SlideShare a Scribd company logo
1 of 27
Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның мәдени дамуы (1991-2021 жж.).
Қазақстан қысқа мерзім ішінде мемлекет негізін қалаушы Н.Ә.Назарбаевтыңүздік
көсемдігінің арқасындақазіргі заманғы бәсекеге қабілетті, ауқымды саяси, экономикалық
және әлеуметтік реформаларды сәтті жүзегеасырған, өзіндік қазақстандық даму жолын
таңдаған мемлекетке айналды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде рухани өмірдің дамуына
қатысты жағдайлар мүлдемге өзгерді. Монополистік идеология үстемдігі келмеске кеткен,
демократия біршама қарқын ала бастаған кезде мәдени-рухани салалардағы жасалып
жатқан шаралардың ауқымдық жағынан да, мазмұндықжағынанда үлкен өзгерістергебет
бұрыпотырғанынайқынкөруге болады.
Бірақ тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ұлттық мәдениеттің даму үрдісінде бір-біріне
қарама-қарсы екі тенденция белең алған еді. Олардыңбіріншісіне мәдениеттің жаңа қарқын
алып, импульспен, қарышты қадаммен, мүлдем жаңа бағытта өрлей бастауы, екіншісі –
мәдениеттің даму үрдісінде бұрынболыпкөрмегенэкономикалық кедергілер мен халық
бұқарасыныңсанасындағы психологиялықөзгерістердіңсалдары болыптабылатын
іркілістер жатады.
Қазақстанныңәлемдік кеңістікке бет алуы өзінің құнын жоғалтқан идеологиялық
мәдениеттен гөрі әсіреқызыл батыстықүлгіге айқара есік ашып берді. Батыстық
мәдениетпен қосарланыптүрліше діни секталар мен ағымдар да ағылды [27].
Бұл келеңсіздік өз дәрежесінде республика көлемінде мәдени-рухани саланы басқарудың
басқаша жолдарынқарастыруғамәжбүр етті. Олар, түптеп келгенде, мыналар:
-Қазақстан халқының мәдени-ұлттық сана-сезімінің жаңаруына ықпал ету;
-этномәдени және конфессионалдықшектеулікте мәдени әр алуандылықты қалыптастыру;
-менеджменттіктің мейлінше пайдалы моделін таңдау.
Қазақстан Республикасы «Мәдениет туралы» (1996) Заңының 3-бабында мәдениет
саласындағы мемлекеттік саясат қағидалары былайша көрініс тапқан:
-азаматтардың шығармашылық қызметінің еркіндігі;
-мәдени байлықты жасауда, оны пайдалану мен таратуда барлық азаматтардың құқығы
бірдей;
-тарихи-мәдени мұраны қорғау;
-ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарынқатар игеру аясындатәрбие мен білім беру
жүйесін дамыту;
-мәдениет саласында монополиялықпиғыл-әрекетті болдырмау;
-мәдениетті қаржыландырудабюджеттік, коммерциялықжәне қайырымдылық
бастамаларды қолдап-қуаттау;
-мәдени қызметті ұйымдастырудамемлекеттік және қоғамдықбастамаларды бірдей
пайдалану.
90-жылдары республика мемлекеттік мәдениет мекемелерінің жүйесімәдени-демалыс
орындарын, кітапханаларды, мұражайларды, театрларды, концерттік ұйымдарды, кино
өнері мекемелерін, мәдениет және демалыс парктерін, т.б. қамтыды.
Бұлардыңбәрі дерлік мемлекеттік баланста тұрды. Бұданкейінгі жылдарда, яғни
онжылдықкезеңде мәдени саланы қаржыландырумәселесі едәуір өзгеріскеұшырады:
Ұлттық маңызға ие мемлекеттік мәдениет мекемелерін мемлекеттік тұрғыдан
қаржыландырусол күйінде сақталып қалды. Нақты мәдени жобалар мен бағдарламаларды
жүзеге асыруүшін түрліше қаржы көздерін тарту мүмкіндігі ашыла түсті.
Меншік формасыныңөзгеруіне байланысты мәдени мекемелердің көпшілік бөлігі, атап
айтқанда, кинематография, туризм, спорт, шоу, теледидар, концерттік ұйымдар, т.б. өзін-өзі
қаржыландыруғакөшірілді.
Мәдени саладағы жеке меншіктің түрліше формалары өз кезегінде сөз еркіндігіне,
Қазақстанныңдербес шығармашылығына жол ашты. Аталған мемлекеттік емес мәдени
мекемелердің жұмыстарынретке келтіріп отырубарысындақайсыбіреулердің адамзатқа,
ұлтқа, мемлекетке қарсы идеяларды насихаттап, таратуына жол бермеу үшін тіркеуден
өткізу тәртібі қатаң сақталуы тиіс болды[29].
Бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістік құру — Қазақстанның мәдениет саласындағы негізгі
стратегиялықмақсаты. Тек осы жолмен ғана елдің рухани қуатын анықтап, дербес ұлт
ретінде әлемдік қауымдастыққатарынан орыналуға болады. Бұл мақсаттың үдесінен
шығудың бір жолы — қазақ халқының этномәдени тұрғыданқайта жаңғыруы өте-мөте
қажет. Бұдан бұрынғыидеологиялықжүйенің күйреуі рухани өмірдің дүр сілкінуіне,
ұлттық салт-дәстүрдің табиғи жаңғыруына түрткі болды.
«Мәдениет дегеніміз не?» деген сұраққажауап беру үшін бұлсөздің этимологиясына, яғни
осы бір күрделіұғымды білдіретін сөздіңшығу тегіне тоқталуды жөн көрдік. Қазақ тіліне
бұл термин арабтың «маданият» қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл орта ғасырлардағы
мұсылманмәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты.
Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп
атауға болады. Бұл жерде алдымен көзгетүсетіні мәдениет пен табиғатты «культура» мен
«натураны» қарсы қоюшылық. Көне заманда «культура» деген ұғым «жердіөңдеу» деген
мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цициронныңеңбектерінде (б.э.д. 45 ж.) бұл
сөздіңмағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын
еуропалық тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу»
сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктердемәдениетке төмендегідей
анықтамалар берілген:
Мәдениет белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығамашылығыныңжиынтығы.
Мәдениет азамат қауымының белгілі бір тарихи кеңісіктегі қызметі мен өзіндік бір
ерекшелігі (палеолит мәдениеті, критмикен мәдениеті …)
Мәдениет адамдықәрекеттің белгілі бір саласыныңжетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті,
еңбек мәдениеті, құқықмәдениеті …)
Агро мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустықмәдениет …)
Егемен Қазақстанның жаңа мемлекет құрудағы философиялықтұжырымдарында
көрсетілген бағыттары және елдің идеологиясы АҚШ, Франция, Ресейде белгіленген
философиялықұстанымдардыбасшылыққаалады. Халықаралық тәжірибе тоталитаризмнен
демократиялықбағыт жолына түскен елдердің өтпелі кезеңде идеологиялықдағдарысқа
ұшырайтынынкөрсетті. Сондықтанөркениетті елдердің өтпелі кезеңнен өту тәжірибесімен
танысу өте маңызды. 1993 жылғы 9 қазанда “Қазақстанныңболашағы – қоғамныңидеялық
бірлігінде” еңбегі жарияланды. Бұл еңбегінде Қазақстанға жаңа үлгідегі идеологияның
қажеттілігі бар ма, жоқ па деген талас төңірегінде нақты пікір айтты: 1. Идеология –
адамдардыңқоғамдастығынсаясижәне экономикалықміндеттерді топтастыру тәсілі. 2.
Идеология — әлеуметті мінез-құлықты қалыптастыру механизмі. 3. Идеология–
мемлекеттің және оның тұғырнамасын қолдайтынпартиялардың, қоғамдық
қозғалыстардың,адамдардыңақыл-ойынаөркениетті түрдеықпал ету тәсілі. 4. Өмір алға
озыпотырғанкезде әр түрлі идеологиялықағымдар болады. Еңбектің маңызы:
Қазақстанныңқазіргі кездегі қоғамдық-саясижағдайынабаға беріліп, ел тәуелсіздігі мен
тұрақтылығынсақтау бағыттары көрсетілді [30].
Республиканың бүгінгі өмірінде бұған мысал жеткілікті. XX ғасырдың90-жылдарынан
бастап «Наурыз мейрамы» қайтадан салтанат құрды. Ол республикада тұрыпжатқан
барлық ұлт-ұлыстардыңортақмерекесіне айналды. Қазақ халқының ең көне ауызекі
өнерінің бірі — айтыс жаңа дәуірге лайық қайта дамыды.
Этнопедагогиканегіздерін өмірге етене енгізу нәтижесінде білім берудің барлық
нүктелерінде жас ұрпақты халықтың салт-дәстүрлеріне сай тәрбиелеу жұмыстары
жүргізілуде.
Әсіресе соңғы жылдары республикадаұлттық мәдениет пен өнердің озықүлгілерін әлемдік
айналымға шығару, соларқылы Дүние жүзі қауымдастығынатанылу жолдары
қарастырылуда. Жамбылдың150 жылдығыныңаталып өтуі, 1997 жылы М.Әуезовтің 100
жылдығыныңтойлануы, 1999 жылы Түркістанның1500 жылдығы кең көлемде мерекеленуі
тәуелсіз жас мемлекеттің бұл бағыттағы тарихи құтты қадамдары болсакерек.
Қазақ әдебиеті де жаңа шығармалармен толықты. Ә. Нүрпейсов Арал және ондағы адам
тағдыры туралы «Соңғы парыз», романын,Ш. Мұртаза «Қызылжебе» трилогиясының
соңғы томын, М. Мағауин «Мен» атты философиялықтолғауын, Қ.Жұмаділов Қаракерей
Қабанбай туралы «Дарабоз»дилогиясыноқырмандар назарынаұсынды.Ақындар
Қ.Мырзалиев,Т.Медетбеков, И.Оразаев жаңа поэтикалық шығармалармен көрінді.
Ресейдің Қазақстандағы және ҚазақстанныңРесейдегі жылдарыныңжариялануына
байланысты шаралар шеңберінде көптеген қазақ жазушыларының шығармалары орыс
тілінде жарық көрді.КомпозиторЕ.Рахмадиевтің Ә.Кекілбаевтың либреттосы бойынша
жазылған «Абылай хан» операсы жанр табысы деп танылды.Классикалықмузыка өнері
саласындаА.Мұсаходжаева,Ж.Әубәкірова, М.Мұхамедқызы, Н.Үсенбаева және тағы
басқалар едәуір шығармашылық жетістіктерге қол жеткізді.
Халық жазушысы О.Сүлейменовтыңкөпжылдық зерттеу еңбегінің нәтижесі болып
табылатын,дүниежүзі тілдерінің даму заңдылықтарынсаралаған көлемді еңбегі «Жазу
тілі»кітабы жарияланды.
Адамның бойындағы ізгі қасиеттердің көмескіленуі мәселесін көтерген Мұхтар
Шахановтың «Өркениеттің адасуы»кітабы республикадан тыс жерлерге мәлім
болды.Өлеңменжазылған бұл романдаавтор адамдардыңөзара қауышуы бабында
қалыптасқан дәстүрліқұндылықтарданайырылыпқалуы,соныңсалдарынан гуманистік
принциптердің жойылып бара жатуы бүкіл адамзатты рухани тығырыққатіреп отыр деген
қорытынды жасаған.Қазақәдебиеті жаңа шығармалармен толықтырылды.
Кітап басыпшығару қарқынды жүрді.Туған жер, ел және оныңтарихы мен мәдениеті
туралы көлемі жағынан ауқымды,мазмұны кең, көптомдықэнциклопедиялықбасылымдар
басылыпшықты.Олардыңішіндегі елеулері ретінде «Қазақстан»Ұлттық
энциклопедиясын,Қазақстантарихын,қазақ фольклоры антологиясынатауға
болады.Қазақстантәуелсіздігінің он жылдығынаорайекі тілде «ҚазақстанРеспубикасы»
энциклопедиялық анықтамасы жарықкөрді.
Дегенмен тәуелсіздіктен кейінгі жылдардажекелеген авторлардыңжетістіктеріне
қарамастан, тұтастай алғанда, ұлттық мәдениет, соныңішінде, көркем әдебиет тоқыраудан
шыға алмады.Жаңа қоғамдыққатынастар жағдайындағы адамдардыңөмірі мен қызметін
көркемдікпен игеру баяу жүрді.Қазақтілінде мәдениет туындыларынжасаушыларкүн
сайын болыпжатқан ірі саясиоқиғалардыңмәнін қазіргі заман адамының талғамына
сай,жоғарғы көркемдікдеңгейде сипатталған шығармаларды дүниеге әкеле алмады.
Еліміздің өткен тарихын ұрпақсанасына сіңіру арқылы мәдениетті дамыту «Мәдени мұра»
бағдарламасыныңең басты алғышарты ретінде қарастырылыпотыр. 2004—2006 жылдары
бұл бағдарламаныңбірініші кезегі жүзегеасырылды. [31][
Ұлан-байтақ Қазақстан жері. Төсін керіп еркін тыныстап жатқан сайын дала. Кермекжусан
исі, ұшқан құс, бұлдырағансағым, ақырынсоққансамал жел, күмбездейтөңкерілген көк
аспан, мүлгіген тыныштық. Бұл – менің отаным, туған жерім! Ол шығысында — Алтай
тауларынан басталып, Каспий теңізіне дейінгі, солтүстігінде — Батыс Сібір жазығы мен
Орал тауларынан Тянь-Шаньннің солтүстікбеткейі аралығындағы алып территорияны
алып жатыр. Әлі есімде, ең алғаш рет география сабағындабес бірдей Франция сыйып
кететін Қазақстанныңкартасын көріп, оған Австрия, Германия, Италияның бірнешеуін
ойша сыйдыруғатырысқаным. Ал кейін найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қорғалған
жер тек табиғи ресурстар мен физикалық-географиялықартықшылық иесі ғана емес, сонау
көне дәуірлерден тамыр жайған көшпелі тайпалар мәдениетінің алтын бесігі екенін
ұғындым. Оныңайнымас дәлелі Қазақстан жерінен табылып жатқан көне сақ, үйсін, түркі,
қыпшақ мәдениеттерінің ескерткіштері, өнер мен қолөнер туындылары. Бұлар біздің
ұлттық мәдениетіміздің тарихын баяндайтынигіліктер.
Тарих- адамзаттың тамыры. Өз тарихына үңілу, өткен жолынқорытындылау, жете түсінуге
ұмтылу, оны бағалай білу — елін сүйетін, өзін танығысы келетін әрбір адам үшін маңызды.
Адамзат үшін тарих өз алдына құндылық, ендеше сол тарихты баяндайтын материалдық
игіліктер де құнды болмақ. Ерте тас дәуіріндегі Сақ мәдениеті, қола дәуіріндегі Ботай,
Андронов, Беғазы-Дәндібаймәдениеті, темір дәуіріндегі сақ, үйсін мәдениеті негізінде
қаланған көшпелі түркілердің мәдениеті қазақ халқының ұлттық мәдениетінің бастау
бұлағы.
Қазіргі, ХХІ ғасырдағы Қазақстанмәдениеті қай бағытта дамыпжатыр, деңгейі, негізгі
идеясы қандай? Біртұтас мемлекет ретінде, заман талабына сай қабырғасы қалана бастаған
біздің Отанымыздыңәлемдік мәдениет пен өркениет көрмесіндегіорны қандай, және
мәдениеттің дамуына қазіргі заманда қандай үлес қоспақ? Бұл ретте мәдениет атадан балаға
мұраболып қалып, ұрпақ ауысқан сайындамып отыратынынынұмытпағанжөн. Сондай-ақ
мәдениет — дәстүрлісалт дәстүр, ұлттық дүниетаным, ой-сана негізінде дүниеге келетін
әдебиет, театр, ән күй, бейнелеу, қолөнері сынды өнер туындыларынан, халықтың ортақ
рухани байлығынан құралатындығы белгілі. Бұл орайдабіз әлемдік мәдениеттің ажырамас
бөлігі — бейнелеу өнерін назардантыс қалдыра алмаймыз. Ежелгі тас дәуіріндегі үңгір
суреттері, петроглифтерденбасталып, қазірде көркемдік, идеялық құндылықтары
қалыптасып, ғылыминегізделген бейнелеу өнері әртүрлі дәуірлердегі халықтың ой
санасын, дүниетанымын, мәдени кемелдік-дәрежесін көрсететін айна сияқты.
Бейнелеу өнері техникасы, технологиясы Батыстан әкелінген жаңалық болсада олардың
бәрі халық өнерінің, дүниетанымыныңбір бұтағы ретінде өркен жайады. Сондықтанұзақ
уақыт бойы қалыптасқан ұлттық сана сезім, дүниетаным жаңадан енген өнер түрінің қайнар
көзіне айналды. Қазақ халқының дәстүрлікөзқарасы өнердің жаңа түрінің бағыты мен
сипатын анықтап отырды. Халықтың дәстүрліой санасыментерең байланыс негізінде
Қазақстанныңкәсіби бейнелеу өнерінің көркемдік ерекшеліктері мен идеялық бағыты
қалыптасты.
Өнер үшін бір ғасыр онша көп мерзім емес. Бірақ Қазақстан суретшілерінің бірнеше ұрпағы
өткен жол өзіндік ұлттық ерекшелігі мен идеялар жинағы бар көркемөнер мектебін
қалыптастыра алды.
Кез келген нәрсенің бастауы бар. Өнер де өзінің бастау бұлағын, халықтың түп тамырын
назарына алғанда оныңэтнографиялық, кейін поэтикалық дәрежелерінен өткесін жаңа
биікке шығып, оны пайымдаудыңфилософиялықдәрежесіне көтеріледі. Суретшілер халық
мінезі мен тарихын тереңнен түсінуге тырысып, заманқұбылыстарынтереңпайымдауға
тырысады. Олардыңшығармашылығы қандай дүниетанымдықнемесе тақырыптық
деңгейде болса да, ең алдымен туған елге, халқына қатынасымен, оныңтериторриялық,
ұлттық дербес ерекшеліктерін көрсетумен, жергілікті құндылықтарды жинақтаумен
анықталады.Бұл әрине, таза өнергеғана қатысты. Таза өнер, меніңше, әуелі – халық өнері,
ол ешқандай идеалогияғабағынбайды. Бұл жағдай қазіргі Қазақстан суретшілері үшін дін
ең алдымен ұлттық өнер, ұлттық қолтаңба, ұлттық дүниетаным, болмыс түсініктеріне
байланысты. Бірақ 80-90 жылдарданбергі Қазақстан суретшілерінің шығармашылығыносы
көзқарас нүктесінен талдамас бұрын, қазақкөркемөнерінің классиктеріне тоқталып өткен
дұрыс сияқты. Өйткені, менің көзқарасым бойыншабүгінгінің бәрі өткенмен сабақтастықта
дамып, салыстырубарысындаайқындалады.
Бұл орайдаең алдымен шығармашылық қолтаңбасы академизмнен мүлдем ада, халықтың
дәстүрліөнеріне өте жақын Ә.Қастеевтің 1930 жылдардағы шығармашылығынайтуымыз
керек.
Оның шығармашылығынаұлттық дүниетаным мен ұлттық рухты мәнерлеудің дәлме-
дәлдігі тән. Қастеев туындыларындағы барлықтақырыптар мен сюжеттер қазақ халқының
тұрмысыменбайланысты. Ол «Киіз үйдің ішкі көрінісі» атты туындысындаасқан
ыждағаттылықпен киіз үйдің бұйымдарыныңбірін қалдырмай бейнелейді. Суретші алуан
түрлі тұрмыстықбұйымдардыайшықты түстермен көрсетіп қана қоймай, халық
тұрмысыныңөміршеңдігін де бейнелейді. Суретшінің «Бие сауу», «Колхоз тойы»,
«Колхоздыңсүтфермасы» және т.б. жұмыстарынақазақ тұрмысынөтежақсы білуі мен
оған деген шынайы махаббаты негіз болды. Оның лирикаға толы пейзажы мен портретіде,
өз дәуірінің шындығынбейнелеген тақырыптық картиналары да туған халқына деген терең
сүйіспеншілікпен жазылған.
1980 жылдардыңекінші жартысындасуретшілер үшін қоғамдағы жеке адамның табиғи
мәдениетін анықтайтын ұлттық болмысқатүрткі болу, сұраныс тудыру, өткендіқайта
жаңғыртуға мүмкіндік жасау басты міндетке айналды. Осы жылдардыңортасынанбастап
бері қарай Қазақстан суретшілері тарихи, тарихи-мифологиялықтақырыптарғаерекше
көңіл аудара бастады. Рәмізді нышандар мен қатар халықтың болмысындамонументті
бейнелер арқылы жеткізу де орыналды. А.Ақанаев, К.Дүйсенбаев, Ә.Сыдыханов,
Қ.Зәкіров, Б.Түлкиев, А.Есдәулетов, Б.Бапишев, Қ.Хайруллин, Ғ.Маданов секілді
қылқалам шеберлерінің ізденісі нәтижелері өз орындарынтауып, ұлттық болмыстыңсазды
әуендерін шерте білді. Олар ата баба тарихын аден қойып, рухани қазынаны меңгеруге
ұмтылды.
Болмысты басқаша символмен түсіндіру, жалқы мен жалпыны, сәт пен мәңгілікті
ұштастыру Шығыс өнерінің басты ерекшелігі. Өз әсеріңді тікелей айта салу — астарлы
сөзгеерекше мән беретін қазақтың көркемдік талғамына жат нәрсе. Бұлдәстүрлітаным
бейнелеу өнерінде де өзіндік көрініс тауып, суретшілердің өмірден алған әсерлерін
бейнелеуде таңба мен символғаерікінді берді
ХХ ғасырдағы қазақкескіндемесінің негізгі тақырыбынөзгеұлттың дәстүрлеріменсұхбат,
яғни орыс реалистік мектебі, француз импрессионизмі, кеңес кескіндемесімен
сұхбаттастықанықтады.80 жылдардыңекінші жартысындақайта құру бергенеркіндік
суретшілер шығармашылығынада еркіндік берді. Суретші кенептерінде ұлт тарихының
түбіне терең үңілу, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар өрісін анық бейнелеуге деген ұмтылыс
байқалды. Осы жылдардатүрік мәдениетіне, жалпы шығыс архаикасына деген
қызығушылықөсті. Б.Бапишев, Г.Маданов, А.Есдәулетовтың шығармаларындаұлттық
бастамалар мен рухани көздергедеген үндеулер анық байқалады.
Бұл, меніше, ең алдымен қандай да болмасынтарихи әлеуметтік, табиғи өзгерістерге
қарамастан бейнелеу өнері мен дәстүрлідүниетаным арасында ішкі байланыс пен
сабақтастық міндетті түрдесақталатындығыныңдәлелі. Бұлардыңайғағы — адалдықтың,
тазалықтың белгісі – ақ тазы мен еркіндік пен жігер белгісі қыран құс аса бай ою-өрнектпен
әскезделеген текемет фонында бейнеленген Ақтотының «Қазына»;ырыс-берекежебеушісі
– қошқар салынған «Молшылық белгісі»; Есдәулетовтің «Бастау» бейнелері.
Ұлттық мәдениеттің гүлденуі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады. Бұл орайда халық суретшілері
алдындағы үлкен міндет – ұлттық дәстүрліөнердің тұрақты белгілерін меңгеру. Қазақ
халқының өнерін айқындайтын дүниетанымдықбелгілер бар. Ол әуелі кеңістік ұғымы.
Кеңістік – біздің дәстүрлітүсінігімізде өнердешексіз және тұтас жаратылыс туралы ойды
қамтиды. Сондай-ақ ұлттықөнер астарлы ойға, пәлсафалық тұжырымғабағынады.
Қазақстанныңқазіргі бейнелеу өнерінің жағдайын толық түсініп, баға бере алу үшін біз
халықтың дәстүрліөнері тудырғантабиғи көркемдік заңдылықтарды да, әлемдік мәдениет
мұраларында, қазіргі заманның өзгеше міндеттері мен талаптарын да назардантыс
қалдыра алмаймыз.
Ғасырымыздыңсоңғыонжылдығындабейнелеу өнерінің құндылықжәне көркемдік
көрсеткіштерінің айқын, өзіндік ұлттық бағытта дамуының қарқыны күшейе түсті. Қазіргі
суретшілердің бейнелеу әдістерінде рәміздендіру, таңба мен символикалықбейнеге сүйену
кең өріс алды. Суретшілер әлемнің күрделігі мен халықтың тарихи жолын сөз етуде себеп-
салдарлық байланыстарды айналып өтіп, ұлттық мәдениетпен байланысты қазақ
дүниетанымы құндылықтары тұрғысында, символикалықжәне аллегориялық жинақтау
дәрежесіне әкелді. Шығармаларында дүниені құпияланған көп таңбалар арқылы
түсіндіруге ұмтылып, өмірдің қым-қуат қозғалысынкөрсетудетүстергееркіндік береді.
А.Сыдыханов өз шығармашылығында идеяны берудің ерекше құралы ретінде қазақ
халқының рулық рәмізін, таңба мен ою-өрнектің әр түрін алады. Солар арқылы дүниенің өз
түсінігіндегі тәртібін көрерменгетүсіндіреді.Ол қазақ ұлтыныңтарихи-көркем болмысын
рулық таңбаының кескіндемелік пластикалық өзгеруі арқылы жасайды. Көшпелілер
мәдениетін көркемдік зерттеуді тарихи-тұрмыстықтанфилософиялық-руханижәне
адамгершілік бейнеде, оған ұлттық ділде ғана өмір сүреалатын рәміздік мағынасын
береді.Бұл ретте суретшінің ұтымды шығармасы деп«Түркіхалықтарының рәміздері»
(1997) атты туындысынатаса болады.
А.Ақанаевтің шығармашылығы дала аңыздарынеске түсіреді. Қазіргі заман суретшілері
ежелгі көшпелі тайпалар мәдениетінің аңдық стиліне, анималистік тотемдік ағымына ұқсас
бейнелеуді қалыптастырып жатыр. Оның 1999 жылы жазылған «Дала адамдары»
шығармасы біздің көшпелі халық мәдениетімен терең байланысымыздыкөрсетеді. Жүк
артылған түйе, киіз үйдің шаңырағы, кимешек киген қария — өткеннің өнегесі мен біздің
байлығымыз. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын мұраныңқарт ана сақтаушысы іспеттес.
А.Есдәулетов шығармашылығындағы мүйізтұмсықтар мен бұқалар адамзат мәдениетінің
бастауына ой жүгірткізеді. Оның 1997 жылы жазылған «Бастау» картинасы суретшінің өз
тегіне, тарихына деген қызығушылынкөрсетеді.
Ақтотының 2003 жылы жазылған «Қазына» картинасы да біздің рухани, материалдық
байлығымызғаүңілтеді. Ақ тазы – тектілік пен адалдықтың белгісі болса, тұғырдаотырған
қыран құс ерік-жігердің, мығым сенімділіктің нышаны.
С.Тайковтың«Аңсау» атты туындысы да өткенмен байланысты, оны сағынуды паш етеді.
Қолыналдына қойып, қырынан отырғанжас ана жаратқанннан тыныштық пен амандық
тілеп отырғандай. Атып келе жатқан күннің жұмсақ сәулесі келешекке деген сенім мен үміт
белгісі болса, екі нар түйе төзім мен даналықты білдіреді.
90 жылдардыңекінші жартысындаұлттық бейнелеу өнері мектебі өз кемеліне келіп, жаң
қарқынмен дамуға бет қойды.Бұлсуретшілердің өздеріне ғана тән ерекше
қолтаңбаларының дербестігінен көрінеді. А.Дүзелханов, Д.Қасымов кенептерінде нәзік
сезімталдық пен төл мәдениетке деген ерекше құрмет таң қалдырады.
ҚазақстанныңХХ ғасырдағы бейнелеу өнеріүшінші мыңжылдыққаұлттық рухпен
толысқан, дәстүр сабақтастығынбұзбағантүрдеаяқ басты. ХХ ғасырдыңекінші
жартысында қаланған көркемөнер мектебінің даму жолын пайымдай отырып, қазіргі заман
бейнелеу өнерінде өзіміздің көне мәдениетімізді тануға, өз бастауымызғадеген терең
ықылас қоюшылықты көре аламыз.
Қазір ХХІ ғасыр. Нарықтық экономика, қатал бәсеке, ақпараттық технологияның
қарыштап, жаһандану, мәдени, экономикалықүндестік деп жар салып жатқан дәуір.
«Аулада ХХІ ғасыр тұр. Мәдени, рухани экспансия ғасыры. Бұрынсоғысалаңына найзалар
мен мылтықтар, танктер мен автоматтар шығатын болса, енді сол майданға әрқилы діни
конфессиялар, ұлттық тілдер мен мәдениеттер шығатын болады» — дейді. Серік Аббасұлы
«Парасат» журналына берген сұхбатында. Қазақстанда солмайданда қолжаулық болмас
үшін мығым экономикамен әр салада бәсекеге қабілетті білім қалыптастыруға мүдделі.
Бірақ тек қана жалғыз экономикаменмемлекет құрылмайды. Тарихи-мәденибелгілер,
біздің ешкімге ұқсамайтынтөл мәдениетіміз мемлекеттің бір қырынтанытатын айна.
Әлемдік мәдениеттер көрмесінде біртұтас ел екенімізді көрсететін бет бейнеміз.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда “архитектуралық ренессанс”басталды. (Астанада арх. К.
Курокаваныңбас жоспары бойынша/1934-2007/, Жапония) ел Президентінің резиденциясы
«Ақ Орда» (арх. К. Монтахаев /1950-2009/, ҚР); Жасыл-сулы бақжолы (К. Курокава),
(Бейбітшілік пен келісім Сарайы («Пирамида», 2006) және «Хан Шатыр» орталығы (2010,
арх. Н. Фостер, Англия); «Қазақстан» Орталықконцерт залы (2009, арх. М. Николетти,
Италия); «Нұр-Астана» мешіті (2005, арх. Ч. Хафиз, Ливан); Азиада -2011 бірнеше спорт
кешендері тұрғызылды.
Елдегі ең жас музыкалық театр – Астана қаласындағы К.Бәйсейітова атындағы Ұлттық
опера және балет театрының өмірбаяны 2000 ж. М. Төлебаевтың «Біржан – Сара»
операсымен басталды. Қаіргі кезде Қазақстанда 50 театр жұмыс істейді.
Қазақстан киноөнері «Қазақфильм» – елдегі жалғыз кинокомпания, ол 1960 жылы Алматы
кинохроникастудиясының(1934) негізінде құрылды. Қазір Қазақстан жылына 30-40
көркем және деректі фильмдер, сондай-ақ мультфильмдер шығарады.
2006 ж. «Қазақфильм» “Халық таңдауы: Қазақ киносыныңалтын топтамасы” акциясын
ұйымдастырды. Қалыңкөрерменқауымның іріктеуімен алынған 50 фильмнің 20-сы
реставрацияланды. Рейтинг көшбасшылары:«Абай» (А. Әміркұлов, 1995), «Бойся, враг,
девятого сына» (В. Пусурманов, В. Чугунов, 1984), «Қанмен тер» (Ә. Мәмбетов, Ю.
Мастюгин, 1978), «Жамбыл» (Е. Дзиган, 1955), «Аңызғаайналған Шоқан» (А. Әшімов, Цой
Гук Ин, 1984).
2011 ж. наурызындаАлматы қаласында «Қазақфильм» ҚазақстанРеспубликасы
тәуелсіздігінің 20 жылдығынаорай “Қазақстанныңжаңа деректі киносы”атты фестиваль
өткізді [86, 223 б].
Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының(Алматы) студенттері түсірген
Қазақстан Тәуелсіздігімен құрдас жасөспірім жігіттер мен қыздардыңөмірітуралы “Мен 20
жастамын” деректі фильмі – нағыз құбылыс болмақшы.
Республикада Қазақстанмәдениетіне, өнеріне және әдебиетіне арналған 70-ке жуық
мемлекеттік мұражай жұмыс істейді.
Әлемдегі бірде бір халықтың мәдениетіне де, өмір жағдайына да, оның географиялық,
тарихи және психологиялықсипаттарыныңерекшеліктеріне де оқшаулану тән емес. Бұл
тереңнен тамыр жайған қазақ мәдениетіне де қатысты. ХХ ғасырдақалыптасқан кәсіби
бейнелеу өнері дәуір дауылдарынатөтеп беріп, өз дамуында өткенмен рухани үндестікті
жалғастырыпкелді. Біз, ХХІ ғасыр табалдырығынаттаған Қазақстанжастары, төл
мәдениетіміздің ерекшелігі, көшпенділердің дәстүрлі, тұрақты менталитетінің негізгі мән
мағынасы сарқылмас қазынамыз екенін түсініп, тарихымызды ықыласпенпайымдауға
тиіспіз. Біз өзге мәдениеттен экзотикалық талғаммен дәм татып, өз мәдениетімізді саф
алтындай сақтай білуге міндеттіміз
Кеңестік тоталитарлық жүйеден қалған осындайэтникалық мәселелер жағдайында Тәуелсіз
Қазақстан өзінің этникалық топтар саясатынекі түрлі бағытта жүргізді. Бірі — осы
мемлекетті құрушы негізгі ұлт болып есептелетін қазақтардыңэтникалық мәдениетін, тілін,
ділін қайта жандандыру болса, екіншісі — Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа
этностардыңмәдени, тілдік құқықтарынқамтамасыз ету.
Қазақстандағы этникалық топтар саясатынзерттеуші ғалымдар осы бағыттағы мемлекеттік
саясаттыңбүгінге дейінгі даму барысынекі кезеңге бөледі.
Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясы 1995 жылы 30 тамыздақабылданған. Бірінші
кезең—1991—1995 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңді этноұлттық басымдылықтар
кезеңі деп атауға болады. Бұл кезеңде мемлекетті құрушы негізгі ұлт ретінде қазақ
этносына, оның тіліне, оның мәдениетіне біраз артықшылық берілді. Сондықтанда 1990
жылғы 25 қазанда жарияланған «ҚазақКСР-інің мемлекеттік егемендігі» жөніндегі
Мәлімдемесінде қазақ халқы мемлекет құрушы ұлт деп танылды. 1991 жылғы 16
желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік тәуелсіздігі жөніндегі
конституциялық заңда қазақ ұлтының өз мемлекеттілігін анықтауға құқы бар екені
көрсетілді. 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының
КонституциясындадаҚазақстан мемлекеттілігінің ұлттық сипатына ерекше мән берілді.
Ол бойынша да Қазақстан өзін-өзітаныған, өз болашағын өзіанықтайтын қазақ ұлтының
мемлекеті деп танылды.
Тәуелсіз еліміздің бұл кезеңінде мемлекеттігіміздің формасынұлттық деп жариялаудың
объективті қажеттілігі болды.
Біріншіден бұл кезеңде тәуелсіздік алған барлықмемлекеттер өздерін солмемлекеттердің
негізін құрайтын ұлттың мемлекеті деп жариялаған болатын.
Екіншіден, ғасырлар бойы өз тәуелсіздігін жоғалтып, өз жерінде саны жағынан азшылыққа
айналған қазақ халқының ұлттық рухын, көтеру, сол арқылы дүниеге жаңа келген
мемлекетті тез арада аяғынан тік тұрғызукерек болды.
Үшіншіден, тоталитарлық жүйе кезінде жойылыпкете жаздаған қазақ халқының ұлттық
дәстүрлімәдениетін, тілін, ділін қалпына келтіру үшін мұндай саясатқажет болды [32].
Өткен ғасырдың90-жылдарыныңортасынақарай қазақ халқы өзінің мемлекеттілігін сезіне
бастады, ұттық рухы оянды, өзінің ұлттық құндылықтарынақтап алды, ұлттық дәстүрлі
мәдениетін, тілін қалпына келтіре бастады, имандылыққа мойнынбұрды. Осы кезеңді
мемлекеттің атауына негіз болыпотырғанқазақ ұлтының ұлттық санасыныңерекше ояну
кезеңі, ұлттық рухының ерекше көтерілу кезеңі десе де болады.
Жалпы осы кезеңде, бұдансоңғы жылдары да басқа ұлт өкілдерінің Қазақстаннан қоныс
аударуын республикадағы этноцентристік саясаттыңнәтижесі ғана деп түсінбеу керек.
Егемендік алған кездің алғашқы жылдарындағы өзгеұлт өкілдерінің сыртқа көшуінің
біздіңше мынадай себептері де бар.
Біріншіден, бұрынғы КСРО сияқты үлкенмемлекеттің ыдырауы ұлттық жаңа құрылған
мемлекеттер жағдайындаұлттардыңарасында болашағына деген белгілі бір сенімсіздік
туғызды. Сондықтанбасқа ұлт өкілдері өз мемлекеттілігі бар елге көшті.
Екіншіден, ұлттық мемлекеттіліктер құрылу кезеңінде этностар өкілдерінің санасында
этноцентристік пиғылдар уақытша болсада күшейді.
Үшіншіден, сана бодандығынанқұтылғаназаматтарда өз тарихи Отанына қайту
пиғылыныңкүшеюі заңды құбылыс еді. Әсіресе мұндай себеп кезінде Қазақстан жеріне
күшпен депортацияланғаннеміс, т.б. халықтарға тән болды[33].
Қазақстанныңұлт саясатыныңекінші кезеңі 1995 жылы қабылданған жаңа Конституциядан
басталады. Бұл Ата Заңда енді Қазақстан халқын титулды және титулсыз ұлт деп бөлу
жойылды. Бұл заң бойынша ендігі жерде Қазақстан мемлекеті ұлттық негізде емес,
жалпыазаматтық негізде құрылатындығы баяндалды.
Осы конституциялық заңға негізделген еліміздің ұлт саясаты азаматтық қоғамның
қағидаларына сүйене отырып, Қазақстанұлты деп аталатын саяси-азаматтық қауымдастық
құру мақсатын көздейтін саясатқа айналды. Бұл — Қазақстан Республикасының
азаматтығын қабылдаған адамдар қауымдастығынбірте-бірте Қазақстан ұлты деп аталатын
саяси-азаматтықбірлестікке айналдыру. Бұл — этностықмәдениеті, діні, тілдері түрлі
болғанымен, «Мен қазақстандықпын!» деген елдік сананы қалыптастыру.
1997 жылдың 11 шілдесінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң қабылданды.
Бұл заң бойынша Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік тілі болып — қазақ тілі
бекітілді. Бұл тіл мемлекеттік басқару органдарының, заңшығару, сот ісінің, іс жүргізудің
тілі болыпсаналады және мемлекет аумағындағы қоғамдыққатынастардыңбарлық
саласындақолданылады.
«Қазақстанхалқының басынбіріктіруші маңызды қатынас туралы болыптабылатын осы
мемлекеттік тілді білу— Қазақстан Республикасыныңәрбір азаматының қасиетті борышы
болыптабылады» — делінген Тіл жөніндегі Заңның 4-бабында.
Осы заңның 5-бабында мемлекеттік ұжымдардажәне жергілікті басқару органдарында
қазақ тілімен бірдей дәрежеде ресмитүрде орыс тілі де пайдаланылатындығы жазылған.
Соныменқатар бұл заң бойынша «ҚазақстанРеспубликасыныңәрбір азаматы өз ана
тілінде сөйлеуге, өзінің қалаған тілінде тілдесуге, шығармашылықпен айналысуына,
тәрбие, оқу жұмыстарынжургізуге құқылы» (6-бап).
Мемлекет қазақ тілінің және өзгетілдердің ұлтаралық қарым- қатынаста қолдану аясын
сақтауға және оның еркін дамуына кепілдік береді. Сондай-ақ мемлекеттік тілді немесе
ұлтаралық қатынас тілін білмегені үшін азаматтардыңқұқығы мен бостандығыншектеуге
тыйым салынады. Қазақстан Конституциясыныңтіл туралы баптары әлемнің өзге
елдерінде, сондай-ақ ТМД-да ерекше демократиялы болып есептелінеді[34].
.Қазақстан — өз Отаным деп есептейтін әр азамат қазақ тілін білуі міндетті. 2030 жылға
дейінгі стратегиялық даму бағдарламасындағы ұзақмерзімді жеті басым бағыттыңішінде
ұлттық қауіпсіздіктен дейінгі екінші орындакөрсетілген. Ұлттық бірлік, татулық, теңдік
қоғамныңтоптасуының кепілі. Республикада жалпы ұлттық мүдделердіжүзегеасыруда
қазақ ұлты оларды біріктіруші рөл атқаратындығы айқын.
Қазақстан халықтарының мәдениетін бүкіл әлемге таныту мақсатында ЮНЕСКО
ауқымында Қазақстан Республикасыныңмерекелері аталып өтуде.
1997 жылы ұлттық татулық және саясиқуғын-сүргінқұрбандарынеске алу жылы. 1930-
1932 жылдардағы ұлы қасіреттің 65 жылдығы және сталиндік қуғын-сүргінгетүскен
ұлттық зиялылар қасіретінің 60 жылдығы атап өтілді. 1997 жылы 13 желтоқсанда Ақмолада
саясиқуғын-сүргінқұрбандарынаарналған мемориалдықкешен ашылды.
1998 жыл — халық білігі мен ұлттық тарих жылы. Бұл жылы 23 ірі Ғылыми форумдар
өткізіледі. Республиканың барлықоблыстарына24 ғылыми экспедициялар аттандырылып,
74 ауданды аралады. Тараз қаласына таяу жерде архитектуралық ғимарат — Ақыртас
кешені ашылып зерттелді. Мантуя (Италия) қаласында «Алтын адам Қазақстандалалары
қола дәуірінен халықтардың ұлы қоныс аударуына дейін” атты көрмеөткізілді.
1999 жыл – Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болыптабылады. Осығанорай
атқарылған жұмыстар:6 томдық«Қазақстан ұлттық энциклопедиясының”І-ші томы, М.
Шоқай шығармаларыныңекі томдығы шықты. Қытай мұрағаттары негізінде Қазақ
тарихына арналған 5 кітап жарық көрді. «Алпамыс батыр” жырының1000 жылдығына
арналған ғылыми-теориялықконференция өтті[7].
М. Хайдар Дулатидің 500 жылдығынаарналған мерейтой өткізіліп, «Тарих-и-Рашиди”
еңбегі қазақ тілінде шығарылды. Соныменқатар бұл жылы саясиқуғын-сүргін
құрбандарынақтау жұмыстары жалғасты. Нәтижесінде 19.144 адам толықтай ақталды.Ал
2000 жылдың республика көлемінде мәдениетті қолдау жылы болыпөткені белгілі.
2001 жылы 18 маусымда Күлтегін ескерткішінің көшірмесі Астанаға әкелінді. 2001 жылы 5
маусымда ҚазақстандаРесей Федерациясы мәдениетінің күндерібасталды. 2003 жылы
Астанада дүниежүзілік және дәстүрлідіндер лидерлердің съезіболыпөтті.Осындай мәдени
іс-шаралардың өткізілуімен қоса, әлеуметтік қайшылықтардыңартуына, экономикалық
жағдайдыңнашарлануына, өмір сүрудеңгейінің төмендеуіне байланысты халықтың рухани
жағдайы өте күрделі болды.
Қашанда қалдық принципімен қаржыландырылыпкелген мәдениет пен өнердің қазірдегі
халі қаншалық екені түсінікті. Өркениеттің осынауасыл қазығына қор тарапынан қандай
қолдау бар?
Ғылым-білім, мәдениет пен өнер саласындағы талантты жастарды қолдауда Қазақстан
Республикасы ТұңғышПрезиденті қоры орасанзор жұмысты атқарып отыр.
Қай қоғамда да мәдениет пен өнер қолдау-көмекке мұқтаж. Сондықтанөнердегіжастарға
қамқорлық жасау мақсатында қор жанында шығармашыл жастар кеңесі жұмыс істейді.
Кеңестің құрамына республикамыздағы сәулетшілер, кинематографистер, дизайнерлер,
жазушылар, суретшілер және басқа да шығармашылық одақтардыңөкілдері кіреді. Кеңес
түрлі көрмелер, байқаулар, фестивальдар мен концерттер, көрермендер конференцияларын
ұйымдастырады.
Өнер мен мәдениет саласындағы жас таланттарды қолдау бағдарламасыныңаясындақор
шығармашылық жобаларды қолдауға берілетін гранттар, елімізде және шет жерлерде
өтетін салалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, симпозиумдар менсеминарларға,
шығармашылық байқауларға, фестивальдарға, концерттерге, шеберлік дәрістеріне,
көрмелергеқатысуға мүмкіндік беретін «Іс-сапарларғагранттар», сондай-ақ
жаңашылдығымен, өзіндік ізденіс-өресімен танылған талантты шығармаларға,
бағдарламаларға, жобаларғаПрезидент қорыныңсыйлығы байқауларын өткізіп келеді[37].
Шығармашылық жобаларды жүзеге асыруғаберілетін гранттарды жеңіп алу үшін жыл
сайын ұйымдастырылатынбайқау мәдениет пен өнердегі жас таланттарды қолдау және
ынталандыру, болашақ кино және телевидение мамандарыныңкәсіби біліктілігін
жетілдіру, соныменқатар отандық аудиобейне өнімдерінің сапасынжақсарту мақсатын
көздейді. Мысалы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының5-ші
курсының17 студентіне дипломдықжобағагранттар тапсырылды. Яғни, студенттердің
дипломдықжұмыстарынжүзегеасыруынақаржылыққолдау жасалады.
Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саясидамуы.
1. Қазақстан Республикасының қоғамдық өміріндегі өзгерістер.
1992 жылы қыркүйек-қазан айларында Алматыда дүние жүзі қазақтарының тұңғыш
құрылтайы өтті. Әлемнің 13 елінен келген отандастарымыз қатарында үлкен қазақ
диаспорасы бар Өзбекстан(870 мың) мен Ресейден (660 мың) келушілер көп болды. Барлық
қатысушылар саны 800 адам болды. ҚұрылтайдаҚазақстан Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы
26 маусымда қабылдаған "Көшіп келу туралы” Заң негізінде қандастарымыздың елге
оралуына мүмкіндік жасалғаны айтылды.
Дүние жүзі қазақтарының құрылтайына қатысушылардың Қазақ халқына Үндеуі
жарияланды. Онда: 30 қыркүйек – Ұлттық бірлік күні деп аталды. – Бүкіл әлемдегі
отандастарымызды Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік, мәдени-интеллектуалдық
мүмкіншілігін молайтуға, бар қабілеті мен еңбегін туған ел игілігіне жұмсауға шақырды.
2002 жылғы 23 қазанда Түркістанда дүние жүзі қазақтарының екінші құрылтайы
өтті. Оған 400-ге жуық адам қатысты. Бұл құрылтайда оралмандардың елге оралу мәселесі
қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды. 2003 жылы 5
мың отбасы, 2004 жылы 10 мың отбасы, 2005 жылы 15 мың отбасы елге көшіп келді,
жылына 50-60 мың оралман оралады.
1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығының тұсау кесер
салтанаты болды. Сол жылдың өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан, Түркиядан, Ираннан
және ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді.
1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді.
Форумда негізінен мынандай мәселелер қаралды: 1. Жаңа көзқарас тұрғысынан
интернационализм мен тату көршілік қатынас жағдайлары талқыланды. 2. Президенттің
Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы алғаш рет академик М. Сүлейменовке, халық
жазушысы Д. Снегинге, жазушы, аудармашы Г. Бельгерге тапсырылды.
Қазақстандағы компартиялық жүйе.
Қазақстанның егемендік алуы, КСРО диктатурасының құлайуы қоғамдық дамудың табиғи
атрибуты боп саналатын көппартиялықтың өрістеуіне жол ашты.
1993 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар – Социалистік партия,
Қазақстанның республикалық партиясы, "Қазақстанның халық Конгресі” және
Коммунистік партия. Қоғамдық қозғалыстардан – ядролық жарылысқа қарсы "Невада-
Семей”, азаматтық "Азат” және "Қазақстанның халық бірлігі” одағы, 11 республикалық
ұлттық мәдени топтар тіркелді.Сондай-ақ республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси
ұйымдар, 68 әр түрлі қорлар тіркеуге алынды. 1993 жылдың соңына қарай қоғамдық-саяси
қозғалыстар берік саяси күшке айналды.
1994 жылғы желтоқсанда "Қазақстанның халықтық-кооперативтік париясы”, 1995 жылғы
қаңтарда "Қазақстанныңөрлеу партиясы”, 1995 жылдың басында "Қазақстанның аграрлық
партиясы”, 1995 жылғы жазда "Қазақстанның демократиялық партиясы” құрылды.
1998 жылғы қарашада "Ақ жол” қоғамдық қозғалысы құрылды. Жетекшісі – Н.
Оразалин. Мақсаты: Президент Н.Ә. Назарбаевтың саяси бағытын қолдау. "Қазақстан-
2030” стратегиясын жүзегег асыру. Зиялы өкілдер мүдделерін қорғау.
1999 жылғы қаңтарда "Отан” партиясы құрылды. Төарғасы – Т. Терещенко. Бұл партия
Н.Ә. Назарбаевтың Президенттікке кандидатурасын қолдау қоғамдық штабы негізінде
құрылды.
1999 жылғы 14 қаңтарда "Қазақстанның отаншылар” партиясы құрылды. Жалпы 1999
жылы республикада барлығы 14 саяси партиялар мен 30-ға жуық саяси қоғамдық
қозғалыстар, бірлестіктер құрылды. 2001 жылғы қарашада "Қазақстанның демократиялық
таңдауы” атты қоғамдық-саяси бірлестік құрылды. 2000 жылы республикадағы ресми
тіркелген партиялар саны –15.
Елімізде саясипартиялардыңжәне партиялық жүйелердің орнығуына, тәуелсіз баспасөздің
дамуына көп көңіл бөлінді. Бұл жағдай республиканың өркендеуіне, қоғамның
демократиялануына, реформаның тередеуіне, экономиканың және халықтың
тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына ықпал етті.
Ұлттық-демографилық процестер.
1991 жылдан кейін Қазақстанда тұрғындардың саны күрт төмендей бастады. Бұл жағдай
эмиграциялық қарқынның жоғары болуымен байланысты болды. Мысалы, 1992 жылы
Қазақстандықтардың саны –16 млн. 985 мың адам болса, 1993 жылы – 16 млн. 942 мың, ал
1995 жылы – 16 млн. 590 мың адам болды. 1999 жылғы халық санағы Қазақстан
тұрғындарының саны азайып, 15 млн.-ға жетер-жетпес адам қалғанын көрсетті. 1995
жылдың тек 9 айдың ішінде республикадан басқа жаққа 198,6 мың адам көшіп кетті.
Табиғи өсім азайып, тұрғындардың арасында өлім өсіп кетті. Дегенмен де, 1991-1997
жылдар аралығында Қазақстанға шетелден 164 мыңдай адам көшіп келді.
Белгілі дәрежеде республиканың ұлттық құрамы өзгеріп, кейбір облыстар негізінен
қазақтар тұратын өлкеге айналды. Мысалы, Қызылорда облысында қазақтар - 93%-ы,
Атырауда - 88%-ы, Маңғыстауда - 74%-ы, Ақтөбеде - 69%-ы, Оңтүстік Қазақстанда және
Батыс Қазақстанда - 66%-ы қазақтар болды.
Осы жылдары ауыл тұрғындарының қалаға кету үрдісі (урбанизация) күшейді. 1995
жылдары халықтың 56%-ы қалаларда тұрды, ал қазіргі кезде бұл үрдіс бұрынығыдан да
өсуде. Тұтастай алғанда, қоғамда болып жатқан өзгерістер (процестер) өтпелі кезеңге тән
процестер деп қарауға болад.
2. Тәуелсіз Қазақстанның рухани дамуы.
Мәдени процестер. 1991 жылдан кейін оқу жүйесі белгілі мөлшердедағдарысқа ұшырады.
1993 жылдың басында (1 қаңтар) Қазақстанда 154 мыңдық орны бар 303 бала бақшасы
жабылды, орта мектептер саны азайды. Екінші жағынан мемлекеттік емес мекемелерінің,
мектептер және жоғары оқу орындарының пайда болу процесі басталды.
1989 жылғы Тіл туралы Заңның және Конституция негізінде ұлттық білімнің жандануына
мүмкіндік туды.
Елісміздің көп ұлтты мәдениетін дамытуда 40 ұлттық мәдени орталықтар мен Қазақстан
халықтарының біріккен Ассамблеясы жұмыстар атқаруда.
1997 жылы Қазақстанда 53 мемлекеттік, 40-тан астам коммерциялықжоғары оқу орындары
болған болса, 2000 жылдың басында 51 мемлекеттік, 100-ден астам коммерциялық жоғары
оқу орындар болды.
Қазақстанның барлық жоғары және арнаулы орта оқу орындарында қазақ тілінде оқу
бөлімдері ашылды. Соңғы жылдары 300-ден астам жалпы орта білім беретін қазақ
мектептері ашылып, олардың саны– 3,3 мыңға жетті. Республикада 17 ұлт тілінде жүздеген
мектеп бар. 12 тілде газеттер мен журналдар шығып тұрады, 11 және 6 тілде хабар
жүргізетін теле-радио қызмет етеді.
1999 жылғы 11 маусымда – Қазақстан Республикасының "Білім туралы” Заңы жарияланды.
2006 жылдың басында республика бойынша 252.800 ұстаз еңбек етуде.
Қазақстан тәуелсіздік алуымен байланысты халыққа білім беру жүйесінің халаралық
байланысы кеңейді. Білімді мамандарды көбейту мақсатында жастарды шетелдердің
беделді оқу орындарына жіберу өзекті сипат ала бастады. 1993 жылғы 5 қарашада
Президенттің "Болашақ” атты 250 халықаралық стипендиясы белгіленді.
Қазақстан халықтарының мәдениетін бүкіл әлемге таныту мақсатында ЮНЕСКО
ауқымында Қазақстан Республикасының мерекелері аталып өтуде.
1997 жылы ұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарынеске алу жылы. 1930-
1932 жылдардағы ұлы қасіреттің 65 жылдығы және сталиндік қуғын-сүргінге түскен
ұлттық зиялылар қасіретінің 60 жылдығы атап өтілді. 1997 жылы 13 желтоқсанда Ақмолада
саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық кешен ашылды.
1998 жыл-халық білігі мен ұлттық тарих жылы. Бұл жылы 23 ірі Ғылыми форумдар
өткізіледі.
Республиканың барлықоблыстарына24 ғылыми экспедициялар аттандырылып, 74 ауданды
аралады. Тараз қаласына таяу жерде архитектуралық ғимарат-Ақыртас кешені ашылып
зерттелді. Мантуя (Италия) қаласында "Алтын адам Қазақстан далалары қола дәуірінен
халықтардың ұлы қоныс аударуына дейін” атты көрме өткізілді.
1999 жыл – Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып табылады. Осыған орай
атқарылған жұмыстар: 6 томдық "Қазақстан ұлттық энциклопедиясының” І-ші томы, М.
Шоқай шығармаларының екі томдығы шықты. Қытай мұрағаттары негізінде Қазақ
тарихына арналған 5 кітап жарық көрді. "Алпамыс батыр” жарынаң 100 жылдығына
арналған ғылыми-теориялық конференция өтті.
М. Хайдар Дулатидің 500 жылдығына арналған мерейтой өткізіліп, "Тарих-и-Рашиди”
еңбегі қазақ тілінде шығарылды. Сонымен қатар бұл жылы саяси қуғын-сүргін
құрбандарын ақтау жұмыстары жалғасты. Нәтижесінде 19.144 адам толықтай ақталды.
2000 жыл- мәдениетті қолдау жылы.
2001 жылы 18 маусымда Күлтегін ескерткішінің көшірмесі Астанаға әкелінді. 2001 жылы 5
маусымда Қазақстанда Ресей Федерациясы мәдениетінің күндері басталды. 2003 жылы
Астанада дүниежүзілік және дәстүрлі діндер лидерлердің съезі болып өтті.
Осындай мәдени іс-шаралардың өткізілуімен қоса, әлеуметтік қайшылықтардың
артуына, экономикалық жағдайдыңнашарлануына, өмірсүру деңгейінің төмендеуіне
байланысты халықтың рухани жағдайы өте күрделі болды.
1999 жылы Н.Ә. Назарбаевтың "Тарих толқынында” атты еңбегі жарыққа шықты. Бұл
еңбектің "Тарихтың шеңберлі және ұлттық зерде” бөлімінде ел тарихын автор 12 кезеңге
бөледі.
Еңбектің маңызы: Тарих қойнауын зерделей отырып ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу
қажеттігі баса айтылды.
3. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.
Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы.
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп
дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет
мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің
арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына
қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай,
Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б.
1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен
дипломатиялық қатынас орнатылды.
Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам диплоамтиялық және консулдық өкілдіктер
ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халыаралық, ұлтаралық
ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы
ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық
саясатқа кірісті.
1992 жылы наурыздың 3-інде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ)
мүшесі болып қабылданды. Осы жылы өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының
трибунасынанОБСЕ сияқты ұйымның Азияда да құрылуы туралы Н.Ә. Назарбаев өз ойын
айтқан болатын. Бірақ, ол кезде оның бұл сөзіне онша сене қоймаған еді. Міне, арада 10
жыл өткеннен кейін 2002 жылғы маусымда Алматыда сенім әрекеттестік шаралар туралы
саммиті өтті. Саммит жұмысына 16 мемлекет басшылары қатысты. Оның ішінде 7 ірі
державалар- Қытай, Индия, Ресей, Иран, Түркия т.б. болды.
Маңызы: Бұл елдердің экономикалық потенциалы өте зор, олардың территориясының
жалпы көлемі 38,8 млн.кв.км., немесе Евразия материгінің 89%-ын құрайды. Бұл елдердің
территориясында2.8 млрд. адам тұрады, яғнижер шары тұрғындарының 45%-ын құрайды.
Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы.
Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады:
1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен
халықаралық байланысты өркендету.
2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті
елдердің қатарына қосылу.
3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі
көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен
ойдағыдай қарым-қатынас орнату.
Қазақстан-Ресей байланыстары.
1992 жылғы 25 мамырдаҚазақстан мен Ресей арасындадостық, ынтымақтастықжәне өзара
көмек туралы шарт жасалды. 1995 жылғы 20 қаңтарда – Қазақстан мен Ресей
ынтымақтастығын кеңейту туралы Декларация жариялады, ал 1996 жылғы 27 сәуірде
Алматыда екі елдік бірлескен Декларациясына қол қойылды. Декларацияның маңызы:
1. Екі ел арсындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу.
2. Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау.
1998 жылғы 6 шілдеде Мәскеуде ІІІ ғасырға бағдарланған "Мәңгі достық пен
ынтымақтастық туралы” Декларация жарияланды. Нәтижелері:
1. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі проблемасын шешуді алға жылжытты.
2. Қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеуді шешті.
3. Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану мәселесі қарастырылды.
Қазақстан-Қытай байланыстары.
1992 жылғы тамызда Қазақстан Президентінің Қытай халық Республикасына алғаш сапары
болды, нәтижесінде барлық байланыс жолдары ашылды. 1994 жылы сәуір айында
Қазақстан мен Қытай арасында шекара аумағын заңдастырып белгілеу (делимитация)
жөніндегі келісімге қол қойылды (1718 шақырымдық).
1996 жылғы сәуір айында алғашқы Шанхай келісімі жүргізілді. Бұл келісім барысына
Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан қатысты. Мұнда негізінен - шекараларды
бұзбау, бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу сияқты мәселелер
қаралды. 1997 жылғы 25 қыркүйекте Алматыда болған келіссөздің нәтижесінде – Батыс
Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырын жүргізу жөніндегі шартқа
қол қойылды. Қытай үкіметі бұл жұмысқа 9,5 млрд.доллар жұмсауға келісті.
1998-1999 жылдары Қазақстан-Қытай арасында келісімдер нәтижесінде, шекараны
нақтылау негізінен аяқталды.
Қазақстан-АҚШ байланыстары.
Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 1991
жылғы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін
таныды. Қазіргі кезде АҚШ-Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы. 1997 жылы
Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды.
Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде және Каспий қайранын бөлісу жөнінде
келісімдерге қол қойылды.
1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімде – екі ел арасындағы
серіктестікті одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық, экономикалық
өркендеуде қолдау көрсету, аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету
мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану сияқты мәселелер
қаралды.
АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде
"Болашақ” бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия
оқу орындарында оқиды.
Қазақстан және ТМД елдерімен тығыз өзара байланыста болу – біздің ел үшін өте
қажет. 1994 жылы – Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды (Қазақстан,
Қырғызстан, Өзбекстан, кейін Тәжікстан).
Қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық өмірдің барлық саласындағы дағдарыс ТМД
басшыларын интеграциялық жаңа жолдарын іздеуге итермеледі.
Қазақстан және дүниежүзілік қауымдастық.
КСРО тарағаннан кейін ядролық қару негізінен Ресей жерінде шоғырланды. Қазір жер
жүзінде 5 ядролық держава бар. АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция.
1993 жылы Президент Н.Ә. Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойды.
Қазақстан ядролық қарудан еркін аймақ болып жарияланды. Соғыс өнімдерін
шығаратын кәсіпорындарды бейбіт заттар өнімдеріне айналдыру – (конверсия) жүзеге
асырыла басталды.
1996 жылғы 31 қыркүйекте Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды
таратпау жөнінде шартқа қол қойды.
Қазақстан басшылығы әскери-саяси одақ НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды орын
береді. Бұл ынтымақтастық "Бейбітшілік үшін әріптестік” бағдарламасы негізінде жүзеге
асуда. 1997 жылғы 15-21 қыркүйекте Шымкент (Қазақстан) және Шыршық (Өзбекстан)
жерінде НАТО әскери бөлімдерінің қатысуымен әскери жаттығу өткізілді.
2001 жылғы 29 тамызда Алматыда "ІІІ ғасыр ядролық қарудан тазарған дүниені қалайды”
атты халықаралық конференция ашылды.
Тәуелсіздік алғаннан бері халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге республикаға жол
ашылды. 1997 жылдыңбасына қарай Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарғамүше
болып кірді. Соның бірі ЮНЕСКО – ірі халықаралық ұйым. Ол – Білім, Ғылым және
Мәдениет, "Адам және биосфера”, "Адам табиғи ортада” т.б. бағдарламалар негізінде
жұмыс жасайды.
ЮНЕСКО – Қазақстанда биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында елдің ерекше
қорғалатын табиғи аймақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи және мәдени мұрасы
және "Адам мен биосфера” бағдарламасы шеңберіндегі аймақтар тізіміне кіргізу туралы
шараларды іске асыруда, бірлесіп жұмыс атқаруда. Бұнымен қатар, Қазақстан халықаралық
ұйым ЮНИСЕФ – Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры. ЮНИСЕФ Қазақстан
Республикасындағы өзінің жұмысын 1992 жылы бастады, негізінен, денсаулық сақтау
саласында, шұғыл жәрдем көрсетуді насихаттайды.
ЮНИСЕФ-тің Арал аймағының халқын сауықтыру жөніндегі бағдарламасы - әйелдер мен
балалардың денсаулығын қорғау, білім беру, балалардың тамағын жақсарту, сумен
қамтамасыз ету, санитарлық қызметті жақсарту жөніндегі нақты шараларды жүзегеасыруға
бағытталған. Сонымен бірге Қазақстан 800-ге жуық мемлекетаралық және үкіметаралық
келісім-шарттарға қол қойылды.
Қазақстанның даму болашағы.
Егемен Қазақстанның жаңа мемлекет құрудағы философиялық тұжырымдарында
көрсетілген бағыттары және елдің идеологиясы АҚШ, Франция, Ресейде белгіленген
философиялықұстанымдардыбасшылыққаалады. Халықаралық тәжірибе тоталитаризмнен
демократиялық бағыт жолына түскен елдердің өтпелі кезеңде идеологиялық дағдарысқа
ұшырайтынын көрсетті. Сондықтан өркениетті елдердің өтпелі кезеңнен өту тәжірибесімен
танысу өте маңызды.
Қазақстан РеспубликасыныңПрезидентіН.Ә. Назарбаевтың еңбектері.
1993 жылғы 9 қазанда "Қазақстанның болашағы – қоғамныңидеялық
бірлігінде” еңбегіжарияланды. Бұл еңбегінде Қазақстанға жаңа үлгідегі идеологияның
қажеттілігі бар ма, жоқ па деген талас төңірегінде нақты пікір айтты:
1. Идеология – адамдардыңқоғамдастығынсаясижәне экономикалықміндеттерді
топтастырутәсілі.
2. Идеология - әлеуметті мінез-құлықты қалыптастыру механизмі.
3. Идеология–мемлекеттің және оныңтұғырнамасынқолдайтынпартиялардың, қоғамдық
қозғалыстардың,адамдардыңақыл-ойынаөркениетті түрдеықпал ету тәсілі.
4. Өмір алға озыпотырғанкезде әр түрлі идеологиялықағымдар болады.
Еңбектің маңызы:Қазақстанныңқазіргі кездегі қоғамдық-саясижағдайынабаға беріліп,
ел тәуелсіздігі мен тұрақтылығынсақтау бағыттары көрсетілді.
1996 жылы " Ғасырлартоғысында”еңбегіжарияланды: Бұл еңбегін Н.Ә. Назарбаев
Кеңестік жүйе мен демократиялықкезең аралығын суреттейді.
Маңызы:Екі кезең тоғысындағы саясимәселелерге айқын түсініктеме берілген.
2003 жылы " Сындарлы он жыл” еңбегі жарық көрді. Еңбекте қазіргі таңдағы әлемдік
проблемалар көтерілді. Ең бастысы – есірткіге қарсы күрес мәселесіне тоқталды.
- Қазақстандағы есірткі қолданатындар – 40.505.
- Оның ішінде әйелдер – 4.420.
- Оның ішінде кәмелетке толмағаны – 1927.
Осы қауіпке қарсы жүргізілген шаралар:
- Есірткіге бақылау орнатудыңхалықаралық жүйесіне кіру.
- Нашақорлық және есірткі бизнесімен күресудің 2001-2005 жылдарға арналған
стратегиясынжүзегеасыру.
- Есірткіге қарсы күрестің кең көлемді ұлттық жүйесін құру.
Әлемдік деңгейдегі " Ғасырдертіне”қарсы күрестің Қазақстанда жүзегеасырылуға
тиісті шаралары:
- Нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесінің жолын кесу.
- Аумақтары арқылы есірткі тасымалданатын елдердің бірлесе қимылдауын күшейту
мақсатында аймақтық, саясиқұрылымдардыңәрекеттестігін кеңейту.
- Каспий мәселесі қарастырылды.
Маңызы:Әлемдік проблемалар көтеріліп, оны шешу жолдары қарастырылды.
4."Қазақстан-2030стратегиясы”.
1997 жылғы қазанда Прзеидент Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2030” жолдауы
жарияланды. Қаралған мәселелер:
1. Экономикалықдағдарыстаншығу жолдары.
2. Реформаларды аяқтау.
3. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу.
4. "Қазақстанбарысын”қалыптастыру.
Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы
саясаттыңнегізгі бағыттары, республиканың дамуыныңерекшеліктері айтылды. Бұл
бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуыныңжақын арадағы және
стратегиялықұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Ұзақ мерзімдегі7 басымдық:
1. Ұлттық қауіпсіздікті сақтау.
2. Ішкі саяситұрақтылық пен қоғамныңтоптасуын нығайту.
3. Нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу.
1991 2021 жетістіктер
1991 2021 жетістіктер
1991 2021 жетістіктер
1991 2021 жетістіктер
1991 2021 жетістіктер
1991 2021 жетістіктер
1991 2021 жетістіктер
1991 2021 жетістіктер
1991 2021 жетістіктер

More Related Content

Similar to 1991 2021 жетістіктер

Виртуалды көрме (мысал)
Виртуалды көрме (мысал)Виртуалды көрме (мысал)
Виртуалды көрме (мысал)guldika
 
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуыҒылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуыBilim All
 
Желтоқсан желі
Желтоқсан желіЖелтоқсан желі
Желтоқсан желіBilim All
 
қайта өркендеу дәуірі.pptx
қайта өркендеу дәуірі.pptxқайта өркендеу дәуірі.pptx
қайта өркендеу дәуірі.pptxNurgulNugul
 
д тарих үлгі
д тарих үлгід тарих үлгі
д тарих үлгіSerjan Kasen
 
ғылыми жұмыс
ғылыми жұмысғылыми жұмыс
ғылыми жұмысnurbolat84
 
№9 Б.Мұқай «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt
№9 Б.Мұқай  «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt№9 Б.Мұқай  «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt
№9 Б.Мұқай «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.pptssuser7a793e
 
35 жыл ундескен тарих
35 жыл ундескен тарих35 жыл ундескен тарих
35 жыл ундескен тарихsanvia
 
қаз тарих үлгі
қаз тарих  үлгіқаз тарих  үлгі
қаз тарих үлгіSerjan Kasen
 
Bir el - bir kitap 2021
Bir el - bir kitap 2021Bir el - bir kitap 2021
Bir el - bir kitap 2021ssuser19e2ac
 
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз ҚазақстанТәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз ҚазақстанErjan Beisenhojaev
 
Виртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесіВиртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесіguldika
 

Similar to 1991 2021 жетістіктер (20)

Виртуалды көрме (мысал)
Виртуалды көрме (мысал)Виртуалды көрме (мысал)
Виртуалды көрме (мысал)
 
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуыҒылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы
 
ашык сабақ 29
ашык сабақ 29ашык сабақ 29
ашык сабақ 29
 
Желтоқсан желі
Желтоқсан желіЖелтоқсан желі
Желтоқсан желі
 
қайта өркендеу дәуірі.pptx
қайта өркендеу дәуірі.pptxқайта өркендеу дәуірі.pptx
қайта өркендеу дәуірі.pptx
 
д тарих үлгі
д тарих үлгід тарих үлгі
д тарих үлгі
 
7 дәріс
7 дәріс7 дәріс
7 дәріс
 
ғылыми жұмыс
ғылыми жұмысғылыми жұмыс
ғылыми жұмыс
 
№9 Б.Мұқай «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt
№9 Б.Мұқай  «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt№9 Б.Мұқай  «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt
№9 Б.Мұқай «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt
 
35 жыл ундескен тарих
35 жыл ундескен тарих35 жыл ундескен тарих
35 жыл ундескен тарих
 
Filologia fak
Filologia fakFilologia fak
Filologia fak
 
қаз тарих үлгі
қаз тарих  үлгіқаз тарих  үлгі
қаз тарих үлгі
 
Мусажанов Кунслям
Мусажанов КунслямМусажанов Кунслям
Мусажанов Кунслям
 
Dfg.pdf
Dfg.pdfDfg.pdf
Dfg.pdf
 
Akhmet baitursinov
Akhmet baitursinovAkhmet baitursinov
Akhmet baitursinov
 
Bir el - bir kitap 2021
Bir el - bir kitap 2021Bir el - bir kitap 2021
Bir el - bir kitap 2021
 
Ulyzhenis75zhyl ardager1
Ulyzhenis75zhyl ardager1Ulyzhenis75zhyl ardager1
Ulyzhenis75zhyl ardager1
 
11111111111111
1111111111111111111111111111
11111111111111
 
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз ҚазақстанТәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз Қазақстан
 
Виртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесіВиртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесі
 

1991 2021 жетістіктер

  • 1. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның мәдени дамуы (1991-2021 жж.). Қазақстан қысқа мерзім ішінде мемлекет негізін қалаушы Н.Ә.Назарбаевтыңүздік көсемдігінің арқасындақазіргі заманғы бәсекеге қабілетті, ауқымды саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды сәтті жүзегеасырған, өзіндік қазақстандық даму жолын таңдаған мемлекетке айналды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде рухани өмірдің дамуына қатысты жағдайлар мүлдемге өзгерді. Монополистік идеология үстемдігі келмеске кеткен, демократия біршама қарқын ала бастаған кезде мәдени-рухани салалардағы жасалып жатқан шаралардың ауқымдық жағынан да, мазмұндықжағынанда үлкен өзгерістергебет бұрыпотырғанынайқынкөруге болады. Бірақ тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ұлттық мәдениеттің даму үрдісінде бір-біріне қарама-қарсы екі тенденция белең алған еді. Олардыңбіріншісіне мәдениеттің жаңа қарқын алып, импульспен, қарышты қадаммен, мүлдем жаңа бағытта өрлей бастауы, екіншісі – мәдениеттің даму үрдісінде бұрынболыпкөрмегенэкономикалық кедергілер мен халық бұқарасыныңсанасындағы психологиялықөзгерістердіңсалдары болыптабылатын іркілістер жатады. Қазақстанныңәлемдік кеңістікке бет алуы өзінің құнын жоғалтқан идеологиялық мәдениеттен гөрі әсіреқызыл батыстықүлгіге айқара есік ашып берді. Батыстық мәдениетпен қосарланыптүрліше діни секталар мен ағымдар да ағылды [27]. Бұл келеңсіздік өз дәрежесінде республика көлемінде мәдени-рухани саланы басқарудың басқаша жолдарынқарастыруғамәжбүр етті. Олар, түптеп келгенде, мыналар: -Қазақстан халқының мәдени-ұлттық сана-сезімінің жаңаруына ықпал ету; -этномәдени және конфессионалдықшектеулікте мәдени әр алуандылықты қалыптастыру; -менеджменттіктің мейлінше пайдалы моделін таңдау. Қазақстан Республикасы «Мәдениет туралы» (1996) Заңының 3-бабында мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат қағидалары былайша көрініс тапқан: -азаматтардың шығармашылық қызметінің еркіндігі; -мәдени байлықты жасауда, оны пайдалану мен таратуда барлық азаматтардың құқығы бірдей; -тарихи-мәдени мұраны қорғау; -ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарынқатар игеру аясындатәрбие мен білім беру жүйесін дамыту; -мәдениет саласында монополиялықпиғыл-әрекетті болдырмау; -мәдениетті қаржыландырудабюджеттік, коммерциялықжәне қайырымдылық бастамаларды қолдап-қуаттау;
  • 2. -мәдени қызметті ұйымдастырудамемлекеттік және қоғамдықбастамаларды бірдей пайдалану. 90-жылдары республика мемлекеттік мәдениет мекемелерінің жүйесімәдени-демалыс орындарын, кітапханаларды, мұражайларды, театрларды, концерттік ұйымдарды, кино өнері мекемелерін, мәдениет және демалыс парктерін, т.б. қамтыды. Бұлардыңбәрі дерлік мемлекеттік баланста тұрды. Бұданкейінгі жылдарда, яғни онжылдықкезеңде мәдени саланы қаржыландырумәселесі едәуір өзгеріскеұшырады: Ұлттық маңызға ие мемлекеттік мәдениет мекемелерін мемлекеттік тұрғыдан қаржыландырусол күйінде сақталып қалды. Нақты мәдени жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруүшін түрліше қаржы көздерін тарту мүмкіндігі ашыла түсті. Меншік формасыныңөзгеруіне байланысты мәдени мекемелердің көпшілік бөлігі, атап айтқанда, кинематография, туризм, спорт, шоу, теледидар, концерттік ұйымдар, т.б. өзін-өзі қаржыландыруғакөшірілді. Мәдени саладағы жеке меншіктің түрліше формалары өз кезегінде сөз еркіндігіне, Қазақстанныңдербес шығармашылығына жол ашты. Аталған мемлекеттік емес мәдени мекемелердің жұмыстарынретке келтіріп отырубарысындақайсыбіреулердің адамзатқа, ұлтқа, мемлекетке қарсы идеяларды насихаттап, таратуына жол бермеу үшін тіркеуден өткізу тәртібі қатаң сақталуы тиіс болды[29]. Бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістік құру — Қазақстанның мәдениет саласындағы негізгі стратегиялықмақсаты. Тек осы жолмен ғана елдің рухани қуатын анықтап, дербес ұлт ретінде әлемдік қауымдастыққатарынан орыналуға болады. Бұл мақсаттың үдесінен шығудың бір жолы — қазақ халқының этномәдени тұрғыданқайта жаңғыруы өте-мөте қажет. Бұдан бұрынғыидеологиялықжүйенің күйреуі рухани өмірдің дүр сілкінуіне, ұлттық салт-дәстүрдің табиғи жаңғыруына түрткі болды. «Мәдениет дегеніміз не?» деген сұраққажауап беру үшін бұлсөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделіұғымды білдіретін сөздіңшығу тегіне тоқталуды жөн көрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият» қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл орта ғасырлардағы мұсылманмәдениетінің өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзгетүсетіні мәдениет пен табиғатты «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық. Көне заманда «культура» деген ұғым «жердіөңдеу» деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цициронныңеңбектерінде (б.э.д. 45 ж.) бұл сөздіңмағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктердемәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген: Мәдениет белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығамашылығыныңжиынтығы. Мәдениет азамат қауымының белгілі бір тарихи кеңісіктегі қызметі мен өзіндік бір ерекшелігі (палеолит мәдениеті, критмикен мәдениеті …) Мәдениет адамдықәрекеттің белгілі бір саласыныңжетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқықмәдениеті …)
  • 3. Агро мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустықмәдениет …) Егемен Қазақстанның жаңа мемлекет құрудағы философиялықтұжырымдарында көрсетілген бағыттары және елдің идеологиясы АҚШ, Франция, Ресейде белгіленген философиялықұстанымдардыбасшылыққаалады. Халықаралық тәжірибе тоталитаризмнен демократиялықбағыт жолына түскен елдердің өтпелі кезеңде идеологиялықдағдарысқа ұшырайтынынкөрсетті. Сондықтанөркениетті елдердің өтпелі кезеңнен өту тәжірибесімен танысу өте маңызды. 1993 жылғы 9 қазанда “Қазақстанныңболашағы – қоғамныңидеялық бірлігінде” еңбегі жарияланды. Бұл еңбегінде Қазақстанға жаңа үлгідегі идеологияның қажеттілігі бар ма, жоқ па деген талас төңірегінде нақты пікір айтты: 1. Идеология – адамдардыңқоғамдастығынсаясижәне экономикалықміндеттерді топтастыру тәсілі. 2. Идеология — әлеуметті мінез-құлықты қалыптастыру механизмі. 3. Идеология– мемлекеттің және оның тұғырнамасын қолдайтынпартиялардың, қоғамдық қозғалыстардың,адамдардыңақыл-ойынаөркениетті түрдеықпал ету тәсілі. 4. Өмір алға озыпотырғанкезде әр түрлі идеологиялықағымдар болады. Еңбектің маңызы: Қазақстанныңқазіргі кездегі қоғамдық-саясижағдайынабаға беріліп, ел тәуелсіздігі мен тұрақтылығынсақтау бағыттары көрсетілді [30]. Республиканың бүгінгі өмірінде бұған мысал жеткілікті. XX ғасырдың90-жылдарынан бастап «Наурыз мейрамы» қайтадан салтанат құрды. Ол республикада тұрыпжатқан барлық ұлт-ұлыстардыңортақмерекесіне айналды. Қазақ халқының ең көне ауызекі өнерінің бірі — айтыс жаңа дәуірге лайық қайта дамыды. Этнопедагогиканегіздерін өмірге етене енгізу нәтижесінде білім берудің барлық нүктелерінде жас ұрпақты халықтың салт-дәстүрлеріне сай тәрбиелеу жұмыстары жүргізілуде. Әсіресе соңғы жылдары республикадаұлттық мәдениет пен өнердің озықүлгілерін әлемдік айналымға шығару, соларқылы Дүние жүзі қауымдастығынатанылу жолдары қарастырылуда. Жамбылдың150 жылдығыныңаталып өтуі, 1997 жылы М.Әуезовтің 100 жылдығыныңтойлануы, 1999 жылы Түркістанның1500 жылдығы кең көлемде мерекеленуі тәуелсіз жас мемлекеттің бұл бағыттағы тарихи құтты қадамдары болсакерек. Қазақ әдебиеті де жаңа шығармалармен толықты. Ә. Нүрпейсов Арал және ондағы адам тағдыры туралы «Соңғы парыз», романын,Ш. Мұртаза «Қызылжебе» трилогиясының соңғы томын, М. Мағауин «Мен» атты философиялықтолғауын, Қ.Жұмаділов Қаракерей Қабанбай туралы «Дарабоз»дилогиясыноқырмандар назарынаұсынды.Ақындар Қ.Мырзалиев,Т.Медетбеков, И.Оразаев жаңа поэтикалық шығармалармен көрінді. Ресейдің Қазақстандағы және ҚазақстанныңРесейдегі жылдарыныңжариялануына байланысты шаралар шеңберінде көптеген қазақ жазушыларының шығармалары орыс тілінде жарық көрді.КомпозиторЕ.Рахмадиевтің Ә.Кекілбаевтың либреттосы бойынша жазылған «Абылай хан» операсы жанр табысы деп танылды.Классикалықмузыка өнері саласындаА.Мұсаходжаева,Ж.Әубәкірова, М.Мұхамедқызы, Н.Үсенбаева және тағы басқалар едәуір шығармашылық жетістіктерге қол жеткізді. Халық жазушысы О.Сүлейменовтыңкөпжылдық зерттеу еңбегінің нәтижесі болып табылатын,дүниежүзі тілдерінің даму заңдылықтарынсаралаған көлемді еңбегі «Жазу тілі»кітабы жарияланды.
  • 4. Адамның бойындағы ізгі қасиеттердің көмескіленуі мәселесін көтерген Мұхтар Шахановтың «Өркениеттің адасуы»кітабы республикадан тыс жерлерге мәлім болды.Өлеңменжазылған бұл романдаавтор адамдардыңөзара қауышуы бабында қалыптасқан дәстүрліқұндылықтарданайырылыпқалуы,соныңсалдарынан гуманистік принциптердің жойылып бара жатуы бүкіл адамзатты рухани тығырыққатіреп отыр деген қорытынды жасаған.Қазақәдебиеті жаңа шығармалармен толықтырылды. Кітап басыпшығару қарқынды жүрді.Туған жер, ел және оныңтарихы мен мәдениеті туралы көлемі жағынан ауқымды,мазмұны кең, көптомдықэнциклопедиялықбасылымдар басылыпшықты.Олардыңішіндегі елеулері ретінде «Қазақстан»Ұлттық энциклопедиясын,Қазақстантарихын,қазақ фольклоры антологиясынатауға болады.Қазақстантәуелсіздігінің он жылдығынаорайекі тілде «ҚазақстанРеспубикасы» энциклопедиялық анықтамасы жарықкөрді. Дегенмен тәуелсіздіктен кейінгі жылдардажекелеген авторлардыңжетістіктеріне қарамастан, тұтастай алғанда, ұлттық мәдениет, соныңішінде, көркем әдебиет тоқыраудан шыға алмады.Жаңа қоғамдыққатынастар жағдайындағы адамдардыңөмірі мен қызметін көркемдікпен игеру баяу жүрді.Қазақтілінде мәдениет туындыларынжасаушыларкүн сайын болыпжатқан ірі саясиоқиғалардыңмәнін қазіргі заман адамының талғамына сай,жоғарғы көркемдікдеңгейде сипатталған шығармаларды дүниеге әкеле алмады. Еліміздің өткен тарихын ұрпақсанасына сіңіру арқылы мәдениетті дамыту «Мәдени мұра» бағдарламасыныңең басты алғышарты ретінде қарастырылыпотыр. 2004—2006 жылдары бұл бағдарламаныңбірініші кезегі жүзегеасырылды. [31][ Ұлан-байтақ Қазақстан жері. Төсін керіп еркін тыныстап жатқан сайын дала. Кермекжусан исі, ұшқан құс, бұлдырағансағым, ақырынсоққансамал жел, күмбездейтөңкерілген көк аспан, мүлгіген тыныштық. Бұл – менің отаным, туған жерім! Ол шығысында — Алтай тауларынан басталып, Каспий теңізіне дейінгі, солтүстігінде — Батыс Сібір жазығы мен Орал тауларынан Тянь-Шаньннің солтүстікбеткейі аралығындағы алып территорияны алып жатыр. Әлі есімде, ең алғаш рет география сабағындабес бірдей Франция сыйып кететін Қазақстанныңкартасын көріп, оған Австрия, Германия, Италияның бірнешеуін ойша сыйдыруғатырысқаным. Ал кейін найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қорғалған жер тек табиғи ресурстар мен физикалық-географиялықартықшылық иесі ғана емес, сонау көне дәуірлерден тамыр жайған көшпелі тайпалар мәдениетінің алтын бесігі екенін ұғындым. Оныңайнымас дәлелі Қазақстан жерінен табылып жатқан көне сақ, үйсін, түркі, қыпшақ мәдениеттерінің ескерткіштері, өнер мен қолөнер туындылары. Бұлар біздің ұлттық мәдениетіміздің тарихын баяндайтынигіліктер. Тарих- адамзаттың тамыры. Өз тарихына үңілу, өткен жолынқорытындылау, жете түсінуге ұмтылу, оны бағалай білу — елін сүйетін, өзін танығысы келетін әрбір адам үшін маңызды. Адамзат үшін тарих өз алдына құндылық, ендеше сол тарихты баяндайтын материалдық игіліктер де құнды болмақ. Ерте тас дәуіріндегі Сақ мәдениеті, қола дәуіріндегі Ботай, Андронов, Беғазы-Дәндібаймәдениеті, темір дәуіріндегі сақ, үйсін мәдениеті негізінде қаланған көшпелі түркілердің мәдениеті қазақ халқының ұлттық мәдениетінің бастау бұлағы. Қазіргі, ХХІ ғасырдағы Қазақстанмәдениеті қай бағытта дамыпжатыр, деңгейі, негізгі идеясы қандай? Біртұтас мемлекет ретінде, заман талабына сай қабырғасы қалана бастаған
  • 5. біздің Отанымыздыңәлемдік мәдениет пен өркениет көрмесіндегіорны қандай, және мәдениеттің дамуына қазіргі заманда қандай үлес қоспақ? Бұл ретте мәдениет атадан балаға мұраболып қалып, ұрпақ ауысқан сайындамып отыратынынынұмытпағанжөн. Сондай-ақ мәдениет — дәстүрлісалт дәстүр, ұлттық дүниетаным, ой-сана негізінде дүниеге келетін әдебиет, театр, ән күй, бейнелеу, қолөнері сынды өнер туындыларынан, халықтың ортақ рухани байлығынан құралатындығы белгілі. Бұл орайдабіз әлемдік мәдениеттің ажырамас бөлігі — бейнелеу өнерін назардантыс қалдыра алмаймыз. Ежелгі тас дәуіріндегі үңгір суреттері, петроглифтерденбасталып, қазірде көркемдік, идеялық құндылықтары қалыптасып, ғылыминегізделген бейнелеу өнері әртүрлі дәуірлердегі халықтың ой санасын, дүниетанымын, мәдени кемелдік-дәрежесін көрсететін айна сияқты. Бейнелеу өнері техникасы, технологиясы Батыстан әкелінген жаңалық болсада олардың бәрі халық өнерінің, дүниетанымыныңбір бұтағы ретінде өркен жайады. Сондықтанұзақ уақыт бойы қалыптасқан ұлттық сана сезім, дүниетаным жаңадан енген өнер түрінің қайнар көзіне айналды. Қазақ халқының дәстүрлікөзқарасы өнердің жаңа түрінің бағыты мен сипатын анықтап отырды. Халықтың дәстүрліой санасыментерең байланыс негізінде Қазақстанныңкәсіби бейнелеу өнерінің көркемдік ерекшеліктері мен идеялық бағыты қалыптасты. Өнер үшін бір ғасыр онша көп мерзім емес. Бірақ Қазақстан суретшілерінің бірнеше ұрпағы өткен жол өзіндік ұлттық ерекшелігі мен идеялар жинағы бар көркемөнер мектебін қалыптастыра алды. Кез келген нәрсенің бастауы бар. Өнер де өзінің бастау бұлағын, халықтың түп тамырын назарына алғанда оныңэтнографиялық, кейін поэтикалық дәрежелерінен өткесін жаңа биікке шығып, оны пайымдаудыңфилософиялықдәрежесіне көтеріледі. Суретшілер халық мінезі мен тарихын тереңнен түсінуге тырысып, заманқұбылыстарынтереңпайымдауға тырысады. Олардыңшығармашылығы қандай дүниетанымдықнемесе тақырыптық деңгейде болса да, ең алдымен туған елге, халқына қатынасымен, оныңтериторриялық, ұлттық дербес ерекшеліктерін көрсетумен, жергілікті құндылықтарды жинақтаумен анықталады.Бұл әрине, таза өнергеғана қатысты. Таза өнер, меніңше, әуелі – халық өнері, ол ешқандай идеалогияғабағынбайды. Бұл жағдай қазіргі Қазақстан суретшілері үшін дін ең алдымен ұлттық өнер, ұлттық қолтаңба, ұлттық дүниетаным, болмыс түсініктеріне байланысты. Бірақ 80-90 жылдарданбергі Қазақстан суретшілерінің шығармашылығыносы көзқарас нүктесінен талдамас бұрын, қазақкөркемөнерінің классиктеріне тоқталып өткен дұрыс сияқты. Өйткені, менің көзқарасым бойыншабүгінгінің бәрі өткенмен сабақтастықта дамып, салыстырубарысындаайқындалады. Бұл орайдаең алдымен шығармашылық қолтаңбасы академизмнен мүлдем ада, халықтың дәстүрліөнеріне өте жақын Ә.Қастеевтің 1930 жылдардағы шығармашылығынайтуымыз керек. Оның шығармашылығынаұлттық дүниетаным мен ұлттық рухты мәнерлеудің дәлме- дәлдігі тән. Қастеев туындыларындағы барлықтақырыптар мен сюжеттер қазақ халқының тұрмысыменбайланысты. Ол «Киіз үйдің ішкі көрінісі» атты туындысындаасқан ыждағаттылықпен киіз үйдің бұйымдарыныңбірін қалдырмай бейнелейді. Суретші алуан түрлі тұрмыстықбұйымдардыайшықты түстермен көрсетіп қана қоймай, халық тұрмысыныңөміршеңдігін де бейнелейді. Суретшінің «Бие сауу», «Колхоз тойы», «Колхоздыңсүтфермасы» және т.б. жұмыстарынақазақ тұрмысынөтежақсы білуі мен
  • 6. оған деген шынайы махаббаты негіз болды. Оның лирикаға толы пейзажы мен портретіде, өз дәуірінің шындығынбейнелеген тақырыптық картиналары да туған халқына деген терең сүйіспеншілікпен жазылған. 1980 жылдардыңекінші жартысындасуретшілер үшін қоғамдағы жеке адамның табиғи мәдениетін анықтайтын ұлттық болмысқатүрткі болу, сұраныс тудыру, өткендіқайта жаңғыртуға мүмкіндік жасау басты міндетке айналды. Осы жылдардыңортасынанбастап бері қарай Қазақстан суретшілері тарихи, тарихи-мифологиялықтақырыптарғаерекше көңіл аудара бастады. Рәмізді нышандар мен қатар халықтың болмысындамонументті бейнелер арқылы жеткізу де орыналды. А.Ақанаев, К.Дүйсенбаев, Ә.Сыдыханов, Қ.Зәкіров, Б.Түлкиев, А.Есдәулетов, Б.Бапишев, Қ.Хайруллин, Ғ.Маданов секілді қылқалам шеберлерінің ізденісі нәтижелері өз орындарынтауып, ұлттық болмыстыңсазды әуендерін шерте білді. Олар ата баба тарихын аден қойып, рухани қазынаны меңгеруге ұмтылды. Болмысты басқаша символмен түсіндіру, жалқы мен жалпыны, сәт пен мәңгілікті ұштастыру Шығыс өнерінің басты ерекшелігі. Өз әсеріңді тікелей айта салу — астарлы сөзгеерекше мән беретін қазақтың көркемдік талғамына жат нәрсе. Бұлдәстүрлітаным бейнелеу өнерінде де өзіндік көрініс тауып, суретшілердің өмірден алған әсерлерін бейнелеуде таңба мен символғаерікінді берді ХХ ғасырдағы қазақкескіндемесінің негізгі тақырыбынөзгеұлттың дәстүрлеріменсұхбат, яғни орыс реалистік мектебі, француз импрессионизмі, кеңес кескіндемесімен сұхбаттастықанықтады.80 жылдардыңекінші жартысындақайта құру бергенеркіндік суретшілер шығармашылығынада еркіндік берді. Суретші кенептерінде ұлт тарихының түбіне терең үңілу, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар өрісін анық бейнелеуге деген ұмтылыс байқалды. Осы жылдардатүрік мәдениетіне, жалпы шығыс архаикасына деген қызығушылықөсті. Б.Бапишев, Г.Маданов, А.Есдәулетовтың шығармаларындаұлттық бастамалар мен рухани көздергедеген үндеулер анық байқалады. Бұл, меніше, ең алдымен қандай да болмасынтарихи әлеуметтік, табиғи өзгерістерге қарамастан бейнелеу өнері мен дәстүрлідүниетаным арасында ішкі байланыс пен сабақтастық міндетті түрдесақталатындығыныңдәлелі. Бұлардыңайғағы — адалдықтың, тазалықтың белгісі – ақ тазы мен еркіндік пен жігер белгісі қыран құс аса бай ою-өрнектпен әскезделеген текемет фонында бейнеленген Ақтотының «Қазына»;ырыс-берекежебеушісі – қошқар салынған «Молшылық белгісі»; Есдәулетовтің «Бастау» бейнелері. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады. Бұл орайда халық суретшілері алдындағы үлкен міндет – ұлттық дәстүрліөнердің тұрақты белгілерін меңгеру. Қазақ халқының өнерін айқындайтын дүниетанымдықбелгілер бар. Ол әуелі кеңістік ұғымы. Кеңістік – біздің дәстүрлітүсінігімізде өнердешексіз және тұтас жаратылыс туралы ойды қамтиды. Сондай-ақ ұлттықөнер астарлы ойға, пәлсафалық тұжырымғабағынады. Қазақстанныңқазіргі бейнелеу өнерінің жағдайын толық түсініп, баға бере алу үшін біз халықтың дәстүрліөнері тудырғантабиғи көркемдік заңдылықтарды да, әлемдік мәдениет мұраларында, қазіргі заманның өзгеше міндеттері мен талаптарын да назардантыс қалдыра алмаймыз. Ғасырымыздыңсоңғыонжылдығындабейнелеу өнерінің құндылықжәне көркемдік көрсеткіштерінің айқын, өзіндік ұлттық бағытта дамуының қарқыны күшейе түсті. Қазіргі
  • 7. суретшілердің бейнелеу әдістерінде рәміздендіру, таңба мен символикалықбейнеге сүйену кең өріс алды. Суретшілер әлемнің күрделігі мен халықтың тарихи жолын сөз етуде себеп- салдарлық байланыстарды айналып өтіп, ұлттық мәдениетпен байланысты қазақ дүниетанымы құндылықтары тұрғысында, символикалықжәне аллегориялық жинақтау дәрежесіне әкелді. Шығармаларында дүниені құпияланған көп таңбалар арқылы түсіндіруге ұмтылып, өмірдің қым-қуат қозғалысынкөрсетудетүстергееркіндік береді. А.Сыдыханов өз шығармашылығында идеяны берудің ерекше құралы ретінде қазақ халқының рулық рәмізін, таңба мен ою-өрнектің әр түрін алады. Солар арқылы дүниенің өз түсінігіндегі тәртібін көрерменгетүсіндіреді.Ол қазақ ұлтыныңтарихи-көркем болмысын рулық таңбаының кескіндемелік пластикалық өзгеруі арқылы жасайды. Көшпелілер мәдениетін көркемдік зерттеуді тарихи-тұрмыстықтанфилософиялық-руханижәне адамгершілік бейнеде, оған ұлттық ділде ғана өмір сүреалатын рәміздік мағынасын береді.Бұл ретте суретшінің ұтымды шығармасы деп«Түркіхалықтарының рәміздері» (1997) атты туындысынатаса болады. А.Ақанаевтің шығармашылығы дала аңыздарынеске түсіреді. Қазіргі заман суретшілері ежелгі көшпелі тайпалар мәдениетінің аңдық стиліне, анималистік тотемдік ағымына ұқсас бейнелеуді қалыптастырып жатыр. Оның 1999 жылы жазылған «Дала адамдары» шығармасы біздің көшпелі халық мәдениетімен терең байланысымыздыкөрсетеді. Жүк артылған түйе, киіз үйдің шаңырағы, кимешек киген қария — өткеннің өнегесі мен біздің байлығымыз. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын мұраныңқарт ана сақтаушысы іспеттес. А.Есдәулетов шығармашылығындағы мүйізтұмсықтар мен бұқалар адамзат мәдениетінің бастауына ой жүгірткізеді. Оның 1997 жылы жазылған «Бастау» картинасы суретшінің өз тегіне, тарихына деген қызығушылынкөрсетеді. Ақтотының 2003 жылы жазылған «Қазына» картинасы да біздің рухани, материалдық байлығымызғаүңілтеді. Ақ тазы – тектілік пен адалдықтың белгісі болса, тұғырдаотырған қыран құс ерік-жігердің, мығым сенімділіктің нышаны. С.Тайковтың«Аңсау» атты туындысы да өткенмен байланысты, оны сағынуды паш етеді. Қолыналдына қойып, қырынан отырғанжас ана жаратқанннан тыныштық пен амандық тілеп отырғандай. Атып келе жатқан күннің жұмсақ сәулесі келешекке деген сенім мен үміт белгісі болса, екі нар түйе төзім мен даналықты білдіреді. 90 жылдардыңекінші жартысындаұлттық бейнелеу өнері мектебі өз кемеліне келіп, жаң қарқынмен дамуға бет қойды.Бұлсуретшілердің өздеріне ғана тән ерекше қолтаңбаларының дербестігінен көрінеді. А.Дүзелханов, Д.Қасымов кенептерінде нәзік сезімталдық пен төл мәдениетке деген ерекше құрмет таң қалдырады. ҚазақстанныңХХ ғасырдағы бейнелеу өнеріүшінші мыңжылдыққаұлттық рухпен толысқан, дәстүр сабақтастығынбұзбағантүрдеаяқ басты. ХХ ғасырдыңекінші жартысында қаланған көркемөнер мектебінің даму жолын пайымдай отырып, қазіргі заман бейнелеу өнерінде өзіміздің көне мәдениетімізді тануға, өз бастауымызғадеген терең ықылас қоюшылықты көре аламыз. Қазір ХХІ ғасыр. Нарықтық экономика, қатал бәсеке, ақпараттық технологияның қарыштап, жаһандану, мәдени, экономикалықүндестік деп жар салып жатқан дәуір. «Аулада ХХІ ғасыр тұр. Мәдени, рухани экспансия ғасыры. Бұрынсоғысалаңына найзалар
  • 8. мен мылтықтар, танктер мен автоматтар шығатын болса, енді сол майданға әрқилы діни конфессиялар, ұлттық тілдер мен мәдениеттер шығатын болады» — дейді. Серік Аббасұлы «Парасат» журналына берген сұхбатында. Қазақстанда солмайданда қолжаулық болмас үшін мығым экономикамен әр салада бәсекеге қабілетті білім қалыптастыруға мүдделі. Бірақ тек қана жалғыз экономикаменмемлекет құрылмайды. Тарихи-мәденибелгілер, біздің ешкімге ұқсамайтынтөл мәдениетіміз мемлекеттің бір қырынтанытатын айна. Әлемдік мәдениеттер көрмесінде біртұтас ел екенімізді көрсететін бет бейнеміз. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда “архитектуралық ренессанс”басталды. (Астанада арх. К. Курокаваныңбас жоспары бойынша/1934-2007/, Жапония) ел Президентінің резиденциясы «Ақ Орда» (арх. К. Монтахаев /1950-2009/, ҚР); Жасыл-сулы бақжолы (К. Курокава), (Бейбітшілік пен келісім Сарайы («Пирамида», 2006) және «Хан Шатыр» орталығы (2010, арх. Н. Фостер, Англия); «Қазақстан» Орталықконцерт залы (2009, арх. М. Николетти, Италия); «Нұр-Астана» мешіті (2005, арх. Ч. Хафиз, Ливан); Азиада -2011 бірнеше спорт кешендері тұрғызылды. Елдегі ең жас музыкалық театр – Астана қаласындағы К.Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының өмірбаяны 2000 ж. М. Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсымен басталды. Қаіргі кезде Қазақстанда 50 театр жұмыс істейді. Қазақстан киноөнері «Қазақфильм» – елдегі жалғыз кинокомпания, ол 1960 жылы Алматы кинохроникастудиясының(1934) негізінде құрылды. Қазір Қазақстан жылына 30-40 көркем және деректі фильмдер, сондай-ақ мультфильмдер шығарады. 2006 ж. «Қазақфильм» “Халық таңдауы: Қазақ киносыныңалтын топтамасы” акциясын ұйымдастырды. Қалыңкөрерменқауымның іріктеуімен алынған 50 фильмнің 20-сы реставрацияланды. Рейтинг көшбасшылары:«Абай» (А. Әміркұлов, 1995), «Бойся, враг, девятого сына» (В. Пусурманов, В. Чугунов, 1984), «Қанмен тер» (Ә. Мәмбетов, Ю. Мастюгин, 1978), «Жамбыл» (Е. Дзиган, 1955), «Аңызғаайналған Шоқан» (А. Әшімов, Цой Гук Ин, 1984). 2011 ж. наурызындаАлматы қаласында «Қазақфильм» ҚазақстанРеспубликасы тәуелсіздігінің 20 жылдығынаорай “Қазақстанныңжаңа деректі киносы”атты фестиваль өткізді [86, 223 б]. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының(Алматы) студенттері түсірген Қазақстан Тәуелсіздігімен құрдас жасөспірім жігіттер мен қыздардыңөмірітуралы “Мен 20 жастамын” деректі фильмі – нағыз құбылыс болмақшы. Республикада Қазақстанмәдениетіне, өнеріне және әдебиетіне арналған 70-ке жуық мемлекеттік мұражай жұмыс істейді. Әлемдегі бірде бір халықтың мәдениетіне де, өмір жағдайына да, оның географиялық, тарихи және психологиялықсипаттарыныңерекшеліктеріне де оқшаулану тән емес. Бұл тереңнен тамыр жайған қазақ мәдениетіне де қатысты. ХХ ғасырдақалыптасқан кәсіби бейнелеу өнері дәуір дауылдарынатөтеп беріп, өз дамуында өткенмен рухани үндестікті жалғастырыпкелді. Біз, ХХІ ғасыр табалдырығынаттаған Қазақстанжастары, төл мәдениетіміздің ерекшелігі, көшпенділердің дәстүрлі, тұрақты менталитетінің негізгі мән мағынасы сарқылмас қазынамыз екенін түсініп, тарихымызды ықыласпенпайымдауға
  • 9. тиіспіз. Біз өзге мәдениеттен экзотикалық талғаммен дәм татып, өз мәдениетімізді саф алтындай сақтай білуге міндеттіміз Кеңестік тоталитарлық жүйеден қалған осындайэтникалық мәселелер жағдайында Тәуелсіз Қазақстан өзінің этникалық топтар саясатынекі түрлі бағытта жүргізді. Бірі — осы мемлекетті құрушы негізгі ұлт болып есептелетін қазақтардыңэтникалық мәдениетін, тілін, ділін қайта жандандыру болса, екіншісі — Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа этностардыңмәдени, тілдік құқықтарынқамтамасыз ету. Қазақстандағы этникалық топтар саясатынзерттеуші ғалымдар осы бағыттағы мемлекеттік саясаттыңбүгінге дейінгі даму барысынекі кезеңге бөледі. Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясы 1995 жылы 30 тамыздақабылданған. Бірінші кезең—1991—1995 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңді этноұлттық басымдылықтар кезеңі деп атауға болады. Бұл кезеңде мемлекетті құрушы негізгі ұлт ретінде қазақ этносына, оның тіліне, оның мәдениетіне біраз артықшылық берілді. Сондықтанда 1990 жылғы 25 қазанда жарияланған «ҚазақКСР-інің мемлекеттік егемендігі» жөніндегі Мәлімдемесінде қазақ халқы мемлекет құрушы ұлт деп танылды. 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік тәуелсіздігі жөніндегі конституциялық заңда қазақ ұлтының өз мемлекеттілігін анықтауға құқы бар екені көрсетілді. 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының КонституциясындадаҚазақстан мемлекеттілігінің ұлттық сипатына ерекше мән берілді. Ол бойынша да Қазақстан өзін-өзітаныған, өз болашағын өзіанықтайтын қазақ ұлтының мемлекеті деп танылды. Тәуелсіз еліміздің бұл кезеңінде мемлекеттігіміздің формасынұлттық деп жариялаудың объективті қажеттілігі болды. Біріншіден бұл кезеңде тәуелсіздік алған барлықмемлекеттер өздерін солмемлекеттердің негізін құрайтын ұлттың мемлекеті деп жариялаған болатын. Екіншіден, ғасырлар бойы өз тәуелсіздігін жоғалтып, өз жерінде саны жағынан азшылыққа айналған қазақ халқының ұлттық рухын, көтеру, сол арқылы дүниеге жаңа келген мемлекетті тез арада аяғынан тік тұрғызукерек болды. Үшіншіден, тоталитарлық жүйе кезінде жойылыпкете жаздаған қазақ халқының ұлттық дәстүрлімәдениетін, тілін, ділін қалпына келтіру үшін мұндай саясатқажет болды [32]. Өткен ғасырдың90-жылдарыныңортасынақарай қазақ халқы өзінің мемлекеттілігін сезіне бастады, ұттық рухы оянды, өзінің ұлттық құндылықтарынақтап алды, ұлттық дәстүрлі мәдениетін, тілін қалпына келтіре бастады, имандылыққа мойнынбұрды. Осы кезеңді мемлекеттің атауына негіз болыпотырғанқазақ ұлтының ұлттық санасыныңерекше ояну кезеңі, ұлттық рухының ерекше көтерілу кезеңі десе де болады. Жалпы осы кезеңде, бұдансоңғы жылдары да басқа ұлт өкілдерінің Қазақстаннан қоныс аударуын республикадағы этноцентристік саясаттыңнәтижесі ғана деп түсінбеу керек. Егемендік алған кездің алғашқы жылдарындағы өзгеұлт өкілдерінің сыртқа көшуінің біздіңше мынадай себептері де бар.
  • 10. Біріншіден, бұрынғы КСРО сияқты үлкенмемлекеттің ыдырауы ұлттық жаңа құрылған мемлекеттер жағдайындаұлттардыңарасында болашағына деген белгілі бір сенімсіздік туғызды. Сондықтанбасқа ұлт өкілдері өз мемлекеттілігі бар елге көшті. Екіншіден, ұлттық мемлекеттіліктер құрылу кезеңінде этностар өкілдерінің санасында этноцентристік пиғылдар уақытша болсада күшейді. Үшіншіден, сана бодандығынанқұтылғаназаматтарда өз тарихи Отанына қайту пиғылыныңкүшеюі заңды құбылыс еді. Әсіресе мұндай себеп кезінде Қазақстан жеріне күшпен депортацияланғаннеміс, т.б. халықтарға тән болды[33]. Қазақстанныңұлт саясатыныңекінші кезеңі 1995 жылы қабылданған жаңа Конституциядан басталады. Бұл Ата Заңда енді Қазақстан халқын титулды және титулсыз ұлт деп бөлу жойылды. Бұл заң бойынша ендігі жерде Қазақстан мемлекеті ұлттық негізде емес, жалпыазаматтық негізде құрылатындығы баяндалды. Осы конституциялық заңға негізделген еліміздің ұлт саясаты азаматтық қоғамның қағидаларына сүйене отырып, Қазақстанұлты деп аталатын саяси-азаматтық қауымдастық құру мақсатын көздейтін саясатқа айналды. Бұл — Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған адамдар қауымдастығынбірте-бірте Қазақстан ұлты деп аталатын саяси-азаматтықбірлестікке айналдыру. Бұл — этностықмәдениеті, діні, тілдері түрлі болғанымен, «Мен қазақстандықпын!» деген елдік сананы қалыптастыру. 1997 жылдың 11 шілдесінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң қабылданды. Бұл заң бойынша Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік тілі болып — қазақ тілі бекітілді. Бұл тіл мемлекеттік басқару органдарының, заңшығару, сот ісінің, іс жүргізудің тілі болыпсаналады және мемлекет аумағындағы қоғамдыққатынастардыңбарлық саласындақолданылады. «Қазақстанхалқының басынбіріктіруші маңызды қатынас туралы болыптабылатын осы мемлекеттік тілді білу— Қазақстан Республикасыныңәрбір азаматының қасиетті борышы болыптабылады» — делінген Тіл жөніндегі Заңның 4-бабында. Осы заңның 5-бабында мемлекеттік ұжымдардажәне жергілікті басқару органдарында қазақ тілімен бірдей дәрежеде ресмитүрде орыс тілі де пайдаланылатындығы жазылған. Соныменқатар бұл заң бойынша «ҚазақстанРеспубликасыныңәрбір азаматы өз ана тілінде сөйлеуге, өзінің қалаған тілінде тілдесуге, шығармашылықпен айналысуына, тәрбие, оқу жұмыстарынжургізуге құқылы» (6-бап). Мемлекет қазақ тілінің және өзгетілдердің ұлтаралық қарым- қатынаста қолдану аясын сақтауға және оның еркін дамуына кепілдік береді. Сондай-ақ мемлекеттік тілді немесе ұлтаралық қатынас тілін білмегені үшін азаматтардыңқұқығы мен бостандығыншектеуге тыйым салынады. Қазақстан Конституциясыныңтіл туралы баптары әлемнің өзге елдерінде, сондай-ақ ТМД-да ерекше демократиялы болып есептелінеді[34]. .Қазақстан — өз Отаным деп есептейтін әр азамат қазақ тілін білуі міндетті. 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасындағы ұзақмерзімді жеті басым бағыттыңішінде ұлттық қауіпсіздіктен дейінгі екінші орындакөрсетілген. Ұлттық бірлік, татулық, теңдік қоғамныңтоптасуының кепілі. Республикада жалпы ұлттық мүдделердіжүзегеасыруда қазақ ұлты оларды біріктіруші рөл атқаратындығы айқын.
  • 11. Қазақстан халықтарының мәдениетін бүкіл әлемге таныту мақсатында ЮНЕСКО ауқымында Қазақстан Республикасыныңмерекелері аталып өтуде. 1997 жылы ұлттық татулық және саясиқуғын-сүргінқұрбандарынеске алу жылы. 1930- 1932 жылдардағы ұлы қасіреттің 65 жылдығы және сталиндік қуғын-сүргінгетүскен ұлттық зиялылар қасіретінің 60 жылдығы атап өтілді. 1997 жылы 13 желтоқсанда Ақмолада саясиқуғын-сүргінқұрбандарынаарналған мемориалдықкешен ашылды. 1998 жыл — халық білігі мен ұлттық тарих жылы. Бұл жылы 23 ірі Ғылыми форумдар өткізіледі. Республиканың барлықоблыстарына24 ғылыми экспедициялар аттандырылып, 74 ауданды аралады. Тараз қаласына таяу жерде архитектуралық ғимарат — Ақыртас кешені ашылып зерттелді. Мантуя (Италия) қаласында «Алтын адам Қазақстандалалары қола дәуірінен халықтардың ұлы қоныс аударуына дейін” атты көрмеөткізілді. 1999 жыл – Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болыптабылады. Осығанорай атқарылған жұмыстар:6 томдық«Қазақстан ұлттық энциклопедиясының”І-ші томы, М. Шоқай шығармаларыныңекі томдығы шықты. Қытай мұрағаттары негізінде Қазақ тарихына арналған 5 кітап жарық көрді. «Алпамыс батыр” жырының1000 жылдығына арналған ғылыми-теориялықконференция өтті[7]. М. Хайдар Дулатидің 500 жылдығынаарналған мерейтой өткізіліп, «Тарих-и-Рашиди” еңбегі қазақ тілінде шығарылды. Соныменқатар бұл жылы саясиқуғын-сүргін құрбандарынақтау жұмыстары жалғасты. Нәтижесінде 19.144 адам толықтай ақталды.Ал 2000 жылдың республика көлемінде мәдениетті қолдау жылы болыпөткені белгілі. 2001 жылы 18 маусымда Күлтегін ескерткішінің көшірмесі Астанаға әкелінді. 2001 жылы 5 маусымда ҚазақстандаРесей Федерациясы мәдениетінің күндерібасталды. 2003 жылы Астанада дүниежүзілік және дәстүрлідіндер лидерлердің съезіболыпөтті.Осындай мәдени іс-шаралардың өткізілуімен қоса, әлеуметтік қайшылықтардыңартуына, экономикалық жағдайдыңнашарлануына, өмір сүрудеңгейінің төмендеуіне байланысты халықтың рухани жағдайы өте күрделі болды. Қашанда қалдық принципімен қаржыландырылыпкелген мәдениет пен өнердің қазірдегі халі қаншалық екені түсінікті. Өркениеттің осынауасыл қазығына қор тарапынан қандай қолдау бар? Ғылым-білім, мәдениет пен өнер саласындағы талантты жастарды қолдауда Қазақстан Республикасы ТұңғышПрезиденті қоры орасанзор жұмысты атқарып отыр. Қай қоғамда да мәдениет пен өнер қолдау-көмекке мұқтаж. Сондықтанөнердегіжастарға қамқорлық жасау мақсатында қор жанында шығармашыл жастар кеңесі жұмыс істейді. Кеңестің құрамына республикамыздағы сәулетшілер, кинематографистер, дизайнерлер, жазушылар, суретшілер және басқа да шығармашылық одақтардыңөкілдері кіреді. Кеңес түрлі көрмелер, байқаулар, фестивальдар мен концерттер, көрермендер конференцияларын ұйымдастырады. Өнер мен мәдениет саласындағы жас таланттарды қолдау бағдарламасыныңаясындақор шығармашылық жобаларды қолдауға берілетін гранттар, елімізде және шет жерлерде өтетін салалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, симпозиумдар менсеминарларға, шығармашылық байқауларға, фестивальдарға, концерттерге, шеберлік дәрістеріне,
  • 12. көрмелергеқатысуға мүмкіндік беретін «Іс-сапарларғагранттар», сондай-ақ жаңашылдығымен, өзіндік ізденіс-өресімен танылған талантты шығармаларға, бағдарламаларға, жобаларғаПрезидент қорыныңсыйлығы байқауларын өткізіп келеді[37]. Шығармашылық жобаларды жүзеге асыруғаберілетін гранттарды жеңіп алу үшін жыл сайын ұйымдастырылатынбайқау мәдениет пен өнердегі жас таланттарды қолдау және ынталандыру, болашақ кино және телевидение мамандарыныңкәсіби біліктілігін жетілдіру, соныменқатар отандық аудиобейне өнімдерінің сапасынжақсарту мақсатын көздейді. Мысалы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының5-ші курсының17 студентіне дипломдықжобағагранттар тапсырылды. Яғни, студенттердің дипломдықжұмыстарынжүзегеасыруынақаржылыққолдау жасалады.
  • 13. Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саясидамуы. 1. Қазақстан Республикасының қоғамдық өміріндегі өзгерістер. 1992 жылы қыркүйек-қазан айларында Алматыда дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті. Әлемнің 13 елінен келген отандастарымыз қатарында үлкен қазақ диаспорасы бар Өзбекстан(870 мың) мен Ресейден (660 мың) келушілер көп болды. Барлық қатысушылар саны 800 адам болды. ҚұрылтайдаҚазақстан Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 26 маусымда қабылдаған "Көшіп келу туралы” Заң негізінде қандастарымыздың елге оралуына мүмкіндік жасалғаны айтылды. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайына қатысушылардың Қазақ халқына Үндеуі жарияланды. Онда: 30 қыркүйек – Ұлттық бірлік күні деп аталды. – Бүкіл әлемдегі отандастарымызды Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік, мәдени-интеллектуалдық мүмкіншілігін молайтуға, бар қабілеті мен еңбегін туған ел игілігіне жұмсауға шақырды. 2002 жылғы 23 қазанда Түркістанда дүние жүзі қазақтарының екінші құрылтайы өтті. Оған 400-ге жуық адам қатысты. Бұл құрылтайда оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды. 2003 жылы 5 мың отбасы, 2004 жылы 10 мың отбасы, 2005 жылы 15 мың отбасы елге көшіп келді, жылына 50-60 мың оралман оралады. 1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты болды. Сол жылдың өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан, Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді. 1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді. Форумда негізінен мынандай мәселелер қаралды: 1. Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм мен тату көршілік қатынас жағдайлары талқыланды. 2. Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы алғаш рет академик М. Сүлейменовке, халық жазушысы Д. Снегинге, жазушы, аудармашы Г. Бельгерге тапсырылды. Қазақстандағы компартиялық жүйе. Қазақстанның егемендік алуы, КСРО диктатурасының құлайуы қоғамдық дамудың табиғи атрибуты боп саналатын көппартиялықтың өрістеуіне жол ашты. 1993 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар – Социалистік партия, Қазақстанның республикалық партиясы, "Қазақстанның халық Конгресі” және Коммунистік партия. Қоғамдық қозғалыстардан – ядролық жарылысқа қарсы "Невада- Семей”, азаматтық "Азат” және "Қазақстанның халық бірлігі” одағы, 11 республикалық ұлттық мәдени топтар тіркелді.Сондай-ақ республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйымдар, 68 әр түрлі қорлар тіркеуге алынды. 1993 жылдың соңына қарай қоғамдық-саяси қозғалыстар берік саяси күшке айналды. 1994 жылғы желтоқсанда "Қазақстанның халықтық-кооперативтік париясы”, 1995 жылғы қаңтарда "Қазақстанныңөрлеу партиясы”, 1995 жылдың басында "Қазақстанның аграрлық партиясы”, 1995 жылғы жазда "Қазақстанның демократиялық партиясы” құрылды. 1998 жылғы қарашада "Ақ жол” қоғамдық қозғалысы құрылды. Жетекшісі – Н. Оразалин. Мақсаты: Президент Н.Ә. Назарбаевтың саяси бағытын қолдау. "Қазақстан- 2030” стратегиясын жүзегег асыру. Зиялы өкілдер мүдделерін қорғау. 1999 жылғы қаңтарда "Отан” партиясы құрылды. Төарғасы – Т. Терещенко. Бұл партия Н.Ә. Назарбаевтың Президенттікке кандидатурасын қолдау қоғамдық штабы негізінде құрылды. 1999 жылғы 14 қаңтарда "Қазақстанның отаншылар” партиясы құрылды. Жалпы 1999 жылы республикада барлығы 14 саяси партиялар мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер құрылды. 2001 жылғы қарашада "Қазақстанның демократиялық
  • 14. таңдауы” атты қоғамдық-саяси бірлестік құрылды. 2000 жылы республикадағы ресми тіркелген партиялар саны –15. Елімізде саясипартиялардыңжәне партиялық жүйелердің орнығуына, тәуелсіз баспасөздің дамуына көп көңіл бөлінді. Бұл жағдай республиканың өркендеуіне, қоғамның демократиялануына, реформаның тередеуіне, экономиканың және халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына ықпал етті. Ұлттық-демографилық процестер. 1991 жылдан кейін Қазақстанда тұрғындардың саны күрт төмендей бастады. Бұл жағдай эмиграциялық қарқынның жоғары болуымен байланысты болды. Мысалы, 1992 жылы Қазақстандықтардың саны –16 млн. 985 мың адам болса, 1993 жылы – 16 млн. 942 мың, ал 1995 жылы – 16 млн. 590 мың адам болды. 1999 жылғы халық санағы Қазақстан тұрғындарының саны азайып, 15 млн.-ға жетер-жетпес адам қалғанын көрсетті. 1995 жылдың тек 9 айдың ішінде республикадан басқа жаққа 198,6 мың адам көшіп кетті. Табиғи өсім азайып, тұрғындардың арасында өлім өсіп кетті. Дегенмен де, 1991-1997 жылдар аралығында Қазақстанға шетелден 164 мыңдай адам көшіп келді. Белгілі дәрежеде республиканың ұлттық құрамы өзгеріп, кейбір облыстар негізінен қазақтар тұратын өлкеге айналды. Мысалы, Қызылорда облысында қазақтар - 93%-ы, Атырауда - 88%-ы, Маңғыстауда - 74%-ы, Ақтөбеде - 69%-ы, Оңтүстік Қазақстанда және Батыс Қазақстанда - 66%-ы қазақтар болды. Осы жылдары ауыл тұрғындарының қалаға кету үрдісі (урбанизация) күшейді. 1995 жылдары халықтың 56%-ы қалаларда тұрды, ал қазіргі кезде бұл үрдіс бұрынығыдан да өсуде. Тұтастай алғанда, қоғамда болып жатқан өзгерістер (процестер) өтпелі кезеңге тән процестер деп қарауға болад. 2. Тәуелсіз Қазақстанның рухани дамуы. Мәдени процестер. 1991 жылдан кейін оқу жүйесі белгілі мөлшердедағдарысқа ұшырады. 1993 жылдың басында (1 қаңтар) Қазақстанда 154 мыңдық орны бар 303 бала бақшасы жабылды, орта мектептер саны азайды. Екінші жағынан мемлекеттік емес мекемелерінің, мектептер және жоғары оқу орындарының пайда болу процесі басталды. 1989 жылғы Тіл туралы Заңның және Конституция негізінде ұлттық білімнің жандануына мүмкіндік туды. Елісміздің көп ұлтты мәдениетін дамытуда 40 ұлттық мәдени орталықтар мен Қазақстан халықтарының біріккен Ассамблеясы жұмыстар атқаруда. 1997 жылы Қазақстанда 53 мемлекеттік, 40-тан астам коммерциялықжоғары оқу орындары болған болса, 2000 жылдың басында 51 мемлекеттік, 100-ден астам коммерциялық жоғары оқу орындар болды. Қазақстанның барлық жоғары және арнаулы орта оқу орындарында қазақ тілінде оқу бөлімдері ашылды. Соңғы жылдары 300-ден астам жалпы орта білім беретін қазақ мектептері ашылып, олардың саны– 3,3 мыңға жетті. Республикада 17 ұлт тілінде жүздеген мектеп бар. 12 тілде газеттер мен журналдар шығып тұрады, 11 және 6 тілде хабар жүргізетін теле-радио қызмет етеді. 1999 жылғы 11 маусымда – Қазақстан Республикасының "Білім туралы” Заңы жарияланды. 2006 жылдың басында республика бойынша 252.800 ұстаз еңбек етуде. Қазақстан тәуелсіздік алуымен байланысты халыққа білім беру жүйесінің халаралық байланысы кеңейді. Білімді мамандарды көбейту мақсатында жастарды шетелдердің беделді оқу орындарына жіберу өзекті сипат ала бастады. 1993 жылғы 5 қарашада Президенттің "Болашақ” атты 250 халықаралық стипендиясы белгіленді. Қазақстан халықтарының мәдениетін бүкіл әлемге таныту мақсатында ЮНЕСКО ауқымында Қазақстан Республикасының мерекелері аталып өтуде.
  • 15. 1997 жылы ұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарынеске алу жылы. 1930- 1932 жылдардағы ұлы қасіреттің 65 жылдығы және сталиндік қуғын-сүргінге түскен ұлттық зиялылар қасіретінің 60 жылдығы атап өтілді. 1997 жылы 13 желтоқсанда Ақмолада саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық кешен ашылды. 1998 жыл-халық білігі мен ұлттық тарих жылы. Бұл жылы 23 ірі Ғылыми форумдар өткізіледі. Республиканың барлықоблыстарына24 ғылыми экспедициялар аттандырылып, 74 ауданды аралады. Тараз қаласына таяу жерде архитектуралық ғимарат-Ақыртас кешені ашылып зерттелді. Мантуя (Италия) қаласында "Алтын адам Қазақстан далалары қола дәуірінен халықтардың ұлы қоныс аударуына дейін” атты көрме өткізілді. 1999 жыл – Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып табылады. Осыған орай атқарылған жұмыстар: 6 томдық "Қазақстан ұлттық энциклопедиясының” І-ші томы, М. Шоқай шығармаларының екі томдығы шықты. Қытай мұрағаттары негізінде Қазақ тарихына арналған 5 кітап жарық көрді. "Алпамыс батыр” жарынаң 100 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференция өтті. М. Хайдар Дулатидің 500 жылдығына арналған мерейтой өткізіліп, "Тарих-и-Рашиди” еңбегі қазақ тілінде шығарылды. Сонымен қатар бұл жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары жалғасты. Нәтижесінде 19.144 адам толықтай ақталды. 2000 жыл- мәдениетті қолдау жылы. 2001 жылы 18 маусымда Күлтегін ескерткішінің көшірмесі Астанаға әкелінді. 2001 жылы 5 маусымда Қазақстанда Ресей Федерациясы мәдениетінің күндері басталды. 2003 жылы Астанада дүниежүзілік және дәстүрлі діндер лидерлердің съезі болып өтті. Осындай мәдени іс-шаралардың өткізілуімен қоса, әлеуметтік қайшылықтардың артуына, экономикалық жағдайдыңнашарлануына, өмірсүру деңгейінің төмендеуіне байланысты халықтың рухани жағдайы өте күрделі болды. 1999 жылы Н.Ә. Назарбаевтың "Тарих толқынында” атты еңбегі жарыққа шықты. Бұл еңбектің "Тарихтың шеңберлі және ұлттық зерде” бөлімінде ел тарихын автор 12 кезеңге бөледі. Еңбектің маңызы: Тарих қойнауын зерделей отырып ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу қажеттігі баса айтылды. 3. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б. 1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды. Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам диплоамтиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халыаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті. 1992 жылы наурыздың 3-інде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі болып қабылданды. Осы жылы өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының трибунасынанОБСЕ сияқты ұйымның Азияда да құрылуы туралы Н.Ә. Назарбаев өз ойын айтқан болатын. Бірақ, ол кезде оның бұл сөзіне онша сене қоймаған еді. Міне, арада 10
  • 16. жыл өткеннен кейін 2002 жылғы маусымда Алматыда сенім әрекеттестік шаралар туралы саммиті өтті. Саммит жұмысына 16 мемлекет басшылары қатысты. Оның ішінде 7 ірі державалар- Қытай, Индия, Ресей, Иран, Түркия т.б. болды. Маңызы: Бұл елдердің экономикалық потенциалы өте зор, олардың территориясының жалпы көлемі 38,8 млн.кв.км., немесе Евразия материгінің 89%-ын құрайды. Бұл елдердің территориясында2.8 млрд. адам тұрады, яғнижер шары тұрғындарының 45%-ын құрайды. Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы. Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады: 1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету. 2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. 3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату. Қазақстан-Ресей байланыстары. 1992 жылғы 25 мамырдаҚазақстан мен Ресей арасындадостық, ынтымақтастықжәне өзара көмек туралы шарт жасалды. 1995 жылғы 20 қаңтарда – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы Декларация жариялады, ал 1996 жылғы 27 сәуірде Алматыда екі елдік бірлескен Декларациясына қол қойылды. Декларацияның маңызы: 1. Екі ел арсындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу. 2. Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау. 1998 жылғы 6 шілдеде Мәскеуде ІІІ ғасырға бағдарланған "Мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы” Декларация жарияланды. Нәтижелері: 1. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі проблемасын шешуді алға жылжытты. 2. Қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеуді шешті. 3. Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану мәселесі қарастырылды. Қазақстан-Қытай байланыстары. 1992 жылғы тамызда Қазақстан Президентінің Қытай халық Республикасына алғаш сапары болды, нәтижесінде барлық байланыс жолдары ашылды. 1994 жылы сәуір айында Қазақстан мен Қытай арасында шекара аумағын заңдастырып белгілеу (делимитация) жөніндегі келісімге қол қойылды (1718 шақырымдық). 1996 жылғы сәуір айында алғашқы Шанхай келісімі жүргізілді. Бұл келісім барысына Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан қатысты. Мұнда негізінен - шекараларды бұзбау, бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу сияқты мәселелер қаралды. 1997 жылғы 25 қыркүйекте Алматыда болған келіссөздің нәтижесінде – Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырын жүргізу жөніндегі шартқа қол қойылды. Қытай үкіметі бұл жұмысқа 9,5 млрд.доллар жұмсауға келісті. 1998-1999 жылдары Қазақстан-Қытай арасында келісімдер нәтижесінде, шекараны нақтылау негізінен аяқталды. Қазақстан-АҚШ байланыстары. Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 1991 жылғы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде АҚШ-Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды. Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде және Каспий қайранын бөлісу жөнінде келісімдерге қол қойылды. 1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімде – екі ел арасындағы серіктестікті одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық, экономикалық
  • 17. өркендеуде қолдау көрсету, аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану сияқты мәселелер қаралды. АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде "Болашақ” бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқиды. Қазақстан және ТМД елдерімен тығыз өзара байланыста болу – біздің ел үшін өте қажет. 1994 жылы – Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, кейін Тәжікстан). Қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық өмірдің барлық саласындағы дағдарыс ТМД басшыларын интеграциялық жаңа жолдарын іздеуге итермеледі. Қазақстан және дүниежүзілік қауымдастық. КСРО тарағаннан кейін ядролық қару негізінен Ресей жерінде шоғырланды. Қазір жер жүзінде 5 ядролық держава бар. АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция. 1993 жылы Президент Н.Ә. Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойды. Қазақстан ядролық қарудан еркін аймақ болып жарияланды. Соғыс өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды бейбіт заттар өнімдеріне айналдыру – (конверсия) жүзеге асырыла басталды. 1996 жылғы 31 қыркүйекте Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды таратпау жөнінде шартқа қол қойды. Қазақстан басшылығы әскери-саяси одақ НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды орын береді. Бұл ынтымақтастық "Бейбітшілік үшін әріптестік” бағдарламасы негізінде жүзеге асуда. 1997 жылғы 15-21 қыркүйекте Шымкент (Қазақстан) және Шыршық (Өзбекстан) жерінде НАТО әскери бөлімдерінің қатысуымен әскери жаттығу өткізілді. 2001 жылғы 29 тамызда Алматыда "ІІІ ғасыр ядролық қарудан тазарған дүниені қалайды” атты халықаралық конференция ашылды. Тәуелсіздік алғаннан бері халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге республикаға жол ашылды. 1997 жылдыңбасына қарай Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарғамүше болып кірді. Соның бірі ЮНЕСКО – ірі халықаралық ұйым. Ол – Білім, Ғылым және Мәдениет, "Адам және биосфера”, "Адам табиғи ортада” т.б. бағдарламалар негізінде жұмыс жасайды. ЮНЕСКО – Қазақстанда биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында елдің ерекше қорғалатын табиғи аймақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи және мәдени мұрасы және "Адам мен биосфера” бағдарламасы шеңберіндегі аймақтар тізіміне кіргізу туралы шараларды іске асыруда, бірлесіп жұмыс атқаруда. Бұнымен қатар, Қазақстан халықаралық ұйым ЮНИСЕФ – Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры. ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасындағы өзінің жұмысын 1992 жылы бастады, негізінен, денсаулық сақтау саласында, шұғыл жәрдем көрсетуді насихаттайды. ЮНИСЕФ-тің Арал аймағының халқын сауықтыру жөніндегі бағдарламасы - әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау, білім беру, балалардың тамағын жақсарту, сумен қамтамасыз ету, санитарлық қызметті жақсарту жөніндегі нақты шараларды жүзегеасыруға бағытталған. Сонымен бірге Қазақстан 800-ге жуық мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды. Қазақстанның даму болашағы. Егемен Қазақстанның жаңа мемлекет құрудағы философиялық тұжырымдарында көрсетілген бағыттары және елдің идеологиясы АҚШ, Франция, Ресейде белгіленген философиялықұстанымдардыбасшылыққаалады. Халықаралық тәжірибе тоталитаризмнен демократиялық бағыт жолына түскен елдердің өтпелі кезеңде идеологиялық дағдарысқа
  • 18. ұшырайтынын көрсетті. Сондықтан өркениетті елдердің өтпелі кезеңнен өту тәжірибесімен танысу өте маңызды. Қазақстан РеспубликасыныңПрезидентіН.Ә. Назарбаевтың еңбектері. 1993 жылғы 9 қазанда "Қазақстанның болашағы – қоғамныңидеялық бірлігінде” еңбегіжарияланды. Бұл еңбегінде Қазақстанға жаңа үлгідегі идеологияның қажеттілігі бар ма, жоқ па деген талас төңірегінде нақты пікір айтты: 1. Идеология – адамдардыңқоғамдастығынсаясижәне экономикалықміндеттерді топтастырутәсілі. 2. Идеология - әлеуметті мінез-құлықты қалыптастыру механизмі. 3. Идеология–мемлекеттің және оныңтұғырнамасынқолдайтынпартиялардың, қоғамдық қозғалыстардың,адамдардыңақыл-ойынаөркениетті түрдеықпал ету тәсілі. 4. Өмір алға озыпотырғанкезде әр түрлі идеологиялықағымдар болады. Еңбектің маңызы:Қазақстанныңқазіргі кездегі қоғамдық-саясижағдайынабаға беріліп, ел тәуелсіздігі мен тұрақтылығынсақтау бағыттары көрсетілді. 1996 жылы " Ғасырлартоғысында”еңбегіжарияланды: Бұл еңбегін Н.Ә. Назарбаев Кеңестік жүйе мен демократиялықкезең аралығын суреттейді. Маңызы:Екі кезең тоғысындағы саясимәселелерге айқын түсініктеме берілген. 2003 жылы " Сындарлы он жыл” еңбегі жарық көрді. Еңбекте қазіргі таңдағы әлемдік проблемалар көтерілді. Ең бастысы – есірткіге қарсы күрес мәселесіне тоқталды. - Қазақстандағы есірткі қолданатындар – 40.505. - Оның ішінде әйелдер – 4.420. - Оның ішінде кәмелетке толмағаны – 1927. Осы қауіпке қарсы жүргізілген шаралар: - Есірткіге бақылау орнатудыңхалықаралық жүйесіне кіру. - Нашақорлық және есірткі бизнесімен күресудің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясынжүзегеасыру. - Есірткіге қарсы күрестің кең көлемді ұлттық жүйесін құру. Әлемдік деңгейдегі " Ғасырдертіне”қарсы күрестің Қазақстанда жүзегеасырылуға тиісті шаралары: - Нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесінің жолын кесу. - Аумақтары арқылы есірткі тасымалданатын елдердің бірлесе қимылдауын күшейту мақсатында аймақтық, саясиқұрылымдардыңәрекеттестігін кеңейту. - Каспий мәселесі қарастырылды. Маңызы:Әлемдік проблемалар көтеріліп, оны шешу жолдары қарастырылды. 4."Қазақстан-2030стратегиясы”. 1997 жылғы қазанда Прзеидент Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2030” жолдауы жарияланды. Қаралған мәселелер: 1. Экономикалықдағдарыстаншығу жолдары. 2. Реформаларды аяқтау. 3. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу. 4. "Қазақстанбарысын”қалыптастыру. Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттыңнегізгі бағыттары, республиканың дамуыныңерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуыныңжақын арадағы және стратегиялықұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Ұзақ мерзімдегі7 басымдық: 1. Ұлттық қауіпсіздікті сақтау. 2. Ішкі саяситұрақтылық пен қоғамныңтоптасуын нығайту. 3. Нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу.