SlideShare a Scribd company logo
1 of 15
Құрметті оқырмандар!
Халқымызда «Іздеген - жетер мұратқа» деген дана сөз
бар, яғни әр нәрсені білуге талпынып, білімнің тереңіне бойлау –
адамды кемелдікке жеткізеді, рухани байытады.
Сіздерді әр саладағы қызықты деректермен және неше
түрлі ақпараттармен таныстыру үшін кітапханамыздың
қорында бар кереметтей танымдық, пайдасы зор кітаптарды
алып оқуға шақырамыз. Бұл кітаптар арқылы сіздер өз
білімдеріңізді одан әрі кеңейте аласыздар.
«Ежелгі дүние» , «Дүние жүзі тарихы»
Бұл кітаптар жасөспірімдер үшін өте қызықты және танымдық
тұрғыда пайдалы басылымдардың бірі. Мұнда ежелгі дүние
тарихынан сыр шертетін Ежелгі Мысыр, Месопотамия,
Грекия, Азия, Рим т.б. елдер туралы түрлі мағлұматтар мен
қызықты деректер қамтылған. Суреттермен көркем
безендірілген басылым әр тарау сайын оқырманын өзіне баурай
түсері сөзсіз.
«Жануарлар», «Улы жәндіктер»,
«Таулар мен жанартаулар», «Адам
анатомиясы», «Акулалар, дельфиндер
және киттер»
Білуге ұмтылу – қоршаған
ортаны, әлемдегі бізге беймәлім
құбылыстардың құпия сырларын ашуға
талпыну деген сөз. Жан-жақты болуға
деген құштарлық әрбір адамның
бойынан табылады. Әсіресе, балалардың
көп нәрсені білмекке ынта-жігері шексіз.
Осы орайда өзіміз өмір сүріп
отырған әлемді танып білгісі келетін
білімқұмар балалардың құштарлығын
қанағаттандыру мақсатында «Аруна»
баспасы «1100 қызықты дерек» атты
топтаманы ұсынып отыр. Сан саланы
қамтитын бұл топтама жеткіншектердің
көкейіндегі сұрақтарға жауап береді
деген үміттеміз.
«Қазақстан Қызыл кітабы
беттерінен». Омыртқалы
жануарлар
Бұл кітап – Қазақстанның Қызыл
кітабына енген, бүгінгі таңда жоғалып
бара жатқан омыртқалы жануарлар жайлы
мәліметтер мен олардың таралу
картасхемасы берілген бірден-бір құнды
басылым.
Басылым мектеп жасындағы
балалар мен көпшілік қауымға арналған.
Роберт Уинстон
«Бұл өте оңай!»
Қызықты химия
Химиялық элементтер –
барлық заттардың ең түпкі негізі.
Олар көптеген өмірлік маңызды
сұрақтарымызға жауап береді: біз
неден жасалдық? Бойымызда
өмірімізге арқау болатын не? деген
сияқты. Ал енді осы зеріктірмейтін
кітаптың беттерінен сіздер осы және
басқа да көптеген сұрақтардың
жауабын таба аласыздар.
«Заманауи жетістіктер», «Жер-жаһанға саяхат»,
«Географиялық аймақтар», «Ойыншықтардан
роботтарға дейін»
Балаларға бағыт бағдар сілтейтін түрлі танымдық әдебиеттердің
көмегі аса зор екендігін ескере келе, кішкентай оқырмандардың білуге
деген құштарлығын қанғаттандыру үшін «Аруна» баспасы «Балаларға
арналған танымдық энциклопедия» топтамасын ұсынып отыр. Сан алуан
тақырыпты қамтитын энциклопедиялар балалардың жан-жақты
кемелденіп, білімін тереңдете түсуіне, өзі өмір сүріп отырған ортаның
қыр-сырын тануға, алыс-алыс өлкелерге қиялында саяхаттауға көп
көмегін тигізеді деп сенеміз.
«Континенттер»
Бұл кітапта әр құрлықтың
географиялық ерекшеліктері, тарихы,
тағамы, адамдары, түрлі халықтардың
әдет-ғұрыптары мен ұстанымдары,
көркемөнер туындылары, өмір сүру
дағдылары мен тілдік ерекшеліктері
туралы баяндалады. Қызықты
суреттермен безендірілген энциклопедия
оқырманның көңілінен шығады деген
үміттеміз.
Сәтімбеков Р., Әлімқұлова Р.
«Қызықты биология»
Бұл қосымша оқу құралында
жануарлар дүниесінің бір тобы –
омыртқасыздар туралы мектептегі
биология оқулығына қосымша қызықты
мәліметтер жеңіл тілде жазылған. Оқу
құралында омыртқасыздардың жеке
жүйелік топтары, құрлысының және
тіршілік әрекеттерінің күрделену
ерекшеліктері жайлы қызықты деректер
әрі қысқа, әрі тартымды түрде берілген.
Кітапта оқушылардың мектепте алған
білімдерін тереңдете түсетін
сөзжұмбақтар, жұмбақтар,
басқатырғылар және өз білімдерін
сынауға арналған сұрақтар да қоса
берілген.
«Менің Отаным Тәуелсіз
Қазақстан»
Бұған дейін алғаш рет 2009
жылы жарық көрген балаларға
арналған аталмыш энциклопедиялық
басылым тың деректермен
толықтырылып, құрлымы мен
мазмұнына жаңа өзгертулер енгізіліп,
жүйеленіп, қайта ұсынылып отыр.
Әмбебап кітап іздеген, білуге
құштар жасөспірімдерді туған елі –
тәуелсіз Қазақстанның күрделі
тарихы, эканомикасы, тамаша
табиғаты, жасампаз адамдарымен
жан-жақты таныстырады.
Жеткіншектердің өз Отанын
шексіз сүюге, оның өнегелі,
парасатты, зиялы азаматы болып
өсуіне баулиды.
«Бабадан қалған асыл сөз»
Ұлтымыздың бірегей де ұлы
тұлғаларының даналық ойлары, қанатты сөздері
– елдігіміздің,бірлігіміздің, рухани
болмысымыздың ерекше бір көрнісі, теңеусіз
бай қазынасы. Қазақ хандығының 550 жылдық
мерейлі тойына орайластырылған осынау
жинақта Ұлы даланың шешендік өнерінде терең
із қалдырған ұлы ғұламалар мен дана
ойшылдардың, ақын-жазушылар мен мемлекет
қайраткерлерінің, ел билеген қағандар мен
әскери қолбасшылардың, данышпан
тұлғалардың ел ішін ауызбіршілікке, татулыққа
шақырған салиқалы ой-толғаныстары, келер
ұрпаққа арналған өнеге-өсиеттері, қанатты
сөздері, сондай-ақ отан туралы, тіл туралы жыр
толғаулары мен өлең, дастандарынан алынған
үзінділер уақыт елегіне сай, хронологиялық
тұрғыдан топтастырылған.
«Қыздарға арналған энциклопедия»
Гүлдей құлпырып, жаңа
жетіліп келе жатқан қыз баланың
өмірде білгенінен білмейтіні көп-ақ.
Бұл энциклопедия – жас бойжеткеннің
өмірдегі талай сұраққа жауап іздеген
уақытында сырласып, ақылын тыңдар
құрбысы бола алады.
«Қазақ жаңылтпаштары»,
«Қазақ жұмбақтары»
Жаңылтпаштар баланың тіл
байлығын дамытып, күрделі сөздерді
қиналмай айтуға дағдыландырады, есте
сақтау қабілетін шыңдай түседі.
Келесі кітапқа әр түрлі
тақырыптарды қамтитын алты жүзден
аса жұмбақтар енгізілген.
«Қазақ өтірік өлеңдері», «Қазақ
лиро-эпостық жырлар»
Жинаққа ауыз
әдебиетіміздің ең көне
үлгілерінің бірі – қазақ өтірік
өлеңдерінің балаларға лайықты
бір топ нұсқалары енгізілген.
Ғасырлар бойы ел игілігін көріп
келе жатқан бұл туындылар
бүгінгі балалардың да қиялын
қанағаттандырып, ой-өрісін
кеңейтуге, тапқырлыққа баулуға
мол септігін тигізері анық.
аб виртуальды көрме

More Related Content

Similar to аб виртуальды көрме

Өркениет
ӨркениетӨркениет
ӨркениетGaukhar07
 
рухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақаларухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақалаAsem Sarsembayeva
 
DOC-20220928-WA0024..pptx
DOC-20220928-WA0024..pptxDOC-20220928-WA0024..pptx
DOC-20220928-WA0024..pptxssuser18cb911
 
Қазақ тілі- қазақ халқының ана тілі
Қазақ тілі- қазақ халқының ана тіліҚазақ тілі- қазақ халқының ана тілі
Қазақ тілі- қазақ халқының ана тіліАйбек Қуандықұлы
 
Экологиялық мәдениет дегеніміз не
Экологиялық мәдениет дегеніміз неЭкологиялық мәдениет дегеніміз не
Экологиялық мәдениет дегеніміз неRauan Ibraikhan
 
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуыҒылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуыBilim All
 
балгабекова н.ж. мақала
балгабекова н.ж. мақалабалгабекова н.ж. мақала
балгабекова н.ж. мақалаAsem Sarsembayeva
 
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамыСақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамыАйбек Қуандықұлы
 
улы дала.pptx
улы дала.pptxулы дала.pptx
улы дала.pptxnewbkgames
 

Similar to аб виртуальды көрме (20)

Өркениет
ӨркениетӨркениет
Өркениет
 
рухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақаларухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақала
 
DOC-20220928-WA0024..pptx
DOC-20220928-WA0024..pptxDOC-20220928-WA0024..pptx
DOC-20220928-WA0024..pptx
 
Қазақ тілі- қазақ халқының ана тілі
Қазақ тілі- қазақ халқының ана тіліҚазақ тілі- қазақ халқының ана тілі
Қазақ тілі- қазақ халқының ана тілі
 
Biologija ulgy
Biologija ulgyBiologija ulgy
Biologija ulgy
 
аааа
аааааааа
аааа
 
сыныптан тыс ж мыстар ма__ызы
сыныптан тыс ж  мыстар ма__ызысыныптан тыс ж  мыстар ма__ызы
сыныптан тыс ж мыстар ма__ызы
 
1 желтоқсан президент күні слайд
1 желтоқсан президент күні слайд1 желтоқсан президент күні слайд
1 желтоқсан президент күні слайд
 
Экологиялық мәдениет дегеніміз не
Экологиялық мәдениет дегеніміз неЭкологиялық мәдениет дегеніміз не
Экологиялық мәдениет дегеніміз не
 
қазақстан тарихы
қазақстан тарихықазақстан тарихы
қазақстан тарихы
 
алиев жб слайд ашық сабақтың Ppt
алиев жб слайд ашық сабақтың  Pptалиев жб слайд ашық сабақтың  Ppt
алиев жб слайд ашық сабақтың Ppt
 
ауыз әдебиеті асыл мұрамыз
ауыз әдебиеті асыл мұрамызауыз әдебиеті асыл мұрамыз
ауыз әдебиеті асыл мұрамыз
 
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуыҒылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы
 
741fdf
741fdf741fdf
741fdf
 
балгабекова н.ж. мақала
балгабекова н.ж. мақалабалгабекова н.ж. мақала
балгабекова н.ж. мақала
 
4666а
4666а4666а
4666а
 
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамыСақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
 
sdsdsds
sdsdsdssdsdsds
sdsdsds
 
Туған өлкем
Туған өлкемТуған өлкем
Туған өлкем
 
улы дала.pptx
улы дала.pptxулы дала.pptx
улы дала.pptx
 

аб виртуальды көрме

  • 1.
  • 2. Құрметті оқырмандар! Халқымызда «Іздеген - жетер мұратқа» деген дана сөз бар, яғни әр нәрсені білуге талпынып, білімнің тереңіне бойлау – адамды кемелдікке жеткізеді, рухани байытады. Сіздерді әр саладағы қызықты деректермен және неше түрлі ақпараттармен таныстыру үшін кітапханамыздың қорында бар кереметтей танымдық, пайдасы зор кітаптарды алып оқуға шақырамыз. Бұл кітаптар арқылы сіздер өз білімдеріңізді одан әрі кеңейте аласыздар.
  • 3. «Ежелгі дүние» , «Дүние жүзі тарихы» Бұл кітаптар жасөспірімдер үшін өте қызықты және танымдық тұрғыда пайдалы басылымдардың бірі. Мұнда ежелгі дүние тарихынан сыр шертетін Ежелгі Мысыр, Месопотамия, Грекия, Азия, Рим т.б. елдер туралы түрлі мағлұматтар мен қызықты деректер қамтылған. Суреттермен көркем безендірілген басылым әр тарау сайын оқырманын өзіне баурай түсері сөзсіз.
  • 4. «Жануарлар», «Улы жәндіктер», «Таулар мен жанартаулар», «Адам анатомиясы», «Акулалар, дельфиндер және киттер» Білуге ұмтылу – қоршаған ортаны, әлемдегі бізге беймәлім құбылыстардың құпия сырларын ашуға талпыну деген сөз. Жан-жақты болуға деген құштарлық әрбір адамның бойынан табылады. Әсіресе, балалардың көп нәрсені білмекке ынта-жігері шексіз. Осы орайда өзіміз өмір сүріп отырған әлемді танып білгісі келетін білімқұмар балалардың құштарлығын қанағаттандыру мақсатында «Аруна» баспасы «1100 қызықты дерек» атты топтаманы ұсынып отыр. Сан саланы қамтитын бұл топтама жеткіншектердің көкейіндегі сұрақтарға жауап береді деген үміттеміз.
  • 5. «Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен». Омыртқалы жануарлар Бұл кітап – Қазақстанның Қызыл кітабына енген, бүгінгі таңда жоғалып бара жатқан омыртқалы жануарлар жайлы мәліметтер мен олардың таралу картасхемасы берілген бірден-бір құнды басылым. Басылым мектеп жасындағы балалар мен көпшілік қауымға арналған.
  • 6. Роберт Уинстон «Бұл өте оңай!» Қызықты химия Химиялық элементтер – барлық заттардың ең түпкі негізі. Олар көптеген өмірлік маңызды сұрақтарымызға жауап береді: біз неден жасалдық? Бойымызда өмірімізге арқау болатын не? деген сияқты. Ал енді осы зеріктірмейтін кітаптың беттерінен сіздер осы және басқа да көптеген сұрақтардың жауабын таба аласыздар.
  • 7. «Заманауи жетістіктер», «Жер-жаһанға саяхат», «Географиялық аймақтар», «Ойыншықтардан роботтарға дейін» Балаларға бағыт бағдар сілтейтін түрлі танымдық әдебиеттердің көмегі аса зор екендігін ескере келе, кішкентай оқырмандардың білуге деген құштарлығын қанғаттандыру үшін «Аруна» баспасы «Балаларға арналған танымдық энциклопедия» топтамасын ұсынып отыр. Сан алуан тақырыпты қамтитын энциклопедиялар балалардың жан-жақты кемелденіп, білімін тереңдете түсуіне, өзі өмір сүріп отырған ортаның қыр-сырын тануға, алыс-алыс өлкелерге қиялында саяхаттауға көп көмегін тигізеді деп сенеміз.
  • 8. «Континенттер» Бұл кітапта әр құрлықтың географиялық ерекшеліктері, тарихы, тағамы, адамдары, түрлі халықтардың әдет-ғұрыптары мен ұстанымдары, көркемөнер туындылары, өмір сүру дағдылары мен тілдік ерекшеліктері туралы баяндалады. Қызықты суреттермен безендірілген энциклопедия оқырманның көңілінен шығады деген үміттеміз.
  • 9. Сәтімбеков Р., Әлімқұлова Р. «Қызықты биология» Бұл қосымша оқу құралында жануарлар дүниесінің бір тобы – омыртқасыздар туралы мектептегі биология оқулығына қосымша қызықты мәліметтер жеңіл тілде жазылған. Оқу құралында омыртқасыздардың жеке жүйелік топтары, құрлысының және тіршілік әрекеттерінің күрделену ерекшеліктері жайлы қызықты деректер әрі қысқа, әрі тартымды түрде берілген. Кітапта оқушылардың мектепте алған білімдерін тереңдете түсетін сөзжұмбақтар, жұмбақтар, басқатырғылар және өз білімдерін сынауға арналған сұрақтар да қоса берілген.
  • 10. «Менің Отаным Тәуелсіз Қазақстан» Бұған дейін алғаш рет 2009 жылы жарық көрген балаларға арналған аталмыш энциклопедиялық басылым тың деректермен толықтырылып, құрлымы мен мазмұнына жаңа өзгертулер енгізіліп, жүйеленіп, қайта ұсынылып отыр. Әмбебап кітап іздеген, білуге құштар жасөспірімдерді туған елі – тәуелсіз Қазақстанның күрделі тарихы, эканомикасы, тамаша табиғаты, жасампаз адамдарымен жан-жақты таныстырады. Жеткіншектердің өз Отанын шексіз сүюге, оның өнегелі, парасатты, зиялы азаматы болып өсуіне баулиды.
  • 11. «Бабадан қалған асыл сөз» Ұлтымыздың бірегей де ұлы тұлғаларының даналық ойлары, қанатты сөздері – елдігіміздің,бірлігіміздің, рухани болмысымыздың ерекше бір көрнісі, теңеусіз бай қазынасы. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейлі тойына орайластырылған осынау жинақта Ұлы даланың шешендік өнерінде терең із қалдырған ұлы ғұламалар мен дана ойшылдардың, ақын-жазушылар мен мемлекет қайраткерлерінің, ел билеген қағандар мен әскери қолбасшылардың, данышпан тұлғалардың ел ішін ауызбіршілікке, татулыққа шақырған салиқалы ой-толғаныстары, келер ұрпаққа арналған өнеге-өсиеттері, қанатты сөздері, сондай-ақ отан туралы, тіл туралы жыр толғаулары мен өлең, дастандарынан алынған үзінділер уақыт елегіне сай, хронологиялық тұрғыдан топтастырылған.
  • 12. «Қыздарға арналған энциклопедия» Гүлдей құлпырып, жаңа жетіліп келе жатқан қыз баланың өмірде білгенінен білмейтіні көп-ақ. Бұл энциклопедия – жас бойжеткеннің өмірдегі талай сұраққа жауап іздеген уақытында сырласып, ақылын тыңдар құрбысы бола алады.
  • 13. «Қазақ жаңылтпаштары», «Қазақ жұмбақтары» Жаңылтпаштар баланың тіл байлығын дамытып, күрделі сөздерді қиналмай айтуға дағдыландырады, есте сақтау қабілетін шыңдай түседі. Келесі кітапқа әр түрлі тақырыптарды қамтитын алты жүзден аса жұмбақтар енгізілген.
  • 14. «Қазақ өтірік өлеңдері», «Қазақ лиро-эпостық жырлар» Жинаққа ауыз әдебиетіміздің ең көне үлгілерінің бірі – қазақ өтірік өлеңдерінің балаларға лайықты бір топ нұсқалары енгізілген. Ғасырлар бойы ел игілігін көріп келе жатқан бұл туындылар бүгінгі балалардың да қиялын қанағаттандырып, ой-өрісін кеңейтуге, тапқырлыққа баулуға мол септігін тигізері анық.