SlideShare a Scribd company logo
1 of 4
«Балалардың ҚББ жүйесін жаңғырту, инновацияларды енгізу және қызмет сапасын
қамтамасыз ету» тақырыбында УІ облыстық ғылыми-практикалық конференциясы
Тақырыбы: «Тұлғаны әлеуметтендірудегі патриоттық
тәрбиенің рөлі»
Тилеубаева Эльзат Аязқұлқызы
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі
Аудандық «Жас Ұлан» балалар қоғамдық ұйымының үйлестірушісі.
Құлан-2015 жыл
«Тұлғаны әлеуметтендірудегі патриоттық тәрбиенің рөлі»
Құрметті YІ облыстық ғылыми-практикалық конференциясына қатысушы әріптестер!
Сіздерді жаңа жылдарыңызбен құттықтай отырып, сіздерге және ұжымдарыңызға тек қана
сәттіліктер мен жетістіктер тілеймін.
Бүгінгі сөзге тиек ететін мәселе «Тұлғаны әлеуметтендірудегі патриоттық тәрбиенің рөлі»
тақырыбының аясында болып отыр.
Бақыттың бастауы – білім. Әбу Насыр әл – Фараби: «Бақытты болу, кәмелетке келу, қоғамдық
құрылысты жақсарту – барлығы білімділікке байланысты» деген. Замана ағымы ұстаздар
қауымынан білім деңгейі арнайы (пәндік) біліммен ғана шектелмей, әлеуметтік, нарықтық жүйеде
ұлттық және әлемдік мәдениет ғұрыптарын бойына сіңірген, рухани бай әрі білімді дара тұлғаны
жан – жақты дамытуды талап етіп отыр. ҚР «Білім туралы» Заңында қосымша білім беру –
азаматтардың қоғам мен мемлекеттің білімге деген қажеттіліктерін жан – жақты қанағаттандыру
мақсатымен барлық деңгейдегі қосымша білім беру бағдарламаларының негізінде жүзеге
асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процестері деп көрсетілген.
Шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, ұлттық сана-сезімі дамыған , жалпы адами
құндылықтарды меңгеру дағдылары қалыптасқан, айналадағы өмірдің өзгерген жағдайына тез
бейімделетін, мәдениетті тұлға тәрбиелеу тәрбиенің стратегиялық бағыты болып табылады.
Осы стратегиялық бағыттың ойдағыдай орындалуына мектептен тыс ұйымдар өзінің нақты
үлесін қосып келеді.
Бүгінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан-2050»
стратегиялық бағдарламасында еліміздің дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын айқындап
берді, оның ішінде ұлттық қауіпсіздігіміз, егемендігіміз бен тәуелсіздігіміз ерекше аталды. Бұл
жерде барлық Қазақстан халықтарының азаматтығы мен отансүйгіштік сезімдерін дамытуға аса
көңіл аудару қажеттілігі анықталған.
Жас бала сәмбі тал сияқты, қалай исең солай өседі, яғни, жас ұрпақ өмірінде біліммен қатар
тәрбиенің де қызметі зор.
Осы ретте қосымша білім беру ұйымдарының негізгі ұстанымдары ҚР «Білім туралы»
заңына сәйкес болуы керек. Аталған заңда білім беру жүйесінің міндеттері анық көрсетілген. Ел
Президентінің «Қазақстан-2050» бағдарламасында, ҚР Президентінің Қазақстан халқына
Жолдауында және басқа да құжаттарға сәйкес жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру білім беру
жүйесінің басым бағытының бірі ретінде ерекше көңіл бөлінген. Еліміздің білім беру ұйымында
патриоттық тәрбие беретін үйірмелер, клубтар, бірлестіктер қайта жандандырылуда, онда жастар
қасиетті Отан қорғау борышын атқару үшін түрлі дайындықтан өтеді.
Бүгінгі таңда ауданымызда әскери-спорттық , балалар қоғамдық ұйымдарының жұмысын
дамытуға ерекше назар аударылуда. Оны барынша қолдап дамыту мақсатында әскери-
патриоттық бірлестіктердің аудандық слеті жиі өтеді.Осы слет оқушылардың бойында Отанға
деген сүйіспеншілік қалыптастыру, өз Отанының алдындағы азаттық борышын сезіндіру,
Қазақстан халқының тарихымен таныстыру және оның ұлттық жауынгерлік, еңбек дәстүрлерін
жалғастыру мақсатында өткізілді.
Т.Рысқұлов ауданындағы «Жас Ұлан» балалар қоғамдық ұйымының қосқан үлесі аз
емес.Алдына қойған мақсаттары мынадай:
- өскелең ұрпақты демократиялық қоғамда өмір сүруге үйрету;
- азаматтық белсенділік пен білімділіктерін, елжандылық сезімдерін, өз Отанына деген
сүйіспеншіліктерін ояту;
- қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа, ынтымақтастық пен жалпыадамзаттық құндылықтар
идеясына негізделген тұлғаны қалыптастыру;
- тұлғаны әлеуметтендіруге жағдай жасау;
- жалпыадамзаттық құндылықты бейнелейтін рухани, саяси бағдарларды жүзеге асыруға ықпал
ету;
- өзіндік азаматтық санасын қалыптастыру;
- заңға бағыну және құқықтық сананы тәрбиелеу.
Осындай мақсат-міндеттерді басшылыққа ала отырып, орталықтағы «Жас Ұлан» патриоттық
клубы мен «Жас Ұлан» балалар қоғамдық ұйымы үздіксіз және жан-жақты патриотизмге
тәрбиелеу жұмыстарын атқарып келеді.
«Жас Ұлан» балалар қоғамдық ұйымы мектеп оқушыларының бос уақытын дұрыс
ұйымдастыру, қоғамдық іс-әрекеттерге араластыра отырып, жауапкершіліктерін, өзін-өзі басқару
құзыреттілігін арттыру, мектеп оқушыларының бойына патриотизм мен азаматтылықты
тәрбиелеу мақсатында құрылған.
«Атамекен» бағыты – «жасұландықтардың» санасында қазақстандық танымның және мәдени
түсініктің қалыптасуына , азаматтық парыздың орындалуына , толеранттылық пен патриоттық ,
отанға қызмет ету маңыздылығы, өз халқың үшін мақтаныш сезімі, мемлекеттік рәміздерді,
мемлекеттің және туған өлкеңнің идеологиялық негіздерін білуге жағдай жасайтын бағыт.
Сонымен қатар еңбек және соғыс ардагерлеріне құрметпен қарай отырып, олардың ерлігіне бас
ию, тәлім-тәрбие алу мақсатын көздейді.
Аудандық «Жас Ұлан» ұйымының оқушылары еңбек, соғыс ардагерлерін шефтік
қамқорлыққа алып, мүмкіндіктерінше көмек көрсетіп, кездесулер ұйымдастыру дәстүрге айналған.
«Ер есімі-ел есінде» демекші, ұйым мүшелері Отан үшін отқа түскен ерлерді еске түсіріп,
ескерткіштерді баптайды.
Ұйымның барлық бағыттары баланы саналы азаматтық қатынастар орната білуіне жағдай
жасау және әлеуметтік алғышарттар құруға тәрбиелеуге бағытталған.
Жоғарыда айтылған әрекеттерден біздің күтетін нәтижеміз: Қазақстандық патриоттың
моделін қалыптастыру.
Патриоттық тәрбие беруде күтілетін нәтижелер:
- оқушылардың қоғамдық өміріндегі балалар мен жастар ұйымдарының рөлін дамыту;
- балалар мен жастар тәрбиесіндегі ұлттық және жалпыадамзаттық өзара әрекеттесу
ұстанымын нақты өмірге енгізу;
- ресми және бейресми ұйымдар арқылы жастардың өздерінің қабілеттерін- іске асыруына
қажетті жағдайлар жасау;
- азаматтық көзқарасты белсенділендіру;
- интеллектуалды шаралар арқылы жастардың өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға қажетті
жағдай жасау;
Қазақстандық
патриоттың моделі
Мемлекеттік тілді,
өз елінің салт-дәстүрін,
тарихын,
мәдениетін құрметтейтін
Толерантты
Рухани және
құқықты сауатты
Отан тағдырына,
қауіпсіздігіне, болашағына
жауапты
Отандастарды
құрметтейтін
Мемлекеттік рәміздерді
құрметтейтін
Отанының тағдырына,
қауіпсіздігне, болашағына
жауапты
- өз пікірін дәлелдей білу, қоршаған ортаны тани білу дағдыларын игеру және оны өзгертуге
іс-әрекет жасау;
- әлеуметтік өзгерістерге бейімделген, өзін-өзі тани білетін жеке тұлғаны қалыптастыру;
- азаматтық сана-сезімдерін көтеру.
Оқушыларды халықтар достығына, отаншылдық рухта ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу
жолында үйірмеде үлкен маңызды жұмыстар жүргізіліп келе жатқанын ерекше атап өтуге болады.
Аталған клубта ұлттық салт-дәстүрлерді және қазақ халқының мәдениетін дамытуға басты назар
аудара отырып, жыл сайын жазушылармен, өнер адамдарымен, қоғам қайраткерлерімен қызықты
кездесулер ұйымдастырылады.
Мұның бәрі ағымдағы істер болып көрінгенімен, әр кездесуден балалар бір ой түйіп қайтса,
оның ертеңгі жемісі ұшан теңіз болады. Сондықтан да жастарды патриотизмге тәрбиелеу жолында
атқарып отырған жұмыстарды маңызды деп толық айта аламын.
«Еліме деген махаббат- жұдырықтай жүрегімнің түкпірінде орналасқан, өмірге нәр беретін,
сарқылмас бұлақ, мәңгі алауы өшпей жанып тұрған жалынды шырақ.
Жалын жанып, маздайды, келешекте от болып лаулайды. Отан деген махаббатты, «Елім!»
деп соққан жас жүректі өмірдің қандай құбылысы болсын өшіре алмайды» деп үн қосқан
«Жасұландықтар»...
Тобықтай сөздің түйіні: отанға деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімі қалыптасқан Отан
мүддесіне деген саналы істерге, мемлекетті нығайтуға, оның ұлттық мүдделерін сақтауға және
тұрақты дамуына қызмет ететін патриот жастар тәрбиелеуде «Жас Ұландықтар» үлкен үлес
қосуда.
Сөзімді қорытындылай келе, жастарға патриоттық тәрбие беру мәселесі-ұлттық
өрлеуіміздің, өркендеуіміздің негізгі құралы демекпін. Егеменді Қазақстанның болашағы,
тағдыры жастардың қолында. Қазақстан патриот жастардан үміт күтеді.
Болашақта гүлденген Қазақстанның одан ары қарыштап өркендеуінің негігі тұтқасы болатын,
демократиялық қоғамды құратын, парасатты Һәм білімді тұлғаларды дайындауда
жасөспірімдермен тәлім-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы зор. Елдің
интеллектуалдық әлеуетін дамыту, жетістіктері мен гүлденуін қамтамасыз ету жолындағы қыруар
еңбектер мен табыстар биігі алда деп сенемін!
Құрметті әріптестер! Қиыны мен қызығы бірге жүретін ұлы да ұлағатты ұстаздық
еңбектеріңізге табыс тілеймін. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

More Related Content

Similar to балалардың қбб жүйесін жаңғырту

Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыруОқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыруNurlan Abilhanov
 
тарбие сагаты 19,10,2016
тарбие сагаты 19,10,2016тарбие сагаты 19,10,2016
тарбие сагаты 19,10,2016oquzaman
 
Мәңгілік ел қырандары
Мәңгілік  ел  қырандарыМәңгілік  ел  қырандары
Мәңгілік ел қырандарыRauan Ibraikhan
 
мәңгілік ел қырандары
мәңгілік  ел  қырандарымәңгілік  ел  қырандары
мәңгілік ел қырандарыRauan Ibraikhan
 
баяндама тәрбие жұмысы эми
баяндама тәрбие жұмысы эмибаяндама тәрбие жұмысы эми
баяндама тәрбие жұмысы эмиAsem Sarsembayeva
 
Мектептегі тәрбиелік жұмысты жүйелі жоспарлау
Мектептегі тәрбиелік жұмысты жүйелі жоспарлауМектептегі тәрбиелік жұмысты жүйелі жоспарлау
Мектептегі тәрбиелік жұмысты жүйелі жоспарлауErjan Beisenhojaev
 
тұрлыбай б.с. макала
тұрлыбай б.с.  макалатұрлыбай б.с.  макала
тұрлыбай б.с. макалаAsem Sarsembayeva
 
Қазақстан Республикасы- көп ұлтты зайырлы мемлекет.pptx
Қазақстан Республикасы- көп ұлтты зайырлы мемлекет.pptxҚазақстан Республикасы- көп ұлтты зайырлы мемлекет.pptx
Қазақстан Республикасы- көп ұлтты зайырлы мемлекет.pptxAruzhanAblay
 
методичка умбетова г.
методичка умбетова г. методичка умбетова г.
методичка умбетова г. Asem Sarsembayeva
 
Развитие ресурсов школьных библиотек в рамках обновления содержания образования
Развитие ресурсов школьных библиотек в рамках обновления содержания образованияРазвитие ресурсов школьных библиотек в рамках обновления содержания образования
Развитие ресурсов школьных библиотек в рамках обновления содержания образованияakkemir
 
Кемеңгерлік қадам
Кемеңгерлік қадамКемеңгерлік қадам
Кемеңгерлік қадамsanvia
 
Ұлттық тәрбие.pptx
Ұлттық тәрбие.pptxҰлттық тәрбие.pptx
Ұлттық тәрбие.pptxAkbopeZhumabek1
 
школьный музей выступление (1)
школьный музей выступление (1)школьный музей выступление (1)
школьный музей выступление (1)botatileubay
 
тәрбие сағаты.ppt
тәрбие сағаты.pptтәрбие сағаты.ppt
тәрбие сағаты.pptAina981874
 

Similar to балалардың қбб жүйесін жаңғырту (20)

жұмыс сабырова с
жұмыс сабырова сжұмыс сабырова с
жұмыс сабырова с
 
Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыруОқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
Оқу мен тәрбие үрдісінде оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
 
сыныптан тыс ж мыстар ма__ызы
сыныптан тыс ж  мыстар ма__ызысыныптан тыс ж  мыстар ма__ызы
сыныптан тыс ж мыстар ма__ызы
 
тарбие сагаты 19,10,2016
тарбие сагаты 19,10,2016тарбие сагаты 19,10,2016
тарбие сагаты 19,10,2016
 
әдеби шығарма тагаева к №19 ом
әдеби шығарма тагаева к №19 омәдеби шығарма тагаева к №19 ом
әдеби шығарма тагаева к №19 ом
 
Мәңгілік ел қырандары
Мәңгілік  ел  қырандарыМәңгілік  ел  қырандары
Мәңгілік ел қырандары
 
мәңгілік ел қырандары
мәңгілік  ел  қырандарымәңгілік  ел  қырандары
мәңгілік ел қырандары
 
баяндама тәрбие жұмысы эми
баяндама тәрбие жұмысы эмибаяндама тәрбие жұмысы эми
баяндама тәрбие жұмысы эми
 
Мектептегі тәрбиелік жұмысты жүйелі жоспарлау
Мектептегі тәрбиелік жұмысты жүйелі жоспарлауМектептегі тәрбиелік жұмысты жүйелі жоспарлау
Мектептегі тәрбиелік жұмысты жүйелі жоспарлау
 
тұрлыбай б.с. макала
тұрлыбай б.с.  макалатұрлыбай б.с.  макала
тұрлыбай б.с. макала
 
Қазақстан Республикасы- көп ұлтты зайырлы мемлекет.pptx
Қазақстан Республикасы- көп ұлтты зайырлы мемлекет.pptxҚазақстан Республикасы- көп ұлтты зайырлы мемлекет.pptx
Қазақстан Республикасы- көп ұлтты зайырлы мемлекет.pptx
 
методичка умбетова г.
методичка умбетова г. методичка умбетова г.
методичка умбетова г.
 
Развитие ресурсов школьных библиотек в рамках обновления содержания образования
Развитие ресурсов школьных библиотек в рамках обновления содержания образованияРазвитие ресурсов школьных библиотек в рамках обновления содержания образования
Развитие ресурсов школьных библиотек в рамках обновления содержания образования
 
Кемеңгерлік қадам
Кемеңгерлік қадамКемеңгерлік қадам
Кемеңгерлік қадам
 
7523ty
7523ty7523ty
7523ty
 
18 toptama
18 toptama18 toptama
18 toptama
 
12333
1233312333
12333
 
Ұлттық тәрбие.pptx
Ұлттық тәрбие.pptxҰлттық тәрбие.pptx
Ұлттық тәрбие.pptx
 
школьный музей выступление (1)
школьный музей выступление (1)школьный музей выступление (1)
школьный музей выступление (1)
 
тәрбие сағаты.ppt
тәрбие сағаты.pptтәрбие сағаты.ppt
тәрбие сағаты.ppt
 

More from Asem Sarsembayeva

современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитанияAsem Sarsembayeva
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентацияAsem Sarsembayeva
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығуларAsem Sarsembayeva
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктерAsem Sarsembayeva
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»Asem Sarsembayeva
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человекаAsem Sarsembayeva
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановнаAsem Sarsembayeva
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаеваAsem Sarsembayeva
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевнаAsem Sarsembayeva
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17Asem Sarsembayeva
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдAsem Sarsembayeva
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина мояAsem Sarsembayeva
 

More from Asem Sarsembayeva (20)

урок
урокурок
урок
 
конспект урока
конспект урокаконспект урока
конспект урока
 
современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитания
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентация
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулар
 
тренинг
тренингтренинг
тренинг
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктер
 
чуковский
чуковскийчуковский
чуковский
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человека
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановна
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаева
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевна
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевна
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевна
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17
 
шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.
 
магрупова
магруповамагрупова
магрупова
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайд
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина моя
 

балалардың қбб жүйесін жаңғырту

  • 1. «Балалардың ҚББ жүйесін жаңғырту, инновацияларды енгізу және қызмет сапасын қамтамасыз ету» тақырыбында УІ облыстық ғылыми-практикалық конференциясы Тақырыбы: «Тұлғаны әлеуметтендірудегі патриоттық тәрбиенің рөлі» Тилеубаева Эльзат Аязқұлқызы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі Аудандық «Жас Ұлан» балалар қоғамдық ұйымының үйлестірушісі. Құлан-2015 жыл
  • 2. «Тұлғаны әлеуметтендірудегі патриоттық тәрбиенің рөлі» Құрметті YІ облыстық ғылыми-практикалық конференциясына қатысушы әріптестер! Сіздерді жаңа жылдарыңызбен құттықтай отырып, сіздерге және ұжымдарыңызға тек қана сәттіліктер мен жетістіктер тілеймін. Бүгінгі сөзге тиек ететін мәселе «Тұлғаны әлеуметтендірудегі патриоттық тәрбиенің рөлі» тақырыбының аясында болып отыр. Бақыттың бастауы – білім. Әбу Насыр әл – Фараби: «Бақытты болу, кәмелетке келу, қоғамдық құрылысты жақсарту – барлығы білімділікке байланысты» деген. Замана ағымы ұстаздар қауымынан білім деңгейі арнайы (пәндік) біліммен ғана шектелмей, әлеуметтік, нарықтық жүйеде ұлттық және әлемдік мәдениет ғұрыптарын бойына сіңірген, рухани бай әрі білімді дара тұлғаны жан – жақты дамытуды талап етіп отыр. ҚР «Білім туралы» Заңында қосымша білім беру – азаматтардың қоғам мен мемлекеттің білімге деген қажеттіліктерін жан – жақты қанағаттандыру мақсатымен барлық деңгейдегі қосымша білім беру бағдарламаларының негізінде жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процестері деп көрсетілген. Шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, ұлттық сана-сезімі дамыған , жалпы адами құндылықтарды меңгеру дағдылары қалыптасқан, айналадағы өмірдің өзгерген жағдайына тез бейімделетін, мәдениетті тұлға тәрбиелеу тәрбиенің стратегиялық бағыты болып табылады. Осы стратегиялық бағыттың ойдағыдай орындалуына мектептен тыс ұйымдар өзінің нақты үлесін қосып келеді. Бүгінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында еліміздің дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын айқындап берді, оның ішінде ұлттық қауіпсіздігіміз, егемендігіміз бен тәуелсіздігіміз ерекше аталды. Бұл жерде барлық Қазақстан халықтарының азаматтығы мен отансүйгіштік сезімдерін дамытуға аса көңіл аудару қажеттілігі анықталған. Жас бала сәмбі тал сияқты, қалай исең солай өседі, яғни, жас ұрпақ өмірінде біліммен қатар тәрбиенің де қызметі зор. Осы ретте қосымша білім беру ұйымдарының негізгі ұстанымдары ҚР «Білім туралы» заңына сәйкес болуы керек. Аталған заңда білім беру жүйесінің міндеттері анық көрсетілген. Ел Президентінің «Қазақстан-2050» бағдарламасында, ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында және басқа да құжаттарға сәйкес жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру білім беру жүйесінің басым бағытының бірі ретінде ерекше көңіл бөлінген. Еліміздің білім беру ұйымында патриоттық тәрбие беретін үйірмелер, клубтар, бірлестіктер қайта жандандырылуда, онда жастар қасиетті Отан қорғау борышын атқару үшін түрлі дайындықтан өтеді. Бүгінгі таңда ауданымызда әскери-спорттық , балалар қоғамдық ұйымдарының жұмысын дамытуға ерекше назар аударылуда. Оны барынша қолдап дамыту мақсатында әскери- патриоттық бірлестіктердің аудандық слеті жиі өтеді.Осы слет оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік қалыптастыру, өз Отанының алдындағы азаттық борышын сезіндіру, Қазақстан халқының тарихымен таныстыру және оның ұлттық жауынгерлік, еңбек дәстүрлерін жалғастыру мақсатында өткізілді. Т.Рысқұлов ауданындағы «Жас Ұлан» балалар қоғамдық ұйымының қосқан үлесі аз емес.Алдына қойған мақсаттары мынадай: - өскелең ұрпақты демократиялық қоғамда өмір сүруге үйрету; - азаматтық белсенділік пен білімділіктерін, елжандылық сезімдерін, өз Отанына деген сүйіспеншіліктерін ояту; - қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа, ынтымақтастық пен жалпыадамзаттық құндылықтар идеясына негізделген тұлғаны қалыптастыру; - тұлғаны әлеуметтендіруге жағдай жасау; - жалпыадамзаттық құндылықты бейнелейтін рухани, саяси бағдарларды жүзеге асыруға ықпал ету; - өзіндік азаматтық санасын қалыптастыру; - заңға бағыну және құқықтық сананы тәрбиелеу.
  • 3. Осындай мақсат-міндеттерді басшылыққа ала отырып, орталықтағы «Жас Ұлан» патриоттық клубы мен «Жас Ұлан» балалар қоғамдық ұйымы үздіксіз және жан-жақты патриотизмге тәрбиелеу жұмыстарын атқарып келеді. «Жас Ұлан» балалар қоғамдық ұйымы мектеп оқушыларының бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, қоғамдық іс-әрекеттерге араластыра отырып, жауапкершіліктерін, өзін-өзі басқару құзыреттілігін арттыру, мектеп оқушыларының бойына патриотизм мен азаматтылықты тәрбиелеу мақсатында құрылған. «Атамекен» бағыты – «жасұландықтардың» санасында қазақстандық танымның және мәдени түсініктің қалыптасуына , азаматтық парыздың орындалуына , толеранттылық пен патриоттық , отанға қызмет ету маңыздылығы, өз халқың үшін мақтаныш сезімі, мемлекеттік рәміздерді, мемлекеттің және туған өлкеңнің идеологиялық негіздерін білуге жағдай жасайтын бағыт. Сонымен қатар еңбек және соғыс ардагерлеріне құрметпен қарай отырып, олардың ерлігіне бас ию, тәлім-тәрбие алу мақсатын көздейді. Аудандық «Жас Ұлан» ұйымының оқушылары еңбек, соғыс ардагерлерін шефтік қамқорлыққа алып, мүмкіндіктерінше көмек көрсетіп, кездесулер ұйымдастыру дәстүрге айналған. «Ер есімі-ел есінде» демекші, ұйым мүшелері Отан үшін отқа түскен ерлерді еске түсіріп, ескерткіштерді баптайды. Ұйымның барлық бағыттары баланы саналы азаматтық қатынастар орната білуіне жағдай жасау және әлеуметтік алғышарттар құруға тәрбиелеуге бағытталған. Жоғарыда айтылған әрекеттерден біздің күтетін нәтижеміз: Қазақстандық патриоттың моделін қалыптастыру. Патриоттық тәрбие беруде күтілетін нәтижелер: - оқушылардың қоғамдық өміріндегі балалар мен жастар ұйымдарының рөлін дамыту; - балалар мен жастар тәрбиесіндегі ұлттық және жалпыадамзаттық өзара әрекеттесу ұстанымын нақты өмірге енгізу; - ресми және бейресми ұйымдар арқылы жастардың өздерінің қабілеттерін- іске асыруына қажетті жағдайлар жасау; - азаматтық көзқарасты белсенділендіру; - интеллектуалды шаралар арқылы жастардың өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға қажетті жағдай жасау; Қазақстандық патриоттың моделі Мемлекеттік тілді, өз елінің салт-дәстүрін, тарихын, мәдениетін құрметтейтін Толерантты Рухани және құқықты сауатты Отан тағдырына, қауіпсіздігіне, болашағына жауапты Отандастарды құрметтейтін Мемлекеттік рәміздерді құрметтейтін Отанының тағдырына, қауіпсіздігне, болашағына жауапты
  • 4. - өз пікірін дәлелдей білу, қоршаған ортаны тани білу дағдыларын игеру және оны өзгертуге іс-әрекет жасау; - әлеуметтік өзгерістерге бейімделген, өзін-өзі тани білетін жеке тұлғаны қалыптастыру; - азаматтық сана-сезімдерін көтеру. Оқушыларды халықтар достығына, отаншылдық рухта ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу жолында үйірмеде үлкен маңызды жұмыстар жүргізіліп келе жатқанын ерекше атап өтуге болады. Аталған клубта ұлттық салт-дәстүрлерді және қазақ халқының мәдениетін дамытуға басты назар аудара отырып, жыл сайын жазушылармен, өнер адамдарымен, қоғам қайраткерлерімен қызықты кездесулер ұйымдастырылады. Мұның бәрі ағымдағы істер болып көрінгенімен, әр кездесуден балалар бір ой түйіп қайтса, оның ертеңгі жемісі ұшан теңіз болады. Сондықтан да жастарды патриотизмге тәрбиелеу жолында атқарып отырған жұмыстарды маңызды деп толық айта аламын. «Еліме деген махаббат- жұдырықтай жүрегімнің түкпірінде орналасқан, өмірге нәр беретін, сарқылмас бұлақ, мәңгі алауы өшпей жанып тұрған жалынды шырақ. Жалын жанып, маздайды, келешекте от болып лаулайды. Отан деген махаббатты, «Елім!» деп соққан жас жүректі өмірдің қандай құбылысы болсын өшіре алмайды» деп үн қосқан «Жасұландықтар»... Тобықтай сөздің түйіні: отанға деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімі қалыптасқан Отан мүддесіне деген саналы істерге, мемлекетті нығайтуға, оның ұлттық мүдделерін сақтауға және тұрақты дамуына қызмет ететін патриот жастар тәрбиелеуде «Жас Ұландықтар» үлкен үлес қосуда. Сөзімді қорытындылай келе, жастарға патриоттық тәрбие беру мәселесі-ұлттық өрлеуіміздің, өркендеуіміздің негізгі құралы демекпін. Егеменді Қазақстанның болашағы, тағдыры жастардың қолында. Қазақстан патриот жастардан үміт күтеді. Болашақта гүлденген Қазақстанның одан ары қарыштап өркендеуінің негігі тұтқасы болатын, демократиялық қоғамды құратын, парасатты Һәм білімді тұлғаларды дайындауда жасөспірімдермен тәлім-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы зор. Елдің интеллектуалдық әлеуетін дамыту, жетістіктері мен гүлденуін қамтамасыз ету жолындағы қыруар еңбектер мен табыстар биігі алда деп сенемін! Құрметті әріптестер! Қиыны мен қызығы бірге жүретін ұлы да ұлағатты ұстаздық еңбектеріңізге табыс тілеймін. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!