The document provides details about a lesson plan on the first president of Kazakhstan, Nursultan Nazarbayev. The aims of the lesson are to provide students with comprehensive knowledge about Nazarbayev's contributions to society and government and his economic and political reforms. The lesson will be conducted in groups and include discussions, presentations, and visual aids like photos of the president and slides. Key facts about Nazarbayev's early life, career, accomplishments, and symbolic representations like the presidential flag and emblem will be covered.
2. Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-
қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға
және қоршаған ортамен дос болуға үйрету,
коммуникативті өрісті дамыту.
Міндеті:
1. Адам қарым-қатынасындағы достық ұғымы туралы
түсінік беру;
2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға
ықпал ету.
3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке,
шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
3. Сабақтың барысы:
Кіріспе әңгіме:
Сабағымызды бастамастан бұрын тренинг
ережелерімен танысайық.
І. Тренинг ережелері.
1. Бір-бірін сыйлау.
2. Көңілді болу.
3. Ұзақ уақыт сөйлемеу.
4. Бір-біріне қамқоршы болу.
Осы ережелермен келісесіздер ме?
Танысу тренингі.
Өз есіміңізге сын есім қосып танысайық.
4. II. Шаттық шеңбері.
Бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық.Енді бүгінгі
күніміздің тамаша өтуіне арнап «Достарым»
әнін айтайық.
Дос болайық бәріміз,
Жарассын достық әніміз.
Иықтасып жүрейік,
Қиындықта, кәне,біз. ( қимылмен көрсету )
5. ІІІ. Қызығушылықтарын ояту
- Балалар, мына тағамды татып көріңдерші, дәмі
туралы не айтар едіңдер?
( дәмсіз, тұзсыз)
- Балалар, ендеше өмірде доссыз адамды да осы
тағамға ұқсатуға болады. Доссыз адамның өмірінің
мәні, сәні болмайды, тағамның тұзсыз дәмі
болмаған секілді.
- «Доссыз адам – тұзсыз тағам!» - деп, бекерге
айтылмаған. Ендеше бүгінгі сабағымыздың
тақырыбы қандай болады деп ойлайсыздар?
- Дұрыс балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы
« Адал достық»
6. IV. Ассоциация қабылдау сезімі.
Жаңа біз сіздермен «Доссыз адам – тұзсыз тағам»
дедік.
Ендеше, « ДОС » сөзіне дәм кіргізейікші, дос қандай
болу керек?
- Балалар, алдымызда күннің көзі, күннің көзіне не
жетіспейді?(сәулелер)
- Ал, енді бұл күннің көзін достық шуақтарымен
толтырайық.
7.
8. V. Мәтінмен жұмыс. Екі дос. (Ел аузынан)
Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс
қағысып дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың
қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен
азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға
түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп,
жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер
өзін қолбасшыға апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған
айырбастап берер мал мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды
босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, - дейді.
Қолбасшы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін
ғана берсең болады, - дейді.
- Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.
- Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын.
- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді.
Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып,
күлімдеп келе жатады.
Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп,
қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады» - деп
түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.
-Осы әңгімеде қандай достық туралы айтылады?
(Екі жауынгердің адал достығы туралы айтылады)
9. VI. Дәйексөз.
- Балалар, бүгінгі тақырыбымыздың дәйексөзі
«Айнымас досы бар адам-ең бақытты адам » осы
дәйексөзді қалай түсінесіңдер?
10. VII. «Достық туралы мақал - мәтелдер айту».
-
Мақал-мәтелдер
1. Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас.
2. Досың мың болса да – аз,
Дұшпаның біреу болса да – көп.
3. Досыңменен дос болғанға шаттан
Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.
4. Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.
5. Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды.
6. Досы көпті жау алмайды,
7. Досың көзіңде болғанша,көңіліңде болсын
8. Жүз теңгең болғанша,
Жүз досың болсын.
9.Шын дос үшін қалайда,
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда,
Досыңменен қасыңды.
10.Өрге жүзген өнегелі ісіңмен,
Адал дос тап, тең құрбыңның ішінен.
11. Күлме досқа, келер басқа.
11. VIII. Социометрия әдісі.
Мақсаты: Балалардың ұжымдағы өзара қарым-қатынасын
анықтау, алынған мәліметтерді оқу-тәрбие жұмыстарында
қолдану, топ ішінде психологиялық қолайлы жағдай орнату.
Нұсқау: Балалар, берілген сұрақтарға жауап жазыңдар.
1.Кіммен дос болғың келеді?
2. Партада кіммен бірге отырғың келеді?
3. Мерекелерде кімге сыйлық бергің келеді?
4 .Досың бар ма? Ол кім?
5. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
6. Достық жасқа байланысты ма?
7. Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?
8. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?
9. Досыңның басына қиындық түссе не істейсің?
10. Дос қандай болу керек?
- Балалар сондықтан достықты ешқашан сатуға, сындыруға
болмайды, достықтарыңа берік болыңдар. Бір-бірімізге жылы
тілектермен, мейірімді сөздермен осы достық гүлімізді
сыйлайық.
12. XIII. Жағдаятты шешу.
1. Сенің жаңа досың бұрынғы досыңды тастап,
өзіңмен ғана дос болуды қалайды? Сенің өз пікірің?
2. Досың сенің үйіңе қонаққа келді, оған саған ағаң
сыйлаған әдемі сувенир ұнады. Қайта-қайта
сувенирді қызықтаумен болды. Сенің іс-әрекетің?
3. Саған досың өкпелі, неге екенін білмейсің, екі күн
болды, ол сені көрсе үндемей, қашқақтайды. Сенің
іс-әрекетің?
4. Жақын досың сенің жақсы көретін көйлегіңді
үтікке күйдіріп алды. Сенің іс-әрекетің?
13. IХ. Өміршеңдік ережесі.
Әр адамның ережесі-өз жүрек қалауымен жүру және батыл
әрекет жасау.Сол сияқты иығыңды тіктеп , жарқын көңілмен
іштей табысқа жетуге талаптанып,
өміршеңдік ережелерін айтайық.
Жігер деген – Мен.
Күш деген – Мен.
Махаббат деген – Мен.
Кешірім деген – Мен.
Құдырет деген – Мен.
Жасөспірім деген – Мен.
Жастық деген – Мен.
Даналық деген – Мен.
Денсаулық деген – Мен.
Жарқындық деген – Мен.
Бар ғажайып деген – Мен.
Бәрі маған байланысты.
Бәрі менің қолымда !!! – деп өзіңізді сендіріңіз.
14. Жылы жүрек - жақсы тілек
қолдарындағы жүректі бір - бірлеріне жалғай отырып
тілектер айту.
- Бәріміз дос болайық!
- Достарымызға қайырымды болайық!
- Достық көңілдер мөлдір бұлақтай таза болсын !
- Аспанымыз ашық болсын!
- Достармен тату болайық!
- Деніміз сау болсын!
- Достығымыз берік болсын!
- Достарға мейірімді бола білейік!
- Бейбітшілік болсын!
- Әрқашан күн сөнбесін!
- Күніміз жарық болсын!
- Отбасымыз аман болсын!
- Достарымыз көп болсын!
15. X. Қорытынды.
Әрине, доссыз өмір – өмір емес,
Әрине, доссыз көңіл – көңіл емес.
Доссыз сен ассаң -дағы биік белес,
Бұлардың барлығы да болар елес.
Дос болғанға жүрегімде орын бар,
Доссыз болсаң төбен бұлтты, астың жар.
Доссыз болсаң қызық болмас қуан жүз,
Алдың от боп, артың сенің болар мұз.
Достар болған асқар биік таулардай,
Достар болған, дұшпан алмас ормандай,
Достар болған қара қылды жарғандай,
Азулары алты қырыс арландай.
Достар болған бірін-бірі сыйлайтын,
Алыс кетсе бірін-бірі қимайтын.
Бірі жоқта екіншісі құлазып,
Сағыныштан бұл дүниеге сыймайтын.
16.
XI. «Достық» ережесі.
• Қиын кездерде бір - біріне көмек көрсетіңдер.
• Досыңды алдамай, оған адал бол.
• Досыңды қорлама.
• Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
• Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
• Досыңның кемшілігін кешіре біл.
Достық - бұл үлкен ұғым.Сендердің тату достықты
қалаған кішкентай жүректеріңдегі қуаныш, үміт шоғы
өмір бойы сөнбесін , осы шырақтай сәуле шашып жана
берсін. Мейірімді жанарларыңнан тараған шапағат нұры
шырақтан тараған жылудай жер дүниені жылытсын деп
тілеймін.
Осы ізгі тілек, игі ниеттерің орындалсын деген үмітте,
«Достық» атты әнмен бүгінгі сабағымызды
қорытындылайық.