SlideShare a Scribd company logo
1 of 27
Ұлы Даланың дарын иесі
Әл-Фараби атындағы кітапхана
Кітапхана қорының топтамасы
Шәкәрім Құдайбердіұлы (11 шілде (24 шілде) 1858 - 2 қазан 1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы,
композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы
ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын көре білуде, қоғам мен
адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай
бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың
туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды. Жеті
жасында әкесінен жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен
ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының тәрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей
өсуіне ғана емес, оның талантты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі
кейінірек былай деп жазады: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды,
сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік Һәм Алланың берген ақылы да бұл қазақтан бөлек дана кісі
еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, азғана ғылымның
сәулесін сездім». Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, ез бетінше ізденіп және Абай
ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар
адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Ол адамдар өмірін жақсартуға тырысқан
ғалымдарды мысалға келтіреді.
Шәкәрім (Құдайбердиев, Ш. Шәкәрім).
Шығармалары [Текст] : өлеңдер,
дастандар, қара сөздер / Шәкәрім
(Құдайбердиев, Шәкәрім). - Алматы :
Жазушы, 1988. - 560 б.
Жинаққа ақынның нақты өмір
суреттерін, махаббат мәңгілігін, табиғат
әсемдігін өзек еткен, сондай-ақ,
ақылгөйлік, ағартушылық, әлеуметтік –
әшкереушілік сипаттағы өлеңдерімен
қоса «Ләйлі - Мәжнүн», «Қалқаман -
Мамыр», «Еңлік - Кебек», «Нартайлық
пен Айсұлу» сияқты ауқымды эпикалық
поэма, дастандары мен прозалық
шығармалары, қара сөздері іріктеліп,
топтастырылып беріліп отыр.
Шәкәрім Құдайбердиев ұлы ұстазы
Абай ағасындай реалист суреткер
еді. Бұл кітапқа енген туындыларда
ақынның демократиялық, халықтық
және адамгершілік асыл көзқарасы
бейнеленген.
Құдайбердіұлы, Ш. Жолсыз жаза:
Өлеңдер мен поэмалар. / Құраст.
М.Мағауин. - Алматы : Жалын, 1988.
- 256 б.
Шәкәрім. Аманат: Әндер/ Құраст. Т.Бекхожин. –
Алматы: Өнер, 1989. -128 б.
Бұл жинаққа творчествалық өмір жолы
жұртшылыққа әлі толықтай таныла қоймаған
қазақтың көрнекті философ - ақыны Ш.
Құдайбердиевтің тұңғыш рет жиналып, нотаға
түсірілген 16 әні енді. Композитор шығармаларының
Алматы мемлекеттік консерваториясының
фольклорлық лабораториясы қорынан алынған
нұсқалары да беріліп отыр.
Кітап ән сүйер қауымға арналады.
Бұл жинаққа Ш. Құдайбердіұлының әлеуметтік,
ағартушылық, ақылгөйлік сипаттағы өлеңдері және
«Ләйлі–Мәжнүн», «Қалқаман - Мамыр», «Еңлік - Кебек»
атты эпикалық поэмалары беріліп отыр. Жинақ мектеп
мұғалімдері мен оқушыларына арналған.
Шәкәрім (Құдайбердіұлы, Ш. Шәкәрім). Өлеңдері мен
поэмалары [Текст] / құраст. Х. Сүйіншәлиев. - Алматы :
Рауан, 1990. - 208 б.
Қасымнан сендер едің менің елім
Аяушы едім қайысып сынып белім.
Тірлігімде тілімді алмасаң да
Өлгеннен соң дерсіңдер қамқоршы ерім...
Ш. Құдайбердиев
Оқушы қауымның назарына ұсынылып отырған кітапшада
Ш.Құдайбердиевтің ақын, аудармашы ретіндегі творчестволық
келбеті жатық тіл, байсалды пайымдауларымен биік өреде
көрсетілген.
Сәтбаева, Ш. Қ. Шәкәрім Құдайбердиев [Текст] : монография / Қаз.
ССР "Білім" қоғамы. - Алматы : Қаз. ССР "Білім" қоғамы., 1990. - 50 б.
«Үш анық» деп аталатын бұл философиялық еңбегі автордың
репрессияға ұшырауына байланысты жарты ғасырдан астам уақыт
оқырман назарынан тыс қалып келді. Қазір Шәкәрімнің
твортчестволық мұрасы халыққа қайта оралды. Автор бұл
еңбегінде батыс, шығыс философтарының материалистік және
идеалистік еңбектерін кең көлемде, тыңғылықты ой толғанысын
ұсынады. Бұл аса құнды еңбек шын мәнінде ХІХ және ХХ
ғасырдағы Қазақстандағы философиялық ойдың шыңын көрсетсе
керек. Көпшілік оқырманға арналған.
Құдайбердіұлы, Шәкәрім. Үш анық [Мәтін] : монография / Ш.
Құдайбердіұлы ; Қаз. ССР ҒА, М. О. Әуезов атын. әдеб. және өнер ин-
ты. - Алматы : Қазақстан және "Ғақлия" ғылыми-әдеби орталығы,
1991. - 80 б.
Шәкәрім (Құдайбердіұлы, Шәкәрім) Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар
шежіресі [Текст] / Шәкәрім) Шәкәрім (Құдайбердіұлы. - Алматы :
Қазақстан Сана, 1991. - 80 б.
Қазақтың шығу тегі, шежіресі жайлы еңбек жазуды ұлы Абай өзінің
немере туысы Шәкәрімнің қолға алуына сенім білдірген. Шәкәрім
шежіре жазуға кіріспес бұрын көп ізденіп, араб, парсы, түркі тілдерінде
жарыққа шыққан еңбектермен танысып, көп мағлұматтар, деректер
жинайды, осы мақсатпен қажылыққа екі рет барады. Сөйтіп Шәкәрімнің
бұл кітабы 1911 жылы Орынбор қаласында бысылып шығады.
Құдайбердіұлы бұл еңбегінде түркі елдерінің ата тегін әңгімелей
отырып, қазақ халқының шежіресіне кеңінен тоқталып, тарих түкпірінен
ой өкшелейді. Шәкәрімнің бұл еңбегінің құндылығы өзіне дейін
халқымыздың ата тегі жайлы ауызша айтылып келген шежірелерді бір
жүйеге түсіріп, хронологиялық тәртіппен арнайы түрде баяндап
беруінде.
Шәкәрімнің «Мұсылмандық шарты» атты еңбегі 1911 жылы
Орынборда басылып шықты. Ақынның репрессияға ұшырауына
байланысты оның басқа шығармаларымен бірге бұл кітабы да ұзақ
уақыт оқырман қауым назарынан тыс қалып келді.
Оқырман қауым сондай-ақ діни наным, парызға байланысты
сұрақтарға жауап таба алады. Қазіргі жариялық кезеңде ойшыл
ақынның үлкен мақсатпен жазған бұл кітабын көпшілік игілігне
ұсынуды жөн көрдік.
Шәкәрім (Құдайбердіұлы, Ш. Шәкәрім). Мұсылмандық шарты [Текст] :
монография / Ш. Шәкәрім). Шәкәрім (Құдайбердіұлы. - Алматы :
Қазақстан, 1993. – 80 б.
Бұл шағын кітапшада көпшілікке онша танымал емес Күлтегін,
Тоныкөк, Майқы биден бастап, көпшілікке есімдері жақсы таныс,
бірақ осы уақытқа дейінгі сыңаржақты баға берілген, қазақ
топырағында дүниеге келген ұлы зиялылары – Кенесары, Мұстафа
Шоқай, Шәкәрім, Мағжан, Ж.Аймауытов, М.Дулатов,
А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов т.б. 34 қазақ зиялыларының портреттері
(келбеттері берілген ).
Бұл кітап – VІ ғасырдан бастап ХХ ғасырға дейін өмңр сүрген
адамдардың өмірі тағдыры, іс-қызметтері арқылы берілген қазақ
халқының тарихи очеркі.
Қасымжанов, А. Х. Ұлы даланың зиялылары [Текст] : монография
/ А. Х. Қасымжанов. - Алматы : Қазақ ун-ті, 1996. - 156 б.
Библиографиялық көрсеткіште әр жылдары Шәкәрімтану
мәселелері бойынша жарық көрген барлық материалдар
қамтылды. Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығына арналған
библиографиялық көрсеткіш, осы саладағы алғашқы талпыныс
болғандықтан тақырыптық жүйеде берілмей, әр жылғы мақала,
материлдарды әліпбилік жүйемен берілді. Келешекте осы қазақ
және басқа тілдерде жарық көрген материалдары тақырыптық
жүйеге түсіріліп, дамыта жұмыс істелмек. Библиографиялық
көрсеткіш зерттеуші мамандарға және аспиарант, магистранттар
мен студенттерге арналады.
Шаңбай Тарлықұл. Шәкәрімтану. (Библиографиялық
көрсеткіш). – Семей- Новосибирск. «Талер - Пресс»: 2006. – 63 б.
Шәкәрім (Құдайбердіұлы, Шаһкәрім).
Шығармаларының үш томдық жинағы
[Текст] / (Құдайбердіұлы, Шаһкәрім)
Шәкәрім (Құдайбердіұлы ; Шаһкәрім
атын. СМУ. - Алматы; Жидебай :
Халықаралық Абай клубы, 2008 - .Т. 1 :
Қажыма, ойым, қажыма : өлеңдер. -
402 б.
Шәкәрім (Құдайбердіұлы, Шаһкәрім).
Шығармаларының үш томдық жинағы [Текст] :
жинақ / Шәкәрім (Құдайбердіұлы, Шаһкәрім) ;
Шаһкәрім атын. СМУ. - Алматы; Жидебай :
Халықаралық Абай клубы, 2008. - 2 т. : Өкінішті
ғұмыр : дастандар, роман, аудармалар, мәнді
сөздер, түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар
шежіресі, мұсылмандық шарты. - 430 б.
Шәкәрім (Құдайбердіұлы, Ш. Шәкәрім).
Жол табалық ақылмен [Текст] :
шығармаларының бір томдық жинағы /
Шәкәрім (Құдайбердіұлы, Шәкәрім). -
Жидебай : Халықаралық Абай клубы,
2006. - 736 б.
Сыдықов, Ерлан. Шәкәрім
және Алашорда [Текст] :
ғылыми жинақ / Е. Сыдықов. -
Алматы : Раритет, 2008. - 192 б.
Бұл кітапқа автордың әр жылдары республикалық басылымдарда жарық
көрген, сондай-ақ әзір еш жерде жариялана қоймаған Алаш ұлт-азаттық
қозғалысы тақырыбындағы ғылыми-зерттеу мақалалары енгізілген.
Шәкәрім және Алашорда тақырыбы еңбектің негізгі арқауы, сонымен
қатар, мұнда Алашорда үкіметінің басшыларының қоғамдық-саяси
қызметтері жан-жақты әңгіме болады. Еңбекте халқымыздың біртуар
перзенттері Х. Ғаббасов, Т.Абайұлы, Б.Сәрсеновтар туралы да мол
мағлұмат берілген. Ал, соңғы бөлімінде 1937-1938 жылдардағы сталиндік
саяси қуғын-сүргін зардаптары архивтік деректерге сілтеме түрінде
баяндалады. Жинақ жалпы оқырман қауымға, педагог мамандар мен
студенттерге арналған.
Зерттеу қазақтың екі үлкен ақыны Ш. Құдайбердіұлы мен
С.Торайғыровтың мұрасына арналып отыр. Бірінші бөлімде шәкәрімтану
ғылымының бүгіні мен болашағы, Шәкәрім мен Сұлтанмахмұт
арасындағы рухани байланыс, Шәкәрімнің беймәлім болып келген
көсемсөздері зерделеніп және «Шәкәрім» тұлғалық энциклопедиясына
арнайы жазылған мақалалары берілсе, екінші бөлімде С.Торайғыровтың
өмір жолы, шығармашылығы жан-жақты қарастырылған. Зерттеу
ғылыми қызметкерлерге, аспиранттар мен магистранттарға, мектеп
мұғалімдері мен студенттерге және әдебиет сүйер қалың оқырманға
арналған.
Еспенбетов, А. Шәкәрім және Сұлтанмахмұт [Текст] : ғылыми зерттеу
/ Еспенбетов, Арап. - Алматы : Раритет, 2008. - 240 б.
Балтабай Әбдіғазиұлының бұл еңбегінде Шәкәрім шығармашылығына
негіз болған әдеби дәстүрлердің түп төркініне барлау жасалып,
Шәкәрімнің поэзия, проза, көркем аударма саласындағы суреткерлік
тұлғасы, әр жанрдағы туындыларының көркемдік бояуы, тақырыптық
бағдары, қайталанбас қырлары ғылыми тұрғыдан жан-жақты
талқыланды. Шәкәрімнің ақындық әлемі, жазушылық әлемі,
аудармашылық әлемі, философ, тарихшы ретіндегі әлемі тұтас
көркемдік – эстетитикалық құбылыс дәрежесінде тұңғыш рет
қарастырылып отыр.
Әбдіғазиұлы, Б. Балтабай. Шәкәрім әлемі [Текст] : монография /
Әбдіғазиұлы, Балтабай. - Алматы : Раритет, 2008. - 408 б.
Шәкәрімтану мәселелері [Текст] / Семей мем. пед. ин-ты, Шәкәрімтану
ғылыми-зерттеу орталығы; [құраст. Т. Шаңбай]. - Алматы : Раритет,
2007 - 1-т. - . - 448 б.
«Шәкәрімтану мәселелері» сериялық ғылыми жинағының бірінші
кітабына Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығын қарастырған
еңбектер енгізілген.
Жинақтың мақалалар бөлімінде Мұхтар Мағауиннің «Ақын, тарихшы,
философ», Қайым Мұхаметханұлының «Шаһкәрім» және Рымғали
Нұрғалидің «Еңлік-Кебек трагедиясы» еңбектері берілді. Естелік
бөлімінде Ахат Шәкәрімұлының «Менің әкем, халық ұлы - Шәкәрім»
естелігі берілген. Шәкәрімтану тарихынан бөлімінде Әлихан
Бөкейхановтың «Қалқаман-Мамыр», «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар
шежіресі», Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезовтің «Абай ақындығының
айналасы» мақалалары берілді. Сондай-ақ, қазіргі таңда дайындалып
жатқан тұлғалық «Шәкәрім» энциклопедиясының сөзтізбесі де осы
кітапқа енгізілген.
Шәкәрімтану мәселелері [Текст] / Семей мем. пед. ин-ты, Шәкәрімтану
ғылыми-зерттеу орталығы; [құраст. Т. Шаңбай]. - Алматы : Раритет, 2007
- 2-т. - . - 373 б.
Жинақтың мақалалар бөлімі Жабайхан Әбділдиннің «Алаш
азаматтарының ақталуы» мақаласымен ашылады. Шәкәрімтану
мәселелері сериялық жинағының 2-кітабына әр жылдары Шәкәрім
туралы жазылған Мұхаметжан Қаратаев, Зәки Ахметов, Мүслім
Базарбаев, Тұрсынбек Кәкішев, Рахманқұл Бердібай, Шериаздан
Елеукенов, Шәмшиябану Сәтбаева, Әнуар Дербісәлин, Немат Келімбетов,
Алма Қыраубаева, Ғарифолла Есім, Ерлан Сыдықов, Арап Еспенбетов,
Өтеген Күмісбаев, Зейнол-Ғабден Бисенғали, Серик Негимов, Балтабай
Әбдіғази, Бақытжан Майтанов, Бақытжан Рақымжанов және Тұрдықұл
Шаңбайдың мақалалары енді.
Шәкәрімтану мәселелері сериялық
ғылыми жинағының 4-ші кітабына
Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы
қарастырған еңбектер енгізілген.
Жинақтың мақалалар бөлімі
Е.Сыдықовтың «Шәкәрім және Алашорда»
мақаласымен ашылды. Бұл еңбекке
Шәкәрім туралы жазылған Ғ.Есім,
А.Еспенбетов, Б.Әбдіғазин, Ө. Әбдиманұлы,
М.Ескендіров, Ф.Жақсыбаева,
С.Маусымбаев, Т.Айтқазин, М.Кенемолдин,
А.Кемелбаева, А.Үсенова, Р. Мәмбетбаева,
Ф.Бұланова, Қ. Құрманбаева, Е.Жетібай,
М.Ізғұттинов және т.б. мақалалары енді.
Жинақтың екінші библиографиялық
бөлімінде Шәкәрім өмірі мен
шығармашылығына арналған шағын
библиография берілген.
Шәкәрімтану мәселелері [Текст] / Семей
мем. пед. ин-ты, Шәкәрімтану ғылыми-
зерттеу орталығы; [құраст. Т. Шаңбай]. -
Алматы : Раритет, 2007 - 4-т. - . - 304 б.
Шәкәрімтану мәселелері сериялық ғылыми
жинағының үшінші кітабына Шәкәрімнің өмірі
мен шығармашылығын қарастырған еңбектер
енгізілген. Жинақтың мақалалары бөлімі
Ғ.Есімнің «Ар білімі» мақаласымен ашылады.
Шәкәрімтану мәселелері сериялық жинағының 3
кітабына Шәкәрім туралы жазылған
М.Мырзахметұлы, А.Еспенбетов, Қ. Шаяхметұлы,
Б. Әбдіғази, Ө. Күмісбаев, Ө. Абдиманұлы,
Т.Жұмажанова, Ә. Сабырова, А. Үсенова, Б.
Рахымжанов және А. Аманжолдың мақалалары
енді. Шәкәрімтану тарихынан бөлімінде Қайым
Мұхамедханұлы, Евней Букетов, Бейбіт
Сапаралының мақалалры берілді. Жинақтың
келесі – Ғылыми сұхбат бөлімінде журналистер
Дәулет Сейсенұлы мен Мұрат Кенемолдиннің Е.
Сыдықов, М.Мырзахметұлы, Ғ.Есім, Б.Әбдіғази
және М.Құрманбаймен Шәкәрімге қатысты
жүргізген сұхбаттары берліген.
Шәкәрімтану мәселелері [Текст] / Семей мем.
пед. ин-ты, Шәкәрімтану ғылыми-зерттеу
орталығы; [құраст. Т. Шаңбай]. - Алматы :
Раритет, 2007 - .
3-т. - . - 376 б.
Шәкәрімтану мәселелері [Текст] : [сериялық ғылыми жинақ] / Семей
мем. пед. ин-ты, Шәкәрімтану ғылыми-зерттеу орталығы; [құраст. Т.
Шаңбай]. - Алматы : Раритет, 2008 - 6-т. - . - 352 б.
Шәкәрімтану мәселелері сериялық ғылыми жинағының алтыншы
кітабына Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығын қарастырған
еңбектер енгізілген. Жинақтың Ш. Елеукеновтің «Бес арыс қалай
ақталды» мемуар-эссе бөлімінде Шәкәрім шығармашылығын ақтау
жөніндегі, Шәкәрімнің қайта оралуы туралы нақты деректер берілсе,
ғылыми сұхбат бөлімінде Тұрдықұл Шаңбай, Құлыбек Ергөбек, Қинаят
Шаяхметұлы, Төкен Жұмажанова, Әділғазы Қайырбеков, Айгүл
Ысмақова, Ислам Жеменей, Гүлнар Искакова, Сәттар Өмірзақов,
Бауыржан Ердембеков, Бақытжан Рақымжанов, Сұлушаш Бекмырза,
Сейдалы Оразалиев, Мақсат Әліпхан, Оралтай Жолымбаев, Нұрбұлан
Өтепбаев, Қаныш Бибеков, Сағымбай Жұмағұлов, Ғалия Қамбарбекова,
Нұргүл Ағалиева, Мақсат Құдагелдин, Әлімбай Найзабаевтың
мақалалары енді.
Ғылыми еңбекте жазба дәстүрді қалыптастырудағы, нығайтудағы,
жазба дәстүр арқылы стильдік тармақтарды жетілдірудегі
Шәкәрімнің қызметі көрстетіліп, сол тұстағы тілдік нормаға көңіл
бөлінді. Кітапта ақын тіліндегі қолданысы жиі жекелеген өзек сөздер
мен ақынның сөздік қоры оның идиостилін анықтау мақсатында
талданды.
Момынова, Б. Бағдан. Шәкәрім поэзиясының тілі [Текст] : (лексика-
функционалды ракурс) / Б. Бағдан. Момынова. - Алматы : Арыс, 2008.
- 253,[3] б.
Сейсенұлы, Д. Дәулет. Шәкәрім [Текст] :
ғұмырнамалық деректі хикаят / Д. Дәулет.
Сейсенұлы. - Алматы : Қазақстан, 2009. - 254,[2] б.
2008 жылы Шәкәрім қажы Құдайбердіұлының
туғанына 150 жыл толды. Соған орай жазылған бұл
кітапта кезінде жолсыз жазаға ұшыраған ақын өмірі
мен шығармашылығы нақты деректермен
баяндалған. Қалың көпшілікке арналған танымдық
сипаттағы бұл кітап өз оқырманын табады деп
ойлаймыз.
Дала данасы [Текст] : (ұлы ойшыл, философ
тарихшы, қазақ әдебиетінің классигі Шәкәрім
Құдайбердіұлына арн.). - Алматы : Орталық
ғылыми кітапхана, 2009. - 259,[1] б.
«Дала данасы» атты еңбек халқымыздың
өмірінде үлкен орын алатын тарихи
тұлғалардың бірі Ш.Құдайбердіұлының өмірі
мен шығармашылығына арналған. Жинаққа
Ш.Құдайбердіұлының таңдамалы еңбектері
және ол туралы шәкәрімтанушылардың
ғылыми зерттеулері енгізілген.
Шәкәрім, (. Шаһкәрім). Жүрегіңді
нұрмен жу [Текст] : монография /
Шәкәрім (Шаһкәрім). - Жидебай :
Халықаралық Абай клубы, 2009. -
95,[1] б.
«Ақиқат жеңбейтін ел де, жер болмақ емес», деген Сіздің әділ сөз нендей
көрегендікпен айтылған. Рухыңыз тірі, дана баба! Сізге қарап бой түзеп, ой түзеп,
сөз түзеп келеміз.
РОЛЛАН СЕЙСЕНБАЕВ
Шәкәрім шығармашылығы қазақ және әлем мәдениеті
контексінде [Текст] : халықаралық ғылыми-практ. конф.
материалдары, 12 қыркүйек 2008 ж.: Ш.
Құдайбердіұлының 150 ж. мерейтойына арн. / ҚР білім
және ғылым м-гі, Шығыс Қазақстан обл. әкімшілігі,
Шәкәрім атын. СМУ; [ред. алқа Ш. А. Құрманбаева және т.
б.]. - Семей : Шәкәрім атын. СМУ, 2008 - Т. 1 = Творчество
Шакарима в контексте казахской и мировой культуры. -
356, [1] б.
Шәкәрім шығармашылығы қазақ және әлем мәдениеті
контексінде [Текст] : халықаралық ғылыми-практ. конф.
материалдары, 12 қыркүйек 2008 ж.: Ш. Құдайбердіұлының
150 ж. мерейтойына арн. / ҚР білім және ғылым м-гі, Шығыс
Қазақстан обл. әкімшілігі, Шәкәрім атын. СМУ; [ред. алқа Ш.
А. Құрманбаева және т. б.]. - Семей : Шәкәрім атын. СМУ,
2008 - Т. 2 = Творчество Шакарима в контексте казахской и
мировой культуры. - 194, [1] б.
Шәкәрім [Текст] : энцикл. / [бас ред. Е. Б.
Сыдықов]. - Семей : Тенгри, 2008. - 863,[1] б.
Энциклопедия қазақтың классик
ақыны, ойшыл Ш. Құдайбердіұлының
өмірі мен шығармашылық жолына
арналған. Ақынның өскен ортасы, мол
мұрасы, дүниетанымы, эстетикасы,
поэтикасы, қоғамдық-саяси ой-
пікірлері, ғибрат тағылымы жан-
жақты сөз болады.
Шәкәрім (Құдайбердіұлы, Шаһкәрім). Шығармаларының
үш томдық жинағы [Текст] / (Құдайбердіұлы, Шаһкәрім)
Шәкәрім (Құдайбердіұлы ; Шаһкәрім атын. СМУ. - Алматы;
Жидебай : Халықаралық Абай клубы, 2008 - Т. 3 : Үзілмеген
үміт : мақалалар, естеліктер, зерттеулер. - 655, [5] б.
Салқынбай, А. Б. Шаһкәрім
шыққан шың [Текст] :
моногр. / әл-Фараби атын.
ҚазҰУ. - Алматы : Қазақ ун-ті,
2011. - 211,[3] б.
Монографияда Шаһкәрім ақынның шығармашылығы
когнитологиялық бағытта талданып, идиостилі, жаңа сөз
қолданысы ғылыми тұрғыдан жаңаша зерделенеді.
Біреудің мінін көргенше,
Жамандығын тергенше,
Өз ойыңды мазалап,
Өз бойыңды тазалап,
Өзіңмен күрес өлгенше
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Молдаханов, Ә. Әдебиет.
Абай, Шәкәрім, Әуезов
дәрістері [Текст] : оқулық:
ҚР Білім және ғылым м-гі
бекіткен / ҚР білім және
ғылым м-гі. - Алматы :
ЖШС РПБК "Дәуір", 2011. -
190,[1] б.
Оқулықта халқымыздың ұлы ғұламалары
А.Құнанбайұлының, Ш.Құдайбердіұлының,
М.Әуезовтың әдеби-ғылыми мұраларының
Тәуелсіздікке қол жеткізген жиырма жылы
ішінде зерттелу нәтижелері қарастырылған.
Оларды жаңа көзқараспен қайта тану тұрғысында
абайтанудың, шәкәрімтанудың, әуезовтанудың
әлі ашылмай жатқан өзекті беймәлім тұстары
бойынша тың деректер берілген.
Монографиялық жинақ абайтанудың, шәкәрімтанудың
жаңа зерттеу бағыттарында атқарылған жұмыстың
негізінде әзірленді. Жеке монографиялық тарауларды
белгілі әдебиеттанушы мамандар жазған. Еңбек әдебиет
танушыларға, жас зерттеушілерге арналған.
Абай-Шәкәрім [Текст] : ұжымдық монография / әл-
Фараби атын. ҚазҰУ ; [жалпы ред. басқ. Қ. Әбдезұлы]. -
Алматы : Қазақ ун-ті, 2012. - 207, [3] б.
Сыдықов, Ерлан Бәтташұлы. Шәкәрім [Текст] : [ғылыми -
танымдық бас.] / Ерлан Бәтташұлы Сыдықов ; ҚР білім және
ғылым м-гі, Философия, саясаттану және дінтану ин-ты, Л. Н.
Гумилев атын. ЕҰУ. - Алматы : ҚР БҒМ ҒК ФСДИ, 2013. - 440, [4] б.
Кітап ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының
докторы, профессор Е.Б.Сыдықовтың Мәскеудің (РФ) «Молодая
гвардия» баспасынан «ЖЗЛ» сериясы бойынша орыс тілінде
шыққан «Шакарим» кітабы негізінде әдеби өңделіп әзірленді.
Отандық, шетелдік әдебиеттанушы
мамандар мен бакалаврлық оқу сатысының
студенттері әзірлеген ғылыми мақалалар
жинағында Шәкәрімнің әдеби мұрасына
әдеби ықпалдастық, діни ұстаным,
текстологиялық тұрғыда жаңа зерттеу
бағыттары ауқымында мән беріледі.
Филология мамандықтары бойынша білім
алатын студенттерге, магистранттарға,
әдебиеттанушы мамандарға арналған.
Шәкәрімнің әдеби мұрасын зерттеудің
мәселелері. : ғылыми мақалалары жинағы/
жалпы ред. басқ. Ө.Әбдиманұлы; құраст.
Қ.Мәдібаева, Е.Солтанаева. – Алматы: Қазақ
университеті, 2016 – 156 б.
Құдайбердіұлы, Шаһкәрім. Жол табалық
ақылмен [Мәтін] : өлеңдер / Шаһкәрім
Құдайбердіұлы; [құраст. жауапты ред. Р.
Сейсенбаев]. - Алматы : RS; Халықаралық
Абай клубы, 2016. - 278, [2] б.

More Related Content

What's hot

Writing dialogue
Writing dialogueWriting dialogue
Writing dialoguekrochalek
 
Ethos pathos logos presentation w audio
Ethos pathos logos presentation w audioEthos pathos logos presentation w audio
Ethos pathos logos presentation w audiokb615
 
MLA Citation Lesson Plan
MLA Citation Lesson PlanMLA Citation Lesson Plan
MLA Citation Lesson Planmaryjasperse
 
Writer’s Effect 1
Writer’s Effect 1Writer’s Effect 1
Writer’s Effect 1Andy Fisher
 
Somewhere I Have Never traveled
Somewhere I Have Never traveledSomewhere I Have Never traveled
Somewhere I Have Never traveledmailhasaan
 
Ozymandias - Percy Bysshe Shelley
Ozymandias - Percy Bysshe ShelleyOzymandias - Percy Bysshe Shelley
Ozymandias - Percy Bysshe ShelleyShreshtha Ramsout
 
Strong Endings
Strong EndingsStrong Endings
Strong EndingsALietaert
 
3. character development
3. character development3. character development
3. character developmentRichard Dwyer
 
JB Priestly: An Inspector Calls
JB Priestly: An Inspector CallsJB Priestly: An Inspector Calls
JB Priestly: An Inspector CallsSuzan G
 
Those Winter Sundays
Those Winter SundaysThose Winter Sundays
Those Winter Sundayscgriesser
 
Bayonet Charge
Bayonet ChargeBayonet Charge
Bayonet Chargemrhoward12
 
Types of Poems
Types of PoemsTypes of Poems
Types of Poemsjaler24
 
My parents kept me from children who were rough
My parents kept me from children who were roughMy parents kept me from children who were rough
My parents kept me from children who were roughjadeelena1
 
Igcse first language english 2020
Igcse first language english 2020Igcse first language english 2020
Igcse first language english 2020Angela Churchill
 

What's hot (20)

Writing dialogue
Writing dialogueWriting dialogue
Writing dialogue
 
Article writing
Article writingArticle writing
Article writing
 
Ethos pathos logos presentation w audio
Ethos pathos logos presentation w audioEthos pathos logos presentation w audio
Ethos pathos logos presentation w audio
 
MLA Citation Lesson Plan
MLA Citation Lesson PlanMLA Citation Lesson Plan
MLA Citation Lesson Plan
 
Theme
ThemeTheme
Theme
 
Writer’s Effect 1
Writer’s Effect 1Writer’s Effect 1
Writer’s Effect 1
 
Somewhere I Have Never traveled
Somewhere I Have Never traveledSomewhere I Have Never traveled
Somewhere I Have Never traveled
 
Blackout poetry
Blackout poetryBlackout poetry
Blackout poetry
 
Ozymandias - Percy Bysshe Shelley
Ozymandias - Percy Bysshe ShelleyOzymandias - Percy Bysshe Shelley
Ozymandias - Percy Bysshe Shelley
 
Poppies
PoppiesPoppies
Poppies
 
MLA in text citations
MLA in text citationsMLA in text citations
MLA in text citations
 
Strong Endings
Strong EndingsStrong Endings
Strong Endings
 
3. character development
3. character development3. character development
3. character development
 
JB Priestly: An Inspector Calls
JB Priestly: An Inspector CallsJB Priestly: An Inspector Calls
JB Priestly: An Inspector Calls
 
Those Winter Sundays
Those Winter SundaysThose Winter Sundays
Those Winter Sundays
 
Bayonet Charge
Bayonet ChargeBayonet Charge
Bayonet Charge
 
Types of Poems
Types of PoemsTypes of Poems
Types of Poems
 
My parents kept me from children who were rough
My parents kept me from children who were roughMy parents kept me from children who were rough
My parents kept me from children who were rough
 
Igcse first language english 2020
Igcse first language english 2020Igcse first language english 2020
Igcse first language english 2020
 
Literary devices
Literary devicesLiterary devices
Literary devices
 

Similar to Shakarim

Виртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесіВиртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесіguldika
 
103067Шакарим Кудайбердыотоир рисааамиип
103067Шакарим Кудайбердыотоир рисааамиип103067Шакарим Кудайбердыотоир рисааамиип
103067Шакарим Кудайбердыотоир рисааамиипdianazhumi
 
Виртуалды көрме (мысал)
Виртуалды көрме (мысал)Виртуалды көрме (мысал)
Виртуалды көрме (мысал)guldika
 
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жылМұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жылAbilkair Zhakupov
 
Қазақ ауыз әдебиетіне қасиетті Құран кәрім қиссаларының тигізген әсері
Қазақ ауыз әдебиетіне қасиетті Құран кәрім қиссаларының тигізген әсеріҚазақ ауыз әдебиетіне қасиетті Құран кәрім қиссаларының тигізген әсері
Қазақ ауыз әдебиетіне қасиетті Құран кәрім қиссаларының тигізген әсеріUlykbek Aliakbaruly
 
“Әлемге танылған – Ұлы Абай”
“Әлемге танылған – Ұлы Абай”“Әлемге танылған – Ұлы Абай”
“Әлемге танылған – Ұлы Абай”Auyelbek Mombayev
 
Виртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесіВиртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесіguldika
 
Білім.Ғылым.Инновация.жхх
Білім.Ғылым.Инновация.жххБілім.Ғылым.Инновация.жхх
Білім.Ғылым.Инновация.жххssuser8a5811
 
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуыҒылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуыBilim All
 
ғылыми жұмыс
ғылыми жұмысғылыми жұмыс
ғылыми жұмысnurbolat84
 
Ислам әдебиеті
Ислам әдебиетіИслам әдебиеті
Ислам әдебиетіBilim All
 
Bir el - bir kitap 2021
Bir el - bir kitap 2021Bir el - bir kitap 2021
Bir el - bir kitap 2021ssuser19e2ac
 
Қазақ хандығына 550 жыл
Қазақ хандығына 550 жылҚазақ хандығына 550 жыл
Қазақ хандығына 550 жылAuyelbek Mombayev
 

Similar to Shakarim (20)

Filologia fak
Filologia fakFilologia fak
Filologia fak
 
Виртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесіВиртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесі
 
Akhmet baitursinov
Akhmet baitursinovAkhmet baitursinov
Akhmet baitursinov
 
103067Шакарим Кудайбердыотоир рисааамиип
103067Шакарим Кудайбердыотоир рисааамиип103067Шакарим Кудайбердыотоир рисааамиип
103067Шакарим Кудайбердыотоир рисааамиип
 
Виртуалды көрме (мысал)
Виртуалды көрме (мысал)Виртуалды көрме (мысал)
Виртуалды көрме (мысал)
 
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жылМұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
 
Қазақ ауыз әдебиетіне қасиетті Құран кәрім қиссаларының тигізген әсері
Қазақ ауыз әдебиетіне қасиетті Құран кәрім қиссаларының тигізген әсеріҚазақ ауыз әдебиетіне қасиетті Құран кәрім қиссаларының тигізген әсері
Қазақ ауыз әдебиетіне қасиетті Құран кәрім қиссаларының тигізген әсері
 
Aimautov
AimautovAimautov
Aimautov
 
“Әлемге танылған – Ұлы Абай”
“Әлемге танылған – Ұлы Абай”“Әлемге танылған – Ұлы Абай”
“Әлемге танылған – Ұлы Абай”
 
Виртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесіВиртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесі
 
Білім.Ғылым.Инновация.жхх
Білім.Ғылым.Инновация.жххБілім.Ғылым.Инновация.жхх
Білім.Ғылым.Инновация.жхх
 
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуыҒылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы
 
М. Әуезовтың шығармашылығы
М. Әуезовтың шығармашылығыМ. Әуезовтың шығармашылығы
М. Әуезовтың шығармашылығы
 
ғылыми жұмыс
ғылыми жұмысғылыми жұмыс
ғылыми жұмыс
 
Шоқан Уәлихан
Шоқан УәлиханШоқан Уәлихан
Шоқан Уәлихан
 
Kanyshsatbaev
KanyshsatbaevKanyshsatbaev
Kanyshsatbaev
 
Ислам әдебиеті
Ислам әдебиетіИслам әдебиеті
Ислам әдебиеті
 
Bir el - bir kitap 2021
Bir el - bir kitap 2021Bir el - bir kitap 2021
Bir el - bir kitap 2021
 
Қазақ хандығына 550 жыл
Қазақ хандығына 550 жылҚазақ хандығына 550 жыл
Қазақ хандығына 550 жыл
 
шахановвввв
шахановввввшахановвввв
шахановвввв
 

More from Abilkair Zhakupov (17)

Law
LawLaw
Law
 
History
HistoryHistory
History
 
Mechmat
MechmatMechmat
Mechmat
 
Jour
JourJour
Jour
 
Geog
GeogGeog
Geog
 
It
ItIt
It
 
Phistech
PhistechPhistech
Phistech
 
Biology and biotech
Biology and biotechBiology and biotech
Biology and biotech
 
Zhana basilimdar
Zhana basilimdarZhana basilimdar
Zhana basilimdar
 
Magzhan zhumabaev
Magzhan zhumabaevMagzhan zhumabaev
Magzhan zhumabaev
 
Sovetkhan gabbasov
Sovetkhan gabbasovSovetkhan gabbasov
Sovetkhan gabbasov
 
Noviepost
NoviepostNoviepost
Noviepost
 
Qasym qaysenov
Qasym qaysenovQasym qaysenov
Qasym qaysenov
 
Новые поступления. Медицинский факультет
Новые поступления. Медицинский факультетНовые поступления. Медицинский факультет
Новые поступления. Медицинский факультет
 
Пузиков м
Пузиков мПузиков м
Пузиков м
 
Пузиков М.Ф.
Пузиков М.Ф.Пузиков М.Ф.
Пузиков М.Ф.
 
Философ Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнның 350 жылдығына орай
Философ Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнның 350 жылдығына орайФилософ Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнның 350 жылдығына орай
Философ Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнның 350 жылдығына орай
 

Shakarim

  • 1. Ұлы Даланың дарын иесі Әл-Фараби атындағы кітапхана Кітапхана қорының топтамасы
  • 2. Шәкәрім Құдайбердіұлы (11 шілде (24 шілде) 1858 - 2 қазан 1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын көре білуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды. Жеті жасында әкесінен жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының тәрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның талантты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі кейінірек былай деп жазады: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік Һәм Алланың берген ақылы да бұл қазақтан бөлек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, азғана ғылымның сәулесін сездім». Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, ез бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Ол адамдар өмірін жақсартуға тырысқан ғалымдарды мысалға келтіреді.
  • 3. Шәкәрім (Құдайбердиев, Ш. Шәкәрім). Шығармалары [Текст] : өлеңдер, дастандар, қара сөздер / Шәкәрім (Құдайбердиев, Шәкәрім). - Алматы : Жазушы, 1988. - 560 б. Жинаққа ақынның нақты өмір суреттерін, махаббат мәңгілігін, табиғат әсемдігін өзек еткен, сондай-ақ, ақылгөйлік, ағартушылық, әлеуметтік – әшкереушілік сипаттағы өлеңдерімен қоса «Ләйлі - Мәжнүн», «Қалқаман - Мамыр», «Еңлік - Кебек», «Нартайлық пен Айсұлу» сияқты ауқымды эпикалық поэма, дастандары мен прозалық шығармалары, қара сөздері іріктеліп, топтастырылып беріліп отыр. Шәкәрім Құдайбердиев ұлы ұстазы Абай ағасындай реалист суреткер еді. Бұл кітапқа енген туындыларда ақынның демократиялық, халықтық және адамгершілік асыл көзқарасы бейнеленген. Құдайбердіұлы, Ш. Жолсыз жаза: Өлеңдер мен поэмалар. / Құраст. М.Мағауин. - Алматы : Жалын, 1988. - 256 б.
  • 4. Шәкәрім. Аманат: Әндер/ Құраст. Т.Бекхожин. – Алматы: Өнер, 1989. -128 б. Бұл жинаққа творчествалық өмір жолы жұртшылыққа әлі толықтай таныла қоймаған қазақтың көрнекті философ - ақыны Ш. Құдайбердиевтің тұңғыш рет жиналып, нотаға түсірілген 16 әні енді. Композитор шығармаларының Алматы мемлекеттік консерваториясының фольклорлық лабораториясы қорынан алынған нұсқалары да беріліп отыр. Кітап ән сүйер қауымға арналады. Бұл жинаққа Ш. Құдайбердіұлының әлеуметтік, ағартушылық, ақылгөйлік сипаттағы өлеңдері және «Ләйлі–Мәжнүн», «Қалқаман - Мамыр», «Еңлік - Кебек» атты эпикалық поэмалары беріліп отыр. Жинақ мектеп мұғалімдері мен оқушыларына арналған. Шәкәрім (Құдайбердіұлы, Ш. Шәкәрім). Өлеңдері мен поэмалары [Текст] / құраст. Х. Сүйіншәлиев. - Алматы : Рауан, 1990. - 208 б.
  • 5. Қасымнан сендер едің менің елім Аяушы едім қайысып сынып белім. Тірлігімде тілімді алмасаң да Өлгеннен соң дерсіңдер қамқоршы ерім... Ш. Құдайбердиев Оқушы қауымның назарына ұсынылып отырған кітапшада Ш.Құдайбердиевтің ақын, аудармашы ретіндегі творчестволық келбеті жатық тіл, байсалды пайымдауларымен биік өреде көрсетілген. Сәтбаева, Ш. Қ. Шәкәрім Құдайбердиев [Текст] : монография / Қаз. ССР "Білім" қоғамы. - Алматы : Қаз. ССР "Білім" қоғамы., 1990. - 50 б.
  • 6. «Үш анық» деп аталатын бұл философиялық еңбегі автордың репрессияға ұшырауына байланысты жарты ғасырдан астам уақыт оқырман назарынан тыс қалып келді. Қазір Шәкәрімнің твортчестволық мұрасы халыққа қайта оралды. Автор бұл еңбегінде батыс, шығыс философтарының материалистік және идеалистік еңбектерін кең көлемде, тыңғылықты ой толғанысын ұсынады. Бұл аса құнды еңбек шын мәнінде ХІХ және ХХ ғасырдағы Қазақстандағы философиялық ойдың шыңын көрсетсе керек. Көпшілік оқырманға арналған. Құдайбердіұлы, Шәкәрім. Үш анық [Мәтін] : монография / Ш. Құдайбердіұлы ; Қаз. ССР ҒА, М. О. Әуезов атын. әдеб. және өнер ин- ты. - Алматы : Қазақстан және "Ғақлия" ғылыми-әдеби орталығы, 1991. - 80 б.
  • 7. Шәкәрім (Құдайбердіұлы, Шәкәрім) Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі [Текст] / Шәкәрім) Шәкәрім (Құдайбердіұлы. - Алматы : Қазақстан Сана, 1991. - 80 б. Қазақтың шығу тегі, шежіресі жайлы еңбек жазуды ұлы Абай өзінің немере туысы Шәкәрімнің қолға алуына сенім білдірген. Шәкәрім шежіре жазуға кіріспес бұрын көп ізденіп, араб, парсы, түркі тілдерінде жарыққа шыққан еңбектермен танысып, көп мағлұматтар, деректер жинайды, осы мақсатпен қажылыққа екі рет барады. Сөйтіп Шәкәрімнің бұл кітабы 1911 жылы Орынбор қаласында бысылып шығады. Құдайбердіұлы бұл еңбегінде түркі елдерінің ата тегін әңгімелей отырып, қазақ халқының шежіресіне кеңінен тоқталып, тарих түкпірінен ой өкшелейді. Шәкәрімнің бұл еңбегінің құндылығы өзіне дейін халқымыздың ата тегі жайлы ауызша айтылып келген шежірелерді бір жүйеге түсіріп, хронологиялық тәртіппен арнайы түрде баяндап беруінде.
  • 8. Шәкәрімнің «Мұсылмандық шарты» атты еңбегі 1911 жылы Орынборда басылып шықты. Ақынның репрессияға ұшырауына байланысты оның басқа шығармаларымен бірге бұл кітабы да ұзақ уақыт оқырман қауым назарынан тыс қалып келді. Оқырман қауым сондай-ақ діни наным, парызға байланысты сұрақтарға жауап таба алады. Қазіргі жариялық кезеңде ойшыл ақынның үлкен мақсатпен жазған бұл кітабын көпшілік игілігне ұсынуды жөн көрдік. Шәкәрім (Құдайбердіұлы, Ш. Шәкәрім). Мұсылмандық шарты [Текст] : монография / Ш. Шәкәрім). Шәкәрім (Құдайбердіұлы. - Алматы : Қазақстан, 1993. – 80 б.
  • 9. Бұл шағын кітапшада көпшілікке онша танымал емес Күлтегін, Тоныкөк, Майқы биден бастап, көпшілікке есімдері жақсы таныс, бірақ осы уақытқа дейінгі сыңаржақты баға берілген, қазақ топырағында дүниеге келген ұлы зиялылары – Кенесары, Мұстафа Шоқай, Шәкәрім, Мағжан, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов т.б. 34 қазақ зиялыларының портреттері (келбеттері берілген ). Бұл кітап – VІ ғасырдан бастап ХХ ғасырға дейін өмңр сүрген адамдардың өмірі тағдыры, іс-қызметтері арқылы берілген қазақ халқының тарихи очеркі. Қасымжанов, А. Х. Ұлы даланың зиялылары [Текст] : монография / А. Х. Қасымжанов. - Алматы : Қазақ ун-ті, 1996. - 156 б.
  • 10. Библиографиялық көрсеткіште әр жылдары Шәкәрімтану мәселелері бойынша жарық көрген барлық материалдар қамтылды. Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығына арналған библиографиялық көрсеткіш, осы саладағы алғашқы талпыныс болғандықтан тақырыптық жүйеде берілмей, әр жылғы мақала, материлдарды әліпбилік жүйемен берілді. Келешекте осы қазақ және басқа тілдерде жарық көрген материалдары тақырыптық жүйеге түсіріліп, дамыта жұмыс істелмек. Библиографиялық көрсеткіш зерттеуші мамандарға және аспиарант, магистранттар мен студенттерге арналады. Шаңбай Тарлықұл. Шәкәрімтану. (Библиографиялық көрсеткіш). – Семей- Новосибирск. «Талер - Пресс»: 2006. – 63 б.
  • 11. Шәкәрім (Құдайбердіұлы, Шаһкәрім). Шығармаларының үш томдық жинағы [Текст] / (Құдайбердіұлы, Шаһкәрім) Шәкәрім (Құдайбердіұлы ; Шаһкәрім атын. СМУ. - Алматы; Жидебай : Халықаралық Абай клубы, 2008 - .Т. 1 : Қажыма, ойым, қажыма : өлеңдер. - 402 б. Шәкәрім (Құдайбердіұлы, Шаһкәрім). Шығармаларының үш томдық жинағы [Текст] : жинақ / Шәкәрім (Құдайбердіұлы, Шаһкәрім) ; Шаһкәрім атын. СМУ. - Алматы; Жидебай : Халықаралық Абай клубы, 2008. - 2 т. : Өкінішті ғұмыр : дастандар, роман, аудармалар, мәнді сөздер, түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі, мұсылмандық шарты. - 430 б. Шәкәрім (Құдайбердіұлы, Ш. Шәкәрім). Жол табалық ақылмен [Текст] : шығармаларының бір томдық жинағы / Шәкәрім (Құдайбердіұлы, Шәкәрім). - Жидебай : Халықаралық Абай клубы, 2006. - 736 б.
  • 12. Сыдықов, Ерлан. Шәкәрім және Алашорда [Текст] : ғылыми жинақ / Е. Сыдықов. - Алматы : Раритет, 2008. - 192 б. Бұл кітапқа автордың әр жылдары республикалық басылымдарда жарық көрген, сондай-ақ әзір еш жерде жариялана қоймаған Алаш ұлт-азаттық қозғалысы тақырыбындағы ғылыми-зерттеу мақалалары енгізілген. Шәкәрім және Алашорда тақырыбы еңбектің негізгі арқауы, сонымен қатар, мұнда Алашорда үкіметінің басшыларының қоғамдық-саяси қызметтері жан-жақты әңгіме болады. Еңбекте халқымыздың біртуар перзенттері Х. Ғаббасов, Т.Абайұлы, Б.Сәрсеновтар туралы да мол мағлұмат берілген. Ал, соңғы бөлімінде 1937-1938 жылдардағы сталиндік саяси қуғын-сүргін зардаптары архивтік деректерге сілтеме түрінде баяндалады. Жинақ жалпы оқырман қауымға, педагог мамандар мен студенттерге арналған.
  • 13. Зерттеу қазақтың екі үлкен ақыны Ш. Құдайбердіұлы мен С.Торайғыровтың мұрасына арналып отыр. Бірінші бөлімде шәкәрімтану ғылымының бүгіні мен болашағы, Шәкәрім мен Сұлтанмахмұт арасындағы рухани байланыс, Шәкәрімнің беймәлім болып келген көсемсөздері зерделеніп және «Шәкәрім» тұлғалық энциклопедиясына арнайы жазылған мақалалары берілсе, екінші бөлімде С.Торайғыровтың өмір жолы, шығармашылығы жан-жақты қарастырылған. Зерттеу ғылыми қызметкерлерге, аспиранттар мен магистранттарға, мектеп мұғалімдері мен студенттерге және әдебиет сүйер қалың оқырманға арналған. Еспенбетов, А. Шәкәрім және Сұлтанмахмұт [Текст] : ғылыми зерттеу / Еспенбетов, Арап. - Алматы : Раритет, 2008. - 240 б.
  • 14. Балтабай Әбдіғазиұлының бұл еңбегінде Шәкәрім шығармашылығына негіз болған әдеби дәстүрлердің түп төркініне барлау жасалып, Шәкәрімнің поэзия, проза, көркем аударма саласындағы суреткерлік тұлғасы, әр жанрдағы туындыларының көркемдік бояуы, тақырыптық бағдары, қайталанбас қырлары ғылыми тұрғыдан жан-жақты талқыланды. Шәкәрімнің ақындық әлемі, жазушылық әлемі, аудармашылық әлемі, философ, тарихшы ретіндегі әлемі тұтас көркемдік – эстетитикалық құбылыс дәрежесінде тұңғыш рет қарастырылып отыр. Әбдіғазиұлы, Б. Балтабай. Шәкәрім әлемі [Текст] : монография / Әбдіғазиұлы, Балтабай. - Алматы : Раритет, 2008. - 408 б.
  • 15. Шәкәрімтану мәселелері [Текст] / Семей мем. пед. ин-ты, Шәкәрімтану ғылыми-зерттеу орталығы; [құраст. Т. Шаңбай]. - Алматы : Раритет, 2007 - 1-т. - . - 448 б. «Шәкәрімтану мәселелері» сериялық ғылыми жинағының бірінші кітабына Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығын қарастырған еңбектер енгізілген. Жинақтың мақалалар бөлімінде Мұхтар Мағауиннің «Ақын, тарихшы, философ», Қайым Мұхаметханұлының «Шаһкәрім» және Рымғали Нұрғалидің «Еңлік-Кебек трагедиясы» еңбектері берілді. Естелік бөлімінде Ахат Шәкәрімұлының «Менің әкем, халық ұлы - Шәкәрім» естелігі берілген. Шәкәрімтану тарихынан бөлімінде Әлихан Бөкейхановтың «Қалқаман-Мамыр», «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезовтің «Абай ақындығының айналасы» мақалалары берілді. Сондай-ақ, қазіргі таңда дайындалып жатқан тұлғалық «Шәкәрім» энциклопедиясының сөзтізбесі де осы кітапқа енгізілген.
  • 16. Шәкәрімтану мәселелері [Текст] / Семей мем. пед. ин-ты, Шәкәрімтану ғылыми-зерттеу орталығы; [құраст. Т. Шаңбай]. - Алматы : Раритет, 2007 - 2-т. - . - 373 б. Жинақтың мақалалар бөлімі Жабайхан Әбділдиннің «Алаш азаматтарының ақталуы» мақаласымен ашылады. Шәкәрімтану мәселелері сериялық жинағының 2-кітабына әр жылдары Шәкәрім туралы жазылған Мұхаметжан Қаратаев, Зәки Ахметов, Мүслім Базарбаев, Тұрсынбек Кәкішев, Рахманқұл Бердібай, Шериаздан Елеукенов, Шәмшиябану Сәтбаева, Әнуар Дербісәлин, Немат Келімбетов, Алма Қыраубаева, Ғарифолла Есім, Ерлан Сыдықов, Арап Еспенбетов, Өтеген Күмісбаев, Зейнол-Ғабден Бисенғали, Серик Негимов, Балтабай Әбдіғази, Бақытжан Майтанов, Бақытжан Рақымжанов және Тұрдықұл Шаңбайдың мақалалары енді.
  • 17. Шәкәрімтану мәселелері сериялық ғылыми жинағының 4-ші кітабына Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы қарастырған еңбектер енгізілген. Жинақтың мақалалар бөлімі Е.Сыдықовтың «Шәкәрім және Алашорда» мақаласымен ашылды. Бұл еңбекке Шәкәрім туралы жазылған Ғ.Есім, А.Еспенбетов, Б.Әбдіғазин, Ө. Әбдиманұлы, М.Ескендіров, Ф.Жақсыбаева, С.Маусымбаев, Т.Айтқазин, М.Кенемолдин, А.Кемелбаева, А.Үсенова, Р. Мәмбетбаева, Ф.Бұланова, Қ. Құрманбаева, Е.Жетібай, М.Ізғұттинов және т.б. мақалалары енді. Жинақтың екінші библиографиялық бөлімінде Шәкәрім өмірі мен шығармашылығына арналған шағын библиография берілген. Шәкәрімтану мәселелері [Текст] / Семей мем. пед. ин-ты, Шәкәрімтану ғылыми- зерттеу орталығы; [құраст. Т. Шаңбай]. - Алматы : Раритет, 2007 - 4-т. - . - 304 б. Шәкәрімтану мәселелері сериялық ғылыми жинағының үшінші кітабына Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығын қарастырған еңбектер енгізілген. Жинақтың мақалалары бөлімі Ғ.Есімнің «Ар білімі» мақаласымен ашылады. Шәкәрімтану мәселелері сериялық жинағының 3 кітабына Шәкәрім туралы жазылған М.Мырзахметұлы, А.Еспенбетов, Қ. Шаяхметұлы, Б. Әбдіғази, Ө. Күмісбаев, Ө. Абдиманұлы, Т.Жұмажанова, Ә. Сабырова, А. Үсенова, Б. Рахымжанов және А. Аманжолдың мақалалары енді. Шәкәрімтану тарихынан бөлімінде Қайым Мұхамедханұлы, Евней Букетов, Бейбіт Сапаралының мақалалры берілді. Жинақтың келесі – Ғылыми сұхбат бөлімінде журналистер Дәулет Сейсенұлы мен Мұрат Кенемолдиннің Е. Сыдықов, М.Мырзахметұлы, Ғ.Есім, Б.Әбдіғази және М.Құрманбаймен Шәкәрімге қатысты жүргізген сұхбаттары берліген. Шәкәрімтану мәселелері [Текст] / Семей мем. пед. ин-ты, Шәкәрімтану ғылыми-зерттеу орталығы; [құраст. Т. Шаңбай]. - Алматы : Раритет, 2007 - . 3-т. - . - 376 б.
  • 18. Шәкәрімтану мәселелері [Текст] : [сериялық ғылыми жинақ] / Семей мем. пед. ин-ты, Шәкәрімтану ғылыми-зерттеу орталығы; [құраст. Т. Шаңбай]. - Алматы : Раритет, 2008 - 6-т. - . - 352 б. Шәкәрімтану мәселелері сериялық ғылыми жинағының алтыншы кітабына Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығын қарастырған еңбектер енгізілген. Жинақтың Ш. Елеукеновтің «Бес арыс қалай ақталды» мемуар-эссе бөлімінде Шәкәрім шығармашылығын ақтау жөніндегі, Шәкәрімнің қайта оралуы туралы нақты деректер берілсе, ғылыми сұхбат бөлімінде Тұрдықұл Шаңбай, Құлыбек Ергөбек, Қинаят Шаяхметұлы, Төкен Жұмажанова, Әділғазы Қайырбеков, Айгүл Ысмақова, Ислам Жеменей, Гүлнар Искакова, Сәттар Өмірзақов, Бауыржан Ердембеков, Бақытжан Рақымжанов, Сұлушаш Бекмырза, Сейдалы Оразалиев, Мақсат Әліпхан, Оралтай Жолымбаев, Нұрбұлан Өтепбаев, Қаныш Бибеков, Сағымбай Жұмағұлов, Ғалия Қамбарбекова, Нұргүл Ағалиева, Мақсат Құдагелдин, Әлімбай Найзабаевтың мақалалары енді.
  • 19. Ғылыми еңбекте жазба дәстүрді қалыптастырудағы, нығайтудағы, жазба дәстүр арқылы стильдік тармақтарды жетілдірудегі Шәкәрімнің қызметі көрстетіліп, сол тұстағы тілдік нормаға көңіл бөлінді. Кітапта ақын тіліндегі қолданысы жиі жекелеген өзек сөздер мен ақынның сөздік қоры оның идиостилін анықтау мақсатында талданды. Момынова, Б. Бағдан. Шәкәрім поэзиясының тілі [Текст] : (лексика- функционалды ракурс) / Б. Бағдан. Момынова. - Алматы : Арыс, 2008. - 253,[3] б.
  • 20. Сейсенұлы, Д. Дәулет. Шәкәрім [Текст] : ғұмырнамалық деректі хикаят / Д. Дәулет. Сейсенұлы. - Алматы : Қазақстан, 2009. - 254,[2] б. 2008 жылы Шәкәрім қажы Құдайбердіұлының туғанына 150 жыл толды. Соған орай жазылған бұл кітапта кезінде жолсыз жазаға ұшыраған ақын өмірі мен шығармашылығы нақты деректермен баяндалған. Қалың көпшілікке арналған танымдық сипаттағы бұл кітап өз оқырманын табады деп ойлаймыз.
  • 21. Дала данасы [Текст] : (ұлы ойшыл, философ тарихшы, қазақ әдебиетінің классигі Шәкәрім Құдайбердіұлына арн.). - Алматы : Орталық ғылыми кітапхана, 2009. - 259,[1] б. «Дала данасы» атты еңбек халқымыздың өмірінде үлкен орын алатын тарихи тұлғалардың бірі Ш.Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған. Жинаққа Ш.Құдайбердіұлының таңдамалы еңбектері және ол туралы шәкәрімтанушылардың ғылыми зерттеулері енгізілген. Шәкәрім, (. Шаһкәрім). Жүрегіңді нұрмен жу [Текст] : монография / Шәкәрім (Шаһкәрім). - Жидебай : Халықаралық Абай клубы, 2009. - 95,[1] б. «Ақиқат жеңбейтін ел де, жер болмақ емес», деген Сіздің әділ сөз нендей көрегендікпен айтылған. Рухыңыз тірі, дана баба! Сізге қарап бой түзеп, ой түзеп, сөз түзеп келеміз. РОЛЛАН СЕЙСЕНБАЕВ
  • 22. Шәкәрім шығармашылығы қазақ және әлем мәдениеті контексінде [Текст] : халықаралық ғылыми-практ. конф. материалдары, 12 қыркүйек 2008 ж.: Ш. Құдайбердіұлының 150 ж. мерейтойына арн. / ҚР білім және ғылым м-гі, Шығыс Қазақстан обл. әкімшілігі, Шәкәрім атын. СМУ; [ред. алқа Ш. А. Құрманбаева және т. б.]. - Семей : Шәкәрім атын. СМУ, 2008 - Т. 1 = Творчество Шакарима в контексте казахской и мировой культуры. - 356, [1] б. Шәкәрім шығармашылығы қазақ және әлем мәдениеті контексінде [Текст] : халықаралық ғылыми-практ. конф. материалдары, 12 қыркүйек 2008 ж.: Ш. Құдайбердіұлының 150 ж. мерейтойына арн. / ҚР білім және ғылым м-гі, Шығыс Қазақстан обл. әкімшілігі, Шәкәрім атын. СМУ; [ред. алқа Ш. А. Құрманбаева және т. б.]. - Семей : Шәкәрім атын. СМУ, 2008 - Т. 2 = Творчество Шакарима в контексте казахской и мировой культуры. - 194, [1] б.
  • 23. Шәкәрім [Текст] : энцикл. / [бас ред. Е. Б. Сыдықов]. - Семей : Тенгри, 2008. - 863,[1] б. Энциклопедия қазақтың классик ақыны, ойшыл Ш. Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылық жолына арналған. Ақынның өскен ортасы, мол мұрасы, дүниетанымы, эстетикасы, поэтикасы, қоғамдық-саяси ой- пікірлері, ғибрат тағылымы жан- жақты сөз болады. Шәкәрім (Құдайбердіұлы, Шаһкәрім). Шығармаларының үш томдық жинағы [Текст] / (Құдайбердіұлы, Шаһкәрім) Шәкәрім (Құдайбердіұлы ; Шаһкәрім атын. СМУ. - Алматы; Жидебай : Халықаралық Абай клубы, 2008 - Т. 3 : Үзілмеген үміт : мақалалар, естеліктер, зерттеулер. - 655, [5] б.
  • 24. Салқынбай, А. Б. Шаһкәрім шыққан шың [Текст] : моногр. / әл-Фараби атын. ҚазҰУ. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2011. - 211,[3] б. Монографияда Шаһкәрім ақынның шығармашылығы когнитологиялық бағытта талданып, идиостилі, жаңа сөз қолданысы ғылыми тұрғыдан жаңаша зерделенеді. Біреудің мінін көргенше, Жамандығын тергенше, Өз ойыңды мазалап, Өз бойыңды тазалап, Өзіңмен күрес өлгенше Шәкәрім Құдайбердіұлы Молдаханов, Ә. Әдебиет. Абай, Шәкәрім, Әуезов дәрістері [Текст] : оқулық: ҚР Білім және ғылым м-гі бекіткен / ҚР білім және ғылым м-гі. - Алматы : ЖШС РПБК "Дәуір", 2011. - 190,[1] б. Оқулықта халқымыздың ұлы ғұламалары А.Құнанбайұлының, Ш.Құдайбердіұлының, М.Әуезовтың әдеби-ғылыми мұраларының Тәуелсіздікке қол жеткізген жиырма жылы ішінде зерттелу нәтижелері қарастырылған. Оларды жаңа көзқараспен қайта тану тұрғысында абайтанудың, шәкәрімтанудың, әуезовтанудың әлі ашылмай жатқан өзекті беймәлім тұстары бойынша тың деректер берілген.
  • 25. Монографиялық жинақ абайтанудың, шәкәрімтанудың жаңа зерттеу бағыттарында атқарылған жұмыстың негізінде әзірленді. Жеке монографиялық тарауларды белгілі әдебиеттанушы мамандар жазған. Еңбек әдебиет танушыларға, жас зерттеушілерге арналған. Абай-Шәкәрім [Текст] : ұжымдық монография / әл- Фараби атын. ҚазҰУ ; [жалпы ред. басқ. Қ. Әбдезұлы]. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2012. - 207, [3] б.
  • 26. Сыдықов, Ерлан Бәтташұлы. Шәкәрім [Текст] : [ғылыми - танымдық бас.] / Ерлан Бәтташұлы Сыдықов ; ҚР білім және ғылым м-гі, Философия, саясаттану және дінтану ин-ты, Л. Н. Гумилев атын. ЕҰУ. - Алматы : ҚР БҒМ ҒК ФСДИ, 2013. - 440, [4] б. Кітап ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Е.Б.Сыдықовтың Мәскеудің (РФ) «Молодая гвардия» баспасынан «ЖЗЛ» сериясы бойынша орыс тілінде шыққан «Шакарим» кітабы негізінде әдеби өңделіп әзірленді.
  • 27. Отандық, шетелдік әдебиеттанушы мамандар мен бакалаврлық оқу сатысының студенттері әзірлеген ғылыми мақалалар жинағында Шәкәрімнің әдеби мұрасына әдеби ықпалдастық, діни ұстаным, текстологиялық тұрғыда жаңа зерттеу бағыттары ауқымында мән беріледі. Филология мамандықтары бойынша білім алатын студенттерге, магистранттарға, әдебиеттанушы мамандарға арналған. Шәкәрімнің әдеби мұрасын зерттеудің мәселелері. : ғылыми мақалалары жинағы/ жалпы ред. басқ. Ө.Әбдиманұлы; құраст. Қ.Мәдібаева, Е.Солтанаева. – Алматы: Қазақ университеті, 2016 – 156 б. Құдайбердіұлы, Шаһкәрім. Жол табалық ақылмен [Мәтін] : өлеңдер / Шаһкәрім Құдайбердіұлы; [құраст. жауапты ред. Р. Сейсенбаев]. - Алматы : RS; Халықаралық Абай клубы, 2016. - 278, [2] б.