SlideShare a Scribd company logo
1 of 8
Тақырыбы: «Қазақстан тарихы ХХІ ғасырда »
Көрнекілігі:шар,слайд,жарқырауықтар Барысы:
Ансамбльдіңорындауында шығарма. (хабарланбайды)
1 - жүргізуші:
Армысыздар,құрметтіұстаздар,оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына
арналған 25 жұлдызды күнаясында ауданбойынша ұйымдастырылыпотырған«Қазақстантарихы ХХІ ғасырда»
атты тәрбиелік шараға қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана
елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін
қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аманөткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние
дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай,сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан
Назарбаевтайкөрегенсаясаткердіңеренеңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшінорны ерекше мереке депбілеміз, себебі,осынау жүрекжарды
қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап,күтуменөтті. Қазақ елі ХХІ ғасырға дейін
көптеген қиыншылықтарды бастанкешіргені ешқашан ұмытылмайды.
-Мектеп басшысы Мұхамбеталиева Балерке Медеуқызына сөз кезегі беріледі.
2-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екенжылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты,ертеңі,
О, халайық! Құтты болсынқуаныш!
1-жүргізуші:
Азат өлкем күндейкүлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректіұғысқан.
Ата бабам аңсапөткенбақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
Кезекті оқушылар сәлемдемесіне береміз.
1-оқушы: Әйнегі –күн, шатыры –аспан,
Кең дала төсі толқыған егін.
Көлдері көкке күмістен шашқан,
Қазақстан-Республикам менің!
2-оқушы: Абай туған, Сәкен туған,
Құрметте , достым, қазақтың жерін.
Қамбаға жылда мол астық құйған,
Қазақстан-Республикам менің !
3-оқушы: Республикам күндей күлген шығыстан,
Асыл елім, жан жүректі ұғысқан.
Ата-бабам аңсап өткен бақытым,
Алтын бесік-Қазақстан Гүлстан.
4-оқушы: Астана – таң сәулелі өшпес жарық.
Жарқырап күндіз- түні тұрған жанып.
Қазаққа ай мен күндей нұрын шашқан,
Сол нұрдан ләззат алған барша халық.
5- оқушы: Есілдің жағасына қонған қалам,
Жүрегі қазағымның болған қалам
Күн санап ертегідей өскен қалам,
Жайнашы , жасай берші , нұрлы Астанам!
6-оқушы: Қауіпсіздік , ынтымақта талап бір,
Бар жүрекке ізігілікті тараттыр.
Осы жайлы Астананың Саммиті
Астанаға әлем бүгін қарап тұр.
7-оқушы: Алты құрлық, алыс-жақын, қиырдан,
Алпыс елдің басшылары жиылған.
Дүрбелеңді дүйім дүние назары
Бүгін біздің Астанаға бұрылған.
8-оқушы: Күн болды бұл керемет,
Ақ түйе қарны жарылған.
Ел болдық, шүкір не керек,
Әлемге аты танылған.
9-оқушы: Тұрағым Қазақстан елді мекен,
Сүйгем жоқ , сүйе алмаймын жерді бөтен.
Танытқан бар әлемге қазақ атын,
Туымды асқақтата желбіретем.
10-оқушы: Мереке бүгін ұлы күн,
Бабалар рухы көксеген.
Азатты елдің ұлымен,
Теңескен төбем көкпенен.
11-оқушы: Байтақ дала , жерім менің,
Арта берсін кенің сенің.
Көк байрағың желбіресін,
Егеменді елім менің!
12-оқушы: Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы келе берер!
13-оқушы: Тәуелсіз ел атандық,Биік даңқың.
Бар әлемге әйгілі ләйім атың.
Ата-баба қанымен келген бізге.
Тәуелсіздік құт болып қонды еліме,
Қорғап сені өтемін өле-өлгенше.
Мақтанамын әлемге Мен азатпын.
1-жүргізуші
Тарих бетіне үңілсек халқымыздыңТәуелсіздікке жету жолы оңай болған жоқ. Тамыры тереңтарихтың өзі
бұғанкуә. Араға санғасыр салып қазіргі қазақ елі бабалар аманатынжүзеге асырып,ғасырлар тоғысында көк
байрағын көкке көтеріп, азаттығынәйгіледі. Алтаймен Атыраудың,Арқа менЖетісудың арасындағы ұлан-ғайыр
далаға иелік еткенқазақ егеменел ретінде жаңа азат дәуірдің төрінен көріну үшін қаншама қырғын менқаралы
нәубетке ұшырады?!
2-жүргізуші Алаштың ұлы даласына көз алартқан империяшылдардың жымысқы пиғылы мен қантөгісі көп
солақай саясатыныңкесірінен ұлтымыз талайқиындық көрді. Тарихшы ғалымдардыңкелтірген деректеріне
сүйенсек, өткенғасырдың бастапқы кезеңінің өзінде қазақ даласында «қызыл террор» атқа ие болған қуғын-сүргін
менұжымдастыру саясаты салдарынанқазақ миллиондап қырылып, мал-мүлкінен айырылды.
1-жүргізуші
Қазақ елі Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері тарихымыздыңақтаңдақ тұстары ашылып,ұлттық құндылықтарымыз
қайта жандана бастады. Ғасырлар бойы бұл жолда қаншама тер,қаншама қан төгіп, қол бастағанесіл ерлеріміз бен
атқамінер жаужүрек батырларымыздыңеренерлігі тарихымызда алтынәріптермен жазылды. Тарих тамырына
бойласақ қазақ халқы Ресейбодандығында болғанжылдардыңөзінде ұлы далада тәуелсіздікке жету жолында 300
ден астам қазақ көтерілістері болған екен.
Ұлт.азаттық көтерілістер,Кіші жүз жеріндегі ең ірі көтерілістер: Сырым Датұлы,ИсатайменМахамбет ,
Кенесары Қасымұлы бастағанкөтерілістердіқазақ халқының жадында мәңгі есте сақталады.
2-жүргізуші
ХХ ғасырдың20-30 жылдары қазақ халқының басына қасыреттіңқара бұлты төніп ел ішін жойқын жау
шапқаннан бетер қырғынға ұшыратып, ұлт жадында мәңгі өшпес қасырет ізін қалдырған зұлмат кезеңболғаны аян.
ЕжелденАта қонысын көшіп-қонып еркін жайлап, төрт түлік малын баққан, малыменжанын баққанелді малынан
айырып, көнкөрісінен айырып, босқынға айналдырып, аштыққа ұшыратыпқынадай қырылуына жол берген,ел
қамына болысқанелдің ізгі жақсыларын - даналарын, батырларынтұтқынқамытынкигізіп, атып-шауып және
қырғынға ұшыратқанзар заманжаңғырығы уақыт қанша алға озғанмен ел жадынанәсте өшпек емес.
1-жүргізуші
1723 жылғы «Ақтабаншұбырынды,Алқакөл сұлама» атанғанірі апатты өз басынанөткеріп, көзімен көрген,
қырғынның жуан ортасында болғанқазақ халқы. «Ақтабаншұбырынды,Алқакөл сұламаның» шырғалаңы мен
аласапыраны қазақтардыңеркіндік пен ерлік рухын шыңдады. Ұлт перзенттері бардыңбасынқосып, халық
бірікпей тірлік болмайтынын түсінді. Бөгенбай, Қабанбай,Саурық, Жәнібек, Малайсары, Абылай, Әбілқайыр
бастағанқалыңел жоңғарларға қарсы майданашып, Бұланты менБөленті өзендерінің жағасында,Аңырақай
даласында ұлы жеңіске жетті. «Ақтабаншұбырынды,Алқакөл сұлама» қазақ халқының есінде ұлы қасірет болып
мәңгі тарихқа хатталды. Қазақ халқыныңтарихындағы ең ауыр кезең1723 жылы болған Жоңғар шапқыншылығы.
Бұл соғыс қазақ халқын туған жерінен, атамекенінен, ағайын туыстарынанайырды. Дүрліккен ел шұбырынды
болып көшіп, Қаратауға қарайбеттеді. Сөйтіп дүниеге « Елім – ай» әні келген.
2-жүргізуші Қайран менің, елім-ай,
Азаптар өтті, басыңнан.
Қиналып жүр-ау, бозторғай,
Айырылғандай болып, қанатынан
1-жүргізуші Қалайша болды,заманым?
Өркендеп, өсіп, жете алмай.
Күрсіну болды, амалым,
Көз жассыз,қарап, тұра алмай.
Көрініс «Елім-ай»
Көрініс «Елім – ай» өлеңі естіліп тұрады.
Көштің басшысы: Айбар: Біраз тынығып алайық,жол жүргенімізге қанша күн болса да,асқанымыз бір-
ақ асу.
Қария. Батырбек:-О, қасірет қасірет. Шынымен – ақ,сорлағанымыз ба? Қорланғанымыз ба? Өз
жерімізден өзіміз безініп,әлде сұм тағдырдың жазғаны ма еді? Көрсетпеген не қалып еді тағы да?
Бәйбіше : Ақерке:– Отағасы ау, тағдырдың салғанына көнеміз,артта аяулы күндеріміз келмеске кеткені
рас. Әбден азып-тозған мына қаралы көштің,бар үміті сенде.
Қыз: Мейрамгүл: -Самал жел сонша неге ызғарлысың? Нәресте кезімде де сен емес пе едің,осы
ызыңмен уатқан. Шынары биік қара тау, неге үндемейсің?Әлде мына менен шошынып
тұрмысың?Жасаған кешіре гөр, сені тастап кетіп барам.
Бәйбіше : Ақерке: Құлыным-ау,неге сонша көп жылайсың,сенің не күнәң бар еді? Ең ақыры кіндік
қаның тамған жерге сыймай кетіп барасың ғой. Туған жер, сен де бүгін қаралысың,перзентің біз де
қаралымыз, не деген қасірет?
Көшбасшы : уффф, қане жиналыңдар, әлі біздің жүрер біраз жолымыз бар ,кеш батпай тұрғанда
жолымызды жалғастырайық.
1.Қаратаудың басынан көш келеді.
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Қарындастан айырылған жаман екен,
Екі көзден мөлдіреп жас келеді.
2.Мына заман қай заман, қысқан заман.
Басымыздан бақ, дәулет ұшқан заман.
Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды,
Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман.
3.Мына заман, қай заман, бағзы заман.
Баяғыдай болар ма, тағы заман!
Қарындас пен қара орын қалғаннан соң,
Көздің жасын көл қылып ағызамын.
2 - жүргізуші:
Кең байтақ,көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
1 - жүргізуші: Біз тәуелсіз елдің ХХІ ғасырдың бақытты ұрпақтары тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген
жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсаноқиғасы. Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат-
мұратымен,тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір адамныңесінде мәңгі сақталады.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтыңбасынбіріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырғанбақытты да,қайғылы
күн еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес.
Бүкіл бір ұлттыңсүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың
ар-намысы таразыға салынғансынсағатта дүлейкүшке қаймықпайқарсы шыққан жастардыңеренеңбегі
ұрпақтан-ұрпаққа үлгі.
2 - жүргізуші:
Осыдан20 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаманоймен барғанжоқ. Олар бейбіт
жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқанағаларымыз бенапаларымыздыңарқасында ата-бабаларымызүш
ғасырға жуық уақыт бойы армандағантәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл
желтоқсанкөтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков,Л.Асанова,
С.Мұхаметжанова,Е.Сыпатаев апаларымыз бенағаларымыз қатысты.
Аманова Ақжүніс
Желтоқсан-замантолғағы байтақ даланың,
Шарпысқан сәттіүміт пен күдік наланың.
Қайрат, Ләззат пенСәбира
Құрбаны болған жаланың.
«Нашақор» деп «ұлтшыл» деп,
Қазаққа күйе жаққанкүн.
Базары кетіп бір күнде,
Қайғыға халық батқанкүн.
Ал қоғамның адамнанбар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтанзар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып.
Көрініс «Желтоқсанқұрбандары»
Тергеуші: Сенөзің Савицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба? Жоқ па?
Қайрат: Жоқ, менСавицкийді көргенім жоқ!
Тергеуші: Ақымақ! Әкетіңдер,атыңдар,көзін құртыңдар! Орындарыңыздан тұрыңыздар сот келе жатыр!
Үкім: Қазақ КСР Жоғарғы сотының сот мәжілісі залындағы ашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырынан16
маусымына дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтіңайыптау ісін қарай келіп, Қазақ КСР Қылмыстық істер
жүргізу кодексінің 287,299 және 301 баптарына сәйкес сот алқасы Үкім етеді»: Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков
кінәлі дептанылып мынадайқылмыстық жазаға тартылсын:
Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 60 бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан,65 бабы бойынша 15 жылға бас
бостандығынанайыруға, Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 173-1 бабы бойынша ең жоғары өлім жазасына,атуға
кесілсін.
Қайрат: Күнәдантаза басым бар,
21-де жасым бар,
Қасқалдақтайқаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десеңалыңдар!
Қайрат дегенатым бар,
Қазақ дегензатым бар.
«Еркек тоқты құрбандық»
Атам десеңатыңдар!
1 - жүргізуші:
Тәуелсіздікке өз үлестерін қосқан, кейінгі ұрпаққа бақыт сыйлаған аға-апаларымыз есімізде міңгі сақталады.
Қорыта келе, қазақ халқында «жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» дегенқанатты сөзі бар екені айдан
анық.
2 - жүргізуші:
Сондықтан болар, біздің халқымыздыңдана сөздерін қастерлепөткен, тарам-тарам тарих ғылымдары біз
білмейтін қатпарларын тайға таңба басқандайетіп, қашап кеткен. Желтоқсанқозғалысы үш күнменшектелмейді.
Бұл бүкіл халықтың рухани өміріне әсер етті. Ұлттық сананы қалыптастырып,ұлттық рухты өсірді.
Қазақ биі: 9 мектеп
1 - жүргізуші:
Қазақстантарихы ХХІ ғасырда. Тәуелсіздік! 25 жыл! Осы 25 жыл ішінде ХХІ ғасырдағы Қазақстантарихының
жетістіктері тарихта мәңгі сақталады. Ендеше жылдар тізбегіне көз жүгіртсек.
(1991-2016 жылдар сөйлейді. 25 бала сөйлейді)
Ән: Байтақ елім Қазақстан (Жанболат ағайдың балалармен хоры)
2 - жүргізуші:
Күй, сені тәттікөрем,жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып - күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой - қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық
«Домбырашылар квартеті» ..............................................................................................................................................
«Қобызшылар квартеті» ....................................................................................................................................................
1 - жүргізуші:
Бақытым - Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Сағанжетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса,бір шетінде жаз ауысқан.
Алдарыңызда «Жауқазын» би тобының орындауында «Аққу биі»
2 - жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылапкеліп қуанған, - депҚасым Аманжолов ағамыз жырлағандай,кең байтақ жерімізде қазақ
халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастанкешірсе де, ешқашанмойымай, күресе білді.
Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
1- жүргізуші:
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.
2 - жүргізуші:
9 мектеп ән
1 - жүргізуші:
«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады,ел
болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егемендіел болып, дүние жүзіне танылды. 125 - данаса ұлт
өкілдері тұратыносынау қасиеттімекенде, асқақтағанөлкеде,кеңшілігі керемет дархандастархандайдалада,егіні
теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанынжанындай
сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
2- жүргізуші:
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - теңдеп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт,жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтыңбәрінде айтам.
Би : 9 мектеп
Желтоқсан– замантолғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан– Қайрат, Ләззат,Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнанбар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтанзар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып
1- жүргізуші: Барлық ұлттыңбасынқосты бұл достық
Ұлы достық
Нұрлы достық
Күн достық
Достық дегенқасиеттіұранға
Кең даланың жүрегі де үнқосты
Биші қыздар биімен де үнқосты
«Поппури» биі.
2 - жүргізуші: ҚасиеттіҚазақстанмекенім,
Ақиқаттыңалтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым,өнер - білім, өркенім.
1 - жүргізуші:Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Көркем сөз Бахкерей Аяулым
2 - жүргізуші:
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтансыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт,татулық пен ынтымақ.
1 - жүргізуші:
Тастақты мекенеткенменің елім,
Бау-бақшаңжайқалады туғанжерім.
Еліме нәр бергіңде, сәнбергіңде,
Көркейіп, гүлдене бер туған жерім.
Ән: «Туған жер» (Мұғалімдер хоры)
Ән: Атамекен (мұғалімдер хоры)
(Барша бала шығыптұрады,қолдарында шар менжалауша)
1 - жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырыпелдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардыңерлігі
Ұлағаты өнегесіеңбегі
Тәуелсіздік туын ұстапжоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің
25 жылдығына арналған «Қазақстантарихы ХХІ-ғасырда » атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
2 - жүргізуші:
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздыңеңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсындеп тілейік.
1 - жүргізуші:
Құрметтіұстаздар,оқушылар, қонақтар сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құтты болсын.
Әлемге атыңжайылсын жарқын,
Жасайбер , жаса ,Қазақстан!
Баянды болсын бақытың, халқым,
Жасайбер, жаса,Қазақстан! Келесікездескенше сау саламатта болыңыздар!

More Related Content

What's hot

қр мемлекеттік рәміздері
қр мемлекеттік рәміздеріқр мемлекеттік рәміздері
қр мемлекеттік рәміздеріganamanapana
 
Менің отаным
Менің отанымМенің отаным
Менің отанымBilim All
 
Аксуская сельская библиотека
Аксуская сельская библиотека Аксуская сельская библиотека
Аксуская сельская библиотека Banu Shaykenova
 
Сабақтың тақырыбы: Біздің Елбасы
Сабақтың тақырыбы: Біздің ЕлбасыСабақтың тақырыбы: Біздің Елбасы
Сабақтың тақырыбы: Біздің ЕлбасыАйбек Қуандықұлы
 
1 желтоқсан слайд
1 желтоқсан слайд1 желтоқсан слайд
1 желтоқсан слайдDan41k
 
тәуелсіздік презентация
тәуелсіздік презентациятәуелсіздік презентация
тәуелсіздік презентацияoquzaman
 
независимый казахстан сценарий
независимый казахстан   сценарийнезависимый казахстан   сценарий
независимый казахстан сценарийoquzaman
 
Ден тәрбиесі сабағындағы қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау
Ден тәрбиесі сабағындағы  қазақтың ұлттық ойындарын  насихаттауДен тәрбиесі сабағындағы  қазақтың ұлттық ойындарын  насихаттау
Ден тәрбиесі сабағындағы қазақтың ұлттық ойындарын насихаттауАйбек Қуандықұлы
 

What's hot (20)

акме хандар туралы
акме хандар туралыакме хандар туралы
акме хандар туралы
 
же ¦с к__н¦ сценарий 4-топ
же  ¦с к__н¦ сценарий 4-топже  ¦с к__н¦ сценарий 4-топ
же ¦с к__н¦ сценарий 4-топ
 
қр мемлекеттік рәміздері
қр мемлекеттік рәміздеріқр мемлекеттік рәміздері
қр мемлекеттік рәміздері
 
Мен - Қазақстан азаматымын
Мен - Қазақстан  азаматымынМен - Қазақстан  азаматымын
Мен - Қазақстан азаматымын
 
сыңғырла соңғы қоңырау
сыңғырла соңғы қоңыраусыңғырла соңғы қоңырау
сыңғырла соңғы қоңырау
 
акме хандар туралы
акме хандар туралыакме хандар туралы
акме хандар туралы
 
Тәуелсіз қазақстан
Тәуелсіз қазақстанТәуелсіз қазақстан
Тәуелсіз қазақстан
 
Президент күніне тәрбие сағат
Президент күніне тәрбие сағатПрезидент күніне тәрбие сағат
Президент күніне тәрбие сағат
 
Moldsfg
MoldsfgMoldsfg
Moldsfg
 
БОЛАШАҚ – БІРЛІКТЕ!
БОЛАШАҚ – БІРЛІКТЕ!БОЛАШАҚ – БІРЛІКТЕ!
БОЛАШАҚ – БІРЛІКТЕ!
 
желтоқсан
желтоқсанжелтоқсан
желтоқсан
 
Мен елімнің ертеңімін
Мен елімнің ертеңімінМен елімнің ертеңімін
Мен елімнің ертеңімін
 
Менің отаным
Менің отанымМенің отаным
Менің отаным
 
Аксуская сельская библиотека
Аксуская сельская библиотека Аксуская сельская библиотека
Аксуская сельская библиотека
 
Сабақтың тақырыбы: Біздің Елбасы
Сабақтың тақырыбы: Біздің ЕлбасыСабақтың тақырыбы: Біздің Елбасы
Сабақтың тақырыбы: Біздің Елбасы
 
Тарих ғасырлар куәсі
Тарих ғасырлар куәсіТарих ғасырлар куәсі
Тарих ғасырлар куәсі
 
1 желтоқсан слайд
1 желтоқсан слайд1 желтоқсан слайд
1 желтоқсан слайд
 
тәуелсіздік презентация
тәуелсіздік презентациятәуелсіздік презентация
тәуелсіздік презентация
 
независимый казахстан сценарий
независимый казахстан   сценарийнезависимый казахстан   сценарий
независимый казахстан сценарий
 
Ден тәрбиесі сабағындағы қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау
Ден тәрбиесі сабағындағы  қазақтың ұлттық ойындарын  насихаттауДен тәрбиесі сабағындағы  қазақтың ұлттық ойындарын  насихаттау
Ден тәрбиесі сабағындағы қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау
 

Similar to қазақстан тарихы ххі ғасырда (ашық шара)

Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз ҚазақстанТәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз ҚазақстанErjan Beisenhojaev
 
«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptx
«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptx«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptx
«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptxBotaMalgazhdar1
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАС ҰРПАҚҚА САЛЫНҒАН САРА ЖОЛ
РУХАНИ  ЖАҢҒЫРУ –   ЖАС  ҰРПАҚҚА     САЛЫНҒАН  САРА  ЖОЛРУХАНИ  ЖАҢҒЫРУ –   ЖАС  ҰРПАҚҚА     САЛЫНҒАН  САРА  ЖОЛ
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАС ҰРПАҚҚА САЛЫНҒАН САРА ЖОЛssuser16ee1a
 
tәuelsіzdіk-–-taң-nұry.pptx
tәuelsіzdіk-–-taң-nұry.pptxtәuelsіzdіk-–-taң-nұry.pptx
tәuelsіzdіk-–-taң-nұry.pptxssuser09e04d1
 
рухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақаларухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақалаAsem Sarsembayeva
 
Әдебиеттік оқу 2- сынып
Әдебиеттік оқу 2- сынып Әдебиеттік оқу 2- сынып
Әдебиеттік оқу 2- сынып Erjan Beisenhojaev
 
Әдебиеттік оқу 2- сынып
Әдебиеттік оқу 2- сыныпӘдебиеттік оқу 2- сынып
Әдебиеттік оқу 2- сыныпErjan Beisenhojaev
 
алматы мастер класс
алматы мастер классалматы мастер класс
алматы мастер классAsem Sarsembayeva
 

Similar to қазақстан тарихы ххі ғасырда (ашық шара) (20)

sdsdsds
sdsdsdssdsdsds
sdsdsds
 
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз ҚазақстанТәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз Қазақстан
 
Abay
AbayAbay
Abay
 
«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptx
«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptx«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptx
«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptx
 
Мусажанов Кунслям
Мусажанов КунслямМусажанов Кунслям
Мусажанов Кунслям
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАС ҰРПАҚҚА САЛЫНҒАН САРА ЖОЛ
РУХАНИ  ЖАҢҒЫРУ –   ЖАС  ҰРПАҚҚА     САЛЫНҒАН  САРА  ЖОЛРУХАНИ  ЖАҢҒЫРУ –   ЖАС  ҰРПАҚҚА     САЛЫНҒАН  САРА  ЖОЛ
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАС ҰРПАҚҚА САЛЫНҒАН САРА ЖОЛ
 
tәuelsіzdіk-–-taң-nұry.pptx
tәuelsіzdіk-–-taң-nұry.pptxtәuelsіzdіk-–-taң-nұry.pptx
tәuelsіzdіk-–-taң-nұry.pptx
 
сыныптан тыс ж мыстар ма__ызы
сыныптан тыс ж  мыстар ма__ызысыныптан тыс ж  мыстар ма__ызы
сыныптан тыс ж мыстар ма__ызы
 
қазақстан 2050
қазақстан 2050қазақстан 2050
қазақстан 2050
 
741fdf
741fdf741fdf
741fdf
 
рухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақаларухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақала
 
Әдебиеттік оқу 2- сынып
Әдебиеттік оқу 2- сынып Әдебиеттік оқу 2- сынып
Әдебиеттік оқу 2- сынып
 
Әдебиеттік оқу 2- сынып
Әдебиеттік оқу 2- сыныпӘдебиеттік оқу 2- сынып
Әдебиеттік оқу 2- сынып
 
Scenary 1
Scenary 1Scenary 1
Scenary 1
 
аягоз на кон
аягоз на конаягоз на кон
аягоз на кон
 
Төлеген Айбергенов
Төлеген АйбергеновТөлеген Айбергенов
Төлеген Айбергенов
 
тау ж _лдыз
тау ж _лдызтау ж _лдыз
тау ж _лдыз
 
Туған өлкем
Туған өлкемТуған өлкем
Туған өлкем
 
алматы мастер класс
алматы мастер классалматы мастер класс
алматы мастер класс
 
ж.к.рахимбекова на конкурс
ж.к.рахимбекова на конкурсж.к.рахимбекова на конкурс
ж.к.рахимбекова на конкурс
 

More from Вспомогательный образовательный сайт

More from Вспомогательный образовательный сайт (20)

метод.в орлеу1
метод.в орлеу1метод.в орлеу1
метод.в орлеу1
 
открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 

қазақстан тарихы ххі ғасырда (ашық шара)

  • 1. Тақырыбы: «Қазақстан тарихы ХХІ ғасырда » Көрнекілігі:шар,слайд,жарқырауықтар Барысы: Ансамбльдіңорындауында шығарма. (хабарланбайды) 1 - жүргізуші: Армысыздар,құрметтіұстаздар,оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған 25 жұлдызды күнаясында ауданбойынша ұйымдастырылыпотырған«Қазақстантарихы ХХІ ғасырда» атты тәрбиелік шараға қош келдіңіздер! Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аманөткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай,сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтайкөрегенсаясаткердіңеренеңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшінорны ерекше мереке депбілеміз, себебі,осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап,күтуменөтті. Қазақ елі ХХІ ғасырға дейін көптеген қиыншылықтарды бастанкешіргені ешқашан ұмытылмайды. -Мектеп басшысы Мұхамбеталиева Балерке Медеуқызына сөз кезегі беріледі. 2-жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс, Біздің жаққа жеткен екенжылы ағыс. Егемендік - ел бақыты,ертеңі, О, халайық! Құтты болсынқуаныш! 1-жүргізуші: Азат өлкем күндейкүлген шығыстан, Асыл елім жан - жүректіұғысқан. Ата бабам аңсапөткенбақытым, Айналайын, Қазақстан - Гүлстан! Кезекті оқушылар сәлемдемесіне береміз. 1-оқушы: Әйнегі –күн, шатыры –аспан, Кең дала төсі толқыған егін. Көлдері көкке күмістен шашқан, Қазақстан-Республикам менің! 2-оқушы: Абай туған, Сәкен туған, Құрметте , достым, қазақтың жерін. Қамбаға жылда мол астық құйған, Қазақстан-Республикам менің ! 3-оқушы: Республикам күндей күлген шығыстан, Асыл елім, жан жүректі ұғысқан. Ата-бабам аңсап өткен бақытым, Алтын бесік-Қазақстан Гүлстан. 4-оқушы: Астана – таң сәулелі өшпес жарық. Жарқырап күндіз- түні тұрған жанып. Қазаққа ай мен күндей нұрын шашқан, Сол нұрдан ләззат алған барша халық.
  • 2. 5- оқушы: Есілдің жағасына қонған қалам, Жүрегі қазағымның болған қалам Күн санап ертегідей өскен қалам, Жайнашы , жасай берші , нұрлы Астанам! 6-оқушы: Қауіпсіздік , ынтымақта талап бір, Бар жүрекке ізігілікті тараттыр. Осы жайлы Астананың Саммиті Астанаға әлем бүгін қарап тұр. 7-оқушы: Алты құрлық, алыс-жақын, қиырдан, Алпыс елдің басшылары жиылған. Дүрбелеңді дүйім дүние назары Бүгін біздің Астанаға бұрылған. 8-оқушы: Күн болды бұл керемет, Ақ түйе қарны жарылған. Ел болдық, шүкір не керек, Әлемге аты танылған. 9-оқушы: Тұрағым Қазақстан елді мекен, Сүйгем жоқ , сүйе алмаймын жерді бөтен. Танытқан бар әлемге қазақ атын, Туымды асқақтата желбіретем. 10-оқушы: Мереке бүгін ұлы күн, Бабалар рухы көксеген. Азатты елдің ұлымен, Теңескен төбем көкпенен. 11-оқушы: Байтақ дала , жерім менің, Арта берсін кенің сенің. Көк байрағың желбіресін, Егеменді елім менің! 12-оқушы: Атыңнан айналайын егемен ел, Тәуелсіз күнің туды кенеле бер. Мерейің құтты болсын, тәуелсіздік, Ғасырдың тойы болшы келе берер! 13-оқушы: Тәуелсіз ел атандық,Биік даңқың. Бар әлемге әйгілі ләйім атың. Ата-баба қанымен келген бізге. Тәуелсіздік құт болып қонды еліме, Қорғап сені өтемін өле-өлгенше. Мақтанамын әлемге Мен азатпын. 1-жүргізуші Тарих бетіне үңілсек халқымыздыңТәуелсіздікке жету жолы оңай болған жоқ. Тамыры тереңтарихтың өзі бұғанкуә. Араға санғасыр салып қазіргі қазақ елі бабалар аманатынжүзеге асырып,ғасырлар тоғысында көк байрағын көкке көтеріп, азаттығынәйгіледі. Алтаймен Атыраудың,Арқа менЖетісудың арасындағы ұлан-ғайыр далаға иелік еткенқазақ егеменел ретінде жаңа азат дәуірдің төрінен көріну үшін қаншама қырғын менқаралы нәубетке ұшырады?! 2-жүргізуші Алаштың ұлы даласына көз алартқан империяшылдардың жымысқы пиғылы мен қантөгісі көп солақай саясатыныңкесірінен ұлтымыз талайқиындық көрді. Тарихшы ғалымдардыңкелтірген деректеріне сүйенсек, өткенғасырдың бастапқы кезеңінің өзінде қазақ даласында «қызыл террор» атқа ие болған қуғын-сүргін менұжымдастыру саясаты салдарынанқазақ миллиондап қырылып, мал-мүлкінен айырылды.
  • 3. 1-жүргізуші Қазақ елі Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері тарихымыздыңақтаңдақ тұстары ашылып,ұлттық құндылықтарымыз қайта жандана бастады. Ғасырлар бойы бұл жолда қаншама тер,қаншама қан төгіп, қол бастағанесіл ерлеріміз бен атқамінер жаужүрек батырларымыздыңеренерлігі тарихымызда алтынәріптермен жазылды. Тарих тамырына бойласақ қазақ халқы Ресейбодандығында болғанжылдардыңөзінде ұлы далада тәуелсіздікке жету жолында 300 ден астам қазақ көтерілістері болған екен. Ұлт.азаттық көтерілістер,Кіші жүз жеріндегі ең ірі көтерілістер: Сырым Датұлы,ИсатайменМахамбет , Кенесары Қасымұлы бастағанкөтерілістердіқазақ халқының жадында мәңгі есте сақталады. 2-жүргізуші ХХ ғасырдың20-30 жылдары қазақ халқының басына қасыреттіңқара бұлты төніп ел ішін жойқын жау шапқаннан бетер қырғынға ұшыратып, ұлт жадында мәңгі өшпес қасырет ізін қалдырған зұлмат кезеңболғаны аян. ЕжелденАта қонысын көшіп-қонып еркін жайлап, төрт түлік малын баққан, малыменжанын баққанелді малынан айырып, көнкөрісінен айырып, босқынға айналдырып, аштыққа ұшыратыпқынадай қырылуына жол берген,ел қамына болысқанелдің ізгі жақсыларын - даналарын, батырларынтұтқынқамытынкигізіп, атып-шауып және қырғынға ұшыратқанзар заманжаңғырығы уақыт қанша алға озғанмен ел жадынанәсте өшпек емес. 1-жүргізуші 1723 жылғы «Ақтабаншұбырынды,Алқакөл сұлама» атанғанірі апатты өз басынанөткеріп, көзімен көрген, қырғынның жуан ортасында болғанқазақ халқы. «Ақтабаншұбырынды,Алқакөл сұламаның» шырғалаңы мен аласапыраны қазақтардыңеркіндік пен ерлік рухын шыңдады. Ұлт перзенттері бардыңбасынқосып, халық бірікпей тірлік болмайтынын түсінді. Бөгенбай, Қабанбай,Саурық, Жәнібек, Малайсары, Абылай, Әбілқайыр бастағанқалыңел жоңғарларға қарсы майданашып, Бұланты менБөленті өзендерінің жағасында,Аңырақай даласында ұлы жеңіске жетті. «Ақтабаншұбырынды,Алқакөл сұлама» қазақ халқының есінде ұлы қасірет болып мәңгі тарихқа хатталды. Қазақ халқыныңтарихындағы ең ауыр кезең1723 жылы болған Жоңғар шапқыншылығы. Бұл соғыс қазақ халқын туған жерінен, атамекенінен, ағайын туыстарынанайырды. Дүрліккен ел шұбырынды болып көшіп, Қаратауға қарайбеттеді. Сөйтіп дүниеге « Елім – ай» әні келген. 2-жүргізуші Қайран менің, елім-ай, Азаптар өтті, басыңнан. Қиналып жүр-ау, бозторғай, Айырылғандай болып, қанатынан 1-жүргізуші Қалайша болды,заманым? Өркендеп, өсіп, жете алмай. Күрсіну болды, амалым, Көз жассыз,қарап, тұра алмай. Көрініс «Елім-ай» Көрініс «Елім – ай» өлеңі естіліп тұрады. Көштің басшысы: Айбар: Біраз тынығып алайық,жол жүргенімізге қанша күн болса да,асқанымыз бір- ақ асу. Қария. Батырбек:-О, қасірет қасірет. Шынымен – ақ,сорлағанымыз ба? Қорланғанымыз ба? Өз жерімізден өзіміз безініп,әлде сұм тағдырдың жазғаны ма еді? Көрсетпеген не қалып еді тағы да? Бәйбіше : Ақерке:– Отағасы ау, тағдырдың салғанына көнеміз,артта аяулы күндеріміз келмеске кеткені рас. Әбден азып-тозған мына қаралы көштің,бар үміті сенде. Қыз: Мейрамгүл: -Самал жел сонша неге ызғарлысың? Нәресте кезімде де сен емес пе едің,осы ызыңмен уатқан. Шынары биік қара тау, неге үндемейсің?Әлде мына менен шошынып тұрмысың?Жасаған кешіре гөр, сені тастап кетіп барам. Бәйбіше : Ақерке: Құлыным-ау,неге сонша көп жылайсың,сенің не күнәң бар еді? Ең ақыры кіндік қаның тамған жерге сыймай кетіп барасың ғой. Туған жер, сен де бүгін қаралысың,перзентің біз де қаралымыз, не деген қасірет? Көшбасшы : уффф, қане жиналыңдар, әлі біздің жүрер біраз жолымыз бар ,кеш батпай тұрғанда жолымызды жалғастырайық.
  • 4. 1.Қаратаудың басынан көш келеді. Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. Қарындастан айырылған жаман екен, Екі көзден мөлдіреп жас келеді. 2.Мына заман қай заман, қысқан заман. Басымыздан бақ, дәулет ұшқан заман. Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды, Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман. 3.Мына заман, қай заман, бағзы заман. Баяғыдай болар ма, тағы заман! Қарындас пен қара орын қалғаннан соң, Көздің жасын көл қылып ағызамын. 2 - жүргізуші: Кең байтақ,көз жетпейтін жерім менің Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің Бүгінде бар әлемге даңқың жетті Тәуелсіз Қазақстан – елім менің 1 - жүргізуші: Біз тәуелсіз елдің ХХІ ғасырдың бақытты ұрпақтары тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсаноқиғасы. Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат- мұратымен,тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір адамныңесінде мәңгі сақталады. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтыңбасынбіріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырғанбақытты да,қайғылы күн еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес. Бүкіл бір ұлттыңсүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынғансынсағатта дүлейкүшке қаймықпайқарсы шыққан жастардыңеренеңбегі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі. 2 - жүргізуші: Осыдан20 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаманоймен барғанжоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқанағаларымыз бенапаларымыздыңарқасында ата-бабаларымызүш ғасырға жуық уақыт бойы армандағантәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсанкөтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков,Л.Асанова, С.Мұхаметжанова,Е.Сыпатаев апаларымыз бенағаларымыз қатысты. Аманова Ақжүніс Желтоқсан-замантолғағы байтақ даланың, Шарпысқан сәттіүміт пен күдік наланың. Қайрат, Ләззат пенСәбира Құрбаны болған жаланың. «Нашақор» деп «ұлтшыл» деп, Қазаққа күйе жаққанкүн. Базары кетіп бір күнде, Қайғыға халық батқанкүн. Ал қоғамның адамнанбар ма асылы, Кеткенде жоқ құлақтанзар басылып, Бұғаудағы боздақтары кете барды Бірі атылып, ал бірі дарға асылып.
  • 5. Көрініс «Желтоқсанқұрбандары» Тергеуші: Сенөзің Савицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба? Жоқ па? Қайрат: Жоқ, менСавицкийді көргенім жоқ! Тергеуші: Ақымақ! Әкетіңдер,атыңдар,көзін құртыңдар! Орындарыңыздан тұрыңыздар сот келе жатыр! Үкім: Қазақ КСР Жоғарғы сотының сот мәжілісі залындағы ашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырынан16 маусымына дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтіңайыптау ісін қарай келіп, Қазақ КСР Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287,299 және 301 баптарына сәйкес сот алқасы Үкім етеді»: Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі дептанылып мынадайқылмыстық жазаға тартылсын: Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 60 бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан,65 бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынанайыруға, Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 173-1 бабы бойынша ең жоғары өлім жазасына,атуға кесілсін. Қайрат: Күнәдантаза басым бар, 21-де жасым бар, Қасқалдақтайқаным бар, Бозторғайдай жаным бар. Алам десеңалыңдар! Қайрат дегенатым бар, Қазақ дегензатым бар. «Еркек тоқты құрбандық» Атам десеңатыңдар! 1 - жүргізуші: Тәуелсіздікке өз үлестерін қосқан, кейінгі ұрпаққа бақыт сыйлаған аға-апаларымыз есімізде міңгі сақталады. Қорыта келе, қазақ халқында «жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» дегенқанатты сөзі бар екені айдан анық. 2 - жүргізуші: Сондықтан болар, біздің халқымыздыңдана сөздерін қастерлепөткен, тарам-тарам тарих ғылымдары біз білмейтін қатпарларын тайға таңба басқандайетіп, қашап кеткен. Желтоқсанқозғалысы үш күнменшектелмейді. Бұл бүкіл халықтың рухани өміріне әсер етті. Ұлттық сананы қалыптастырып,ұлттық рухты өсірді. Қазақ биі: 9 мектеп 1 - жүргізуші: Қазақстантарихы ХХІ ғасырда. Тәуелсіздік! 25 жыл! Осы 25 жыл ішінде ХХІ ғасырдағы Қазақстантарихының жетістіктері тарихта мәңгі сақталады. Ендеше жылдар тізбегіне көз жүгіртсек. (1991-2016 жылдар сөйлейді. 25 бала сөйлейді) Ән: Байтақ елім Қазақстан (Жанболат ағайдың балалармен хоры)
  • 6. 2 - жүргізуші: Күй, сені тәттікөрем,жаным сүйіп, Тыңдаймын тыным алмай, жанып - күйіп Өмірдің сырын ашып жүрегіме Музаның әміріне басымды иіп. Алайық ескі күйдің бәрін жиып, Жандырған ой - қиялды қалың күйік Шерттіріп құнарлырақ домбыраға Тербеліп ырғағына тамылжиық «Домбырашылар квартеті» .............................................................................................................................................. «Қобызшылар квартеті» .................................................................................................................................................... 1 - жүргізуші: Бақытым - Республикам Қазақстан, Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан. Сағанжетпес құшағы әлемнің де, Қыс болса,бір шетінде жаз ауысқан. Алдарыңызда «Жауқазын» би тобының орындауында «Аққу биі» 2 - жүргізуші: Қазақ дейтін менің бір елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін. Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далаға жылапкеліп қуанған, - депҚасым Аманжолов ағамыз жырлағандай,кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастанкешірсе де, ешқашанмойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді. 1- жүргізуші: Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады, Өкініш пе, білмеймін қуаныш па Өз - өзінен жүрегім ән салады. 2 - жүргізуші: 9 мектеп ән 1 - жүргізуші: «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады,ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егемендіел болып, дүние жүзіне танылды. 125 - данаса ұлт өкілдері тұратыносынау қасиеттімекенде, асқақтағанөлкеде,кеңшілігі керемет дархандастархандайдалада,егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанынжанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. 2- жүргізуші: Қазақпын, еңселі елмін егеменді, Кеңейттім кең әлемге керегемді. Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар Таныды тепе - теңдеп тереземді. Қазақпын, қойнауы - құт,жері - дархан, Әнімді бес құрлықтыңбәрінде айтам.
  • 7. Би : 9 мектеп Желтоқсан– замантолғағы байтақ даланың, Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың Желтоқсан– Қайрат, Ләззат,Сабира Құрбаны болған жаланың Ал қоғамның адамнанбар ма асылы, Кеткенде жоқ құлақтанзар басылып, Бұғаудағы боздақтары кете барды Бірі атылып, ал бірі дарға асылып 1- жүргізуші: Барлық ұлттыңбасынқосты бұл достық Ұлы достық Нұрлы достық Күн достық Достық дегенқасиеттіұранға Кең даланың жүрегі де үнқосты Биші қыздар биімен де үнқосты «Поппури» биі. 2 - жүргізуші: ҚасиеттіҚазақстанмекенім, Ақиқаттыңалтын бесігі екенсің. Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, Болашағым,өнер - білім, өркенім. 1 - жүргізуші:Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма Туған тілім шұбарланба жарқыра Тарихымызда таланттылар көбейсін Бас иемін ата баба рухына. Көркем сөз Бахкерей Аяулым 2 - жүргізуші: Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап Сол бұлақтансыр ағыздым жыр құрап Тілейтінім барша жұртқа бір ғана Ырыс, бақыт,татулық пен ынтымақ. 1 - жүргізуші: Тастақты мекенеткенменің елім, Бау-бақшаңжайқалады туғанжерім. Еліме нәр бергіңде, сәнбергіңде, Көркейіп, гүлдене бер туған жерім. Ән: «Туған жер» (Мұғалімдер хоры) Ән: Атамекен (мұғалімдер хоры) (Барша бала шығыптұрады,қолдарында шар менжалауша) 1 - жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін бағына Жас өрендер желбіретіп нық ұста Ғасырларға жалғастырыпелдікті Дақ түсірме ата баба рухына Үлгі бізге аталардыңерлігі Ұлағаты өнегесіеңбегі Тәуелсіздік туын ұстапжоғары Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Қазақстантарихы ХХІ-ғасырда » атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
  • 8. 2 - жүргізуші: Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, Туған күнің құтты болсын, алыбым! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздыңеңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсындеп тілейік. 1 - жүргізуші: Құрметтіұстаздар,оқушылар, қонақтар сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құтты болсын. Әлемге атыңжайылсын жарқын, Жасайбер , жаса ,Қазақстан! Баянды болсын бақытың, халқым, Жасайбер, жаса,Қазақстан! Келесікездескенше сау саламатта болыңыздар!