SlideShare a Scribd company logo
1 of 26
Диктанттар жинағы
(Орыс мектептерінде қазақ тілінен
сабақ беретін мұғалімдер үшін)
2-4 сыныптар
Алғы сөз
Бұл құрал орыс тілінде жүргізілетін бастауыш сыныпоқушыларыныңқазақ
тілі пәні бойыншабілім, білік дағдыларынбақылау, тексеру, анықтау үшін
берілген мәтіндерден, тапсырмалар мен сұрақтардантұрады.
Жинақ 1- 4 сыныптарғаарналған бағдарламаға және «Қазақ тілі»
оқулықтарына сәйкес дайындалған. Әр сыныпбойынша мұғалімдердің күнделікті
практикалық жұмыстарынакеректі материалдарды ғылымдық, тәрбиелік және
танымдық мәні бар мәтіндерді күнтізбелік талаптарға бейімдеп топтадым. Қазақ
тілін білуге қойылатын тиісті талаптарды орыс мектебінің оқушылары қандай
дәрежеде меңгергендерін анықтауды, және білгендерін пысықтап, тиянақтауды
мақсат етеді.
Автор.
Орыс тілінде оқытылатынбастауышсыныптарындақазақтілі пәні бойынша
диктанттар өткізу жөнінде методикалық нұсқау.
«Диктант» оқушының естігенін ойша түсініп, іштей қайталай отырыпөздігінен
жазуы деген мағынаны білдіреді. Ол - мұғалім мен оқушының арасындағы еңбек
жемісінің көрсеткіші. Диктанттан мұғалім әр шәкірттің білімімен қосаоның
жауапкершілігін, ұқыптылығын, адалдылығы мен өздігінен жұмыс істей білуі
тәрізді сапаларын анықтай алады.
Диктанттың түрікөп. Ең күрделісі – бақылау диктанты. Бұл арнаулы дәптерге
жазылып, бағасы дәптерге қойылады. Оған арнайы сағат бөлінеді. Бақылау
диктанты әр тақырыптыңсоңындажәне тоқсан аяғындаөткізіледі. Ал қалған
түрлері жалпылама үйрету диктанттары делінеді. Үйрету диктанттары жоспарға
сай әр тақырыпөткеннен кейін жүргізіледі.
Диктант мәтініне қойылатын талап:
а) көлемі сыныперекшелегіне сай болуы тиіс;
ә) тәрбиелік мазмұны болуы керек;
б) мәтіндегі орфограммалар мен пунктограммаларды оқушылар игерген, таныс
бағдарламаға сәйкес болуы керек ;
в) мәтіннің көркем шығармалардан алынған үзінді түрінде жеңіл болуын ескерген
жөн;
Грамматикалық тапсырмалы диктант сабағының құрылымдық кезеңін
шамамен былай көрсетуге болады:
а) тілдік дайындық(өтілген грамматикалық материалдарды еске түсіру)
4-5минут.
ә) берілген тапсырманы орындату 4-5 минут.
б) диктант мәтінімен таныстыру, жазғызу 30-35 минут.
в) тексеру, жинау-2-3 минут.
Диктантты өткізуге қойылатын жалпы талаптар.
1. Диктанттың өткізілетіні 2-3 күн бүрыноқушыларға ескертіледі.
2. Диктанттың мәтіні орфографиялықтұрғыдантаныс болуы шарт. Егер мәтін
құрамындаөтілмеген емле, тыныс белгілері немесе айтылуы мен жазылуы қиын
сөздер кездессе, олар түсіндіріліп, тақтаға жазылыпқойылады.
3. Мәтін орфоэпиялықзаңғасүйеніп, кідіріс жасап, негізінен 3 рет оқылады.
4. Оқылған дыбыс, буын, сөз және сөйлемнің мән-мағынасынтүсініп, іштей
қайталап, қалай жазылатынын еске түсірген соңбарыпжазуға кіріскен жөн.
5. Диктант жазылыпболған соң, мәтін тағы бір рет оқылыпшығады.
6. Оқушылар жазған мәтіндерін өз беттерімен тексеріп шыққан соң, диктант
дәптерлері жинап алынады.
Сөз мөлшері:
2-сыныпта-15-20 сөз
3-сыныпта-20-30 сөз
4-сыныпта-30-40 сөз
Диктанттар (2 сынып)
І. Сөз, дыбыс, әріп, сөйлемдер.
***
Текемет, кілем, үй, нан, көбелек, ине, теңге, ою, ыдыс, дәптер, доп, балапан,
бор. (13 сөз)
Тапсырма:
Дауысты дыбыстардыңастынсызыңдар.
***
Сүт, мал, Нұрсәуле, бас, қағаз, бесік, жүгері, дәрі, отын, жаз.
(10 сөз)
Тапсырма:
Дауысты дыбыстардыңастынсызыңдар.
***
Доп, асық, бесік, доп, емен, жіп, қаз, үйрек, еден, есік, көз, шөл.(12 сөз)
Тапсырма:
Дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар.
***
Қанат, жүзім, үйрек, қияр, қауын, лақ, қант, тиын, бала, оймақ, піл, қол, тарақ,
түйе. (15сөз)
Тапсырма:
Дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар.
***
Айжан, алма, доп, жолбарыс, балық, домбыра, терезе, ат, айна, дәрі.( 10 сөз)
Тапсырма:
Сөздерді буынға бөліңдер.
***
Әже, көкек, дұрыс, алмұрт, шелек, піл, айран, сағат, бор, торғай. (10 сөз)
Тапсырма:
Сөздерді буынға бөліңдер
***
Нан, ине, түлкі, сүт, ұя, ыдыс, дәптер, көбелек, теңге, ою, су, ақ, көк. (13 сөз)
Тапсырма:
Дауысты дыбыстардыңастынсызыңдар.
***
Сынып, әріп, бұзау, қызыл, қара, шам, кесе, іні, көше, бала, есеп, еңбек, сары,
бет. (14сөз)
Тапсырма:
Дауысты дыбыстардыңастынсызыңдар.
***
Қазақша, орысша, бор, шеңбер, шағала, ыдыс, жылан, демалыс, орын, ойна.
(10 сөз)
Тапсырма:
Дауысты дыбыстардыңастынсызыңдар.
II. Кім? Не? Кімдер? Нелер? деген сұраққа жауап беретін сөздер.
***
Көбелек, ата, бесік, әже, гүл, мысық, дәрігер, айна, ай, кітап, торғай, қыз,
мектеп, күз. (14 сөз)
Тапсырма:
Не? – деген сұраққажауап беретін сөздердіңастын сыз.
***
Өзен, түлкі, бала, сурет, іні, ине, ана, шортан, әке, ара, кесте, доп, ұя. (13сөз)
Тапсырма:
Не? – деген сұраққажауап беретін сөздердіңастын сыз.
***
Ата, әже, гүл, терезе, кітап, Дәулет, мектеп, кезекші, мұғалім, дүкенші,
сурет, қалам, дәптер, аға. (14 сөз)
Тапсырма:
Не? – деген сұраққажауап беретін сөздердіңастын сыз.
***
Қасқыр, ара, мысық, ұстаз, ана, көбелек, жаңбыр, Мадина, оқушы, орман, аю,
орманшы. (12 сөз)
Тапсырма:
Кім? – деген сұраққажауап беретін сөздердіңастын сыз.
***
Дәрігер, ине, дәрі, дәріхана, медбике, ауру, жедел көмек, аурухана, Мадияр,
Алдияр, Дана, емхана. (13сөз)
Тапсырма:
Кім? – деген сұраққажауап беретін сөздердіңастын сыз.
***
Аспан, жаңбыр, ауа, жел, ашық, бұлт, нөсер, Нұржан, Ержан, дауыл, шуақ,
күн, Мөлдір, нұр. (14сөз)
Тапсырма:
Кім? – деген сұраққажауап беретін сөздердіңастын сыз.
***
Жолаушы, көлік, жүргізуші, жол, асхана, аялдама, Бағжан, асығу, жолдама,
алыс, жақын, Айдын, дос.(13сөз)
Тапсырма:
Кім? – деген сұраққажауап беретін сөздердіңастын сыз.
***
Дос, жолдас, адал, ит, күшік, достық, парыз, Айдар, әке, аға, Айдана, сенім,
жаяу, көмек. (14 сөз)
Тапсырма:
Кім? – деген сұраққажауап беретін сөздердіңастын сыз.
***
Сиыр, жануар, үй, қой, малшы, лақтар, қозылар, жылқы, түйе, бұзаулар. (10 сөз)
Тапсырма:
Нелер? – деген сұраққажауап беретін сөздердің астынсыз.
***
Оқушылар, мектеп, күнделік, жазу дәптері, доп, ойын, сабақ, дәліз, бағалар,
мұғалімдер, бор, парта.(13 сөз)
Тапсырма:
Кімдер? – деген сұраққажауап беретін сөздердіңастынсыз.
***
Ойыншық, қуыршақ, зырылдауық, ойнадым,суреттер, қағаздар, машина,
доптар, секіру, сызу, ойындар, жүгіру, секіру. (13 сөз)
Тапсырма:
Нелер? – деген сұраққажауап беретін сөздердіңастынсыз.
***
Балалар, үйлер, мектеп, оқушылар, биші, цирк, ағалар, әке, ән, мысық, иттер,
көшелер, аңшылар, Нұржан. (14сөз)
Тапсырма:
Кімдер? – деген сұраққажауап беретін сөздердіңастынсыз.
III. Қандай? - деген сұраққа жауап беретін сөздер.
***
Ержан жақсы окушы. Ол бірінші сыныптаоқиды. Ержанның сыныбы таза.
Оқушылар қазақ тілін біледі. (14 сөз)
Тапсырма:
Қандай? - деген сұраққа жауап беретін сөздердіңастын сызыңдар.
Түлкі
Түлкi– сұлу аң. Ол таулы жерде жүредi. Түлкi қызылтүстi болады.Оныңтерiсi
бағалы. (14 сөз)
Тапсырма:
Қандай? - деген сұраққа жауап беретін сөздердіңастын сызыңдар.
Жайық
Жайық - өзеннiң аты. Жайық терең, әдемi өзен. Жайықта кеме жүредi .
Өзеннiң суы жылы. (14сөз)
Тапсырма:
Қандай? - деген сұраққа жауап беретін сөздердіңастын сызыңдар.
IY. Бас әріппен жазылатын сөздер.
Астана
Астана – бас қала. Астана - әсем қала. Астанада көшелер көп. Біздер Абылайхан
көшесінде тұрамыз. Пушкин көшесінде досым тұрады. (17сөз)
Тапсырма:
Бас әріппен жазылатын сөздердіңастын сызыңдар.
Тәртіпті оқушы
Айжан бірінші сыныпта оқиды. Анасы – Болған. Әкесі – Исатай. Айжан өте
жақсы оқиды. Ол тәртіпті оқушы. (17сөз)
Тапсырма:
Бас әріппен жазылатын сөздердіңастын сызыңдар.
Орал
Біз Оралда тұрамыз. Орал сұлу қала. Қаланың көшелері кең. Жайық өзенінде
балық көп.(14 сөз)
Тапсырма:
Бас әріппен жазылған сөздердің астын сызыңдар.
Полкан
Мадиярдың күшігі бар. Оның аты Полкан. Полкан әлі кішкентай. Ол
ойнағанды ұнатады. Полкан мен Мадияр бірге ойнайды. (18сөз)
Тапсырма:
Бас әріппен жазылған сөздердің астын сызыңдар.
V. Не істеді? – деген сұраққажауап беретін сөздер.
Балалар
Әлия аюдың суретін салды. Мәдина ою ойды. Қыз орнына отырды. Әжем шай
ішіп отыр. Мен доп ойнап отырмын. (19 сөз)
Тапсырма:
Не істеді? – деген сұраққа жауап беретін сөздердіңастын сыз.
Көктем
Көктем келді. Қар еріді. Ауа таза. Кеше жаңбыр жауды. Күн жылы. Балалар
көктемді жақсы көреді. Анам көктем гүлдерін ұнатады.(20 сөз)
Тапсырма:
Не істеді? – деген сұраққа жауап беретін сөздердіңастын сыз.
Мектеп
Мынау біздің мектеп. Мектебіміз жарық. Мен бірінші сыныпта оқимын. Біздің
мектепте оқушылар көп. Менің досым даосы мектепте оқиды. (20 сөз)
Тапсырма:
Не істеді? – деген сұраққа жауап беретін сөздердіңастын сыз.
YI. Қайталау
Менің әжем
Менің әжем ауылда тұрады. Әжем жақсы адам. Әжемнің төрт баласы бар. Ең
үлкен баласы менің әкем. Жазда мен әжеме барамын. (20 сөз)
Тапсырма:
Дауысты дыбыстардыңастынсызыңдар.
Бағжан
Бағжан – оқушы. Ол жақсы оқиды. Кітап, дәптерін таза ұстайды. Таза киінеді.
Бағжанның достары көп. Ол достарымен доп ойнауды ұнатады. (20 сөз)
Тапсырма:
Дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.
Саулық пен сымбат
Денсаулық – зор байлық. Дені сау адам сұлу, сымбатты болады. Менің ағам
– футболшы. Ол ауырмайды. (17 сөз)
Тапсырма: «сымбатты» сөзін буынға бөліңдер.
Денсаулық күні
Бүгін мектепте – денсаулық күні. Барлық оқушылар мектеп алаңында. Ауа райы
керемет. Мен де достарыммен бірге қатысамын.(18 сөз)
Тапсырма: дауыссыз дыбыстардың астын сызыңдар.
«Бүгін»- сөзін буынға бөліңдер.
Біздің сынып
Біздің сынып жарық және кең. Сыныпта үстел, орындық, тақта бар. Партаның
үстінде кітаптар, дәптерлер және сызғыш жатыр. (19сөз)
Тапсырма:
Не? Нелер? деген сұрақтарға жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
Құстар
Құстар – табиғаттың жанашыры. Олардың көбі дәрігер тәрізді. Өсімдіктерді
түрлі зиянкестерден қорғайды. Құстардың адамға пайдасы мол. (16сөз)
Тапсырма:
Дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар.
Хат
Жарас әжесіне хат жазды. Хатында әжесін жетпіс жасқа толуымен құттықтады.
Ол қысқы демалыста ауылға барғысы келетінін айтты . (17 сөз)
Тапсырма:
Дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар.
Гүл
Терезе алдында гүл. Гүлзада гүлді күтуді ұнатады. Гүлге су құяды. Гүлзада
гүлін сыныпқа алып келді. (16 сөз)
Тапсырма:
Дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар.
Күз
Күз келді. Жел соқты. Ағаш жапырақтары сарғайды. Қызыл, сары
жапырақтар жерге түсті. Құстар жылы жаққа ұшты. (17 сөз)
Тапсырма:
Не? Нелер? деген сұрақтарға жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
Күн
Күн - үлкен шар. Күндіайналып жүретін планеталар бар. Күн, жер, ауа -
барлық халыққа ортақ. (15 сөз)
Тапсырма:
Не? деген сұрақтарға жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
Көктем
Күнжылынды. Жер көгерді. Қызғалдақдақтар гүлдеді. Арықтардан сылдыр
қағып су ақты. Мал тойынды. (14 сөз)
Тапсырма:
Не? деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
Шекарашылар
Шекарашылар Отанымыздың шекарасын күзетеді. Олар күндіз - түні күзетте
тұрады. Шекарашылар еліміздің бейбіт өмірін жаудан қорғайды. Олар - ержүрек
батырлар. (19сөз)
Тапсырма:
Кімдер? деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сызыңдар
Диктанттар (3-сынып)
І. Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстар.
Бірінші қыркүйек
Бүгін – білім күні. Қазір қазақ тілі сабағы. Болат тақтаға шықты. Мен
дәптерге жаздым. Қолымды көтердім. Жауап бердім. Жақсы баға алдым. (20 сөз)
Тапсырма:
Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстардыңастынсызыңдар.
Балалар
Балалар киімдерін киді. Олар ойын ойнауға, гүл теруге шықты. Тоғайдагүлдің
иісі аңқиды. Жамал гүлді иіскеді. Балалар көп гүл жинады. (20 сөз)
Тапсырма:
Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстардыңастынсызыңдар.
Түнде
Күнбатты.Түнболды. Ай туды. Жұлдыздар жымыңқақты. Ауыл маңында
көл бар еді. Көлдің беті мұз болыпқатты. Балалар коньки тепті, ойнады. Бәрі де
көңілді болды. ( 27 сөз)
Тапсырма:
Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстардыңастынсызыңдар.
Керей мен Абылай.
Керей төртінші сыныпқа көшті. Ал Абылай балабақшаға барады. Олар қалаға
қыдырыпбарды. Атасы Керей мен Абылайды қарсы алды. (21 сөз)
Тапсырма:
Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар.
ІІ. Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар.
Ереже, жолда, қарсы, көлік, бағдаршам, қара, алма, жер, тоқта, күт, дайындал,
кім, тыныш, рұқсат, бер, қол, сұра, күн, сәлем. (19сөз)
Тапсырма:
Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар.
***
Жапырақ, емен, өзен, көше, мектеп, қағаз, жаңбыр, бағдаршам, дастархан, ертең,
сабақ, қоңырау, мұғалім, бор, есік, ыдыс, кесе, табақ, сөз, дыбыс. (20 сөз)
Тапсырма:
Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар.
Мектеп
Біз метепке келдік. Сыныпта отырмыз. Сабақ басталды. Мен өте жақсы баға
алдым. Мен қазақ тілін өте жақсы білемін. (19 сөз)
Тапсырма:
Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар.
Малшы ауыл
Біздің ауыл мал өсірумен айналысады. Мұнда асыл тұқымды мал өсіреді.
Ауылдың қойы,сиыры көп. Ондабірнеше ферма бар. (20 сөз)
Тапсырма:
Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар.
Егіс
Мынау - егіс даласы. Егіс даласында егін ору басталды. Машина толы бидай.
Бидайды машинамен элеваторға тасиды. Элеватордабидайды тазартады. Таза
бидайдан ұн тартады. (23 сөз)
Тапсырма:
Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар.
Балалар
Әлия мен Әсет әжесінің қолында қалғанына екі - үш күн болды. Әлия көбінесе
әжесінің қасынан шықпайды. Әсет атасымен бірге жүреді. Олар кешке қарай мал
қарасуға үйренісіп алды. (27 сөз)
Тапсырма:
Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар.
Қуаныш
Дана, Дина, Сережа – үшеуі баққа келді. Бақ ішінде гүл көп. Дана гүл
жинады. Дина әдемі көбелек көрді. Дина көбелек ұстады. Сережкабатпырауық
ойнады. Балалар өте қуанды. (27 сөз)
Тапсырма:
Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар.
ІІІ. Буын
Алмұрт, алма, қарбыз, дастарқан, қызыл, дәмді, сары, жасыл, жемеймін, жаңбыр,
ұшты, жолға, тоқта, оңға, жапырақ, салқын, күз, бақша, көкөніс, қауын. (20 сөз)
Тапсырма:
Сөздердібуынға бөліп жазыңдар.
***
Бор, балалар, ойын, доп, оқушы, мұғалім, кітап, терезе, дәптер, тақта, қалам,
қарындаш, қабырға, бала, дүкен, кітапхана, дәріхана, балмұздақ, мектеп. (19 сөз)
Тапсырма:
Сөздердібуынға бөліп жазыңдар.
Көгершін
Көгершін - бейбітшілік рәмізі. Дүние жүзінің балалары көгершінді бақыт
құсы деп санайды. Оныңсуретін салады. Көгершінді әнге қосады. Ақ көгершін —
бейбітшілік пен достықбелгісі. (24 сөз)
Тапсырма:
«Көгершін» деген сөздібуынға бөліп жазыңдар
Таңертең
Таң білінді. Тоғайлар шырылдады. Бұлбұлсайрады. Қаз,үйрекқаңқылдады. Олар
көлде ерсілі—қарсылы жүзебастады. Мал өріске шықты. Күн арқан бойы
көтерілді. Қызуеңбек басталды. (25 сөз)
Тапсырма:
«Тоғайлар» дегенсөздібуынға бөліп жазыңдар
Спорт алаңы
Біздің мектепте спорталаңы бар. Мұнда жоғары сыныпоқушылары футбол,
волейбол ойнайды. Қыстыңызғарлы күнінде де спорталаңы балаларға толы. Біз
шаңғы тебеміз, аққала жасап ойнаймыз. (28 сөз)
Тапсырма:
«Аққала» деген сөзді буынға бөліп жазыңдар
IV. Кім? Не? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер.
***
Оқушы, кітап, кәмпит, қияр, нан, қыз, сусын, мұғалім, тұз, май, әже, кесе, шырын,
ана, торғай, табақша, дәрігер, құс, бала, тоты.(20 сөз)
Тапсырма:
Кім? Не? деген сұрақтарды сөздіңүстіне жазыңдар.
***
Айдана, Айдар, балалар, тақта, бор, қаз, оқушы, көбелек, кітап, дәптер, іні,
әпке, гүл, Айжан, есік, еден, Асылмұрат, алмұрт. (18 сөз)
Тапсырма:
Кім? Не? деген сұрақтарды сөздіңүстіне жазыңдар.
Біздің жанұя
Әлия нан сатып алды. Әжем тұшпара пісірді. Атам газет оқыды.Атам мен
әжем үшеумiз сусын iштiк. Біздер татумыз. (20 сөз)
Тапсырма:
Кім? Не? деген сұрақтарды сөздіңүстіне жазыңдар.
Қаңтар
Қаңтар – қыс ортасы, суықай. Қайта – қайта жауған мақтадай ұлпа қар, бірінің
үстіне бірі қонып, нығызданатүскен. Тоғай іші толған тыныштық. (22 сөз)
Тапсырма:
Не? деген сұраққа жауап беретін сөздердіңастын сызыңдар.
Аяз болар алдында
Жаңа ғана жапалақ қар өтті. Үлпілдеп жатқан ұлпа қар аппақ ақ көбіктен
аумайды. Сезілер – сезілмес салқын леп бар. Аяз басталды. (23 сөз)
Тапсырма:
Не? деген сұраққа жауап беретін сөздердіңастын сызыңдар.
V. Жуан және жiңiшке айтылатын сөздер.
Қалам, қарындаш,тыныш, дұрыс, сәлем, алға, сынып, iш, қара, тоқта, пiс, тiс,
же, анар, бағдаршам, жүзiм, алға, оңға, солға, көл.(20 сөз)
Тапсырма:
Жуан, жiңiшке, сөздердiбөлiп жазыңдар.
Түйе
Түйе – түлік басы. Түйе – көштің көлігі. Оған көбінесе жүк артады. Сүтінен
шұбат, қымырандайындайды. Жүнінен жылы киім тоқиды. Түйенің адамға
пайдасы мол. (23сөз)
Тапсырма:
Жуан сөздердіңастынсызыңдар.
Бота
Бота – екі көзі жәудіреген сүйкімді төл. Оған қызықпайтын, сұқтана
қарамайтын адам аз. Сондықтанқазақтар жаңа туған ботаны көлденең көзден
жасырып, көрсетпеугетырысады. Оны балаша бағып өсіреді.(27 сөз)
Тапсырма:
Жіңішке сөздердіңастын сызыңдар.
VI. Не істеді? Не қылды? Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер.
Айриза
Айриза ерте оянды. Бетi - қолын сабынмен жуды. Киiм ауыстырды. Анасына
көмектестi. Атасы оған балмұздақ сатып әпердi. Айриза ұқыпты және ақылды қыз.
(22 сөз)
Тапсырма:не істеді?деген сұраққажауап беретін сөздердіңастын сызыңдар.
Қыс
Қыс келдi. Кеше суық қар жауды. Мен қармен ойнадым. Шанамен
сырғанадым. Менiң досым Алдияр шаңғы тептi. Кеш болды. Балалар үйлеріне
көңілді қайтты.(23 сөз)
Тапсырма:қимылды бідіретін сөздердітауып, астын сызыңдар.
Жаңа жыл
Жаңа жыл – үлкен мереке. Мерекеге Аяз ата келдi. Мен Жаңа жылға қоян
киiмiн киемiн. Жаңа жылда шыршаны айналып би билейміз, ән саламыз. Жаңа жыл
тамаша.(27 сөз)
Тапсырма:қимылды бідіретін сөздердітауып, астын сызыңдар.
Ыбырай Алтынсарин
ЫбырайАлтынсарин – қазақ халқының бірінші педагогы. Ол кішкентай
балаларға арнап мектептер ашты. Ыбырайатаның өлеңдерін оқушылар сүйсіне
оқиды. (20 сөз)
Тапсырма:не істеді ?деген сұраққажауап беретін сөздердіңастын сызыңдар.
Қарақұмның жазы
Қарақұмға жаз келгенде, күн мен түн орыналмастырады. Күнібойы құмда
тыныштық орнайды. Түлкі, сарышұнақ, кесіртке – бәрі індеріне тығылыпжатады.
Ыстыққұмға көміп жұмыртқапісіруге болады. (28 сөз)
Тапсырма:не істейді? деген сұраққажауап беретін сөздердіңастын сызыңдар.
Көктемді сағындым
Көктем айы жақсы ғой. Айнала жасыл түске бөленеді. Наурыз мерекесін
тойлау қандай қызық. Біздің ауылда бұл күні киіз тігеді. Ұлттық киімдер киеді. Ән
салып, би билейді. (28 сөз)
Тапсырма:не істейді? деген сұраққажауап беретін сөздердіңастын сызыңдар.
Наурыз
Наурыз жыл басы. Мектепте Наурызға дайындалып жатыр. Наурызда үйлердi,
көшелердi тазартады. Айнала жарқырап кетеді. Адамдар қуанады. Қош келдiң,
Наурыз мерекесi (21 сөз)
Тапсырма:не істейді? деген сұраққажауап беретін сөздердіңастын сызыңдар.
YII. Жуан, жiңiшкежалғаулар.
Ойындар
Күндер жылы. Ауа таза. Балалар аулада ойнап жүр. Менiң достарым дойбы
ойнап отыр. Біздер қуыспақ ойнап жүрміз. Кішкентай балалар құмда ойнап отыр.
Ойындар бәрi қызық. (26 сөз)
Тапсырма:жуан жалғаулардың астын сызыңдар.
Көктем көркі
Таң атып келеді. Жан – жануарлар ояна бастады. Арыстан, аю, қарсақ, қоян
көздерін аша жан – жағына қарап еді, дүниежайнап тұр екен. Олар көңілденіп сала
берді. (27 сөз)
Тапсырма:жуан жалғаулардың астын сызыңдар.
Ұлы ұстаз
Ыбырайбала кезінен ақылды, алғыр болған. Әуелі ауылда, кейін үлкен қалада
білім алып, ұстаздықжолынқуған. Мектеп ашып, қазақ балаларын оқытқан.
(23сөз)
Тапсырма:қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздердіңастын сызыңдар.
Жазғы каникул
Оқу жылы аяқталды. Мен үшiншi сыныпқа өттiм. Каникулда мен ауылға
барамын. Аулдың қасында теңiз бар. Мен теңiзде шомыламын. Атам мен әжемді
сағындым.(24 сөз)
Тапсырма:жуан сөздердіңастынсызыңдар.
Қыркүйек
Қыркүйек – алғашқы күз айы. Балалар сабаққа барады. Бірінші қыркүйекте мектеп
алды гүл ұстаған оқушылар мен мұғалімдермен толады. «Алғашқы қоңырау»
мерекесіне ата – аналар да қатысады.Сыңғырлағанқоңыраудауысы көңіліңді
көтереді. (30сөз)
Тапсырма:«қыркүйек», «қоңырау» сөздерінбуынға бөліп жазыңдар.
Есенжан ата
Атақты шопан Сатаев Есенжан атамыз екі мәрте Еңбек Ері атанды. Қазіргі
кезде Батыс Қазақстан облысындатұрады. Оныңеңбегін балалары жалғастырды.
(22 сөз)
Тапсырма:
Мәтіндегі жер – су атауларының астын сызыңдар.
Отаным
Менің Отаным – Қазақстан Республикасы. Қазақстанныңжері өте кең. Жерінде
тау да, жазықта, ойпат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Ірі-ірі
қалалар да көп. Көктемдедалада гүлдер құлпырады. Біздің Отанымыздакөптеген
терісі бағалы аңдар тіршілік етеді. (29 сөз)
Тапсырма:
қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар.
Диктанттар. (4 сынып.)
Төле би
Төле би бала кезінен аңғарымпаз, ақылды және әділ болған. Қара басының
қамы емес, халық қамын ойлаған. «Елге бай емес, би құт» деген даналық сөздің
растығыносы әулие бабамызданбілеміз. (31 сөз)
Тапсырма:қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
Қазыбек би
Шешен де көсем, алғыр да әділ екенін Қазыбекбабамыз, тіптен, ерте
танытқан. Халық даналығын бала кезінен бойынасіңіріп өскен. Қарапайым
халықтың қамын ойлаған Қазыбекбидің өнері көпшілікке үлгі болған.(31 сөз)
Тапсырма:қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
Әйтеке би
Әйтеке – қалың қазақты аузына қаратқан әйгілі билердің біреуі. Қара қылды қақ
жарған әділ би Әйтекенің айтқандары әлі күнге дейін өз құнынжоғалтқан жоқ.
Астана қаласында үш биге ескерткіш орнатылған. (31 сөз )
Тапсырма:қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
Емен
Емен – ағаш. Оның жапырақтары әдемi. Емен ағашы өте мықты, қатты.
Еменнен кеме, вагон, үй жиһаздары жасалады. Емен қабағының дәрiлiк қасиетi бар.
Еменнiң жаңғағын шошқа жейдi. Алматы көшелерiнде емен көп. (30 сөз)
Тапсырма:не? деген сұраққа жауап беретін сөздердіңастын сызыңдар.
Қазақстанның рәмiздерi
Қазақстан егемендi ел. Мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi. Бiздiң елiмiзде көптеген
ұлттар тұрады. Қазақстанның рәмiздерi өте әдемi. Елтаңбасы, жалауы ерекше.
Қазақстандықтар әнұранды бiлу керек. Қазақстанның бас қаласы – Астана. Бірінші
желтоқсан – Президент күні.(33 сөз)
Тапсырма: қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
Киіз үй-қазақ халқының шағын мұражайы
«Ақ үй,» «ақ орда», «ақ боз үй», деп аталатын қонақ үйлер көркем безендірілуі
жағынан ерекше көз тартады. Киіз үйдің негізі қаңқасы: кереге, уық, шаңырақ,
сықырлауық сүйегідеп аталады. Киіз үйдің сүйегіжасалатын «үйағашты» алты ай
немесе бір жыл бұрын дайындайды. (40сөз)
Тапсырма: қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
Күз
Күз айлары – қыркүйек, қазан, қараша. Құстар жылы жаққа ұшуға даярланды.
Жапырақтар сарғайды. Гүлдер солды. Адамдар жылы киiм кидi. Жиi-жиi жаңбыр
жауды. Қысты қарсы алуға дайындықжүріп жатыр.(27 сөз)
Тапсырма: қыркүйек, қазан сөздерiне дыбыстық талдау жасаңдар.
Қадыр Мырза Әли.
Қадыр Мырза Әли – жымпитылық ақын. Бiз мектепте ақынның өлеңдерiн
оқимыз, жаттаймыз, аударамыз. Биыл ақынның еске алу кешiн өткiздік. Қадыр
Мырза Әли - дарынды ақын. Оқушылар ақынның өлеңдерiн өте жақсы көредi.
Мерекелерде ақынның өлеңдерiн жатқа айтамыз. (38 сөз.)
Тапсырма: жалқы есімдердің астын сызыңдар.
Нан
Нан – ырыстыңкөзі, халқымыздыңбайлығы. Үлкен-кішінің бәрінанды
қадірлейді. Мұны білмеген бала - әдепсіз, көргенсіз болыпсаналады. Тіпті бар
ғой, ойнап жүріп нан жеудің өзімәдениетсіздік. Нанды ысырапетуге жол
бермейік! (32 сөз)
Тапсырма:не істейді? деген сұраққажауап беретін сөздердіңастын сызыңдар.
Бал арасы
Еңбек етуді арадан үйрену керек. Олар күні бойы тыным таппай, гүлден гүлге
ұшып-қонып, шырын жинайды. Бір килограмм бал жинау үшін неше мыңдаған
гүлге қонады. Бал арасы, міне, осындай еңбекқор келеді.( 32 сөз)
Тапсырма: «еңбекқор» деген сөзді буынға бөліп жазыңдар.
Мұхтар Әуезов
Мұхтар Омарханұлы Әуезов Семей облысы, Абай ауылында дүниеге келген.
Оның он екі жасында әкесі, он бес жасында шешесі қайтыс болады. Мұхтарды
атасы Әуез тәрбиелейді. Ол – қазақтан шыққан тұңғыш академик, ғылым докторы,
атақты жазушы. (35 сөз)
Тапсырма: жалқы есімдердің астын сызыңдар.
Отаным
Менің Отаным – Қазақстан Республикасы. Қазақстанныңжері өте кең.Жерінде
тау да, жазықта, ойпат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Ірі-ірі
қалалар да көп. Көктемдедалада гүлдер құлпырады. Біздің Отанымыздакөптеген
терісі бағалы аңдар тіршілік етеді. (39 сөз )
Тапсырма:көптік жалғауы бар сөздердікөшіріп жазыңдар.
Iшiк
Iшiк – жылы киiм. Iшiктi аң терiсiнен жасайды. Оның сырты қымбат матамен
қапталады. Iшiктi қыстыгүнiкүн суытқанда киедi.Ол әрi жеңiл, әрi жылы. Iшiк
киген адам суықта тоңбайды. Менiң атамда қасқыр iшiк бар. (33 сөз)
Тапсырма: «жасайды», «тоңбайды» сөздердi буынға бөлiңдер.
Менiң Отаным
Он алтыншы желтоқсан – мереке. Бұл Қазақстанның тәуелсiздiк күнi. Менiң
елiм – Қазақстан. Астана – жаңа қала, бас қала. Алматы – оңтүстік, жасыл
астанамыз. Мен Астананы да, Алматыны да көрдiм. Астанада Қазақстанның
рәмiздерi өте сұлу. (33 сөз)
Тапсырма: қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
Жаңа жыл
Жаңа жыл өте көңiлдi мереке. Бiздiң мектепте жаңа жылға дайындалып
жатыр. Шыршаға ойыншықтар, жұлдызша, жалауша iлдiк. Аяз ата балаларға
сыйлықәкелдi. Балалар биледi. Қызықойындар ойнады. Ақшақар маған өте ұнады.
(30 сөз)
Тапсырма: *шырша*, *сыйлық* сөздерiне дыбыстық талдау жасандар.
Жаңа туған құлыншақ.
Көкбие құлындады. Құлыншақаяғын қалт-қалт басады.Олбіраз жүрдіде,
жатты. Құлынныңқасында енесі тұр. Құлынымды басыпалмайын дегендей, аяғын
абалап қаша басады.Құлынұйқыданоянды. Орнынантұрды. Ақырынбасып,
енесіне жақындады. Мойнын созып, емгісі келді. (35 сөз)
Тапсырма: қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздердіңастын сызыңдар.
Ана
Ана-отбасының тiрегi. Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды. Анасы бар
үй – береке.Барлықана бейбiтшiлiктi қалайды. Баласыныңбақытты болуын
қалайды. Бiз ананы сыйлаймыз,құрметтеймiз. Аналар бақытты болсын(28 сөз)
Тапсырма:«аналар» «береке» сөздердiбуынға бөлiңдер.
Ауа
Адам ауамен дем алады. Ауасыз өмiр жоқ. Ауа таза болу керек. Сынып, бөлме
ауасын тазартып тұру пайдалы. Ауа таза болса, адамның денсаулығы жақсы
болады. Бiз ауа туралы валеология сабағында оқыдық.(30 сөз)
Тапсырма:«ауасыз» «бiз» сөздерiнефонетикалық талдау жасаңдар.
Ұя
Қарлығаш ұя салды. Бiрақ ұяға торғай орналасып алды. Қарлығаш достарын
көмекке шақырды. Көмеккөрсетуге көп қарлығаштар келдi. Олар ұядағы торғайды
қуып шықты. Қарлығаш ұясына орналасты. Достарына рахмет айтты. (29 сөз)
Тапсырма:қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар.
Наурыз
Наурыз-жыл басы. Наурызда күн мен түн теңеледi. Қазақ күнпарағы
бойынша наурыз - жаңа жыл. Жиырма екiншi наурызда наурызкөже пiсiредi.
Қаламызда наурыз тойы жақсы өтедi. Наурыз күнi ауа райы да жақсы болады.
(32 сөз)
Тапсырма:«күн» «ауа» сөздерiнефонетикалық талдау жасаңдар.
Бүркiт
Бүркiт – қыран құс. Ол қоян, қарсақ және тышқандарды жейдi. Бүркiт кейде
ақбөкен мен тауешкiнiң төлдерiн ұстайды. Қазақтар бүркiтпен аң аулаған.
Үйретiлген бүркiт түлкi мен елiктi, қасқыр мен қоянды ұстаған (30 сөз.)
Тапсырма:қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар.
.
Достық
Шоқан әкесiмен Потаниннiң үйiне келдi. Оның Шоқанмен құрдас ұлы бар.
Аты - Григорий. Ол Шоқанмен достасып кеттi. Григорий Шоқанға орысша
үйреттi. Шоқан арабша сауатты болатын. Шоқанның зеректiгiне Григорий таң
қалды. (29 сөз.)
Тапсырма: Кiмдер? деген сұраққа жауап беретiн сөздердiң астын сызыңдар.
Астана
Астана Солтүстiк Қазақстанда орналасқан. Астана туралы көптеген
аңыздар бар. Бұл бейбiтшiлiк және достықтың қаласы. Қалада үш бидiң
ескерткiштерi бар. Ескерткiштер орталық даңғылда тұр. Жаңа астанада
көптеген құрылыс жүрiп жатыр. (30 сөз.)
Тапсырма:қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар.
Көбелек
Күз. Шалғында түрлi гүлдер жайнап тұр. Көбелектер гүлден-гүлге қонып
жүр. Ақ көбелек ақ гүлге қонды. Сары көбелек сары гүлге қонды. Мұның мәнi
бар. Қарлығаш ұшып келдi. Ол көбелектердi таба алмай қалды. Көбелектер өзiн
жаудан осылай қорғайды. (37 сөз.)
Тапсырма:қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар.
Екі лақ
Өзеннің екі жағынан екі лақ келді. Өзеннен өтетін көпір бар. Ол бір ғана
бөрене. Екі лақ көпірдің үстімен қарама-қарсы жүрді. Олар бір-біріне жол бермеді.
Екеуі сүзісті. Ақыры екеуі де суға құлап түсті. (34 сөз)
Тапсырма:қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар.
Аққу (ертегі)
Ерте заманда аққулар көлде емес, ну ормандакүнелтіпті. Олар өте ақылды
болған екен. Ұшқан құс, жүгірген аң аққудың көркіне қызығып, адалдылығына
сүйсініпті. Ақылдылығы үшін сыйлапты. Айбарлы арыстан да, жүректі
жолбарыста, қырағы қыранда аққудың алдында бастарыниіпті. (38 сөз)
Тапсырма:қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстардыңастын сызыңдар.
Күз
Күз келдi. Күн суыта бастады. Күндіз қызғанымен, кешкісін салқын.
Жапырақтар сарғайып түсе бастады. Түскен жапырақтар жерге төселіп жатыр.
Сары, жасыл, қызыл жапырақтар өте әдемі көрінеді. Ауа қандай таза! Мезгіл
құстары жылы жаққа біртіндеп кетіп жатыр.(36 сөз)
Тапсырма:жiңiшке дыбыстардыңастынсызыңдар.
Қостанай
Қостанай Тобыл жағасында орналасқан. Қостанай мешiтiне 126 жыл
болды. Мешiт өте сұлу. Орталықта Ыбырай Алтынсарин мектебi және
мґражайы бар. Бiз жылда ұлы ұстаздың туған күнiне қарсы мұражайға
барамыз. Ыбырай Алтынсарин-бiздiң атақты жерлесiмiз. (38 сөз.)
Тапсырма: «айтты», «көрсеттi» сөздерiн келер шаққа қойып, жазыңдар.
Күз
Күз келдi. Күн суыта бастады. Күндіз қызғанымен, кешкісін салқын. Жапырақтар
сарғайып түсе бастады. Түскен жапырақтар жерге төселіп жатыр. Сары, жасыл,
қызыл жапырақтар өте әдемі көрінеді. Ауа қандай таза! Мезгіл құстары жылы
жаққа біртіндеп кетіп жатыр.(36 сөз)
Тапсырма:жiңiшке дыбыстардыңастынсызыңдар.
Шоқан
Шоқанның азан шақырып қойған аты – Мұхамедханафия. Анасы оны еркелетіп
Шоқан деп атаған. Шоқанның дарын-қабілеті ерте байқалып, ақыл көзі ерте
ашылған. Шоқан тек ғалым ғана емес, өнерпаз азамат. Асқан ғалым, асқан ақыл
иесі Шоқанның қазақ тарихынан алатын орны айрықша. (39 сөз)
Тапсырма:кім? деген сұраққа жауап беретін сөздердіңастын сызыңдар.
Ұрпақ қамы
Көктем – құстардыңтуған жерге оралатын шағы. Көктемде құстар ұяға ыңғайлы
орыніздейді. Құстар балапандарын қоректендіру үшін жем іздейді. Оны ұяға
тасып, күні бойы тыным таппайды. Бұл кездегі құстардың жемі – бунақденелілер
мен олардыңдәрнәсілі. ( 35 сөз)
Тапсырма:жуан дыбыстардыңастынсызыңдар.
Ұқыпты бол
Кейбір оқушы сылбыр, салақ болады. Олардың киімі, өздеріне керекті басқа
да заттары әр жерде шашылып жатады. Керек кезінде бала оларды таба алмай, әуре
болады. Ұқыпты оқушы жинақы,тәртіпті,киген киімі,үсті-басы,кітап-құралдары
таза болады.Керекті заттары әр уақытта өз орнынан табылады. (38 сөз)
Тапсырма:жiңiшке дыбыстардыңастынсызыңдар.
Балық аулаған балалар
Күнжылы еді. Балалар өзенге келе жатты. Біраздан соң, қатты жел тұрды.
Сіркіреп жауын жауды. Сәлден соңжауын құйыпкетті. Балалардың үсті-басы су
болды. Олар ағаштардың арасынатығылды. Жауын басылды. Балалар өзенге келіп,
балық ұстады. ( 39 сөз)
Тапсырма: «балалар» сөзiнiң схемасын жасаңдар.
Жамбыл Жабаев
Жамбыл Жабаев - қазақ халқының ұлы ақыны. Ол жүз жасаған адам.
Жамбыл ақынның шығарған өлеңдерi өте көп. Олар дүние жүзiндегi көптеген
халықтардың тiлiне аударылды. Сүйiктi ақынның еңбегi өте жоғары бағаланды.
Жамбыл өз өлеңдерiн еңбек адамдарына арнаған. (38 сөз.)
Тапсырма:кім? деген сұраққа жауап беретін сөздердіңастын сызыңдар.
Құрманғазы Сағырбаев
Құрманғазы Сағырбаев –ұлы күйшi, сазгер. Ол Астрахань облысында дүниеге
келген. Сазгердiң аты әлемге әйгiлi. Атақты күйшi ұрпақтарына мол мұра
қалдырған. Мен Құрманғазының күйлерiн ұнатамын. Алматыда Құрманғазы
атында ұлт аспаптар оркестрi бар. Ұлы сазгер өмiрдi сүйген.
(37 сөз.)
Тапсырма:қандай? дегенсұраққа жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
Қойдың пайдасы
Қой - өте пайдалы мал. Қазiр оның биязы түрi көп өсiрiледi. Жүнінен
фабрикада түрлi маталар тоқылады. Терiсiнен былғары илейдi. Одан аяқ киiм,
тон тiгедi. Қой етiнен көптеген тамақтар даярлайды. Сүтiнен iрiмшiк, май
өндiредi. Қазақстанда қойды көп өсiредi. (37 сөз.)
Тапсырма: 7-ші сөйлемді көшіріп, зат есімдердің астын сызыңдар.
Наурыз
Наурыз Шығыс күнпарағы бойынша - Жаңа жыл. Наурыз - көктемнiң
бiрiншi айы. Бұл күндерi барлық адамдар сәндi киiмдi киедi. Бiр-бiрiн
мерекемен құттықтайды. Жетi тағамнан наурыз көже пiсiредi. Үлкен кiсiлер ақ
батасын бередi. Наурыз - менiң ең сүйiктi мерекемнiң бiрi.(40 сөз.)
Тапсырма:сын есiмдердiң астын сызыңдар.
Тоғайда
Екі бала ауыл жанындағы тоғайға барды. Қарағайдатүрлі өсімдіктің жұпар
иісі мұрнынды жарады. Аласа бұталардыңарасынансұр торғай, көк шымшықтар
пыр-пыр ұшады. Анадайда ала қанат тоқылдақтың тоқылы естіледі.Тоғай іші
көңілді. ( 31 сөз)
Тапсырма:қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
Сауысқан
Сауысқан - өте айлалы, аса сақ құс. Қасына ешкiмдi жуытпайды.
Сауысқанның ұшуы да ерекше. Бұл құстың тағы бiр ерекшелiгi - жылтыр,
әшекейлi заттарға әуестiгi. Оның ұясынан әр түстi матаны,түрлi түстi тастарды,
күмiс тиындар мен алтын сақиналарды да кездестiремiз. (40 сөз.)
Тапсырма:
1.Бірінші сөйлемде қанша сөз барын жақша ішінде цифрмен көрсетіп жазыңдар.
2.Тауық деген сөздер неше буыннан құралғанын жақша ішінде цифрмен көрсетіп
жазыңдар.
Мамыр
Мамыр - көктемнiң ең сұлу шағы. Күн жылып, жер бусанып, өсiмдiк
құлпырады, төл көбейедi. Құстар ұя салып, балапан шығарады. Қазақтар барлық
құстардың балапандарын мамыр деп атайды. Ай аты осы сөзден шыққан дейдi
халық. Мамыр -тоқшылық, семiру ұғымды бiлдiредi. (39 сөз).
Тапсырма:«мамыр» сөзiнiң схемасынжасаңдар.
Шілде
Жаз өтіп, шілде жетті. Шілдеде күн ұзақ, түн қысқа.Күннің ыстығы сонша
күшті, құм да, тас та қызыпкетеді. Шілдеде піспеген шөп қалмайды. Мінілмеген,
жұмысқасалынбаған мал семіріп, желідегі құлындар ғана жүдеген. (32 сөз)
Тапсырма:септік жалғауды табындар.
Ыбырай Алтынсарин
ЫбырайАлтынсарин –қазақ халқының белгілі ағыртушы, жаңашыл педагогы,
жазушы. Ол жасынан ынталы, зерек болды. ЫбырайАлтынсаринорыс әдебиетін
көп оқыды. Халқына білім беруді арман етті. Балалар үшін орысша-қазақша
мектептер ашты. Оған арнап оқулықтар жазды. Ол –балалар әдебиетінің атасы.
(39 сөз)
Тапсырма:көптік жалғауды табындар.
Көкек
Жаз айларында адам әсем дауысты естиді. Бұл – кәдімгі өз атын өзі
шақыратын көкек. Көкектер балапан басып шығармайды. Жұмыртқасын басқа бір
құстың ұясына тастап кетеді. Одан шыққан балапан қасындағы ұяластарын итеріп
құлатып жібереді. Көкек – тамақсау құс. Ол зиянкес жәндіктерді жояды. (40сөз)
Жазылуы қиын сөздер: ұяластарын, зиянкес, тамақсау.
Тапсырма:
1.Бірінші сөйлемде қанша сөз барын жақша ішінде цифрмен көрсетіп жазыңдар.
2.Жаз, көкек, балапан деген сөздер неше буыннан құралғанын жақша ішінде
цифрмен көрсетіп жазыңдар.
Дуадақ
Дуадақ – ірі құс. Түсі сұрғылт сары боп келеді. Қанатында жолақ қара
дақтары болады. Қазақстандадуадақтың тағы бір ұсақтау түрі бар. Ол ірі дуадақтан
салмағы жағынан екі еседей кішілеу. Қоразының түсі қара. Дуадақтар тамақ
талғамайды. Қазақстанның дуадақтары Қызыл кітапқа жазылған. (40 сөз)
Тапсырма:
1.Сегізінші сөйлемдегі сөздерді буынға бөліңдер. Оны жақша ішінде цифрмен
көрсетіп жазыңдар.
Үй құстары
Үй құстары адамға көп пайда келтіреді. Құстарданет, жұмыртқаалынады.
Құстыңжүнінен жастық жасалады. Үй құстарынасырау қиын емес. Сондада
ерекше күтімді керек етеді. Бізде тауық, қаз, күркетауық асырайтынфермалар көп.
Құстардыңкүтімі жақсы болса, өнімі де мол болады. (40 сөз)
Тапсырма:
1.Бірінші сөйлемдеқанша сөз барынжақша ішінде цифрмен көрсетіп жазыңдар.
2.Тауық деген сөздер неше буыннан құралғанын жақша ішінде цифрмен көрсетіп
жазыңдар.
Екі дос
Серік пен Мейрам кешке дейін ойнады. Олар ат жарыстырды. Соңынанқұм
тасыды.Өздеріде әбден шаршады. Ойыншықтары да кірледі. Екі дос кешке қарай
үйге қайтты. Серік үйгекірмес бұрынатын жақсылап тазалады. Соданкейін
орнынаапарып қойды. (36 сөз )
Тапсырма: Кім? деген сұраққа жауап беретін сөздердіңастын сызыңдар.
Құстың ұясы
Балалар ағаштың ішінен құстыңұясынкөрді. Бұл ұяныңішінде балапандар
отыр екен. Балалар үйіне алып келді. Әкесі баласына: «Бұлбалапанды ұядан неге
алдың? Шешесіз балапандар тұра алмайды, баласынсыз шешесі қайғырады, олар
далада өліп қалады ғой»,-деді. Балалар балапанды ұясынақайтадан апарып қойды.
(40 сөз)
Тапсырма:не істейді? деген сұраққажауап беретін сөздердіңастын сызыңдар.

More Related Content

What's hot

STEAM-проект "Вертеп як вид лялькового театрального дійства"
STEAM-проект "Вертеп як вид лялькового театрального дійства"STEAM-проект "Вертеп як вид лялькового театрального дійства"
STEAM-проект "Вертеп як вид лялькового театрального дійства"metodist_selid
 
Tema 16 здібності
Tema 16 здібностіTema 16 здібності
Tema 16 здібностіcdecit
 
Звуки мови й звуки мовлення. Голосні й приголосні звуки
Звуки мови й звуки мовлення. Голосні й приголосні звукиЗвуки мови й звуки мовлення. Голосні й приголосні звуки
Звуки мови й звуки мовлення. Голосні й приголосні звукиsvetlanacushko
 
Позакласне читання 4 клас (Конспекти уроків)
Позакласне читання 4 клас (Конспекти уроків)Позакласне читання 4 клас (Конспекти уроків)
Позакласне читання 4 клас (Конспекти уроків)Ковпитська ЗОШ
 
написання листа презентація
написання листа презентаціянаписання листа презентація
написання листа презентаціяpr1nc1k
 
საგანმანათლებლო პროექტი
საგანმანათლებლო პროექტისაგანმანათლებლო პროექტი
საგანმანათლებლო პროექტიKhatuna Tsikhelashvili
 
Η διδασκαλία της εικαστικής γλώσσας στην πρωτοβάθμια εκπαίδευση με τη χρήση τ...
Η διδασκαλία της εικαστικής γλώσσας στην πρωτοβάθμια εκπαίδευση με τη χρήση τ...Η διδασκαλία της εικαστικής γλώσσας στην πρωτοβάθμια εκπαίδευση με τη χρήση τ...
Η διδασκαλία της εικαστικής γλώσσας στην πρωτοβάθμια εκπαίδευση με τη χρήση τ...Αννα Παππα
 
ინტეგრირებული გაკვეთილი
ინტეგრირებული გაკვეთილიინტეგრირებული გაკვეთილი
ინტეგრირებული გაკვეთილიtamarkakachia
 
διατροφικές συνήθειες 1
διατροφικές συνήθειες 1διατροφικές συνήθειες 1
διατροφικές συνήθειες 1Αννα Παππα
 
საკონფერენციო თემა. (1)
საკონფერენციო თემა.  (1)საკონფერენციო თემა.  (1)
საკონფერენციო თემა. (1)Nargiz Kiliptari
 
Μ-ΣΕΝΑΡΙΑ ΚΑΙ Μ-ΔΡΑΣΤΗΡΙΟΤΗΤΕΣ
Μ-ΣΕΝΑΡΙΑ ΚΑΙ Μ-ΔΡΑΣΤΗΡΙΟΤΗΤΕΣΜ-ΣΕΝΑΡΙΑ ΚΑΙ Μ-ΔΡΑΣΤΗΡΙΟΤΗΤΕΣ
Μ-ΣΕΝΑΡΙΑ ΚΑΙ Μ-ΔΡΑΣΤΗΡΙΟΤΗΤΕΣΣτέλλα Ναλμπάντη
 
εκπαιδευτικό σενάριο (Educational Scenario)
εκπαιδευτικό σενάριο (Educational Scenario)εκπαιδευτικό σενάριο (Educational Scenario)
εκπαιδευτικό σενάριο (Educational Scenario)Stergios
 
Календарно-тематичне планування - Математика для 2 класу за Н.П. Листопад (І ...
Календарно-тематичне планування - Математика для 2 класу за Н.П. Листопад (І ...Календарно-тематичне планування - Математика для 2 класу за Н.П. Листопад (І ...
Календарно-тематичне планування - Математика для 2 класу за Н.П. Листопад (І ...VsimPPT
 
θαλασσινά στιχάκια
θαλασσινά στιχάκιαθαλασσινά στιχάκια
θαλασσινά στιχάκιαΕιρήνη
 
უკუკავშირის ტექნიკები
უკუკავშირის ტექნიკებიუკუკავშირის ტექნიკები
უკუკავშირის ტექნიკებიlipara
 
Впровадження інноваційних технологій на уроках української мови та літератури
Впровадження інноваційних технологій на уроках української мови та літературиВпровадження інноваційних технологій на уроках української мови та літератури
Впровадження інноваційних технологій на уроках української мови та літературиschool-2
 
Қазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихы
Қазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихыҚазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихы
Қазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихыBilim All
 
თემატური გეგმა მე-5 კლ.
თემატური გეგმა   მე-5 კლ.თემატური გეგმა   მე-5 კლ.
თემატური გეგმა მე-5 კლ.mziaegiashvili
 

What's hot (20)

Уроки позакласного читання 3 клас. Методичний посібник. (Фрагмент)
Уроки позакласного читання 3 клас. Методичний посібник. (Фрагмент) Уроки позакласного читання 3 клас. Методичний посібник. (Фрагмент)
Уроки позакласного читання 3 клас. Методичний посібник. (Фрагмент)
 
STEAM-проект "Вертеп як вид лялькового театрального дійства"
STEAM-проект "Вертеп як вид лялькового театрального дійства"STEAM-проект "Вертеп як вид лялькового театрального дійства"
STEAM-проект "Вертеп як вид лялькового театрального дійства"
 
Tema 16 здібності
Tema 16 здібностіTema 16 здібності
Tema 16 здібності
 
Звуки мови й звуки мовлення. Голосні й приголосні звуки
Звуки мови й звуки мовлення. Голосні й приголосні звукиЗвуки мови й звуки мовлення. Голосні й приголосні звуки
Звуки мови й звуки мовлення. Голосні й приголосні звуки
 
Позакласне читання 4 клас (Конспекти уроків)
Позакласне читання 4 клас (Конспекти уроків)Позакласне читання 4 клас (Конспекти уроків)
Позакласне читання 4 клас (Конспекти уроків)
 
написання листа презентація
написання листа презентаціянаписання листа презентація
написання листа презентація
 
საგანმანათლებლო პროექტი
საგანმანათლებლო პროექტისაგანმანათლებლო პროექტი
საგანმანათლებლო პროექტი
 
Η διδασκαλία της εικαστικής γλώσσας στην πρωτοβάθμια εκπαίδευση με τη χρήση τ...
Η διδασκαλία της εικαστικής γλώσσας στην πρωτοβάθμια εκπαίδευση με τη χρήση τ...Η διδασκαλία της εικαστικής γλώσσας στην πρωτοβάθμια εκπαίδευση με τη χρήση τ...
Η διδασκαλία της εικαστικής γλώσσας στην πρωτοβάθμια εκπαίδευση με τη χρήση τ...
 
ინტეგრირებული გაკვეთილი
ინტეგრირებული გაკვეთილიინტეგრირებული გაკვეთილი
ინტეგრირებული გაკვეთილი
 
διατροφικές συνήθειες 1
διατροφικές συνήθειες 1διατροφικές συνήθειες 1
διατροφικές συνήθειες 1
 
საკონფერენციო თემა. (1)
საკონფერენციო თემა.  (1)საკონფერენციო თემა.  (1)
საკონფერენციო თემა. (1)
 
Μ-ΣΕΝΑΡΙΑ ΚΑΙ Μ-ΔΡΑΣΤΗΡΙΟΤΗΤΕΣ
Μ-ΣΕΝΑΡΙΑ ΚΑΙ Μ-ΔΡΑΣΤΗΡΙΟΤΗΤΕΣΜ-ΣΕΝΑΡΙΑ ΚΑΙ Μ-ΔΡΑΣΤΗΡΙΟΤΗΤΕΣ
Μ-ΣΕΝΑΡΙΑ ΚΑΙ Μ-ΔΡΑΣΤΗΡΙΟΤΗΤΕΣ
 
εκπαιδευτικό σενάριο (Educational Scenario)
εκπαιδευτικό σενάριο (Educational Scenario)εκπαιδευτικό σενάριο (Educational Scenario)
εκπαιδευτικό σενάριο (Educational Scenario)
 
Календарно-тематичне планування - Математика для 2 класу за Н.П. Листопад (І ...
Календарно-тематичне планування - Математика для 2 класу за Н.П. Листопад (І ...Календарно-тематичне планування - Математика для 2 класу за Н.П. Листопад (І ...
Календарно-тематичне планування - Математика для 2 класу за Н.П. Листопад (І ...
 
θαλασσινά στιχάκια
θαλασσινά στιχάκιαθαλασσινά στιχάκια
θαλασσινά στιχάκια
 
უკუკავშირის ტექნიკები
უკუკავშირის ტექნიკებიუკუკავშირის ტექნიკები
უკუკავშირის ტექნიკები
 
Впровадження інноваційних технологій на уроках української мови та літератури
Впровадження інноваційних технологій на уроках української мови та літературиВпровадження інноваційних технологій на уроках української мови та літератури
Впровадження інноваційних технологій на уроках української мови та літератури
 
Қазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихы
Қазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихыҚазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихы
Қазақ ұлттық шешендік өнерінің тарихы
 
Гра "Коректор"
Гра "Коректор"Гра "Коректор"
Гра "Коректор"
 
თემატური გეგმა მე-5 კლ.
თემატური გეგმა   მე-5 კლ.თემატური გეგმა   მე-5 კლ.
თემატური გეგმა მე-5 კლ.
 

Similar to ақмарал диктант

1234567891011121314151617181920212223.doc
1234567891011121314151617181920212223.doc1234567891011121314151617181920212223.doc
1234567891011121314151617181920212223.docibraevainaya13
 
6999fffffffff d fd f f fdfdgfg
6999fffffffff d  fd f f  fdfdgfg6999fffffffff d  fd f f  fdfdgfg
6999fffffffff d fd f f fdfdgfgNurlan Abilhanov
 
22214343434344
2221434343434422214343434344
22214343434344nurlan93kz
 
дара және күрделі сан есімдер улмекен
дара және күрделі сан есімдер   улмекендара және күрделі сан есімдер   улмекен
дара және күрделі сан есімдер улмекенAsem Sarsembayeva
 
4dfefefeeeeeeeeeeeee
4dfefefeeeeeeeeeeeee4dfefefeeeeeeeeeeeee
4dfefefeeeeeeeeeeeeenurlan93kz
 
сабақ жоспары. қазақ тілі,
сабақ жоспары. қазақ тілі,сабақ жоспары. қазақ тілі,
сабақ жоспары. қазақ тілі,oquzaman
 
кесебаева мөлдір ф 09
кесебаева мөлдір ф 09кесебаева мөлдір ф 09
кесебаева мөлдір ф 09nurbolat84
 
ашык сабак жоспары меруерт
ашык сабак жоспары меруерташык сабак жоспары меруерт
ашык сабак жоспары меруертAsem Sarsembayeva
 
Тәрбие сағаты және сабақ жоспарлары
Тәрбие сағаты және сабақ жоспарларыТәрбие сағаты және сабақ жоспарлары
Тәрбие сағаты және сабақ жоспарларыАйбек Қуандықұлы
 

Similar to ақмарал диктант (20)

11
1111
11
 
1234567891011121314151617181920212223.doc
1234567891011121314151617181920212223.doc1234567891011121314151617181920212223.doc
1234567891011121314151617181920212223.doc
 
6999fffffffff d fd f f fdfdgfg
6999fffffffff d  fd f f  fdfdgfg6999fffffffff d  fd f f  fdfdgfg
6999fffffffff d fd f f fdfdgfg
 
3222er3243344
3222er32433443222er3243344
3222er3243344
 
Matasu5
Matasu5Matasu5
Matasu5
 
қмж
қмжқмж
қмж
 
22214343434344
2221434343434422214343434344
22214343434344
 
дара және күрделі сан есімдер улмекен
дара және күрделі сан есімдер   улмекендара және күрделі сан есімдер   улмекен
дара және күрделі сан есімдер улмекен
 
4dfefefeeeeeeeeeeeee
4dfefefeeeeeeeeeeeee4dfefefeeeeeeeeeeeee
4dfefefeeeeeeeeeeeee
 
сабақ жоспары. қазақ тілі,
сабақ жоспары. қазақ тілі,сабақ жоспары. қазақ тілі,
сабақ жоспары. қазақ тілі,
 
кесебаева мөлдір ф 09
кесебаева мөлдір ф 09кесебаева мөлдір ф 09
кесебаева мөлдір ф 09
 
99999999
9999999999999999
99999999
 
рабочая тетрадь
рабочая тетрадьрабочая тетрадь
рабочая тетрадь
 
586fd
586fd586fd
586fd
 
5 сынып 1 то сан1217641201333141
5 сынып 1 то  сан12176412013331415 сынып 1 то  сан1217641201333141
5 сынып 1 то сан1217641201333141
 
978dfsfefed
978dfsfefed978dfsfefed
978dfsfefed
 
қазақ тілі мен әдебиет сабағында қолданылатын ойын түрлері
қазақ тілі мен әдебиет сабағында қолданылатын ойын түрлеріқазақ тілі мен әдебиет сабағында қолданылатын ойын түрлері
қазақ тілі мен әдебиет сабағында қолданылатын ойын түрлері
 
зат ес¦м ашы саба__ 2 сынып
зат ес¦м  ашы   саба__  2 сыныпзат ес¦м  ашы   саба__  2 сынып
зат ес¦м ашы саба__ 2 сынып
 
ашык сабак жоспары меруерт
ашык сабак жоспары меруерташык сабак жоспары меруерт
ашык сабак жоспары меруерт
 
Тәрбие сағаты және сабақ жоспарлары
Тәрбие сағаты және сабақ жоспарларыТәрбие сағаты және сабақ жоспарлары
Тәрбие сағаты және сабақ жоспарлары
 

ақмарал диктант

  • 1. Диктанттар жинағы (Орыс мектептерінде қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдер үшін) 2-4 сыныптар
  • 2. Алғы сөз Бұл құрал орыс тілінде жүргізілетін бастауыш сыныпоқушыларыныңқазақ тілі пәні бойыншабілім, білік дағдыларынбақылау, тексеру, анықтау үшін берілген мәтіндерден, тапсырмалар мен сұрақтардантұрады. Жинақ 1- 4 сыныптарғаарналған бағдарламаға және «Қазақ тілі» оқулықтарына сәйкес дайындалған. Әр сыныпбойынша мұғалімдердің күнделікті практикалық жұмыстарынакеректі материалдарды ғылымдық, тәрбиелік және танымдық мәні бар мәтіндерді күнтізбелік талаптарға бейімдеп топтадым. Қазақ тілін білуге қойылатын тиісті талаптарды орыс мектебінің оқушылары қандай дәрежеде меңгергендерін анықтауды, және білгендерін пысықтап, тиянақтауды мақсат етеді. Автор.
  • 3. Орыс тілінде оқытылатынбастауышсыныптарындақазақтілі пәні бойынша диктанттар өткізу жөнінде методикалық нұсқау. «Диктант» оқушының естігенін ойша түсініп, іштей қайталай отырыпөздігінен жазуы деген мағынаны білдіреді. Ол - мұғалім мен оқушының арасындағы еңбек жемісінің көрсеткіші. Диктанттан мұғалім әр шәкірттің білімімен қосаоның жауапкершілігін, ұқыптылығын, адалдылығы мен өздігінен жұмыс істей білуі тәрізді сапаларын анықтай алады. Диктанттың түрікөп. Ең күрделісі – бақылау диктанты. Бұл арнаулы дәптерге жазылып, бағасы дәптерге қойылады. Оған арнайы сағат бөлінеді. Бақылау диктанты әр тақырыптыңсоңындажәне тоқсан аяғындаөткізіледі. Ал қалған түрлері жалпылама үйрету диктанттары делінеді. Үйрету диктанттары жоспарға сай әр тақырыпөткеннен кейін жүргізіледі. Диктант мәтініне қойылатын талап: а) көлемі сыныперекшелегіне сай болуы тиіс; ә) тәрбиелік мазмұны болуы керек; б) мәтіндегі орфограммалар мен пунктограммаларды оқушылар игерген, таныс бағдарламаға сәйкес болуы керек ; в) мәтіннің көркем шығармалардан алынған үзінді түрінде жеңіл болуын ескерген жөн; Грамматикалық тапсырмалы диктант сабағының құрылымдық кезеңін шамамен былай көрсетуге болады: а) тілдік дайындық(өтілген грамматикалық материалдарды еске түсіру) 4-5минут. ә) берілген тапсырманы орындату 4-5 минут. б) диктант мәтінімен таныстыру, жазғызу 30-35 минут. в) тексеру, жинау-2-3 минут. Диктантты өткізуге қойылатын жалпы талаптар. 1. Диктанттың өткізілетіні 2-3 күн бүрыноқушыларға ескертіледі. 2. Диктанттың мәтіні орфографиялықтұрғыдантаныс болуы шарт. Егер мәтін құрамындаөтілмеген емле, тыныс белгілері немесе айтылуы мен жазылуы қиын сөздер кездессе, олар түсіндіріліп, тақтаға жазылыпқойылады. 3. Мәтін орфоэпиялықзаңғасүйеніп, кідіріс жасап, негізінен 3 рет оқылады. 4. Оқылған дыбыс, буын, сөз және сөйлемнің мән-мағынасынтүсініп, іштей қайталап, қалай жазылатынын еске түсірген соңбарыпжазуға кіріскен жөн. 5. Диктант жазылыпболған соң, мәтін тағы бір рет оқылыпшығады. 6. Оқушылар жазған мәтіндерін өз беттерімен тексеріп шыққан соң, диктант дәптерлері жинап алынады. Сөз мөлшері: 2-сыныпта-15-20 сөз 3-сыныпта-20-30 сөз 4-сыныпта-30-40 сөз
  • 4. Диктанттар (2 сынып) І. Сөз, дыбыс, әріп, сөйлемдер. *** Текемет, кілем, үй, нан, көбелек, ине, теңге, ою, ыдыс, дәптер, доп, балапан, бор. (13 сөз) Тапсырма: Дауысты дыбыстардыңастынсызыңдар. *** Сүт, мал, Нұрсәуле, бас, қағаз, бесік, жүгері, дәрі, отын, жаз. (10 сөз) Тапсырма: Дауысты дыбыстардыңастынсызыңдар. *** Доп, асық, бесік, доп, емен, жіп, қаз, үйрек, еден, есік, көз, шөл.(12 сөз) Тапсырма: Дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар. *** Қанат, жүзім, үйрек, қияр, қауын, лақ, қант, тиын, бала, оймақ, піл, қол, тарақ, түйе. (15сөз) Тапсырма: Дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар. *** Айжан, алма, доп, жолбарыс, балық, домбыра, терезе, ат, айна, дәрі.( 10 сөз) Тапсырма: Сөздерді буынға бөліңдер. *** Әже, көкек, дұрыс, алмұрт, шелек, піл, айран, сағат, бор, торғай. (10 сөз) Тапсырма: Сөздерді буынға бөліңдер *** Нан, ине, түлкі, сүт, ұя, ыдыс, дәптер, көбелек, теңге, ою, су, ақ, көк. (13 сөз) Тапсырма: Дауысты дыбыстардыңастынсызыңдар.
  • 5. *** Сынып, әріп, бұзау, қызыл, қара, шам, кесе, іні, көше, бала, есеп, еңбек, сары, бет. (14сөз) Тапсырма: Дауысты дыбыстардыңастынсызыңдар. *** Қазақша, орысша, бор, шеңбер, шағала, ыдыс, жылан, демалыс, орын, ойна. (10 сөз) Тапсырма: Дауысты дыбыстардыңастынсызыңдар. II. Кім? Не? Кімдер? Нелер? деген сұраққа жауап беретін сөздер. *** Көбелек, ата, бесік, әже, гүл, мысық, дәрігер, айна, ай, кітап, торғай, қыз, мектеп, күз. (14 сөз) Тапсырма: Не? – деген сұраққажауап беретін сөздердіңастын сыз. *** Өзен, түлкі, бала, сурет, іні, ине, ана, шортан, әке, ара, кесте, доп, ұя. (13сөз) Тапсырма: Не? – деген сұраққажауап беретін сөздердіңастын сыз. *** Ата, әже, гүл, терезе, кітап, Дәулет, мектеп, кезекші, мұғалім, дүкенші, сурет, қалам, дәптер, аға. (14 сөз) Тапсырма: Не? – деген сұраққажауап беретін сөздердіңастын сыз. *** Қасқыр, ара, мысық, ұстаз, ана, көбелек, жаңбыр, Мадина, оқушы, орман, аю, орманшы. (12 сөз) Тапсырма: Кім? – деген сұраққажауап беретін сөздердіңастын сыз. *** Дәрігер, ине, дәрі, дәріхана, медбике, ауру, жедел көмек, аурухана, Мадияр, Алдияр, Дана, емхана. (13сөз) Тапсырма: Кім? – деген сұраққажауап беретін сөздердіңастын сыз.
  • 6. *** Аспан, жаңбыр, ауа, жел, ашық, бұлт, нөсер, Нұржан, Ержан, дауыл, шуақ, күн, Мөлдір, нұр. (14сөз) Тапсырма: Кім? – деген сұраққажауап беретін сөздердіңастын сыз. *** Жолаушы, көлік, жүргізуші, жол, асхана, аялдама, Бағжан, асығу, жолдама, алыс, жақын, Айдын, дос.(13сөз) Тапсырма: Кім? – деген сұраққажауап беретін сөздердіңастын сыз. *** Дос, жолдас, адал, ит, күшік, достық, парыз, Айдар, әке, аға, Айдана, сенім, жаяу, көмек. (14 сөз) Тапсырма: Кім? – деген сұраққажауап беретін сөздердіңастын сыз. *** Сиыр, жануар, үй, қой, малшы, лақтар, қозылар, жылқы, түйе, бұзаулар. (10 сөз) Тапсырма: Нелер? – деген сұраққажауап беретін сөздердің астынсыз. *** Оқушылар, мектеп, күнделік, жазу дәптері, доп, ойын, сабақ, дәліз, бағалар, мұғалімдер, бор, парта.(13 сөз) Тапсырма: Кімдер? – деген сұраққажауап беретін сөздердіңастынсыз. *** Ойыншық, қуыршақ, зырылдауық, ойнадым,суреттер, қағаздар, машина, доптар, секіру, сызу, ойындар, жүгіру, секіру. (13 сөз) Тапсырма: Нелер? – деген сұраққажауап беретін сөздердіңастынсыз. *** Балалар, үйлер, мектеп, оқушылар, биші, цирк, ағалар, әке, ән, мысық, иттер, көшелер, аңшылар, Нұржан. (14сөз) Тапсырма: Кімдер? – деген сұраққажауап беретін сөздердіңастынсыз.
  • 7. III. Қандай? - деген сұраққа жауап беретін сөздер. *** Ержан жақсы окушы. Ол бірінші сыныптаоқиды. Ержанның сыныбы таза. Оқушылар қазақ тілін біледі. (14 сөз) Тапсырма: Қандай? - деген сұраққа жауап беретін сөздердіңастын сызыңдар. Түлкі Түлкi– сұлу аң. Ол таулы жерде жүредi. Түлкi қызылтүстi болады.Оныңтерiсi бағалы. (14 сөз) Тапсырма: Қандай? - деген сұраққа жауап беретін сөздердіңастын сызыңдар. Жайық Жайық - өзеннiң аты. Жайық терең, әдемi өзен. Жайықта кеме жүредi . Өзеннiң суы жылы. (14сөз) Тапсырма: Қандай? - деген сұраққа жауап беретін сөздердіңастын сызыңдар. IY. Бас әріппен жазылатын сөздер. Астана Астана – бас қала. Астана - әсем қала. Астанада көшелер көп. Біздер Абылайхан көшесінде тұрамыз. Пушкин көшесінде досым тұрады. (17сөз) Тапсырма: Бас әріппен жазылатын сөздердіңастын сызыңдар. Тәртіпті оқушы Айжан бірінші сыныпта оқиды. Анасы – Болған. Әкесі – Исатай. Айжан өте жақсы оқиды. Ол тәртіпті оқушы. (17сөз) Тапсырма: Бас әріппен жазылатын сөздердіңастын сызыңдар. Орал Біз Оралда тұрамыз. Орал сұлу қала. Қаланың көшелері кең. Жайық өзенінде балық көп.(14 сөз) Тапсырма: Бас әріппен жазылған сөздердің астын сызыңдар.
  • 8. Полкан Мадиярдың күшігі бар. Оның аты Полкан. Полкан әлі кішкентай. Ол ойнағанды ұнатады. Полкан мен Мадияр бірге ойнайды. (18сөз) Тапсырма: Бас әріппен жазылған сөздердің астын сызыңдар. V. Не істеді? – деген сұраққажауап беретін сөздер. Балалар Әлия аюдың суретін салды. Мәдина ою ойды. Қыз орнына отырды. Әжем шай ішіп отыр. Мен доп ойнап отырмын. (19 сөз) Тапсырма: Не істеді? – деген сұраққа жауап беретін сөздердіңастын сыз. Көктем Көктем келді. Қар еріді. Ауа таза. Кеше жаңбыр жауды. Күн жылы. Балалар көктемді жақсы көреді. Анам көктем гүлдерін ұнатады.(20 сөз) Тапсырма: Не істеді? – деген сұраққа жауап беретін сөздердіңастын сыз. Мектеп Мынау біздің мектеп. Мектебіміз жарық. Мен бірінші сыныпта оқимын. Біздің мектепте оқушылар көп. Менің досым даосы мектепте оқиды. (20 сөз) Тапсырма: Не істеді? – деген сұраққа жауап беретін сөздердіңастын сыз. YI. Қайталау Менің әжем Менің әжем ауылда тұрады. Әжем жақсы адам. Әжемнің төрт баласы бар. Ең үлкен баласы менің әкем. Жазда мен әжеме барамын. (20 сөз) Тапсырма: Дауысты дыбыстардыңастынсызыңдар. Бағжан Бағжан – оқушы. Ол жақсы оқиды. Кітап, дәптерін таза ұстайды. Таза киінеді. Бағжанның достары көп. Ол достарымен доп ойнауды ұнатады. (20 сөз) Тапсырма: Дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.
  • 9. Саулық пен сымбат Денсаулық – зор байлық. Дені сау адам сұлу, сымбатты болады. Менің ағам – футболшы. Ол ауырмайды. (17 сөз) Тапсырма: «сымбатты» сөзін буынға бөліңдер. Денсаулық күні Бүгін мектепте – денсаулық күні. Барлық оқушылар мектеп алаңында. Ауа райы керемет. Мен де достарыммен бірге қатысамын.(18 сөз) Тапсырма: дауыссыз дыбыстардың астын сызыңдар. «Бүгін»- сөзін буынға бөліңдер. Біздің сынып Біздің сынып жарық және кең. Сыныпта үстел, орындық, тақта бар. Партаның үстінде кітаптар, дәптерлер және сызғыш жатыр. (19сөз) Тапсырма: Не? Нелер? деген сұрақтарға жауап беретін сөздердің астын сызыңдар. Құстар Құстар – табиғаттың жанашыры. Олардың көбі дәрігер тәрізді. Өсімдіктерді түрлі зиянкестерден қорғайды. Құстардың адамға пайдасы мол. (16сөз) Тапсырма: Дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар. Хат Жарас әжесіне хат жазды. Хатында әжесін жетпіс жасқа толуымен құттықтады. Ол қысқы демалыста ауылға барғысы келетінін айтты . (17 сөз) Тапсырма: Дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар. Гүл Терезе алдында гүл. Гүлзада гүлді күтуді ұнатады. Гүлге су құяды. Гүлзада гүлін сыныпқа алып келді. (16 сөз) Тапсырма: Дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар. Күз Күз келді. Жел соқты. Ағаш жапырақтары сарғайды. Қызыл, сары жапырақтар жерге түсті. Құстар жылы жаққа ұшты. (17 сөз) Тапсырма: Не? Нелер? деген сұрақтарға жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
  • 10. Күн Күн - үлкен шар. Күндіайналып жүретін планеталар бар. Күн, жер, ауа - барлық халыққа ортақ. (15 сөз) Тапсырма: Не? деген сұрақтарға жауап беретін сөздердің астын сызыңдар. Көктем Күнжылынды. Жер көгерді. Қызғалдақдақтар гүлдеді. Арықтардан сылдыр қағып су ақты. Мал тойынды. (14 сөз) Тапсырма: Не? деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сызыңдар. Шекарашылар Шекарашылар Отанымыздың шекарасын күзетеді. Олар күндіз - түні күзетте тұрады. Шекарашылар еліміздің бейбіт өмірін жаудан қорғайды. Олар - ержүрек батырлар. (19сөз) Тапсырма: Кімдер? деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сызыңдар
  • 11. Диктанттар (3-сынып) І. Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстар. Бірінші қыркүйек Бүгін – білім күні. Қазір қазақ тілі сабағы. Болат тақтаға шықты. Мен дәптерге жаздым. Қолымды көтердім. Жауап бердім. Жақсы баға алдым. (20 сөз) Тапсырма: Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстардыңастынсызыңдар. Балалар Балалар киімдерін киді. Олар ойын ойнауға, гүл теруге шықты. Тоғайдагүлдің иісі аңқиды. Жамал гүлді иіскеді. Балалар көп гүл жинады. (20 сөз) Тапсырма: Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстардыңастынсызыңдар. Түнде Күнбатты.Түнболды. Ай туды. Жұлдыздар жымыңқақты. Ауыл маңында көл бар еді. Көлдің беті мұз болыпқатты. Балалар коньки тепті, ойнады. Бәрі де көңілді болды. ( 27 сөз) Тапсырма: Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстардыңастынсызыңдар. Керей мен Абылай. Керей төртінші сыныпқа көшті. Ал Абылай балабақшаға барады. Олар қалаға қыдырыпбарды. Атасы Керей мен Абылайды қарсы алды. (21 сөз) Тапсырма: Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар. ІІ. Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар. Ереже, жолда, қарсы, көлік, бағдаршам, қара, алма, жер, тоқта, күт, дайындал, кім, тыныш, рұқсат, бер, қол, сұра, күн, сәлем. (19сөз) Тапсырма: Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар. *** Жапырақ, емен, өзен, көше, мектеп, қағаз, жаңбыр, бағдаршам, дастархан, ертең, сабақ, қоңырау, мұғалім, бор, есік, ыдыс, кесе, табақ, сөз, дыбыс. (20 сөз) Тапсырма: Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар.
  • 12. Мектеп Біз метепке келдік. Сыныпта отырмыз. Сабақ басталды. Мен өте жақсы баға алдым. Мен қазақ тілін өте жақсы білемін. (19 сөз) Тапсырма: Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар. Малшы ауыл Біздің ауыл мал өсірумен айналысады. Мұнда асыл тұқымды мал өсіреді. Ауылдың қойы,сиыры көп. Ондабірнеше ферма бар. (20 сөз) Тапсырма: Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар. Егіс Мынау - егіс даласы. Егіс даласында егін ору басталды. Машина толы бидай. Бидайды машинамен элеваторға тасиды. Элеватордабидайды тазартады. Таза бидайдан ұн тартады. (23 сөз) Тапсырма: Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар. Балалар Әлия мен Әсет әжесінің қолында қалғанына екі - үш күн болды. Әлия көбінесе әжесінің қасынан шықпайды. Әсет атасымен бірге жүреді. Олар кешке қарай мал қарасуға үйренісіп алды. (27 сөз) Тапсырма: Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар. Қуаныш Дана, Дина, Сережа – үшеуі баққа келді. Бақ ішінде гүл көп. Дана гүл жинады. Дина әдемі көбелек көрді. Дина көбелек ұстады. Сережкабатпырауық ойнады. Балалар өте қуанды. (27 сөз) Тапсырма: Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар. ІІІ. Буын Алмұрт, алма, қарбыз, дастарқан, қызыл, дәмді, сары, жасыл, жемеймін, жаңбыр, ұшты, жолға, тоқта, оңға, жапырақ, салқын, күз, бақша, көкөніс, қауын. (20 сөз) Тапсырма: Сөздердібуынға бөліп жазыңдар.
  • 13. *** Бор, балалар, ойын, доп, оқушы, мұғалім, кітап, терезе, дәптер, тақта, қалам, қарындаш, қабырға, бала, дүкен, кітапхана, дәріхана, балмұздақ, мектеп. (19 сөз) Тапсырма: Сөздердібуынға бөліп жазыңдар. Көгершін Көгершін - бейбітшілік рәмізі. Дүние жүзінің балалары көгершінді бақыт құсы деп санайды. Оныңсуретін салады. Көгершінді әнге қосады. Ақ көгершін — бейбітшілік пен достықбелгісі. (24 сөз) Тапсырма: «Көгершін» деген сөздібуынға бөліп жазыңдар Таңертең Таң білінді. Тоғайлар шырылдады. Бұлбұлсайрады. Қаз,үйрекқаңқылдады. Олар көлде ерсілі—қарсылы жүзебастады. Мал өріске шықты. Күн арқан бойы көтерілді. Қызуеңбек басталды. (25 сөз) Тапсырма: «Тоғайлар» дегенсөздібуынға бөліп жазыңдар Спорт алаңы Біздің мектепте спорталаңы бар. Мұнда жоғары сыныпоқушылары футбол, волейбол ойнайды. Қыстыңызғарлы күнінде де спорталаңы балаларға толы. Біз шаңғы тебеміз, аққала жасап ойнаймыз. (28 сөз) Тапсырма: «Аққала» деген сөзді буынға бөліп жазыңдар IV. Кім? Не? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер. *** Оқушы, кітап, кәмпит, қияр, нан, қыз, сусын, мұғалім, тұз, май, әже, кесе, шырын, ана, торғай, табақша, дәрігер, құс, бала, тоты.(20 сөз) Тапсырма: Кім? Не? деген сұрақтарды сөздіңүстіне жазыңдар. *** Айдана, Айдар, балалар, тақта, бор, қаз, оқушы, көбелек, кітап, дәптер, іні, әпке, гүл, Айжан, есік, еден, Асылмұрат, алмұрт. (18 сөз) Тапсырма: Кім? Не? деген сұрақтарды сөздіңүстіне жазыңдар.
  • 14. Біздің жанұя Әлия нан сатып алды. Әжем тұшпара пісірді. Атам газет оқыды.Атам мен әжем үшеумiз сусын iштiк. Біздер татумыз. (20 сөз) Тапсырма: Кім? Не? деген сұрақтарды сөздіңүстіне жазыңдар. Қаңтар Қаңтар – қыс ортасы, суықай. Қайта – қайта жауған мақтадай ұлпа қар, бірінің үстіне бірі қонып, нығызданатүскен. Тоғай іші толған тыныштық. (22 сөз) Тапсырма: Не? деген сұраққа жауап беретін сөздердіңастын сызыңдар. Аяз болар алдында Жаңа ғана жапалақ қар өтті. Үлпілдеп жатқан ұлпа қар аппақ ақ көбіктен аумайды. Сезілер – сезілмес салқын леп бар. Аяз басталды. (23 сөз) Тапсырма: Не? деген сұраққа жауап беретін сөздердіңастын сызыңдар. V. Жуан және жiңiшке айтылатын сөздер. Қалам, қарындаш,тыныш, дұрыс, сәлем, алға, сынып, iш, қара, тоқта, пiс, тiс, же, анар, бағдаршам, жүзiм, алға, оңға, солға, көл.(20 сөз) Тапсырма: Жуан, жiңiшке, сөздердiбөлiп жазыңдар. Түйе Түйе – түлік басы. Түйе – көштің көлігі. Оған көбінесе жүк артады. Сүтінен шұбат, қымырандайындайды. Жүнінен жылы киім тоқиды. Түйенің адамға пайдасы мол. (23сөз) Тапсырма: Жуан сөздердіңастынсызыңдар. Бота Бота – екі көзі жәудіреген сүйкімді төл. Оған қызықпайтын, сұқтана қарамайтын адам аз. Сондықтанқазақтар жаңа туған ботаны көлденең көзден жасырып, көрсетпеугетырысады. Оны балаша бағып өсіреді.(27 сөз) Тапсырма: Жіңішке сөздердіңастын сызыңдар.
  • 15. VI. Не істеді? Не қылды? Қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер. Айриза Айриза ерте оянды. Бетi - қолын сабынмен жуды. Киiм ауыстырды. Анасына көмектестi. Атасы оған балмұздақ сатып әпердi. Айриза ұқыпты және ақылды қыз. (22 сөз) Тапсырма:не істеді?деген сұраққажауап беретін сөздердіңастын сызыңдар. Қыс Қыс келдi. Кеше суық қар жауды. Мен қармен ойнадым. Шанамен сырғанадым. Менiң досым Алдияр шаңғы тептi. Кеш болды. Балалар үйлеріне көңілді қайтты.(23 сөз) Тапсырма:қимылды бідіретін сөздердітауып, астын сызыңдар. Жаңа жыл Жаңа жыл – үлкен мереке. Мерекеге Аяз ата келдi. Мен Жаңа жылға қоян киiмiн киемiн. Жаңа жылда шыршаны айналып би билейміз, ән саламыз. Жаңа жыл тамаша.(27 сөз) Тапсырма:қимылды бідіретін сөздердітауып, астын сызыңдар. Ыбырай Алтынсарин ЫбырайАлтынсарин – қазақ халқының бірінші педагогы. Ол кішкентай балаларға арнап мектептер ашты. Ыбырайатаның өлеңдерін оқушылар сүйсіне оқиды. (20 сөз) Тапсырма:не істеді ?деген сұраққажауап беретін сөздердіңастын сызыңдар. Қарақұмның жазы Қарақұмға жаз келгенде, күн мен түн орыналмастырады. Күнібойы құмда тыныштық орнайды. Түлкі, сарышұнақ, кесіртке – бәрі індеріне тығылыпжатады. Ыстыққұмға көміп жұмыртқапісіруге болады. (28 сөз) Тапсырма:не істейді? деген сұраққажауап беретін сөздердіңастын сызыңдар. Көктемді сағындым Көктем айы жақсы ғой. Айнала жасыл түске бөленеді. Наурыз мерекесін тойлау қандай қызық. Біздің ауылда бұл күні киіз тігеді. Ұлттық киімдер киеді. Ән салып, би билейді. (28 сөз) Тапсырма:не істейді? деген сұраққажауап беретін сөздердіңастын сызыңдар.
  • 16. Наурыз Наурыз жыл басы. Мектепте Наурызға дайындалып жатыр. Наурызда үйлердi, көшелердi тазартады. Айнала жарқырап кетеді. Адамдар қуанады. Қош келдiң, Наурыз мерекесi (21 сөз) Тапсырма:не істейді? деген сұраққажауап беретін сөздердіңастын сызыңдар. YII. Жуан, жiңiшкежалғаулар. Ойындар Күндер жылы. Ауа таза. Балалар аулада ойнап жүр. Менiң достарым дойбы ойнап отыр. Біздер қуыспақ ойнап жүрміз. Кішкентай балалар құмда ойнап отыр. Ойындар бәрi қызық. (26 сөз) Тапсырма:жуан жалғаулардың астын сызыңдар. Көктем көркі Таң атып келеді. Жан – жануарлар ояна бастады. Арыстан, аю, қарсақ, қоян көздерін аша жан – жағына қарап еді, дүниежайнап тұр екен. Олар көңілденіп сала берді. (27 сөз) Тапсырма:жуан жалғаулардың астын сызыңдар. Ұлы ұстаз Ыбырайбала кезінен ақылды, алғыр болған. Әуелі ауылда, кейін үлкен қалада білім алып, ұстаздықжолынқуған. Мектеп ашып, қазақ балаларын оқытқан. (23сөз) Тапсырма:қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздердіңастын сызыңдар. Жазғы каникул Оқу жылы аяқталды. Мен үшiншi сыныпқа өттiм. Каникулда мен ауылға барамын. Аулдың қасында теңiз бар. Мен теңiзде шомыламын. Атам мен әжемді сағындым.(24 сөз) Тапсырма:жуан сөздердіңастынсызыңдар. Қыркүйек Қыркүйек – алғашқы күз айы. Балалар сабаққа барады. Бірінші қыркүйекте мектеп алды гүл ұстаған оқушылар мен мұғалімдермен толады. «Алғашқы қоңырау» мерекесіне ата – аналар да қатысады.Сыңғырлағанқоңыраудауысы көңіліңді көтереді. (30сөз) Тапсырма:«қыркүйек», «қоңырау» сөздерінбуынға бөліп жазыңдар.
  • 17. Есенжан ата Атақты шопан Сатаев Есенжан атамыз екі мәрте Еңбек Ері атанды. Қазіргі кезде Батыс Қазақстан облысындатұрады. Оныңеңбегін балалары жалғастырды. (22 сөз) Тапсырма: Мәтіндегі жер – су атауларының астын сызыңдар. Отаным Менің Отаным – Қазақстан Республикасы. Қазақстанныңжері өте кең. Жерінде тау да, жазықта, ойпат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Ірі-ірі қалалар да көп. Көктемдедалада гүлдер құлпырады. Біздің Отанымыздакөптеген терісі бағалы аңдар тіршілік етеді. (29 сөз) Тапсырма: қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар.
  • 18. Диктанттар. (4 сынып.) Төле би Төле би бала кезінен аңғарымпаз, ақылды және әділ болған. Қара басының қамы емес, халық қамын ойлаған. «Елге бай емес, би құт» деген даналық сөздің растығыносы әулие бабамызданбілеміз. (31 сөз) Тапсырма:қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сызыңдар. Қазыбек би Шешен де көсем, алғыр да әділ екенін Қазыбекбабамыз, тіптен, ерте танытқан. Халық даналығын бала кезінен бойынасіңіріп өскен. Қарапайым халықтың қамын ойлаған Қазыбекбидің өнері көпшілікке үлгі болған.(31 сөз) Тапсырма:қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сызыңдар. Әйтеке би Әйтеке – қалың қазақты аузына қаратқан әйгілі билердің біреуі. Қара қылды қақ жарған әділ би Әйтекенің айтқандары әлі күнге дейін өз құнынжоғалтқан жоқ. Астана қаласында үш биге ескерткіш орнатылған. (31 сөз ) Тапсырма:қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сызыңдар. Емен Емен – ағаш. Оның жапырақтары әдемi. Емен ағашы өте мықты, қатты. Еменнен кеме, вагон, үй жиһаздары жасалады. Емен қабағының дәрiлiк қасиетi бар. Еменнiң жаңғағын шошқа жейдi. Алматы көшелерiнде емен көп. (30 сөз) Тапсырма:не? деген сұраққа жауап беретін сөздердіңастын сызыңдар. Қазақстанның рәмiздерi Қазақстан егемендi ел. Мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi. Бiздiң елiмiзде көптеген ұлттар тұрады. Қазақстанның рәмiздерi өте әдемi. Елтаңбасы, жалауы ерекше. Қазақстандықтар әнұранды бiлу керек. Қазақстанның бас қаласы – Астана. Бірінші желтоқсан – Президент күні.(33 сөз) Тапсырма: қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сызыңдар. Киіз үй-қазақ халқының шағын мұражайы «Ақ үй,» «ақ орда», «ақ боз үй», деп аталатын қонақ үйлер көркем безендірілуі жағынан ерекше көз тартады. Киіз үйдің негізі қаңқасы: кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық сүйегідеп аталады. Киіз үйдің сүйегіжасалатын «үйағашты» алты ай немесе бір жыл бұрын дайындайды. (40сөз) Тапсырма: қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
  • 19. Күз Күз айлары – қыркүйек, қазан, қараша. Құстар жылы жаққа ұшуға даярланды. Жапырақтар сарғайды. Гүлдер солды. Адамдар жылы киiм кидi. Жиi-жиi жаңбыр жауды. Қысты қарсы алуға дайындықжүріп жатыр.(27 сөз) Тапсырма: қыркүйек, қазан сөздерiне дыбыстық талдау жасаңдар. Қадыр Мырза Әли. Қадыр Мырза Әли – жымпитылық ақын. Бiз мектепте ақынның өлеңдерiн оқимыз, жаттаймыз, аударамыз. Биыл ақынның еске алу кешiн өткiздік. Қадыр Мырза Әли - дарынды ақын. Оқушылар ақынның өлеңдерiн өте жақсы көредi. Мерекелерде ақынның өлеңдерiн жатқа айтамыз. (38 сөз.) Тапсырма: жалқы есімдердің астын сызыңдар. Нан Нан – ырыстыңкөзі, халқымыздыңбайлығы. Үлкен-кішінің бәрінанды қадірлейді. Мұны білмеген бала - әдепсіз, көргенсіз болыпсаналады. Тіпті бар ғой, ойнап жүріп нан жеудің өзімәдениетсіздік. Нанды ысырапетуге жол бермейік! (32 сөз) Тапсырма:не істейді? деген сұраққажауап беретін сөздердіңастын сызыңдар. Бал арасы Еңбек етуді арадан үйрену керек. Олар күні бойы тыным таппай, гүлден гүлге ұшып-қонып, шырын жинайды. Бір килограмм бал жинау үшін неше мыңдаған гүлге қонады. Бал арасы, міне, осындай еңбекқор келеді.( 32 сөз) Тапсырма: «еңбекқор» деген сөзді буынға бөліп жазыңдар. Мұхтар Әуезов Мұхтар Омарханұлы Әуезов Семей облысы, Абай ауылында дүниеге келген. Оның он екі жасында әкесі, он бес жасында шешесі қайтыс болады. Мұхтарды атасы Әуез тәрбиелейді. Ол – қазақтан шыққан тұңғыш академик, ғылым докторы, атақты жазушы. (35 сөз) Тапсырма: жалқы есімдердің астын сызыңдар. Отаным Менің Отаным – Қазақстан Республикасы. Қазақстанныңжері өте кең.Жерінде тау да, жазықта, ойпат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Ірі-ірі қалалар да көп. Көктемдедалада гүлдер құлпырады. Біздің Отанымыздакөптеген терісі бағалы аңдар тіршілік етеді. (39 сөз ) Тапсырма:көптік жалғауы бар сөздердікөшіріп жазыңдар.
  • 20. Iшiк Iшiк – жылы киiм. Iшiктi аң терiсiнен жасайды. Оның сырты қымбат матамен қапталады. Iшiктi қыстыгүнiкүн суытқанда киедi.Ол әрi жеңiл, әрi жылы. Iшiк киген адам суықта тоңбайды. Менiң атамда қасқыр iшiк бар. (33 сөз) Тапсырма: «жасайды», «тоңбайды» сөздердi буынға бөлiңдер. Менiң Отаным Он алтыншы желтоқсан – мереке. Бұл Қазақстанның тәуелсiздiк күнi. Менiң елiм – Қазақстан. Астана – жаңа қала, бас қала. Алматы – оңтүстік, жасыл астанамыз. Мен Астананы да, Алматыны да көрдiм. Астанада Қазақстанның рәмiздерi өте сұлу. (33 сөз) Тапсырма: қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сызыңдар. Жаңа жыл Жаңа жыл өте көңiлдi мереке. Бiздiң мектепте жаңа жылға дайындалып жатыр. Шыршаға ойыншықтар, жұлдызша, жалауша iлдiк. Аяз ата балаларға сыйлықәкелдi. Балалар биледi. Қызықойындар ойнады. Ақшақар маған өте ұнады. (30 сөз) Тапсырма: *шырша*, *сыйлық* сөздерiне дыбыстық талдау жасандар. Жаңа туған құлыншақ. Көкбие құлындады. Құлыншақаяғын қалт-қалт басады.Олбіраз жүрдіде, жатты. Құлынныңқасында енесі тұр. Құлынымды басыпалмайын дегендей, аяғын абалап қаша басады.Құлынұйқыданоянды. Орнынантұрды. Ақырынбасып, енесіне жақындады. Мойнын созып, емгісі келді. (35 сөз) Тапсырма: қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздердіңастын сызыңдар. Ана Ана-отбасының тiрегi. Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды. Анасы бар үй – береке.Барлықана бейбiтшiлiктi қалайды. Баласыныңбақытты болуын қалайды. Бiз ананы сыйлаймыз,құрметтеймiз. Аналар бақытты болсын(28 сөз) Тапсырма:«аналар» «береке» сөздердiбуынға бөлiңдер. Ауа Адам ауамен дем алады. Ауасыз өмiр жоқ. Ауа таза болу керек. Сынып, бөлме ауасын тазартып тұру пайдалы. Ауа таза болса, адамның денсаулығы жақсы болады. Бiз ауа туралы валеология сабағында оқыдық.(30 сөз) Тапсырма:«ауасыз» «бiз» сөздерiнефонетикалық талдау жасаңдар.
  • 21. Ұя Қарлығаш ұя салды. Бiрақ ұяға торғай орналасып алды. Қарлығаш достарын көмекке шақырды. Көмеккөрсетуге көп қарлығаштар келдi. Олар ұядағы торғайды қуып шықты. Қарлығаш ұясына орналасты. Достарына рахмет айтты. (29 сөз) Тапсырма:қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар. Наурыз Наурыз-жыл басы. Наурызда күн мен түн теңеледi. Қазақ күнпарағы бойынша наурыз - жаңа жыл. Жиырма екiншi наурызда наурызкөже пiсiредi. Қаламызда наурыз тойы жақсы өтедi. Наурыз күнi ауа райы да жақсы болады. (32 сөз) Тапсырма:«күн» «ауа» сөздерiнефонетикалық талдау жасаңдар. Бүркiт Бүркiт – қыран құс. Ол қоян, қарсақ және тышқандарды жейдi. Бүркiт кейде ақбөкен мен тауешкiнiң төлдерiн ұстайды. Қазақтар бүркiтпен аң аулаған. Үйретiлген бүркiт түлкi мен елiктi, қасқыр мен қоянды ұстаған (30 сөз.) Тапсырма:қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар. . Достық Шоқан әкесiмен Потаниннiң үйiне келдi. Оның Шоқанмен құрдас ұлы бар. Аты - Григорий. Ол Шоқанмен достасып кеттi. Григорий Шоқанға орысша үйреттi. Шоқан арабша сауатты болатын. Шоқанның зеректiгiне Григорий таң қалды. (29 сөз.) Тапсырма: Кiмдер? деген сұраққа жауап беретiн сөздердiң астын сызыңдар. Астана Астана Солтүстiк Қазақстанда орналасқан. Астана туралы көптеген аңыздар бар. Бұл бейбiтшiлiк және достықтың қаласы. Қалада үш бидiң ескерткiштерi бар. Ескерткiштер орталық даңғылда тұр. Жаңа астанада көптеген құрылыс жүрiп жатыр. (30 сөз.) Тапсырма:қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар. Көбелек Күз. Шалғында түрлi гүлдер жайнап тұр. Көбелектер гүлден-гүлге қонып жүр. Ақ көбелек ақ гүлге қонды. Сары көбелек сары гүлге қонды. Мұның мәнi бар. Қарлығаш ұшып келдi. Ол көбелектердi таба алмай қалды. Көбелектер өзiн жаудан осылай қорғайды. (37 сөз.) Тапсырма:қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар.
  • 22. Екі лақ Өзеннің екі жағынан екі лақ келді. Өзеннен өтетін көпір бар. Ол бір ғана бөрене. Екі лақ көпірдің үстімен қарама-қарсы жүрді. Олар бір-біріне жол бермеді. Екеуі сүзісті. Ақыры екеуі де суға құлап түсті. (34 сөз) Тапсырма:қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстардыңастынсызыңдар. Аққу (ертегі) Ерте заманда аққулар көлде емес, ну ормандакүнелтіпті. Олар өте ақылды болған екен. Ұшқан құс, жүгірген аң аққудың көркіне қызығып, адалдылығына сүйсініпті. Ақылдылығы үшін сыйлапты. Айбарлы арыстан да, жүректі жолбарыста, қырағы қыранда аққудың алдында бастарыниіпті. (38 сөз) Тапсырма:қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстардыңастын сызыңдар. Күз Күз келдi. Күн суыта бастады. Күндіз қызғанымен, кешкісін салқын. Жапырақтар сарғайып түсе бастады. Түскен жапырақтар жерге төселіп жатыр. Сары, жасыл, қызыл жапырақтар өте әдемі көрінеді. Ауа қандай таза! Мезгіл құстары жылы жаққа біртіндеп кетіп жатыр.(36 сөз) Тапсырма:жiңiшке дыбыстардыңастынсызыңдар. Қостанай Қостанай Тобыл жағасында орналасқан. Қостанай мешiтiне 126 жыл болды. Мешiт өте сұлу. Орталықта Ыбырай Алтынсарин мектебi және мґражайы бар. Бiз жылда ұлы ұстаздың туған күнiне қарсы мұражайға барамыз. Ыбырай Алтынсарин-бiздiң атақты жерлесiмiз. (38 сөз.) Тапсырма: «айтты», «көрсеттi» сөздерiн келер шаққа қойып, жазыңдар. Күз Күз келдi. Күн суыта бастады. Күндіз қызғанымен, кешкісін салқын. Жапырақтар сарғайып түсе бастады. Түскен жапырақтар жерге төселіп жатыр. Сары, жасыл, қызыл жапырақтар өте әдемі көрінеді. Ауа қандай таза! Мезгіл құстары жылы жаққа біртіндеп кетіп жатыр.(36 сөз) Тапсырма:жiңiшке дыбыстардыңастынсызыңдар. Шоқан Шоқанның азан шақырып қойған аты – Мұхамедханафия. Анасы оны еркелетіп Шоқан деп атаған. Шоқанның дарын-қабілеті ерте байқалып, ақыл көзі ерте ашылған. Шоқан тек ғалым ғана емес, өнерпаз азамат. Асқан ғалым, асқан ақыл иесі Шоқанның қазақ тарихынан алатын орны айрықша. (39 сөз) Тапсырма:кім? деген сұраққа жауап беретін сөздердіңастын сызыңдар.
  • 23. Ұрпақ қамы Көктем – құстардыңтуған жерге оралатын шағы. Көктемде құстар ұяға ыңғайлы орыніздейді. Құстар балапандарын қоректендіру үшін жем іздейді. Оны ұяға тасып, күні бойы тыным таппайды. Бұл кездегі құстардың жемі – бунақденелілер мен олардыңдәрнәсілі. ( 35 сөз) Тапсырма:жуан дыбыстардыңастынсызыңдар. Ұқыпты бол Кейбір оқушы сылбыр, салақ болады. Олардың киімі, өздеріне керекті басқа да заттары әр жерде шашылып жатады. Керек кезінде бала оларды таба алмай, әуре болады. Ұқыпты оқушы жинақы,тәртіпті,киген киімі,үсті-басы,кітап-құралдары таза болады.Керекті заттары әр уақытта өз орнынан табылады. (38 сөз) Тапсырма:жiңiшке дыбыстардыңастынсызыңдар. Балық аулаған балалар Күнжылы еді. Балалар өзенге келе жатты. Біраздан соң, қатты жел тұрды. Сіркіреп жауын жауды. Сәлден соңжауын құйыпкетті. Балалардың үсті-басы су болды. Олар ағаштардың арасынатығылды. Жауын басылды. Балалар өзенге келіп, балық ұстады. ( 39 сөз) Тапсырма: «балалар» сөзiнiң схемасын жасаңдар. Жамбыл Жабаев Жамбыл Жабаев - қазақ халқының ұлы ақыны. Ол жүз жасаған адам. Жамбыл ақынның шығарған өлеңдерi өте көп. Олар дүние жүзiндегi көптеген халықтардың тiлiне аударылды. Сүйiктi ақынның еңбегi өте жоғары бағаланды. Жамбыл өз өлеңдерiн еңбек адамдарына арнаған. (38 сөз.) Тапсырма:кім? деген сұраққа жауап беретін сөздердіңастын сызыңдар. Құрманғазы Сағырбаев Құрманғазы Сағырбаев –ұлы күйшi, сазгер. Ол Астрахань облысында дүниеге келген. Сазгердiң аты әлемге әйгiлi. Атақты күйшi ұрпақтарына мол мұра қалдырған. Мен Құрманғазының күйлерiн ұнатамын. Алматыда Құрманғазы атында ұлт аспаптар оркестрi бар. Ұлы сазгер өмiрдi сүйген. (37 сөз.) Тапсырма:қандай? дегенсұраққа жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
  • 24. Қойдың пайдасы Қой - өте пайдалы мал. Қазiр оның биязы түрi көп өсiрiледi. Жүнінен фабрикада түрлi маталар тоқылады. Терiсiнен былғары илейдi. Одан аяқ киiм, тон тiгедi. Қой етiнен көптеген тамақтар даярлайды. Сүтiнен iрiмшiк, май өндiредi. Қазақстанда қойды көп өсiредi. (37 сөз.) Тапсырма: 7-ші сөйлемді көшіріп, зат есімдердің астын сызыңдар. Наурыз Наурыз Шығыс күнпарағы бойынша - Жаңа жыл. Наурыз - көктемнiң бiрiншi айы. Бұл күндерi барлық адамдар сәндi киiмдi киедi. Бiр-бiрiн мерекемен құттықтайды. Жетi тағамнан наурыз көже пiсiредi. Үлкен кiсiлер ақ батасын бередi. Наурыз - менiң ең сүйiктi мерекемнiң бiрi.(40 сөз.) Тапсырма:сын есiмдердiң астын сызыңдар. Тоғайда Екі бала ауыл жанындағы тоғайға барды. Қарағайдатүрлі өсімдіктің жұпар иісі мұрнынды жарады. Аласа бұталардыңарасынансұр торғай, көк шымшықтар пыр-пыр ұшады. Анадайда ала қанат тоқылдақтың тоқылы естіледі.Тоғай іші көңілді. ( 31 сөз) Тапсырма:қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сызыңдар. Сауысқан Сауысқан - өте айлалы, аса сақ құс. Қасына ешкiмдi жуытпайды. Сауысқанның ұшуы да ерекше. Бұл құстың тағы бiр ерекшелiгi - жылтыр, әшекейлi заттарға әуестiгi. Оның ұясынан әр түстi матаны,түрлi түстi тастарды, күмiс тиындар мен алтын сақиналарды да кездестiремiз. (40 сөз.) Тапсырма: 1.Бірінші сөйлемде қанша сөз барын жақша ішінде цифрмен көрсетіп жазыңдар. 2.Тауық деген сөздер неше буыннан құралғанын жақша ішінде цифрмен көрсетіп жазыңдар. Мамыр Мамыр - көктемнiң ең сұлу шағы. Күн жылып, жер бусанып, өсiмдiк құлпырады, төл көбейедi. Құстар ұя салып, балапан шығарады. Қазақтар барлық құстардың балапандарын мамыр деп атайды. Ай аты осы сөзден шыққан дейдi халық. Мамыр -тоқшылық, семiру ұғымды бiлдiредi. (39 сөз). Тапсырма:«мамыр» сөзiнiң схемасынжасаңдар.
  • 25. Шілде Жаз өтіп, шілде жетті. Шілдеде күн ұзақ, түн қысқа.Күннің ыстығы сонша күшті, құм да, тас та қызыпкетеді. Шілдеде піспеген шөп қалмайды. Мінілмеген, жұмысқасалынбаған мал семіріп, желідегі құлындар ғана жүдеген. (32 сөз) Тапсырма:септік жалғауды табындар. Ыбырай Алтынсарин ЫбырайАлтынсарин –қазақ халқының белгілі ағыртушы, жаңашыл педагогы, жазушы. Ол жасынан ынталы, зерек болды. ЫбырайАлтынсаринорыс әдебиетін көп оқыды. Халқына білім беруді арман етті. Балалар үшін орысша-қазақша мектептер ашты. Оған арнап оқулықтар жазды. Ол –балалар әдебиетінің атасы. (39 сөз) Тапсырма:көптік жалғауды табындар. Көкек Жаз айларында адам әсем дауысты естиді. Бұл – кәдімгі өз атын өзі шақыратын көкек. Көкектер балапан басып шығармайды. Жұмыртқасын басқа бір құстың ұясына тастап кетеді. Одан шыққан балапан қасындағы ұяластарын итеріп құлатып жібереді. Көкек – тамақсау құс. Ол зиянкес жәндіктерді жояды. (40сөз) Жазылуы қиын сөздер: ұяластарын, зиянкес, тамақсау. Тапсырма: 1.Бірінші сөйлемде қанша сөз барын жақша ішінде цифрмен көрсетіп жазыңдар. 2.Жаз, көкек, балапан деген сөздер неше буыннан құралғанын жақша ішінде цифрмен көрсетіп жазыңдар. Дуадақ Дуадақ – ірі құс. Түсі сұрғылт сары боп келеді. Қанатында жолақ қара дақтары болады. Қазақстандадуадақтың тағы бір ұсақтау түрі бар. Ол ірі дуадақтан салмағы жағынан екі еседей кішілеу. Қоразының түсі қара. Дуадақтар тамақ талғамайды. Қазақстанның дуадақтары Қызыл кітапқа жазылған. (40 сөз) Тапсырма: 1.Сегізінші сөйлемдегі сөздерді буынға бөліңдер. Оны жақша ішінде цифрмен көрсетіп жазыңдар. Үй құстары Үй құстары адамға көп пайда келтіреді. Құстарданет, жұмыртқаалынады. Құстыңжүнінен жастық жасалады. Үй құстарынасырау қиын емес. Сондада ерекше күтімді керек етеді. Бізде тауық, қаз, күркетауық асырайтынфермалар көп. Құстардыңкүтімі жақсы болса, өнімі де мол болады. (40 сөз) Тапсырма: 1.Бірінші сөйлемдеқанша сөз барынжақша ішінде цифрмен көрсетіп жазыңдар. 2.Тауық деген сөздер неше буыннан құралғанын жақша ішінде цифрмен көрсетіп жазыңдар.
  • 26. Екі дос Серік пен Мейрам кешке дейін ойнады. Олар ат жарыстырды. Соңынанқұм тасыды.Өздеріде әбден шаршады. Ойыншықтары да кірледі. Екі дос кешке қарай үйге қайтты. Серік үйгекірмес бұрынатын жақсылап тазалады. Соданкейін орнынаапарып қойды. (36 сөз ) Тапсырма: Кім? деген сұраққа жауап беретін сөздердіңастын сызыңдар. Құстың ұясы Балалар ағаштың ішінен құстыңұясынкөрді. Бұл ұяныңішінде балапандар отыр екен. Балалар үйіне алып келді. Әкесі баласына: «Бұлбалапанды ұядан неге алдың? Шешесіз балапандар тұра алмайды, баласынсыз шешесі қайғырады, олар далада өліп қалады ғой»,-деді. Балалар балапанды ұясынақайтадан апарып қойды. (40 сөз) Тапсырма:не істейді? деген сұраққажауап беретін сөздердіңастын сызыңдар.