SlideShare a Scribd company logo
1 of 12
Сабақтың тақырыбы: Рабғузи «Лұқман - Хакім»
Сабақтың мақсаты: Алтын Орда дәуіріндегі әдебиеттің көрнекті
өкілдерінің бірі Рабғузидің өмірі, жазған еңбектері туралы мәліметтермен
таныстыру.
«Лұқман - Хакім» әңгімесінің мазмұны мен тәрбиелік маңызын анықтату.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, элекронды оқулық, слайдтар, тірек кесте, әр
түрлі мәліметтер.
Сабақтың түрі: өзіндік іздену сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, жинақтау, топтастыру.
Пәнаралық байланыс: Тарих, Әдебиет теориясы. Миф туралы
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
1. Үй тапсырмасын сұрау:
Үй тапсырмасын қорытындылаушы сұрақтар:
1. М. Қашқари қай халықтың өкілі? (түркі)
2. «Диуани лұғатат - түрк» еңбегі қашан жазылған? (1072 — 1074ж)
3. Қолжазбалары бар ма? (Түркия ғалымы Қиласли Рифат 1915 -
1917жылдары Стамбулда 3 кітап етіп шығарған. Неміс ғалымы Карл
Броккелман жеке үзінділерін неміс тіліне аударған. Түрік ғалымы Басым
Аталай аударып, 1934 — 1943ж. Анкарада жариялаған.. Өзбек, түрік
тілдерінде аудармасы бар. Қазақ тілінде екі рет жарияланды)
4. Сөздікте қанша тайпаның аты аталады? (29 тайпаның)
5. Толық аты жөні қалай аталады?( Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед).
6. Туған жері қай қала? ( қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл
жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барысхан қаласы.)
7. Махмұдтың әкесі кім болған? Не үшін Қашқарға көшеді? (белгілі
қолбасшы, Барысханның әмірі болған).
Махмұд қайда білім алған? (Қашқарда дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның
аты - жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді»
тіркеуінің мәнісі де содан. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру
мақсатымен, Бұқара, Нишапурда, Бағдад қалаларында болады.)
8. Ғалымның туған, өлген жылы белгілі ме? (белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа
зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды).
9. Қандай тілдерді меңгерген? ( Түркі тілінің сыртында араб, парсы тілдерін
жетік меңгереді).
10. Оны кім деп танимыз?( Өз заманының аса білімдар филологы,
тарихшысы, этнографы, географы ретінде)
11. Қай халықтың грамматикасын жасады? Махмұд Қашқари – түркінің
тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп,
жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама.
Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи - салыстырмалы әдісті қолданып,
түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді
салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу
тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты).
ІІ. Жаңа сабақ: Махмұт Қашқари сияқты ежелгі дәуір әдебиетінің көрнекті
өкілдерінің бірі, сонымен қатар, Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ірі өкілдерінің
бірі. -Рабғузи.
Қосымша мәліметтермен білімдерін толықтыру.
Алтын Орда дәуір әдебиеті деп аталуының себебі
Қазақстан аумағында ХІҮ ғасырда Алтын Орда мемлекеті құрылды. ХІІІ -
ХІҮ ғасырларда Шыңғысхан құрған мемлекеттің қоластына қазіргі Қазақстан,
Орта Азия, Солт. Иран, Қапқаз, Қырым қарады.
Қазақ жері сол кезде Дешті Қыпшақ аталды. Оған Шыңғыстың үлкен ұлы
Жошы иелік етті. Ол Алтын Орда деп аталды.
Алтын Орданың астаналары Сарай және Сарайшық қалалары болды.
(Астрахань Хажы Тархан маңайында)
Алтын Орда ХІҮ ғасырда Көк Орда, Ақ Орда болып екіге бөлінді
ХҮ ғасырда Көк Ордадан Қазақ Ордасы бөлініп шықты. Дербес Қазақ
хандығы құрылды.
Алтын Орда жұрты - түркілер болды. Тілі – түркі, діні - ислам еді
М. Әуезов «нәзирагөйлік» деген, нәзирагөйлік бағытта дамыды.
Нәзира араб тілінде «жауап» деген мағынаны білдіреді. Бір ақынның екінші
ақынға жауабы. Бір ортақ тақырыпта жазған ақындардың бір - бірімен
шеберлік жарысы.
Ол кездегі ортақ тақырыптар - Құран хикаялары.
Рабғузи (лақап аты; шын аты - жөні – Наср әд - Дин Бурһан әд - Диннің
баласы (т.- ө. ж. б.) – 13 ғ - дың аяғы мен 14 ғ - дың басында өмір сүрген
жазушы, ойшыл. Бұл бүркеншік ат - «Рабат оғызы» деген сөздердің қысқарған
нұсқасы. Тарихта негізінен Рабғузи деген бүркеншік атымен белгілі.
Алтын Орда дәуіріндегі (ХІІІ - ХҮ ғғ) әдебиеттің құнды қазыналары
туындыларға "Кодекс Куманикус" сияқты авторы беймәлім ескерткіштерді,
сондай - ақ Хорезмидің "Мұхаббат - наме", Құтбтың "Хұсрау - Шырын", Сәйф
Сарайдың "Гүлистан би - т - түрки", Дүрбектің "Жүсіп - Зылиха", Рабғузидің
"Қиссас - ул әнбия" атты шығармалары жатады.
1. Рабғузидің "Қиссас ул - әнбия" еңбегі- Алтын орда мемлекеті тұсында
дүниеге келген діни тақырыптағы соқталы дүниелердің бірі.Бұл еңбегі 1310
жылы жазылған. Кітапта ежелгі шығыс ертегі - аңыздары, мифтік сюжеттері,
әңгіме - хикаялары, өлеңдер жинағы топтастырылған. Кітапта Вавилон
мифологиясының көптеген қалыпты сюжеттері бар: дүниенің жаратылуы,
жердітопан су қаптауы, Адам мен Хауа ана оқиғалары.
Рабғузидың Қисса - с - ул әнбийя атты еңбегі қазақ әдебиетінің ертедегі
нұсқаларының бірі саналады.
Рабғузи Оғыз Рабат деген қаланың қазысы болған көрінеді. Дерек көздерге
қарағанда, шығармасын сол қаланың әкімі Насретдин Тоқбоға бектің өтініші
бойынша жазып, кітапты әлгі әкімге сыйға тартқан екен.
ҚАРА СӨЗБЕН ЖАЗЫЛҒАН ЖЫР
Бұл шығармасын көне түрік тілінде жазғандықтан, оны оқып, ондағы
қиссалармен танысу сол кездегі түрік тектес тайпалардың ешқайсысына да
ауыр болмаған көрінеді.
«Қисса - сүл әнбийя» - негізінен пайғамбарлар мен әулие - әнбилер өмірі
жайлы, сондай - ақ олардың басынан өткерген оқиғаларын баян ететін
прозалық шығарма.
Ал тасқа басылған күйінде бізге жеткен, баспа жүзін көрген алғашқы нұсқасы
- 1914 жылы Қазан баспасынан жарыққа шыққан жинақ. Кейінірек бұл кітап
Ташкент қаласында бірнеше мәрте қайта басылып, ел арасына бұрынғысынан
да кең тарала түскен еді.
«Қисса - сүл әнбийяның» Қазан баспасынан жарық көрген нұсқасына 79-дай
қиссалар мен хикаялар енген екен.479 беттік бұл шығарма хақында айта
келіп, филология ғылымдарының докторы, профессор Бейсембай Кенжебаев
«Ғылым» баспасынан 1973 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиеті тарихының
мәселелері» атты еңбегінде былай дейді:
«Оларды, яғни қисса - хикаяларды тақырып мазмұнына, идея - мәніне қарай
мынадай үлкен үш топқа жіктеуге болады:
1. Жер, көк, адамзат, хайуанат, жын - шайтан, періштелер, Адам - ата, от,
топырақ жайлы түсініктер, мақала, әңгімелер;
2. Әулие - әнбилер, пайғамбарлар, солардың өмірбаяндары, іс - әрекеттері
туралы қиссалар, ертектер, аңыздар;
3. Шежіре - яғни мұсылман жыл есебінің, хижраның алғашқы он жылы ішінде
болған тарихи оқиғалар, күнтізбе - жыл, ай, күн аттары, назым өлеңдер»
Кітаппен жұмыс. Оқушылармен өздері қисса мазмұнымен танысып,
түсінгендерін айтып береді.
І топқа. 1 - әңгімедегі айтылған хикаялар негізінде Лұқман Хакім жайлы
әңгіменің тәрбиелік маңызын түсіндір,
Рабғузи әңгімесіндегі адамгершілік идеясы адам қандай болу керек?Неден
сақтану қажет?
ІІ топқа. 2 - әңгімедегі Лұқман Хакім жайлы хикаядан шығатын
қорытындыны анықта.
Сұрақ. Неге Лұқман Хакім қойдың тілі мен жүрегін асып берді?
Тілді ң қасиеті мен адамға тигізер зияны жайында қандай мақал - мәтелдер,
даналардан шыққан сөздерді білесіңдер?
ІІІ топқа. 3 - әңгімедегі Лұқман Хакім жайлы хикаядан шығатын
қорытындыны анықта.
1. Даналық дегенді қалай түсінесің? Барлық адамда бола ма?
Қорытынды. 1. Рабғузи кітабы не жайында?2. Кітапты кімге тарту еткен?
(қаланың әкімі Насретдин Тоқбоға бектің өтініші бойынша жазып, кітапты
әлгі әкімге сыйға тартқан екен).Үйге тапсырма. 1. Рабғузи жайлы деректер
негізінде реферат жазу.2. Рабғузи хикаяларын қазақ ертегілерімен салыстыру.
3. Хикаяларының тәрбиелік маңызын анықтау
Сынып: 8 Пәні: қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Рабғузи «Лұқман Хакім»
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Рабғузи қиссаларының мазмұны және негізгі тақырыбы мен идеясы туралы ұғым
қалыптастыру, адамгершілік туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Ислам дәуірі әдебиеті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы және шығармаларының идеясы туралы
өзіндік қорытынды жасай білу дағдысын жетілрдіру.
Тәрбиелік: Ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып, адамгершілікке, адалдыққа, ізгілікке, еңбекқорлыққа
тәрбиелеу.Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі тақырып бойынша қорытындылау, қиссаларды топтастыру, өзара сұрақ-жауап, қиссаларды рөлде ойнау
Көрнекілігі: А.Қыраубайқызы «Ежелгі дәуір әдебиеті», энциклопедия, слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау1. М.Қашқари өмірі, шығармашылығы туралы2. М.Қашқари мақал-мәтелдерін жатқа оқу
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту1. «Алтын Орда әдебиеті» деп аталу себебі.
Бұл дәуірден жеткен он шақты ескерткіш болғанымен, Біздер Рабғузи және Сәйф Сараи шығармаларымен танысамыз.2.
Алтын Орда мемлекеті туралы.
Қазақстан аумағында ХІҮ ғасырда Алтын Орда мемлекеті құрылды. ХІІІ-ХІҮ ғасырларда Шыңғыс хан құрған
мемлекеттің қол астына қазіргі Қазақстан, Орта Азия, Солтүстік Иран, Кавказ, Қырым қарады. Қазақ жері ол кезде Дешті
Қыпшақ аталатын, оған Шыңғыстың үлкен ұлы Жошы иелік етті. Ол Алтын Орда аталды. Алтын Орданың астаналары
Сарай және Сарайшық қаласы болды. Алтын Орда ХІҮ ғасырда Көк Орда, Ақ Орда болып екіге бөлінді. ХҮ ғасырда Көк
Ордадан Қазақ Ордасы бөлініп шықты, сөйтіп дербес қазақ хандығы құрылды.
3. Әдебиеттегі нәзирагөйлік бағыт.
Алтын Орда жұрты – түркілер, тілі – түркі, діні – ислам еді. Әдебиет негізінен
нәзирашылдық, нәзирагөйлік бағытта дамыды. «Нәзира» - араб тілінде «Жауап» деген мағынаны білдіреді, яғни бір
ақынның екінші ақынға жауабы.ортақ тақырыпқа жазған ақындардың бір-бірімен шеберлік жарысы. Ол кездегі ортақ
тақырыптар – Құран хикаялары. Мысалы, бір «Жүсіп-Зылиханы» ондаған ақындар қайталап жаза берген.
4. Алтын Орда ескерткіштерінің ішіндегі «Қисас-ул әнбиа» кітабына тоқталу.
Алтын Орда ескерткіштерінің ішіндегі қызықтыларының бірі - «Қисас-ул әнбиа»
(1310 ж.жазылған). Бұл кітап ежелгі шығыс ертегі-аңыздарының, мифтік сюжеттердің, шағын әңгіме-хикая, өлеңдер
жинағы. Кітапта көне Вавилон мифологиясымен тамырласып жатқан көптеген қалыпты сюжеттер бар: дүниенің
жаралуы, жерді топан су қаптауы, Адам ата мен Хауа ана оқиғалары.
5. Миф ұғымы
Алғашқы қауымдық қоғам адамдарының дүние, жаратылыс жайындағы түсінігін білдіретін, қалыптасқан әңгімелер.
Мифтерде көптеген халықтарға ортақ сюжеттер бола береді. Мысалы: жер-дүниенің алты күнде жаралуы, Адам ата мен
Хауа ана оқиғалары, топан су жайлы, т.б. әңгімелер. Мифте бір замандарда болып өткен оқиғаның шындық дәні сақталуы
мүмкін.
6. Мифтердің түркіше ең көне нұсқасы Рабғузиде екендігі туралы.
Рабғузи – Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі. «Рабғузи қиссалары» (1310ж)- табиғат, дүние құбылыстары,
жаратылыстың пайда болуы, халифтар, пайғамбарлар, Адам ата, Жер ана, Көк, Ай мен Жұлдыз, шайтан мен періште т.б.
туралы шығыстық сюжеттегі қисса-аңыздар, өлең-жырлар жинағы.
Кітапта қоғамдық өмір, тарихи оқиғалар, ізгілік пен зұлымдық, адамгершілік пен жауыздық, достық пен қастық, т.б
жайындағы қисса-хикаялар, аңыз-әңгімелер бар.
«Рабғузи қиссаларына» енген «Нух алайка с-салам хикаялары» , »Лұқпан Хаким
хикаялары», «Харут пен Марут хикаясы, т.б.
Мұнда барлығы 79 хикая бар. Солардың барлығын идеялық мазмұны жағынан үш топқа бөліп қарастыруға болады:
1. Аллаһ Тағаланың Жер мен Көкті, адамзатты, хайуанаттар мен тау тасты, бүкіл әлемді жаратқаны туралы хикаялар;
2. Пайғамбарлар, әулие-әнбиелер, сахабалар, тағы басқалардың өмірі мен іс-әрекеттері жайындағы аңыздар;
3. Һижраның (мұсылман жыл санауы) алғашқы он жылы ішінде болған тарихи оқиғаларды бейне бір шежіре түрінде
баяндайтын хикаялар болып келеді. Мәселен, «Нұх ғалейхиссалам» деп аталатын хикаяда бүкіл жер бетін топан су басып
кеткені, сонда Нұх Пайғамбар кеме жасап, әртүрлі жан-жануарларды сақтап қалу үшін олардың әрқайсысынан бір-бір
жұптан кемеге салып жүргені, кеменің түбін тышқан тескені, оны жылан бекіткені, т.б. әңгіме болады. Сондай-ақ,
«Қиссаси Рабғузийде» Нұх, Ыдырыс, Ибраһим, Мұса, Дәуіт, Сүлеймен, Жүсіп, Жақып, Мұхаммед Пайғамбарлар (с.а.у.)
туралы да қызықты хикаялар бар.
7. «Рабғузи қиссаларының» зерттелуі, қазақ тіліне аударғандар: Б.Кенжебаев, А.Қыраубаева,
Н.Сағындықов.
ІҮ. Білімді бекіту.Мәтінмен жұмыс.
♦ Рабғузи әңгімелерін оқу, рөлге бөлу, ойнау, негізгі идеяны анықтау.
♦ Рабғузи әңгімелерінде адамгершілік идеясы қалай көрінеді?
♦ «Лұқман Хакім» хикаяттарын оқыған кезде әр әңгіменің ұсынып отырған ой-мұратын, тәрбиелік мәнін қалай түсіндің?
Айтпақ ойы не?
♦ «Жақсы болмақ та тіл мен жүректен, жаман болмақ та тіл мен жүректен» деген ойдың кілтін тап.
♦ Рабғузи әңгімелерінің қайсысы қазіргі қазақ ертегілерінде кездеседі? «Қазақ ертегілері» кітабы бойынша салыстыр.
Ой қорыту.• Рабғузи әңгімелерін оқи отырып қандай шешімге келдің?
• Өз алдыңа қандай мақсат қойдың?
• «Жақсыдан үйрену, жаманнан жирену» деген ойды жинақтай келе өз шешіміңді, алған әсеріңді ортаға сал.
Ү. Сабақты қорытындылау.Түркілік ортағасырлық ойшыл Рабғузи өзінің терең ойлы мысалға толы шығармаларында
өнегелі, тәлімдік үлгілерді оқырмандарына ұсынады.
Рабғузи білдіретін даналықтың үлгілері өз замандастарына ғана емес, өзінен кейінгі талай
ұрпаққа нағыз адамгершіліктің сипаты іспетті болды. Өйткені, талай даналықтың үлгісі түркілік тарихымыздың
ашылмаған беттерінде жатыр.ҮІ. Үйге тапсырма беру.
1. Рабғузи қиссаларын мазмұндау
2. Әдебиет теориясы «Миф» жаттау
3. «Адамгершілік – ізгі қасиет» ой-толғау
8 сынып.Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы:Рабғузидың «Лұқман Хакім» қиссалары.
Сабақтың мақсаты:
а) Алтын Орда дәуірі туралы мәлімет беру,сол дәуірде туған, сол уақытта өмір сүрген Рабғузи
қиссаларының мазмұнын, идеялық мәнін ашу, меңгерту;
ә) Рабғузи өмірі туралы түсінік қалыптастыру, ежелгі дәуір әдебиетінің кезеңдерге бөлінуі мен
ғасырлар айырмасы және ежелгі дәуір әдебиеті өкілдері туралы ұғымдарын нақтылау;
б) Қиссаларының мәнін ашу арқылы оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке, қайырымды болуға
тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: талдау, жинақтау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Пәнаралық байланыс: тарих, дінтану
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу, сабаққа назарларын аудару.
Кіріспе: Қазақтың ежелгі әдебиетінің тарихы, әдебиеті, мәдениетінің тарихы және салт –
дәстүрінің тамыры б. з. б. ғасырлардағы аңыздарда жатыр.Сол аңыздарда ел намысын жат жұртқа
бастырмаған сақ қыздарының ерліктерінің ізі бар. Дана Қорқыт пен Әл-Фарабидің жүріп өткен жолы
бар. Йассауи мен Баласағұнның даналық ойларға толы кітаптары бар. Халқымыз ежелден
таланттарға бай: Фараби, Йассауи, Баласағұни, Қашқари т.б. ұлылардың барлығы да қазақ даңқын,
түркі жұртын әлемге танытқан тұлғалар.
ІІ.Үй жұмысы:
Кім көп біледі? (Сұрақ-жауап)
1 топ. 1. М. Қашқари қай халықтың өкілі? (түркі)
2. «Диуани лұғатат - түрк» еңбегі қашан жазылған? (1072 — 1074ж)
3. Сөздікте қанша тайпаның аты аталады? (29 тайпаның)
4. Толық аты жөні қалай аталады?(Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед).
5. Туған жері қай қала? (қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу
бойындағы) Барысхан қаласы.)
6. Махмұдтың әкесі кім болған? Не үшін Қашқарға көшеді? (белгілі қолбасшы, Барысханның әмірі
болған).
7.Махмұд қайда білім алған? (Қашқарда дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты - жөніне қай
жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан. Ол Қашқарда алған
білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапурда, Бағдад қалаларында болады.)
8. Ғалымның туған, өлген жылы белгілі ме? (белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол
тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды).
9. Қандай тілдерді меңгерген? (Түркі тілінің сыртында араб, парсы тілдерін жетік меңгереді).
10. Оны кім деп танимыз? (Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы
ретінде)
11. Қай халықтың грамматикасын жасады? (Махмұд Қашқари – түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі
тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп,
өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи - салыстырмалы әдісті қолданып,
түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде
зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып
қалыптасты).
ІY Жаңа сабақ:
-Балалар, біз ежелгі дәуір әдебиеттің бірнеше түрлерімен өткен сабақтарымызда танысып,мәлімет
алғанбыз.
Түрік қағанаты
дәуіріндегі әдебиет (Ү-
ҮІІІ ғ.) Орхон
ескерткіштері
Сақ, ғұн, үйсін дәуірі:
Алып ер Тұңға, Тұмар
патша, Ширақ батыр
Енді бүгінгі өтетініміз ежелгі дәуір әдебиетінің тағы да ерекше түрімен танысамыз
Міне , балалар өзіміз көріп отырғандай, ХІІІ ғасырдың басында монғол тайпасынан шыққан
Есухейұлы Темужин көптеген жерлерді бағындырды. Ол тарихта Шыңғысхан деген атақ алып, қаған
болды. Қазіргі қазақ елі ол кезде дешті Қыпшақ деп аталды.Оған Шыңғыстың үлкен ұлы Жошы
иелік етті. Жошы хан иелік еткен жерлер «Алтын Орда» деп аталды.Алтын Орданың астаналары
Сарай және сарайшық қалалары болды.
Алтын Орда жұрты-түркілер
Тілі-түркі
Діні-Ислам
Әдебиеті-нәзирагөйлік бағытта дамыды
«Нәзира»-араб тілінде «Жауап» деген мағынаны білдіреді.
Негізгі басты ортақ тақырып- құран хикаялары
Түркілердің сол кезде де өзіндік әдебиеті мен мәдениеті болды. Сол дәуірде түркі тілінде жазылған
оннан астам кітаптар болды.
Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет өкілдері және олардың туындылары:
1. Хорезми «Махаббатнама»
2.Сәйф Сараи «Түрікше Гүлстан»
3.Әли «Қисса Жүсіп»
4.Рабғузи «Қисса-сул әнбия»
5.Хусам Кәтиб «Жұмжұма»
Осы жәдігер ,аңыз-әңгімелерді жинақтап, құрастырған, біраз қиссаларды жазған автор - Рабғузи.
Бұл бүркеншік ат- «Рабат оғызы» деген сөздердің қысқарған нұсқасы. Автордың шын есімі –
Насретдинұлы Бұрһанеддин екен. Автор тарихта негізінен Рабғузи деген бүркеншік атымен
белгілі.
Рабғузидің «Қисса-сүл әнбия» -кітабы негізінен пайғамбарлар мен әулие-әмбиелердің өмірі
жайлы,олардың басынан өткерген оқиғаларын баян ететін прозалық шығарма.
Дәптермен жұмыс:Қисса-баяндау,әңгімелеу деген ұғымды білдіреді.
Рабғузидің «Қиссас-ул Әнбия» («Әулие-әнбиелер туралы қиссалар») кітабының жалпы мазмұны
1.Табиғаттың, жаратылыстың пайда болуы жайындағы деректі, дерексіз мифтік әңгімелер. "Үш
түрлі топырақ"
2. Пайғамбарлар және тарихи адамдар жайындағы деректі, дерексіз аңыз-әңгімелер. «Нұх қиссасы»
3.Ауыз әдебиеті үлгілері, өлеңдері
Рабғузи қиссаларын қазақ тіліне аударған: Б.Кенжебаев,А.Қыраубаева.
Кітаппен жұмыс:Қазақ ертегілері мен аңыз әңгімелерінің таныс тақырыбына айналған Рабғузидің
«Қарлығаштың адамға достығы» және «Лұқман хакім» қиссаларын оқып,оқиға желісімен баяндау.
Сұрақ-жауап
- Қазақ ертегілерінде осы әңгімемен сюжеті жағынан ұқсас ертегілер кездесе ме? Қарлығаштың
құйрығы неге айыр?
- Қарлығаш қандай құс?
- Қандай оқиғаны жақсы іске, қайсысын жаман іске жатқызар едің?
-Нұқ пайғамбардың кемесі қалған тауды ата.
Ежелгі дәуір әдебиеті
Исламдәуіріндегі
әдебиет(Х-ХІІ)
ӘбунасырәлФараби,
АхметИассауи,Жүсіп
Баласағұни,Махмұт
Қашқари
Оғыз дәуіріндегі (ІХ-Х ғ.)
«Оғыз қаған жыры»
Алтын Орда
дәуіріндегі әдебиет
(ХІІІ-ХІҮ ғ.) Рабғузи
қиссалары, Сәйф
Сараи
Қарлығаш әулие атанған Төле бидің қанатты сөзі:
Шаңырағыма бір бейкүнә қарлығаш ұя салып еді.Ол жер бетін топан суы басқанда Нұқ
пайғамбардың кемесін сақтап, адам баласын жылан шақпақ болғанда қызғыштай қорғаған құс
еді.Осындай киелі құстың ұясын бұзып, балапандарын зарлатып-сарнатып кете алмадым.
Өнегесі атадан балаға мирас болып келген, талай жанға жақсылық жасап данышпан атанған,
мұсылман елдерінің әрқайсысында өзінің төл фольклорлық кейіпкеріне айналып кеткен Лұқман
Хакім жайындағы мифтердің түркіше ең көне нұсқасы Рабғузиде жазылған.
Қолдану
1. «Лұқман Хакім» хикаяттарындағы талданған әрбір шағын әңгіменің беретін тәрбиелік
мәні.
2. Арамдық ойлау мен адалдық ойлаудың адам баласына тигізер пайдасы бар ма, қара ниет
дегенді қалай түсінесіңдер? Адамға жақсы қасиеттер қайсы?
3. «Жақсы болмақ та тіл мен жүректен,жаман болмақ та тіл мен жүректен» деген ойдың
кілтін табу
4. Тіл туралы қандай мақал-мәтелдерді білеміз?
Бал тамған тілден у да тамар.
Барлығы да тілден:
тіл - бал, тіл - ажал. Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ Басқа пәле тілден.
Ең тәтті де - тіл,
Ең ащы да - тіл,
Ең жұмсақ та - тіл,
Ең қатты да - тіл. Жыланның уы тісінде,
Адамның уы тілінде.
Жылататын да, жұбататын да - тіл.
Жинақтау
1 топ (Әр топ өз пікірін ақ қағаз бетіне түсіреді)
«Жақсыдан үйрену,жаманнан жирену» деген ойды жинақтай келе өз
шешіміңді алған әсеріңді ортаға салыңдар.
2 топ
Топтастыру стратегиясы
Лұқман Хакім қандай адам? Адамгершілік деген сөзді қалай түсінеміз?
3 топ
Бүгінгі сабақтың мен үшін ең маңыздысы
Ұлылар шығармаларындағы үндестік неде?
Бүгінгі сабаққа қатысты барлық тапсырмаларды орындау барысында ғұлама
адамдардың өмірі мен шығармашылығы келер ұрпағын адамгершілік, ізгілік, қара
ниетті болмауға, оқу-білімге ұмтылып, қанағатшыл болуға үндейтініне тағы да
көзімізді жеткіздік.
Мына мақалмен сабағымызды аяқтау:
Жүрек қара болса,
тіліңнің алтындығынан не пайда?
Бағалау: Оқушы білімін бағалау,тиісті бағасын қою .
Үйге тапсырма: Рабғузи қиссаларын мазмұндау
Родина жалпы орта білім беретін мектебі
Тақырыбы: Рабғузи «Лұқман хакім»
Пәні: қазақ әдебиеті
Сыныбы: 8«б»
Өткізілген күні: 20 қазан 2014ж
Өткізген:
қазақ тілі пәнінің оқытушысы Әлиасқарова
М.Қ
ТІЛ - АҚЫЛДЫҢ ӨЛШЕМІ
Адам тілі тас жарады,
тас жармаса бас жарады.
Аз айтып сұйылтып,
көп айтып қойылтары жоқ.
Ақынның тілі қылыштан өткір,
қылдан нәзік.
Ана тілім - дана тілім.
Ат жүйрігі азаптан құтқарады,
Тіл жүйрігі мазақтан құтқарады.
Ат жүйрігі айырады,
Тіл жүйрігі қайырады.
Ат жүйрігі асқа,
Тіл жүйрігі басқа.
Ат тұяғы алтын - алысқа алып баратын.
Адам тілі алтын - алысты сұрап табатын.
Ат тұяқты келеді,
Ақын тілді келеді (Қорқыт).
Аузы құлып сандықты, тіс ашпаса тіл ашар.
Аяқ - азамат,
Қол - мүлік,
Бас - сандық,
Тіл - кілт.
Аяққа кісен салуға болар,
қолға кісен салуға болар -
тілге кісен салуға болмас.
Әдеп пен тәртіптің басы - тіл.
Бал тамған тілден у да тамар.
Барлығы да тілден:
тіл - бал, тіл - ажал.
Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ.
Басқа пәле тілден.
Ең тәтті де - тіл,
Ең ащы да - тіл,
Ең жұмсақ та - тіл,
Ең қатты да - тіл.
Ет-майыңды бермесең де жақсы тіл бер.
Жабағы тайдың тері ащы,
Жаман көлдің суы ащы,
Жаман адамның тілі ащы.
Желгіш атқа жел жаңғырық,
Тентекке тіл жаңғырық.
Жұпары жоқ гүлден без,
Жұғары жоқ тілден без.
Жүрек қара болса,
тіліңнің алтындығынан не пайда?
Жыланның уы тісінде,
Адамның уы тілінде.
Жылататын да, жұбататын да - тіл.
Жынның тілін жын біледі.
Кінәлі біреу ойдан, біреу тілден (А. Байтұрсынов).
Кінәлінің тілі қысқа.
Қол жүйрігі асқа,
Тіл жүйрігі басқа.
Қол жүйрігі етке,
Тіл жүйрігі бетке.
Қотыр қолдан жұғады,
Пәле тілден жұғады.

More Related Content

What's hot

What's hot (10)

Filologia fak
Filologia fakFilologia fak
Filologia fak
 
Қазақ хандығына 550 жыл
Қазақ хандығына 550 жылҚазақ хандығына 550 жыл
Қазақ хандығына 550 жыл
 
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жылМұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
 
“Әлемге танылған – Ұлы Абай”
“Әлемге танылған – Ұлы Абай”“Әлемге танылған – Ұлы Абай”
“Әлемге танылған – Ұлы Абай”
 
695rddddddd
695rddddddd695rddddddd
695rddddddd
 
М. Әуезовтың шығармашылығы
М. Әуезовтың шығармашылығыМ. Әуезовтың шығармашылығы
М. Әуезовтың шығармашылығы
 
Aimautov
AimautovAimautov
Aimautov
 
олжас
олжасолжас
олжас
 
мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5
 
жабаев жамбыл
жабаев жамбылжабаев жамбыл
жабаев жамбыл
 

Similar to aAa

Виртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесіВиртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесіguldika
 
рухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақаларухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақалаAsem Sarsembayeva
 
№5 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
№5 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx№5 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
№5 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptxssuser7a793e
 
Виртуалды көрме (мысал)
Виртуалды көрме (мысал)Виртуалды көрме (мысал)
Виртуалды көрме (мысал)guldika
 
1-сабақ Б.Мұқай «Өмірзая» романындағы ұлттық құндылықтар.ppt
1-сабақ Б.Мұқай «Өмірзая» романындағы ұлттық құндылықтар.ppt1-сабақ Б.Мұқай «Өмірзая» романындағы ұлттық құндылықтар.ppt
1-сабақ Б.Мұқай «Өмірзая» романындағы ұлттық құндылықтар.pptssuser7a793e
 
№8 Б.Мұқай «Өмірзая» романындағы ұлттық құндылықтар (1).ppt
№8 Б.Мұқай «Өмірзая» романындағы ұлттық құндылықтар (1).ppt№8 Б.Мұқай «Өмірзая» романындағы ұлттық құндылықтар (1).ppt
№8 Б.Мұқай «Өмірзая» романындағы ұлттық құндылықтар (1).pptssuser7a793e
 
Қазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихы
Қазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихыҚазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихы
Қазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихыBilim All
 
Xiv аза__стан м__дениет¦ ашы__ саба__
Xiv   аза__стан м__дениет¦ ашы__ саба__Xiv   аза__стан м__дениет¦ ашы__ саба__
Xiv аза__стан м__дениет¦ ашы__ саба__Asem Sarsembayeva
 
қаз тарих үлгі
қаз тарих  үлгіқаз тарих  үлгі
қаз тарих үлгіSerjan Kasen
 
2-сабақ Қаныш Сәтбаев.ppt
2-сабақ Қаныш Сәтбаев.ppt2-сабақ Қаныш Сәтбаев.ppt
2-сабақ Қаныш Сәтбаев.pptssuser7a793e
 

Similar to aAa (20)

Shakarim
ShakarimShakarim
Shakarim
 
қазақ халқы мен қазақ хандығының қалыптасуы 5 сынып ас
қазақ халқы мен  қазақ   хандығының қалыптасуы 5 сынып асқазақ халқы мен  қазақ   хандығының қалыптасуы 5 сынып ас
қазақ халқы мен қазақ хандығының қалыптасуы 5 сынып ас
 
65
6565
65
 
Moldajanfdd
MoldajanfddMoldajanfdd
Moldajanfdd
 
алиев жб слайд ашық сабақтың Ppt
алиев жб слайд ашық сабақтың  Pptалиев жб слайд ашық сабақтың  Ppt
алиев жб слайд ашық сабақтың Ppt
 
шахановвввв
шахановввввшахановвввв
шахановвввв
 
Виртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесіВиртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесі
 
рухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақаларухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақала
 
Диуани хикмет.pdf
Диуани хикмет.pdfДиуани хикмет.pdf
Диуани хикмет.pdf
 
№5 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
№5 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx№5 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
№5 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
 
Виртуалды көрме (мысал)
Виртуалды көрме (мысал)Виртуалды көрме (мысал)
Виртуалды көрме (мысал)
 
1-сабақ Б.Мұқай «Өмірзая» романындағы ұлттық құндылықтар.ppt
1-сабақ Б.Мұқай «Өмірзая» романындағы ұлттық құндылықтар.ppt1-сабақ Б.Мұқай «Өмірзая» романындағы ұлттық құндылықтар.ppt
1-сабақ Б.Мұқай «Өмірзая» романындағы ұлттық құндылықтар.ppt
 
№8 Б.Мұқай «Өмірзая» романындағы ұлттық құндылықтар (1).ppt
№8 Б.Мұқай «Өмірзая» романындағы ұлттық құндылықтар (1).ppt№8 Б.Мұқай «Өмірзая» романындағы ұлттық құндылықтар (1).ppt
№8 Б.Мұқай «Өмірзая» романындағы ұлттық құндылықтар (1).ppt
 
Қазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихы
Қазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихыҚазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихы
Қазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихы
 
сабақ
сабақсабақ
сабақ
 
Xiv аза__стан м__дениет¦ ашы__ саба__
Xiv   аза__стан м__дениет¦ ашы__ саба__Xiv   аза__стан м__дениет¦ ашы__ саба__
Xiv аза__стан м__дениет¦ ашы__ саба__
 
«Информатика көшбасшысы"
«Информатика көшбасшысы"«Информатика көшбасшысы"
«Информатика көшбасшысы"
 
Shygystanu
ShygystanuShygystanu
Shygystanu
 
қаз тарих үлгі
қаз тарих  үлгіқаз тарих  үлгі
қаз тарих үлгі
 
2-сабақ Қаныш Сәтбаев.ppt
2-сабақ Қаныш Сәтбаев.ppt2-сабақ Қаныш Сәтбаев.ppt
2-сабақ Қаныш Сәтбаев.ppt
 

More from Nurlan Abilhanov

Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...Nurlan Abilhanov
 
микропланирование1
микропланирование1микропланирование1
микропланирование1Nurlan Abilhanov
 
письмо культура одежды
письмо культура одеждыписьмо культура одежды
письмо культура одеждыNurlan Abilhanov
 
жыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктемжыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктемNurlan Abilhanov
 
Едендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеуЕдендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеуNurlan Abilhanov
 
Абишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ БалтабаевнаАбишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ БалтабаевнаNurlan Abilhanov
 
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағNurlan Abilhanov
 
бастауыш құстар
бастауыш құстарбастауыш құстар
бастауыш құстарNurlan Abilhanov
 
Арифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессияАрифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессияNurlan Abilhanov
 
тараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласытараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласыNurlan Abilhanov
 
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.Nurlan Abilhanov
 
787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertert787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertertNurlan Abilhanov
 
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh  84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh Nurlan Abilhanov
 
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)Nurlan Abilhanov
 
“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” Омоним“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” ОмонимNurlan Abilhanov
 
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейдім. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейдіNurlan Abilhanov
 
The first President of Kazakhstan
The first President of KazakhstanThe first President of Kazakhstan
The first President of KazakhstanNurlan Abilhanov
 
«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» Омонимдер«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» ОмонимдерNurlan Abilhanov
 

More from Nurlan Abilhanov (20)

Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
 
микропланирование1
микропланирование1микропланирование1
микропланирование1
 
письмо культура одежды
письмо культура одеждыписьмо культура одежды
письмо культура одежды
 
жыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктемжыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктем
 
Едендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеуЕдендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеу
 
Абишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ БалтабаевнаАбишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ Балтабаевна
 
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
 
биология гул
биология гулбиология гул
биология гул
 
бастауыш құстар
бастауыш құстарбастауыш құстар
бастауыш құстар
 
Арифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессияАрифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессия
 
тараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласытараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласы
 
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
 
787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertert787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertert
 
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh  84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh
 
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
 
“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” Омоним“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” Омоним
 
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейдім. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
 
The first President of Kazakhstan
The first President of KazakhstanThe first President of Kazakhstan
The first President of Kazakhstan
 
«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» Омонимдер«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» Омонимдер
 
8 сынып логика
8 сынып логика8 сынып логика
8 сынып логика
 

aAa

  • 1. Сабақтың тақырыбы: Рабғузи «Лұқман - Хакім» Сабақтың мақсаты: Алтын Орда дәуіріндегі әдебиеттің көрнекті өкілдерінің бірі Рабғузидің өмірі, жазған еңбектері туралы мәліметтермен таныстыру. «Лұқман - Хакім» әңгімесінің мазмұны мен тәрбиелік маңызын анықтату. Сабақтың көрнекілігі: оқулық, элекронды оқулық, слайдтар, тірек кесте, әр түрлі мәліметтер. Сабақтың түрі: өзіндік іздену сабағы Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, жинақтау, топтастыру. Пәнаралық байланыс: Тарих, Әдебиет теориясы. Миф туралы Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі 1. Үй тапсырмасын сұрау: Үй тапсырмасын қорытындылаушы сұрақтар: 1. М. Қашқари қай халықтың өкілі? (түркі) 2. «Диуани лұғатат - түрк» еңбегі қашан жазылған? (1072 — 1074ж) 3. Қолжазбалары бар ма? (Түркия ғалымы Қиласли Рифат 1915 - 1917жылдары Стамбулда 3 кітап етіп шығарған. Неміс ғалымы Карл Броккелман жеке үзінділерін неміс тіліне аударған. Түрік ғалымы Басым Аталай аударып, 1934 — 1943ж. Анкарада жариялаған.. Өзбек, түрік тілдерінде аудармасы бар. Қазақ тілінде екі рет жарияланды) 4. Сөздікте қанша тайпаның аты аталады? (29 тайпаның) 5. Толық аты жөні қалай аталады?( Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед). 6. Туған жері қай қала? ( қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барысхан қаласы.) 7. Махмұдтың әкесі кім болған? Не үшін Қашқарға көшеді? (белгілі қолбасшы, Барысханның әмірі болған). Махмұд қайда білім алған? (Қашқарда дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты - жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапурда, Бағдад қалаларында болады.) 8. Ғалымның туған, өлген жылы белгілі ме? (белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды). 9. Қандай тілдерді меңгерген? ( Түркі тілінің сыртында араб, парсы тілдерін жетік меңгереді). 10. Оны кім деп танимыз?( Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде) 11. Қай халықтың грамматикасын жасады? Махмұд Қашқари – түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи - салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты). ІІ. Жаңа сабақ: Махмұт Қашқари сияқты ежелгі дәуір әдебиетінің көрнекті
  • 2. өкілдерінің бірі, сонымен қатар, Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі. -Рабғузи. Қосымша мәліметтермен білімдерін толықтыру. Алтын Орда дәуір әдебиеті деп аталуының себебі Қазақстан аумағында ХІҮ ғасырда Алтын Орда мемлекеті құрылды. ХІІІ - ХІҮ ғасырларда Шыңғысхан құрған мемлекеттің қоластына қазіргі Қазақстан, Орта Азия, Солт. Иран, Қапқаз, Қырым қарады. Қазақ жері сол кезде Дешті Қыпшақ аталды. Оған Шыңғыстың үлкен ұлы Жошы иелік етті. Ол Алтын Орда деп аталды. Алтын Орданың астаналары Сарай және Сарайшық қалалары болды. (Астрахань Хажы Тархан маңайында) Алтын Орда ХІҮ ғасырда Көк Орда, Ақ Орда болып екіге бөлінді ХҮ ғасырда Көк Ордадан Қазақ Ордасы бөлініп шықты. Дербес Қазақ хандығы құрылды. Алтын Орда жұрты - түркілер болды. Тілі – түркі, діні - ислам еді М. Әуезов «нәзирагөйлік» деген, нәзирагөйлік бағытта дамыды. Нәзира араб тілінде «жауап» деген мағынаны білдіреді. Бір ақынның екінші ақынға жауабы. Бір ортақ тақырыпта жазған ақындардың бір - бірімен шеберлік жарысы. Ол кездегі ортақ тақырыптар - Құран хикаялары. Рабғузи (лақап аты; шын аты - жөні – Наср әд - Дин Бурһан әд - Диннің баласы (т.- ө. ж. б.) – 13 ғ - дың аяғы мен 14 ғ - дың басында өмір сүрген жазушы, ойшыл. Бұл бүркеншік ат - «Рабат оғызы» деген сөздердің қысқарған нұсқасы. Тарихта негізінен Рабғузи деген бүркеншік атымен белгілі. Алтын Орда дәуіріндегі (ХІІІ - ХҮ ғғ) әдебиеттің құнды қазыналары туындыларға "Кодекс Куманикус" сияқты авторы беймәлім ескерткіштерді, сондай - ақ Хорезмидің "Мұхаббат - наме", Құтбтың "Хұсрау - Шырын", Сәйф Сарайдың "Гүлистан би - т - түрки", Дүрбектің "Жүсіп - Зылиха", Рабғузидің "Қиссас - ул әнбия" атты шығармалары жатады. 1. Рабғузидің "Қиссас ул - әнбия" еңбегі- Алтын орда мемлекеті тұсында дүниеге келген діни тақырыптағы соқталы дүниелердің бірі.Бұл еңбегі 1310 жылы жазылған. Кітапта ежелгі шығыс ертегі - аңыздары, мифтік сюжеттері, әңгіме - хикаялары, өлеңдер жинағы топтастырылған. Кітапта Вавилон мифологиясының көптеген қалыпты сюжеттері бар: дүниенің жаратылуы, жердітопан су қаптауы, Адам мен Хауа ана оқиғалары. Рабғузидың Қисса - с - ул әнбийя атты еңбегі қазақ әдебиетінің ертедегі нұсқаларының бірі саналады. Рабғузи Оғыз Рабат деген қаланың қазысы болған көрінеді. Дерек көздерге қарағанда, шығармасын сол қаланың әкімі Насретдин Тоқбоға бектің өтініші бойынша жазып, кітапты әлгі әкімге сыйға тартқан екен. ҚАРА СӨЗБЕН ЖАЗЫЛҒАН ЖЫР Бұл шығармасын көне түрік тілінде жазғандықтан, оны оқып, ондағы қиссалармен танысу сол кездегі түрік тектес тайпалардың ешқайсысына да ауыр болмаған көрінеді. «Қисса - сүл әнбийя» - негізінен пайғамбарлар мен әулие - әнбилер өмірі
  • 3. жайлы, сондай - ақ олардың басынан өткерген оқиғаларын баян ететін прозалық шығарма. Ал тасқа басылған күйінде бізге жеткен, баспа жүзін көрген алғашқы нұсқасы - 1914 жылы Қазан баспасынан жарыққа шыққан жинақ. Кейінірек бұл кітап Ташкент қаласында бірнеше мәрте қайта басылып, ел арасына бұрынғысынан да кең тарала түскен еді. «Қисса - сүл әнбийяның» Қазан баспасынан жарық көрген нұсқасына 79-дай қиссалар мен хикаялар енген екен.479 беттік бұл шығарма хақында айта келіп, филология ғылымдарының докторы, профессор Бейсембай Кенжебаев «Ғылым» баспасынан 1973 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері» атты еңбегінде былай дейді: «Оларды, яғни қисса - хикаяларды тақырып мазмұнына, идея - мәніне қарай мынадай үлкен үш топқа жіктеуге болады: 1. Жер, көк, адамзат, хайуанат, жын - шайтан, періштелер, Адам - ата, от, топырақ жайлы түсініктер, мақала, әңгімелер; 2. Әулие - әнбилер, пайғамбарлар, солардың өмірбаяндары, іс - әрекеттері туралы қиссалар, ертектер, аңыздар; 3. Шежіре - яғни мұсылман жыл есебінің, хижраның алғашқы он жылы ішінде болған тарихи оқиғалар, күнтізбе - жыл, ай, күн аттары, назым өлеңдер» Кітаппен жұмыс. Оқушылармен өздері қисса мазмұнымен танысып, түсінгендерін айтып береді. І топқа. 1 - әңгімедегі айтылған хикаялар негізінде Лұқман Хакім жайлы әңгіменің тәрбиелік маңызын түсіндір, Рабғузи әңгімесіндегі адамгершілік идеясы адам қандай болу керек?Неден сақтану қажет? ІІ топқа. 2 - әңгімедегі Лұқман Хакім жайлы хикаядан шығатын қорытындыны анықта. Сұрақ. Неге Лұқман Хакім қойдың тілі мен жүрегін асып берді? Тілді ң қасиеті мен адамға тигізер зияны жайында қандай мақал - мәтелдер, даналардан шыққан сөздерді білесіңдер? ІІІ топқа. 3 - әңгімедегі Лұқман Хакім жайлы хикаядан шығатын қорытындыны анықта. 1. Даналық дегенді қалай түсінесің? Барлық адамда бола ма?
  • 4. Қорытынды. 1. Рабғузи кітабы не жайында?2. Кітапты кімге тарту еткен? (қаланың әкімі Насретдин Тоқбоға бектің өтініші бойынша жазып, кітапты әлгі әкімге сыйға тартқан екен).Үйге тапсырма. 1. Рабғузи жайлы деректер негізінде реферат жазу.2. Рабғузи хикаяларын қазақ ертегілерімен салыстыру. 3. Хикаяларының тәрбиелік маңызын анықтау Сынып: 8 Пәні: қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы: Рабғузи «Лұқман Хакім» Сабақтың мақсаты:Білімділік: Рабғузи қиссаларының мазмұны және негізгі тақырыбы мен идеясы туралы ұғым қалыптастыру, адамгершілік туралы түсініктерін кеңейту. Дамытушылық: Ислам дәуірі әдебиеті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы және шығармаларының идеясы туралы өзіндік қорытынды жасай білу дағдысын жетілрдіру. Тәрбиелік: Ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып, адамгершілікке, адалдыққа, ізгілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы Сабақтың әдісі тақырып бойынша қорытындылау, қиссаларды топтастыру, өзара сұрақ-жауап, қиссаларды рөлде ойнау Көрнекілігі: А.Қыраубайқызы «Ежелгі дәуір әдебиеті», энциклопедия, слайдтар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау1. М.Қашқари өмірі, шығармашылығы туралы2. М.Қашқари мақал-мәтелдерін жатқа оқу ІІІ. Жаңа білімді меңгерту1. «Алтын Орда әдебиеті» деп аталу себебі. Бұл дәуірден жеткен он шақты ескерткіш болғанымен, Біздер Рабғузи және Сәйф Сараи шығармаларымен танысамыз.2. Алтын Орда мемлекеті туралы. Қазақстан аумағында ХІҮ ғасырда Алтын Орда мемлекеті құрылды. ХІІІ-ХІҮ ғасырларда Шыңғыс хан құрған мемлекеттің қол астына қазіргі Қазақстан, Орта Азия, Солтүстік Иран, Кавказ, Қырым қарады. Қазақ жері ол кезде Дешті Қыпшақ аталатын, оған Шыңғыстың үлкен ұлы Жошы иелік етті. Ол Алтын Орда аталды. Алтын Орданың астаналары Сарай және Сарайшық қаласы болды. Алтын Орда ХІҮ ғасырда Көк Орда, Ақ Орда болып екіге бөлінді. ХҮ ғасырда Көк Ордадан Қазақ Ордасы бөлініп шықты, сөйтіп дербес қазақ хандығы құрылды. 3. Әдебиеттегі нәзирагөйлік бағыт. Алтын Орда жұрты – түркілер, тілі – түркі, діні – ислам еді. Әдебиет негізінен нәзирашылдық, нәзирагөйлік бағытта дамыды. «Нәзира» - араб тілінде «Жауап» деген мағынаны білдіреді, яғни бір ақынның екінші ақынға жауабы.ортақ тақырыпқа жазған ақындардың бір-бірімен шеберлік жарысы. Ол кездегі ортақ тақырыптар – Құран хикаялары. Мысалы, бір «Жүсіп-Зылиханы» ондаған ақындар қайталап жаза берген. 4. Алтын Орда ескерткіштерінің ішіндегі «Қисас-ул әнбиа» кітабына тоқталу. Алтын Орда ескерткіштерінің ішіндегі қызықтыларының бірі - «Қисас-ул әнбиа» (1310 ж.жазылған). Бұл кітап ежелгі шығыс ертегі-аңыздарының, мифтік сюжеттердің, шағын әңгіме-хикая, өлеңдер жинағы. Кітапта көне Вавилон мифологиясымен тамырласып жатқан көптеген қалыпты сюжеттер бар: дүниенің жаралуы, жерді топан су қаптауы, Адам ата мен Хауа ана оқиғалары. 5. Миф ұғымы Алғашқы қауымдық қоғам адамдарының дүние, жаратылыс жайындағы түсінігін білдіретін, қалыптасқан әңгімелер. Мифтерде көптеген халықтарға ортақ сюжеттер бола береді. Мысалы: жер-дүниенің алты күнде жаралуы, Адам ата мен Хауа ана оқиғалары, топан су жайлы, т.б. әңгімелер. Мифте бір замандарда болып өткен оқиғаның шындық дәні сақталуы мүмкін. 6. Мифтердің түркіше ең көне нұсқасы Рабғузиде екендігі туралы. Рабғузи – Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі. «Рабғузи қиссалары» (1310ж)- табиғат, дүние құбылыстары, жаратылыстың пайда болуы, халифтар, пайғамбарлар, Адам ата, Жер ана, Көк, Ай мен Жұлдыз, шайтан мен періште т.б. туралы шығыстық сюжеттегі қисса-аңыздар, өлең-жырлар жинағы. Кітапта қоғамдық өмір, тарихи оқиғалар, ізгілік пен зұлымдық, адамгершілік пен жауыздық, достық пен қастық, т.б жайындағы қисса-хикаялар, аңыз-әңгімелер бар. «Рабғузи қиссаларына» енген «Нух алайка с-салам хикаялары» , »Лұқпан Хаким хикаялары», «Харут пен Марут хикаясы, т.б.
  • 5. Мұнда барлығы 79 хикая бар. Солардың барлығын идеялық мазмұны жағынан үш топқа бөліп қарастыруға болады: 1. Аллаһ Тағаланың Жер мен Көкті, адамзатты, хайуанаттар мен тау тасты, бүкіл әлемді жаратқаны туралы хикаялар; 2. Пайғамбарлар, әулие-әнбиелер, сахабалар, тағы басқалардың өмірі мен іс-әрекеттері жайындағы аңыздар; 3. Һижраның (мұсылман жыл санауы) алғашқы он жылы ішінде болған тарихи оқиғаларды бейне бір шежіре түрінде баяндайтын хикаялар болып келеді. Мәселен, «Нұх ғалейхиссалам» деп аталатын хикаяда бүкіл жер бетін топан су басып кеткені, сонда Нұх Пайғамбар кеме жасап, әртүрлі жан-жануарларды сақтап қалу үшін олардың әрқайсысынан бір-бір жұптан кемеге салып жүргені, кеменің түбін тышқан тескені, оны жылан бекіткені, т.б. әңгіме болады. Сондай-ақ, «Қиссаси Рабғузийде» Нұх, Ыдырыс, Ибраһим, Мұса, Дәуіт, Сүлеймен, Жүсіп, Жақып, Мұхаммед Пайғамбарлар (с.а.у.) туралы да қызықты хикаялар бар. 7. «Рабғузи қиссаларының» зерттелуі, қазақ тіліне аударғандар: Б.Кенжебаев, А.Қыраубаева, Н.Сағындықов. ІҮ. Білімді бекіту.Мәтінмен жұмыс. ♦ Рабғузи әңгімелерін оқу, рөлге бөлу, ойнау, негізгі идеяны анықтау. ♦ Рабғузи әңгімелерінде адамгершілік идеясы қалай көрінеді? ♦ «Лұқман Хакім» хикаяттарын оқыған кезде әр әңгіменің ұсынып отырған ой-мұратын, тәрбиелік мәнін қалай түсіндің? Айтпақ ойы не? ♦ «Жақсы болмақ та тіл мен жүректен, жаман болмақ та тіл мен жүректен» деген ойдың кілтін тап. ♦ Рабғузи әңгімелерінің қайсысы қазіргі қазақ ертегілерінде кездеседі? «Қазақ ертегілері» кітабы бойынша салыстыр. Ой қорыту.• Рабғузи әңгімелерін оқи отырып қандай шешімге келдің? • Өз алдыңа қандай мақсат қойдың? • «Жақсыдан үйрену, жаманнан жирену» деген ойды жинақтай келе өз шешіміңді, алған әсеріңді ортаға сал. Ү. Сабақты қорытындылау.Түркілік ортағасырлық ойшыл Рабғузи өзінің терең ойлы мысалға толы шығармаларында өнегелі, тәлімдік үлгілерді оқырмандарына ұсынады. Рабғузи білдіретін даналықтың үлгілері өз замандастарына ғана емес, өзінен кейінгі талай ұрпаққа нағыз адамгершіліктің сипаты іспетті болды. Өйткені, талай даналықтың үлгісі түркілік тарихымыздың ашылмаған беттерінде жатыр.ҮІ. Үйге тапсырма беру. 1. Рабғузи қиссаларын мазмұндау 2. Әдебиет теориясы «Миф» жаттау 3. «Адамгершілік – ізгі қасиет» ой-толғау 8 сынып.Қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы:Рабғузидың «Лұқман Хакім» қиссалары. Сабақтың мақсаты:
  • 6. а) Алтын Орда дәуірі туралы мәлімет беру,сол дәуірде туған, сол уақытта өмір сүрген Рабғузи қиссаларының мазмұнын, идеялық мәнін ашу, меңгерту; ә) Рабғузи өмірі туралы түсінік қалыптастыру, ежелгі дәуір әдебиетінің кезеңдерге бөлінуі мен ғасырлар айырмасы және ежелгі дәуір әдебиеті өкілдері туралы ұғымдарын нақтылау; б) Қиссаларының мәнін ашу арқылы оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке, қайырымды болуға тәрбиелеу; Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: талдау, жинақтау Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар Пәнаралық байланыс: тарих, дінтану Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу, сабаққа назарларын аудару. Кіріспе: Қазақтың ежелгі әдебиетінің тарихы, әдебиеті, мәдениетінің тарихы және салт – дәстүрінің тамыры б. з. б. ғасырлардағы аңыздарда жатыр.Сол аңыздарда ел намысын жат жұртқа бастырмаған сақ қыздарының ерліктерінің ізі бар. Дана Қорқыт пен Әл-Фарабидің жүріп өткен жолы бар. Йассауи мен Баласағұнның даналық ойларға толы кітаптары бар. Халқымыз ежелден таланттарға бай: Фараби, Йассауи, Баласағұни, Қашқари т.б. ұлылардың барлығы да қазақ даңқын, түркі жұртын әлемге танытқан тұлғалар. ІІ.Үй жұмысы: Кім көп біледі? (Сұрақ-жауап) 1 топ. 1. М. Қашқари қай халықтың өкілі? (түркі) 2. «Диуани лұғатат - түрк» еңбегі қашан жазылған? (1072 — 1074ж) 3. Сөздікте қанша тайпаның аты аталады? (29 тайпаның) 4. Толық аты жөні қалай аталады?(Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед). 5. Туған жері қай қала? (қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барысхан қаласы.) 6. Махмұдтың әкесі кім болған? Не үшін Қашқарға көшеді? (белгілі қолбасшы, Барысханның әмірі болған). 7.Махмұд қайда білім алған? (Қашқарда дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты - жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапурда, Бағдад қалаларында болады.) 8. Ғалымның туған, өлген жылы белгілі ме? (белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды). 9. Қандай тілдерді меңгерген? (Түркі тілінің сыртында араб, парсы тілдерін жетік меңгереді). 10. Оны кім деп танимыз? (Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде) 11. Қай халықтың грамматикасын жасады? (Махмұд Қашқари – түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи - салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты). ІY Жаңа сабақ: -Балалар, біз ежелгі дәуір әдебиеттің бірнеше түрлерімен өткен сабақтарымызда танысып,мәлімет алғанбыз. Түрік қағанаты дәуіріндегі әдебиет (Ү- ҮІІІ ғ.) Орхон ескерткіштері Сақ, ғұн, үйсін дәуірі: Алып ер Тұңға, Тұмар патша, Ширақ батыр
  • 7. Енді бүгінгі өтетініміз ежелгі дәуір әдебиетінің тағы да ерекше түрімен танысамыз Міне , балалар өзіміз көріп отырғандай, ХІІІ ғасырдың басында монғол тайпасынан шыққан Есухейұлы Темужин көптеген жерлерді бағындырды. Ол тарихта Шыңғысхан деген атақ алып, қаған болды. Қазіргі қазақ елі ол кезде дешті Қыпшақ деп аталды.Оған Шыңғыстың үлкен ұлы Жошы иелік етті. Жошы хан иелік еткен жерлер «Алтын Орда» деп аталды.Алтын Орданың астаналары Сарай және сарайшық қалалары болды. Алтын Орда жұрты-түркілер Тілі-түркі Діні-Ислам Әдебиеті-нәзирагөйлік бағытта дамыды «Нәзира»-араб тілінде «Жауап» деген мағынаны білдіреді. Негізгі басты ортақ тақырып- құран хикаялары Түркілердің сол кезде де өзіндік әдебиеті мен мәдениеті болды. Сол дәуірде түркі тілінде жазылған оннан астам кітаптар болды. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет өкілдері және олардың туындылары: 1. Хорезми «Махаббатнама» 2.Сәйф Сараи «Түрікше Гүлстан» 3.Әли «Қисса Жүсіп» 4.Рабғузи «Қисса-сул әнбия» 5.Хусам Кәтиб «Жұмжұма» Осы жәдігер ,аңыз-әңгімелерді жинақтап, құрастырған, біраз қиссаларды жазған автор - Рабғузи. Бұл бүркеншік ат- «Рабат оғызы» деген сөздердің қысқарған нұсқасы. Автордың шын есімі – Насретдинұлы Бұрһанеддин екен. Автор тарихта негізінен Рабғузи деген бүркеншік атымен белгілі. Рабғузидің «Қисса-сүл әнбия» -кітабы негізінен пайғамбарлар мен әулие-әмбиелердің өмірі жайлы,олардың басынан өткерген оқиғаларын баян ететін прозалық шығарма. Дәптермен жұмыс:Қисса-баяндау,әңгімелеу деген ұғымды білдіреді. Рабғузидің «Қиссас-ул Әнбия» («Әулие-әнбиелер туралы қиссалар») кітабының жалпы мазмұны 1.Табиғаттың, жаратылыстың пайда болуы жайындағы деректі, дерексіз мифтік әңгімелер. "Үш түрлі топырақ" 2. Пайғамбарлар және тарихи адамдар жайындағы деректі, дерексіз аңыз-әңгімелер. «Нұх қиссасы» 3.Ауыз әдебиеті үлгілері, өлеңдері Рабғузи қиссаларын қазақ тіліне аударған: Б.Кенжебаев,А.Қыраубаева. Кітаппен жұмыс:Қазақ ертегілері мен аңыз әңгімелерінің таныс тақырыбына айналған Рабғузидің «Қарлығаштың адамға достығы» және «Лұқман хакім» қиссаларын оқып,оқиға желісімен баяндау. Сұрақ-жауап - Қазақ ертегілерінде осы әңгімемен сюжеті жағынан ұқсас ертегілер кездесе ме? Қарлығаштың құйрығы неге айыр? - Қарлығаш қандай құс? - Қандай оқиғаны жақсы іске, қайсысын жаман іске жатқызар едің? -Нұқ пайғамбардың кемесі қалған тауды ата. Ежелгі дәуір әдебиеті Исламдәуіріндегі әдебиет(Х-ХІІ) ӘбунасырәлФараби, АхметИассауи,Жүсіп Баласағұни,Махмұт Қашқари Оғыз дәуіріндегі (ІХ-Х ғ.) «Оғыз қаған жыры» Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет (ХІІІ-ХІҮ ғ.) Рабғузи қиссалары, Сәйф Сараи
  • 8. Қарлығаш әулие атанған Төле бидің қанатты сөзі: Шаңырағыма бір бейкүнә қарлығаш ұя салып еді.Ол жер бетін топан суы басқанда Нұқ пайғамбардың кемесін сақтап, адам баласын жылан шақпақ болғанда қызғыштай қорғаған құс еді.Осындай киелі құстың ұясын бұзып, балапандарын зарлатып-сарнатып кете алмадым. Өнегесі атадан балаға мирас болып келген, талай жанға жақсылық жасап данышпан атанған, мұсылман елдерінің әрқайсысында өзінің төл фольклорлық кейіпкеріне айналып кеткен Лұқман Хакім жайындағы мифтердің түркіше ең көне нұсқасы Рабғузиде жазылған. Қолдану 1. «Лұқман Хакім» хикаяттарындағы талданған әрбір шағын әңгіменің беретін тәрбиелік мәні. 2. Арамдық ойлау мен адалдық ойлаудың адам баласына тигізер пайдасы бар ма, қара ниет дегенді қалай түсінесіңдер? Адамға жақсы қасиеттер қайсы? 3. «Жақсы болмақ та тіл мен жүректен,жаман болмақ та тіл мен жүректен» деген ойдың кілтін табу 4. Тіл туралы қандай мақал-мәтелдерді білеміз? Бал тамған тілден у да тамар. Барлығы да тілден: тіл - бал, тіл - ажал. Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ Басқа пәле тілден. Ең тәтті де - тіл, Ең ащы да - тіл, Ең жұмсақ та - тіл, Ең қатты да - тіл. Жыланның уы тісінде, Адамның уы тілінде. Жылататын да, жұбататын да - тіл. Жинақтау 1 топ (Әр топ өз пікірін ақ қағаз бетіне түсіреді) «Жақсыдан үйрену,жаманнан жирену» деген ойды жинақтай келе өз шешіміңді алған әсеріңді ортаға салыңдар. 2 топ Топтастыру стратегиясы Лұқман Хакім қандай адам? Адамгершілік деген сөзді қалай түсінеміз? 3 топ Бүгінгі сабақтың мен үшін ең маңыздысы Ұлылар шығармаларындағы үндестік неде? Бүгінгі сабаққа қатысты барлық тапсырмаларды орындау барысында ғұлама адамдардың өмірі мен шығармашылығы келер ұрпағын адамгершілік, ізгілік, қара ниетті болмауға, оқу-білімге ұмтылып, қанағатшыл болуға үндейтініне тағы да көзімізді жеткіздік. Мына мақалмен сабағымызды аяқтау: Жүрек қара болса, тіліңнің алтындығынан не пайда? Бағалау: Оқушы білімін бағалау,тиісті бағасын қою . Үйге тапсырма: Рабғузи қиссаларын мазмұндау
  • 9. Родина жалпы орта білім беретін мектебі Тақырыбы: Рабғузи «Лұқман хакім» Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 8«б» Өткізілген күні: 20 қазан 2014ж Өткізген: қазақ тілі пәнінің оқытушысы Әлиасқарова М.Қ
  • 10. ТІЛ - АҚЫЛДЫҢ ӨЛШЕМІ
  • 11. Адам тілі тас жарады, тас жармаса бас жарады. Аз айтып сұйылтып, көп айтып қойылтары жоқ. Ақынның тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік. Ана тілім - дана тілім. Ат жүйрігі азаптан құтқарады, Тіл жүйрігі мазақтан құтқарады. Ат жүйрігі айырады, Тіл жүйрігі қайырады. Ат жүйрігі асқа, Тіл жүйрігі басқа. Ат тұяғы алтын - алысқа алып баратын. Адам тілі алтын - алысты сұрап табатын. Ат тұяқты келеді, Ақын тілді келеді (Қорқыт). Аузы құлып сандықты, тіс ашпаса тіл ашар. Аяқ - азамат, Қол - мүлік, Бас - сандық, Тіл - кілт. Аяққа кісен салуға болар, қолға кісен салуға болар - тілге кісен салуға болмас. Әдеп пен тәртіптің басы - тіл. Бал тамған тілден у да тамар. Барлығы да тілден: тіл - бал, тіл - ажал. Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ. Басқа пәле тілден. Ең тәтті де - тіл, Ең ащы да - тіл, Ең жұмсақ та - тіл, Ең қатты да - тіл. Ет-майыңды бермесең де жақсы тіл бер. Жабағы тайдың тері ащы, Жаман көлдің суы ащы, Жаман адамның тілі ащы. Желгіш атқа жел жаңғырық, Тентекке тіл жаңғырық.
  • 12. Жұпары жоқ гүлден без, Жұғары жоқ тілден без. Жүрек қара болса, тіліңнің алтындығынан не пайда? Жыланның уы тісінде, Адамның уы тілінде. Жылататын да, жұбататын да - тіл. Жынның тілін жын біледі. Кінәлі біреу ойдан, біреу тілден (А. Байтұрсынов). Кінәлінің тілі қысқа. Қол жүйрігі асқа, Тіл жүйрігі басқа. Қол жүйрігі етке, Тіл жүйрігі бетке. Қотыр қолдан жұғады, Пәле тілден жұғады.