SlideShare a Scribd company logo
1 of 11
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКАЯ
ОБЛЫСЫ ОБЛАСТЬ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ГОРОД СЕМЕЙ
БІЛІМ МЕКЕМЕСІ УЧРЕЖДЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ
«АВИЦЕННА» МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕДИЦИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ
КОЛЛЕДЖІ «АВИЦЕННА»
Сыныптан тыс іс-шараның әдістемелік әзірлемесі
«Желбірей бер, Тәуелсіздік байрағы!»
Түсінік хат.
Мемлекеттік тәуелсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани
әл-ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының,
Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі. Бабалардың арманы, аналардың
тілегі болған бақыт-тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің
маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды. Азаттық деген осынау қасиетті ұғымды
жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды.
Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 23 жыл болыпты.
Осы азғантай уақыттың ішінде елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы
оқиғалар болды. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктері ғасырға пара-
пар. Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы,
қасиеті бар.
Тәрбие сағатында оқушылармен бірге осы тарихи сәттерді, тәуелсіздік шежіресіне
тағы бір рет ораламыз.
Тақырыбы: «Желбірей бер, Тәуелсіздік байрағы!»
Сабақтың мақсаты:
Тәрбиелік: Оқушыларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули
отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін
жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасын негізге ала
отырып, патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі:тәрбие сағаты
Көрнекілігі:ҚР рәміздері, Ата заң, суреттер, шарлар, «Тәуелсіздік шежіресі», «Алматы
1986 Желтоқсан» кітаптары, «Тәуелсіздік хроникасы» жинағы, қанатты сөздер жазылған
плакаттар: «Мәңгілік мақтан, Дауылпаз дастан – Қазақстан!», «Жасай бер, жаса, тәуелсіз
ел –Қазақстан!», «Мен – Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!»
Сабақтың міндеттері.
Түсінігі болуы керек:
 Ұлт жанашырларын, қайраткерлерін жадында сақтау
 Тәуелсіз елдің тарихын білу
Сабақтың әдісі:Баяндау, мәнерлеп оқу.
Жоспары:
І. Кіріспе (Мұғалім сөзі)
ІІ. Тәуелсіз ел тарихы беттерінен қойылым (сахналау)
Ән «Туған ел»
ІІІ. Тәуелсіз ел шежіресі (Ағаш бұтақтарына жапырақтар жапсыра отырып елдің
жетістіктерін баяндау)
Қазақ биі
ІV. Оқушылар шығармашылығынан: (мәнерлеп оқу)
Күй попурри
V. Қорытынды
ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ БАРЫСЫ
І. Кіріспе. Мұғалім сөзі:
Мемлекеттік тәуелсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл-
ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының,
Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі. Бабалардың арманы, аналардың
тілегі болған бақыт-тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің
маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды. Азаттық деген осынау қасиетті ұғымды
жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды.
Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 23 жыл болыпты.
Осы азғантай уақыттың ішінде елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы
оқиғалар болды. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктері ғасырға пара-
пар. Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы,
қасиеті бар.
Аяужан:
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын Қазақстан!
Ғасырлар тойы болшы келе берер!
Шұғыла:
Мерекең құтты болсын егемен ел,
Терезең барлық елмен тең ерен ел.
Бабалар мәңгі бақи арман еткен,
Теңдікті,бостандықты иеленгендер.
Аяужан:Батырлықтың уызына жараған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халықта
Кім айта алар болмаған деп әнұран
(Әнұран орындалады)
Аяужан:
Азаттық, Теңдік. Тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді,
кімдер құрбан болмады.
Шұғыла: Абылай заманы – батырлар заманы.
Найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен, қасық қаны қалғанша ел мен жер үшін айқасқан
бабалар аманатын жалғастырған боздақтар қаншама! Ендеше тәуелсіз еліміздің
тарихындағы кейбір сәттерге көз жүгіртейік:
І көрініс: ЖОҢҒАР ХАНЫ ОРДАСЫНДА
Жоңғар хан ордасы. Хан тақта отыр.
Уәзір (Раушан): Ләппай, тақсыр! Қазақтар келіп тұр!
Хан (Жансая): Кірсін! (бір топ қазақ елінің адамдары кіреді).
Хан: Иә, қазақтар! Неменеге келдіңдер! Айтатындарыңды айтыңдар да, үйлеріңе
қайтыңдар!
Қазыбек: Біз қазақ деген елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз
Елден құт - береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп.
Найзаға үкі таққан елміз.
Досымызды сақтай білген елміз
Дәм - тұзды ақтай білге елміз
Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды,
Анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды
Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз,
Сен қалмақ та, біз қазақ.
Қарпысқалы келгенбіз,
Қазақ, қалмақ баласы,
Табысқалы келгенбіз,
Табысуға көнбесең,
Шабысқалы келгенбіз.
Сен Қабылан да, біз Арыстан,
Алысқалы келгенбіз.
Жаңа үйреткен жас тұлпар
Жарысқалы келгенбіз.
Тұтқыр сары желімбіз
Жабысқалы келгенбіз
Сен темір де, біз көмір,
Еріткелі келгенбіз,
Берсең жөндеп бітіміңді айт,
Не тұрысатын жеріңді айт!
Хан: Балам, атың кім?
Бала: Атым, Қазыбек, әкем - Келдібек би, ұлтым - қазақ, руым – Қаракесек.
Хан: Ендеше, дауысың қаздың дауысындай қаңқылдап шығады екен, есімің қаз дауысты
Қазыбек боп қайта жаңғырсын. (Хан шапалақ ұрады)
Уәзір: Ләппай тақсыр!
Хан: Қамаудағы қазақтарды босатыңдар!
1 - жүргізуші:
Енді бізге қайта оралды заңғарлар!
Сталиндік тозақтарда жанғандар!
Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер,
Ілиястар, Бейімбетер, Мағжандар!
2 - жүргізуші: Ақтаңдақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де,
тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.
ІІ КӨРІНІС.
Бес арыс бейнесіндегі бес баланы әскерлер алып шығады. Атуға дайындап тұрғызады да,
Әскер: - Иә, соңғы сөзді іштеріңнен кім айтады?
Міржақып Дулатов:
Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,
Қарағым, енді жату жарамас-ты.
(Мылтық даусы естіледі, құлайды)
Мұңды музыка ойналады.
1 - жүргізуші: 1986 жылдың 16 желтоқсаны.
2 - жүргізуші: Қазақтың санасын сілкіндірген Желтоқсан ызғары жылдар бойы армен мен
тәуелсіздіктің қайнар көзі болды.
1 - жүргізуші: Тарихым жатыр тасымда,
Тіл қатып, келер ғасырға.
2 - жүргізуші: Азаттық дейтін ұғымның
Желтоқсан тұр басында.
ІІІ КӨРІНІС.
Тергеуші: Кіргізіңдер! Қайрат Рысқұлбековты. (Әскери адамдар
Қ. Рысқұлбеков бейнесіндегі оқушыны алып кіреді).
Тергеуші: Ал, Рысқұлбеков әбден ойланып, ақылға келген шығарсың. Айтасың
шындықты! Үндемейсің, иә! Ендеше, жазбаша жазып бер! Бол, тез! Жылдам!
Оқушы (Қайрат бейнесіндегі):
Елбең, елбең жүгірген.
Ебелек отқа семіген.
Арғымақ мінген жаратып,
Ақ сауыт киген темірден.
Алатаудай бабалар!
Аруағыңмен жебей гөр!
Күнәдан таза басым бар
21 - де жасым бар
Қасқалдақтай қаным бар
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық,
Атам десең атыңдар!
1-жүргізуші:
Қына көктеп қоңыр қырдың тасына,
Бастағандай көгім бүгін ашыла.
Еңсесі тік, тәуелсіз ел болдық біз,
Бақыт қонды қазағымның басына.
2-жүргізуші:
Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын. .
Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,
Қазағым, сен қашанда тұғырдасың
Ән Аида
Аяужан: Міне, Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 23 жыл
болыпты. Тәуелсіздігіміз баянды болсын, ағайын!
Шұғыла: Ендеше, ең басты бақытымыз тәуелсіздік жылдарының 23 жыл бойы жеткен
жетістіктер шежіресіне ой жіберелік: /бұтаққа көк жалаушаларды бір-бірлеп ілу/
Тәуелсіздік ағашы
1. 1991 жылы 1- желтоқсанда республикада бүкіл халықтық президент сайлауы болып
өтті. Қазақ Кеңестік Социалдық Республиканың президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев сайланды.
2. 1991жыл Қазақстан жоғарғы кеңесі 1991жылы 16 - желтоқсан да Қазақстанды Тәуелсіз
Республика деп жариялады. Осы жылы 10 - қазан қазақ халқының тұңғыш ғарышкері
Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.
3. 1992жылы маусым айында Қазақстан БҰҰ - на мүше болды. Маусым айында Тәуелсіз
Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады.
4. 1993 жылы 28-қантарда Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы
қабылданды жане 1995жыл тамыздың 30да Референдунда ұсынылған жаңа Ата
Заңымыз бір ауыздан қабылданды
5. 1993 жыл қарашаның 15күні Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы теңге
айналымға енді
6. 1994 жылы ядролық қаруды тоқтату туралы келісім шартқа қол қойылды
7. 1996жыл 30қаңтарда Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы болды.
8. 1997жыл қуғын - сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды.
9. 1997жыл ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып жарияланды, осы жылы
Білім Заңы қабылданды.
10. 1998жыл Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы деп жарияланды. Елбасымыз Н. Ә.
Назарбаевтың Қазақстанның 2030 даму стратегиясы жарияланды. 6 - мамырда ел
Астанасы Ақмола қаласына көшті
11. 1999жыл 10қаңтар Президент сайлау нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев 7 - жыл мерзімге
Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
12. 2000жыл Мәдениетті қолдау жылы. Шежірелі Түркістанның 1500жылдығы тойланды.
13. Ел басымыз Н. Ә. Назарбаев 2001жылды Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10
жылдығы жылы деп жариялады.
14. 2006жыл! Желтоқсан оқиғасының 20жылдығы аталып өтті
15. 2011 жылы 30-қантар мен 7-ақпан аралығында VII Қысқы Азиада ойындары
халықтың спортқа деген қызығушылығын , салауатты өмір салтын ұстанатын, рухы
таза, жігері берік ел екендігін көрсетеді.
16. 2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру
барысында Астана EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын
болып таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады.
Аяужан:
Самал қағып сыңғырлап шертілгендей,
Дүбірді естіп боз тарлан желпінгендей.
Күмбірлеп қоңыр үнің естілгенде,
Көңілдің қара бұлты серпілгендей.
Шұғыла
Домбыра жүрегіммен үндес едің,
Өзіңмен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұра сен болмасаң
Өмірдің не екенін білмес едім, - деп ақын М.Мақатаев жырлағандай қазақ халқының небір ән
– күйлері мен жыр – дастандары кейінгі ұрпаққа осы домбыра арқылы жеткен. Олай болса,
кезекті күйші қыздарымызға берейік.
Күй ойналады
Аяужан:
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Шұғыла: Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі -дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің
23 жылдығына арналған оқушылардың шығармашылығына кез берейік.
Шыгармашылық Мадина Балжан
Би: «Ата толғауы»
Аяужан:Мен қазақпын мың өліп мың тірілген
Жүрегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.
Шұғыла:Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді айта бергім!
ҚАЗАҚСТАН:
Қ - Қасиет пен құт дарыған ел,
А - Аңсаған арманы орындалған ел.
З - Заман ағысынан қалмаған ел.
А - Азаттығын асқақтатқан ел.
Қ - Қаһарман, батырлар туған ел.
С - Сан ғасыр азап шеккен ел,
Т - Тәуелсіздік, егемендік алған ел.
А - Азаматын ардақтаған ел.
Н - Намысын сақтай білген ел!
Аяужан:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Шұғыла:
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Хор: «Қазақ елі»
Қорытынды.
Мұғалім:
Міне, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді
көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,
- дегенекен. Сондықтан, халқымыздыңбүгінгі уақытқа дейінгі жеткенжетістіктері өздеріңе
аманат. Сондай-ақ,еліміздің егемендігін танытатынресмиерекшелік белгілері: Ана тіліміз,
Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз,Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындайсақтапқана
қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ,мықты азамат
болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!
Слайд-1
ТәуелсізТәуелсіз ҚазақстанҚазақстанТәуелсізТәуелсіз ҚазақстанҚазақстан
Слайд-2
Слайд-3
Слайд-4
Слайд-5
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ
авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков
Слайд-7
Бәйтеректің таңғы және түнгі көрінісі
Слайд-8

More Related Content

What's hot

Сабақтың тақырыбы: Біздің Елбасы
Сабақтың тақырыбы: Біздің ЕлбасыСабақтың тақырыбы: Біздің Елбасы
Сабақтың тақырыбы: Біздің ЕлбасыАйбек Қуандықұлы
 
1 желтоқсан слайд
1 желтоқсан слайд1 желтоқсан слайд
1 желтоқсан слайдDan41k
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАС ҰРПАҚҚА САЛЫНҒАН САРА ЖОЛ
РУХАНИ  ЖАҢҒЫРУ –   ЖАС  ҰРПАҚҚА     САЛЫНҒАН  САРА  ЖОЛРУХАНИ  ЖАҢҒЫРУ –   ЖАС  ҰРПАҚҚА     САЛЫНҒАН  САРА  ЖОЛ
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАС ҰРПАҚҚА САЛЫНҒАН САРА ЖОЛssuser16ee1a
 
Желтоқсан желі
Желтоқсан желіЖелтоқсан желі
Желтоқсан желіBilim All
 
балғын шабыт өлеңдер жинағы
балғын шабыт өлеңдер жинағыбалғын шабыт өлеңдер жинағы
балғын шабыт өлеңдер жинағыAsem Sarsembayeva
 
ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС
ЗИЯТКЕРЛІК   САЙЫСЗИЯТКЕРЛІК   САЙЫС
ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСssuser16ee1a
 
тәуелсіздік презентация
тәуелсіздік презентациятәуелсіздік презентация
тәуелсіздік презентацияoquzaman
 
независимый казахстан сценарий
независимый казахстан   сценарийнезависимый казахстан   сценарий
независимый казахстан сценарийoquzaman
 
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз ҚазақстанТәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз ҚазақстанErjan Beisenhojaev
 

What's hot (20)

Сабақтың тақырыбы: Біздің Елбасы
Сабақтың тақырыбы: Біздің ЕлбасыСабақтың тақырыбы: Біздің Елбасы
Сабақтың тақырыбы: Біздің Елбасы
 
акме хандар туралы
акме хандар туралыакме хандар туралы
акме хандар туралы
 
БОЛАШАҚ – БІРЛІКТЕ!
БОЛАШАҚ – БІРЛІКТЕ!БОЛАШАҚ – БІРЛІКТЕ!
БОЛАШАҚ – БІРЛІКТЕ!
 
желтоқсан
желтоқсанжелтоқсан
желтоқсан
 
Мен - Қазақстан азаматымын
Мен - Қазақстан  азаматымынМен - Қазақстан  азаматымын
Мен - Қазақстан азаматымын
 
Moldsfg
MoldsfgMoldsfg
Moldsfg
 
1 желтоқсан слайд
1 желтоқсан слайд1 желтоқсан слайд
1 желтоқсан слайд
 
Мен елімнің ертеңімін
Мен елімнің ертеңімінМен елімнің ертеңімін
Мен елімнің ертеңімін
 
Тарих ғасырлар куәсі
Тарих ғасырлар куәсіТарих ғасырлар куәсі
Тарих ғасырлар куәсі
 
ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ ызғарлы
ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ ызғарлыЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ ызғарлы
ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ ызғарлы
 
1 желтоқсан президент күні слайд
1 желтоқсан президент күні слайд1 желтоқсан президент күні слайд
1 желтоқсан президент күні слайд
 
Төлеген Айбергенов
Төлеген АйбергеновТөлеген Айбергенов
Төлеген Айбергенов
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАС ҰРПАҚҚА САЛЫНҒАН САРА ЖОЛ
РУХАНИ  ЖАҢҒЫРУ –   ЖАС  ҰРПАҚҚА     САЛЫНҒАН  САРА  ЖОЛРУХАНИ  ЖАҢҒЫРУ –   ЖАС  ҰРПАҚҚА     САЛЫНҒАН  САРА  ЖОЛ
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАС ҰРПАҚҚА САЛЫНҒАН САРА ЖОЛ
 
Желтоқсан желі
Желтоқсан желіЖелтоқсан желі
Желтоқсан желі
 
балғын шабыт өлеңдер жинағы
балғын шабыт өлеңдер жинағыбалғын шабыт өлеңдер жинағы
балғын шабыт өлеңдер жинағы
 
ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС
ЗИЯТКЕРЛІК   САЙЫСЗИЯТКЕРЛІК   САЙЫС
ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС
 
Scenary 1
Scenary 1Scenary 1
Scenary 1
 
тәуелсіздік презентация
тәуелсіздік презентациятәуелсіздік презентация
тәуелсіздік презентация
 
независимый казахстан сценарий
независимый казахстан   сценарийнезависимый казахстан   сценарий
независимый казахстан сценарий
 
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз ҚазақстанТәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз Қазақстан
 

Similar to сейткалиева

«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptx
«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptx«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptx
«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptxBotaMalgazhdar1
 
tәuelsіzdіk-–-taң-nұry.pptx
tәuelsіzdіk-–-taң-nұry.pptxtәuelsіzdіk-–-taң-nұry.pptx
tәuelsіzdіk-–-taң-nұry.pptxssuser09e04d1
 
Менің отаным
Менің отанымМенің отаным
Менің отанымBilim All
 
N 1201 rs_1201_ltan_nazarbaev
N 1201 rs_1201_ltan_nazarbaevN 1201 rs_1201_ltan_nazarbaev
N 1201 rs_1201_ltan_nazarbaevaiko zh
 
рухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақаларухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақалаAsem Sarsembayeva
 
01239570013450211191508201239
0123957001345021119150820123901239570013450211191508201239
01239570013450211191508201239chinovnik
 
Егеменді болмай –ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмас
Егеменді болмай –ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмасЕгеменді болмай –ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмас
Егеменді болмай –ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмасАйбек Қуандықұлы
 
алматы мастер класс
алматы мастер классалматы мастер класс
алматы мастер классAsem Sarsembayeva
 

Similar to сейткалиева (18)

қазақстан 2050
қазақстан 2050қазақстан 2050
қазақстан 2050
 
Abay
AbayAbay
Abay
 
«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptx
«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptx«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptx
«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptx
 
tәuelsіzdіk-–-taң-nұry.pptx
tәuelsіzdіk-–-taң-nұry.pptxtәuelsіzdіk-–-taң-nұry.pptx
tәuelsіzdіk-–-taң-nұry.pptx
 
Менің отаным
Менің отанымМенің отаным
Менің отаным
 
зерттеу жобасы
зерттеу жобасызерттеу жобасы
зерттеу жобасы
 
sdsdsds
sdsdsdssdsdsds
sdsdsds
 
00006b51 90aabef1
00006b51 90aabef100006b51 90aabef1
00006b51 90aabef1
 
N 1201 rs_1201_ltan_nazarbaev
N 1201 rs_1201_ltan_nazarbaevN 1201 rs_1201_ltan_nazarbaev
N 1201 rs_1201_ltan_nazarbaev
 
Мусажанов Кунслям
Мусажанов КунслямМусажанов Кунслям
Мусажанов Кунслям
 
рухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақаларухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақала
 
01239570013450211191508201239
0123957001345021119150820123901239570013450211191508201239
01239570013450211191508201239
 
кушманова жансулу №15 ом
кушманова жансулу №15 омкушманова жансулу №15 ом
кушманова жансулу №15 ом
 
Егеменді болмай –ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмас
Егеменді болмай –ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмасЕгеменді болмай –ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмас
Егеменді болмай –ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмас
 
бесимбаева дина сарысу ауданы
бесимбаева дина сарысу ауданыбесимбаева дина сарысу ауданы
бесимбаева дина сарысу ауданы
 
Kaziev prezentation
Kaziev prezentationKaziev prezentation
Kaziev prezentation
 
виртуалды көрме
виртуалды көрмевиртуалды көрме
виртуалды көрме
 
алматы мастер класс
алматы мастер классалматы мастер класс
алматы мастер класс
 

More from Asem Sarsembayeva

современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитанияAsem Sarsembayeva
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентацияAsem Sarsembayeva
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығуларAsem Sarsembayeva
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктерAsem Sarsembayeva
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»Asem Sarsembayeva
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человекаAsem Sarsembayeva
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановнаAsem Sarsembayeva
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаеваAsem Sarsembayeva
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевнаAsem Sarsembayeva
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17Asem Sarsembayeva
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдAsem Sarsembayeva
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина мояAsem Sarsembayeva
 

More from Asem Sarsembayeva (20)

урок
урокурок
урок
 
конспект урока
конспект урокаконспект урока
конспект урока
 
современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитания
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентация
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулар
 
тренинг
тренингтренинг
тренинг
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктер
 
чуковский
чуковскийчуковский
чуковский
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человека
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановна
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаева
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевна
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевна
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевна
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17
 
шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.
 
магрупова
магруповамагрупова
магрупова
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайд
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина моя
 

сейткалиева

  • 1. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКАЯ ОБЛЫСЫ ОБЛАСТЬ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ГОРОД СЕМЕЙ БІЛІМ МЕКЕМЕСІ УЧРЕЖДЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ «АВИЦЕННА» МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕДИЦИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ КОЛЛЕДЖІ «АВИЦЕННА» Сыныптан тыс іс-шараның әдістемелік әзірлемесі «Желбірей бер, Тәуелсіздік байрағы!»
  • 2. Түсінік хат. Мемлекеттік тәуелсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл-ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі. Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт-тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды. Азаттық деген осынау қасиетті ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды. Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 23 жыл болыпты. Осы азғантай уақыттың ішінде елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктері ғасырға пара- пар. Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Тәрбие сағатында оқушылармен бірге осы тарихи сәттерді, тәуелсіздік шежіресіне тағы бір рет ораламыз.
  • 3. Тақырыбы: «Желбірей бер, Тәуелсіздік байрағы!» Сабақтың мақсаты: Тәрбиелік: Оқушыларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасын негізге ала отырып, патриоттық тәрбие беру. Сабақтың түрі:тәрбие сағаты Көрнекілігі:ҚР рәміздері, Ата заң, суреттер, шарлар, «Тәуелсіздік шежіресі», «Алматы 1986 Желтоқсан» кітаптары, «Тәуелсіздік хроникасы» жинағы, қанатты сөздер жазылған плакаттар: «Мәңгілік мақтан, Дауылпаз дастан – Қазақстан!», «Жасай бер, жаса, тәуелсіз ел –Қазақстан!», «Мен – Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!» Сабақтың міндеттері. Түсінігі болуы керек:  Ұлт жанашырларын, қайраткерлерін жадында сақтау  Тәуелсіз елдің тарихын білу Сабақтың әдісі:Баяндау, мәнерлеп оқу. Жоспары: І. Кіріспе (Мұғалім сөзі) ІІ. Тәуелсіз ел тарихы беттерінен қойылым (сахналау) Ән «Туған ел» ІІІ. Тәуелсіз ел шежіресі (Ағаш бұтақтарына жапырақтар жапсыра отырып елдің жетістіктерін баяндау) Қазақ биі ІV. Оқушылар шығармашылығынан: (мәнерлеп оқу) Күй попурри V. Қорытынды ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ БАРЫСЫ І. Кіріспе. Мұғалім сөзі: Мемлекеттік тәуелсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл- ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі. Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт-тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды. Азаттық деген осынау қасиетті ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды. Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 23 жыл болыпты. Осы азғантай уақыттың ішінде елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар болды. Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктері ғасырға пара- пар. Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Аяужан: Атыңнан айналайын егемен ел, Тәуелсіз күнің туды кенеле бер. Мерейің құтты болсын Қазақстан! Ғасырлар тойы болшы келе берер! Шұғыла: Мерекең құтты болсын егемен ел, Терезең барлық елмен тең ерен ел. Бабалар мәңгі бақи арман еткен, Теңдікті,бостандықты иеленгендер. Аяужан:Батырлықтың уызына жараған, Ер түркіні байрағынан таныған.
  • 4. Өзі ақын, өзі әнші халықта Кім айта алар болмаған деп әнұран (Әнұран орындалады) Аяужан: Азаттық, Теңдік. Тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады. Шұғыла: Абылай заманы – батырлар заманы. Найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен, қасық қаны қалғанша ел мен жер үшін айқасқан бабалар аманатын жалғастырған боздақтар қаншама! Ендеше тәуелсіз еліміздің тарихындағы кейбір сәттерге көз жүгіртейік: І көрініс: ЖОҢҒАР ХАНЫ ОРДАСЫНДА Жоңғар хан ордасы. Хан тақта отыр. Уәзір (Раушан): Ләппай, тақсыр! Қазақтар келіп тұр! Хан (Жансая): Кірсін! (бір топ қазақ елінің адамдары кіреді). Хан: Иә, қазақтар! Неменеге келдіңдер! Айтатындарыңды айтыңдар да, үйлеріңе қайтыңдар! Қазыбек: Біз қазақ деген елміз, Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз Елден құт - береке қашпасын деп, Жеріміздің шетін жау баспасын деп. Найзаға үкі таққан елміз. Досымызды сақтай білген елміз Дәм - тұзды ақтай білге елміз Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, Анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз, Сен қалмақ та, біз қазақ. Қарпысқалы келгенбіз, Қазақ, қалмақ баласы, Табысқалы келгенбіз, Табысуға көнбесең, Шабысқалы келгенбіз. Сен Қабылан да, біз Арыстан, Алысқалы келгенбіз. Жаңа үйреткен жас тұлпар Жарысқалы келгенбіз. Тұтқыр сары желімбіз Жабысқалы келгенбіз Сен темір де, біз көмір, Еріткелі келгенбіз, Берсең жөндеп бітіміңді айт, Не тұрысатын жеріңді айт! Хан: Балам, атың кім? Бала: Атым, Қазыбек, әкем - Келдібек би, ұлтым - қазақ, руым – Қаракесек. Хан: Ендеше, дауысың қаздың дауысындай қаңқылдап шығады екен, есімің қаз дауысты Қазыбек боп қайта жаңғырсын. (Хан шапалақ ұрады) Уәзір: Ләппай тақсыр! Хан: Қамаудағы қазақтарды босатыңдар! 1 - жүргізуші: Енді бізге қайта оралды заңғарлар! Сталиндік тозақтарда жанғандар! Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер,
  • 5. Ілиястар, Бейімбетер, Мағжандар! 2 - жүргізуші: Ақтаңдақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де, тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді. ІІ КӨРІНІС. Бес арыс бейнесіндегі бес баланы әскерлер алып шығады. Атуға дайындап тұрғызады да, Әскер: - Иә, соңғы сөзді іштеріңнен кім айтады? Міржақып Дулатов: Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты. Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп, Қарағым, енді жату жарамас-ты. (Мылтық даусы естіледі, құлайды) Мұңды музыка ойналады. 1 - жүргізуші: 1986 жылдың 16 желтоқсаны. 2 - жүргізуші: Қазақтың санасын сілкіндірген Желтоқсан ызғары жылдар бойы армен мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды. 1 - жүргізуші: Тарихым жатыр тасымда, Тіл қатып, келер ғасырға. 2 - жүргізуші: Азаттық дейтін ұғымның Желтоқсан тұр басында. ІІІ КӨРІНІС. Тергеуші: Кіргізіңдер! Қайрат Рысқұлбековты. (Әскери адамдар Қ. Рысқұлбеков бейнесіндегі оқушыны алып кіреді). Тергеуші: Ал, Рысқұлбеков әбден ойланып, ақылға келген шығарсың. Айтасың шындықты! Үндемейсің, иә! Ендеше, жазбаша жазып бер! Бол, тез! Жылдам! Оқушы (Қайрат бейнесіндегі): Елбең, елбең жүгірген. Ебелек отқа семіген. Арғымақ мінген жаратып, Ақ сауыт киген темірден. Алатаудай бабалар! Аруағыңмен жебей гөр! Күнәдан таза басым бар 21 - де жасым бар Қасқалдақтай қаным бар Бозторғайдай жаным бар Алам десең алыңдар, Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар Еркек тоқты құрбандық, Атам десең атыңдар! 1-жүргізуші: Қына көктеп қоңыр қырдың тасына, Бастағандай көгім бүгін ашыла. Еңсесі тік, тәуелсіз ел болдық біз, Бақыт қонды қазағымның басына. 2-жүргізуші: Көк байрақ иілмесін, жығылмасын, Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын. . Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп, Қазағым, сен қашанда тұғырдасың Ән Аида
  • 6. Аяужан: Міне, Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткелі 23 жыл болыпты. Тәуелсіздігіміз баянды болсын, ағайын! Шұғыла: Ендеше, ең басты бақытымыз тәуелсіздік жылдарының 23 жыл бойы жеткен жетістіктер шежіресіне ой жіберелік: /бұтаққа көк жалаушаларды бір-бірлеп ілу/ Тәуелсіздік ағашы 1. 1991 жылы 1- желтоқсанда республикада бүкіл халықтық президент сайлауы болып өтті. Қазақ Кеңестік Социалдық Республиканың президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 2. 1991жыл Қазақстан жоғарғы кеңесі 1991жылы 16 - желтоқсан да Қазақстанды Тәуелсіз Республика деп жариялады. Осы жылы 10 - қазан қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады. 3. 1992жылы маусым айында Қазақстан БҰҰ - на мүше болды. Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады. 4. 1993 жылы 28-қантарда Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы қабылданды жане 1995жыл тамыздың 30да Референдунда ұсынылған жаңа Ата Заңымыз бір ауыздан қабылданды 5. 1993 жыл қарашаның 15күні Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы теңге айналымға енді 6. 1994 жылы ядролық қаруды тоқтату туралы келісім шартқа қол қойылды 7. 1996жыл 30қаңтарда Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы болды. 8. 1997жыл қуғын - сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды. 9. 1997жыл ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып жарияланды, осы жылы Білім Заңы қабылданды. 10. 1998жыл Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы деп жарияланды. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстанның 2030 даму стратегиясы жарияланды. 6 - мамырда ел Астанасы Ақмола қаласына көшті 11. 1999жыл 10қаңтар Президент сайлау нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев 7 - жыл мерзімге Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды. 12. 2000жыл Мәдениетті қолдау жылы. Шежірелі Түркістанның 1500жылдығы тойланды. 13. Ел басымыз Н. Ә. Назарбаев 2001жылды Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы жылы деп жариялады. 14. 2006жыл! Желтоқсан оқиғасының 20жылдығы аталып өтті 15. 2011 жылы 30-қантар мен 7-ақпан аралығында VII Қысқы Азиада ойындары халықтың спортқа деген қызығушылығын , салауатты өмір салтын ұстанатын, рухы таза, жігері берік ел екендігін көрсетеді. 16. 2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. Аяужан: Самал қағып сыңғырлап шертілгендей, Дүбірді естіп боз тарлан желпінгендей. Күмбірлеп қоңыр үнің естілгенде, Көңілдің қара бұлты серпілгендей. Шұғыла Домбыра жүрегіммен үндес едің, Өзіңмен сырласымдай тілдесемін. Бабамнан қалған мұра сен болмасаң Өмірдің не екенін білмес едім, - деп ақын М.Мақатаев жырлағандай қазақ халқының небір ән – күйлері мен жыр – дастандары кейінгі ұрпаққа осы домбыра арқылы жеткен. Олай болса, кезекті күйші қыздарымызға берейік. Күй ойналады Аяужан:
  • 7. Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма Туған тілім шұбарланба жарқыра Тарихымызда таланттылар көбейсін Бас иемін ата баба рухына. Шұғыла: Үлгі бізге аталардың ерлігі Ұлағаты өнегесі еңбегі Тәуелсіздік туын ұстап жоғары Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі -дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған оқушылардың шығармашылығына кез берейік. Шыгармашылық Мадина Балжан Би: «Ата толғауы» Аяужан:Мен қазақпын мың өліп мың тірілген Жүрегімде таныстым мұң тіліммен. Жылағанда жүрегім күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн тірілген. Шұғыла:Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін, Қайта тудым өмірге қайта келдім Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске, Айта бергім келеді айта бергім! ҚАЗАҚСТАН: Қ - Қасиет пен құт дарыған ел, А - Аңсаған арманы орындалған ел. З - Заман ағысынан қалмаған ел. А - Азаттығын асқақтатқан ел. Қ - Қаһарман, батырлар туған ел. С - Сан ғасыр азап шеккен ел, Т - Тәуелсіздік, егемендік алған ел. А - Азаматын ардақтаған ел. Н - Намысын сақтай білген ел! Аяужан: Қасиетті Қазақстан мекенім, Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, Болашағым, өнер - білім, өркенім. Шұғыла: Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма Туған тілім шұбарланба жарқыра Тарихымызда таланттылар көбейсін Бас иемін ата баба рухына. Хор: «Қазақ елі» Қорытынды. Мұғалім: Міне, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев: Өткеніңді еске алсаң, Өскеніңнің белгісі. Өткеніңді ұмытсаң, Өшкеніңнің белгісі, - дегенекен. Сондықтан, халқымыздыңбүгінгі уақытқа дейінгі жеткенжетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ,еліміздің егемендігін танытатынресмиерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз,Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындайсақтапқана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ,мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!
  • 10. Слайд-5 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков Слайд-7 Бәйтеректің таңғы және түнгі көрінісі