің балалар әлемімен де танысады. Ойын ойнағанда
ең алдымен, қиялдау, бейнелі ойлау қабілеттілігі дамиды және жинақталады, ол өз
кезегінде келешекте шығармашылық әрекеттің күрделі түріне көшуге негіз бола
алады. Сонымен бірге, қиялды дамытатын ең қажетті дүние, өйткені, ол болмаса ең
қарапайым адами әрекеттің өзі оның жанында түкке тұрмас еді. Ойын баланың
дамуында басқа адамдармен өзара әрекеттесуге үлкен әсер етеді. Және бала
үлкендермен ойын арқылы өзара әрекет пен өзара қарым-қатынасты жасай отыра,
ережелерді меңгереді, өзінің әрекеті мен ниетін түсіндіруге, басқа балалармен
келісуге үйренеді.
Жалпы алғанда ойын, ықыласты және еркін таңдалған әрекет, одан ләззат алуға
болады. Ойын кезінде шығармашылық қабілеттерін дамытатын еркіндік,
бастамалық, ұйымдастырушылық қасиеттері қалыптасады.
Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың да: «Ойын ойнап, ән салмай,
өсер бала бола ма?» деп айтып кеткеніндей баланың өмірінде ойын ерекше орын
алатыны белгілі. Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған
қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық,
ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын
дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Жас баланың өмірді тануы,
еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.
Өз білімін жетілдіру тақырыбымда мына принциптерді негізге ала отырып,
белгілі бір нәтижеге жетуді көздеймін.
Әдістеме принциптері
* Ойлау қызметі
* Жетістік жағдайы
* Шығармашылық
* Белсенділік
* Психологиялық жайлылық
* Бірегейлік
* Сабақтастық
Ойын ойнау кезінде баланың сана-сезімі, еркі, өзін-өзі бақылауы, өзінің
жұмысын өзгенікімен салыстыру қасиеттері қалыптастады. Сондай-ақ зейін, ес,
қиял сияқты психикалық үрдістері қалыптасып, сөйлеу тілі дамиды, балалар сөз
сөйлеу мәдениетін үйренеді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды,
өзінің күш-жігерін жұмсап, адамдармен араласуға үйренеді. Және ойынды алғанда
балалардың жас және психологиялық ерекшеліктері ескерілу қажет. Дидактикалық
ойындарды ойнауда балалар суретті, ойыншықты, муляжды т.б. көзбен жақын
көреді, қолмен ұстап көру арқылы салыстырады, пішініне, заттың түсіне назар
аударады, сөйтіп оның назар салу, көру қабілеті, зейіні қалыптасады.
Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыста баланың назарын өзіне аударатын,
әрбір баланы қызықтыратын әдістемелік тәсілдер қолдану қажет. Мұндай балалар
белсенді емес, заттармен және ойыншықтармен ойнау кезінде белсенді әрекет ету
тілегі төмен. Сондықтан ұсынылып отырған әрекетке міндетті түрде балаға
жағымды жағдай туғызып отыру қажет. Осы мақсатта да дидактикалық ойындар
дәл қызмет етеді.
Мақсаттары:
Білімдік мақсаты:
• Оқыту материалын балаларға тереңдете меңгертуге жағдай құру;
• Балалардың ой- өрісін кеңейтуге жағдай құру.
Дамыту мақсаты:
• Балалардың шығармашылықпен ойлауын дамытуға жағдай құру;
• Сабақ үстінде меңгерген білік пен дағдыларын тәжірибеде қолдана алуға
жағдай құру.
Тәрбиелік мақсаты:
• Адамгершілік құндылығын бағалауға тәрбиелеу;
• Өзін жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге жағдай құру.
Дидактикалық ойын – үлкендердің баланы оқытудағы әрекеттестіктің бір түрі
болып табылады. Сонымен бірге ойын – балалар әрекетінің негізгі түрі болып
есептеледі. Сол үшін де дидактикалық ойындар екі мақсатты болады: оның бірі
үлкендердің жетекшілігімен жүретін оқыту түрінде болса, екіншісі- ойынды, мұнда
бала өзі әрекет етеді. Ең бастысы, бұл екеуі бір-бірін толықтырып және
бағдарламалық материал меңгертіліп отырғаны дұрыс.
Дидактикалық ойындардың қызметі
* Оқытушылық
* Тәрбиелік
* Қатынастық
* Сауықтырушылық
* Релаксациялық
* Психологиялық
* Дамытушылық
Дидактикалық ойын – бұл оқыту құралы, сондықтан оны балалармен сабақтарда
және бос уақыт кезінде кез-келген бағдарламалық материалды меңгеруде
қолдануға болады. Оқытуда дидактикалық ойындарды нәтижелі қолданудың
маңызды шарттарының бірі – ойындарды іріктеу кезінде жүйелілікті сақтау. Ең
алдымен, келесі дидактикалық принциптер есепке алыну керек: ойындардың
болуы, жиілік, тапсырманы орындау реті. Дидактикалық ойындарда мынадай
жағдайлар жасалады, белгілі бір жағдайда немесе кез-келген затпен әрекет ете
отырып, қолмен сезіне отырып әрбір бала өз еркімен әрекет жасауға мүмкіндік
алады. Бұл әсіресе, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін маңызды, өйткені олардың
заттармен әрекет ету тәжірибесі аз. Бұл ойындар түрлі материалдарды бірнеше рет
қайталау кезінде тапсырмаға деген эмоционалды жағымды жағдайын сақтауды
қамтамасыз етеді.
Мүмкіндігі шектеулі балалармен ойынды ұйымдастыруда мына нұсқаулар
ұсынылады:
• баланың қызығушылығын ойын арқылы оята алсақ, әрбір істі ойынға
айналдыру қажет;
• баланың жас ерекшелініне қарай ойынды дұрыс таңдай білу;
• ойнау кезінде баланың алға жылжуын қадағалау, ойын кезінде асықтырмау;
• ойын жеткілікті қызықты, әрі жеңіл болуы қажет;
• баланың жалғыз ойнауын және өзгелермен ойыншығын бөлісе, бірлесіп
ойнауына жағдай құру;
• ойын баланы қызықтыратындай ойынды және ойыншықты өзгертіп отыру;
• ойыншықтар таза, әдемі, ашық түсті, қауіпсіз болу керек.
Дидактикалық ойындардың түрлері. Барлық дидактикалық ойындар негізінен
үш топқа бөлінеді, олар; заттық, үстел үсті және сөздік дидактикалық ойындар.
Мүмкіндігі шектеулі балалармен сабақтарда мен заттық және үстел үстінде
ойналатын дидактикалық ойындарды қолданамын. Дидактикалық ойындарды
белгілі ережесі мен мазмұны бойынша үлкендер ұйымдастырады. Бұл ойындардың
міндеті – балалардың бағытты және ортақ іс-әрекетін ұйымдастыру. Өз білімін
жетілдіру тақырыбымда осы ойындардың ішінде мен дидактикалық ойындарды
таңдадым. Дидактикалық ойындар: сөздікті толықтырады, және белсендіреді,
дыбысты дұрыс айтуды қалыптастырады, байланыстырып сөйлеуді дамытады, өз
ойын дұрыс айта білуді, балалар тілін дамытады.
Балалар ойын тапсырмалаларына қызыға көңіл бөледі. Табу, айту, атау, ойын
тапсырмасын сапалы шешуге көңіл бөледі: сұлбаны әдемі құрастыру, суретті
дұрыс таңдау, жинау т.б. Балалар дидактикалық ойын барысында заттың сыртқы
пішінін салыстырып, есте сақтауға үйренеді. Соынмен қоса, оның қоршаған орта
туралы дағдысы бекиді; қабылдау, елестету, зейін, сөйлеу сияқты қабілеттері
дамиды. Ойын баланың көңіл-күйін көтеріп, сергітетіні белгілі. Олай болса, есте
сақтау қабілетін дамыту үшін өзім сабақта қолданатын дидактикалық ойындарды
ұсынамын.
«Не жоқ?»
Мақсаты: Балалардың есте сақтау мен сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.
Қажетті құралдар: Суреттер, ойыншықтар, муляждар және т.б.
Ойын шарты: Мұғалім үстел үстіне үш-төрт суретті қояды, сосын балаларға
көздерін жұмуды ұсынады. Балалар көздерін жұмған кезде мұғалім бір суретті
жасырып қояды. Көздерін ашқанда қай сурет жоқ екенін сұрайды. Балалар үстелде
«Не жоқ?» екенін тауып қуыршақ жоқ немесе доп жоқ –деп жауап беруі тиіс.
«Мынау не?»
Мақсаты: Мынау сөзін қосып айтуға жаттықтыру, сөз тіркесін құрату.
Қажетті құралдар: Тақырыпқа қатысты суреттер, карточкалар, ойыншықтар.
Ойын шарты: Сабақта үйренген жаңа сөздерді қолданып сөз тіркесін құрату.
Мұғалім «Мынау не?» -деп сұрағанда бала мынау - қоян, мынау-машина, - жауап
береді.
«Суретті жина»
Мақсаты: Жас ерекшелігіне қарай үшке немесе төрт бөлікке қиылған суреттерді
жинап, не құрастырғанын айта алуға үйрету.
Қажетті құралдар: Әр балаға жеке үш немесе төрт бөлікке қиылған суреттер.
Ойын шарты: Ойын кезінде балалар берілген қиынды суреттерден толық сурет
құрастырады және қандай сурет құрастырғанын айтады.
«Қарап ал да, есіңе сақта»
Мақсаты: Көру, есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру.
Қажетті құралдар: ойыншықтар, суреттер.
Ойын шарты: Мұғалім екі немесе үш суретті баланың алдына қатарлап қояды, одан
соң суретті қайталап айтқызып, одан соң теріс қаратады. Бала қай сурет қай жерде
тұрғанын қаншалықты есте сақтағанын тексеру үшін алма қайда? - деп мұғалім
сұрағанда бала тек сол суретті нұсқауы тиіс.
«Сиқырлы қалта»
Мақсаты: тілдерін жетілдіру, сұраққа жауап беру.
Қажетті құралдар: жануарлар, көкөністер, жемістер, әр түрлі заттар.
Ойын шарты: Мұғалім қалтадан ойыншықты алып «Мынау қоян ба?» деп сұрайды.
Балалар иә немесе жоқ деп жауап береді.
«Дидактикалық юбка»
Мақсаты: Лексикалық қорды бекіту
Қажетті құралдар: Түрлі-түсті қалташалары бар дидактикалық юбка.
Ойын ережесі: Мұғалім юбканы киеді. Қалтасында ойыншықтар, сандар бар. Олар
қалтаның түсіне сәйкес келмеуі мүмкін.
«Жұмбақ ағаш»
Мақсаты: «Жануарлар», «Түстер» тақырыбы бойынша лексиканы бекіту.
Қажетті құралдар: жеміс-жидектері бар ағаштар немесе кішкентай себеттер.
Ойын шарты: Мұғалім айтады: «Біздің сиқырлы ағаштың жұмбағы бар»- дейді.
Балалар ағаштан себетті кезекпен алып, онда не бар екенін қарайды және не
жасырынғанын айтады.
«Асбұршақ терапиясы»
Мақсаты: балалардың шығармашылық белсенділігін арттыру.
Қажетті құралдар: асбұршақ салынған ыдыс, ұсақ ойыншықтар.
Ойын шарты: Бала қолын ыдыс ішіне салып асбұршақ ішінен ойыншықты алып,
қандай ойыншық алғанын атайды.
Мақсаты: Көру, есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру.
Қажетті құралдар: ойыншықтар, суреттер.
Ойын шарты: Мұғалім екі немесе үш суретті баланың алдына қатарлап қояды, одан
соң суретті қайталап айтқызып, одан соң теріс қаратады. Бала қай сурет қай жерде
тұрғанын қаншалықты есте сақтағанын тексеру үшін алма қайда? - деп мұғалім
сұрағанда бала тек сол суретті нұсқауы тиіс.
«Сиқырлы қалта»
Мақсаты: тілдерін жетілдіру, сұраққа жауап беру.
Қажетті құралдар: жануарлар, көкөністер, жемістер, әр түрлі заттар.
Ойын шарты: Мұғалім қалтадан ойыншықты алып «Мынау қоян ба?» деп сұрайды.
Балалар иә немесе жоқ деп жауап береді.
«Дидактикалық юбка»
Мақсаты: Лексикалық қорды бекіту
Қажетті құралдар: Түрлі-түсті қалташалары бар дидактикалық юбка.
Ойын ережесі: Мұғалім юбканы киеді. Қалтасында ойыншықтар, сандар бар. Олар
қалтаның түсіне сәйкес келмеуі мүмкін.
«Жұмбақ ағаш»
Мақсаты: «Жануарлар», «Түстер» тақырыбы бойынша лексиканы бекіту.
Қажетті құралдар: жеміс-жидектері бар ағаштар немесе кішкентай себеттер.
Ойын шарты: Мұғалім айтады: «Біздің сиқырлы ағаштың жұмбағы бар»- дейді.
Балалар ағаштан себетті кезекпен алып, онда не бар екенін қарайды және не
жасырынғанын айтады.
«Асбұршақ терапиясы»
Мақсаты: балалардың шығармашылық белсенділігін арттыру.
Қажетті құралдар: асбұршақ салынған ыдыс, ұсақ ойыншықтар.
Ойын шарты: Бала қолын ыдыс ішіне салып асбұршақ ішінен ойыншықты алып,
қандай ойыншық алғанын атайды.

More Related Content

Viewers also liked

Viewers also liked (8)

arley
arleyarley
arley
 
тиждень правових знань
тиждень правових знаньтиждень правових знань
тиждень правових знань
 
13. infecciones del tracto respiratorio
13. infecciones del tracto respiratorio 13. infecciones del tracto respiratorio
13. infecciones del tracto respiratorio
 
тиждень правових знань
тиждень правових знаньтиждень правових знань
тиждень правових знань
 
Wen
WenWen
Wen
 
Macroeconomia
MacroeconomiaMacroeconomia
Macroeconomia
 
5.5. pre production
5.5. pre production5.5. pre production
5.5. pre production
 
Hino de Santana do Cariri
Hino de Santana do CaririHino de Santana do Cariri
Hino de Santana do Cariri
 

Similar to баяндама 2

балдайкенова г.с. статья
балдайкенова г.с. статьябалдайкенова г.с. статья
балдайкенова г.с. статьяAsem Sarsembayeva
 
шапей жайнағаламdgfh
шапей жайнағаламdgfhшапей жайнағаламdgfh
шапей жайнағаламdgfhNurlan Abilhanov
 
Балалардың ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту
Балалардың ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту  Балалардың ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту
Балалардың ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту Bilim All
 
сборник 4 конференции
сборник 4 конференциисборник 4 конференции
сборник 4 конференцииAsem Sarsembayeva
 
бала психология 11.pptx
бала психология 11.pptxбала психология 11.pptx
бала психология 11.pptxssuserf01f10
 
элективтұ курс , азалы,ұ226
элективтұ курс ,  азалы,ұ226элективтұ курс ,  азалы,ұ226
элективтұ курс , азалы,ұ226nurbolat84
 
Zxwewewwewwewewe
ZxwewewwewweweweZxwewewwewwewewe
Zxwewewwewwewewenurlan93kz
 
Жаңа технология элементтерін ойын түрлерімен ұштастыра қолдану арқылы оқушыла...
Жаңа технология элементтерін ойын түрлерімен ұштастыра қолдану арқылы оқушыла...Жаңа технология элементтерін ойын түрлерімен ұштастыра қолдану арқылы оқушыла...
Жаңа технология элементтерін ойын түрлерімен ұштастыра қолдану арқылы оқушыла...Bilim All
 

Similar to баяндама 2 (20)

сюжетті рөлді ойындар (өзіндік жұмыс)
сюжетті   рөлді ойындар (өзіндік жұмыс)сюжетті   рөлді ойындар (өзіндік жұмыс)
сюжетті рөлді ойындар (өзіндік жұмыс)
 
балдайкенова г.с. статья
балдайкенова г.с. статьябалдайкенова г.с. статья
балдайкенова г.с. статья
 
шапей жайнағаламdgfh
шапей жайнағаламdgfhшапей жайнағаламdgfh
шапей жайнағаламdgfh
 
мен ойнаймын (ақпарат)
мен ойнаймын (ақпарат)мен ойнаймын (ақпарат)
мен ойнаймын (ақпарат)
 
Балалардың ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту
Балалардың ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту  Балалардың ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту
Балалардың ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту
 
сборник 4 конференции
сборник 4 конференциисборник 4 конференции
сборник 4 конференции
 
бала психология 11.pptx
бала психология 11.pptxбала психология 11.pptx
бала психология 11.pptx
 
сенсорлық тәрбиенің мәні
сенсорлық  тәрбиенің  мәнісенсорлық  тәрбиенің  мәні
сенсорлық тәрбиенің мәні
 
элективтұ курс , азалы,ұ226
элективтұ курс ,  азалы,ұ226элективтұ курс ,  азалы,ұ226
элективтұ курс , азалы,ұ226
 
Zxwewewwewwewewe
ZxwewewwewweweweZxwewewwewwewewe
Zxwewewwewwewewe
 
кенес балалардың сөйлеу дағдыларын тірек кестелері арқылы дамыту
кенес балалардың сөйлеу дағдыларын тірек кестелері арқылы дамытукенес балалардың сөйлеу дағдыларын тірек кестелері арқылы дамыту
кенес балалардың сөйлеу дағдыларын тірек кестелері арқылы дамыту
 
техкарта новый
техкарта новыйтехкарта новый
техкарта новый
 
ныгыметова амина жанатовна
ныгыметова амина жанатовнаныгыметова амина жанатовна
ныгыметова амина жанатовна
 
озиндик жумыс
озиндик жумысозиндик жумыс
озиндик жумыс
 
конферен
конференконферен
конферен
 
Жаңа технология элементтерін ойын түрлерімен ұштастыра қолдану арқылы оқушыла...
Жаңа технология элементтерін ойын түрлерімен ұштастыра қолдану арқылы оқушыла...Жаңа технология элементтерін ойын түрлерімен ұштастыра қолдану арқылы оқушыла...
Жаңа технология элементтерін ойын түрлерімен ұштастыра қолдану арқылы оқушыла...
 
бағлан айтмұқанбетқызы
бағлан айтмұқанбетқызыбағлан айтмұқанбетқызы
бағлан айтмұқанбетқызы
 
разработка
разработкаразработка
разработка
 
конспект занятия
конспект занятияконспект занятия
конспект занятия
 
234953.pptx
234953.pptx234953.pptx
234953.pptx
 

More from Вспомогательный образовательный сайт

More from Вспомогательный образовательный сайт (20)

метод.в орлеу1
метод.в орлеу1метод.в орлеу1
метод.в орлеу1
 
открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 
4 д баспаға
4 д баспаға4 д баспаға
4 д баспаға
 

баяндама 2

  • 1. Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 13 «Алтынай» арнайы бала бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақ тілі мұғалімі: Камалиева Торғын Мұратқызы Баяндама тақырыбы: «Қазақ тілі сабақтарында мүмкіндігі шектеулі балалармен дидактикалық ойындарды қолдану» Дамуында ауытқуы бар мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу түзету педагогикасындағы ең маңызды және өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ойындар сюжеттік-рөлдік, қимыл-қозғалыс, дидактикалық және дамыту-түзету ойындары болып бөлінеді. Ойын – еңбекпен және оқумен қатар жүретін, адам әрекетінің негізгі түрлерінің бірі, біздің өмір сүруіміздің таңғажайып феномені. Ойын анықталуына қарай – өзінің мінез-құлқын басқаруда жүзеге асырылған және жинақталған, қоғамдық тәжірибені құру мен меңгертуге бағытталған оқиға әрекетінің бір түрі. Ойынсыз бала өмір сүру мүмкін емес. Сонымен бірге, қазақ тілі сабақтары да ойынсыз өту мүмкін емес. Ойнай отырып бала қарапайым қатынастық элементтерді шешеді және өзіне білімсіз түрде жаңа сөздер мен грамматикалық құрылымды меңгереді. Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Қазақ тілі балабақшаларда ерекше пән болып табылады. Өзге тілге үйретуде балаға таныс айналаны қоршаған заттардың аттарына атап қана қоймай, оларды жаңа қырынан тани білу, заттардың ерекше белгілерін айқындай алуға үйрету қажет. Барлығы да: сөзді, сөз тіркесін жаттау дегендей оңай болса ғой. Бірақ кез- келген үлкен адамдар: өзге тілді үйрену – қадамнан соң қадам жасау екенін, басқа мәдениеттің әлемін ашу және тану екенін жақсы біледі. Бірінші күннен бастап-ақ қазақ тіліне үйретуде әрбір балаға өзге тілдің маңыздылығы мен құндылығын басқа адамдар мен олардың мәдениетіне деген білімнің көзінің қарашығындай қарауды ұғындыру қажет. Ең алдымен баланы басқа елдің балалар әлемі қызықтыруы қажет. Сондықтан да қазақ тіліне оқытуды үлкендердің нақты дәлелдері мен құбылыстары емес, оқытылатын елдің тілінің балалар мәдениеті басты назарда болуы тиіс.
  • 2. Өзге тілді үйренуге деген ең қысқа көпір – ойын болып табылады. Ойын кезіндегі «бөтен» бөтен болудан қалады, ол өзінікі болып есептеледі, әлем өзімдікі және бөтен бөлінуді қойып, ойын жүргізуші және ойнаушыға айналады. Ойын сабақты бала үшін мазмұнды, қызықты, эмоционалды маңызды етеді. Бірақ, ең бастысы, бала ойынмен және ойын ережелерімен танысып қана қоймай, өзінің тәжірибесінде басқа елдің балалар әлемімен де танысады. Ойын ойнағанда ең алдымен, қиялдау, бейнелі ойлау қабілеттілігі дамиды және жинақталады, ол өз кезегінде келешекте шығармашылық әрекеттің күрделі түріне көшуге негіз бола алады. Сонымен бірге, қиялды дамытатын ең қажетті дүние, өйткені, ол болмаса ең қарапайым адами әрекеттің өзі оның жанында түкке тұрмас еді. Ойын баланың дамуында басқа адамдармен өзара әрекеттесуге үлкен әсер етеді. Және бала үлкендермен ойын арқылы өзара әрекет пен өзара қарым-қатынасты жасай отыра, ережелерді меңгереді, өзінің әрекеті мен ниетін түсіндіруге, басқа балалармен келісуге үйренеді. Жалпы алғанда ойын, ықыласты және еркін таңдалған әрекет, одан ләззат алуға болады. Ойын кезінде шығармашылық қабілеттерін дамытатын еркіндік, бастамалық, ұйымдастырушылық қасиеттері қалыптасады. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың да: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтып кеткеніндей баланың өмірінде ойын ерекше орын алатыны белгілі. Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Өз білімін жетілдіру тақырыбымда мына принциптерді негізге ала отырып, белгілі бір нәтижеге жетуді көздеймін. Әдістеме принциптері * Ойлау қызметі * Жетістік жағдайы * Шығармашылық * Белсенділік * Психологиялық жайлылық * Бірегейлік * Сабақтастық Ойын ойнау кезінде баланың сана-сезімі, еркі, өзін-өзі бақылауы, өзінің жұмысын өзгенікімен салыстыру қасиеттері қалыптастады. Сондай-ақ зейін, ес, қиял сияқты психикалық үрдістері қалыптасып, сөйлеу тілі дамиды, балалар сөз сөйлеу мәдениетін үйренеді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, адамдармен араласуға үйренеді. Және ойынды алғанда балалардың жас және психологиялық ерекшеліктері ескерілу қажет. Дидактикалық ойындарды ойнауда балалар суретті, ойыншықты, муляжды т.б. көзбен жақын көреді, қолмен ұстап көру арқылы салыстырады, пішініне, заттың түсіне назар аударады, сөйтіп оның назар салу, көру қабілеті, зейіні қалыптасады. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыста баланың назарын өзіне аударатын, әрбір баланы қызықтыратын әдістемелік тәсілдер қолдану қажет. Мұндай балалар
  • 3. белсенді емес, заттармен және ойыншықтармен ойнау кезінде белсенді әрекет ету тілегі төмен. Сондықтан ұсынылып отырған әрекетке міндетті түрде балаға жағымды жағдай туғызып отыру қажет. Осы мақсатта да дидактикалық ойындар дәл қызмет етеді. Мақсаттары: Білімдік мақсаты: • Оқыту материалын балаларға тереңдете меңгертуге жағдай құру; • Балалардың ой- өрісін кеңейтуге жағдай құру. Дамыту мақсаты: • Балалардың шығармашылықпен ойлауын дамытуға жағдай құру; • Сабақ үстінде меңгерген білік пен дағдыларын тәжірибеде қолдана алуға жағдай құру. Тәрбиелік мақсаты: • Адамгершілік құндылығын бағалауға тәрбиелеу; • Өзін жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге жағдай құру. Дидактикалық ойын – үлкендердің баланы оқытудағы әрекеттестіктің бір түрі болып табылады. Сонымен бірге ойын – балалар әрекетінің негізгі түрі болып есептеледі. Сол үшін де дидактикалық ойындар екі мақсатты болады: оның бірі үлкендердің жетекшілігімен жүретін оқыту түрінде болса, екіншісі- ойынды, мұнда бала өзі әрекет етеді. Ең бастысы, бұл екеуі бір-бірін толықтырып және бағдарламалық материал меңгертіліп отырғаны дұрыс. Дидактикалық ойындардың қызметі * Оқытушылық * Тәрбиелік * Қатынастық * Сауықтырушылық * Релаксациялық * Психологиялық * Дамытушылық Дидактикалық ойын – бұл оқыту құралы, сондықтан оны балалармен сабақтарда және бос уақыт кезінде кез-келген бағдарламалық материалды меңгеруде қолдануға болады. Оқытуда дидактикалық ойындарды нәтижелі қолданудың маңызды шарттарының бірі – ойындарды іріктеу кезінде жүйелілікті сақтау. Ең алдымен, келесі дидактикалық принциптер есепке алыну керек: ойындардың болуы, жиілік, тапсырманы орындау реті. Дидактикалық ойындарда мынадай жағдайлар жасалады, белгілі бір жағдайда немесе кез-келген затпен әрекет ете отырып, қолмен сезіне отырып әрбір бала өз еркімен әрекет жасауға мүмкіндік алады. Бұл әсіресе, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін маңызды, өйткені олардың заттармен әрекет ету тәжірибесі аз. Бұл ойындар түрлі материалдарды бірнеше рет қайталау кезінде тапсырмаға деген эмоционалды жағымды жағдайын сақтауды қамтамасыз етеді. Мүмкіндігі шектеулі балалармен ойынды ұйымдастыруда мына нұсқаулар ұсынылады: • баланың қызығушылығын ойын арқылы оята алсақ, әрбір істі ойынға айналдыру қажет;
  • 4. • баланың жас ерекшелініне қарай ойынды дұрыс таңдай білу; • ойнау кезінде баланың алға жылжуын қадағалау, ойын кезінде асықтырмау; • ойын жеткілікті қызықты, әрі жеңіл болуы қажет; • баланың жалғыз ойнауын және өзгелермен ойыншығын бөлісе, бірлесіп ойнауына жағдай құру; • ойын баланы қызықтыратындай ойынды және ойыншықты өзгертіп отыру; • ойыншықтар таза, әдемі, ашық түсті, қауіпсіз болу керек. Дидактикалық ойындардың түрлері. Барлық дидактикалық ойындар негізінен үш топқа бөлінеді, олар; заттық, үстел үсті және сөздік дидактикалық ойындар. Мүмкіндігі шектеулі балалармен сабақтарда мен заттық және үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындарды қолданамын. Дидактикалық ойындарды белгілі ережесі мен мазмұны бойынша үлкендер ұйымдастырады. Бұл ойындардың міндеті – балалардың бағытты және ортақ іс-әрекетін ұйымдастыру. Өз білімін жетілдіру тақырыбымда осы ойындардың ішінде мен дидактикалық ойындарды таңдадым. Дидактикалық ойындар: сөздікті толықтырады, және белсендіреді, дыбысты дұрыс айтуды қалыптастырады, байланыстырып сөйлеуді дамытады, өз ойын дұрыс айта білуді, балалар тілін дамытады. Балалар ойын тапсырмалаларына қызыға көңіл бөледі. Табу, айту, атау, ойын тапсырмасын сапалы шешуге көңіл бөледі: сұлбаны әдемі құрастыру, суретті дұрыс таңдау, жинау т.б. Балалар дидактикалық ойын барысында заттың сыртқы пішінін салыстырып, есте сақтауға үйренеді. Соынмен қоса, оның қоршаған орта туралы дағдысы бекиді; қабылдау, елестету, зейін, сөйлеу сияқты қабілеттері дамиды. Ойын баланың көңіл-күйін көтеріп, сергітетіні белгілі. Олай болса, есте сақтау қабілетін дамыту үшін өзім сабақта қолданатын дидактикалық ойындарды ұсынамын. «Не жоқ?» Мақсаты: Балалардың есте сақтау мен сөйлеу қабілеттерін жетілдіру. Қажетті құралдар: Суреттер, ойыншықтар, муляждар және т.б. Ойын шарты: Мұғалім үстел үстіне үш-төрт суретті қояды, сосын балаларға көздерін жұмуды ұсынады. Балалар көздерін жұмған кезде мұғалім бір суретті жасырып қояды. Көздерін ашқанда қай сурет жоқ екенін сұрайды. Балалар үстелде «Не жоқ?» екенін тауып қуыршақ жоқ немесе доп жоқ –деп жауап беруі тиіс. «Мынау не?» Мақсаты: Мынау сөзін қосып айтуға жаттықтыру, сөз тіркесін құрату. Қажетті құралдар: Тақырыпқа қатысты суреттер, карточкалар, ойыншықтар. Ойын шарты: Сабақта үйренген жаңа сөздерді қолданып сөз тіркесін құрату. Мұғалім «Мынау не?» -деп сұрағанда бала мынау - қоян, мынау-машина, - жауап береді. «Суретті жина» Мақсаты: Жас ерекшелігіне қарай үшке немесе төрт бөлікке қиылған суреттерді жинап, не құрастырғанын айта алуға үйрету. Қажетті құралдар: Әр балаға жеке үш немесе төрт бөлікке қиылған суреттер. Ойын шарты: Ойын кезінде балалар берілген қиынды суреттерден толық сурет құрастырады және қандай сурет құрастырғанын айтады. «Қарап ал да, есіңе сақта»
  • 5. Мақсаты: Көру, есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру. Қажетті құралдар: ойыншықтар, суреттер. Ойын шарты: Мұғалім екі немесе үш суретті баланың алдына қатарлап қояды, одан соң суретті қайталап айтқызып, одан соң теріс қаратады. Бала қай сурет қай жерде тұрғанын қаншалықты есте сақтағанын тексеру үшін алма қайда? - деп мұғалім сұрағанда бала тек сол суретті нұсқауы тиіс. «Сиқырлы қалта» Мақсаты: тілдерін жетілдіру, сұраққа жауап беру. Қажетті құралдар: жануарлар, көкөністер, жемістер, әр түрлі заттар. Ойын шарты: Мұғалім қалтадан ойыншықты алып «Мынау қоян ба?» деп сұрайды. Балалар иә немесе жоқ деп жауап береді. «Дидактикалық юбка» Мақсаты: Лексикалық қорды бекіту Қажетті құралдар: Түрлі-түсті қалташалары бар дидактикалық юбка. Ойын ережесі: Мұғалім юбканы киеді. Қалтасында ойыншықтар, сандар бар. Олар қалтаның түсіне сәйкес келмеуі мүмкін. «Жұмбақ ағаш» Мақсаты: «Жануарлар», «Түстер» тақырыбы бойынша лексиканы бекіту. Қажетті құралдар: жеміс-жидектері бар ағаштар немесе кішкентай себеттер. Ойын шарты: Мұғалім айтады: «Біздің сиқырлы ағаштың жұмбағы бар»- дейді. Балалар ағаштан себетті кезекпен алып, онда не бар екенін қарайды және не жасырынғанын айтады. «Асбұршақ терапиясы» Мақсаты: балалардың шығармашылық белсенділігін арттыру. Қажетті құралдар: асбұршақ салынған ыдыс, ұсақ ойыншықтар. Ойын шарты: Бала қолын ыдыс ішіне салып асбұршақ ішінен ойыншықты алып, қандай ойыншық алғанын атайды.
  • 6. Мақсаты: Көру, есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру. Қажетті құралдар: ойыншықтар, суреттер. Ойын шарты: Мұғалім екі немесе үш суретті баланың алдына қатарлап қояды, одан соң суретті қайталап айтқызып, одан соң теріс қаратады. Бала қай сурет қай жерде тұрғанын қаншалықты есте сақтағанын тексеру үшін алма қайда? - деп мұғалім сұрағанда бала тек сол суретті нұсқауы тиіс. «Сиқырлы қалта» Мақсаты: тілдерін жетілдіру, сұраққа жауап беру. Қажетті құралдар: жануарлар, көкөністер, жемістер, әр түрлі заттар. Ойын шарты: Мұғалім қалтадан ойыншықты алып «Мынау қоян ба?» деп сұрайды. Балалар иә немесе жоқ деп жауап береді. «Дидактикалық юбка» Мақсаты: Лексикалық қорды бекіту Қажетті құралдар: Түрлі-түсті қалташалары бар дидактикалық юбка. Ойын ережесі: Мұғалім юбканы киеді. Қалтасында ойыншықтар, сандар бар. Олар қалтаның түсіне сәйкес келмеуі мүмкін. «Жұмбақ ағаш» Мақсаты: «Жануарлар», «Түстер» тақырыбы бойынша лексиканы бекіту. Қажетті құралдар: жеміс-жидектері бар ағаштар немесе кішкентай себеттер. Ойын шарты: Мұғалім айтады: «Біздің сиқырлы ағаштың жұмбағы бар»- дейді. Балалар ағаштан себетті кезекпен алып, онда не бар екенін қарайды және не жасырынғанын айтады. «Асбұршақ терапиясы» Мақсаты: балалардың шығармашылық белсенділігін арттыру. Қажетті құралдар: асбұршақ салынған ыдыс, ұсақ ойыншықтар. Ойын шарты: Бала қолын ыдыс ішіне салып асбұршақ ішінен ойыншықты алып, қандай ойыншық алғанын атайды.