SlideShare a Scribd company logo
1 of 6
Искакова Гульнара Абубакировна
ОҚО, Шымкент қ., М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі
Ашық сабақтың тақырыбы: Шешендік өнердің тарихы
Ашық сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға шешендік өнер туралы түсінік беру
Дамытушылық: Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римдегі шешендіктану арналары,
түрлерімен таныстыру
Тәрбиелік: Шешендік өнерді үйренуге , сөйлеу мәдениетін дамытуға тәрбиелеу
Ашық сабақтың түрі: Аралас сабақ, Сайыс сабағы арқылы тіл ұстарту.
Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, шешендік сөздер мен
мақал-мәтелдер сайысы.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, география
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу
2. Түгендеу
ІІ. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау
ІІІ. Жаңа сабақ
Балалар, бүгін біз сабақта шешендік өнермен таныса отырып, қазақ шешендік өнерінің
ерекшеліктері, шешендік сөздердің түрлері, шешен-билердің өмірі мен шығармашылығын
біліп, үйренеміз. Сондықтан бүгін біз сайыс сабағы арқылы өз білімдерімізді әрі қарай
жетілдіріп, сұрақ-жауап арқылы ауызекі сөйлеуге дағдыланамыз.
1. Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты ашу:
1. – Шешендік өнер дегеніміз не?
- Шешендік өнер дегеніміз жалпы тіл өнерінің шығуымен, қалыптасуы.
2. – Шешендік өнердің пайда болуы неге байланысты?
- Шешенік өнердің пайда болуы, адам қоғамының пайда болуына байланысты.
3. – Шешендік өнер туралы ғылымды халықаралық тілде қалай атайды?
- Шешендік өнер туралы ғылымды халықаралық тілде риторика деп атайды.
4. – Риторика ғылымының негізі тарихта қай елден басталған?
- Риторика ғылымының негізгі тарихы ежелгі Греция мен Рим империясынан
басталған.
5. – Оның алғашқы негізін салушы кім болған?
- Оның алғашқы негізін салушы грек, софист Протагор болған.
6. – Қазақ риторикасын сөз еткенде алдымен ауызға кімдерді аламыз?
- Қазақ риторикасын сөз еткенде алдымен ауызға аларымыз әл-
Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашқариді аламыз.
7. - Кейінгі дәуірде риториканы сөз еткенде кімдерді атауға болады?
- Кейінгі дәуірде Әйтеке би, Төле би, Қазыбек билерді атауға болады.
1. Шешендік өнер Египет, Ассирияда, Вавилон мен Үндістанда шешендік сөз
ежелден – ақ жоғары бағаланғанмен, Эллада шешендіктің отаны саналады. Б.з.д. V
ғасырда Элладаның қалаларында шебер сөйлеудің дамуына қажетті алғышарттар пайда
бола бастады. Саясаткерлер халық алдында сөйлеудің сан алуан тәсілдерін пайдаланып
халықтың назарын өзіне аудару тәсілдерін жүзеге асырған. Софистердің пікірінше
шешендердің мақсаты – шындықты ашу емес, тыңдаушыны сендіру
Сократ пен Платон – шынайы сөздің теориясын жасаушылар. Аристотель Платонның
ойларын жан – жақты дамытты. А.Македонскийдің бала кезіндегі тәрбиешісі болды.
Цицерон шешендік сөздегі жаңашылдықты, кісілікті ой жұмырлығын ерекше бағалады.
Шешендік өнердің қыр – сырын мейлінше нақтылай түскен Марк Фабий Квинтимсон
болды.
Қазақ халқының шешендік өнерінің алғашқы нұсқалары түркі халықтарының
Орхон, Енесей ескерткіштері мен көне жазба мұраларынан табылған. Мұнда Қорқыттың
айтқан нақыл сөзі жазылған. Көне жазба мұраларында М.Қашқари, Баласағұни
А.Иүгники, С.Сараий, Құтып, А.Хорезм айтқан даналық сөздер табылған. Шешендік
өнердің бастауымен даму кезеңдері 7 жарғы заңына байланысты. 7 жарғы заңы Салон
заңымен ұқсас. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің бәрінде де көркем айшықталған тіл
өрнектері аса мол. Шешендік сөздерді халық әдетте белгілі бір аяулы аруының, ардагер
асыл азаматтың есімдерімен қабыстыра қозғайды. Олардың санатына Жиреншеден бастап
тарихқа танымал ұлы жүздің атақты Төле биін, орта жүздің қаз дауысты Қазыбек биін,
Кіші жүздің Әйтеке биі мен бертіндегі Сырым батырын қосып, сол есімдерге байланысты
өнегелі сөздерді шарапатты дұға есебінде ұсынады. Шешендік сөздер терең мағыналы, тіл
өнегелі қисынды, ой ұшқырлығымен шешендікті дәріптейтін дуалы сөз үлгілері ғана емес,
халық даналығының дүниетанымдықтәлім-тәрбиелік, мән-маңызы өлшеулі асыл
қазынасы болып табылады.Шешендік өнер 5 кезеңге бөлінеді:
1.Майқы би мен Аяз биден басталады.12-13 ғасыр.
2. Асан Қайғы мен Жиреншенің кезеңі.14-16 ғасыр.
Осы екі дәуірдің шешендерін «Ел құрасқан шешендер» деп атайды.
3.17-18 ғасыр «Ел қорғасқан шешендер» Төле би, Әйтеке, Қазыбек бидің уақытын
атайды.
4.18 ғасыр Хан сұлтандарға қарсы шешен Байдалы, Әз Жәнібек, Тіленші би,
Шалқар би, Тарақты Тұяқ.
5.19 ғасыр би, болыстарға қарсы шешен Махамбет, Бала би, Тұрысбол, Сырым
батыр шешендіктері.
Қазақ шешендік өнерінің тарихы тым әріге кетсе де оны теориялық тұрғыдан толық
зерттеу А.Байтұрсынұлынан басталады. Кезінде Ш.Уәлиханов, С.Сейфуллин,
М.Әуезовтер шешендік сөздерді жинастырып, билер сөзінің тәрбиелік мәнін,
философиялық сипатын, билердің қоғамдағы орнын түсіндіріп берді. Кейін Ә.Мәметова,
Б.Адамбаев билер шешендігін арнайы тақырып етіп алып, кандидаттық диссертациясын
қорғады. Бұл еңбектерде шешендік өнер бір ғана кезең, яғни ХYІІ – ХІХ ғасырлар арасын
қамтиды да, осы кезеңде өмір сүрген билердің шешендік сөздері тарихи әлеуметтік мәні,
тақырыптық мазмұны жағынан талданады. Шешендік дегеніміз - белгілі бір уақиғаға
байланысты тапқырлық пен көркем тілмен айтылған және оны қорытындылау мен
түйіндеуге бағытталған үлгілі ойлар мен тұжырымдар.Риторика ғылымының негізін
салушылар грек Протогор және Сократ, Платон.Шешендік өнер ең алдымен Грецияда
дамыған.Астанасы-Афины.Демосфенен 170 қолжазба, 60 шешендік сөздер жинағы, 56
жазба сөз, 6 хат сақталған.
2.Эллинизм — ертедегі грек құлиеленушілік қоғамның соңғы, аяқталған кезеңі
болды. Грек шешендік өнерінің игі әсері арқасында көне Римде де бүл өнер дами бастады.
Біздің дәуірімізге дейінгі III ғасыр Рим мен Грек елдерінде эллиндік дәуір деп аталып,
әдеби-мәдени құндылықтардың алмасуымен сипатталады. Бұл сипат шешендік өнерге де
тікелей қатысты.Шешендік өнер көне Римде үлкен күшке ие болды. Цицеронның
мәлімдеуінше, Римде сөз күдіретіне ие болған адамға тәңіріндей табынған. Олар “адамды
даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі — қолбасылық, екіншісі — шешендік” деп
білген. Рим мемлекеттік істерді халық жиындарында, сенатта, сотта ерікті әрбір азаматтың
сөйлеу мүмкіндігіне ие болатындай жағдайда қараған. Сондыктан Римде әрбір азаматына
шешен сөйлеудің қыр-сырына қанығып өсу мемлекет істеріне араласу талабынан
туындаған. Республикалық Рим үшін қоғамдық қарқынды өмір, сөз бостандығы шешендік
өнердің кеңінен өрістеуіне жол ашты. Басқаша айтқанда “демократия — шешендік
өнердің анасы”.
3. Демосфен (б.д.д. 384-322 жж.) - ежелгі заманның ең үздік шешені,
грек.«Наполеонның әскерi жетпеген жердi Бальзак қаламмен жаулап алған» дейтін халық
арасында тараған сөз бар. Сөз құдыреті шексіз. Сөздің киесін ұққан өнер иелері болған.
Соның бірі Демосфен.
Ел аузында «Цицерон сөйлегенде халық көзіне жас алған, ал Демосфен сөйлегенде олар
үйіне жетіп, шешеннің айтқанын істегенше асыққан» деп бекер айтылмаған. Демосфен
алғаш шаршы топқа шыққанда, күлкіге қалып, жұрт оны ортадан қуып шыққан. Бірақ ішкі
рухы мықты жан, морт сынбай, керісінше, «мен қалай да шешен болам, жұртқа сөзімді
тыңдатам» деп алдына мақсат қойып, жігерін қамшылаған. Р әрпін ол қарсы алдына
күшікті қойып, соның ызасын келтіріп, ырылдағанына қарап үйренген. Ал даусын шығару
үшін теңіз жағасына барып, тілінің астына малта тастарды толтырып, толқыған теңіз
шуылымен жарыса сөйлеген. Жұрт көзінен біршама уақытқа тасалану үшін Демосфен
тіпті басындағы шашының жартысын алып тастаған. Солайша сыртқа шығудан өзін
шектеген. Осындай жанкешті әрекетінің арқасында ол Демосфен шешен атанған.
Шешендiк өнер Демосфен өмiрiнiң мәнi болды, ол оны аталмыш өнердiң ұстазы етiп
шығарды. Ол қажырлылық пен үлкен еңбектiң арқасында ”өзiн-өзi қайта туындатты”,
әлем шешендерiнiң эквивалентiне айналды. Демосфен сөйлеу мен оның техникасын
шегiне жеткiздi. Ол өзiнiң болмысы арқылы Цицеронның ”Ақын болып жаралу керек,
шешендер жүре келе қалыптасады” деген аталы сөзiн дәлелдеп шықты. Құл иеленушiлiк
дәуiрдiң өкiлi, демократиялық құрылымның қорғаны болған адам.
Цицерон Марк Туллий (б.з.б. 3.1.106, Арпинум — 7.12.43, Кайета маңы) —
Ежелгі Римнің саяси қайраткері, шешен, жазушы. Ақсүйектер әулетінен. Б.з.б. 63 ж.
консул болған кезінде беделі қатты өсті (Катилинаның қастандығын ашты, сенатта басшы
рөл атқарды). 1-триумвират (үштік одақ) құрылғаннан кейін ықпалы төмендеп, б.з.б. 58 —
57 ж. қуғынға түсті. Б.з.б. 56 — 50 ж. Гней Помпей мен Юлий Цезарьды жақтады. Олар
араздасқаннан кейін (б.з.б. 49) азамат соғысы кезінде екеуін татуластырмақ болды. Цезарь
жеңгеннен кейін (б.з.б. 47) саясаттан қол үзіп, ол өлтірілгеннен кейін ғана саясатқа қайта
араласты. Оның Марк Антонийге қарсы 14 сөзі — “филиппик” осы кезеңге жатады. 2-
триумвиратқа қарсы күресте сенат жеңілген кезде, Антоний мен Октавиан Августың
қолынан қаза тапты. Цицеронның саяси идеалы — “аралас” мемлекеттік құрылыс
(монархия, аристократия және демократия элементтері бар б.з.б. 3 — 2 ғасырлардағы Рим
республикасы үлгісіндегі мемлекет) болды.
Цицерон шешендік өнерді игерудің бес әдісін айқындаған. Оның ең біріншісі,
айтарыңның болуы, яғни сөзіңнің мазмұны. Екіншісі, сол айтпақ ойыңды салмақтап,
жүйеге келтіру. Үшіншісі, көркемдеу, яғни әдеби өңдеу.
Төртіншісі, жадыға сақтау. Бесіншісі, келістіріп тұрып жақсылап айтып беру,
сөйлеу.
Шешендік туа бола ма, жүре бола ма деген таласты пікірге осы бес әдіс жауап
бергендей. Цицерон жаратылыстан болатын табиғи қабілетті мойындай отырып, тек қана
соған малданып қалмай, жетілдіру қажет деп санайды. «Мен қандай шешенді болсын
ғылым шыңдай алмайды дей алмаймын. Іздену арқылы жақсы қабілетті же-тілдіруге және
орташаны да қалыпқа келтіруге болатынын мен жақсы білемін», - дейді.
Ол өз заманындағы, яғни Рим шешендік мектептерінің оқыту жүйесін теориялық,
философия-лық негіздердің жоқтығы мен нақты тәжірибені елемейтіндігі үшін сынайды.
Бұл мектептердегі оқыту декламацияға, яғни ойдан шығарылған тақырыптар бойынша
сөйлеуге негізделген.
2. Қазақ шешендік өнерінің ерекшеліктері.
Біріншіден: қазақ шешендерінің сөздері қағазда емес, ауызда, халық жадында сақталған.
Сондықтан олар сол бастапқы қалпында емес, ұрпақтан –ұрпаққа көшіп, өңдеуге көп
ұшыраған.
Екіншіден: шешендердің сөздері бүкіл қазақ еліне тарағандықтан, өзгеріспен әр жерде әр
түрлі адамның атынан айтылатындығы. Демек, шешендік сөздерді алғашқы айтушы жеке
адамдар болғанымен, оны кейін өңдеген де, сақтаған да халық болды, сондықтан оның
авторы да – халық.
Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің
бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді
би. Төле би 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы Шу өңірінде туған. Ұлы жүздегі дулат
тайпасының жаныс руынан. Бала күннен жас Төле әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт
таниды, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алады. Он бес жасынан ел
билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі.
Төле би Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билермен бірге Тәукені хан етіп көтеруге, үш
жүздің ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп, бірегей қазақ хандығын нығайтуға,
жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қазақ, қарақалпақ және өзбек халықтарының
жауынгерлік одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға қатынасты. Тәуке хан
Төле биді Ұлы жүздің бас биі еткен. Төле би Қазыбек бимен және Әйтеке бимен бірлесе
отырып, қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы болып табылатын Жеті
жарғының қабылдануына атсалысты.Ордабасы жиыны кезінде Төле би басшылық жасап,
жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарыс беруге ұйытқы болды.
Шашырап кеткен қазақтардың басын қосып, Ресей мен Қытай секілді екі алпауыт
мемлекет арасында оңтайлы саясатты жүргізген Абылай ханды өкіл бала етіп тәрбиелеп,
азамат қатарына қосуда Төле бидің қызметі орасан.
.
3. Шешендік сөздердің түрлері.
а) Жаңа сөздермен жұмыс.
арнау – посвящение
толғау – размышление
дау-спор
сын – критика
әзіл – шутка
бата- пожелание
нақыл – изречение, назидание
мысал – басня
заттық – вещественный
рухани- духовный
әдет-обычай
құндылық – ценность
тапқырлық - находчивый
ә) сәлем - бір адамға арнайы айтылған сын әзіл бата
шешендік нақыл
шешендік мақал
шешендік мысал
шешендік жұмбақ
шешендік жауап
заттық
рухани
шындығы
тапқырлығы
б) Осы берілген сызба бойынша әнгіме құрап айтыңдар.
4. Мұғалім: Қазақ халқының атақты шешен-билерімен танысайық.
Төле би 1663 - 1756
Қазіргі Жамбыл облысындағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауында дүниеге
келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Ленгір ауданының Ақбұрхан деген жерде қайтыс
болған. Қазақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешені, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті
жарғыны" жасаушылардың бірі. Құдайберді әулетінің өкілі болып табылатын Әлібекұлы
Төле биге дейін ешкім би де, бай де болмаған. Төле бидің ата-бабалары қарапайым
шаруалар екен.
Қазыбек би 1667 – 1763
Қазақтың атақты биі. Қазақ жүздерін басқаруды реттеу ниетімен Тәуке хан Ұлы жүздің
биі етіп Төле биді, Кіші жүзге Әйтеке биді, Орта жүзге Қазыбек биді тағайындайды.
Халық ауыз әдебиетінде сақталып қалған аңыздар мен кейбір архивтік мәліметтер
бойынша, Қазыбек би Келдібекұлы "Тәуке хан заңдарының жинағын" өңдеуге қатысқан.
Әйтеке би 1689 - 1766
Әйтеке Байбекұлы - қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш
бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының Төртқара руынан шыққан. Әмір-
Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ
жұрты "Синесоф буа" (жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші ұрпағы.
Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында
Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың немересі. Бұл би де Тәуке ханның ұлы заңы
«Жеті жарғыны» жасауға қатысқан.
Мұғалім: Міне балалар, біз үш бидің өмірімен қысқаша танысып шықтық. Ал енді сол
билер айтқан шешендік сөздерді жатқа айтайық:
1 оқушы: Төле би сөзі:
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Атың жақсы болса,
Ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы.
2 оқушы: Қазыбек би сөзі:
Тату болса – ағайын жақын,
Ақылды болса – апайың жақын.
Бауырмал болса – інің жақын.
Сыйлас болса – нағашың жақын.
3 оқушы: Әйтеке би сөзі:
Арадан шыққан жау қиын,
Таусылмайтын дау қиын.
Шанышқыласа сөз қиын,
Жазылмаса дерт қиын,
Іске аспаса серт қиын.
5.Мұғалім: Сөз өнері, тіл мәдениеті.
Ана тілін ардақтау, тілді құрмет тұту, талғампаздықпен жұмсау, үздіксіз үйреніп отыру,
тілдік амал-тәсілдерді, қарым-қатынас мақсатына қолдану (теңеу, метафора, салыстыру,
эпитет). Міне, егер осы талаптар болса, сөз шешендікке жалғасады.
Ұлағатты сөздер сайысы.
1. Жақсы сөйлеу – жай ғана естіртіп жақсы ойлау деген сөз. (Э.Ренан).
2. .... Сөз өнері, сөз жоқ , ардың ісі. (М.Шолохов)
3. Адам сөзді шыңдай білген жағдайда ғана шешен болады. (Қайқауыс).
4. Тіл неғұрлым қарапайым болса, ол соғұрлым тартымды, көркем болады, соғұрлым
жақсы ұғына аласың. (М.Горький).
5. Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент
емес. (М.Әуезов).
6. Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт – санасының белгісі.
( Б.Момышұлы).
IV. 6. Мұғалім: Сабақты қорыта отырып, сендердің алған білімдеріңді тексеру мақсатында
«Вен» диаграммасымен жұмыс жасаймыз.
Төле би Қазыбек би Әйтеке би
V. Үйге тапсырма 1) Билер туралы қысқаша әңгіме бойынша түсінік
2) Шешен - билердің сөздерін жаттау.
VI. Бағалау.

More Related Content

Similar to ашык сабақ 29

Қазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихы
Қазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихыҚазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихы
Қазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихыBilim All
 
Білім.Ғылым.Инновация.жхх
Білім.Ғылым.Инновация.жххБілім.Ғылым.Инновация.жхх
Білім.Ғылым.Инновация.жххssuser8a5811
 
00ууауауууууууууууууууууу
00ууауауууууууууууууууууу00ууауауууууууууууууууууу
00ууауаууууууууууууууууууnurlan93kz
 
№9 Б.Мұқай «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt
№9 Б.Мұқай  «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt№9 Б.Мұқай  «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt
№9 Б.Мұқай «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.pptssuser7a793e
 
№11 (М.Әуезов) Шығармалары.pptx
№11 (М.Әуезов)  Шығармалары.pptx№11 (М.Әуезов)  Шығармалары.pptx
№11 (М.Әуезов) Шығармалары.pptxssuser7a793e
 
1-сабақ Б.Мұқай «Өмірзая» романындағы ұлттық құндылықтар.ppt
1-сабақ Б.Мұқай «Өмірзая» романындағы ұлттық құндылықтар.ppt1-сабақ Б.Мұқай «Өмірзая» романындағы ұлттық құндылықтар.ppt
1-сабақ Б.Мұқай «Өмірзая» романындағы ұлттық құндылықтар.pptssuser7a793e
 
1991 2021 жетістіктер
1991 2021 жетістіктер1991 2021 жетістіктер
1991 2021 жетістіктерKasymbek
 
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жылМұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жылAbilkair Zhakupov
 
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.pptx
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.pptxҚазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.pptx
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.pptxErnurAkhmetov
 
Bir el - bir kitap 2021
Bir el - bir kitap 2021Bir el - bir kitap 2021
Bir el - bir kitap 2021ssuser19e2ac
 
Б. Кәусар СОӨЖ-7.docx
Б. Кәусар СОӨЖ-7.docxБ. Кәусар СОӨЖ-7.docx
Б. Кәусар СОӨЖ-7.docxkausarb2002
 

Similar to ашык сабақ 29 (20)

Қазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихы
Қазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихыҚазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихы
Қазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихы
 
Shakarim
ShakarimShakarim
Shakarim
 
Білім.Ғылым.Инновация.жхх
Білім.Ғылым.Инновация.жххБілім.Ғылым.Инновация.жхх
Білім.Ғылым.Инновация.жхх
 
М. Әуезовтың шығармашылығы
М. Әуезовтың шығармашылығыМ. Әуезовтың шығармашылығы
М. Әуезовтың шығармашылығы
 
шахановвввв
шахановввввшахановвввв
шахановвввв
 
00ууауауууууууууууууууууу
00ууауауууууууууууууууууу00ууауауууууууууууууууууу
00ууауауууууууууууууууууу
 
11111111111111
1111111111111111111111111111
11111111111111
 
алиев жб слайд ашық сабақтың Ppt
алиев жб слайд ашық сабақтың  Pptалиев жб слайд ашық сабақтың  Ppt
алиев жб слайд ашық сабақтың Ppt
 
№9 Б.Мұқай «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt
№9 Б.Мұқай  «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt№9 Б.Мұқай  «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt
№9 Б.Мұқай «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt
 
ілияс енсееберлин
ілияс енсееберлинілияс енсееберлин
ілияс енсееберлин
 
№11 (М.Әуезов) Шығармалары.pptx
№11 (М.Әуезов)  Шығармалары.pptx№11 (М.Әуезов)  Шығармалары.pptx
№11 (М.Әуезов) Шығармалары.pptx
 
жабаев жамбыл
жабаев жамбылжабаев жамбыл
жабаев жамбыл
 
1-сабақ Б.Мұқай «Өмірзая» романындағы ұлттық құндылықтар.ppt
1-сабақ Б.Мұқай «Өмірзая» романындағы ұлттық құндылықтар.ppt1-сабақ Б.Мұқай «Өмірзая» романындағы ұлттық құндылықтар.ppt
1-сабақ Б.Мұқай «Өмірзая» романындағы ұлттық құндылықтар.ppt
 
1991 2021 жетістіктер
1991 2021 жетістіктер1991 2021 жетістіктер
1991 2021 жетістіктер
 
Filologia fak
Filologia fakFilologia fak
Filologia fak
 
Шоқан Уәлихан
Шоқан УәлиханШоқан Уәлихан
Шоқан Уәлихан
 
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жылМұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
 
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.pptx
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.pptxҚазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.pptx
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.pptx
 
Bir el - bir kitap 2021
Bir el - bir kitap 2021Bir el - bir kitap 2021
Bir el - bir kitap 2021
 
Б. Кәусар СОӨЖ-7.docx
Б. Кәусар СОӨЖ-7.docxБ. Кәусар СОӨЖ-7.docx
Б. Кәусар СОӨЖ-7.docx
 

More from Вспомогательный образовательный сайт

More from Вспомогательный образовательный сайт (20)

метод.в орлеу1
метод.в орлеу1метод.в орлеу1
метод.в орлеу1
 
открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 

ашык сабақ 29

  • 1. Искакова Гульнара Абубакировна ОҚО, Шымкент қ., М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі Ашық сабақтың тақырыбы: Шешендік өнердің тарихы Ашық сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға шешендік өнер туралы түсінік беру Дамытушылық: Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римдегі шешендіктану арналары, түрлерімен таныстыру Тәрбиелік: Шешендік өнерді үйренуге , сөйлеу мәдениетін дамытуға тәрбиелеу Ашық сабақтың түрі: Аралас сабақ, Сайыс сабағы арқылы тіл ұстарту. Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, шешендік сөздер мен мақал-мәтелдер сайысы. Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, география Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі 1. Сәлемдесу 2. Түгендеу ІІ. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау ІІІ. Жаңа сабақ Балалар, бүгін біз сабақта шешендік өнермен таныса отырып, қазақ шешендік өнерінің ерекшеліктері, шешендік сөздердің түрлері, шешен-билердің өмірі мен шығармашылығын біліп, үйренеміз. Сондықтан бүгін біз сайыс сабағы арқылы өз білімдерімізді әрі қарай жетілдіріп, сұрақ-жауап арқылы ауызекі сөйлеуге дағдыланамыз. 1. Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты ашу: 1. – Шешендік өнер дегеніміз не? - Шешендік өнер дегеніміз жалпы тіл өнерінің шығуымен, қалыптасуы. 2. – Шешендік өнердің пайда болуы неге байланысты? - Шешенік өнердің пайда болуы, адам қоғамының пайда болуына байланысты. 3. – Шешендік өнер туралы ғылымды халықаралық тілде қалай атайды? - Шешендік өнер туралы ғылымды халықаралық тілде риторика деп атайды. 4. – Риторика ғылымының негізі тарихта қай елден басталған? - Риторика ғылымының негізгі тарихы ежелгі Греция мен Рим империясынан басталған. 5. – Оның алғашқы негізін салушы кім болған? - Оның алғашқы негізін салушы грек, софист Протагор болған. 6. – Қазақ риторикасын сөз еткенде алдымен ауызға кімдерді аламыз? - Қазақ риторикасын сөз еткенде алдымен ауызға аларымыз әл- Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашқариді аламыз. 7. - Кейінгі дәуірде риториканы сөз еткенде кімдерді атауға болады? - Кейінгі дәуірде Әйтеке би, Төле би, Қазыбек билерді атауға болады. 1. Шешендік өнер Египет, Ассирияда, Вавилон мен Үндістанда шешендік сөз ежелден – ақ жоғары бағаланғанмен, Эллада шешендіктің отаны саналады. Б.з.д. V ғасырда Элладаның қалаларында шебер сөйлеудің дамуына қажетті алғышарттар пайда бола бастады. Саясаткерлер халық алдында сөйлеудің сан алуан тәсілдерін пайдаланып халықтың назарын өзіне аудару тәсілдерін жүзеге асырған. Софистердің пікірінше шешендердің мақсаты – шындықты ашу емес, тыңдаушыны сендіру Сократ пен Платон – шынайы сөздің теориясын жасаушылар. Аристотель Платонның ойларын жан – жақты дамытты. А.Македонскийдің бала кезіндегі тәрбиешісі болды. Цицерон шешендік сөздегі жаңашылдықты, кісілікті ой жұмырлығын ерекше бағалады. Шешендік өнердің қыр – сырын мейлінше нақтылай түскен Марк Фабий Квинтимсон болды.
  • 2. Қазақ халқының шешендік өнерінің алғашқы нұсқалары түркі халықтарының Орхон, Енесей ескерткіштері мен көне жазба мұраларынан табылған. Мұнда Қорқыттың айтқан нақыл сөзі жазылған. Көне жазба мұраларында М.Қашқари, Баласағұни А.Иүгники, С.Сараий, Құтып, А.Хорезм айтқан даналық сөздер табылған. Шешендік өнердің бастауымен даму кезеңдері 7 жарғы заңына байланысты. 7 жарғы заңы Салон заңымен ұқсас. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің бәрінде де көркем айшықталған тіл өрнектері аса мол. Шешендік сөздерді халық әдетте белгілі бір аяулы аруының, ардагер асыл азаматтың есімдерімен қабыстыра қозғайды. Олардың санатына Жиреншеден бастап тарихқа танымал ұлы жүздің атақты Төле биін, орта жүздің қаз дауысты Қазыбек биін, Кіші жүздің Әйтеке биі мен бертіндегі Сырым батырын қосып, сол есімдерге байланысты өнегелі сөздерді шарапатты дұға есебінде ұсынады. Шешендік сөздер терең мағыналы, тіл өнегелі қисынды, ой ұшқырлығымен шешендікті дәріптейтін дуалы сөз үлгілері ғана емес, халық даналығының дүниетанымдықтәлім-тәрбиелік, мән-маңызы өлшеулі асыл қазынасы болып табылады.Шешендік өнер 5 кезеңге бөлінеді: 1.Майқы би мен Аяз биден басталады.12-13 ғасыр. 2. Асан Қайғы мен Жиреншенің кезеңі.14-16 ғасыр. Осы екі дәуірдің шешендерін «Ел құрасқан шешендер» деп атайды. 3.17-18 ғасыр «Ел қорғасқан шешендер» Төле би, Әйтеке, Қазыбек бидің уақытын атайды. 4.18 ғасыр Хан сұлтандарға қарсы шешен Байдалы, Әз Жәнібек, Тіленші би, Шалқар би, Тарақты Тұяқ. 5.19 ғасыр би, болыстарға қарсы шешен Махамбет, Бала би, Тұрысбол, Сырым батыр шешендіктері. Қазақ шешендік өнерінің тарихы тым әріге кетсе де оны теориялық тұрғыдан толық зерттеу А.Байтұрсынұлынан басталады. Кезінде Ш.Уәлиханов, С.Сейфуллин, М.Әуезовтер шешендік сөздерді жинастырып, билер сөзінің тәрбиелік мәнін, философиялық сипатын, билердің қоғамдағы орнын түсіндіріп берді. Кейін Ә.Мәметова, Б.Адамбаев билер шешендігін арнайы тақырып етіп алып, кандидаттық диссертациясын қорғады. Бұл еңбектерде шешендік өнер бір ғана кезең, яғни ХYІІ – ХІХ ғасырлар арасын қамтиды да, осы кезеңде өмір сүрген билердің шешендік сөздері тарихи әлеуметтік мәні, тақырыптық мазмұны жағынан талданады. Шешендік дегеніміз - белгілі бір уақиғаға байланысты тапқырлық пен көркем тілмен айтылған және оны қорытындылау мен түйіндеуге бағытталған үлгілі ойлар мен тұжырымдар.Риторика ғылымының негізін салушылар грек Протогор және Сократ, Платон.Шешендік өнер ең алдымен Грецияда дамыған.Астанасы-Афины.Демосфенен 170 қолжазба, 60 шешендік сөздер жинағы, 56 жазба сөз, 6 хат сақталған. 2.Эллинизм — ертедегі грек құлиеленушілік қоғамның соңғы, аяқталған кезеңі болды. Грек шешендік өнерінің игі әсері арқасында көне Римде де бүл өнер дами бастады. Біздің дәуірімізге дейінгі III ғасыр Рим мен Грек елдерінде эллиндік дәуір деп аталып, әдеби-мәдени құндылықтардың алмасуымен сипатталады. Бұл сипат шешендік өнерге де тікелей қатысты.Шешендік өнер көне Римде үлкен күшке ие болды. Цицеронның мәлімдеуінше, Римде сөз күдіретіне ие болған адамға тәңіріндей табынған. Олар “адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі — қолбасылық, екіншісі — шешендік” деп білген. Рим мемлекеттік істерді халық жиындарында, сенатта, сотта ерікті әрбір азаматтың сөйлеу мүмкіндігіне ие болатындай жағдайда қараған. Сондыктан Римде әрбір азаматына шешен сөйлеудің қыр-сырына қанығып өсу мемлекет істеріне араласу талабынан туындаған. Республикалық Рим үшін қоғамдық қарқынды өмір, сөз бостандығы шешендік өнердің кеңінен өрістеуіне жол ашты. Басқаша айтқанда “демократия — шешендік өнердің анасы”. 3. Демосфен (б.д.д. 384-322 жж.) - ежелгі заманның ең үздік шешені, грек.«Наполеонның әскерi жетпеген жердi Бальзак қаламмен жаулап алған» дейтін халық арасында тараған сөз бар. Сөз құдыреті шексіз. Сөздің киесін ұққан өнер иелері болған.
  • 3. Соның бірі Демосфен. Ел аузында «Цицерон сөйлегенде халық көзіне жас алған, ал Демосфен сөйлегенде олар үйіне жетіп, шешеннің айтқанын істегенше асыққан» деп бекер айтылмаған. Демосфен алғаш шаршы топқа шыққанда, күлкіге қалып, жұрт оны ортадан қуып шыққан. Бірақ ішкі рухы мықты жан, морт сынбай, керісінше, «мен қалай да шешен болам, жұртқа сөзімді тыңдатам» деп алдына мақсат қойып, жігерін қамшылаған. Р әрпін ол қарсы алдына күшікті қойып, соның ызасын келтіріп, ырылдағанына қарап үйренген. Ал даусын шығару үшін теңіз жағасына барып, тілінің астына малта тастарды толтырып, толқыған теңіз шуылымен жарыса сөйлеген. Жұрт көзінен біршама уақытқа тасалану үшін Демосфен тіпті басындағы шашының жартысын алып тастаған. Солайша сыртқа шығудан өзін шектеген. Осындай жанкешті әрекетінің арқасында ол Демосфен шешен атанған. Шешендiк өнер Демосфен өмiрiнiң мәнi болды, ол оны аталмыш өнердiң ұстазы етiп шығарды. Ол қажырлылық пен үлкен еңбектiң арқасында ”өзiн-өзi қайта туындатты”, әлем шешендерiнiң эквивалентiне айналды. Демосфен сөйлеу мен оның техникасын шегiне жеткiздi. Ол өзiнiң болмысы арқылы Цицеронның ”Ақын болып жаралу керек, шешендер жүре келе қалыптасады” деген аталы сөзiн дәлелдеп шықты. Құл иеленушiлiк дәуiрдiң өкiлi, демократиялық құрылымның қорғаны болған адам. Цицерон Марк Туллий (б.з.б. 3.1.106, Арпинум — 7.12.43, Кайета маңы) — Ежелгі Римнің саяси қайраткері, шешен, жазушы. Ақсүйектер әулетінен. Б.з.б. 63 ж. консул болған кезінде беделі қатты өсті (Катилинаның қастандығын ашты, сенатта басшы рөл атқарды). 1-триумвират (үштік одақ) құрылғаннан кейін ықпалы төмендеп, б.з.б. 58 — 57 ж. қуғынға түсті. Б.з.б. 56 — 50 ж. Гней Помпей мен Юлий Цезарьды жақтады. Олар араздасқаннан кейін (б.з.б. 49) азамат соғысы кезінде екеуін татуластырмақ болды. Цезарь жеңгеннен кейін (б.з.б. 47) саясаттан қол үзіп, ол өлтірілгеннен кейін ғана саясатқа қайта араласты. Оның Марк Антонийге қарсы 14 сөзі — “филиппик” осы кезеңге жатады. 2- триумвиратқа қарсы күресте сенат жеңілген кезде, Антоний мен Октавиан Августың қолынан қаза тапты. Цицеронның саяси идеалы — “аралас” мемлекеттік құрылыс (монархия, аристократия және демократия элементтері бар б.з.б. 3 — 2 ғасырлардағы Рим республикасы үлгісіндегі мемлекет) болды. Цицерон шешендік өнерді игерудің бес әдісін айқындаған. Оның ең біріншісі, айтарыңның болуы, яғни сөзіңнің мазмұны. Екіншісі, сол айтпақ ойыңды салмақтап, жүйеге келтіру. Үшіншісі, көркемдеу, яғни әдеби өңдеу. Төртіншісі, жадыға сақтау. Бесіншісі, келістіріп тұрып жақсылап айтып беру, сөйлеу. Шешендік туа бола ма, жүре бола ма деген таласты пікірге осы бес әдіс жауап бергендей. Цицерон жаратылыстан болатын табиғи қабілетті мойындай отырып, тек қана соған малданып қалмай, жетілдіру қажет деп санайды. «Мен қандай шешенді болсын ғылым шыңдай алмайды дей алмаймын. Іздену арқылы жақсы қабілетті же-тілдіруге және орташаны да қалыпқа келтіруге болатынын мен жақсы білемін», - дейді. Ол өз заманындағы, яғни Рим шешендік мектептерінің оқыту жүйесін теориялық, философия-лық негіздердің жоқтығы мен нақты тәжірибені елемейтіндігі үшін сынайды. Бұл мектептердегі оқыту декламацияға, яғни ойдан шығарылған тақырыптар бойынша сөйлеуге негізделген. 2. Қазақ шешендік өнерінің ерекшеліктері. Біріншіден: қазақ шешендерінің сөздері қағазда емес, ауызда, халық жадында сақталған. Сондықтан олар сол бастапқы қалпында емес, ұрпақтан –ұрпаққа көшіп, өңдеуге көп ұшыраған. Екіншіден: шешендердің сөздері бүкіл қазақ еліне тарағандықтан, өзгеріспен әр жерде әр түрлі адамның атынан айтылатындығы. Демек, шешендік сөздерді алғашқы айтушы жеке адамдар болғанымен, оны кейін өңдеген де, сақтаған да халық болды, сондықтан оның авторы да – халық.
  • 4. Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би. Төле би 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы Шу өңірінде туған. Ұлы жүздегі дулат тайпасының жаныс руынан. Бала күннен жас Төле әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алады. Он бес жасынан ел билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі. Төле би Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билермен бірге Тәукені хан етіп көтеруге, үш жүздің ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп, бірегей қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қазақ, қарақалпақ және өзбек халықтарының жауынгерлік одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға қатынасты. Тәуке хан Төле биді Ұлы жүздің бас биі еткен. Төле би Қазыбек бимен және Әйтеке бимен бірлесе отырып, қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы болып табылатын Жеті жарғының қабылдануына атсалысты.Ордабасы жиыны кезінде Төле би басшылық жасап, жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарыс беруге ұйытқы болды. Шашырап кеткен қазақтардың басын қосып, Ресей мен Қытай секілді екі алпауыт мемлекет арасында оңтайлы саясатты жүргізген Абылай ханды өкіл бала етіп тәрбиелеп, азамат қатарына қосуда Төле бидің қызметі орасан. . 3. Шешендік сөздердің түрлері. а) Жаңа сөздермен жұмыс. арнау – посвящение толғау – размышление дау-спор сын – критика әзіл – шутка бата- пожелание нақыл – изречение, назидание мысал – басня заттық – вещественный рухани- духовный әдет-обычай құндылық – ценность тапқырлық - находчивый ә) сәлем - бір адамға арнайы айтылған сын әзіл бата шешендік нақыл шешендік мақал шешендік мысал шешендік жұмбақ шешендік жауап заттық рухани шындығы тапқырлығы б) Осы берілген сызба бойынша әнгіме құрап айтыңдар. 4. Мұғалім: Қазақ халқының атақты шешен-билерімен танысайық. Төле би 1663 - 1756 Қазіргі Жамбыл облысындағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауында дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Ленгір ауданының Ақбұрхан деген жерде қайтыс болған. Қазақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешені, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті
  • 5. жарғыны" жасаушылардың бірі. Құдайберді әулетінің өкілі болып табылатын Әлібекұлы Төле биге дейін ешкім би де, бай де болмаған. Төле бидің ата-бабалары қарапайым шаруалар екен. Қазыбек би 1667 – 1763 Қазақтың атақты биі. Қазақ жүздерін басқаруды реттеу ниетімен Тәуке хан Ұлы жүздің биі етіп Төле биді, Кіші жүзге Әйтеке биді, Орта жүзге Қазыбек биді тағайындайды. Халық ауыз әдебиетінде сақталып қалған аңыздар мен кейбір архивтік мәліметтер бойынша, Қазыбек би Келдібекұлы "Тәуке хан заңдарының жинағын" өңдеуге қатысқан. Әйтеке би 1689 - 1766 Әйтеке Байбекұлы - қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының Төртқара руынан шыққан. Әмір- Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа" (жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші ұрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың немересі. Бұл би де Тәуке ханның ұлы заңы «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан. Мұғалім: Міне балалар, біз үш бидің өмірімен қысқаша танысып шықтық. Ал енді сол билер айтқан шешендік сөздерді жатқа айтайық: 1 оқушы: Төле би сөзі: Жаңбыр жаумаса, жер жетім, Басшысы болмаса, ел жетім. Атың жақсы болса, Ер жігіттің пырағы. Балаң жақсы болса, Жан мен тәннің шырағы. 2 оқушы: Қазыбек би сөзі: Тату болса – ағайын жақын, Ақылды болса – апайың жақын. Бауырмал болса – інің жақын. Сыйлас болса – нағашың жақын. 3 оқушы: Әйтеке би сөзі: Арадан шыққан жау қиын, Таусылмайтын дау қиын. Шанышқыласа сөз қиын, Жазылмаса дерт қиын, Іске аспаса серт қиын. 5.Мұғалім: Сөз өнері, тіл мәдениеті. Ана тілін ардақтау, тілді құрмет тұту, талғампаздықпен жұмсау, үздіксіз үйреніп отыру, тілдік амал-тәсілдерді, қарым-қатынас мақсатына қолдану (теңеу, метафора, салыстыру, эпитет). Міне, егер осы талаптар болса, сөз шешендікке жалғасады. Ұлағатты сөздер сайысы. 1. Жақсы сөйлеу – жай ғана естіртіп жақсы ойлау деген сөз. (Э.Ренан). 2. .... Сөз өнері, сөз жоқ , ардың ісі. (М.Шолохов) 3. Адам сөзді шыңдай білген жағдайда ғана шешен болады. (Қайқауыс). 4. Тіл неғұрлым қарапайым болса, ол соғұрлым тартымды, көркем болады, соғұрлым жақсы ұғына аласың. (М.Горький).
  • 6. 5. Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес. (М.Әуезов). 6. Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт – санасының белгісі. ( Б.Момышұлы). IV. 6. Мұғалім: Сабақты қорыта отырып, сендердің алған білімдеріңді тексеру мақсатында «Вен» диаграммасымен жұмыс жасаймыз. Төле би Қазыбек би Әйтеке би V. Үйге тапсырма 1) Билер туралы қысқаша әңгіме бойынша түсінік 2) Шешен - билердің сөздерін жаттау. VI. Бағалау.