SlideShare a Scribd company logo
1 of 3
1
Көк байрағым биікте желбірей түс!
Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс.Осы орайда
бүлдіршіндерді өршіл, намысшыл, елжанды, Отаншыл патриот болуға
үйретудемін.
Дәл қазіргі өзгермелі заманда "Мәңгілік ел" идеясын насихаттауға дөп
келіппін. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев әрқашан "Күшіміз -
жауапкершілікте.Бірлігіміз - әралуандықта.Еркіндігіміз - келісімде.
Абыройымыз - игілікте. Қауіпсіздігіміз - ашықтықта. Тәуелсіздігіміз -
серіктестікте. Болашағымыз - бүгінде", деп әрдайым осы жеті тірекке
сүйенеді. Тәуелсіздік таңы атып, егемен ел атанып, шекарамызды шегендеген
сәттен бастап, ұлттық идея мәселесі белсенді қолға алынды.
Осы сәттен бастап, тәрбиешілер қауымы да ұлттық идеямызды берік
ұстау үшін тер төгудеміз. Ұлттық идея - туған жер, өскен орта әсерлерінен
қалыптасып, халықтың тілі, ауыз әдебиеті, салт - санасы, әдет - ғұрпы,
ырымдары мен тыйымдары арқылы жүйеленген этностық сезім. Міне,
өскелең ұрпақтың бойына осы құндылықтарды сіңіре алсақ, әрбір қазақтың
перзенті болашақта "Мәңгілік ел" орнатудың қозғаушы күші болары
күмәнсіз. Әрине, бұл орайда сүбелі жұмыстар жүргізу біздің еншімізде.
Жүйткіген уақыт - ай десеңізші! Тәуелсіздік таңы атқанына 25 жылдың
жүзі болып қалыпты. Бірлігіміз арқасында аға - апаларымыз еліміздің
жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі Елорданы тұрғызғанына куә болдық. Иә,
мектеп қабырғасында Тәуелсіздік батырлары Қайрат, Ербол, Ләззат сынды
ержүрек аға - апаларының ерлігін кітаптан оқып өстік. Тәуелсіздік аясында
"Қазақ халқы хандығына 550 жыл", "Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 -
жыл" мерекелерінің де бірліктің арқасында аталып өткені біз үшін үлгі -
өнеге. Тәуелсіз Қазақ елінің Көк байрағын өз қолымен тұңғыш көтеріп, ата -
бабамыз ғасырлар бойы армандаған тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрған
2
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың аз жылдың аясында елімізді әлемге
танытқанын достарымның да түсіне білгені қуантады. Тәуелсіздік – тәу етер
жалғыз киеміз. Қазақ елі Тәуелсіздігінің 25 жылдығына аяқ бастық. Осынау
тәуелсіздігіміздің тұғыры бекіп, еліміз еңсесін көтерген тұста мемлекеттік
тілдегі кітапханада да біраз ауқымды істердің атқарылып, ана тіліне көбірек
көңіл бөлініп келеді.
Бұл тұста Елбасымыздың "Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін" деген
даналық сөзі есіме түседі. Тәуелсіздіктің тірегі, қазақ халқының қанына
біткен ынтымаққа ынтызар пейілі мен бірлікке деген берекелі ниетінің өзегін
насихаттау мұғалімдердің басты міндетіне айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев
мемлекетімізде тілдердің даму барысын биылғы дәстүрлі Жолдауында «бұл
– Тәуелсіздіктің орасан зор жетістігі» деп бір-ақ ауыз сөзбен жеткізген жоқ
па? Сондықтан әрбір қазақстандықтың көкейінде "Тәуелсіздік бізге не
берді?" деп емес, "Біз тәуелсіздікке не бердік?" деген сауал тұруы тиіс.
Иә, Қазақстан Тәуелсіз ел атанды. Ал, алыстағы қандас
бауырларымыздың өз туған жерімізде бас қосып, біріккеніміз Тәуелсіздікке
қол жеткізгеніміздің бір куәсі іспеттес.Тәуелсіз - ел болу дегеніміз кеудеңді
кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан
салт-дәстүріңді, тіліңді, дініңді қастерлеу. Сонымен қатар кітапханаға жыл
сайын барып, «Тәуелсіз Қазақстанның тарихи кезеңдері», «Желтоқсан –
тәуелсіздіктің ұлы рухы», «Тәуелсіздік – ел тірегі», «Әр жүректе –
Қазақстан» сияқты іс-шараларға ат салысуым да өскелең ұрпақты ұдайы
Тәуелсіздікті дамытуға күш салғаным деп білемін. Тәуелсіздік менің ана
тілімді қайтарды. Сондықтан да мен үшін Тіл мен Тәуелсіздік - егіз ұғым.
Уақыт көші оза келе сол қасиетті Ана тіліміз Тәуелсіздік туына айналды.
Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендк
ұстанымдарын биікке көтеретін күн – мен тәрізді тәрбиеші үшін қастерлі
мереке. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда
қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтілуде. Тәуелсіздігімізді
3
жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік.
Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты саясатының нәтижесі –
Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан
халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр.
Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық
қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан
халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі, қазіргі замандағы
өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық
негізгі бағыттарды құрайды. Сондықтан бұл күн жас мемлекетіміз үшін –
біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар, өткенге
деген тағзымды са-лауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып
табылады.
Мен Тәуелсіздікке не бере алдым? Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба
рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды
иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әкелетін осынау мереке
күні алға қарай тағы да берік сеніммен қарап, болашақтың тыныш өмірінің
негізін қалау үшін қазір де бұл бағыттағы іс-әрекетті жалғастырып келемін.
Қоғамдық өмір сабақтары мен Отанымыздың мүддесі қазіргі таңда
патриоттық дәстүрге сай келетін жаңа талаптарды алдымызға қойып отыр.
Ата-бабаларымыздың жүрегінде тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған
болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр емес пе? Елімізді бұл
күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт-
азаттық көтерілістері, ата-бабаларымыздың қандай ауыртпалықты да көтере
білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы - өшпес
өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс. Бұл тікелей мен тәрізді тәрбиешіге
жүктеледі. Осындай мүддеден шықсам менің Ұлы дала перзенті ретінде
өзімді-өзім көрсете алғаным.Ендеше, бүлдіршіндерді тәрбиелеуде еңбегімізді
еселей түсейік!

More Related Content

What's hot

1 желтоқсан слайд
1 желтоқсан слайд1 желтоқсан слайд
1 желтоқсан слайдDan41k
 
независимый казахстан сценарий
независимый казахстан   сценарийнезависимый казахстан   сценарий
независимый казахстан сценарийoquzaman
 
тәуелсіздік презентация
тәуелсіздік презентациятәуелсіздік презентация
тәуелсіздік презентацияoquzaman
 

What's hot (7)

1 желтоқсан слайд
1 желтоқсан слайд1 желтоқсан слайд
1 желтоқсан слайд
 
независимый казахстан сценарий
независимый казахстан   сценарийнезависимый казахстан   сценарий
независимый казахстан сценарий
 
тәуелсіздік презентация
тәуелсіздік презентациятәуелсіздік презентация
тәуелсіздік презентация
 
Тәуелсіз қазақстан
Тәуелсіз қазақстанТәуелсіз қазақстан
Тәуелсіз қазақстан
 
Abay
AbayAbay
Abay
 
ел рәміздері. мемлекеттік тіл.
ел рәміздері. мемлекеттік тіл.ел рәміздері. мемлекеттік тіл.
ел рәміздері. мемлекеттік тіл.
 
Егеменді еңселі елім менің!
Егеменді еңселі  елім менің!Егеменді еңселі  елім менің!
Егеменді еңселі елім менің!
 

Viewers also liked

Sun- Our Sole Reservoir Of Strength.
Sun- Our Sole Reservoir Of Strength.Sun- Our Sole Reservoir Of Strength.
Sun- Our Sole Reservoir Of Strength.Nikhil Parekh
 
Juan alfonso gómez ayala actividad 1.2 mapa_c
Juan alfonso gómez ayala actividad 1.2 mapa_cJuan alfonso gómez ayala actividad 1.2 mapa_c
Juan alfonso gómez ayala actividad 1.2 mapa_cJGOMEZA143
 
Richard D'Ambola – Proactive Advisor Magazine – Volume 3, Issue 5
Richard D'Ambola – Proactive Advisor Magazine – Volume 3, Issue 5Richard D'Ambola – Proactive Advisor Magazine – Volume 3, Issue 5
Richard D'Ambola – Proactive Advisor Magazine – Volume 3, Issue 5Proactive Advisor Magazine
 
Crime and Punishment in Magic
Crime and Punishment in MagicCrime and Punishment in Magic
Crime and Punishment in Magictrixobird
 
Rich Ralston – Proactive Advisor Magazine – Volume 3, Issue 10
Rich Ralston – Proactive Advisor Magazine – Volume 3, Issue 10Rich Ralston – Proactive Advisor Magazine – Volume 3, Issue 10
Rich Ralston – Proactive Advisor Magazine – Volume 3, Issue 10Proactive Advisor Magazine
 
Jong Oh – Proactive Advisor Magazine – Volume 3, Issue 11
Jong Oh – Proactive Advisor Magazine – Volume 3, Issue 11Jong Oh – Proactive Advisor Magazine – Volume 3, Issue 11
Jong Oh – Proactive Advisor Magazine – Volume 3, Issue 11Proactive Advisor Magazine
 
Wang j tm shift primers-final_2
Wang j tm shift primers-final_2Wang j tm shift primers-final_2
Wang j tm shift primers-final_2Claritza Munoz
 
Signaux prédurseurs, décision agile
Signaux prédurseurs, décision agileSignaux prédurseurs, décision agile
Signaux prédurseurs, décision agileJean MAGNE
 

Viewers also liked (12)

Sun- Our Sole Reservoir Of Strength.
Sun- Our Sole Reservoir Of Strength.Sun- Our Sole Reservoir Of Strength.
Sun- Our Sole Reservoir Of Strength.
 
Juan alfonso gómez ayala actividad 1.2 mapa_c
Juan alfonso gómez ayala actividad 1.2 mapa_cJuan alfonso gómez ayala actividad 1.2 mapa_c
Juan alfonso gómez ayala actividad 1.2 mapa_c
 
SENTHIL.BIODATA.1 - Copy
SENTHIL.BIODATA.1 - CopySENTHIL.BIODATA.1 - Copy
SENTHIL.BIODATA.1 - Copy
 
Richard D'Ambola – Proactive Advisor Magazine – Volume 3, Issue 5
Richard D'Ambola – Proactive Advisor Magazine – Volume 3, Issue 5Richard D'Ambola – Proactive Advisor Magazine – Volume 3, Issue 5
Richard D'Ambola – Proactive Advisor Magazine – Volume 3, Issue 5
 
PATRICKS 1.CV
PATRICKS 1.CVPATRICKS 1.CV
PATRICKS 1.CV
 
Crime and Punishment in Magic
Crime and Punishment in MagicCrime and Punishment in Magic
Crime and Punishment in Magic
 
Rich Ralston – Proactive Advisor Magazine – Volume 3, Issue 10
Rich Ralston – Proactive Advisor Magazine – Volume 3, Issue 10Rich Ralston – Proactive Advisor Magazine – Volume 3, Issue 10
Rich Ralston – Proactive Advisor Magazine – Volume 3, Issue 10
 
Madre Teresa de Calcuta
Madre Teresa de Calcuta Madre Teresa de Calcuta
Madre Teresa de Calcuta
 
Jong Oh – Proactive Advisor Magazine – Volume 3, Issue 11
Jong Oh – Proactive Advisor Magazine – Volume 3, Issue 11Jong Oh – Proactive Advisor Magazine – Volume 3, Issue 11
Jong Oh – Proactive Advisor Magazine – Volume 3, Issue 11
 
Wang j tm shift primers-final_2
Wang j tm shift primers-final_2Wang j tm shift primers-final_2
Wang j tm shift primers-final_2
 
Somos Dos Milímetros
Somos Dos MilímetrosSomos Dos Milímetros
Somos Dos Milímetros
 
Signaux prédurseurs, décision agile
Signaux prédurseurs, décision agileSignaux prédurseurs, décision agile
Signaux prédurseurs, décision agile
 

Similar to кушманова жансулу №15 ом

тарбие сагаты 19,10,2016
тарбие сагаты 19,10,2016тарбие сагаты 19,10,2016
тарбие сагаты 19,10,2016oquzaman
 
tәuelsіzdіk-–-taң-nұry.pptx
tәuelsіzdіk-–-taң-nұry.pptxtәuelsіzdіk-–-taң-nұry.pptx
tәuelsіzdіk-–-taң-nұry.pptxssuser09e04d1
 
балалардың қбб жүйесін жаңғырту
балалардың қбб жүйесін жаңғыртубалалардың қбб жүйесін жаңғырту
балалардың қбб жүйесін жаңғыртуAsem Sarsembayeva
 
тәрбие сағаты.ppt
тәрбие сағаты.pptтәрбие сағаты.ppt
тәрбие сағаты.pptAina981874
 
темирова б.ш. баяндама елжандылыққа тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтар, жезқаз...
темирова  б.ш. баяндама елжандылыққа тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтар, жезқаз...темирова  б.ш. баяндама елжандылыққа тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтар, жезқаз...
темирова б.ш. баяндама елжандылыққа тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтар, жезқаз...Asem Sarsembayeva
 
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз ҚазақстанТәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз ҚазақстанErjan Beisenhojaev
 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНОСАЯСАТ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНОСАЯСАТҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНОСАЯСАТ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНОСАЯСАТGulnur Kamalovna
 
Қазақстан Республикасы- көп ұлтты зайырлы мемлекет.pptx
Қазақстан Республикасы- көп ұлтты зайырлы мемлекет.pptxҚазақстан Республикасы- көп ұлтты зайырлы мемлекет.pptx
Қазақстан Республикасы- көп ұлтты зайырлы мемлекет.pptxAruzhanAblay
 

Similar to кушманова жансулу №15 ом (14)

тарбие сагаты 19,10,2016
тарбие сагаты 19,10,2016тарбие сагаты 19,10,2016
тарбие сагаты 19,10,2016
 
сыныптан тыс ж мыстар ма__ызы
сыныптан тыс ж  мыстар ма__ызысыныптан тыс ж  мыстар ма__ызы
сыныптан тыс ж мыстар ма__ызы
 
сейткалиева
сейткалиевасейткалиева
сейткалиева
 
жұмыс сабырова с
жұмыс сабырова сжұмыс сабырова с
жұмыс сабырова с
 
tәuelsіzdіk-–-taң-nұry.pptx
tәuelsіzdіk-–-taң-nұry.pptxtәuelsіzdіk-–-taң-nұry.pptx
tәuelsіzdіk-–-taң-nұry.pptx
 
балалардың қбб жүйесін жаңғырту
балалардың қбб жүйесін жаңғыртубалалардың қбб жүйесін жаңғырту
балалардың қбб жүйесін жаңғырту
 
00006b51 90aabef1
00006b51 90aabef100006b51 90aabef1
00006b51 90aabef1
 
0127 01
0127  010127  01
0127 01
 
тәрбие сағаты.ppt
тәрбие сағаты.pptтәрбие сағаты.ppt
тәрбие сағаты.ppt
 
темирова б.ш. баяндама елжандылыққа тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтар, жезқаз...
темирова  б.ш. баяндама елжандылыққа тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтар, жезқаз...темирова  б.ш. баяндама елжандылыққа тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтар, жезқаз...
темирова б.ш. баяндама елжандылыққа тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтар, жезқаз...
 
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз ҚазақстанТәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз Қазақстан
 
қазақстан тарихы ххі ғасырда (ашық шара)
қазақстан тарихы  ххі ғасырда (ашық шара)қазақстан тарихы  ххі ғасырда (ашық шара)
қазақстан тарихы ххі ғасырда (ашық шара)
 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНОСАЯСАТ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНОСАЯСАТҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНОСАЯСАТ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНОСАЯСАТ
 
Қазақстан Республикасы- көп ұлтты зайырлы мемлекет.pptx
Қазақстан Республикасы- көп ұлтты зайырлы мемлекет.pptxҚазақстан Республикасы- көп ұлтты зайырлы мемлекет.pptx
Қазақстан Республикасы- көп ұлтты зайырлы мемлекет.pptx
 

More from Вспомогательный образовательный сайт

More from Вспомогательный образовательный сайт (20)

метод.в орлеу1
метод.в орлеу1метод.в орлеу1
метод.в орлеу1
 
открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 

кушманова жансулу №15 ом

  • 1. 1 Көк байрағым биікте желбірей түс! Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс.Осы орайда бүлдіршіндерді өршіл, намысшыл, елжанды, Отаншыл патриот болуға үйретудемін. Дәл қазіргі өзгермелі заманда "Мәңгілік ел" идеясын насихаттауға дөп келіппін. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев әрқашан "Күшіміз - жауапкершілікте.Бірлігіміз - әралуандықта.Еркіндігіміз - келісімде. Абыройымыз - игілікте. Қауіпсіздігіміз - ашықтықта. Тәуелсіздігіміз - серіктестікте. Болашағымыз - бүгінде", деп әрдайым осы жеті тірекке сүйенеді. Тәуелсіздік таңы атып, егемен ел атанып, шекарамызды шегендеген сәттен бастап, ұлттық идея мәселесі белсенді қолға алынды. Осы сәттен бастап, тәрбиешілер қауымы да ұлттық идеямызды берік ұстау үшін тер төгудеміз. Ұлттық идея - туған жер, өскен орта әсерлерінен қалыптасып, халықтың тілі, ауыз әдебиеті, салт - санасы, әдет - ғұрпы, ырымдары мен тыйымдары арқылы жүйеленген этностық сезім. Міне, өскелең ұрпақтың бойына осы құндылықтарды сіңіре алсақ, әрбір қазақтың перзенті болашақта "Мәңгілік ел" орнатудың қозғаушы күші болары күмәнсіз. Әрине, бұл орайда сүбелі жұмыстар жүргізу біздің еншімізде. Жүйткіген уақыт - ай десеңізші! Тәуелсіздік таңы атқанына 25 жылдың жүзі болып қалыпты. Бірлігіміз арқасында аға - апаларымыз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі Елорданы тұрғызғанына куә болдық. Иә, мектеп қабырғасында Тәуелсіздік батырлары Қайрат, Ербол, Ләззат сынды ержүрек аға - апаларының ерлігін кітаптан оқып өстік. Тәуелсіздік аясында "Қазақ халқы хандығына 550 жыл", "Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 - жыл" мерекелерінің де бірліктің арқасында аталып өткені біз үшін үлгі - өнеге. Тәуелсіз Қазақ елінің Көк байрағын өз қолымен тұңғыш көтеріп, ата - бабамыз ғасырлар бойы армандаған тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрған
  • 2. 2 Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың аз жылдың аясында елімізді әлемге танытқанын достарымның да түсіне білгені қуантады. Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз киеміз. Қазақ елі Тәуелсіздігінің 25 жылдығына аяқ бастық. Осынау тәуелсіздігіміздің тұғыры бекіп, еліміз еңсесін көтерген тұста мемлекеттік тілдегі кітапханада да біраз ауқымды істердің атқарылып, ана тіліне көбірек көңіл бөлініп келеді. Бұл тұста Елбасымыздың "Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін" деген даналық сөзі есіме түседі. Тәуелсіздіктің тірегі, қазақ халқының қанына біткен ынтымаққа ынтызар пейілі мен бірлікке деген берекелі ниетінің өзегін насихаттау мұғалімдердің басты міндетіне айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев мемлекетімізде тілдердің даму барысын биылғы дәстүрлі Жолдауында «бұл – Тәуелсіздіктің орасан зор жетістігі» деп бір-ақ ауыз сөзбен жеткізген жоқ па? Сондықтан әрбір қазақстандықтың көкейінде "Тәуелсіздік бізге не берді?" деп емес, "Біз тәуелсіздікке не бердік?" деген сауал тұруы тиіс. Иә, Қазақстан Тәуелсіз ел атанды. Ал, алыстағы қандас бауырларымыздың өз туған жерімізде бас қосып, біріккеніміз Тәуелсіздікке қол жеткізгеніміздің бір куәсі іспеттес.Тәуелсіз - ел болу дегеніміз кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт-дәстүріңді, тіліңді, дініңді қастерлеу. Сонымен қатар кітапханаға жыл сайын барып, «Тәуелсіз Қазақстанның тарихи кезеңдері», «Желтоқсан – тәуелсіздіктің ұлы рухы», «Тәуелсіздік – ел тірегі», «Әр жүректе – Қазақстан» сияқты іс-шараларға ат салысуым да өскелең ұрпақты ұдайы Тәуелсіздікті дамытуға күш салғаным деп білемін. Тәуелсіздік менің ана тілімді қайтарды. Сондықтан да мен үшін Тіл мен Тәуелсіздік - егіз ұғым. Уақыт көші оза келе сол қасиетті Ана тіліміз Тәуелсіздік туына айналды. Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендк ұстанымдарын биікке көтеретін күн – мен тәрізді тәрбиеші үшін қастерлі мереке. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтілуде. Тәуелсіздігімізді
  • 3. 3 жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі, қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды. Сондықтан бұл күн жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар, өткенге деген тағзымды са-лауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Мен Тәуелсіздікке не бере алдым? Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әкелетін осынау мереке күні алға қарай тағы да берік сеніммен қарап, болашақтың тыныш өмірінің негізін қалау үшін қазір де бұл бағыттағы іс-әрекетті жалғастырып келемін. Қоғамдық өмір сабақтары мен Отанымыздың мүддесі қазіргі таңда патриоттық дәстүрге сай келетін жаңа талаптарды алдымызға қойып отыр. Ата-бабаларымыздың жүрегінде тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр емес пе? Елімізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт- азаттық көтерілістері, ата-бабаларымыздың қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы - өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс. Бұл тікелей мен тәрізді тәрбиешіге жүктеледі. Осындай мүддеден шықсам менің Ұлы дала перзенті ретінде өзімді-өзім көрсете алғаным.Ендеше, бүлдіршіндерді тәрбиелеуде еңбегімізді еселей түсейік!