SlideShare a Scribd company logo
1 of 12
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Сайрам» колледжі
Директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары А.Р.Сабуров
_____________________
«_____» ___________2016ж
« Мейірбике ісі негіздері » ПЦК
Пәні: Терапиядағы медбикелік іс
Тақырыбы: Жүрек қантамыр жүйесі аурулары. Артериальды
гипертензия. Атеросклероз. Жүректің ишемиялық
аурулары(стенокардиялар, миокард инфаркты)
Курс: ІV курс
Мамандығы: 0302000 «Медбикелік ісі»
Даярлаған:Анаркулова Қ.С.
Шымкент қаласы
Пәні «Терапиядағы медбикелік іс» ЦӘК «Мейірбике ісі негіздері»
Тәжірибелік №5 сабақ тақырыбы: «Жүрек
қантамыр жүйесі аурулары.
Атеросклероз. Артериалды гипертензия.
Жүректің ишемиялық аурулары
(стенокардиялар, миокард инфаркты)».
Мамандығы: «Медбикелік іс»
ЦӘК «Мейірбике ісі негіздері» оқытушысы:
Анаркулова Қ.С.
Курс -4, Семестр – 7
Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ..
Уақыт: 270 мин
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жүрек қантамыр жүйесінің аурулары бойынша, атап айтсақ Атеросклероз.
Артериалды гипертензия және жүректің ишемиялық аурулары бойынша студенттердің
білімін тереңдету.
Тәрбиелік:. Мәдениеттілікке, сауаттылыққа, білімділікке уйрету.
Ой-өрісін дамыту: Көрнекі құралдар, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, білімді
тереңдету.
Пән аралақ байланыс: анатомия, физиология, патологиялық анатомия, патологиялық
физиология, фармакология, жалпы гигиена, ішкі аурулар пропедевтикасы,хирургия,
балалар аурулары т.б.
Пән ішіндегі байланыс: Қан тамыр жүйесінің анатомиясы және физиологиясы.
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекті құралдар: плакаттар, видео, схемалар, сырқатнамалар, алгоритмдер
Үлестірме материалдар: жағдайлық есептер, тест сұрақтары , карточкалар т.б.
Техникалық құралдар: слайд., ноутбук.
Сабақтың кезеңдерін жоспарлау
Кезеңнің атауы Оқытушының
іс-әрекеті:
Уақыт
Ұйымдастыру бөлімі Сабаққа келгендерді белгілеу,сыртқы түрлеріне көңіл
аудару және сабаққа дайындықтарын тексеру.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
2
мин
Бастапқы білімін тексеру,
толықтыру, қайталау.
Ауызша сұрау, оқулықпен, лекция материялдарымен
жұмыс. Өткен сабақты қайталау мақсатында сұрақ-
жауап арқылы оқушылардың білімін тексеру.
1. Жүрек қантамыр жүйесінің анатомо-
физиологиялық ерекшеліктері.
2. Жүрек ақаулары жайлы түсінік. Түрлері.
Клиникалық көріністері. Емдеуі.
3. Кардиомиопатиялар, кардионевроздар.
Анықтамасы. Этиологиясы. Клиникасы.
Емдеуі.
25
мин
Студентердің өз бетінше
орындайтын жұмыстары.
1. Науқасқа курация жүргізу.
2. Науқастардың шағымдарын жинау.
3. Ауруды тудыратын факторларға көңіл бөлу.
4. Науқастарды физикалды тексеру.
5. Науқастардың шағымын синдромдарға
топтастыру.
6. Курация жүргізген науқастарға алдын-ала
диагноз қою.
7. Зертеу жоспарларын құру.
8. Оқушылар оқытушылармен бірге қосымша
лабораториялық және аспаптық зерттеу
нәтижелерін талдау.
9. Қорытынды клиникалық диагнозды
құрастыру.
10. Науқасқа нақты ем тағайындау.
11. Оқушылардың курацияланған науқастарға
ақыл кеңесі.
160 мин.
Сабаққа керекті құрал
жабдықтарды
демонстрациялау, жұмыс
істеу тәртібімен
таныстыру, қауіпсіздік
ережелеріне тоқталу.
Артериальды қысымды өлшеу
І. Керекті жабдықтар: тонометр, фонендоскоп,
қалам, қағаз, температуралық хаттама, спиртті
салфетка.
ІІ. Шараны орындау тәртібі:
 Манжетканы орау
 Иық артериясында пульсті анықтау
 «грушадағы» вентилді жабу
 Фонендоскопты орналастыру
 Тондарды тыңдау
70 мин.
Студент істей алуы тиіс:
1. Науқастың шағымдарын, ауру және өмір анамнезін жинауды;
2. Науқасты жалпы зерттеу жолдарын;
3. Симптомдарды анықтап алып, оларды синдромдарға құрастыруды;
4. Алдын – алу диагнозын қоюды;
5. Салыстырмалы диагноз жүргізіп, клиникалық диагнозды негіздеуді;
6. Ауруы бар науқасқа жеке терапияны тағайындауды;
7. Еңбекке қабілеттілігі мен кейінгі өміріне болжам жасауды.
Студент білуі тиіс:
1.Жүрек қан тамыр жүйесінің анатомиялық құрылысын;
2.Жүректің физиологиясын және анатомиясы
3.Науқасты физикалық тексеру әдістерін;
4.Қосымша лабораторлы – аспаптықзерттеу әдістерін.
АҚПАРАТ БЛОГЫ
Жүрек-тамыр жүйесі қызметі бұзылыстары
Жүрек-тамыр жүйесі қызметі бұзылуының көріністері: жүрек тұсының ұстама ауруы,
жүрек астмасы, артериялық қысымның күрт жоғарлауы, естен тану, жүрек ырғағының
бұзылуы.
Ишемиялық жүрек ауруларының белгілері:
Жүрек бұлшық етінің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы салдарынан өлі еттену ошағы
пайда болады. Жүректің қыспа ауыруы – сол жақ иыққа, сол мойынға, сол қолға, сол жақ
жауырын астына беріледі (иррадияция). Жүректің ұстама ауруы бірнеше сағатқа ал кейде
бірнеше күнге созылады, ауырған кезде науқас күрт әлсірейді, өлімнен қорқу сезімі,
сондай-ақ демікпе және жүрек қызметінің басқа да көріністері пайда болады.
Көмек:
Науқастың басын көтеріңкі етіп жатқызыңыз.
Науқасқа физикалық және психикалық тыныштық сақтаңыз.
Валидол немесе нитроглицерин түймедақтарының бірін тілдің астына қойыңыз.
Тез арада жедел жәрдем шақыртыңыз.
Жүрек тұсына қыша қағазын қойыңыз.
Дәрігер келгенше науқас адам қозғалмай, тыныштықта болуы қажет, АҚ-ын және тамыр
соғуын анықтаңыз.
Жүрек астмасы:
Қорытындылау,
орындаған жұмыстарын
бағалау.
Негізгі және қорытынды білім деңгейін бақылау
ретінде:
1. Жағдайлық есептер шығару
2. Тақырыптарға сай тест сұрақтарын беру.
10
мин
Үй тапсырмасы. Жүрек қантамыр жүйесі аурулары. Аритмиялар.
Жедел және созылмалы жүрек жетіспеушілігі. Жедел
қантамыр жетіспеушілігі. Медбикелік үрдісті
ұйымдастыру.
5
Жүрек тұсы ауырып, кенетен тұншығу басталып, тыныстың тарылуы әсерінен ауа
жатпей жиі және үстірт дем алады, демі ысылдап, шулы шығады. Дем алуы
қиындықтағандықтан аузы алқызыл көбікке толады.
Көмек:
Науқасты кереуетке жартылай отырғызып, аяғын төмен түсіру қажет.
Кеуде тұсын ағытып, терезені ашып таза ауа келуін қамтамасыз етіңіз.
Тез арада жедел жәрдем шақыртыңыз.
Тіл астына нитроглицерин түймедағын беріңіз.
Жүрекке вена арқылы қан аз барып құйылуы әсерінен екі қолға, бір аяққа, яғни қатарынан
үш байламды бірдей байлап, әрбір 10- 15 минут аралығында ауыстырып отыру қажет.
Науқасқа дымқылданған отегіні су орнына, спирт немесе антифомсилан ерітіндісін,
Бобров апаратына құю арқылы жіберіңіз.
Дәрігер келгенге дейін науқастың жағдайын бағалаңыз, АҚ, тамыр соғуын анықтаңыз.
Күтім іс-әрекеттерін жатқан орнында атқарыңыз.
Артериялық қысымның күрт жоғарлауы (гипертониялық криз)
АҚ күрт жоғарлағанда систолдық қысым 200-300 мм сынап бағанасына дейін
көтеріліп, бас ауруы, бас айналуы, желке тұсының ауруы, құлақ шыңылдауы, көздің
қарауытуы болады.
Көмек:
Физикалық және психикалық тұрғыда тыныштық сақтау.
Тез арада дәрігер шақыртыңыз.
Қатал төсек тәртібін сақтап, басын көтеріп жатқызыңыз.
Кеуде тұсын ағытып, терезені ашып таза ауа кіргізіңіз.
Желке тұсына, балтырының бұлшық етіне қыша қағазын қойыңыз.
Қолдарын ыстық ваннаға салыңыз, аяғына жылтқыш қойыңыз.
Дәрігер келгенге дейін науқастың жағдайын бағалаңыз, АҚ, тамыр соғуын анықтаңыз.
Күтім іс-әрекеттерін жатқан орнында атқарыңыз.
І.МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: Артериялық қысымның күрт
жоғарылауы
II. МАҚСАТЫ: АҚ-ны біртіндеп төмендету (индивидуалды уақыт).
ІІІ. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:
 Дереу дәрігерді шақырту (бұл жағдай білікті медициналық көмекті
 қажет етеді);
 бас жағы көтеріңкі, көлденең қалыпты қамтамасыз ету (жүрек
 бұлшық еттерінің, бүйректің қызметі жеңілденеді);
 физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз
ету;
 таза ауамен қамтамасыз ету;
 шүйде аймағына және балтырға қыша қою;
 маңдайға суық компресс қою (бас ауру әлсірейді);
 қолдарға жылы ванна, аяқтарға жылытқыш кою;
 дәрігердің нұсқауларын орындау;
 әр 30 минут сайын емделушінің жағдайын (сырт көрінісін қарау,
 ТАЖ, АҚ, пульс) АҚ қалпына келгенге дейін қарау.
І. МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: Жүрек шаншуы
II. МАҚСАТ: 30 минут ішінде ауырсыну ұстамасын басу.
ІІІ. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ.
 дәрігерді дереу шақырту (бұл жағдай білікті көмекті қажет етеді);
 емделушіге көлденең қалыпты қамтамасыз ету (жүрек бұлшық еттерінің қызметі
жеңілдейді);
 физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз
ету (миокардтың гипоксия деңгейітөмендейді, тыныс алужағдайлары
 жақсарады):
 валидол немесе нитроглицерин (1 таблетканы тіл астына)
және 30-40 тамшы корвалол немесе валокардин беру. Егер нит-
роглицерин тамшы түрінде болса, онда 1-2 тамшысын қантқа тамызады;
 Ескерту: қан қысымы 100мм с.б. төмен болғанда нитроглицеринді беруге болмайды.
 жүрек тұсына қыша қою (қан айналым мүшелеріне рефлекторлы әсер
 етеді);
 б) таза ауа жіберуді қамтамасыз ету (миокардтың гипоксия деңгейі
 төмендейді, тыныс алужағдайларыжақсарады);
 дәрігердің нұсқауларын орындауды қамтамасыз ету;
 Ескерту: стенокардия ұстамасының созылууақыты орташа есеппен 1-5минутқа (сирек
жағдайда 30 минутқа дейін) созылады. Егер ауырсынубасылмаса, миокард инфарктісі
болуы мүмкін.
 емделушінің жағдайына (сырт көрінісі, ТАЖ, АҚ, пульс)
бақылау жүргізу.
 науқастың жағдайы жақсарғанда ұстама кезінде нитроглицерин немесе
 валидолды тіл астына қабылдау ережелерін түсіндіру.
 Науқаспен және оның туыстарымен ауырсынудың алдын алу
 шаралары, уақытылы көмек шаралары туралы әңгімелесу. Ұстаманы
 тудыратын қауіпті факторлар (қатты қобалжу, физикалық жүктеме,
 спиртті ішімдіктер қабылдау, темекі шегу) туралы әңгімелесу.
І. МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: Артериялық қысымның күрт төмендеуі (коллапс)
ІІ. МАҚСАТЫ: артериялық қысымды біртіндеп жоғарылату (индивидуалды уақыт)
ІІІ. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:
1) дәрігерді дереу шақырту (бұл жағдай білікті дәрігерлік көмекті
қажет етеді);
2) науқасты көлденең жастықсыз қалыпта, аяқ жағы көтеріңкі етіп
жатқызу (миға қан келу жақсарады);
3) емделушіні жылыту: жылы орау, аяқтарына жылытқыш қою,
ыстык шай немесе кофе (мидың қанайналымы жақсарады,
тамырлардың тонусы жоғарылайды) беру;
4) таза ауаның келуін қамтамасыз ету немесе ылғалды оттегімен
ингаляция жүргізу (мидың қанайналымы жақсарады);
5) әр 5 минут сайын қалпына келгенге дейін манжетті алмай АҚ-мен
пульсті бақылау;
6) профилактикалық мақсатта коллапстың даму себептері туралы науқаспен
әңгімелесу.
Жүрек ырғағының бұзылуы (коллапс)
Коллапстің болуы – тез арада қан айналымы бұзылу әсерінен артериялық қысым күрт
төмендейді, мұндай жағдай инфаркт миокарда да, қан кетуде және т.б. жағдайлар-да
кездеседі.
Коллапс белгілері: тез арада басы айналады, әлсірейді, құлағы шыңылдайды, көз
алдында кедергі тұруы болады, есінен тану, бірақ есту қабілеті сақталады. Асқынған
жағдайда бет бұлшық еттерімен аяқ-қол бұлшық еттерінің тартылуы, көз қарашығының
үлкейуі, жүрек соғуы бірте-бірте әлсірейді, мұндай жағдай өлімге алып келеді. Бет әлпеті
бозарып, суық жабысқыш тер пайда болады. Ерін айналасы, аяқ-қолдың саусақтары
көгереді, тамыр соғуы әлсіз (нитевидное), толықтығы бос, соғуы-жұмсақ. Систолдық
артериялық қысымы анықтайды 80мм сынап бағасынан төмен болады, диастолдық
артериялық қысымы анықтаймалды.
Көмек:
Тез арада дәрігер шақыртыңыз.
Науқасты шалқасынан жастықсыз жатқызыңыз.
Науқасты жылылап жауаып, аяғына жылқыш қойыңыз.
Оттегі жетіспеуінде оттегі беріңіз.
Қажетті дәрі-дәрмектерді дайындаңыз.
Естен тану (обморок)
Естен тану белгілері – қысқа уақытқа есінен танып, бас айналуы, көз қаратуы, түр
әлпеті бозарып, суық терге түсуі болады. Қол-аяғының ұштары мұздап, пульсі
әлсізденеді. Естен тану 20-40 секундқа (1мин.) дейін созылады.
Көмек:
Науқасты жастықсыз жатқызып, аяғын көтеріңіз.
Кеуде тұсын ағытып, терезені ашып таза ауа келуін қамтамасыз етіңіз.
Тез арада жедел жәрдем шақыртыңыз.
Бетіне, кеудесіне суық су шашыңыз.
Нашатр спирті жағылған тампонды мұрнынан 2-3 мәрте жүргізіп, самайына жаға сүртіңіз.
Алақанмен бетін шапалақтап немесе суық сулы ормалмен сүртіңіз.
Аяғына жылтқыш қойып, үстін жылы жабыңыз.
Қажетті дәрі-дәрмектерді дайындаңыз.
Жүрек-тамыр жүйесінің қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік процесс
 Науқас жағдайын бақылауды қамтамасыз ету:АҚ өлшеу, пульсті бақылау, диурезді
және дене салмағын бақылау.
 Науқас жағдайын жеңілдететін мүмкіндік жасау: тыныштық сақтау, төсекке
ыңғайлап қозғалыс жағдайын ескере отырып жатқызу;
 Науқасқа ыңғайлы оттегімен ингаляция жасау немесе таза ауа келуін қамтамасыз
ету;
 Қарапайым физиотерапиялық прцедураны орындау: қыша қағазын қою, аяққа
ыстық ванна қою;
 Сұйықтықты қабылдауын бақылауды қамтамасыз ету: ісік болған жағдайда
сұйықтық ішуді азайту, тұзды тағамдарды тыю;
 Тері және кілегей қабаттарының күтімін қамтамасыз ету;
 Дәрігер тағайындауы бойынша дәрілік препараттарды қабылдауын қамтамасыз ету.
Тестік тапсырмалар:
1. Атеросклероздың алдын алу:
1) Физикалық күшті шегеру
2) Инфекция ошақтарын едеу
3) Жануар тектес майды диетадан алу, зиянды әдеттерді жою (шылым шегу,
ішімдік)
2. Коронарлы артериялардың атеросклерозы клиникалық түрде мына ауру
ретінде көрінеді:
1) Миокардит
2) Каронароневроз
3) (ИБС) жүрек ишемиясы
4) Перикардит
3. Атеросклероз көбінесе:
1) Барлық шақта
2) Ересек икезеңде
3) Кез келген уақытта
4) Көбіне 40 жастан асқанда мазалайды
4. Атеросклероздың этиологиясында:
1) Инфекция
2) Климаттық жағдайлар
3) Мамандық зияндығы
4) Зиянды әде ттер мен тұқым қуалаушылық маңызы роль атқарады.
5. Атеросклероз деп:
1) Алмасу процесінің өзгеріп, тамырдың қабырғаларына липидті заттардың
жабысуынан дамитын, артериялардың жүйелі түрде зақымдалуын
2) Капиллярлардың зақымдалуымен мінезделетін, иммуно – аллергиялық ауруы
3) Артериялардың қабынып өзгеруін айтады
6. Кардиогендік шок мына аурудың асқынуы:
1) Ревматизм
2) Перикардит
3) Миокардит
4) Стенокардия
5) Миокард инфарктісі
7. Жіті миокард инфарктісі деп:
1) Миокард ишемиясы
2) Миокардтың некрозыды ошағын
3) Миокардтың қабынуын
4) Миокардтың жарылуын (разрыв) айтады
8. Миокард инфарктісіндегі жедел көмек:
1) Жүрекке массаж (тік емес) жасау
2) Тіл астына нитроглицерин, анальгетиктер салу
3) Аяқ – қолға бұрау салу
4) Жүрек тұсына мұзды мұйық қою
9. Миокард инфарктісінің алғашқы сағаттарындағы асқыну:
1) Жүрек ақаулары
2) Миокрдтың жарылуы
3) Миға қан құйылуы
4) Жіті жүрек жетіспеушілігі
10. Миокард инфарктісінің диагностикасы үшін:
1) Фонокардиография
2) Электрокардиография
3) Электроэнцефолография
4) Эхокардиография жасайды
11. Миокард инфарктісінің алдын алу:
1) Ағзадағы инфекция ошақтарын емдеу
2) Атеросклероздың алдын алу, емдеу
3) Тамақтану режимін қадағалау
4) Ағзаны шынықтыру
12. Нитроглицерин ішкенде басылатын, төс сүйегінің асты қысып ауратын
аурулар
1) Миокард инфарктісінде
2) Стенокардияда
3) Кардиосклерозда
4) Ревмокардитте кездеседі
13. Гипертониялық ару кезінде:
1) Окулист, невропатологтың
2) Фтизиатр, лор – дәрігердің кеңесі қажетті
14. Гипертониялық ауру деп:
1) Жүректің клапындық аппаратының патологиялықөзгеріске ұшырауын
2) Миокардтың қабынып зақымдалуын
3) Тамырлық тонустың регуляциясының бұзылуын айтады
15. Гипертониялық аурудың алдын алу:
1) Тамақтану режимін сақтау
2) Суыққа шалынбау
3) Инфекция ошақтарын емдеу
4) Күн тәртібін реттеу, жүйке жүйесіне күш түсірмеу
16. Гипертониялық кризде:
1) Адреналин тері астына
2) Мезатон тері астына
3) Дибазол көк тамырға, магний сульфатын бұлшық етке беру қажет
17. Қан қысымының жоғарлауы осы аурудың негізгі белгісі болып табылады:
1) Ревматизм
2) ИБС
3) Миокардит
4) Гипертониялық ауру
18. Гипертониялық аурудың асқынуы:
1) Жүрек ақаулары
2) Коллапс
3) Өткір жүрек жетіспеушілігі
4) Миокардит
19. Гипертониялық аурудың этиологиясы:
1) Инфекция
2) Ауру адаммен қатынаста болу
3) Орталық жүйке жүйесіне күш түсу
4) Ағзаға физикалық күш түскенде
20. Қызғылт түсті (розовая) көбікті қақырықтың бөлінуі, күркілдеген дем алу
(колокочущее дыхание)
1) Жүрек астмасына
2) Өкпе домбығуына (оттек)
3) Бронхты демікпеге
4) Стенокардияға тән
21. Өкпе домбығуындағы жедел көмек:
1) Аяғын жоғары етіп жатқызып, мүсәпір спиртін иіскетеміз
2) Жүрек тұсына сүлік қойып, тіл астына валидол саламыз
3) Жасанды дем, жүрекке тік емес массаж жасаймыз
4) Аяқ – қолға жгут байлап, спиртпен дымқылданған О2 – мен ингаляция жасаймыз
22. Жүрек демікпесі деп:
1) Өткір сол жақ қарынша жетіспеушілігін
2) Өткір оң қарынша жетіспеущілігін
3) Өткір тамыр жетіспеушілігін
4) Созылмалы жүрек жетіспеушілігін айтамыз
23. Декомпенсацияланған жүрек ақауларындағы созылмалы жүрек тамыр
жетіспеушіліктерінің белгілері:
1) Әлсіздік, ентігу, температура, жүректің ауруы
2) Цианоз, ентігу, ісіктер, тахикардия
3) Ентігу, жөтелу, демігу ұстамасы
4) Брадикардия, бозару, әлсіздік
24. Миокард инфарктісіне
1) Жүрек тұсындағы күйдіріп, тесіп ауыратын аурулар
2) Ұстама түрінде жүретін, төс сүйегінің астында пайда болатын, қысып ауыратын
аурулар тән
25. Ұзаққа созылған стенокардия ұстамасы:
1) Коллапсқа
2) Естен тануға
3) Миокард инфарктісіне
4) Шоққа айналу ы мүмкін
Жағдайлық есептер:
Жағдайлық есеп №1
69 жастағы ер кісі төс артындағы күйдіріп ауырсынуға, оның астыңғы жақтың сол
жартысына берілетініне шағымданды. Ауырсыну ұстамасы шамалы күштену мен жәй
жағдайда да пайда болады, нитроглицериннің 3-4 таблеткасымен басылады. Бұлардан
басқа инспирациялықентігу мен жүрек қағуы физикалық күштенусіз де мазалайды.
12 жылдан бері науқас, алғашқы жылдары ауырсынулар сирек, күштілеу физикалық
күштенулерге дамыған, 2-3 минут мазалап, нитроглицериннің 1 таблеткасымен басылған.
Об-ті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Өкпесінде везикулалық тыныс, төменгі
бөліктерінің үстінде бірлі-жарым крепитациялар. Жүрек аймағын қарағанда патологиялық
өзгеріс жоқ, перкуссияда сол шегі солға ығысқан. Аускультацияда жүрек тондары
әлсізденген, бірлі-екілі экстрасистолиялар, аорта үстінде ІІ тонның акценті, жүрек ұшында
систолалық шу. АҚҚ 14080 мм сын. бағ. Пульс ырғақсыз, 85 рет минутына. Бауыры
ұлғаймаған.
1. Болжам диагнозы.
Жағдайлық есеп №2
63 жастағы әйел науқастың шағымдары: жалпы қатаң әлсіздік, бас айналуы,
жүрегінің айнуы, қағып кету сезімі, көз алдында «шіркейлердің» ұшуы.
12 жылдан бұрын АГ ауруы қойылған, бірақ есепке алынбаған, өздігінен мезгіл-
мезгіл АҚ өлшемей, бас ауруына сүйеніп, адельфан, клофеллин, фуросемид ішеді.
Стационарға түсерден біраз уақыт бұрын бас ауруының күшеюіне, жүрек тұсының
ауырсынуына байланысты клофелиннің екі таблеткасын қабылдаған, жалпы жағдайы
жақсармаған. Бас ауруы тыйылмағандықтан адельфанның бір таблеткасын тағы ішкен.
30-40 минуттан соң қатаң жалпы әлсіздік қосылып, жоғарыдағы шағымдары мазалаған.
Жедел жәрдем шақырған.
Об-ті: жалпы жағдайы орта ауырлықта, артық салмақты, адинамия, бейжай күйде,
сұрақтарға зорға жауап береді. Тері жамылғылары қуқыл. Жабысқақ суық термен
ылғалданған. Тынысы беткей, 20 рет минутына. Жүрек шектері солға ығысқан, тондары
әлсізденген, ырғақты. АҚ 9060 мм.сын.бағ. Пульсі 110 мин, толуы мен кернеуі әлсіз.
Бауыры ұлғаймаған.
1. Болжам диагнозы.
Жағдайлық есеп №3
52 жастағы науқас әйел дәрігерге келесі: нитроглицериннің бір таблеткасымен
басылатын төс артының сығып, басып ауырсынуының, сол қолы, жауырыны, мойнының
сол жартысына берілетініне, ж.ріп келе жатқанда 300-400 метрдей қашықтықта,
баспалдақпен көтерілгенде 3-ші қабатта дамып, өлім қорқынышы сезімін туғызып,
ентігудің қабаттасуына шағымданып келді.
1,5 жылдан бері науқас, алғашқы сығып ауырсыну өте күшті физикалық
күштенуден дамып, 5 минутта өздігінен басылған. Сонан бері ауырлау физикалық
күштенулерден ауырсынулар дамып, сол қолына тарайтын болған. Ауырсынудың соңғы
ұстамасын ауыр жүк көтерумен байланыстырады. Соңғы бес жыл бойына АҚ-ы
көтеріліп жүр. Әкесі миокард инфарктісінен қайтыс болған.
Об-ті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, артық салмағы бар (бойы 169 см,салмағы 88
кг), перифериялық ісінулер жоқ. Жүректің салыстырмалы тұйық дыбысының сол шегі
сол бұғана орта сызығынан 1,5 см тыс анықталды. Жүрек тондары анық, ырғақты, жүрек
ұшында І тон әлсіздеу, аорта үстінде ІІ тонның акценті естіледі. АҚ 18095 мм.с.б. Пульс
ырғақты, 90 рет минутына, кернеуі жоғары. Іші жұмсақ, ауырсынусыз.
1. Болжам диагнозының.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Ішкі аурулар. Калимурзина Б.С. Түркістан Тұран баспасы. 2004 ж.
2. Терапиядағы медбикелік іс. Оқулық. С.Қ.Мұратбекова, Ә.Т. Кенжебаева.
3. Ішкі аурулар . А.А. Оспанова. «Алтын Алқа» баспасы.
4. Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі. С.Санов. Қарағанды
2012ж.
Қосымша:Болезни органов дыхания. Руководство по внутренним болезням . Медицина
2000ж.
БЕЛСЕНДІ ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛ
Бақылау сұрақтары:
 Тыныс алу жүйесі ауырған науқастарды қандай шағымдар мазалайды.
 Ентіккен кезде көмек көрсету.
 Тұншыққан кезде көмек көрсету.
 Жөтелгенде көмек көрсету.
 Өкпеден қан кеткенде көмек көрсету.
 Қызбаның І,ІІ,ІІІ кезеңінде күтім көрсету
 Жүрек – тамыр жүйесі ауыратын науқастардың шағымдарын.
 Науқас жағдайын жеңілдетін жағдай жасауды.
 Науқас жағдайын бақылауды.
 Жүрек – тамыр аурулары кезеңінде күтім көрсету.
 Қан қысымы көтерілу кезеңінде күтім көрсету.
 Қан қысымы төмендеу кезеңінде күтім көрсету.
 Естен тану кезеңінде күтім көрсету.
 АҚ өлшеп, пульсті анықтап көрсету.
 Оттегін беру ережелерін.
Глоссарий
 Ентікпе – дегеніміз тыныс алудың қиындауы, ол дем алу қимылдарының ырғағы
мен күшінің бұзылуымен сипатталады.
 ишемия – оттегімен қамтамасыз етілудің қиындауы
 инфаркт – өлеттену, некроздалу процесі.
учебно методическое пособие

More Related Content

Similar to учебно методическое пособие

ашық сабақ жоспары биологиядан
ашық сабақ жоспары биологияданашық сабақ жоспары биологиядан
ашық сабақ жоспары биологияданAsem Sarsembayeva
 
Жүрек ақаулары патфиз 3 курс Тус біткен жүрек ақаулары жүре пайда болған жүре...
Жүрек ақаулары патфиз 3 курс Тус біткен жүрек ақаулары жүре пайда болған жүре...Жүрек ақаулары патфиз 3 курс Тус біткен жүрек ақаулары жүре пайда болған жүре...
Жүрек ақаулары патфиз 3 курс Тус біткен жүрек ақаулары жүре пайда болған жүре...7gv2wbjxwp
 
epilepsy
epilepsyepilepsy
epilepsyNurisa4
 
№10 Аудиториялық сабаққа дәріс.pptx
№10 Аудиториялық сабаққа дәріс.pptx№10 Аудиториялық сабаққа дәріс.pptx
№10 Аудиториялық сабаққа дәріс.pptxTx3mini
 
Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістеріТыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістеріajdanakinaatova
 
опн, хпн, нг абдуллаева а.б
опн, хпн, нг абдуллаева а.бопн, хпн, нг абдуллаева а.б
опн, хпн, нг абдуллаева а.бmanap3
 
срс1 ждп.pptx
срс1 ждп.pptxсрс1 ждп.pptx
срс1 ждп.pptxNurisa4
 
15.1. лекция.pptx
15.1. лекция.pptx15.1. лекция.pptx
15.1. лекция.pptxShynar8
 
Қанатова Дана 4ПБ-2.pptx
Қанатова Дана 4ПБ-2.pptxҚанатова Дана 4ПБ-2.pptx
Қанатова Дана 4ПБ-2.pptxTx3mini
 
Диастолалық жүрек жетіспеушілігі.pptx
Диастолалық жүрек жетіспеушілігі.pptxДиастолалық жүрек жетіспеушілігі.pptx
Диастолалық жүрек жетіспеушілігі.pptxMehrinisaTurgangalie
 

Similar to учебно методическое пособие (14)

кей дәрілік заттарды енгізу
кей дәрілік заттарды енгізукей дәрілік заттарды енгізу
кей дәрілік заттарды енгізу
 
қан кету
қан кетуқан кету
қан кету
 
ашық сабақ жоспары биологиядан
ашық сабақ жоспары биологияданашық сабақ жоспары биологиядан
ашық сабақ жоспары биологиядан
 
артериялық гипертензия синдромы
артериялық гипертензия синдромыартериялық гипертензия синдромы
артериялық гипертензия синдромы
 
Жүрек ақаулары патфиз 3 курс Тус біткен жүрек ақаулары жүре пайда болған жүре...
Жүрек ақаулары патфиз 3 курс Тус біткен жүрек ақаулары жүре пайда болған жүре...Жүрек ақаулары патфиз 3 курс Тус біткен жүрек ақаулары жүре пайда болған жүре...
Жүрек ақаулары патфиз 3 курс Тус біткен жүрек ақаулары жүре пайда болған жүре...
 
epilepsy
epilepsyepilepsy
epilepsy
 
№10 Аудиториялық сабаққа дәріс.pptx
№10 Аудиториялық сабаққа дәріс.pptx№10 Аудиториялық сабаққа дәріс.pptx
№10 Аудиториялық сабаққа дәріс.pptx
 
Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістеріТыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
 
опн, хпн, нг абдуллаева а.б
опн, хпн, нг абдуллаева а.бопн, хпн, нг абдуллаева а.б
опн, хпн, нг абдуллаева а.б
 
срс1 ждп.pptx
срс1 ждп.pptxсрс1 ждп.pptx
срс1 ждп.pptx
 
кан1 — копия
кан1 — копиякан1 — копия
кан1 — копия
 
15.1. лекция.pptx
15.1. лекция.pptx15.1. лекция.pptx
15.1. лекция.pptx
 
Қанатова Дана 4ПБ-2.pptx
Қанатова Дана 4ПБ-2.pptxҚанатова Дана 4ПБ-2.pptx
Қанатова Дана 4ПБ-2.pptx
 
Диастолалық жүрек жетіспеушілігі.pptx
Диастолалық жүрек жетіспеушілігі.pptxДиастолалық жүрек жетіспеушілігі.pptx
Диастолалық жүрек жетіспеушілігі.pptx
 

More from Вспомогательный образовательный сайт

More from Вспомогательный образовательный сайт (20)

метод.в орлеу1
метод.в орлеу1метод.в орлеу1
метод.в орлеу1
 
открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 

учебно методическое пособие

  • 1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «Сайрам» колледжі Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Р.Сабуров _____________________ «_____» ___________2016ж « Мейірбике ісі негіздері » ПЦК Пәні: Терапиядағы медбикелік іс Тақырыбы: Жүрек қантамыр жүйесі аурулары. Артериальды гипертензия. Атеросклероз. Жүректің ишемиялық аурулары(стенокардиялар, миокард инфаркты) Курс: ІV курс Мамандығы: 0302000 «Медбикелік ісі» Даярлаған:Анаркулова Қ.С. Шымкент қаласы
  • 2. Пәні «Терапиядағы медбикелік іс» ЦӘК «Мейірбике ісі негіздері» Тәжірибелік №5 сабақ тақырыбы: «Жүрек қантамыр жүйесі аурулары. Атеросклероз. Артериалды гипертензия. Жүректің ишемиялық аурулары (стенокардиялар, миокард инфаркты)». Мамандығы: «Медбикелік іс» ЦӘК «Мейірбике ісі негіздері» оқытушысы: Анаркулова Қ.С. Курс -4, Семестр – 7 Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ.. Уақыт: 270 мин Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Жүрек қантамыр жүйесінің аурулары бойынша, атап айтсақ Атеросклероз. Артериалды гипертензия және жүректің ишемиялық аурулары бойынша студенттердің білімін тереңдету. Тәрбиелік:. Мәдениеттілікке, сауаттылыққа, білімділікке уйрету. Ой-өрісін дамыту: Көрнекі құралдар, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, білімді тереңдету. Пән аралақ байланыс: анатомия, физиология, патологиялық анатомия, патологиялық физиология, фармакология, жалпы гигиена, ішкі аурулар пропедевтикасы,хирургия, балалар аурулары т.б. Пән ішіндегі байланыс: Қан тамыр жүйесінің анатомиясы және физиологиясы. Сабақтың жабдықталуы: Көрнекті құралдар: плакаттар, видео, схемалар, сырқатнамалар, алгоритмдер Үлестірме материалдар: жағдайлық есептер, тест сұрақтары , карточкалар т.б. Техникалық құралдар: слайд., ноутбук. Сабақтың кезеңдерін жоспарлау Кезеңнің атауы Оқытушының іс-әрекеті: Уақыт Ұйымдастыру бөлімі Сабаққа келгендерді белгілеу,сыртқы түрлеріне көңіл аудару және сабаққа дайындықтарын тексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. 2 мин
  • 3. Бастапқы білімін тексеру, толықтыру, қайталау. Ауызша сұрау, оқулықпен, лекция материялдарымен жұмыс. Өткен сабақты қайталау мақсатында сұрақ- жауап арқылы оқушылардың білімін тексеру. 1. Жүрек қантамыр жүйесінің анатомо- физиологиялық ерекшеліктері. 2. Жүрек ақаулары жайлы түсінік. Түрлері. Клиникалық көріністері. Емдеуі. 3. Кардиомиопатиялар, кардионевроздар. Анықтамасы. Этиологиясы. Клиникасы. Емдеуі. 25 мин Студентердің өз бетінше орындайтын жұмыстары. 1. Науқасқа курация жүргізу. 2. Науқастардың шағымдарын жинау. 3. Ауруды тудыратын факторларға көңіл бөлу. 4. Науқастарды физикалды тексеру. 5. Науқастардың шағымын синдромдарға топтастыру. 6. Курация жүргізген науқастарға алдын-ала диагноз қою. 7. Зертеу жоспарларын құру. 8. Оқушылар оқытушылармен бірге қосымша лабораториялық және аспаптық зерттеу нәтижелерін талдау. 9. Қорытынды клиникалық диагнозды құрастыру. 10. Науқасқа нақты ем тағайындау. 11. Оқушылардың курацияланған науқастарға ақыл кеңесі. 160 мин. Сабаққа керекті құрал жабдықтарды демонстрациялау, жұмыс істеу тәртібімен таныстыру, қауіпсіздік ережелеріне тоқталу. Артериальды қысымды өлшеу І. Керекті жабдықтар: тонометр, фонендоскоп, қалам, қағаз, температуралық хаттама, спиртті салфетка. ІІ. Шараны орындау тәртібі:  Манжетканы орау  Иық артериясында пульсті анықтау  «грушадағы» вентилді жабу  Фонендоскопты орналастыру  Тондарды тыңдау 70 мин.
  • 4. Студент істей алуы тиіс: 1. Науқастың шағымдарын, ауру және өмір анамнезін жинауды; 2. Науқасты жалпы зерттеу жолдарын; 3. Симптомдарды анықтап алып, оларды синдромдарға құрастыруды; 4. Алдын – алу диагнозын қоюды; 5. Салыстырмалы диагноз жүргізіп, клиникалық диагнозды негіздеуді; 6. Ауруы бар науқасқа жеке терапияны тағайындауды; 7. Еңбекке қабілеттілігі мен кейінгі өміріне болжам жасауды. Студент білуі тиіс: 1.Жүрек қан тамыр жүйесінің анатомиялық құрылысын; 2.Жүректің физиологиясын және анатомиясы 3.Науқасты физикалық тексеру әдістерін; 4.Қосымша лабораторлы – аспаптықзерттеу әдістерін. АҚПАРАТ БЛОГЫ Жүрек-тамыр жүйесі қызметі бұзылыстары Жүрек-тамыр жүйесі қызметі бұзылуының көріністері: жүрек тұсының ұстама ауруы, жүрек астмасы, артериялық қысымның күрт жоғарлауы, естен тану, жүрек ырғағының бұзылуы. Ишемиялық жүрек ауруларының белгілері: Жүрек бұлшық етінің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы салдарынан өлі еттену ошағы пайда болады. Жүректің қыспа ауыруы – сол жақ иыққа, сол мойынға, сол қолға, сол жақ жауырын астына беріледі (иррадияция). Жүректің ұстама ауруы бірнеше сағатқа ал кейде бірнеше күнге созылады, ауырған кезде науқас күрт әлсірейді, өлімнен қорқу сезімі, сондай-ақ демікпе және жүрек қызметінің басқа да көріністері пайда болады. Көмек: Науқастың басын көтеріңкі етіп жатқызыңыз. Науқасқа физикалық және психикалық тыныштық сақтаңыз. Валидол немесе нитроглицерин түймедақтарының бірін тілдің астына қойыңыз. Тез арада жедел жәрдем шақыртыңыз. Жүрек тұсына қыша қағазын қойыңыз. Дәрігер келгенше науқас адам қозғалмай, тыныштықта болуы қажет, АҚ-ын және тамыр соғуын анықтаңыз. Жүрек астмасы: Қорытындылау, орындаған жұмыстарын бағалау. Негізгі және қорытынды білім деңгейін бақылау ретінде: 1. Жағдайлық есептер шығару 2. Тақырыптарға сай тест сұрақтарын беру. 10 мин Үй тапсырмасы. Жүрек қантамыр жүйесі аурулары. Аритмиялар. Жедел және созылмалы жүрек жетіспеушілігі. Жедел қантамыр жетіспеушілігі. Медбикелік үрдісті ұйымдастыру. 5
  • 5. Жүрек тұсы ауырып, кенетен тұншығу басталып, тыныстың тарылуы әсерінен ауа жатпей жиі және үстірт дем алады, демі ысылдап, шулы шығады. Дем алуы қиындықтағандықтан аузы алқызыл көбікке толады. Көмек: Науқасты кереуетке жартылай отырғызып, аяғын төмен түсіру қажет. Кеуде тұсын ағытып, терезені ашып таза ауа келуін қамтамасыз етіңіз. Тез арада жедел жәрдем шақыртыңыз. Тіл астына нитроглицерин түймедағын беріңіз. Жүрекке вена арқылы қан аз барып құйылуы әсерінен екі қолға, бір аяққа, яғни қатарынан үш байламды бірдей байлап, әрбір 10- 15 минут аралығында ауыстырып отыру қажет. Науқасқа дымқылданған отегіні су орнына, спирт немесе антифомсилан ерітіндісін, Бобров апаратына құю арқылы жіберіңіз. Дәрігер келгенге дейін науқастың жағдайын бағалаңыз, АҚ, тамыр соғуын анықтаңыз. Күтім іс-әрекеттерін жатқан орнында атқарыңыз. Артериялық қысымның күрт жоғарлауы (гипертониялық криз) АҚ күрт жоғарлағанда систолдық қысым 200-300 мм сынап бағанасына дейін көтеріліп, бас ауруы, бас айналуы, желке тұсының ауруы, құлақ шыңылдауы, көздің қарауытуы болады. Көмек: Физикалық және психикалық тұрғыда тыныштық сақтау. Тез арада дәрігер шақыртыңыз. Қатал төсек тәртібін сақтап, басын көтеріп жатқызыңыз. Кеуде тұсын ағытып, терезені ашып таза ауа кіргізіңіз. Желке тұсына, балтырының бұлшық етіне қыша қағазын қойыңыз. Қолдарын ыстық ваннаға салыңыз, аяғына жылтқыш қойыңыз. Дәрігер келгенге дейін науқастың жағдайын бағалаңыз, АҚ, тамыр соғуын анықтаңыз. Күтім іс-әрекеттерін жатқан орнында атқарыңыз. І.МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: Артериялық қысымның күрт жоғарылауы II. МАҚСАТЫ: АҚ-ны біртіндеп төмендету (индивидуалды уақыт). ІІІ. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:  Дереу дәрігерді шақырту (бұл жағдай білікті медициналық көмекті  қажет етеді);  бас жағы көтеріңкі, көлденең қалыпты қамтамасыз ету (жүрек  бұлшық еттерінің, бүйректің қызметі жеңілденеді);  физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз ету;  таза ауамен қамтамасыз ету;  шүйде аймағына және балтырға қыша қою;  маңдайға суық компресс қою (бас ауру әлсірейді);  қолдарға жылы ванна, аяқтарға жылытқыш кою;  дәрігердің нұсқауларын орындау;  әр 30 минут сайын емделушінің жағдайын (сырт көрінісін қарау,  ТАЖ, АҚ, пульс) АҚ қалпына келгенге дейін қарау. І. МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: Жүрек шаншуы II. МАҚСАТ: 30 минут ішінде ауырсыну ұстамасын басу. ІІІ. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ.  дәрігерді дереу шақырту (бұл жағдай білікті көмекті қажет етеді);
  • 6.  емделушіге көлденең қалыпты қамтамасыз ету (жүрек бұлшық еттерінің қызметі жеңілдейді);  физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз ету (миокардтың гипоксия деңгейітөмендейді, тыныс алужағдайлары  жақсарады):  валидол немесе нитроглицерин (1 таблетканы тіл астына) және 30-40 тамшы корвалол немесе валокардин беру. Егер нит- роглицерин тамшы түрінде болса, онда 1-2 тамшысын қантқа тамызады;  Ескерту: қан қысымы 100мм с.б. төмен болғанда нитроглицеринді беруге болмайды.  жүрек тұсына қыша қою (қан айналым мүшелеріне рефлекторлы әсер  етеді);  б) таза ауа жіберуді қамтамасыз ету (миокардтың гипоксия деңгейі  төмендейді, тыныс алужағдайларыжақсарады);  дәрігердің нұсқауларын орындауды қамтамасыз ету;  Ескерту: стенокардия ұстамасының созылууақыты орташа есеппен 1-5минутқа (сирек жағдайда 30 минутқа дейін) созылады. Егер ауырсынубасылмаса, миокард инфарктісі болуы мүмкін.  емделушінің жағдайына (сырт көрінісі, ТАЖ, АҚ, пульс) бақылау жүргізу.  науқастың жағдайы жақсарғанда ұстама кезінде нитроглицерин немесе  валидолды тіл астына қабылдау ережелерін түсіндіру.  Науқаспен және оның туыстарымен ауырсынудың алдын алу  шаралары, уақытылы көмек шаралары туралы әңгімелесу. Ұстаманы  тудыратын қауіпті факторлар (қатты қобалжу, физикалық жүктеме,  спиртті ішімдіктер қабылдау, темекі шегу) туралы әңгімелесу. І. МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: Артериялық қысымның күрт төмендеуі (коллапс) ІІ. МАҚСАТЫ: артериялық қысымды біртіндеп жоғарылату (индивидуалды уақыт) ІІІ. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ: 1) дәрігерді дереу шақырту (бұл жағдай білікті дәрігерлік көмекті қажет етеді); 2) науқасты көлденең жастықсыз қалыпта, аяқ жағы көтеріңкі етіп жатқызу (миға қан келу жақсарады); 3) емделушіні жылыту: жылы орау, аяқтарына жылытқыш қою, ыстык шай немесе кофе (мидың қанайналымы жақсарады, тамырлардың тонусы жоғарылайды) беру; 4) таза ауаның келуін қамтамасыз ету немесе ылғалды оттегімен ингаляция жүргізу (мидың қанайналымы жақсарады); 5) әр 5 минут сайын қалпына келгенге дейін манжетті алмай АҚ-мен пульсті бақылау; 6) профилактикалық мақсатта коллапстың даму себептері туралы науқаспен әңгімелесу. Жүрек ырғағының бұзылуы (коллапс) Коллапстің болуы – тез арада қан айналымы бұзылу әсерінен артериялық қысым күрт төмендейді, мұндай жағдай инфаркт миокарда да, қан кетуде және т.б. жағдайлар-да кездеседі. Коллапс белгілері: тез арада басы айналады, әлсірейді, құлағы шыңылдайды, көз алдында кедергі тұруы болады, есінен тану, бірақ есту қабілеті сақталады. Асқынған жағдайда бет бұлшық еттерімен аяқ-қол бұлшық еттерінің тартылуы, көз қарашығының үлкейуі, жүрек соғуы бірте-бірте әлсірейді, мұндай жағдай өлімге алып келеді. Бет әлпеті
  • 7. бозарып, суық жабысқыш тер пайда болады. Ерін айналасы, аяқ-қолдың саусақтары көгереді, тамыр соғуы әлсіз (нитевидное), толықтығы бос, соғуы-жұмсақ. Систолдық артериялық қысымы анықтайды 80мм сынап бағасынан төмен болады, диастолдық артериялық қысымы анықтаймалды. Көмек: Тез арада дәрігер шақыртыңыз. Науқасты шалқасынан жастықсыз жатқызыңыз. Науқасты жылылап жауаып, аяғына жылқыш қойыңыз. Оттегі жетіспеуінде оттегі беріңіз. Қажетті дәрі-дәрмектерді дайындаңыз. Естен тану (обморок) Естен тану белгілері – қысқа уақытқа есінен танып, бас айналуы, көз қаратуы, түр әлпеті бозарып, суық терге түсуі болады. Қол-аяғының ұштары мұздап, пульсі әлсізденеді. Естен тану 20-40 секундқа (1мин.) дейін созылады. Көмек: Науқасты жастықсыз жатқызып, аяғын көтеріңіз. Кеуде тұсын ағытып, терезені ашып таза ауа келуін қамтамасыз етіңіз. Тез арада жедел жәрдем шақыртыңыз. Бетіне, кеудесіне суық су шашыңыз. Нашатр спирті жағылған тампонды мұрнынан 2-3 мәрте жүргізіп, самайына жаға сүртіңіз. Алақанмен бетін шапалақтап немесе суық сулы ормалмен сүртіңіз. Аяғына жылтқыш қойып, үстін жылы жабыңыз. Қажетті дәрі-дәрмектерді дайындаңыз. Жүрек-тамыр жүйесінің қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік процесс  Науқас жағдайын бақылауды қамтамасыз ету:АҚ өлшеу, пульсті бақылау, диурезді және дене салмағын бақылау.  Науқас жағдайын жеңілдететін мүмкіндік жасау: тыныштық сақтау, төсекке ыңғайлап қозғалыс жағдайын ескере отырып жатқызу;  Науқасқа ыңғайлы оттегімен ингаляция жасау немесе таза ауа келуін қамтамасыз ету;  Қарапайым физиотерапиялық прцедураны орындау: қыша қағазын қою, аяққа ыстық ванна қою;  Сұйықтықты қабылдауын бақылауды қамтамасыз ету: ісік болған жағдайда сұйықтық ішуді азайту, тұзды тағамдарды тыю;  Тері және кілегей қабаттарының күтімін қамтамасыз ету;  Дәрігер тағайындауы бойынша дәрілік препараттарды қабылдауын қамтамасыз ету. Тестік тапсырмалар: 1. Атеросклероздың алдын алу: 1) Физикалық күшті шегеру 2) Инфекция ошақтарын едеу 3) Жануар тектес майды диетадан алу, зиянды әдеттерді жою (шылым шегу, ішімдік) 2. Коронарлы артериялардың атеросклерозы клиникалық түрде мына ауру ретінде көрінеді: 1) Миокардит 2) Каронароневроз 3) (ИБС) жүрек ишемиясы 4) Перикардит
  • 8. 3. Атеросклероз көбінесе: 1) Барлық шақта 2) Ересек икезеңде 3) Кез келген уақытта 4) Көбіне 40 жастан асқанда мазалайды 4. Атеросклероздың этиологиясында: 1) Инфекция 2) Климаттық жағдайлар 3) Мамандық зияндығы 4) Зиянды әде ттер мен тұқым қуалаушылық маңызы роль атқарады. 5. Атеросклероз деп: 1) Алмасу процесінің өзгеріп, тамырдың қабырғаларына липидті заттардың жабысуынан дамитын, артериялардың жүйелі түрде зақымдалуын 2) Капиллярлардың зақымдалуымен мінезделетін, иммуно – аллергиялық ауруы 3) Артериялардың қабынып өзгеруін айтады 6. Кардиогендік шок мына аурудың асқынуы: 1) Ревматизм 2) Перикардит 3) Миокардит 4) Стенокардия 5) Миокард инфарктісі 7. Жіті миокард инфарктісі деп: 1) Миокард ишемиясы 2) Миокардтың некрозыды ошағын 3) Миокардтың қабынуын 4) Миокардтың жарылуын (разрыв) айтады 8. Миокард инфарктісіндегі жедел көмек: 1) Жүрекке массаж (тік емес) жасау 2) Тіл астына нитроглицерин, анальгетиктер салу 3) Аяқ – қолға бұрау салу 4) Жүрек тұсына мұзды мұйық қою 9. Миокард инфарктісінің алғашқы сағаттарындағы асқыну: 1) Жүрек ақаулары 2) Миокрдтың жарылуы 3) Миға қан құйылуы 4) Жіті жүрек жетіспеушілігі 10. Миокард инфарктісінің диагностикасы үшін: 1) Фонокардиография 2) Электрокардиография 3) Электроэнцефолография 4) Эхокардиография жасайды 11. Миокард инфарктісінің алдын алу: 1) Ағзадағы инфекция ошақтарын емдеу 2) Атеросклероздың алдын алу, емдеу 3) Тамақтану режимін қадағалау 4) Ағзаны шынықтыру 12. Нитроглицерин ішкенде басылатын, төс сүйегінің асты қысып ауратын аурулар 1) Миокард инфарктісінде 2) Стенокардияда 3) Кардиосклерозда 4) Ревмокардитте кездеседі
  • 9. 13. Гипертониялық ару кезінде: 1) Окулист, невропатологтың 2) Фтизиатр, лор – дәрігердің кеңесі қажетті 14. Гипертониялық ауру деп: 1) Жүректің клапындық аппаратының патологиялықөзгеріске ұшырауын 2) Миокардтың қабынып зақымдалуын 3) Тамырлық тонустың регуляциясының бұзылуын айтады 15. Гипертониялық аурудың алдын алу: 1) Тамақтану режимін сақтау 2) Суыққа шалынбау 3) Инфекция ошақтарын емдеу 4) Күн тәртібін реттеу, жүйке жүйесіне күш түсірмеу 16. Гипертониялық кризде: 1) Адреналин тері астына 2) Мезатон тері астына 3) Дибазол көк тамырға, магний сульфатын бұлшық етке беру қажет 17. Қан қысымының жоғарлауы осы аурудың негізгі белгісі болып табылады: 1) Ревматизм 2) ИБС 3) Миокардит 4) Гипертониялық ауру 18. Гипертониялық аурудың асқынуы: 1) Жүрек ақаулары 2) Коллапс 3) Өткір жүрек жетіспеушілігі 4) Миокардит 19. Гипертониялық аурудың этиологиясы: 1) Инфекция 2) Ауру адаммен қатынаста болу 3) Орталық жүйке жүйесіне күш түсу 4) Ағзаға физикалық күш түскенде 20. Қызғылт түсті (розовая) көбікті қақырықтың бөлінуі, күркілдеген дем алу (колокочущее дыхание) 1) Жүрек астмасына 2) Өкпе домбығуына (оттек) 3) Бронхты демікпеге 4) Стенокардияға тән 21. Өкпе домбығуындағы жедел көмек: 1) Аяғын жоғары етіп жатқызып, мүсәпір спиртін иіскетеміз 2) Жүрек тұсына сүлік қойып, тіл астына валидол саламыз 3) Жасанды дем, жүрекке тік емес массаж жасаймыз 4) Аяқ – қолға жгут байлап, спиртпен дымқылданған О2 – мен ингаляция жасаймыз 22. Жүрек демікпесі деп: 1) Өткір сол жақ қарынша жетіспеушілігін 2) Өткір оң қарынша жетіспеущілігін 3) Өткір тамыр жетіспеушілігін 4) Созылмалы жүрек жетіспеушілігін айтамыз 23. Декомпенсацияланған жүрек ақауларындағы созылмалы жүрек тамыр жетіспеушіліктерінің белгілері: 1) Әлсіздік, ентігу, температура, жүректің ауруы 2) Цианоз, ентігу, ісіктер, тахикардия 3) Ентігу, жөтелу, демігу ұстамасы
  • 10. 4) Брадикардия, бозару, әлсіздік 24. Миокард инфарктісіне 1) Жүрек тұсындағы күйдіріп, тесіп ауыратын аурулар 2) Ұстама түрінде жүретін, төс сүйегінің астында пайда болатын, қысып ауыратын аурулар тән 25. Ұзаққа созылған стенокардия ұстамасы: 1) Коллапсқа 2) Естен тануға 3) Миокард инфарктісіне 4) Шоққа айналу ы мүмкін Жағдайлық есептер: Жағдайлық есеп №1 69 жастағы ер кісі төс артындағы күйдіріп ауырсынуға, оның астыңғы жақтың сол жартысына берілетініне шағымданды. Ауырсыну ұстамасы шамалы күштену мен жәй жағдайда да пайда болады, нитроглицериннің 3-4 таблеткасымен басылады. Бұлардан басқа инспирациялықентігу мен жүрек қағуы физикалық күштенусіз де мазалайды. 12 жылдан бері науқас, алғашқы жылдары ауырсынулар сирек, күштілеу физикалық күштенулерге дамыған, 2-3 минут мазалап, нитроглицериннің 1 таблеткасымен басылған. Об-ті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Өкпесінде везикулалық тыныс, төменгі бөліктерінің үстінде бірлі-жарым крепитациялар. Жүрек аймағын қарағанда патологиялық өзгеріс жоқ, перкуссияда сол шегі солға ығысқан. Аускультацияда жүрек тондары әлсізденген, бірлі-екілі экстрасистолиялар, аорта үстінде ІІ тонның акценті, жүрек ұшында систолалық шу. АҚҚ 14080 мм сын. бағ. Пульс ырғақсыз, 85 рет минутына. Бауыры ұлғаймаған. 1. Болжам диагнозы. Жағдайлық есеп №2 63 жастағы әйел науқастың шағымдары: жалпы қатаң әлсіздік, бас айналуы, жүрегінің айнуы, қағып кету сезімі, көз алдында «шіркейлердің» ұшуы. 12 жылдан бұрын АГ ауруы қойылған, бірақ есепке алынбаған, өздігінен мезгіл- мезгіл АҚ өлшемей, бас ауруына сүйеніп, адельфан, клофеллин, фуросемид ішеді. Стационарға түсерден біраз уақыт бұрын бас ауруының күшеюіне, жүрек тұсының ауырсынуына байланысты клофелиннің екі таблеткасын қабылдаған, жалпы жағдайы жақсармаған. Бас ауруы тыйылмағандықтан адельфанның бір таблеткасын тағы ішкен. 30-40 минуттан соң қатаң жалпы әлсіздік қосылып, жоғарыдағы шағымдары мазалаған. Жедел жәрдем шақырған. Об-ті: жалпы жағдайы орта ауырлықта, артық салмақты, адинамия, бейжай күйде, сұрақтарға зорға жауап береді. Тері жамылғылары қуқыл. Жабысқақ суық термен ылғалданған. Тынысы беткей, 20 рет минутына. Жүрек шектері солға ығысқан, тондары әлсізденген, ырғақты. АҚ 9060 мм.сын.бағ. Пульсі 110 мин, толуы мен кернеуі әлсіз. Бауыры ұлғаймаған. 1. Болжам диагнозы. Жағдайлық есеп №3 52 жастағы науқас әйел дәрігерге келесі: нитроглицериннің бір таблеткасымен басылатын төс артының сығып, басып ауырсынуының, сол қолы, жауырыны, мойнының сол жартысына берілетініне, ж.ріп келе жатқанда 300-400 метрдей қашықтықта, баспалдақпен көтерілгенде 3-ші қабатта дамып, өлім қорқынышы сезімін туғызып, ентігудің қабаттасуына шағымданып келді. 1,5 жылдан бері науқас, алғашқы сығып ауырсыну өте күшті физикалық күштенуден дамып, 5 минутта өздігінен басылған. Сонан бері ауырлау физикалық күштенулерден ауырсынулар дамып, сол қолына тарайтын болған. Ауырсынудың соңғы
  • 11. ұстамасын ауыр жүк көтерумен байланыстырады. Соңғы бес жыл бойына АҚ-ы көтеріліп жүр. Әкесі миокард инфарктісінен қайтыс болған. Об-ті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, артық салмағы бар (бойы 169 см,салмағы 88 кг), перифериялық ісінулер жоқ. Жүректің салыстырмалы тұйық дыбысының сол шегі сол бұғана орта сызығынан 1,5 см тыс анықталды. Жүрек тондары анық, ырғақты, жүрек ұшында І тон әлсіздеу, аорта үстінде ІІ тонның акценті естіледі. АҚ 18095 мм.с.б. Пульс ырғақты, 90 рет минутына, кернеуі жоғары. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. 1. Болжам диагнозының. Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі: 1. Ішкі аурулар. Калимурзина Б.С. Түркістан Тұран баспасы. 2004 ж. 2. Терапиядағы медбикелік іс. Оқулық. С.Қ.Мұратбекова, Ә.Т. Кенжебаева. 3. Ішкі аурулар . А.А. Оспанова. «Алтын Алқа» баспасы. 4. Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі. С.Санов. Қарағанды 2012ж. Қосымша:Болезни органов дыхания. Руководство по внутренним болезням . Медицина 2000ж. БЕЛСЕНДІ ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛ Бақылау сұрақтары:  Тыныс алу жүйесі ауырған науқастарды қандай шағымдар мазалайды.  Ентіккен кезде көмек көрсету.  Тұншыққан кезде көмек көрсету.  Жөтелгенде көмек көрсету.  Өкпеден қан кеткенде көмек көрсету.  Қызбаның І,ІІ,ІІІ кезеңінде күтім көрсету  Жүрек – тамыр жүйесі ауыратын науқастардың шағымдарын.  Науқас жағдайын жеңілдетін жағдай жасауды.  Науқас жағдайын бақылауды.  Жүрек – тамыр аурулары кезеңінде күтім көрсету.  Қан қысымы көтерілу кезеңінде күтім көрсету.  Қан қысымы төмендеу кезеңінде күтім көрсету.  Естен тану кезеңінде күтім көрсету.  АҚ өлшеп, пульсті анықтап көрсету.  Оттегін беру ережелерін. Глоссарий  Ентікпе – дегеніміз тыныс алудың қиындауы, ол дем алу қимылдарының ырғағы мен күшінің бұзылуымен сипатталады.  ишемия – оттегімен қамтамасыз етілудің қиындауы  инфаркт – өлеттену, некроздалу процесі.