SlideShare a Scribd company logo
1 of 36
 Дамыта оқыту технологиясы
 Ойын педагогикалық технологиялары
 Шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы
 Ақпараттық - коммуникативтік технологиялар (АКТ)
 Денсаулық сақтау технологиясы
 Проблемалық оқыту технологиясы
 Танымдық–жобалық іс-әрекет технологиясы
 соңғы жылдары жобалау іс-әрекеті мен жобалау
әдісін қолдану жүзеге асырылуда.
 Жобалау әдісі - инновациялық педагогикалық
технология. Педагогикалық жоба ол педагогтардың
арнайы ұйымдастырған, балалардың өздігінен
шешім қабылдауын және де өз таңдауы мен
еңбегінің, шығармашылығының нәтижесіне өзін
жауапты ететін іс-әрекеттер тобы. Арнайы білімді
қажет ететін айқын мәселелерге ынталандыру және
жоба іс-әрекеті арқылы мәселенің шешімін
қамтитын білімнің іс-жүзінде пайдалануы.
 Жобалау әрекетін мектеп жасына дейінгі
балалардың танымдық әрекетінің формасы
ретінде қолдану мәселелерін Е.Евдокимова
зерттейді.
 Мектеп жасына дейінгі балалардың
экологиялық жобалау жұмыстарын
ұйымдастыруды С.Н.Николаева және
Н.А.Рожкова қарастырады.
 Жобалау әрекетін мектеп жасына дейінгі
балалардың нәтижелі әрекетінің формасы
ретінде Б.В.Хозиев зерттейді.
 А. Данюкованың пікірі бойынша “жобалау әдісі
дамытушы, тұлғалық бағдарлы оқытумен байланысты
және кез келген балабақша типінің мекемесінде кең
қолданылуы мүмкін. Жобалау әртүрлі білім саласындағы
мәліметтерді кіріктіру арқылы бір мәселені шешуге және
оны практикада қолдануға мүмкіндік береді”.
 А.И.Савенкованың және Е.Полаттың зерттеулерінде
мектеп жасына дейінгі балалардың жобалау тақырыбын
таңдаудың келесі ережелері анықталған:
 Балаға тақырып қызықты болуы керек;
 Оны бала өз бетімен жүзеге асыруы керек;
 Жұмыс ерікті негізде құрылуы керек.
 логикалық дәрежеде ойлау мен белсенді зерттеуді мадақтау,
балалардың өз күштері мен мүмкіншіліктеріне деген
сенімдерінің артуы, жобамен жұмыс жасағанда, дәстүрлі
оқытумен салыстырсақ балалар өз оқуларының
жауапкершілігін байыпты түрде өздері алады. Нәтижесінде
оқудың сапасы жақсарады және ойлау мүмкіншілігі мен
мәселені түсіне білу, ынтымақтасу және қарым-қатынас
сияқты іс-әрекет шеберлігі мен әдістерін дамыту, сонымен
бірге даму деңгейі әр түрлі балаларды оқыту мүмкіншілігі
артады.
 Жобалау әдісінің басты идеясы: балалардың танымдық
қызығушылығын дамыту, өз беттерінше және тәрбиешісі мен
ата-анасының көмегі арқылы өз білімдерін ақпараттық
кеңістікте дұрыс қолдана білуі және сыни ойлауды дамыту.
 біріккен оқу танымдық іс-әрекеттің ортақ
нәтижесіне бағытталған, ортақ мақсаты,
қиыстырылған әдісі, іс-әрекет тәсілдері бар,
балалардың шығармашылық және ойын іс-
әрекеті.
 Педагогикалық жобалау – қандай да бір
мәселенің шешімін көрсететін жоба жасау үрдісі.
Ол оқу үрдісі жағдайында орындалатын және
оның тиімді жұмыс істеуі мен дамуына
бағытталған іс-әрекет.
 құм мен сазды қуана зерттейді, өзіндік ерекшеліктерін тани отырып,
жүзуге кемелер жібереді, самалды тосады, суды түрлі түсті
мұздақтарға айналдырып, ал күн көзін түрлі - түсті алауларға
айналдырады, көпіршік жасап, сурет салып көреді, ал бұл арқылы
балалар негізінде «Ауа қайда болады?», «Неге кемпірқосақ түрлі-
түсті болады?» деген сияқты қиын сұрақтардың шешімін іздейді.
 Жоба кезінде бала (қашан? қандай?қайда?) деген сұрақтарға
тәжірибе жасап, пайымдайды, жауап іздейді, тілдік қарым-
қатынастарға түсіп, өз ойларын әр түрлі білдіреді, не үшін әрекет етіп
жүргенін түсініп, өз қызығушылығы мен арманын айтады.
 «Біз кафе ашамыз», «Өсімдіктерге қалай әдемі болуға көмектесу
керек?» деген сияқты кішігірім жобалар балалар мен ұстаздардың
шығармашылық іс әрекеттерін талап етеді. Ал «Мен және басқалар»,
«Досты қалай табамыз?», «Қалай өз өміріңнің әміршісі болуға
болады?» деген сияқты әлеуметтік бағыттағы ұзақ мерзімге
арналған жобалар балалар мен мұғалімдердің 3 айдан 6 айға дейінгі
жұмысын талап етеді.
 мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарты
педагогикалық үрдісінің бағдарлануын, жобалануын және құрылуын
болжайды. Білім беру ұйымдарында жобалау әдісі педагогтардың
жобалау құзыреттілігін арттыру шарттарының бірі ретінде
пайдаланылады. Жобалау әдісін пайдалану педагогтарға
инновациялық идеялар қосуға мүмкіншілік жасайды.
 Педагогтың жобалау құзыреттілігіне мыналар жатады:
 педагог жұмыстарының нәтижелерін жобалай білу; педагогикалық
ықпал етудің жолдарын жоспарлау;
 тәрбие мен оқытуда кездесетін қиыншылықтардың нәтижелерін
болжау;
 нақты педагогикалық тапсырмаларды бөліп көрсету,
 оларды шешу шарттарын анықтау;
 балалардың әр түрлі іс- әрекеттерін басқару жұмыстарын жоспарлау
және тәрбие мен оқыту жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру
түрлерін, құралдарын таңдай білу.
 негізгі мақсат - ұсынылған мәселе бойынша жоба жасауға
үйрету.
 Мектепке дейінгі білім ұйымдары педагогтарының
кәсібилігін арттыру ретінде зерттеу, жобалау жұмысын
дамыту.
 Инновациялық іс -әрекеттің ұйымдастырылуында маңызды
рөл оқу - әдістемелік ісі мектепке дейінгі ұйымның әдіскеріне
беріледі. Оның іс- әрекеттерінің басым бағыттарынының бірі
педагогтардың жобалау құзыреттілігін арттыру болып
табылады.
 Жобалау әдісі жұмыстарын мектеп жасына дейінгі
қолданысқа кіргізуді педагогикалық кадрлармен жұмыстар
ұйымдастырудан бастау қажет.
 барлық педагогтарды қарапайым жобалау әдісі мен зерттеу
әдісіне үйретуден бастайды.Сонымен бірге жобалық зерттеу
жұмысынан қандай нәтиже күтетіндері туралы педагогтармен
сауалнама жүргізе отырып, жобалық іс әрекеттері бойынша
әдебиеттердің библиографиялық тізімін дайындап және
әдістемелік әдебиеттер таңдай біледі.
Жобалау әдісі арқылы төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге
болады: Педагогтардың инновациялық технологиялар туралы
білімдері анықталады, балаларды, ата - аналар мен мұғалімдерді
кешенді сүйемелдеу қалыптары дайындалады (жоба бойынша
шығармашылық топтың жоспары жасалады), әрбір педагог жеке
кішігірім жобалар жасап, сабақтарының конспектілері
дайындалады, балабақшада даму ортасы жетіледі және
педагогтарға практикалық кеңестер, ал ата- аналарға жобаны
жүзеге асыру бойынша ақпараттар беріледі.
 тәрбиеші баланың серіктесі әрі оның өзін-өзі дамытудағы
көмекшісі болып табылады. Тәрбиеші жобаның негізгі
жетекшісі, әрі мәселені шешудегі жігерлі үйлестірушісі.
Тәрбиеші жоба кезінде сырттай бақылайды, кеңесші әрі
сарапшы бола отырып, аз сөйлеп, балалармен көп ізденеді.
Ақпарат көздерін тауып, ұсыныстар жасап отырады және
жасалған жұмыстардың нәтижелерін бағдарлай біледі.
 Танымның барлық әдісін біріктіруші тақырыптық жобалар
балаларға өз табиғатына жақын білім жолын ұсынады. Одан
басқа, әрқайсысы өз бағыттары бойынша әрекет ете отырып
(біреуі мүсін жасайды, сурет салады, оқиды, кітап жазады)
барлығы да берілген тақырыпты жан - жақты ашып
көрсететін қыруар мағлұматтар жинап, көрнекі нәтижелерге
қол жеткізеді.
негізінде ересектер мен балалардың белгілі
бір практикалық проблеманы бірлесе
жұмыс істеу үдерісінде қол жеткізілетін іс-
әрекеттің нәтижеге бағыттылығы (оның
барысында бала өзі үшін көптеген жаңа
және бұрын білмегенді ашады) туралы идея
жатыр. Бұл нәтижені шынайы практикалық
іс-әрекетте көруге, зерделеуге, қолдануға
болады.
үш жарым жастан бес жастағы балалармен іске
асыруға болатын еліктеу-орындаушы кезең. Бұл
кезеңде балалар «екінші рөлдегі» жобаға қатысады,
ересектердің тікелей ұсынысы бойынша немесе оған
еліктеу арқылы іс-әрекеттерді орындайды.
 әртүрлі бірлескен іс-әрекет тәжірибесі бар, іс-әрекеттерді
келісетін, бір-біріне көмек көрсете алатын бес-алты
жастағы балалар үшін тән дамытушы кезең. Бала
ересектер көмегіне сирек жүгінеді, құрдастарымен
бірлескен іс-әрекетті белсендірек ұйымдастырады.
Балаларда өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дамиды,
олар өздерінің, құрдастарының әрекеттерін объективті
бағалауға қабілетті. Бұл жаста балалар проблеманы
түсінеді, мақсатты айқындайды, іс-әрекет нәтижесіне жету
үшін қажетті құралдарды таңдауға қабілетті болып
табылады. Олар ересектермен ұсынылған жобаларға
қатысуға дайындығын көрсетеді, сонымен қатар
шығармашылық, зерттеу, тәжірибелі-бағдарлы
жобалардың жөнелтпелі нүктесі болып табылатын
проблеманы өз бетімен табады.
алты жастағы балаларға тән шығармашылық.
Ересектерге осы кезеңде балалардың
шығармашылық белсенділігін дамыту және қолдау,
балалардың алдағы іс-әрекетінің мақсаты мен
мазмұнын дербес анықтау, жобамен жұмыс жасау
тәсілдері мен оны ұйымдастыру мүмкіндіктерін
таңдау үшін жағдай жасау өте маңызды.
Әрекет
алгоритмі
Жобалық іс-әрекеттің
еліктеу-орындаушы
кезеңі
Жобалық іс-
әрекеттің
дамытушы кезеңі
Жобалық іс-әрекеттің
шығармашылық кезеңі
1-қадам Балалардың
қажеттіліктеріне
жауап беретін
проблемаларды
анықтау
Балалардың немесе екі тараптың
қажеттіліктеріне жауап беретін
проблемаларды ересектердің немесе
балалардың көрсетуі
2-қадам Жоба мақсаттарын,
оның мотивациясын
қою
Жоба
мақсаттарын,
нәтижені болжауды
бірлесе анықтау
Жоба мақсаттарын,
нәтижені болжауды
балалардың дербес
анықтауы
3-қадам Балаларды іс-әрекетті
жоспарлауға және
белгіленген жоспарды
іске асыруға қатысуға
тарту
Балалардың
ересектердің елеусіз
көмегімен іс-
әрекеттерді
жоспарлауы;
құралдарды
анықтауы
Балалардың іс-
әрекеттерді жоспарлауы
(ересектің серіктес
ретінде ықтимал
қатысуы кезінде),
жобаны іске асыру
құралдарын айқындауы
4-қадам Нәтижеге қол
жеткізу бойынша
ересектер мен
балалардың
бірлескен іс-әрекеті
Балалардың
жобаны
орындауы;
ересектердің
сараланған
көмегі
Балалардың жобаны
орындауы;
шығармашылық
жанжалдарды шешу,
келісімділікке қол
жеткізу, өзара оқыту,
бір-біріне көмек
көрсетуі
5-қадам Орындаудың
бірлескен талдауы
Нәтижені талқылау: жұмыс барысын,
әрқайсысының әрекетін, табыстар мен
табыссыздықтар себептерін анықтау
6-қадам Жобаны
дамытудың
келешегін бірлесе
айқындау
Жобаны дамытуды
бірлесе айқындау
Жобалықіс-әрекет
кезеңдері
Педагогтың іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
1. Проблеманы айқындау Балаларды проблемалық жағдайға,
ойлау қажеттілігіне жетелеуінен өзі
үшін проблеманы қалыптастырады
Проблеманы көруге, маңызды мәселелерді
тұжырымдауға үйренеді
2. Іс-әрекет мақсаттарын
анықтау
Балалардың қажеттіліктері мен
қызығушылықтарына сүйене отыра,
мақсат қояды
Іс-әрекет мақсатын белгілейді (қоршаған
әлемнің белсенді зерттеушісі болады)
3. Нақты ой Не болатындығын және қандай
нәтижеге алып келетіндігін
ойластырады
Талқылауға қатысады: қандай да бір істі
қалай ұйымдастыру керек, кез келген
пікірді, тіпті стандартты емес және күтпеген
пікірлерге дейін тыңдау
4. Жоспарлау Дидактикалық, әлеуметтік, заттық-
материалдық және жеке-тұлғалық
жағдайларға тәуелді балалармен
жұмыс жасаудың негізгі кезеңдерін
анықтайды
Сүйікті сабақтарды атайды, ойындар
ұсынады, операциялардың кезектілігін
анықтауға қатысады
5. Жобаны іске асыру және
тұрақты рефлексия
Іс-әрекеттердің интеграциясы арқылы
олардың әртүрлі түрлерін
ұйымдастырады және мотивация
береді. Рефлексияны және жеке
қадамдарды уақытылы түзетуін
жүргізеді
Іс-әрекеттің әртүрлі түрлеріне қатысады,
тәрбиешінің серіктестігі мен көмекшісі
ретінде болады
6.Нәтижелерді талдау және
презентация
Балалармен бірлескен іс-әрекеттегі оң
және теріс сәттерді анықтайды
Ересектің көмегімен күші келетін талдауды
жүргізеді. Қол жеткізілетін нәтижелердің
ойын презентациясына қатысады
 1.Монопәндік – білім саласындағы мәселелерді
шешетін «Денсаулық» жобасы,
 2.Пәнаралық – «Денсаулық» «Коммуникация»,
«Таным» сияқты бірнеше білім салаларының
мәселесін шешетін жоба, яғни бір тақырыпты әр
түрлі саладағы ұстаным бойынша
қарастырамыз.
 3. Пәндік немесе пәннен тыс мектепке дейінгі
білім беру оқу жоспарының вариациялық
бөлігінің мәселесін шешетін жоба.
 келесі талаптарға жауап береді:
 1.Бес оқыту салаларының мазмұнынан таңдалады, яғни
мемлекеттік стандарттың талаптарына сай келуі керек;
 2.Тақырып бағдарламадан тыс таңдалып, оқу жоспарының
вариациялық бөлімімен сай келуі мүмкін;
 3.Мектепке дейінгі жастағы балаларға жақын және түсінікті
болуы тиіс;
 4.Жақын даму аймағында орналасуы тиіс.
 Жоба бір мәселені шешіп және оны қолданыста пайдалану
үшін әр түрлі білім салаларынан мағлұматтарды
ықпалдастыра алады. Балалар біріншіден ойлауға, ал содан
кейін барып істеуге, іс-әрекетінің жоспарын құрып,
келісімдерді бұзбай, келісілген мәмілелерден таймауға
тырысады.
 әртүрлі белгілеріне қарап бөлінеді. Ең елеулісі іс-
әрекеттің басымдық түрі болып табылады.
Мектепке дейінгі білім беруде жобалардың мына
түрлері пайдаланылады:
 1.Эмпирикалық: тірі және өлі табиғат әлемінде өздік
бақылаулар мен эксперименттер жүргізу. «Қар
бүршіктері қайдан ұшып келеді?», «Неліктен
бәйшешектер бәйшешек деп аталады?» және т.б..
Нәтижелер өсімдік сақтайтын бүктемелер,
тәжірибе картотекалары ретінде рәсімделеді.
 2.Зерттеу жобалары:
ізденеді, деректерді жинақтап қорытады, табиғат құбылыстары
туралы әр түрлі дерекнамалардан мағлұмат жинайды, кітаптар,
кинофильмдер, интернет пайдаланады. Зерттеу, іздестірулер
нәтижесі газет айдарлары, альбомдар, журналдар немесе аспаздық
кітаптарда жинақталады. Қызыл кітап арқылы (сирек кездесетін
және жойылып бара жатқан) өсімдік түрлері мен жануарлар құстар
туралы білімдері кеңейтіледі.
 3.Рөлдік ойындар жобасы:
бұл шығармашылық ойын нышандары, ойын жобасы.Мұнда
балалар ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп, берілген
тапсырмаларды өздері шешеді. Нәтижесінде: -Мазмұнды ойын, бала
мерекелері ұйымдастырылады, балалар ертегілерді кейіптендіре
біледі. Су асты әлеміне ойын-саяхаттары ойналады. Балалар «Театр»
сюжеттік-рөлдік ойындар ойнауға үйренеді.
 4.Шығармашылық жоба:
әдетте қатысушыларда ортақ іс-әрекеттерінің дайындалған
құрылымы болмайды.Бұл балалардың үлгілер мен пішімдер
жасау, әңгімелер құрастыру, тақпақтар, ойдан шығарылған
кейіпкерлері бар әңгімелер. Нәтижесінде балалар музыкалық
ертегі драмаландыру, стол үстілік театры арқылы әңгімелер
ойлап табу, кейіпкерлер дайындау, ата-аналар мен балаларға
қойылым көрсету мен сахналанған, суреттелген
диафильмдердің фильмотекасын жасау, альбом дизайны
көрмесі. Шығармашылық жобаларда табиғи және құнсыз
материалдарды пайдаланған жөн.
 5. Фантастикалық жоба:
таныс әңгімелер мен ертегілер, мультфильмдерді мазмұнына
қарай отырып, және балалардың өз шығармашылығы мен
қиялынан «Болашақтың қаласы» сияқты жобалар құру.
 құрамы топ, шағын топ, жеке, отбасы, жұп болуы
мүмкін. Жобаның ұзақтығы қысқа мерзімді – 1,2
немесе бірнеше сағат, 1-2 апта, орта мерзімді 1-3 ай,
ұзақ – бір жылға дейін. Тәжірибеде мектепке дейінгі
білім беруде жобаның орындалуы мектеп жасына
дейінгі баланың психикалық дамуына байланысты
болады. Әсіресе берілген жобаға деген
қызығушылық пен ықыластың тұрақтылығы.

 Қызығушылық 1-2 сабақта немесе керісінше, ата-
аналардың қатысуымен жобаның жасалуына қарай
ұзақ болады.
 – бағдарламаны белгілеп, арнаулы іс-
әрекеттердің жалғасуына құралдар таңдау.
Жобалық әдіс – айқын іс-әрекеттер кезеңінен
бастап жүзеге асады.

 Жоба құрылымы бойынша 3 кезеңге бөлінеді.
 1.Дайындық.
 2.Негізгі.
 3.Қорытынды.
 Дайындық (ұйымдастыру) кезеңінде не үшін дәл осы жоба таңдалды
деген сұраққа жауап бере отырып, жобаның қазіргі мән-жайы, бұл жоба
қандай мәселелерді шешеді және бұл жобаның нәтижесі қандай болмақ
осы сұрақтарға жауап беріледі. Сонымен бірге жобаның тақырыбы,
мақсаты, міндеті, мәселесі, уақыты және қоры анықталады.
Жұмыстық жоспар жасалады, командалар құрылымы, жауапты адамдар
тағайындалады.
 Негізгі кезең – жобаның жүзеге асуы кезеңі
Бұл кезеңде ақпарат жинап және оны анықтайды, жоба жасақталады,
жоспар бойынша негізгі іс-шаралар өткізіледі, жоспарларды бақылау
және түзету жұмыстары жүргізіледі. Жобаның жүзеге асырылуы
арасында өзгерістер енгізілуі де мүмкін. Бастысы бағдарламаның дәл
дұрыс орындалуы емес, жұмыстың тиімділігі (жобаның мақсатқа жетуі).
 Қорытынды кезеңде жобаны қорғау, рефлексия, қойылған мақсат
тұрғысынан алынған нәтиженің бағалануы және түзетулері енгізілуі
және қорытындылануы жүзеге асады.
 жобаның соңғы кезеңі – жобаны қорғау- әрқашан көріністі.
Оған ата-аналармен кішкентай балаларды, жалпы қонақ
шақыруға болады. Дәл осы кезеңде жоба эмоциялық тұрғыдан
қыза түседі және осы кезде оның әлеуметтік маңыздылығын
да арттыру керек. Не үшін, кім үшін жасалғанын және жалпы
не үшін қажет екенін түсіндіру керек. Қорғау өте жарқын
болуы керек, онда әрбір баланың, әр ата-ананың, әр
мұғалімнің еңбегі көрінетіндей етіп ойластыру керек.
 Мақсаттылық жобаның белгілері: (мақсат жоқ болса – жоба да
жоқ).
1. Өзгеріс (оқу процесінің қажет күйге айналуы).
2.Уақытына шектеу қою (барлық жобаның басталып,
аяқталатын мерзімі болуы керек).
3.Жобаның бірегейлігі.
4.Қажет қордың шектеулігі.
 Шешімін іздейтін мәселенің болуы, жоба бұл
байсалды ойын, баланың дербестігі және ата-
ана мен баланың ортақ шығармашылығы;
 Білімді қолданыста пайдалану үшін мектеп
жасына дейінгі балалармен өз ықыластарымен
ұсынылған кішігірім жобалар алу қажет.
 Сонымен қатар 3 нәрсеге көңіл аудару қажет:
Мектепке дейінгі баланың қызығушылығы,
оның белсенділігі және оның дербестігі;
 мектеп жасына дейінгі бала рөлі өзгереді. Жоба кезінде мектеп
жасына дейінгі бала оқыту субьектіне айналады. Іс-әрекет мақсатын
тәрбиешімен бірге бала өзі анықтайды. Бала мәселені шешуде өзіне
керекті нәрсені өзі көбірек таңдай алады және оқу мен тәрбие
процесіне белсенді қатыса алады және бала мүмкіншілігі көп болады
(тәжірибе жасап көреді, жаңа нәрселерді таниды). Сонымен бірге
бала тапсырманы орындауда жауапкершілік жүктей алады және
уақытын бөліп пайдалана біледі, топтық жұмыстарда көбірек тәуелді
болады.
 Жобалық іс-әрекеттерді пайдалану мектепке дейінгі оқу мен тәрбие
саласында көптеген тапсырмаларды шешеді. Мектеп жасына дейінгі
баланы орындаушы емес, іскер етіп тәрбиелеу мүмкіншілігін береді.
Әр бала өзіне ұнайтын іс-әрекет жасай отырып, әр бала өзін
шығармашылық тұлға етіп көрсете алады. Сонымен бірге жобалық
іс-әрекет балабақшада зерттеушілікпен ұласады, өйткені балалар
тумысынан зерттеушілер, олар шаршамайды, тырысады, аңғарғыш
және әуес. Тек осы мүмкіншіліктерін жобалық іс-әрекетте қажет
арнайы икемге пайдалану керек.
 – бала мен педагогтың бірлесіп жүзеге асыратын эксперименттік
әрекетін құру. Жобалық іс-әрекет – бұл білім беру мазмұнының
кез келген бағыты бойынша іздеу, зерттеу, практикалық
тапсырмаларын шешу үшін белгілі бір жоспарлар, белгілі бір
мақсаттары бар мақсаттылық іс-әрекет. Жобалық іс-әрекет
негізінде ересектер мен балалардың белгілі бір практикалық
проблеманы бірлесе жұмыс істеу үдерісінде қол жеткізілетін іс-
әрекеттің нәтижеге бағыттылығы (оның барысында бала өзі үшін
көптеген жаңа және бұрын білмегенді ашады) туралы идея
жатыр. Бұл нәтижені шынайы практикалық іс-әрекетте көруге,
зерделеуге, қолдануға болады. Кіші мектепке дейінгі
жастағылармен мынадай тақырыптарда: «Пішін, түс, көлем»;
«Жыл мезгілдері», «Су», «Қар», «Құм», «Жарық пен жылу»
жұмыстарды өткізуге болады. Ал ересек жаста баланың
бастамашылдығы, белсенділігі, мүмкіндіктері айтарлықтай арта
түседі. Бұл жас кезеңі балалардың танымдық қажеттіліктерін
зерттеу, іздеу әрекеті түрінде «жаңаны» ашуға,ойлаудың өнімді
түрін дамытуға бағытталған дамыту үшін маңызды
 келесі міндеттердің алға қою қажет:
 - жағдайлар жасау;
 - бақылаушылықты дамыту;
 - салыстыру, талдау, жалпылау;
 - эксперимент жасау барысында танымдық
қызығушылықты дамыту;
 - назар салуды, көруді, естуді дамыту.
Мақсаты: Әлеуметтік тұлғалық тәжірибені дамыту және байыту.
Тәрбиешілер өз іс әрекеттерінде жобалау технологиясын қолданады.
Жобалау классификациясы «Ойын түрінде» барлық топтың қатысуымен өткізілетін
сабақтар (ойындар, ұлттық билер, драматизациялау, әр түрлі көңіл көтерулер)
«Саяхаттау» қоғамдық өмірдегі айналамен танысудағы қиындық мәселесін шешуге
бағытталады.
«Баяндау» Балалар өз сезімін көркемдеп,музыка арқылы,ауызша,жазбаша,жеке
дауыста жеткізуді үйренеді.
«Құрастыру» анық пайдалы заттарды жасауға бағытталған;
(құс ұясы, гүлзарлар құрылымы.)
«Жоба түрлері»
Басымдылық әдістемесі бойынша.
-Іздену.
-Ақпаратты.
-Шығармашылық.
-Ойындар.
-Болған жағдайлар.
-Практикалық бағыттаушы.
Мазмұны бойынша төмендегідей:
-Баланы және оның отбасын қатыстыру
-Бала және табиғат.
-Бала және қоршаған әлем.
-Бала,қоғам және мәдени құндылықтар.
 баланың сипаттамасы бойынша:
-Тапсырыс беруші.
-Іс-тәжірибе.
-Орындаушы.
-Қорытындыға дейін ой туғызатын қатысушылар.
Байланыс сипаты бойынша.
-Жас ерекшелігіне байланысты топта іске асады.
-Басқа топтармен байланыс.
-Мәдени мекемелер.
-Қоғамдық ұйымдар (ашық жобалау)
Қатысушылар саны бойынша:
-Жеке
-Жұппен
-Топпен
-Жаппай
.Ұзақтық мерзімі бойынша.
-Қысқа мерзімді
-Орташа ұзақтылық.
-Ұзақ мерзімді.
 1. Ф.Н. Жұмабекова. «Мектепке дейінгі
педагогика» [100-108 беттер].2012 жылы
 2.Н.Е.Веракса. «Проектная деятельность
дошкольников» 2006 жыл
 3. О.И Давыдова, А.А. Майер , Л.Г. Богословец
«Проекты в работе с семьей» 2000 жыл
 4.Л.С.Киселёвой, Т.А.Данилиной, Т.С.Лагоды,
М.Б.Зуйковой «Проектный метод в деятельности
дошкольного учреждения» 2001 жыл
 5. Қуанышқалиева А. К. Балабақшада жобалау
әдісінің маңыздылығы және жүргізілу әдісі.
 Кәсіби шығармашылық табыстар тілеймін!

More Related Content

What's hot

номын танилцуулга
номын танилцуулганомын танилцуулга
номын танилцуулгаSuwda
 
нээлттэй хичээл
нээлттэй хичээлнээлттэй хичээл
нээлттэй хичээлeegii0102
 
монгол хэлний хэмт үгийн тухай
монгол хэлний хэмт үгийн тухаймонгол хэлний хэмт үгийн тухай
монгол хэлний хэмт үгийн тухайNational University Of Mongolia
 
Setgel hanamj 2018 negtgel-02,05
Setgel hanamj 2018 negtgel-02,05Setgel hanamj 2018 negtgel-02,05
Setgel hanamj 2018 negtgel-02,05Gantulga Nyamdorj
 
Хадгаламжийн нэгж бүрдүүлэх талаарх зөвлөмж
Хадгаламжийн нэгж бүрдүүлэх  талаарх зөвлөмжХадгаламжийн нэгж бүрдүүлэх  талаарх зөвлөмж
Хадгаламжийн нэгж бүрдүүлэх талаарх зөвлөмжThistle Khongorzul
 
Монгол хэлний үг бүтэх ёс, үг бүтэх аргууд
Монгол хэлний үг бүтэх ёс, үг бүтэх аргуудМонгол хэлний үг бүтэх ёс, үг бүтэх аргууд
Монгол хэлний үг бүтэх ёс, үг бүтэх аргуудGe Go
 
2. Ажлын удирдамж бичих.pdf
2. Ажлын удирдамж бичих.pdf2. Ажлын удирдамж бичих.pdf
2. Ажлын удирдамж бичих.pdfSuvaSuva1
 
сургалтын үнэлгээ соло
сургалтын үнэлгээ солосургалтын үнэлгээ соло
сургалтын үнэлгээ солоOyuhai1127
 
15 uran zohioliin nairuulga.pptx
15 uran zohioliin nairuulga.pptx15 uran zohioliin nairuulga.pptx
15 uran zohioliin nairuulga.pptxtaihen
 
5 6 nas hel yaria(3)
5 6 nas hel yaria(3)5 6 nas hel yaria(3)
5 6 nas hel yaria(3)od_baigal
 
Hereglegdehvvn dj
Hereglegdehvvn djHereglegdehvvn dj
Hereglegdehvvn djdj_d585
 
Хичээлийн сэдэв: Монгол өнгөний бэлгэдэл
Хичээлийн сэдэв: Монгол өнгөний бэлгэдэлХичээлийн сэдэв: Монгол өнгөний бэлгэдэл
Хичээлийн сэдэв: Монгол өнгөний бэлгэдэлGanzugSedbazar
 
Шүдний үүсэл хөгжил
Шүдний үүсэл хөгжилШүдний үүсэл хөгжил
Шүдний үүсэл хөгжилZoloo Baagii
 
лекц 4,
лекц 4,лекц 4,
лекц 4,Ge Go
 
7в ангийн сэтгэл ханамжийн судалгаа
7в ангийн сэтгэл ханамжийн судалгаа 7в ангийн сэтгэл ханамжийн судалгаа
7в ангийн сэтгэл ханамжийн судалгаа gantuya35
 

What's hot (20)

номын танилцуулга
номын танилцуулганомын танилцуулга
номын танилцуулга
 
эхийн хувиргал
эхийн хувиргалэхийн хувиргал
эхийн хувиргал
 
нээлттэй хичээл
нээлттэй хичээлнээлттэй хичээл
нээлттэй хичээл
 
монгол хэлний хэмт үгийн тухай
монгол хэлний хэмт үгийн тухаймонгол хэлний хэмт үгийн тухай
монгол хэлний хэмт үгийн тухай
 
Pronouns
PronounsPronouns
Pronouns
 
Steve jobs
Steve jobsSteve jobs
Steve jobs
 
Setgel hanamj 2018 negtgel-02,05
Setgel hanamj 2018 negtgel-02,05Setgel hanamj 2018 negtgel-02,05
Setgel hanamj 2018 negtgel-02,05
 
Хадгаламжийн нэгж бүрдүүлэх талаарх зөвлөмж
Хадгаламжийн нэгж бүрдүүлэх  талаарх зөвлөмжХадгаламжийн нэгж бүрдүүлэх  талаарх зөвлөмж
Хадгаламжийн нэгж бүрдүүлэх талаарх зөвлөмж
 
Egshig useg unshih
Egshig useg unshihEgshig useg unshih
Egshig useg unshih
 
Монгол хэлний үг бүтэх ёс, үг бүтэх аргууд
Монгол хэлний үг бүтэх ёс, үг бүтэх аргуудМонгол хэлний үг бүтэх ёс, үг бүтэх аргууд
Монгол хэлний үг бүтэх ёс, үг бүтэх аргууд
 
2. Ажлын удирдамж бичих.pdf
2. Ажлын удирдамж бичих.pdf2. Ажлын удирдамж бичих.pdf
2. Ажлын удирдамж бичих.pdf
 
15 helts
15 helts15 helts
15 helts
 
сургалтын үнэлгээ соло
сургалтын үнэлгээ солосургалтын үнэлгээ соло
сургалтын үнэлгээ соло
 
15 uran zohioliin nairuulga.pptx
15 uran zohioliin nairuulga.pptx15 uran zohioliin nairuulga.pptx
15 uran zohioliin nairuulga.pptx
 
5 6 nas hel yaria(3)
5 6 nas hel yaria(3)5 6 nas hel yaria(3)
5 6 nas hel yaria(3)
 
Hereglegdehvvn dj
Hereglegdehvvn djHereglegdehvvn dj
Hereglegdehvvn dj
 
Хичээлийн сэдэв: Монгол өнгөний бэлгэдэл
Хичээлийн сэдэв: Монгол өнгөний бэлгэдэлХичээлийн сэдэв: Монгол өнгөний бэлгэдэл
Хичээлийн сэдэв: Монгол өнгөний бэлгэдэл
 
Шүдний үүсэл хөгжил
Шүдний үүсэл хөгжилШүдний үүсэл хөгжил
Шүдний үүсэл хөгжил
 
лекц 4,
лекц 4,лекц 4,
лекц 4,
 
7в ангийн сэтгэл ханамжийн судалгаа
7в ангийн сэтгэл ханамжийн судалгаа 7в ангийн сэтгэл ханамжийн судалгаа
7в ангийн сэтгэл ханамжийн судалгаа
 

Similar to жобалау оташева ж

талшын турдакиновна
талшын турдакиновнаталшын турдакиновна
талшын турдакиновнаoquzaman
 
мен зерттеушимин
мен зерттеушиминмен зерттеушимин
мен зерттеушиминAsem Sarsembayeva
 
221ваываыввввввв
221ваываыввввввв221ваываыввввввв
221ваываывввввввnurlan93kz
 
сөздік
сөздіксөздік
сөздікoquzaman
 
1. оку бағдарлама өнер бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114
1. оку бағдарлама өнер бастауыш мектеп 1 нұсқа 3101141. оку бағдарлама өнер бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114
1. оку бағдарлама өнер бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114NisEdu
 
мемлекеттік тілді меңгертуде қолданылатын интерактивті әдіс тәсілдердің тиімд...
мемлекеттік тілді меңгертуде қолданылатын интерактивті әдіс тәсілдердің тиімд...мемлекеттік тілді меңгертуде қолданылатын интерактивті әдіс тәсілдердің тиімд...
мемлекеттік тілді меңгертуде қолданылатын интерактивті әдіс тәсілдердің тиімд...Asem Sarsembayeva
 
конференция итог 2017г 2
конференция итог 2017г 2конференция итог 2017г 2
конференция итог 2017г 2akkemir
 
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмыс
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмысТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмыс
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмысBeisek Serikbay
 
23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssss23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssssnurlan93kz
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»Asem Sarsembayeva
 

Similar to жобалау оташева ж (20)

ныгыметова амина жанатовна
ныгыметова амина жанатовнаныгыметова амина жанатовна
ныгыметова амина жанатовна
 
дана
данадана
дана
 
талшын турдакиновна
талшын турдакиновнаталшын турдакиновна
талшын турдакиновна
 
тукубаева т.т
тукубаева т.ттукубаева т.т
тукубаева т.т
 
конферен
конференконферен
конферен
 
іс әрекет коучинг
іс   әрекет коучингіс   әрекет коучинг
іс әрекет коучинг
 
666kmkk
666kmkk666kmkk
666kmkk
 
мен зерттеушимин
мен зерттеушиминмен зерттеушимин
мен зерттеушимин
 
221ваываыввввввв
221ваываыввввввв221ваываыввввввв
221ваываыввввввв
 
сөздік
сөздіксөздік
сөздік
 
1. оку бағдарлама өнер бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114
1. оку бағдарлама өнер бастауыш мектеп 1 нұсқа 3101141. оку бағдарлама өнер бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114
1. оку бағдарлама өнер бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114
 
инновация
инновацияинновация
инновация
 
мемлекеттік тілді меңгертуде қолданылатын интерактивті әдіс тәсілдердің тиімд...
мемлекеттік тілді меңгертуде қолданылатын интерактивті әдіс тәсілдердің тиімд...мемлекеттік тілді меңгертуде қолданылатын интерактивті әдіс тәсілдердің тиімд...
мемлекеттік тілді меңгертуде қолданылатын интерактивті әдіс тәсілдердің тиімд...
 
доклад нарикбаева к
доклад нарикбаева кдоклад нарикбаева к
доклад нарикбаева к
 
мырзабекова үмітай
мырзабекова үмітаймырзабекова үмітай
мырзабекова үмітай
 
конференция итог 2017г 2
конференция итог 2017г 2конференция итог 2017г 2
конференция итог 2017г 2
 
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмыс
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмысТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмыс
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмыс
 
2323j
2323j2323j
2323j
 
23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssss23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssss
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
 

More from Asem Sarsembayeva

современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитанияAsem Sarsembayeva
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентацияAsem Sarsembayeva
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығуларAsem Sarsembayeva
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктерAsem Sarsembayeva
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человекаAsem Sarsembayeva
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановнаAsem Sarsembayeva
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаеваAsem Sarsembayeva
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевнаAsem Sarsembayeva
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17Asem Sarsembayeva
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдAsem Sarsembayeva
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина мояAsem Sarsembayeva
 
сборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природой
сборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природойсборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природой
сборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природойAsem Sarsembayeva
 

More from Asem Sarsembayeva (20)

урок
урокурок
урок
 
конспект урока
конспект урокаконспект урока
конспект урока
 
современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитания
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентация
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулар
 
тренинг
тренингтренинг
тренинг
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктер
 
чуковский
чуковскийчуковский
чуковский
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человека
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановна
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаева
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевна
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевна
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевна
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17
 
шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.
 
магрупова
магруповамагрупова
магрупова
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайд
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина моя
 
сборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природой
сборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природойсборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природой
сборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природой
 

жобалау оташева ж

  • 1.
  • 2.  Дамыта оқыту технологиясы  Ойын педагогикалық технологиялары  Шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы  Ақпараттық - коммуникативтік технологиялар (АКТ)  Денсаулық сақтау технологиясы  Проблемалық оқыту технологиясы  Танымдық–жобалық іс-әрекет технологиясы
  • 3.  соңғы жылдары жобалау іс-әрекеті мен жобалау әдісін қолдану жүзеге асырылуда.  Жобалау әдісі - инновациялық педагогикалық технология. Педагогикалық жоба ол педагогтардың арнайы ұйымдастырған, балалардың өздігінен шешім қабылдауын және де өз таңдауы мен еңбегінің, шығармашылығының нәтижесіне өзін жауапты ететін іс-әрекеттер тобы. Арнайы білімді қажет ететін айқын мәселелерге ынталандыру және жоба іс-әрекеті арқылы мәселенің шешімін қамтитын білімнің іс-жүзінде пайдалануы.
  • 4.  Жобалау әрекетін мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық әрекетінің формасы ретінде қолдану мәселелерін Е.Евдокимова зерттейді.  Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық жобалау жұмыстарын ұйымдастыруды С.Н.Николаева және Н.А.Рожкова қарастырады.  Жобалау әрекетін мектеп жасына дейінгі балалардың нәтижелі әрекетінің формасы ретінде Б.В.Хозиев зерттейді.
  • 5.  А. Данюкованың пікірі бойынша “жобалау әдісі дамытушы, тұлғалық бағдарлы оқытумен байланысты және кез келген балабақша типінің мекемесінде кең қолданылуы мүмкін. Жобалау әртүрлі білім саласындағы мәліметтерді кіріктіру арқылы бір мәселені шешуге және оны практикада қолдануға мүмкіндік береді”.  А.И.Савенкованың және Е.Полаттың зерттеулерінде мектеп жасына дейінгі балалардың жобалау тақырыбын таңдаудың келесі ережелері анықталған:  Балаға тақырып қызықты болуы керек;  Оны бала өз бетімен жүзеге асыруы керек;  Жұмыс ерікті негізде құрылуы керек.
  • 6.  логикалық дәрежеде ойлау мен белсенді зерттеуді мадақтау, балалардың өз күштері мен мүмкіншіліктеріне деген сенімдерінің артуы, жобамен жұмыс жасағанда, дәстүрлі оқытумен салыстырсақ балалар өз оқуларының жауапкершілігін байыпты түрде өздері алады. Нәтижесінде оқудың сапасы жақсарады және ойлау мүмкіншілігі мен мәселені түсіне білу, ынтымақтасу және қарым-қатынас сияқты іс-әрекет шеберлігі мен әдістерін дамыту, сонымен бірге даму деңгейі әр түрлі балаларды оқыту мүмкіншілігі артады.  Жобалау әдісінің басты идеясы: балалардың танымдық қызығушылығын дамыту, өз беттерінше және тәрбиешісі мен ата-анасының көмегі арқылы өз білімдерін ақпараттық кеңістікте дұрыс қолдана білуі және сыни ойлауды дамыту.
  • 7.  біріккен оқу танымдық іс-әрекеттің ортақ нәтижесіне бағытталған, ортақ мақсаты, қиыстырылған әдісі, іс-әрекет тәсілдері бар, балалардың шығармашылық және ойын іс- әрекеті.  Педагогикалық жобалау – қандай да бір мәселенің шешімін көрсететін жоба жасау үрдісі. Ол оқу үрдісі жағдайында орындалатын және оның тиімді жұмыс істеуі мен дамуына бағытталған іс-әрекет.
  • 8.  құм мен сазды қуана зерттейді, өзіндік ерекшеліктерін тани отырып, жүзуге кемелер жібереді, самалды тосады, суды түрлі түсті мұздақтарға айналдырып, ал күн көзін түрлі - түсті алауларға айналдырады, көпіршік жасап, сурет салып көреді, ал бұл арқылы балалар негізінде «Ауа қайда болады?», «Неге кемпірқосақ түрлі- түсті болады?» деген сияқты қиын сұрақтардың шешімін іздейді.  Жоба кезінде бала (қашан? қандай?қайда?) деген сұрақтарға тәжірибе жасап, пайымдайды, жауап іздейді, тілдік қарым- қатынастарға түсіп, өз ойларын әр түрлі білдіреді, не үшін әрекет етіп жүргенін түсініп, өз қызығушылығы мен арманын айтады.  «Біз кафе ашамыз», «Өсімдіктерге қалай әдемі болуға көмектесу керек?» деген сияқты кішігірім жобалар балалар мен ұстаздардың шығармашылық іс әрекеттерін талап етеді. Ал «Мен және басқалар», «Досты қалай табамыз?», «Қалай өз өміріңнің әміршісі болуға болады?» деген сияқты әлеуметтік бағыттағы ұзақ мерзімге арналған жобалар балалар мен мұғалімдердің 3 айдан 6 айға дейінгі жұмысын талап етеді.
  • 9.  мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарты педагогикалық үрдісінің бағдарлануын, жобалануын және құрылуын болжайды. Білім беру ұйымдарында жобалау әдісі педагогтардың жобалау құзыреттілігін арттыру шарттарының бірі ретінде пайдаланылады. Жобалау әдісін пайдалану педагогтарға инновациялық идеялар қосуға мүмкіншілік жасайды.  Педагогтың жобалау құзыреттілігіне мыналар жатады:  педагог жұмыстарының нәтижелерін жобалай білу; педагогикалық ықпал етудің жолдарын жоспарлау;  тәрбие мен оқытуда кездесетін қиыншылықтардың нәтижелерін болжау;  нақты педагогикалық тапсырмаларды бөліп көрсету,  оларды шешу шарттарын анықтау;  балалардың әр түрлі іс- әрекеттерін басқару жұмыстарын жоспарлау және тәрбие мен оқыту жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін, құралдарын таңдай білу.
  • 10.  негізгі мақсат - ұсынылған мәселе бойынша жоба жасауға үйрету.  Мектепке дейінгі білім ұйымдары педагогтарының кәсібилігін арттыру ретінде зерттеу, жобалау жұмысын дамыту.  Инновациялық іс -әрекеттің ұйымдастырылуында маңызды рөл оқу - әдістемелік ісі мектепке дейінгі ұйымның әдіскеріне беріледі. Оның іс- әрекеттерінің басым бағыттарынының бірі педагогтардың жобалау құзыреттілігін арттыру болып табылады.  Жобалау әдісі жұмыстарын мектеп жасына дейінгі қолданысқа кіргізуді педагогикалық кадрлармен жұмыстар ұйымдастырудан бастау қажет.
  • 11.  барлық педагогтарды қарапайым жобалау әдісі мен зерттеу әдісіне үйретуден бастайды.Сонымен бірге жобалық зерттеу жұмысынан қандай нәтиже күтетіндері туралы педагогтармен сауалнама жүргізе отырып, жобалық іс әрекеттері бойынша әдебиеттердің библиографиялық тізімін дайындап және әдістемелік әдебиеттер таңдай біледі. Жобалау әдісі арқылы төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады: Педагогтардың инновациялық технологиялар туралы білімдері анықталады, балаларды, ата - аналар мен мұғалімдерді кешенді сүйемелдеу қалыптары дайындалады (жоба бойынша шығармашылық топтың жоспары жасалады), әрбір педагог жеке кішігірім жобалар жасап, сабақтарының конспектілері дайындалады, балабақшада даму ортасы жетіледі және педагогтарға практикалық кеңестер, ал ата- аналарға жобаны жүзеге асыру бойынша ақпараттар беріледі.
  • 12.  тәрбиеші баланың серіктесі әрі оның өзін-өзі дамытудағы көмекшісі болып табылады. Тәрбиеші жобаның негізгі жетекшісі, әрі мәселені шешудегі жігерлі үйлестірушісі. Тәрбиеші жоба кезінде сырттай бақылайды, кеңесші әрі сарапшы бола отырып, аз сөйлеп, балалармен көп ізденеді. Ақпарат көздерін тауып, ұсыныстар жасап отырады және жасалған жұмыстардың нәтижелерін бағдарлай біледі.  Танымның барлық әдісін біріктіруші тақырыптық жобалар балаларға өз табиғатына жақын білім жолын ұсынады. Одан басқа, әрқайсысы өз бағыттары бойынша әрекет ете отырып (біреуі мүсін жасайды, сурет салады, оқиды, кітап жазады) барлығы да берілген тақырыпты жан - жақты ашып көрсететін қыруар мағлұматтар жинап, көрнекі нәтижелерге қол жеткізеді.
  • 13. негізінде ересектер мен балалардың белгілі бір практикалық проблеманы бірлесе жұмыс істеу үдерісінде қол жеткізілетін іс- әрекеттің нәтижеге бағыттылығы (оның барысында бала өзі үшін көптеген жаңа және бұрын білмегенді ашады) туралы идея жатыр. Бұл нәтижені шынайы практикалық іс-әрекетте көруге, зерделеуге, қолдануға болады.
  • 14. үш жарым жастан бес жастағы балалармен іске асыруға болатын еліктеу-орындаушы кезең. Бұл кезеңде балалар «екінші рөлдегі» жобаға қатысады, ересектердің тікелей ұсынысы бойынша немесе оған еліктеу арқылы іс-әрекеттерді орындайды.
  • 15.  әртүрлі бірлескен іс-әрекет тәжірибесі бар, іс-әрекеттерді келісетін, бір-біріне көмек көрсете алатын бес-алты жастағы балалар үшін тән дамытушы кезең. Бала ересектер көмегіне сирек жүгінеді, құрдастарымен бірлескен іс-әрекетті белсендірек ұйымдастырады. Балаларда өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дамиды, олар өздерінің, құрдастарының әрекеттерін объективті бағалауға қабілетті. Бұл жаста балалар проблеманы түсінеді, мақсатты айқындайды, іс-әрекет нәтижесіне жету үшін қажетті құралдарды таңдауға қабілетті болып табылады. Олар ересектермен ұсынылған жобаларға қатысуға дайындығын көрсетеді, сонымен қатар шығармашылық, зерттеу, тәжірибелі-бағдарлы жобалардың жөнелтпелі нүктесі болып табылатын проблеманы өз бетімен табады.
  • 16. алты жастағы балаларға тән шығармашылық. Ересектерге осы кезеңде балалардың шығармашылық белсенділігін дамыту және қолдау, балалардың алдағы іс-әрекетінің мақсаты мен мазмұнын дербес анықтау, жобамен жұмыс жасау тәсілдері мен оны ұйымдастыру мүмкіндіктерін таңдау үшін жағдай жасау өте маңызды.
  • 17. Әрекет алгоритмі Жобалық іс-әрекеттің еліктеу-орындаушы кезеңі Жобалық іс- әрекеттің дамытушы кезеңі Жобалық іс-әрекеттің шығармашылық кезеңі 1-қадам Балалардың қажеттіліктеріне жауап беретін проблемаларды анықтау Балалардың немесе екі тараптың қажеттіліктеріне жауап беретін проблемаларды ересектердің немесе балалардың көрсетуі 2-қадам Жоба мақсаттарын, оның мотивациясын қою Жоба мақсаттарын, нәтижені болжауды бірлесе анықтау Жоба мақсаттарын, нәтижені болжауды балалардың дербес анықтауы 3-қадам Балаларды іс-әрекетті жоспарлауға және белгіленген жоспарды іске асыруға қатысуға тарту Балалардың ересектердің елеусіз көмегімен іс- әрекеттерді жоспарлауы; құралдарды анықтауы Балалардың іс- әрекеттерді жоспарлауы (ересектің серіктес ретінде ықтимал қатысуы кезінде), жобаны іске асыру құралдарын айқындауы
  • 18. 4-қадам Нәтижеге қол жеткізу бойынша ересектер мен балалардың бірлескен іс-әрекеті Балалардың жобаны орындауы; ересектердің сараланған көмегі Балалардың жобаны орындауы; шығармашылық жанжалдарды шешу, келісімділікке қол жеткізу, өзара оқыту, бір-біріне көмек көрсетуі 5-қадам Орындаудың бірлескен талдауы Нәтижені талқылау: жұмыс барысын, әрқайсысының әрекетін, табыстар мен табыссыздықтар себептерін анықтау 6-қадам Жобаны дамытудың келешегін бірлесе айқындау Жобаны дамытуды бірлесе айқындау
  • 19. Жобалықіс-әрекет кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті 1. Проблеманы айқындау Балаларды проблемалық жағдайға, ойлау қажеттілігіне жетелеуінен өзі үшін проблеманы қалыптастырады Проблеманы көруге, маңызды мәселелерді тұжырымдауға үйренеді 2. Іс-әрекет мақсаттарын анықтау Балалардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарына сүйене отыра, мақсат қояды Іс-әрекет мақсатын белгілейді (қоршаған әлемнің белсенді зерттеушісі болады) 3. Нақты ой Не болатындығын және қандай нәтижеге алып келетіндігін ойластырады Талқылауға қатысады: қандай да бір істі қалай ұйымдастыру керек, кез келген пікірді, тіпті стандартты емес және күтпеген пікірлерге дейін тыңдау 4. Жоспарлау Дидактикалық, әлеуметтік, заттық- материалдық және жеке-тұлғалық жағдайларға тәуелді балалармен жұмыс жасаудың негізгі кезеңдерін анықтайды Сүйікті сабақтарды атайды, ойындар ұсынады, операциялардың кезектілігін анықтауға қатысады 5. Жобаны іске асыру және тұрақты рефлексия Іс-әрекеттердің интеграциясы арқылы олардың әртүрлі түрлерін ұйымдастырады және мотивация береді. Рефлексияны және жеке қадамдарды уақытылы түзетуін жүргізеді Іс-әрекеттің әртүрлі түрлеріне қатысады, тәрбиешінің серіктестігі мен көмекшісі ретінде болады 6.Нәтижелерді талдау және презентация Балалармен бірлескен іс-әрекеттегі оң және теріс сәттерді анықтайды Ересектің көмегімен күші келетін талдауды жүргізеді. Қол жеткізілетін нәтижелердің ойын презентациясына қатысады
  • 20.  1.Монопәндік – білім саласындағы мәселелерді шешетін «Денсаулық» жобасы,  2.Пәнаралық – «Денсаулық» «Коммуникация», «Таным» сияқты бірнеше білім салаларының мәселесін шешетін жоба, яғни бір тақырыпты әр түрлі саладағы ұстаным бойынша қарастырамыз.  3. Пәндік немесе пәннен тыс мектепке дейінгі білім беру оқу жоспарының вариациялық бөлігінің мәселесін шешетін жоба.
  • 21.  келесі талаптарға жауап береді:  1.Бес оқыту салаларының мазмұнынан таңдалады, яғни мемлекеттік стандарттың талаптарына сай келуі керек;  2.Тақырып бағдарламадан тыс таңдалып, оқу жоспарының вариациялық бөлімімен сай келуі мүмкін;  3.Мектепке дейінгі жастағы балаларға жақын және түсінікті болуы тиіс;  4.Жақын даму аймағында орналасуы тиіс.  Жоба бір мәселені шешіп және оны қолданыста пайдалану үшін әр түрлі білім салаларынан мағлұматтарды ықпалдастыра алады. Балалар біріншіден ойлауға, ал содан кейін барып істеуге, іс-әрекетінің жоспарын құрып, келісімдерді бұзбай, келісілген мәмілелерден таймауға тырысады.
  • 22.  әртүрлі белгілеріне қарап бөлінеді. Ең елеулісі іс- әрекеттің басымдық түрі болып табылады. Мектепке дейінгі білім беруде жобалардың мына түрлері пайдаланылады:  1.Эмпирикалық: тірі және өлі табиғат әлемінде өздік бақылаулар мен эксперименттер жүргізу. «Қар бүршіктері қайдан ұшып келеді?», «Неліктен бәйшешектер бәйшешек деп аталады?» және т.б.. Нәтижелер өсімдік сақтайтын бүктемелер, тәжірибе картотекалары ретінде рәсімделеді.
  • 23.  2.Зерттеу жобалары: ізденеді, деректерді жинақтап қорытады, табиғат құбылыстары туралы әр түрлі дерекнамалардан мағлұмат жинайды, кітаптар, кинофильмдер, интернет пайдаланады. Зерттеу, іздестірулер нәтижесі газет айдарлары, альбомдар, журналдар немесе аспаздық кітаптарда жинақталады. Қызыл кітап арқылы (сирек кездесетін және жойылып бара жатқан) өсімдік түрлері мен жануарлар құстар туралы білімдері кеңейтіледі.  3.Рөлдік ойындар жобасы: бұл шығармашылық ойын нышандары, ойын жобасы.Мұнда балалар ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп, берілген тапсырмаларды өздері шешеді. Нәтижесінде: -Мазмұнды ойын, бала мерекелері ұйымдастырылады, балалар ертегілерді кейіптендіре біледі. Су асты әлеміне ойын-саяхаттары ойналады. Балалар «Театр» сюжеттік-рөлдік ойындар ойнауға үйренеді.
  • 24.  4.Шығармашылық жоба: әдетте қатысушыларда ортақ іс-әрекеттерінің дайындалған құрылымы болмайды.Бұл балалардың үлгілер мен пішімдер жасау, әңгімелер құрастыру, тақпақтар, ойдан шығарылған кейіпкерлері бар әңгімелер. Нәтижесінде балалар музыкалық ертегі драмаландыру, стол үстілік театры арқылы әңгімелер ойлап табу, кейіпкерлер дайындау, ата-аналар мен балаларға қойылым көрсету мен сахналанған, суреттелген диафильмдердің фильмотекасын жасау, альбом дизайны көрмесі. Шығармашылық жобаларда табиғи және құнсыз материалдарды пайдаланған жөн.  5. Фантастикалық жоба: таныс әңгімелер мен ертегілер, мультфильмдерді мазмұнына қарай отырып, және балалардың өз шығармашылығы мен қиялынан «Болашақтың қаласы» сияқты жобалар құру.
  • 25.  құрамы топ, шағын топ, жеке, отбасы, жұп болуы мүмкін. Жобаның ұзақтығы қысқа мерзімді – 1,2 немесе бірнеше сағат, 1-2 апта, орта мерзімді 1-3 ай, ұзақ – бір жылға дейін. Тәжірибеде мектепке дейінгі білім беруде жобаның орындалуы мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуына байланысты болады. Әсіресе берілген жобаға деген қызығушылық пен ықыластың тұрақтылығы.   Қызығушылық 1-2 сабақта немесе керісінше, ата- аналардың қатысуымен жобаның жасалуына қарай ұзақ болады.
  • 26.  – бағдарламаны белгілеп, арнаулы іс- әрекеттердің жалғасуына құралдар таңдау. Жобалық әдіс – айқын іс-әрекеттер кезеңінен бастап жүзеге асады.   Жоба құрылымы бойынша 3 кезеңге бөлінеді.  1.Дайындық.  2.Негізгі.  3.Қорытынды.
  • 27.  Дайындық (ұйымдастыру) кезеңінде не үшін дәл осы жоба таңдалды деген сұраққа жауап бере отырып, жобаның қазіргі мән-жайы, бұл жоба қандай мәселелерді шешеді және бұл жобаның нәтижесі қандай болмақ осы сұрақтарға жауап беріледі. Сонымен бірге жобаның тақырыбы, мақсаты, міндеті, мәселесі, уақыты және қоры анықталады. Жұмыстық жоспар жасалады, командалар құрылымы, жауапты адамдар тағайындалады.  Негізгі кезең – жобаның жүзеге асуы кезеңі Бұл кезеңде ақпарат жинап және оны анықтайды, жоба жасақталады, жоспар бойынша негізгі іс-шаралар өткізіледі, жоспарларды бақылау және түзету жұмыстары жүргізіледі. Жобаның жүзеге асырылуы арасында өзгерістер енгізілуі де мүмкін. Бастысы бағдарламаның дәл дұрыс орындалуы емес, жұмыстың тиімділігі (жобаның мақсатқа жетуі).  Қорытынды кезеңде жобаны қорғау, рефлексия, қойылған мақсат тұрғысынан алынған нәтиженің бағалануы және түзетулері енгізілуі және қорытындылануы жүзеге асады.
  • 28.  жобаның соңғы кезеңі – жобаны қорғау- әрқашан көріністі. Оған ата-аналармен кішкентай балаларды, жалпы қонақ шақыруға болады. Дәл осы кезеңде жоба эмоциялық тұрғыдан қыза түседі және осы кезде оның әлеуметтік маңыздылығын да арттыру керек. Не үшін, кім үшін жасалғанын және жалпы не үшін қажет екенін түсіндіру керек. Қорғау өте жарқын болуы керек, онда әрбір баланың, әр ата-ананың, әр мұғалімнің еңбегі көрінетіндей етіп ойластыру керек.  Мақсаттылық жобаның белгілері: (мақсат жоқ болса – жоба да жоқ). 1. Өзгеріс (оқу процесінің қажет күйге айналуы). 2.Уақытына шектеу қою (барлық жобаның басталып, аяқталатын мерзімі болуы керек). 3.Жобаның бірегейлігі. 4.Қажет қордың шектеулігі.
  • 29.  Шешімін іздейтін мәселенің болуы, жоба бұл байсалды ойын, баланың дербестігі және ата- ана мен баланың ортақ шығармашылығы;  Білімді қолданыста пайдалану үшін мектеп жасына дейінгі балалармен өз ықыластарымен ұсынылған кішігірім жобалар алу қажет.  Сонымен қатар 3 нәрсеге көңіл аудару қажет: Мектепке дейінгі баланың қызығушылығы, оның белсенділігі және оның дербестігі;
  • 30.  мектеп жасына дейінгі бала рөлі өзгереді. Жоба кезінде мектеп жасына дейінгі бала оқыту субьектіне айналады. Іс-әрекет мақсатын тәрбиешімен бірге бала өзі анықтайды. Бала мәселені шешуде өзіне керекті нәрсені өзі көбірек таңдай алады және оқу мен тәрбие процесіне белсенді қатыса алады және бала мүмкіншілігі көп болады (тәжірибе жасап көреді, жаңа нәрселерді таниды). Сонымен бірге бала тапсырманы орындауда жауапкершілік жүктей алады және уақытын бөліп пайдалана біледі, топтық жұмыстарда көбірек тәуелді болады.  Жобалық іс-әрекеттерді пайдалану мектепке дейінгі оқу мен тәрбие саласында көптеген тапсырмаларды шешеді. Мектеп жасына дейінгі баланы орындаушы емес, іскер етіп тәрбиелеу мүмкіншілігін береді. Әр бала өзіне ұнайтын іс-әрекет жасай отырып, әр бала өзін шығармашылық тұлға етіп көрсете алады. Сонымен бірге жобалық іс-әрекет балабақшада зерттеушілікпен ұласады, өйткені балалар тумысынан зерттеушілер, олар шаршамайды, тырысады, аңғарғыш және әуес. Тек осы мүмкіншіліктерін жобалық іс-әрекетте қажет арнайы икемге пайдалану керек.
  • 31.  – бала мен педагогтың бірлесіп жүзеге асыратын эксперименттік әрекетін құру. Жобалық іс-әрекет – бұл білім беру мазмұнының кез келген бағыты бойынша іздеу, зерттеу, практикалық тапсырмаларын шешу үшін белгілі бір жоспарлар, белгілі бір мақсаттары бар мақсаттылық іс-әрекет. Жобалық іс-әрекет негізінде ересектер мен балалардың белгілі бір практикалық проблеманы бірлесе жұмыс істеу үдерісінде қол жеткізілетін іс- әрекеттің нәтижеге бағыттылығы (оның барысында бала өзі үшін көптеген жаңа және бұрын білмегенді ашады) туралы идея жатыр. Бұл нәтижені шынайы практикалық іс-әрекетте көруге, зерделеуге, қолдануға болады. Кіші мектепке дейінгі жастағылармен мынадай тақырыптарда: «Пішін, түс, көлем»; «Жыл мезгілдері», «Су», «Қар», «Құм», «Жарық пен жылу» жұмыстарды өткізуге болады. Ал ересек жаста баланың бастамашылдығы, белсенділігі, мүмкіндіктері айтарлықтай арта түседі. Бұл жас кезеңі балалардың танымдық қажеттіліктерін зерттеу, іздеу әрекеті түрінде «жаңаны» ашуға,ойлаудың өнімді түрін дамытуға бағытталған дамыту үшін маңызды
  • 32.  келесі міндеттердің алға қою қажет:  - жағдайлар жасау;  - бақылаушылықты дамыту;  - салыстыру, талдау, жалпылау;  - эксперимент жасау барысында танымдық қызығушылықты дамыту;  - назар салуды, көруді, естуді дамыту.
  • 33. Мақсаты: Әлеуметтік тұлғалық тәжірибені дамыту және байыту. Тәрбиешілер өз іс әрекеттерінде жобалау технологиясын қолданады. Жобалау классификациясы «Ойын түрінде» барлық топтың қатысуымен өткізілетін сабақтар (ойындар, ұлттық билер, драматизациялау, әр түрлі көңіл көтерулер) «Саяхаттау» қоғамдық өмірдегі айналамен танысудағы қиындық мәселесін шешуге бағытталады. «Баяндау» Балалар өз сезімін көркемдеп,музыка арқылы,ауызша,жазбаша,жеке дауыста жеткізуді үйренеді. «Құрастыру» анық пайдалы заттарды жасауға бағытталған; (құс ұясы, гүлзарлар құрылымы.) «Жоба түрлері» Басымдылық әдістемесі бойынша. -Іздену. -Ақпаратты. -Шығармашылық. -Ойындар. -Болған жағдайлар. -Практикалық бағыттаушы. Мазмұны бойынша төмендегідей: -Баланы және оның отбасын қатыстыру -Бала және табиғат. -Бала және қоршаған әлем. -Бала,қоғам және мәдени құндылықтар.
  • 34.  баланың сипаттамасы бойынша: -Тапсырыс беруші. -Іс-тәжірибе. -Орындаушы. -Қорытындыға дейін ой туғызатын қатысушылар. Байланыс сипаты бойынша. -Жас ерекшелігіне байланысты топта іске асады. -Басқа топтармен байланыс. -Мәдени мекемелер. -Қоғамдық ұйымдар (ашық жобалау) Қатысушылар саны бойынша: -Жеке -Жұппен -Топпен -Жаппай .Ұзақтық мерзімі бойынша. -Қысқа мерзімді -Орташа ұзақтылық. -Ұзақ мерзімді.
  • 35.  1. Ф.Н. Жұмабекова. «Мектепке дейінгі педагогика» [100-108 беттер].2012 жылы  2.Н.Е.Веракса. «Проектная деятельность дошкольников» 2006 жыл  3. О.И Давыдова, А.А. Майер , Л.Г. Богословец «Проекты в работе с семьей» 2000 жыл  4.Л.С.Киселёвой, Т.А.Данилиной, Т.С.Лагоды, М.Б.Зуйковой «Проектный метод в деятельности дошкольного учреждения» 2001 жыл  5. Қуанышқалиева А. К. Балабақшада жобалау әдісінің маңыздылығы және жүргізілу әдісі.
  • 36.  Кәсіби шығармашылық табыстар тілеймін!