SlideShare a Scribd company logo
1 of 21
Сейдалиева Лейла Камидуллаевна, магистр, аға оқытушы
Тақырып 15. Алғашқы медициналық
көмек көрсету ережелері
Тіршілік қауіпсіздігінің
негіздері және еңбекті
қорғау
1. Зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру
2. Жасанды дем алдыру және жүрек сыртына массаж жасау
3. Келеңсіз жағдайлар, көрсетілетін дәрігерге дейінгі көмек түрлері
Дәріс мақсаты:
– алғашқы медициналық көмек көрсетудің теориялық жағдайын оқып білу және
оларды практикада қолдана білу
– алғашқы медициналық және бірінші дәрігерлік көмек көрсету әдістері мен
тәсілдерін студенттерге үйретіп, табельді және қолда бар заттармен қолдануға
дағдыландыру
– салауатты өмір салтына, қажетті жағдайда өз бетімен жедел шешім
қабылдауға, жауапкершілікке, төзімділікке, патриоттыққа, медициналық
сауаттылыққа тәрбиелеу
1. Зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетуді
ұйымдастыру
Алғашқы көмек дегенiмiз – зардап шеккен адамның жарақатын асқындырмай,
оған әртүрлi медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп,оның өмiрiн сақтап
қалуға бағытталған iс-әрекет. Сондықтан да жарақаттанған адамның өмiрi мен
патологиялық процестердiң одан арғы салдары көбiнесе апат болған жердегi
алғашқы көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты.
Алғашқы медициналық көмектің негізгі мақсаты – адам өмірін құтқару. Ең
бастысы – алғашқы секундтарда дұрыс әрекет етуге үйрену, дәрігерлер келгенше
апатқа ұшыраған адамның өмірін сақтап қалу.
Зардап шегушіге дәрігерге дейінгі көмек көрсету жөніндегі жалпы ұсынымдар:
1. Зардап шегушіні штаттық немесе қолда бар құралдарды және өзі үшін қауіпсіз
тәсілдерді пайдаланумен оған қауіпті өндірістік фактордың (электр тогы,
химиялық заттар, су, механикалық әсерлер және басқалар) әсер етуінен
құтқару.
2. Зардап шегушінің жай-күйін бағалау, оны тыныс тарылтатын киімінен босату,
қажет болған жағдайда таза ауаға алып шығу.
3. Зақымдану сипаты мен дәрежесін анықтау, бұл үшін зақымданған жерлерді,
дене бөліктерін жалаңаштау және кейінге қалдырылмайтын көмек беру
шаралары туралы шешім қабылдау.
4. Зардап шегушіні құтқару жөніндегі қажетті шараларды шұғыл орындау –
тыныс алуды қалпына келтіру, қан ағуын тоқтату, сынған жерді таңу,
байламалар салу және т. б.
5. Медициналық қызметкерлер келіп жеткенге дейін зардап шегушінің негізгі
өмірлік функцияларын қолдап отыру.
6. Зардап шегушіні тасымалдауға дайындау.
7. Медициналық қызметкерлерді көмекке шақыру.
Көмек көрсетуші мыналарды орындай білуі тиіс:
 жағдаятты жылдам және дұрыс бағалау:
 зардап шегушінің жай-күйін бағалау, жарақаттың түрі мен ерекшеліктерін тани
білу, диагнозын қою;
 қажетті алғашқы медициналық көмек түрін, оны көрсету бойынша шаралар
өткізудің реттілігін анықтау;
 зардап шегушінің жай-күйін есепке ала отырып, төтенше жан сақтау көмегінің
бүкіл кешенін дұрыс жүзеге асыру;
 қан ағуын бұрау салу, қысатын таңғыш салу, тамырды саусақпен басу жолымен
уақытша тоқтату;
 жасанды дем алдыру мен жүрекке жабық массаж жасауды орындау;
 таңғыштар, көліктік құрсымдар таңу, күйген, уланған, үсіген, электр тогы соққан
кезде және басқаларда көмек көрсету.
Көз қарашығының жарық сезгіштігін анықтау тәртібі. Бас бармақпен үстіңгі
қабақты көтеріп, қарашыққа қараңыз. Егер қарашық жарық түскеннен кейін де
үлкен күйінде қалса, онда ол жарықты сезбейді деген сөз. Қараңғы кездерде
қарашықтың жарық сезгіштігін электр қолшамының көмегімен байқауға болады.
Ұйқы артериясындағы тамыр соғысын байқау тәртібі. Төрт саусағыңызды
жарақаттанған адамның мойнына қойыңыз.
Қолдан немесе аяқтан қан ағатын (капилярлық немесе тамырлық) болса,
зақымданған жерді таза дәкемен қаттырақ байлаңыз (бастырып байлау)
немесе лейкопластырьдың көмегімен мақта-дәкеден бірнеше қабат етіп
жасалған тампон қойыңыз. Алайда жарақатты өте қатты байлап тастауға да
болмайды (қан жүрмей, мүше көгеріп қалуы да мүмкін). Бастырып байлау
кішірек артериялардың қанауын тоқтатады.
Жасанды дем беру. Оны жүргізуге егер зардап шегуші дем алмай немесе өте
нашар дем алып жатса (сирек, жан ұшыра, өксіп), және де электр тоғының
зардабынан, уланудың салдарынан, суға тұншығуға және т.б. байланысты оның дем
алысы төмендеп бара жатса дереу кіріседі.
Жасанды дем берудің ең тиімді тәсілі «ауыздан ауызға» немесе «ауыздан
мұрынға» тәсілдері болып табылады. Олар жәрдем көрсетушінің ішке ауамен
терең дем алып, оны күшпен зардап шегушінің тыныс алу органдарына жіберуге
негізделген және ол зардап шегушінің дем алуына физиологиялық жарамды болып
саналады. Ауаны мәрлі немесе таза орамал арқылы жіберуге болады. Жасанды
дем берудің бұл тәсілі дем жібергеннен кейін зардап шегушінің өкпесіне ауаның
барғанын кеуде клеткасының кеңейгенінен оңай байқауға мүмкіндік береді және
оның кейін қайтқанын жай пассивті дем шығарғанынан біледі.
2. Жасанды дем алдыру және жүрек сыртына массаж жасау
Жүрекке жанама массаж жасау. Егер зардап шегушінің тыныс алуы ғана тоқтап
қоймай, ұйқы күре тамырының соғысы да сезілмесе, алғашқы жәрдем көрсету
кезінде тек қана жасанды дем беру жеткіліксіз, өйткені оттегі өкпеден қанмен басқа
органдар мен клеткаларға тарамайды. Бұл жағдайда қан айналымын жасанды
жолмен қалпына келтіреді, сол себепті жүрек сыртын уқалау (массаж) процессін
жүргізеді.
3. Келеңсіз жағдайлар, көрсетілетін дәрігерге дейінгі көмек түрлері
Қан кету
Қан кетуді тоқтату – ол қан кетуді тоқтатуға бағытталған шаралар. Алғашқы көмек
көрсетуде, сөз - сыртқы қан кетуді тоқтату туралы болмақ. Қан тамырларының
түріне байланысты, қылтамырлық, көктамырлық және артериялық қан кету болып
бөлінеді.
артериялық көктамырлық қылтамырлық
Аяқ-қол жарақаттанған жағдайда қан тоқтатудың үздік тәсілі бұрау салу.
Қан тоқтатқыш бұрау салу техникасы:
1. Бұрауды киімнің үстінен немесе жараның сәл үстінгі жағынан жұмсақ дәкеге
қойыңыз.
2. Бұрауды тартыңыз және тамырлардың соғуын тексеріңіз – қан кету тоқтау
керек, ал бұраудың астындағы тері сұрлануы қажет.
3. Жараға таңғышты салыңыз.
4. Бұрау салынған дәл уақытты жазып қойыңыз.
Аяқ-қолға бұрауды көп болса тек 1 сағатқа салуға болады. Бір сағаттан кейін
бұрауды 10-15 минутқа босаңсыту қажет. Қажет болса қайта тартуға болады,
бірақ 20 минуттан артық тартпау керек.
Сынықтар
Сынық – сүйектің бүтіндігінің бұзылуы. Сынықта қатты ауру, кейде естен тану
немесе шок, қан кетулер болады. Сынықтар ашық және жабық болады. Ашық сынық
жұмсақ тіндердің жарақатымен білінеді, жарақатта кейде сүйектің бөлшектері
көрінеді.
Сынық кезінде алғашқы көмек:
1. Зардап шегушінің жағдайының ауырлығын бағалаңыз, сынықтың орнын
анықтаңыз.
2. Қан кетіп тұрса, оны тоқтатыңыз.
3. ТЖ мамандары келгенше зардап шегушіні басқа жерге қозғаудың мүмкіндігі бар-
жоғын анықтаңыз.
Омыртқасына зақым келген жағдайда, зардап шегушіні қозғамаңыз және оның
орнын ауыстырмаңыз!
4. Сынған жердегі сүйектің қозғалмауын қамтамасыз етіңіз – иммобилизация. Ол
үшін сынытың үстіңгі және астыңғы жағындағы буындарды қозғалттырмау керек.
5. Шендеуіш салыңыз. Шендеуіш ретінде жалпақ тақтайды, таяқты, сызғышты,
шыбықты және т.б. қолдануға болады. Шендеуішті бинтпен немесе пластырьмен
тығыз, бірақ қатты емес, орау керек.
Жабық сынық кезінде иммобилизацияны киімнің үстіне жасайды; ашық сынықта
сүйек сыртқа шығып тұрған жерге шендеуіш қоюға болмайды.
Күйіктер
Күйік – ағза тіндерінің жоғары температураның немесе химиялық заттың әсерінен
зақымдануы. Күйіктер дәрежесіне және зақымдану түріне қарай бөлінеді.
Зақымдану түріне қарай:
- термиялық (от, сұйықтық, бу, қызып тұрған заттар);
- химиялық (сілті,қышқыл);
- электрлік;
- сәулелік (сәулелік және иондық радиация);
- және аралас күйік.
Күйік кезінде алғашқы көмек:
Күйік кезінде бірден күйдіргіш заттың (от, электр тоғы, ыстық су) әрекетін жою керек.
Содан кейін, термиялық күйікте зақымданған жерді киімнен босатып (еппен, теріні
сыдырмай, жараның жан-жағына жабысып қалған матаны кесіп), күйік шалған
жерді суық суды ағынында 20 минут ұстау керек.
Майлы жақпамайларды және майлы кремдерді қолданбаңыз – майлар ауырғанды
баспайды, күйікті заласыздандырмайды және жазылуына көмегі жоқ.
Содан кейін жараны суық сумен ағызып жуыңыз, стерильді таңғышты салыңыз және
мұз немесе суық зат қойыңыз. Және зардап шегушіге жылы тұзды су беріңіз.
Естен тану
Естен тану – ол ми қан айналымының уақытша бұзылуымен байланысты есін
кенеттен жоғалту. Басқаша айтқанда, мидың оттегі жетіспейтіні туралы дабылы.
Кәдімгі және эпилептикалық естен тануды ажырата білу маңызды. Кәдімгі естен
тану кезінде жүрегі айнып, бас айналады.
Естен танудың алдында адамның көзі айналып, суық тер басады, пульсі әлсіреп,
аяқ-қолы суып кетеді.
Естен танудың қарапайым жағдайы:
- қорқыныш;
- мазасы кету;
- қапырық және т.б.
Адам есінен танғанда, оны қолайлы көлденең жатқызып, таза ауанын келуін
қамтамасыз етіңіз (киімінің түймелерін шешіңіз, белдігін босатыңыз, есік пен
терезелерді ашыңыз). Зардап шегушінің бетіне суық су шашыңыз, бетінен ақырын
шапалақтаңыз. Егер қасыңызда дәрі жәшігі болса, мүсәтір спиртімен дымқылданған
мақта тампонын иіскетіңіз.
Егер 3-5 минут ішінде есін жимаса, дереу «Жедел жәрдемге» қоңырау шалыңыз.
Зардап шегуші өз-өзіне келген кезде, оған ашты шай немесе кофе беріңіз.
Естен тану
Естен тану – ол ми қан айналымының уақытша бұзылуымен байланысты есін
кенеттен жоғалту. Басқаша айтқанда, мидың оттегі жетіспейтіні туралы дабылы.
Кәдімгі және эпилептикалық естен тануды ажырата білу маңызды. Кәдімгі естен
тану кезінде жүрегі айнып, бас айналады.
Естен танудың алдында адамның көзі айналып, суық тер басады, пульсі әлсіреп,
аяқ-қолы суып кетеді.
Естен танудың қарапайым жағдайы:
- қорқыныш;
- мазасы кету;
- қапырық және т.б.
Адам есінен танғанда, оны қолайлы көлденең жатқызып, таза ауанын келуін
қамтамасыз етіңіз (киімінің түймелерін шешіңіз, белдігін босатыңыз, есік пен
терезелерді ашыңыз). Зардап шегушінің бетіне суық су шашыңыз, бетінен ақырын
шапалақтаңыз. Егер қасыңызда дәрі жәшігі болса, мүсәтір спиртімен дымқылданған
мақта тампонын иіскетіңіз.
Егер 3-5 минут ішінде есін жимаса, дереу «Жедел жәрдемге» қоңырау шалыңыз.
Зардап шегуші өз-өзіне келген кезде, оған ашты шай немесе кофе беріңіз.
Суға бату
Суға бату – судың өкпеге және тыныс жолдарын өтуі өлімге алып келуі мүмкін
болғандағы жағдай.
Суға батудағы алғашқы көмек:
1. Зардап шегушіні судан алып шығыңыз.
2. Зардап шегушіні ішімен тізеге жатқызыңыз, басы төменде болуы керек.
3. Ауыз қуысын бөгде заттан (сілемей, құсық, балдыр) тазалаңыз.
4. Өмір белгілерінің бар-жоғын тексеріңіз.
5. Пульс және тыныс алуы жоқ болса, дереу ӨЖЖ және жүрекке жанама массаж
жасауға кірісіңіз.
6. Тыныс алуы және жүрек қызметі қалпына келген соң зардап шегушіні жанына
қарай жатқызып, үстін жабыңыз және медицина қызметкерлері келгенге дейін
күтіңіз.
Қатты тоңу және үсу
Қатты тоңу (гипотермия) – ол адамның дене температурасыныың қалыпты зат
алмасуы үшін қажетті нормадан төмен азаюы.
Гипотермиядағы алғашқы көмек:
1. Зардап шегушіні жылы үй - жайға кіргізіңіз немесе жылы киіммен бүркеңіз.
2. Зардап шегушінің денесін алдымен қолмен уқалаңыз, содан кейін жұмсақ
матамен терісі қызарып, сезімталдылық пайда болғанша сүртіңіз.
3. Ыстық сусын және тамақ беріңіз.
Алкоголь пайдаланбаңыз!
Үсудің себептері - жоғары ылғалдық, аяз, жел, қозғалмай отыру. Зардап шегушінің
жағдайын алкогольдік мас болу одан сайын қиындатады.
Симптомдары:
- суыту сезімі;
- дененің үсіген жерлерінің сұққылауы;
- содан кейін – жан кетуі және сезімталдылықтың жоғалуы.
Үсу кезінде алғашқы көмек:
1. Зардап шегушіні жылы жерге отырғызыңыз.
2. Оның үстіндегі қатқан немесе дымқыл киімді шешіңіз.
3. Жеңіл түрде үсісе денесінің зақымданған бөлігін ысқылап жіберіңіз. Ауыр жағдайда
(II-IV дәрежелі үсу) ысқылауға болмайды.
Ысқылауға май немесе вазелин пайдалануға кеңес береміз. Зардап шегушіні қармен
ысқыламаңыз.
4. Денесінің үсіген бөлігін жақсылап жылылып жабыңыз.
5. Зардап шегушіге ыстық тәтті сусын немесе ыстық ас беріңіз.
Улану
Улану – у немесе улы зат түскеннен ағза жұмысының бұзылуы. Улы заттың түріне
байланысты улану мына типтерге бөлінеді:
- ысқа улану;
- улы химикаттармен улану;
- алкогольге улану;
- дәрі-дәрмекпен улану;
- тағаммен улану және т.б.
Алғашқы көмек көрсету шаралары уланудың сипатына байланысты. Жүрегі айну,
құсу, іш өту және асқазан ауыруымен көрінетін тағамға улану көптеп тараған. Бұл
жағдайда зардап шегушіге бір сағаттың ішінде әрбір 15 минут сайын 3-5 грамм
белсенді көмір дәрісін ішуге, суды көбірек ішуге, тағамнан бас тартуға және міндетті
түрде дәрігерге жүгінуге кеңес беріледі.
Улану кезінде алғашқы көмек:
Бұл жағдайдағы алғашқы көмектің қадамдары:
1. Зардап шегушінің асқазанын жуыңыз. Ол үшін оған бірнеше стақан тұзды су
қалайда ішкізіңіз (1 литр суға 10 грамм тұз және 5 грамм ас содасы).2-3 стақаннан
кейін зардап шегушіні құстырыңыз. Бұл әрекетті құсық «таза» болғанша қайталаңыз.
Асқазанды жуу тек зардап шегуші есін білетін жағдайда ғана жүргізіледі.
2. Бір стақан суда 10-20 таблетка белсенді көмірді ерітіңіз, зардап шегушіге ішкізіңіз.
3. Медицина қызметкерлерінің келуін күтүіңіз!

More Related Content

Similar to Слайды к лекции 15.pptx (10)

түркістан медицина колледжі
түркістан медицина колледжітүркістан медицина колледжі
түркістан медицина колледжі
 
дәріс 1
дәріс 1дәріс 1
дәріс 1
 
дәріс 1
дәріс 1дәріс 1
дәріс 1
 
ашык сабак жоспары гой
ашык сабак жоспары гойашык сабак жоспары гой
ашык сабак жоспары гой
 
мамандық әлемі 252
мамандық әлемі 252мамандық әлемі 252
мамандық әлемі 252
 
кей дәрілік заттарды енгізу
кей дәрілік заттарды енгізукей дәрілік заттарды енгізу
кей дәрілік заттарды енгізу
 
ашық сабақ
ашық сабақашық сабақ
ашық сабақ
 
жүй құраст 2016ж ескі өңдеу бойынша
жүй құраст 2016ж ескі өңдеу бойыншажүй құраст 2016ж ескі өңдеу бойынша
жүй құраст 2016ж ескі өңдеу бойынша
 
№10 Аудиториялық сабаққа дәріс.pptx
№10 Аудиториялық сабаққа дәріс.pptx№10 Аудиториялық сабаққа дәріс.pptx
№10 Аудиториялық сабаққа дәріс.pptx
 
293sssssssssssssssssss
293sssssssssssssssssss293sssssssssssssssssss
293sssssssssssssssssss
 

More from ssuserde63af

слайд 15.2.pptx
слайд 15.2.pptxслайд 15.2.pptx
слайд 15.2.pptxssuserde63af
 
слайд 15.1.pptx
слайд 15.1.pptxслайд 15.1.pptx
слайд 15.1.pptxssuserde63af
 
слайд 14.1.pptx
слайд 14.1.pptxслайд 14.1.pptx
слайд 14.1.pptxssuserde63af
 
слайд 13.2.pptx
слайд 13.2.pptxслайд 13.2.pptx
слайд 13.2.pptxssuserde63af
 
слайд 13.1.pptx
слайд 13.1.pptxслайд 13.1.pptx
слайд 13.1.pptxssuserde63af
 
слайд 12.1.pptx
слайд 12.1.pptxслайд 12.1.pptx
слайд 12.1.pptxssuserde63af
 
слайд 11.2.pptx
слайд 11.2.pptxслайд 11.2.pptx
слайд 11.2.pptxssuserde63af
 
слайд 11.1.pptx
слайд 11.1.pptxслайд 11.1.pptx
слайд 11.1.pptxssuserde63af
 
слайд 10.3.pptx
слайд 10.3.pptxслайд 10.3.pptx
слайд 10.3.pptxssuserde63af
 
слайд 10.2.pptx
слайд 10.2.pptxслайд 10.2.pptx
слайд 10.2.pptxssuserde63af
 
слайд 10.1.pptx
слайд 10.1.pptxслайд 10.1.pptx
слайд 10.1.pptxssuserde63af
 
слайд 9.2.pptx
слайд 9.2.pptxслайд 9.2.pptx
слайд 9.2.pptxssuserde63af
 
слайд 9.1.pptx
слайд 9.1.pptxслайд 9.1.pptx
слайд 9.1.pptxssuserde63af
 
слайд 8.1.pptx
слайд 8.1.pptxслайд 8.1.pptx
слайд 8.1.pptxssuserde63af
 
слайд 7.2.pptx
слайд 7.2.pptxслайд 7.2.pptx
слайд 7.2.pptxssuserde63af
 
слайд 7.1.pptx
слайд 7.1.pptxслайд 7.1.pptx
слайд 7.1.pptxssuserde63af
 
слайд 6.1.pptx
слайд 6.1.pptxслайд 6.1.pptx
слайд 6.1.pptxssuserde63af
 
слайд 5.1.pptx
слайд 5.1.pptxслайд 5.1.pptx
слайд 5.1.pptxssuserde63af
 
слайд 4.1.pptx
слайд 4.1.pptxслайд 4.1.pptx
слайд 4.1.pptxssuserde63af
 
слайд 3.1.pptx
слайд 3.1.pptxслайд 3.1.pptx
слайд 3.1.pptxssuserde63af
 

More from ssuserde63af (20)

слайд 15.2.pptx
слайд 15.2.pptxслайд 15.2.pptx
слайд 15.2.pptx
 
слайд 15.1.pptx
слайд 15.1.pptxслайд 15.1.pptx
слайд 15.1.pptx
 
слайд 14.1.pptx
слайд 14.1.pptxслайд 14.1.pptx
слайд 14.1.pptx
 
слайд 13.2.pptx
слайд 13.2.pptxслайд 13.2.pptx
слайд 13.2.pptx
 
слайд 13.1.pptx
слайд 13.1.pptxслайд 13.1.pptx
слайд 13.1.pptx
 
слайд 12.1.pptx
слайд 12.1.pptxслайд 12.1.pptx
слайд 12.1.pptx
 
слайд 11.2.pptx
слайд 11.2.pptxслайд 11.2.pptx
слайд 11.2.pptx
 
слайд 11.1.pptx
слайд 11.1.pptxслайд 11.1.pptx
слайд 11.1.pptx
 
слайд 10.3.pptx
слайд 10.3.pptxслайд 10.3.pptx
слайд 10.3.pptx
 
слайд 10.2.pptx
слайд 10.2.pptxслайд 10.2.pptx
слайд 10.2.pptx
 
слайд 10.1.pptx
слайд 10.1.pptxслайд 10.1.pptx
слайд 10.1.pptx
 
слайд 9.2.pptx
слайд 9.2.pptxслайд 9.2.pptx
слайд 9.2.pptx
 
слайд 9.1.pptx
слайд 9.1.pptxслайд 9.1.pptx
слайд 9.1.pptx
 
слайд 8.1.pptx
слайд 8.1.pptxслайд 8.1.pptx
слайд 8.1.pptx
 
слайд 7.2.pptx
слайд 7.2.pptxслайд 7.2.pptx
слайд 7.2.pptx
 
слайд 7.1.pptx
слайд 7.1.pptxслайд 7.1.pptx
слайд 7.1.pptx
 
слайд 6.1.pptx
слайд 6.1.pptxслайд 6.1.pptx
слайд 6.1.pptx
 
слайд 5.1.pptx
слайд 5.1.pptxслайд 5.1.pptx
слайд 5.1.pptx
 
слайд 4.1.pptx
слайд 4.1.pptxслайд 4.1.pptx
слайд 4.1.pptx
 
слайд 3.1.pptx
слайд 3.1.pptxслайд 3.1.pptx
слайд 3.1.pptx
 

Слайды к лекции 15.pptx

  • 1. Сейдалиева Лейла Камидуллаевна, магистр, аға оқытушы Тақырып 15. Алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері және еңбекті қорғау
  • 2. 1. Зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру 2. Жасанды дем алдыру және жүрек сыртына массаж жасау 3. Келеңсіз жағдайлар, көрсетілетін дәрігерге дейінгі көмек түрлері Дәріс мақсаты: – алғашқы медициналық көмек көрсетудің теориялық жағдайын оқып білу және оларды практикада қолдана білу – алғашқы медициналық және бірінші дәрігерлік көмек көрсету әдістері мен тәсілдерін студенттерге үйретіп, табельді және қолда бар заттармен қолдануға дағдыландыру – салауатты өмір салтына, қажетті жағдайда өз бетімен жедел шешім қабылдауға, жауапкершілікке, төзімділікке, патриоттыққа, медициналық сауаттылыққа тәрбиелеу
  • 3. 1. Зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру Алғашқы көмек дегенiмiз – зардап шеккен адамның жарақатын асқындырмай, оған әртүрлi медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп,оның өмiрiн сақтап қалуға бағытталған iс-әрекет. Сондықтан да жарақаттанған адамның өмiрi мен патологиялық процестердiң одан арғы салдары көбiнесе апат болған жердегi алғашқы көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты. Алғашқы медициналық көмектің негізгі мақсаты – адам өмірін құтқару. Ең бастысы – алғашқы секундтарда дұрыс әрекет етуге үйрену, дәрігерлер келгенше апатқа ұшыраған адамның өмірін сақтап қалу.
  • 4. Зардап шегушіге дәрігерге дейінгі көмек көрсету жөніндегі жалпы ұсынымдар: 1. Зардап шегушіні штаттық немесе қолда бар құралдарды және өзі үшін қауіпсіз тәсілдерді пайдаланумен оған қауіпті өндірістік фактордың (электр тогы, химиялық заттар, су, механикалық әсерлер және басқалар) әсер етуінен құтқару. 2. Зардап шегушінің жай-күйін бағалау, оны тыныс тарылтатын киімінен босату, қажет болған жағдайда таза ауаға алып шығу. 3. Зақымдану сипаты мен дәрежесін анықтау, бұл үшін зақымданған жерлерді, дене бөліктерін жалаңаштау және кейінге қалдырылмайтын көмек беру шаралары туралы шешім қабылдау. 4. Зардап шегушіні құтқару жөніндегі қажетті шараларды шұғыл орындау – тыныс алуды қалпына келтіру, қан ағуын тоқтату, сынған жерді таңу, байламалар салу және т. б. 5. Медициналық қызметкерлер келіп жеткенге дейін зардап шегушінің негізгі өмірлік функцияларын қолдап отыру. 6. Зардап шегушіні тасымалдауға дайындау. 7. Медициналық қызметкерлерді көмекке шақыру.
  • 5. Көмек көрсетуші мыналарды орындай білуі тиіс:  жағдаятты жылдам және дұрыс бағалау:  зардап шегушінің жай-күйін бағалау, жарақаттың түрі мен ерекшеліктерін тани білу, диагнозын қою;  қажетті алғашқы медициналық көмек түрін, оны көрсету бойынша шаралар өткізудің реттілігін анықтау;  зардап шегушінің жай-күйін есепке ала отырып, төтенше жан сақтау көмегінің бүкіл кешенін дұрыс жүзеге асыру;  қан ағуын бұрау салу, қысатын таңғыш салу, тамырды саусақпен басу жолымен уақытша тоқтату;  жасанды дем алдыру мен жүрекке жабық массаж жасауды орындау;  таңғыштар, көліктік құрсымдар таңу, күйген, уланған, үсіген, электр тогы соққан кезде және басқаларда көмек көрсету.
  • 6. Көз қарашығының жарық сезгіштігін анықтау тәртібі. Бас бармақпен үстіңгі қабақты көтеріп, қарашыққа қараңыз. Егер қарашық жарық түскеннен кейін де үлкен күйінде қалса, онда ол жарықты сезбейді деген сөз. Қараңғы кездерде қарашықтың жарық сезгіштігін электр қолшамының көмегімен байқауға болады. Ұйқы артериясындағы тамыр соғысын байқау тәртібі. Төрт саусағыңызды жарақаттанған адамның мойнына қойыңыз. Қолдан немесе аяқтан қан ағатын (капилярлық немесе тамырлық) болса, зақымданған жерді таза дәкемен қаттырақ байлаңыз (бастырып байлау) немесе лейкопластырьдың көмегімен мақта-дәкеден бірнеше қабат етіп жасалған тампон қойыңыз. Алайда жарақатты өте қатты байлап тастауға да болмайды (қан жүрмей, мүше көгеріп қалуы да мүмкін). Бастырып байлау кішірек артериялардың қанауын тоқтатады.
  • 7. Жасанды дем беру. Оны жүргізуге егер зардап шегуші дем алмай немесе өте нашар дем алып жатса (сирек, жан ұшыра, өксіп), және де электр тоғының зардабынан, уланудың салдарынан, суға тұншығуға және т.б. байланысты оның дем алысы төмендеп бара жатса дереу кіріседі. Жасанды дем берудің ең тиімді тәсілі «ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» тәсілдері болып табылады. Олар жәрдем көрсетушінің ішке ауамен терең дем алып, оны күшпен зардап шегушінің тыныс алу органдарына жіберуге негізделген және ол зардап шегушінің дем алуына физиологиялық жарамды болып саналады. Ауаны мәрлі немесе таза орамал арқылы жіберуге болады. Жасанды дем берудің бұл тәсілі дем жібергеннен кейін зардап шегушінің өкпесіне ауаның барғанын кеуде клеткасының кеңейгенінен оңай байқауға мүмкіндік береді және оның кейін қайтқанын жай пассивті дем шығарғанынан біледі. 2. Жасанды дем алдыру және жүрек сыртына массаж жасау
  • 8. Жүрекке жанама массаж жасау. Егер зардап шегушінің тыныс алуы ғана тоқтап қоймай, ұйқы күре тамырының соғысы да сезілмесе, алғашқы жәрдем көрсету кезінде тек қана жасанды дем беру жеткіліксіз, өйткені оттегі өкпеден қанмен басқа органдар мен клеткаларға тарамайды. Бұл жағдайда қан айналымын жасанды жолмен қалпына келтіреді, сол себепті жүрек сыртын уқалау (массаж) процессін жүргізеді.
  • 9. 3. Келеңсіз жағдайлар, көрсетілетін дәрігерге дейінгі көмек түрлері Қан кету Қан кетуді тоқтату – ол қан кетуді тоқтатуға бағытталған шаралар. Алғашқы көмек көрсетуде, сөз - сыртқы қан кетуді тоқтату туралы болмақ. Қан тамырларының түріне байланысты, қылтамырлық, көктамырлық және артериялық қан кету болып бөлінеді. артериялық көктамырлық қылтамырлық
  • 10. Аяқ-қол жарақаттанған жағдайда қан тоқтатудың үздік тәсілі бұрау салу. Қан тоқтатқыш бұрау салу техникасы: 1. Бұрауды киімнің үстінен немесе жараның сәл үстінгі жағынан жұмсақ дәкеге қойыңыз. 2. Бұрауды тартыңыз және тамырлардың соғуын тексеріңіз – қан кету тоқтау керек, ал бұраудың астындағы тері сұрлануы қажет. 3. Жараға таңғышты салыңыз. 4. Бұрау салынған дәл уақытты жазып қойыңыз. Аяқ-қолға бұрауды көп болса тек 1 сағатқа салуға болады. Бір сағаттан кейін бұрауды 10-15 минутқа босаңсыту қажет. Қажет болса қайта тартуға болады, бірақ 20 минуттан артық тартпау керек.
  • 11. Сынықтар Сынық – сүйектің бүтіндігінің бұзылуы. Сынықта қатты ауру, кейде естен тану немесе шок, қан кетулер болады. Сынықтар ашық және жабық болады. Ашық сынық жұмсақ тіндердің жарақатымен білінеді, жарақатта кейде сүйектің бөлшектері көрінеді.
  • 12. Сынық кезінде алғашқы көмек: 1. Зардап шегушінің жағдайының ауырлығын бағалаңыз, сынықтың орнын анықтаңыз. 2. Қан кетіп тұрса, оны тоқтатыңыз. 3. ТЖ мамандары келгенше зардап шегушіні басқа жерге қозғаудың мүмкіндігі бар- жоғын анықтаңыз. Омыртқасына зақым келген жағдайда, зардап шегушіні қозғамаңыз және оның орнын ауыстырмаңыз! 4. Сынған жердегі сүйектің қозғалмауын қамтамасыз етіңіз – иммобилизация. Ол үшін сынытың үстіңгі және астыңғы жағындағы буындарды қозғалттырмау керек. 5. Шендеуіш салыңыз. Шендеуіш ретінде жалпақ тақтайды, таяқты, сызғышты, шыбықты және т.б. қолдануға болады. Шендеуішті бинтпен немесе пластырьмен тығыз, бірақ қатты емес, орау керек. Жабық сынық кезінде иммобилизацияны киімнің үстіне жасайды; ашық сынықта сүйек сыртқа шығып тұрған жерге шендеуіш қоюға болмайды.
  • 13. Күйіктер Күйік – ағза тіндерінің жоғары температураның немесе химиялық заттың әсерінен зақымдануы. Күйіктер дәрежесіне және зақымдану түріне қарай бөлінеді. Зақымдану түріне қарай: - термиялық (от, сұйықтық, бу, қызып тұрған заттар); - химиялық (сілті,қышқыл); - электрлік; - сәулелік (сәулелік және иондық радиация); - және аралас күйік.
  • 14. Күйік кезінде алғашқы көмек: Күйік кезінде бірден күйдіргіш заттың (от, электр тоғы, ыстық су) әрекетін жою керек. Содан кейін, термиялық күйікте зақымданған жерді киімнен босатып (еппен, теріні сыдырмай, жараның жан-жағына жабысып қалған матаны кесіп), күйік шалған жерді суық суды ағынында 20 минут ұстау керек. Майлы жақпамайларды және майлы кремдерді қолданбаңыз – майлар ауырғанды баспайды, күйікті заласыздандырмайды және жазылуына көмегі жоқ. Содан кейін жараны суық сумен ағызып жуыңыз, стерильді таңғышты салыңыз және мұз немесе суық зат қойыңыз. Және зардап шегушіге жылы тұзды су беріңіз.
  • 15. Естен тану Естен тану – ол ми қан айналымының уақытша бұзылуымен байланысты есін кенеттен жоғалту. Басқаша айтқанда, мидың оттегі жетіспейтіні туралы дабылы. Кәдімгі және эпилептикалық естен тануды ажырата білу маңызды. Кәдімгі естен тану кезінде жүрегі айнып, бас айналады. Естен танудың алдында адамның көзі айналып, суық тер басады, пульсі әлсіреп, аяқ-қолы суып кетеді. Естен танудың қарапайым жағдайы: - қорқыныш; - мазасы кету; - қапырық және т.б. Адам есінен танғанда, оны қолайлы көлденең жатқызып, таза ауанын келуін қамтамасыз етіңіз (киімінің түймелерін шешіңіз, белдігін босатыңыз, есік пен терезелерді ашыңыз). Зардап шегушінің бетіне суық су шашыңыз, бетінен ақырын шапалақтаңыз. Егер қасыңызда дәрі жәшігі болса, мүсәтір спиртімен дымқылданған мақта тампонын иіскетіңіз. Егер 3-5 минут ішінде есін жимаса, дереу «Жедел жәрдемге» қоңырау шалыңыз. Зардап шегуші өз-өзіне келген кезде, оған ашты шай немесе кофе беріңіз.
  • 16. Естен тану Естен тану – ол ми қан айналымының уақытша бұзылуымен байланысты есін кенеттен жоғалту. Басқаша айтқанда, мидың оттегі жетіспейтіні туралы дабылы. Кәдімгі және эпилептикалық естен тануды ажырата білу маңызды. Кәдімгі естен тану кезінде жүрегі айнып, бас айналады. Естен танудың алдында адамның көзі айналып, суық тер басады, пульсі әлсіреп, аяқ-қолы суып кетеді. Естен танудың қарапайым жағдайы: - қорқыныш; - мазасы кету; - қапырық және т.б. Адам есінен танғанда, оны қолайлы көлденең жатқызып, таза ауанын келуін қамтамасыз етіңіз (киімінің түймелерін шешіңіз, белдігін босатыңыз, есік пен терезелерді ашыңыз). Зардап шегушінің бетіне суық су шашыңыз, бетінен ақырын шапалақтаңыз. Егер қасыңызда дәрі жәшігі болса, мүсәтір спиртімен дымқылданған мақта тампонын иіскетіңіз. Егер 3-5 минут ішінде есін жимаса, дереу «Жедел жәрдемге» қоңырау шалыңыз. Зардап шегуші өз-өзіне келген кезде, оған ашты шай немесе кофе беріңіз.
  • 17. Суға бату Суға бату – судың өкпеге және тыныс жолдарын өтуі өлімге алып келуі мүмкін болғандағы жағдай. Суға батудағы алғашқы көмек: 1. Зардап шегушіні судан алып шығыңыз. 2. Зардап шегушіні ішімен тізеге жатқызыңыз, басы төменде болуы керек. 3. Ауыз қуысын бөгде заттан (сілемей, құсық, балдыр) тазалаңыз. 4. Өмір белгілерінің бар-жоғын тексеріңіз. 5. Пульс және тыныс алуы жоқ болса, дереу ӨЖЖ және жүрекке жанама массаж жасауға кірісіңіз. 6. Тыныс алуы және жүрек қызметі қалпына келген соң зардап шегушіні жанына қарай жатқызып, үстін жабыңыз және медицина қызметкерлері келгенге дейін күтіңіз.
  • 18. Қатты тоңу және үсу Қатты тоңу (гипотермия) – ол адамның дене температурасыныың қалыпты зат алмасуы үшін қажетті нормадан төмен азаюы. Гипотермиядағы алғашқы көмек: 1. Зардап шегушіні жылы үй - жайға кіргізіңіз немесе жылы киіммен бүркеңіз. 2. Зардап шегушінің денесін алдымен қолмен уқалаңыз, содан кейін жұмсақ матамен терісі қызарып, сезімталдылық пайда болғанша сүртіңіз. 3. Ыстық сусын және тамақ беріңіз. Алкоголь пайдаланбаңыз! Үсудің себептері - жоғары ылғалдық, аяз, жел, қозғалмай отыру. Зардап шегушінің жағдайын алкогольдік мас болу одан сайын қиындатады. Симптомдары: - суыту сезімі; - дененің үсіген жерлерінің сұққылауы; - содан кейін – жан кетуі және сезімталдылықтың жоғалуы.
  • 19. Үсу кезінде алғашқы көмек: 1. Зардап шегушіні жылы жерге отырғызыңыз. 2. Оның үстіндегі қатқан немесе дымқыл киімді шешіңіз. 3. Жеңіл түрде үсісе денесінің зақымданған бөлігін ысқылап жіберіңіз. Ауыр жағдайда (II-IV дәрежелі үсу) ысқылауға болмайды. Ысқылауға май немесе вазелин пайдалануға кеңес береміз. Зардап шегушіні қармен ысқыламаңыз. 4. Денесінің үсіген бөлігін жақсылап жылылып жабыңыз. 5. Зардап шегушіге ыстық тәтті сусын немесе ыстық ас беріңіз.
  • 20. Улану Улану – у немесе улы зат түскеннен ағза жұмысының бұзылуы. Улы заттың түріне байланысты улану мына типтерге бөлінеді: - ысқа улану; - улы химикаттармен улану; - алкогольге улану; - дәрі-дәрмекпен улану; - тағаммен улану және т.б. Алғашқы көмек көрсету шаралары уланудың сипатына байланысты. Жүрегі айну, құсу, іш өту және асқазан ауыруымен көрінетін тағамға улану көптеп тараған. Бұл жағдайда зардап шегушіге бір сағаттың ішінде әрбір 15 минут сайын 3-5 грамм белсенді көмір дәрісін ішуге, суды көбірек ішуге, тағамнан бас тартуға және міндетті түрде дәрігерге жүгінуге кеңес беріледі.
  • 21. Улану кезінде алғашқы көмек: Бұл жағдайдағы алғашқы көмектің қадамдары: 1. Зардап шегушінің асқазанын жуыңыз. Ол үшін оған бірнеше стақан тұзды су қалайда ішкізіңіз (1 литр суға 10 грамм тұз және 5 грамм ас содасы).2-3 стақаннан кейін зардап шегушіні құстырыңыз. Бұл әрекетті құсық «таза» болғанша қайталаңыз. Асқазанды жуу тек зардап шегуші есін білетін жағдайда ғана жүргізіледі. 2. Бір стақан суда 10-20 таблетка белсенді көмірді ерітіңіз, зардап шегушіге ішкізіңіз. 3. Медицина қызметкерлерінің келуін күтүіңіз!