SlideShare a Scribd company logo
1 of 3
ТІЛ ДАМУЫ БҰЗЫЛҒАН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЕРЕСЕК БАЛАЛАРДЫҢ
ГРАФИКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.
Балдайкенова Г.С.
логопед
№6 «Алданыш» б/б КМҚК, Қарағанды қаласы
Жалпы тілдің өмірде алатын орны ерекше. Тіл байланысқа түсу, қарым-қатынас
жасау, ойды жеткізу, сезімді білдіру құралы. Баланың тілін дамыту туғаннан, мектепке
дейінгі кезеңнен бастау алады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасында
«Коммуникация» білім беру саласы балалар әрекетінің әртүрлі нысандары мен түрлерінде
ауызша және байланыстырып сөйлеуді, шығармашылық сөйлеу әрекетін дамытуды; тілдің
дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуді, тілдің грамматикалық жағын қалыптастыруды,
мазмұндауды, мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуды, сауат ашу негіздерін
қалыптастыруды қамтып отыр.
Мектепке дейінгі мекемелерде білім беру, тәрбиелеу, білім беру мазмұнын дамыту
сауатты ұйымдастырылмаса, баланың оқу мен жазуды игеру мәселесін түпкілікті шешу
мүмкіндігі болмайды. Бұл мәселелерді жүзеге асыру барысында балалардың тіл дамуында
болатын кемшіліктер басты кедергілер болып табылады.
Тіл дамуының бұзылуларының негізгі белгілері: дыбыстаудың бұзылуы, просодика,
сөйлеу барысында тыныс алу, дауыс және артикуляциялық моториканың дұрыс
қимылдамауы. Сондай-ақ, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуынан қимылдық механизмі
бұзылып, жалпы және ұсақ моторикасында да қиындақтар болады. Бұл балалар өз
құрбыларынан ептілік және қимылдың нақтылығынан артта қалады, бір әрекеттен екінші
әрекетке ауысуларында қиындықтар байқалады. Қимылдық тапсырма, нұсқауларды орындау
мүмкіндіктері шектеулі болады. Сөйлеуінде кемістігі бар балаларға оқу қызметінің
мазмұндық жағына деген индиферентті көзқарас тән. Балаларда көбінде интегративті
функциялардың (көру, есту және қозғалтқыштық үйлестірушіліктер) қалыптаспағандығы
байқалады. Логопат балалармен түзету жұмыстарын уақытылы, жүйелі, жан-жақты жүргізіп
көмек беру бұл кемшіліктерді жоюдың шешуші жолы болады. Оның ішінде жалпы және
ұсақ моториканы дамыту ерекше орын алады.Логопад балаларға тән саусақтар мен қол
білезіктерінің епті қозғалыстарының дамымағандығын жазуға оқыту кезінде мынадай
ерекшеліктер білінеді: балалар қаламды қате және үлкен қиналыспен ұстайды, бұл ретте
«тұзақтар» мен «ілмектер» бірдей болып шықпайды, сызықтар «дірілді», қысым жасау
бірдей мөлшерде емес, әріптер әртүрлі мөлшерде және жазылуына ұқсас әріптермен
алмастырғандай болып шығады. М.М. Кольцова зерттеулерінде, тіл дамуы бұзылған
балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту барысында баланың тіл дамуы жай ғана
жетілмейді, сондай-ақ, оның жан-жақты дамуында үлкен рөл атқаратыны анықталған.
Графикалық қабілетін қалыптастыру жұмысы баланың барлық іс-әрекеттерінде
жүзеге асырылуы қажет: оқу қызметтерінде (тіл дамыту, сауат ашу, математика, бейнелеу
өнері, қол еңбегі және т.б) және оқу қызметінен тыс уақыттарда. Дәстүрлі жұмыс
пропедевтикалық кезеңнен бас алуы қажет. Негізгі мақсаты графо-моторлық қабілетті
үйренуінде баланың оқу қызметіне деген қызығушылығын және құралды қолдана алу
қабілетін арттыруға бағытталады. Психолог ғалымдардың зерттуіне сүйенсек,
балабақшадағы балалардың 90% жазу мен оқуға деген қызығушылық білдірген. Жазу
психологиялық және физилогиялық тұрғыда алғанда өте қиын күрделі үдеріс. Балаланың
ойын түріндегі әртүрлі жаттығуларды орындауы оның негізгі әрі басты тәжіріибесі болады.
Графикалық дағдыны дамыту үшін графикалық бақылаулар, суреттер салу (нүкте, нұсқау,
торкөз бойынша) , штрих түсіру (қол қимылын әр бағыттарда қимылдату, силуэттік
штрихтаулар, суреттің элементтерін бастыру), суреттерді бояу.
Сызықтық графиканы үйрену үдерісін ынталандыру үшін келесі тапсырмалар жақсы
нәтижеге жеткізеді:
 Жоғарыдан-төменге, төменнен жоғарыға түзу тік, паралелдік сызықтар сызу;
 Солдан-оңға және оңнан солға түзу көлденең, паралельдік сызықтар сызу;
 Тік және көлденең сызықтарын үйлестіріп композициялар құрастыру;
 Еңкіш, паралельдік сызықтар, қиысатын, сынық сызықтар жүргізу;
 Доғал тәріздес қисық, толқынды, ілмекті және шиыршықты сызықтар салу;
 Сызықтардан құрастырылған композициялар жасау;
 Геометриялық фигуралар негізінде бейнелер салу;
 Тірек нүктелерін қолданып геометриялық фигураларды салу;
Ойын түріндегі жаттығуларды қолдану мысалдарын қарастырайық.
1 жаттығу. Мақсаты: ерікті түрде нүктелерді салғызуда қарындашты дұрыс ұстай
білуді қалыптастыру.
Нұсқау: «Мүмкіндігіңше көп жұлдыздарды сал. Есіңде болсын олар бізден өте алыста,
сондықтан біз оларды нүкте түрінде ғана көреміз».
Жерден жұлдыздардың алыстауына қарай, нүктелерді салудағы басу күші азайады.
Қимыл шолақ, үзік және жылдам болу керек.
2 жаттығу. Мақсаты: берілген нүктеден қарама-қарсы бағытта, яғни төменнен жоғарыға
және жоғарыдан төменге қарай сызық сызу қабілетін қалыптастырады.
Нұсқау: «Күн сәулесін сызғанда қарындашты қағаз бетінен ажыратпа, әйтпесе күн сәулесі
шөпке дейін жете аламай қалады (жоғарыдан төмен қарай үздіксіз, бірқалыпты сызу)».
«Ал, енді, сенің сәулелерің шөпке жетсе, шөптің өсуіне көмектес (төменнен жоғары қарай
шөптерді түзу етіп бастыру)».
3жаттығу. Мақсаты: кеңістікті қабылдауды, зейінділікті, көру-моторикалық
координациясын дамыту.
Нұсқау: Қарындашпен көбелек және қоңызды бастыр ............ түспен көбелекті, ал .........
түспен қоңызды боя (түсті педагог немесе бала өзі таңдайды).
Бұл жаттығу қоршаған ортаны таныстыруда, «жәндіктер» түсінігін қалыптастыруда
сөздіктерін, білімдерін кеңейтуде қолдануға болады.
 Көбелек пен қоңызды бір сөзбен қалай айтамыз?
 Жәндіктердің тағы қандай түрлерін білесіңдер?
Осы және осыған ұқсас тапсырмалар тіл кемістігі бар балалардың көріп
анализдеу және бағыт-бағдарлау түсініктерін дамытады. Алдыңғы көрсетілген
жаттығулардан басқа, көріп талдау және кеңістікті бағдарлау қабілетін дамытуға келесідей
тапсырмалар үлесін тигізеді: суреттергі айырмашылықтарды табу (ұқсас элементтерді),
затты сұлбасынан ажырату және суреттердің бөліктерінен табу, бөліктерден бір бүтін суретті
құрастыра алу.
Қолдың жұмысын жетілдіруде, графикалық сызықтарды жазуды қалыптастыру
күнделікті жұмыс барысында бақылаулар, көркем әдебиет шығармаларымен таныстыру,
табиғи және жарамсыз материалдарды оқу қызметтерінде қолдану, дидактикалық ойындарда,
логикалық ойын және тапсырмаларда жүзеге асырылады. Саусақ бұлшық еттерінің
қимылының жақсы жетілуі баланың болашақта жазу, сызу, сурет салу, бояу әрекеттерін
жетік игеруіне оңды әсер етеді. Қалам, қарындашты дұрыс ұстауын жетілдіру үшін саусақ
жаттығу-ойындарды қолданған тиімді. Оқу қызметтерінде, тыс уақыттарда құрғақ
бассейіндермен ойнау, құммен сурет салу, Су-Джок шарларымен ойындар, марблс тастарын
қолдану, кинетикалық құмдармен ойындар, табиғи матералдарды қолдану қазіргі таңда
кеңінен қолданылып келеді. Осы ойындар баланың қызығушылығын арттырып, тапсырманы
орындау барысында тиянақтылығын, зейінділігін, тұрақтылығын, көріп қабылдауын
дамытады.
Баланың әлемі – нақты заттың әлемі, яғни баламен жақын болам десеңіз, оның жас
және психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет. Ойын түріндегі берілген тапсырма,
жаттығулар баланың ойлау, жазу, сызуға деген қызығушылығын арттыра түседі. Сондықтан
баланың графикалық қабілеттерін қалыптастыруда ойындық тәсілдерді кеңінен қолдану
педагогтың шеберлігі болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. ҚР мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемелекеттік жалпыға міндетті
стандарты. 2016ж.
2. Журнал «Тілашар, логопед» 2011ж.
3. Журнал «Балабақша тәрбиелеу және оқыту» 2016ж.
4. Журнал «Дефектология» 2011ж.
5. Журнал «Воспитание и обучение» 2011г.

More Related Content

What's hot (9)

сюжетті рөлдік ойындар
сюжетті  рөлдік ойындарсюжетті  рөлдік ойындар
сюжетті рөлдік ойындар
 
баяндама 2
баяндама 2баяндама 2
баяндама 2
 
кызыкты математик методичка манаповой а
кызыкты математик методичка манаповой акызыкты математик методичка манаповой а
кызыкты математик методичка манаповой а
 
дефектология каз 2
дефектология каз 2дефектология каз 2
дефектология каз 2
 
сюжеттік ойындар картотекасы
сюжеттік ойындар картотекасысюжеттік ойындар картотекасы
сюжеттік ойындар картотекасы
 
сюжетті рөлді ойындар (өзіндік жұмыс)
сюжетті   рөлді ойындар (өзіндік жұмыс)сюжетті   рөлді ойындар (өзіндік жұмыс)
сюжетті рөлді ойындар (өзіндік жұмыс)
 
бағлан айтмұқанбетқызы
бағлан айтмұқанбетқызыбағлан айтмұқанбетқызы
бағлан айтмұқанбетқызы
 
6969yt
6969yt6969yt
6969yt
 
устемирова 5
устемирова 5устемирова 5
устемирова 5
 

Similar to балдайкенова г.с. статья

тюлембекова м.ж.
тюлембекова м.ж.тюлембекова м.ж.
тюлембекова м.ж.Asem Sarsembayeva
 
роза Microsoft word
роза  Microsoft wordроза  Microsoft word
роза Microsoft wordoquzaman
 
көркем әдебиет ағайындымыз бәріміз
көркем әдебиет ағайындымыз бәрімізкөркем әдебиет ағайындымыз бәріміз
көркем әдебиет ағайындымыз бәрімізAsem Sarsembayeva
 
Шартты бағыныңқылы сабақтас
Шартты бағыныңқылы сабақтасШартты бағыныңқылы сабақтас
Шартты бағыныңқылы сабақтасNurlan Abilhanov
 
сагинтаева алмагуль капарова
сагинтаева алмагуль капаровасагинтаева алмагуль капарова
сагинтаева алмагуль капароваAsem Sarsembayeva
 
Балалардың ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту
Балалардың ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту  Балалардың ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту
Балалардың ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту Bilim All
 
абаканова а.
абаканова а.абаканова а.
абаканова а.oquzaman
 
исина жайдарман рахымбековна
исина жайдарман рахымбековнаисина жайдарман рахымбековна
исина жайдарман рахымбековнаAsem Sarsembayeva
 
бала психология 11.pptx
бала психология 11.pptxбала психология 11.pptx
бала психология 11.pptxssuserf01f10
 
грамматикалық тақырыпты оқыту
грамматикалық тақырыпты оқытуграмматикалық тақырыпты оқыту
грамматикалық тақырыпты оқытуAsem Sarsembayeva
 
Zxwewewwewwewewe
ZxwewewwewweweweZxwewewwewwewewe
Zxwewewwewwewewenurlan93kz
 

Similar to балдайкенова г.с. статья (20)

тюлембекова м.ж.
тюлембекова м.ж.тюлембекова м.ж.
тюлембекова м.ж.
 
кенес балалардың сөйлеу дағдыларын тірек кестелері арқылы дамыту
кенес балалардың сөйлеу дағдыларын тірек кестелері арқылы дамытукенес балалардың сөйлеу дағдыларын тірек кестелері арқылы дамыту
кенес балалардың сөйлеу дағдыларын тірек кестелері арқылы дамыту
 
дарынды балалармен жұмыс
дарынды балалармен жұмысдарынды балалармен жұмыс
дарынды балалармен жұмыс
 
ныгыметова амина жанатовна
ныгыметова амина жанатовнаныгыметова амина жанатовна
ныгыметова амина жанатовна
 
730 samopoz785
730 samopoz785730 samopoz785
730 samopoz785
 
ертегі әлемі
ертегі әлеміертегі әлемі
ертегі әлемі
 
техкарта новый
техкарта новыйтехкарта новый
техкарта новый
 
роза Microsoft word
роза  Microsoft wordроза  Microsoft word
роза Microsoft word
 
көркем әдебиет ағайындымыз бәріміз
көркем әдебиет ағайындымыз бәрімізкөркем әдебиет ағайындымыз бәріміз
көркем әдебиет ағайындымыз бәріміз
 
Шартты бағыныңқылы сабақтас
Шартты бағыныңқылы сабақтасШартты бағыныңқылы сабақтас
Шартты бағыныңқылы сабақтас
 
сб данияровой 2я
сб данияровой  2ясб данияровой  2я
сб данияровой 2я
 
сагинтаева алмагуль капарова
сагинтаева алмагуль капаровасагинтаева алмагуль капарова
сагинтаева алмагуль капарова
 
мен ойнаймын (ақпарат)
мен ойнаймын (ақпарат)мен ойнаймын (ақпарат)
мен ойнаймын (ақпарат)
 
Балалардың ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту
Балалардың ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту  Балалардың ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту
Балалардың ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту
 
абаканова а.
абаканова а.абаканова а.
абаканова а.
 
исина жайдарман рахымбековна
исина жайдарман рахымбековнаисина жайдарман рахымбековна
исина жайдарман рахымбековна
 
бала психология 11.pptx
бала психология 11.pptxбала психология 11.pptx
бала психология 11.pptx
 
грамматикалық тақырыпты оқыту
грамматикалық тақырыпты оқытуграмматикалық тақырыпты оқыту
грамматикалық тақырыпты оқыту
 
бсіміля копия
бсіміля   копиябсіміля   копия
бсіміля копия
 
Zxwewewwewwewewe
ZxwewewwewweweweZxwewewwewwewewe
Zxwewewwewwewewe
 

More from Asem Sarsembayeva

современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитанияAsem Sarsembayeva
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентацияAsem Sarsembayeva
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығуларAsem Sarsembayeva
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктерAsem Sarsembayeva
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»Asem Sarsembayeva
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человекаAsem Sarsembayeva
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановнаAsem Sarsembayeva
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаеваAsem Sarsembayeva
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевнаAsem Sarsembayeva
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17Asem Sarsembayeva
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина мояAsem Sarsembayeva
 
сборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природой
сборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природойсборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природой
сборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природойAsem Sarsembayeva
 

More from Asem Sarsembayeva (20)

урок
урокурок
урок
 
конспект урока
конспект урокаконспект урока
конспект урока
 
современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитания
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентация
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулар
 
тренинг
тренингтренинг
тренинг
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктер
 
чуковский
чуковскийчуковский
чуковский
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человека
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановна
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаева
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевна
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевна
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевна
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17
 
шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.
 
магрупова
магруповамагрупова
магрупова
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина моя
 
сборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природой
сборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природойсборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природой
сборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природой
 

балдайкенова г.с. статья

  • 1. ТІЛ ДАМУЫ БҰЗЫЛҒАН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЕРЕСЕК БАЛАЛАРДЫҢ ГРАФИКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Балдайкенова Г.С. логопед №6 «Алданыш» б/б КМҚК, Қарағанды қаласы Жалпы тілдің өмірде алатын орны ерекше. Тіл байланысқа түсу, қарым-қатынас жасау, ойды жеткізу, сезімді білдіру құралы. Баланың тілін дамыту туғаннан, мектепке дейінгі кезеңнен бастау алады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасында «Коммуникация» білім беру саласы балалар әрекетінің әртүрлі нысандары мен түрлерінде ауызша және байланыстырып сөйлеуді, шығармашылық сөйлеу әрекетін дамытуды; тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуді, тілдің грамматикалық жағын қалыптастыруды, мазмұндауды, мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуды, сауат ашу негіздерін қалыптастыруды қамтып отыр. Мектепке дейінгі мекемелерде білім беру, тәрбиелеу, білім беру мазмұнын дамыту сауатты ұйымдастырылмаса, баланың оқу мен жазуды игеру мәселесін түпкілікті шешу мүмкіндігі болмайды. Бұл мәселелерді жүзеге асыру барысында балалардың тіл дамуында болатын кемшіліктер басты кедергілер болып табылады. Тіл дамуының бұзылуларының негізгі белгілері: дыбыстаудың бұзылуы, просодика, сөйлеу барысында тыныс алу, дауыс және артикуляциялық моториканың дұрыс қимылдамауы. Сондай-ақ, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуынан қимылдық механизмі бұзылып, жалпы және ұсақ моторикасында да қиындақтар болады. Бұл балалар өз құрбыларынан ептілік және қимылдың нақтылығынан артта қалады, бір әрекеттен екінші әрекетке ауысуларында қиындықтар байқалады. Қимылдық тапсырма, нұсқауларды орындау мүмкіндіктері шектеулі болады. Сөйлеуінде кемістігі бар балаларға оқу қызметінің мазмұндық жағына деген индиферентті көзқарас тән. Балаларда көбінде интегративті функциялардың (көру, есту және қозғалтқыштық үйлестірушіліктер) қалыптаспағандығы байқалады. Логопат балалармен түзету жұмыстарын уақытылы, жүйелі, жан-жақты жүргізіп көмек беру бұл кемшіліктерді жоюдың шешуші жолы болады. Оның ішінде жалпы және ұсақ моториканы дамыту ерекше орын алады.Логопад балаларға тән саусақтар мен қол білезіктерінің епті қозғалыстарының дамымағандығын жазуға оқыту кезінде мынадай ерекшеліктер білінеді: балалар қаламды қате және үлкен қиналыспен ұстайды, бұл ретте «тұзақтар» мен «ілмектер» бірдей болып шықпайды, сызықтар «дірілді», қысым жасау бірдей мөлшерде емес, әріптер әртүрлі мөлшерде және жазылуына ұқсас әріптермен алмастырғандай болып шығады. М.М. Кольцова зерттеулерінде, тіл дамуы бұзылған балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту барысында баланың тіл дамуы жай ғана жетілмейді, сондай-ақ, оның жан-жақты дамуында үлкен рөл атқаратыны анықталған. Графикалық қабілетін қалыптастыру жұмысы баланың барлық іс-әрекеттерінде жүзеге асырылуы қажет: оқу қызметтерінде (тіл дамыту, сауат ашу, математика, бейнелеу өнері, қол еңбегі және т.б) және оқу қызметінен тыс уақыттарда. Дәстүрлі жұмыс пропедевтикалық кезеңнен бас алуы қажет. Негізгі мақсаты графо-моторлық қабілетті үйренуінде баланың оқу қызметіне деген қызығушылығын және құралды қолдана алу қабілетін арттыруға бағытталады. Психолог ғалымдардың зерттуіне сүйенсек, балабақшадағы балалардың 90% жазу мен оқуға деген қызығушылық білдірген. Жазу психологиялық және физилогиялық тұрғыда алғанда өте қиын күрделі үдеріс. Балаланың
  • 2. ойын түріндегі әртүрлі жаттығуларды орындауы оның негізгі әрі басты тәжіріибесі болады. Графикалық дағдыны дамыту үшін графикалық бақылаулар, суреттер салу (нүкте, нұсқау, торкөз бойынша) , штрих түсіру (қол қимылын әр бағыттарда қимылдату, силуэттік штрихтаулар, суреттің элементтерін бастыру), суреттерді бояу. Сызықтық графиканы үйрену үдерісін ынталандыру үшін келесі тапсырмалар жақсы нәтижеге жеткізеді:  Жоғарыдан-төменге, төменнен жоғарыға түзу тік, паралелдік сызықтар сызу;  Солдан-оңға және оңнан солға түзу көлденең, паралельдік сызықтар сызу;  Тік және көлденең сызықтарын үйлестіріп композициялар құрастыру;  Еңкіш, паралельдік сызықтар, қиысатын, сынық сызықтар жүргізу;  Доғал тәріздес қисық, толқынды, ілмекті және шиыршықты сызықтар салу;  Сызықтардан құрастырылған композициялар жасау;  Геометриялық фигуралар негізінде бейнелер салу;  Тірек нүктелерін қолданып геометриялық фигураларды салу; Ойын түріндегі жаттығуларды қолдану мысалдарын қарастырайық. 1 жаттығу. Мақсаты: ерікті түрде нүктелерді салғызуда қарындашты дұрыс ұстай білуді қалыптастыру. Нұсқау: «Мүмкіндігіңше көп жұлдыздарды сал. Есіңде болсын олар бізден өте алыста, сондықтан біз оларды нүкте түрінде ғана көреміз». Жерден жұлдыздардың алыстауына қарай, нүктелерді салудағы басу күші азайады. Қимыл шолақ, үзік және жылдам болу керек. 2 жаттығу. Мақсаты: берілген нүктеден қарама-қарсы бағытта, яғни төменнен жоғарыға және жоғарыдан төменге қарай сызық сызу қабілетін қалыптастырады. Нұсқау: «Күн сәулесін сызғанда қарындашты қағаз бетінен ажыратпа, әйтпесе күн сәулесі шөпке дейін жете аламай қалады (жоғарыдан төмен қарай үздіксіз, бірқалыпты сызу)». «Ал, енді, сенің сәулелерің шөпке жетсе, шөптің өсуіне көмектес (төменнен жоғары қарай шөптерді түзу етіп бастыру)». 3жаттығу. Мақсаты: кеңістікті қабылдауды, зейінділікті, көру-моторикалық координациясын дамыту. Нұсқау: Қарындашпен көбелек және қоңызды бастыр ............ түспен көбелекті, ал ......... түспен қоңызды боя (түсті педагог немесе бала өзі таңдайды). Бұл жаттығу қоршаған ортаны таныстыруда, «жәндіктер» түсінігін қалыптастыруда сөздіктерін, білімдерін кеңейтуде қолдануға болады.  Көбелек пен қоңызды бір сөзбен қалай айтамыз?  Жәндіктердің тағы қандай түрлерін білесіңдер? Осы және осыған ұқсас тапсырмалар тіл кемістігі бар балалардың көріп анализдеу және бағыт-бағдарлау түсініктерін дамытады. Алдыңғы көрсетілген жаттығулардан басқа, көріп талдау және кеңістікті бағдарлау қабілетін дамытуға келесідей тапсырмалар үлесін тигізеді: суреттергі айырмашылықтарды табу (ұқсас элементтерді), затты сұлбасынан ажырату және суреттердің бөліктерінен табу, бөліктерден бір бүтін суретті құрастыра алу. Қолдың жұмысын жетілдіруде, графикалық сызықтарды жазуды қалыптастыру күнделікті жұмыс барысында бақылаулар, көркем әдебиет шығармаларымен таныстыру, табиғи және жарамсыз материалдарды оқу қызметтерінде қолдану, дидактикалық ойындарда, логикалық ойын және тапсырмаларда жүзеге асырылады. Саусақ бұлшық еттерінің
  • 3. қимылының жақсы жетілуі баланың болашақта жазу, сызу, сурет салу, бояу әрекеттерін жетік игеруіне оңды әсер етеді. Қалам, қарындашты дұрыс ұстауын жетілдіру үшін саусақ жаттығу-ойындарды қолданған тиімді. Оқу қызметтерінде, тыс уақыттарда құрғақ бассейіндермен ойнау, құммен сурет салу, Су-Джок шарларымен ойындар, марблс тастарын қолдану, кинетикалық құмдармен ойындар, табиғи матералдарды қолдану қазіргі таңда кеңінен қолданылып келеді. Осы ойындар баланың қызығушылығын арттырып, тапсырманы орындау барысында тиянақтылығын, зейінділігін, тұрақтылығын, көріп қабылдауын дамытады. Баланың әлемі – нақты заттың әлемі, яғни баламен жақын болам десеңіз, оның жас және психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет. Ойын түріндегі берілген тапсырма, жаттығулар баланың ойлау, жазу, сызуға деген қызығушылығын арттыра түседі. Сондықтан баланың графикалық қабілеттерін қалыптастыруда ойындық тәсілдерді кеңінен қолдану педагогтың шеберлігі болып табылады. Қолданылған әдебиеттер: 1. ҚР мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемелекеттік жалпыға міндетті стандарты. 2016ж. 2. Журнал «Тілашар, логопед» 2011ж. 3. Журнал «Балабақша тәрбиелеу және оқыту» 2016ж. 4. Журнал «Дефектология» 2011ж. 5. Журнал «Воспитание и обучение» 2011г.