SlideShare a Scribd company logo
1 of 7
«Мейірімділік – асыл қасиет»
Мақсаты: Білімділік: балалардың «мейірімділік»,
«қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін
кеңейту;дамытушылық: оқушылардың психологиялық ой-өрісін,
ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге
үйрету;тәрбиелік: оқушыларды
мейірімділікке,қайырымдылыққа,кішіпейілдікке тәрбиелеу.
Міндеттері: -мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын
түсіндіру;
-өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;
-мейірбандылыққа тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
Мұғалім: -Саламатсыздар ма құрметті оқушылар және ұстаздар!
Бүгінгі біздің өзін-өзі тану пәнінен «Мейірімділік-асыл қасиет»
тақырыбындағы ашық сабағымызға қош келдіңіздер.Сабағымызды
бастау үшін балалар барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық. Енді
балалар менің айтқанымды қайталап қимылмен көрсетеміз. (баяу
музыка қосылып тұрады)
Мұғалім:
-Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді)
Қуанасың сен де, (көршісін көрсетеді)
Қуанайық достарым, (қолдарынан ұстайды)
Арайлап атқан күнге. (қолдарын көтереді)
Мұғалім: -Балалар бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп қол
соғып қояйық.
Үй тапсырмасын тексеру: -Балалар сендерге үйге тапсырма
«Текті болсаң,тегіңді біл» тақырыбы бойынша дайындалып келу
керек болатын. 7 атаны білу,тақырыпқа сай сурет және өлең
шумағын жаттау.
Жаңа сабақ: -Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы
«Мейірімділік-асыл қасиет», Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы
қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың
бір-біріне деген мейір шапағаты -әдептілік белгісі , сол туралы
білеміз.
Әңгімелесу Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын таныстыру
мен оның мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелесу жүргізеді.
«Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атар өтсек: жақсы адам,
ақкөңіл, жаны таза, шыдамды, рақымшыл, жылы жүректі. Енді
осындай адам деп кімді айтар едіңдер?
– Әрине мейірімді жандардың қатарында ең бірінші біздің
аналарымыз тұрады екен.
– Адамзат ненің,кімнің мейіріміне бөленген?
– Күн, табиғат, ана, ұстаз, дәрігер және тағы басқалардың
мейіріміне бөленеді. Ендеше мына сұрақтарға жауап беріп
көрейікші:
«Мейірімді адам» дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай адамды
мейірімді адам деп айтасыңдар? Балалардың жауаптары
тыңдалады.
«Мейірімділік шуағы» сөзін топтастыру(Тақтаға оқушылар осы
сөздің мағынасын ашатын сөздерді қойып шығады)
жақсы адам ақкөңіл жаны таза бірлік
жарастық махаббат
шыдамды Мейірімділік шуағы
рақымшыл
ынтымақ бауырмалдық
жылы жүректі сүйіспеншілік қамқорлық достық.
«Мейірімділік» өлеңін оқу: (мұғалім)
Мейірімділік – ғажайып өмір есігі,
Мейірімді болсаң – сазды әуенмен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.
Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,
Қайтарма қолын, ананың көмек сұраған.
Оу, адамзат, сіңірген бойға мейірімді,
Өтініп соны, сіздерден әркез сұранам.
Мейірімді ізде, таза, аңғал жүректен,
Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.
Мейірім ана бойында сіңірген бойға, мойында,
Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.
-Сурет бойынша жұмыс
Тыныштық сәті (Үнтаспадан арнайы әуен естіледі) Балаларға
мейірімділік сезімін сезіну мақсатында тыныштық сәті
ұйымдастырылады.
Мұғалім: Балалар, көзімізді жұмып, біраз демалып жақсы істерді
көз алдымызға елестетейік. Біз қазір керемет, әрі сиқырлы,
мейірімділік пен сүйіспеншілікке, ізгілікке толы әлемге саяхат
жасаймыз.
Бұл әлемнің ауасы тым таза, жұпар иісті. Бәріміз сол әлемге қарай
қадам басайық. сүйспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры бізге
қонып, жан – дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады. Адамдар
бір – біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап жатса, қандай
жақсы болар еді!
Қайтатын уақыт жетті, сиқырлы әлеммен қоштас отырып,
мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала кетейік. Енді балалар
көздеріңді ашыңдар
Мұғалім: Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық
ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.
Енді балалар мен қазір сендерге «Сары тауық пен балапандары»
деген әңгіме бар, сол әңгімені оқып берейін,мына тақта арқылы
көреміз, қазір барлығымыз осы тақтаға назар аударайық. (Әңгіме
балаларға көрнекілік түрінде көрсетіледі)
-М.Төрежанов-авторымен таныстыру, әңгімені оқу
Сұрақтар:
1. Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге
баулыды?
2. Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?
3. «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай
түсінесіңдер?
4. Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге
бөлендіңдер?(балалар жауабы)
Мұғалім:
-Сары тауық өзінің бойында бар, қандай жақсы қасиеттерді
балапанына үйретті? Сол жақсы қасиеттерді балапанның бойына
жабыстырамыз, ал қандай жағымсыз қасиеттер балапанның
бойында болмау керек соларды себетке саламыз. –кесте б-ша
«Болады-болмайды» тренингі
(оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда
оқушылар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын
нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды)
-Мейірімді болуға …. (болады), Кешірімді болуға ….
(болады),
Қатыгез болуға …. (болмайды), Тәртіпті болуға ….
(болады),
Әдепті болуға …. (болады), Ұрысқақ болуға….
(болмайды),
Сыпайы болуға …. (болады), Қайырымды болуға ….
(болады),
Бұзық болуға …. (болмайды), Бауырмал болуға ….
(болады),
Ақылды болуға ….. (болады), Мақтаншақ болуға ….
(болмайды),
Шыншыл болуға …. (болады), Арам болуға ….
(болмайды),
Маман болуға …. (болады), Жаман болуға ….
(болмайды),
Айтпақшы, Жаман болуға ….!
(болмайды).
Мұғалім: -Балалар жаңа өздерің көргендей сары тауық
балапандарына бір-біріне адал, қамқор,мейірімді болуды үйретіп
жатыр, ал сендерге балалар жақсы болуды, мейірімді болуды кім
үйретеді?(оқушылар жауабы)
– Дұрыс балалар, сендерге мейірімді болуды мектепте ұстаздарың,
үйде аналарың үйретеді. Ендеше сол өзіміздің аналарымыз
туралы айтайық, ол қандай адам? (баяу музыка ойнап тұрады)
топтастыру.
кішіпейіл мейірімді бауырмал
сыпайы Ана кешірімді
әдепті жақсы жанашыр
Дәйексөз: Мұғалім тақтадағы «Мейірімділікті анадан үйрен»
деген халық даналығын жазып қояды және оның мәнін
түсіндіреді. Ана – халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз
табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші – Ана. Ал
барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда
болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы
сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген
мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында.
Тапсырма:«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына
қою керек. (баяу музыка ойнап тұрады)
Күлімдеген …. мейірімді. (күн) Кіршіксіз ақ …. мейірімді! (қар)
Таза мөлдір…. мейірімді! (су) Бәрімізді көтеріп түрған ….
мейірімді! (жер)
Аяулы …. мейірімді! (анам) Қадірлі …. мейірімді! (әкем)
Әлпештеген …. мейірімді! (әжем) Еркелеткен …. мейірімді!
(атам)
Жылы жүзді …. мейірімді! (ұстазым) Тату-тәтті …. мейірімді!
(достарым)
Жағдаяттарды шешу:
1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның
ролигі жоқ, сенің әрекетің?
2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат
тасушы апай шықты , сен не істер едің?
3-жағдаят: Сенің анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып
кетті,сенің әрекетің?
4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты,
сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары
шашылып қалды, сен не істер едің?
Мұғалім: -Балалар сендер өздеріңді мейірімді баламын деп
санайсыңдар ма? Ендеше бәріміз бірге «Мейірімділік ағашын»
өсірейік, ол үшін сендер өздеріңді не үшін мейірімді
санайтындарыңды айтып, «мейірімділік ағашына» жемістерді
ілеміз.
Сабақты бекіту: -Балалар бүгін сабақта адам бойындағы тағы бір
асыл қасиет мейірімділік туралы білдіңдер? Осы сабақта өздеріңе
не алдыңдар, не үйрендіңдер? (оқушылар жауабы)
-Дұрыс балалар, адамдар бір-біріне әрқашан қамқоршы, адал,
қиын жағдайда қол ұшын беруі керек, әр күнін күлімдеп қарсы
алып, өзін қоршаған адамдарға,бауырларына мейірімділік таныта
білуі керек.
Үйге тапсырма: -«Мейірімділік» кестесін толтырыңдар. Бірінші
бағанға-мейірімді істерді, екінші бағанға-мейірімді адамның
қасиеттерінің тізімдемесін жасаңдар. «Мен мейірімді баламын»
тақырыбында шағын әңгіме жазып келіңдер.
Бағалау: -Балалар сіздер бүгін сабаққа барлығыңыз өте жақсы
қатыстыңыздар, сондықтан мен сендерге алғысымды айтып,
«мейірімділік гүлін» сыйлағым келіп тұр. (оқушыларға түрлі-түсті
қағаздардан қиылған гүлдер беріледі)
Жүректен- жүрекке Мұғалім: «Жылы сезім жүректерде
сақталады, Мейірімділік тек жүректен басталады».- деп балаларды
жүректен жүрекке шеңберіне шақырдым. Балалар шеңбер құрып
тұрады. Бір – біріне деген жақсы тілектерін білдіреді , мысалы
«Ажар сен ғажайыпсың, Абылай сен ақкөңілсің т.б».
Балалар бәрі қосылып: «Балалардың мейірімді жүрегі,Сіздерге
бақыт, шаттық тілейді» – деп қонақтарға өздері жасаған
жүрекшелерді ұсынды.
Рахмет осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар.

More Related Content

Similar to мейірімділік

6 ынып ашық сабақ
6 ынып ашық сабақ6 ынып ашық сабақ
6 ынып ашық сабақoquzaman
 
Ана туралы (қазақша)
Ана туралы (қазақша)Ана туралы (қазақша)
Ана туралы (қазақша)Beisek Serikbay
 
алемди тербеткен мейрм 5 сын
алемди тербеткен мейрм 5 сыналемди тербеткен мейрм 5 сын
алемди тербеткен мейрм 5 сынip_sabirov
 
алемди тербеткен мейрм 5 сын
алемди тербеткен мейрм 5 сыналемди тербеткен мейрм 5 сын
алемди тербеткен мейрм 5 сынip_sabirov
 
майданова толкын канатовна
майданова толкын канатовнамайданова толкын канатовна
майданова толкын канатовнаAsem Sarsembayeva
 
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
2025ььььььььььььььььььььььььььььььоооnurlan93kz
 
303ллоршгршг
303ллоршгршг303ллоршгршг
303ллоршгршгnurlan93kz
 
мейірімділік слайд
мейірімділік слайдмейірімділік слайд
мейірімділік слайдAsem Sarsembayeva
 

Similar to мейірімділік (20)

6 ынып ашық сабақ
6 ынып ашық сабақ6 ынып ашық сабақ
6 ынып ашық сабақ
 
өзін өзі тану ашық сабақ
өзін өзі тану ашық сабақөзін өзі тану ашық сабақ
өзін өзі тану ашық сабақ
 
отбасы(1)
отбасы(1)отбасы(1)
отбасы(1)
 
өзін өзі тану ашық сабақ
өзін өзі тану ашық сабақөзін өзі тану ашық сабақ
өзін өзі тану ашық сабақ
 
Ана туралы (қазақша)
Ана туралы (қазақша)Ана туралы (қазақша)
Ана туралы (қазақша)
 
төзім мен табандылық
төзім мен табандылықтөзім мен табандылық
төзім мен табандылық
 
Мейірімге толы жүрек
Мейірімге толы жүрекМейірімге толы жүрек
Мейірімге толы жүрек
 
алемди тербеткен мейрм 5 сын
алемди тербеткен мейрм 5 сыналемди тербеткен мейрм 5 сын
алемди тербеткен мейрм 5 сын
 
алемди тербеткен мейрм 5 сын
алемди тербеткен мейрм 5 сыналемди тербеткен мейрм 5 сын
алемди тербеткен мейрм 5 сын
 
ашық сабақ
ашық сабақашық сабақ
ашық сабақ
 
коктем
коктемкоктем
коктем
 
666
666666
666
 
19102012
1910201219102012
19102012
 
майданова толкын канатовна
майданова толкын канатовнамайданова толкын канатовна
майданова толкын канатовна
 
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
 
tttttttttttt
tttttttttttttttttttttttt
tttttttttttt
 
жайлау тех карта
жайлау тех картажайлау тех карта
жайлау тех карта
 
303ллоршгршг
303ллоршгршг303ллоршгршг
303ллоршгршг
 
мейірімділік слайд
мейірімділік слайдмейірімділік слайд
мейірімділік слайд
 
гулжиханпп
гулжиханппгулжиханпп
гулжиханпп
 

More from Asem Sarsembayeva

современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитанияAsem Sarsembayeva
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентацияAsem Sarsembayeva
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығуларAsem Sarsembayeva
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктерAsem Sarsembayeva
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»Asem Sarsembayeva
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человекаAsem Sarsembayeva
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановнаAsem Sarsembayeva
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаеваAsem Sarsembayeva
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевнаAsem Sarsembayeva
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17Asem Sarsembayeva
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдAsem Sarsembayeva
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина мояAsem Sarsembayeva
 

More from Asem Sarsembayeva (20)

урок
урокурок
урок
 
конспект урока
конспект урокаконспект урока
конспект урока
 
современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитания
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентация
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулар
 
тренинг
тренингтренинг
тренинг
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктер
 
чуковский
чуковскийчуковский
чуковский
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человека
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановна
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаева
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевна
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевна
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевна
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17
 
шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.
 
магрупова
магруповамагрупова
магрупова
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайд
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина моя
 

мейірімділік

  • 1. «Мейірімділік – асыл қасиет» Мақсаты: Білімділік: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;дамытушылық: оқушылардың психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету;тәрбиелік: оқушыларды мейірімділікке,қайырымдылыққа,кішіпейілдікке тәрбиелеу. Міндеттері: -мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; -өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту; -мейірбандылыққа тәрбиелеу. Шаттық шеңбері Мұғалім: -Саламатсыздар ма құрметті оқушылар және ұстаздар! Бүгінгі біздің өзін-өзі тану пәнінен «Мейірімділік-асыл қасиет» тақырыбындағы ашық сабағымызға қош келдіңіздер.Сабағымызды бастау үшін балалар барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық. Енді балалар менің айтқанымды қайталап қимылмен көрсетеміз. (баяу музыка қосылып тұрады) Мұғалім: -Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді) Қуанасың сен де, (көршісін көрсетеді) Қуанайық достарым, (қолдарынан ұстайды) Арайлап атқан күнге. (қолдарын көтереді) Мұғалім: -Балалар бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп қол соғып қояйық. Үй тапсырмасын тексеру: -Балалар сендерге үйге тапсырма «Текті болсаң,тегіңді біл» тақырыбы бойынша дайындалып келу керек болатын. 7 атаны білу,тақырыпқа сай сурет және өлең шумағын жаттау. Жаңа сабақ: -Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Мейірімділік-асыл қасиет», Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың
  • 2. бір-біріне деген мейір шапағаты -әдептілік белгісі , сол туралы білеміз. Әңгімелесу Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын таныстыру мен оның мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелесу жүргізеді. «Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атар өтсек: жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды, рақымшыл, жылы жүректі. Енді осындай адам деп кімді айтар едіңдер? – Әрине мейірімді жандардың қатарында ең бірінші біздің аналарымыз тұрады екен. – Адамзат ненің,кімнің мейіріміне бөленген? – Күн, табиғат, ана, ұстаз, дәрігер және тағы басқалардың мейіріміне бөленеді. Ендеше мына сұрақтарға жауап беріп көрейікші: «Мейірімді адам» дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай адамды мейірімді адам деп айтасыңдар? Балалардың жауаптары тыңдалады. «Мейірімділік шуағы» сөзін топтастыру(Тақтаға оқушылар осы сөздің мағынасын ашатын сөздерді қойып шығады) жақсы адам ақкөңіл жаны таза бірлік жарастық махаббат шыдамды Мейірімділік шуағы рақымшыл ынтымақ бауырмалдық жылы жүректі сүйіспеншілік қамқорлық достық. «Мейірімділік» өлеңін оқу: (мұғалім)
  • 3. Мейірімділік – ғажайып өмір есігі, Мейірімді болсаң – сазды әуенмен тербетілер бесігің. Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің, Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім. Қол ұшын бер жетімдерге жылаған, Қайтарма қолын, ананың көмек сұраған. Оу, адамзат, сіңірген бойға мейірімді, Өтініп соны, сіздерден әркез сұранам. Мейірімді ізде, таза, аңғал жүректен, Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен. Мейірім ана бойында сіңірген бойға, мойында, Өмірге мына жылылықпен гүл еккен. -Сурет бойынша жұмыс Тыныштық сәті (Үнтаспадан арнайы әуен естіледі) Балаларға мейірімділік сезімін сезіну мақсатында тыныштық сәті ұйымдастырылады. Мұғалім: Балалар, көзімізді жұмып, біраз демалып жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, ізгілікке толы әлемге саяхат жасаймыз. Бұл әлемнің ауасы тым таза, жұпар иісті. Бәріміз сол әлемге қарай қадам басайық. сүйспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры бізге қонып, жан – дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады. Адамдар бір – біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап жатса, қандай жақсы болар еді! Қайтатын уақыт жетті, сиқырлы әлеммен қоштас отырып, мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала кетейік. Енді балалар көздеріңді ашыңдар Мұғалім: Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.
  • 4. Енді балалар мен қазір сендерге «Сары тауық пен балапандары» деген әңгіме бар, сол әңгімені оқып берейін,мына тақта арқылы көреміз, қазір барлығымыз осы тақтаға назар аударайық. (Әңгіме балаларға көрнекілік түрінде көрсетіледі) -М.Төрежанов-авторымен таныстыру, әңгімені оқу Сұрақтар: 1. Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды? 2. Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді? 3. «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер? 4. Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер?(балалар жауабы) Мұғалім: -Сары тауық өзінің бойында бар, қандай жақсы қасиеттерді балапанына үйретті? Сол жақсы қасиеттерді балапанның бойына жабыстырамыз, ал қандай жағымсыз қасиеттер балапанның бойында болмау керек соларды себетке саламыз. –кесте б-ша «Болады-болмайды» тренингі (оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды) -Мейірімді болуға …. (болады), Кешірімді болуға …. (болады), Қатыгез болуға …. (болмайды), Тәртіпті болуға …. (болады), Әдепті болуға …. (болады), Ұрысқақ болуға…. (болмайды), Сыпайы болуға …. (болады), Қайырымды болуға …. (болады), Бұзық болуға …. (болмайды), Бауырмал болуға …. (болады),
  • 5. Ақылды болуға ….. (болады), Мақтаншақ болуға …. (болмайды), Шыншыл болуға …. (болады), Арам болуға …. (болмайды), Маман болуға …. (болады), Жаман болуға …. (болмайды), Айтпақшы, Жаман болуға ….! (болмайды). Мұғалім: -Балалар жаңа өздерің көргендей сары тауық балапандарына бір-біріне адал, қамқор,мейірімді болуды үйретіп жатыр, ал сендерге балалар жақсы болуды, мейірімді болуды кім үйретеді?(оқушылар жауабы) – Дұрыс балалар, сендерге мейірімді болуды мектепте ұстаздарың, үйде аналарың үйретеді. Ендеше сол өзіміздің аналарымыз туралы айтайық, ол қандай адам? (баяу музыка ойнап тұрады) топтастыру. кішіпейіл мейірімді бауырмал сыпайы Ана кешірімді әдепті жақсы жанашыр Дәйексөз: Мұғалім тақтадағы «Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді. Ана – халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші – Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында. Тапсырма:«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек. (баяу музыка ойнап тұрады) Күлімдеген …. мейірімді. (күн) Кіршіксіз ақ …. мейірімді! (қар)
  • 6. Таза мөлдір…. мейірімді! (су) Бәрімізді көтеріп түрған …. мейірімді! (жер) Аяулы …. мейірімді! (анам) Қадірлі …. мейірімді! (әкем) Әлпештеген …. мейірімді! (әжем) Еркелеткен …. мейірімді! (атам) Жылы жүзді …. мейірімді! (ұстазым) Тату-тәтті …. мейірімді! (достарым) Жағдаяттарды шешу: 1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің? 2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай шықты , сен не істер едің? 3-жағдаят: Сенің анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің? 4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің? Мұғалім: -Балалар сендер өздеріңді мейірімді баламын деп санайсыңдар ма? Ендеше бәріміз бірге «Мейірімділік ағашын» өсірейік, ол үшін сендер өздеріңді не үшін мейірімді санайтындарыңды айтып, «мейірімділік ағашына» жемістерді ілеміз. Сабақты бекіту: -Балалар бүгін сабақта адам бойындағы тағы бір асыл қасиет мейірімділік туралы білдіңдер? Осы сабақта өздеріңе не алдыңдар, не үйрендіңдер? (оқушылар жауабы) -Дұрыс балалар, адамдар бір-біріне әрқашан қамқоршы, адал, қиын жағдайда қол ұшын беруі керек, әр күнін күлімдеп қарсы алып, өзін қоршаған адамдарға,бауырларына мейірімділік таныта білуі керек. Үйге тапсырма: -«Мейірімділік» кестесін толтырыңдар. Бірінші бағанға-мейірімді істерді, екінші бағанға-мейірімді адамның қасиеттерінің тізімдемесін жасаңдар. «Мен мейірімді баламын» тақырыбында шағын әңгіме жазып келіңдер. Бағалау: -Балалар сіздер бүгін сабаққа барлығыңыз өте жақсы қатыстыңыздар, сондықтан мен сендерге алғысымды айтып,
  • 7. «мейірімділік гүлін» сыйлағым келіп тұр. (оқушыларға түрлі-түсті қағаздардан қиылған гүлдер беріледі) Жүректен- жүрекке Мұғалім: «Жылы сезім жүректерде сақталады, Мейірімділік тек жүректен басталады».- деп балаларды жүректен жүрекке шеңберіне шақырдым. Балалар шеңбер құрып тұрады. Бір – біріне деген жақсы тілектерін білдіреді , мысалы «Ажар сен ғажайыпсың, Абылай сен ақкөңілсің т.б». Балалар бәрі қосылып: «Балалардың мейірімді жүрегі,Сіздерге бақыт, шаттық тілейді» – деп қонақтарға өздері жасаған жүрекшелерді ұсынды. Рахмет осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар.