SlideShare a Scribd company logo
1 of 26
Инновациялық технологиялар арқылы
балалардың танымдық
қызығушылығын дамыту.
М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе
Негізгі бөлім
1) Жаңа инновациялық технологияларға сипаттама
2) Мектепке дейінгі жастағы балалармен зерттеу жұмысын жүргізудің
инновациялық технологиясы
3) Тәжірибелік-эксперименталдық жұмыс материалдары
4) Балалардың танымдық қызығушылығын дамытуға арналған ойын-
жаттығулар
5) Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар
Кіріспе
2
Іс-тәжірибенің көкейкестілігі – Қазақстан Республикасының 2015
жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында мектепке дейінгі
тәрбие және оқыту деңгейінде бес жастағы балаларды мектепалды
даярлығымен толық қамтамасыз ету, баланың бойында оқу қызметін
меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеу міндеттері айқын көрсетілген.
Бұл тұжырымдамадағы негізгі мақсат – мектепке дейінгі білім беруді
ұлғайту жолымен балалардың білім алуына бастапқы мүмкіндіктерді бірдей
қамтамасыз ету болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың
бойында оқу қызметін меңгерту олардың танымдық белсенділігін
дамытудың басты бағыты болып саналады. Педагогика мен психологияда
танымдық қызығушылықты дамыту мәселелеріне әрқашан үлкен мән беріліп
келеді. Педагогика дамуының қазіргі кезеңінде зерттеушілер баланың жеке
басына, олардың әрекетін тудыратын ішкі жан-дүниесіне, арнайы
педагогикалық әсер мен қарым-қатынасына, оның ішінде, мектепке дейінгі
жастағы балалардың танымдық қызығушылығына көбірек назар аударуда.
Осыған дейін педагогтар мектеп жасына дейінгі балалардың бойынан
қызуғышылықтың тиімді әрекеттерін, танымдық қызығушылықты дамытуға
қолдануына қарай дұрыс не кері әсер ететін себептерін анықтаумен келеді.
Оқыту мен тәрбие берудің алдағы уақытта тиімді жолдарын іздеу заңдылық
болып табылады. Осыларды есепке ала отырып, мектепке дейінгі жастағы
балалардың өзіндік таным әрекеті мен қоғамда, ұжымда, өз ісіне және өз-
өзіне әлеуметтік маңызды тұлғаның келбетін біріктіруге мүмкіндік береді.
Танымдық белсенділікті психологиялық-педагогикалық құбылыс ретінде
анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық
сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, мектепке дейінгі білім беру
мекемелерінің тәрбиелеу және оқыту үрдісінде оны қалыптастыру
жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Ал, осы
мәселеге қатысты психологиялық – педагогикалық әдебиеттерге талдау
жасайтын болсақ, Т.И.Шамова, С.Л.Рубинштейн, А.И.Леушина,
А.В.Запарожец, А.П.Усова, Г.И.Щукина және тағы басқалардың
еңбектерінде тұлғалық сапа ретіндегі танымдық белсенділік
ерекшеліктерінің психологиялық, педагогикалық және биологиялық сипатта
айқындалатындығы көрсетілген.
В.А.Сухомлинский өз еңбектерінде тәрбиешілерден сабақтарына арнайы
дайындықпен келуді талап етіп, балалардың оқуға деген жақсы
ұстанымдарын үнемі сыртқы оқыту құрылымынан тұлғаны маңызды
дағдыға айналдыруды көздеді. Ол балалардың танымдық
қызығушылығының ішкі қажеттілікке арналуы үшін оның оқу барысында
жақсы жетістіктерге жетуі басты фактор деп санады.
К.Д.Ушинский балалардың нақты қызығушылығын баланың танымдық
белсенділігімен және оны оқытудың қоғамдық маңыздылығын біртіндеп
түсінуінен тудырған әлеуметтік–педагогикалық құбылыс ретінде
қарастырған.
Г.И.Щукина мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық
қызығушылын қалыптастыру оқу материалдарының мазмұнымен, баланың
3
танымдық әрекетін ұйымдастырумен тығыз байланысты деген пікірді
айрықша ұстанады.
Балалардың танымдық белсенділігін дамыту мәселесі педагогтардан
теория мен практикада жаңалықты іздеуді талап етеді, бүгінгі жағдайдағы
анықтаушы мағынаға ие, оқытудағы белсенділік принципін жүзеге асыруға
бағытталған оқудың мазмұнын, формасын, әдістері мен тәсілдерін,
жағдайлары мен құралдарын әлі де жақсарту үшін жаңа мүмкіндіктерді
іздестіруді керек етеді. Себебі, меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне
сай балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі ғана емес,
сонымен қатар мектепалды даярлық балаларының өзіндік танымдық іс-
әрекеттеріне қатынасының қалыптасуымен тәуелді болып келеді. Қазіргі
таңда инновациялық технологияларды пайдалану өзекті мәселе болып отыр.
Балалардың танымдық қызығушылығын дамытуда инновациялық
технологиялардың қолданылуы кезек күттірмейтін мәселе.
Дей тұрғанмен де, аталған мәселеге байланысты төмендегідей кейбір
қарама-қайшылықтарды анықтадық:
• Аталған мәселеге байланысты әдебиеттердің жеткіліксіздігі;
• Балалардың танымдық қызығушылығын дамытуда инновациялық
технологиялардың тәжірибеге енгізілмегендігі;
• Танымдық қызығушылықты дамытуға арналған ойын-жаттығулар
мен тапсырмалардың жеткіліксіздігі.
Іс-тәжірибенің мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың
танымдық қызығушылығын инновациялық технологиялар арқылы дамытуды
теориялық тұрғыдан негіздеу және тәжірибелік эксперимент жүргізу және
байқаудан өткізу.
Зерттеу обьектісі – мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық
қызығушылығы.
Зерттеу пәні – мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық
қызығушылығын дамыту жүйесі.
Іс-тәжірибенің болжамы: Егер, айтылған мәселеге байланысты
ғылыми әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалса, инновациялық
технологияларды пайдаланудың тиімді жолдары анықталса, балалардың
танымдық қызығушылығын дамытуға арналған материалдар жинақталса,
онда инновациялық технологияларды пайдалану арқылы балалардың
танымдық қызығушылығын дамытуға болады, өйткені, балалардың
танымдық қызығушылығы қалыптасып, оны пайдаланудың әдіс-тәсілдерін
тәрбиешілер меңгереді.
Іс-тәжірибенің міндеттері:
– ғылыми әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау;
– инновациялық технологияларды тәжірибеде пайдаланудың жолдарын
анықтау;
– танымдық қызығушылығын дамытуға арналған ойын-жаттығуларды
жинақтау.
4
Іс-тәжірибенің мәнділігі – мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиешілер
пайдалана алады.
Іс-тәжірибенің жаңалығы:
– ғылыми әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалды ;
– инновациялық технологияларды тәжірибеде пайдаланудың жолдары
анықталды;
– танымдық қызығушылығын дамытуға арналған ойын-жаттығулар
жинақталды.
Іс-тәжірибеге қолданылатын әдіс-тәсілдер:
Философиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік
әдебиеттерге талдау жасау; Балабақшаның нормативтік-құқықтық
құжаттарын (мемлекеттік стандарт, бағдарлама, оқу-әдістемелік кешендер,
әдістемелік нұсқаулар, жылдық жоспарлар), озық педагогикалық
тәжірибелерді зерделеу; балалардың іс-әрекетіне бақылау жасау;
тәжірибелік эксперимент жүргізу; сауалнама; алынған деректерді
математикалық есептеу арқылы өңдеу. Педагогикалық мониторинг,
психологиялық диогоностика жүргізу, қорытындылау.
Іс-тәжірибенің кезеңдері:
I. 2006 – 2007жж. Тақырып таңдалып, теориялық талдау жасалады,
эксперимент материалдары дайындалады.
II. 2007 – 2008 жж. Балалардың танымдық қызығушылығын дамытуға
арналған материалдар эксперименттік байқаудан өткізіледі.
Педагогикалық эксперимент жүргізіліп, байқау нәтижелері өңделіп,
толықтырылады.
III. 2008 – 2009 жж. Эксперимент нәтижесінде алынған мәліметтер
талданады және қорытындыланады, математикалық есептеу әдісі
бойынша өңделеді. Тұжырымдар мен ұсыныстар жасалады. Реферат
жұмысы рәсімделеді.
Іс-тәжірибенің базасы: Астана қаласындағы № 67 «Аққу»
балабақшасы, № 10 «Торғай» тобы, 25 бала, № 7 “Аққу” тобы.
Іс-тәжірибе қайда талданды: әдістемелік бірлестікте, педагогикалық
кеңесте, педагогикалық оқуларда, тамыз маслихатында және ғылыми
тәжірибелік конференцияларда баяндалды. Білім басқармасының әдістемелік
күнінде талқылаудан өтті.
Нәтижесі: Балалардың, тәрбиешілердің марапаттаулары, жүлделері,
педагогикалық басылымдарда жарияланған материалдары.
5
Негізгі бөлім
1. Жаңа инновациялық технологияларға сипаттама
«Білім туралы» заңда қабылданған білім беру жүйесінің жаңа моделі
2004 жылы ЮНЕСКО ұсынған халықаралық білім жүйесіне
сәйкестендірілген. Осы заңның 8-ші бабында білім беру жүйесінің басым
міндеті ретінде оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын енгізу,
білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық
желілеріне шығу деп атап көрсеткен. Жаңа педагогикалық технологияны
меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани
азаматтық келбеттерінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып,
оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Келер ұрпаққа
қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде педагогтардің инновациялық іс-
әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды
мәселелердің бірі. Ал ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар
ағыны күшейген ХХІ – ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке
тұлғаны қалыптастыру балабақшаның басты міндеті болып саналады.
Сондықтан мектепте, соның ішінде бастауыш сыныптардан бастап
жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту үрдісінде тиімді, сапалы түрде іске
асуы үшін оны технологияландыру қажеттігі туындайды.
Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. 1960
жылдарда шетел зерттеушілері «педагогикалық технология» терминін
енгізді. «Педагогикалық технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге
асырылатын белгілі бір педогогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс,
тәсілдер – оның құрамды бөлігі ғана» (А.Беспалько)
Педагогикалық технология М.В.Клариннің анықтауында:
«Педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық, дара,
инструменталдық және әдіснамалық құралдардың қолдану реті мен
жиынтығының жүйесін білдіреді». Ғалым-академик В.М.Монахов оқыту
технологияларының тәжірибедегі қолдану аясын тереңірек зерттей келіп,
оны жаңаша қырынан танытады. Ғалымның пікірінше: «Технология – оқушы
мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру
және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты
ойластырылған үлгісі».
Сонымен технология мен белгіленген мақсатты тиімді орындау үшін
материалдарды түрлендіру процестері мен әдістердің жиынтығы және бір
ізділігін, кешенді бірлігін айтуға болады.
Педагогикалық технология, оқыту технологиясы туралы мәселелер
соңғы жылдары педагог-ғалымдардың назарын аударып, әр қырынан
зерттелуде. Оқытудың жаңа технологиясының бастапқы бір формасы болып
табылатын бағдарламалап оқыту мәселелері В.Беспалько, М.Кларин,
6
И.Лернер, В.Оконь, Н.Талызина, Л.Выготский, Д.Эльконин, В.Давыдов,
Ш.Амоношвили және тағы басқалардың еңбектерінде көрініс табады.
Педагогикалық технология оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және
өткізудің формасымен анықталады. Педагогикалық технологияның өзіндік
ерекшеліктері: қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту
үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытылатын пән мазмұны,
педагог пен баланың өзара байланыс іс-әрекеті, баланың ішкі даму үрдісі
негізінде анықталған нақты мақсат ғана педагогикалық технология
құрылымын түсіну кілті бола алады. Педагогика ғылымында баланы оқыту
мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру
болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі
бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа
бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) өзара
байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін
төмендегідей ұстанымдар жүзеге асырылуы тиіс:
1. Оқушылардың өзіндік ізденіс іс-әрекетінің әдістерін меңгеру талап
етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланатын оқыту
әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа жағдайдағы «оқыту
әдістемесі» деп отырғанымыз: «бала - педагог» ұстанымының өзара
тығыз байланыстылығы. Демек, мұнда бірінші орында бала тұрады
және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар
аударылады.
2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері – оқытудың дербес және топтық
түрлері болып табылады. Бұл жерде басты мақсат – балаға деген
сенім, оның ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-
қасиет сезімін дамыту.
3. Жаңа технологияның мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру»
қажет. Бұл үшін оқу құралдары балалардың өздігінен танымдық іс-
әрекетін жүргізе алатындай болуы қажет.
Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаны өзін-өзі дамытуға, оның
өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен
дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуға қолайлы жағдай
жасауға қажетті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды. Яғни, осы
мүмкіндіктерді жалпы білім беру ордаларында ұйымдастыру қажет. Бұл
жалпы білім ордасының белгілі бір дәрежеге жетуіне көмек береді. Оқу
процесі барысында Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтардың «Дамыта оқыту», Ж.
Қараевтің «Деңгейлеп саралау» технологиясы, М.М. Жанпейісованың
«Модульдік оқыту» технологиясы, Джордж Соростың ашық қоғам
институты «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген «сын тұрғысынан
ойлауды, оқу және жазу арқылы дамыту» технологиясы, «Тәй-тәй»
технологиясы, «Ынтымақтастыққа оқыту» технологиясы, В.Беспалько,
М.Кларин, И.Лернер, В.Оконь, Н.Талызина «Бағдарламалап оқыту
мәселесі», «Өзін-өзі тану» технологиясы, т.б.
Мектепке дейінгі білім жүйесіндегі әрбір пән бойынша жаңа
педагогикалық технологияларды қолдану – жалпы білім сапасын арттыру
7
мен жетілдіру бағытында жүргізілуі қажет. Мысалы, бастауыш мектеп
сатысында төмендегідей педагогикалық технология мен әдістерді
қолдануымыз үлкен жетістіктерге алып келуі мүмкіндігін туғызады:
- Дамыта оқыту технологиясы (Л.Занков, Д.Эльконин, В.Давыдов)
- Сын тұрғысынан ойлау технологиясы (С.Мирсейітова)
- Дидактикалық бірліктердің ірілендірілуі (П.Эрдниев)
- Нәтижелі әдістемелеу және оны қабылдау;
- Іс-әрекетті бағалау (Ш.Амоношвили, И.Волков)
- Ж. Қараевтің «Деңгейлеп саралау» технологиясы;
Бастауыш білім берудің негізгі міндеті – баланың жеке басын,
бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету. Оның қабілеттерін анықтау және
дамыту. Осы сатыдағы оқу мен тәрбие оң уәжді қалыптастыруға және оқу
қызметін білуге, оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын үйренуге, тілдік
қарым-қатынастың қарапайым тәжірибесіне, өзін-өзі шығармашылық
тұрғыдан таныта білуге, мінез-құлықтың мәдениетіне, жеке гигиенаның
және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады, сонысымен кейінгі
негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеруге база
жасайды.
Жаңа технологияларды оқушылардың психологиялық жас
ерекшеліктеріне орай қолданудың мәні ерекше. Біз оқытудың ұтымды
әдістерін, соның ішінде «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды
дамыту» жобасымен жұмыс жасау арқылы алған білім негізін қолданып,
жұмыс істеуге құштарлық туғызып, білім беруде нәтижеге жеткізетінін
байқадық.
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Оқушылармен
бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда олардың өз даму деңгейіне
сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Осы жобаман
жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді,
ойлауға үйретеді. Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын
дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық
қызметтің, іс-әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы
белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны
шығармашылыққа жетелейді. Шығармашылық қабілет әр баланың
табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында
жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.
Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын
дәлелдеуші болады. Ал мұғалім осы әрекетке бағыттауда, оқуды
ұйымдастыруда жетекші рөл атқарады.
Өздік оқу іс-әрекеті оқу үрдісінің ішкі жүйесі ретінде оқушылардың
өзіндік шығармашылық іс-әркетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Өздік
іс-әрекеттің ең басты қажеттілігі – оқушыны ойға жетелеуінде, ойланта
отырып, өзіндік ойының қалыптасуы оны шығармашылық жұмысқа
жетелейді. Шығармашылық еңбек алдымен оқушыға қанат бітіреді, қиял
береді.
8
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік зерттеушілік әрекетін
ұйымдастыру басты назарға ұсталады. Ол үшін бала осы кезге дейінгі
білетін тәсілдердің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан
барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ
3 құрамдас бөліктерден тұрады: 1) оқу мақсатын нақтылау; 2) оны шешудің
жолын бірлесе қарастыру; 3) шешімнің дұрыстығын дәлеледеу. Бұл үшеуі
Д.Б. Эльконин – В.В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері.
Мақсатты шешу іштей талқыланады, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады.
Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде ғана болады.
Шешім табылған кезде әркім өз ойының дұрыстығын дәлелдей білуге
үйреніп, әр оқушыға өз ойын, өз пікірін айтуға мүмкіндік береді.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы оқушының да, мұғалімнің де
белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталады. Деңгейлік
тапсырмалар 4 деңгейде беріледі: 1-деңгей «танып-білу»; 2-деңгей «өткен
сабақ»; 3-деңгей «талдау, жинақтау, қорыту»; 4-деңгей «шығармашылық
жұмыс істей алатындар»; Жауынбай Қараевтің технологиясының тиімді
жақтары: 1) оқушы өздігінен жұмыс істеуге дайындалады; 2) оқушы қабілеті
айқындалады; 3) талпынысы, ұмтылысы байқалады; 4) күрделі
тапсырмаларға байланысты оқушылардың ойлау қабілеті артады; 5) әр
баланың қабілетіне қарай бағалануы.
Ізгілендіру технологиясының негізін салушы – Ш.Амонашвили.
Мақсаты: баланың танымдық күшін қалыптастыру.
Мәселелік технологияның мақсаты: баланы өз бетінше ізденуге,
танымдық, шығармашылық икемдерін дамыту.
Педагогикалық қызметке ынтасы жоғары, білім беру саласындағы
үнемі жаңарып отыратын өзгерістерге икемді, жаңа технологияларды оқу-
тәрбие үрдісінде қолдана алатын педагогтарді дайындау – оларды кәсіби
даярлаудың ең көкейкесті аспектісінің бірі болып табылады.
Өзін-өзі тану сабақтары. Өзін-өзі тану процесін ұйымдастырудың
маңызды шарты болып балалардың психологиялық, физиологиялық, жас
ерекшеліктеріне сәйкес жағымды эмоциялық күймен қамтамасыздыратын
жағымды ортаны құру болып табылады. Сабақта әртүрлі іс-әрекеттерді
алмастырып отыру оқуға жағымды қатынас тудыруды қамтамасыз етеді.
Өзін-өзі тану сабақтары 10-15 адамнан тұратын топтарда арнайы
үнтаспалармен, бейнетаспалармен, көрнекіліктер және дидактикалық
материалдармен жабдықталған кабинеттерде өткізіледі.
Өзін-өзі тану сабақтарын өткізудің әдістері мен формаларының кең
көлемдегі оларды арнайы кабинеттерде ғана емес, концерт залдарында,
мектептің сыртқы алаңдарында табиғат аясында, мұражайда, сурет
галереясында, театрда және т.б. орындарда өткізуді қарастырады.
Өзін-өзі тану бойынша сабақтан тыс жұмыстар меңгерген білімдерін іс
жүзінде өмірде қолдана білуді және қоғамға қызмет етуді қарастырады.
Педагог әрбір баланың ерекшеліктерін ескере отырып, балалардың
қоршаған ортада өзінің тұлғалық «Менін» жете түсінуіне көмектеседі. Ол
дайын білімдерді жеткізуші емес, балалардың өмірдегі маңызды іскерліктері
9
мен дағдыларын игеруге жетелейтін өзін-өзі тану процесінің жетекшісі. Ол
балалармен бірігіп ойланады, жаңалықтар ашады, дауларды шешеді,
таңданады, күманданады, бірлестік әрекеттерде қызығушылықпен өмірдің
ақиқатына көз жеткізеді, топта жағымды жағдай туғызады.
Көрнекті гуманист және педагог Януш Корчак өзінің «Баланы қалай
сүю керек» еңбегінде нағыз мұғалім «бұзай салмайды, ал еркіндік береді,
басымдық көрсетпейді, мақтап-мадақтайды, мыжғылап тастамайды, ал
қалыптастырады, бұйырмайды, ал үйретеді, талап етпейді, ал сұрайды,
балалардың қиналған сәттерінде олармен бірге күйзеліске түседі...» деп
айтқан болатын. Өзін-өзі тану мұғалімі де дәл солай болуы тиіс.
Осыдан төрт жүз жыл бұрын өмір сүрген, дидактиканың негізін салушы,
педагог-гуманист Ян Амос Коменский «Алдымен сүю, содан кейін үйрету»
деген болатын. Баланы кішкентай күнінен сүюге үйрету керек, өйткені
махаббат пен сыйластық адамның ішкі дүниесінде және қоршаған ортасында
да тыныштық пен үйлесімділікті орнатады. Біздің тәрбиешілеріміз әрбір
жаңа күнді өз айналасына мейірімді, жағымды жағдай тудыратын
жымиюдан бастауы өте маңызды.
Жас жеткіншіктерге бүгінгі күн талабына сай білім мен тәрбие беру ісі
педагог-мамандарға үлкен міндет жүктейді. «Тәлім-тәрбие мен оқыту ісінің
нәтижесі іс-әрекеттерден гөрі педагогтарға көбірек тәуелді» - деген
Ы.Алтынсариннің көрегендікпен айтқан пікірінің қазіргі уақытта да
маңызды болып отырғаны да осының айғағы.
Жаңа инновациялық технологияларға сипаттама беріп, тәрбиешілерге
оқу процесінде оларды қолданудың тиімді жолдарын көрсете келе, біз
балалармен зерттеу іс-әрекетін жүргізудің инновациялық технологиясын
таңдап алдық. Осы технологияны қолданудың тиімді жолдары мен зерттеу
іс-әрекетін жүзеге асыратын тиімді әдіс-тәсілдерге сипаттама берілді.
10
2. Мектепке дейінгі жастағы балалармен зерттеу жұмысын жүргізудің
инновациялық технологиясы
Балалардың ақыл-ойын дамытып, дүниетанымдық өрісін кеңейтуде,
ұлттық рух пен сана сезімін қалыптастыруда ғылыми зерттеу жұмыстарын
жүйелі жүргізіп, тәжірибеде тиімді пайдалану негізгі міндеттердің бірі
болып табылады. Мектепке дейінгі жастағы балалармен зерттеу жұмысын
жүргізу жолдары өте қарапайым, түсінікті, дәлелді түрде жас ерекшелігіне
сәйкес жан-жақты талдау жасалған.
Балалардың мектепке дейінгі жаста әлем туралы жаңа мәліметтерді
білуге ұмтылысы, қоршаған ортаны танып білуге деген талпынысы, бақылау
жасауға, өздігінен ізденуге әрекет етуі ол-табиғи қалыпты жағдай. Әрбір
дені сау бала туылғаннан – әр нәрсені «зерттеп» білуге, ізденушілік
белсенділігі басым болады. Баланың ішкі сезімі әлемді түсінуді, қоршаған
ортаны танып білуді қалайды. Осындай ішкі ынта-ықылас зерттеу жасауға
түрткі болып, баланың психикалық және өзіндік дербес дамуына жағдай
жасайды. Балалардың өздігінен зерттеу жасай отырып алған білімдері
репродуктивті тұрғыда алған білімдеріне қарағанда берік болады. Бірақ ол
өте қарапайым және күтпеген жерден орындалатын болғандықтан оны білім
беруде қолдануға болмайды, тек баланың өзінің дамуындағы жетістіктер
үшін пайдаланылады.
20-шы ғасырдың 70-ші жылдары белгілі ғалымдар М.Н.Скаткин және
И.Я.Лернер оқу әдістерін екі топқа бөлуді ұсынған: репродуктивті және
продуктивті (өнімді). Аталған топтарға сәйкес оқытудың негізгі бес әдіс-
тәсілдері белгіленген. Олар: түсіндірмелі-көрнекі; репродуктивті;
проблемалы баяндау; жекелей іздену; зерттеу жасау (байқап көру, бақылау
жасау). Автор бұл әдістердің алғашқы екі түрін – репродуктивті, ал соңғы екі
түрін – продуктивті (өнімді) әдістер қатарына жатқызды. Ал, проблемалық
баяндауды аралық топ деп есептеді.
Бұл әдістердің бірінші тобында, балалар алған дайын білімдерін
пайдаланады немесе өздеріне таныс іс - әрекет барысында жүзеге асырады.
Әдістердің екінші тобында, балалар ойын-зерттеу жұмыстары
барысында шығармашылықпен өздігінен дербес әрекет етіп, жаңа білімдер
алады.
Репродуктивті әдістер: Түсіндірмелі-көрнекі әдіс. Бұл әдісте, тәрбиеші
немесе ата-ана дайын ақпараттарды көрнекі құралдар арқылы балаға
хабарлайды. Мұндай әдіс-тәсілдерде тәжірибелік іскерлік дағдыларды
қалыптастыруға толық жағдай жасалмайды. Репродуктивті әдістің бұл түрі –
балаларға келесідегідей қадам жасауға жол ашады. Онда ұсынылған үлгі
арқылы балалардың іскерлік, білім, білік дағдыларын қалыптастыруға
жаттығу жасалады. Қазіргі кезеңде репродуктивті яғни, дәстүрлі әдіске
көптеген ғалымдар және тәжірибелі мамандар қарсылық білдіруде. Бұл
сындарды әділ деп бағалағанмен, бірақ та, білім беру тәжірибесінде
11
продуктивті әдісті енгізу маңызды болғанымен, репродуктивті әдісті керек
емес деп қарастыруға болмайды.
- біріншіден, өсіп келе жатқан ұрпақ үшін, адамзат талдап қорытқан және
жүйеге келтірілген тәжірибелі тәсілдер ескерілуі керек. Білім беру
тәжірибесінде әрбір баланың жаңалық ашуы міндетті емес.
- екіншіден, зерттеу әдісі репродуктивті әдістің негізінде білім алуға тиімді
ықпал етеді. Балалар зерттейтін проблемалардың аясы кеңейтілген,
балалардың зерттеу кезеңдерінің репродуктивті әдістері мен оқу
тәсілдерін қолайлы қолдана отырып терең үңілеміз.
- үшіншіден, зерттеу әдістерін қолдана отырып алынған білім тіпті
«субъективті жаңаны ашу» жағдайында балалардан шығармашылық
қабілеттерді талап етеді. Балаларда шығармашылық қабілеттер жоғары
деңгейде бола алмайды. Қаншама адамдардың басына алма құласа да, тек
жалғыз Ньютон ғана қарапайым тәжірибе арқылы физикалық заңды
тұжырымдады емес пе, ендеше балаға жас ерекшелігінен тыс жоғары
талап қою қажет емес.
Продуктивті әдістер: Жекелей іздену (эвристикалық) әдісі
Тәрбиелеу мен білім беру теориясында жекелей іздену – әдісі немесе
эвристикалық әдіс алғашқы кезең болып қарастырылғанымен, бірақ алдын-
ала зерттеу әдісі қолданылады. Немқұрайлы көзқарас тұрғысынан бұл әділ,
бірақ нақты білім тәжірибесінде жүйеліліктің тиісті сақталуы керек деп
ойлауға болмайды: алдымен жекелей іздену - әдісі, одан кейін зерттеу әдісі
қолданылады. Зерттеу әдісінің негізін оқу нұсқасына қарағанда, жекелей
іздену – әдісін оқыту барысында балаға жоғары ойлау қабілеттерінің
ауыртпалығы түседі.
Жекелей іздену - әдісінде қиын тапсырмаларды шешу ұйғарылады:
- проблемаларды көріп және сұрақтар қоя білу;
- өз дәлелдерін айта білу;
- өзі ұсынған фактілерден қорытынды шығару;
- жоспар құрып, тексеріп болжам айта білу.
Жекелей іздену – іздеу әдісінің ерекшелігі – күрделі тапсырмаларды
қарпайым тапсырмаларға бөлшектеу, эвристикалық әңгімелесуді
қалыптастыру, бұл эвристикалық әңгімелер бір-бірімен байланысты
сұрақтардан тұрады, оның әрқайсысы жалпы проблемаларды шешудің
қадамдары болып табылады және тек қана білімді шыңдап қоймай,
ізденушілікті талап етеді. Зерттеу элементтерінің толық көлемі зерттеу
әдісінде көрсетілген. Зерттеу әдісін іс - әрекет барысындағы бала
танымының негізгі жолдары деп қарастыруға болады.
Зерттеу әдісі – баланың өзінің шығармашылық зерттеу ізденісінің
арқасындағы танымдылық жолы. Оның негізгі құраушылары –
проблемаларды айқындау, болжам жасау және қалыптастыру, бақылау,
тәжірибе, эксперимент және осылардың негізінде пайымдау мен қорытынды
жасау. Зерттеу әдісіндегі қиын әдістерді оқыту мен қолдану ақиқат пен
қорытындыға сүйенеді.
12
Мектепалды тобында – зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістері. Мектеп
жасына дейінгі кезеңдегі зерттеу, үлкендердің жүргізген зерттеулері сияқты
келесі кезеңдерден тұрады:
- зерттеу тақырыбын таңдау;
- пікірлерді іздеу және мүмкін нұсқаларды шешу;
- ақпараттарды жинау;
Оларды талдап қорыту;
Тәрбиешілерге арналған әдістемелік нұсқау
Біздің біліміміздің қайнар көзі болып табылатын мектепке дейінгі
кезеңде ойын - зерттеу іс-әрекетін қалыптастыруды мектепке дейінгі
ұйымдарда толық жетілдіру мақсатымен жалпы ережелер түрлері
анықталады. Тәрбиеші ережелерді толық зерттеу жұмысында пайдаланса,
барлық тапсырмаларды табысты шеше алады. Ең бастысы – бұл жұмысты
орындауға шығармашылық, ізденіс керек. Ол үшін:
- істі орындауда балалардың өздері дербес әрекет етуіне жағдай
жасаңыз, тәуелсіз болуға және тікелей нұсқау беруден аулақ болыңыз;
- баланың ынта - ықыласын жойып алмаңыз;
- өздері жасай алатын жұмыс жасау үшін, сіз жасап беруге ұмтылмаңыз;
- бағалау, пайымдау ойларыңызды айтуға асықпаңыз;
- білімді меңгеру үдерісін басқаруда балаларға көмек жасаңыз:
- оқиғалардың, құбылыстардың заттар аралығындағы байланысын
бақылап отыру;
- зерттеу кезіндегі проблемаларды шешуде дербес шешім қабылдауын
қалыптастыру;
- ақпараттарды талдауда ой қорыту негізінде жинақтау, қарама-қарсы
логикалық ойларды топтастыра білуге назар аудару;
Жадыңызға сақтаңыз, бұл педагогикалық технологияны барлық
пәндерде пайдалануымызға болады. Баланың тілін дамытуда, ой өрісін, сыни
ойлауына, шығармашылық дамуына әртүрлі мәселелерді шешуде белсенді
болуға үйретеді. Балалар жеке жұмыс істей алатынын естен шығармау
қажет. Шығармашылық, психологиялық тұрғыдан жұппен және үш адамдық
топпен жұмыс жасауда өте пайдалы. Бұл жағдайдың өзіндік қиындықтары
бар, бірақ біз тәрбиелеудің басқа қосымша мүмкіндіктеріне жол аша аламыз.
Баланың балабақшадағы зерттеу тәжірибесі. Мектеп жасына дейінгі
баланың тәжірибесі – ол айналамен танысудың тағы бір жолы.Оны
оқытудың жай ғана бір түрі – деп қарастырмай, тәрбиелеу мен білім берудің
барынша жақын негізгі жолы деп қарастыруымыз керек. Жоғарыда айтылған
ұжымдық жұмыстар балалардың тәжірибе алуына мүмкіндік жасайды. Бұл
сабақтарда баланың зерттеу белсенділігіне шек қоюға болмайды.
Жалпы әдістемелік кеңестер. Зерттеуді оқыту арнайы әрекет түрінде болуы
мүмкін. Мысалы, арнайы сабақтар, балабақшадағы қарапайым және дәстүрлі
әрекеттер түрінде. Балалар зерттеуінің тақырыптары қандай болуы мүмкін?
Зерттеу жұмыстарының тақырыптары үш негізгі топқа біріктіруге болады.
13
Фантастикалық тақырыптар – фантастикалық құбылыстарды
өңдеуге бағытталған. Мысалы, бала ғарыш кемесінің жобасын жасайды
немесе сиқырлы машина жасайды. Бұның бәрі ауызша түрде айтылуы
мүмкін, бірақ техникалық сурет немесе макет түрінде болуы мүмкін. Картон
қағаздан жабыстырылған.
Эмпирикалық тақырыптар - өздерінің бақылаған немесе тәжірибеден
алған тақырыптар. Бұл тақырыптар бала әрекетіндегі қызықты және
перспективалық бағытта. Әлем туралы және тағы да басқа өздерінің
зерттелген тақырыптарға арналған тәжірибелері мен бақылаулары зерттеу
мақсатындағы ең бағалысы болып табылады. Бұл зерттеулер үлкен
тақырыпты талап етеді. Балалардың зерттеу тәжірибесіне барлық өмірде
кездесетін зерттелетін заттар: адам, үй жануарлары, табиғат құбылыстары,
әртүрлі жансыз заттар, жалпы айналаны қоршаған заттардың барлығын
зерттеуге болады.
Теориялық тақырыптар - әртүрлі теориялық дерек көздеріндегі
материалдар мен фактілерді талдап қорытуға бағытталған. Бұл ақпараттарды
басқа адамдардан сұрауға немесе фильмдерден, кітаптардан алуға болады.
Қазіргі таңда әр жастағы балаларға көптеген қызықты
энциклопедиялар мен анықтамалықтар басылып шығуда. Осы кітаптар
мектеп жасына дейінгі балалармен теориялық зерттеулер жүргізуге
ыңғайлы. Мысалы, әртүрлі анықтамалар мен энциклопедиялардан иттер
тұқымдарының тобы туралы, өткен ғасырлардың желкенді кемелердің
құрылғылары жайлы немесе музыкалық аспаптардың тарихы т.б.
ақпараттарды талдап қорытқаннан кейін, оны құрбыларына талқылауға
ұсынуға болады. Әдетте теориялық тақырыптарды мектеп жасына дейінгі
тек дарынды балалар категориясы өңдеуді жақсы көреді. Бірақ барлық
балалар эмпирикалық зерттеулерді үлкен ынтамен өткізеді және де көбі
қызықты қиялдар арқылы ерекше ойларды іске асырады.
Тақырыпты таңдау ережесі.
Тақырып таңдау балаға тиісті қызықты, оның елітіп әкетуге тиісті.
Зерттеу жұмысы, басқа шығармашылық сияқты ерікті негізде жүргізілсе
ғана нәтиже береді. Зерттеу объектісі бірдеңені өзіне тартқанда және
қызықты болған кезде ғана туындайды. Егер тақырыпты балаға өз көңілінен
тыс берсе, ол қызықты болып тұрса да баладан ешқандай нәтиже болмайды.
Тақырыпты таңдаудан бұрын баланың қай жаққа бейім екенін біліп алу
керек. Ести білу, түсіну, сезіну - күрделі, бірақ шешуге болатын
педагогикалық тапсырма.
Тақырып орындалатын болу керек, зерттеуге қатысушыларға нақты
пайда әкелу керек. Баланы осы ойға әкелу арқылы өзін зерттеуші сияқты
барынша жұмысқа енгізу, өзін-өзі ортаға көрсете білу, жаңа пайдалы білім,
іскерліктер және дағдылар алу- күрделі, бірақ шешімсіз бұл жұмыс өз мәнін
жоғалтады. Бір қарағанда бұл бірінші ережеге қарсы келеді дер
тұжырымдауға болады. Негізінде қазір әр бала үшін ол - нәтиже.
Педагогикалық өнердің өзі - дұрыс таңдау жасатып, бала ол таңдау өзінікі
деп білу.
14
Тақырып түпнұсқалы болуы қажет, онда ерекше, күтпеген
элементтер байқалуы тиіс.
Тану, таң қалудан басталады, адамдар күтпеген нәрселерден таңқалады.
Осы жағдайдағы түпнұсқалықты – ерекше қабілет ретінде түсіну қажет,
бірақ сонымен қатар дәстүрлі заттар мен құбылыстарға басқаша қарау
қабілеті. Бұл ереже шығармашылық адам мінез-құлқының дамуына және
проблемаларды көру шеберлігіне бағытталған. Өнерпаз адам
шығармашылық қабілеті дамымаған адамнан жақсы танымал заттар мен
құбылыстарға деген
ерекше көзқарас қабілеті арқылы ерекшеленеді.
Жұмыс салыстырмалы тұрғыдан жылдам орындалуы үшін, тақырып
соған сай болуы қажет. Өзінің назарын объектіге ұзақ шоғырландыру
қабілеті, яғни ұзақ уақыт бойы мақсатқа сай бір бағытта жұмыс істеу, мектеп
жасына дейінгі ересек топ балаларының өзінде төмендеу болады.
Сондықтан, көбінесе басталған істің аяғына дейін орындалмай қалғанын
байқаймыз (сурет, құрау және т.б.). Зерттеуді бір мезетте жүргізу өте қиын.
Бала табиғатындағы осы ерекшелікті ескере отырып, бірінші зерттеу
тәжірибесін өткізгенде ұзақ уақытты талап еткізбеу қажет. Сонымен қатар
тақырыпты таңдауда мыналарды ескеру қажет:
Шешім қабылдаудың мүмкіндік деңгейі. Әрине, проблема балалардың жас
ерекшелігіне тиісті талапқа сай болуы қажет. Бұл позиция тек қана проблема
таңдауда ғана емес, жеткізу деңгейіне де байланысты. Материалды таңдау
мен қалыптастырудағы шешімге де байланысты. Сол бір проблема әр
жастағы балаларда, әр оқыту кезеңдерінде әр қалай шешілуі мүмкін.
Ұсыныстар мен мүмкіншіліктер. Проблеманы таңдай отырып, оны шешуге
қажетті материалдар мен құралдар болуын ескеру қажет. «Зерттеу базасына»
қажетті әдебиеттердің болмауы әдетте дұрыс емес шешімдерге әкеліп
соғады. Дұрыс емес шешімдер «бос әурешілік» тудырады. Ал бұл іс-әрекетті
дұрыс ұйымдастыруға көмектеспейді, керісінше шығармашылық ойлаудың
дамуына қарама-қарсы әсер етеді, осы ойлар дәлелді зерттеулер мен сенімді
білімдерге негізделген болуы шарт.
Балалармен зерттеу іс әрекетін жүргізудің инновациялық
технологиясына, онда қолданылатын тиімді әдіс тәсілдерге сипаттама бере
келе, тәрбиешілерге әдістемелік нұсқау көрсетілді. Және жаңа
инновациялық технологияға байланысты төменде үлгі сабақ жоспарлары
берілді.
15
3. Тәжірибелік-эксперименталдық жұмыс материалдары
ТАҚЫРЫБЫ: “Ғажайып құс”
ӨТКІЗУ ТҮРІ: танымдық-эстетикалық әңгіме
ОЙЫ: түрлі-түсті қағаздармен жұмыс жүргізу арқылы балаларды
толеранттылыққа тәрбиелеу, шығармашылық, эстетикалық қабілетін
дамыту.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАЗМҰНЫ: ұжымдық жұмысқа
қызығушылығын туғызу; түрлі-түсті қағаздармен жұмыс жүргізу әрекетінде
ортақ көріністі орындауға үйрету; түстерді ажырата сезінуді, елестетуді
дамыту; қайшының көмегімен түрлі қалыптарды қиюды үйрену; баланың
еңбегі мен ойын бағалау; өзінің дербес жұмысы мен берілген тапсырманы
ортақтастыра білуді үйрену; қайырымдылық қасиетке тәрбиелеу: өз-өзіне
талдау жасау, жауапкершілік, көмек беру, ортақ еңбек көрінісіне сүйсіне
білу сезімі; балаларды бір-біріне жақындастыру, достастыру сезімін
қалыптастыру.
ИННОВАЦИЯ: “Сезімтал” қара жәшік, “Неге ұқсайды?”
ассоциациялық ойыны.
НӘТИЖЕГЕ ЖЕТУ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ:
1) Психикалық жаттығу «Тілектер тізбегі”.
2) Ойын әрекетін құру «Не? Қайда? Қашан?” танымдық ойыны.
3) “Сезімтал” қара жәшік. Жұмбақ.
4) Бейнекөрсетілім: “Тотықұс”. Тотықұс құйрығының түс ерекшелігіне
мән беретін сұрақ қойылады.
5) “Неге ұқсайды?” ойын ассоциациясы.
6) “Кел, достасайық!” жаттығу сәті.
7) Балалардың жеке топтармен жұмысы.
8) Рефлексия. Ортақ жұмыстың бағасы мен жалпы ұпайы.
ҚҰРАЛДАРЫ: түрлі-түсті қағаз парақтар жасыл, cары, қызыл, көк
түстер; қайшы; клеенка; желім; қағаз орамал; қылқалам; қаламдар; үлгі
қағаз; тотықұстың бейнесі салынған қағаз; қара жәшік; бейнекөрсетілім
(таспа).
АЛДЫН АЛА ЖАСАЛАТЫН ЖҰМЫС: тотықұс бейнесі салынған
суретті қарап танысу; бояу кітаптан тотықұс бейнесін түрлі балауызды
борлармен бояу; жазбаша қатынастық “Кел, танысайық!”, “Бір-біріңе
16
қуаныш сыйлаңдар!” ойындары; бір-біріне сенім тудыратын «Сәлем”,
“Тілектер шоғы” ойыны.
САБАҚ БАРЫСЫ:
5. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУ “Тілектер тізбегі”.
Балалар шеңбер бойымен тұрады. Әрқайсысында шағын шеңбер.
Тәрбиеші оларға бүгін барлығының бірге жұмыс істейтінін хабарлап,
олардың түрлі қағаздармен жүргізетін әрекеттеріне сәттілік тілейді.
Балалар бір-бірінің қолдарынан мықтап ұстайды. Тәрбиеші келіп, олардың
мақсаттарының бір екенін, барлығы бір бүтін құрайтынын, жұмысты
атқаруда бір кемедегідей ортақ әрекет етуге, олардың әрқайсысының
орнының ерекшелігін түсіндіріп, орындарына отырғызады, барлығы бірге
аппликациямен жұмыс істейді.
2. ОЙЫН ӘРЕКЕТІН ҚҰРУ.
Сендер “Не? Қайда? Қашан?” танымдық ойынын ұнатасыңдар ма?
Оған ең ақылды, білімді адамдар ғана қатыса алады.
Қара жәшікті әкеліңдер! Сұрақ: әр құс несімен мақтанады? Бұл не?
Бұл қауырсын.
Ал енді келесі сұрақ: Бұл қандай құстың қауырсыны екенін табыңдар.
Ыстық елдерде өмір сүреді,
Ал салқында зоопаркте жүреді.
Құйрығының әдемілігі үшін,
Өзгелерге мақтанады.
Оған өзі де сүйсінеді,
Бізге де көрсетеді.
Бұл Тотықұс (балалардың жауабы). Бейнекөрсетілім қойылады.
Тәрбиеші: Бұл әлемдегі ең әдемі құстардың бірі. Тотықұстың басы,
мойны, кеудесі көк не сиякөк түсті, бастарындағы тәштиті жасыл, ал
қанаттары ақ-қара жолақты.
3. СҰРАҚТАР:
- Балалар, тотықұсты әдемілендіретін не? (құйрығы)
- Оның құйрығы бізді несімен тартады? (Өзінің ашық, әдемі
түстерімен: жасыл, қызыл, сары, көк, ақ және қара)
- Сендер тотықұс бойынан қандай түстерді байқадыңдар? (Суық және
жылы түстер)
4. “НЕГЕ ҰҚСАЙДЫ?” ОЙЫН АССОЦИАЦИЯСЫ
- Балалар, тотықұстың әсем де әдемі құйрығы нені еске салады
немесе неге ұқсайды?
- Желпігішке ұқсайды, қолшатыр сияқты ашылады, гүлге ұқсайды,
кемпірқосаққа ұқсайды, ұясынан шыққан күнге ұқсайды, бәрін көретін көзге
ұқсайды.
- Сендер қалай ойлайсыңдар, балалар, тотықұстың құйрығы неге
соншалық әдемі?
- Өйткені сан түрлі әдемі түстермен суреттер бейнеленген
қауырсындары бірлікте өмір сүреді.
- Ал, құйрығындағы өрнектер неге ұқсайды?
17
- Көзге ұқсайды.
- Мұндай керемет, сұлу құсқа біз не айтамыз?
5. ФИЗМИНУТ
Достасайық, кел, тоты құс!
Достықта өмір көңілді,
Бақта өскен гүлдерді
Аралап көргін әдемі,
Жауын жауса бақшаға,
Ол үшін сен қиналма.
Әсем шатыр құйрығың,
Жаңбырдан сені қорғайды.
(Балалар қол ұстасып, сосын қолдарын жандарынан жоғары көтеріп,
оңға, солға қозғалтады да саусақтарымен жаңбыр бейнесін жасап, кейін өз
орындарына отырады.)
Бұл жаттығулар жай, тынық әуен аясында орындалады.
6. САБАҚ ТАҚЫРЫБЫН ХАБАРЛАУ
- Балалар, ал тотықұстың өзі қандай? (мақтаншақ, тәкаппар,)
Ал, біз қазір сабақта өзгеше тотықұсты жасаймыз. Сендер тотықұсқа өздерің
жасаған қауырсынды сыйлайсыңдар ма? Сосын біз олардың сапасына баға
береміз.
7. БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ТОПТАҒЫ ЖҰМЫСЫ (6 бала)
Қию, желімдеу жұмыстарын, яғни техникалық дағдыларды бекіту,
мақтай отырып, ұжымдық еңбек барысында олардың әрекеттеріне бағыт
беру.
8. РЕФЛЕКСИЯ
- Өздеріңнің ғажайып құстарыңмен қандай жақсы қасиеттеріңді
бөліскілерің келеді?
- Сендер өз тотықұстарыңды қалай атайсыңдар? Неге?
- Сендерге құстарың несімен ұнайды?
- Сендерге тотықұсты қағаздан жасау қиын болды ма?
9. БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ (тақтамен жұмыс)
- Балалар, менің бетіме қарап айтыңдаршы, сендердің жұмыстарың
маған ұнады ма?
- Ия, өте ұнады. Сендердің өте тырысқандарың, бірігіп, келісіп жұмыс
істегендерің көрініп тұр. Осының бәрі сендердің жұмысты атқарып
шығуларыңа көмектесті.
ТАҚЫРЫБЫ: Таулар мен тастардың құпиясы
ӨТКІЗУ ТҮРІ: Тәжірибелік-эксперименталдық
АЛДЫН-АЛА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР: “Тастар не деп
сыбырласады?” тақырыбындағы әңгіме; тәжірибелер; “құрғақ бұтақтың
ертедегі ізі” бойынша шығармашылық еңбек.
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАЗМҰН: балалардың тастар туралы
білімдерін бекіту; гранит, мәрмәр, мергель, кремень, әк тас, көбік тас пен
малта тастар жайлы түсінік беріп, олардың кейбірінің құрамы мен
18
белгілеріне сай тәжірибелер жасау; инновациялық технологияны пайдалану
арқылы өлі табиғат жайлы көрініс құру; қарапайымнан керемет көруді
үйрету, таңғалу мен таңырқауды туғызу арқылы танымдық қызығушылықты
ояту; балалардың сөз байлығын көбік тас, малта тас, от шашушы, жанартау
деген сөздермен толықтыру.
САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІКТЕРІ: бейнетаспа, сандықша, жанартау
пішімі, сабақтың сызба пішімі, тастар, сорғыш, бор, лимон қышқылы, су,
“Тау” суреті, “Инструменталды музыка жауһарлары” жинағынан алынған
музыкалық шығарма.
ӘДІСТЕМЕ ТҮРЛЕРІ:
1) Ұйымдастыру кезеңі. “Мыс тауының ханшайымына қонаққа бару”
музыкалық шығармасына релаксация.
2) Түйсік сандықшасымен жұмыс: Сендер тастар жайлы білесіңдер
ме?
3) Сұрақ жауап сұхбаты: тастар сыры
4) Балалардың инновациялық әрекеті: «Бор неге ашуланды?”
тәжірибесі;
5) Динамикалық үзіліс “Гномдар”;
6) Таулар жайлы бейне сюжет;
7) Қазіргі заманға сай технологияны пайдалана отырып, баламен бірге
жұмыс жүргізу; тауларды пішімдеу;
8) “От шашатын таулар” тәжірибесі арқылы балалардың танымдық
әрекетін бақылау;
9) Таулар жайлы “Су тасты мүжиді” ертегісі;
10) Сызба-пішім бойынша сабақты талдау, қорытындылау;
11) “Таулар мен тастар” релаксациясы.
САБАҚ БАРЫСЫ:
1. Ұйымдастыру кезеңі
- Балалар, сендер бүгін керемет ертегі елінде боласыңдар. Бір сәт
көздеріңді жұмыңдар (әуен естіледі) және ертегіні өздеріңе өте жақын деп
елестетіңдер. Ол сендерге асығады (балалар көздерін ашады). Сендер мыс
тауының ханшайымындасыңдар. Оның бар байлығы тастар. Олардың
әрқайсысының аттары бар.
Менің бауырымның қайсысы саған көбірек ұнады? (Бала
сандықтағы тастардан өзіне ұнағанын таңдайды. Зерттеп қарап, оның
ерекшеліктерін айтады.)
Балалар жауаптарының үлгісі:
- ГРАНИТ. Оның аты осылай аталады. Ол қызылша қара тас. Ауыр әрі
суық көрінеді, ақшыл, ақылдыға ұқсайды. Бұл құрылыс тасы, ол көпірлерді
ұстап тұрады және ескерткіштер жасауға қолданылады.
- КРЕМЕНЬ. Қара қоңыр сұлу, үшкір келген тас. Ерте кездегі
адамдарда шырпы болмаған, есесіне кремень болған. Олар осындай екі
тасты бір-біріне ұрып, от шығарған. Мінез-құлқы мықты адамдар жайлы
“кременьдей мықты” деп сипаттайды.
19
- Бұл сұлудың аты - МЕРГЕЛЬ. Егер биік те мықты қабырға тұрғызу
керек болса, адамдар жұмсақ мергельді алып, ұнтақтап, пешке күйдіріп,
цемент жасаған. Мергельдің бұл алыс туысқаны суды өте жақсы көреді,
шөлін қандырса, ешқандай алып күш орнынан қозғай алмайды, жартас
секілді қатып қалады.
- Ал, мына сұлуымыз - МӘРМӘР. Ол мықты әрі адамға да ұнайды.
Одан түрлі вазалар мен мүсіндер жасайды.
- Ал, маған мына үш бауыр ұнап қалды. КВАРЦ: ақшыл, мөлдір
және түтін түстес.
- Менің тастарым сендерге ұнап қалған секілді. Бұлардың әрқайсысы
өзінше әдемі және адамдарға қажет.
- Ал, мен сендерге тағы екі тас көрсеткім келіп тұр. Бірі малта тас,
оны мен тау өзенімнен, ал мынаны көбік тасты теңіз жағасынан тауып
алдым.
- Қалай ойлайсыңдар, неге малта таста үшкір бұрыштар жоқ? (Су
оларды қозғағанда құммен үйкеледі. Содан бұл тастар доғал болып келеді.)
- Көбік тас ауыр ма, малта тас ауыр ма? Тәжірибе жасай отырып,
оларды суға салғанда қандай жағдайға түсетінін байқайық (малта тас суға
батып кетеді, ал көбік тас қалқып тұрады).
- Тастар суда жүзе ала ма? Неге бұл тас батпайды және неліктен?
(Ол көбіктен жасалғандықтан арасындағы ауа бөліктері оны жеңіл етеді.
Батпайтыны да содан.)
- Суда тас түстері өзгере ме? (өзгереді)
- Малта тасты сондай тасқа ұрғанда не естиміз? (дыбыс)
- Яғни менің тастарым “сөйлей ала ма?”. Оларды “тірі табиғатқа”
жатқызуға бола ма, жоқ па? (өлі)
- Әрине, олар өзара дыбыс шығарғанмен, өз сырларын бізге айта
алмайды.
- Мына ақ тасты қалай атаймыз? (бор)
- Бұл жеңіл әрі жұмсақ тас қандай жағдайға душар болатынын
байқайық. (Балаларға борға сорғыштан лимон шырынын тамызып, оны
құлағына жақындатқанда пышырлаған дыбыс естігенін олар “сөйледі” деп
есептейді.)
- Дұрыс, бұл тас дыбыс шығарады. Ол бұлданып жатыр. Оған лимон
шырыны ұнамағандықтан, ол пышырлап жатыр.
- Бұл тас не істей алады? (Ол жазып, сурет сала алады.)
- Балалар, мен әдемі, қажет көп тастарды қайдан алдым? (Сіз таудан
таптыңыз.)
- Менің тауларым әртүрлі тастарға бай, оларды менің кішкене
достарым, көмекшілерім гномдар жасайды. Олар тауда жұмыс істейді,
шаршағанда әуен тыңдап демалады. Қане, біз де гномға ұқсайтынымызды
байқатайық. (Балалар жүріп келе жатып, алға, артқа, оңға, солға қозғалып,
айналады, секіреді.)
20
- Міне, гномдар демалды, мен сендерге өзімнің айбынды да керемет
тауларымды көрсеткім келеді.
6. Таулар жайлы бейнекөрсетілім.
- Жердің де тастан тұратын киімі болады. Жердің бетінде көп
тастарды көргенде, біз оны тауға ұқсатамыз. Ғалымдардың айтуынша, бұдан
көптеген жылдар бұрын жер бетінде айтып жеткізе алмайтын ретсіз
қыртыстар болыпты. Солардан таулар, құздар мен қиялар, тастар пайда
болыпты.
- Неге кейбір таулардың шыңында қар жатады?
- Карталар мен жердің жасанды пішімдерінде таулар қандай
түстермен беріледі? (қоңыр)
7. Тау пішімдерін жасау.
Балалар мата қиындыларынан тау пішімін жасайды.
- Әрқайсысында өздерінің таулары дайын болды.
- Тауларыңның шыңы қайда? Неге таулардың кейбірінің шыңы
үшкір, кейбірі доғал? (Қарт және жас тау) Тауларды биіктігіне қарап қалай
атайды? (Биік-аласа)
- Тауларыңа ат қойыңдар (Ақ-тау, Қара-тау, Көк-тау және т.б.)
- Қалай ойлайсыңдар, қайда суығырақ, таудың шыңында ма әлде
етегінде ме? (шыңында)
8. “От шашатын таулар”
- Балалар, сендер таулардың әр түрлі болатындығын: жас және қарт
таулар, биік және аласа таулар болатыны жайлы айттыңдар. Мен сендерге
таулардың тағы бір түрін көрсетемін, одан бұрын сендер мына сұраққа
жауап беріңдерші: таулар “демалады» ма? Егер тауларды өлі денелерге
жатқызсақ, бұл құбылыстың болуы мүмкін бе? (“Жанартау кратеріне»
бояулы содамен, сірке қышқылымен араласқан қоспаны құяды). Міне, тау
демалды. Бұл -жанартау.
9. Тау туралы ертегі.
- Менің меншігімде мынадай биік тауда өмір сүреді (“Тау” суреті).
Ол өзін ең биік әрі күшті санайтын. Жылдар өтіп жатады. Су жаңбыр болып
тауға төгіледі. Күн тастарды кептіреді, ал аяз суды қатырып тастайды. Ол
барлық кішкене тастарды таудан желмен алып кетеді. Тау бірте бірте
кішірейе береді. Солайша үлкен тауды жеңіп, жел, су, күн мен аяз күн сайын
еңбек етеді.
- Тауларды неге бұзады? “Су тасты мүжиді” деген мәтелді тауға
байланысты айтуға бола ма?
10. - Сендер менің меншігім және тауларымның байлығы жайлы
қаншама жаңа және қызықты нәрселерді білдіңдер. Сендерге олар ұнады ма?
Сендер бүгінгі сабақта не істедіңдер?
- Сендер менде, таулар ханшайымында әлі де талай рет қонақта
боларсыңдар. Көптеген қызықты нәрселерді көрерсіңдер.
11. – Ал қазір өзімізді үлкен тау ретінде елестетейік. Тау күшті әрі
биік болады, бірақ түрлі әсерлерден тастар таудан төмен құлап, ол біртіндеп
21
кішірейе бастайды. (Балалар бұл әрекеттерді музыка сазымен қимыл арқылы
келтіреді).
4. Балалардың танымдық қызығушылығын дамытуға арналған ойын-
жаттығулар
1. “Балықшы” ойыны.
Мақсаты: алған білімдерін тиянақтау. Ойынға түгел қамти отырып,
қызығушылығын арттыруға көңіл бөлу.
Ойынның шарты: балалар аквариумнен магниттік кубиктерді
қармақпен аулап алады да, кубиктегі қандай әріп, қандай дыбыс екенін
тауып, сол әріпке сөйлем құрап әңгімелеу қажет.
2. “Кім жылдам?” ойыны.
Ойын шарты: кеспе әріптерді пайдаланып, жылдам о-ө дыбысының
орнын ауыстыру.
3. “Әріп тастамақ” ойыны.
Ойын шарты: балаға бір-бірден әріп таңбасын таратады. Оқушы өз
қолындағы әрпіне сай сөз ойлап табады.
4. “Досыма сыйлық” ойыны.
Мақсаты: затты сөз көмегінсіз сипаттап беру іскерліктерін дамыту.
Ойын барысы: балалардың бірі туған күн иесіне айналады. Өзге
балалар әкелген сыйлықтарын сөз көмегін пайдаланбастан сипаттап
ұсынады.
5. «Сөз ойла, тез ойла» ойыны.
Ойынның шарты: мен кез келген балаға допты лақтырып, мен үй
жануарларының атын айтқанда, ол бала сол сөздің бірінші дыбысын айтып,
маған допты қайтара лақтырады. Мысалы: мысық десем (бірінші дыбысы)
«М»т.с.с.
Ал, енді, балалар, ойынды сәл қиындатамыз: бірінші бала сөз айтады
екінші бала қыймылды білдіретін сөз айту керек. Мысалы: түйе десе
«боздайды», сиыр десе «мөңірейді»...
6. Жұмбақ ойын: Ұйқасын тап
Кезіп жүріп өзекті
Ұстап алдым (көжекті)
Қарды қояр күреп
Керек жалпақ (күрек)
22
Жазу үшін саған
Қажет қою (қалам)
Қора баққан шапқылап
Бір итім (саққұлақ)
Қонып алып жарға
Қарқылдайды (қарға)
Даусына құлақ түр
Жер жыртып жүр (трактор)
Моп-момақан өзі
Сүп-сүйкімді (қозы)
Үсті-басы түрпі
Тышқан аулар (кірпі)
Дуадақ құс шөлде
Аққу-қаздар (көлде)
7. Ойын: «Көршіңді тап!»
Шарты: екі топқа бөлініп, 1-20 дейінгі қызыл және көк сандар жазылған
шырша бүрлерін жинап, түсіне қарай сан ретін тауып тұру.
23
Қорытынды
1. Қорытындылай келе, аталған мәселеге байланысты бірнеше
педагогикалық, психологиялық, ғылыми әдістемелік әдебиеттерге талдау
жасалды. Атап айтқанда: Ж.Қараев, В.В.Давыдов, К.Д.Ушинский,
В.А.Сухомлинский, Г.И.Щукина, т.б. еңбектері зерттелді.
2. Балалардың танымдық қызығушылығын дамытудағы инновациялық
технологияларға: дамыта оқыту, деңгейлеп саралау технологиясына,
модульдік оқыту және сын тұрғысынан ойлау технологиясына, «Тәй-тәй»
технологиясы мен «Ынтымақтастыққа оқыту», «Өзін-өзі тану»
технологияларына сипаттама беріліп, оны тиімді қолданудың жолдарына
тәрбиешілерге нұсқау берілді.
3. Балаларды зерттеу іс-әрекетіне қатыстыруда танымдық
қызығушылықтарын дамытудағы тиімді жолдары қарастырылды. Мектепке
дейінгі жастағы балалармен зерттеу жұмысын жүргізу олардың білім
деңгейін көтеріп, жаңа нәрсені білуге деген құштарлықтарын арттырып,
танымдық қызығушылықтарын дамытатындықтарын анықтадық.
4. Шығармашылық жұмыста ұсынылған инновациялық
технологияларға сәйкес арнайы эксперименттік байқаудан өткізіліп, оның
нәтижелері қорытындыланды. Инновациялық технологияларды қолданудың
тәжірибелік негізінде балалардың танымдық қызығушылығын дамытуға
толық мүмкіндік жасалатындығы анықталды.
24
5. Балалардың танымдық қызығушылығын дамытуға арналған ойын-
жаттығулар мазмұны жүйеленді. Және жаңа инновациялық технологияларға
сай құрылған сабақ конспектілері ұсынылды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения – М, 1986
2. Сухомлинский В.А. Избранное. Педагогические сочинения в 3-х
томах, т.3 – М, 1981
3. Щукина Г.И. Проблема познавательного интереса в педагогике – М,
1971
4. Ушинский К.Д. Сочинения, т.3 – М, 1980
5. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика – Астана, 1998
6. Әмірова Ә.С. Сауат ашу және жазу. Әдістемелік құрал – А, 2008
7. Мұхамбетова С.Қ., Қожаева С.Қ. Тәрбие теориясы – Астана, 2005
8. Савенков А.И. Маленький исследователь. Как научить младшего
школьника приобретать знания – Ярославль, 2002
9. Танымдық белсенділікті қалыптастыру – «Мектепке дейінгі тәрбие»,
1986, № 11, 28-32 б
10. Балалардың танымдық қызығушылығын дамыту – «Мектепке дейінгі
педагогика», 2005, № 3, 4-6 б
25
26

More Related Content

What's hot

таван хошуу мал 3
таван хошуу мал 3таван хошуу мал 3
таван хошуу мал 3uuganaa_ch3
 
сургалтын хүүхдийн хөгжил төлөвшилд
сургалтын хүүхдийн хөгжил төлөвшилдсургалтын хүүхдийн хөгжил төлөвшилд
сургалтын хүүхдийн хөгжил төлөвшилдTsekeel Tsekee
 
өргөмжлөл
өргөмжлөлөргөмжлөл
өргөмжлөлdelgermoron
 
м үсэг
м үсэгм үсэг
м үсэгoontood
 
презентація
презентаціяпрезентація
презентаціяstepanyuk434
 
Досвід роботи вчителя початкових класів
Досвід роботи вчителя початкових класівДосвід роботи вчителя початкових класів
Досвід роботи вчителя початкових класівSvetik Svetik
 
илтгэл математик
илтгэл математикилтгэл математик
илтгэл математикotgonjargal27
 
чингэс шүлэг 22
чингэс шүлэг 22чингэс шүлэг 22
чингэс шүлэг 22byambaa12
 
Презентація з англійської мови"Цікава фонетика"
Презентація з англійської мови"Цікава фонетика"Презентація з англійської мови"Цікава фонетика"
Презентація з англійської мови"Цікава фонетика"YanaDyachuk
 
Презентація "10 кроків до щастя"
Презентація "10 кроків до щастя"Презентація "10 кроків до щастя"
Презентація "10 кроків до щастя"neliagolovina-11
 
Shorgoolj tsartsaa 2
Shorgoolj tsartsaa 2Shorgoolj tsartsaa 2
Shorgoolj tsartsaa 2saruulkaa
 
Т.Намуунзаяа -
Т.Намуунзаяа - Т.Намуунзаяа -
Т.Намуунзаяа - batnasanb
 
Звіт Атестація вчителя початкових класів
Звіт Атестація вчителя початкових класівЗвіт Атестація вчителя початкових класів
Звіт Атестація вчителя початкових класівdzhostat dzhos
 
презентація досвіду роботи шевчук н.в
презентація досвіду роботи шевчук н.впрезентація досвіду роботи шевчук н.в
презентація досвіду роботи шевчук н.вtrybakova
 

What's hot (20)

Арга зүйн туршлага
Арга зүйн туршлагаАрга зүйн туршлага
Арга зүйн туршлага
 
Талархал
ТалархалТалархал
Талархал
 
4 цаг шүлгийг заах арга зүй
4  цаг шүлгийг заах арга зүй4  цаг шүлгийг заах арга зүй
4 цаг шүлгийг заах арга зүй
 
Сүмтэй будрын чулуу шүлгийн ном
Сүмтэй будрын чулуу шүлгийн номСүмтэй будрын чулуу шүлгийн ном
Сүмтэй будрын чулуу шүлгийн ном
 
таван хошуу мал 3
таван хошуу мал 3таван хошуу мал 3
таван хошуу мал 3
 
сургалтын хүүхдийн хөгжил төлөвшилд
сургалтын хүүхдийн хөгжил төлөвшилдсургалтын хүүхдийн хөгжил төлөвшилд
сургалтын хүүхдийн хөгжил төлөвшилд
 
өргөмжлөл
өргөмжлөлөргөмжлөл
өргөмжлөл
 
м үсэг
м үсэгм үсэг
м үсэг
 
презентація
презентаціяпрезентація
презентація
 
Арга зүйн туршлага
Арга зүйн туршлагаАрга зүйн туршлага
Арга зүйн туршлага
 
Досвід роботи вчителя початкових класів
Досвід роботи вчителя початкових класівДосвід роботи вчителя початкових класів
Досвід роботи вчителя початкових класів
 
илтгэл математик
илтгэл математикилтгэл математик
илтгэл математик
 
чингэс шүлэг 22
чингэс шүлэг 22чингэс шүлэг 22
чингэс шүлэг 22
 
Презентація з англійської мови"Цікава фонетика"
Презентація з англійської мови"Цікава фонетика"Презентація з англійської мови"Цікава фонетика"
Презентація з англійської мови"Цікава фонетика"
 
Презентація "10 кроків до щастя"
Презентація "10 кроків до щастя"Презентація "10 кроків до щастя"
Презентація "10 кроків до щастя"
 
1 клас. Сюжетні задачі.
1 клас. Сюжетні задачі.1 клас. Сюжетні задачі.
1 клас. Сюжетні задачі.
 
Shorgoolj tsartsaa 2
Shorgoolj tsartsaa 2Shorgoolj tsartsaa 2
Shorgoolj tsartsaa 2
 
Т.Намуунзаяа -
Т.Намуунзаяа - Т.Намуунзаяа -
Т.Намуунзаяа -
 
Звіт Атестація вчителя початкових класів
Звіт Атестація вчителя початкових класівЗвіт Атестація вчителя початкових класів
Звіт Атестація вчителя початкових класів
 
презентація досвіду роботи шевчук н.в
презентація досвіду роботи шевчук н.впрезентація досвіду роботи шевчук н.в
презентація досвіду роботи шевчук н.в
 

Viewers also liked

Ucsm 2017 temario
Ucsm 2017 temarioUcsm 2017 temario
Ucsm 2017 temarioMaycol Sanz
 
прочитать назидательно
прочитать назидательнопрочитать назидательно
прочитать назидательноAsem Sarsembayeva
 

Viewers also liked (20)

қысым. қысымның қатты денелер
қысым. қысымның қатты денелерқысым. қысымның қатты денелер
қысым. қысымның қатты денелер
 
астана слайд
астана слайдастана слайд
астана слайд
 
жібек жолы №1
жібек жолы №1жібек жолы №1
жібек жолы №1
 
қысым 7 б ашық сабақ
қысым 7 б ашық сабаққысым 7 б ашық сабақ
қысым 7 б ашық сабақ
 
№68 мибб абдильдина м.к. сөйлеуді дамыту.
№68 мибб абдильдина м.к. сөйлеуді дамыту.№68 мибб абдильдина м.к. сөйлеуді дамыту.
№68 мибб абдильдина м.к. сөйлеуді дамыту.
 
үйшік ертегісі
үйшік ертегісіүйшік ертегісі
үйшік ертегісі
 
Ppt kelompok 13
Ppt kelompok 13Ppt kelompok 13
Ppt kelompok 13
 
Ucsm 2017 temario
Ucsm 2017 temarioUcsm 2017 temario
Ucsm 2017 temario
 
Plan de rse
Plan de rsePlan de rse
Plan de rse
 
Wales 3 ур
Wales 3 урWales 3 ур
Wales 3 ур
 
Scotland
ScotlandScotland
Scotland
 
England 1
England 1England 1
England 1
 
England
EnglandEngland
England
 
прочитать назидательно
прочитать назидательнопрочитать назидательно
прочитать назидательно
 
тақыры. электрондық кестелер.
тақыры. электрондық кестелер.тақыры. электрондық кестелер.
тақыры. электрондық кестелер.
 
1 ашык сабак домбыра куандык
1 ашык сабак домбыра куандык1 ашык сабак домбыра куандык
1 ашык сабак домбыра куандык
 
сабак
сабаксабак
сабак
 
от басы құндылығы
от басы құндылығыот басы құндылығы
от басы құндылығы
 
разработка методическая
разработка методическаяразработка методическая
разработка методическая
 
бухаева ж.к.
бухаева ж.к.бухаева ж.к.
бухаева ж.к.
 

Similar to инновация

23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssss23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssssnurlan93kz
 
мен зерттеушимин
мен зерттеушиминмен зерттеушимин
мен зерттеушиминAsem Sarsembayeva
 
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмыс
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмысТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмыс
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмысBeisek Serikbay
 
Дипломный_проект_Алиева.А_Кабылбек.Ж.pptx
Дипломный_проект_Алиева.А_Кабылбек.Ж.pptxДипломный_проект_Алиева.А_Кабылбек.Ж.pptx
Дипломный_проект_Алиева.А_Кабылбек.Ж.pptxGulshatDosymbai
 
221ваываыввввввв
221ваываыввввввв221ваываыввввввв
221ваываывввввввnurlan93kz
 
жобалау оташева ж
жобалау оташева жжобалау оташева ж
жобалау оташева жAsem Sarsembayeva
 
оқыту технологиялары
оқыту технологияларыоқыту технологиялары
оқыту технологияларыoquzaman
 
шыгар жоба
шыгар жобашыгар жоба
шыгар жобаoquzaman
 
талшын турдакиновна
талшын турдакиновнаталшын турдакиновна
талшын турдакиновнаoquzaman
 
методичка умбетова г.
методичка умбетова г. методичка умбетова г.
методичка умбетова г. Asem Sarsembayeva
 
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ - БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ТӘРБИЕЛЕУ  ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ - БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ  ТҰРҒЫДА  ҚАЛЫПТАСТЫРУТӘРБИЕЛЕУ  ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ - БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ  ТҰРҒЫДА  ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ - БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУАйбек Қуандықұлы
 
Simple Business Report.p,,,,,,,,,,,,,,,ptx
Simple Business Report.p,,,,,,,,,,,,,,,ptxSimple Business Report.p,,,,,,,,,,,,,,,ptx
Simple Business Report.p,,,,,,,,,,,,,,,ptxssuserf27937
 

Similar to инновация (20)

23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssss23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssss
 
мен зерттеушимин
мен зерттеушиминмен зерттеушимин
мен зерттеушимин
 
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмыс
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмысТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмыс
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмыс
 
Дипломный_проект_Алиева.А_Кабылбек.Ж.pptx
Дипломный_проект_Алиева.А_Кабылбек.Ж.pptxДипломный_проект_Алиева.А_Кабылбек.Ж.pptx
Дипломный_проект_Алиева.А_Кабылбек.Ж.pptx
 
тукубаева т.т
тукубаева т.ттукубаева т.т
тукубаева т.т
 
221ваываыввввввв
221ваываыввввввв221ваываыввввввв
221ваываыввввввв
 
ныгыметова амина жанатовна
ныгыметова амина жанатовнаныгыметова амина жанатовна
ныгыметова амина жанатовна
 
жобалау оташева ж
жобалау оташева жжобалау оташева ж
жобалау оташева ж
 
оқыту технологиялары
оқыту технологияларыоқыту технологиялары
оқыту технологиялары
 
жұмыс ибраева а
жұмыс ибраева ажұмыс ибраева а
жұмыс ибраева а
 
Xx
XxXx
Xx
 
шыгар жоба
шыгар жобашыгар жоба
шыгар жоба
 
баяндама
баяндамабаяндама
баяндама
 
талшын турдакиновна
талшын турдакиновнаталшын турдакиновна
талшын турдакиновна
 
эссе.doc
эссе.docэссе.doc
эссе.doc
 
методичка умбетова г.
методичка умбетова г. методичка умбетова г.
методичка умбетова г.
 
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ - БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ТӘРБИЕЛЕУ  ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ - БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ  ТҰРҒЫДА  ҚАЛЫПТАСТЫРУТӘРБИЕЛЕУ  ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ - БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ  ТҰРҒЫДА  ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ - БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ
 
14.pptx
14.pptx14.pptx
14.pptx
 
1329022.pptx.ppt
1329022.pptx.ppt1329022.pptx.ppt
1329022.pptx.ppt
 
Simple Business Report.p,,,,,,,,,,,,,,,ptx
Simple Business Report.p,,,,,,,,,,,,,,,ptxSimple Business Report.p,,,,,,,,,,,,,,,ptx
Simple Business Report.p,,,,,,,,,,,,,,,ptx
 

More from Вспомогательный образовательный сайт

More from Вспомогательный образовательный сайт (20)

метод.в орлеу1
метод.в орлеу1метод.в орлеу1
метод.в орлеу1
 
открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 

инновация

  • 1. Инновациялық технологиялар арқылы балалардың танымдық қызығушылығын дамыту.
  • 2. М А З М Ұ Н Ы Кіріспе Негізгі бөлім 1) Жаңа инновациялық технологияларға сипаттама 2) Мектепке дейінгі жастағы балалармен зерттеу жұмысын жүргізудің инновациялық технологиясы 3) Тәжірибелік-эксперименталдық жұмыс материалдары 4) Балалардың танымдық қызығушылығын дамытуға арналған ойын- жаттығулар 5) Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер Қосымшалар Кіріспе 2
  • 3. Іс-тәжірибенің көкейкестілігі – Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында мектепке дейінгі тәрбие және оқыту деңгейінде бес жастағы балаларды мектепалды даярлығымен толық қамтамасыз ету, баланың бойында оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеу міндеттері айқын көрсетілген. Бұл тұжырымдамадағы негізгі мақсат – мектепке дейінгі білім беруді ұлғайту жолымен балалардың білім алуына бастапқы мүмкіндіктерді бірдей қамтамасыз ету болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында оқу қызметін меңгерту олардың танымдық белсенділігін дамытудың басты бағыты болып саналады. Педагогика мен психологияда танымдық қызығушылықты дамыту мәселелеріне әрқашан үлкен мән беріліп келеді. Педагогика дамуының қазіргі кезеңінде зерттеушілер баланың жеке басына, олардың әрекетін тудыратын ішкі жан-дүниесіне, арнайы педагогикалық әсер мен қарым-қатынасына, оның ішінде, мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығына көбірек назар аударуда. Осыған дейін педагогтар мектеп жасына дейінгі балалардың бойынан қызуғышылықтың тиімді әрекеттерін, танымдық қызығушылықты дамытуға қолдануына қарай дұрыс не кері әсер ететін себептерін анықтаумен келеді. Оқыту мен тәрбие берудің алдағы уақытта тиімді жолдарын іздеу заңдылық болып табылады. Осыларды есепке ала отырып, мектепке дейінгі жастағы балалардың өзіндік таным әрекеті мен қоғамда, ұжымда, өз ісіне және өз- өзіне әлеуметтік маңызды тұлғаның келбетін біріктіруге мүмкіндік береді. Танымдық белсенділікті психологиялық-педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиелеу және оқыту үрдісінде оны қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Ал, осы мәселеге қатысты психологиялық – педагогикалық әдебиеттерге талдау жасайтын болсақ, Т.И.Шамова, С.Л.Рубинштейн, А.И.Леушина, А.В.Запарожец, А.П.Усова, Г.И.Щукина және тағы басқалардың еңбектерінде тұлғалық сапа ретіндегі танымдық белсенділік ерекшеліктерінің психологиялық, педагогикалық және биологиялық сипатта айқындалатындығы көрсетілген. В.А.Сухомлинский өз еңбектерінде тәрбиешілерден сабақтарына арнайы дайындықпен келуді талап етіп, балалардың оқуға деген жақсы ұстанымдарын үнемі сыртқы оқыту құрылымынан тұлғаны маңызды дағдыға айналдыруды көздеді. Ол балалардың танымдық қызығушылығының ішкі қажеттілікке арналуы үшін оның оқу барысында жақсы жетістіктерге жетуі басты фактор деп санады. К.Д.Ушинский балалардың нақты қызығушылығын баланың танымдық белсенділігімен және оны оқытудың қоғамдық маңыздылығын біртіндеп түсінуінен тудырған әлеуметтік–педагогикалық құбылыс ретінде қарастырған. Г.И.Щукина мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылын қалыптастыру оқу материалдарының мазмұнымен, баланың 3
  • 4. танымдық әрекетін ұйымдастырумен тығыз байланысты деген пікірді айрықша ұстанады. Балалардың танымдық белсенділігін дамыту мәселесі педагогтардан теория мен практикада жаңалықты іздеуді талап етеді, бүгінгі жағдайдағы анықтаушы мағынаға ие, оқытудағы белсенділік принципін жүзеге асыруға бағытталған оқудың мазмұнын, формасын, әдістері мен тәсілдерін, жағдайлары мен құралдарын әлі де жақсарту үшін жаңа мүмкіндіктерді іздестіруді керек етеді. Себебі, меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне сай балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі ғана емес, сонымен қатар мектепалды даярлық балаларының өзіндік танымдық іс- әрекеттеріне қатынасының қалыптасуымен тәуелді болып келеді. Қазіргі таңда инновациялық технологияларды пайдалану өзекті мәселе болып отыр. Балалардың танымдық қызығушылығын дамытуда инновациялық технологиялардың қолданылуы кезек күттірмейтін мәселе. Дей тұрғанмен де, аталған мәселеге байланысты төмендегідей кейбір қарама-қайшылықтарды анықтадық: • Аталған мәселеге байланысты әдебиеттердің жеткіліксіздігі; • Балалардың танымдық қызығушылығын дамытуда инновациялық технологиялардың тәжірибеге енгізілмегендігі; • Танымдық қызығушылықты дамытуға арналған ойын-жаттығулар мен тапсырмалардың жеткіліксіздігі. Іс-тәжірибенің мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың танымдық қызығушылығын инновациялық технологиялар арқылы дамытуды теориялық тұрғыдан негіздеу және тәжірибелік эксперимент жүргізу және байқаудан өткізу. Зерттеу обьектісі – мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығы. Зерттеу пәні – мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын дамыту жүйесі. Іс-тәжірибенің болжамы: Егер, айтылған мәселеге байланысты ғылыми әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалса, инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімді жолдары анықталса, балалардың танымдық қызығушылығын дамытуға арналған материалдар жинақталса, онда инновациялық технологияларды пайдалану арқылы балалардың танымдық қызығушылығын дамытуға болады, өйткені, балалардың танымдық қызығушылығы қалыптасып, оны пайдаланудың әдіс-тәсілдерін тәрбиешілер меңгереді. Іс-тәжірибенің міндеттері: – ғылыми әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау; – инновациялық технологияларды тәжірибеде пайдаланудың жолдарын анықтау; – танымдық қызығушылығын дамытуға арналған ойын-жаттығуларды жинақтау. 4
  • 5. Іс-тәжірибенің мәнділігі – мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиешілер пайдалана алады. Іс-тәжірибенің жаңалығы: – ғылыми әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалды ; – инновациялық технологияларды тәжірибеде пайдаланудың жолдары анықталды; – танымдық қызығушылығын дамытуға арналған ойын-жаттығулар жинақталды. Іс-тәжірибеге қолданылатын әдіс-тәсілдер: Философиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау; Балабақшаның нормативтік-құқықтық құжаттарын (мемлекеттік стандарт, бағдарлама, оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік нұсқаулар, жылдық жоспарлар), озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу; балалардың іс-әрекетіне бақылау жасау; тәжірибелік эксперимент жүргізу; сауалнама; алынған деректерді математикалық есептеу арқылы өңдеу. Педагогикалық мониторинг, психологиялық диогоностика жүргізу, қорытындылау. Іс-тәжірибенің кезеңдері: I. 2006 – 2007жж. Тақырып таңдалып, теориялық талдау жасалады, эксперимент материалдары дайындалады. II. 2007 – 2008 жж. Балалардың танымдық қызығушылығын дамытуға арналған материалдар эксперименттік байқаудан өткізіледі. Педагогикалық эксперимент жүргізіліп, байқау нәтижелері өңделіп, толықтырылады. III. 2008 – 2009 жж. Эксперимент нәтижесінде алынған мәліметтер талданады және қорытындыланады, математикалық есептеу әдісі бойынша өңделеді. Тұжырымдар мен ұсыныстар жасалады. Реферат жұмысы рәсімделеді. Іс-тәжірибенің базасы: Астана қаласындағы № 67 «Аққу» балабақшасы, № 10 «Торғай» тобы, 25 бала, № 7 “Аққу” тобы. Іс-тәжірибе қайда талданды: әдістемелік бірлестікте, педагогикалық кеңесте, педагогикалық оқуларда, тамыз маслихатында және ғылыми тәжірибелік конференцияларда баяндалды. Білім басқармасының әдістемелік күнінде талқылаудан өтті. Нәтижесі: Балалардың, тәрбиешілердің марапаттаулары, жүлделері, педагогикалық басылымдарда жарияланған материалдары. 5
  • 6. Негізгі бөлім 1. Жаңа инновациялық технологияларға сипаттама «Білім туралы» заңда қабылданған білім беру жүйесінің жаңа моделі 2004 жылы ЮНЕСКО ұсынған халықаралық білім жүйесіне сәйкестендірілген. Осы заңның 8-ші бабында білім беру жүйесінің басым міндеті ретінде оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілеріне шығу деп атап көрсеткен. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық келбеттерінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде педагогтардің инновациялық іс- әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мәселелердің бірі. Ал ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген ХХІ – ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру балабақшаның басты міндеті болып саналады. Сондықтан мектепте, соның ішінде бастауыш сыныптардан бастап жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту үрдісінде тиімді, сапалы түрде іске асуы үшін оны технологияландыру қажеттігі туындайды. Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. 1960 жылдарда шетел зерттеушілері «педагогикалық технология» терминін енгізді. «Педагогикалық технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педогогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер – оның құрамды бөлігі ғана» (А.Беспалько) Педагогикалық технология М.В.Клариннің анықтауында: «Педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық, дара, инструменталдық және әдіснамалық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді». Ғалым-академик В.М.Монахов оқыту технологияларының тәжірибедегі қолдану аясын тереңірек зерттей келіп, оны жаңаша қырынан танытады. Ғалымның пікірінше: «Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі». Сонымен технология мен белгіленген мақсатты тиімді орындау үшін материалдарды түрлендіру процестері мен әдістердің жиынтығы және бір ізділігін, кешенді бірлігін айтуға болады. Педагогикалық технология, оқыту технологиясы туралы мәселелер соңғы жылдары педагог-ғалымдардың назарын аударып, әр қырынан зерттелуде. Оқытудың жаңа технологиясының бастапқы бір формасы болып табылатын бағдарламалап оқыту мәселелері В.Беспалько, М.Кларин, 6
  • 7. И.Лернер, В.Оконь, Н.Талызина, Л.Выготский, Д.Эльконин, В.Давыдов, Ш.Амоношвили және тағы басқалардың еңбектерінде көрініс табады. Педагогикалық технология оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және өткізудің формасымен анықталады. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшеліктері: қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытылатын пән мазмұны, педагог пен баланың өзара байланыс іс-әрекеті, баланың ішкі даму үрдісі негізінде анықталған нақты мақсат ғана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін төмендегідей ұстанымдар жүзеге асырылуы тиіс: 1. Оқушылардың өзіндік ізденіс іс-әрекетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланатын оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа жағдайдағы «оқыту әдістемесі» деп отырғанымыз: «бала - педагог» ұстанымының өзара тығыз байланыстылығы. Демек, мұнда бірінші орында бала тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады. 2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері – оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде басты мақсат – балаға деген сенім, оның ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір- қасиет сезімін дамыту. 3. Жаңа технологияның мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет. Бұл үшін оқу құралдары балалардың өздігінен танымдық іс- әрекетін жүргізе алатындай болуы қажет. Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаны өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуға қолайлы жағдай жасауға қажетті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды. Яғни, осы мүмкіндіктерді жалпы білім беру ордаларында ұйымдастыру қажет. Бұл жалпы білім ордасының белгілі бір дәрежеге жетуіне көмек береді. Оқу процесі барысында Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтардың «Дамыта оқыту», Ж. Қараевтің «Деңгейлеп саралау» технологиясы, М.М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту» технологиясы, Джордж Соростың ашық қоғам институты «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген «сын тұрғысынан ойлауды, оқу және жазу арқылы дамыту» технологиясы, «Тәй-тәй» технологиясы, «Ынтымақтастыққа оқыту» технологиясы, В.Беспалько, М.Кларин, И.Лернер, В.Оконь, Н.Талызина «Бағдарламалап оқыту мәселесі», «Өзін-өзі тану» технологиясы, т.б. Мектепке дейінгі білім жүйесіндегі әрбір пән бойынша жаңа педагогикалық технологияларды қолдану – жалпы білім сапасын арттыру 7
  • 8. мен жетілдіру бағытында жүргізілуі қажет. Мысалы, бастауыш мектеп сатысында төмендегідей педагогикалық технология мен әдістерді қолдануымыз үлкен жетістіктерге алып келуі мүмкіндігін туғызады: - Дамыта оқыту технологиясы (Л.Занков, Д.Эльконин, В.Давыдов) - Сын тұрғысынан ойлау технологиясы (С.Мирсейітова) - Дидактикалық бірліктердің ірілендірілуі (П.Эрдниев) - Нәтижелі әдістемелеу және оны қабылдау; - Іс-әрекетті бағалау (Ш.Амоношвили, И.Волков) - Ж. Қараевтің «Деңгейлеп саралау» технологиясы; Бастауыш білім берудің негізгі міндеті – баланың жеке басын, бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету. Оның қабілеттерін анықтау және дамыту. Осы сатыдағы оқу мен тәрбие оң уәжді қалыптастыруға және оқу қызметін білуге, оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын үйренуге, тілдік қарым-қатынастың қарапайым тәжірибесіне, өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан таныта білуге, мінез-құлықтың мәдениетіне, жеке гигиенаның және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады, сонысымен кейінгі негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеруге база жасайды. Жаңа технологияларды оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне орай қолданудың мәні ерекше. Біз оқытудың ұтымды әдістерін, соның ішінде «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасымен жұмыс жасау арқылы алған білім негізін қолданып, жұмыс істеуге құштарлық туғызып, білім беруде нәтижеге жеткізетінін байқадық. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Оқушылармен бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда олардың өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Осы жобаман жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді. Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс-әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші болады. Ал мұғалім осы әрекетке бағыттауда, оқуды ұйымдастыруда жетекші рөл атқарады. Өздік оқу іс-әрекеті оқу үрдісінің ішкі жүйесі ретінде оқушылардың өзіндік шығармашылық іс-әркетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Өздік іс-әрекеттің ең басты қажеттілігі – оқушыны ойға жетелеуінде, ойланта отырып, өзіндік ойының қалыптасуы оны шығармашылық жұмысқа жетелейді. Шығармашылық еңбек алдымен оқушыға қанат бітіреді, қиял береді. 8
  • 9. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарға ұсталады. Ол үшін бала осы кезге дейінгі білетін тәсілдердің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ 3 құрамдас бөліктерден тұрады: 1) оқу мақсатын нақтылау; 2) оны шешудің жолын бірлесе қарастыру; 3) шешімнің дұрыстығын дәлеледеу. Бұл үшеуі Д.Б. Эльконин – В.В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Мақсатты шешу іштей талқыланады, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде ғана болады. Шешім табылған кезде әркім өз ойының дұрыстығын дәлелдей білуге үйреніп, әр оқушыға өз ойын, өз пікірін айтуға мүмкіндік береді. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталады. Деңгейлік тапсырмалар 4 деңгейде беріледі: 1-деңгей «танып-білу»; 2-деңгей «өткен сабақ»; 3-деңгей «талдау, жинақтау, қорыту»; 4-деңгей «шығармашылық жұмыс істей алатындар»; Жауынбай Қараевтің технологиясының тиімді жақтары: 1) оқушы өздігінен жұмыс істеуге дайындалады; 2) оқушы қабілеті айқындалады; 3) талпынысы, ұмтылысы байқалады; 4) күрделі тапсырмаларға байланысты оқушылардың ойлау қабілеті артады; 5) әр баланың қабілетіне қарай бағалануы. Ізгілендіру технологиясының негізін салушы – Ш.Амонашвили. Мақсаты: баланың танымдық күшін қалыптастыру. Мәселелік технологияның мақсаты: баланы өз бетінше ізденуге, танымдық, шығармашылық икемдерін дамыту. Педагогикалық қызметке ынтасы жоғары, білім беру саласындағы үнемі жаңарып отыратын өзгерістерге икемді, жаңа технологияларды оқу- тәрбие үрдісінде қолдана алатын педагогтарді дайындау – оларды кәсіби даярлаудың ең көкейкесті аспектісінің бірі болып табылады. Өзін-өзі тану сабақтары. Өзін-өзі тану процесін ұйымдастырудың маңызды шарты болып балалардың психологиялық, физиологиялық, жас ерекшеліктеріне сәйкес жағымды эмоциялық күймен қамтамасыздыратын жағымды ортаны құру болып табылады. Сабақта әртүрлі іс-әрекеттерді алмастырып отыру оқуға жағымды қатынас тудыруды қамтамасыз етеді. Өзін-өзі тану сабақтары 10-15 адамнан тұратын топтарда арнайы үнтаспалармен, бейнетаспалармен, көрнекіліктер және дидактикалық материалдармен жабдықталған кабинеттерде өткізіледі. Өзін-өзі тану сабақтарын өткізудің әдістері мен формаларының кең көлемдегі оларды арнайы кабинеттерде ғана емес, концерт залдарында, мектептің сыртқы алаңдарында табиғат аясында, мұражайда, сурет галереясында, театрда және т.б. орындарда өткізуді қарастырады. Өзін-өзі тану бойынша сабақтан тыс жұмыстар меңгерген білімдерін іс жүзінде өмірде қолдана білуді және қоғамға қызмет етуді қарастырады. Педагог әрбір баланың ерекшеліктерін ескере отырып, балалардың қоршаған ортада өзінің тұлғалық «Менін» жете түсінуіне көмектеседі. Ол дайын білімдерді жеткізуші емес, балалардың өмірдегі маңызды іскерліктері 9
  • 10. мен дағдыларын игеруге жетелейтін өзін-өзі тану процесінің жетекшісі. Ол балалармен бірігіп ойланады, жаңалықтар ашады, дауларды шешеді, таңданады, күманданады, бірлестік әрекеттерде қызығушылықпен өмірдің ақиқатына көз жеткізеді, топта жағымды жағдай туғызады. Көрнекті гуманист және педагог Януш Корчак өзінің «Баланы қалай сүю керек» еңбегінде нағыз мұғалім «бұзай салмайды, ал еркіндік береді, басымдық көрсетпейді, мақтап-мадақтайды, мыжғылап тастамайды, ал қалыптастырады, бұйырмайды, ал үйретеді, талап етпейді, ал сұрайды, балалардың қиналған сәттерінде олармен бірге күйзеліске түседі...» деп айтқан болатын. Өзін-өзі тану мұғалімі де дәл солай болуы тиіс. Осыдан төрт жүз жыл бұрын өмір сүрген, дидактиканың негізін салушы, педагог-гуманист Ян Амос Коменский «Алдымен сүю, содан кейін үйрету» деген болатын. Баланы кішкентай күнінен сүюге үйрету керек, өйткені махаббат пен сыйластық адамның ішкі дүниесінде және қоршаған ортасында да тыныштық пен үйлесімділікті орнатады. Біздің тәрбиешілеріміз әрбір жаңа күнді өз айналасына мейірімді, жағымды жағдай тудыратын жымиюдан бастауы өте маңызды. Жас жеткіншіктерге бүгінгі күн талабына сай білім мен тәрбие беру ісі педагог-мамандарға үлкен міндет жүктейді. «Тәлім-тәрбие мен оқыту ісінің нәтижесі іс-әрекеттерден гөрі педагогтарға көбірек тәуелді» - деген Ы.Алтынсариннің көрегендікпен айтқан пікірінің қазіргі уақытта да маңызды болып отырғаны да осының айғағы. Жаңа инновациялық технологияларға сипаттама беріп, тәрбиешілерге оқу процесінде оларды қолданудың тиімді жолдарын көрсете келе, біз балалармен зерттеу іс-әрекетін жүргізудің инновациялық технологиясын таңдап алдық. Осы технологияны қолданудың тиімді жолдары мен зерттеу іс-әрекетін жүзеге асыратын тиімді әдіс-тәсілдерге сипаттама берілді. 10
  • 11. 2. Мектепке дейінгі жастағы балалармен зерттеу жұмысын жүргізудің инновациялық технологиясы Балалардың ақыл-ойын дамытып, дүниетанымдық өрісін кеңейтуде, ұлттық рух пен сана сезімін қалыптастыруда ғылыми зерттеу жұмыстарын жүйелі жүргізіп, тәжірибеде тиімді пайдалану негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Мектепке дейінгі жастағы балалармен зерттеу жұмысын жүргізу жолдары өте қарапайым, түсінікті, дәлелді түрде жас ерекшелігіне сәйкес жан-жақты талдау жасалған. Балалардың мектепке дейінгі жаста әлем туралы жаңа мәліметтерді білуге ұмтылысы, қоршаған ортаны танып білуге деген талпынысы, бақылау жасауға, өздігінен ізденуге әрекет етуі ол-табиғи қалыпты жағдай. Әрбір дені сау бала туылғаннан – әр нәрсені «зерттеп» білуге, ізденушілік белсенділігі басым болады. Баланың ішкі сезімі әлемді түсінуді, қоршаған ортаны танып білуді қалайды. Осындай ішкі ынта-ықылас зерттеу жасауға түрткі болып, баланың психикалық және өзіндік дербес дамуына жағдай жасайды. Балалардың өздігінен зерттеу жасай отырып алған білімдері репродуктивті тұрғыда алған білімдеріне қарағанда берік болады. Бірақ ол өте қарапайым және күтпеген жерден орындалатын болғандықтан оны білім беруде қолдануға болмайды, тек баланың өзінің дамуындағы жетістіктер үшін пайдаланылады. 20-шы ғасырдың 70-ші жылдары белгілі ғалымдар М.Н.Скаткин және И.Я.Лернер оқу әдістерін екі топқа бөлуді ұсынған: репродуктивті және продуктивті (өнімді). Аталған топтарға сәйкес оқытудың негізгі бес әдіс- тәсілдері белгіленген. Олар: түсіндірмелі-көрнекі; репродуктивті; проблемалы баяндау; жекелей іздену; зерттеу жасау (байқап көру, бақылау жасау). Автор бұл әдістердің алғашқы екі түрін – репродуктивті, ал соңғы екі түрін – продуктивті (өнімді) әдістер қатарына жатқызды. Ал, проблемалық баяндауды аралық топ деп есептеді. Бұл әдістердің бірінші тобында, балалар алған дайын білімдерін пайдаланады немесе өздеріне таныс іс - әрекет барысында жүзеге асырады. Әдістердің екінші тобында, балалар ойын-зерттеу жұмыстары барысында шығармашылықпен өздігінен дербес әрекет етіп, жаңа білімдер алады. Репродуктивті әдістер: Түсіндірмелі-көрнекі әдіс. Бұл әдісте, тәрбиеші немесе ата-ана дайын ақпараттарды көрнекі құралдар арқылы балаға хабарлайды. Мұндай әдіс-тәсілдерде тәжірибелік іскерлік дағдыларды қалыптастыруға толық жағдай жасалмайды. Репродуктивті әдістің бұл түрі – балаларға келесідегідей қадам жасауға жол ашады. Онда ұсынылған үлгі арқылы балалардың іскерлік, білім, білік дағдыларын қалыптастыруға жаттығу жасалады. Қазіргі кезеңде репродуктивті яғни, дәстүрлі әдіске көптеген ғалымдар және тәжірибелі мамандар қарсылық білдіруде. Бұл сындарды әділ деп бағалағанмен, бірақ та, білім беру тәжірибесінде 11
  • 12. продуктивті әдісті енгізу маңызды болғанымен, репродуктивті әдісті керек емес деп қарастыруға болмайды. - біріншіден, өсіп келе жатқан ұрпақ үшін, адамзат талдап қорытқан және жүйеге келтірілген тәжірибелі тәсілдер ескерілуі керек. Білім беру тәжірибесінде әрбір баланың жаңалық ашуы міндетті емес. - екіншіден, зерттеу әдісі репродуктивті әдістің негізінде білім алуға тиімді ықпал етеді. Балалар зерттейтін проблемалардың аясы кеңейтілген, балалардың зерттеу кезеңдерінің репродуктивті әдістері мен оқу тәсілдерін қолайлы қолдана отырып терең үңілеміз. - үшіншіден, зерттеу әдістерін қолдана отырып алынған білім тіпті «субъективті жаңаны ашу» жағдайында балалардан шығармашылық қабілеттерді талап етеді. Балаларда шығармашылық қабілеттер жоғары деңгейде бола алмайды. Қаншама адамдардың басына алма құласа да, тек жалғыз Ньютон ғана қарапайым тәжірибе арқылы физикалық заңды тұжырымдады емес пе, ендеше балаға жас ерекшелігінен тыс жоғары талап қою қажет емес. Продуктивті әдістер: Жекелей іздену (эвристикалық) әдісі Тәрбиелеу мен білім беру теориясында жекелей іздену – әдісі немесе эвристикалық әдіс алғашқы кезең болып қарастырылғанымен, бірақ алдын- ала зерттеу әдісі қолданылады. Немқұрайлы көзқарас тұрғысынан бұл әділ, бірақ нақты білім тәжірибесінде жүйеліліктің тиісті сақталуы керек деп ойлауға болмайды: алдымен жекелей іздену - әдісі, одан кейін зерттеу әдісі қолданылады. Зерттеу әдісінің негізін оқу нұсқасына қарағанда, жекелей іздену – әдісін оқыту барысында балаға жоғары ойлау қабілеттерінің ауыртпалығы түседі. Жекелей іздену - әдісінде қиын тапсырмаларды шешу ұйғарылады: - проблемаларды көріп және сұрақтар қоя білу; - өз дәлелдерін айта білу; - өзі ұсынған фактілерден қорытынды шығару; - жоспар құрып, тексеріп болжам айта білу. Жекелей іздену – іздеу әдісінің ерекшелігі – күрделі тапсырмаларды қарпайым тапсырмаларға бөлшектеу, эвристикалық әңгімелесуді қалыптастыру, бұл эвристикалық әңгімелер бір-бірімен байланысты сұрақтардан тұрады, оның әрқайсысы жалпы проблемаларды шешудің қадамдары болып табылады және тек қана білімді шыңдап қоймай, ізденушілікті талап етеді. Зерттеу элементтерінің толық көлемі зерттеу әдісінде көрсетілген. Зерттеу әдісін іс - әрекет барысындағы бала танымының негізгі жолдары деп қарастыруға болады. Зерттеу әдісі – баланың өзінің шығармашылық зерттеу ізденісінің арқасындағы танымдылық жолы. Оның негізгі құраушылары – проблемаларды айқындау, болжам жасау және қалыптастыру, бақылау, тәжірибе, эксперимент және осылардың негізінде пайымдау мен қорытынды жасау. Зерттеу әдісіндегі қиын әдістерді оқыту мен қолдану ақиқат пен қорытындыға сүйенеді. 12
  • 13. Мектепалды тобында – зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістері. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі зерттеу, үлкендердің жүргізген зерттеулері сияқты келесі кезеңдерден тұрады: - зерттеу тақырыбын таңдау; - пікірлерді іздеу және мүмкін нұсқаларды шешу; - ақпараттарды жинау; Оларды талдап қорыту; Тәрбиешілерге арналған әдістемелік нұсқау Біздің біліміміздің қайнар көзі болып табылатын мектепке дейінгі кезеңде ойын - зерттеу іс-әрекетін қалыптастыруды мектепке дейінгі ұйымдарда толық жетілдіру мақсатымен жалпы ережелер түрлері анықталады. Тәрбиеші ережелерді толық зерттеу жұмысында пайдаланса, барлық тапсырмаларды табысты шеше алады. Ең бастысы – бұл жұмысты орындауға шығармашылық, ізденіс керек. Ол үшін: - істі орындауда балалардың өздері дербес әрекет етуіне жағдай жасаңыз, тәуелсіз болуға және тікелей нұсқау беруден аулақ болыңыз; - баланың ынта - ықыласын жойып алмаңыз; - өздері жасай алатын жұмыс жасау үшін, сіз жасап беруге ұмтылмаңыз; - бағалау, пайымдау ойларыңызды айтуға асықпаңыз; - білімді меңгеру үдерісін басқаруда балаларға көмек жасаңыз: - оқиғалардың, құбылыстардың заттар аралығындағы байланысын бақылап отыру; - зерттеу кезіндегі проблемаларды шешуде дербес шешім қабылдауын қалыптастыру; - ақпараттарды талдауда ой қорыту негізінде жинақтау, қарама-қарсы логикалық ойларды топтастыра білуге назар аудару; Жадыңызға сақтаңыз, бұл педагогикалық технологияны барлық пәндерде пайдалануымызға болады. Баланың тілін дамытуда, ой өрісін, сыни ойлауына, шығармашылық дамуына әртүрлі мәселелерді шешуде белсенді болуға үйретеді. Балалар жеке жұмыс істей алатынын естен шығармау қажет. Шығармашылық, психологиялық тұрғыдан жұппен және үш адамдық топпен жұмыс жасауда өте пайдалы. Бұл жағдайдың өзіндік қиындықтары бар, бірақ біз тәрбиелеудің басқа қосымша мүмкіндіктеріне жол аша аламыз. Баланың балабақшадағы зерттеу тәжірибесі. Мектеп жасына дейінгі баланың тәжірибесі – ол айналамен танысудың тағы бір жолы.Оны оқытудың жай ғана бір түрі – деп қарастырмай, тәрбиелеу мен білім берудің барынша жақын негізгі жолы деп қарастыруымыз керек. Жоғарыда айтылған ұжымдық жұмыстар балалардың тәжірибе алуына мүмкіндік жасайды. Бұл сабақтарда баланың зерттеу белсенділігіне шек қоюға болмайды. Жалпы әдістемелік кеңестер. Зерттеуді оқыту арнайы әрекет түрінде болуы мүмкін. Мысалы, арнайы сабақтар, балабақшадағы қарапайым және дәстүрлі әрекеттер түрінде. Балалар зерттеуінің тақырыптары қандай болуы мүмкін? Зерттеу жұмыстарының тақырыптары үш негізгі топқа біріктіруге болады. 13
  • 14. Фантастикалық тақырыптар – фантастикалық құбылыстарды өңдеуге бағытталған. Мысалы, бала ғарыш кемесінің жобасын жасайды немесе сиқырлы машина жасайды. Бұның бәрі ауызша түрде айтылуы мүмкін, бірақ техникалық сурет немесе макет түрінде болуы мүмкін. Картон қағаздан жабыстырылған. Эмпирикалық тақырыптар - өздерінің бақылаған немесе тәжірибеден алған тақырыптар. Бұл тақырыптар бала әрекетіндегі қызықты және перспективалық бағытта. Әлем туралы және тағы да басқа өздерінің зерттелген тақырыптарға арналған тәжірибелері мен бақылаулары зерттеу мақсатындағы ең бағалысы болып табылады. Бұл зерттеулер үлкен тақырыпты талап етеді. Балалардың зерттеу тәжірибесіне барлық өмірде кездесетін зерттелетін заттар: адам, үй жануарлары, табиғат құбылыстары, әртүрлі жансыз заттар, жалпы айналаны қоршаған заттардың барлығын зерттеуге болады. Теориялық тақырыптар - әртүрлі теориялық дерек көздеріндегі материалдар мен фактілерді талдап қорытуға бағытталған. Бұл ақпараттарды басқа адамдардан сұрауға немесе фильмдерден, кітаптардан алуға болады. Қазіргі таңда әр жастағы балаларға көптеген қызықты энциклопедиялар мен анықтамалықтар басылып шығуда. Осы кітаптар мектеп жасына дейінгі балалармен теориялық зерттеулер жүргізуге ыңғайлы. Мысалы, әртүрлі анықтамалар мен энциклопедиялардан иттер тұқымдарының тобы туралы, өткен ғасырлардың желкенді кемелердің құрылғылары жайлы немесе музыкалық аспаптардың тарихы т.б. ақпараттарды талдап қорытқаннан кейін, оны құрбыларына талқылауға ұсынуға болады. Әдетте теориялық тақырыптарды мектеп жасына дейінгі тек дарынды балалар категориясы өңдеуді жақсы көреді. Бірақ барлық балалар эмпирикалық зерттеулерді үлкен ынтамен өткізеді және де көбі қызықты қиялдар арқылы ерекше ойларды іске асырады. Тақырыпты таңдау ережесі. Тақырып таңдау балаға тиісті қызықты, оның елітіп әкетуге тиісті. Зерттеу жұмысы, басқа шығармашылық сияқты ерікті негізде жүргізілсе ғана нәтиже береді. Зерттеу объектісі бірдеңені өзіне тартқанда және қызықты болған кезде ғана туындайды. Егер тақырыпты балаға өз көңілінен тыс берсе, ол қызықты болып тұрса да баладан ешқандай нәтиже болмайды. Тақырыпты таңдаудан бұрын баланың қай жаққа бейім екенін біліп алу керек. Ести білу, түсіну, сезіну - күрделі, бірақ шешуге болатын педагогикалық тапсырма. Тақырып орындалатын болу керек, зерттеуге қатысушыларға нақты пайда әкелу керек. Баланы осы ойға әкелу арқылы өзін зерттеуші сияқты барынша жұмысқа енгізу, өзін-өзі ортаға көрсете білу, жаңа пайдалы білім, іскерліктер және дағдылар алу- күрделі, бірақ шешімсіз бұл жұмыс өз мәнін жоғалтады. Бір қарағанда бұл бірінші ережеге қарсы келеді дер тұжырымдауға болады. Негізінде қазір әр бала үшін ол - нәтиже. Педагогикалық өнердің өзі - дұрыс таңдау жасатып, бала ол таңдау өзінікі деп білу. 14
  • 15. Тақырып түпнұсқалы болуы қажет, онда ерекше, күтпеген элементтер байқалуы тиіс. Тану, таң қалудан басталады, адамдар күтпеген нәрселерден таңқалады. Осы жағдайдағы түпнұсқалықты – ерекше қабілет ретінде түсіну қажет, бірақ сонымен қатар дәстүрлі заттар мен құбылыстарға басқаша қарау қабілеті. Бұл ереже шығармашылық адам мінез-құлқының дамуына және проблемаларды көру шеберлігіне бағытталған. Өнерпаз адам шығармашылық қабілеті дамымаған адамнан жақсы танымал заттар мен құбылыстарға деген ерекше көзқарас қабілеті арқылы ерекшеленеді. Жұмыс салыстырмалы тұрғыдан жылдам орындалуы үшін, тақырып соған сай болуы қажет. Өзінің назарын объектіге ұзақ шоғырландыру қабілеті, яғни ұзақ уақыт бойы мақсатқа сай бір бағытта жұмыс істеу, мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының өзінде төмендеу болады. Сондықтан, көбінесе басталған істің аяғына дейін орындалмай қалғанын байқаймыз (сурет, құрау және т.б.). Зерттеуді бір мезетте жүргізу өте қиын. Бала табиғатындағы осы ерекшелікті ескере отырып, бірінші зерттеу тәжірибесін өткізгенде ұзақ уақытты талап еткізбеу қажет. Сонымен қатар тақырыпты таңдауда мыналарды ескеру қажет: Шешім қабылдаудың мүмкіндік деңгейі. Әрине, проблема балалардың жас ерекшелігіне тиісті талапқа сай болуы қажет. Бұл позиция тек қана проблема таңдауда ғана емес, жеткізу деңгейіне де байланысты. Материалды таңдау мен қалыптастырудағы шешімге де байланысты. Сол бір проблема әр жастағы балаларда, әр оқыту кезеңдерінде әр қалай шешілуі мүмкін. Ұсыныстар мен мүмкіншіліктер. Проблеманы таңдай отырып, оны шешуге қажетті материалдар мен құралдар болуын ескеру қажет. «Зерттеу базасына» қажетті әдебиеттердің болмауы әдетте дұрыс емес шешімдерге әкеліп соғады. Дұрыс емес шешімдер «бос әурешілік» тудырады. Ал бұл іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыруға көмектеспейді, керісінше шығармашылық ойлаудың дамуына қарама-қарсы әсер етеді, осы ойлар дәлелді зерттеулер мен сенімді білімдерге негізделген болуы шарт. Балалармен зерттеу іс әрекетін жүргізудің инновациялық технологиясына, онда қолданылатын тиімді әдіс тәсілдерге сипаттама бере келе, тәрбиешілерге әдістемелік нұсқау көрсетілді. Және жаңа инновациялық технологияға байланысты төменде үлгі сабақ жоспарлары берілді. 15
  • 16. 3. Тәжірибелік-эксперименталдық жұмыс материалдары ТАҚЫРЫБЫ: “Ғажайып құс” ӨТКІЗУ ТҮРІ: танымдық-эстетикалық әңгіме ОЙЫ: түрлі-түсті қағаздармен жұмыс жүргізу арқылы балаларды толеранттылыққа тәрбиелеу, шығармашылық, эстетикалық қабілетін дамыту. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАЗМҰНЫ: ұжымдық жұмысқа қызығушылығын туғызу; түрлі-түсті қағаздармен жұмыс жүргізу әрекетінде ортақ көріністі орындауға үйрету; түстерді ажырата сезінуді, елестетуді дамыту; қайшының көмегімен түрлі қалыптарды қиюды үйрену; баланың еңбегі мен ойын бағалау; өзінің дербес жұмысы мен берілген тапсырманы ортақтастыра білуді үйрену; қайырымдылық қасиетке тәрбиелеу: өз-өзіне талдау жасау, жауапкершілік, көмек беру, ортақ еңбек көрінісіне сүйсіне білу сезімі; балаларды бір-біріне жақындастыру, достастыру сезімін қалыптастыру. ИННОВАЦИЯ: “Сезімтал” қара жәшік, “Неге ұқсайды?” ассоциациялық ойыны. НӘТИЖЕГЕ ЖЕТУ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ: 1) Психикалық жаттығу «Тілектер тізбегі”. 2) Ойын әрекетін құру «Не? Қайда? Қашан?” танымдық ойыны. 3) “Сезімтал” қара жәшік. Жұмбақ. 4) Бейнекөрсетілім: “Тотықұс”. Тотықұс құйрығының түс ерекшелігіне мән беретін сұрақ қойылады. 5) “Неге ұқсайды?” ойын ассоциациясы. 6) “Кел, достасайық!” жаттығу сәті. 7) Балалардың жеке топтармен жұмысы. 8) Рефлексия. Ортақ жұмыстың бағасы мен жалпы ұпайы. ҚҰРАЛДАРЫ: түрлі-түсті қағаз парақтар жасыл, cары, қызыл, көк түстер; қайшы; клеенка; желім; қағаз орамал; қылқалам; қаламдар; үлгі қағаз; тотықұстың бейнесі салынған қағаз; қара жәшік; бейнекөрсетілім (таспа). АЛДЫН АЛА ЖАСАЛАТЫН ЖҰМЫС: тотықұс бейнесі салынған суретті қарап танысу; бояу кітаптан тотықұс бейнесін түрлі балауызды борлармен бояу; жазбаша қатынастық “Кел, танысайық!”, “Бір-біріңе 16
  • 17. қуаныш сыйлаңдар!” ойындары; бір-біріне сенім тудыратын «Сәлем”, “Тілектер шоғы” ойыны. САБАҚ БАРЫСЫ: 5. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУ “Тілектер тізбегі”. Балалар шеңбер бойымен тұрады. Әрқайсысында шағын шеңбер. Тәрбиеші оларға бүгін барлығының бірге жұмыс істейтінін хабарлап, олардың түрлі қағаздармен жүргізетін әрекеттеріне сәттілік тілейді. Балалар бір-бірінің қолдарынан мықтап ұстайды. Тәрбиеші келіп, олардың мақсаттарының бір екенін, барлығы бір бүтін құрайтынын, жұмысты атқаруда бір кемедегідей ортақ әрекет етуге, олардың әрқайсысының орнының ерекшелігін түсіндіріп, орындарына отырғызады, барлығы бірге аппликациямен жұмыс істейді. 2. ОЙЫН ӘРЕКЕТІН ҚҰРУ. Сендер “Не? Қайда? Қашан?” танымдық ойынын ұнатасыңдар ма? Оған ең ақылды, білімді адамдар ғана қатыса алады. Қара жәшікті әкеліңдер! Сұрақ: әр құс несімен мақтанады? Бұл не? Бұл қауырсын. Ал енді келесі сұрақ: Бұл қандай құстың қауырсыны екенін табыңдар. Ыстық елдерде өмір сүреді, Ал салқында зоопаркте жүреді. Құйрығының әдемілігі үшін, Өзгелерге мақтанады. Оған өзі де сүйсінеді, Бізге де көрсетеді. Бұл Тотықұс (балалардың жауабы). Бейнекөрсетілім қойылады. Тәрбиеші: Бұл әлемдегі ең әдемі құстардың бірі. Тотықұстың басы, мойны, кеудесі көк не сиякөк түсті, бастарындағы тәштиті жасыл, ал қанаттары ақ-қара жолақты. 3. СҰРАҚТАР: - Балалар, тотықұсты әдемілендіретін не? (құйрығы) - Оның құйрығы бізді несімен тартады? (Өзінің ашық, әдемі түстерімен: жасыл, қызыл, сары, көк, ақ және қара) - Сендер тотықұс бойынан қандай түстерді байқадыңдар? (Суық және жылы түстер) 4. “НЕГЕ ҰҚСАЙДЫ?” ОЙЫН АССОЦИАЦИЯСЫ - Балалар, тотықұстың әсем де әдемі құйрығы нені еске салады немесе неге ұқсайды? - Желпігішке ұқсайды, қолшатыр сияқты ашылады, гүлге ұқсайды, кемпірқосаққа ұқсайды, ұясынан шыққан күнге ұқсайды, бәрін көретін көзге ұқсайды. - Сендер қалай ойлайсыңдар, балалар, тотықұстың құйрығы неге соншалық әдемі? - Өйткені сан түрлі әдемі түстермен суреттер бейнеленген қауырсындары бірлікте өмір сүреді. - Ал, құйрығындағы өрнектер неге ұқсайды? 17
  • 18. - Көзге ұқсайды. - Мұндай керемет, сұлу құсқа біз не айтамыз? 5. ФИЗМИНУТ Достасайық, кел, тоты құс! Достықта өмір көңілді, Бақта өскен гүлдерді Аралап көргін әдемі, Жауын жауса бақшаға, Ол үшін сен қиналма. Әсем шатыр құйрығың, Жаңбырдан сені қорғайды. (Балалар қол ұстасып, сосын қолдарын жандарынан жоғары көтеріп, оңға, солға қозғалтады да саусақтарымен жаңбыр бейнесін жасап, кейін өз орындарына отырады.) Бұл жаттығулар жай, тынық әуен аясында орындалады. 6. САБАҚ ТАҚЫРЫБЫН ХАБАРЛАУ - Балалар, ал тотықұстың өзі қандай? (мақтаншақ, тәкаппар,) Ал, біз қазір сабақта өзгеше тотықұсты жасаймыз. Сендер тотықұсқа өздерің жасаған қауырсынды сыйлайсыңдар ма? Сосын біз олардың сапасына баға береміз. 7. БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ТОПТАҒЫ ЖҰМЫСЫ (6 бала) Қию, желімдеу жұмыстарын, яғни техникалық дағдыларды бекіту, мақтай отырып, ұжымдық еңбек барысында олардың әрекеттеріне бағыт беру. 8. РЕФЛЕКСИЯ - Өздеріңнің ғажайып құстарыңмен қандай жақсы қасиеттеріңді бөліскілерің келеді? - Сендер өз тотықұстарыңды қалай атайсыңдар? Неге? - Сендерге құстарың несімен ұнайды? - Сендерге тотықұсты қағаздан жасау қиын болды ма? 9. БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ (тақтамен жұмыс) - Балалар, менің бетіме қарап айтыңдаршы, сендердің жұмыстарың маған ұнады ма? - Ия, өте ұнады. Сендердің өте тырысқандарың, бірігіп, келісіп жұмыс істегендерің көрініп тұр. Осының бәрі сендердің жұмысты атқарып шығуларыңа көмектесті. ТАҚЫРЫБЫ: Таулар мен тастардың құпиясы ӨТКІЗУ ТҮРІ: Тәжірибелік-эксперименталдық АЛДЫН-АЛА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР: “Тастар не деп сыбырласады?” тақырыбындағы әңгіме; тәжірибелер; “құрғақ бұтақтың ертедегі ізі” бойынша шығармашылық еңбек. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАЗМҰН: балалардың тастар туралы білімдерін бекіту; гранит, мәрмәр, мергель, кремень, әк тас, көбік тас пен малта тастар жайлы түсінік беріп, олардың кейбірінің құрамы мен 18
  • 19. белгілеріне сай тәжірибелер жасау; инновациялық технологияны пайдалану арқылы өлі табиғат жайлы көрініс құру; қарапайымнан керемет көруді үйрету, таңғалу мен таңырқауды туғызу арқылы танымдық қызығушылықты ояту; балалардың сөз байлығын көбік тас, малта тас, от шашушы, жанартау деген сөздермен толықтыру. САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІКТЕРІ: бейнетаспа, сандықша, жанартау пішімі, сабақтың сызба пішімі, тастар, сорғыш, бор, лимон қышқылы, су, “Тау” суреті, “Инструменталды музыка жауһарлары” жинағынан алынған музыкалық шығарма. ӘДІСТЕМЕ ТҮРЛЕРІ: 1) Ұйымдастыру кезеңі. “Мыс тауының ханшайымына қонаққа бару” музыкалық шығармасына релаксация. 2) Түйсік сандықшасымен жұмыс: Сендер тастар жайлы білесіңдер ме? 3) Сұрақ жауап сұхбаты: тастар сыры 4) Балалардың инновациялық әрекеті: «Бор неге ашуланды?” тәжірибесі; 5) Динамикалық үзіліс “Гномдар”; 6) Таулар жайлы бейне сюжет; 7) Қазіргі заманға сай технологияны пайдалана отырып, баламен бірге жұмыс жүргізу; тауларды пішімдеу; 8) “От шашатын таулар” тәжірибесі арқылы балалардың танымдық әрекетін бақылау; 9) Таулар жайлы “Су тасты мүжиді” ертегісі; 10) Сызба-пішім бойынша сабақты талдау, қорытындылау; 11) “Таулар мен тастар” релаксациясы. САБАҚ БАРЫСЫ: 1. Ұйымдастыру кезеңі - Балалар, сендер бүгін керемет ертегі елінде боласыңдар. Бір сәт көздеріңді жұмыңдар (әуен естіледі) және ертегіні өздеріңе өте жақын деп елестетіңдер. Ол сендерге асығады (балалар көздерін ашады). Сендер мыс тауының ханшайымындасыңдар. Оның бар байлығы тастар. Олардың әрқайсысының аттары бар. Менің бауырымның қайсысы саған көбірек ұнады? (Бала сандықтағы тастардан өзіне ұнағанын таңдайды. Зерттеп қарап, оның ерекшеліктерін айтады.) Балалар жауаптарының үлгісі: - ГРАНИТ. Оның аты осылай аталады. Ол қызылша қара тас. Ауыр әрі суық көрінеді, ақшыл, ақылдыға ұқсайды. Бұл құрылыс тасы, ол көпірлерді ұстап тұрады және ескерткіштер жасауға қолданылады. - КРЕМЕНЬ. Қара қоңыр сұлу, үшкір келген тас. Ерте кездегі адамдарда шырпы болмаған, есесіне кремень болған. Олар осындай екі тасты бір-біріне ұрып, от шығарған. Мінез-құлқы мықты адамдар жайлы “кременьдей мықты” деп сипаттайды. 19
  • 20. - Бұл сұлудың аты - МЕРГЕЛЬ. Егер биік те мықты қабырға тұрғызу керек болса, адамдар жұмсақ мергельді алып, ұнтақтап, пешке күйдіріп, цемент жасаған. Мергельдің бұл алыс туысқаны суды өте жақсы көреді, шөлін қандырса, ешқандай алып күш орнынан қозғай алмайды, жартас секілді қатып қалады. - Ал, мына сұлуымыз - МӘРМӘР. Ол мықты әрі адамға да ұнайды. Одан түрлі вазалар мен мүсіндер жасайды. - Ал, маған мына үш бауыр ұнап қалды. КВАРЦ: ақшыл, мөлдір және түтін түстес. - Менің тастарым сендерге ұнап қалған секілді. Бұлардың әрқайсысы өзінше әдемі және адамдарға қажет. - Ал, мен сендерге тағы екі тас көрсеткім келіп тұр. Бірі малта тас, оны мен тау өзенімнен, ал мынаны көбік тасты теңіз жағасынан тауып алдым. - Қалай ойлайсыңдар, неге малта таста үшкір бұрыштар жоқ? (Су оларды қозғағанда құммен үйкеледі. Содан бұл тастар доғал болып келеді.) - Көбік тас ауыр ма, малта тас ауыр ма? Тәжірибе жасай отырып, оларды суға салғанда қандай жағдайға түсетінін байқайық (малта тас суға батып кетеді, ал көбік тас қалқып тұрады). - Тастар суда жүзе ала ма? Неге бұл тас батпайды және неліктен? (Ол көбіктен жасалғандықтан арасындағы ауа бөліктері оны жеңіл етеді. Батпайтыны да содан.) - Суда тас түстері өзгере ме? (өзгереді) - Малта тасты сондай тасқа ұрғанда не естиміз? (дыбыс) - Яғни менің тастарым “сөйлей ала ма?”. Оларды “тірі табиғатқа” жатқызуға бола ма, жоқ па? (өлі) - Әрине, олар өзара дыбыс шығарғанмен, өз сырларын бізге айта алмайды. - Мына ақ тасты қалай атаймыз? (бор) - Бұл жеңіл әрі жұмсақ тас қандай жағдайға душар болатынын байқайық. (Балаларға борға сорғыштан лимон шырынын тамызып, оны құлағына жақындатқанда пышырлаған дыбыс естігенін олар “сөйледі” деп есептейді.) - Дұрыс, бұл тас дыбыс шығарады. Ол бұлданып жатыр. Оған лимон шырыны ұнамағандықтан, ол пышырлап жатыр. - Бұл тас не істей алады? (Ол жазып, сурет сала алады.) - Балалар, мен әдемі, қажет көп тастарды қайдан алдым? (Сіз таудан таптыңыз.) - Менің тауларым әртүрлі тастарға бай, оларды менің кішкене достарым, көмекшілерім гномдар жасайды. Олар тауда жұмыс істейді, шаршағанда әуен тыңдап демалады. Қане, біз де гномға ұқсайтынымызды байқатайық. (Балалар жүріп келе жатып, алға, артқа, оңға, солға қозғалып, айналады, секіреді.) 20
  • 21. - Міне, гномдар демалды, мен сендерге өзімнің айбынды да керемет тауларымды көрсеткім келеді. 6. Таулар жайлы бейнекөрсетілім. - Жердің де тастан тұратын киімі болады. Жердің бетінде көп тастарды көргенде, біз оны тауға ұқсатамыз. Ғалымдардың айтуынша, бұдан көптеген жылдар бұрын жер бетінде айтып жеткізе алмайтын ретсіз қыртыстар болыпты. Солардан таулар, құздар мен қиялар, тастар пайда болыпты. - Неге кейбір таулардың шыңында қар жатады? - Карталар мен жердің жасанды пішімдерінде таулар қандай түстермен беріледі? (қоңыр) 7. Тау пішімдерін жасау. Балалар мата қиындыларынан тау пішімін жасайды. - Әрқайсысында өздерінің таулары дайын болды. - Тауларыңның шыңы қайда? Неге таулардың кейбірінің шыңы үшкір, кейбірі доғал? (Қарт және жас тау) Тауларды биіктігіне қарап қалай атайды? (Биік-аласа) - Тауларыңа ат қойыңдар (Ақ-тау, Қара-тау, Көк-тау және т.б.) - Қалай ойлайсыңдар, қайда суығырақ, таудың шыңында ма әлде етегінде ме? (шыңында) 8. “От шашатын таулар” - Балалар, сендер таулардың әр түрлі болатындығын: жас және қарт таулар, биік және аласа таулар болатыны жайлы айттыңдар. Мен сендерге таулардың тағы бір түрін көрсетемін, одан бұрын сендер мына сұраққа жауап беріңдерші: таулар “демалады» ма? Егер тауларды өлі денелерге жатқызсақ, бұл құбылыстың болуы мүмкін бе? (“Жанартау кратеріне» бояулы содамен, сірке қышқылымен араласқан қоспаны құяды). Міне, тау демалды. Бұл -жанартау. 9. Тау туралы ертегі. - Менің меншігімде мынадай биік тауда өмір сүреді (“Тау” суреті). Ол өзін ең биік әрі күшті санайтын. Жылдар өтіп жатады. Су жаңбыр болып тауға төгіледі. Күн тастарды кептіреді, ал аяз суды қатырып тастайды. Ол барлық кішкене тастарды таудан желмен алып кетеді. Тау бірте бірте кішірейе береді. Солайша үлкен тауды жеңіп, жел, су, күн мен аяз күн сайын еңбек етеді. - Тауларды неге бұзады? “Су тасты мүжиді” деген мәтелді тауға байланысты айтуға бола ма? 10. - Сендер менің меншігім және тауларымның байлығы жайлы қаншама жаңа және қызықты нәрселерді білдіңдер. Сендерге олар ұнады ма? Сендер бүгінгі сабақта не істедіңдер? - Сендер менде, таулар ханшайымында әлі де талай рет қонақта боларсыңдар. Көптеген қызықты нәрселерді көрерсіңдер. 11. – Ал қазір өзімізді үлкен тау ретінде елестетейік. Тау күшті әрі биік болады, бірақ түрлі әсерлерден тастар таудан төмен құлап, ол біртіндеп 21
  • 22. кішірейе бастайды. (Балалар бұл әрекеттерді музыка сазымен қимыл арқылы келтіреді). 4. Балалардың танымдық қызығушылығын дамытуға арналған ойын- жаттығулар 1. “Балықшы” ойыны. Мақсаты: алған білімдерін тиянақтау. Ойынға түгел қамти отырып, қызығушылығын арттыруға көңіл бөлу. Ойынның шарты: балалар аквариумнен магниттік кубиктерді қармақпен аулап алады да, кубиктегі қандай әріп, қандай дыбыс екенін тауып, сол әріпке сөйлем құрап әңгімелеу қажет. 2. “Кім жылдам?” ойыны. Ойын шарты: кеспе әріптерді пайдаланып, жылдам о-ө дыбысының орнын ауыстыру. 3. “Әріп тастамақ” ойыны. Ойын шарты: балаға бір-бірден әріп таңбасын таратады. Оқушы өз қолындағы әрпіне сай сөз ойлап табады. 4. “Досыма сыйлық” ойыны. Мақсаты: затты сөз көмегінсіз сипаттап беру іскерліктерін дамыту. Ойын барысы: балалардың бірі туған күн иесіне айналады. Өзге балалар әкелген сыйлықтарын сөз көмегін пайдаланбастан сипаттап ұсынады. 5. «Сөз ойла, тез ойла» ойыны. Ойынның шарты: мен кез келген балаға допты лақтырып, мен үй жануарларының атын айтқанда, ол бала сол сөздің бірінші дыбысын айтып, маған допты қайтара лақтырады. Мысалы: мысық десем (бірінші дыбысы) «М»т.с.с. Ал, енді, балалар, ойынды сәл қиындатамыз: бірінші бала сөз айтады екінші бала қыймылды білдіретін сөз айту керек. Мысалы: түйе десе «боздайды», сиыр десе «мөңірейді»... 6. Жұмбақ ойын: Ұйқасын тап Кезіп жүріп өзекті Ұстап алдым (көжекті) Қарды қояр күреп Керек жалпақ (күрек) 22
  • 23. Жазу үшін саған Қажет қою (қалам) Қора баққан шапқылап Бір итім (саққұлақ) Қонып алып жарға Қарқылдайды (қарға) Даусына құлақ түр Жер жыртып жүр (трактор) Моп-момақан өзі Сүп-сүйкімді (қозы) Үсті-басы түрпі Тышқан аулар (кірпі) Дуадақ құс шөлде Аққу-қаздар (көлде) 7. Ойын: «Көршіңді тап!» Шарты: екі топқа бөлініп, 1-20 дейінгі қызыл және көк сандар жазылған шырша бүрлерін жинап, түсіне қарай сан ретін тауып тұру. 23
  • 24. Қорытынды 1. Қорытындылай келе, аталған мәселеге байланысты бірнеше педагогикалық, психологиялық, ғылыми әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалды. Атап айтқанда: Ж.Қараев, В.В.Давыдов, К.Д.Ушинский, В.А.Сухомлинский, Г.И.Щукина, т.б. еңбектері зерттелді. 2. Балалардың танымдық қызығушылығын дамытудағы инновациялық технологияларға: дамыта оқыту, деңгейлеп саралау технологиясына, модульдік оқыту және сын тұрғысынан ойлау технологиясына, «Тәй-тәй» технологиясы мен «Ынтымақтастыққа оқыту», «Өзін-өзі тану» технологияларына сипаттама беріліп, оны тиімді қолданудың жолдарына тәрбиешілерге нұсқау берілді. 3. Балаларды зерттеу іс-әрекетіне қатыстыруда танымдық қызығушылықтарын дамытудағы тиімді жолдары қарастырылды. Мектепке дейінгі жастағы балалармен зерттеу жұмысын жүргізу олардың білім деңгейін көтеріп, жаңа нәрсені білуге деген құштарлықтарын арттырып, танымдық қызығушылықтарын дамытатындықтарын анықтадық. 4. Шығармашылық жұмыста ұсынылған инновациялық технологияларға сәйкес арнайы эксперименттік байқаудан өткізіліп, оның нәтижелері қорытындыланды. Инновациялық технологияларды қолданудың тәжірибелік негізінде балалардың танымдық қызығушылығын дамытуға толық мүмкіндік жасалатындығы анықталды. 24
  • 25. 5. Балалардың танымдық қызығушылығын дамытуға арналған ойын- жаттығулар мазмұны жүйеленді. Және жаңа инновациялық технологияларға сай құрылған сабақ конспектілері ұсынылды. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения – М, 1986 2. Сухомлинский В.А. Избранное. Педагогические сочинения в 3-х томах, т.3 – М, 1981 3. Щукина Г.И. Проблема познавательного интереса в педагогике – М, 1971 4. Ушинский К.Д. Сочинения, т.3 – М, 1980 5. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика – Астана, 1998 6. Әмірова Ә.С. Сауат ашу және жазу. Әдістемелік құрал – А, 2008 7. Мұхамбетова С.Қ., Қожаева С.Қ. Тәрбие теориясы – Астана, 2005 8. Савенков А.И. Маленький исследователь. Как научить младшего школьника приобретать знания – Ярославль, 2002 9. Танымдық белсенділікті қалыптастыру – «Мектепке дейінгі тәрбие», 1986, № 11, 28-32 б 10. Балалардың танымдық қызығушылығын дамыту – «Мектепке дейінгі педагогика», 2005, № 3, 4-6 б 25
  • 26. 26