13. Ұлы жеңіске арналады
Алапат соғыс болған бұл өмірде,
Ана мен бала айрылған ол күндерде.
Оянып намыстары ұл-қыздардың
Ел қорғауға жұмылып аттанады.
Қызыл қанға боялды жер расында,
Қызу-қанды соғыс болды табанда.
Жауыздардың қасындағы азғындар
Отанын сатты, жауы болды өз халқының
Қазірде бәріміз бақыттымыз,
Күлеміз, ойнаймыз, шат жүреміз.
Осы күнге жеткізген батырларға
Алғысты көркемдеп жеткіземіз.
Ол – соғыста құрбан болы талай қазақ,
Енді міне жауымыздан болдық азат.
Ардагерлер жыр қылып, жүрген – соғыс
Жеңіспен аяқталды міне бақыт.
Алғысымды жеткіземін батырларға,
70 жыл болды аяқталған бұл соғысқа.
Мына өмірде енді соғыс болмасын
Халық көп жапа шекті онсыздағы!
Жеңістің 70 жылы құтты болсын! Шаттаныңыз.
Құттықтаймын барша жанды. Құтты болсын!
Ол қайғылы жылдарың артта қалып,
Жаңа ұрпақ, жаңа өмірге аяқ бассын.