Ride the Storm: Navigating Through Unstable Periods / Katerina Rudko (Belka G...
0127 01
1.
2. Бірлік пен келісім
1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні
Мақсаты:
Халықтар арасындағы достықты нығайту, осы
мақсатта студенттердің достық қарым-
қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру,
Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз
үлестерін қосуға баулу
3. «Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам
қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік
жасаудан жалықпаған. Бүгін Қазақстан
халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін
тойлап жатыр. «Береке бастауы бірлік, ел
іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін
бұл мейрамның орны ерек.
Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан
аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт
пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта
тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік
пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын
тойлайды.
Бірлік болмай тірлік болмас
4. Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні
бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті
жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір,
тілі басқа болғаны мен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты,
достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық
құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының
қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше
бағалайды, бастысы өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық
ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.
5. Бірлік күні жайлы не білеміз?
• Қазақстан халқының бірлігі күні — Қазақстанда жыл
сайын тойланатын мереке.
• Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18
қазанында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтің жарлығы бойынша
• 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні деп
жарияланды.
• Қазақстанның саяси қайраткерлерінің пікірі бойынша,
ұлтаралық және дінаралық келісімнің сақталуы, олар
жүргізіп жатқан саясатының басты қағидаларының бірі
болып табылады.